Арада 2000 жылдан артық уақыт өтсе де, Назареттік Иса Мәсіхтің өмірі біздің әлемімізге әсер етуін жалғастырып келеді. Мұның неге бұлай екені «Жай ғана ағаш шебері емес» кітабында түсіндіріледі.
Джош Макдауэлл
Шон Макдауэлл
Жай ғана ағаш шебері емес
Алғы сөз
1976 жылы он екі қойын дәптермен, қырық сегіз сағат бос уақытпен қаруланып және көп мөлшерде кофе дайындап алып, сіздерге «Жай ғана ағаш шебері емес» деген атпен белгілі кітапты жазуға отырған кезде, мен ол Исаның жолын қуушыларға өз сенімдері жайындағы сұрақтарға жауап беруге көмектеседі және рухани ізденісте жүрген адамдардың Киелі кітапты әділ зерттеулеріне түрткі болады деп үміттендім. Менің еш нәрсеге сенбеушіліктен сенімге келуімнің тарихы он бес миллионнан астам таралыммен басылып шығып, жүздеген тілдерге аударылады және бүкіл әлемдегі оқырмандардың сенімнің мүмкіндіктеріне мұқият қарай бастауларына түрткі болады деп армандамаған да едім. Қазір менің көңілім орнықты және әлдекімдер маған кітабымның өмірлерін өзгертуге түрткі болғаны жайлы айтқанда, мен бұған шын жүрегіммен қуанамын.
Бірақ мені «Жай ғана ағаш шебері емес» кітабы алғаш жарыққа шыққан сәттен бері орын алған оқиғалар таңдандырады. Иса Мәсіхтің тарихи бейнесіне сәуле түсіретін жаңалықтар ашылды (және ашылып та жатыр). Танымал мәдениетте сенімнің ақыры мен Құдайдың күйреуі жайында айтылатын мақалалар шығаратын «жаңа атеистер» пайда болды.
Қазіргі ұрпақ таңдаудың мүлдем жаңа қиындықтары мен мүмкіндіктеріне кездесетіндеріне қарамастан, олар: «Иса деген Кім? Оның — Құдай Ұлы екенін дәлдейтін қандай айғақтар бар? Тіпті, бұл шындық болғанның өзінде, бұл менің өмірімді қалай өзгерте алады?» деген ғасырлық сұрақтарды қоюын жалғастырып келеді.
Осыған байланысты мен «Жай ғана ағаш шебері емес» кітабын XXI-ғасырда қолдануға лайықты етіп қайта жаңғыртуға бел байладым. Сондықтан белгілі лектор, ұстаз, апологетикалық және киелікітаптық еңбектердің авторы — ұлым Шоннан осы кітапты жазуда менімен бірге еңбектенуін өтіндім. Шон өзінің бай академиялық білімін (оның пәлсападан және дін білімінен магистр дәрежесі бар) және жазушылық тәжірибесін қолданып, менің модернизмнен кейінгі осы дәуіріміздегі сенімді көрсетуіме көмектесті. Біз жаңа тарауды бірге жазып, мәліметтер мен талқыланатын сұрақтарды қайта қарастырып шықтық және тақырыпқа жаңа көзқараспен қарадық. Осының нәтижесінде жаңа басылым пайда болды, бірақ онда бастапқы айғақтарды мұқият зерттеу мен шындықты әділдікпен іздеу үрдістері сақталып қалды.
Біз, Шон екеуміз бұл кітаптың адамдардың рухани айқындықты іздеген жаңа толқынына өзгертуші әсер еткенін шын жүрегімізден қалаймыз.
1-тарау
Менің тарихым
XIII-ғасырдағы пәлсапашы Фома Аквинский былай деп жазды: «Әрбір жан бақыт пен өмірдің мағынасын түсінуді аңсайды». Бұл аңсауды мен алғаш рет жасөспірім шағымда сезіндім. Менің бақытты болғым келді. Өмірімнің мағыналы болғанын қаладым. Мені маңызды үш сұрақ мазалай бастады: Мен кіммін? Не үшін өмір сүріп жатырмын? Қайда беттеп барамын? Мен бұл сұрақтарыма жауап алғым келді, сондықтан жас студент кезімнен-ақ іздене бастадым.
Мен өзіме сенуші болып көрінген ортада өстім, сондықтан да өз сұрақтарыма жауапты қауымнан табамын деп ойладым. Мен қауымға әдеттегіден де жиі бара бастадым, оның есігі ашық болған кездің бәрінде — таңертең, күндіз, кешкісін бардым. Бірақ мен өзіме қажетті қауымды таңдамаған секілдімін, себебі мен онда өзімді сырттағыдан да нашар сезіндім. Мен Мичиган штатындағы фермада өстім және пайдасы жоқ нәрселерден арылу керек дейтін ауылдық дұрыс ойды бойыма сіңіріп ер жеттім. Сондықтан мен діннен бас тарттым. Содан соң өмірдің мағынасын табуыма жоғары білім көмектеседі деп шешкен мен университетке оқуға түстім. Оқуға түскеніме көп өтпей-ақ, профессорлардың ең жаратпайтын студентіне айналдым. Мен олардың қызмет бөлмелеріне баса-көктеп кіріп, сұрақтарыма жауап беруге мәжбүрлейтінмін. Олар мені алыстан көре сала-ақ бөлмелерінің жарықтарын сөндіріп, есіктерін кілттеп алатын. Университетте көп нәрселерге үйренуге болады, бірақ мен өзім іздеген сұрақтарыма жауап таба алмадым. Менің басымда қанша қиындықтар мен жауапсыз сұрақтар болса, профессорлар мен өзге студенттердің де жағдайлары дәл осындай болатын.
Бірде мен студенттер қалашығынан жейдесінің арқасында: «Менің артымнан ермеңдер, мен адасып жүрмін» деген жазуы бар бір адамды көрдім. Сол кезде мен университтегілердің бәрі де арқаларына осындай жазу жазып алып жүрсе болады екен деп ойладым.
Ал сіздер қалай ойлайсыздар? |
Мен енді, мүмкін, бақыт пен өмірдің мағынасын қоғамда жоғары дәрежеге ие болсам табатын шығармын деп ойлай бастадым. Өзімді бір жақсы іске арнап, сол арқылы бүкіл университетке атағымды шығару туралы ойладым. Университеттегі ең белгілі адамдар — студент көшбасшылары болатын, қаржы мәселелерін де солар басқаратын. Сондықтан студент ұйымдарындағы түрлі орындарға сайлануға қол жеткіздім.
Студенттер қалашығындағылардың бәрін білу, маңызды шешімдер қабылдау, студенттік үйірмелерге қаржы бөлу, өз қалауың бойынша лекциялар оқып, түрлі шаралар өткізу өте қызықты еді.
Мені бәрі университеттегі ең бақытты адам деп ойлайтын. Олар менің бақытымның жалған екенінен хабарсыз еді. |
Бірақ өз беделімді сезінудің қуанышы ұзаққа созылмады. Әдетте, мен дүйсенбі күні таңертең өткен түннің кесірінен басым ауырып, алдағы бес күнді қалай өткіземін деген қорқынышты оймен оянатынмын. Дүйсенбіден жұмаға дейін мағынасыз күн кешіп, тек жұма, сенбі және жексенбі күндері болатын көңілді кештерді күтетінмін. Ал дүйсенбі күні осы мағынасыз тіршілік қайта басталатын.
Мен өз өмірімнің мағынасыз екенін мойындағым келмейтін; бұған тәкаппарлығым жібермейтін. Мені бәрі университеттегі ең бақытты адам деп ойлайтын. Олар менің бақытымның жалған екенінен хабарсыз еді.
Менің бақытым жағдайға байланысты болатын. Егер бәрі жақсы болса, мен де өзімді жақсы сезінетінмін. Ал егер бір нәрсе дұрыс болмаса, онда мен өзімді жолы болмайтын адам ретінде сезінетінмін. Сол кездегі менің өмірім тозақпен бірдей болды. Тек мұны мен ешкімге көрсетпейтінмін. Мен теңізде толқын қуалап келе жатқан қайыққа ұқсайтынмын. Менің не оны басқаратын тұтқам, не ұстанатын бағытым жоқ еді. Бірақ мен айналамнан бұдан өзгеше өмір сүріп жатқан адамды көре алмадым. Мен басқаша қалай өмір сүруге болатынын айтып бере алатын адамды таба алмадым. Мен апатқа ұшырадым. Жоқ, менің сол кездегі өмірімді бейнелей алатын бұдан да күшті сөз бар — мен сол кезде тозақта өмір сүрдім.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Сондай күндердің бірінде мен өзгелерге ұқсамайтын адамдар тобына — сегіз студент пен екі оқытушыға назар аудардым. Олар маған өздерінің кім екенін және қайда баратындарын білетін секілді болып көрінді.
Маған ондай адамдармен қарым-қатынас жасау ұнайды. Тіпті, олардың пікірлерімен келіспесем де, мен бір нәрсеге сенетін және өз сенімдерін қорғайтын адамдарды бәрібір құрмет тұтамын.
Мен бұл адамдардың бойында менде жоқ бір нәрсенің бар екенін түсіндім. Олар өте бақытты еді. Және олардың бақыттары университет өміріндегі өзгерістер мен қиындықтарға еш қатыссыз, тұрақты болатын. Олардың бойларында қуаныштың бастауы бар секілді болып көрінеді, мен сол бастауды іздей бастадым.
Олардың бойларындағы тағы бір нәрсе — бір-бірлеріне деген қатынастары менің назарымды аударды. Олар бір-бірлерін шынайы жақсы көретін және бір-бірлерін ғана емес, өз топтарына жатпайтындарды да дәл солай жақсы көретін. Олар маңайындағы адамдардың өмірлеріне араласып, олардың қиындықтарды жеңулеріне көмектесетін. Мұның бәрі мен үшін мүлдем жат еді, бірақ әлгі адамдар мені өздеріне қатты тарта бастады. Көпшілік адамдар секілді, егер өзімде жоқ, бірақ керекті бір нәрсені көрсем, мен де соған қол жеткізудің жолдарын қарастыра бастаймын. Сондықтан мен осы бір жұмбақ адамдармен достасуға бел байладым.
Мәсіхшілік! Бұл интеллектуалды адамдар үшін емес, ойлай білмейтін әлсіз жандар үшін. |
Арада екі апта өткенде мен студенттер одағының жиналысында осы топтың адамдарымен әңгімелесіп отырдым. Әңгіме Құдай жайына ойысты. Мен асқан скептик болатынмын, сондықтан өзімді сенімсіз сезініп, түксиіп отырдым. Орындықтың арқалығына шалқайып, бұл әңгіменің маған қатысы жоқ секілді түр көрсеттім. Әрине, мұндай салғырттықтың артында жаңа таныстарымның құпияларын білсем деген тілек жасырынып жатқан болатын.
— Мәсіхшілік! — дедім мен. — Бұл интеллектуалды адамдар үшін емес, ойлай білмейтін әлсіз адамдар үшін.
Бұл тақырып мені қатты мазалайтын, бірақ оны мойындағым келмейтін. Мен қасымдағы әдемі студент қызға бұрылып: (мен қашан да мәсіхшілерді түрлері ұсқынсыз адамдар деп ойлайтынмын)
— Айтшы, сендер университеттегі өзге студенттер мен оқытушылардан немен ерекшеленесіңдер? Сендердің өмірлеріңде не өзгердi? — деп сұрадым.
Мәсіхшілік — бұл дін емес. Дін — бұл адамдардың жақсы істері арқылы Құдайға апаратын жол салуға талпынысы. Мәсіхшілік — бұл Құдайдың адамдарға Иса Мәсіх арқылы келуі. |
Еш қысылмастан көздеріме тура қараған қыз мен студенттер қалашығында естуді ешқандай күтпеген екі сөзді айтты:
— Иса Мәсіх.
— Иса Мәсіх?! — дедім мен, — Құдай үшін, маған мұндай далбасаны айтпашы. Мен дінге тойдым, қауымға да, Киелі кітапқа да тойып болдым.
— Мен дін жайында емес, Иса Мәсіх туралы айтып тұрмын, — деді қыз. Ол маған бұрын мен ешқашан білмеген нәрселерді айтты: мәсіхшілік — бұл дін емес. Дін — бұл адамдардың жақсы істері арқылы Құдайға апаратын жол салуға талпынуы. Мәсіхшілік — бұл Құдайдың Иса Мәсіх арқылы адамдарға келуі.
Мен бұған бір сәтке де сене қояйын деп отырған жоқ едім. Бірақ қыздың батылдығы мен сенімділігі маған жақсы әсер етті де, мен өзімнің сөздерім үшін кешірім сұрадым.
— Бірақ мен діннен де, сенушілерден де шаршадым, — дедім мен. — Олармен ешқандай байланыс жасағым келмейді.
Сонда жаңа таныстарым маған ақылға сыймайтын ұсыныс жасады. Олар маған Иса Мәсіхтің: Құдайдың Ұлы екені, адам бейнесінде шынайы адамдардың арасында өмір сүргені, адамзаттың күнәлары үшін айқышта өлгені, жерленіп, үш күннен кейін қайта тірілгені және қазір де тірі екені, адамдардың өмірлерін қазір де өзгерте алатыны жайындағы мәлімдемесіне мұқият, ойлы зерттеу жүргізуді ұсынды.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Сол кезде мен мұны қалжың болар деп ойладым. Менің ойымша, мәсіхшілік ойдан шығарылған. Мәсіхтің қайта тіріліп кеткені туралы ертегіге тек жарымес адам ғана сенеді. Әдетте, мен сыныпта олардың айтқандарын теріске шығару үшін мәсіхшілердің сөз сөйлеулерін күтіп отыратынмын. Менің ойымша, егер мәсіхшілердің басында мидың бір қатпары болған күннің өзінде, ол ендігі жалғыздықтан өліп қалуға тиіс болатын.
Олардың пікірлерінің теріс екенін дәлелдейін деген оймен мен өзімнің жаңа достарымның ұсыныстарын қабыл алдым. Мәсіхшілер тарихының астарында ешқандай да негіз жоқтығына сенімді едім. Мен заңды оқығанмын, сондықтан айғақтар туралы аздап білетінмін. Мен мәсіхшіліктің жағдайын жақсылап зерттеп, содан соң олардың жалған ілімдерінің тас-талқанын шығармақ болдым.
Егерде Киелі кітаптың тарихи тұрғыдан дәйексіз екенін дәлелдесем, онда сол арқылы мәсіхшіліктің — діншіл адамдардың құр қиялы екенін дәлелдеп беретін едім. |
Зерттеуімді Киелі кітаптан бастамақшы болдым. Киелі кітапқа сенуге болмайтынының талассыз айғақтарын тапсам болды, мәсіхшіліктің бүкіл жүйесінің құлайтынын білдім.
Әрине, мәсіхшілер маған онда не жазылғаны жайлы айтып берген: Мәсіх Мәриямнан туды, Ол кереметтер жасады және өлімнен қайта тірілді. Бірақ мұның пайдасы не? Егер Киелі кітаптың тарихи тұрғыдан дәйексіз екенін дәлелдесем, сол арқылы мен бүкіл мәсіхшіліктің — діндар арманшыл адамдардың құр қиялы екеніне көздерін жеткізетін едім.
Мен бұл тапсырмаға өте мұқият дайындалдым. Бірнеше айлар бойы зерттеулер жүргіздім. Тіпті, тарихи әдебиеттері көп Еуропа кітапханаларында жұмыс істеу үшін академиялық демалыс та алдым. Сөйтіп, мен көптеген айғақтар таптым. Егер өз көзіммен көрмесем, мен оларға сенбес едім. Нәтижесінде, мен бір ғана байламға келдім: егерде парасаттылық жағынан адал болып қалғым келсе, онда Көне және Жаңа Өсиеттің құжаттарының көне құжаттар ішіндегі ең тарихи шынайы екенін мойындауға тиіспін.
Мен көптеген айғақтар таптым. Нәтижесінде, Көне және Жаңа Өсиеттің құжаттарының көне құжаттар ішіндегі ең тарихи шынайы екенін мойындауға тиіспін. |
Ал егер олар шынайы болса, онда мен Оны жай ғана ағаш шебері, қаналған кішкентай елдің шеттегі бір қаласынан шыққан, көзіне елес көрінетін және өзін артықпын деп санайтын ағаш шебері деп есептеген Иса туралы не айтуға болады?
Мен Иса Мәсіхтің жай ғана ағаш шебері емес екенін мойындауға мәжбүр болдым. Ол Өзін Кім деп атаса, шын мәнінде Cол екен.
Бұл зерттеулер менің мәсіхшілерге деген көзқарасымды өзгертіп қана қойған жоқ, олар менің бақыт пен өмірдің мағынасын іздеуді бастағандағы үш сұрағыма жауап алуға көмектесті.
Бірақ, Пл. Харвей айтқандай, «бұл жайында кейінірек». Бұл жайында сіздерге мен кітаптың соңында айтып беремін.
Ал сіздер қалай ойлайсыздар? |
Мәсіхшілік — арманшыл адамдардың бос қиялы емес екенін сіздердің де түсінулеріңіз үшін, мен алдымен сіздерге өз зерттеулерімнің барысында көз жеткізген негізгі ақпараттар жайында айтып кеткім келеді. Бұл мызғымайтын шындық. Осы шындықты мойындасаңыздар, арада көп өтпей-ақ: Мен кіммін? Менің міндетім қандай? Не үшін жаралғанмын? — деген маңызды үш сұраққа жауап таба алатындарыңызға кепілдік беремін.
2-тарау
Иса Мәсіх өзгелерден несімен ерекшеленеді?
Киелі кітап және мәсіхшілікке қатысты шындықтарға көзімді жеткізгеннен кейін арада біраз уақыт өткенде мен Лондон көшесінде таксимен келе жатып, жүргізушіге Иса туралы әлдене айттым. Ол дереу:
— Мен дін туралы, әсіресе Иса туралы әңгімелескенді жаратпаймын, — деп жауап берді. Мен бір кездері жас мәсіхші қыздан Иса Мәсіх оның өмірін қалай өзгерткені жайлы естігенде өзімнің де шамамен дәл осылай жауап бергенімді есіме алдым. Сірә, Исаның атының өзі ғана адамдарды толқытып жіберетінге ұқсайды. Ол адамдарды ашуландырып, олардың бойында тақырыпты ауыстыруға деген сезімді тудырады. Сіз Құдай туралы емін-еркін айта бересіз және бұған ешкім де ашуланбайды, ал енді Исаның атын атасаңыз болды, адамдар әңгімені тоқтатуға тырысады. Неліктен Будданың, Мұхаммедтің, немесе Конфуцийдің есімдері адамдарға Иса секілді әсер етпейді?
Менің ойымша, мұның себебі діни көсемдердің өздерін құдай деп атамағандығында. Олар мен Исаның арасындағы үлкен айырмашылық осы. Исаны білетін адамдар Назареттен шыққан осы бір ағаш шеберінің Өзі туралы таңқаларлық мәлімдемелер жасайтынын тез түсінген. Оның Өзін жай ғана пайғамбар немесе ұстаз деп атамайтыны көрініп тұратын. Оның Құдайлық болмысқа таласатыны байқалатын. Ол Өзінің құтқарылуға апаратын жалғыз Жол және күнәлардың кешірімінің жалғыз Бастауы екенін айтатын. Ал адамдар мұның тек Құдайдың ғана қолынан келетінін білетін.
Өзінің — Құдай Ұлы екендігі туралы Исаның мәлімдемесі көптеген қазіргі адамдар үшін әлі де үзілді-кесілді күйінде қалуда. Біздің жалған ілім жайлаған қоғамымыз үшін бұл өте таяз және діни бірбеткейлік секілді болып көрінеді. Біздің бұған сенгіміз келмейді.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Бірақ мәселе біздің неге сенгіміз келетінінде емес, Исаның Өзін Кім деп атағанында. Оның әлгі мәлімдемелері шындыққа жанаса ма? Университеттік достарымның ұсыныстарын қабылдаған кезде мен осыны анықтамақ болдым.
Мен Мәсіхтің мәлімдемелерінің шынайылығын анықтау үшін құжаттар туралы мәліметтер жинай бастадым. Иса Мәсіхтің Құдай екендігі туралы мәлімдеменің артында нақты не тұрғанын анықтау үшін, мен алдымен «Мәсіхтің Құдайлығы» деген сөзге сараптама жасадым. Рочестердегі діни семинарияның бұрынғы президенті Огастас Х. Стронг өзінің «Жүйелі дін» кітабында Құдайға «барлығы Содан бастау алатын, Сол арқылы тіршілік ететін және Сонымен аяқталатын шексіз және кіршіксіз Рух» ретінде анықтама береді. Құдайдың мұндай анықтамасы мәсіхшілерге ғана емес, барлық теистерге, оның ішінде мұсылмандар мен еврейлерге де сәйкес келеді. Теизм Құдай — Тұлға, Ол әлемді жаратты, қазіргі уақытта Ол оны сақтап және басқарып келеді деп үйретеді. Ал мәсіхшілік теизмде бұл анықтамаға тағы бір нәрсе қосылады: Құдай Назареттік Иса арқылы көрінді.
«Иса» есімі «Яхве-Құтқарушы» немесе «Құдай құтқарады» дегенді білдіретін Jeshua, Ешуа есімінің гректік формасынан шыққан. «Мәсіх» атағы (еврейше Mashiасһ) «Құтқарушы Патша», яғни, «тағайындалған» дегенді білдіреді. |
Иса Мәсіх — бұл адамның есімі мен тегі емес, шын мәнінде бұл ат пен атақ. «Иса» есімі «Яхве-Құтқарушы» немесе «Құдай құтқарады» дегенді білдіретін Jeshua, Ешуа есімінің гректік формасынан шыққан. «Мәсіх» атағы (еврейше Mashiасһ, Дан. 9:26) «Құтқарушы Патша», яғни, «тағайындалған» дегенді білдіретін «Мессия» сөзінен шыққан. «Мәсіх» сөзі патша және діни қызметкер деген екі атақты білдіреді. Басқаша айтқанда, ол Исаның көнеөсиеттік пайғамбарлықтарда уәде етілген патша және діни қызметкер екенін білдіреді. Исаның Тұлғасы мен мәсіхшіліктің мәнін дұрыс түсінуде бұл мәлімдемелердің маңызы өте жоғары.
Мәсіхтің Құдай екені Жаңа Өсиетте өте айқын айтылған. Ондағы Исаға қатысты айтылғандардың басым бөлігі тек Құдайға ғана қатысты бола алады. Мысалы, кейбір тұстарда Исаның Құдай екендігі тікелей айтылады: «...ұлы Құдайымыз және Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады» (Тит 2:13; Жохан 1:1; Рим. 9:5; Евр. 1:8; 1 Жохан 5:20,21). Жазбада Оған тек Құдайға ғана тән қасиеттер беріледі. Киелі кітапта Исаға барлық уақытта да бар болушы (Жохан 1:2; 8:58; 17:5,24); Барлық жерде болушы (Матай 18:20; 28:20); Бәрін білуші (Матай 17:22–27; Жохан 4:16–18; 6:64); Құдіретті (Матай 8:26,27; Лұқа 4:38–41; 7:14,15; 8:24,25; Аян 1:8); мәңгі өмір сүруші (1 Жохан 5:11,12,20) деген анықтамалар беріледі.
Иса тек Құдайға ғана тән құрметке ие болды. Шайтанмен тартысқа түскенде Иса оған былай деді: «Құдай Иеңе ғибадат етіп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!» деп жазылған ғой!» (Матай 4:10). Және Ол табынуды Құдай ретінде қабылдады (Матай 14:33; 28:9), ал кейде тіпті Өзіне Құдай ретінде табынуды талап етті.
Киелі Жазбада Оған тек Құдайға ғана қатысты бола алатын анықтамалар беріледі (Жохан 5:23; Евр. 1:6; Аян 5:8–14). Исаның соңынан алғаш ерушілердің көпшілігі шынайы бір ғана Құдай бар деп сенетін сенуші яһудилер болды. Олар әбден берілген монотеистер болды, бірақ, келесі мысалдардан көрініп тұрғандай, Оны адам бейнесіндегі Құдай ретінде таныды. Өзінің ұлан-ғайыр ұстаздық біліміне сүйеніп, елші Пауыл Исаға Құдайлық болмысты телуге, Назаретттен шыққан адамға құлшылық етуге және Оны Құдай деп атауға тиіс емес еді. Бірақ Пауыл дәл осылай істеді. «Енді өздеріңе де, Киелі Рух бақыла деп берген барлық қауымға да қараңдар! Шопан қойын қалай бақса, сендер де Құдай Иеміздің өз қанын төгіп, иемденген қауымына солай қамқор болыңдар!» (Ел. іст. 20:28), — деуі арқылы Мәсіхті Құдай ретінде таныды.
Киелі Жазбада Оған тек Құдайға ғана қатысты бола алатын анықтамалар беріледі. Ол табынуды Құдай ретінде қабылдады. |
Иса шәкірттерінен Өзін Кім деп есептейтіндерін сұрағанда, Шимон Петір былай деп жауап қайырды: «Сіз Мәсіхсіз, мәңгі тірі Құдайдың рухани Ұлысыз!» (Матай 16:16). Иса оның жауабына қарсы болған жоқ, керісінше, Ол Петірдің сөздерін заңды деп тауып, олардың шыққан жерін көрсетіп берді: «Сен бақыттысың, Жүніс ұлы Шимон; саған мұны адам баласы емес, көктегі Әкем білдірді!» (Матай 16:17).
Исаның жақын досы Марта Оған былай дейді: «Ием, Сіздің пайғамбарлар дүниеге келеді деп алдын ала айтқан Мәсіх, Құдайдың рухани Ұлы екеніңізге сенемін» (Жохан 11:27). Сондай-ақ, бұрын Назареттен жақсы бір нәрсе шыға қояды дегенге сенбейтін Натанайыл да Иса туралы пікірін ашық айтты. Ол Исаға былай деді: «Ұстаз, Сіз Құдайдың рухани Ұлысыз, Исраилдің Патшасысыз! Соған көзім жетті!» (Жохан 1:49).
Алғаш азап шеккен мәсіхші Степанды таспен ұрып жатқанда, ол: «Ием Иса, рухымды Өзіңе ала гөр!» — деп сиынды (Ел. іст. 7:59). Еврейлерге жолдаудың авторы Мәсіхті Құдай деп атайды: «Уа, Құдай, Сенің тағың сақталады мәңгілік, жүргізесің Патшалығыңа әділ билік» (Евр. 1:8).
Бізде тағы «күмәншіл» Томаның куәлігі бар. Ол былай дейді: «Мен Оның қолдарынан шегелердің орнын көрмесем, саусағыммен шегелердің орнын сипап, бүйіріндегі тыртығын қолыммен ұстап көрмесем, Оның тірілгеніне еш сенбеймін» (Жохан 20:25).
Мен оны түсіне аламын. Оның былай дегісі келді: «Тыңдаңдаршы, күн сайын біреу өліден тіріліп келіп, өзін адам тәніндегі Құдаймын деп атап жатқан жоқ қой. Егер менің бұған сенгенімді қалайтын болсаңдар, онда маған айғақтар қажет».
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Тома өзге шәкірттерге өзінің Исаға қатысты күмәнін айтқаннан арада сегіз күн өткенде «Иса кіріп келіп, орталарына тұра қалды да: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» — деді. Содан кейін Томаға: «Менің қолыма саусақтарыңды тигізіп қара, алақаныңды бүйіріме қой және сенімсіз болмай, сенетін бол!» — деді (Жохан 20:26,27). Иса Томаның Өзін Құдай деп танығанына қарсы болған жоқ. Ол Томаны бұған сенгені емес, сенбегені үшін жазғырды. Бұл жерде сыншы Мәсіхтің Құдайлығы туралы мәлімдемелер Оның Өзінен емес, өзге адамдардан шығып отыр деп қарсылық айтуы мүмкін.
Дәл біздер секілді, Мәсіхтің тұсында өмір сүрген адамдар да Ол туралы жаңсақ түсінікте болған. Олар Исаға Құдайлықты теліді, бірақ оның Өзі бұған талаптанған жоқ.
Бірақ, егер біз Жаңа Өсиетті мұқият зерттейтін болсақ, онда Мәсіхтің Өзінің де осындай мәлімдемелер жасағанын көреміз. Мұндай тұстар жеткілікті және олардың мағынасы ешқандай күмән келтірмейді.
Мәсіхтің Өзін Құдай деп атаған не атамағанын түсіну үшін Киелі Жазбаны зерттеген бір кәсіпкер былай деді: «Жаңа Өсиетті оқып шығып және Мәсіх Өзін Құдай деп атаған деген шешімге келмеу — бұл жарқырған ашық аспан астында тұрып, күнді көрмедім дегенмен бірдей».
Жохан жазған Інжілден біз яһуди басшыларының Исамен сөзге келіп қалғаны жайлы оқимыз. Себебі Иса сенбі күні бір сал адамды сауықтырған еді. (Ал яһудилерге сенбі күні жұмыс істеуге болмайтын).
«Бұдан кейін яһуди басшылары Исаға бұрынғыдан бетер қарсы шығып, Оны өлтірмекші болды. Себебі Ол солардың демалыс күні туралы ережелерін ғана бұзған жоқ, сонымен қатар «Құдай — рухани Әкем» деп, Өзін Құдаймен теңестірді» (Жохан 5:16–18).
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
«Джош, мен әлі ешқандай айғақты көріп тұрған жоқпын. Иса Құдайды Әкем деп атады. Онда не тұр? Мәсіхшілердің бәрі де Құдайды Әкеміз деп атайды. Бірақ бұл олардың Құдай болуға талпынғандарын білдірмейді ғой», — деп қарсылық білдірулеріңіз мүмкін.
Бірақ Исаның заманындағы яһудилер Оның Сөзінің біздің назарымыздан тыс қалатын мағынасын түсінген. Қандай да бір құжатты зерттеген кезде, тілін, мәдениетін және әсіресе осы құжат арналған адамды немесе адамдар тобын ескеруіміз керек. Бұл жерде әңгіме яһуди мәдениеті жөнінде болып тұр, ал бұл сөздер арналған адамдар — яһудидің діни көсемдері. Ал Исаның сөздерінде шын мәнінде де ашу тудыратындай сөздер болды.
Иса Құдайды Әкем деп атады. Онда не тұр? Мәсіхшілердің бәрі де Құдайды Әкеміз деп атайды. Бірақ бұл олардың Құдай болуға талпынғандарын білдірмейді ғой. |
«Бұдан кейін яһуди басшылары Исаға бұрынғыдан бетер қарсы шығып, Оны өлтірмекші болды. Себебі Ол солардың демалыс күні туралы ережелерін ғана бұзған жоқ, сонымен қатар «Құдай — рухани Әкем» деп, Өзін Құдаймен теңестірді» (Жохан 5:16–18).
Оның сөздеріндегі не нәрсе осыншама ашу-ыза тудырды? Төмендегі үзіндіге қарап, Исаның сөздерін 2000 жыл бұрынғы яһудилердің өз мәдениеттеріне сай қалай түсінгені туралы ойланып көрейік.
Бар мәселе мынада: «Біздің Көктегі Әкеміз», — деген жоқ, Ол: «Әкем», — деді. Олардың тілдерінің ережелері бойынша, Исаның сөзі Оның Құдаймен теңесуге талаптанатынын білдіреді. Яһудилер Құдайды «менің Әкем» деп атамаған. Ал егер атай қалса, онда міндетті түрде «Көктегі» деген сөзді қосатын болған. Ал Иса бұл сөзді қосқан жоқ. Ол Құдайды «Менің Әкем» деуі арқылы яһудилер мүлде біржақты түсінетін мәлімдеме жасады.
Исаның: «Әкем еңбектен қол үзбейді, сондықтан Мен де үздіксіз еңбек етемін» деп, яһудилердің көз алдында Өзін Құдаймен қатар қоюы олардың ашуын одан әрмен келтірді. Бұл Оның Құдай Ұлы деген атаққа талаптанатынын дәлелдеді. Соның нәтижесінде яһуди көсемдерінің Оған деген жеккөрушіліктері арта түсті. Егер бұрын олар Исаны тек қудалап қана келген болса, енді Оны өлтіруге талаптанды.
Иса Құдаймен Әкесі ретінде теңесуге талаптанып қана қоймай, Ол Өзінің Әкесімен біртұтас екенін айтты. Иерусалимдегі мейрам кезінде яһуди көсемдері Одан: «Сіз Иса Мәсіхсіз бе?» — деп сұрады. Иса оларға қайтарған жауабын: «Әкем Екеуміз біртұтаспыз» (Жохан 10:30), — деген сөздермен аяқтады. «Сонда діндар яһудилер Оны тас лақтырып өлтіру үшін тағы да жерден тас алды. Иса оларға: Көз алдарыңда Әкем тапсырған көп игі істер істедім. Солардың қайсысына бола Мені тас лақтырны өлтірмексіңдер? — деп сұрақ қойды (Жохан 10:31,32).
Исаның Әкесімен біртұтас екені жайлы сөзіне яһудилердің неге сонша ашуланғандарына таңдануларыңыз мүмкін. Бұл сұраққа осы сөздердің грек тіліндегі құрылымы жауап бере алады.
Өз заманындағы грек тілінің білгірі А. Т. Робертсон былай дейді: «Бұл кесімді мәлімдеме — Мәсіхтің Өзімен Әкесінің арасындағы айрықша қарым-қатынасқа талаптануының шарықтау шегі. Бұл парызшылардың қатты ашуын туғызды».
Яһудилердің бұл сөзден Исаның Құдайлығы туралы мәлімдемесін естігендері анық.
Мельбурндағы Ридли колледжінің бұрынғы директоры Леон Моррис былай деп жазады:
Яһудилер Исаның сөздерін Құдайды қорлау деп бағалап, Оны өлтірмек болды. Заңда Құдайға тіл тигізген адамның таспен атқыланып өлтірілуі керектігі жазылған (Леуі 24:16). Бірақ бұл адамдар заң бойынша әрекет жасауды ойлаған жоқ. Олар кейін жоғарғы биліктің қандай да бір шешім қабылдауы үшін айыптау дайындаған жоқ. Қатты ашуға мінген яһудилер соттың да, жендеттің де міндетін өздері атқарғылары келді.
Яһудилер «Құдайды қорлағаны үшін» Исаны таспен атқылап өлтірмек болды, яғни, олар Исаның Өзін — Құдаймын деген мәлімдемесін айқын түсінген. Бірақ, біз: неге олар тоқтап, Оның мәлімдемесінің шындыққа жанасуы мүмкін бе деп ойланбады ма екен деп сұраймыз.
Иса өз болмысының Құдаймен бір екенін үнемі айтып жүрді. Ол былай деп ашық айтты: «Егер Мені білсеңдер, онда Әкемді де білер едіңдер» (Жохан 8:19); «Мені көрген кісі Мені Жібергенді де көреді» (Жохан 12:45); «Мені жек көргендер сол арқылы Әкемді де жек көреді» (Жохан 15:23); «Осылайша бәрі Әкені қалай қадірлесе, Ұлын да солай қадірлесін. Ал кімде-кім Ұлын құрметтемесе, Оны жіберген Әкесін де құрметтемейді» (Жохан 5:23).
Жоғарыдағы аяттардан Исаның өзін жай адам емес, Құдаймен теңмін деп жариялағаны анық көрінеді.
Батыс Виргинияның университеттерінің бірінде лекция оқығанымда бір профессор менің сөзімді бөліп, Иса Өзін Құдай деп атайтын жалғыз Інжіл — бұл Жохан жазған Ізгі хабар екенін және оның ең соңында жазылғанын, ал ең көне Інжіл — Марқа жазған Ізгі хабарда Иса Өзін бірде-бір рет Құдай деп атамағанын айтты. Ол адам Марқаны мұқият оқымаса керек.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Мен оған Марқа жазған Інжілдегі Исаның күнәларды кешіруге қабілетті екенін айтатын тұсты көрсеттім. «Иса олардың сенімдерін көріп, сал адамға: «Балам, сенің күнәларың кешірілді!» — деді (Марқа 2:5; сондай-ақ Лұқа 7:48–50). Яһудилердің діни сеніміне сәйкес, мұндайды тек Құдай ғана айта алады; Ишаяның жазбасында (43:25) күнәларды кешіру тек Құдайдың ғана құзырында екені айтылады. Исаның әлгі адамның күнәларын кешіргенін естіген дін мұғалімдері бұған наразы болды: «Бұл Кісі неге солай деп Құдайды қорлайды? Адамның күнәларын Құдайдан басқа кім кешіре алады?» (Марқа 2:7). Сонда Иса олардан: «Сал адамға қайсысын айту оңайырақ: «Сенің күнәларың кешірілді!» деу ме, әлде: «Орныңнан тұрып, төсенішіңді алып, жүре бер!» деу ме, — деп сұрады.
Иса тек қана Құдайға жақын болған немесе Оны жақсы білген деп есептейтін адамдар «Кімде-кім Ұлын құрметтемесе, Оны жіберген Әкесін де құрметтемейді» деген сөздер туралы ойлануға тиіс. |
Бұл екі сұрақты да қою оңай, бірақ оларды орындау үшін Құдайға тән күш қажет. Әрине, әшкереленуден қорқатын біреудің атын жамылушы мұның біріншісі оңай дер еді. Оның жер бетінде күнәларды кешіру билігінің бар екенін барлығының білуі үшін Иса әлгі сал адамды сауықтырды. Ал діндар көсемдер Оны Құдайды қорлады деп айыптады.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Далластағы Діни семинарияны құрушы және оның алғашқы президенті Льюис Сперри Чэфер былай деп жазады:
Күнәларды кешіруге жер бетіндегі ешкімнің құқысы да, билігі де жоқ. Біз, адамзат баласы Кімге қарсы күнә жасасақ, Сол ғана кешіре алады. Одан өзге ешкім бізді кешіре алмайды. Мәсіх күнәларды кешірген кезде, адами құқықты пайдаланған жоқ. Күнәларды Құдайдан өзге ешкім де кешіре алмайтындықтан, күнәларды кешірген Мәсіх Құдай болып табылады».
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Мен күнәлардың кешірілуі деген түсінік жайында біраз ойландым. Бірақ ол мен үшін түсініксіз күйінде қалды. Бірде мен пәлсапа сабағында Мәсіхтің Құдайлығы жайындағы сұраққа жауап беру үшін Марқа 2:5 аятынан үзінді келтірдім. Тыңдаушылардың бірі Мәсіхтің күнәларды кешіруі Оның Құдай екенін мүлде дәлелдей алмайды деген дау айтты. Ол Мәсіхтің Құдай болуға талаптанбай-ақ адамдарды кешіре алуына болатынын айтты.
Әлгі адамның сөздері туралы ойланып отырып, кенет бұл сұраққа жауап таптым. Мен діни көсемдердің Мәсіхтің әрекетіне неліктен бұлай қарағанын түсіндім. Иә, адам: «Мен сені кешіремін», — деп айта алады, бірақ тек өзіне қарсы күнә жасалған жағдайда ғана. Егер сіз маған қарсы күнә жасасаңыз, менің сізді кешіруге құқым бар. Ал егер сіз басқа біреуге қарсы күнә жасасаңыз, онда менің сізді кешіруге құқым жоқ.
Біз өзімізге қарсы жасалған күнәларды кешіре аламыз, бірақ Құдайға қарсы жасалған күнәны Оның Өзінен басқа ешкім де кешіре алмайды. Иса осы жерде Өзінің Құдай екенін көрсетіп тұр. |
Сал болып қалған кісі Исаға қарсы күнә жасаған жоқ, олар бұрын ешқашан кездескен емес. Ол Құдайға қарсы күнә жасады. Содан соң Иса келіп, Өзінің билігіне сай: «Сенің күнәларың кешірілді», — деді. Иә, біз өзімізге қарсы жасалған күнәларды кешіре аламыз, бірақ Құдайға қарсы жасалған күнәны Оның Өзінен басқа ешкім де кешіре алмайды. Ал Иса осы жерде Өзінің Құдай екенін көрсетіп тұр.
Яһудилердің Назареттік ағаш ұстасының батыл мәлімдемесіне осылай қызу қарсылық көрсеткендеріне таңдануға болмайды. Оның күнәларды кешіре аламын деген мәлімдемесі тек Құдайдың ғана қолындағы құқыққа қол созу болатын.
Исаның Өзін — Құдайдың Ұлымын деп атаған тағы бір сәті — бұл оның үстінен жүргізілген сот кезінде болды (Марқа 14:60–64). Осы сотта Иса Өзінің Құдайлығы туралы бірнеше айқын мәлімдемелер жасады. «Сонда бас діни қызметкер ортаға шығып, Исаға: «Ешқандай жауап бермейсің бе? Мыналар Саған қарсы не деп куәлік беріп тұр?» — деген сауал қойды. Бірақ Иса үндемеді. Бас діни қызметкер Оған тағы да сұрақ қойып: «Сен Мадақталғанның рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деді. Иса: «Мен Солмын. Менің Билеуші ретінде Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды әрі аспандағы бұлттармен келе жатқанымды әлі көретін боласыздар! — деп жауап берді» (Марқа 14:60–62).
Алғашында Исаның жауап бергісі келмеді. Бірақ жауап беруге мәжбүр болды (мен Оның мұны істегеніне қуаныштымын!) Ол: «Сен Мадақталғанның рухани Ұлы — Мәсіхсің бе?» — деген сұраққа мақұлдап жауап берді.
Исаның «көктен келген Билеуші» және «аспандағы бұлттармен келе жатқан» деген сөздері Даниял 7:13,14-аяттарына сілтеме болып табылады:
Сол түні көріп жатқан аяндарымда кенеттен адам баласына ұқсайтын Біреудің аспандағы бұлттармен келе жатқанын байқадым. Ол мәңгі жасап келе жатқан тірі Тәңір Иеге жақындап келіп, Оның алдына әкелінді. Оған құдірет, салтанатты ұлылық және патшалық билік тапсырылды. Барлық халықтар, ұлттар мен тілдердің адамдары Оған бойсұнып құрмет көрсетуге тиіс болды. Ол ешқашан өтпейтін мәңгілік билік құрады, Оның патшалығы ешқашан құламайды!
Кең таралған адасушылыққа қарамастан, «Көктен келген Билеуші» деген сөз Исаның адамдық емес, Құдайлық болмысын білдіреді. Өзін көктен келген Билеуші деп атағанда, Иса Өзінің Құдайлығы туралы айтты. «Исаға Өзінің орнын беріңдер» кітабында Роб Боумен мен Эд Коможевски мұның Даниялдің аянына қандай қатысы бар екенін түсіндіреді:
Даниялдің көрген аянында адамға ұқсайтын бейне соттың барша билігіне ие болады және мәңгілік патшалықты басқарады. Бұл жерде өткіншілік және тәуелділік жайында ештеңе айтылмайды. Бейненің бұлттардың үстімен келе жатқан түрде бейнеленуі де Оның Құдайлығын көрсетеді, себебі Көне Өсиеттегі басқа тұстарда бұлт үстімен жүруді тек құдайлық тұлғаларды бейнелеуге ғана қолданады.
Осылайша, Даниял 7:13 аятына сүйене отырып, Иса Құдайлыққа, Өзінің Құдайдың оң жағында отыратын және адамдардың үстінен мәңгілік билік құруға өкілетті аспан бейнесі екендігін көрсетті.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Мәсіхтің куәліктерін сараптау арқылы Ол Өзін: 1) Мадақталған Құдайдың Ұлы; 2) Құдайдың оң жағында отыратын және 3) көктен бұлттардың үстімен келетін Билеуші деп атағанын білеміз. Бұл мәлімдемелердің әрқайсысы Оның уәде етілген Патша екенін көрсетеді.
Олардың үшеуінің бірігіп тигізген әсерлері маңызды. Яһудилердің жоғарғы соты осылардың үшеуін де түсінді және сонда бас діни қызметкер шапанының өңірін айыра жыртып: «Енді куәгерлердің қажеті қанша?» — деді (Марқа 14:63). Олар бәрін Исаның өз аузынан естіді. Ол Өзіне Өзі үкім шығарды.
Скотланд-Ярдтың тергеу бөлімін басқарған сэр Роберт Андерсон былай дейді:
Исаның бойындағы Құдайлық болмысының дәлелі жауларының Оған қарсы шыққанынан анық көрінеді. Біз яһудилердің жабайылар тайпасы емес, білімді және аса діндар халық болғанын есте ұстауға тиіспіз. Осы айыптаудың негізінде жоғарғы сот — ең белгілі діни көсемдерден, оның ішінде яһудилердің 1-ғасырдағы ұлы пәлсапашысы Гамалиил және оның белгілі шәкірті, Тарстан шыққан Саул тәрізді адамдардан тұратын ұлттық кеңес Исаны еш қарсылықсыз өлім жазасына кесті.
Осылайша, Исаның Өзі туралы дәл нені куәлік еткісі келгені түсінікті және яһудилердің Оның жауабын Құдайлық болмысқа тікелей қатысы бар ретінде қабылдағанын көріп отырмыз.
Олар Исаның мәлімдемелерін не Құдайды қорлау ретінде қабылдауға немесе Оны Құдай ретінде тануға тиіс болды. Соттар үшін бәрінің айқын болғаны сондай, олар Оны айқышқа керіп, «Құдайға үмітін артыпты... Өзін Құдайдың рухани Ұлымын деді ғой» (Матай 27:43), — деп келеке етті.
Кембридж университетінің дін ілімінің профессоры Г.Б. Свит бас діни қызметкердің киімін жыртуының себебін былай түсіндіреді:
Заң бойынша, бас діни қызметкердің жеке басына түскен келеңсіздіктерге бола киімін жыртуына тыйым салынатын (Леуі 10:6; 21:10), бірақ соттың рөлін атқарып отырған кезде өзінің көз алдында болған Құдайды қорлау кезінде Оның алдындағы қорқынышын осылай білдіруге тиіс болған. Абыржып отырған соттың жеңілдеп қалғаны анық байқалады. Шынайы куәлардың қажеті болмай қалды: айыпталушы Өзін-Өзі айыптады».
Соттардың көпшілігінде айыпталушыны оның істеген әрекеті бойынша соттайды, бірақ Исамен олай болған жоқ. Оны Өзін Кім деп атағаны үшін соттады. |
Біз мұның әдеттен тыс сот болғанын түсіне бастаймыз. Заңгер Ирвин Линтон былай дейді:
Айыпталушының әрекеті емес, тұлғасы қаралатын сот өте сирек кездеседі. Мәсіхке қарсы айыптау, мойындау немесе куәлік, дәлірек айтқанда, Оның сот алдындағы әрекетіне бола айыпталуы, рим императорының тергеуге алуы, Оны жазаға тартқан кездегі айқыштағы жазу — осының бәрі Мәсіхтің Тұлғасы мен Оның шеніне байланысты болды».«Мәсіх туралы сіз не ойлайсыз? Ол кімнің Ұлы?
Нью-Йорктің Жоғарғы сотының бұрынғы қызметкері Уильям Джей Гэйнор Исаның үстінен болған сотқа қатысты сөйлеген сөзінде яһуди жоғарғы кеңесінің Исаға қарсы қойған жалғыз айыптауы — Құдайды қорлау болғанын айтады. Жохан 10:33-аятына сілтеме жасай отырып, Гэйнор былай дейді: «Исаны Құдайды қорлағаны үшін соттағаны Інжілден айқын көрінеді. Иса Өзінің бойындағы жоғарғы күштерді паш етті, ал адам үшін бұл Құдайды қорлау болып саналатын».
Бізді Исаның Өзін Құдаймын деп атағанына сендіру үшін Оның үстінен болған соттың өзі жетіп жатыр. Оның айыптаушылары бұл мәлімдемені естіді. Айқышқа керген кезде де дұшпандары Оның Өзін Құдайдың рухани Ұлымын деп атағанын айтты.
Бас діни қызметкерлер, дін мұғалімдері, парызшылдар мен рубасылары Оны мазақтап: «Мынау басқаларды құтқарыпты, бірақ Өзін құтқара алмайды екен! Егер Ол Исраилдің патшасы болса, Өзінің құдіретімен қазір-ақ айқыштан түссін, сонда Оған сенеміз. Ол Құдайға үмітін артыпты, ендеше Құдай оны ұнатса, қазір босатып алсын! Өйткені Ол өзін Құдайдың рухани Ұлымын деді ғой!» — десті (Матай 27:41–43).
3-тарау
Иса «алдамшы ма», әлде, «есінен адасқан ба?»
Егер қазір интернеттен Исаның есімін іздейтін болсаңыз, сіз бірден 181 миллион сілтеме табасыз. Егер Amazon.com сайтына Исаның есімін жазатын болсаңыз, Ол туралы 261 474 кітапты табасыз.
Бізде сан алуан пікірлер бар, соған қарамастан тарихи Исаға сенуімізді жалғастыра аламыз ба? Көптеген адамдардың Иса туралы Оны Құдай деп емес, жақсы, аса өнегелі адам немесе көптеген маңызды шындықтар туралы айтқан дана пайғамбар ретінде ойлағылары келеді. Ғалымдар көбіне бұл туралы дұрыстап ойланудың көмегімен жалғыз осы байламға келуге болады деп есептейді. Ал адамдардың көпшілігі бұған бастарын изеп, тіпті, бұл пікірдің теріс екенін түсінуге талпынбайды да.
Иса Өзін Құдаймын деп атады және Ол үшін адамдардың Өзін Кім деп атағанына сенгендері аса маңызды болды. Біз Оған не сенеміз, не сенбейміз. Ол бізге басқа жол қалдырмайды. Өзін Құдаймын деп Атағанның жай ғана қайырымды адам немесе пайғамбарлардың бірі болуы мүмкін емес.
Бір кездері агностик болған, Кембридж университетінің профессоры К.С. Льюис мұны жақсы түсінді. Ол былай деп жазды:
Бұл жерде мен адамдардың: «Мен Исаны өнегеліліктің ұлы ұстазы ретінде қабылдауға дайынмын, бірақ Оның Өзін Құдайға балағанын қабылдамаймын» дейтін теріс пікірлерінің бетін қайтаруға тырысамын. Біз дәл осыны айтпауға тиіспіз. Әдеттегі адам бола тұрып, Исаның аузынан шыққан сөздеріне қарағанда, Оның өнегеліліктің ұлы ұстазы болуы мүмкін емес. Ол не есінен адасқан адам, не тозақтан шыққан шайтан болуы мүмкін. Сіздер таңдау жасауға тиіссіздер. Ол не — Құдайдың Ұлы, не есі ауысқан адам.
Әрі қарай Льюис былай деп қосады:
Сіздер Оны есалаң ретінде қуа аласыздар, сіздер Оның бетіне түкіріп, жын ретінде өлтіре аласыздар немесе Оның аяғына жығылып, Оны Жаратушым және Құдайым деп тани аласыздар. Бірақ та Ол өнегеліліктің ұлы ұстазы болған деген сандырақты айтпай-ақ қояйық.
Жаңа Өсиеттің мәтіндерін жиырма сегіз жыл бойы сынай зерттеумен айналысқан Кембридж университетінің профессоры Ф. Дж. А. Хорт былай деп жазады:
Исаның айтқандары Оның Өз бейнесінің бір бөлігі болғаны сондай, оларды Иса Құдайдың хабаршысы немесе пайғамбары ретінде айтқанда ешқандай абстрактылы шындық мағынасына ие болмаған. Егерде әрбір айтқандарынан бастапқы субьект ретінде Оның Өзін алып тастайтын болсақ, олардың бәрі бөлек-бөлек болып ыдырап кетеді.
Йельск университетінің мәсіхшілік тарихын зерттеушісі Кеннет Скотт Латуретт былай дейді:
Исаны ілімі танымал еткен жоқ, бірақ Оны атақты етуге соның өзі де жеткілікті болар еді. Мәселе Оның Тұлғасы мен ілімінің үйлестігінде. Олардың бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес.
Иса Өзін Құдаймын деп атады. Оның мәлімдемелері не шындық, не өтірік болуға тиіс және біз бұған дәл Ол шәкірттерінен: «Сендер Мені кім дейсіңдер?» (Матай 16:15), — деп сұрағанда күткеніндей көңілмен қарауымыз керек. Бұған жауаптың бірнеше түрі бар.
Біріншіден, Оның Өзін Құдаймын деп меңзегені өтірік деп есептейік. Мұндай жағдайда бізде тек екі нұсқа ғана бар. Иса не олардың өтірік екенін білді, не оны білген жоқ. Осы мүмкіндіктерді жеке-жеке талдап, оны қолдауға қандай дәлелдеріміздің барын қарастырып көрейік.
Иса алдамшы болды ма?
Егер мәлімдемесін жасаған кезде Ол Өзінің Құдай емес екенін білсе, онда Ол өтірік айтты және Өзінің жолын қуушыларды қасақана алдады.
Егер Ол өтірікші болса, онда Ол сондай-ақ екіжүзді де болды. Себебі Ол өзгелерді қандай жағдайда болмасын өтірік айтпауға шақырды. Тіпті, одан да сорақысы, Ол әзәзіл болды, себебі өзге адамдарды тағдырларын мәңгілікте Өзіне сеніп тапсыруға үйретті. Егер Ол Өзінің уәделерін орындай алмайтын болса және мұны білсе, онда Оның барып тұрған қаскөй болғаны, себебі соңынан ерушілерге жалған үміт берді. Ақыры, бұған қоса Ол ақымақ та болуға тиіс еді, себебі Өзін айқышқа алып келген Құдаймын деуінен бас тартып, тым болмағанда соңғы сәтте өлімнен құтылуына болар еді.
К.С. Льюис |
Көптеген адамдардың Исаны жай ғана өнегеліліктің ұлы ұстазы болған дейтіндеріне мен таң қаламын. Шындыққа шынайы көзбен қарайықшы. Өнегеліліктің ұлы ұстазы адамдарды ілімінің ең маңызды тұсы — өзінің болмысы туралы сұраққа келгенде қалайша шатастырады? Иса адамдарды қасақана алдаған деп ойлайтын адамдардың пікірлері біздің Ол туралы және Оның өмірі мен ілімінің салдары туралы білетіндерімізге сәйкес келмейді.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Исаның аты әйгілі болған жердің бәрінде адамдардың және бүкіл халықтардың өмірлері жақсы жаққа қарай өзгерді. Ұрылар адал адамдарға, маскүнемдер — ішпейтіндерге, ызалы адамдар — сүйіспеншілік әкелушілерге, заңды мойындамайтындар — әділетті адамдарға айналды.
Ұлыбританияның белгілі тарихшыларының бірі және ұйымдасқан мәсіхшіліктің батыл қарсыласы Уильям Лекки шынайы мәсіхшіліктің әлемге тигізетін әсерін көрді. Ол былай деп жазады: Мәсіхшілік әлемге осы он сегіз ғасыр ішінде болған өзгерістер арқылы адамдардың жүректеріне қызу сүйіспеншілік енгізген идеал алып келді. Ол барлық ғасырлар, халықтар, мінез-құлықтар мен жағдайлар үшін әрекетті болды. Ол ізгіліктің биік үлгісі болып қана қойған жоқ, сондай-ақ оны іс жүзінде жүзеге асыруға күшті себепкер болды... Осы Тұлғаның қысқа үш жылдағы әрекеттерін жәй ғана еске алудың өзі адамзаттың қайта жаңғыруы мен жұмсаруына пәлсапашылардың барша ой толғаулары мен ақылгөйлердің кеңестерінен әлдеқайда артық әрекет етеді.
Тарихшы Филип Шафф былай дейді:
Егер ол шынайы болса, онда бұл мәлімдеме барып тұрған Құдайды қорлағандық немесе ессіздік болуға тиіс. Бірінші болжам: Ол сөздері мен барлық істерінен көрінген және бәрі мойындаған ар-ождандық тазалығы мен абыройына сәйкес келмейді. Мұндай таза және салауатты ақыл-ой болған жерде өз-өзін алдаудың болуы да мүмкін емес. Парасаттылығын ешқашан жоғалтпаған; бұлт үстіндегі күн секілді бәрінен биік тұрып, барша қиындықтар мен қуғын-сүргінге еш мойымаған; арандатқыш сұрақтарға үнемі даналықпен жауап қайырған; Өзінің айқышта өлетінін және үшінші күні қайта тірілетінін, Киелі Рухтың құйылатынын, қауымның құрылатынын, Иерусалимнің қиратылатынын болжаған Оның энтузиаст немесе ессіз болуы мүмкін. Оның айтқандарының бәрі орындалып жатыр. Осындай қайталанбас, толыққанды, тұрақты, кіршіксіз, адамгершілікті және сонымен бір мезетте адамилықтан жоғары бейненің өтірік немесе ойдан шығарылған болуы мүмкін емес. Исаны ойлап табу үшін Исадан жоғары болу керек.
Тағы бір жерде Шафф Мәсіхті алдамшы болды дегенге қарсы сенімді уәж айтады:
Қисынға, салауатты ой мен тәжірибеге сәйкес, біреудің атын жамылушы — яғни, алдамшы, өзімшіл, күнәһар адам қалай тарихтағы кіршіксіз де адамгершілікті тұлғаның бейнесін ойлап тауып, оның басынан бастап, соңына дейін қалайша шынайылықпен жеткізе алды? Қалайша ол теңдесі жоқ игі істердің, ар-ождан тұрғысынан ұлылықтың жоспарын құрып, өз заманындағы халқының теріс ұғымдарына қарамастан соның жолында өзінің өмірін қиды?
Егерде Иса адамдардың соңынан ергенін және Өзіне Құдай ретінде сенгенін қалаған болса, онда Ол неліктен яһудилерге барды? Шағын және халқы аз елдің елеусіз бір қаласынан шыққан қарапайым ағаш ұстасының бұлай етуіне не себеп болды? Бір ғана Құдайға сенімді берік ұстанатын халыққа барудың қажеті қанша еді? Иса неге түрлі құдайларға сенетін Мысырға немесе Грекияға бармады?
Дәл Иса сияқты өмір сүріп, дәл Иса секілді тәлім берген және Иса секілді өлгеннің алдамшы болуы мүмкін емес. Ал енді, келесі мүмкіндікті қарастырып көрейік.
Иса ессіз болды ма?
Егер біз Исаның алдамшы болуы мүмкін емес деген байламға келсек, Ол Өзін Құдай деп атағанда адасқан жоқ па? Сайып келгенде, шынайы бола тұра қателесуге болады ғой. Бірақ біз: егер адам қателікпен өзін Құдай деп есептейтін болса және мұны ол монотеистік қоғамда істеп, өзгелерге олардың мәңгіліктегі тағдырлары өзінің қолында екенін айтатын болса, онда бұл залалы жоқ қиял ғана емес, өз-өзін алдау және ессіздің сандырағы.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Қазіргі күні біз өзін Құдаймын деп есептейтін адамға дәл бір өзін Наполеонмын деп атаған адамға қарағандай қарайтын едік. Біз оны есінен адасқан деп есептеп, өзіне және айналасындағыларға зияны тимей тұрғанда жындыханаға қаматуға асығар едік. Бірақ Исаның әрекеттерінен біз мұндай ессіздікке тән ешқандай ауытқуларды көре алмаймыз. Егер Ол ессіз болған болса, онда Оның жасаған әрекеттері мен өз-өзін ұстауы шынымен де таң қалдырады.
Белгілі психиатрлар Артур Нойэс пен Лоренс Колб өздерінің «Қазіргі заманғы клиникалық психиатрия» атты кітаптарында шизофреникті белсенді өмір ұстанымынан гөрі аутизмге бейім адам ретінде суреттейді. Шизофрениктің шынайы өмірден қашып құтылғысы келеді. Шындыққа шынайы көзбен қарайықшы: қарапайым адамға өзін Құдаймын деп атау — бұл шынайы өмірден қашу.
Біздің Иса туралы білетіндерімізге сәйкес, Оны ақыл-ес жағынан кемтар деп елестету мүмкін емес. Ол қай кезде болмасын жазылып қалдырылған сөздердің ішіндегі ең даналыққа толы сөздерді айтты. Оның кеңестері көптеген адамдарды ойдың тұтқынынан азат етті.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Маккастердегі діни колледждің профессоры Кларк Х. Пиннок: «Шынымен-ақ Ол Өз-өзін өзінің ұлылығы туралы армандармен еліктірген параноик, есінен адасқан алдамшы болды ма? Бірақ Исаның сұңғылалығы мен ілімінің тереңдігі Оның ақыл-есінің толық екенін білдіреді. Егер біздің ақыл-ойымыз да дәл Оныкі секілді салауатты болса ғой!»
Калифорния университетінің бір студенті маған психология профессорының сабақ кезінде былай дегенін айтты: «Көптеген емделушілер үшін қолдарына Киелі кітапты алып, Мәсіхтің ілімдерінен біреуін оқу жеткілікті болады. Олар мұқтаж болып жүрген ғибраттың бәрі сонда».
Психолог дәрігер Гэри Коллинс
Исаның сүйіспеншілікке толы болғанын, бірақ Ол өз аяушылығының Өзіне кедергі жасауына жол бермегенін; көбіне Өзіне қайран қала қараған топтың ортасында жүрсе де, тәкәппарланбағанын; өмір салтының қиындығына қарамай, ұстамды болғанын; қайда және не үшін баратынына үнемі Өзіне есеп беріп жүргенін; адамдардың, оның ішінде сол уақытта қоғамның екінші сорттағы мүшелері деп есептелген әйелдер мен балалардың қамын ойлағанын; адамдарды күнәларын көре тұра қабылдауға қабілетті болғанын; адамдарды қажетті жауаптармен және мұқтаж нәрселерімен қамтамасыз еткенін түсіндіреді. Жалпы алғанда, мен Исаның бізге белгілі қандай да бір ақыл-ой ауруымен ауырғанын көріп тұрған жоқпын. Оның дені сап-сау болған!
Исаның ілімінің тұңғиығын сезінген психиатр Дж. Т. Фишер мынандай тұжырым жасайды:
Егерде барлық уақыттағы ең кәсіби психологтар мен психиатрлардың ақыл-ой гигиенасы тақырыбына жазған мақалаларының барлығын біріктіріп, оларды өңдеп және ішінен бос мылжың сөздерді алып тастап, тек тақырыпқа қатыстыларын ғана алсақ және оған ең дарынды деген ақындардың берген болмашы даналықтарын қосатын болсақ, онда біз Исаның Таудағы уағызының толық емес, орашолақ үлгісін аламыз. Бір-бірімен салыстырған кезде ол түпнұсқадан әлдеқайда нашар болып шығады. Адамдар жауабын таба алмай әуре-сарсаң болып жүрген сұрақтардың жауаптарын мәсіхшілер әлемі екі мың жыл бойы қолына ұстап тұр. Адамның оптимизмге, саналы және рахатқа толы табысты өмірінің жоспары осы.
К. С. Льюис былай деп жазады:
Тарихи тұрғыдан Исаның өміріне, айтқан сөздері мен тигізген әсеріне мәсіхшіліктен өзге түсінік беру қиын. Исаға тиісті тереңдік пен естіліктің арасындағы қарама-қайшылық... Оның ар-ождандық ілімі мен егерде Ол шын мәнінде Құдай болмаған жағдайда Оның ұлылыққа ессіздікпен ұмтылуының қанағаттанарлық дәрежеде түсіндірілуі мүмкін емес. Сондықтан да адамдардың таңданыстарынан толассыз туындайтын мәсіхшілікке қарсы болжамдар бірінің соңынан бірі пайда болады.
Филип Шафф былайша ой толғайды:
Аспандай ашық, тау самалындай таза, қылыштай өткір, қашан да өз-өзін ұстай білетін осындай парасат иесінің өз мінез-құлқы мен міндеті жайлы азғырылуға жол беруі мүмкін бе? Мұны көз алдына елестету қиын.
Иса Құдай болды ма?
Менің жеке басым: Иса алдамшы және ессіз болды деген байламға келе алмаймын. Сонда бір ғана мүмкіндік қалады: Ол Өзі мәлімдегендей — Құдайдың Ұлы. Бірақ, қисын мен айғақтарға қарамастан, көптеген адамдар мұндай тұжырымға келе бермейді.
Дэн Браун өзінің «Код да Винчи» кітабында былай деп жазады: «Иса Мәсіхті Құдайдың Ұлы деп ресми мойындау арқылы, Константин Оны адамдар әлемінен тыс өмір сүретін Тәңірге, билігі талассыз мәнге айналдырды».
Жазушы Браун адамдардың: Мәсіхтің Құдайлығы Никей ғибадатханасында ойлап шығарылған дегенге сенгенін қалайды. Бұл «дерек» қазіргі кездері көп талқыланатын болғанымен, тарихи деректерді зерттеумен айналысатындардың 99,9 пайызы оны жоққа шығарады және оның себебі бар.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Жаңа Өсиетте Исаның Құдай екеніне сенімнің ең көне куәліктері бар (2-тарауды қараңыз). Бұл құжаттар I-ғасырда, Иса жер бетінде болған кездегі оқиғалардан бірнеше ондаған жылдардан кейін ғана жазылғандықтан, олар Никей ғибадатханасынан екі жүз жыл бұрын жазылған болып шығады. Әр түрлі мақсатпен түрлі адамдардың жазғанына қарамастан, олардың Мәсіхтің Құдай екендігі жайлы ортақ тақырыпқа жазылғанына еш күмән жоқ.
Исаны Никей ғибадатханасынан көп бұрын-ақ Құдай деп есептегенінің дәлелін одан бұрынғы қауым құрушылардан табуға болады. Олар алғашқы мәсіхшіл ойшылдар болды, және көнеөсиеттік кезеңнің аяқталған кезі мен (100-жылдар шамасы) Никей ғибадатханасы салынған уақыттың (325 ж) аралығында өмір сүрді. Олардың арасында азап шегуші Иустин, Антақиялық Игнатий және Ириней секілді белгілі тұлғалар болды. Олардың бәрі Исаны еш күмәнсіз Құдай деп есептеді.
Төменде олардың еңбектерінен аздаған үзінділер келтіре кетейін:
Антақиялық Игнатий (Мәсіх дүниеге келерден бұрынғы 110 ж): «Тәндегі Құдай... Адам бейнесінде келген Құдайдың Өзі».
Азап шегуші Иустин (Мәсіх дүниеге келерден бұрынғы 100 – 165 жылдар): «...Құдайдың Тұңғыш Сөзі болғандықтан, Ол Құдай болып табылады».
Ириней (Мәсіх дүниеге келерден бұрынғы 177 ж): «...Әке Құдай және Ұл да Құдай, себебі Құдайдан туылған Құдай болып табылады».
Сардиялық Милитон (М. Т. 177 ж): «Ол адам бейнесіне енді, бірақ Ол Құдай болып табылады».
Сірә, Исаны Никей ғибадатханасынан бұрын-ақ Құдай деп есептегеніне сенбеуші авторлардың сөздері айқын дәлел бола алатын шығар. Грек сықақшысы Самосатиялық Лукиян (М. Т. шамамен 170 ж), римдік пәлсапашы Цельс (шамамен 177 ж) және рим губернаторы Кіші Плиний (шамамен 112 ж) мәсіхшілердің Исаны Құдай деп есептегендеріне айқын куәлік береді. Исаны Құдай деп танығандары үшін мәсіхшілерді қуғынға ұшыратқан Плиний былай деп мойындайды: «Олар белгілі бір күндері таң атпай жиналып, Мәсіхті Құдай ретінде мадақтап, кезекпен әндер айтады».
Менің жеке өз басым Исаны алдамшы немесе ессіз болды деген байламға келе алмаймын. Сонда тек бір ғана мүмкіндік қалады: Ол Құдайдың рухани Ұлы болған және Құдайдың рухани Ұлы болып табылады. |
Оның себебі мынау: Осы және көптеген басқа да деректерге сүйене отырып, «Исаны қайта ой елегінен өткізу» кітабының авторлары мынандай шешімге келеді: «Константин діни кеңесті бұрын өзі сенбейтін нәрсеге алдап сендірді деген болжам жасау — бұл бер жағын айтқанда ақылсыз түсінік».
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Осы тараудың мазмұнын яһудилермен немесе мұсылмандармен талқылаған кезімде, оларға Исаның Өзі туралы жасаған мәлімдемелерін айтып беремін де, жауаптың жоғарыдағы үш нұсқасын ұсынамын (алдамшы, ессіз немесе Құдай). Исаны алдамшы деп есептейсіңдер ме деген сұрағыма олар кесімді түрде: «Жоқ!» — деп жауап қайырады. «Оны ессіз деп ойлайсыңдар ма?» — деген сұрағыма олар: «Әрине, жоқ», — деп жауап береді. «Оның Құдай екеніне сенесіңдер ме?» Олар бірден: «Әрине, жоқ!» — деп жауап қайырады.
Бірақ төртінші мүмкіндік жоқ. Мәселе нұсқалардың қайсысының мүмкін екендігінде емес, себебі олардың үшеуі де мүмкін нәрселер. Сұрақты былай қойған дұрыс секілді: «Олардың қайсысының мүмкіндігі жоғарырақ?» Сіз сөреге Інжілді өнегеліліктің ұлы ұстаздары мен пайғамбарлардың кітаптарымен қатар қоя алмайсыз. Ондай мүмкіндік жоқ. Иса не алдамшы, не ессіз, не Құдай. Сіз таңдау жасауға тиіссіз. Сіздің Иса жайлы шешіміңіз жай ғана миға жаттығу жасату болмауға тиіс. Елші Жохан былай деп жазды: «Ал жазылғандарды Исаның Құтқарушы Мәсіх, Құдайдың рухани Ұлы екендігіне сендер сеніп, сенімдерің арқылы Онымен тығыз байланыста тұрып, шынайы өмірге ие болсын деген мақсатпен жазылған» (Жохан 20:31).
Осының бәрі Исаның Құдай екеніне айқын куәлік береді.
4-тарау
Бұл жөнінде ғылым не айтады?
Көптеген адамдар ғылыми тұрғыдан дәлелденген нәрсе ғана шындық дегенді негізге алып, Мәсіхке деген жеке сенімдерінен бас тартуға тырысады. Егер адам Исаның Құдайлығын немесе Оның қайта тірілгенін ғылыми тұрғыдан дәлелдей алмайтын болса, онда ХХI-ғасырдың данышпандары Оның Құтқарушы ретінде қабылдағылары келмейді.
Пәлсапа немесе тарих сабақтарында маған: «Сіз мұны ғылыми түрде дәлелдей аласыз ба?» — деген сауалдарды жиі қояды. Әдетте мен: «Жоқ, мен ғалым емеспін», — деп жауап қайырамын. Сонда сыныптағылардың күліп, ал әлдекімнің: «Онда бұл жайында айтудың қажеті жоқ» немесе «Сірә, бәрін сеніммен қабылдауға тура келетін шығар» (бұл жерде соқыр сенім туралы айтылып тұр), — дегенін естимін.
Бірде Бостонға ұшып бара жатып, жанымда отырған адамға Исаның Құдайлығына не үшін сенетінімді әңгімелеп бердім. Орындықтардың ортасымен өтіп бара жатқан ұшқыш біздің әңгімемізді естіп қалды. «Сіздің сеніміңіздің бір кемшілігі бар», — деді ол. «Қандай?» — деп сұрадым мен. «Сіз оны ғылыми тұрғыда дәлелдей алмайсыз».
Мені қазіргі заманғы адамдардың ойлаудағы ретсіздігі таң қалдырады. Әлгі ұшқыш егер бір нәрсе ғылыми тұрғыда дәлелдеуге келмейтін болса, онда ол өтірік деп ойлайтын замандастарына ұқсайды.
Бірақ біз шындық деп қабылдайтын көптеген деректер ғылыми әдістермен дәлелдене алмайды. Біз қандай да бір бейненің немесе оқиғаның шынайылығын ғылыми тұрғыдан дәлелдей алмаймыз, бірақ бұл оны дәлелдеу мүмкін емес дегенді білдірмейді.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Қандай да бір ғылыми тәсіл құбылыстарды зерттеумен, тәжірибе жасаумен немесе әлденеше рет бақылау жасаумен байланысты.
Егер бір нәрсе ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге келмесе, онда ол өтірік деп ойлайды. |
Гарвардтың бұрынғы президенті, доктор Джеймс Б. Коунэнт былай деп жазады:
Ғылым — бұл бақылаулар мен тәжірибелер арқылы құрылған және келесі бақылаулар мен тәжірибелерге алып келетін өзара байланыстағы түсініктер мен тұжырымдық жүйелердің түрлері.
Болжамның шынайылығын бақылаулар мен тәжірибелер жасау арқылы тексеру — бұл қазіргі заманғы ғылымның негізгі тәсілдерінің бірі. Мысалы, біреу сабынның су бетінде қалқып жүрмейтінін айтады. Мен оның су бетінде қалқитынын айтамын және мұны дәлелдеу үшін бұған күмәнданған әлгі адамды ас үйге ертіп келіп, легенге 20 сантиметр биіктікте, қызуы 28 градус болатын су құямын да, үстінен сабынды тастаймын. Біз оны бақылап, менің болжамымды тәжірибе түрінде дәлелдейміз: сабын су бетінде жүзеді.
Егерде ғылыми тәсіл деректерді дәлелдеудің жалғыз тәсілі болғанда, онда сіз кеше кешкісін теледидар қарағаныңызды немесе бүгін түскі ас ішкеніңізді дәлелдей алмас едіңіз. Сіз мұны бақылаудағы ортада қайталап көрсете алмайсыз. Бұл жерде әңгіме қандай да бір деректің шынайылығына күмәнданудың қажеті жоқтығын көрсететін
Егерде ғылыми тәсіл дәлелдеудің жалғыз тәсілі болса, онда сіз бүгін түстенгеніңізді дәлелдей алмайтын едіңіз. Бақылаудағы ортада сіз мұны қайталай алмайсыз. |
Ғылыми тәсіл тек қайталауға болатын нәрселерді дәлелдеу үшін ғана қолданыла алады. Ол тұлғалардың немесе тарихи оқиғалардың шынайылығын дәлелдеуге немесе теріске шығаруға жарамайды. Ғылыми тәсіл: Джордж Вашингтон өмірде шын мәнінде болды ма, Мартин Лютер Кинг адамдардың құқы үшін күресті ме, Назареттік Иса кім болды, Барри Бонд баскетболдан рекорд жасады ма, Иса Мәсіх өлімнен шын мәнінде қайта тірілді ме деген секілді сұрақтарға жауап беруіңізге көмектесе алмайды. Бұл сұрақтар ғылыми тәсілдің ауқымынан тысқары болып табылады және біз олардың шынайылығын тарихи тұрғыда дәлелдеуге тиіспіз. Басқаша айтқанда, бақылауға, ақпараттар жинауға, болжамдарға, табиғатта қайталанатын құбылыстарды тәжірибе бойынша дәлелдеуге негізделген ғылыми тәсіл: қайта тірілу мүмкін бе, ғылым дінге қарама-қайшы ма, ғылым Құдайдың бар екенін теріске шығара ала ма деген секілді сұрақтарға кесімді жауап бере алмайды.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Келесі тарауда менің ұлым Шон ғылым Құдайдың бар екенін теріске шығара алады дегенге сенетін «жаңа атеистердің» тұжырымдарын қарастырады.
5-тарау
Жаңа атеизмнің келелі мәселесі
Аты айқайлап тұрған кітапты оқып отырған жас әйелді көрген кезде мен (Шон) кофеханада коктейль ішіп отырған едім. Кітаптың бетіне жалтыраған әріптермен былай деп жазылыпты: «Құдай ұлы емес: дін қалай бәрін бүлдіреді», авторы Кристофер Хитченс. Кітаптың дөрекі атауына қызығушылық танытқан мен әйелден кітаптың не жайында екенін сұрауға бел байладым. Әйел маған діннің әлем тарихындағы үлкен жамандық болғаны, сенімнің толықтай қисынсыздығын ғылымның қалай дәлелдегені және адамдардың Құдайсыз да жақсы бола алатыны туралы құлшына айтып берді.
Осы әйелдің айтқандары дұрыс па? Мүмкін, дін шын мәнінде де адамға кедергі келтіретін болар? Ғылым Құдайдың бар екенін теріске шығарды ма? Егер адамдардың бәрі атеистерге айналса, әлем жақсарып кете ме?
Әрине, атеизм жаңадан пайда болған жоқ. Мәсіх келерден шамамен 1000 жыл бұрын Дәуіт патша «Құдай жоқ!» деген адам туралы жазды (Зәбүр 13:1). Құдайдың бар екенін теріске шығаратын адамдар қашан да болған, сірә, бола беретін де шығар. Атеистер өздерінің сенімдері жайлы жиі айтумен болды, бірақ олардың қоғамдық пікірге тигізген әсерлері біздің заманымызға дейін үлкен болған жоқ.
Жақында қоғам сахнасында дарынды, құлшыныстары күшті, жауыққан атеистердің тобы пайда болып, олардың әсері атеизм тарихындағы теңдесі жоқ оқиға болды. Осы тақырыпқа арналған үш кітап бір жылдың айналасында ең көп сатылатын кітаптарға айналды. Шабуылды алғаш болып өзінің «Мәсіхшіл халыққа жолдау» (2006) кітабымен Сэм Хэррис бастады. Содан соң Ричард Даукинстің «Құдайдың елесі» (2006) және Кристофер Хитченстің «Құдай ұлы емес» (2007) кітаптары шықты. Үш кітап та жақсы сатылуда және бірнеше ай бойы жақсы сатылатын кітаптар тізімінде бірінші орындарда тұр. Мысалы, «Құдай ұлы емес» кітабы басылып шыққанына бір ай болғанда «Нью-Йорк Таймс» газетінің жақсы сатылатын кітаптар тізімінде бірінші орынды иеленді. Жарық көргеніне жеті апта болғанда ол шамамен 300 000 данамен таралды.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Жаңа атеистер деп аталатын адамдардың әсері баспасөз әлеміне ғана әсерін тигізіп қойған жоқ. Олар мақалалар жазды, пікірталастарға қатысып, теледидар мен радиоға сұхбаттар берді. YouTube-ке сансыз көп бейнефильмдер шығарды. Олар шындықты іздеген көптеген адамдарды адастырып, көптеген сенушілердің сенімдеріне шүбә келтірді. Жақында өткізілген қоғамдық пікірді анықтау барысында көптеген американдықтардың өздерін атеистпіз және агностиктерміз деп атай бастағандары белгілі болды. Жаңа атеистердің мақсаттары қарапайым: сенімнің қисынды негізін талқандау және теистерді одан бас тартуға көндіру.
Жаңа мәнердегі ескі ән
Белгілі британдық журналист Малькольм Маггеридж бірде: «Жаңалықтар атаулы — бұл тек жаңа адамдардың бастарынан өтіп жатқан ескі нәрселер» екенін айтқан болатын. Бір нәрсенің жаңа болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл оның шын мәнінде жаңа екенін білдірмейді. Жаңа атеизм ғылым, пәлсапа және тарих салаларында мәсіхшіліктің негізін шайқалтатындай ешқандай жаңалықтар ашқан жоқ. Олардың дәлелдерінің басым бөлігі Фридрих Ницше, Зигмунд Фрейд, Карл Маркс және Бертран Расселл секілді ескі атеистерден алынған. Бірақ жаңа атеистер кейбір жағдайларда өздерін өте өзгеше ұстайды.
Бұрынғы атеистердің көпшілігі «Құдай жоқ» деген ұғымды қаламаған. Жаңа атеистер, керісінше, «Құдай жоқ» деген ұғымды қолдап қуанады. |
Біріншіден, жаңа атеизм арзанға түседі. Өткен заманның атеистері Құдайдан бас тартудың салдарының қандай болатынын жақсы түсінген. Олар Құдайсыз әлемнің суық, қара түнек басқан, еш мағынасыз әлемге айналатынын білген. Бұрынғы атеистердің көпшілігі «Құдай жоқ» деген ұғымды қаламаған, себебі олар оның батыс мәдениетінің негізін шайқалтатынын түсінген. Экзистенциалист Альбер Камю «Құдай жоқ» деген ұғымның өмірдің барша қуанышынан, мағынасынан және өмірді өмір ететін нәрселердің бәрінен айыратынын мойындаған.
Жаңа атеистер, керісінше, «Құдай жоқ» деген ұғымды қолдап қуанады. Олар діннен бас тарту арқылы дұрыс (тіпті, жақсы) өмір сүре беруге болады деп ойлайды. Джордтаун университетінің профессоры Джон От мұндай «жұмсақ» атеизмнің өзіне байыпсыз қарауға алып келетінін айтады.
Қазіргі заманның «жұмсақ» атеистері Санта-Клаустан бас тартқандай жай ғана бас тартуға болады және одан батыс мәдениеті, оның ішінде біздің естілік пен өнегелілікке деген көзқарастарымыз толықтай бүліне қоймайды деп есептейді. Бұрынғы атеистер тым болмағанда, егер біз өз атеистігімізде шынайы болатын болсақ, Құдайдың батыс мәдениетіндегі ойларының маңына шоғырланған мағыналар мен құндылықтардың барша жүйесі оның ұйымдастырушы орталығымен бірге ғайып болатынын түсінген.
Екіншіден, қазіргі атеистердің бұрынғылардан айырмашылығы, олар діни сенімге төзімділік танытпайды. Олар дінді адам ойлап тауып қана қойған жоқ, ол бәрін улайды, сондықтан оның көзі жойылуы керек деп есептейді. «Мәсіхшіл халыққа жолдауында» Сэм Харрис «дін құқығын сыйлау бізден барлық діндегі экстремистерге баспана беруімізді талап етеді», — дейді. Харрис либеральдық сенушілердің ұшақтармен ғимараттарға барып соғылмайтынын мойындайды. Бірақ олардың дәл сол төзімділіктері осы экстремизмді қолдайды деп есептейді. Яғни, оны түбірімен жою қажет. Егерде жаңа атеистер өз дегендеріне қол жеткізгенде, онда ар-ожданның бостандығы өткеннің жарқыншағы болып қалатын еді.
Үшіншіден, жаңа атеистер мәсіхшілікке тасқынды шабуыл жасайды. Олар тіпті буддизмді, исламды, мормондық пен басқа да діни ағымдарды сынға алады, бірақ олардың басты нысанасы — Киелі кітапта баяндалған Құдай. Ричард Даукинс: «Егер әдейілеп көрсетпесем де, мен ең бірінші мәсіхшілікті ойымда ұстаймын», — деп мойындайды.
Егер сіз жаңа атеистердің кітаптарын оқитын болсаңыз, онда Сүлеймен патшаның: «Бірінші боп дауласқандікі жөн көрінер, ал қарсыласы келіп, сауал қойып тексерер» (Нақыл сөз 18:17), — деген сөздерін есте ұстағанның маңызы зор. Басқаша айтқанда, егер бір жақты ғана тыңдайтын болсаңыз, онда олардың дәлелдері сізге сенімді болып көрінуі мүмкін. Бірақ, егер сіз екінші жақты тыңдайтын болсаңыз, көбіне олар сәтсіздікке ұшырайды. Екінші жақты тыңдамайынша, жаңа атеистердің сөздері сенімді болып көрінеді. Ал екінші жақтың пікірі мынандай.
Атеизмді діннен ақылдырақ деп есептеуге бола ма?
Жаңа атеистер атеизмнің ақылға негізделгеніне берік сенеді. Хитченстің пікіріне сәйкес, дін тек «сенімге ғана» негізделген, ал атеизм сенімді қажет етпейді, себебі ол тәжірибелер жүзінде дәлелденген ғылыми айғақтарға негізделген.
Біз әлі атеизмнің немесе теизмнің қайсысының ғылыми деректерге жақсырақ сәйкес келетіні туралы әңгімелейтін боламыз, ал қазір: «Табиғат әлемі неліктен саналы?» — деген маңызды сұраққа жауап беруге тиіспіз. Эйнштейн бірде былай деген: «Әлемдегі ең ақылға сыймайтын нәрсе — оның түсініктілігі».
Эйнштейн ғылымдағы ең басты нәрсені, дәлірек айтқанда, оның табиғат әлемі туралы әлдебір пәлсапалық болжамдарға негізделгенін түсінді. Бұл болжамдарға біз өз санамызбен түсінуге қабілетті, ретке келтірілген және танып білуге болатын шынайы сыртқы өмір кіреді. Бұл алғышарттарсыз ғылымның тіршілік етуі мүмкін емес.
Әлемдегі ең ақылға сыймайтын нәрсе — оның түсініктілігі. |
Осы жерде атеистің алдында аса қиын сұрақ туындайды: егерде ақыл-ой Дарвиннің материалдық дамуының барысында жетілген болса, біз оған неліктен сенуге тиіспіз? Неге біз кездейсоқтықтың нәтижесінде пайда болған адам миының шын мәнінде шынайылықты қабылдайтынына сенуіміз керек? Ғылым бұл сұраққа жауап бере алмайды, себебі оның өзі осы болжамға негізделген.
Бұл қиындықты тіпті Чарльз Дарвинның өзі де сезінген: «Ең төменгі хайуанның санасынан өсіп-дамыған адам санасының ұйғарымдары дұрыс па, олардың құны бар ма деген сұрақтар үнемі туындайды. Егерде маймылдардың нанымы бола қалған күннің өзінде, оған біреу сене ала ма?»
Жаңа атеистер өз ақыл-парасаттарының қабілеттеріне өте қатты сенеді, бірақ олардың атеистік көзқарастары мұндай сенімнің негіздерін жояды.
Шын мәнінде, егерде Дарвинның эволюциясы шындық болса, онда бізге өзіміздің когнитивтік қабілеттерімізге сенім артуымызға болмас еді, себебі — олар басқаруға келмейтін, ақыл жетпейтін процесстердің нәтижесі ғой. |
Дәрігер, Темплтон сыйлығының иегері Пол Дэвис былай дейді: «Ғылым әлем өз тіршілігінің барлық кезеңінде барынша есті және қисынды деген болжамға негізделген. Атеистер табиғат заңдары қисынсыз және бүкіл әлем сандырақ деп есептейді. Ғалым ретінде мұны түсіну мен үшін қиын. Әлемнің қисынды және ретті өзгешелігі орналасатын өзгермейтін саналы негіз болуға тиісті».
Атеизм мұндай саналы негізді бере алмайды. Керісінше, атеизм оның беделін түсіреді. Ал теизм мұндай негізді бере алады. Теизмге тек әлемнің саналылығы ғана сәйкес келмейді. Мұндағы байланыс тереңірек. Әлемнің саналылығы Құдайдың бар екендігін жорамалдайды.
Ғылым дінге қарама-қайшы ма?
Ғылым дінмен жүздеген жылдар бойы айқасып келді. Қалай болғанда да, жаңа атеистер бізді осыған иландыруға талпынады. Көптеген адамдар дін ғылымның дамуына кедергі жасады деп есептейді, бірақ бұл бос қиял.
Шын мәнінде, дәл осы мәсіхшілік көзқарас — әлемнің реттілігін түсінуі, адам санасына назар аударуы және біз жаратылысты таныған кезде Құдай мадақталады деген ілімі арқылы заманауи ғылыми төңкерістің іргетасын қалады.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Ерте заманғы ғалымдардың көпшілігі табиғатты өздерінің мәсіхшілік көзқарастарының арқасында зерттеуге мәжбүр болған. Ағылшын математигі және пәлсапашы Альфред Норт Уайтхед өзінің «Ғылым және қазіргі әлем» еңбегінде қазіргі ғылым Құдайдың саналылығына деген ортағасырлық нанымның арқасында дамыған» деген қорытынды жасайды.
Қазіргі заманғы ғылым жоқтан пайда болған жоқ, оның дамуына көп жағдайда мәсіхшілік әсерін тигізді. Алғашқы ғалымдардың көпшілігінің, олардың ішінде дәл ғылымдардың Фрэнсис Бэкон (1561–1626), Иоганн Кеплер (1571–1630), Блез Паскаль (1623–1662), Роберт Бойль (1627–1691), Исаак Ньютон (1642–1727) және Луи Пастер (1822–1895) секілді өкілдерінің теистер болғанына таңдануға болмайды. Олардың көпшілігін табиғат әлемін зерттеуге итермелеген негізгі себеп — олардың Құдайға деген сенімдері болды. Бэкон табиғат әлемі құпияларға толы, Құдай бізден оларды зерттеуімізді күтеді деп есептеді. Кеплер өзінің ғылыммен айналысуының себебін былай түсіндірді: «Сыртқы әлемді зерттеулердің бәрінің негізгі мақсаты — бұл оған Құдай орналастырған және бізге математика тілінде жетуі мүмкін саналы реттік пен үйлестікті ашу».
Хитченс сол уақыттағы жоғары ақыл-ой иесінің бұдан өзге мүмкіндігі болмаған деген болжам жасап, бұл ғалымдардың діни нанымдарын маңызды деп есептемейді. Бірақ бұл Хитченсті қызық жағдайға қалдырады. Егер «бір кезде бәрінің сенушілер болғаны» үшін сенушілерді қоғамға қосқан үлестері үшін мадақтауға болмаса (мысалы, қазіргі заманғы ғылымның құрылуына), онда оларды Құдайдың атын жамылып жасалған қатігездіктерге қалай кінәлауға болады? Бұл нағыз әділетсіздік. Жаңа атеистер сенушілердің жақсы жақтарын қабылдағылары келмейді, ал қателіктерінің бәрін қабылдайды. «Дін бәрін улайды» дегенді дәлелдеу үшін Хитченс мұның керісінше екенін айғақтайтын нәрселерге назар аудармайды және ол мұны әдейі істейді.
Атеизм дінге қарағанда ғылымиырақ болып табыла ма?
Жаңа атеистердің сенімділігі негізгі бір деректен бастау алады: олар ғылым біздің жағымызда деп есептейді. Сэм Харрис былай дейді: «Киелі кітаптың Құдайына деген сенім біздің дамып келе жатқан әлемді ғылыми тұрғыдан тану түсінігімізден қолдау таппайды».
Хитченстің айтуына сәйкес, ғылым қаншалықты жақсы дамыса, Құдай үшін соншалықты аз орын қалады. Бірақ бұл солай ма? Жаңа атеистер Құдайдың ғылыми танымымыздың шеңберінен тыс екенін айтып сендіргілері келгенімен, соңғы жылдары ашылған ғылыми жаңалықтар мұны теріске шығарады. Соңғы жарты ғасырдағы ең беделді атеистердің бірі Энтони Флю өзінің Құдайға деген көзқарасын дәл осы себептен өзгертті.
Мүмкін, өзге де белгілі атеистер аз емес шығар, бірақ Флюдің беделімен ешкім теңесе алмайтын. Сол кезде торағасы К. С. Льюис болған Оксфордтағы Сократ клубында ол өзінің атақты «Дін ілімі және бұрмалау» атты лекциясын оқыды. Нәтижесінде, оның осы баяндамасы соңғы елу жылдағы ең белгілі пәлсапалық мақалаға айналды. Өзінің көптеген кітаптары мен лекцияларында ол қазіргі заманғы атеизм тақырыбын талқылайды.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Сөйтіп, 2004-жылы Флю кенеттен: Құдай бар болуға тиіс деген мәлімдеме жасайды. Енді ол әлемнің тіршілік етуінің ең жақсы түсіндірмесі — бұл қандай да бір құдіретті күштің бар екендігі деп есептейді. Ол неліктен ойын өзгертті? «Бұл сұраққа ең қысқа жауап, — деп жазады Флю, — бұл қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердің негізінде пайда болған, менің елестетуімдегі әлемнің бейнесі».
Жаңа атеистердің ғылым біздің жағымызда деп айтуға еріктері бар, бірақ айғақтар мұның керісінше екенін көрсетеді. Ғылым түсіндіріп бере алмаған, бірақ Құдайдың бар екенін қолдайтын маңызды екі ғылыми жұмбақты қарастырып көрейік.
Бүгінгі таңдағы ең жұмбақ ғылыми мәселелердің бірі — бұл өмірдің пайда болуы. Ғалымдар қауымы бұл жұмбақты бір ауыздан шешімі табылмаған мәселе деп атайды. Гарвардтық химик Джордж Уайтсайдс бірде өмірдің пайда болуы туралы сұрақ — әлі шешімін таппаған ең үлкен ғылыми мәселелердің бірі екенін айтты. Тіпті, Сэм Харристің өзі өмірдің пайда болу құпиясының жұмбақ күйінде қалғанын мойындайды.
Өмірдің пайда болуына байланысты қиындық — бұл негізінде ақпаратпен байланысты қиындық.
1953-жылы ДНҚ құрылымы табылғаннан кейін ғалымдар алғаш рет барлық тіршілік иелерінің генетикалық ақпарат арқылы басқарылатынын түсінді. Міне, Нобель сыйлығының иегері Дэвид Балтимордың қазіргі заманғы биологияны «ақпарат туралы ғылым» деп атауы осыдан.
Тірі ағзаларда қанша ақпараттар болады? Ричард Даукинстің пікірі бойынша, аса кішкентай амебаның жасушаларының ядросындағы олардың саны Британ энциклопедиясының бүкіл томдарындағы ақпараттардан да көп. Ал адам ДНҚ-сындағы олардың саны одан да көп. Бірақ ДНҚ — бұл жәй ғана ақпараттар қоймасы емес. Өзге де клеткалық жүйелермен ол ақпараттарды компьютер секілді өңдеп шығады. Сол себептен де Билл Гейтс ДНҚ-ны компьютерлік бағдарламамен салыстырады, бірақ ол адамдар ойлап тапқан кез келген бағдарламалардан әлдеқайда кемелді.
Атеистер өмірдің қалай пайда болғаны өздеріне белгісіз екенін шын көңілмен мойындайды. Даукинс оның пайда болуының аса екі ұшты екенін мойындайды, бірақ содан кейін қайран қаларлық ұйғарым жасайды: бұл бақытты кездейсоқтық. Жолы болып кетті — бары осы. Шынымен-ақ мұның шындық және ең парасатты түсіндірме болғаны ма? Ақпараттың басқаруға көнбейтін, ақыл жетпейтін материалдық процесстердің салдарынан пайда болуы мүмкін бе?
Егер біз ғарыштан қиындығы жағынан Британ энциклопедиясынан асып түсетін жолдау алған болсақ, онда мұның біз үшін жерден тыс парасаттың тіршілік ететінінің айғағы болатыны күмәнсіз. Құрамында Британ энциклопедиясындағыдан әлдеқайда көп ақпараттар бар адам ДНҚ-сының ең ақылға қонымды түсіндірмесі — Құдайлық парасат.
Тау ішімен келе жатып, қараусыз қалған лашыққа тап болғаныңызды көз алдыңызға елестетіңізші. Оның ішіне кіргенде сіз қызықты бір нәрселерді байқайсыз. Тоңазытқыштың іші сіздің сүйікті тағамдарыңызға толып тұр. Сіздің жақсы көретін әуеніңіз ойнап, үстел үстіне жақсы көретін кітаптарыңыз, жорналдарыңыз бен дискілеріңіз қойылған. Сіз не ойлайсыз? Мұның кездейсоқтық емес екеніне, сіздің келуіңізді біреудің күткеніне күмәніңіз болмайды.
Соңғы онжылдықтарда ғалымдар мұндай жағдайлардың бүкіл әлемде жүріп жатқанын түсіне бастады. Әлем біздер үшін арнайы ойластырылғанға ұқсайды. «Біз әлемді зерттеп, қаншама физикалық және астрономиялық кездейсоқтықтар біздің пайдамызға жарап жатқанын түсінгенімізде, — дейді физик Фримен Дж. Дайсон, — әлем біздің келуімізді күткендей болып көрінеді».
Энтони Флюдің Құдай туралы пікірін өзгертуінің негізгі себептерінің бірі. Ол мынандай тоқтамға келді: «Жер бетінде біз көріп жүрген осындай «мақсатты, өз-өзін өндіріп отыратын» өмірдің жалғыз қанағаттанарлық түсіндірмесі — бұл шексіз Парасаттың бар екендігі». |
Сол себептен де ағылшын астрономы Фред Хойл былай дейді: «Егер деректерді ақылға салып қарайтын болсақ, онда физика да, химия мен биология да жоғарғы парасаттың заңдары бойынша құрылған болып шығады және табиғатта ешқандай да соқыр күштердің жоқ екені байқалады». Физиктер өмірдің ұстараның жүзі секілді екендігімен келіседі.
Бір-екі мысал қарастырып көрейік. Біріншіден, егерде гравитация заңдары сәл де болса басқаша әрекет еткенде, әлемде өмірдің болмауы да мүмкін еді. Тартылыс күші табиғаттың өзге күштеріне бірге
1040 (яғни, бірге 10 000 000 000 000 000 000 000 000 000 000 000 000 000) қатысты болуы тиіс.
Екіншіден, Кембридж физигі Стивен Хокинг «егер үлкен жарылыстан 1 секунд кейінгі материялардың таралуы мың миллионға бірден кем болса, әлем қазіргі мөлшеріне жетуден бұрын-ақ қирап қалатын еді.
Белгілі бір сипаттаманы қатаң сақтауға тиісті он тоғыздан кем емес әлемдік тұрақты шамалар бар».
Әлем адамдар үшін арнайы жаралғандай болып көрінеді. |
Мұндай жағдайда біздің тіршілік етуіміздің мүмкіндігі тым аз екендігі түсінікті. Оксфорд физигі Роджер Пенроуз егер өте дәл күйге келтірілген табиғат заңдарының бәрін бір жерге жинаса, онда біз оларды жазып ала алмас едік, себебі белгілердің саны әлемдегі элементарлық бөлшектердің сандарынан көп болып шығар еді деген ұйғарым жасады.
Түпкі ойдың болғанының айғақтарының сенімділігі сондай, Аризон мемлекеттік университетінің белгілі физигі Пол Дэвис біздің әлеміміздегі адамдарға биологиялық жағынан сәйкес келетін табиғаттың арнайы құрылғанына сенімді. «Өмір қыл үстінде тұрады» деген сөз жеткілікті дәрежеде дәл емес, себебі әлемде соншалықты жіңішке болатындай қыл жоқ».
Егер оның құрылымының соншалықты кіршіксіздігін назарға алмайтын болсақ, — дейді Дэвис, — онда әлемді ғылыми тұрғыдан түсіндірудің ешқайсысы толық бола алмайды. Кейбіреулер көптеген әлемдердің бар екенін айтып, мұны назарға алмауға тырысады, бірақ біздің қолымызда олардың бар екенін дәлелдейтін ешқандай тәжірибе жүзіндегі айғақтар жоқ. Әлемнің осындай кіршіксіз болып құрылғанын түсіндірудің ең ақылға қонымды және қисынды түрі: оны Жаратушы Құдай осылай етіп жаратты.
Атеизм дінге қарағанда адамгершілікті бола ала ма?
Жаңа атеистер діннің бүлдіргіштігі туралы ой толғайды және Киелі кітап Құдайының сипатын аяусыз сынға алады. Адамгершілік Құдайсыз да тіршілік ете алады деп жар салады олар. Даукинстің айтуы бойынша «жақсы не жаман болу үшін біздерге Құдайдың қажеті жоқ». Жаңа атеистер дінді жамандық ретінде кінәлап, ғылымды жақсылық деп мақтайды. Бірақ бұл жерде бір қиындық туындайды: егер Құдай жоқ болса, онда адамгершілік парыздары қайдан алынған? Егер Даукинс айтқандай «физикалық және табиғат әлемінен өзге ештеңе жоқ» болса, онда «жамандық» дегеніміз не?
Моральдық құндылықтарда биіктік, ен және салмақ секілді физикалық қасиеттер жоқ. Біз оларды шынайы деп қалай айта аламыз? Атеизмнің қиындығы мынада: жақсылықтың қандай да бір трансценденттік моральдық өлшемінсіз жамандықтың не екенін анықтау өте қиынға түседі. Жамандық әдетте жақсылыққа қарама-қайшы нәрсе ретінде түсініліп келді. Қисықтықты анықтау үшін түзуліктің үлгісі керектігі секілді, жамандықты анықтау үшін де жақсылықтың үлгісі қажет.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
К. С. Льюистің: «таяқты қисық деп айту үшін түзудің қандай болатынын жақсы білу қажет» деген қанатты сөзі бар. Осылайша, егер жақсылық болмаса, онда жамандықтың да болуы мүмкін емес. Бірақ, егер Құдай жоқ болса (атеистердің тұжырымдары бойынша), онда жақсылық дегеніміз не? Тіпті әйгілі атеист Дж. Л. Мэккидің өзі құдіреті күшті Құдайсыз моральдің болуының екіталай екенін мойындаған.
Бұрмалауға келмейтін моральдық құндылықтардың болуы — Құдайға сенудің салмақты себебі. Мына қарапайым нәрселер туралы ойланыңыз:
1. Егерде бұрмалауға келмейтін моральдық құндылықтар бар болса, онда Құдай да бар болуға тиісті.
2. Бұрмалауға келмейтін моральдық құндылықтар бар.
3. Яғни, Құдай да бар.
Біз бұрмалауға келмейтін моральдық құндылықтардың бар екенін білеміз. Мысалы, бізге ермек үшін баланы қинаудың жаман екенін айтудың қажеті жоқ. Дені дұрыс адамның бәрі мұны біледі. Яғни, егер бұрмалауға келмейтін моральдық құндылықтар болса, онда Құдай да бар болуға тиіс.
Өзінің ел алдындағы пікірталастары кезінде Кристофер Хитченс ұдайы өз қарсыластарын атеистердің қабілеті жетпейтін тым болмағанда бір моральдық қасиетті атап беруді сұрайды. Әрине, ондай әрекет жоқ. Көптеген атеистер қайырымды және еңбексүйгіш. Бірақ Хитченс маңызды бір нәрсені естен шығарып алады: атеизм моральдық жауапкершілікке қалай шақыра алады?
Егер Құдай жоқ болса, онда жақсылық пен жамандық не нәрсеге негізделген? |
Бұл туралы атеизм бізге ештеңе айтпайды. Сонымен, тәлкек қылғандай, Құдайға қарсы ең кең тараған уәждің бірі Оған сенудің ең салмақты бір себебіне айналады.
Мәсіхшілік қарғыс болып табыла ма?
Бұрын атеистер дінді өтірік деп есептейтін. Жаңа атеистер оны өтірік қана емес, сондай-ақ жамандық деп те есептейді. Сэм Харрис дінді «өткендегі және қазіргі замандағы адамдар арасындағы ұрыс-керістердің бастауы» деп атайды. Жаңа атеистер Галилейді қуғындауды, крест жорықтарын, инквизицияны, Салемдегі бұрынғы соттарды және қазіргі заманғы католик қызметшілерінің балаларға жасаған жыныстық зорлықтарын мысалға келтіре отырып, мәсіхшілдіктің қатігездігі туралы жиі айтады.
Адамдардың Мәсіхтің атымен көптеген сұмдық істер жасағандарына күмән жоқ. Әлдебіреулердің Мәсіхтің іліміне қайшы келетін әрекеттер жасағаны үшін неліктен біз мәсіхшілікті кінәлауға тиіспіз? Иса сиқыршыларды өртеуді қолдады ма? Иса Өзінің жолын қуушыларды теріс дін таратушыларды қинауға шақырды ма? Әрине, олай емес. Шындығына келгенде, Иса бұларға мүлдем керісінше нәрселерге үйретті. Ол бізді жауларымызды жақсы көруге (Матай 5:44), қоғам қатардан шығарып тастаған адамдарға көмектесуге (Матай 8:3), өзгелер үшін өмірімізді құрбан етуге (Жохан 15:13) шақырды. Егерде адамдар Иса секілді өмір сүрген болса, онда зорлық-зомбылық деген болмас еді.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Өзінің «Мәсіхшілікті не нәрсе осындай ұлы етеді» атты кітабында Динеш Д’Суза атеистердің дін үшін жасалған қылмыстарды әсірелеп көрсетіп, ал атеизм үшін жасалған ауыр қылмыстар туралы ұмытып кететіндерін дәлелдейді. Мысалы, Сэм Харрис Салемдегі соттардың жүріп жатқан кезінде жүз мың адам қаза болды деп тұжырымдайды. Сол кезде шын мәнінде қанша адам қаза тапты? Жүздеген? Мыңдаған? Он мыңдаған? Шындығында ол жерде қаза болғандардың саны жиырма бес мыңнан төмен болған. Бірақ атеистер үшін мұның маңызы бар ма?
Мынаны есте ұстаған маңызды: мәселе жекелеген атеистер жақсы адам бола ала ма дегенде емес. Әрине, бола алады (және мұндайлар өте көп). Егерде атеизмді басымдыққа ие пәлсапа ретінде қабылдайтын болсақ, ол жақсы ма, әлде жаман ба, мәселе сонда. Егер бұл жайында жақсылап ойланатын болсақ, онда атеизмнен басқа ешқандай көзқарастың әлемге осыншалық бақытсыздық пен қантөгістер әкелмегені айқын болады. Дәлірек айтатын болсақ, ХХ ғасырда коммунистік Қытай, коммунистік Ресей және ұлтшыл Германиядағы атеистік режим тұсында жүз миллионнан астам адам қырғынға ұшырады. Бұл ешқашан да орны толмас трагедия. Пристон университетінен пәлсапа докторы атағын алған сенбеуші яһуди Дэвид Берлински бұл қатігездіктердің негізгі себептерінің бірі — түбінде жауап беруден қорықпаудан болды деп есептейді. «Гитлер де, Сталин де, Мао да, СС-те, гестапо да Құдайдың өз әрекеттерін көріп тұрғанына сенген жоқ».
Әрине, мәсіхшілердің де жаман әрекеттер жасаулары мүмкін еді, бірақ мәсіхшіліктің қалдырған мұрасы жағымды. |
Мәсіхшілер алғашқы емханаларды салды, Қызыл Айқыш қоғамын құрды, құлдықты жойды, университеттер құрды және қазіргі ғылымның алғашқы қарлығаштары болды. Адамзатқа азаттық әкелген қозғалыстар тарихына көз салғанда, біз үнемі дерлік олардың бастауынан Інжілді көреміз.
Қорытындылар
Ақырғы қорытынды жасай отырып, біздің жаңа атеистерден табатын жалғыз нәрсеміз — бұл олардың ұстанымдары. Жалынды сөздеріне қарамастан, олар ғылым да да, тарих пен пәлсапада да теизмді немесе мәсіхшілікті жоққа шығаратындай ешқандай жаңалық ашқан жоқ. Шын мәнінде, жағдай мүлде керісінше. Клеткаларды мұқият зерттеп, әлемнің құпияларына терең бойлаған сайын, біз одан Құдайдың жоспарын айқын көреміз.
Осыдан шамамен 3000 жыл бұрын Зәбүр жазушы былай деді: «Құдайдың салтанатты ұлылығын Аспан әлемі ашық паш етеді, Оның қолының керемет істерін ауа кеңістігі де көрсетеді» (Забүр 18:2, 3). Забүр жырларында айқын айтылып тұрғандай, Оның жаратқандарына қарап, Құдайды тануға болады. Бірақ, осы кітапта айтылатындай, Ол Өзін жәй ғана ағаш шебері болмаған Иса Мәсіхтің Тұлғасында нақтырақ көрсетті. Біз мұны көзімізді жұмып емес, сенімді айғақтардың негізінде қабылдаймыз. Біз Исаның Құдайдың рухани Ұлы екенін дәлелдей аламыз ба? Мұны істеу үшін соттың тарихи тәсілін қолдану қажет.
Мәсіхшілік сенімде мені өзіне айрықша тартатын нәрсе оның соқыр, надан сенім емес, дұрыс түсінікке негізделген сенім екендігі. |
Сонымен, біздің негізгі сұрағымыз мынадай: Жаңа Өсиеттің куәліктері мен айғақтарына сене аламыз ба?
Киелі кітап бізге сенімге келген адам жайлы әңгімелеген барлық сәтте ол парасатты сенім. Иса былай деді: «Сонда ақиқатты біле түсесіңдер» (Жохан 8:32). Исадан: «Ұстаз, Таураттағы ең ұлы өсиет қайсысы?» — деп сұрағанда, Ол: «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен,
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Келесі төрт тарауда біз Иса жайындағы жазбаша құжаттар мен куәгерлердің ауызша куәліктері және әңгімелерінің шынайылығын айғақтайтын қандай дәлелдемелеріміздің бар екенін қарастырамыз.
6-тарау
Киелі кітаптағы баяндаулар шындық ма?
Жаңа Өсиет — Иса туралы ақпараттардың басты тарихи көзі. Сондықтан да соңғы екі ғасырда көптеген сыншылар киелікітаптық құжаттардың шынайылығы жөнінде дауласумен келеді. Олар үнемі Киелі кітапта жазылғандардың тарихи тұрғыдан негізсіз екенін, қазба жұмыстары мен зерттеулер оның жалғандығын дәлелдегенін айтады.
Мен (Джош) Аризонның мемлекеттік университетінде лекция оқыған кезімде, лекциядан соң менің жаныма бір әдебиеттің профессоры жақындап келіп:
— Макдауэлл мырза, сіз Мәсіх туралы мәлімдемелеріңіздің барлығын II-ғасырдың көнеріп қалған құжаттарына негізге алып жасайсыз. Бүгін мен сабағымда Жаңа Өсиеттің Мәсіх өмір сүргеннен көп жыл кейін жазылғанын дәлелдеп бердім, сондықтан ол дәл және анық бола алмайды, — деді.
Мен оған:
— Мырза, мен сіздің көзқарасыңызды түсінемін және оны қандай еңбектерге негіздейтініңізді білемін. Бірақ жақында табылған құжаттар Жаңа Өсиеттің Мәсіхтен кейінгі ұрпақтың өмір сүрген кезінде жазылғанын айқын көрсетеді, — деп жауап бердім.
Бұл профессор өзінің пікірін неміс сыншысы Фердинанд Кристиан Баурдың еңбектеріне сүйеніп айтып тұр. Ф. К. Баур Көне Өсиеттің басым бөлігі тек ІІ-ғасырдың соңында, Иса өмір сүрген уақыт пен осы әңгімелер жазылған ұзақ уақыт аралығында қиял ертегілер мен аңыздарға негізделіп жазылған деген тұжырым жасайды.
ХХ-ғасырдағы қазба жұмыстарының нәтижелері Жаңа Өсиет қолжазбаларының нақты екенін дәлелдеді. |
Бірақ ХХ-ғасырдағы қазба жұмыстарының нәтижелері Жаңа Өсиет қолжазбаларының нақты екенін дәлелдеді. Көне папирус орамалары (Джона Райландстың қолжазбасы, Мәсіх дүниеге келерден бұрынғы 130ж; Честер Биттидың орамасы, 155ж; Бодмердің орамасы II, 200ж) Мәсіхтің заманы мен кейінірек жазылған манускриптер арасындағы бос орынды толтырды.
Йельск дін мектебінде көп жылдар бойы Киелі кітаптан сабақ берген Миллар Барроуз былай дейді:
Көнеөсиеттік грек тілін орамалардың (табылған) тілімен салыстырудың нәтижесі — бұл Жаңа Өсиет мәтінінің дәл берілгендігіне сенімділікті нығайта түседі.
Мұндай жаңалықтар ғалымдардың Киелі кітапқа деген сенімдерін нығайтты.
Әлемге әйгілі киелікітаптық археолог Уильям Ф. Олбрайт былай деп жазады:
Біз қазір Жаңа Өсиеттің қандай да бір кітабы біздің заманымыздың 80-жылдан кейін жазылған деп айтуға ешқандай негіз жоқ деп сенімділікпен айта аламыз.
Ол бұл сөздерін «Бүгінгі мәсіхшілік» басылымына берген сұхбатында да қайталайды:
Менің пікірім бойынша, Жаңа Өсиеттің барлық кітаптарын шомылдыру рәсімінен өткен яһудилер І-ғасырдағы қырық және сексенінші жылдардың аралығында жазып шыққан (Мәсіхтің дүниеге келуі бойынша шамамен 50 және 75 жылдардың аралығы).
Жер бетінде өмір сүрген археологтардың ішіндегі ең белгілісі сэр Уильям Рэмси Елшілердің істері кітабы біздің заманымыздың І-ші емес, ІІ-ғасырда құрылған деп оқытатын неміс тарихи мектебінен шыққан. Елшілердің істері кітабына қазіргі күндері айтылатын сынмен танысып шыққан Рэмси онда жазылғандар сол уақыттағы оқиғаларды нақты бейнелей алмайды (біздің заманымыздың 50 жылы), яғни, ол тарихшының уақытын бөлуіне тұрмайды деп шешті. Сондықтан, Кіші Азияның тарихын зерттеген Рэмси Жаңа Өсиетке мүлде дерлік назар аудармады. Бірақ уақыт өте келе зерттеулері оны Елшілердің істері кітабын жазған Лұқаның шығармаларына бет бұруға мәжбүр етті. Археолог Лұқаның тарихи оқиғаларды соншалықты дәлдікпен жазғанын көрді және біртіндеп оның Елшілердің істері кітабына деген көзқарасы өзгере бастады.
Ол Лұқа — жоғарғы деңгейдегі тарихшы деген байлам жасауға мәжбүр болды... Бұл авторды ең ұлы тарихшылардың қатарына қосуға болады.
Тіпті болмашы нәрселердің өзіндегі дәлдігі үшін, Рэмси ақыры Елшілердің істерінің — ІІ-ші емес, І-ғасырдың ортасындағы құжат екенімен келісті.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Көптеген ымырашыл ғалымдар Жаңа Өсиеттің ертерек жазылғанымен келісуге мәжбүр болды. Қайтыс болып кеткен Англикандық епископ Джон А. Т. Робинсон өзінің «Жаңа Өсиеттің даталарын қайта қарап шығу» атты кітабында батыл байламдар жасайды. Зерттеулерінің нәтижесінде ол Жаңа Өсиет біздің заманымыздың 70-жылғы Иерусалимның құлауынан бұрын жазылған деген ұйғарымға келеді.
Қазір Жазба жайындағы көне әдебиет формалары мен ауызша мұраларды сарапқа салатын сыншылар бұл құжаттың Інжіл түрінде жазылғанға дейін ауыздан ауызға өткізіліп келгенін айтады. Олар өткізілу кезеңінің бұрын өздері ойлағаннан қысқа болғанымен келіскендерімен, әйтсе де олар Інжілдің баяндаулары — бұл халық әдебиетінің бір түрі деп есептейді (аңыздар, ертегілер, қиял ертегілер, нақылдар).
Ауызша жеткізу салттың даму теориясына қарсы негізгі уәждің бірі жаңаөсиеттік оқиғалар мен олардың жазылуы арасындағы кезеңнің сыншылар айтатындай деректердің бұрмалануы үшін жеткілікті дәрежеде ұзақ болмағаны болып табылады. Бұл аралықтың қысқа болғаны туралы айта келе, Реформат дін семинариясының Жаңа Өсиет профессоры Симон Кистмэйкер былай деп жазады:
Әдетте жабайы мәдениет өкілдерінің арасында ауыз әдебиетінің жинақталуы үшін көптеген ұрпақтың өмірі қажет болады; бұл біртіндеп орындалып, ғасырларға созылатын процесс. Бірақ, егер біз сыншылардың айтқанына сенетін болсақ, онда Інжілде жазылғандар бір ұрпақтың өміріне жетпейтін уақыт ішінде ойлап табылып, құрастырылған болып шығады. Егер мәселеге форманы сынау тұрғысынан келетін болсақ, онда жекелеген Інжілдердің құрылуын жылдамдатылған күйдегі телескопиялық проекция ретінде түсінуге болады.
Дублин университетінде көп жылдар бойы Құдай сөзін оқытудың профессоры болған А. Х. Макнил сыншылардың ауызша мұра туралы пікірлеріне қарсы уәж айтады. Ол сыншылардың Исаның сөздерін жеткілікті дәрежеде зерттемейтіндерін айтады. Яһуди мәдениетінде ұстаз сөзінің мұқият сақталып, келесі ұрпаққа жеткізіліп отырғаны маңызды саналған. Мысалы, Қорынттықтарға жолдаудан (1 Қорынт. 7:10,12,25) қатаң сақталған ауызша ескі аңыздардың болғаны көрінеді. Әдетте яһудилік шәкірттер ұстаздарының айтқандарын есте сақтап қалатын болған. Жақсы шәкірт «аузы жабылған, бір тамшы су төгілмейтін шишаға ұқсас» болуға тиіс болатын (Мишна, Авот, ii, 8. Яһудилердің ауызша заңдары). Егерде англикандық Киелі кітапты зерттеуші Ч. Ф. Бернидің «Тәңіріміздің поэзиясы» кітабында берілген теориясына сенетін болсақ, онда біз арамей тіліндегі Құдай ілімінің басым бөлігі есте ұстауға оңай поэтикалық формада берілген деп жорамалдай аламыз.
Осындай мәдениетте қысқа уақыттың ішінде шынайы деректерге сай келмейтін аңыздардың пайда болуы мүмкін емес.
Өзге ғалымдар мұнымен келіседі. Батыс Мичиган университетінің көне тарих профессоры Пол Л. Мэйер былай деп жазады: «Мәсіхшілік өзінің құтқарылу мейрамы туралы қиялды ұзақ мерзім ішінде құрды немесе дерек көздері сол оқиғалар болған уақыттан көп кейін жазылған деген сөздер деректерге сәйкес келмейді».
Яһуди мәдениетінде ұстаз сөзінің мұқият сақталып, келесі ұрпаққа жеткізіліп отырғаны маңызды саналған. |
Олбрайт былай деп жазады: «Тек тарихи тәсіл мен көріністерді ескермейтін тарихшылар ғана осындай болжамдар жасай алады». Белгілі археолог «25–50 жыл Исаның сөздерінің мазмұнын, тіпті, нақты бір тұжырымдарын қатты бұрмалау үшін жеткіліксіз уақыт» деген байлам жасайды.
«US News & World Report» үшін діни мақалалар жазатын Джеффри Л. Шелер былай деп жазады: «Киелі кітап және оның түпдеректері мықты тарихи негізде тұр».
Төрт Інжіл ме, әлде, жиырма ма?
Әлемге белгілі «Код да Винчи» триллерінде Дэн Браун төмендегідей өрескел мәлімдеме жасайды: «Жаңа Өсиетті құрастырған кезде сексеннен астам інжілдер қаралған, бірақ олардың ішінен тек Матай, Марқа, Лұқа және Жохан жазған інжілдер ғана таңдалып алынған».
1990-жылдары Иса Семинариясы ертедегі мәсіхшілік заманынан сақталып қалған жиырма інжілдің алғашқы басылымы-мыс деп есептелетін «Інжілдердің толық жинағы» атты кітапты жарыққа шығарды. Олардың ішіндегі ең белгілілері — Томаның, Яһуданың, Філіптің, Петірдің және Мәриямның інжілдері. Мұны осы інжілдерде берілген Исаға деген басқаша көзқарас дәл уақыт тезінен өткен қауым салты секілді нақты деп түсіну керек болған. Мұнда шындықтың титтей де болса түйірі бар ма? Төрт інжіл — Исаның өмірі мен қызметі жайлы баяндайтын жалғыз мағлұмат көзі емес пе? Жаңа табылған інжілдер біздің мәсіхшілік туралы түсінігімізді өзгерте ала ма?
Мұндай әрекеттер қаншалықты әдеттен тыс және ауыр жағдай болып көрінсе де, оларды тарихи сараптаманың көмегімен оп-оңай теріске шығаруға болады. «Жасырылған інжілдер» кітабында тарихшы Филипп Дженкинс мынандай тұжырымға келеді: «Түрлі канондық емес інжілдер мәсіхшіліктің тарихына канондық інжілдерден кем куәлік етпейді дейтін түсінік қате».
Бұл інжілдерге қарсы ең салмақты уәж — олардың кейін жазылуы. Егерде төрт інжіл І-ғасырда жазылған болса, факторикалық деректер бойынша қалған інжілдердің бәрі 120 және 250-жылдардың аралығында, яғни, Мәсіхтің өмірінен кем дегенде үш ұрпақ кейін уақытта жазылған.
Бұл мәтіндер дәстүрлі төрт інжілден көп уақыт кейін жазылғандықтан, оларда тарихи Иса туралы жаңа бір нәрселердің болуы екіталай. Осылайша, Жаңа Өсиет прфессоры Крэйг Ивенс мынандай қорытынды жасайды: «Канондық емес інжілдерді қолдану туралы ғылыми деректер, шындығын айтқанда, ұялтады... Біз бұл канондық емес інжілдердің Жаңа Өсиет інжілдерінде келтірілетін мұралардан өзге жаңа, нақты ештеңе айта алмайтынын көрдік».
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Сенбеушілер маған біздің Киелі кітапта жазылғандарға сене алмайтынымыз туралы жиі айтады. «Тыңдаңызшы, ол бұдан екі мың жыл бұрын жазылған. Ол қателер мен сәйкессіздіктергі толы», — дейді олар. Мен оларға Жазбаға сене алатынымды айтып жауап беремін. Содан соң оларға тарих сабағынан лекция оқып жатқан кезде басымнан өткен жағдайды айтып беремін.
Мен Жаңа Өсиеттің нақытылығының айғақтары басқа кез келген он классикалық әдебиетті қосып алғандағының айғақтарынан көп екендігін айта бастаған болатынмын. Бұрышта отырған профессор: «Айта беріңіз, айта беріңіз, сіздер бұл мәлімдемені шындық ретінде қабылдай алмайсыздар ғой!» дегендей мысқылдап отырды. Мен одан не үшін күліп отырғанын сұрадым. Ол: «Сіздің тарих сабағында Көне Өсиеттің нақтылығы жайлы батылыңыз барып айтып отырғаныңызға таңданып отырмын! Бұл күлкілі ғой!» — деп жауап берді.
Пікірталасты одан әрі қарай қандай да бір дұрыс негізде жалғастыру үшін мен одан: «Мырза, тарихшы ретінде сіздің тарихи шығармалардың нақтылығын тексеруге қолданатын қандай да бір белгілеріңіз бар ма?» — деп сұрадым. Оның ешқандай белгілері жоқ екенін естігенде қайран қалдым. «Ал менің ондай белгілерім бар», — дедім мен. Мен оған Жазбаның нақтылығын басқа да тарихи құжаттарға қолданатын қатаң ұстанымдар арқылы тексере алатынымызға сенімді екенімді айттым. Әскери тарихшы Чонси Сэндерс тарихнаманың негізгі үш көзқарасын түсіндіреді: библиографиялық, ішкі және сыртқы куәліктер.
Бұлардың әрқайсысын жеке қарастырып көрейік.
Библиографиялық көзқарас
Библиографиялық көзқарас — бұл көне құжаттардың біздің заманымызға жеткен түріндегі мәтіндерін зерттеу. Басқаша айтқанда, бізде қолжазбалардың түпнұсқасы жоқ болғандықтан, қолымызда бар көшірмелер қаншалықты нақты, сақталған қанша қолжазба бар, олар бір-бірлерімен қаншалықты сәйкес келеді, түпнұсқа мен бізге жеткен көшірмелердің арасы қанша уақыт деген сауалдар қоюға тиіспіз.
Сақталған қолжазбалардың ішіндегі ең көнелерінің түпнұсқадан 1300 жылдан артық уақыттан кейін пайда болғаны үшін ғана Геродот пен Фукидидке айтылған қарсылықтарға классикалық әдебиеттерді зерттеушілердің бірде-бірі құлақ аспайды. |
Қолымызда бар мәтіндік құжатты нақтылығы дәлелденген көне шығармалармен салыстырған кезде біз Жаңа Өсиет қолжазбаларының нақтылығын бағалауға мүмкіндік аламыз.
Фукидидтің тарихы (біздің заманымызға дейінгі 460–400 жылдар) бізге тек біздің заманымыздағы шамамен 900-жылмен белгіленген сегіз қолжазбамен жеткен, яғни, ол оны жазғаннан кейін бір мың үш жүз жылдан кейін дерлік жетіп отыр. Геродоттың қолжазбалары да кейінірек жазылғандардың қатарына жатады және олар аз. Бірақ, Манчестер университетінің Киелі кітап және экзегетика сыншысы Ф. Ф. Брюстің айтуы бойынша:
Сақталған қолжазбалардың ішіндегі ең көнелерінің түпнұсқадан 1300 жылдан артық уақыттан кейін пайда болғаны үшін ғана Геродот пен Фукидидке айтылған қарсылықтарға классикалық әдебиеттерді зерттеушілердің бірде-бірі құлақ аспайды.
Аристотельдің «Поэтикасы» біздің заманымыздан бұрын, шамамен 343-жылы жазылған, ал оның ең көне көшірмесі біздің заманымыздағы 1100-жылмен белгіленген (арада бір мың төрт жүз жылға жуық уақыт өткенде) және біздің уақытымызға тек қырық тоғыз қолжазбасы жеткен.
Цезарь өзінің Галльстегі соғысының тарихын біздің заманымызға дейінгі 58 және 50 жылдардың аралығында жазған, ал бізге ол өлгеннен соң мың жылдан кейін жазылған тоғыз немесе он көшірмесі ғана жетті.
Көне Өсиет қолжазбаларының нақтылығы жайындағы тақырыпқа арналған елу кітаптың авторы және редакторы Брюс Метцгер І-ғасырдың басқа да белгілі мысалдарын еске салады:
Біздің заманымыздағы шамамен 116-жылдары өзінің «Рим империясының жылнамасын» жазған рим тарихшысы Тацитті алып қарайық. Оның алғашқы алты кітабы қазір біздің заманымыздағы шамамен 850-жылмен белгіленген жалғыз қолжазбада сақталып қалған. Он біріншіден он алтыншыға дейінгі кітаптары ХІ-ғасырдағы басқа қолжабада сақталған. Жетіншіден оныншыға дейінгі кітаптары жоғалған. Тациттің мәліметтерді жинап, оларды жазған уақыты мен сақталып қалған жалғыз көшірменің жазылған уақытының арасы өте ұзақ.
Сондай-ақ, І-ғасырдағы тарихшы Иосиф Флавийді де есімізге түсірейік: бізде оның «Яһудилердің соғыстары» еңбегінің грек тіліндегі тоғыз қолжазбасы бар және бұл көшірмелер Х, ХІ, ХІІ-ғасырларда жасалған. Сонымен бірге ІV-ғасырдағы латынша аудармасы және ХІ немесе ХІІ-ғасырлардағы орысша мәліметтері бар.
«Көнеден жеткен өзге еңбектермен салыстырғанда, — дейді Метцгер, — көнеөсиеттік мәліметтердің санының өзі таң қалдырады».
1977-жылы, осы кітаптың алғашқы басылымымен жұмыс істеп жүргенімде, мен Киелі кітап қолжазбаларының төрт мың алты жүзін санап бере алатынмын — бұл басқа кез келген көне кітаптардың көшірмелерінен әлдеқайда көп. Сол уақыттан бері грек тіліндегі тағы да көптеген қолжазбалары табылды, қазір олардың саны бес мың алты жүзге жетті.
Даллас діни семинариясының Жаңа Өсиет профессоры, грекше мәтіндер мен Жаңа Өсиет қолжазбалары бойынша әлемдегі белгілі мамандардың бірі Даниэл Уэллес мынандай тұжырым жасайды:
1975-жылы Синайдағы Әулие Георгийдің мұнарасындағы құпия бөлмеден 200-ден астам Киелі кітап қолжазбалары табылды (олардың ішінде 90-ы — Жаңа Өсиет қолжазбалары). Бұл қолжазбалардың кейбірі өте көне. Олар (жақында табылған қолжабалар) Жаңа Өсиет мәтіндерінің салыстырмалы түрде дәл берілгенін және Құдайдың оларды бұрмаланудан қорғауға қабілетті екенін дәлелдейді.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Бұл қолжазбалардан өзге, жәшіктерге салынған 50 000 үзінділер табылған. Осы үзінділерді зерттеген ғалымдар Жаңа Өсиеттің тағы да 30 жеке қолжазбасын анықтады және олардың саны бұдан көп болуы мүмкін деп есептейді.
Жаңа Өсиет қолжазбаларының анықтығы туралы әңгіме болғанда, оның өзге классикалық мәліметтердің қолжазбаларына қарағанда өте көп екендігі қайран қалдырады.
Көне папирус орамалары Мәсіхтің өмір сүрген заманы мен ІІ-ғасырдың арасын толтырғаннан кейін көптеген басқа қолжазбалар табылды.
Яһудилік ғалым Якоб Клаузнер былай дейді: «Егерде бізде інжілдікі секілді Александрдың немесе Цезарьдің тарихы жайындағы көне мәлімет көздері болса, біз оларға еш күмәнсіз сенген болар едік».
2009 жылы Жаңа Өсиеттің жиырма мыңнан астам көшірмелері белгілі болды. Сақталып қалған көшірмелерінің саны жағынан Көне Өсиеттен кейінгі екінші орында тұрған «Илиаданың» тек 643 көшірмесі ғана бар. |
Британ мұражайының бұрынғы директоры және бұрынғы кітапханашысы, көне қолжазбалар саласының білгірі сэр Фредерик Кеньон мынандай ұйғарым жасайды:
Жазылған уақыты мен сақталып қалған көне айғақтамалардың аралығындағы мерзімнің аздығы сондай, оған еш назар аудармай-ақ қойса да болады және Жазбаның біздің заманымызға бастапқы қалпында дерлік жеткеніне еш күмәніміз жоқ. Жаңа Өсиеттің кітаптарының нақтылығы дәлелденген деп есептелуге тиіс.
Өзге ғалымдар да мұнымен келіседі. Англикандық епископ және Жаңа Өсиет тарихшысы Стивен Нил: «Жаңа Өсиеттің мәтіні өзге кез келген көне еңбектерге қарағанда жақсы және нақтырақ сақталған» деген тұжырым жасайды.
Англиядағы Кембридж университетінің бұрынғы аға зерттеушісі, ал қазір Денвер семинариясының Жаңа Өсиет профессоры Крэйг Бломберг Жаңа Өсиет мәтіндерінің «кез келген өзге көне құжаттарға қарағанда көп мөлшерде және жақсы қалыпта сақталғанын» айтады. Бломберг «Жаңа Өсиеттің «97–99 пайызын еш күмәнсіз қайта қалпына келтіруге болады» деген қорытынды жасайды.
Грекше Жаңа Өсиеттің маманы Дж. Гарольд Гринли былай деп қосады:
Біздің заманымызға жеткен қолжазбалардың ең көнелері түпнұсқадан көп кейін жазылғанына, ал олардың кейбірінің сақталған көшірмелерінің саны аз ғана екеніне қарамастан, ғалымдар көне авторлардың еңбектерін нақты деп есептейді, сондықтан Жаңа Өсиет мәтіндерінің нақтылығына күмән келтіру мүмкін емес.
Жаңа Өсиетке библиографиялық көзқарасты қолдану арқылы біз оның қолжазбаларының басқа кез келген көне еңбектерден нақты екенін түсінеміз. Ал егер Жаңа Өсиет мәтінінің 130 жылдан астам уақыт қарқынды сыни зерттеуден өткенін ескеретін болсақ, онда қолымыздағы жаңаөсиеттік мәтінді түпнұсқалық деп сеніммен айта аламыз.
2005-жылы сыншы Барт Эрман «Исаның сөздерінің бұрмалануы» атты кітабын шығарып, тегеурінді таласты бастады. Ол Киелі кітаптың қолжазбаларында қателердің көптігі сондай, түпнұсқаның мәтінін қалпына келтіру мүмкін емес деп мәлімдеді. Оның пікірі бойынша, қателердің кейбірі кездейсоқ жіберілген, ал кейбіреулері әдейі жасалған. Қалай болғанда да, қазір біз білетін Жаңа Өсиетті түпнұсқалық деп есептеуге болмайды.
Эрманның бұлай деуінің себебі мынау: Жаңа Өсиеттің қолжазбаларының арасында 300 000-нан 400 000-ға дейін айырмашылықтар бар. Әрбір екі қолжазбаның бір-бірінен титтей де болса айырмашылықтары бар. Қазіргі біздің қолымыздағы грекше Жаңа Өсиет шамамен 138 000 сөзден тұратын болса, ондай айырмашылықтардың сөздерден екі немесе үш есе көп екендігі туралы ой бізді мазалауға тиіс. Бірақ айырмашылықтардың санының көптігі — бізге Жаңа Өсиет қолжазбаларының көп мөлшерде жеткенінің салдары екенін түсіну керек. Қолжазбалар қаншалықты көп болса, варианттар да соншалықты көп болады, ал қолжазбалар аз болса, нұсқалар да аз. Бірақ бәрі соншалықты қарапайым емес. Егер әр түрлі мәтіндерді мұқият қарап шығатын болсақ, мүлде басқаша көрініс ашылады.
Әр түрлі мәтіндердің басым бөлігі сөздердің жазылуына қатысты. Мысалы, Жоханның есімі «н» немесе екі «н» әрпімен жазылуы мүмкін. Бұл мәтіннің мағынасына ешқандай әсер етпейтіні түсінікті. Сөздердің әр түрлі жазылуы барлық әр түрлі мәтіндердің 75 пайызын құрайды. Яғни, бұл 225 000-нан 300 000-ға дейінгі варианттар! Әр түрлі мәтіндердің екінші басым бөлігі — бұл синонимдер. Мысалы, бір қолжазбада Иса атымен аталса, екіншісінде — «Құдай» немесе «Ол» деп аталуы мүмкін. Мұндай әр түрлі мәтіндер мәтіннің мағынасына күмән келтіруге мәжбүрлей алмайды.
Егер әр түрлі мәтіндердің бәрін зерттеп шығатын болсақ, онда олардың бір пайызының ғана мәтіннің мағынасына қатысты екені анықталады. Бірақ мұны да асыра есептеу деп атауға болады.
Мысалы, 1 Жохан 1:4 аятын «Сендерге осыны ортақ қуанышымыз толығынан болуы үшін жазып отырмыз» немесе «Сендерге осыны сендердің қуаныштарың толығынан болуы үшін жазып отырмыз» деп аудару керек пе деген талас бар. Бұл айырмашылық үзіндінің мағынасына қатысты болғанымен, ол мәсіхшіліктің негізгі ілімін ешқандай да өзгерте алмайды.
Сондықтан да «Исаның сөздерінің бұрмалануы» кітабының авторлары мынандай қорытынды жасайды: «Егерде бұл айырмашылықтар діни шындыққа қатысты ма деген сұраққа қысқа жауап қайыру керек болса, біз оған «жоқ» деп жауап береміз».
Осы тараудан көріп отырғанымыздай, біз жаңаөсиеттік Жазбаға толықтай сенім арта аламыз.
Ішкі куәліктер
Библиографиялық көзқарас біздің заманымызға жеткен мәтіннің тұпнұсқаға сәйкес келетін не келмейтінін көрсетеді. Бірақ, бізге тағы да тұпнұсқаның мәтініне сенуге бола ма және қаншалықты дәрежеде сенуге болады, соны анықтау қажет. Бұл Чонси Сандерстің тәсілі бойынша нақтылықты тексерудің екінші көзқарасы — ішкі сынның жұмысы.
Апологет Джон У. Монтгомери
...тарих пен әдебиетті зерттеушілердің бiрi Аристотель айтқан: күмәнданулар сыншының болжамына емес, құжатта айтылған нәрселерге негізделуі қажет деген әділетті көзқарасын ұстанып келе жатқандарын еске салады.
Монтгомери былай деп жалғастырады:
Бұл біздің құжатта айтылғандарды сараптан өткізіп, егер оның авторы қарама-қайшылықтар немесе айқын көрініп тұрған деректік қателері арқылы мәжбүрлемесе, онда одан өтірікті немесе қателерді іздеуге тиіс емеспіз.
Чикаго университетінің бұрынғы тарих профессоры Луис Готтшальк өзінің тарихты зерттеу тәсілін тарихи зерттеулер үшін кең қолданылған оқулықта баяндайды. Готтшальк автордың немесе куәгердің шындықты баяндау қабілеті «тіпті, құжаттағы бұл куәлік күш көрсету, алдау немесе басқа да қауесеттерге сүйеніп алынған күннің өзінде» тарихшылардың құжаттың нақтылығын анықтауларына көмектеседі.
Оқиғаларды шынайы баяндау қабілеті куәгердің өзі баяндап отырған деректерге жағырапиялық және хронологиялық жағынан жақын болуымен тығыз байланысты. Исаның өмірі мен ілімі туралы әңгімелерді оған өздері куә болған немесе Исаның өмірі мен ілімін өз көздерімен көргендерден естіген адамдар құрастырған. Жаңа Өсиеттің мына мәлімдемесіне назар аударыңыздар:
Қадірлі Теофил! Ізгі хабарды уағыздаушылар арамызда әбден белгілі болған оқиғаларды басынан бастап өз көздерімен көріп, бізге қалай айтып жеткізсе, дәл солай әңгімелеп беруге көп адамдар кірісіп кетті. Олар іспетті мен де өзіңіз үйренген осы ілімнің берік негізіне әбден көз жеткізуіңіз үшін бәрін басынан бастап ұқыпты зерттеп, рет-ретімен жазып берсем игі болар еді деп ұйғарды. (Лұқа 1:1–4).
Ғалымдар Лұқаның кітабының тарихи дәлдігін мойындады. «Либералдық ғалымдар да, консервативті ғалымдар да Лұқаның барынша дәл тарихшы екенін мойындайды, — дейді Уитон колледжінің Жаңа Өсиет және археология профессоры Джон Макрэй.
Ол білімдар әрі шешен, оның грекшесі классикалық грек тіліне жақын, ол жоғары білімді адам секілді жазады және археологиялық жаңалықтар Лұқаның әңгімелерінің нақты екенін қайта-қайта дәлелдеуде».
Лұқа — деректерді дәл беру жәйі мазалаған жалғыз автор емес. Басқа әңгімелерге де назар аударыңыздар:
Біз сендерге Иеміз Иса Мәсіхтің құдіретін және қайта оралуын хабарлағанда, қулықпен қиыстырылған аңыз-ертегілерге сүйенген жоқпыз. Керісінше, Иеміз Иса Мәсіхтің салтанатты ұлылығын өз көзімізбен көрген куәгерлер болдық (Петір 1:16).
Сендер бізбен байланыста болсын деп, өзіміз көріп, естігеніміз туралы хабар беріп отырмыз. Осылай бәріміз Әкемен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхпен байланыстамыз (1 Жохан 1:3).
Осыны көрген кісі сендер де сенсін деп бұған куәлік береді. Оның куәлігіне сенуге болады, ол шындықты айтып тұрғанын біледі (Жохан 19:35).
Азапталып өлгеннен кейін оларға адам сенетін көп дәлелдер арқылы Өзінің тірі екенін көрсетті: қырық күн бойы елшілеріне көрініп, Құдай Патшалығы туралы айтып жүрді (Ел. іст. 1:3).
Ал біз көріп-естігендеріміз туралы үнсіз қала алмаймыз (Ел. іст. 4:20).
Алты куәгердің (Матайдың, Жоханның, Пауылдың, Петірдің, Жақыптың және Яһуданың) куәліктерін зерттеп шыққан апологетика профессоры Линн Гарднер өзге көне әдебиеттердің нақтылық айғақтамаларымен салыстырғанда «біздің Назареттен шыққан Иса туралы біліміміз әлдеқайда артық дәлелденген».
Авторлардың оларды оқиға болғаннан көп өтпей-ақ жазғандары, олардың сенімділіктері әңгімелерінің шынайылығына айқын дәлел бола алады. Олардың естеліктері бұдан да жарқын болды. Бірақ тарихшылардың, тіпті, оқиғаны өз көздерімен көрген күннің өзінде ол абайсызда немесе әдейі өтірік айтатын куәгерлермен де кездесулеріне тура келеді.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Оңтүстік інжілдік семинариясын құрған доктор Норман Гизлер куәгерлердің куәліктері туралы былай дейді:
Куәгерлердің Иса туралы көптеген тәуелсіз әңгімелері..., сондай-ақ куәгерлердің өздерінің мінездері мен адалдықтары елшілердің Мәсіх туралы куәліктерінің нақтылығына күмән келтіруімізге ешқандай негіз қалдырмайды.
Елшілер Ізгі хабарды тарата жүре (және ең қатал қарсыластарымен айтыса жүре), адамдардың көпшілігінің Исаны көргендеріне сілтеме жасады. Ол: «Біз мұны көрдік» немесе «біз мұны естідік» деп қана қоймай: «Мұны сендер де білесіңдер. Мұны өздерің де көргенсіңдер. Бұл туралы өздерің де білесіңдер» деп, сыншылардың беттеріне айтты. Төмендегі үзінділерге назар аударыңыздар:
Исраилдіктер, мына сөзді тыңдаңдар: Құдай Назареттік Исаға сендердің алдарыңда құдіретпен кереметтер жасатқан еді. Ол солар арқылы Өзінің Исаны жібергендігіне куәлік берді; Құдай бұларды Иса арқылы араларыңда істеді, соны өздерің білесіңдер (Ел. іст. 2:22).
Пауыл өзін ақтап, осылай сөйлеп тұрғанда Фест қатты дауыстап: — Есің дұрыс емес, Пауыл! Көп оқып, ақылыңнан адасқансың, — деді. Пауыл оған: — Есім дұрыс, қадірлі Фест, мен ой елегінен өткізген шынайы сөздерді айтып тұрмын! Патша ағзам мұның бәрін біледі, сондықтан оған бұларды еркін айтып тұрмын. Болған жайттардың ешқайсысы одан жасырын емес, соған сенімдімін, себебі олар тасада өткен жоқ, — деді (Ел. іст. 26:24–26).
Егерде жағдай бәріне таныс болмаса және кейбір ұсақ-түйектермен бәрі келіспеген жағдайда қарсыластарыңа: «Мұны сіздер де білесіздер» деген кезде абай болу қажет, мұндай мәлімдеменің сізге кесірі тиюі мүмкін.
Жаңа Өсиеттің түпдерек ретіндегі құндылығы туралы айта келе, Ф. Ф. Брюс былай деп мәлімдейді:
Алғашқы уағызшылар дос пейілдегі куәгерлермен ғана кездескен жоқ, олардың Иса Мәсіхтің қызметі мен өлімі туралы білетін қарсыластары да болды. Шәкірттер жаңсақтық жіберуге жол бере алмайтын еді (деректерді әдейі бұрмалауды айтпағанда), себебі қарсыластары мұны дереу оларға қарсы пайдалана қояр еді. Елшілердің уағыздарының ең күшті жағының бірі — бұл олардың тыңдаушылардың да бұл жайында білетіндіктеріне сілтеме жасау болды. Олар: «Мұны біз көрдік», — деп қана қоймайды, олар: «Соны өздерің білесіңдер» (Ел. іст. 2:22) дейді. Егерде елшілер деректерден қиыс кетсе, дұшпандық пиғылдағы куәгерлер оларды бірден түзеткен болар еді.
Мәсіх туралы жаңаөсиеттік әңгімелер Оның замандастарының әлі өмір сүріп жатқан кезінде тарала бастады. Онымен бір мезгілде өмір сүрген бұл адамдар осы әңгімелердің дәлдігін растай, не теріске шығара алатын еді. |
Дұшпандық пиғылдағы куәгерлердің болуы куәліктің құндылығын растайды.
Бәрінен бұрын, сол оқиғалардың куәгерлері осы әңгіме құрастырылған кезде әлі тірі болатын және олардың арасында жаңа діни қозғалыстың қас жаулары да болды. Бірақ әңгіме бәріне белгілі істер жайын баяндады және жалған деректер теріске шығарылуға болатын уақытта ілімді ашық түрде таратты.
Міне, сондықтан да Брэндейс университетінің профессоры, белгілі тарихшы Дэвид Хакетт Фишер елшілердің куәгерлер ретіндегі куәліктері — «ең сенімді куәлік» деп түсіндіреді.
Чикаго университетінің Жаңа Өсиетті зерттеушісі Роберт Грант мынандай шешімге келеді:
Олар жазылған (синоптикалық інжілдер) немесе жазылуға тиіс болған кезде сол оқиғалардың куәгерлері әлі тірі болатын. Оларды есепке алмау мүмкін емес еді. Бұл інжілдердің Исаның өмірі, өлімі мен қайта тірілуі жайында шындықты айтуға тиіс болғанын білдіреді.
Өмір бойы көне құжаттарды сараптаумен айналысқан тарихшы Уилл Дюран былай деп жазады:
Інжілшілер жайындағы қате түсініктер мен теріс көзқарастарға қарамастан, олар алдамшылардың айтпай, үнсіз қалулары мүмкін нәрселерді ашық айтады. Мысалы: елшілердің Патшалықтағы жоғары дәреже үшін таластары, Иса тұтқындалғаннан кейін олардың қашуы, Петірдің Исадан бас тартуы, Мәсіхтің Ғалилеяда кереметтер жасай алмағаны, кейбір тыңдаушылардың Оны есінен адасқан болуы мүмкін деп ойлағандары, айқышқа керілер алдындағы Оның сенімсіздігі, Оның болашақты білмейтіні жайлы мойындаулары, Оның торыққан сәттері, Оның айқыштағы азапты айқайы. Мұны оқыған адамдардың ешқайсысы олардың шынайылығына шүбә келтіре алмайды. Егерде бірнеше қарапайым адам бір ұрпақтың өмірінің ауқымында осындай қайран қаларлық әрі тартымды Тұлғаны, осындай жоғары этикалық жүйені ойлап тапқан болса, бұл інжілдерде жазылғандардың бәрінен де сенімсіз болар еді. Сыншылардың екі ғасырға созылған жұмыстарынан кейін Мәсіхтің өмірі, Оның сипаты мен ілімі айқын да түсінікті күйінде қалады, олар батыс мәдениетінің даму тарихының ең қызық бетінен сыр шертеді.
Сыртқы куәліктер
Тарихи нақтылықтарды тексерудің үшінші көзқарасы — бұл сыртқы куәліктер. Бұл жерде әңгіме құжаттардың ішкі нақтылығын өзге тарихи құжаттар қуаттай ма, әлде теріске шығара ма, сол туралы болады. Екінші сөзбен айтқанда, құжаттың дәлдігін, нақтылығы мен түпнұсқалық екенін оның өзінен басқа мәлімет көздері қуаттай ма?
Луис Готтшальк «...өзге де белгілі тарихи немесе ғылыми деректермен сәйкестігі көп жағдайда нақтылықты анықтаудың маңызды факторы болып табылады, бұл жерде әңгіме бір немесе бірнеше куәліктер жайлы болып тұр», — дейді.
Елші Жоханның екі досы және шәкірттері біз оның әңгімесінде кездестіретін ішкі куәліктерді растайды. Олардың алғашқысы Иерополь епископы Папий (М. Т. бойынша 130 ж.). Тарихшы Евсевий Папийдің еңбегінен үзіндіні былай жеткізеді:
Діни қызметкер (Елші Жохан) әдетте былай деп айтатын: «Петірдің аудармашысы болған Марқа ол (Петір) айтқан Исаның сөздері мен әрекеттерінің бәрін жазып отыратын және шындығын айтқанда, ретсіз жазатын. Оның өзі Құдайды естімегендіктен және Оған еріп жүрмегендіктен, бірақ, жоғарыда айтып өткенімдей, ол кейіннен Құдайдың айтқандарының жинағын жазу үшін емес, қажет болған жағдайларда Оның ілімін қолданған Петірге еріп жүрді. Осылайша, оның айтқан нәрселерінің кейбірін дәл сол айтқандай етіп жазған Марқа қателескен жоқ: себебі ол естігендерін толықтай жазуға және жалған еш нәрсе қосып жібермеуге басты назар аударды».
Тарихта болуды тексерудің үшінші көзқарасы — сыртқы куәліктер: өзге тарихи мәлімет көздері құжаттардың ішкі куәлігін не растайды не теріске шығарады. |
Жоханның екінші досы — оның шәкірттерінің бірі, кейін Смирнаның епископы және сексен алты жыл мәсіхші болған — Поликарп еді. Поликарптың шәкірті, кейін Лионның епископы болған Ириней (б. З. 180 ж.) өзінің Поликарптан (Жоханның шәкіртінен) естігендерін былай баяндайды:
Матай өзінің Інжілін еврейлердің (яғни, яһудилердің) арасында олардың өз тілінде таратты. Ал Петір мен Пауыл Римде уағыз жүргізіп, сол жерде қауым орнатты. Олар кеткен соң (яғни, өлгеннен кейін. Аңыз бойынша, олар Неронның қудалауы кезінде, біздің заманымыздағы 64-ші жылы қайтыс болған) Петірдің шәкірті және аудармашысы Марқа Петірдің уағыздарынының жазбаша нұсқасын бізге өз қолымен табыс етті. Пауылдың соңынан ерген Лұқа ұстазының уағыздарын Інжіл кітабына енгізді. Содан кейін Құдайдың кеудесіне сүйеніп жататын шәкірті Жохан (Жохан 13:25 және 21:20 аяттарына сілтеме) Ефесте тұрған кезінде өзінің Інжілін құрастырды.
«Тарихи Иса: Мәсіхтің өмірі жайындағы көне куәліктер» кітабында Гэри Хабермас тарихи Иса туралы киелікітаптық емес куәліктерді жүйелі түрде санап шығады. Гректік, римдік және яһудилік құжаттар Исаның өмірі, қызметі мен өлімі туралы негізгі мәліметтерді растайды. Бұл куәліктер төмендегі маңызды оқиғаларға қатысты: 1) римдіктердің Исаны айқышқа керуі; 2) Исаға Құдай ретінде табыну; 3) Исаның қайта тірілгеніне деген сенім; 4) Исаның Жақыптың бауыры болғандығы; 5) бос қалған қабір. Хабермас «киелікітаптық емес мәлімет көздерінде Исаның өміріне және ертедегі мәсіхшіліктің табиғатына қатысты көптеген таңқаларлық нақтылықтар бар» деген байлам жасайды.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Археология сондай-ақ қомақты сыртқы куәліктерді де ұсынады. Ол Киелі кітапты зерттеуге оның Құдай рухымен жетеленіп жазылғаны жағынан емес, онда жазылғандардың дәлдігін дәлелдеу арқылы үлесін қосады. Археолог Джозеф Фри былай деп жазады: «Археология сыншылар дәл емес немесе белгілі деректерге қайшы екенін айтып теріске шығарған сансыз көп орындардың нақты екенін дәлелдеді».
Біз археология Уильям Рэмсидің Лұқаның тарихилығына қатысты өзінің бастапқы көзқарасын өзгертіп, Елшілердің істері кітабы жағырапиялық баяндалу, көне ғұрыптар мен Кіші Азияның қоғамын бейнелеу жағынан нақты деген шешімге келгенін көрдік.
Ф. Ф. Брюс былай дейді: «Лұқаны дәл емес деп күмәнданғанда, ал дәлдік қандай да бір киелікітаптық емес (сыртқы) куәліктермен расталған кезде, біз археологияның жаңаөсиеттік әңгімені растайтынын толық сеніммен айта аламыз».
Классикалық кезеңнің тарихшысы Э. Н. Шеруин-Уайт «Елшілердің істерінің тарихилығының дәлелдері таң қалдырарлық» екенін жазады. Әрі қарай ол былай дейді: «Енді оның бір бөлшегінің өзінің тарихилығын теріске шығармақ болған кез келген талпыныс ақымақтық болып көрінеді. Рим тарихшылары оны баяғыда мойындаған».
Менің өзім де Жазбаның тарихилығы мен нақтылығын теріске шығармақ болып талпынып көрдім, бірақ та оның тарихи шындық екенін мойындауға мәжбүр болдым.
Егер адам Киелі кітапты тарихи дәл емес деп теріске шығаратын болса, оның бүкіл көне әдебиеттерді де теріске шығаруына тура келеді. |
Егер адам Киелі кітапты тарихи дәл емес деп теріске шығаратын болса, оның бүкіл көне әдебиеттерді де теріске шығаруына тура келеді. Басқа ешқандай құжатта оның нақтылығын дәлелдейтін осыншама айғақтары жоқ. Үнемі алдымнан шығатын қиындықтардың бірі — бұл көптеген адамдардың зиялылардың әдебиетіне бір өлшемдерді, ал Киелі кітапқа — басқа өлшемдерді қолдануға деген тілектері. Бірақ біз зиялылар әдебиетін де, діни әдебиеттерді де зерттеуге бір ғана ережені қолдануға тиіспіз. Мен дәл осылай істедім және Киелі кітаптың нақты екенін және Иса туралы тарихи шынайы куәлік беретініне көз жеткіздім.
Макмастер дін колледжіндегі Құдай сөзін жүйелеп оқытудың профессоры Кларк Х. Пиннок былай дейді:
Мұндай мөлшердегі мәтіндік немесе солардың негізінде дұрыс шешім қабылдауға болатын тарихи куәліктермен расталған басқа ешқандай көне әдебиет жоқ. Адал адам мұндай мәлімет көздерін теріске шығара алмайды. Мәсіхшіліктің тарихи нақтылығына шүбә келтірушілік табиғаттан тыс нәрселерге қарсы қате түсінікке негізделген.
Пәлсапа профессоры және Денвер семинариясының дін пәлсапасы кафедрасының жетекшісі Дуглас Грутиус «Жаңа Өсиеттің көне қолжазбалар мен өзге кез келген көне әдебиеттен артық расталғанын» айтады.
7-тарау
Жалған нәрсе үшін кім өлімге барар еді?
Мәсіхшілікті қабылдамайтындар бір куәлікке — Исаның елшілерінің өзгерулеріне жиі назар аудармайды. Бұл адамдардың өмірлері түп тамырымен өзгерді және бұл — Оның мәлімдемелерінің шынайылығының айқын дәлелі.
Мәсіхшілік сенім — тарихи дерек болғандықтан, біз жазбаша және ауызша куәліктерге сүйенуге тиіспіз. Мұндай куәліктерсіз біз мәсіхшілік немесе кез келген басқа тарихи оқиғаны көз алдымызға елестете алмаймыз. Сайып келгенде, әлемнің бүкіл тарихы — бұл куәліктерге негізделген білім. Егер бұл куәліктерге деген сенім сізге солқылдақ негіз болып көрінсе, онда біз өткен туралы басқа қайдан біле аламыз? Сіз Наполеонның болғанын қайдан білесіз? Ол кезде біз болған жоқпыз, ешқайсымыз оны көрген жоқпыз. Сондықтан біз куәліктерге сүйенуге тиіспіз.
Біздің тарих туралы білімімізге қатысты бір қиындық бар: бұл куәліктер сенімді ме? Мәсіхшілік туралы біліміміз көне заманда берілген куәліктерге негізделгендіктен, біз оның қаншалықты дәл екені туралы сауал қоюға мәжбүрміз. Иса туралы алғашқы ауызша куәліктер шынайы ма? Оларда Исаның сөздері мен істеген істері дұрыс берілгеніне сене аламыз ба? Мен оларға сенуге болады деп есептеймін.
Мен елшілердің куәліктеріне сене аламын, себебі осы он екі адамның он бірі Мәсіхтің Құдайлығы мен Оның қайта тірілгені туралы шындықтар үшін азапты өліммен өлді. Оларды азаптап, дүре соқты, содан кейін аса қатігездікпен жазаға тартты.
1. Бұрын Шимон деп аталған Петір айқышқа керілді.
2. Әндір айқышқа керілді.
3. Зебедейдің ұлы Жақып қылышпен шабылып өлтірілді.
4. Зебедейдің ұлы Жохан өз өлімімен өлді.
5. Філіп айқышқа керілді.
6. Барталмай айқышқа керілді.
7. Тома найзамен түйреліп өлтірілді.
8. Матай қылышпен шабылып өлтірілді.
9. Әлпей ұлы Жақып айқышқа керілді.
10. Тадей садақ жебесінен өлді.
11. Шимон айқышқа керілді.
Әдетте адамдар маған: «Онда тұрған не бар, олардың жалған нәрсе үшін өлулері де мүмкін ғой. Жалған нәрселер үшін көптеген адамдар өлген, сонда, бұл нені дәлелдейді?» — деседі.
Иә, жалған нәрселер үшін көп адамдар өлді, бірақ олар мұның шындық екеніне сенді. Ал шәкірттермен жағдай басқаша болды. Егер қайта тірілу болмаса, шәкірттер мұны, әрине, білген болар еді. Мен олардың жағдайдың шынайы мәнісін білмегендерін көз алдыма елестете алмаймын. Осылайша, олар жалған нәрсе үшін ғана емес, оның жалған екенін біле тұра сол үшін өлген болып шығады. Тарихтың қандай да бір сәтінде он бір адамның біле тұра жалған нәрсе үшін өлімге әдейі барғандарын көз алдына елестету қиын.
Олардың сенімдерінің беріктігін түсінуімізге көмектесетін бірнеше факторларды қарастырып көрейік.
1. Олар оқиғалардың тірі куәгерлері болды
2006 жылы Жаңа Өсиетті зерттеуші Ричард Баукхем өзінің «Иса және өз көздерімен көрген куәгерлер» атты кітабында төрт Інжілді сенімді куәліктерге негізделген деп есептеуге әбден болатынын дәлелдеп шықты.
Елшілер мен басқа шәкірттер оқиғаларды оларды өз көздерімен көрген куәгерлер ретінде баяндады. Петір былай дейді: «Біз сендерге Иеміз Иса Мәсіхтің құдіретін және қайта оралуын хабарлағанда, қулықпен қиыстырылған аңыз-ертегілерге сүйенген жоқпыз. Керісінше, Иеміз Иса Мәсіхтің салтанатты ұлылығын өз көзімізбен көрген көрген куәгерлер болдық» (2 Петір 1:16).
Тарихтың барысында өздері шындық деп сенген жалған нәрселер үшін көптеген адамдар соның жолында жандарын қиды. Бірақ, егер Исаның қайта тірілгені жалған болса, көпшілігі Мәсіхке бола азапты өліммен өлген шәкірттерінің мұны білмеуі мүмкін емес еді. |
Әрине, елшілер аңыз бен шынайылықтың арасындағы айырмашылықты білді. Бірінші жолдауында Жохан өзінің және өзге елшілердің Исаның сөздері мен әрекеттері туралы қайдан білгендері туралы түсіндіре келе, олардың білімдерінің өз көргендеріне негізделгенін баса айтады: «Әуел баста Ол бар болатын. Біз оны естіп, көзімізбен көріп, анықтап қарап, қол тигіздік. Ол — шынайы өмір сыйлайтын «Сөз». Сендерге Сол туралы айтып береміз, себебі Өмір бізге келді; осы мәңгілік Өмірді көрдік те, енді Оған куә болып, сендерге таныстырамыз. Ол Әкемен бірге болатын, көктен жерге түсіп, бізге көрінді. Сендер бізбен байланыста болсын деп, өзіміз көріп, естігеніміз туралы хабар беріп отырмыз. Осылай бәріміз Әкемен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхпен байланыстамыз» (1 Жохан 1:1–3). Жохан өз Ізгі хабарының соңғы бөлімін мынандай сөздермен бастайды: «Иса шәкірттерінің көз алдында осы кітапта жазылмаған басқа да көптеген кереметтер істеді» (Жохан 20:30).
Лұқа былай деп жазды: «Қадірлі Теофил! Ізгі хабарды уағыздаушылар арамызда әбден белгілі болған оқиғаларды басынан бастап өз көздерімен көріп, бізге қалай айтып жеткізсе, дәл солай әңгімелеп беруге көп адамдар кірісіп кетті. Олар іспетті мен де өзіңіз үйренген осы ілімнің берік негізіне әбден көз жеткізуіңіз үшін бәрін басынан бастап ұқыпты зерттеп, рет-ретімен жазып берсем игі болар еді деп ұйғардым» (Лұқа 1:1–3).
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Елшілердің істері кітабында Лұқа әрі қарай Исаның соңынан ерушілер Оны мұқият бақылаған қайта тірілуден кейінгі қырық күнді сипаттап жазады: «Қымбатты Теофил! Бірінші кітабымда мен Иса қызметіне кіріскен уақыттан бастап, Оның көкке көтерілген күніне дейінгі аралықта не істеп, не үйреткені туралы түгел баяндадым. Ол көтерілмес бұрын Киелі Рухтың жетелеуімен таңдап алған елшілеріне нұсқауларын берді. Азапталып өлгеннен кейін оларға адам сенетін көп дәлелдер арқылы Өзінің тірі екенін көрсетті: қырық күн бойы елшілеріне көрініп, Құдай Патшалығы туралы айтып жүрді» (Ел. іст. 1:1–3).
Бұдан кейінгі көздерімен көрген куәгерлердің негізгі тақырыбы — Исаның қайта тірілуі. Елшілер Оның қайта тірілгеннен кейінгі өмірінің куәгерлері болды.
2. Олар берік сенімге ие болуға тиіс болды
Иса өлген кезде елшілер бәрі бітті деп ойлады. Оны тұтқындаған кезде шәкірттері қаша жөнелді (Марқа 14:50). Қабірдің бос қалғаны туралы естігенде, алғашында олар бұған сенбеді (Лұқа 24:11). Тек көптеген сенімді айғақтарды көргеннен кейін барып әрең сенді. Тома Оның жараларына қолын тигізіп көрмейінше Исаның қайта тірілгеніне сенбейтінін айтты. Кейіннен Тома Мәсіх үшін азапты өліммен өлді. Тома алданды ма? Ол алданбағанына өз өмірімен ант берген болар еді.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Тағы да Петір бар. Ол Мәсіхті соттап жатқан кезде Одан бірнеше рет бас тартты. Бірақ қандай да бір жағдай болды да, ол батыл адамға айналып кетті. Мәсіх өліп, жерленгеннен кейін аз уақыт өткенде ол басын қатерге тігіп, Иерусалимде Исаның Құдай екендігі және Оның қайта тіріліп кеткені туралы уағыз айтты. Кейіннен Петір де айқышқа керілді (аңыз бойынша, айқышқа оны басын төмен қаратып керген). Осынау қорқақтау адамды не нәрсе Исаның ержүрек жауынгеріне айналдырды? Неліктен ол Иса үшін өлуге даяр болды? Ол алдауға түсті ме? Бұлай болуы екіталай. Мені қанағаттандыратын жалғыз түсіндірмені 1 Қорынт. 15:5-аятынан табуға болады: қайта тірілгеннен кейін Мәсіх Кефаға (яғни Петірге) көрінді. Қайтадан тірілген Иесін көрген Петір Оған өз сенімі үшін өлуге даяр дәрежеде сенім артты.
Еркінен тыс сенім артқан адамның классикалық мысалы — Исаның інісі Жақып (Матай 13:55; Марқа 6:3). (Жақып алғашында он екінің бірі болмағанымен (Матай 10:2–4), кейіннен Пауыл және Барнабалармен бірге (Ел. іст. 14:14) елші болып танылды.
Иса өсіп, қызметін бастаған кезде Жақып өзінің бауырының — Құдайдың Ұлы екеніне сенген жоқ (Жохан 7:5). Жақыптың басқа бауырларымен бірге Исаны: «Сен адамдардың Өзіңе сенгенін қалайсың ба? Ондай болса Иерусалимге барып кереметтеріңді көрсетсеңші», — деп мазақ еткенінде күмән жоқ. Сірә, бауыры: «Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды» (Жохан 14:6); «Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар» (Жохан 15:5); «Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің Мені, Менің Әкемді жақсы білетінім сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі» — деген секілді адам сенбейтін мәлімдемелер жасап, отбасыларын «ұятқа қалдыра» бастағанда Жақып өзін қорланғандай сезінсе керек. Егер бауырыңыз қаланы аралап, осындай нәрселерді айтып жүрсе сіз не ойлар едіңіз. Исаның бауырлары Оның айтқандары мен істегендеріне қарсылық көрсетті.
Өз-өзіне сенімсіз, қылжақбас Жақыпты не нәрсе бауырының Құдайлығын қорғап өлуге дейін баруға мәжбүр етті? Ол алдауға түсті ме? Өлімнен қайта тірілген Мәсіхті көрген Жақып Оған сенім артты. |
Көбіне адамның дәл туыстары оның өмірінде болған өзгерістерге бәрінен артық қарсы болады. Сіз қалай ойлайсыз, неліктен?
Бірақ содан кейін Жақып қатты өзгерді. Иса айқышқа керіліп, қабірге қойылғаннан кейін Жақып Иерусалимде уағыз айтты. Ол Исаның біздің күнәларымыз үшін өлгенін, содан соң қайта тірілгенін және қазір тірі екенін айтты. Уақыт өте келе Иерусалим қауымындағы жетекші адамға айналып, өзінің «Жақыптың хаты» кітабын жазды. Ол мынандай сөздермен басталады: «Құдайдың және Иеміз Иса Мәсіхтің басыбайлы қызметшісі Жақыптан дүние жүзіне тарап кеткен Исраилдің он екі руына дұғай сәлем!» (Жақып 1:1). Кейіннен Жақып бас діни қызметкер Ананидің бұйрығымен тасқа атқыланып өлтірілді.
Өз-өзіне сенімсіз, қылжақбас Жақыпты не нәрсе бауырының Құдайлығын қорғап өлуге дейін баруға мәжбүр етті? Ол алдауға түсті ме? Мұның жалғыз қисынды жауабын біз 1 Қорынт. 15:7-аятынан табамыз: «Содан кейін (қайта тірілгеннен кейін) Мәсіх Жақыпқа, сондай-ақ барлық елшілеріне көрінді». Өлімнен қайта тірілген Мәсіхті көрген Жақып Оған сенім артты.
Талбот дін мектебінің пәлсапа профессоры Дж. П. Морленд Исаның інісі Жақыптың кейіннен Мәсіхтің Құтқарушы екеніне сенуінің мәнін былай түсіндіреді:
Інжілдерде Исаның отбасының, оның ішінде Жақыптың да Оның Өзі туралы жасаған мәлімдемелері үшін қысылғандары жайлы айтылады. Олар Исаға сенбей, Оған қарсы шықты. Ертедегі яһудилік қоғамда өз отбасының мойындамауы ұстаз үшін ең үлкен қорлық болып есептелген. Сондықтан, егер бұл шындық болмаса, інжіл авторларына туыстарының Исаға деген осындай күмәнді көзқарастарын ойдан шығарудың еш мәні жоқ еді. Одан кейінірек кезеңнің тарихшысы Иосиф Флавий Иерусалим қауымын басқарған Жақыптың бауырына деген сенімі үшін таспен атқыланып өлтірілгенін хабарлайды. Жақыптың көзқарасы неліктен өзгерді? Пауыл оған қайта тірілген Исаның көрінгенін айтады. Басқа түсіндірменің болуы мүмкін емес.
Егерде қайта тірілу өтірік болса, елшілер мұны білді. Мүмкін, алдауға олардың барлығы да қатысқан болар? Бірақ, бұл олардың біз білетін адамгершілік қасиеттеріне қайшы келеді. Олар өтірікті айыптады және адал болу керектігін баса айтты. Олар адамдарды шындықты қабылдауға шақырды. Тарихшы Эдвард Гиббон өзінің белгілі «Рим империясының құлдырауы мен құлауы» еңбегінде мәсіхшіліктің тез таралуының бес себебінің бірі — «алғашқы мәсіхшілердің ар-ождандарының таза болғандығын» айтады.
Оксфорд университетінің Виклифхолл аға зерттеушісі Майкл Грин
қайта тірілуге деген сенімнің айқышқа керілген ұстаздың абдырап қалған шәкірттерін ержүрек куәгерлер мен алғашқы қауымның азап шегушілеріне айналдырғанын айтады. Оларды қапасқа қамап, дүре соғып, өлтіре алды, бірақ оларды «үшінші күні Ол қайта тірілді» дегенге сенімдерінен бас тартуға мәжбүрлей алмады.
3. Олар батыл адамдарға айналды
Қайта тірілуге көздерін жеткізе сала олардың бойларында пайда болған батылдық мұнда өтіріктің болуы мүмкіндігін мүлде азайтады. Олар бір-ақ түнде батыл адамдарға айналып шыға келді. Алдында ғана Исадан бас тартқан Петір қайта тірілуден кейін өмірін қауіпке тіге отырып Исаның тірі екенін жариялады. Билік басындағылар Мәсіхтің жолын қуушыларды тұтқынға алып, ұрып-соқты, бірақ олар адамдарға Иса туралы айту үшін қайтадан көшеге шықты (Ел. іст. 5:40–42). Достары олардың сенімдеріне, ал дұшпандары — батылдықтарына назар аударды. Есіңізде болсын, елшілер қайдағы бір түкпірдегі қалашықта уағыз айтқан жоқ. Олар Иерусалимде уағыз жүргізді.
Исаның жолын қуушылар Оның қайта тірілгеніне көз жеткізуден бұрын Ол үшін азап шегіп, өлімге бару туралы ойламаған. Олардың сенімдері мен әрекеттеріндегі бірауыздылығы қайран қалдырады. |
Әдетте, әңгіме осындай адам сенгісіз нәрсе туралы болған кезде адамдардың арасында келіспеушіліктер туындайды, бірақбұл адамдар қайта тірілудің шынайылығымен бәрі бірдей келісті. Егерде олар өтірікшілер болғанда, онда бастарына түскен азаптарға бәрінің бірдей төзімділікпен шыдағандарын түсіндіру қиын.
Француз пәлсапашысы Блез Паскаль былай деп жазады:
Елшілер алдамшылар болды деген жорамал ақылға сыймайды. Келіңіз, бұл айыптауды қисынды шешімге жеткізіп көрейік: Мәсіх өлгеннен кейін бір жерге жиналып, адамдардың бәріне Оның қайта тірілгенін жариялауға бел буған он екі шәкіртті көз алдымызға елестетейік. Нәтижесінде, олар азаматтық және діни билік өкілдерінің қарсылығына ұшырады. Адамдар табиғатынан әбігершіл және тез өзгергіш, оларды уәделер немесе қандай да бір материалдық нәрселер беру арқылы бұрып әкетуге болады. Егер олардың бірі азғырылуға еріп немесе түрмеге түсуден қорқып берілген болса, онда олардың бәрі құритын еді.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Доктор Дж. Морленд былай деп түсіндіреді:
Иса айқышқа керілген кезде Оның жолын қуушылар қайғыға беріліп, тарап кетті. Айқышқа керілгендер қарғысқа ұшырағандар деп есептелетіндіктен, олар енді Исаны Құдайдың жібергеніне сенбеді. Сондай-ақ оларды Құдай Өзінің Елшісінің өлуіне жол бермейді деп үйреткен еді. Сондықтан олар тарап кетті. Исаның жолын қуушылардың әрекеттері тоқтап қалды. Бірақ кенеттен, арада аз ғана уақыт өткенде біз олардың қайтадан бір жерге жиналып, әдеттен тыс жолдау — айқышта өлген Иса Мәсіхтің Құдай жіберген Құтқарушы екені және Оның қайта тіріліп, өздеріне көрінгені туралы хабарды тарата бастағанын көреміз. Және де олар қалған өмірлерін адами көзқарас тұрғысынан қарағанда еш ақысыз осыны жариялауға дайын болды. Жерорта теңізі жағалауының қандай да бір жерінде біреулердің оларға бұл үшін ақы төлемейтіндері анық еді. Оларды қиындықтарға толы өмір күтіп тұрды. Олар жиі аштықтың азабын тартып, ашық аспан астында түнеп жүрді, оларды ұрып-соғып, түрмеге қамады. Ақыры олардың көпшілігін азаптап өлтірді. Не үшін? Жай әншейін бе? Жоқ, себебі олар өлімнен қайта тірілген Иса Мәсіхті көргендеріне сенімді болды. Егерде қайта тірілген Мәсіхті өз көздерімен көрмесе, онда олардың мұндай сенімге қалай келгендерін түсіндіру қиын. Басқа түсіндірменің болуы мүмкін емес.
Олардың көпшілігін азаптап өлтірді. Не үшін? Жәй әншейін бе? Жоқ, себебі олар өлімнен қайта тірілген Иса Мәсіхті көргендеріне сенімді болды. |
«Бір түннің ішінде олар үш құрлықта Исаның қайта тірілгенін жариялап, дұшпандарына, қиындықтарға, өлімге батыл қарсы жүрген топқа қалай айналды? — деп сұрайды Майкл Грин».
Бір автор елшілердің бойында болған өзгерістерді былай баяндайды:
Иса айқышқа керілген күні олардың жүректері қайғыға толы болды, ал аптаның бірінші күні қуанышқа бөленді. Исаны айқышқа керген сәтте олар үміттерін жоғалтты, ал аптаның бірінші күні олардың жүректері сенімділік пен үмітке толы болды. Исаның қайта тірілгенін алғаш естігенде олардың бұған сенгілері келмеді, бірақ мұның шындық екеніне көздері жеткенде еш күмәнданған жоқ. Осы адамдармен қысқа уақыттың ішінде болған осындай таң қаларлық өзгерісті қалай түсіндіруге болады? Жай ғана дененің қабірден жоғалып кетуі олардың рухтары мен мінездеріне осыншалықты әрекет ете қоймас еді. Аңызға ден қоя берілу үшін үш күн жеткіліксіз. Аңыздың таралуына уақыт керек. Бұл жан-жақты түсіндіруді талап ететін психологиялық дерек. Әлемге осындай жоғары ілімді берген, тіпті, олардың өз сенімдеріне сәйкес өмір сүргендеріне дұшпандарының өздері куәлік берген осы куәгерлердің мінездері жайлы ойланыңыз. Мұның психологиялық тұрғыдан ерсі екенін: қорқақтардың жеңіліске ұшыраған шағын тобы бір үйге жиналып тығылып отырады, ал арада аз ғана уақыт өткенде олардың ешқандай қуғындау үндемеуге мәжбүрлей алмайтын үлкен қауымға айналғаны туралы ойлаңыз және осы өзгерісті сыншылар соның көмегімен әлемді алдауға талпынатын ойдан шығарылған болмашы сылтаумен түсіндіруге тырысып көріңіз. Бұл ақылға сыймайтын нәрсе.
Қауым тарихшысы Кеннет Скотт Латуретт былай деп жазады:
Қайта тірілу мен шәкірттерге қонған Киелі Рухтың әсері... аса маңызды. Олар Исаны — Исраилдің Құтқарушысы деп үміттенген кездерін қайғыра естеріне алып отырған жабыққан адамдардан ынталы куәгерлердің тобына айналды.
Оксфорд университетінің бұрынғы Жаңа Өсиет профессоры Н. Т. Райт былай дейді:
Тарихшылар өздеріне: «Исаның айқышқа керілгеніне қарамастан, Оны уағыздау қозғалысының орман өртіндей таралуын қалай түсіндіруге болады?» — деген сұрақ қоюға мәжбүр. Жауап біреу ғана: себебі Ол өліден қайта тірілді.
Ізгі хабар тарату мектебінің профессоры Пол Литтл былай дейді:
Қоғамның ар-ождандық құрылымын қайта құруға көмектескен осы адамдардың барлығы шынымен де шектен шыққан алдамшы немесе қиялға берілген есуастар болғаны ма? Қайта тірілу фактісінен гөрі бұған сену қиынырақ және бізде мұны дәлелдейтін куәліктер жоқ.
Елшілердің өлім алдындағы қайтпас қайсарлықтарын басқаша түсіндіруге келмейді. Британ энциклопедиясына сүйене отырып, Ориген Петірді айқышқа басын төмен салбыратып кергенін айтады. Қауым тарихшысы Герберт Б. Уоркман елшінің өлімін былай суреттейді:
Сонымен, Тәңіріміздің Өзі алдын ала айтып кеткендей, қол-аяғы байланған Петірді Арелий жолымен көптеген бауырлары азапты өлімді қабылдаған Ватикан қыратындағы Нерон бақтарына қарай алып жүрді. Дәл Ұстазы секілді өлуге өзін лайықсызбын деп есептегендіктен, Петір өз өтініші бойынша айқышқа басын төмен салбыратып керілді.
Лидс университетінің профессоры болған Гарольд Мэттингли өзінің тарихи еңбегінде былай деп жазады: «Елшілер, Петір мен Пауыл өз куәліктерін өз қандарымен бекітті». Тертуллиан «өзі шындық деп есептейтін нәрсе үшін өлуге бірде-бір адамның дайын емес екені» туралы жазады. Көп жылдар бойы куәгердің шындықты айтып тұрғанын қалай анықтауға болатыны туралы лекциялар оқыған Гарвард университетінің юриспруденция профессоры Саймон Гринлиф мынандай қорытындыға келеді:
Тарихта мұндай қайсарлықтың, төзімділік пен тайсалмайтын батылдықтың басқа үлгісінің болуы екіталай. Олардың өз сенімдерінің негізін мұқият қайта қарап шығуға және өздері айтқан ұлы деректер мен шындықтардың нақтылығы туралы ойлануға көптеген себептері болды.
Тарих профессоры, доктор Линн Гарднер:
Олардың өздері өтірік деп санаған нәрсе үшін өлулерінің не қажеті бар еді? — деген әділетті сұрақты қояды. Адамның алданып, өтірік нәрсе үшін өлуі мүмкін. Ал елшілер Исаның қайта тірілуі жайындағы шындықты білуге тиіс болатын, бірақ олар Ол үші н өлімге барды.
Тарихта Оның қайта тірілуіне қарсы бірде-бір куәлік жоқ. |
Калифорния заңгерлері ассоциациясының бұрынғы президенті Том Андерсон былай деп жазады:
Исаның жүздеген адамдарға көрінгені туралы жазбаша әңгімелер жалған деген жорамал жасап көрейік. Мұндай жағдайда менің бір сұрақ қойғым келеді. Егер бұл соншалықты белгілі жағдай болса, онда бірде-бір тарихшы, бірде-бір куәгер, бірде-бір мәсіхшіліктің қарсыласы неге Мәсіхтің денесін көргені туралы айтпайды?.. Тарихта Оның қайта тірілуіне қарсы бірде-бір куәлік жоқ.
Дж. П. Морленд былай дейді: «Мен танитын белгілі тарихшылардың ешқайсысы да мәсіхшілік қозғалыстың Иерусалимде, Исаның өлімінен бірнеше апта кейін, достық және жаулық көзқарастардағы куәгерлердің көз алдарында басталғанына еш күмәнданбайды». Мәсіхшілік қозғалыс бекер Иерусалимде басталған жоқ; зерттеуші, Талбот дін мектебінің пәлсапа профессоры, доктор Уильям Лэйн Крейг мынандай күмәнсіз шешімге келеді:
Исаның қабірінің тұрған жері мәсіхшілерге де, яһудилерге де белгілі болды. Егер қабір бос қалмағанда, онда қайта тірілді деген сенімге негізделген қозғалыстың дәл сол адам жұрт алдында жазаланып, жерленген қалада туындауы мүмкін емес еді.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Өздерінің айтқандарының нақтылығын дәлелдеу үшін елшілер өлім сынағынан өтті. Менің көзқарасым бойынша, олардың куәліктері қазіргі күні мен кездестіріп жүрген көптеген адамдардың куәліктерінен гөрі сенім артуға тұрарлық. Қазіргі күні адамдардың өз сенімдері үшін өлімге бармақ түгілі, сол үшін көшенің арғы бетіне өтуге сенімділіктерінің жетпейтіні өкінішті.
8-тарау
Өлі Құтқарушыдан не пайда?
Өздері сенген нәрселер үшін өлген адамдар көп. 1960-жылдары көптеген буддистер Оңтүстік-Батыс Азияда болып жатқан әділетсіздіктерге бүкіл әлемнің назарын аудару үшін өз-өздерін өртеді. 70-жылдардың басында Сан-Диегода Вьетнамдағы соғысқа қарсы болған бір студент өз-өзін өртеп жіберді. 2001-жылдың қыркүйек айында мұсылман лаңкестері өз діндерінің жауы деп есептеген елге зияндарын тигізу үшін ұшақтармен Бүкіләлемдік сауда орталығы мен Пентагонға барып соғылды.
Елшілер өздерін игі істі қолдаушылармыз деп есептеді, бірақ Ұстаздары айқышта өлген кезде олар қатты күйзеліп, өмірден түңілердей болды. Олар Исаның — Құтқарушы екеніне сенетін. Олар Оны өледі деп ойлаған жоқ. Олар Исаның Құдай Патшалығын құрып, Исраил халқын басқаратынына сенімді еді, ал Оның өмірі оларды үміттерінен айырды.
Елшілердің Мәсіхке деген көзқарасын және Оның айқышта өлуінің олар үшін неге ақылға сыймайтын нәрсе болып көрінгенін түсіну үшін Мәсіхтің кезіндегі яһуди халқының Құтқарушыға деген көзқарасын түсінуіміз қажет. Исаның өмірі мен ілімі сол уақыттағы Құтқарушыға деген яһудилік түсінікке өте қарама-қайшы болды. Яһудилерді жас кездерінен бастап келе жатқан Құтқарушы жеңімпаз саяси көсем, басқарушы болады, Ол яһуди халқын римдіктердің қол астынан босатады және Исраилге бүкіл әлемге шамшырақ болатын тәуелсіздік әпереді деп үйрететін. Азап шегуші Құтқарушы — «яһудилердің құтқарушы туралы түсініктеріне мүлде жат» бейне.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Діни семинариялар одағының профессоры Э. Ф. Скотт Мәсіхтің заманында өмір сүрген адамдардың Құтқарушыны қалай күткені туралы былай әңгімелейді:
Бұл мазасыздана күту кезеңі болды. Діни көсемдер Азат етушіні асыға күткен халықтың екпінін әзер тежеп отырды. Бұл күтудің жақында болған тарихи оқиғалардан кейін күшейе түскені күмәнсіз.
Көптен бері римдіктерден қысым көріп келе жатқан яһудилердің арасындағы отансүйгіш адамдардың белсенділіктері арта бастады. Ғажайып түрде азаттыққа ие болу және оны алып келетін Құтқарушы-Патша туралы арман сол бір ауыспалы сәтте жаңа мағынаға ие болды; дегенмен бұл ой жаңа емес еді. Біз інжілдерден байқайтын толқыныстың артында ұзақ уақытқа созылған күту кезеңі тұрды.
Халық үшін Құтқарушы негізінде Ишая мен оның замандастары тұсындағы — яһуди халқына азаттық пен өркендеу алып келетін Дәуіттің Ұлы күйінде қалды. Інжілдерге қарап отырып, Құтқарушы жайындағы ең басты көзқарастың негізінен ұлттық және саяси көзқарастар болғанына күмән келтіру екіталай.
Яһуди ғалымы Иосиф Клаузнер былай деп жазады:«Құтқарушы барған сайын ұлы саяси көсем ғана емес, сондай-ақ жоғары адамгершілік қасиеттерге ие адамға айнала бастады».
Халықаралық яһуди қауымдары одағын құрушы Якоб Гартенхаус Мәсіхтің заманындағы яһудилердің сенімдері туралы былай дейді: «Яһудилер Құтқарушыны өздерін римдіктердің боданынан азат етуші ретінде күтті... олардың Құтқарушы жайындағы үміттері негізінен ұлттық азаттықпен байланысты болды».
Яһуди энциклопедиясында яһудилердің
Дәуіттің ұрпағынан уәде етілген азат етушіні өздерін жат жерлік басқыншылардан азат етіп, римдіктердің билігін жоятын және оның орнына тыныштық пен әділеттілік билік орнататын Өз патшалығын құрушы ретінде күткендері жайлы айтылады.
Ол уақытта яһудилер уәде етілген Құтқарушыға үміт артты. Елшілер де өздерін қоршаған адамдар секілді сенімді ұстанды. Миллар Барроуз былай дейді: «Исаның бүкіл яһудилер күтіп жүрген Дәуіттің Ұлына ұқсас болмағаны сондай, тіпті шәкірттеріне Құтқарушы туралы ойларын Онымен байланыстыру қиынға түсті».
Исаның бүкіл яһудилер күтіп жүрген Дәуіттің Ұлына ұқсас болмағаны сондай, тіпті шәкірттеріне Құтқарушы туралы ойларын Онымен байланыстыру қиынға түсті. |
Шәкірттер Исаның айқышқа керілетіні туралы алдын ала айтқандарын қабылдамады (Лұқа 9:22). Шотландтық Жаңа Өсиетті зерттеуші А. Б. Брюс былай дейді:
Сірә, олар Иса жағдайды тым артық қабылдайды, Оның алдын ала айтқандары ешқандай негізсіз деп үміттенген секілді... айқышқа керілген Мәсіх елшілер үшін шектен тыс қарама-қайшылық болды және яһуди халқының басым бөлігі үшін Ол көкке көтеріліп кеткеннен кейін де сол күйінде қалды.
Бір кездері Оксфорд университетінде Септуагинт жайында лекциялар оқыған Альфред Эдерсгейм «Мәсіхті Өзінің тұсында бәрінен де жаман қабылдады» деген әділетті байлам жасайды.
Егерде күткен нәрсесі шындыққа сәйкес келмейтін болса, адамдардың оны қабылдауы қиынға түседі. Елшілердің Мәсіхке деген қатынастарының қандай болғанын біз Жаңа Өсиеттен жақсы байқаймыз. Олар Оның бойындағының бәрін өздері күткен Құтқарушымен байланыстырды.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Иса азап шегу үшін Иерусалимге баратынын алдын ала айтқанына мүлдем назар аудармаған Жақып пен Жохан Оның Патшалығында өздеріне оң және сол жағынан орын беруін сұрады (Марқа 10:32–38).
Олар қандай Құтқарушы туралы ойлады: азап шегуші ме, әлде, айқышқа керілген бе? Жоқ. Олар Исаны саяси көсем ретінде елестетті. Ол шәкірттеріне Оның мақсатын дұрыс түсінбегендерін айтты; олар өздерінің нені сұрап тұрғандарын білген жоқ. Өзінің азап шегетіні және айқышқа керілетіні жайлы айқын айтқанына қарамастан, елшілер үшін бұл ойдың соншалықты жат болғаны сондай, олар Оны түсіне алмады (Лұқа 18:31–34). Өздерінің алған тәрбиелеріне және Құтқарушы туралы кең таралған түсініктерге сәйкес, олар өздерін жақсы бір нәрсе күтеді деп ойлады. Бірақ оларды Ғолғота күтіп тұрды. Иса — олардың Құтқарушысы деген барша үміт айқышта өлді. Исамен өткізген жылдарының бекерге кеткеніне сенімді олар үйлеріне оралды.
Фуллер дін семинариясының Жаңа Өсиет профессоры, доктор Джордж Элдон Лэдд былай деп жазады:
Исаны тұтқынға алған кезде шәкірттерінің Оны тастап кетуінің тағы бір себебі мынау. Олардың дұшпандарын тізе бүктіретін жеңімпаз-Құтқарушы туралы түсінікке беріліп кеткендері сондай, Оның таяқ астында қаны ағып жатқанын, Пилаттың алдында дәрменсіз тұтқын болып тұрғанын, Оны қарапайым қылмыскерге ұқсатып айқышқа шегелегенін көрген кезде шәкірттердің Құтқарушы ретіндегі Исаға деген үміттері өшті. Біздің өзіміз тыңдауды қалаған нәрселерімізді ғана еститініміз дәлелденген психологиялық факт. Өзінің азап шегетіні туралы Исаның алдын ала айтқандарын олар қабылдамады. Оның ескертулеріне қарамастан, шәкірттер бұған дайын болмай шықты.
Бірақ Иса айқышқа керілгеннен кейін арада бірнеше апта өткенде, бұрынғы күмәнданғандарына қарамастан, шәкірттер Иерусалимде Исаны Құтқарушы Құдай деп жариялап жүрді. Бұл өзгерістің жалғыз қисынды себебін мен 1 Қорынт. 15:5-аятынан оқимын: «Ол Кефаға (яғни Петірге), содан кейін он екі елшінің бәріне көрінді».
Яһудилердің ұлттық сезімдері оларды Құтқарушыны өз халықтарының құтқарылуы үшін күтуге итермеледі. Бірақ Құтқарушы бүкіл адамзатты күнәнің мәңгілік салдарынан құтқару үшін келді. |
Көңілдері қалған шәкірттерді айқышқа керілген Құтқарушы үшін азапты өлімге баруға басқа не нәрсе мәжбүрлей алар еді? Иса «азапталып өлгеннен кейін оларға адам сенетін көп дәлелдер арқылы Өзінің тірі екенін көрсетті: қырық күн бойы елшілеріне көрініп, Құдай Патшалығы туралы айтып жүрді» (Ел. іст. 1:3).
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Бұл адамдар Исаның құтқарушы рөлі туралы шындықты білді. Яһудилер оны дұрыс түсінбеді. Олардың ұлтсүйгіштік сезімдері Құтқарушыны өз халықтарының азат болуы үшін күтуге итермеледі. Бірақ Құтқарушы бір халықты ғана емес, бүкіл адамзатты күнәнің мәңгілік салдарынан құтқару үшін келді. Олардың түсіну шеңберлері тым тар болды. Сөйтіп, кенет олар барша шындықты көрді. Тек Мәсіх қайта тірілгеннен кейін, Оны көргенде ғана Исаның шын мәнінде де — Құтқарушы екеніне олардың көздері жетті. Бұл туралы олар өз сөздері мен өмірлері ғана емес, өлімге барулары арқылы куәлік етті.
9-тарау
Сіз Саулмен не болғаны туралы білесіз бе?
Көптеген университеттерде лекциялар оқып жүрген мәсіхші досым Джек бірде студенттердің ол үшін «университет атеистімен» ашық пікірталас ұйымдастырып қойғаны жайында біледі. Оның қарсыласы сөзге шешен пәлсапа профессоры және мәсіхшіліктің қас жауы болатын. Джек бірінші болып сөйлеуге тиіс болады. Ол Исаның қайта тірілуі жайында бірнеше айғақтарды келтіреді, Пауылдың жолдауы туралы айтады және университетте оқып жүрген кезінде Мәсіхтің өз өмірін қалай өзгерткені жайында әңгімелеп береді.
Сөз кезегі профессорға келген кезде оның қобалжып тұрғаны анық байқалады. Қайта тірілуді айғақтайтын дәлелдерді де, Джектің жеке куәлігін де теріске шығара алмаған ол Пауылдың мәсіхшілерге арнаған жолдауын сынай жөнеледі. Ол «адамдардың психологиялық тұрғыдан өздері қарсы күресіп жатқан іске беріліп кететіндері сондай, нәтижесінде соның жағына шығып кететінін» айтады.
Сонда менің досым сыпайы күлімсіреп: «Сіздің сақ болғаныңыз жөн, әйтпесе мәсіхші болып кетуіңіз мүмкін», — дейді.
Елші Пауылдың тарихы — мәсіхшіліктің шынайылығы жайлы куәліктердің ең салмақтыларының бірі. Алғашқы мәсіхшіліктің ең қас жауларының бірі болған тарстық Саул жаңа қозғалыстың ең ынталы, ең беделді қорғаушысы — елші Пауылға айналды. Пауыл нағыз яһуди, діни көсем болды. Ол Тарс қаласында дүниеге келді және оның сол замандағы ең жоғарғы білімді алуға мүмкіндігі болды. Тарс өзінің стоиктік пәлсапасымен және мәдениетімен белгілі білімділердің қаласы болды. Грек жағырапияшысы Страбон Тарсты оның тұрғындарының білім алу мен пәлсапаға деген қызығушылықтары үшін мақтайды. Саулдың Иса туралы көзқарасы Онымен болған кездесуден кейін түбегейлі өзгерді.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Әкесі секілді, Пауылдың да римдік азаматтығы болды, ал бұл үлкен артықшылық болып табылатын. Сірә, ол эллинистік мәдениет пен пікірмен жақсы таныс болғанға ұқсайды. Ол грек тілін тамаша меңгерді және жоғары диалектикалық шеберлік көрсетті. Ол аса белгілі емес ақындар мен пәлсапашылардың еңбектерінен жиі үзінділер келтіретін. Уағыздарының бірінде Пауыл Епименидке, Арат пен Клеанфқа сілтеме жасайды: «Себебі, Оның арқасында біз өмір сүріп, әрекет етіп жүрміз. Сол сияқты кейбір ақындарың да: «Біз Оның ұрпағымыз», — деген (Ел. іст. 17:28). Өзінің жолдауында Пауыл Менандрдан үзінді келтіреді: «Мұндайларға алданып қалмаңдар! «Араммен араласқан жан адал әдетінен айырылады» (1 Қорынт. 15:33). Кейінірек Титке жазған хатында Пауыл тағы да Епименидтен үзінді келтіреді: «Криттіктердің біреуі, өздерінің пайғамбары: «Криттіктер — әрдайым өтірікшілер, зиянды хайуандар, еріншек мекшкейлер», — деген» (Тит. 1:12).
Пауылдың білімі яһудилік болды, оны қатаң түрде парызшылдық ілімге үйретті. Шамамен он төрт жасқа толғанда оны сол заманның ең ұлы ұстаздарының бірі, Гиллелдің немересі Гамалиилға оқуға жіберді. Пауыл өзінің ғана парызшыл емес, парызшылдар әулетінен де екенін айтты (Ел. іст. 23:6). Ол «мен яһуди дінін ұстануда ұлтымның ішіндегі көптеген құрдастарымнан озып, ата-бабаларымыздан мирас қалған салт-дәстүрлердің қызғыштай қорғаушысы болдым» (Ғалат. 1:14), — деп мақтана алды.
Пауылдың жолдауын түсіну үшін, алдымен оның неліктен мәсіхшілерге соншалықты қарсы болғанын анықтап алу қажет. Пауылдың дәл яһуди заңдарына деген адалдығы оның Мәсіхке және алғашқы қауымға деген жеккөрушілігін тудырды. Француздың Жаңа Өсиет зерттеушісі Жак Дюпон
Пауылды мәсіхшілердің жолдауындағы Иса туралы хабар емес, Оған заңды құтқарушы күшінен айыратын Құтқарушының рөлі берілгені ашуландырғанын айтады. Құтқарылуда заңға маңызды рөльді берген Пауыл мәсіхшілікке үзілді-кесілді қарсы болды.
Британ энциклопедиясы мүшелері өздерін мәсіхшілерміз деп атайтын яһудизмнің жаңа ілімі Пауылдың яһудилік тәрбиесінің мәніне нұқсан келтіргенін айтады. Оның басты тілегі осы қауымның көзін құрту болды (Ғалат. 1:13). Сондықтан Пауыл мәсіхшілерді қатты қуғынға ұшыратты (Ел. іст. 26:9–11). Ол мақсатты түрде қауымға қырғидай тие бастады (Ел. іст. 8:3). Дамаскіге ол Исаның жолын қуушыларды тұтқындап, оларды соттауға құқық беретін құжатты алып аттанып бара жатты.
Сол жолда онымен бір жағдай болды.
Ал Иеміздің жолын қуушыларға қарсы өлтірем деген қоқан-лоқысы мен қаскөйлігін әлі де үдеткен Саул бас діни қызметкерге жолығып, Дамаск қаласындағы мәжілісханаларына арнап хат жазуын сұрады; сол жерден еркек болсын, әйел болсын Исаның жолына түскендерді тапса бұғаулап, Иерусалимге алып келмекші еді.
Осы ниетпен кетіп бара жатып, Дамаскіге жақындап қалғанда, оған көктен түскен бір жарық кенеттен нұрын төгіп жіберді. Саул жерге құлап түсіп, «Саул, Саул! Неге Мені қудалайсың?» — деген дауысты естіді.
Саул: «Сен кімсің, Ием?» — деп сұрады.
Ол: «Мен сен қудалап жүрген Исамын! Тұр да, қалаға бар! Не істеуге тиіс екенің саған сол жерде айтылады!» — деді.
Саулдың сапарлас жігіттері үндемей тұрып қалды, себебі олар бір дауысты естігендей болғанмен ешкімді көрмеді. Саул түрегеліп, көзін ашқанда, еш нәрсе көре алмады. Сондықтан оны Дамаскіге дейін қолынан ұстап, жетектеп барды. Ол үш күн бойы көзі көрмей қалып, тамақ та ішіп-жемеді.
Сол кезде Дамскіде Исаның жолын қуушы Анани есімді кісі тұратын. Иеміз оған аян беріп: «Анани!» — деді.
Ол: «Тыңдап тұрмын, Ием!» — деді.
«Тұр да, Түзу даңғыл деп аталатын көшеге бар, сол жерде Яһуданың үйінен тарстық Саул деген кісіні сұра! Қазір ол Тәңірге сиынып жатыр. Мен оған Анани есімді біреудің кіріп келіп, көзін ашу үшін үстіне қолын қойғанын көз алдына елестетіп, аян бердім», — деді Иеміз (Ел. іст. 9:1–12).
Өздерін мәсіхшілерміз деп атайтын яһудизмнің жаңа ілімі Пауылдың яһудилік тәрбиесінің мәніне нұқсан келтіргенін айтады. |
Әрі қарай оқығанда сіз мәсіхшілердің Пауылдан не үшін қорыққандарын түсіне бастайсыз.
Бірақ Анани: «Ием, талайлардан осы кісі Иерусалимде Сенің халқыңа қанша көп жамандық істегені туралы хабар алдым. Ол басты діни қызметкерлерден Сенің атыңа сиынғандардың бәрін осы жерде де тұтқындауға өкілеттік алыпты», — деп жауап берді.
Бірақ Иеміз оған: «Бар! Ол — Менің атымды басқа ұлттарға, патшаларға және Исраил халқына жариялау үшін таңдап алған қызметшім. Ал Менің атыма бола қаншама азап шегуге тиіс екенін Мен оған білдіремін», — деп айтты.
Анани жолға шығып, әлгі үйге кірді. Саулдың үстіне қолын қойып: «Бауырласым Саул, саған жолшыбай келе жатқанда аян берген Иеміз Исаның Өзі көзің қайтадан көрсін, сен Киелі Рухқа кенелсін деп мені жіберді», — деді. Сол сәтте-ақ көзінен перде алынғандай, көре бастады. Орнынан тұрып, шомылдыру рәсімінен өтті де, тамақ ішіп, күшіне қайта енді (Ел. іст. 9:13–19).
Басынан өткен осы жағдайдан кейін Пауыл өзін қайта тірілген Мәсіхтің куәгерімін деп есептей бастады. Кейіннен ол: «Иеміз Исаны өз көзіммен көрдім емес пе?» — деп жазды (1 Қорынт. 9:1). Ол Мәсіхтің өзіне көрінуін қайта тірілгеннен кейін Оның елшілеріне көрінуімен теңеді. «Бәрінен кейін, дер кезінде жаңа өмірге дайын болмаған мен де Мәсіхті өз көзіммен көрдім» (1 Қорынт. 15:8).
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Пауыл Исаны көріп қана қойған жоқ, ол осы көрініске қарсы тұра алмады. Ізгі хабарды ол осыны қалағандықтан емес, басқаша істей алмағандықтан уағыздай бастады. «Ал Ізгі хабарды уағыздап жүргенімнің өзі мақтануыма себеп бола алмайды, ол борышты міндетім» (1 Қорынт. 9:16).
Пауылдың Исамен кездесуі мен Оның айтқан сөздерінің кенеттен болғанына назар аударыңыз. «...Кенет көктен көз қарықтырар нұр сәулесін шашып жіберді» (Ел. іст. 22:6). Пауыл оның кім екенін білген жоқ. Көктен шыққан дауыс Өзінің Назареттік Иса екенін айтқанда Пауыл қатты таңданып, дірілдеп кетті.
Біз Пауылдың Дамаскіге бара жатқан жолдағы Исамен кездесуінде болған жайттарды бүге-шігесіне дейін білмейміз, бірақ біздің білетініміз — бұл оның өмірін түбегейлі өзгертті.
Біз Пауылдың Дамаскіге бара жатқан жолдағы Исамен кездесуінде болған жайттарды бүге-шігесіне дейін білмейміз, бірақ біздің білетініміз — бұл оның өмірін түбегейлі өзгертті. |
Оның ой-өрісі өзгерді. Парызшылдардың құтқарушы туралы басқаша көзқараста екеніне қарамастан, болған жағдай оны Исаның Құтқарушы екенін мойындауға мәжбүр етті. Мәсіх туралы жаңа көзқарас Пауылдың дүние танымындағы толықтай өзгерісті білдіретін.
Жак Дюпон Пауылдың бұрын «айқышқа керілгеннің Құтқарушы болуы мүмкін екенін мүлде теріске шығарғанын, ал енді Исаның шын мәніндегі Құтқарушы екенін түсінгенін және бұл оның көзқарасын түбегейлі өзгеріске ұшыратқанын» айтады.
Сондай-ақ Пауыл енді Құдайдың жазасы секілді болып көрінген Мәсіхтің айқыштағы өлімі шын мәнінде Құдайды Мәсіх арқылы осы дүниемен татуластырғанын түсіне алатын. Пауыл Мәсіхтің айқыштағы өлімі арқылы біздің күнәларымыздың қарғысын Өзіне алғанын (Ғалат. 3:13) және Құдайдың біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артқанын, сол арқылы адамдардың Тәңір алдында ақталғанын (2 Қорынт. 5:21) түсінді. Енді Мәсіхтің өлімі Пауыл үшін жеңіліс емес, оны қайта тірілу толықтырған ұлы жеңіске айналды. Айқыш енді кедергі тас емес, Құдайдың құн өтеуінің мәніне айналды. Пауылдың уағыздарының мәнін Құтқарушы Мәсіхтің азап шегіп, өліп, одан қайта тірілуге тиіс екенінің және ол уағыздап жүрген Иса — Мәсіхтің Өзі (Ел. іст. 17:3) екенінің дәлелі ретінде тұжырымдауға болады.
Мәсіхтің өлімі Пауыл үшін жеңіліс емес, оны қайта тірілу толықтырған ұлы жеңіске айналды. Айқыш енді кедергі тас емес, Құдайдың құн өтеуінің мәніне айналды. |
Тарихшы Филип Шафф былай дейді:
Пауылдың бет бұруы — бұл тек оның өміріндегі ғана өзгеріс кезеңі емес, сондай-ақ елшілер қауымы тарихындағы, яғни, бүкіл адамзат тарихындағы маңызды дәуірдің басталуы. Бұл Киелі Рух түскен күнгі кереметтен кейінгі ең жемісті оқиға болды және мәсіхшіліктің жалпы жеңісіне үлкен үлес қосты.
Хьюстон университетіндегі түскі аста бір студентпен бірге отырдым. Біз мәсіхшілік жайлы әңгімелесіп отырдық, сол кезде ол бізде мәсіхшілік пен Мәсіхтің бар екенін дәлелдейтін тарихи айғақтардың жоқ екенін айтты.
Мен одан неге бұлай ойлайтынын сұрадым. Ол тарихты зерттепті және оның оқыған еңбектерінің бірі елші Пауыл мен мәсіхшілік туралы да айтылатын Римнің тарихы туралы кітап болыпты. Ол Тарстық Саулдың өмірін бейнелеумен басталып, елші Пауылдың өмірін суреттеумен аяқталатын тарауын оқып шығыпты. Онда осы екі аралықта не болғаны және осындай түбегейлі өзгеріске не нәрсенің себеп болғаны белгісіз екені айтылады. Мен елшілердің кітабын ашып, Мәсіхтің Пауылға қалай көрінгенін түсіндіріп бердім. Сонда студент мұның Пауылдың күрт өзгеруінің ең қисынды түсіндірмесі екенін түсінді. Бұл жас жігіт үшін бас қатырғыштың жетіспей тұрған бөлшегі өз орнына келіп тұрды. Кейіннен ол Мәсіх жолына түсті.
Квинс дін колледжінің бұрынғы директоры Элиас Эндрюс былай дейді:
Парызшылдардың ішіндегі ең парызшылдың» осылай күрт өзгеруін көптеген адамдар ол бет бұрған сенімнің шынайылығы мен күшінің және Мәсіхтің Тұлғасының кереметтігі мен құндылығының айқын айғағы деп есептейді.
Абердин университетінің профессоры Арчибальд Макбрайд Пауыл туралы былай деп жазады: «Оның жетістіктерімен салыстырғанда... Ескендір мен Наполеонның жетістіктері түкке тұрғысыз болып көрінеді». Алғашқы қауым ғалымы Климент Александрийский Пауылдың «жеті рет бұғауланғанын; Шығыс пен Батыста уағыз жүргізгенін; Батыстың шетіне дейін жетіп, ел басқарушылардың қолынан азапты өліммен өлгенін» айтады.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Пауыл қайта тірілген, тірі Исаның өз өмірін қайта жаңартқанын қайта-қайта айтады. Оның Мәсіхтің қайта тірілгендігіне сенімді болғаны сондай, өзі де сенімі үшін азапты өліммен өлді.
Жоғары білімді Оксфордтық екі дос, жазушы Джилберт Уэст пен мемлекет қайраткері лорд Джордж Литтлтон мәсіхшілік негізінің іргесін шайқалтуға бел байлады. Уэст қайта тірілудің шындыққа жанаспайтынын, ал Литтлтон тарстық Саулдың мәсіхшілікке бет бұрмағанын дәлелдемек болды. Нәтижесінде екеуі де бұған мүлде қарама-қайшы қорытындыға келіп, ынталы мәсіхшілерге айналды. Лорд Литтлтон былай деп жазады: «Егер жақсылап зерттейтін болсақ, онда Пауылдың бет бұруы мен елшілігінің өзі ғана мәсіхшіліктің Құдайдан екенінің жеткілікті айғағы болып табылады». Ал егер Пауылдың Мәсіхке жиырма бес жыл жасаған қызметі мен тартқан азабы шынайы болса, онда оның бет бұруы да шындық, себебі оның істегендерінің бәрі аяқ астынан болған өзгерістен басталды деген ұйғарым жасайды. Ал егер оның бет бұрғаны шындық болса, онда Иса өліден қайта тірілді, өзінің кім болғанын және не істегендерінің бәрін Пауыл қайта тірілген Мәсіхті көргендігімен түсіндіреді.
10-тарау
Әділетті адам қайта тіріле ала ма?
Уругвай университетінің бір студенті менен: «Профессор Макдауэлл, сіз неге мәсіхшілікті теріске шығарудың жолын таба алмадыңыз?» — деп сұрады. Мен оған: «Оның себебі қарапайым: мен Исаның қайта тірілуінің — тарихи шынайы дерек емес екенінің айғағын таба алмадым», — деп жауап бердім.
Мен осы тақырыпты зерттеуге 700 сағаттан артық уақытымды жұмсадым. Оның негізін мұқият зерттей келе, мен Иса Мәсіхтің қайта тірілуі — бұл не адамзат тарихындағы ең күнәһар, ең аяусыз алдаудың бірі немесе осы тарихтың ең маңызды дерегі деген шешімге келдім.
Қайта тірілу: «Мәсіхшіліктің мәні бар ма?» — деген сұрақты пәлсапа саласынан тарихи салаға алып шығады. Мәсіхшіліктің тарихи берік негізі бар ма? Біздің қайта тірілуге сенуге айғақтарымыз жеткілікті ме?
Осы сұраққа қатысты қиындықтар мен дәлелдемелердің кейбіреулері мыналар: Яһудилік Пайғамбар, Өзін яһудилердің Жазбасында алдын ала айтылған Мәсіхпін деп атаған Назареттік Иса тұтқынға алынып, саяси қылмыскер ретінде сотталды және айқышқа керілді. Ол өліп, жерленгеннен кейін арада үш күн өткенде бірнеше әйел Оның қабіріне барып, ол жерде Мәсіхтің денесінің жоқ екенін көрді. Мәсіхтің шәкірттері Құдайдың Оны өліден қайта тірілтіп алғанын және Оның көкке көтеріліп кетуден бұрын өздеріне бірнеше мәрте көрінгенін мәлімдеді.
Иса Мәсіхтің қайта тірілуі — бұл не адамзат тарихындағы ең күнәһар, ең аяусыз алдаудың бірі немесе осы тарихтың ең маңызды дерегі. |
Осы негіздегі мәсіхшілік бүкіл Рим империясына таралды және келесі ғасырлардың бәрінде әлемге орасан зор әсерін тигізуін жалғастыра берді. Міне, маңызды сұрақ: қайта тірілу шын мәнінде болды ма?
Исаның өлімі және қабірге қойылуы
Исаны өлім жазасына кескеннен кейін, Оның киімдерін шешіп алып, римдіктердің дәстүрі бойынша айқыштың алдында дүре соқты.
Майами университетінде дәрігердің және Англиядағы Бристоль университетінде инженер дипломын алған Александр Метерелл римдіктердің Мәсіхке қалай дүре соққанын мұқият зерттеп шықты. Оның қалай болғанын ол былайша түсіндіреді:
Жасақшылар арасына темір түйіршіктері салынып, қайыстан өрілген қамшыны қолданды. Қамшы денеге тиген кезде әлгі темір түйіршіктері тиген жер қанталап кетеді, ал қайталап ұрғанда ол жерлердің ашық жараға айналуы мүмкін болатын. Қамшыға сондай-ақ денеге кіріп кететін сүйектің сынықтарын да қосып өретін.
Әдетте дүре соғылған адамның арқасы тілім-тілім болып кететін. Қамшы арқадан бастап жамбасқа дейін және аяқтың артқы жақтарына тиетін. Бұл сұмдық көрініс еді.
Римдіктердің дүре соғуын зерттеген бір дәрігер былай дейді: «Егер дүре ұзаққа созылса, онда бұлшық еттер тілініп, жалбырап қалады». ІІІ-ғасыр тарихшысы Евсевий дүре соғуды былай суреттейді: «Бейшараның тамырлары жалаңаштанып, еттері, сіңірлері мен ішек-қарны көрініп тұрады.
Біз көптеген адамдардың айқышқа жетпей-ақ өліп қалғандарын білеміз. Қайткен күнде де, құрбандық қатты азап шегіп, есінен тануға тиіс болатын».
Дүре соғудың қатігездігі мен одан кейін болатын айқышқа керуді назарда ұстайтын болсақ, онда Исаның өлімін дәлелденген тарихи дерек деп есептеуге болады. Міне, сондықтан да Джон Доминик Кроссен «тарихи оқиға қаншалықты дәрежеде күмәнсіз бола алатын болса» Исаның айқыштағы өлімінің де соншалықты күмәнсіз екенін айтады.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Яһудилердің жерлеу рәсіміне сәйкес Исаның денесі бәтес матаға оралды. Денені ораған кезде 45 килограмм шамасында хош иісті май жұмсалды (Жохан 19:39). Содан соң мәйітті жартастан ойылып жасалған қабірге қойып, оның аузын тұтқалардың көмегімен әкелінген, салмағы екі тоннаға жуық болатын үлкен таспен бекітіп қойды (Матай 27:60).
Қабірдің есігінің алдына тәртіпке аса мойынсұнатын римдіктерден күзетшілер қойылды. Жаза тартудан қорыққан бұл адамдар «өз міндеттерін әсіресе түнгі күзет кезінде мінсіз атқаруға тырысты».
Қабірдің шығар аузын Рим билігінің белгісі болып табылатын мөрмен бекітіп тастады. Мөр қабірге кіруге талпынуы мүмкін адамдар үшін қойылды. Олар ішке кірмекші болып тасты қозғалтқанда мөрді бұзып, рим заңы бойынша жаза тартуға тиіс еді.
Бірақ, күзет пен мөрге қарамастан, қабір бос болып шықты.
Бос қалған қабір
Исаның жолын қуушылар Оның өлімнен қайта тірілгенін мәлімдеді. Олар Мәсіхтің өздеріне қырық күн бойы көрініп, көптеген дәлелдер көрсеткенін айтты (мысалы, Ел. іст. 1:3). Елші Пауыл Исаның бірден 500-ден астам адамға көрінгенін айтады. Ол кезде олардың көпшілігі әлі тірі болатын және оның сөздерін растай алатын еді (1 Қорынт. 15:3-8).
Кентерберия архиепископы Артур Майкл Рэмси былай деп жазды: «Бір жағынан, менің қайта тірілуге сенетін себебім, егер ол болмаса, онда кейбір деректер мүмкін болмас еді». Бос қалған қабір «оны теріске шығару үшін тым белгілі дерек болатын». Неміс зерттеушісі Поль Альтхаус: «Егер оған қызығушылық танытқандардың бәрі көздерін жеткізген бос қалған қабір болмаса, онда қайта тірілу туралы хабарға Иерусалимде бір сәтке де ешкім сенбес еді», — дейді.
Пол Л. Майер мынандай шешімге келеді:
Егер барлық айғақтарды мұқият және әділ таразылайтын болсақ, онда тарихи зерттеулердің канондарына сәйкес, Исаның денесі қойылған қабір Құтқарылу мейрамының алғашқы күні шындығында да бос қалған деген байлам жасауға әбден болады. Әдеби деректерде, эпиграфтар мен археологияда мұны теріске шығаратындай ешқандай дерек жоқ.
Қабірдің бос қалуын қалай түсіндіре аламыз?
Салмақты тарихи айғақтарға сүйене отырып, мәсіхшілер Исаның Құдайдың құдіретімен нақты орында және нақты уақытта қайта тірілгеніне сенеді. Мүмкін, бұған сену қиын шығар, бірақ, егер бұған сенбейтін болсақ, онда одан да өткен қиындықтар туындайды.
Қайта тірілуден кейін қабірдің қандай жағдайда болғаны маңызды. Римдік мөр бұзылған, яғни, бұл оны бұзған адамның айқышқа керілетінін білдіретін. Есікке қойылған тас қозғалтылып қана қоймай, біреу көтеріп апарып тастағандай аулақта тұр. Күзетшілер қашып кеткен. Батыс Рим императоры Юстиниан өзінің кодексінде, 49:16, рим жасақшыларын сол үшін өлімге кесетін он сегіз қылмыс түрін анықтайды. Олардың арасында — күзетте ұйықтау немесе күзет орнынан өз бетімен кетіп қалу да бар.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Қабірдің басына келген әйелдер оның бос қалғанын көрді. Қорқып кеткен олар шәкірттерге жүгіріп келіп, оларға болған жайды айтып берді. Петір мен Жохан қабір басына жүгіріп келді. Жохан бірінші болып жетті, бірақ ішіне кірген жоқ. Ішке көз салған ол мәйітті ораған кебіннің жерде жатқанын көрді. Мәсіхтің денесі кебінді тастап, жаңа тіршілік кешті. Мұндай нәрсені көрген әркімнің де сенушіге айналатынын мойындайық.
Қайта тірілу туралы басқа да тұжырымдар
Көптеген адамдар қайта тірілу туралы басқа тұжырымдар жасап, оны солардың көмегімен түсіндіруге тырысады. Бірақ, олар мәсіхшілердің мәлімдемелеріне қарағанда тым сенімсіз және қисынға келмейді, сондықтан мұндай мәлімдемелердің сенімсіздігі қайта тірілуге деген сенімді нығайта түседі.
Кирсопп Лэйком ұсынған тұжырымдама қабірдің бос қалғанын хабарлаған әйелдердің шатасып басқа қабірге барғандарын айтады. Ондай жағдайда олардың сөздерінің растығын тексеруге барған шәкірттер де басқа қабірге барған болып шығады. Бірақ біз денені ешкімнің ұрлап әкетпеуі үшін қабірдің алдына күзет қоюды бұйырға яһуди көсемдерінің де, және сонда тұрған рим жасақшыларының да шатасуы мүмкін емес деп ойлаймыз. Егер шәкірттер қабірден шатасқан болса, онда яһуди көсемдері «дұрыс» қабірдегі денені көрсетіп, қайта тірілу туралы әңгімеге мәңгілікке нүкте қойған болар еді.
Мәсіхшілер Исаның Құдайдың құдіретімен нақты орында және нақты уақытта қайта тірілгеніне сенеді. Мүмкін, бұған сену қиын шығар, бірақ, егер бұған сенбейтін болсақ, онда одан да өткен қиындықтар туындайды. |
Қайта тірілуді түсіндірудің тағы бір түрі Исаның қайта тірілгеннен кейін шәкірттеріне көрінуі — бұл тек оларға солай болып елестеген дегенді айтады. Бұл тұжырым елестерді басқаратын психологиялық заңдарға қайшы келеді. Бес жүз адамға бірдей бір елестің қырық күн бойы көрінуі мүмкін емес. Елес туралы тұжырым сондай-ақ тарихи жағдайлар мен елшілердің ақыл-ой жағдайларына сәйкес келмейді.
Сонымен, Исаның денесі қайда болды және мәсіхшілердің қарсыластары оны неге көрсете алмады?
ХІХ-ғасырлық неміс рационалист-бағушысы Карл Вентурини естен тану туралы тұжырымды қозғады. Бұдан бірнеше ғасыр бұрын пайда болған бұл тұжырым бізге қазіргі күндері де ұсынылып келеді. Бұл тұжырым Иса шын мәнінде өлмеген; Ол қанды көп жоғалтқандықтан және қатты әлсірегендіктен жай ғана есінен танып қалған дегенді айтады. Бәрі Оны өліп қалды деп ойлады, бірақ ол кейін есін жинап, тұрып кетті, ал шәкірттері Оны қайта тірілді деп ойлады.
Өзі қайта тірілуге сенбейтін неміс зерттеушісі Давид Фридрих Штраусс Исаның есінен танып қалып, кейін есін жиюы мүмкін деген ойды теріске шығарады:
Өлім аузында жерленген адамның қабірден шығып кетуі және әлсіз, әбден шаршаған, емдеу мен көмекке мұқтаж, әлі де азап шегіп тұрған адамның шәкірттеріне өлімді Жеңуші, өмірдің Қожайыны ретінде көрініп, кейіннен олардың ілімдеріне негіз болған әсерді беруі мүмкін емес. Мұндай «қайта тірілу» Оның шәкірттерінің алдындағы бұрынғы беделін әлсірететін еді; ең жақсы дегенде, олар бұл жайлы аяушылықпен айтқан болар еді және бұл олардың қайғыларын қуанышқа, ал құрметтеулерін — табынуға айналдыра алмас еді.
Тағы бір тұжырым Исаның денесін күзетшілер ұйықтап қалған кезде, шәкірттері ұрлап әкетті дегенді айтады. Бұған қарсы салмақты айғақ — шәкірттердің еңселері түсіп, қорқып қалғандары. Олар кенеттен соншалықты батылданып, таңдаулы жасақшылар күзетіп тұрған қабірден денені ұрлап әкетті деген болжам жасай аламыз ба? Ол кезде олардың мұндай әрекетке баратын шамалары болған жоқ.
Шәкірттердің Мәсіхтің денесін ұрлап әкету мүмкіндігін қарастырған Дж. Н. Д. Андерсон былай деп мәлімдеді:
Бұл біздің олар жайлы білетіндеріміздің бәріне: олардың этикалық білімдеріне, өмірлік ұстанымдарына, олардың азап шегу мен қуғын көрудің алдындағы беріктіктеріне қайшы болар еді. Сондай-ақ бұл олардың қоғамнан шеттетіліп, өмірден күдерлерін үзген қашқындардан тайсалмас батыл куәгерлерге қалай айналғандарын да түсіндіре алмайды.
Тағы бір тұжырым римдіктер және яһуди көсемдері Мәсіхтің денесін қабірден алып тастады дегенді айтады. Бұл түсіндірме Оның денесін шәкірттері ұрлап әкетті дегеннен гөрі шындыққа жанасатындай болып көрінеді. Бірақ дене көсемдердің қолдарында болса немесе оның қайда екенін білсе, онда неге олар денені басқа жаққа апарып қойғандарын айтып, Иерусалимде қайта тірілу туралы уағыз айтып жүрген шәкірттерді неге тоқтатпады? Егер көсемдер денені алып кеткен болса, оны қайда жібергендерін неге түсіндірмеді? Неге олар денені арбаға салып, Иерусалим көшелерімен алып жүрмеді? Бұл мәсіхшілікті мүлдем жойған болар еді.
Егер көсемдер денені алып кеткен болса, оны қайда жібергендерін неге түсіндірмеді? Неге олар денені арбаға салып, Иерусалим көшелерімен алып жүрмеді? Бұл мәсіхшілікті мүлдем жойған болар еді. |
Доктор Джон Уорвик Монтгомери былай дейді:
Алғашқы мәсіхшілердің Мәсіхтің денесін көрсету арқылы оп-оңай жоққа шығаратын нәрсені ойлап тауып, оны уағыздаулары ойға сыймайтын нәрсе.
Өзінің «Бос қалған қабір» атты кітабында Джеффри Джей Лоудер мынандай қызықты болжам жасайды: Исаның денесі жұма күні Ариматеялық Жүсіптің қабіріне уақытша қойылып, содан кейін басқа қабірге жерленген. Исаның қабірі Ол қайта тіріліп кеткендіктен емес, Оның денесін басқа қабірге ауыстырып қойғандықтан бос қалған. Яғни, шәкірттері Оны қайта тіріліп кетті деп ойлаған. Бұл болжам Ғаламторда жеткілікті дәрежеде кең таралған.
«Ауыстырып қою болжамын» ертедегі Палестинада мұның кең тарағаны да қолдайды. Бірақ яһудилердің денені ауыстырып жерлеулері осы тұжырымдағы ұстанымнан бөлек қолданғанын атай кетудің маңызы зор. Яһудилер денені бір жылға қабірге қойып, дененің еті шіріп, тек сүйектері ғана қалғанда ауыстырып жерлеген.
Исаның денесінің ауыстырып жерленгені туралы ешқандай тарихи айғақтар жоқ, киелікітаптық та, киелікітаптың емес дерек көздерінде де ол туралы ештеңе айтылмайды. Марқа 16:6-аятындағы қабір алдында тұрған ақ киімді жас жігіттің: «Ол мұнда жоқ, қайта тіріліп кетті», — деуі бұл пікірді жоққа шығарады.
Бірақ ауыстырып жерлеу болжамына қатысты маңызды бір мәселе бар. Доктор Майкл Лайкона былай дейді:
Егер ауыстырып жерлеу туралы болжам шындық болатын болса, ең жақсы дегенде ол тек қабірдің бос қалғанын ғана түсіндіре алар еді. Бос қалған қабірдің, мүмкін, Жоханнан өзге шәкірттерді Исаның қайта тірілгеніне сендіре алмағаны қызық. Оларды тек жерлеу Исаның көрінуі ғана сендіре алды.
Егерде Исаның денесі жай ғана ауыстырып жерленсе, онда шәкірттер қайта тірілу туралы мәлімдеген кезде мұны білетіндердің ешқайсысы неге оны көрсетпеді? Билік басындағылар неге денені тауып, мәсіхшілік қозғалыстың жолын кеспеді? Кейбіреулер Исаның денесін тану мүмкін болмаған деген болжам жасайды, бірақ Палестинаның ауа райында мәйіт ұзақ уақыт сақталуға тиіс болатын.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
«Мәсіхшілікте соны ештеңе жоқ» — бұл қазіргі заманғы сыншылардың арасында кең тараған көзқарас. ХІХ-ХХ ғасырлардың аяғында көптеген ғалымдар мәсіхшіліктің негізі грек-рим мистерияларынан алынған дегенге сенді. Олар үшін Иса Осирис, Митра, Адонис пен Дионис секілді кезекті «өліп және қайта тірілген» құдайлардың бірі ғана болды. Бұл тұжырымның Ғаламторда және белгілі әдебиеттерде кең таралғанына қарамастан, қазіргі заманның ғалымдары оны теріске шығарады. Неге дейсіз ғой?
Исаның тарихы мен мистериялардың арасындағы қатарластық таңқаларлықтай болып көрінгенімен, мұқият зерттеген кезде олардың арасында айырмашылықтар бар екенін байқауға болады. Мысалы, көптеген ғалымдар Осиристі өліп және қайта тірілетін Ежелгі Мысыр құдайы деп есептейді. Аңыз бойынша, Осиристі Сет өлтірген, ал Исида қайта тірілтіп алған. Бірақ қайта тірілген денесімен өмірге қайта оралудың орнына, Осирис о дүниенің патшасына айналды. Мұны Исаның тарихи қайта тірілу оқиғасына ұқсас деп айтуға мүлде келмейді. Міне, сондықтан да «Иса туралы аңыз» кітабының авторлары Пол Родес Эдди мен Грег Бойд «мәсіхшілік пен мистериялық діннің арасында ұқсастықтардан гөрі айырмашылықтары басым. Ертедегі қауым мен мистериялардың арасында ұқсас атаулар болғаны күмәнсіз, бірақ олардың арасында қатарлас түсініктер аз» деген шешімге келеді.
Исаның тарихынан өзгешелігі, мистериялық діндердің қатарлас тарихтарының айғақтары жоқ. Назареттік Иса тамақ ішті, ұйықтады, кереметтер жасады, өлді және өлімнен қайта тірілді. Мұны нақты тарихи әңгімелер айғақтайды. Мистериялық діндердің өліп және қайта тірілуші құдайлары — жыл мезгілі өзгергенде жыл сайын қайталанып отыратын аңыз әңгімелердің кейіпкерлері.
Жақында Лунда университетінің профессоры Т. Н. Д. Меттингер өліп және қайта тірілетін құдайлар туралы трактат жазды. Өзінің «Қайта тірілудің құпиясы» кітабында Меттингер Көне заманда өліп және қайта тірілетін құдайлар туралы аңыздардың болғанын дәлелдейді. Бірақ оның шығарған қорытындылары мәсіхшілік — осындай аңыздардың бірі деген тұжырымды жоққа шығарады.
Менің білуім бойынша, Исаның өлімі мен қайта тірілуі — қоршаған ортадағы өліп және қайта тірілген құдайлар туралы аңыздарға негізделген дегенді дәлелдейтін ешқандай айғақтар жоқ. Егерде яһудилердің қайта тірілу туралы сенімдерін мұқият зерттейтін болсақ, онда Исаның өлімі мен Оның қайта тірілуі діндер тарихындағы ең ғажайып оқиға болып қала береді. Жұмбақ әлі шешілген жоқ.
«Римнің тарихы» деп аталатын әйгілі үш томдық еңбектің авторы, Оксфорд қазіргі заманғы тарих кафедрасының меңгерушісі, профессор Томас Арнольд тарихи деректерді дәлелдеу үшін куәліктерді қалай пайдалану керек екенін жақсы біледі. Ол былай дейді:
Мен көне замандардың тарихын көп уақыттан бері зерттеп келемін және ол туралы жазған адамдардың куәліктерін зерттеуге, ой таразысынан өткізуге үйренгенмін. Бірақ мен адамзат тарихында мұқият зерттеудің нәтижесінде жан-жақты куәліктер арқылы толықтай дәлелденген Иса Мәсіхтің өлуі мен қайта тірілуі арқылы Құдайдың бізге берген ұлы белгісінен артық дәлелденген өзге ешқандай деректі кездестірген жоқпын.
Ағылшын ғалымы, Кембридж университетінің профессоры Брук Фосс Уэсткотт былай дейді:
Егер барлық куәліктерді назарға алатын болсақ, онда басқа ешқандай тарихи дерек Мәсіхтің қайта тірілуі туралы деректен артық және жан-жақты дәлелденген емес деп айта аламыз. Оны тек оған алдын ала қарсы болып келген жағдайда ғана өтірік деп есептеуге болады.
Доктор Уильям Лэйн Крейг «егер сіз тарихи айғақтардың үйреншікті ережелерін қолданатын болсаңыз... онда деректердің түсіндірмесінің ең жақсысы — бұл Исаны Құдайдың өлімнен қайта тірілткені» деген шешімге келді.
Саймон Гринлиф Американың белгілі заңгерлерінің бірі. Ол Гарвард университетінің атақты заң профессоры және дәл сол университетте Джастис Джозеф Сторидың орнына декан болды. Гринлиф Гарвардтың заң профессоры болып жүрген кезінде елшілердің Мәсіхтің қайта тірілуі туралы куәліктерінің заңдық құндылығы туралы кітап жазды. Онда ол былай дейді: «Егер Иса Мәсіх шындығында да өлімнен қайта тірілмесе және бұған өздерінің көздері жетпесе, онда елшілер мұның шындық екенін айтып қасарыспас еді». Гринлиф соттарда қолданылатын заңнамалық айғақтарға сәйкес, Мәсіхтің қайта тірілуі тарихтағы ең жақсы дәлелденген оқиғалардың бірі деген қорытынды жасады.
Егер Иса Мәсіх шындығында да өлімнен қайта тірілмесе және бұған өздерінің көздері жетпесе, онда елшілер мұның шындық екенін айтып қасарыспас еді. |
Сэр Лайонел Лакхуды адамдар әлемдегі ең мықты қорғаушы деп санайды — ол 245 кісі өлтіруші адамды өлім жазасынан құтқарып қалды. Мәсіхтің қайта тірілуі туралы тарихи деректерді мұқият зерттеп шыққан осы тамаша заңгер: «Егер Иса Мәсіхтің қайта тірілуі жайындағы айғақтардың салмақтылығы сондай, күмәндануға ешқандай орын қалдырмайды десем еш қателеспеймін», — деп мәлімдеді.
Тағы бір ағылшындық заңгер Фрэнк Морисон қайта тірілуді дәлелдейтін айғақтарды теріске шығаруға талпынып көрді. Ол Исаның өмірін ең тамаша өмірлердің бірі болған, бірақ оның қайта тірілгені — аңыз деп есептеді. Ол Исаның өмірінің соңғы күндерін суреттеп беруді жоспарлады. Ал қайта тірілуді, әрине, жоққа шығармақ болды. Ол бұл оқиғаға ақылмен және ұстамдылықпен қарау мұндай жағдайды толықтай теріске шығарады деп шешті. Бірақ деректерге заңгердің көзімен қарай бастаған ол бұл ойынан тез қайтты. Қайта тірілуді теріске шығарудың орнына, ол «Тасты кім алып тастады?» деген белгілі кітабын жазды. Кітаптың бірінші тарауын ол «Жазылғысы келмеген кітап» деп атады. Басқа тарауларда ол Мәсіхтің қайта тірілуі туралы деректердің құндылығын батылдықпен қорғайды.
Джордж Элдон Лэдд мынандай байламға келеді: «Бұл тарихи деректердің ақылға сиятын жалғыз түсіндірмесі —Құдайдың Мәсіхті тәни тірілткендігі». Алғашқы мәсіхшілер секілді, қазіргі күнгі Исаның жолын қуушылар да өз сенімдерінің аңызға емес, қайта тірілген Мәсіх пен бос қалған қабір туралы дәлелденген нақты тарихи айғақтарға негізделгеніне сенімді бола алады.
Белгілі профессор, Либерти университетінің пәлсапа және Құдай сөзін зерттеу факультетінің деканы Гэри Хабермас пәлсапашы-атеист Энтони Флюмен «Иса өлімнен қайта тірілді ме?» деген тақырыпқа пікір таластырып қалды. Пікірталастың нәтижесі бойынша шешім шығаруын өтінген төреші:
тарихи деректер еш кінәратсыз деуге болмағанымен, Мәсіх өлімнен қайта тірілген деген қорытынды шығару үшін жеткілікті болып табылады... Хабермас «қайта тірілудің тарихилығы туралы ақылға қонатын айғақтарды» келтіреді, ал оған қарсы көңіл көншітерліктей заттай айғақтар жоқ.
Ең маңыздысы — әрбір сенушінің қайта тірілген Мәсіхтің күшін өз өмірінде дәл қазіргі күндері сезінуінде. Ең бастысы, ол өзінің күнәларының кешірілгені туралы біле алады (Лұқа 24: 46,47; 1 Қорынт. 15:3). Екіншіден, ол өзін мәңгілік өмір күтіп тұрғанына және өзінің өлімнен қайта тірілгеніне сенімді бола алады (1 Қорынт. 15:19–26). Үшіншіден, ол өзінің мағынасыз, бос өмірінен арылып, Иса Мәсіхтегі жаңа өмірдің иесіне айнала алады (Жохан 10:10; 2 Қорынт. 5:17).
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Айғақтарды соттық көзқарас тұрғысынан зерттеп шыққан Англияның жоғарғы сотының бұрынғы төрағасы лорд Дарлинг «талассыз, нақты, деректік және қосымша куәліктердің көптігі соншалықты, әлемдегі ақыл-есі дұрыс бірде-бір сот қайта тірілу тарихының шындық екендігі туралы шешім шығармай қоя алмас еді» деген байламға келді.
11-тарау
Нағыз Құтқарушы қандай болуға тиіс?
Өзінің Құтқарушы және Құдай Ұлы екендігі туралы Исаның мәлімдемесінің дәлелденуі туралы айтқанда, адамдар көбіне маңызды бір нәрсені: Оның өмірінде көптеген көне пайғамбарлықтардың орындалғанын ұмытады. Бұл тарауда мен осы қайран қалдыратын деректі қарастырамын.
Өзінің талаптарының дәлелдемесі ретінде Иса Көне Өсиеттің пайғамбарлықтарына жиі сілтеме жасайды. «Ал Құдай белгілеген уақыты жеткенде рухани Ұлын жіберді. Ол бір әйел арқылы дүниеге келді» (Ғалат. 4:4). Бұл жерде біз Иса Мәсіхте орындалған пайғамбарлыққа жасалған сілтемені көріп тұрмыз. «Мұса мен бүкіл пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді» (Лұқа 24:27). Иса былай деді: «Сендермен бірге жүрген кезімде өздеріңе айтқан сөздерім мынау болатын: Мұсаның Таурат кітабында, Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда Мен туралы жазылғандардың бәрі орындалуға тиіс» (Лұқа 24:44). Тағы Ол былай деді: «Егерде шынымен Мұсаға сенсеңдер, онда Маған да сенер едіңдер, өйткені ол Мен туралы жазып кеткен» (Жохан 5:46); «Түп аталарың Ыбырайым Менің дүниеге келетін күнімді көретініне шаттанды» (Жохан 8:56).
Елшілер және Жаңа Өсиет авторлары Исаның — Құтқарушы және Құдай Ұлы екендігі туралы мәлімдемесін дәлелдеп, орындалған пайғамбарлықтарға жиі сілтеме жасайды. «Ал Құдай барлық пайғамбарлардың аузымен Өзі жіберетін Құтқарушы Мәсіх азапталады деп алдын ала жариялатқан сөзін осылайша жүзеге асырды» (Ел. іст. 3:18). «Әдетінше Пауыл соған барды. Ол жерде үш демалыс күні солармен киелі жазбалар туралы пікір алысып, оларды түсіндіріп, Құтқарушы Мәсіхтің азап шегіп, өліп, одан қайта тірілуге тиісті екенін дәлелдеді. Ол: «Мен сендерге уағыздап жүрген Иса — Мәсіхтің Өзі», — деді» (Ел. іст. 17:2,3). «Менің қабылдап алып, сендерге жеткізген ең басты хабарым мынау болды: Киелі жазбаларда алдын ала айтылғандай, Мәсіх біздің күнәларымыздың құнын өтеу үшін жанын қиды. Осы жазбалардың тағы алдын ала айтып кеткеніндей, Мәсіх қабірге қойылып, үшінші күні қайта тірілді» (1 Қорынт. 15:3,4).
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Көне Өсиетте Құтқарушы жайындағы негізгі алпыс және маңызы одан төмендеу екі жүз жетпіс пайғамбарлық бар және олардың барлығы бір Тұлға — Иса Мәсіхте орындалды. Осы пайғамбарлықтардың бәрінің Мәсіхте өзінің «иесін» қалай тауып орындалғанын зерттеудің пайдасы зор. Мұны түсіндіруіме рұқсат етіңіздер. Сірә, сіз өз аты-жөніңіз бен мекен-жайыңыздың маңызы туралы ойланып көрмеген боларсыз, бірақ жер бетінде өмір сүретін өзге миллиардтаған адамдардан сізді дәл солар айырып тұрады.
Тарихтағы мекен-жай
Құдай тарихта өткенде өмір сүрген, қазіргі және болашақта өмір сүретін адамдардың арасынан Өзінің Ұлын, бүкіл адамзаттың Құтқарушысын бөлектеп тұратын «мекен жайды» егжей-тегжейлі сызып берді. Бұл «мекен жайды» толықтай 1000 жыл бойына жазылған және Оның келетіні туралы 300-ден астам рет ескертілетін құжат — Көне Өсиеттен табуға болады. Мүмкіншілік тұжырымы бойынша, осы пайғамбарлықтардың тым болмағанда қырық сегізінің бір адамның бойында орындалуының мүмкіндігі жүз елу жетінші дәреже бойынша оннан бірге сәйкес келеді.
Бұл пайғамбарлықтардың бәрінің бір адамның бойында орындалуының мүмкіндігі Құтқарушы туралы пайғамбарлықтардың Оның келуінен 400 жылдан астам уақыт бұрын жазылғанының себебінен де қысқара түседі. Бұл пайғамбарлықтар Мәсіхтің заманынан кейін жазылған, яғни, оны Исаның өмірінде болған оқиғаларға қарап құрастырған деген де болжам айтылды. Септуагинттің (яһуди тіліндегі Көне Өсиеттің) грек тілінде Мәсіх дүниеге келерден бұрынғы 200-150-жылдары жазылғанын түсінбейінше, мұның шындыққа жанасатындай болып көрінуі де мүмкін.
Құдайдың мұндай тарихи мекен-жайды тек оған сәйкес бола алатын Құтқарушы үшін ғана сызғаны күмәнсіз. Яһудидің Құтқарушысы атағына шамамен қырық адам таласты. Бірақ тек Иса Мәсіх қана Өз мәлімдемелерін орындалған пайғамбарлықтармен дәлелдей алды және тек Оның тарихы ғана Оның мәлімдемелерін растап шықты.
Ол мұны нақты немен дәлелдеді және Құдай Ұлының келуінің алдында қандай оқиғалар болды?
Мұны білу үшін біз алдымен Жаратылыстың басталуы кітабындағы Құтқарушы туралы алғашқы пайғамбарлықты тауып алуға тиіспіз: «Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың» (Жар. баст. 3:15). Бұл пайғамбарлық бүкіл Жазбадағы тек бір адамға ғана қатысты бола алады. Исадан өзге ешкімді де «әйелдің ұрпағы» деп айтуға келмейді. Тарихтағы басқа адамдардың барлығы да еркектің кіндігінен тараған. Аударманың басқа түрлерінде бұл шайтанды жеңуші «әйелдің ұрпағы» деп аталған, ал Киелі кітапта әдетте тек еркектердің ғана ата-бабалары келтіріледі. Осы әйелдің ұрпағы әлемге келіп, шайтанның ісін талқандайды (оны «басынан мыжиды»).
Жар. Баст. 9–10 тарауларында Құдай Құтқарушының бейнесін айқындай түседі. Нұхтың үш ұлы болған: Шам, Хам және Япші. Әлемнің бүкіл халықтары осы үшеуінен тарады. Бірақ Құдай Құтқарушының Шамның ұрпағынан болатынын айтып, адамзаттың үштен екісін Құтқарушының тұқымынан шығарып тастады.
Тарих б. з. бұрын 2000-жылға дейін созылды да, Құдай сол кезде Халдейдегі Ур қаласынан Ыбырам атты адамды таңдап алды. Ыбырамды таңдап алған Құдай Құтқарушы оның ұрпағының бірі болатынын және бүкіл халықтардың Ыбырам арқылы батаға ие болатынын айтты (Жар. баст. 12:1–3; 17;1–8; 22:15–18). Ыбырамның Ысқақ және Ысмағұл атты екі ұлы дүниеге келгенде Құдай Құтқарушының атасы болуға Ысқақты таңдап алды (Жар. Баст. 17:19–21; 21:12).
Ысқақтың Жақып және Есау атты екі ұлы болды. Құдай Жақыптың ұрпағын таңдап алды (Жар. баст. 28:1–4; 35:10–12; Руларды санау 24:17). Жақыптың он екі ұлынан Исраилдің он екі тармағы тарады. Содан соң Құдай құтқарушының тұқымы ретінде Яһуданың ұрпақтарын, ал олардың ішінен Есейдің үрім-бұтағын таңдап алды (Ишая 11:1–5). Біз мүмкіндіктер шеңберінің тарылып келе жатқанын көріп отырмыз.
Ал сіз не ойлайсыз? |
Есейдің сегіз ұлы болды. Солардың ішінен Құдай Дәуітті таңдап алды (2 Патш. 7:12–16; Иер. 23:5).
Сонымен, Құтқарушы әйелдің ұрпағы болуға, Шамның үрім-бұтағынан, яһуди халқының Ысқақ, Ысқақтан Жақып, Жақыптан Яһуданың, Яһудадан Есейдің, Есейден Дәуіттің тұқымынан шығуға тиіс болды.
Миха 5:2-аятында Құдай әлемдегі барлық қалалардың ішінен Құтқарушы Патшаның дүниеге келетін орны ретінде халқының саны мыңға да жетпейтін Бетлехем қаласын таңдап алды.
Одан әрі қарай Осы тұлғаның уақытша дүниеге келетін кезеңін айқындайтын бірнеше пайғамбарлықтар айтылады. Мысалы, Малахи 3:1 және Көне Өсиеттің тағы төрт жерінде Құтқарушының Иерусалимде Киелі үйдің әлі болып тұрған кезінде келетіні жайлы айтылады (Забүр 117:26; Даниел 9:26; Зәкәрия 11:13; Хаққай 2:7–9). Егерде Киелі үйдің б. з. 70-жылы қиратылып, қайтадан қалпына келтірілмегенін есімізге алатын болсақ, бұл өте маңызды дерек.
Ишая 7:14-аятында Оның пәк Қыздан туылатыны айтылады. Адамның табиғи құбылыстан тыс дүниеге келуі — бұл адам жоспарлай алмайтын және басқаруға келмейтін жағдай. Ишаяның жазбасы мен Зәбүрда келтірілген пайғамбарлықтарда Құтқарушы келген кездегі қоғамдық жағдай мен олардың Оған қалай қарайтындары жайлы баяндалады: Өзінің халқы — яһудилер Одан бас тартады, ал бөтен елдіктер Оған сенім артады (Забүр 21:8,9; 117:22; Ишая 8:14; 49:6; 50:6; 52:13–15). Оның алдында айдалада жар салып, Жаратқан Иеге жол дайындайтын Жақия Шомылдырушы болады (Ишая 40:3; Мал. 3:1).
Жаңа Өсиеттің Мәсіхтің бейнесін нақты ете түсетін көнеөсиеттік кейбір пайғамбарлықтарды еске ала кететін тұсына назар аударыңыз (Матай 27:3–10). Ол жерде Матай Яһуда Исаны сатып кеткеннен кейін болған оқиғаларды баяндайды. Матай мұның Көне Өсиетте алдын ала хабарланғанын айтады (Забүр 40:10; Зәкәрия 11:12,13).
Бұл жерде Құдай Құтқарушыны отыз күміс теңге үшін досының сатып кететінін және бұл ақшалардың киелі үйдің еденіне шашылатынын айтады. Осылайша Оның бейнесі айқындала түседі.
Біздің заманымыздан бұрын 1012-жылы айтылған пайғамбарлық та бұл адамның аяқ-қолдары шегеленіп, айқышқа керілетіні туралы айтады (Забүр 21:7–19; Зах. 12:10; Ғалат. 3:13). Бұл пайғамбарлық римдіктер айқышты жазалаудың түрі ретінде қолдана бастағаннан сегіз жүз жыл бұрын жазылған.
Шыққан ата-тегінің нақты атауы; туылатын орны, уақыты мен Оның қалай дүниеге келетіні; халықтың Оған қалай қарайтыны және сатқындық; Оның қалай өлуге тиіс екендігі, — міне, бұлар Құдай Ұлы, әлемнің Құтқарушысын анықтауға көмектесетін жүздеген деректердің кейбірі ғана. |
Шыққан ата-тегінің нақты атауы; туылатын орны, уақыты мен Оның қалай дүниеге келетіні; халықтың Оған қалай қарайтыны және сатқындық; Оның қалай өлуге тиіс екендігі, — міне, бұлар Құдай Ұлы, әлемнің Құтқарушысын анықтауға көмектесетін жүздеген деректердің кейбірі ғана.
Пайғамбарлық сөздердіқ орындалуы сәйкестік пе?
Сыншы былай деп айта алады: «Шын мәнінде, сіз бұл пайғамбарлықтарды Авраам Линкольнде, Анвар Садатта, Джон Ф. Кеннедиде, Тереза анада немесе Билли Грэмде орындалды деп дәлелдей алар едіңіз».
Иә, менің ойымша, басқа адамдарға тура келетін бір немесе екі пайғамбарлықты табуға болады, бірақ негізгі алпыс және екі жүз жетпіс қосымша пайғамбарлықтардың бәрі тек бір Тұлғаға ғана қатысты. Денвердегі «Мәсіхшінің жеңісі» басылымы көп жылдардан бері Фред Джон Мелдаудың «Екі өсиеттегі Құтқарушы» кітабында келтірілетін пайғамбарлықтардың барлығы орындалған Исадан өзге адамды тапқан адамға мың доллар сыйлық беретінін айтып келеді. Әзірге ондай ешкім табылған жоқ.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Көнеөсиеттік пайғамбарлықтардың бәрінің бір адамның өмірінде орындалуы мүмкін бе еді?
Питер Стоунер мен Роберт Ньюмен өздерінің «Ғылым былай дейді» атты еңбектерінде мұның мүмкіндігін анықтау үшін есептер жүргізеді. Американың ғылыми қоғамының мүшесі Х. Гарольд Хартцлер осы кітаптың алғы сөзінде былай деп жазды:
«Ғылым былай дейді» қолжазбасын Америкалық ғылым қоғамы мен сол қоғамның атқарушы комитеті мұқият зерттеп шықты және ғылыми деректерде көрсету жағынан ол негізінен нақты және шынайы деген қорытындыға келді. Математикалық сараптама мүмкіншіліктердің дұрыс ұстанымдарына негізделген және профессор Стоунер бұл ұстанымдарды орынды және дәлелді қолданады.
Осы кітаптан мүмкіншілік теориясының мұндай сәйкестікті теріске шығаратынын көрсететін бір үзінді келтіре кетейін. Мүмкіншілік теориясын сегіз пайғамбарлыққа қолдана отырып, Стоунер «осы сегіз пайғамбарлықтың да қазіргі уақытқа дейін өмір сүрген адамдардың біреусінде орындалуының мүмкіндігі он жетінші дәрежедегі оннан бірге сәйкес келетінін» айтады. Яғни, 100 000 000 000 000 000-нан біреу. Бұл біздің мұндай мүмкіндіктің қаншалықты болымсыз екенін түсінуімізге көмектеседі. Стоунер мынандай мысал келтіреді:
он күміс долларды алып, оларды Техастың аумағына орналастырамыз. Олар штаттың 60 сантиметр ауданын алып жатады. Содан соң бір адамның көзін таңамыз да, оның қалаған жағына қарай жүруіне болатынын айтамыз, бірақ ол бір долларды табуға және оның дәл қажетті доллар екенін анықтауға тиіс. Оның дәл сол қажетті долларды табуға деген мүмкіндігі қандай? Ол түрлі сегіз пайғамбарлықтың егер олар оны өз аттарынан жазса, сол заманнан осы уақытқа дейінгі аралықта өмір сүрген адамдардың бірінің ғана бойында орындалуының мүмкіндігімен бірдей.
Осылайша, пайғамбарлықтар не Құдайдың Рухымен жазылған немесе пайғамбарлар оларды өз аттарынан жазған. Соңғы жағдайда пайғамбарларда олардың бір адамның бойында орындалуының он жетінші дәрежедегі тек оннан бір ғана мүмкіндігі болды, бірақ оның барлығы Иса Мәсіхтің Тұлғасында орындалды.
Бұл осы сегіз пайғамбарлықтың орындалуының өзі ғана олардың Құдайдың жетелеуімен жазылғанын дәлелдейді және бұл он жетінші дережедегі оннан бір мүмкіндікті абсолютті етті.
Тағы бір қарсы уәж
Кейбіреулер яһудилік пайғамбарлықтарды орындауға Иса әдейі талпынды дегенді айтады. Бірақ, егер біз Құтқарушының келуіне байланысты көптеген нәрселердің адамның еркіне бағынбайтын нәрселер болғанын ескеретін болсақ, онда бұл тұжырымның теріс екені бірден түсінікті болады. Мысалы, Оның дүниеге келетін орны. Ирод басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдерінен Мәсіхтің қай жерде дүниеге келуі тиіс екенін сұрағанда, олар: «Яһудея аймағындағы Бетлехемде дүниеге келуге тиіс. Себебі пайғамбар Құдайдың мына сөздерін жазып қалдырған: «Ал сен, Яһудеяның жеріндегі Бетлехем, еліңнің басты қалаларындағы ең маңызсызы емессің: сенен Менің халқым Исраилді бағатын Көсем шығады», — деп жауап берді» (Матай 2:5). Мәриям мен Жүсіп алдын ала айтылған қалаға келе жатқан кезде, анасының құрсағында жатқан Исаның: «Тездетіңіз, әйтпесе үлгермей қаламыз», — дегенін көз алдыңызға елестете аласыз ба?
Бұл пайғамбарлықтар Құдайға не үшін қажет болды? Менің ойымша, Құдай Иса Мәсіх осы әлемге келген кезде Оның қолында барлық сенім грамоталарының болғанын қалады. |
Егер Иса пайғамбарлықтарды өз қалауы бойынша орындауды қаласа, онда олардың жартысы Оның еркіне бағынбайтын еді, мысалы: Оның дүиеге келу жағдайы; Яһуданың сатқындығы және сатқындықтың құны; Оны жазалаудың тәсілі; халықтың Оған қатынасы, мазақтаулар мен бетіне түскіру; Оның киімдеріне жеребе тастау және олардың жыртылмауы. Мұның сыртында, Ол өз еркімен «әйелдің ұрпағы» және Шамның, Ыбырамның және т. б. ұрпағы болуды таңдап ала алмас еді. Иса және елшілер мәлімдемелерінің дәлелі ретінде пайғамбарлықтарға жүгінгеніне таңдануға болмайды.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Бұл пайғамбарлықтар Құдайға не үшін қажет болды? Менің ойымша, Құдай Иса Мәсіх осы әлемге келген кезде Оның қолында барлық сенім грамоталарының болғанын қалады. Бірақ бізді ең толқытатыны, Исаның әлемге біздің өмірімізді өзгерту үшін келгені. Оның келетіні туралы айтылған жүздеген пайғамбарлықтарға тек Иса ғана сәйкес келеді және өзін қабылдағандарға жаңа өмірді тек Ол ғана бере алады. «Мен сендерге жаңа жүрек және жаңа рух беремін» (Езекиел 36:26). «Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланысса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды» (2 Қорынт. 5:17).
12-тарау
Басқа жол жоқ па?
Техас университетінде лекция оқып тұрған кезімде бір студент жаныма келіп: «Неліктен Иса — Құдаймен қарым-қатынас жасаудың жалғыз жолы?» — деп сұрады. Мен оған Исаның Құдайға апаратын жалғыз жол — Өзі екенін айтқанын, Жазба мен елшілердің куәліктеріне сенуге болатынын және Исаға Құтқарушы және Құдай ретінде сенуге айғақтардың жеткілікті екенін түсіндірдім. Бірақ студент «Неге тек Иса? Шынымен-ақ Құдайға апаратын басқа жолдың болмағаны ма?» — деп таңдануын жалғастыра берді. Осы жас жігіт секілді, көптеген адамдардың үнемі басқа жолды іздейтіндері түсініксіз. «Ал Будда ше? Мұхаммед ше? Адам жай ғана әділетті өмір сүрсе жетпей ме? Егерде Құдай соншалықты сүюші болса, неге Ол адамдардың барлығын сол күйлерінде қабылдамайды?»
Бұлар мен жиі еститін үйреншікті сұрақтар. Адамдарға Исаның Өзін Құдайға апаратын жалғыз жол және күнәнің кешірілуі мен құтқарылудың жалғыз бастауы екенін айтуы ұнамайды. Бұл олардың Құдайдың табиғатын түсінбейтіндерін көрсетеді. Мұндай түсінбеушіліктің мәні олар жиі қоятын: «Сүюші Құдай әлдебіреулердің тозаққа баруына қалайша жол бере алады?» — деген сұрақтарынан көрінеді. Әдетте мен сұраққа сұрақпен жауап қайырамын: «Киелі және әділетті Құдай Өзінің жанында күнәһар адамның болуына қалай жол бере алады?» Адамдардың көпшілігі Құдайдың тек сүюші екенін ғана біледі. Бірақ Құдай тек сүйіспеншіліктің ғана Құдайы емес, сондай-ақ Ол әділетті және киелі Құдай. Сіздің үйіңізде лас, жағымсыз иісі бар ауру итті ұнатпайтыныңыздай, Ол да көкте күнәнің болғанын ұнатпайды. Мұндай Құдайдың болмысы мен сипатын түсінбеушілік Құдай сөзін зерттеуде көп қиыншылықтар туғызады.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Негізінен біз Құдайды Оның қасиеттері бойынша білеміз. Егер біздің қасиеттеріміз — біздің бір бөлігіміз болса, Құдайдың қасиеттері — Оның бір бөлігі емес. Сіз әдепті болудың жақсы екенін түсіне аласыз және мұны өміріңіздің бір бөлігі ете аласыз. Ал Құдаймен бәрі басқаша. Құдайдың қасиеттерінің құрамында киелілік, сүйіспеншілік, әділеттілік және т. б. бар. Мысалы, рақымдылық — Құдайдың бөлігі емес, Құдайдың болмысына сай Оған тән нәрсе. Құдайлық қасиеттердің бастауы — Құдайдың Кім екендігінде. Құдай оларды Өзінің болмысының бір бөлігі ету үшін таңдап алған жоқ; олар Оның болмысында болды. Сондықтан, біз Құдай — сүйіспеншілік дегенде сүйіспеншілік Оның бір бөлігі екенін емес, оның Құдайға тән қасиет екенін айтамыз. Құдай сүйген кезде шешім қабылдамайды, Ол тек Өз қалпын сақтап тұра береді.
Негізінен біз Құдайды Оның қасиеттері бойынша білеміз. Құдайдың қасиеттерінің құрамында киелілік, сүйіспеншілік, әділеттілік және т. б. бар. Құдай оларды Өзінің болмысының бір бөлігі ету үшін таңдап алған жоқ; олар Оның болмысында болды. |
Бұл жерде біздерге қатысты бір қиындық бар: егер Құдайдың болмысы — сүйіспеншілік болса, онда Ол қандай да бір адамды тозаққа қалай жібере алады? Бұған қысқаша былай деп жауап беруге болады: адамдарды тозаққа Құдай жібермейді, онда олар өз таңдаулары бойынша барады. Мұны түсіндіру үшін біз әлемнің жаралуына қайтып оралуға тиіспіз. Киелі кітапты Құдайдың еркек пен әйелді олармен Өз сүйіспеншілігі мен даңқын бөлісу үшін жаратқаны жайлы айтылады. Бірақ Адам мен Хауа Құдайды тыңдамай, өз жолдарымен жүргенді жөн көрді. Олар Құдайдың сүйіспеншілігі мен қорғанынан бас тартып, бойларын біз күнәһар деп атайтын өзімшіл, тәкаппар болмыспен ластады. Құдай еркек пен әйелді сондай жақсы көргендіктен, тіпті Өзінен бас тартқаннан кейін де олардың жүректерін өзіне қаратып, таңдап алған қауіпті жолдарынан қайтаруға тырысты. Бірақ енді Құдайға екінің бірін таңдап алу қажет болды. Ол сүйіспеншіліктің ғана Құдайы емес, Ол — киелі және әділетті Құдай және Ол көз алдында күнә жасалуына төзе алмайды. Оның киелі, әділетті болмысының өзі-ақ күнаһар жұпты құртып жіберер еді. Міне, сол себептен де Киелі кітапта былай делінеді: «Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім» (Рим. 6:23). Құдай қандай таңдау жасап, еркек пен әйелді қалай құтқарып қала алар еді?
Құдай — Құдай Әке, Құдай Ұл және Киелі Рух — қайран қаларлық шешім қабылдады. Құдай адамның тәнінде дүниеге келеді. Бұл туралы біз Жохан жазған Ізгі хабардың алғашқы тарауларынан оқимыз: «Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді» (Жохан 1:14). Філіпіліктерге арналған хатта да Исаның құдіреті мен салтанатты ұлылығынан Өз еркімен бас тартып, адам секілді дүниеге келгені жайлы айтылады (Філіп. 2:6,7).
Иса ешқашан Құдай болмағандай дәрежеде Адам болды және ешқашан Адам болмағандай дәрежеде Құдай болды. Ол Өзінің таңдауы бойынша күнәсіз өмір сүріп, бәрінде Әкесінің еркіне бағынды. Киелі кітаптағы: «Күнәнің беретіні — өлім» деген сөздер Оған қатысты емес. Ол Адам ғана емес, құдіреті күшті Құдай да болғандықтан, Ол әлемнің барша күнәсін мойнына алуға қабілетті болды. 2000 жыл бұрын Иса айқышта жазаға тартылған кезде, Құдай Оның өлімін біздің өліміміздің орнына қабылдады. Құдайдың киелі де әділетті болмысы қанағаттанды. Әділ сот болды, қылмыскер жазаланды. Енді Құдайдың сүйіспеншілігі әділеттіктің кедергісінен азат болды және енді ол біздің Едем бағында жоғалтқанымызды — Оның сүйіспеншілігі мен даңқын тани алатын алғашқы қарым-қатынастарды қайта жаңғырта алды.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Мен адамдардан жиі: «Иса не үшін өлді?» — деп сұраймын. Әдетте олар: «Мен үшін» немесе «бүкіл әлем үшін», — деп жауап береді. Сонда мен былай деймін: «Бұл дұрыс, бірақ Ол тағы кім үшін өлді?» Адамдар әдетте мұның жауабын білмейді. Мен ол сұраққа жауапты өзім қайырамын: «Құдай Әке үшін». Көріп тұрсыз ба, Мәсіх біз үшін ғана емес, Әкесі үшін де өлді. Бұл туралы Римдіктерге арналған хатта айтылады. Киелі кітаптың кейбір аудармаларында Исаның өлімі «құнын өтеуші құрбандық» деп аталған (Рим. 3:25). Бұл оның талапты басқалардың орнына қанағаттандырғанын білдіреді. Иса айқышта өлген кезде Ол тек біздер үшін ғана емес, сондай-ақ Құдайдың табиғатына тән киелі де әділетті талаптарды орындау үшін де өлді. Зұлымдық алынып тасталды, сондықтан біз енді Оның алдына таза бара аламыз.
Иса ешқашан Құдай болмағандай дәрежеде Адам болды және ешқашан Адам болмағандай дәрежеде Құдай болды. |
Осыдан бірнеше жыл бұрын мен біздің күнәларымызға қатысты мәселені шешу үшін Исаның айқышта не істегенін көрсететін бір болған оқиға туралы естідім. Жоғары жылдамдықпен жүргені үшін жол полициясы бір жас әйелді тоқтатады. Әйелдің ісі сотқа өткізіліп, ол соттың алдында тұрады. Сот айыптау қағазын оқып, әйелден кінәсін мойындайтын не мойындамайтынын сұрайды. Әйел өзінің кінәлі екенін мойындайтынын айтады. Сот балғасымен үстелді ұрып қалады да, әйелге жүз доллар айыппұл төлеуге немесе он күн түрмеге қамауға үкім шығарады. Содан кейін сот қайран қаларлық іс жасайды. Ол орнынан тұрып, үстіндегі соттың формасын шешеді, содан соң бір шетке қарай шығып, әмиянынан жүз доллар шығарып, әйел үшін айыппұл төлейді. Неліктен? Сот оның әкесі болатын. Ол өзінің қызын жақсы көретін, бірақ ол әділ сот еді. Қызы заң бұзды, сондықтан ол қызына жай ғана: «Мен сені өте жақсы көремін, сондықтан да кешіремін. Сен боссың», — деп айта алмады. Егер ол бұлай етсе, онда әділ сот бола алмас еді. Ол заңды бұзатын еді. Бірақ ол қызын сүйгендіктен, үстіндегі соттың киімін шешіп, сот орнынан алыстап барып әкенің рөліне енді де, ол үшін айыппұл төледі.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Бұл шағын оқиға Құдайдың Иса Мәсіх арқылы біз үшін не істегенін көрсетеді. Біз күнә жасадық, ал Киелі кітапта: «Күнәнің беретіні — өлім», — делінген. Құдай бізге деген орасан зор сүйіспеншілігіне қарамастан балғасымен үстелді ұрып қалып:
Осы жерде көптеген адамдар: «Құдай неліктен ешқандай құн төлеусіз кешіре алмады?» — деген орынды сұрақ қояды. Ірі корпорацияның директоры бірде маған былай деді: «Менің жұмысшыларым құралдарды жиі бүлдіреді, шикі заттарды бекерге жұмсайды, бір нәрселерді сындырып қояды, ал мен оларды кешіремін. Сонда менің Құдайдың қолынан келмегенді істей алатын болғаным ба?» Директор кешірімінің өзіне тегінге түспейтінін түсінбейді. Қызметкерлерінің қателіктері үшін оның компаниялары ақша шығарып бүлінген құралдарды жөндетеді. Кешірім болған жерде құн төлеу де бар. Мысалы, менің қызым үстел шамын сындырып қойды делік. Сүюші және кешірімді әке болғандықтан, мен оны тіземе отырғызып: «Жылама, қызым, әкең сені жақсы көреді, сондықтан да кешіреді», — деймін. Мұны естіген адам әдетте: «Құдай да осылай істеуі керек еді», — дейді. Осы сәтте: «Ал жаңа үстел шамы үшін кім құн төлейді?» — деген сұрақ туындайды. Шын мәнінде, оның құнын мен төлеймін. Кешірім қашан да бір нәрсеге тұрады. Мысалы, көпшіліктің алдында біреу сіздің көңіліңізге тиетін сөз айтты делік. Сіз кеңпейілділікпен: «Мен сізді кешіремін», — дейсіз. Ал оның сізге тигізген қорлығы үшін кім құн төлейді. Сіз. Көпшіліктің алдында нақақтан айтылған жаман сөздің ауырлығын сіз өзіңіз көтересіз.
Кешірім болған жерде құн төлеу де бар. Құдай Иса Мәсіх бейнесінде Өзінің көктегі тағынан түсіп келіп, біздің күнәларымыз үшін айқыштағы өлімі арқылы құн төлеуге дайын болды. Бұл басқа кез келген діни көсемдер төлей алмайтын құн. |
Ал Құдай былай істеді. Ол: «Мен сендерді кешіремін», — деді. Бірақ Ол бұл кешірім үшін айқышта Өзі құн төледі. Бұл басқа кез келген діни көсемдер төлей алмайтын құн. Жай ғана «әділетті өмір сүру» арқылы ешкім де құн төлей алмайды. Мұның тым үзілді-кесілді болып естілетінін білемін, бірақ мұны біз Исадан өзге жолдың жоқ екені шындық болғандықтан да айтуға тиіспіз.
13-тарау
Ол менің өмірімді өзгертті
Осы кітапта өздеріңізбен бөліскендерімді мен университеттегі жолдастарым пікірталасқа шақырғаннан кейін, мәсіхшілікті қуаттайтын деректерді зерттеу арқылы білдім. Сірә, сіз осындай айғақтамаларды тапқаннан кейін мені бірден мәсіхшіге айналып кетті деп ойлаған боларсыз? Жоқ, мәсіхшілікті қуаттайтын куәліктердің көптігіне қарамастан, мен бұл қадамды жасауға асықпадым. Менің сана-сезімім мәсіхшіліктің шынайы екеніне сенімді болды. Мен Иса Мәсіхтің Өзін Кім деп атаса — дәл соның Өзі екенін мойындауға мәжбүр болдым. Мен мәсіхшілік арманшылардың қиялы, аңқаулардың өтірігі емес, берік негізде тұрған шындық екенін айқын көре алдым. Мен шындықты білдім, бірақ еркім мені басқа бағытқа қарай жетеледі.
Менің бұл қарсыласуым өмірдің қызығын көруді аңсауыма және тәкаппарлығыма байланысты еді. Мен мәсіхші болу — бұл өмірдің қызықтарынан бас тарту және оны уыстан шығару деп ойладым. Мен Иса Мәсіхтің жүрегімнің қақпасының алдында: «Мен сенің есігіңді қағып тұрмын. Егер Мені естісең, есікті аш, сонда Мен кіремін», — деп тұрғанын сезіндім. Бірақ есікті құлыптап алдым. Ол судың бетімен жүре ме, суды шарапқа айналдыра ма, бұл мен үшін маңызсыз еді. Мен әлдекімнің өмірімді бүлдіргенін қаламадым. Өмірімді бүлдірудің бұдан қарапайым жолын таба алмадым. Мен мұны өмір деп атадым, бірақ шын мәнінде бақытсыз едім. Өмірім айқас алаңының нақ өзі болатын. Менің ақыл-ойым мәсіхшіліктің — шындық екенін айтты, ал еркім оған барынша қарсыласып бақты.
Менің ақыл-ойым мәсіхшіліктің — шындық екенін айтты, ал еркім оған барынша қарсыласып бақты. |
Бұған қоса өзімшілдік мәселесі де бар еді. Мәсіхші болу туралы ой менің жеке «менімді» жоятындай болып көрінді. Мен өзімнің бұрынғы ойларымның бәрінің теріс екенін, ал жаңа достарымның айтқандарының дұрыс екенін сездім. Ынта-жігерге толы осы мәсіхшілерді көрген сайын, менің бойымда ішкі күрес басталатын. Егер сіз бақытсыз кезіңізде өңшең бақытты адамдардың ортасында болып көрсеңіз, онда олардың қуаныштарының қалай ашуыңызды келтіретінін білесіз. Кейде мен орнымнан қарғып тұрып, студенттер жиналысынан жүгіріп шығып кететінмін. Тіпті, түнгі сағат онда жатып, таңғы төртке дейін көз іле алмаған кездерім де болды. Мен бұл жағдайдан шығудың жолын таба алмай жүрдім. Бұл мені есімнен адастырмай тұрғанда бір нәрсе істеу қажет еді.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Мен қашан да санамды ашық ұстауға тырысатынмын. Дж. К. Честертон былай деген: «Ауыз секілді, сананы да оны салауатты бір нәрсемен жабу үшін ашу қажет». Мен санамды аштым және ақыры өмірімдегі ең салауатты ойға келдім. Университеттің екінші курсында оқып жүрген кезімде, 1959-жылдың 19-желтоқсанында, кешкі сағат 20:30-да мен мәсіхшіге айналдым.
Менен: «Мәсіхші болғаныңызды қалай білдіңіз?» — деп жиі сұрайды. Жауап қарапайым: «Ол менің өмірімді өзгертті». Бұл өзгеріс өзімнің бет бұруымның шынайылығына көзімді жеткізді. Сол кеште мен қайта тірілген, тірі Мәсіхпен байланыс орнату үшін төрт нәрсе туралы мінәжат еттім және соларға жауап алғаныма ризамын.
Біріншіден, мен былай деп мінәжат еттім: «Тәңірім Иса, айқышта маған бола өлгенің үшін рахмет». Екіншіден: «Өмірімде жасаған Саған ұнамсыз істерім үшін тәубеге келемін және мені кешіріп, тазартуыңды сұраймын», — дедім. Құдай былай дейді: «Күнәларың ал қызыл болса да, сендерді кешіріп, әппақ жүндей ағартпақпын» (Ишая 1:18). Үшіншіден, тағы былай дедім: «Саған дәл қазір жүрегімнің есігін ашқым келеді және Саған Тәңірім және Құтқарушым ретінде сенім артқым келеді. Менің өмірімді Өзің басқар. Оны ішінен өзгерт. Мені Өзің алғаш жаратқандай етіп қайта жаңғырт». Ал соңғы, төртінші мінәжатым мынандай болды: «Сенімдегі өміріме енгенің үшін алғысымды айтамын». Бұл білімсіздікке емес, куәліктерге, тарихи деректер мен Құдай Сөзіне негізделген сенім болатын.
Мәсіхші болғаныңызды қалай білдіңіз? Ол менің өмірімді өзгертті. Бұл білімсіздікке емес, куәліктерге, тарихи деректер мен Құдай Сөзіне негізделген сенім болатын. |
Алғашқы діни тәжірибелері туралы адамдардың өздерін «жасын» тіліп өткендей болғанын айтқандарын естігендеріңізге сенімдімін. Менімен дәл сондай бола қойған жоқ. Мен мінәжат еткеннен кейін мүлдем еш нәрсе болған жоқ. Арқаларыма қанат бітіп, басымның айналасында нұр да пайда болған жоқ. Шындығын айтқанда, осы шешімді қабылдағаннан кейін мен өзімді бұрынғыдан да жаман сезіндім. «Бұған неге басымды тықтым екен?» — деп ойладым мен. Осымен саудам біткен екен деп ойладым (көпшілігінің осылай ойлайтынына сенімдімін!)
Өзгерістер бірден орын алған жоқ, бірақ олар шынайы болды. Алты ай, содан соң он сегіз ай өтті және мен өзімнің саудамның бітпегенін түсіндім. Менің өмірім өзгерді. Ол уақытта мен Батыстағы бір университеттің тарих бөлімінің бастығымен пікірталасқа қатысып жүргенмін. Мен оған өз өмірім жайлы айтып бердім, бірақ ол менің сөзімді бөліп: «Макдауэлл, сіз шынымен-ақ Құдайдың өз өміріңізді өзгерткенін айтқыңыз келе ме? Мысал келтіріңізші», — деді. Мені қырық бес мөйнеттей тыңдаған ол ақыры: «Жарайды, жарайды! Жеткілікті!» — деді.
Мен оған әңгімелеп берген өзгерістердің бірі — бұл мазасыздық сезімінен арылу болатын. Бұрын мен үнемі бір нәрсемен айналысып жүруге тиіс болатынмын. Мұның қызбен кездесу, сауық кеші, студенттер жиыны немесе достармен серуендеу болуы мүмкін болатын. Мен студенттер қалашығында тыным таппай жүгіріп жүретінмін. Менің бір жерде отырып жұмыс істеуім немесе ойлануым қажет болатын, бірақ олай ете алмайтын едім. Өміріме Мәсіхті енгізгеннен кейін ақыл-ой тыныштығына кенелдім. Мені дұрыс түсініңіз: мен бүкіл қиындықтардың жоқ болып кеткені туралы айтып тұрған жоқпын. Исамен қарым-қатынасымда мен қақтығыстардан азат болуды емес, оларды дұрыс шеше білу қабілетіне ие болдым. Мен мұны дүниедегі еш нәрсеге айырбастамас едім.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Өмірімнің өзгерген тағы бір саласы — бұл менің қиын мінезім. Егер біреу шамыма тисе, мен оған қызу қандылықпен жауап қайыратынмын. Бетімде бірінші курста оқып жүрген кездегі болған төбелестен қалған тыртық әлі күнге дейін бар. Ол кезде мен бір жігітті өлтіріп қоя сақтаған едім. Мінезім менің бір бөлігім болатын және оны өзгертуге талпынбайтынмын да. Бірде мен өзімді қатты ашуландыруға тиіс болған жағдайға тап болдым, бірақ та өзімді сабырлы да жинақы ұстадым. Менің мінезім өзгеріп кетіпті! Алайда бұған қол жеткізген өзім емеспін: жоғарыда айтып кеткенімдей, Иса менің өмірімді өзгертті. Мен өзімді кіршіксіз болып кеттім деп тұрған жоқпын. Мен он төрт жыл бойы қатты ашулануға жол берген жоқпын, бірақ ашулана қалған жағдайда, осы уақыт ішінде кеткен есемнің бәрін қайтарып алатын секілді болып көрінемін.
Менің өмірімнің Иса өзгерткен тағы бір саласы бар. Мен оны мақтан тұтпаймын, тек мұндай өзгерістің көптеген адамдарға қажет екенін түсінгендіктен, оның бастауы — қайта тірілген Иса Мәсіхте екенін айтқым келеді. Бұл — жек көру мәселесі. Жек көрушілік сезімі мені иығымнан басып тұрды. Мен мұны көрсетпеуге тырысқаныммен, ол менің ішімді жегідей жейтін. Мен адамдарға, заттарға, қиындықтарға ашуландым. Өз-өзіме деген сенімсіздіктен азап шектім. Өзіме ұқсамайтын адамды кездестірген сайын оны қауіп ретінде қабылдап, оған жек көрушілікпен қарадым.
Исамен қарым-қатынасымда мен қақтығыстардан азат болуды емес, оларды дұрыс шеше білу қабілетіне ие болдым. |
Мен бәрінен де бір адамды — әкемді аса жек көрдім. Мен оны бар жан-тәніммен жек көрдім. Мен оның бүкіл қалаға белгілі маскүнем екендігінен азап шектім. Егер сіз шағын қалада дүниеге келсеңіз және ата-аналарыңыздың бірі маскүнем болған болса — онда сіз мені түсінесіз. Ол туралы бәрі біледі. Мектептегі достарым әкемнің маскүнемдігін айтып мені келеке ететін. Маған да қызық секілді түр көрсетіп, олармен бірге күлгендіктен, олар менің жанымды жаралаймыз деп ойламайтын. Сырттай күлгеніммен, ішім қан жылап тұратын. Әкемнен таяқ жеген анам орнынан тұруға шамасы келмей, мал қорада, сиырлардың жанында жататын. Үйге қонақтар келген кезде мен әкемді қораның ішіне байлап, машинасын қалқа жерге тығып қоятынмын. Қонақтарға оны бір жаққа кетіп қалған деп қоятынбыз. Мен әлдекімді дәл менің әкемді жек көргенімдей жек көрген біреу бар шығар деп ойламаймын.
Мен Мәсіх жолына түскеннен кейін арада шамамен бес ай уақыт өткенде Құдайдың сүйіспеншілігіне кенелгенім сондай, бойымда жек көру сезіміне мүлдем орын қалмады. Мен әкемнің көздеріне тура қарап: «Әке, мен сені жақсы көремін», — деп айта алдым. Мен мұны оған шын көңіліммен айттым. Менің кейбір қылықтарымнан кейінгі бұл әрекетім оны шындығында да қатты таңдандырды.
Мен бәрінен де бір адамды — әкемді аса жек көрдім. Мәсіх жолына түскеннен кейін Құдайдың сүйіспеншілігіне кенелгенім сондай, бойымда жек көру сезіміне мүлдем орын қалмады. |
Жекеменшік университетке ауысқан кезімде мен көлік апатына ұшырап, ауруханаға түстім. Аурухана дан шыққан, бірақ әлі толықтай жазыла қоймаған кезімде қалімді білуге әкем келді. Бір таңқаларлығы, сол күні ол сау болатын. Бірақ ол жанын қоярға жер таппай жүрсе керек, бұрыштан-бұрышқа ерсілі-қарсылы жүре береді. Бір кезде ол: «Ұлым, мен секілді әкені қалай жақсы көруге болады?» — деді. Сол кезде мен оған Иса Мәсіх туралы зерттеулерім мен одан шығарған қорытындыларым жайлы айтып бердім. Мен оған былай дедім: «Мен Мәсіхке сенім артып, Құдайдың кешірімін қабылдадым, Оны өз өміріме шақырдым және Ол мені өзгертті. Әке, мен барлығын түсіндіре алмаймын, бірақ Құдай мен жек көруішіліктен азат етіп, сүйе білу қабілетін берді. Мен сені жақсы көремін және осы тұрған қалпыңда қабылдаймын».
Біз бір сағаттай әңгімелестік, содан кейін мен өз өмірімдегі ең жан толқытарлық сәтті басымнан өткердім. Менің алдамайтынымды жақсы білетін әкем: «Ұлым, егер Құдай сенің өміріңде істегендерін менің өмірімде де істей алатын болса, онда мен Оған мұндай мүмкіндікті бергім келеді. Оған өзімнің Құтқарушым және Тәңірім ретінде сенім артқым келеді», — деді. Мен бұдан өткен ғажап нәрсені көз алдыма елестете де алмас едім.
Әдетте, адам Мәсіхті қабылдаған кезде оның өмірінде өзгерістер болу үшін бірнеше күндер, апталар, айлар, тіпті жылдар қажет болады. Менің өмірімде бұған алтыдан он сегіз айға дейін уақыт кетті. Ал әкемнің өмірі Құдай бір тетігін басып қалғандай бір сәтте өзгерді. Бұрын да, бұдан кейін де мен мұндай адам сенгісіз күрт өзгерісті көрген емеспін. Осы күннен кейін әкем ішімдікті қолына бір-ақ рет алды. Арақты ерніне жақындатып әкелді де, жиіркенішпен лақтырып жіберді. Біржолата. Мен тек бір ғана байламға келе аламын: Исамен қарым-қатынас өмірді өзгертеді.
Өмірімде мен кешіруге тиіс тағы бір адам бар еді. Оның аты Уэйн болатын. Ол мен фермада өскен кезде ата-анамның қол астында жұмыс істеді. Анамның қолы босамағанда немесе бір жаққа кеткенде мені соған табыстап кететін. Анам мені Уэйнге алып келіп: «Оның тілін ал және айтқандарының бәрін орында. Егер оны тыңдамайтын болсаң, қайтып келген соң сазайыңды тарттырамын», — дейтін. Мен анамның сазайымды тарттырғанын қаламайтынмын.
Ал сіз қалай ойлайсыз? |
Егер алда өзімді не күтіп тұрғанын білсем, онда анамның жазасын қуана қабылдаған болар едім. Алты жасымнан он үш жасқа келгенге дейін әлгі адам мені жыныстық қатынасқа мәжбүрледі. Бұл туралы анама айтқанымда, ол маған сенген жоқ. Он үш жасқа толған кезімде мен Уэйнге келіп: «Егер сен маған тағы да қолыңның ұшын тигізетін болсаң, онда мен сені өлтіремін!» — дедім. Уэйн менің шындап айтып тұрғанымды түсінді де, содан кейін маған қайтып тиіскен жоқ.
Мен Уэйннің тозақ отында өртенгенін қалайтынмын және оны сонда өз қолыммен жөнелтуге даяр едім. Оның өзіме көрсеткен зорлығы жайлы ойлаудан қорқатынмын. Бірақ, Мәсіхке келген кезімде мен әкемді кешіргенімдей, Уэйнді де кешіруім керек екенін түсіндім. Мен оған барып: «Уэйн, сен маған көп жамандық жасадың. Бірақ мен Иса Мәсіхке Құтқарушым және Тәңірім ретінде сенім артып, мәсіхіші болдым. Мен саған Исаның мен үшін де, сен үшін де өлгені жайында айтуға келдім. Мен сені кешіремін», — дедім. Бұл менің істеген істерімнің ішіндегі ең қиыны болды. Егер мұндай жағдай сіздің де басыңыздан өткен болса, онда бұдан кейін әзәзілдің соңыңызға түсуін тоқтататынына сенімді болыңыз. Сіз өткеніңізді Құдайдың көмегімен жеңе аласыз.
Сіз мәсіхшілікке күліп, оны келеке ете аласыз. Бірақ ол шын әрекет етеді. Ол өмірді өзгертеді. Мен, тіпті, Иса Мәсіх өмірлерді өзгертеді дер едім. Бұл не дін, не жүйе немесе психологиялық көрініс емес. Ол — Тұлға. Егер сіз Мәсіхке сенетін болсаңыз, онда өзгелермен қарым-қатынастарыңыз бен әрекеттеріңізге назар аударыңыз, себебі Иса Мәсіх сіздің өміріңізді өзгерту арқылы әрекет жасайды.
Сонымен, Мәсіхке сенім арту менің өмірімде Ол туралы зерттеуден басталып, өмірімнің өзгеруімен аяқталғанын көріп отырсыз. Қазіргі күндері мұны көптеген адамдар бастарынан өткеруді қалайтын секілді. Олар мен секілді жаңарған өмірге ие болғылары келеді. Бірақ олар мәсіхшілікті ақыл-ой мен айғақтамаларға негіз етіп қойғылары келмейді. Мүмкін, олар мұны біздің шыдамдылық пен плюрализм заманымызда абсолюттік ақиқаттың бар екенін мойындағылары келмейтіндіктен қаламайтын болар. Немесе мұның себебі — зерттеулер Мәсіхтің мәлімдемелерін растаудың орнына күмән туғызуы мүмкін деген қорқыныш.
Ғылыми зерттеулер адамның Мәсіхке деген сеніміне кедергі келтіре ме? Көне тарихты зерттеу бойынша әлемдегі ең белгілі мамандардың бірі, доктор Эдвин Йамаучиге сенетін болсақ, кедергі келтірмейді. Брандейс университетінен бірнеше ғылыми дәрежесі бар Йамаучи тарихи айғақтар оның Иса Мәсіхке сенімін нығайта түскенін айтады.
Мәсіхшілік — бұл не дін, не жүйе немесе психологиялық көрініс емес. Ол Тұлға — Иса Мәсіх, сіздің өміріңізді өзгерту арқылы әрекет жасайды. |
Көне қолжазбалар маманы, доктор Брюса Метцгерден Жаңа Өсиет тарихын зерттеу сенімінізді әлсіретпеді ме деп сұрағанымда, ол бірден: «Керісінше, нығайта түсті. Мен өмір бойы сұрақ қоюмен болдым. Мәтіндерді мұқият зерттедім, енді Исаға деген сенімнің негізді екенін... өте негізді екенін сенімділікпен айта аламын», — деп жауап берді.
Беделді ғалымдардың мұндай сөздері осы шағын кітапты жазғанда басшылыққа алған көзқарастарымды нығайта түседі. Мен сіздерге Мәсіхтің мәлімдемелерінің барлығының дәлелденген тарихи деректер екенін, тарих, пайғамбарлықтар мен ақыл-ойдың оларды растайтынын көрсетуге тырыстым. Деректерді түсіну сіздердің Мәсіхтің Өзі туралы айтқандарына, менің және миллиондаған өзге мәсіхшілердің өмірінде болған өзгерістерге деген сенімге мықты да сенімді негіз береді.
Бірақ, деректердің талассыздығына қарамастан, мәсіхшілік біреуге күштеп таңыла алмайды. Сіз біреуді Мәсіхті қабылдауға зорлай алмайсыз. Сіз өз өміріңізбен, ал мен өз өміріммен тіршілік етемін. Таңдау жасауда бәріміз де еріктіміз. Мен сіздерге тек өзімнің неге үйренгенімді ғана айтып бере аламын. Қалғаны сіздің қолыңызда.
Мүмкін, сіздерге менің мінәжатымның көмегі тиер:
«Иса, Сен маған керексің. Айқышта мен үшін өлгеніңе рахмет. Мені кешір және тазарт. Саған өзімнің Құтқарушым және Ием ретінде дәл қазір сенім артамын. Мені алғаш Өзің жаратқандай қайтадан жаңа адамға айналдыра гөр. Аумин».
Авторлар туралы
Джош Макдауэлл Құдай Сөзін зерттеудің магистрі атағын Калифорниядағы Талбот семинариясында алған. 1964-жылдан бастап ол «Жаңа Өмір» ұйымында жұмыс істей бастады және негізінен жастардың мәселесімен айналысты.
Джош сексен төрт елдегі, оның ішінде жеті жүз университет пен студент қалашықтарында он миллионнан астам жастардың алдында сөз сөйледі. Ол өзі және басқалармен бірлесіп бүкіл әлемге отыз бес миллионнан астам данамен таралған жүз он кітап пен оқулықтар жазды. Джоштың ең танымал кітаптары — «Шешімін табуды талап ететін жаңа куәліктер», «Шынайы сүйіспеншілік неге күтеді?», «Жақсы деген немене, жаман деге немене» және осы аттас оқулықтар сериясы.
Джош пен оның әйелі Дотти Калифорниядағы Дана Пойнтта тұрады. Олардың төрт ересек балалары бар.
Шон Макдауэлл — жоғары сынытардың оқытушысы, лектор және жазушы. Ол Талбот Құдай Сөзін зерттеу семинариясын үздік бітіріп, пәлсапа және Құдай сөзін зерттеудің магистрі дәрежесін алып шықты. «Этика: осынай бейберекет әлемде қалай батыл болуға болады» кітабының авторы және «Саналы түпкі ойды қалай түсінуге болады» және «Қайта тірілуді айғақтайтын куәліктер» кітаптарының қосымша авторы. Сондай-ақ «Жаңа ұрпақтың апологеттері» және «Студенттерге арналған киелікітаптық зерттеулердің апологетикасы» басылымдарының бас редакторы.
Шон 2007-2009 жылдар аралығында Сан-Хуан-Капистранода «Жыл мұғалімі» атағын алды. Оның апологетика жайлы лекциялары мәсіхшілер мектептерінің Халықаралық ассоциациясының жоғары бағасына ие болды. Ол «Отбасына назар аудару», «Киелі кітаптың жауаптары», «Көзқарас» және «Адал бағушылардың шоуы» радиохабарларына қатысты. Шонның блогын төмендегі сайтта оқуға және онымен лекциялар жайында келісуге болады:
2000-жылдың сәуірінде Шон Стефаниге үйленді. Олардың Скотти және Шауна атты екі балалары бар. Олар Калифорниядағы Сан-Хуан-Капистранода тұрады.