Қалай болғанда да, біз бәріміз де бір нәрселерден қорқамыз, қорқыныш біздің жанымызды жегідей жейді – әркімнің қорқынышы әрқалай. Алайда Макс Лукадо бізді қуантуға асығады: қорқыныштың емі бар! Ол өзінің жаңа кітабында оқырмандарын, Өз ізбасарларын қорықпауға табанды түрде шақырған, Иса Мәсіхтің сөздері жайлы ойлануға түрткі салып, қорқынышты жеңудегі тиімді рухани дәрі-дәрмекті ұсынады.
Макс Лукадо
ЕРЖҮРЕКТЕР
Өміріңізде енді қорқыныштың жоқ екендігін көз алдыңызға елестетіп көріңізші
РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРУ
Егер осы кітапты үйге теңейтін болсақ, онда оны тұрғызған құрылысшылар бригадасымен танысыңыздар (өтініш, аты аталған кісілер орныңыздан тұрып, ізет-құрмет көрсетсеңіздер).
Лиз Хини және Карен Хилл, редакторлар. Бұл шынында да біздің жиырма бесінші кітабымыз ба? Екеуіңіз де алтын алқаға лайықсыздар. Жүздеген тараулар, мыңдаған ұсыныстар мен кеңестер, миллиондаған қуанышты сәттер үшін — сіздерге алғысымды білдіремін.
Стив және Черил Грин. Сіздер өз істеріңізді асқан жауапкершілікпен атқарасыздар. Екеуіңізді де қадір тұтамын.
Кэрол Бартли, техникалық редактор. Егер де сіз ен далада осылай еңбек етсеңіз, сол жердегі бүкіл арам шөп түп-тамырымен жойылған болар еді. Сіз өте жақсы еңбектендіңіз!
Сюзан және Грег Лигон, Дэвид Моберг «Thomas Nelson» баспасының барлық қызметкерлері.
Сіздер — шығармашылық күштің тірі қайнар бұлағысыздар. Мен қаншалықты ризашылығымды білдірсем де, бұл жеткіліксіз деп ойлаймын.
Дэвид Друри, ғылыми редактор. Әрбір сөйлем — дер кезінде қолданылған. Әрбір түзету — бағалы.
Дэвид Трит, бірге мінәжат еткен бауырласымыз. Осы кітаптың басынан аяғына дейін, ол бізді бірге мінәжат етуде табандылықпен жетеледі. Бұл Құдайдың рақымы!
Рэнди Фрази, аға бағушы. Сіз Розаннамен бірге біздің жүрегімізге тыныштық, күнделікті күн тәртібімізге татулық әкелдіңіздер. Біз сіздер үшін әрқашан қуанамыз!
«UpWords Ministry» қызметкерлері. Радио бағдарламалар және веб-сайтпен жұмыс істегені үшін, менің дегеніме көніп, маған көрсеткен төзімділіктері үшін — орнымыздан тұрып, қол соғып, оларға қошемет көрсетейік.
«Oak Hills» Қауымы, жиырма жылдан бері біздің рухани отбасымыз. Ең жақсы жылдар әлі де алдымызда.
Дженна, Андреа және Сара, біздің қыздарымыз. Сендердің әрқайсысың осы кітапқа елеулі үлестеріңді қостыңдар. Сендер дәйексөздер іздеп, түпдеректерді ақтардыңдар. Сендер үшін менің жүрегім мақтанышқа толы. Және Бретт Бишоп — біздің отбасымызға қош келдіңіз! Дженна екеуіңізге Құдай жарылқауын молынан жаудырсын.
Және менің әйелім Деналин. Көктегі періштелердің бет-әлпеті енді мені таңғалдырмайды. Сондай періштеге үйленгеніме міне жиырма жеті жылдың жүзі болды. Сені сүйемін!
1 ТАРАУ
БІЗ НЕЛІКТЕН ҚОРҚАМЫЗ?
…Сенімі аздар-ай, неліктен соншама қорқасыңдар?
Менің ағам сізге ұнаған болар еді. Ол бәріне ұнайтын. Дидің достары да, наубайханадағы нан секілді — күн сайын, жеңіл, жылулықтың толқынымен пайда болатын. Ол адамдармен қол алысып, амандасатын, — ашық жарқын әрі жігерлі, қайратты жан болатын; оның күлкісі — әсерлі, ерітіп әкететін. Ди бірде-бір бейтаныс кісіге ұзақ уақыт сондай күйде қалуына ерік бермейтін. Мен, оның ұялшақ кіші інісі, екеумізді де таныстыруды оған тапсыратынмын. Біздің көшемізге жаңа отбасы көшіп келсе немесе ойын алаңына жаңа бала келгенде, Ди оларға елші болып баратын.
Алайда кәмілет жасына толардан бірнеше жыл бұрын, ол танысуы қажет емес адаммен — бутлегермен (заңсыз ішімдік сатумен айналысатын адам) танысты, ол кәмелетке толмаған балаларға сыра сататын. Ішімдік біздің екеумізге де көптеген келелі мәселелер әкелді, бірақ ол менің маңайыма жуымаса, ал Диға мықтап жабысып алды. Содан кейінгі қырық жылдың ішінде менің ағам өзінің денсаулығынан, жақындарымен қарым-қатынасынан, жұмысынан, ақшасынан және өз өмірінің соңғы екі жылынан басқа, бүтін барлығынан айырылды.
Неге нақты шешім қабылдау кейде жеңеді, ал кейде жеңіліске ұшырайды, мұны кім білсін? Алайда елу алты жасында менің ағам өзінің бойынан пәк таза ерік-жігерді көрді, оған тереңірек бойлай түсіп, парасаттылық, салауаттылық маусымын ашты. Ол өзінің стақанын босатып, өз некесін нығайтып, балаларына көңіл бөліп, сыра дүкенін «Анонимді маскүнемдердің» жергілікті бөлімшесіне ауыстырды.
Алайда бұрынғы зиянды өмір салты өзінің ізін қалдырған еді. Отыз жыл бойы күніне үш қораптан темекі тарту, оның үлкен жүрегін тартылған етке айналдырып үлгірген болатын. Қаңтар айында өткен аптада, мен осы кітапты жазуды бастағанда, Ди өзінің тынысы тарылып, дем алуы қиындай түскенін әйелі Доннаға айтқан екен. Осы мәселе бойынша ол дәрігердің қабылдауына жазылып қойған болатын, сондықтан ол жәй ұйықтап алуға тырысты. Қалғып кетті. Кеудесі қатты ауырсынғаннан ол таңғы сағат төртте оянып, сосын «жедел жәрдем» шақыруға тура келді. Дәрігерлер Диді науқастар арбасына көтеріп салды да, Доннаға жедел жәрдемнің соңынан ілесіп, ауруханаға баруын өтінді. Ағам қолын әрең көтеріп, бұлғады да, бар жігерімен күлімсіреп, Доннадан алаңдамауын өтінді. Алайда әйелі ұлының біреуімен ауруханаға жеткенде, Ди бұ дүниеден өткен еді.
Қабылдау бөлмесінде дәрігер оларға осы хабарды жеткізді де, олардан Дидің денесі жатқан палатаға баруын сұрады. Әйелі мен ұлы бір-бірінің қолынан ұстап, есікті ашқанда, Дидің жазған ең соңғы хатын көрді. Оның алақаны жамбасында жатты, ал екі саусағы, орта және төртінші саусақтары бүгіліп, ал бас бармағы ашық еді — бұл «сендерді сүйемін» деген Америкадағы бәріне танымал ишарат болатын.
Мен ағамның жер бетіндегі өмірінің соңғы сәттерін көз алдыма елестетуге тырысудамын: айналада қап-қараңғы Техас түні, кең тасжолда «жедел жәрдем» жүйткіп келе жатыр, дәрігерлер өзара әңгмелесіп отыр, ал оның жүрегі әлсіреп, өлім аузында жатыр. Әрбір тынысы үшін жанталасып, қандай да бір сәтте ол өзінің дәм-тұзы таусылғанын, бір тұтамдай өмірі қалғанын түсініп жетті. Алайда үрейлі қорқыныштың орнына, ол өзінің бойынан батылдық тапты.
Бәлкім, ол сізге де қажет болар. Өйткені тек «жедел жәрдемде» әкетіп бара жатқанда ғана, батылдық керек емес қой. Мүмкін, сіз әлі соңғы тынысыңыздың таусылып бара жатқан сәтті бастан кешірмеген боларсыз, мүмкін, соңғы жалақы алатын уақытқа, соңғы маңызды шешімге, сенімнің соңғы түйіріне жақын тұрған боларсыз. Әрбір атқан күн өзімен бірге қорқынышта өмір сүруге жаңа себептерді әкелуі мүмкін.
Бұқаралық ақпарат құралдары жаппай жұмыстан босатылу жөнінде, экономикалық дағдарыс, Таяу Шығыстағы келіспеушіліктердің шиеленісуі, Жоғары өкімет органдарындағы түбегейлі өзгерістер, тұрғын үй нарығының күрт төмендеуі, ғаламдық күрт жылыну, Аль-Каида лаңкестерінің құтырғаны туралы бізге хабарлайды. Кәдімгі адамдар құнды шараптардың жиынтығын көбейтетіні секілді, қандай да бір ақылынан адасқан үстемшілдер ядролық қару-жарақтарының қорларын көбейтуде. «Шошқа тұмауына» мемлекеттік шекара тосқауыл емес. «Лаңкестік» деген сөздің түбірі — «террор», яғни қорқыныш деген мағынаны білдіреді. Бұқаралық ақпарат құралдары бізді есеңгіреуге әкелетін жаңалықтарды үстін-үстін жаудыратыны соншалықты, оған: «АБАЙ БОЛЫҢДАР: бұл жаңалықты Исландиядағы бомбадан бас сауғалайтын қауіпсіз орында тыңдаған жақсы» — деген ескерту хабарлама дәл келеді.
Біз сот дауынан, кешігуден, тақырға отырудан, арқамызға шыққан меңнен, өз ауламыздағы жасөспірімдерден, бізді мазарға жақындататын, сағаттың тықылдаған даусынан қорқамыз. Біз инвестиция (қаржы салу) салуды жетілдіреміз, қауіпсіздіктің әбден жетілдірілген жүйелерін өңдеп шығудамыз, әскери күшті орналастыру үшін дауыс береміз, бірақ бәрібір біз адамзат тарихындағы кез-келген ұрпақтан да үлкен транквилизаторларға (қорқынышты, жүйке жұқаруын, алаңдауды басатын, дәрі-дәрмектерге) тәуелдіміз. Бұл аз болса, «1950-жылдардағы психиатриялық клиникалардың науқастарына қарағанда, бүгінгі күндегі қарапайым балалар көбірек қорқынышты сезінеді»[1].
Шамасы, қорқыныш — бір қадам жердегі дүкендерді құрып, пайдалануға жүзжылдық мердігерлік жұмысты қолына алған секілді. Шектен тыс әрі дөрекі қорқыныш, бақыт сезіміне біздің жүрегіміздің аймағында ең болмағанда, бір жұлма жер орын бергісі келмейді. Бақыт артқа шегініп, бізден алыстауда. Осы екі сезімнің өзара үйлескенін, сіз көрдіңіз бе? Кім бір мезгілде бақыт пен қорқынышты сезіне алады? Сенің жүрегіңді қорқыныш билегенде, анық ойлану мүмкін бе?
Байыпты қауіптенудің арасында нық сенімділікті сезіну мүмкін бе? Қорқып, жалтақтап тұрып, мейірімді болу мүмкін бе? Жоқ. Қорқыныш — бұл мектеп дәлізіндегі ең басты сотқар, бұзақы іспетті — арсыз, озбыр, айқайшы, түкке жарамсыз, керексіз сезім. Қанша айқай шығарса да, орасан зор кеңістіктен орын алса да, қорқыныш ешқандай жақсылық әкелмейді.
Қорқыныш осы күнге дейін бірде-бір симфония немесе поэманы жазған жоқ, татуластық пен тыныштық келісімін жасасқан жоқ, ауруды емдей алған жоқ. Қорқыныш әлі бірде-бір отбасын кедейліктен шығарған жоқ, бірде-бір елді — фанатизмнің есерлене желігуінен шығарған жоқ. Қорқыныш құлдыраған, бұзылған некені, сәтсіздікке ұшыраған бизнесті құтқармайды. Бұған тек батылдық қана қабілетті. Бұл тек сенімнің ғана қолынан келеді. Бұған тек өздерінің қорқақтығынан, жүрексіздігінен, именшектігінен бас тартқан немесе олардан жасырынудан бас тартқан адамдар ғана қабілетті. Алайда қорқыныш? Ол бізді зынданға тастайды да, есікті сарт еткізіп жабады.
Зынданнан құтылып шығу тамаша емес пе?
Сіз қандай болмасын қауіптенулерден өз өміріңізді толық азат болды деп көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Ал егер қорқыныш емес, керісінше сенім сізге қауіп төндіретін жәйттердің бәріне орай бірінші әрекет болса, не болар еді? Егер де сіз жүрегіңіздің үстіне қорқыныштан магнит іліп қойып, қауіптенулердің, сенімсіздік пен күмәндардың бәрін инедей қалдырмай тартып ала алатын болсаңыз, не қалар еді? Қателіктерден, шеттетілу мен бақытсыздықтан арылған, бар болғаны бір күнді көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Сіз қорқынышсыз өмірді көз алдыңызға елестетіп көре аласыз ба? Мұндай мүмкіндік Исаның сұрағының астарында жасырынып жатыр.
Ол: «…Сенімі аздарым-ай, неліктен соншама қорқасыңдар?» — деп сұрайды (Мат. 8:26).
Біз бұл сөздерді естігенде, Ол бұны шынымен айтып тұр ма деп ойланып қаламыз, тіпті сенімсіздікпен қараймыз. Мүмкін, Ол қалжыңдап тұрған болар?! Бізді мазақ етіп тұр ма? Әлде қулық ойлап тұр ма? Бұл бір суға түсіп кеткен кісі екіншісінен: «Неге сенің үстің су болған?» — деп сұрағанымен бірдей. Алайда Иса күлімсіреп тұрған жоқ қой. Ол бұл сөзді аса байсалдылықпен айтып тұр. Сол заманда Өзінің осы сұрағын қойған адамдар секілді, Ол да аса байсалды. Олардың Ғалилея теңізіндегі сейілдері сұрапыл дауылды толқынының астындағы күреске айналды.
Осы таңғажайып уақиғаны бастан кешіргендердің бірі былай деп есіне алады: «..Содан кейін Иса қайыққа мініп алды. Шәкірттері Оған ілесіп, бәрі жағадан аттанды. Кенеттен сұрапыл дауыл көтеріліп, қайық толқынның астында қалды…» (Мат. 8:23–24).
Бұл сөздерді Матай айтқан. Кенеттен көтерілген сұрапыл дауыл, толқынмен шайқалған қайық, оның есінде жақсы сақталып қалған, сондықтан ол сөздерді мұқият әрі ұқыпты іріктеп жазды. Бұл сөзді жеткізу үшін ешқандай зат есім өздігінен жеткілікті болмас еді. Ол сөресінен өзінің сөздігін алып, сұрапыл толқын — қайықтың тұмсығына ұрғандай, оқырманның санасына жететіндей анықтаманы іздей бастады. Ол «дауыл, нөсерлі дауыл, құтырған су апаты, желдің ұйытқуы» және т.с.с. сияқты, бір сарынды, үйреншікті сөздерді жайына қалдырды. Сол күні кеште оның бастан кешіргендерін, сезінгенін және көзімен көргендерін — гүрсілдеген жер мен діріл қаққан теңіз жағалауын, бұл сөздердің бәрі жеткізе алмас еді. Күшті жел мен көбікті толқындардан да зор апат оның есінде қалғандай. Ол шын мәнінде лайықты сөзді тапқанша, синонимдер бағанын саусағымен жүріп өтті. «О! міне, сол сөзді таптым!» Seismos — шайқалу, сілкіну, солқылдау, аспан мен теңіздің гүрсілі. «Кенеттен сұрапыл дауыл көтерілді…»[2].
Осы сөз қазір де біздің сөздік қорымызға кіреді. Сейсмология жер сілкінісін зерттейді, сейсмографтар оларды тіркейді, ал Матай басқа да сенімге жаңадан келгендермен бірге сондай «сұрапыл дауылдың көтерілуін» бастан кешірді, олар ішкі құрылысын тесіп өткендей күй кешті. Матай осы грек сөзін екі рет қолданады: Исаның өлімі туралы айтқанда бір рет қолданады.
Жер сілкінді (Мат. 27:51–54 қар.), және тағы да — Иса өлімнен қайта тірілгенде, қабірдің қақпақ тасын домалатып алып тастағанда (Мат. 28:2 қар.) қолданады. Дауылдың бағындырылуы, Исаның орасан зор үш кереметтерінің қатарынан өзінің заңды орнын алатыны, айдан-анық: күнәні айқыш ағаштағы өліммен жеңу, қабірде өлімді жеңу, ал бұл үзіндіде — сұрапыл дауыл көтерілген теңізде қорқынышты жеңу.
Барлық-дерлік дауылдар кенеттен басталмайды ғой. Шөлдаладағы фермерлер нөсер жауын болардан бірнеше сағат бұрын түнерген бұлттарды байқай алады. Алайда ну тоғайдан кенеттен шыққан арыстандай, бұл сұрапыл дауыл теңізде кенеттен көтерілді. Бір минут бұрын шәкірттері саяхат туралы ойға беріліп, «Аралар» ойынын ойнау үшін, карталарын араластырып отырған еді, ал келесі минутта буырқанған Ғалилея теңізінің көбігін жұтып, толқынның астында қалды. Петір мен Жохан, көп жағдайларды бастан кешірген теңізшілер, қайықтың желкенін басуға тырысып бақты. Матай, құрлықтағы егеуқұйрық секілді, таңғы аста жеген тамағын сіңіруге күш салуда. Бұл салық жинаушы дауылға тап болатынын күтпеген еді. Ол өзінің әңгімесінде екі сөйлемді қалай біріктіргені туралы, оның таңғалған кейпін сіз сезіндіңіз бе?
«Содан кейін Иса қайыққа мініп алды. Шәкірттері Оған ілесіп, бәрі жағадан аттанды. Кенеттен сұрапыл дауыл көтеріліп, қайық толқынның астында қалды…» (Мат. 8:23–24).
Бәлкім, сіз олардың мойынсұнуының салдарын көбірек жігерлендіретін, уақиғаның жағымды жалғасынан үміттенген боларсыз? «Содан кейін Иса қайыққа мініп алды. Шәкірттері Оған ілесіп, бәрі жағадан аттанды. Кенеттен аспанда орасан зор кемпірқосақ жарқырап, бір топ кептерлер бақыттың белгісі ретінде ұшып өтті де, судың айнадай мөлдір айдынында желкен көрінді». Исаның ізбасарлары Карибты бойлап, теңіз саяхатына шықпап па еді? Жоқ. Бұл әңгіме тәптіштелген, әйгілі, кеңінен таралған естеліктен тұрмайды: Мәсіхпен бірге қайыққа міну, Онымен бірге малмандай су болуды білдіреді. Шәкірттері теңіз буырқанып, дауыл — сұрапыл болады деп күтті ме?! «Күнәкар дүниеде [«көрулерің мүмкін» және «кейде көретін боласыңдар» деп айтпаған] қысымшылық көресіңдер…» (Жох. 16:33, менің ендірмем. — М. Л.).
Мәсіхтің ізбасарлары безгекпен ауруда, өз балаларын жерлеуде, нашақорлықпен және ішімдікпен күресуде және соның салдары ретінде қорқынышпен күресуде. Дауылдың болмауы бізді қорқыныштан құтқармайды. Сол дауылдар көтерілген кезде алаңсыз жатқан Мәсіхті көре білу, бізді қорқыныштан арылтады.
…Иса бұл кезде ұйықтап жатты.
Міне, мынадай сахналық көріністі көз алдыңызға келтіріп көріңіз. Қайықта бәрі айқайлап, басына көтеріп жатқанда, Иса ұйықтап жатты. Теңіз буырқанып көтерілгенде, Иса қорылдап ұйықтап жатты. Ол қалғып-мүлгіп отырған жоқ, Ол көзін жұмып, демалып жатқан жоқ. Ол ұйықтап жатты. Осындай сәтте сіз ұйықтай алар ма едіңіз? «Американдық төбешікте» тігінен тұрып ұшқанда, көз іліндіріп, қалғып алар ма едіңіз? Аэродинамикалық құбырда ше? Литаврлермен бірге әскери сап түзеп жүре алар ма едіңіз? Бұлардың бәрі Исаның ұйықтауына кедергі жасай алмады!
Марқа өзінің кітабында қызықты егжей-тегжейді қосады: «…Ал Иса қайықтың артқы жағында көпшік жастанып ұйықтап жатты» (Мар. 4:38). Қайықтың артқы жағында, көпшік жастанып… Неліктен біріншісінде бұлай жазылған, және екіншісі қайдан шықты?
Бірінші жүзжылдықта балықшылар үлкен ауыр керме ауларды пайдаланатын болған. Оларды қайықтың артқы жағындағы арнайы құрылған текшеде, қуыста ұстайтын болған. Қайықтың артқы жағындағы төсеніште ұйықтау мүмкін емес болатын. Орын тым аз әрі паналайтын жер жоқ еді. Ал төсеніштің астындағы шағын қуыста — әбден ыңғайлы болатын. Бұл қайықтың жауын-шашыннан қорғалған жалғыз жабық бөлігі болатын.
Сондықтан Мәсіх күндізгі істерінен біршама шаршауды сезінгендіктен, біраз ұйықтап алу үшін, төсеніштің астына жайғасып жатып алған еді.
Ол басын құстың мамығынан жасалған жастыққа емес, құм салынған тері қапқа, «көпшікке» қойып, ұйықтап жатқан еді. Балласттық қап (кемеге қажетті орнықтылық беру үшін жүк тиелуі). Жерорта теңізінде балықшылар осы күнге дейін сондай қаптарды пайдаланады. Олар жүздеген фунт салмақты тартады және олар кемеге қажетті орнықтылық беру үшін қажет.[3]
Ұйықтауға ыңғайлы болу үшін, Исаның Өзі осындай қапшықты алды ма, әлде шәкірттерінің бірі Оның қамын ойлады ма? Бұл жағын біз білмейміз. Алайда кейбір жәйттер бізге мәлім. Бұл ұйқы әдейі ұйымдастырылған болатын. Иса кездейсоқ, аяқ астынан ұйықтаған жоқ. Ол алда болатын дауыл туралы жақсы білді, Ол түскі демалыс сағаты жақындады деп ұйғарды, сондықтан бұрышқа жайғасып, басын ыңғайлап, ұйқы әлеміне аттанып кетті.
Оның алаңсыз ұйықтап жатқаны, шәкірттерін мазалады. Матай мен Марқа олардың айқайын бір батыл өтініш және бір сұрақ ретінде баяндаған.
Матайда: «Мырза, құтқара көріңіз! Құритын болдық!» (Мат. 8:25).
Марқада: «Ұстаз, құритын болдық! Жағдайымызды ойламайсыз ба?» (Мар. 4:38).
Олар Исаның билігін көрсетуін сұраған жоқ: «Сен дауылды тоқтата аласың ба?» Ол дауылдан хабардар ма, жоқ па, бұл жағын сұрастырған жоқ: «Сен дауыл көтерілгенін білесің бе?» Оның тәжірибесі жөнінде сұрамады: «Сен осындай дауылды бастан кешірген бе едің?» Жоқ, Исаның Өзін осылай ұстауындағы ниетіне күмәндарын білдіреді: «Ұстаз… Жағдайымызды ойламайсыз ба?…».
Бұл сөздер қорқыныштан туындаған. Қорқыныш Құдайдың ізгі екендігіне біздің сенімділігімізді құртады. Көкте сүйіспеншілік тірі ме деп, біз өзімізге сұрақ қоямыз. Егер біздің өмірімізде дауыл көтерілгенде, Құдай ұйықтап жататын болса, егер сұмдық қорқыныштан біздің көзіміз бақырайып кеткенде, Ол көзін жұмып тұрса, егер біз Онымен бірге қайыққа мінген кезде, Ол сұрапыл дауылдың көтерілуіне жол берсе, біздің өміріміз Оны қызықтыра ма? Қорқыныш сезімі — өкініш, ыза туғызатын, ұялы ара үйіріндей құжынаған, күмәндар мен шүбәлануды туғызады.
Тағы да қорқыныш бізде жан-жақты қамтитын, толық бақылаумен тым әуестенуді туғызады. «Мына дауылмен бір нәрсе істесейші» — шәкірттерінің сұрағын меңзейтін талабы міне, осындай. «Оны тоқтат… немесе… немесе… әйтпесе». Қорқыныштың түйіні — бұл біздің жағдайларды бақылауды жоғалтып алғанымызды түйсінуіміз. Өмірімізді басқаруды жоғалтудың нәтижесінде төмен қарай құлдилап, өміріміздегі жағдайлардың бел ортасында айналып жүргенде, біз қолымыздан келгенше қармап ұстап қалуға болатын нәрселерге жармасамыз — біздің емдәміміз (диета), үйдің тазалығы мен тәртібі, ұшақ креслосының шынтақ таянышы, және өте жиі — біз айналамыздағы адамдарға жармасамыз. Біз өзімізді неғұрлым қорғансыз сезінсек, соғұрлым мінез-құлқымыз адам төзгісіздей болады. Біз арыстандай ырылдап, ақсиып, ақырамыз. Неге? Біз сондай жаман болғандықтан ба? Иә, ішінара солай. Сонымен бірге біз өзімізді тығырыққа тірелгендей сезінеміз.
Мартин Нимеллер осы тақырыпқа орай бір мысал келтірді. Нимеллер Адольф Гитлердің тәртібіне батылдықпен қарсы тұрған, неміс бағушысы болған. 1933 жылы үстемшіл билеушіні алғашқы рет көргенде, Нимеллер барлық қатысушылардың артқы жағында тұрып, оны мұқият тыңдады. Кейінірек, әйелі одан билеуші туралы пікірін сұрағанда, ол: «Герр Гитлер — жүрегі қорқынышқа толы адам екендігіне көзім жетті» — деп жауап берді[4]. Қорқыныш біздің жан дүниемізде езуші жендетті оятады.
Ол сонымен бірге біздің есте сақтау қабілетімізді өлтіреді. Шәкірттерінің Исаға сенім артуға барлық себептері болды. Сол уақытқа дейін олар Оның «адамдарды барлық ауру-сырқауларынан сауықтырғанын» өз көздерімен көрді (Мат. 4:23 қар.). Олардың көз алдында Иса алапес адамның денесіне қолын тигізіп сауықтырды және жүзбасының қызметшісін — Өзінің бірауыз сөзімен сауықтырды (Мат. 8:3, 13). Петір қайын енесінің безгекпен ауырып, төсек тартып жатқан жерінен сауыққанына көз жеткізді (Мат. 8:14–15), тас үңгірден ұшып шыққан жарғанаттар секілді, жын-перілердің бытырап шығып жатқанын барлығы мейлінше көрді. «…Ол айтқан бұйрығымен жындарды қуып шығып, барлық науқастарды сауықтырып жіберді…» (Мат. 8:16).
Исаның атқарған қызметі туралы жазылған тізіммен кейбіріміздің жадымызды жаңарту керек емес пе? Мәсіхтің істеген ұлы істерін еске салу қажет пе? Мүмкін, бұның керегі болмас? Алайда қорқыныш рухани ұмытшақтықты туғызады.
Кереметтерге қатысты қорқыныш, біздің есте сақтау қабілетімізді әлсіретеді. Исаның істері мен Құдайдың ізгі екендігін ұмытуға мәжбүр етеді.
Қорқынышты сезіну — сұмдық күй. Ол жан дүниеңізден өмірді тартып шығарады, бізді ұрық күйімізге келтіріп, құрыстырып тастайды, біздің жүрегіміздегі кез келген қуанышты құрғатып, қаусатады. Бұрын адамзат үшін азықтың, молшылықтың, жақсы тұрмыстың және жылудың көзі болған, біз енді желдің лебімен қисайған, тұрақсыз — қараусыз қалған, астық алқабына ұқсаймыз. Алайда енді бұлай болмайды. Қорқыныш біздің өмірімізді басқарғанда, қорғалғандық біздің «тәңірімізге» айналады. Ал қорғалғандық біздің тәңірімізге айналғанда, біз тәуекелсіз өмірге табынамыз. Тыныш, ыңғайлы, жайлы өмірді сүйетін адам ұлы істерді жасай ала ма? Алды-артын ойлап, сақ жүретін адам игі істер жасауға қабілетті ме? Құдай үшін? Адамдар үшін? Жоқ. Қорқақ, жасқаншақ, сескенгіш, жалтақ адам сүйе алмайды, өйткені сүйіспеншілік — бұл тәуекел. Парасатты адамдар жарлыларға қайыр-садақа бере алмайды. Өйткені қайыр-садақа — жүз есе молынан қайтады деген кепілдікке ие емес. Қорқатындар асқақ армандай алмайды. Егер олардың армандары көкте сөніп, жерге түссе, не болмақ? Қорғалғандыққа табыну жан дүниеміздің ұлылығының маңызын жояды. Исаның қорқынышқа қарсы сондай шайқасты жүргізгені, таңғаларлық жәйт емес.
Сондықтан да Ол ең жиі «Қорықпаңдар!» деген тақырыпта тәлім берді. Ізгі хабарларда Исаның осы тақырыпқа арналған шамамен 125 тәлімі бар. Олардың 21 «қорықпаңдар», «зәрелерің ұшпасын», «үрейлерің ұшпасын», «жігерлен» немесе «көңілдерің толқымасын» деген сөздермен берілген. Жиілігі бойынша екінші орында тұратын өсиет, «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!» «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!», бұл сөздер Киелі жазбада сегіз рет кездеседі. Егер сөздің жиі қайталануы, оның маңыздылығы жайлы куәлік ететін болса, Иса біздің қорқыныштарымызға өте байыппен қарады. Ол кез келген басқа тәлімге қарағанда жиі айтылғаны, тура сондай болды: қорықпаңдар!
Балалар кейде әзіл-қалжыңмен күлкіге айналдырып, кейде шағынып, өз ата-аналарының ең жиі жазалағаны жайында әңгімелейді. Олар аналарының әрқашан: «Мен айтқан уақытта үйде бол» немесе «Бөлмеңді жинап қой» деп ескерткенін айтады. Әкелерінің де сүйікті өкімдері болған: «Мұңайма, еңсеңді түсірме», «Еңбек ет, еңбек ет және тағы да еңбек ет». Қызық, ал Исаның шәкірттері, Оның қандай сөздерді бәрінен жиі қайталағаны жайлы ойланды ма екен? Егер жауап «иә» болса, олар мынадай қорытындыға келген болар еді: «Ол бізді әрқашан батыл болуға шақыратын».
…Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!
…Жігерлен, балам, сенің күнәларың кешірілді.
Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой!
...Қорықпа, тек сенімің болсын, сонда қызың аман қалады, — деді.
…Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын! — деп көңілдерін орнықтырды.
…Тәнді өлтірсе де, жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар!…
Шағын қауым, қорықпа! Көктегі Әкең Патшалықты сендерге тапсыруға ризалық еткен.
Көңілдерің толқымасын! Құдайға сеніңдер және Маған да сеніңдер! <…> …Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін.
Сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар.
Бірақ Иеміз: «Неліктен абыржып тұрсыңдар? Көңілдеріңде неге сондай ой туады?
Сендер жақын маңдағы шайқастар мен алысырақтағы соғыс жаңалықтары туралы еститін боласыңдар. Сонда абайлаңдар, зәрелерің ұшпасын…
…Бірақ Иса қастарына келіп, қолын тигізіп: «Тұрыңдар, қорықпаңдар», — деп көңілдерін орнықтырды.
Иса сіздің қорқынышпен өмір сүргеніңізді мүлде қаламайды. Сіз өзіңіз де бұны қаламайсыз ғой. Сіз мынаған ұқсас сөздерді ешқашан айтпаған болар едіңіз:
• Менің қорқақтығымның арқасында, жүрісім сергек әрі ширақ.
• Егер менің жанға батарлық күмәншылдығым болмағанда, мен жаман ана болар едім.
• Менің түңілуім, торығушылығым, болашаққа сенімсіздігім үшін, Құдайға алғысым шексіз. Менің үмітім үзіліп, өзіме қолымды бір-ақ сілтегенімде, мен адам ретінде әлдеқайда жақсы болып қалдым.
• Дәрігер маған: егер мен ұсақ-түйек болмашы нәрселер үшін алаңдауды бастамайтын болсам, денсаулығыма қатысты мәселе туындауы мүмкін екендігін айтты.
Қорқыныштың құны қандай екендігін, біз білеміз.
Иса өте жақсы сұрақты қояды. Ол «көпшіктен» басын көтеріп, қайықтың артқы жағындағы қуыстан шығып, дауылға қарсы тұрып: «Сенімі аздарым-ай, неліктен соншама қорқасыңдар?» — деп сұрайды (Мат. 8:26).
Мен түсіндіріп өтуге тиіспін: қорқыныш сондай-ақ, аса пайдалы қызметтерді де атқарады. Көмір шахтасындағы шымшық секілді, ол болуы мүмкін қауіп-қатер туралы ескертеді. Титтей қорқыныш баланы көліктер қызу жүріп жатқан көшеден жүгіріп өтуден тоқтатады, ал ересек кісіні артық темекі тартудан бетін қайтарады. Қорқу — бұл үйдегі өртке орай немесе көшедегі қабаған итке қалыпты әрекет. Қорқыныш өздігінен — күнә емес. Алайда ол күнәға әкелуі мүмкін. Егер ашуға булығып, ішімдікпен, мұңға, сары уайымға салынып, өз-өзін қинап, іштей жеп немесе өзімізді қатаң бақылаудың астына алумен, өз қорқынышымызды емдейтін болсақ, біз Құдайдың мәселені шешуіне жол бермейміз және оны тек ұлғайтып, насырға шабуына себепші боламыз. Біз алаңдаудың үстін болып, өмірімізді басқаруына жол беріп, қорқыныш сезіміне бағынамыз. Үрей — кез келген қуанышты өлтіреді. Қорқыныштан мелшиіп қатып қалу. Қорқыныштың дағдылы ұстамасы, бізді тырп еткізбей, сал адамдай күйге түсіреді. Истериялық қорқыныш (долылық, қозба) — Құдайдан емес. «…Өйткені Құдай бізге қорқыныш емес, күш, сүйіспеншілік және ұстамдылықты дарытатын Киелі Рухын сыйлады…» (Тім. 2-хаты 1:7). Қорқыныш біздің дүниемізде толы болуы мүмкін, алайда ол біздің жүрегімізді толтырмауы тиіс. Ол әрқашан есігімізді қағатын болады. Оны кешкі асқа шақырмаңыз және өтініш, оның түнде қонып қалуына жол бермеңіз. Келіңіздер, Исаның: «қорықпаңдар!» деп айтылған, таңдаулы сөздерімен жүректерімізді нығайтайық. Мәсіхтің уәдесі және осы кітаптың идеясы қарапайым: бүгінге қарағанда, ертең біз азырақ қорқатын боламыз.
Жасым алтыға толғанда, әкем бір күні «Қасқыр-адам» деген фильмге бүкіл отасымызбен бару үшін, менің сәл кешірек ұйықтауыма рұқсат етті. Оу, әкем осы ойынан бас тартқанда, қандай жақсы болар еді десеңші… Әр түні қасқыр-адам өзінің сүйікті олжасын — сап-сары, сепкіл бет бірінші сынып оқушыларын аңдып тұрып, біздің дәлізімізде ақырып жүретініне, фильм мені сендірді. Менің қорқынышым нағыз келелі мәселеге айналды. Өз жатын бөлмемнен ас үйге бару үшін, мен қасқырдың тырнақтары мен азу тісінен өлім құшатындай жақын жерден жасырынып баруым керек болды, ал мен бұлай болғанын мүлде қаламадым. Мен әкемнің жатын бөлмесіне жүгіріп барып, оны ұйқысынан оятып, одан әрең құтылатынмын. Қайықтағы Иса іспетті, сұрапыл дауыл көтерілгенде, әкем жайбарақат ұйықтап жататын.
Ұйқылы-ояу жатқан әкем бір көзін әрең ашып:
— Сонша неден қорықтың? — деп сұрайтын.
Ал мен құбыжықтың бар екендігін, оның есіне салатынмын.
— А, иә-иә, қасқыр-адам, — деп міңгірлейтін ол. Сосын кереуетінен түсіп, асқан батылдықпен мені қараңғы шатқалдың аңғарынан алып өтіп, бір стақан сүт құйып беретін. Мен оған құрметпен таңырқап қарап:
Әкем «қасқыр-адамнан» менің қорқынышыма қарағандай, Құдай да біздің өміріміздегі сұрапыл дауылдарға тура солай қарауы мүмкін бе? «Иса… орнынан тұрып, жел мен көлге тыйым салды. Сонда жым-жырт тыныштық орнады» (Мат. 8:26).
Иса орасан зор апатты тыныштықпен тоқтатты. Теңіз мұз болып қатып қалған көл іспетті, теп-тегіс бола қалды, ал аң-таң болған шәкірттері өзара: «Тіпті жел мен көл де бағынатын, бұл Кім Өзі?» — десті» (Мат. 8:27).
Шын мәнінде, Ол Кім? Ұйықтап жатқан жерінен тұра салып, дауылды тоқатты. Бірауыз сөзімен толқындарды бағындырды. Өзінің отбасына сүйіспеншілігінің соңғы белгісін көрсету үшін, өлім аузында жатқан адамға жеткілікті батылдық берді. Ди, сен ұзақ жолға аттандың. Сен өмірдегі сілкіністерден өз үлесіңді алдың, бірақ өміріңнің соңғы сәтінде берілмедің. Және бұл мінәжат біз жеңілмеуіміз туралы.
2 ТАРАУ
АҒАШАЯҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ
…Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!
ӨЗІН ТҮККЕ ТҰРҒЫСЫЗБЫН ДЕП ОЙЛАП, ҚОРҚУ
Иә, бұл осылай болған. Тура сол сұрақ. Суы мол Амазонка, одан мыңдаған қорқыныштар келіп шығады. Біз қандай да бір маңыздылыққа иеміз бе? Біз жоқ нәрседен қорқамыз. Біз түкке тұрғысыз бейшара күй кешіп, танымал бола алмай, қуыс кеуде, мүсәпір болып, осы дүниеден өтіп кетеміз деп қорқамыз. Көпшіліктің арасында әйгілі болмай, жоғалып кетеміз деп қорқамыз. Жалпы теңгерімді мәлімдегенде: біз қорытынды сомаға мүлде ықпал етпегеніміз белгілі болады деп қорқамыз. Біз осы дүниеге келгенімізді де, бұ дүниеден кеткенімізді де, тіпті ешкім байқамай да қалды деп қорқамыз.
Міне, сондықтан да досымыз телефон шалуды ұмытқанда немесе мұғалім аты-жөнімізді есіне түсіре алмағанда, немесе істеген ісіміз үшін бастық мақтамағанда, немесе авиакомпания билетті келесі рейске рәсімдеу үшін, бізді әрі-бері жүгірткенде, бұл бізді қатты ашуландырады.
Бұлардың бәрі біздің құпия қауіптенуімізді растайды, өйткені біз соған лайықты емеспіз. Сол себептен біз күйеуіміздің немесе әйеліміздің титтей де болса, көңіл бөлгеніне, бастықтың мақтауына қол жеткізуге тырысып-бағамыз, күтпеген жерден әдейі көрнекті тұлғалардың аттарын әңгімеге бұрап кіргіземіз, университеттегі жүзікті саусағымызға тағып аламыз, омырауымызды силиконмен үлкейтеміз, көліктің дөңгелегін көзге түсетін қақпақпен әсемдейміз, тісімізге брекет киеміз, жібек галстук тағамыз. Бізге қандай да бір ағашаяққа тұру керек.
Сәнгерлер бізге былай дейді: біздің джинсымызды кисеңіздер, маңыздырақ көрінетін боласыздар. Біздің лейблмен бөксеңіздегі кемшілік бірден жойылады. Осылайша біз олардың айтқанын тыңдаймыз. Сөйтіп «Қортықтар» тайпасынан Жоғары қызметтегі беделділердің қоғамына уақытша өтеміз. Сән бізді мүсәпірліктен және бейшаралықтан құтқарады да, біз өзімізді маңыздырақ сезіне бастаймыз. Неге? Өйткені осы италия джинсысына жалақымыздың жартысын жұмсадық.
Сонан соң — о, сұмдық! — сән өзгереді, оның ирек тігістері түзуленеді, мәнері денеге жабысып тұратын киім, қапшық секілді киімге, солғын түстен қанық түске өзгереді, сондықтан біз өзімізді өткен жылғы жаңалықтай сезініп, өткен жылғы джинсыды киіп жүруімізге тура келеді. Қортықтар арасына қайта оралуыңмен!
Мүмкін, біз өз мүсәпірлігімізбен күресу үшін қандай да бір сыртқы қорларды жақын тарта алатын шығармыз? Өз жеке тұлғамызды басқа гулливерлік жетістіктермен байланыстырып, біз өз қортықтық өмірімізге мән-мағына береміз. Ал чемпиондар мен спорт жұлдыздарына деген біздің әуестігімізді тағы да қалай түсіндіруге болады?
Мен өзім басы айналып, таңырқап елтігендердің қатарынанмын — «Сан-Антонио Спурстың» айбынды жанкүйерімін. Олар баскетбол ойнағанда, мен өзім баскетбол ойнағандай боламын. Олар кәрзеңкеге допты салғанда, мен кәрзеңкеге допты саламын. Олар ұтқанда, мен басқа да он жеті мың жанкүйерлермен бірге: «Біз жеңіске жеттік» деп айқайлаймын. Алайда осыған ұқсас дәмегөйлік ниетке менің арсыздығым қалай жетеді десеңші? Мен олармен бірге ең болмағанда бір жаттықтыруға қатыстым ба? Қарсыластарының ойынында олардың әлсіз жерлерін іздеуге көмектестім бе? Жаттықтырушымен бірге ойыншыларға тәлім бердім бе, олар үшін ең болмағанда, бір тамшы терімді төктім бе? Жоқ. Егер де менен сұрағанда, мен осылардың бәрін істеген болар едім. Алайда мен тым қарапайым, мүсәпір, шабан, кәрі, ебедейсіз адаммын.
Бірақ бәрібір мен өз фургонымды олардың жарқырап көтеріліп келе жатқан жұлдызына тіркеймін. Неге? Өйткені бұл мені төменгі әлеуметтік топтан бөліп тұрады. Бұл мені лезде жоғарылатып, мәртебелі етеді.
Мектептің төртінші сыныбында оқып жүргенде, менің досым Томмиді, Дин Мартиннің[5] түнде үстелдің үстінде қалдырған темекісінің тұқылын, банкте сақтауына осындай ойлар түрткі болған еді. Теледидар, радио және түнгі клубтардың арқасында, 1960-жылдары, жіңішке дауысты Дин Мартин американдықтардың жүрегінен орын алған еді. Ол өткінші жұлдыз мәртебесін Фрэнк Синатрамен және кіші Сэмми Дэвиспен бөлісті. Біз, қарапайым адамдар, қоғамның бетке тұтар қаймақтарына тек алыстан қарап, сүйсінетін едік.
Ал Томми басқа да нәрселерді істей алатын еді. Гольф бойынша қайырымдылық жарысында өзінің пайда болуымен Дин Мартин Техастың батысындағы біздің қалашығымызды бақытқа бөлегенде, Томми әкесімен бірге оның ізінен қалмай жүрді. Миллиондаған адамдардың кумирі темекісінің тұқылын жерге тастап үлгірмей жатып, Томми оны қағып алуға дайын тұратын.
Осы «киелі темекінің тұқылын» көру үшін, біз, Томастың достары оның бөлмесінде жиналған сәттерді ұмыту мүмкін бе? Біз ізгіліктердің жоғарыдан төменге түсуі деген экономикалық қағиданы іс жүзіне асырдық.
Дин Мартин жұлдыз болды; ал Томаста Дин Мартиннің темекісінің тұқылы болды; біз Томасты білетінбіз. Дин Мартиннің жұлдыздық даңқынан үлесақылар бізге де түсетін.
Қандай да бір әйгілі адамға жармасып алсаң, өзің де атақты болып шыға келесің, солай емес пе?
Немесе жәй ғана — жер бетіндегі өмірі соңына таяп қалды. Әдеттегі миллиардер оның жер бетіндегі өмірі, жинаған ақшасынан әлдеқайда ертерек таусылатынын жете түсінгенде, ол қайырымдылық қорын негіздейді. Шүбәсіз, оның осылай істеуіне қалтқысыз қамқоршылдық сезімі оған түрткі болады, бірақ бәрібір оның маңызды болуға ұмтылу ниеті өз рөлін ойнайды.
Тура сондай себеппен біз бала туып, асыраймыз. Ата-ана боласың — елеулі маңызды боласың. Дин Мартиннің темекісінің тұқылын көрсетуге қарағанда, шүбәсіз, ұрпақты жалғастыру өзін маңызды сезінуге апаратын әлдеқайда ізгі жол болғанына қарамастан, қандай да бір мағынада бұл екеуі де бірдей. Бір күні, біз бұ өмірден өткенде, біздің балаларымыз «қарт әкесін» немесе «мейірімді анасын» есіне алады, және біздің өміріміз оларда жалғасады.
Италия джинсысы. Дин Мартиннің темекісінің тұқылы. Қорлар. Мұра. Бертран Расселдің қайсыбір тұжырымдарды теріске шығаруларын мәңгі іздестіру. Ол атеист әрі фаталист болған, ол мынадай қорытындыға келген: «Менің өлгеннен кейін сүйектерім шіріп, «мен» деген менмендігімнен ешнәрсе қалмайтынына сенімдімін»[6].
«Оның айтқаны дұрыс болуы мүмкін емес», — деп күрсінеміз біз.
«Оның айтқаны дұрыс емес!» — деп жариялайды Иса. Және бұрын-соңды естіген, ең ізгі сөздерімен, Ол Ағашаяқ ауылының тұрғындарының бүкіл қорқыныштарын сейілтеді. «Екі торғайды бір теңгеге сатпай ма? Дегенмен көктегі Әкелеріңнің еркінсіз бірде-бір торғай жерге құлап түспейді. Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!» дейді Иса (Мат. 10:29–31).
Шаштан да қарапайым нәрсе бар ма? Кім өзінің шаштарын санап отырады дейсің? Біз басқа қорларды бақылаймыз — банкте қанша ақшамыз бар, бакте қанша бензин қалды екен, бетіміздегі әжімнің қыртыстарын санаймыз. Алайда басымызда қанша шаш бар екенін есепке алмаймыз? Ешкім де, тіпті дүниедегі ең тез шашы түсіп таз бола бастаған адамның өзі де әр тал шашына кішкентай инвентарлық нөмір жазып қою деген, оның ойына да келмейді. Біз шашымызды тарақпен тараймыз, қырқамыз, бояймыз … алайда оларды ешқашан санамаймыз.
Тек Құдай ғана: «…Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Маған белгілі…» — дейді (Мат. 10:30).
Дала құстарымен де тура сондай жағдай. Исаның заманында ассарий ең ұсақ теңге болды. Бір теңгеге екі торғайды сатып алуға болатын. Басқаша сөзбен айтқанда, екі торғайды кез келген адам сатып ала алатын. Бірақ бұл торғайлардың оған не қажеті бар? Олар қандай мақсатқа керек? Торғайлар оған не береді, оған келер ешбір пайдасы жоқ?
Лұқа жазған Ізгі хабарда Иса бұл ойды әрі қарай тереңірек өрбітеді. «Бес торғай екі теңгеге сатылмай ма? Дегенмен олардың біреуін де Құдай ұмытпайды» (Лұқа. 12:6). Бір теңгеге екі торғайды сатып алуға болады. Ал екі ассарийге — бес торғайды сатып алуға болады. Ал бір торғайды сатушы жәй бере салады.
Қоғамда қазіргі кезде де «кішкентай торғайлар» бар — бұл ешкім көзге ілмейтін, елеусіз адамдар, олар өздерін керексіз, кез келген уақытта оңай ауыстыруға болатын, бір теңгелік құны жоқ адамдай сезінеді. Олар көлікпен сапар шегіп, жұмыс істеу үшін жалданады, бірақ тар торда жұмыс істейді. Әлдекім жолдағы картон қораптарда, ал әлдекім — өз үйінде көрпенің астында сондай күй кешеді. Олардың бәріне ортақ нәрсе — барлығы да өздерін түкке тұрғысыз мүсәпір адамдай сезінеді.
Осындай торғайлардың бір үйірін сіз Қытайдағы мылқау балалар үйінен көре аласыз. «Отбасындағы бір бала» деп аталатын қытай саясаты әлсіздерді аластатуға әкелуде.
Қыз балаларға қарағанда ұлдар жақсырақ деп есептейді. Дені сау балалар науқас балаларға қарағанда жақсырақ. Есту және сөйлеу қабілетінен айырылған, қытай балаларында қалыпты жемісті өмір сүруге мүлде аз мүмкіндік қалады. Оларға жан-жақтан бірдей «сен ешкімге керек емессің» деген дабыл соғады да тұрады.
Сондықтан біреу жақсы сөздер айтқанда, олардың жүректері жібіп қоя береді. Қытайда елшілік қызметте болған, Джон Бентли, осындай сәттердің бірін былай суреттейді. Хэнань провинциясындағы, ата-аналары тастап кеткен, саңырау балаларға мандарин тіліне тәржімеленген, «Сен — ерекшесің» деп аталатын менің кітабымды берген. Бұл кітапта ағаштан жасалған адамдар ауылындағы ағаш адам, Пунчинелло жайлы әңгімеленеді. Сол ауылдың тұрғындарында бір жетістікке қол жеткізген адамдарға жарқыраған жұлдыздарды, ал жолы болмағандарға — қара үлкен нүктелерді жапсыру дәстүрі бар еді. Ал Пунчинеллоның қара дақтарының көп болғаны соншалықты, оған жаңа қара нүктелерді ешбір себепсіз жапсыра беретін болған.
Алайда кейінірек Пунчинелло Элоиді, өзінің жаратушысын кездестіреді. Элои, ағаш адамға қолдау көрсетіп, оған басқалардың пікіріне көңіл аудармауға кеңес береді. «Сені жаратқан Менмін, — деп түсіндіреді Ол. — Ал мен ешбір ақаусыз жұмыс істеймін».
Пунчинелло бұрын-соңды мұндай сөздерді ешқашан естімеген болатын. Осындай сөздерді естігенде, оның қара дақтары үстінен төгіліп түсе бастады. Қытай жетімдер үйіндегі балалар осыған ұқсас идеялармен танысқанда, олардың жан дүниесі өзгере бастайды. Осындай сәттердің бірін баяндауға Джонға мүмкіндік берейін.
Осы кітапты балаларға және осы балаларға қызмет ететін мектеп қызметкерлеріне таратып бергенде, күтпеген тосын жағдай орын алды. Қандай да бір сәтте олардың бәрі бірдей көздеріне жас алды. Олардың неліктен осылай қабылдағанын, мен түсіне алмадым. Әлсіздерді қолдау идеясы американдықтарға жақындау… бірақ Қытайдағыларға емес, мысалы осы балаларға байланысты, себебі олар тастанды және өздерінің биологиялық ата-аналарына мүлде керек емес, өйткені «кемтар» болып дүние келген. Олар кітапты оқығанда, кенеттен олардың әрқайсысына ерекше бағалы екені ашылады, өйткені оларды Жаратушы сүйіспеншілікпен жаратқан… олардың бәрі бір кісідей жылай бастайды — олармен бірге мұғалімдер де көздеріне жас алды! Бұл адам айтқысыз жәйт![7]
Ал сізге осындай ескертулер қажет пе? Осы сөздер кішкентай торғайлардың бірінің құлағына жетпеуі мүмкін бе? Егер жауап «иә» болса, онда өзіміздің түкке тұрғысызбын деген қорқынышымызбен шұғылданатын уақыт жетті. Бұған байыппен қараңыз. Сіз — түкке тұрғысызбын, нөлмін деген қорқыныш, қандай да бір бағдарламаға, қағидаға айналып, сіздің бүкіл өміріңіздің быт-шытын шығаруы мүмкін. Бұл шамамен былай болады.
Сіз бірте-бірте жалақысы аз жұмысқа төмендейсіз, ол сізді күш-қуатыңыздан айырады. Жалақы тек ағымдағы шоттардың төлемін жабуға ғана жетеді. Сіздің Құдай берген қабілеттеріңіз, раушан гүлдер секілді сусыз солып қалады. Алайда сіз осы тұста өз шеберліктеріңізге тура келетін, қабілеттеріңізді ашуға көмектесетін, бос жұмыс орындары жайлы оқисыз. Сізге тән емес батылдықты танытып, өз түйіндемеңізді жібересіз. Жұмыс беруші сізді жұмыс сұхбатына шақырады. Міне, сол кезде Қортықтар халқының менталитеті сізге қайта оралады. «Мен оған тиісті әсер қалдыра алмаймын, — деп ыңырсисыз сіз. — Сұхбатта мен өзімді ақымақ адамдай сезінетін боламын. Маған сұрақ қояды, ал мен оларға жауап бере алмаймын. Мені бұл жұмысқа ешқашан алмайды». Арыстанның апанында тышқанның табысты болуына көбірек мүмкіндік бар. Сіз шынында да сәтсіздікке ұшырайсыз, тағы да бір сатыға төмен түсіп, өзін-өзі төмендетудің жертөлесіне түсесіз.
Немесе сымбатты жігіт кездесуге шақырған, бойжеткен қызды көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Жігіттің сымбатты болғаны соншалықты, ол қыздың бойынан нендей тартымдылық тапқанын, қыз түсіне алмай, аң-таң болады. Қыз оның теңі емес. Қызды жақыннан танып білгенде, жігіт оны міндетті түрде тастап кетеді. Мен не айтып тұрмын, ең болмағанда бір кеш бойына жігіттің көңілінен шығу, қыздың қолынан келуі екіталай. Өзіне деген сенімсіздік, қызды өзі сенімді деп санайтын, жалғыз қаруды — өз тәнін қолдануға итермелейді.
Қыз бұдан басқа адам кездеспейді деген қорқыныштан, алғашқы кездесуде-ақ жігітпен төсектес болады. Соңында қыз өзін бір рет қолдануға арналған ыдыстай сезінеді, бірақ ол жүрегінде мұндай ыдыс болуды қаламаған еді.
Түкке тұрғысызбын деген қорқыныш адамдардың өмір бойы қауіптенген нәтижелеріне, олар қашып құтылғысы келген өмірге әкеледі, оларға мүлдем ұнамайтын, сол сценарийді белсендіре түседі. Егер баскетболшы, алаңның айып сызығында тұрып, қолына допты алып, өзіне: «Мен ешқашан торға түсіре алмаймын, мен ешқашан торға түсіре алмаймын» — деп сендіруге кіріссе, сонда не болатынын білесіз бе? Ол допты торға ешқашан түсіре алмайды. Егер сіз: «Менің қолымнан ештеңе келмейді, мен түкке тұрғысыз пендемін» — деп, күн сайын айта берсеңіз, не болатынын білесіз бе? Сіз ертерек еркіндікке шығудан үмітіңізді біржолата үзіп, өзіңізді қара түнек түрмеге жабасыз.
Бұған қоса, сіз Құдайға қарсы шығасыз. Оның пікірлеріне күмән келтіресіз. Оның талғамын сынға аласыз. Құдай әрбір адам «құпия жерде жатқанда жаратылды» деп санайды (Заб. 138:15). Ол «тамаша жаратылған» деп есептейді (Заб. 138:14). Құдай сіз туралы солай ойлауын тоқтатпайды! Оның сіз жайлы ойларының қаншама екендігін, тіпті көз алдыңызға елестетіп көруге тырыспай-ақ қойыңыз, олар «құм қиыршықтарынан көп болады» (Заб. 138:18).
Неге Ол сізді соншама қатты сүйеді? Суретші өзінің суреттерін ұнатқандай, кемеші — өз кемелерін сүйгендей, Құдай сізді сүйеді. Сіз Оның жоспарын іске асырасыз, ал Оның жоспарлары сәтсіз болмайды. «Құдай бізді Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болып, игі істер жасау үшін ерекше қылып жаратты. Соларды орындауымыз үшін Құдай бізге алдын ала жағдай туғызды да» (Еф. 2:10).
Әр жылы он мыңдаған әйелдер «Сенім әйелдері» конференциясына жиналады. Оның себептерінің бірі — жұбаныш сөздерін алу тілегі. Құдайдың Өз балаларына деген жанашырлығы туралы бірінен кейін бірі айтылған сөздерді естіп, конференцияға қатысушылардың бірі мынадай электрондық хат жіберіпті:
«Капитан Крюк» фильміндегі Питер Пэн есейді, денесі олпы-солпы болып, қартайды және ол қиындыққа тап болған балалар танитын, Питер Пэнге мүлде ұқсамайтын еді. Бұл — СОЛ КЕЗДЕГІ Питер Пэн емес деп, балалар қатты жылағанда, ең кішкентай бала оның қолынан ұстап, өзіне тартты. Сонан соң оның алақанын алып өзінің бетіне басып, оның қолын сипалай бастады, сонда Питер Пэннің сырт келбеті мүлде өзгеріп сала берді. Сөйтіп оның көзіне қарап: «Міне, бұл сенсің, Питер!» — деп айқайлап жіберді. «Сенім әйелдері» конференциясына мен өзіммен бірге азды-көпті ауыр жүктерімді ала келдім, бұл жайлы тек Құдай ғана білетін. Конференцияда болған күндері мен өзімнің бетімде Құдайдың алақанын сезіндім, Ол менің бетімдегі барлық керексіз нәрселерді сүртіп тастады. Содан кейін мен Оның: «Енді міне, бұл сенсің! Міне, бұл сенсің!» деген дауысын естідім[8].
Тыныш. Құлақ салайық. Естимісіз?! Жылдар көлегейлеген, сіздің бойыңыздағы сұлулықты, жылдар өшіруге тырысқан ұшқынды көріп, Құдай да сізге тура солай айтады. Ол сізді қандай адам ретінде көріп тұрса, сондай сүйіспеншілікпен: «Міне, бұл сенсің! Міне, бұл сенсің!» дейді. Бізге Құдайдың Өзі жеткілікті. Шынында солай емес пе? Біздің осы кезге дейін ағашаяқ және тірек болғанымыз, сүрініп-қабынып, құлағанымыз жетер. Енді басқалар ақымақ ойындарды ойнасын. Бірақ біз емес. Ал біз одан да жақсы нәрсені таптық. Тура Ағашаяқ ауылының тұрғындарының біреуі секілді істейік.
3 ТАРАУ
ҚҰДАЙ МЕНЕН ШАРШАДЫ
…Жігерлен, балам, сенің күнәларың кешірілді.
ҚҰДАЙДЫҢ КӨҢІЛІН ҚАЛДЫРАМЫН ДЕГЕН ҚОРҚЫНЫШ
Нобль Досс допты қолынан түсіріп алды. Бар болғаны бір доп. Бір рет допты лақтыру. Бір қателік. Досс 1941 жылы сол қателікті жасады. Сол кезден бастап, бұл уақиға оның жанын жегідей жеді.
— Менің кесірімнен біз ұлттық чемпионатта ұтылып қалдық, — дейді ол.
Техас университетінің футбол тобы чемпионаттың танымал жетекші тобы ретінде мойындалған болатын. Жеңіліске ұшырамай маусымды аяқтап, «Қызғылт тостаған»[9] ойынына қатысуға үміттеніп, топ университет ассоциациясы бойынша қарсыласы — Бейлор Университетінің футболшыларымен сайысқа шықты. Есеп 7:0 болғанда, үшінші кезеңде «ұзын аяқтылардың»[10] жетекші ойыншысы, ашық тұрған Доссқа алыстан допты бағыттады.
— Қақпадан мені, — деп есіне алады Досс, — тек шөптің жиырма ярды бөліп тұрған еді.
Допты бағыттау нысанаға дәл көзделген болатын. «Ұзын аяқтылардың» жанкүйерлері отырған орындарынан атып тұрды. Досс қарап, өзінің «адал қолымен» допты қабылдады, бірақ доп қолынан сытылып шығып кетті.
Бейлор футболшылары басып-озып, жарыстың аяқталуына бірнеше секунд қалғанда, есепті теңестірді. Техасшылар өздерінің жоғары рейтингінен, сондай-ақ «Қызғылт тостаған» жарысына қатысу мүмкіндігінен айырылды.
— Мен сол ойын туралы әр күні есіме аламын, — деп мойындайды Досс.
Оның басқа еске алатын ештеңесі болмағандықтан, ол сол күнгі ойынды есіне алмайды. Керісінше, оның өмірінде еске алуға тұрарлық, көптеген тамаша жәйттер бар. Алпыс жылдан астам бақытты ерлі-зайыптылық өмір. Әке. Ата. Ол Екінші дүниежүзілік соғыста флотта қызмет етті. Бірде тіпті топтағы жолдастарымен бірге «Лайф» журналының мұқабасына шықты. Студенттік жылдары футбол ойнап жүргенде, он жеті рет допты қағып алды — бұл университеттің рекорды (алды) болды. «Филадельфия Иглз» тобында ойнап жүргенде, Ұлттық футбол лигасының екі дүркін чемпионы атанды. Техас мектебінің және «ұзын аяқтылардың» мектебінде — Даңқ залында Оның есімі бар.
Досстың арқасында жеңіске жеткен ойындары мен оның қабылдаған доптары, жанкүйерлердің көпшілігінің естерінде қалған. Ал Досстың есінде қалғаны, тек бір рет қабылдай алмаған доп қана. Бірде «Ұзын аяқтылардың» жаңа бас жатықтырушысымен кездесуінде, Досс өзінің қолдан жіберіп алған добы туралы оған айтып берді. Сол ойын болған күннен бері елу жыл уақыт өтті, бірақ сол күнгі ойын туралы ол көзіне жас алып, әңгімелеп берді[11].
Жіберіп алған қателіктер туралы естеліктер баяу күңгірттенеді. Олар жалғыз ілікті қорқынышты — біз адамдардың көңілін қалдырамыз, тобымызды ұятқа қалдырамыз, олардың үмітін ақтай алмаймыз деген қорқынышты туғызады. Қажет болған кезде, біз өз міндетімізді атқара алмай қаламыз, біздің көзіміздің қылилығы мен қолымыздың қисықтығының кесірінен басқалар азап шегеді деген қорқыныш. Жоқ, әрине, біздің көпшілігіміз өз қателіктерімізді Досстың қателігіне қуана-қуана айырбастаған болар едік. Егер де біз бар болғаны, бір допты қабылдай алмай қалған болсақ екен… Егер де біз тек өз футбол тобымыздың көңілін қалдырсақ қой, шіркін…
Менің бір жолдасым бар, ол өз өмірінің бірінші жартысында мағынасыз өмір сүргенін мойындады. Ол өте дарынды болғанына қарамастан, парасаттылыққа ие болмады, ол басты айналдыратын жылдамдықпен өзіне капитал мен жауларын жинап алды. Енді ол кантри мәнерінде қайғылы әндер айтатын адамдардың қатарында. Некесі бұзылған. Балалары ызақор. Оның бауыры өмір бойы арақ ішкен маскүнем адамның бауыры секілді (айтпақшы, неге «секілді»?).
Біз онымен сөйлескенде, ол әлдекімнің басқан қадамдарына құлақ салған адамдай, оның көздері әрлі-берлі жүгіріп отырады. Оның өткен өмірі полицей тыңшысы іспетті ізінен қалмайды. Біздің әңгімеміз бір сұрақтың — «Құдай мені кешіре ме?» деген сұрақтың төңірегінде айналып жүре береді.
— Ол маған әйел берді, мен бәрін құрттым. Ол маған балалар берді, мен оларды да қолдан жіберіп алдым.
Мен оған түсіндіруге тырыстым:
— Иә, сен қателік жасадың, бірақ сен өзің — қателік емессің. Біз сияқты адамдар үшін Құдай жер бетіне келді.
Шөл дала — жаңбырды сіңіріп алғандай, ол да менің сөздерімді жүрегіне қабылдады. Біз онымен келесі жолы кездескенде, ол бұл сөздерді қайтадан естуі керек болады. Қорқыныштан кеуіп қалған жерді ұдайы суару керек.
Мен бір тұтқынмен хат жазысып тұрамын. Шын мәнінде, біздің хатымыздың көп бөлігін ол жүргізеді. Оның өз қаражаты бойынша жасаған қателіктері туралы әлі үш жылдан бес жылға дейін ойлануына тура келеді. Оның хаттарында ұят пен алаңдау сезімдері — жасаған қателігі үшін ұят сезімі, ал оның салдарына бола алаңдау сезімі кезек-кезек басым болады. Ол өзі сүйген адамдарының бәрінің көңілін қалдырды. Соның ішінде Құдайдың да көңілін қалдырды. Әсіресе, Құдайдың көңілін қалдырды. Ол күнәларым Құдайдың төзімділік тостағанынан асып-төгілді-ау деп қорқады.
Бұл істе ол жалғыз емес екені анық. «Құдайдың рақымының да шегі бар», деп ойлаймыз біз. «Кешірімнің белгілі бір саны бар, одан артығын Ол кешіре алмайды» дейді, біздің дұрыс пайымдау қабілетіміз. «Егер әрқашан мейірімді несиеге алатын болсақ, ерте ме, кеш пе, тақырға отыратынымыз анық». Мұндай қисынды ойды әзәзілдің жаны сүйеді. Егер де Құдайдың рақымы қатаң түрде квота бойынша беріледі деп, шайтан бізді сендіре алса, онда біз мынадай қисынды қорытындыға келген болар едік: менің шотымдағы рақым таусылды. Құдай Өзінің тағына апаратын есікті жауып қойды. Қанша қаласаңыз, сонша рет есікті қағыңыз; әбден мезі болғанша, дұға етіңіз. Құдайдың алдына баратын есік жабық.
«Құдайдың алдына баратын есік жабық» — сонда алаңдау, араның үйіріндей бірден келіп, басыңызға ұялайды. Біз — қорғансыз әрі көмекке мұқтаж жетімдерміз. Көк, егер әрине ол бар болса, біздің бағытжолдық парағымыздан алынып тасталған. Осы өмірде жараланғандар, келесі өмірде сотталады. Құдайдың көңілін қалдыру қорқынышының — тістері өткір.
Алайда Мәсіхте кенелер бар. Мәсіхтің қорқыныш туралы алғашқы сөздерімен, Ол азулы тістерді алып тастайды: «…Жігерлен, балам, сенің күнәларың кешірілді» (Мат. 9:2). Назар аударыңыз, Иса нық сенім мен күнәларының кешірілуін бір сөйлемде біріктіреді. Батылдық күнә мәселесін шешуден басталуы мүмкін бе? Келіңіздер, оны егжей-тегжейлі қарастырып көрелік.
Иса бұл сөздерді жүре алмайтын адамға айтады. «…Міне, біреулер Оған сал болып ауырған бір адамды төсегімен көтеріп алып келді» (Мат. 9:2). Сал болып ауырған бір адамның итті серуендетуге немесе жүгіруге шамасы келмейді. Алайда оның шабыттана әрекет еткен, төрт досы болды. Олардың қаласына Иса келеді деген сөз, олардың құлағына жеткенде, достары жолдасын төсегімен бірге көтеріп, Исаның алдына әкелді. Мәсіхпен кездесу олардың жолдасына көптеген жақсылықтарды уәде етті.
Иса тәлім беріп жатқан үйге, бүкіл қала халқы жиналды. Адамдар терезе алдында, есік алдында сығылысып отырды. Сіз Қапарнаумге — шынайы Құдай келді деп ойлар едіңіз. Алайда сал кісінің достары оңайлықпен берілмейтін жандар еді және олар өз жоспарларын жақсылап ойластырды. «…Бірақ халықтың көптігінен олар Оған жақындай алмады; сондықтан үйдің сыртқы сатысымен жоғары көтеріліп, жалпақ төбесін ашты. Содан олар аурудың жатқан төсенішін арқанмен байлап, оны төменге Исаның алдына түсірді» (Мар. 2:4).
Тәуекелге бел байлауды талап ететін қадам. Олардың үйдің төбесін ашқаны, үй иелерінің көбісіне ұнамайды. Сал кісілердің арасында үйдің төбесіндегі тесіктен арқан арқылы секіретін жанкүйерлер сирек кездеседі. Және тәлім беріп жатқанда, жасалған спектакльдер барлық ұстаздарға ұнай бермейді. Осы жағдайды үйдің иесі мен «лифттің» жолаушысы қалай қабылдағанын біз білмейміз. Алайда Иса бұл іске қарсылық білдірмегенін, біз білеміз. Матай Исаның жүзіне қалай күлкі үйірілгенін баяндамайды. Достары Одан сұрамастан бұрын, Мәсіх оған батасын береді. Және олар мұндай батаны мүлде күтпеген еді: «…Жігерлен, балам, сенің күнәларың кешірілді» (Мат. 9:2). Біз басқа сөздерді естиміз деп күткен жоқпыз ба? «Жігерлен, балам. Сенің аяқтарың сауықты. Сал ауруыңнан айықтың. Бостон марафонына өтініш жаза бер».
Сал кісінің аяқтары қайнатылған макарон іспетті, алайда Иса оның бұлшық еттерін қатайтпайды, қайта оған рақымын сыйлайды. Ол не туралы ойлап тұр? Өте қарапайым нәрсе туралы. Ол біздің терең мәселеміз жайында ойлайды. Ол біздің тереңде жатқан қорқынышымызды — Құдайдың күтулерін ақтай алмаймыз деген қорқынышымызды ойлап, алаңдайды. Тәнін сауықтырудан алдын (бұл кейінірек болады), Иса оның жанын сауықтырды. «…Жігерлен, балам, сенің күнәларың кешірілді» (Мат. 9:2).
Күнә жасау — Құдайдың пікірін есепке алмау, Оның өсиеттеріне немқұрайлы қарау, Оның жарылқауларын қабыл алмауды білдіреді. Күнә — бұл Құдайсыз өмір, өзі үшін өмір сүру. Күнәкардың өмірі Құдайға емес, оның «мен» деген менмендігіне негізделген. Адам ата мен Хауа ана да соны таңдаған жоқ па?
Күнә жасағанға дейін олар қорқыныш жоқ әлемде өмір сүрді. Олар жаратылыспен, Құдаймен, бір-бірімен біртұтас болды. Едем бағы — жақсылық пен жамандық ағашының жемісін жемеңдер деген, бір өсиетке негізделген дүние болды. Адам ата мен Хауа ана таңдау еркіндігіне ие болды, және күн сайын олар Құдайға сенім артуды таңдады. Алайда содан кейін жылан пайда болды да, күмәннің дәнін сеуіп, еліктіретін ұсыныс жасады. «Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма?…» — деп сұрайды шайтан (Жар.баст. 3:1). «…Сонда сендер… Құдай сияқты боласыңдар!» — деп уәде етті әзәзіл (Жар.баст. 3:5).
Сірә, Хауа ана қорқып қалған сияқты. Бір кісі Хауа ананың жүрегі тәкаппарлыққа, менмендікке, мойынсұнбаушылыққа толы болды… бірақ оның жүрегінде ең алдымен қорқыныш болған жоқ па деп айтады? Құдай әйелге маңызды нәрсені бермеді деген қорқыныш, ол бір нәрседен мақрұм болды деген қорқыныш? Едем бағында оған бір нәрсе жеткіліксіз болды деген қорқыныш? Оған Құдайдың Өзі жеткіліксіз деген қорқыныш? Құдай оны құтқармайды деген қорқыныш?
Хауа ана мен Адам ата осы қорқыныштарды жеңіп шықты деп көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Жылан еккен күмән дәндері үшін құнарлы жер (негіз) қалдырмаған болар еді. «Сен қателесіп тұрсың, бауырымен жорғалаушы. Жаратушымыз бізге қажеттінің бәрін берген. Оған күмәндануға бізде ешбір себеп жоқ. Шыққан ініңе қайта орала ғой». Алайда олар осыған ұқсас сөздерді айтқан жоқ. Олар қорқыныштан үстем бола алмады, сондықтан қорқыныш оларға билігін жүргізді.
Хауа ана Құдайға сенім артпай, іске кірісті — сөйтіп — жемісті — өзінің қолына алды. «Егер Құдай істей алмаған жағдайда, мен бәрін өзім істеймін» деген мақсатпен, қолына жемісті алды. Адам ата да оны қостады.
Адам ата мен Хауа ана, зәрелері ұшқан адамдардай әрекет етті. Олар қашып құтылмақ болды. «…Қоңыр салқын самал соққан кезде адам мен әйелі Құдай Иенің бақ ішінде жүрген дыбысын естіді. Олар Оның көзінен тасаланып, бақтағы ағаштардың арасына жасырынып қалды. Ал Құдай Ие адамды дауыстап шақырып: — Сен қайдасың? — деді. Сонда ол: — Сенің бақта жүргеніңді естіп, қорқып кеттім. Себебі мен жалаңашпын, сондықтан жасырынып қалдым, — деп жауап берді…» (Жар. 3:8–10).
Егер қорқынышқа билік жүргізбесең, ол күнәға әкеледі. Күнә жасырынып қалуға әкеледі. Бәріміз күнә жасағандықтан, біз бәріміз де жасырынамыз, Адам ата мен Хауа ана сияқты ағаштардың арасына жасырынбасақ та, өзіміздің сексен сағаттық жұмыс апталығымызда, ашу-ызаға, діни белсенділігімізге жасырынамыз. Біз Құдаймен қарым-қатынас жасаудан қашқақтаймыз.
Құдай біздің зұлымдыққа бейімділігімізді жек көретініне, біз сенімдіміз. Қаншалықты сенімдіміз десеңізші! Өйткені біздің айтқан сөздеріміз бен істеген істеріміз, өзімізге де ұнамайды ғой. Біз өзіміздің құмарлық ойларымызды, аяусыз пікірлеріміз бен өзімшіл іс-әрекеттерімізді жек көреміз. Егер күнәміз өзіміздің жүрегімізді айнытарлықтай болса, онда киелі Құдайға күнә қаншалықты жиренішті болғаны! Біз іс жүзінде ақылға қонымды қорытынды жасаймыз: біз Құдайды қатты ренжіттік. Олай болса, Оның дауысын естігенде, ағаштардың арасына жасырынудан басқа амалымыз қалмайды ғой?
Ишая пайғамбар айтқандай, күнәнің кесірінен біз адасқан қойлар секілді тентіреп, жалғыздыққа және дүрбелең сезім толғанысына тап боламыз. «Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік…» (Иш. 53:6). Егер де пайғамбар ең болмағанда, бір рет менің итімді көргенде, ол: «Барлығымыз адасқан Моллидей тентіреп, өз бетімізбен жүрдік» деп жазған болар еді.
Осындай сүп-сүйкімді иттің бәрібір қандай да бір қасарысқан, бірбеткей мінезі бар. Көрші үйде әзірленіп жатқан кәуаптың немесе жаңа ас қалдықтарының иісі оның мұрнына жетсе болғаны — оны ешқандай пәрменмен тоқтата алмайсың. О, бағушыларыңыз сол Құдайға жиркенішті иттің соңынан қаншама рет қуып жүгіргенін, оған бағушылық уағыздармен тәлім бергенін, сіз білмейсіз де. Ит «күнә жасайды» — ол өзінің иесі әрі тәлімгері жоқ секілді өмір сүреді. Ол үнемі адасып, тентіреп жүреді.
Өткен аптада біз оны өзінің түбіне өзі жетті, бәрі де бітті деп ойладық. Біз оның суреттерін барлық бағаналарға жапсырып шықтық, ауыл аймағын көлікпен шолып, оның атын айқайлап шақырумен болдық. Күні бойы босқа сенделіп, ақыр соңында мен қаңғыбас иттерге арналған баспанаға бардым. Мен Моллидің сырт көрінісін басқарушыға сипаттап бердім. Маған сәттілік тілеп, ол маған баракты көрсетті, оның есігінің төбесінде «Жоғалған иттер» деген тақтайша көрінді.
Жануарларды сүйетін жүрегі нашар адамдарға ескерту жазылған: бұл жаққа бармаңдар! Мен туып-өскен қалада автомобилистерге арналған кинотеатрды жауып тастағалы бері, мен мұндай қайғылы жағдаймен кездеспеген едім. Бір тордан кейін екінші тор — қайғылы, үрейленген көздер. Үлкен дөңгелек көздер. Жымысқы қара көздер. Міне, кокер-спаниел қалың қасын түйіп, қадалып қарап тұр. Міне, тағы біреуі қарап тұр — тізе іспетті жып-жылтыр, чихуахуа. Тұқымдары әр түрлі, бірақ бәрінің қайғысы — бірдей. Үйге қалай оралуын түсінбей, сасқалақтаған, соқыр қаздар іспетті — оларды үрей билеген. Иттер қашасының тақтайшасына жазылғаны бойынша, екі терьер, шалғайдағы тас жолдан табылған екен.
Әлдекім гараждың арт жағынан кәрі пудельді тауып алды. Жүні қатты, сары түсті ретриверді көріп, мен Моллиді таптым деп ойлағам. Алайда бұл Молли болмай шықты. Ол мүлде басқа — жалғыздықтан жабыққан қоңыр қой көзді ит болып шықты, олар сол итті менің көлігімнің артқы орындығына отырғызбақ болды.
Бұл жерден мен Моллиді таппадым.
Сол сәтте менің бойымды ақылға қонымсыз серпіліс баурап алды. Менің жүрегімде Исаның Ізгі хабарын жариялауға тілек пайда болды: «Қуаныңдар! Сендер бұдан былай адасқан жандар емессіңдер!» Мен барлық иесіз иттерді өз үйіме алып кеткім келді, олардың есіктерін бірінен кейін бірін ашып, үріп, құйрықтарын бұлаңдатқан осы кішкентай бауырларымызды көлігіме толтырып алып кеткім келді. Мен бұлай істеген жоқпын. Мен осы иттерге көмектесуді қатты қалағаныммен, үйленген ер азамат болуды мен одан да көбірек қаладым.
Алайда менде сондай шабыт, серпіліс болды, сондай-ақ бұл жағдай Иса Өзінің алғашқы уағызында неге кешірім туралы айтқанын, менің түсінуіме көмектесті. Иә, біз Құдайдың көңілін қалдырдық. Бірақ — жоқ, Құдай бізді тастамайды.
…Құдай бізді қара түнектің билігінен құтқарып, сүйікті рухани Ұлы Иса Мәсіхтің Патшалығына енгізді…
Оған сенушілер қияметте сотталмайды…
…Себебі Әкемнің еркі мынау: Өзінің рухани Ұлына назар аударып, сенім артқан барлық адамдарға мәңгілік өмір сыйлау. Мен соларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын.
Сендер Құдайдың рухани Ұлына сенгендіктен мәңгілік өмірге иесіңдер. Оған сенім артқан сендердің соны білулерің үшін бұларды жазып отырмын.
Иса бізді өте қатты сүйеді, сондықтан Оның рақымына күмән келтіруімізге жол бермейді. Оның «шынайы сүйіспеншілігі қорқынышты жолатпайды» (Жох. 1-хаты 4:18). Егер де Құдайдың сүйіспеншілігі шынайы болмаса, онда біздің алаңдауға негізіміз болар еді. Шынайы емес сүйіспеншілік біздің күнәларымыздың тізімін сақтайды және оған жиі-жиі көз тастап тұрады. Құдай біздің қателіктеріміздің есебін жүргізбейді. Оның сүйіспеншілігі біздің қорқынышымызды жолатпайды, өйткені Ол біздің күнәмізді қуып шығарады!
Осы уәдені жүректеріңізге ұялатып, түйіндеп байлап қойыңыз. Жоханның хатындағы осы сөздерді есіңізде сақтаңыз: «Себебі егер жүрегіміз бізді айыптаса да, Құдай жүрегімізден жоғары ғой, Ол бәрін де біледі» (Жох.1-хаты. 3:20)[12]. Өзіңізді кешірілмегендей сезінгенде, осы сезімнен арылуға тырысыңыз. Сезімдер дауыс беру құқығына ие емес. Киелі жазбаға қайта оралыңыз. Құдайдың Сөзі біздің өзімізді сынға алуымыздан және өзімізге күмәндануымыздан жоғары.
Елші Пауыл Титке былай тәлім берді: «Өйткені Құдайдың бүкіл адамзатқа құтқарылуды ұсынатын рақымы анық білінді… Бұларды қауымдарға барлық беделіңмен айтып беріп, насихатта…» (Тит. 2:11, 15). Сіз Құдайдың рақымын білесіз бе? Олай болса, батылдықпен, дүниені кеңінен басып өмір сүре аласыз. Қайта-қайта ұшуға талпынуыңызға болады — Оның сақтандыру желісі сіз құлап бара жатқанда, сізді қағып алады.
Құдайдың айрықша айқын рақымының лебінен басқа, ешбір нәрсе біздің жүрегімізде батылдықты туғыза алмайды.
Мейірімділікті түсінбеу сияқты, басқа ешбір нәрсе жүректе қорқынышты туғызбайды. Сізге ашық айтуға бола ма? Егер сіз Құдайдың кешірімін қабылдамаған болсаңыз, сізді қорқыныш билейді. Жаныңызды жегідей жеген, өз Жаратушымды елемедім және Оның тәлімдерін орындамадым деген айып сезімінен, сізді ешнәрсе құтқара алмайды. Ешқандай дәрі-дәрмектер, қуанышты қанатты сөздер, психиаторлар, материалдық игіліктер күнәкардың жүрегіне тыныштық бере алмайды. Сіз өз қорқынышыңызды басып тастауға шамаңыз келуі мүмкін, бірақ одан құтылуға күшіңіз жетпейді. Бұған тек Құдайдың рақымының ғана күші жетеді.
Сіз Мәсіхтің кешірімін қабылдадыңыз ба? Егер қабылдамаған болсаңыз, онда қабылдаңыз. «Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады» (Жох.1-хаты. 1:9). Сіздің мінәжатыңыз мүлде қарапайым болуы мүмкін: «Әке, маған кешірім қажет. Сенен бет бұрып кеткенімді мойындаймын. Өтінемін, кешіре гөр мені. Жанымды Сенің қолыңа тапсырамын және Сенің рақымыңа сенемін. Исаның атынан сұраймын; Аумин».
Құдайдың рақымына ие болған соң, кешірім алған адамдай өмір сүріңіз! Иса сіздің аяғыңызды сауықтырады, олай болса, жүріңіз! Иса қой қорасының есігін ашты — азаттыққа қадам басыңыз. Иса сізді азат етсе, онда шын мәнінде азат боласыз.
Мүмкін, әуелі сізге маза бермейтін, қандай да бір әтештің шақыруын анықтап, шешіп алуыңыз керек шығар. Букер Т. Вашингтон[13] анасының бірде істеген ісі туралы пайдалы әрі тағлым аларлық уақиғасын әңгімелеп берді. Бала кезінде ол әр күні таңертең, плантациядағы барлық құлдар сияқты, әтештің құлақ жарардай ащы дауысынан оянатын. Күн ұясынан көтерілмей тұрып, шымнан өрілген лашықтың ішінен жағымсыз дауыс шығатын, бұл Вашингтон мен оның жолдастарына ұйқысынан оянып, мақта даласына аттанатын уақыт болғанын естеріне салатын. Әтештің шақырғаны олардың таңның атысынан күннің батысына дейінгі ауыр, азапты жұмыс істейтін еріксіз өмірлерінің белгісі болатын. Алайда кейінірек азаттық туралы Декларация пайда болды. Авраам Линкольн құлдарды азат деп жариялады. Келесі күні кішкентай Букерді тағы да әтеш оятты. Тек бұл жолы анасы қолына балтаны алып, әтештің соңынан қуып жүрген екен. Вашингтонның отбасы өздерін ұйқыдан оятатын әтешін қуырып, таңғы аста жеп алды. Олардың азаттығының алғашқы қадамы құлдық жайлы естеліктерді жою болды.
Ал әлдеқандай әтештің шақыруы сіздің ұйықтауыңызға кедергі жасамай ма? Бәлкім, балтаны қайрайтын уақыт жеткен болар. Бұл Ұлы Ізгі хабар — иә, Құдайдың рақымы шынайы, және біздің азаттығымыз да шынайы[14].
Айтпақшы, менің жоғалған Моллиіммен не болды десеңізші? Оны көршінің ауласынан тауып алдық. Ол үйден алысқа кетпеген екен, ал біз бәріміз ол үшін қатты алаңдап жүрміз. Бізбен де тура сондай жағдай.
4 ТАРАУ
ƏРМЕН КЕТ, УАЙЫМ!
Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой!
ЖЕТІСПЕУШІЛІК ҚОРҚЫНЫШЫ
Невроз ханым, әуежайда кезекте тұрып, қолындағы браслетін шешеді. Ол конвейерге туфлиін шешіп қойып, ішіне сұйықтық құйылған барлық қораптарды пакетке салды да, әмияннан отырғызу талонын алды. Оның сөмкесінде қару-жарақ жоқ екендігін растайтын, сканер порталы арқылы өтетін оның кезегі қашан келетінін, асқазаны жиырылып, алаңдап күтіп тұрды. Ол еденде қышыма қотыры жоқ па, әуежай қызметккерлері жеткілікті дәрежеде тәжірибелі ме деп алаңдаулы еді, пассажир бірден турникетке өтіп, өз рейсіне баратын кездер қайда кетті екен деп мазасы кетіп, тынышсыздана бастады. Ойлары сан-саққа жүгірді, бірақ оларды қуу мүмкін емес еді. «Біздің заманымызда сәттілік бізді кез келген сәтте тастап кетуі мүмкін…» Рентген аппаратының арт жағында қауіпсіздік қызметінің қызметкері қараңдайды, ол қандай да бір кемпірді зондпен айналдырып жүргізуде. Невроз ханым кемпірге жанашырлық танытпақ болып еді, бірақ сол мезетте-ақ өзінің қолын тартып алды. Лаңкестер де қартаяды ғой. Енді Невроз ханым әлгі кемпір ол отыратын ұшақпен ұша ма деп, алаңдай бастады.
Невроз мырза ағылшын тілі сабағында соңғы партада отыр. Ол алдағы партада отырғысы келіп еді, бірақ ол қала автобусын күтіп, кешкі көлік кептелісімен жетемін дегенше, басқалар ең жақсы орындарға әлдеқашан отырып үлгірген еді. Оның алақандарынан әлі де ыдыс-аяқ жуатын сабынның иісі шығып тұрды, ол таңертең сағат алтыда ыдысты жуған болатын. Он екі сағаттан кейін оның қайтадан ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаның алдында тұруына тура келеді, бірақ қазір ол бар күшін салып, етістіктердің, зат есім және үстеуді түсінуге тырысуда. Шамасы, қалғандарының барлығы бұны түсініп алған сияқты.
Бірақ ол әлі түсінген жоқ. Ол ана тілі испан тілінде сөйлемдердің грамматикалық схемасын ешқашан құрастырған емес-ті — олай болса, ағылшын тілінде құрастыру оның қолынан келуі екіталай емес пе? Бірақ ағылшын тілін білмесең — тәрелке жуудан әрі қарай аса алмайсың ғой? Невроз мырзаның жауаптарына қарағанда, сұрақтары көбірек, оларды орындауға деген күш-қуатынынан гөрі, ауыр міндеттері көбірек, және ол жиі — бәріне қолымды бір-ақ сілтесем бе екен деп ойлайды?
Невроз ханым, оның ұлы шарф тағуы керек деп санайды. Бүгін басталғалы тұрған аяздың алдында, температура енді көтерілмейді, ал түскі үзілістің көбірек бөлігінде оның ұлы шық түскен шөптің үстінде футбол добының соңынан қуып жүретінін, анасы біледі. Ал ұлына шарф туралы айтудың пайдасыз екендігін, анасы жақсы түсінеді. Он үш жастағы жігіттер шарф тақпайды. Алайда оның он үш жасар ұлы барлық отоларинголиялық инфекцияларға ұшыраған еді, олар түннің жарымына дейін алгебрадан бірге үй тапсырмасын орындаған болатын, сондықтан анасы алгебра бойынша үй тапсырмасы дәптерінің қасына оның шарфын орап, иыққа асатын сөмкесіне салып қойды.
Невроз ханым үй тапсырмасын тағы да бір рет тексеруді ұлының есіне салады да, қоштасып, оның бетінен сүйеді, ол есік алдына келіп тоқтаған мектеп автобусына қарай ұлының жүгіріп бара жатқанына қарап тұрды. Бұлыңғыр аспанға көз тастап, ол Құдайдан әбден қалжырап, шаршаған аналарға әлдеқандай құтқарушы жинақтаманы берсе екен деп сұрайды. «Мына жер бетінде Сенің жаратылысыңа көмек керек болып тұр».
Невроз мырза осы тарауға бола қиналып, бүгін таңғы сағат төрт жарымда ұйқысынан оянады. Кешкі сағат беске дейін осы тарауды аяқтау керек. Мен кестелер мен соңғы мерзімдерді ескермей, басымды жастықтың астына жасырып, алаңсыз ұйқыға батуға тырысудамын. Әттең-ай тым кеш. Мәре қаруынан оқ атылды. Жүйке клеткаларының бір-бірімен үйлесуінің олимпиадалық жарысы менің миымнан зыр етіп, жүйткіп өтіп, адреналин толқынын көтерді. Сондықтан Невроз төсегінен әрең тұрып, киініп, есікке сүйретіліп әрең жетеді де, жым-жырт көшелермен менің кеңсеме қарай аяңдайды. Мен, әуелі бос орны жоқ жұмыс кестемді көріп, күңкілдеймін, содан кейін — өз уақытымды дұрыс қолдана алмаймын деп міңгірлеймін. Невроз есікті ашып, менің компьютерімді қосады да, монитор экранында пайда болған сөздерге көзін жүгіртіп өтіп, бірінші сөздерге — Исаның уайым туралы сөздеріне күлімсіреп қарады.
Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой.
Сізге қажет нәрселердің барлығы бола ма деп, уайымдамаңыз. Біздің жолымызда жетіспеушілік пен сақтаулы қорларымыздың таусылуы, қауіпті кедергі болады. Уақыттың жетіспеушілігі, сәттілік, жолы болу, даналық пен білімнің жеткіліксіздігі. Бізде барлығы таусылғандай болады, сондықтан біз алаңдай бастаймыз. Алайда абыржу, алаңдау ешнәрсеге көмектеспейді.
Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, ормайды да, өнімін қамбаға жинамайды да, бірақ көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер құстардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?! Сондай-ақ осындай мәселелерді уайымдап, араларыңдағы қайсың өз бойын тіпті бір қарыс ұзарта алады?
Уайым құстарды тамақтандыра алмайды және гүлді — өмірлік шырынмен толтыра алмайды. Бірақ құстар мен гүлдер дәрі-дәрмексіз асқазан жарасына шалдықпай, өсіп-гүлдеуге қабілетті. Бұған қоса, оның мәңгілік еместігі жөнінде алаңдауларға өз өміріміздің ондаған жылдарын бағыштауға болады, сонымен бірге оны ең болмағанда бір минутқа ұзарта алмаймыз. Уайым, алаңдау ешнәрсе әкелмейді.
Айталық, мен оятар сағаттың жағымсыз дауысын басқаша қабылдауыма болады. Іске кірісудің орнына, мен ана құрсағындағы эмбрион іспетті қыңқылдай бастаймын: «Баспашылар тым көп нәрсені талап етуде! Әр жылы — жаңа кітап. Әр кітапта — барлық тараулар жазылған болуы керек. Жоқ, тіпті Иса да мұндай қысымды көтере алмаған болар еді. Мен қанша тырыссам да, мерзімінде оны бітіре алмаспын. Сонда баспаханада мені бәрі жек көріп кетеді де, келісімшартты бұзады. Кітап сатушылар, Лукадо қолжазбаны мерзімінде тапсырған жоқ дейді де, менің кітабымды арт жақтағы аулаға апарып, жағып жібереді. Менің әйелімнің көзін шұқып, балаларымды мектептен қуып жібереді. Таңғы асқа маған бір-екі стақан виски өте керек деп ойлаймын».
Не болатынын, көріп отырсыз ба? Әбден заңды уайым, маскүнемнің өмірі секілді, үмітсіз әрі қорқынышқа толы өмірге айналды. Мен шектен шыққан невроз жағдайына қадам бастым. Бұдан басқа ештеңені жоспарламай, ешнәрсеге дайындалмай, «Сорлы басым-ай, сорлы басым-ай» деп, мен қайғымен бауырлас болдым.
Мәсіх бізді осындай жағдайдан сақтандырғысы келді. Ағылшын аудармаларының бірінде Оның сөздері қалай жазылғанын, тыңдап көрелік: «Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді ұдайы уайымдауды (алаңдауды) тоқтатыңдар!» (Мат. 6:25).
Иса өз міндеттерімізді орындау жөніндегі біздің ақылға қонымды уайымдарымызды айыптап отырған жоқ, керісінше, біздің өмірімізде Құдайдың қатысуын елемейтін, ақыл-ой күйін айтып тұр. Зарарлы үрей Құдайды біздің болашағымыздан өшіріп, сызып тастайды, сенімнің болмауының салдарынан сенімсіздікке, теңдеудедегі Құдайдың қозғаушы күшінсіз күнделікті мәселелерді шешуге итермелейді. Алаңдау — бұл теріс ойлар оң ойларға айналатын, қараңғыланған бөлме.
Менің бір жолдасым өзінің алты жасар қызынан осындай толассыз алаңдауының мысалын көрген. Мектепке кетуге асығыс киініп, қызы кроссовкасының бауын қатты тартып байлады. Есік алдында шыға берісте құлап, қыз өзінің аяқтарына үрейленіп қадалып қарады. Мектеп автобусы келіп тоқтады, минуттар тоқтамай өтіп жатты, әкесі оның қасында және ол әкесін шақырса болғаны, ол оған көмектесетіні, қыздың ойына да кіріп-шықпады. Оның алақандары дірілдеп-қалшылдап, көзінен жастары парлады. Ақырында, ол үміті үзіліп, басын тізесімен бүркеп, еңіреп қоя берді.
Бұл балаларда болатын зиянды алаңдаудың портреті. Қатты түйін бізді қорқыныш пен үмітсіздікке таңып қояды да, біздің қасымызда тұрған, Әкеміздің бар екенін байқауға жол бермейді. Ақыры, қызына әкесінің көмегі керек екендігін, менің жолдасымның өзінің түсініп жетуіне тура келді.
Неге қызы бірден әкесінен көмек сұрамады екен? Тура сол сұрақты біз Исаның шәкірттеріне қойған болар едік. Көмек сұраудан оларды тек бір ғана өтініш бөліп тұрды.
Иса оларды демалуға жіберді. Жақия Шомылдырушының қазасы жайлы хабар Оның жанына батты, және Ол шәкірттеріне: «…Тек өздерің ғана Маған еріп оңаша бір жерге барып, біраз тынығып демалыңдар!» — деді. Себебі келіп-кетіп жатқан жұрт көп болғандықтан, олардың тамақтануға да мұршалары болмады…» (Мар. 6:31).
Сол кезде жеуге азықтары жоқ қара құрым халық пайда болды. Бүкіл армия — он бес, мүмкін, жиырма мың адам — олардың соңынан ілесті. Көптеген бақытсыз әрі азап шеккен, өз ауыртпалықтарынан басқа, ештеңелері жоқ қара құрым халық. Иса оларға жанашырлықпен қарады. Шәкірттері Оның жанашырлығын бөліспеді. «Кеш түсе шәкірттері Ұстазының қасына келіп: — Бұл — құлазыған дала, ал күн кеш болып кетті. Халықты таратып жіберіңіз. Олар жақын маңдағы ауылдарға барып, тамақ сатып алсын, — деген ұсыныс жасады» (Мат. 14:15).
О-о, әлдекім наразылық білдіріп жатқан сияқты. Исаның ізбасарлары әдетте Оған: «Ием» деп құрмет танытатын. Алайда бұл жолы олай болған жоқ. Алаңдау бізді кішкентай жендеттерге айналдырады. Шәкірттері сұрамайды, бұйрық береді:
— Халықты таратып жіберіңіз. Олар жақын маңдағы ауылдарға барып, тамақ сатып алсын.
«Олар — стратегиялық қорлар қоймасының кілті бізде ме деп ойлаған болса керек?»
Қаншама сақтаулы қорлары болса да, ол шәкірттерінің осыншама қара құрым халықты тамақтандыруына жетпес еді.
Шәкірттерінің Оған құрмет көрсетпегені, Исаны алаңдатқан жоқ. Ол жәй оларға тапсырма береді: «…Кетулері қажет емес, оларға тамақты сендер беріңдер!» (Мат. 14:1). Шәкірттері қалай иықтарын көтеріп, көздері бақырайып тұрғанын, көз алдыма елестетіп көрдім, бәлкім олар өздерінде бар қарапайым азық қорларын жинап, санай бастаған болар. Петір сірә, мұрнының астынан міңгірлеп:
— Қане, нандарды санап көрелік: бір, екі, үш, төрт, бес. Сонымен, бізде бес нан бар екен. Әндір, тағы да бір рет санап шықшы.
Әндір санап шықты:
— Бір, екі, үш, төрт, бес…
Петір нандарды бір шетке қойып, балықтарға қарады. Тура солай санайтындай, ештеңе жоқ:
— Балық… Қарап көрелік. Бір, екі, үш… Жо-о-қ! Мен мына балықты екі рет санап жіберіппін. Шамасы, бізде бар болғаны, екі-ақ балық бар сияқты!
Жалпы саны жарияланды. «…Бізде тек бес күлше нан мен екі кепкен балық қана бар» (Мат. 14:17). Мұнда «тек» деген сөз назарымызды өзіне аударады. Бұл сөз: «Қорларымыз мардымсыз. Осы мардымсыз кешкі астан басқа, ешнәрсе жоқ» деп меңзеп тұрған сияқты. Отынның көрсеткіші нөлде тұр; сағаттың зауыты таусылды; буфетте — тек нанның ұсақтары ғана қалды. Філіп бизнес-жоспар құруға тырысуда: «…Бізде тіптен екі жүз[15] күндік жалақыға келетін нан болып, әркім бір жапырақтан ғана жегеннің өзінде бәріне бірдей жетпес еді» (Жох. 6:7). Бұл сөз енді ашумен айтылды — Сенің тапсырмаң жөнсіз әрі қиын!
Сіз қалай ойлайсыз, Иса осы себеттерді аударыстырып-төңкеріп жатқандарына қалай қарады екен? Мүмкін, Ол шәкірттерінен барлық мүмкіндіктерін қарастырып шығуын қалады ма екен? Барлық жағдайларды есепке алды ма? Сізге Ол: әлдекім сегізге дейін санай ала ма екен? — деп үміттенге ұқсамай ма?
— Қане, қарап көрейік… Бес күлше, екі балық,… және сегіз — Иса!
Иса Мәсіх. Ол бізге былай деген:
…Құдайдан сұраңдар, сонда Ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады…
Ал егер сендер Менімен тығыз байланыста тұрсаңдар, әрі Менің сөздерім өздеріңмен бірге болса, қалағандарыңның бәрін көктегі Әкемнен сұраңдар, сонда аласыңдар.
…Құдайға сиынып, Оның еркіне сай не сұрасаңдар да, соны қабылдадық деп сеніңдер! Сонда ол орындалмақ.
Шәкірттерінің қасында олардың мәселесінің шешімі тұрды… бірақ олар Одан сұраған жоқ. Олар жетіге дейін санады да, үмітсіздікке салынды.
Ал сіз ше? Сіз жетіге дейін санайсыз ба, әлде сегізге дейін бе? Сіз шын мәнінде санап үйренуіңіз үшін — уайыммен күресудің сегіз тәсілі міне, мыналар:
Ең бастысы, ақша патшалығының қамын ойлаңдар, сонда әрбір доллар үшін қалтырап-дірілдейтін боласыз. Ең бастысы, денсаулықтың қамын ойлаңдар, сонда әрбір денедегі дақтар мен ісіктер үшін бойыңыз мұздап сала беретін болады. Ең бастысы, атақ-даңқты іздеңіз, сонда барлық келіспеушіліктерге қатысып үлгіресіз. Ең бастысы, қауіпсіздік патшалығын іздеңіз, сонда әрбір шөптің сыбдырынан ыршып түсетін боласыз деп жазылмаған.
Қайта, Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар, сонда сендер оны иеленесіңдер делінген. Бұған толық сенім артып, бұдан былай алаңдамауымызға болады.
Сегіз қадам. Мазасыздануды тоқтату. Дұға ету. Іске кірісіп, өз алаңдауларыңыздың алдын алу.
Сізді алаңдатқан нәрселердің бәрінің тізімін жасаңыз. Тақырыптарға талдау жасау. Қазір өмір сүру. Артық керексіз уайымдардан арылу. Құдай бар, Оның жеткілікті екендігін есте сақтау.
С-Е-Н-І–М А-Р-Т-У
(Осымен тоқтайтын уақыт жетті. Сағат кешкі бестен асты.)
5 ТАРАУ
МЕНІҢ БАЛАМА ҚАУІП-ҚАТЕР ТӨНІП ТҰР
…Қорықпа, тек сенімің болсын, сонда қызың аман қалады.
ӨЗ БАЛАСЫН АМАН САҚТАП ҚАЛА АЛМАЙМЫН ДЕГЕН ҚОРҚЫНЫШ
Жаңадан дүниеге келген нәресте түнде қатты шу шығаратынын, маған ешкім айтқан емес-ті. Түні бойы шыңғырып жылайды. Олар бүлкілдейді, пысылдайды. Олар жыламсырайды, қыңқылдайды. Олар еріндерін сорады, күрсінеді. Олар әкелеріне ұйқы бермейді. Тым болмағанда, Дженна маған көзімнің шырымын алуға мұрша бермейтін. Мен Деналин ұйқысы қанып, тынығып алғанын қалайтынмын. Баланы ота жасап босанғандықтан, дәрі-дәрмектердің жанама әсерінен, Деналин аз ұйықтайтын. Сондықтан біздің тұңғышымыз үйге келген соң, алғашқы түнде мен Дженнаға қараймын деп ұсыныс білдірдім. Біз 3 кг, 700 грамм пәк сұлуымызды қызғылт түсті көрпеге орап, тоқылған бесікке жатқызып, кереуеттің мен жатқан жағына қойдық. Деналин тез арада ұйқыға батты. Дженна да анасының артынша ұйқыға кірісті. Ал әкесі ше? Әкесі нәрестенің шығарған дыбыстары нені білдіретінін, еш түсіне алмай, дал болды.
Дженнаның тыныс алуы бәсеңдеген кезде, ол тірі ме, жоқ па, соны түсіну үшін, мен құлағымды оның ерніне жақындаттым. Оның тыныс алуы жиілеген кезде, мен ата-аналарға арналған медициналық энциклопедиядағы «Нәрестелердің өкпесінің гипержелдеткіші» мақаласын парақтай бастадым. Ол пысылдап, ентігіп дем алғанда, мен де онымен бірге пысылдап, ентігіп дем алдым. Бір-екі сағаттан кейін мен не істеу керектігін мүлдем түсіне алмай, дал болдым! Мен Дженнаны бесіктен шығарып, қонақ бөлмеге апарып, кресло-качалкаға отырдым. Сол сәтте нағыз дүлей теңіз толқыны іспетті «біз осы кішкентай тіршілік иесі үшін жауаптымыз» деген ой келді.
Сенің бойыңда қанша ой-шұқыр бар екені маңызды емес. Сен соғыс майданындағы жаудың тылына парашютпен биіктіктен секіруде мамандандырылған, «теңіз мысықтары» отрядындағы диверсант болуың мүмкін. Сен миллион доллар үшін көзді-ашып-жұмғанша лезде шешім қабылдап, әр күніңді биржада өткізуің мүмкін. Бұл маңызды емес. Әкенің жүрегі өзінің ата-аналық міндетінің бүкіл ауыртпалығын сезінген сәтте тітіркенбеуі мүмкін емес.
Мен де тура сондай күй кештім.
«Мен қалайша осындай жағдайға тап болдым екен?» Мен өз жолымды бақыладым. Әуелі махаббат болды, сонан соң үйлену тойы, сосын — баланың туылуы туралы әңгімелер. Әрине, идеяның өзіне қатысты менің қарсылығым болған жоқ. Әсіресе, жобаны іске қосудағы өз рөлім туралы ойланғанда. Нәресте анасының құрсағында тоғыз ай бойы өсіп-жетілгенде, неге екені белгісіз, мен әкелік міндеттерімді көз алдыма да елестетіп көрмеген едім. Әйелдер бастарын изеп, мені мақұлдап, келіскенін көріп тұрмын. «Еркектер қалай таяз ойлайтынын, ұмытпау керек», дейді олар. Алайда осы тұста аналарда артықшылық бар — қырық апта бойына естеліктер, олардың құрсағында жатқан, нәрестенің тебісі. Біз мұндай соққыны кейінірек аламыз. 3 700 г астам. —
Ата-аналық міндеттеріміздің автопойызы бізге қорқынышқа толы болып келеді. Біз баламызды жеткізе алмаймыз, оған керектінің бәрін бере алмаймыз деп қорқамыз. Бізде жеткілікті ақша бола ма? Оның сұрақтарына жауап бере аламыз ба? Жаялыққа ақша жете ме? Комодтың жәшігінде орын бар ма? Екпе жасату. Оқу. Үй тапсырмалары. Үйге кеш қайту. Ата-аналарын түнгі ұйқысынан айыру үшін, осылардың бәрі жеткілікті.
Біз осылардың бәрін қалай да еңсеруді үйренгенімізбен, қауіп-қатер ара үйірі іспетті біздің басымызда гуілдеп жүреді. Кеше кешкісін маған телефон шалған ата-ананы алайық. Оның он жасар ұлының кесірінен нағыз шайқас басталған. Сот үдерістері, әкесі, анасы, қорғаушылар — бала үшін тартысуда. Осы сынақтардың бәрін ұлы көтере алатынына, анасы сенімді емес.
Волейболдан жаттықтыру кезінде кенеттен естен танып құлаған, мектеп оқушысы, қыздың ата-анасы секілді. Қыздың жүрек ақауы бар екендігін ешкім білген жоқ, және бұдан кейін не болатынын ешкім айта алмайды да. Біз қыздың төсегінің басында отырып, дұға еткенде, анасының бетін көздің жасы жуып кетті.
Бұл ата-ана, ең болмағанда, олардың баласы қайда екенін біледі. Ал біздің қауымға мінәжат етуімізді өтініп, телефон шалған ана, қызының қайда екенін білмейді де. Оның жоғары сыныпта оқитын қызы өзінің жігітімен үйден қашып кеткен. Әлгі жігіті есірткіге құмар болатын. Ал қыз жігітке ес-түссіз ғашық болып қалған. Олар екеуі қашып кеткен. Қыздың анасы көмек сұрап, жалбарынуда.
Қорқыныш — жан дүниесін тітіркендіріп, уымен денесін мұздатып — жоғары октанды шатырлауық улы қоспаға ата-анасын батыруда. Анасы мен әкесі реанимацияның есігінің алдында сергек болып, ұйықтамай отыра ма, кәмелетке толмаған балаларға арналған түрмеге апта сайын кездесуге бара ма немесе сынып қалған велосипедтің сықырлаған дауысын, көшеде баланың жылаған дауысын жәй ести ме, бір ғана ой олардың жанын жегідей жейді: бір нәрсе істеу керек. Олардың балалары азап шегіп, қиналып жатқанда, не әке, не ана жайбарақат отыра алмайды.
Жайыр жайбарақат отыра алмады.
Иса көлдің батыс жағына қайта оралғанда, халық Оны қарсы алды. Өйткені бәрі Оны күтіп тұрған еді. Кенеттен Жайыр есімді бір ер адам сол жерге келіп, Исаның аяғына жығылды да, үйіне кіруін өтінді. Жайыр мәжілісхананың жетекшісі еді. Ол кісінің он екі жас шамасындағы жалғыз қызы бар еді, сол өлім аузында жатқан болатын. Иса Жайырдың үйіне бара жатқанда, халық Оны жан-жақтан қаумалап қыспақтады.
Жайыр — Қапернаумдағы жергілікті қауымның «мәжілісхананың жетекшілерінің бірі еді» (Мар. 5:22 қар.). Ол мэр, епископ және омбудсмен (жеке адамдардың мемлекеттік мекемелердің үстінен жасаған шағымын қарау үшін мемлекет тағайындаған адам). Қаланың атынан құрметті қонақтарды күтіп алатын адамдардың бірі болды. Ғалилея жағалауында Жайыр Исаның алдына келгенде, ол өз ауылының өкілі ретінде келген жоқ, қайта ол қызына көмектесуін өтініп, жалбарынды.
Қауырт күттірмейтін мұқтаждық оның ресми ілтипат көрсетпей-ақ, әрекет етуіне түрткі салды. Ол салтанатты сәлемдесуді ескермейді, қонаққа қошеметтерін жаудырмайды, оның өтініші үрейлі қорқынышқа еріксіз көндірілген. Ізгі хабарлардың бірінде былай делінген:
Жайыр есімді бір мәжілісхана жетекшісі де сонда келді. Жайыр Исаны көргенде, Оның аяғына жығылып: «Жас қызым өлім аузында жатыр. Сауығып, тірі қалуы үшін барып, оған қолыңызды тигізе көріңізші!» — деп жалына өтінді.
Өз баласын құтқаруын сұраған, өтінішімен тек Жайыр ғана Ізгі хабардың беттерінде ерекшеленбейді. Қанахандық әйел де Исамен кездесуге ұмтылып: «Тақсыр, Дәуіттің Ұрпағы, рақым етіңіз! Қызымды жын соғып, қатты қинап жатыр!» — деп айқайлайды (Мат. 15:22). Жын соғып, азап шеккен баланың әкесі Исаның шәкірттерінен, сосын Оның Өзінен көмек іздейді. Баланың әкесі көзіне жас алып дереу:— Мен сенемін. Сенімім жетіспегенде оны нығайта көріңіз! — деп дауыстап жіберді. (Мар. 9:24).
Қанахан жерінен келген ана. Эпилепсиямен ауырған баланың әкесі. Жайыр. Осы үшеуі де қандай да бір жаңа өсиеттік қауымдастық — азап шеккен балалардың азап шеккен ата-аналары қауымдастығын құрады. Құтқарушы арқанның бір ұшын олар өздерінің қолында, ал екінші ұшын Исаға ұсынады. Үш жағдайдың әрбірінде Иса көмектесті. Иса олардың ешқайсысына да теріс қараған жоқ.
Оның мәңгілік мейірімділігі біз үшін келесідей мағынаны білінеді: Иса ата-аналардың жан қиналысына жаны ашып, қайғысына ортақтасады.
Шын мәнінде, біздің балаларымыз — бұл ең алдымен Оның балалары. «Балалар — игілік Жаратқан Иеден келген, Перзенттер — Оның сыйы рақыммен берген» (Заб. 126:3). Біздің балаларымыз болудан бұрын, олар әлдеқашан Оның балалары болған. Олар біздің балаларымыз болғанымен, олар бұрынғысынша — Оның балалары.
Біз бұл туралы ұмытып кетуге бейімбіз, балаларымызды «біздікі» деп санап — олардың денсаулығы, аман-есендігі, өсіп-өркендеуі мәселесіндегі ең соңғы сөз бізде сияқты әрекет етеміз.
Алайда бұл олай емес. Барлық адамдар — Құдайдың адамдары, соның ішінде біздің дастарқан басында отырған, кішкентай адамдар да бар. Өз балаларын ұдайы Құдайға қайтарып отыратын, ата-аналар дана.
Осы тұста ең танымал мысал Ыбырайым бола алады. Сенім атасы Ыбырайым да Ысқақтың әкесі болды. Ыбырайым мен Сара осы ұлын жүз жыл бойына күтті. Тіпті бұл уақиғада ненің таңғаларлық жәйт екендігін білмеймін — тоқсан жасқа келгенде Сараның құрсақ көтергені ме, әлде олар Ыбырайым екеуі осы жасқа келгенде, балалы болуға талпынысы ма. Оларға Құдай сыйлаған дарындардың бәрінің ішінен ең ұлысы — бұл Ысқақ болды. Құдайдың Ыбырайымға берген сынақтарының ішіндегі ең қиыны бұл: «Сонда Құдай оған:— Сен өзіңнің жақсы көретін жалғыз ұлың Ысқақты ертіп алып, Мория жеріне бар. Оны сол жерде Мен саған көрсететін тауға апарып, құрбандыққа шалып, өртеп жібер! — деп бұйырды» (Жар. 22:2).
Ыбырайым таңертең ерте тұрып, есегін ерттеп, жастау екі қызметшісін және ұлы Ысқақты өзімен бірге ертіп алды. Ол құрбандық отына жеткілікті етіп отындық ағаш жарып алып, Құдай өзіне айтқан жерге қарай жолға шықты. Ыбырайым айналасына көз жүгіртіп, сол жерді алыстан көрді. Сонда ол қызметшілеріне сол жерде қалып, күтуін бұйырды. Сонан соң ол ерекше назар аударуға лайықты сөзін айтты: «Сендер есекпен осы жерде қалыңдар. Балам екеуіміз сол жерге өрлеп барып, Құдайға ғибадат етеміз, содан кейін сендерге қайтып келеміз», — деді. (Жар. 22:5).
Ыбырайым: Ысқақпен бірге «қайтып келеміз» деп, қандай сенімділікпен айтқаны жайлы ойланып көріңіз. Ыбырайым «Құдай баламды өлімнен қайта тірілтуге де құдіретті деп есептеді; астарлап айтқанда, ол баласын өлімнен қайтарып алды да»[17] (Евр. 11:19). Құдай Ыбырайымды тоқтатып, Ысқақты өлімнен сақтап қалды.
Жайыр өзінің қызымен де тура сондай жағдай болады деп үміттенді. Ол Исаның аяғына жығылды да, үйіне кіруін өтінді (Лұқа. 8:41 қар.). Алыстағы ара қашықтықтан көмек әкенің жүрегін тыныштандырмады, ол өз үйінің қабырғасында — есіктен кіріп, науқастанып жатқан қызының төсегінің басында тұрған, Исаны көруді аңсады. Ол үйінің ішінде Исаның болғанын қалады.
Менің әйелімнің ниеті де тура сондай. Бір күні мен Құдайдан: «Неліктен Сен менің қыздарыма және маған соншалықты мейірімдісің?» деп сұраймын, ал Ол жауап ретінде маған Деналинді көрсетіп: «Деналин Маған сен және сендердің қыздарың туралы айта береді, айта береді» дейтін болады. Деналин үйдің ішінде әрлі-берлі жүріп, барлық жатын бөлмелер мен басқа да бөлмелерге үңіліп, ұдайы дұға етіп жүреді. Ол қыздары және олардың күйеулері үшін, мінәжат ету үшін, тоқтайды.
Деналин Еремия пайғамбардың тәлімін әбден бағалайды: «…Тәңір алдында жүрегіңді ақтар әр көше басында! Балаларыңның жаны үшін қолыңды жай жалбарына!…» (Ер.жоқтауы 2:19).
Қымбатты ата-аналар, бұған біздің шамамыз жетеді. Біз адал арашашы, болысушы, жақтаушы, табанды, қайсар өтінуші бола аламыз. Біз ата-аналық қорқыныштарымызбен Мәсіхтің алдына келе аламыз. Шынын айтқанда, әйтпесе біз өз қорқыныштарымыздың ауыр жүгін балаларымызға жүктейміз. Қорқыныш кейбір ата-аналарды параноид тұтқындарға айналдырады, олар баланың әрбір бос минутын бақылап, оның әрбір жолдасын егжей-тегжейлі тексеретін болады. Олар баланың дамуын тежейді және адамдарға сенімсіздікті балаға жұқтырады. Еркін тыныстауға ерік бермейтін отбасында, баланың тынысы тарылып, тұншығады.
Екінші жағынан, қорқыныш сонымен бірге ата-аналардың балаларды бетімен жіберуіне әкелуге қабілетті. Балалар өздерін шектен тыс қысылып, еркін ұстай алмайды деп қауіптеніп, ата-аналар балаға қойылатын талаптарды төмендетеді. Көбірек құшақтап, азырақ тәртіпке шақырады. Ата-аналар тиісті тәртіпке шақыру — сүйіспеншілік көрсету екендігін жете түсінбейді. Ал бетімен жіберу — қамсыздық, ақ көңілділік. Қауіптену сандырағы. Біз қалайша мұндай шектен шығушылықтан аулақ бола аламыз? Біз мінәжат ете аламыз.
Мінәжат — ата-ананың қорқынышын суыту үшін құйылатын ыдыс. Иса ата-аналық мәселелер туралы өте аз айтқан, тәндік жазалау, баланы емізу, ата-аналық сүйіспеншілік үшін балалардың арасындағы қызғаныш, тәрбие туралы айтпаған. Бірақ бәрібір бірнеше томдарға қарағанда, Оның іс-әрекеттері мінәжат туралы әлдеқайда көбірек айтады. Ата-аналар дұға еткен сайын, Мәсіх құлақ салады. Аналар мен әкелерге Оның басты шақыруы қандай? Балаларды Маған әкеліңдер. Оларды мінәжаттың бағында өсіріңіз.
Олардың қасында бір күн болмасаңыз, өз батаңызды олармен бірге қалдырыңыз. Оларға қайырлы түн тілегенде, оларға мінәжатпен қорған қойыңыз. Қызыңыздың географиядан үй тапсырмасы қиын ба? Қызыңызбен бірге бұл жөнінде сиыныңыз. Жаңадан келген қыз ұлыңыздың жолын кескестеп, маза бермей жүр ме? Сол қыз үшін ұлыңызбен бірге сиыныңыз. Осы дүниеде өз орнын және аспан патшалығындағы мәңгілік орнын, балаларыңыз терең сезіну үшін сиыныңыз.
Бірнеше жыл бұрын жексенбілік таңғы қызмет уақытында, мен осы мәселеге өте байыпты қараған, бір әкені бақылаған едім. Біз Иеміздің асына қатысқан кезде, оның кішкентай ұлы әкесінен:
— Бұл не, әке? — деп сұрады.
Әкесі Иеміздің асындағы нанның мағынасын түсіндіріп, соған сәйкес мінәжатты оқып берді. Жүзім шырыны құйылған тостаған келгенше, баласы үндемей отырды. Сонан соң ол тағы да:
— Бұл не, әке? — деп сұрады.
Әкесі — Исаның төгілген қаны мен айқышқа шегеленуі, жүзім шырыны қалай Исаның өлімінің белгісі екендігін қайтадан түсіндіре бастады. Сосын ол тағы да сиынды.
Сол әкенің өзіне қаншалықты орасан зор міндет жүктегенін көріп — мен күлімсіреп қарап тұрдым. Оны түсінгендей сыңай танытпақ болып, бұрылғанда, мен кенеттен ол — Дэвид Робинсон, «Сан-Антонио Спурс» тобындағы әйгілі баскетболист екендігін түсіндім. Оның алты жасар ұлы, кіші- Дэвид Робинсон оның тізесінде отырған еді.
Бір тәулік бұрын Дэвид «Финикс Сане» тобымен жарысты салтанатпен сәтті аяқталуын белгіледі. Ал ертең Робинсонды Финиксте жауапты жарыстағы ойын күтіп тұр. Жалпы ұлттық теледидар бойынша осы екі маңызды спорт уақиғаларының арасында, Дэвид әке болды, ол — «топтың ең жақсы ойыншысы» және олимпиядалық чемпион емес, кішкентай Дэвидке Иеміздің киелі асының мағынасын түсіндіріп отырған, әке Дэвид болды.
Сонымен, осы үш күнде болған уақиғалардың қайсысы ең үлкен маңызға ие? Екі баскетбол жарысы ма, әлде Иеміздің асы ма? Мәңгілікте осылардың қайсысы көбірек маңыздырақ? Жарыс алаңында ұтып алған ұпай ма? Әлде қауымда естіген уағыз ба? Жас Дэвидтің өміріне қайсысы тереңірек ықпал етеді? Не маңызды — әкесінің баскетбол ойнағанын көру ме, әлде оның сыбырлап дұға еткенін есту ме?
Қымбатты ата-аналар, біз балаларымызды олардың өміріндегі барлық қауіп-қатерлерден арашалап, қорғай алмаймыз, бірақ біз оларды өмірдің қайнар көзіне әкеле аламыз. Біз оларды Мәсіхтің қолына сеніп тапсыра аламыз. Дегенмен, тіпті осы жағдайда да біздің «жағалаудағы мінәжатымыз» біз үшін қиын болатын таңдауға әкелуі мүмкін.
Жайыр мен Иса Жайырдың үйіне бара жатқанда, «мәжілісхана жетекшісінің үйінен біреу келіп, оған:— Қызыңыздан айырылып қалдық. Енді Ұстазды әурелемей-ақ қойыңыз, — деп хабарлады. Бірақ мұны естіген Иса Жайырға:— Қорықпа, тек сенімің болсын, сонда қызың аман қалады, — деді» (Лұқа. 8:49–50).
Жайыр екі қарама-қайшылықтың ортасында қалады. Біріншісі — үйінен келген хабар: «қызыңыздан айырылып қалдық». Екіншісі — Исаның айтқан сөзі: «Қорықпа!». Бір жағынан қорқыныш туғызуда. Ал екінші жағынан үміт сендіруде. Қайғы, сосын сенім. Жайыр екі дауысты естиді және қайсысына құлақ салып, тыңдау керектігін, таңдауға тиіс.
Біз бәрімізде осындай күйде емеспіз бе?
Ата-аналық өмірдің қатал шындығы бізге былай деуі мүмкін: қолыңнан келгеннің бәрін істеуің мүмкін, бірақ бәрібір Жайырдың орнында боласың. Баланы қорғаштауың, мінәжат етіп, оны көлегейлеген барлық көлеңкелерді қусаң да, бәрібір түннің ортасында аурухананың қабылдау бөлмесінде отыруың немесе нашақорларға арналған клиникаға жексенбі күні рұқсат қағаз жазуың мүмкін, сонда сен екі дауыстың арасында таңдау жасауға тиіс боласың — үмітсіздікке салыну немесе үміт. Жайырдың үмітсіздікті таңдауына болар еді. Оның «жетер енді!» деген шешімі үшін, кім оны жазғырар еді. Иса оған көмектесе алатынына, оның ешбір кепілдігі болған жоқ. Оның қызы қайтыс болды. Жайыр жәй бұрылып, кетіп қалса болады. Біз бәріміз, ата-аналар, оның солай істемегеніне қатты қуанамыз. Біз Оған балаларымызды сеніп тапсырғанда, Иса не істейтінін, біз білуге тиіспіз.
Ол
Иса анасының кіруіне рұқсат берді. Сол сәтке дейін қандай да бір себептермен анасы көзден таса қалған. Ықтимал, қызының төсегінің басында отырған болар. Мүмкін, ол күйеуімен тату болмаған шығар. Мәсіх отбасыларды ажыратуы мүмкін. Қиыншылықтар, науқасты немесе жолы болмаған баланы қамқорлау ана мен әкенің арасына жік түсіруі мүмкін. Алайда Мәсіх оларды біріктіреді. Мәсіх есіктің алдында тоқтап, қайғыдан есінен адасқандай болған ананы ишаратпен өздерімен бірге үйге кіруін сұрағанын, көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Иса солай істеуге міндетті емес-ті. Ол анасын шақырмай, асығыс үйге кіріп кетуіне болар еді. Алайда Ол осы қайғыда әкесі мен анасының бірге қол ұстасып тұрғанын қалады. Иса бәрін, мейлі шағын болса да, отбасын қыздың төсегінің басына жинады.
Ол
Ол күмәндардың бәрін қуып шығаруды бұйырып, тек үміт пен сенімді қалдырды. Және осы сенім артқандардың ортасында Иса, «қыздың қолынан ұстап тұрып, дауыстап: «Қызым, тұра ғой!» — деді. Сонда қыздың жаны қайтып кіріп, ол дереу орнынан тұрды! Иса: «Оған тамақ беріңдер», — деп бұйырды. Қыздың әке-шешесі қатты қайран қалды» (Лұқа 8:54–56).
Бақытсыз ата-аналарға Құдайдың шын жүректен жаны ашиды. Бұл бізді таңғалдыра ма? Өйткені Құдай да — Әке. Ол қандай ата-аналық сезімдерді бастан кешірмеді десеңші? Сіз балаңыздан ажырадыңыз ба? Құдай да сондай жағдайды бастан кешірді. Сіздің балаңызды біреу кемсітіп, қорлай ма? Оның Ұлын да қорлаған. Әлдекім сіздің балаңызды өз мақсаттарына пайдалана ма? Оның Ұлы да жалған куәлік бойынша айыпталған, ал ашкөз досы Оған опасыздық жасап, сатып кетті. Сіз балаңыздың қалай азап шегіп жатқанын көруіңізге тура келді ме? Құдай Өз Ұлының айқышта шегеленіп тұрғанын көрді. Сіз дүниедегі барлық қиыншылықтардан балаңызды қорғап қалғыңыз келе ме? Құдай да соны қалар еді. Бірақ бізді өте қатты сүйгендіктен, «Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды?» (Рим. 8:32).
Осы «бәрін» деген сөзде үміт пен ерлік бар.
Біздің кейбірімізге Жайырдың уақиғасын тыңдау қиын. Ол сияқты дұға етесің, мазараттың басынан бір-ақ шығасың, әрбір ата-ананың жүрегі үшін ең қараңғы түнмен кездесесің: өз балаңның өлімі. Бұл қайғымен ешбір қайғыны салыстыруға тұрғысыз. Жайырдың уақиғасы сізге қандай үміт бере алады? Иса Жайырдың баласын өлімнен тірілтті. Неге Ол сіздің балаңызды құтқарып алмады?
Сіздің сұрағыңыз Құдайға түсінікті. Ол да Өз Ұлын жерледі. Ол сізден де бетер өлімді жек көреді. Міне, сондықтан да Ол өлімді жойды. Құдайдың күші міне, осында, «Мәсіх өлімнің күшін жойып, Ізгі хабары арқылы шынайы, ешқашан өшпейтін өмірді жарыққа әкелді» (Тім. 2-хат 1:10). Құдайға өзін сеніп тапсыырғандар үшін, өлім — бар болғаны, көктегі өмірге өту. Балаңыз сіздің құшағыңызда болмауы мүмкін, алайда оған Құдайдың құшағында әлдеқайда жақсы екендігіне кәміл сенемін.
Біздің басқаларымыз Жайырдың жағдайында ұзақ уақыт қалып қойғамыз. Айтылған мінәжаттар теңізінің жағалауынан әлдеқашан алыстап кеткенсіз, бірақ бәрібір әлі де дұғаға жауап алғандар еліне жеткен жоқсыз. Өз балаңызды жоқтап, сіз көз жасыңызды көл еттіңіз — кез келген періштенің және оның көршісінің сізге жанашырлығын туғызу үшін, көз жасыңыз әбден жеткілікті. Кейде сізге істің аяқталуы жақын, Иса сізбен бірге үйіңізге келе жатқандай көрінеді. Алайда сізде енді мұндай нық сенімділік жоқ. Сіз осы жолда өзіңізді жалғыз сезінесіз, Мәсіх сізді және сіздің балаңызды ұмытып кетпеді ме екен, өзіңізден сұрап қоясыз.
Ол ұмытқан жоқ. Ол ата-аналардың дұғасына ешқашан теріс қарамайды. Өз балаңызды Құдайға сеніп тапсырыңыз, сонда тиісті уақытта, тиісті орында Құдай оны сізге қайтарып береді.
Жиырма бес жыл бұрын сол күні түн ортасында мен қызымды Құдайға сеніп тапсырған болатынмын. Жуырда ғана сатып алған тербелме-бесіктегі қызымды тербетіп отырып, мен Ыбырайымның Ысқақты қалай құрбандық орнына қойғанын есіме алдым да, тура солай істеуді ұйғардым. Ұзақ өмір сүрген Ыбырайымнан үлгі алып, мен қонақ бөлмені Мориа еліне айналдырдым да, баламды көкке көтеріп тұрып: «Мен бұл баланы өлімнен тірілте алмаймын, — деп мойындадым, бірақ бұл Сенің қолыңнан келеді. Мен оны Саған қайтарып беремін». Бұл қорынышты көрініс болса керек — пижама киіп алған әке, көрпеге оралған кішкентай нәрестені үйдің төбесіне қарай жоғары көтеріп тұрды. Бірақ менің бұл әрекетімді мақұлдайтын ата-аналар бар деп ойлаймын. Олардың арасында — Ыбырайым, Жайыр және әрине, Құдай бар.
6 ТАРАУ
МЕН СУҒА БАТЫП БАРАМЫН
Иса оларға дереу тіл қатып:— Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын! — деп көңілдерін орнықтырды.
ШАМАДАН ТЫС АУЫР ҚИЫНШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫНДАҒЫ ҚОРҚЫНЫШ
Ұшақпен ұшардың алдында мен, «Ең жақсы мерген» фильміндегі сәл қартайған Том Крузға ұқсап — жазғы әскери дулыға, жазғы жейде және қарбыздың тілігін еске салатындай, күлімсіреп тұрдым. Ұшақ ұшқан соң Круз ғайып болды. Шөлдалада жаңбырмен шайылған, сүлде іспетті, менің түрім боп-боз болып кетті. Мен әрлі-берлі теңселіп — әжептеуір қисайып жүрдім. Есесіне жуырда ғана менің күлімсіреген ернім, қонатын алаң іспетті, мінсіз түзу сызыққа айналыпты. Осы метаморфозаларды үш мың метр биіктіктегі алпыс минуттық ауа акробатиканың есебіне жатқызыңыз.
Мен подполковник Том Макклейннің тура арт жағындағы кабинаға жайғастым. Зейнетке шығардан бір ай бұрын ол өзімен бірге мені танысу ұшуын жасауға шақырған болатын. Шақыруды келесілер толықтырды:
• ұшу алдындағы дәрігерлік тексеру (тексеру барысында катапульттік креслоны күйге келтіру үшін менің бойымды өлшеді);
• қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау (тексеру барысында мен катапульттік рычагты қозғауда жаттықтым);
• жаттықтыру парашютінің бекіткішінде бірнеше секунд ілініп тұрдым (катапульт іске қосылған соң жерге мен қайта оралдым).
Жұртшылықпен байланыс бойынша ӘӘК департаментіне менің үндеуім міне, мынадай: катапульт туралы осы әңгімелерді қысқартатын уақыт жеткен сияқты? Нәтижесінде бұл бізге қажет болмай шықты. Айтпақшы, бұл сонашлықты кішкентай жетістік емес — өйткені біз сүңгідік, аспанға көтерілдік, — минутына үш мың метрге дейінгі тік жылдамдықпен — оқтын-оқтын қайтадан төменге қарай құлдиладық. Төбешіксіз «американдық төбешіктерде» сырғанауды көз алдыңызға елестетіп көре аласыз ба? Біз басқа Т-6 тандеммен бірге ұштық. Қандай да бір сәтте біздің ұшағымыздың ұштарының арасында болды. Әмбебап дүкендерде бір-біріне жақын тұратын, арбаны сүйретудің өзі маған ұнамайтын.
Әуеде бір сағаттай ұшқан кезде, мен мынаны түсіндім:
• ӘӘК ұшқыштарға жалақыны аз төлейді. Олардың қанша жалақы алатынын мүлде білмеймін, бірақ бәрібір олардың жалақысы аз. Сағатына 600 шақырым жылдамдықпен өз елін қорғауға келіскен кез келген адам, әр түрлі сый-тартуға лайықты.
• Ұшқыштың дабыл кезіндегі аты деп, оның бас киімінің желке тұсында жазылған.
Олардың дабыл кезіндегі аттары сондай керемет: «Альпинист». «Буйвол». «Ловкач». Маған «Макс» деп ат берді. Жаман емес, солай ма? Подполковник Макклейн «БИГ-М» дегенде жауап береді. Оның бас киімінің арт жағында осылай жазылған. Мен бұны анық білемін. Елу, алпыс минуттай, мен тек осы жазуға қарап отырдым. Мен сол сөзді басынан аяғына қарай оқыдым, сосын соңынан басына қарай оқыдым, әріптерін санадым, ақырында, бұл қысқартылған сөзді — «Құдайым Иса, Ием менің» деп шештім. Менің асқазанымның ахуалы менің басқа ешқандай нәрсеге қарауыма мұрша бермеді. Көкжиек қабаты өзінің секіруін бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Менің алдымдағы аспап-құралдар панелі секілді. Көзімді жұмып едім, одан бетер жүрегім айнып, құсқым келді. Сондықтан мен «БИГ-М» — ге қадалып қарап отырдым. Өйткені ұшқыш алты мыңдай сағат ұшуы керек еді!
Алты мың сағат! Мен — пицца жеген уақытқа қарағанда, ол ұшуға көбірек сағат жұмсады (мен кеше кешкісін тойып тамақ жеп алғаныма өкіне бастаған кезде, маған осындай ой келді). Алты мың сағат! Тәулігіне жиырма төрт сағаттан, сегіз ай бойына үздіксіз аспанда кезектік жұмыста болды деп айтуға болады — бұл уақыт экватор бойлап жер шарын 143 рет айналып шығуға жетеді. Біз кабинаға шығып жатқанда, ол неге күлімсірегені, енді түсінікті болды. Бұл ұшу ол үшін үш аяқты велосипедпен сапарға шыққанмен бірдей. Тоқсан градусқа қисайып, бұрылған уақытта, мен тіпті оның әндетіп отырғанын естідім. Мен қайда қарау керектігін дереу ұқтым. Мен бұдан кейін төменге және жан-жағыма қараған жоқпын. Мен бар назарымды ұшқышқа аудардым. Егер Макклейн жақсы болса, демек, менің де жағдайым жақсы болады. Әр түрлі өзгеріс кезінде қайда қарау керектігін, мен білемін.
Петірге тура осындай сабақ айтарлықтай ауыр тиді. Егер ойымызда ұшақты 9 метрлік балықшылар қайығына, ал Сан-Антонио аспанын — Ғалилея теңізіне теңестіретін болсақ, онда Петір екеуміз өте ұқсас жағдайға тап болғанымыз. «Ал қайық жағадан бірталай алыстап кеткен болатын. Сол кезде жел қарсы тұрып, толқындар қайықты соққылай бастады» (Мат.14:24). Әйгілі теңіздердің арасында Ғалилея теңізі — ұзындығы он үш шақырым, ал ені жеті жарым шақырымға созылып жатыр — кішкентай, бірақ өте құбылмалы теңіз. Шағын болғандықтан, Голан төбелерінен соғатын, жел-дауылдар үшін ол шектен тыс осал. Кенеттен соққан дауыл теңізді коктейльге арналған шейкерге айналдырып жібереді, дауыл оның суын біресе бір жаққа, біресе екінші жаққа қарай лақтырады. Қыс айларында мұндай дауылдар әр апта сайын тұрады, сондықтан теңіз екі-үш күн бойына өршелене құтырып тасиды[18].
Петір мен оның жолдастары қайықтың теңселгеніне қарап, қандай апатқа душар болғанын жақсы түсінді. Алпыс минуттық сейіл түнгі ұзаққа созылған дауылмен шайқасқа айналды. Наурыз айында ұшырылған әуе жыланы іспетті, қайық тербеліп, шайқалды. Күн сәулесінен тек әлсіз естеліктер ғана қалды. Түнгі аспаннан жаңбыр шелектеп құйды. Күміс қылышымен найзағайлар қараңғылықты жарып өтті. Жел қайықтың желкенін жұлқылап, ұйпа-тұйпасын шығарды, ал «қайық жағадан бірталай алыстап кеткен болатын. Сол кезде жел қарсы тұрып, толқындар қайықты соққылай бастады» (Мат. 14:24). Бұл суреттеу сіздің өміріңіздің қайығына сай келе ме? Бәлкім, бізге бір-екі зат есімді қосып жіберудің өзі жеткілікті болатын шығар…
Ажырасу теңізінің ортасында, оны айып сезімінің толқындары соққылай бастады…
Қарыздар теңізінің ортасында, оны несиегерлердің толқындары соққылай бастады…
Залалдық теңізінің ортасында, оны жеңілдіктер мен дотация (демеу қаржы) толқындары соққылай бастады…
Үсті-басы малмандай су болған, әбден тоңған шәкірттері ұзақ тоғыз сағат бойына сұрапыл дауылмен шайқасты. Және таңғы сағат төртте айтып түсіндіре алмайтын ғажап жәйт болды. Олар судың бетімен жүріп келе жатқан Біреуді көрді. Олар «зәрелері ұшып: «Мынау елес!» — деп қатты қорқып, айқайлап жіберді» (Мат. 14:26).
Иса осылай оларға келеді деп, шәкірттері мүлде күтпеген еді.
Біз де мұндайды күтпейміз. Біз қауымдағы әнұранның баяу дауысымен, немесе Құтқарылу мейрамында жексенбі күні, немесе Онымен тыныш уақыт өткізгенде, Ол бізге келеді деп ойлаймыз. Біз таңертеңгі Құдайға табыну, қауымдағы шәй дастарқаны, мінәжат бізді Исаға жақындатады деп үміттенеміз. Біз дүрліккен биржада, жұмыстан босағанда, сот үдерістерінде, мал-мүлкіміз тәркілегенде немесе соғыста, Оны кездестіреміз деп, ешқашан ойламаймыз. Біз сұрапыл дауыл кезінде Оны көреміз деп ешқашан күтпейміз. Алайда сол сұрапыл дауылда Ол Өз істерінің ең жақсысын жасайды, өйткені дауыл көтерілгенде, біз Оны анық көретін боламыз. Шәкірттерінің қорқынышына Иса шақырумен жауап берді, бұл шақыру әрбір қауымның іргетасында және қауымның әрбір қақпасында мәңгілік есте сақтауға лайық: «…Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын!» (Мат. 14:27).
Бұл сөздерде күш сезіледі. Реанимацияда ұйқыдан оянғанда, сенің күйеуіңнің: «Бұл менмін ғой» деген дауысын есту. Зейнетақы қорын жоғалтып, бірақ бәрібір туған-туыстар мен жақын адамдарымыздың «біз сенімен біргеміз» деген сөзінен, олардың қолдауын сезіну. Жас бейсболист ойын кезінде анасы мен әкесінің мінбеде отырғанын байқайды, ата-ананың «біз осындамыз» дегені оған жеткілікті. Мүмкін, сондықтан да Құдай бізге: «Бұл Менмін. Мен осындамын» деп жиі есімізге салатын болар.
Иеміз қастарыңда ғой.
…сендердің Менімен, Менің де сендермен тығыз байланыста екенімізді түсінесіңдер.
…Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын.
Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды.
…Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды!…
Құдай болмаған жерге, біз бара алмаймыз. Бір рет кері бұрылып қараңызшы — Құдай сіздің соңыңыздан ілесіп келе жатыр. Сұрапыл дауылға көз айырмай қараңызшы — бұл Мәсіх сізге келе жатыр.
Абырой болғанда, Петір Исаның сөздеріне сенді. «…Мырза, егер бұл Өзіңіз болсаңыз, онда маған су бетімен қасыңызға баруға бұйырыңызшы, — деп жауап берді. Иса: — Кел! — дегенде, Петір қайықтан шығып, су үстімен Исаға қарай беттеді…» (Мат. 14:28–29).
Егер де теңізде баяу жел соғып, су тынышталып тұрғанда, Петір бұл туралы ешқашан сұрамас еді. Егер Иса слюда (шақпақ тас минералы) іспетті теп-тегіс, тынық судың бетімен жүріп келгенде, Петір бірінші болып қол шапалақтап қошемет көрсеткен болар еді, бірақ оның қайықтан шығатынына, менің күмәнім бар. Дауылдар бізді бұрын-соңды жасамаған іс-әрекеттерге итермелейді. Бірнеше тарихи, сиқырлы сәттер бойына осы бірнеше қадамды жасай отырып, Петір өзінің қолынан келмейтін істі жасады. Ол табиғат пен физиканың барлық заңдарын теріске шығарды. «Петір қайықтан шығып, су үстімен Исаға қарай беттеді».
Менің редакторларыма мұндай лаконизм (қысқаша айту) ұнамас еді. Кітап беттері дереу олардың қызыл түсті белгілерімен шұбарланып кеткен болар еді: «Егжей-тегжейі қайда?! Петір қаншалықты тез қайықтан шықты? Басқа шәкірттері бұл уақытта не істеп жатыр еді? Олардың бет-әлпетінен нені көруге болады? Петір қандай да бір балықты басып кеткен жоқ па?»
Осыған ұқсас сұрақтарға Матайдың жауап беруге уақыты жоқ. Ол бізді болған уақиғаның мән-мағынасына қарқынмен жетелейді: дауыл көтерілгенде біз қалай қарау керекпіз? «…Бірақ қатты соққан желді байқап, қорқып кеткен ол суға бата бастады да: — Мырза, мені құтқара көріңіз! — деп айқайлап жіберді» (Мат. 14:30).
Желмен көтерілген судың қабырғасы оның көзін жауып тастады. Ұйытқыған желдің қатты соққаны соншалықты, қайықтың діңгегі қисайып, шытырлай бастады. Найзағайдың жарқылы көлдің бетіне сәулесін түсіріп, толқындар тізбегін үсті-үстіне үймеледі. Петір Исадан назарын толқындарға ауыстырғанда, батпақтағы кірпіш іспетті суға бата бастады. Егер судың бетімен жүріп келе жатқан Исадан, өршелене құтырған толқындарға көбірек қарайтын болсаңыз, онда Петірмен болған жағдайды бастан кешіруге дайындалыңыз.
Дауыл бола ма, әлде жоқ па — бұл жағын біз шешпейміз. Алайда дауыл көтерілгенде, біз қайда қарау керектігін таңдай аламыз. Кардиологтың кабинетінде отырған кезде, мен осы шындықтың тікелей расталуын кездестірдім. Біршама уақыт алдын, менің жүрек ырғағым бұзылып, дүрсілдеп соғатын болды, — кардиограммада ол қисық автомобиль жарысының жолы секілді көрінді. Сондықтан мен маманға жүгіндім. Тексеру нәтижелерін қарап шығып, маған бірнеше сұрақтар қойды да, дәрігер бірдеңені түсінгендей, басын изеп, оны кабинетте күтуімді сұрады. Мектепте мені директордың кабинетіне жібергенде, маған ұнамайтын. Науқас ретінде мені дәрігердің кабинетіне жібергенде де, мен ұнатпайтынмын. Алайда мен есіктен кіріп, креслоға отырдым, сол сәтте-ақ дипломдардың ағыл-тегіл мол өнімінін байқадым. Олар барлық жерде және тұс-тұстан ілініп тұрды. Университеттің дипломы. Ординатураның дипломы. Оның әйелінің дипломы (сіздер әзіл-қалжыңды бағалағанша, күте тұрайын).
Мен неғұрлым оның жетістіктеріне ұзақ қараған сайын, соғұрлым өзімді жақсы сезіне бастадым. «Мен жақсы қолға түсіппін». Өзімді еркін сезініп, креслоның аралығына шалқая бергенімде, оның медбикесі кабинетке кіріп, маған бір парақ қағазды ұсынды.
— Дәрігер қазір келіп қалады, — деп түсіндірді ол. — Ол келгенше, дәрігер сіздің осы қорытындымен танысқаныңызды қалайды. Мұнда сіздің жүрек-қан тамырлар жүйеңіз қандай ахуалда екені бағаланған.
Мен дипломдардан дертім туралы қорытындыға назарымды аудардым.
Мен оқып отырғанда, қарсы жақтан жел соқты. «Жүрекше фибрилляциясы», «аритмия», «эмболия», «қан тромбы (қан ұйығаны)» сияқты жағымсыз сөздер, мені Ғалилея теңізінде батуға мәжбүр етті. Менің алаңсыздығымнан не қалды? Бір минут бұрын мен өзімді әлдеқайда жақсы сезінген едім. Сондықтан мен тәсілді өзгерттім. Мен диагнозға дипломдарды қарсы қойдым. Жаман хабарлардың азат жолдарының арасынан мен жақсы хабарлардың қабырғасын көрдім. Құдай бізден міне, осыны қалайды.
Батыл болыңдар деген Оның шақыруы — бұл аңқаулыққа немесе бейхабар, надандыққа шақыру емес. Өмір бізге сыйға тартқан, есімізді шығарып, таңғалдыратын қиындықтар туралы біз ұмытпауға тиіспіз. Құдайдың істерінен көз алмай, біз оларды теңдестіруіміз керек. «Сол себепті біз беттеген бағытымыздан ауытқып кетпеуіміз үшін Мәсіх туралы естігендерімізге мықтап ден қоюымыз керек» (Евр. 2:1). Исадан көз жазып қалмау үшін, қолыңыздан келгеннің бәрін істеңіз.
Менің бір жолдасымның әйелі, ауруханада төсек тартып жатқан күйеуінің қасында отырып, қауымдағы әнұрандармен өзінің рухына қолдау көрсететін. Бірнеше минут сайын ол душ бөлмесіне барып, «Сенің адалдығың шексіз» әнінің бірнеше тармағын әндетіп айтып келетін. Сіз де солай істеңіз! Киелі жазбаның сөздерін жаттаңыз. Ұлы кісілердің өмірбаянын оқыңыз. Адал мәсіхшілердің куәліктері жайлы ойланыңыз. Саналы түрде сіздің үмітіңіз Құдайда болуы үшін ұмтылыңыз. Батылдық әрқашан мүмкін.
К. С. Льюис осы ойларды тамаша сөздермен білдірді:
Сенім… бұл сіздің көңіл-күйіңіздің өзгеруіне тәуелсіз, ақыл-ойыңызбен қабылданған нанымдарды сақтап қалу өнері, өйткені ақыл-ой қандай көзқарасты ұстанбасын, көңіл-күй ұдайы өзгеріп отырады. Мен бұны өз тәжірибемнен білемін. Енді, мәсіхші болғалы бері, мен кейде маған мәсіхшілік өте күмәнді болып көрінетін рухта боламын, ал бұрын, мен атеист болған кезімде, маған мәсіхшілік жоғары дәрежеде шынайы болып көрінетін көңіл-күйде болатынмын. … Міне, сондықтан да сенім осындай қажетті ізгі іс болып табылады. Сіз көңіл-күйіңізді ауыздықтап, оларды өз орнына қоюды үйренбегенше, сіз не нағыз мәсіхші, не нағыз атеист бола алмайсыз: сіз нанымдары ауа-райымен немесе асқазан қорытуымен анықталатын, абыржып, сасқалақтаған тіршілік иесі боласыз[19].
Өз қорқыныштарыңды тамақтандыратын болсаң, сенің сенімің аштан өледі.
Өз сеніміңді тамақтандыратын болсаң, сенің қорқыныштарың өлетін болады.
Еремия өзін осылай ұстаған. Нағыз сұрапыл дауылға душар болған жан, міне, сол! Уақыт шкаласы бойынша алты жүз жылға артқа қайтып, көне өсиеттегі пайғамбардың сөздерінен сабақ алайық. «Иемнің қаһарынан таяқ жеген адаммын мен, Ол айдап жүргізді мені жарық емес, түнекпен. Күн ұзағына Ол өзімді ұрғылай береді…» (Ер. жоқтауы 3:1–3).
Еремия үміті үзіліп, остеохондрозбен ауырған жираф іспетті жабырқаулы еді. Иерусалим қоршауға алынып, пайғамбардың халқы зорлық-зомбылықтан азап шекті. Сұрапыл дауылдың қысымынан құмнан тұрғызылған қамал іспетті, айналадағы дүние қирап жатты. Өзінің жан азабында Еремия Құдайды айыптады. Тәндік азаптарын да ол Құдайдың есебіне жатқызды. «Ет пен терімді шірітіп, сындырды сүйектерімді, Зор азап, ауыртпалықпен мені қоршап алды,…» (Ер.жоқтауы 3:3–4).
Оның тәні ауырды. Жүрегі ауырып, ыңырсыды. Сенімі әлсіреді «Зор азап, ауыртпалықпен мені қоршап алды…» (Ер.жоқтауы 3:3, 5). Тұйық көшеге тірелген троллейбустай, Еремия өзін тұзаққа түскендей сезінді. «Шықпастай қоршап, Ол мені қоламен шынжырлады. Қатты шақырсам да, дұғама құлақ салмады. Жолымды Ол ирелеңдетіп қисық қылды, Қашалған қойтастар қойғандай бөгет салды» (Ер.жоқтауы 3:3, 7–9).
Еремия толқынның биіктігі мен дауылдың күші туралы көп айтқан болар еді. Алайда осы сәтте ол қаншалықты тез батып бара жатқанын түсіне бастады. Сондықтан ол басқа жаққа назарын аударды. «Алайда мына жайтты есіме аламын, Соған мен енді үмітімді артамын: Түгелдей құрып кетпегеніміз біздің Берік рақымынан Жаратқан Иенің, Өйткені рақымы Оның сарқылмас дәйім, Жаңара береді ол таң атқан сайын. Уа, Ием, сондай зор Сенің адалдығың! Өзіме: «Жаратқан Ие — үлесім менің, Сондықтан үмітімді артам Оған!» деймін» (Ер. жоқтауы 3:21–24).
«Алайда мына жайтты есіме аламын, Соған мен енді үмітімді артамын…» Қайғы-қасіреттің ортасында Еремия өз ойын өзгертіп, назарын басқа жаққа аударды. Бұл оның назарын толқындардан Құдайдың кереметтеріне аударды. Сол сәтте-ақ Құдайдың бес уәдесі оның есіне түседі (оның саусақтарын иіп, санап тұрғанын көремін).
1. Түгелдей құрып кетпегеніміз біздің берік рақымынан Жаратқан Иенің.
2. Өйткені рақымы Оның сарқылмас дәйім.
3. Жаңара береді ол таң атқан сайын.
4. Уа, Ием, сондай зор Сенің адалдығың!
5. Жаратқан Ие — үлесім менің.
Дауыл тоқтаған жоқ, бірақ оның үмітсіздігіне шек қойылды. Петірмен де тура сондай жағдай болды. Суда тырбаңдап батып бара жатқанда, ол Мәсіхке қарап:
Мырза, мені құтқара көріңіз! — деп айқайлап жіберді. Иса дереу қолын созып, демеп жіберіп: — Әй, сенімі азым-ай! Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді. Екеуі қайыққа мінгенде жел де басылды.
Иса осы дауылды бірнеше сағат бұрын тоқтата алатын еді. Бірақ Ол бұлай істеген жоқ. Ол Өзінің шәкірттерінің бір маңызды сабақты алғанын қалады. Иса әлдеқашан сіздің дауылыңызды тоқтатқан болар еді. Бірақ Ол бұлай істеген жоқ. Мүмкін, Ол сіздің де сол сабақты алғаныңызды қалайтын шығар? Осы сабақ шамамен келесідей пікірге сая ма: «біз дауылды тоқтатуға билігіміз жоқ, бірақ қорқыныштарымызға емес»?
Өз дипломдарын бүкіл әлемді айналдырып іліп тастаған. Кемпірқосақ, күннің батуы, көкжиектер және қолымен өрнектелген аспан қабаты. Ол Өзінің істерінің бәрін Жазбада көрсетеді. Біз қандай да бір алпыс мың сағат ұшақпен ұшу жайлы айтып отырған жоқпыз. Оның жасаған тізімінде — Қызыл теңіздің суының ортасынан қақ айырылуы. Арыстандардың аузын ашпауы. Ғолияттың құлауы. Елазардың қайта тірілуі. Кенеттен соққан сұрапыл дауылды тоқтату. Оның сабақтары бізге түсінікті. Ол — кез келген дауылдың Билеушісі. Өміріңіздегі дауылдардан үрейленіп отырсыз ба? Одан да Исаға бар назарыңызды аударыңыз. Мүмкін, бұл сіздің ұшақта алғашқы рет ұшуыңыз шығар? Алайда бұл Оның алғашқы ұшуы емес. Сіздің Ұшқышыңыздың да дабылы бар: Бұл Менмін ғой. Қорықпаңдар!
7 ТАРАУ
МЕНІҢ ШКАФЫМДА — АЙДАҺАРЛАР
…Ол …жаны түршігіп қатты қинала бастады.
УАҚИҒАНЫҢ ӨРБУІНІҢ ЕҢ СҰМДЫҚ СЦЕНАРИЙІНІҢ АЛЫНДАҒЫ ҚОРҚЫНЫШ
Келесі жолы теңіздің түбінде сегізаяқ сізді шырмап алғанда, үмітіңізді үзбеңіз. Үмітсіз оғаш қылықтардың топтамасын дереу бұрап бекітіп тастаңыз. Егер сізді қатты сегізаяқ қысып алмаса, сіз оның сорғыштарынан бар болғаны бірнеше іздермен құтыласыз.
Судың бетіне қалықтап шыққанда, сіз акуламен кездесуіңіз мүмкін. Қорықпаңыз — ұрыңыз! Оның көзінен және желбезектерінен ұрып-сабаңыз. Бұл акуланың денесінің ең сезімтал бөліктері.
Бұл басқа ғаламшарлықтардың басып енуіне де қатысты солай болады. Басқа ғаламшарлықтардың сізді ұрлау жоспарын болдырмай тастаңыз — оларға жәй өзіңіз барыңыз. Дегенмен, өз ойларыңызды егжей-тегжейлі бақылаңыз, өйткені жерден тыс өмір сүретін тіршілік иелерінің арасында телепаттар да кездеседі. Гориллалар ойыңызды оқи алмайды, есесіне олардың құшағы өте мықты. Ұрғашы-горилла епті, уысынан шығармайды. Сіздің одан құтылып шығуға бір ғана мүмкіндігіңіз бар — оның қолынан ұрып, бір мезгілде оның ернінен сүю керек. Приматтар жеркеншек. Горилла сіздің әрекетіңізді спа-емханасындағы процедура ретінде қабылдайды деп үміттенеміз.
Ал егер бұлай қабылдамаса, онда бұдан бетер болуы мүмкін еді ғой. Сіз бұзылған парашютпен аспаннан құлауыңыз, көтерілген кезде үзіліп қалған лифтте болуыңыз, құрыштан жасалған табытта тірідей жерленуіңіз мүмкін еді. Сіз уақиғаның өрбуінде ең сұмдық сценариймен кездесуіңіз мүмкін еді. Олар жөнінде — ешбір үмітсіз жағдайлар туралы бәріміздің өз пікіріміз бен көзқарасымыз бар.
Міне, сондықтан да «Ең сұмдық жағдайда аман қалу бойынша толық анықтама»[20] кітабы орасан зор табысқа ие болды.
Осы кітаптың арқасында мен енді шектен тыс дөрекі әрі тұрпайы горилламен және жауыз өзге ғаламшарлықтармен өзін қалай ұстау керектігін білемін. Дегенмен, олармен кездесіп қалу мүмкіндігі соншалықты аз болғандықтан, сол үшін мен ұйқымнан қалмаймын. Мені басқа бұлыңғыр келешек алаңдатады.
Солардың бірі — дәрменсіз кәрілік. Мен қартаямын деген ойдың өзі де, мені онша алаңдатпайды. Жастығымнан, шашымнан және тістерімнен айырылудан, мен ешқандай ерекше қорқынышты нәрсені көріп тұрған жоқпын. Бірақ кәрілікпен алжуды басқа салмасын? Сұмдық! Альцгеймер дерті бойынша мамандарға бару сондай жағымсыз. Ақ шашты ақсақалдар айналасына мағынасыз көзқараспен қарап, алжығаннан бір сұрақты қайта-қайта қоя береді. Мұндай жағдайды басқа салмасын.
Өз отбасымды қамтамасыз ете алмай қаламын деген, қорқыныш та маған маза бермейді. Уақиғаның өрбуінің жаман сценарийдің тағы да бір нұсқасында, әйелім Деналин ұзақ өмір сүреді де, біздің жинаған қаражатымыз ауаға сіңгендей жоқ болады, сөйтіп әйелім қандай да бір қайырымды бейтаныс кісінің жомарттығына түгелдей тәуелді, кедей бейшараға айналады. Әйелім маған мұндай ойларды қуып жіберуге кеңес береді, бұл ақымақтық деп санайды. Осылай істегеннен гөрі, айтқан оңай деп жауап беремін мен.
Бұл құпия қорқыныштар… Бұл Лох-Несс көліндегі шақырылмаған құбыжықтар. Бір нәрсені орындаудың күнделікті тиісті мерзімі жөнінде немесе қалай суыққа шалдығып қалмау туралы үйреншікті уайымдар емес, қайта қандай да бір болмай қоймайтын істің сәтсіз аяқталуы жайлы бас-аяғы жоқ бітпейтін сұмдық.
Сіз бәрінен көбірек неден қорқасыз? Айталық, жұрттың алдында масқара болудан немесе жұмыссыз қалудан, жәй биіктіктен немесе қараңғыдан? Ешқашан жақсы күйеу таппаймын немесе ешқашан сауықпаймын? Сізді алдап, тастап кетеді, ұмытып кетеді?
Әбден қауіптенуге негіз бар, шынайы қорқыныштар бар. Алайда егер оларды ауыздықтамаса (бағындырып, тоқтатпаса), олар желікпе метастаз тастап, жайылып кетеді. Парасаттылықтан паранойеге апаратын жол — қысқа әрі тайғанақ. Парасаттылық қауіпсіздік белдігін байлап алады. Паранойя қорқынышы машиналарға мүлдем отырмайды. Парасаттылық қартайғанда өмір сүремін деп, қаражат жинайды. Паранойя тіпті ескі-құсқы заттар үшін сараңдық танытып, бергісі келмей, қалшылдап-дірілдейді. Парасаттылық дайындалады және жоспарлайды. Паранойя дүрлігіп, байбалам салады. Парасаттылық тәуекелді бағалап, суға сүңгиді. Паранойя әуіттің шетіне де жақындамайды.
Мен қонақ үйде жүзетін әуіттің қасында (кейде ыстық күн, салқын газды су және ыңғайлы шезлонгтың арқасында, қаншама шығармашылық шабыт туындайтыны, таңғаларлық жәйт) осы тарауды жазып отырғанда, «сүңгу» және «су» деген сөздер менің ойыма келді. Бір ер кісі екі кішкентай қызымен ойнап отыр. Ол суда тұр, ал оның екі қызы оның құшағына секіруде. Кешіріңіз, аздап анықтық кіргізейін: бір қызы секірді, ал екіншісі шүбәланып тұр. Үсті-басы құрғақ қызы, әпкесінің секіргеніне, қуанышпен сүйсіне қарап тұр. Әпкесі секіргенде, ол айналып билеп жүр. Алайда әкесінің шақырған дауысына, ол тек басын шайқап, артқа қарай жүгіріп қашып кетеді.
Тірі метафора! Қаншама адамдар осылай әуіттің шетінде бүкіл өмірін өткізуде десеңші! Сақтықтың дауысына құлақ асып. Сенім сөздеріне немқұрайлы қарап. Суға бір рет те секіре алмай. Бөтен кісінің бақытына ортақтасып, қуанбастан. Бір күні шешім қабылдаудан гөрі, ешқашан тәуекелге бел байламауды артық деп санап. Ақыры жаман болады деп қорқып, олар өмірдегі ең жақсы игіліктерге ешқашан ие бола алмай, өмірі өтеді.
Ал оның әпкесі, керісінше, суға секіреді. Ақымақтықпен емес, қайта әкесінің қолының күшіне сеніп, мейірімді қамқорлығына көзі жеткендіктен, ол суға секіреді. Исаның таңдауы да осындай. Иса қорқыныш туралы айтып қоя салған жоқ. Ол қорқынышты сынады.
Ізгі хабардағы қайғылы оқиғаның шарықтау шегі екі сценада көрсетілген — Гетсимания бағында және Маңдайтөбедегі айқыш ағашта. Жұма күнгі айқыш ағашқа шегелену ауыр азапты бізге ашып көрсетеді. Ал бейсенбі күнгі Гетсимания бағындағы көрініс сұмдық қорқынышты көрсетеді. Бұл сол жерде, зәйтүн ағаштарының арасында болды, «Иса сол жерден әрірек барып, жерге жығылды. Мүмкін болса, алдағы азапты кезеңнің Өзіне жоламай айналып өтуін сұрап: «О, Абба, Әкем! Сенің қолыңнан бәрі де келеді. Қаһарыңа толы осы «тостағанды» Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!» — деп мінажат етті» (Мар. 14:35–36).
Осы тақырыпқа жазған менің түсіндірмеме қатысты, бір оқырман бірде менімен телефон арқылы сөйлесті, сосын — кілемнің үстінде күресуге шақырды. Менің Мәсіх туралы — «қорқыныштан қалшиып, Оның көздері бақырайып кетті»[21] деген сөздерім, оқырманға ұнамай қалыпты. Мен оған: мұндай айыптаумен маған емес, жоғары сотқа шағыну керек деп жауап бердім. Ізгі хабардың туындыгері Марқа Исаны қалшылдап, реңі бозарып кеткенін суреттейді. Оның «жаны түршігіп қатты қинала бастады» (Мар. 14:33). «Жаны түршігіп» деген сөз «көмекке мұқтаж әрі басына түскелі жатқан, қауіп-қатерге алаңдап, қатты қиналған адамға қатысты» қолданылады[22].
Матай да Марқамен келіседі. Ол Иса «қайғырып, қинала бастады» деп айтады (Мат. 26:37)[23]; ағылшын тіліндегі басқа аудармаларда былай жазылған: Ол «азап шегіп, мазасызданды»; «қатты қорқып, жаны қиналды».
Біз Мәсіхті ешқашан мұндай күйде көрген емеспіз. Ғалилея теңізіндегі сұрапыл дауыл көтерілгенде, қабірден шыққан жын соққан адамдармен кездескенде, Назареттегі таудың төбесінде тұрғанда да, мұндай күйге түскен жоқ. Оның бұлай ыңырсығанын ешқашан естіген жоқпыз, мұндай қорқынышты Оның көзінен ешқашан көрген жоқпыз. «Ол жаны түршігіп қатты қинала бастады»[24] (Мар. 14:33) деген сөзге ұқсас сөздерді біз ешқашан оқыған емеспіз. Бұл терең мағыналы, адамды ойландыратын сәт. Құдай адамға айналды, ал Адам нағыз табиғи қорқынышты сезінеді. Неге? Иса неден қорықты?
Бұл Құдайдың қаһарына толы тостағанға байланысты болса керек. «Қаһарыңа толы осы «тостағанды» Маған жолатпай алып кете гөр». Киелі кітаптық лексикада «тостаған», «су ішетін ыдыстан» әлдеқайда үлкен ыдысты білдіреді. «Тостаған» Құдайдың қаһарын, соты мен жазасын білдіреді. Иерусалимдегі сенімнен тайған халқына жаны ашығанда, Құдай былай дейді: «…Мен қаһарыма толы тостағанымды қолыңнан қайтарып аламын. Одан ішкенде сен теңселіп, әбден әлсіреген едің. Мен сол қаһарымнан бас тартып, енді қайтып оны саған төкпеймін…» (Иш. 51:22). Еремия пайғамбар арқылы Құдай барлық халықтар Оның қаһарына ұшырайтынын жариялағанда былай деп бұйырады: «…Ернеуіне дейін «қаһарымның шарабына» толған мына «тостағанды» ал да, Өзім сені жіберетін халықтардың бәріне содан «ішкіз!»» (Ер. 25:15). Жоханның сөздері бойынша, Құдайдан бас тартқан әркім, «Құдайдың ашу-ызасының «шарабынан ішуге» тиісті болады! Осы «шарап» Құдайдың қаһарының «тостағанына» еш сумен араластырылмай таза күйінде құйылды. Сол адамдар Құдайдың қасиетті періштелері мен Тоқтының алдында сотталып, күкіртпен жанып тұрған отта азапталмақ» (Аян. 14:10).
Құдайдың қаһары толы тостағаны Иса үшін уақиғаның сұмдық қорқынышпен өрбуін меңзеді: Құдайдың қаһарына толы тостағанын Өз мойнына алу керек болды. Ол Құдайдың қаһарын ешқашан сезінбеген, Иса Оның қаһарына лайықты емес еді. Ол Әкесінің Өзінен бет бұрып кеткенін ешқашан бастан кешірмеген еді — Олар екеуі мәңгіліктен біртұтас болған. Ол тәндік өлімді мүлде білмеді — Ол мәңгі өлмес Тіршілік Иесі болды. Алайда бірнеше сағаттан кейін Иса осылардың бәрін басынан кешіреді. Құдай күнәға деген Өзінің қаһары толы тостағанын Ұлына төгетін болады. Сондықтан Исаның жаны түршігіп, қатты қорықты. Жаны қатты қинала бастады. Оның осы қорқынышты қалай жеңгені, бізге өз қорқыныштарымызды қалай жеңу керектігін көрсетеді.
Ол мінәжат етті. Ол шәкірттеріне: «…Мен ана жерге барып, сиынып мінажат еткенше, осында отыра тұрыңдар» деді (Мат. 26:36). Құры мінәжаттың өзі жеткіліксіз болар еді. «Иса, екінші рет тағы да шеткері барып, сиынып… <…> …Иса оларды қалдырып, тағы да барып, үшінші рет дәл сол сөздерін айтып сиынды» (Мат. 26:42, 44). Ол тіпті достарынан Онымен бірге сиынып, қолдау көрсетуін өтінді. Иса оларды: «Азғырылмау үшін сергек болып, сиынып мінажат етіңдер!…» — деп шақырды (Мат. 26:41).
Иса Өзінің қорқынышына шын жүректен шыққан мінәжатын қарсы қойды.
Келіңіздер, бұл сұрақты қиындатпай-ақ қояйық. Өйткені бізге бұл тән емес, солай емес пе? Біз мінәжат үшін сөздер, мінәжат ететін орын, мінәжат ету үшін киім, мінәжат еткендегі дене қалпы: мінәжаттың ұзақтығы, дауыс ырғағы бойынша ережелерді ұсынамыз. Алайда Гетсимания бағындағы Исаның Құдайға мінәжатында ешқандай ереже болған жоқ. Бұл мінәжат қысқа (ағылшын тілінде жиырма алты сөзден тұрады), тікелей («О, Әкем, мүмкін болса, қаһарыңа толы осы «тостағанды» Маған жолата көрме»), толық сеніммен («Алайда Менің емес, Сенің еркіңе сай болсын») айтылды. Жағымпаздану мүлде жоқ, шынайылық мол. Киелі үйдегі діншіл тілі майда, сөзуар шешен емес, қайта Ол әкесінің құшағына тығылған қорыққан бала іспетті.
Тура солай. Гетсимания бағындағы Исаның мінәжаты — бұл кішкентай баланың мінәжаты. «Әке!» — деп сиынды Ол, әкесінің тізесінде отырған ұлы секілді, отбасылық қарым-қатынастағыдай, Құдайға сиынды.
Әкем көлік жүргізіп келе жатқанда,… оның тізесіне отыруыма маған рұқсат ететін! Бұл қылығы үшін бүгінде әкеме айыппұл төлеткен болар еді. Алайда жарты ғасыр бұрын бұл ешқандай сөгіс, айыппұлды туындатпайтын. Әсіресе таба секілді, жайпақ, батыс Техастың мұнай далаларында, өйткені бұл жерде адамдардан гөрі, қояндар көбірек болатын. Мұнарадан мұнараға компанияның жүк көлігін жүргізіп келе жатқанда, егер әкесі кішкентай Максты тізесіне отырғызса, кімге кедергі жасар еді (құдыретті «Экскон» бізді кешіре көрсін!)?
Бұл маған қатты ұнайтын. Аспаптық құрылғыдан менің басым сәл ғана көрініп, бойым жетпегені, маңызды ма? Тежегіш пен газды басуға менің аяғымның жетпейтіні? Менің радиоқабылдағышты карбюратордан ажырата алмайтыным маңызды ма? Әрине, бұлардың бәрі маңызды емес еді. Мен әкемнің жүк көлігін жүргізуіне көмектесетінмін.
Тіпті көлікті жүргізу бағытын таңдауды әкем маған тапсыратын жағдайлар болып тұратын. Көше қиылыстарында ол:
— Макс, бізге сол жаққа ма, әлде оңға ма? — деп сұрайтын.
Мен мойнымды созып, алда не бар екенін көріп, шешім қабылдауға тырысатынмын.
«Гран-при Монте-Карлонының» жүргізушісі секілді, көліктің рөлін әуестікпен бұратынмын. Мен жыраға түсіп кетуден қорықтым ба? Құламалы еңісте аударылып кетуден ше? Дөңгелегі шұңқырға түсіп кете ме деп қорықтым ба? Әрине, жоқ! Әкемнің қолы менің қолымның үстінде болды, ол менен гөрі көліктің жолына, яғни алға қадала қарайтын. Әрине, менде қорқыныш болған жоқ! Әкесінің алдында отырғанда, әркім де жүк көлігін жүргізе алады.
Және тура осылай отырып, әркім де сиына алады.
Сиыну — Оның тұтқыш доңғалағына қолыңды қойып, Құдайдың тізесінде алаңсыз отыруды білдіреді. Ол жылдамдықты, шұғыл бұрылысты бақылайды, көлік жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал біз өз өтініштерімізді айтамыз. Біз Құдайдан: «Қаһарыңа толы осы тостағанды Маған жолата көрме». Ауру-сырқау, опасыздық, сатқындық, күйзеліс-жұт, жұмыссыздық, келіспеушіліктер мен кәрілік тостағанын маған жолата көрме. Бұл мінәжат өте қарапайым. Және осы қарапайым мінәжат Исаның ең үрейлі қорқынышты жеңіп шығуына көмектесті.
Өзіңізді тура осылай ұстаңыз. Гетсимания бағында айдаһарлармен күресіңіз. Бұлар сіздің жүрегіңіздегі қыңыр, қасарысқан, ұсқынсыз құбыжықтар — олар жайлы Құдаймен сөйлесіңіз.
Өз қорқыныштарыңыз жөнінде нақты айтыңыз. Бұл қандай «тостаған» екенін анықтап, ол жайлы Құдайға айтыңыз. Өз қауіптенулеріңізді сөзбен білдіріп, сіз олардың теріс жақтарын көрсетесіз. Олар ашық та айқын болғанда, олар ақылсыздық болып көрінеді.
Ян Мартель бұны өзінің «Пидың өмірі» романында суреттеп көрсетеді. Бас қаһарман Пи серіктес ретінде бенгалдық алып (екі центнерден астам) жолбарыспен жиырма футтық құтқарушы қайықта мұхитта қалқып жүреді. Оның әкесі, хайуанаттар бағының иесі тақырға отырады да, Канадаға аттанған жапон кемесіне отбасына отырғызғаннан кейін, Пи осы жағдайға тап болады. Кеме суға батып кетеді де, Пи жолбарыспен (лақап аты Ричард Паркер) бірге мұхиттың ортасында қалады. Құтқарушы кемеде отырғанда, Пи — теңіз апатының және жолбарыстың алдындағы — қорқынышын талдай бастайды.
Сізге қорқыныш жайлы бір маңызды шындықты айтпақпын. Өмірдің жалғыз нағыз қарсыласы, дұшпаны — қорқыныш. Тек қорқыныш қана өмірді жеңе алады. Және ол — айлалы әрі арам ойлы зұлым жау — бұған әбден көз жеткіздім. Қорқынышта титтей де парасаттылық, өнегелілік жоқ, қандай да бір заңдар мен келісімшарттарға деген бір грамм құрмет жоқ. Ол жанашырлық пен аяушылықты білмейді. Ол сенің ең әлсіз жеріңді іздеп, оны айна-қатесіз табады да. Ол әрқашан сенің басыңда басталады. Қазір ғана сенің бойыңда байсалдылық, ұстамдылық, алаңсыздық бар еді. Кенеттен әдепті күмәннің киімін киген, қорқыныш, тыңшы іспетті сенің ақыл-ойыңа ұрланып кіріп алады. Олардың ойында күмән сеніммен кездеседі де, сенімсіздік оларды сыртқа итеріп шығаруға тырысады. Алайда сенімсіздік — тек әлсіз қаруланған жаяу әскер сарбазы. Күмән қорқынышты ешбір қиындықсыз жеңіп шығады. Алаңдай бастайсың. Ақыл-парасат саған көмекке келеді. Бұл сені жігерлендіреді. Ақыл-парасат ең заманауи техникалық құралдармен тісіне дейін сақадай қаруланған. Бір таңғаларлық жәйт, стратегиясындағы басым артықшылыққа және көптеген талассыз жеңістеріне қарамастан, бәрібір парасаттылық жеңіліске ұшыраған болып шықты. Өзіңді әлсіз, үрейленіп дірілдеген адамдай сезінесің. Сенің алаңдауың үрейлі қорқынышқа айналады…
Асығыстықпен өте тез ағат шешім қабылдайсың. Соңғы екі одақтасыңнан — үміт пен сенімнен бас тартасың. Міне, осылай сен өзіңе-өзің ойсырататын соққы бердің. Тек сезім болып табылатын қорқыныш, сені жеңіп шықты[25].
Ақыл-оймен қорқыныштың себебін анықтап, түсіндірудің мүмкін емес екендігін, Пи жете түсінді. Ақыл-ой қорқынышты десанттық плацдармнан лақтырып, қуып жібере алмайды. Олай болса, не көмектесер екен? Дәрменсіздігіңді мойындап, сүлгіні лақтырмай, осы рингте қалайша жеңіліске ұшырамауға болар екен? Пи мынадай кеңес береді:
Оны қисынға келтіру үшін, табандылықпен күресу қажет. Қараңғылықта «нұрын шашып тұрған шам-шырақ» іспетті, оның жарқырауы үшін, қайсарлықпен күресу керек. Өйткені егер сен осылай істемейтін болсаң, егер қорқынышың сені теңселтетін, тілсіз қара түнекке айналса, мүмкін, тіпті оның бар екендігі туралы ұмыту қолыңнан келетін шығар, бірақ оның лап берген келесі шабуылының алдында сен өзіңді-өзің дәрменсіз бейшара етесің, өйткені сені жеңген, жауыңмен, сен әлі шайқасқан жоқсың[26].
Біздің міндетіміз — шымылдықты жұлып алып тастап, қорқыныштарымыздың бәрінің және әрқайсысының бетін ашу. Фильмдегі қанішерлер секілді, олар күн сәулесіне шыдап тұра алмайды. Ақша үшін қорқыныш, жақын адамдармен өзара қарым-қатынасымыздағы қорқыныш, жұмыстағы қиыншылықтарға қатысты қорқыныш, сіздің қорғалмағандығыңызға деген қорқыныш — осылардың бәрінің атын атап, дұға етіңіз. Олар лайықты жазасын алу үшін, ақыл-ойдың қолымен оларды желкесінен ұстап, сүйреп шығарып, Құдайдың алдына қойыңыз!
Иса Өзінің қорқыныштарын жасырған жоқ. «Сонымен қатар Мәсіх жер бетінде жүргенде Өзін өлімнен құтқаруға құдіреті жететін Әкесіне қатты дауыстап сиынып, көз жасын төгіп жалбарынды» (Евр. 5:7). Айналасындағылар естіп, естерінде сақтауы үшін, Ол қатты дауыстап сиынды, ал достарынан Өзімен бірге дұға етуін өтінді.
Гетсимания бағындағы Оның мінәжаты мәсіхшілер үшін әрекет етуші қауымның бейнесі болды — бұл жерде қорқыныштарымызды сөзбен білдіруге, жұртқа жария етуге, бет пердесін ашуға, адамның соқыр сезімінде титықтатқан, «тілсіз қара түнектен» құтқарылуға ие болатын орын. Дені сау мәсіхшілік қауым — біздің қорқыныштарымыз өлетін орын. Киелі жазбаның, Забур жырлары мен көз жасымыздың көмегімен, біз оларды ту сыртынан түйреп өтеміз. Тәубе етудің күн сәулесіндей нұрында біз оларды ерітіп жібереміз. Қорқыныштарымызға қарамастан, бар назарымызды Оған аударып, Құдайға табынудың сарқырамасында біз оларды жоямыз.
Келесі жолы өміріңізде бұрын-соңды болмаған ең сұмдық жағдайға тап болғанда, тура осылай әрекет етіңіз. Құдайға ұмтылатын адамдардың ортасында қорқыныштарыңызды сөзбен білдіріңіз. Бұл маңызды қадам. Өзіңіздің Петіріңізді, Жақыбыңыз бен Жоханыңызды тауып алыңыз (сіздің достарыңыз олар сияқты тез ұйықтап қалмайды деп үміттенеміз). Келесілер өте маңызды (және өте жақсы): сіз өз қорқыныштарыңызбен жалғыз өмір сүруге міндетті емессіз. Бұған қоса, егер сіздің қорқыныштарыңыз — бар болғаны шайтанның қастық әрекеттері болса ше? Әлде зұлымның адам төзгісіз әзілдері ме?
Менің бір жолдасым бар, салық қызметінен келген бір хат ұзақ уақыт оның зәресін ұшырды. Салықшылардың есебі бойынша, ол қандай да бір орасан көп, қомақты сома қарыз болған екен, ал ол оны өтеуге шамасы келмейтін. Салықшылар есеп-қисаптарды анықтап, оған хат жіберетінін айтты. Сол хат келгенде, батылдық менің досымды мүлде тастап кетті. Ол хатты ашуға өзін мәжбүрлей алмады, сол хат оның жүрегіне сұмдық қорқынышты ұялатып, үстелдің үстінде бес күн бойына жатты. Хатта қандай сома жазылған екен? Ол ақшаны қайдан алмақ? Қандай мерзімге оны түрмеге жаппақ? Ақыры ол бар күшін жинап, конвертті ашты. Хаттан төлеуге тиіс есеп-қисапты емес, ақшаны қолма-қолға айналдыратын чекті тапты. Қайта салық қызметі оған қарыз болып шықты! Ол өмірінің бес күнін мағынасыз қорқынышқа арнады. Біз сезінетін, сол қорқынышты құбыжықтардың өте аз бөлігі ғана қорқынышыңызды ақтауы мүмкін.
Құдайға сенуші, біз бен сізде орасан зор артықшылық бар. Соңында бәрі де біздің игілігіміз үшін болатынын, біз білеміз. Мәсіх Өзінің тағын тастап кетпейді, және Рим. 8:28 Киелі кітаптан жойылмайды. Біздің мәселеміз әрқашан Құдай үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Жүсіпті өлтіру әрекеті оның отбасының құтқарылуына әкелді. Даниялдың жауларының тіміскі әрекеті оған үкімет басшысына ұқсас, ең жоғары лауазымды әкелді. Жалпы заңдылықтан ауытқыған құрсақ көтеру арқылы, Мәсіх осы дүниеге келді және Өзінің әділетсіз өлімі арқылы адамзатты құтқарып алды. Киелі кітап үйрететін шындықтарға сенуге, біздің батылымыз жете ме? Ешбір бақытсыздық соңында бұның орнын толтыра алмайды.
Иоанн Златоуст Құдайға сенді. М.Т. кейінгі 398 дан 404 жылға дейін ол Константинопольде епископ болды. Ол байлық пен билікті шешендікпен әшкерелеуінің арқасында, көптеген жақтаушыларға ие болды. Билік иелерінен екі рет қуғын-сүргінді бастан кешірген ол, бірде оларға былай сұрақ қойды: «…неден қорқамын? Өлімнен бе? Алайда сен білесің, Мәсіх — менің өмірім, өлгенде шынайы өмірге ие боламын ғой. Қуғын-сүргіннен бе? Алайда Жер жүзі мен ондағының бәрі Жаратқандікі, бұл дүние мен онда тұрғандар түгел Онікі. Мал-мүлкімнен айырылу ма? Бірақ Бұ дүниеге ештеңе де әкелген жоқпыз, одан ештеңе алып кетпейтініміз де айдан анық? Сондықтан осы дүниенің үрей туғызатын, күллі қорқыныштары менің көз алдымда жеркенішті; ал осы дүниелік игіліктердің барлығы орынсыз. Мен кедейліктен қорықпаймын, байлық-дәулетті іздемеймін. Өлімнен қашпаймын»[27].
Елші Пауыл осы сөздерді мақұлдаған болар еді. Римдегі түрме қабырғасында — баскесер жендеттердің қадамдарын естіп, аяқ-қолы кісендеулі отырып, — ол өзінің соңғы сөздерін жазды. Бұдан қорқынышты жағдай болуы мүмкін бе? Жоқ, Пауылдың пікірі бойынша, болуы мүмкін емес — «Иеміз мені болашақта да жамандық атаулыдан сақтап, Өзінің көктегі Патшалығына апармақ. Оның ұлылығы мәңгі мадақтала берсін!» (Тім. 2-хаты 4:18).
Пауыл өзінің Әкесіне сенім артуды ұйғарды.
Айтпақшы, сіздерге қуанышты хабарды жеткізуге асығудамын, әуіттің қасында тұрған екінші қыз да әкесіне сенім артуды ұйғарды. Әпкесі сіңлісіне қамқорлықпен түсіндіріп, ұзақ уақыт көндіруіне тура келді, содан кейін ол саусақтарымен мұрнын қысып тұрып, суға секірді. Сосын ол ең кемі, он рет суға секірді. Құдаға шүкір, баладай сенім артудың арқасында тағы да бір қорқыныш құлады.
8 ТАРАУ
ОСЫ ҚАТЫГЕЗ (МЕЙІРІМСІЗ) ҒАЛАМШАР-АЙ
…Тәнді өлтірсе де, жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар!…
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫНДАҒЫ ҚОРҚЫНЫШ
Гольф бойынша тарихтағы ұлы ойыншы, таңертеңгілік асты ішуге отырды, бұл ол үшін соңғы таңғы ас екені, оның ойына да кіріп-шықпады. Соңғы түндерге қарағанда, осы түні Байрон Нельсон жақсы тынығып, ұйықтап шықты. Ол душты қабылдап, сақал-мұртын қырынды, ал әйелі Пегги таңғы астың мәзіріне: сосиска, крекер және уыздық жұмыртқа деп мәлімдегенде, ол оған күлімсіреп қарады да.
Ол тоқсан төрт жаста болатын, оның рекордтық топтамасы — қатарынан он бір турнирдегі жеңісі өткелі бері алпыс бір жыл болды. Тайгер Вудс бірінен кейін бірін алты турнирде жеңіске жетті. Арнольд Палмер үш ойында қатарынан жеңіске жетті, сондай-ақ Сэм Снид, Бен Хоган және көптеген басқалары ұтып шыққан. Алайда Нельсонның рекордтық топтамасы, бидай даласындағы алып қайың іспетті, он бір жеңістен көтеріліп, көрініп тұрды. Бір жылдан кейін ол спорттан кетіп, Форт-Уэрт (Техас штаты) қаласының маңынан ранчо сатып алды да, 2006 жылы 26 қыркүйекке дейін, Құдай оны Өзіне шақырғанша, сол жерде тыныш өмір сүрді.
Ыдыс-аяқты жуып болып, ол сүйікті мәсіхшілік радиостансасын тыңдау үшін жайғасып отырды. Пегги Киелі кітап бойынша сабаққа қауымға кетті («Мен сені мақтан тұтамын», — дейтін ол әрқашан әйеліне). Бірнеше сағаттан соң үйге оралғанда, әйелі оның еденде құлап жатқанын көрді. Азап пен ауырсынудың ешқандай ізі де жоқ. Оның мейірімді жүрегі жәй тоқтап қалған еді[28].
1950-жылдардың басында Ресейде өз азаматтарын тұтқындау үшін ерекше себептер талап етілмейтін. Сталиннің саясатының даналығына әлдекім күмән келтірсе немесе коммунистердің зорлық-зомбылығына қарсы пікірін білдірсе болғаны, көп кешікпей ол Кеңес Одағындағы лагерлердің бірінде темір тордың ар жағында мәңгілік тоңатын суық жерден бір-ақ шығатын. Борис Корнфельдпен тура солай болды. Оның қылмыстары жөнінде мәліметтер бізде жоқ, тек оның өмірінің тек болмашы мәліметтері ғана белгілі. Еврей болып дүниеге келген. Дәрігерлікті оқыған, бір мәсіхшімен дос болған.
Бос уақыты көп болғандықтан, осы екі дос ұзаққа созылған қызу айтыс-тартыстар жүргізетін. Корнфельд Көне Өсиетте уәде етілген Мәсіх пен Жаңа Өсиеттегі Назареттік Исаның арасындағы байланысты көре бастады. Исаға бет бұру, оның яһудилік рухани мұрасына бүкіл мән-мағынасына қарама-қайшы келетін, бірақ ақыры ол соған келді де. Бірақ сол үшін ол өз өмірін құрбан етуіне тура келді.
Өлім аузында жатқан кісінің нанын, ол күзетшінің ұрлап алғанын көрді. Құдайға бет бұрғанға дейін Корнфельд, осы қылмыс жөнінде ешқашан айтпаған болар еді. Ал енді бұған оны ар-ұжданы мәжбүрлейтін. Бірақ басқа күзетшілер онымен есеп айырысатын уақытты күтіп жүрді[29]. Корнфельд, тіпті осындай қауіп-қатерге басын тіккен кезде де, жан дүниесінде тыныштықты сақтап қалды. Өмірінде алғаш рет ол өлім алдындағы және қабірден кейінгі өмір үшін қорқынышты сезінбеді. Оның жалғыз тілегі — өмірімен қоштасардың алдында өзіне ашылған шындықтар жайлы біреуге айту болды.
Мұнда бір мүмкіндік туды — қатерлі ісікпен ауырып қалған, науқас ретінде, тура сондай тұтқын, құрсақ қуысына жасалған отадан кейін сауығып келе жатқан еді. Онымен бірге бір палатада қалғанда, Корнфельд сол уақиға жайлы әңгіме бастады. Ол жүрегіндегісін ақтарды. Жас жігіт дәрігердің әңгімесінен қатты әсер алды, бірақ анестезиядан кейін әлі де әлсіз болатын, сондықтан ұйықтап кетті. Ұйқыдан оянғанда, ол кешегі сұхбаттасушысын көргісі келді. Тым кеш болған еді. Таңертең әлдекім дәрігердің басынан сылақтық балғамен сегіз рет ұрған. Әріптестері оның өмірін сақтап қалуға тырысты, бірақ қолдарынан келмеді[30].
Байрон Нельсон мен Борис Корнфельдты олардың сенімдері біріктірді. Олардың екеуі де бірдей Жартасқа сенім артты, екеуі де бірдей бар назарын көкке аударды, бір Құтқарушыға сенді. Алайда олардың біреуі тыныштықпен — көкке аттанды, ал екіншісі — қатыгездіктің құтырған құйынында құрбан болды.
Егер менде таңдау болса, мен Нельсонның тағдырын таңдаған болар едім.
Еврейлерге арналған хаттағы, сенім батырлары секілді. Олардың тарихтары — сенім батырларынан кейін — азат жолда баяндалған. Олар «өлтірілген болса да, оның сеніммен істегені әлі де үлгі болып келген» Әбіл (Евр. 11:4), «Құдайға сенгені үшін ажалға жолықтырылмай бұ дүниеден әкетілген» Енох (Евр. 11:5), «сенім арқылы болатын ақталуға қолы жеткен» Нұх (Евр. 11:7), «төрінен көрі жуық қарт адамнан, аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай сансыз көп ұрпақ тараған» Ыбырайым мен Сара (Евр. 11:12) сияқты бәрімізге белгілі аттардан кейін пайда болады.
Еврейлерге жазылған хаттың оқырманы осы тарауға келгенде, қорытынды жасай алады. Құдай әділ өмірді алаңсыз, мұңсыз, қамқорлықпен сақталған мұрамен марапаттайды. Дұрыс өмір сүр. Тыныштықпен, татулықпен өмір сүр және тура солай о дүниеге аттан. Солай ма? Алайда содан кейін, Евр. 11:35–37 аяттарда қатал тағдырдың құрбандары туралы айтылады: «…Ал қиналып өлтірілген басқалар да болды. Олар сатқындықпен бостандық алудан бас тартып, өздерінің әлдеқайда жақсы өмірге қайта тірілулерін көздеді. Өзге кейбіреулері мазаққа ұшырап, соққыға жығылып, шынжырмен құрсауланып, түрмеге жабылды. Біреулері таспен атқыланып, арамен кесіліп, семсермен шабылып өлтірілді. Басқалары қой-ешкінің терісін жамылып, жоқшылық көріп, азапталып жәбірленді…»
Құдайға үміт артқанына қарамастан, жақсы адамдар бәрібір зорлық-зомбылықтан құтқарылған жоқ. Әділ жанды кездестіргенде, кісі өлтірушілер тоқтамайды. Зорлық-зомбылық жасаушылар өз құрбандарының рухани өмірінің түйіндемесін тексермейді де. Әділетсіз әрі қанішер адамдар, отаны — көкте болған жандарды, жайына қалдырмайды. Біз оқшауланған жерде өмір сүрмейміз. Бірақ біз қорқақтардың қатарынан емеспіз. Иса осы қатыгез дүние жайлы бірнеше сөздер айтқан болатын: «…Тәнді өлтірсе де, жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар!…» (Мат. 10:28).
Шәкірттеріне осындай қолдау қажет болды. Иса қазір ғана шәкірттеріне, оларды өлім жазасы, сот, өлім, жек көрушілік пен қуғындау күтіп тұрғанын айтты (Мат. 10:17–23 қар.). Ойын алдында топтың рухын көтеру үшін, киінетін бөлмеде жаттықтырушының айтқандарына, Исаның бұл сөздері мүлде ұқсамайды. Абырой болғанда, шәкірттерінің біреуі де сескеніп, селк етпеді. Бәлкім, қабір басында Исамен өткізген, «жаттықтыру», әлі олардың есінен шыға қоймаған шығар. Біраз бұрын, Иса шәкірттерімен бірге көлдің арғы бетіндегі Ғадара өңіріне жеткенде, жын соққан екі кісі Оған кездесе кетті. Қабірге арналған үңгірлер арасынан шыға келген олар құтырынған, аса қауіпті болатын. Сондықтан ешкім сол жолмен жүре алмайтын. Кенеттен олар: «Құдайдың рухани Ұлы, бізде нең бар? Уақытынан бұрын бізді азаптауға келдің бе?» — деп айқай салды» (Мат. 8:28–29).
Жер бетінде Құдайдың болуы — мұндай сансыз көп, көзге көрінбейтін, құтырынған, зұлым жындарда — ең қайғылы әрі шұғыл үн қатуды туғызады. Бұл жын соққан — екі адам «құтырынған, аса қауіпті» болатын. Олармен кездеспеу үшін, адамдар сол қабірлерді алыстан айналып өтетін.
Бірақ Иса бұлай істеген жоқ. Ол үйдің иесі іспетті келді. Абыржыған жындар сол жерде, шайтанның апанында, басқа ұлттықтар шошқаларын бағып, мекендеген жерде, Исаны көреміз деп күтпеген еді. Яһудилер мұндай жерлерден айналып өтіп, аулақ жүретін. Бірақ Иса емес. Жындар мен Исаны бір-бірімен таныстырудың қажеті жоқ еді. Олар Исамен әлдеқашан кездескен еді, сондықтан матч-реваншты (екінші қайтара таныстыруды) талап етпейтін. Олар тіпті сайысқа түспейді де. «Уақытынан бұрын бізді азаптауға келдің бе?» — деп айқай салды» (Мат. 8:29). Бұрынғы шешімге берген келісімінен бас тартып, кері қайтады. Тосырқап қалады. Олар не айтқысы келіп тұр? «Соңында Сен салтанатпен жеңіп шығатыныңды, біз білеміз, бірақ сол уақыт келгенше, міндетті түрде біздің қыр соңымыздан қалмауың керек пе?» Олар қуыршақ іспетті жіпсіз байланып, жұмсарып қалды. Олардың өтініші есіркеуді қажет етіп тұрғандай естіледі: «…Егер бізді қумақ болсаң, ана шошқаларға жібере гөр» (Мат. 8:31).
Иса келісті. «…Кетіңдер!», — деп Иса оларды қуып шығарды. Ешқандай зар еңіреу, қорқыныш зары, дәстүрлі билер, сиқырлы тұтату және басқа да жындарды қуу әдістері болған жоқ. Бір ғана қысқа сөз.
Өзінің Сөзімен әлемді ұстап тұрған, Иса, жындарды қуу үшін бұдан артық нәрсені керек етпейді де.
Жақсылық пен зұлымдықтың күресі санаулы секундтарға созылады. Мәсіх — от іспетті, ал жын-перілер — кемедегі атжалмандар іспетті. Лап еткен жалынды көре салысымен-ақ, абыржып, олар өздерін кемеден лақтырады.
Осы негізгі капиталдан Иса бізге батылдық үшін чек жазып береді: «…Тәнді өлтірсе де, жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар!…» (Мат. 10:28). Сіз Құдайдың қамалындағы әскери бөлімде тұрсыз. «Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап пен қысым ба, қудалану мен аштық-жалаңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме? <…> …Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!» (Рим. 8:35, 39).
Полицейлер қауіпсіздік шараларын күшейткенде емес, рухани толысып жетілгенде, батылдық пайда болады. Бұл тұста Мартин Лютер Кинг бізге үлгі бола алады. Ол өзінің таңдауын жасады — оған жамандық тілеген адамдардан қорықпауға. 1968 жылы үшінші сәуірде — лаңкестік әрекеттің кесірінен — жерге қонған ұшақта, ол бірнеше сағат бойына алаңдап, күтіп отырды. Сол күні, кешке жақын, Мемфисте ол қорқынышты емес, шаршау мен аштықты сезінді.
«Бізді қиын кезеңдер күтіп тұр, — деді ол сөзінде. — Алайда мен үшін бұның ешбір маңызы жоқ. Өйткені мен — көктемін. Мен дайынмын. Әрбір адам сияқты, мен де ұзақ өмір сүргім келеді. Ұзақ өмір — бұл бір мәселе. Бірақ қазір мені басқа нәрсе алаңдатып тұр. Мен жәй Құдайдың еркін орындауды қалаймын. Ал Ол менің көкке көтерілуіме мүмкіндік берді. Және мен осы жерден алысқа көз тастадым. Мен уәделі жерді көріп тұрмын. Мүмкін, сол жерде мен сіздермен бірге болмайтын да шығармын. Бірақ бүгін сіздерге айтпағым мынау, біз Оның халқы болғандықтан, уәделі жерге жетеміз. Мен қазір бақыттымын. Мені ешнәрсе алаңдатып тұрған жоқ. Мен ешкімнен қорықпаймын да. Жуырда келетін Иемнің даңқын өз көзіммен көрдім»[32].
Бір тәулікке жетпестен, ол қаза тапты. Алайда оған жамандық тілеген адамдар, көздеген мақсаттарына жете алмады. Олар оның тәнін өлтірді, бірақ жанын өлтіре алмады.
Марапатқа ие болған, 1994 жылы Руанда да болған геноцид жайлы кітабында Филип Гуревич Томас туралы әңгімелейді, ол тутси тайпасынан шыққан, өлімге кесілген адам еді. Томас — хуту тайпасынан шыққан, пышақпен қаруланған кісі өлтірушілердің қолынан аман қалған аз адамдардың бірі болды.
Томас бойскаутта (әскери-спорт бағытындағы балалар ұйымы) «қауіп-қатерге қарауға, оны зерттеуді, бірақ қорықпауды» үйренгенін маған әңгімелеп берді, мені таңғалдырғаны, хуту тайпасымен болған, оның барлық қауіпті кездесулері бір схема бойынша жүргізілген екен: оған жұмысқа қайта оралуды бұйырғанда, оның артынан сарбаздар келгенде, оған жаяу жолмен жүруді бұйырғанда, мойынсұнудан бұрын, Томас әрдайым әуелі наразылық білдіретін болған. Кісі өлтірушілер өз құрбандарының көздерінен қорқынышты көріп үйреніп қалған, ал Томас әрқашан оның өміріне төніп тұрған қауіп-қатер тек қате, жаңсақ ұғынудан, түсінбестіктен пайда болатындай етіп, өзін ұстай білген[33].
Егер сіз өзіңізді алдын ала құрбанмын деп санамайтын болсаңыз, зұлымдардың сізге зиян келтіруге мүмкіндіктері азаяды. «Пендеден қорқуы адамға тұзақ құрар, Жаратқанға сенуші қауіпсіз болар» (Нақыл. 29:25). Есімізге түсірейік: «…Періштелеріне Ол сен жайлы бұйрық береді: Қай жолмен жүрсең де, олар сені қорғап күзетеді,…» (Заб. 90:11). «…Ол… заңғар қорғаным…» (Заб. 61:7), «Сен баспанамсың» (Заб. 31:7), «Қалқандай қорғаушым…» (Пат. 2-жазба. 22:3). «Ием маған жар, қорықпаймын ешбір жайттан, Не істей алады адам баласы маған?» (Заб. 117:6). Шайтан Оның қасынан білдірмей өтіп кетіп, сіздің қасыңызға келе алмайды да.
Егер шайтан бәрібір бізге келіп жеткен жағдайда, біз не істеуіміз керек? Евр. 11 тарауындағы зорлық-зомбылықты немесе Борис Корнфельдтың қайғылы өлімін, біз қалай қабылдауымыз керек? Немесе, уақиғаның шарықтау шегі, Исаның азаптарын біз қалай түсінуіміз керек? Бұғау. Қамшымен дүре соғу. Тікенді тәж. Шеге. Оның өмірінің соңғы сәттері осылай сипатталған. Оның арқасын қамшымен дүре соғып, сіңірлерін сүйегіне дейін осып жатқанын, сіз естіп тұрсыз ба? Былғары қамшылар отыз тоғыз рет алдымен ауаны, сосын тәнін тіліп өтті. Иса тістеніп, қолдарымен бөренені қысып ұстап, бірінен соң бірін, қатыгездікпен соғылған дүренің астында ыңырсиды. Римдік сарбаздар Оның басына тікенді тәжді кигізіп, Оның бетінен ұрып, түкіреді. Ал Оның иығына айқыш ағашты салып, Маңдайтөбеге дейін көтеріп апаруға мәжбүр етеді. Өлім жазасына кесілген қылмыскер, басын шабатын пышақты өзі қайрағанындай, өзін дарға асу үшін, мойнына арқанды салғандай, электр орындығына өзі сым өткізгіштерін қосқандай, Иса иығында Өз өлімінің аспабын көтеріп келе жатты. Айқыш ағаш.
Цицерон айқышқа шегелеуді «ең қатал әрі жеркенішті өлім жазасы»[34] деп атайды. Жақсы тәрбиеленген римдіктердің арасында «айқыш ағаш» деген сөздің өзі әдепсіздік саналатын, ақсүйектердің зиялы қауымында жол бергісіз болатын. Римдік әскерлер опасыздық, сатқындықтан басқа, ешбір күнәсі үшін, айқыш ағашқа шегеленіп, өлтірілмейтін. Бұл ең ұсқынсыз, қатыгез, жеркенішті, қорлық, өлім болатын. Иса міне, осындай өлімді таңдады. Ол «Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды, Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды» (Флп. 2:8)!
Бұдан гөрі, жеңілдеу өлім жазасы жеткілікті болар еді. Оның Қанының бір тамшысы бүкіл адамззатты құтқарып алуға құдыреті жетеді. Қан төгіп, жанын алып, жүрегін тоқтатуға болады, бірақ бұлай істеу үшін аз уақыт керек. Жүрегіне семсерді сұғып алып, жұтқыншағын қанжармен кесуге болар еді. Күнәнің құнын өтеу үшін алты сағат бойына қорлап азаптау қажет пе?
Жоқ, бірақ Ол азапты салтанатпен жеңіп шығуы үшін, қажет болды. Иса зорлық-зомбылыққа Өзінің билігін біржолата орнатты. Зұлымдықтың өз шарықтау шегі болуы мүмкін, бірақ олар қысқа болады. Әрбір жүйке тамырын азапқа салып, адам төзгісіз азаптармен қинау үшін, Құдайдың Рухани Ұлына шайтан өзінің ең жексұрын сойыл соғар сыбайластарын жіберді. Сонда да өлім әміршісі, шынайы өмірдің Иесін жоя алмады.
Көктегі ең жақсы, бұл тамұқтағы ең сұмдық нәрсені алып, үмітке айналдырады. Осындай зұлымдықтан Құдай сізді құтқарсын деп сиынамын. Байрон Нельсон сияқты, Құдай сізге ұзақ әрі баянды өмір сыйлап, аңсат өлім берсін. Бірақ бұлай болмаса, егер сізге «рақым етіп, Мәсіхке сенуді ғана емес, Ол үшін азап шегуді де белгілеген» болса (Флп. 1:29), есіңізде болсын, Құдайда ешқандай жан азабы бекер емес.
Айуандықпен өлтірілген, орыс дәрігері, Борис Корнфельд жайлы бір сәтке ойланайық. Дәрігер өлсе де, оның мәсіхшілік куәлігі әлі күнге дейін өмір сүруде. Сол кезде онымен сұхбаттасқан, науқас, оның сөздерін мәңгі есінде сақтады.
Сол жерде, лагердің ауруханасындағы тып-тыныш палатада, науқастың қасында отырған дәрігерден, жанашырлық пен жан тыныштығының лебі есіп тұрды. Дәрігер Корнфельд мәсіхшілік сенімді қалай қабылдағаны туралы бар ықыласымен әңгімелеуде, оның сөздері жан дүниесіндегі сенімге толы болды. Науқастың денесі біресе от боп жанып, біресе қалтырап-дірілдеп жатты, бірақ бәрібір Корнфельдтың сөздері жайлы ойлану үшін, оның ой-санасы айтарлықтай анық болды. Кейінірек ол дәрігердің дауысынан «сиқырлы білімді» сезіндім деп жазады.
Осы «сиқырлы білім» сол жас жігіттің өмірін бүтіндей өзгертті. Ол Корнфельд уағыздаған Мәсіхке сеніп, кейінірек бұл қуанышын өлең жолдарымен білдірді:
Сол науқас лагерден аман-есен құтылып шығып, ГУЛАГ-тағы сұмдық жағдайлардың бет пердесін ашып, тұтқында болған кездегі тәжірибесі жайлы жаза бастады. Бір әшкерелеуден соң екіншісі: «Иван Денисұлының бір күні», «Архипелаг ГУЛАГ», «Жалғанмен өмір сүру». Кеңес Одағының құлауы ішінара оның туындыларымен байланысты. Егер де Корнфельдтың азаптары болмағанда, біз сенімге келген жас жігіттің — Александр Солженицынның жарқын келешегі бар дарыны туралы ешқашан білмеген болар едік.
Адамдар жасаған зұлымдықты, Құдай қайта-қайта игілікке айналдырады.
9 ТАРАУ
ОЙЫНШЫҚ АҚШАЛАР
Шағын қауым, қорықпа! Көктегі Әкең Патшалықты сендерге тапсыруға ризалық еткен.
КЕЛЕ ЖАТҚАН ҚЫСТЫ ОЙЛАП ҚОРҚУ
«Монополия» ойыны бойынша чемпион сіздің кабинетіңізде отыр. Ойын тақтасындағы Майкл Фелпс[36], жағажай жолындағы Пеле. Күн сайын таңертеңнен кешке дейін ол баскетбол добымен бәсекелестерін «басып тастады», шамамен әйелдерден коллекция жасаған, Сүлеймен патшадай, ол да үйлерді, көлік тұрақтары мен ойыншық ақшаларды жинай берді.
Ол ешқашан түрмеге отырмайды, барлық келеңсіздіктерден оп-оңай өтіп кетеді, Иллинойс-авеню және Кентукки-авенюде резиденциялары бар. Егер де «Форчун» журналы «Монополияның» 500 миллиардерінің тізімін жариялаған болса, бұл жігіт Уоррен Баффеттің өзін де шаңында қалдырар еді. Оның ақшасындай көп ақша ешкімде жоқ болатын.
Міне, сол қаржысын сауатты жұмсауға сіздің көмектескеніңізді қалайды. Оның үстіне, сіз қаржы кеңесшісі емессіз бе?! Акциялар мен дивидендтерді сіз ақ-қарасын ажыратып, емін-еркін талдай аласыз, зейнетақы қорлары, қаржы қорлары, сақтандыру компанияларымен жұмыс істеп, мол тәжірибеге иесіз. Алайда сіздің бүкіл тәжірибеңіз осындай күтпеген жағдайға сізді дайындай алмайды. Соған қарамастан, бұл кісі қызғылт түсті текшелері мен пластмасса үйлерін алдыңызға жайып салып, сіздің қарсыңызда отыр. Ол өзінің «Монополиядағы» капиталын салмақшы.
— Менің 314 көлік тұрағым, 244 жолдарым мен қаншама темір жол желілерім бар, бұлардың барлығы оралған жіп іспетті, бүкіл жер шарын орап тастауға жетерлік. Ол бұны шынымен айтып тұр ма? Сіз бар күшіңізбен әдепті болып қалуға тырысып:
— Сірә, сіз «Монополиядан» көп қаражат ұтып алғанға ұқсайсыз — деп сұрайсыз.
Қолын айқастырып, кеудесіне қойып, ол күлімсіреді де:
— Дәл солай. Сол қаражатты сіздің іске қосқаныңызды қалаймын. Ал менің креслода шалқайып жатып, бейғам рақат өмір кешетін уақытым жетті. Әзірше «Монополияны» басқа біреу ойнасын.
Оның ақша салынған күлкілі қапшықтары мен мұқият жинақталған жылжымайтын мүліктеріне тағы көз тастағанда, сіз байсалды күйде қала алмайсыз:
— Мырза, сіз есіңізден адасқан сияқтысыз. Сіздің бүкіл қолма-қол ақшаңыздың бір теңгелік құны жоқ. Бұл қаражат ешнәрсеге жарамсыз. Сіздің ойыныңыздан тыс жерде, олар маңыздылығын жоғалтады. Сіз, әрине, мені кешіріңіз, бірақ сіз қандай да бір ақылсыз қателікті жібергенсіз. Шын мәнінде, сіз мүлде ақылсыз есуассыз.
Бұл қатты айтылған сөздер. Алайда егер осы жағдайда бұл сөздер сізге орынды болып көрінсе, онда Құдаймен сіздің көзқарасыңыз сәйкес келмейді.
Бұдан кейін Иса оларға мына астарлы әңгімені айтып берді:— Бір бай кісінің егіндік жері мол өнім береді. Ол ішінен: «Не істесем екен? Астығымды жинап қоятын жерім жоқ, — деп ойланады. — Былай істеймін: қамбаларымды бұзып, үлкейтіп қайтадан саламын. Соларға бүкіл астығым мен мал-мүлкімді жинап қоямын. Сосын өзіме: көп жылға жететін мол қорың бар, енді демалып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін».
Бірақ Құдай оған: «Ей, түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?» — дейді.
Өзі үшін байлық жинап, ал Құдаймен қарым-қатынасында бай болмаған адамның ақыры осындай.
Бұл бай диқаншы, аса беделді кісі болған сияқты. Зиян шекпеу үшін, айтарлықтай парасатты, сәттілікті күту үшін, айтарлықтай тапқыр әрі зерек болды. Бұл әңгімені байыппен қарайтын болсақ, ол өзінің байлығын адал жолмен тапқан. Оның әлдекімді ауыр жұмыспен қанауы немесе алдағаны жөнінде, әңгімеде бірде-бір сөз айтылмаған. Құдай берген өзінің кәсіпкерлік дарынын, ол астық пен мал-мүлік жинауға жұмсады, және сол істе зор табысқа қол жеткізді. Ол мол байлықты жиып-теріп, Лафонтеннің «Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан тиісті сабақ алдым деп есептеді.
Бұл әңгіме сіздің есіңізде болса керек, жаздың жайма-шуақ күнінде неге құмырсқа таңертеңнен кешке дейін еңбек еткені, шегірткені таңғалдырған еді.
— Зорығып еңбек еткенше, неге менімен бірге жәй әңгіме-дүкен құрып отырмасқа?
Құмырсқа өзінің қам-қарекетін түсіндіріп, былай дейді:
— Қысқы азық жинап алу керек қой. Саған да солай кеңес берер едім.
Алайда шегірткеге еңбек етуден гөрі, көңіл көтеру көбірек ұнайтын. Құмырсқа еңбектенгенде, шегіртке күні бойы секектеп, асыр салып жүрді. Ал ағаштардың жапырақтары түсіп, егіндік алқап бос қалған, қатал аязымен — қыс түскенде — құмырсқа өзі жиып-терген дәндерін кеміріп жатты, ал шегіртке: «Жұмыс іздеп жүрмін, кез келген жұмыс. Тіпті темірші ұсталыққа да үйренуге дайынмын» деген картон қағазын кеудесіне жапсырып алып, жаяужолда тұрды.
Иса айтып берген астарлы әңгімедегі бай кісі шегірткенің орнында болғысы келмеді. Тегін сорпа үшін кезекте тұру — мен үшін емес деп ұйғарды ол. Бірақ мұндай кезекте тұру — бізге ұнамайтыны, айдан-анық. Табысты диқаншы бізге көбірек ұнайды. Шындығын айтқанда, біз оның табыстылығынан сабақ алуды қалаған болар едік. Айтпақшы, ол «Зейнетақыға көбірек жиын-терінмен шығу» жайында кітап жазбап па? Ол «Жиып-терген қорын тақырға отырудан қалай сақтаудың — оңай он екі қадамы» атты семинар жүргізбей ме? Қамбаларын астыққа толтырған диқаншы — бізге жауапты жоспарлаудың мінсіз үлгісін көрсетіп отырған жоқ па? Бірақ бәрібір Иса оған қуақы масқарапаздың қалпағын кигізді. Бұл жігіт нені көзден жіберіп алды екен, нені дұрыс істемеді екен? Екі сөйлемге бірінші жақта көптеген есімдіктер мен етістіктерді қойып, Иса бізге бұны түсіндіреді. Сол диқаншының ой-ниетінің төркінінде не жатқанына, назар аударып, астарлы әңгіменің негізгі бөлімін қайта оқып шығыңыз:
— Былай істеймін: қамбаларымды бұзып, үлкейтіп қайтадан саламын. Соларға бүкіл астығым мен мал-мүлкімді жинап қоямын. Сосын өзіме: көп жылға жететін мол қорың бар, енді демалып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін.
Бұл бай кісі жекежайдың қабырғалары айнамен қоршалған, іші бос орасан үлкен залында өмір сүріп жатты. Ол солтүстікке, батысқа, шығысқа немесе оңтүстікке қараса да, барлық тұстан бір адам — оның өзі көрініп тұрды. Мен. Маған. Менікі. Мен. Бәрі менікі. Маған. Маған. Менікі. Мен. Мен. Ол ешқашан «олар» дегенді айтпайды. «Сен» дегенді айтпайды. Оның айтатыны, тек «Мен». Тіпті ол «сен» дегенде де, өзіне қатысты айтады: «көп жылға жететін мол қорың бар, енді демалып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер».
Ол өзінің ақылына құлақ асады. Енді демалып, ішіп-жеп, көңіліңді көтеру үшін, ол көп жылға жететін мол қорын жинап алды. Ол шипажайға көшеді де, гольф үшін қала сыртындағы алаңның маңынан бес бөлмелі жекежай сатып алады. Ол жүктерін түсіріп, банк шоттарын тексереді, үйдің арт жағындағы әуітке сүңгиді. Ең өкініштісі, ол әуітті суға толтыруды ұмытып кеткен. Әуіттің түбі бетоннан жасалған еді, ол басымен бетонға соғылды да, көзін ашқанда Құдайдың тағының алдынан бір-ақ шықты, оның қол жеткізген жетістіктері көкте ешкімді таңғалдырмайтынын, ол түсінеді. «Құдай оған: «Ей, түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?» — дейді» (Лұқа 12:20).
Түйсіксіз бай мекен-жайын шатастырып алған сияқты («ол ішінен солай ойлады») бұған қоса, оның қойған сұрағы да дұрыс болған жоқ («не істесем екен?»). Оның қателігі, ол бәрін өзі үшін жоспарлағанында емес, қайта оның жоспарында Құдайға орын болмағанында болып тұр. Иса сол кісінің байлығын бетіне басып отырған жоқ, керісінше, оның асқақ менмендігін, менсінбегендігін, сондай-ақ оның жоспарларын емес, сол жоспарларында Құдайдың болмағандығын бетіне басып, ұялтады. («Сен менің не істегенімді қалайсың?») деген дұрыс сұрақпен, ол өзінің байлығын дұрыс бағытта (Құдайға) бағыттауына болмас па еді?
Байлық жинау — қорқыныштан сақтанудың ең кеңінен тараған әдісі. Біз жұмысымыздан, медициналық сақтандырудан, зейнетақыдан айырылудан қорқып, қомағайлықпен мал-мүлікке ие болуға тырысамыз — мал-мүлкіміз неғұрлым көбірек болса, біз соғұрлым жақсырақ қорғалғанбыз деп ойлаймыз. Бабыл мұнарасын тұрғызуды бастаған құрылысшыларға да тура сондай қауіптену түрткі болды. Топан судан кейін жер бетіне тараған халық, өздерінің арбасын қорғаныс шеңберіне қоюды ұйғарды. «Өзімізге қала және төбесі көкке жететін зәулім мұнара тұрғызып алайық. Осылайша өз атымызды шығарайық, сонда біз жердің түкпір-түкпіріне бытырап кетпейміз», — десті» (Жар. баст. 11:4).
Осы сөздерден сізге қорқыныштың лебі естіліп тұр ма? Олар жердің түкпір-түкпіріне бытырап, бөлініп кетеміз деп қорықты. Алайда Құдайға сиынудың орнына, олар материалдық байлыққа жүгінді. Олар жинап, басып тастады. Қор жинап алды да, мұнараны тұрғызуды бастады. Бабылдықтардың ынтасы туралы хабар жердің түкпір-түкпіріне жетіп, жауларын олардан аулақ жүруге мәжбүр етті. «Сен неғұрлым көбірек жинасаң, соғұрлым сенімді қорғалғансың» деген сөз, бабылдықтардың ұранына айналды. Осылайша олар жинады. Олар тастарды үйіп тастады да, кірпіш құйып, отқа күйдірді, зейнетақы қорларын, инвестициялық қорлардың акциялары мен жинақтау шоттарын ашты. Олар зейнетақыдан, мал-мүлік, жылжымайтын мүлікті үйіп тастады. Олардың материалдық қамтамасыздық мұнарасының биік болғаны соншалықты, оның төбесін көруге талпынғанда мойның ауыратын.
— Енді біз толықтай қорғалдық! — деп жариялады олар, салтанатты ашылу лентасын қайшымен қиып жатып.
— Жоқ, толықтай қорғалмадыңдыр-ау, — деп анықтық кіргізді Құдай. Бабыл мұнарасы опыр-топыр абыржыған адамдар тобырына айналды да, әркім өз тілінде сөйлеп жатты.
Аудармашылардың дүние жүзілік ереуілі негізіндегі БҰҰ Ассамблеясы секілді. Бүгінгі күнде де Құдай осыған ұқсас анықтауды енгізіп отырған жоқ па? Біз дивидендтерге салық салу жүйесін құрып, шектеулі жауапкершілікке шектеулер енгізіп отырмыз. Біздің кіріс пен жинақ қорларымызға сенім артқанымыз соншалықты, біздің көңіл-күйіміз биржа курсымен бірге секіреді. Содан кейін «Катрина» сұрапыл дауылы іспетті, дағдарыстар мен экономиканың құлдырауы орын алады, осылайша бүкіл тарих қайтадан қайталанады.
2008 жылғы қазан айындағы экономикалық дағдарыста Стамфордта (Коннектикут штаты) бір ер кісі банкты жарамын деп қоқан-лоқы жасады. Жиып терген 2 миллионының 500 мың долларынан айырылғандықтан, ол қару-жарақпен келіп, егер қажет болса, айыпсыз кепілгерлерді өлтірмек болды[37]. Оқ ату оның шығындарының орнын толтыра алатындай. Қорқыныш ешқашан логикаға сай келген емес.
Егер де Құдай болмағанда, жиып-терген байлығына сүйену, сенімсіз болашақтың алдындағы жалғыз қолдануға жарамды құрал болар еді. Алайда Құдай бар. Және Құдай Өзінің балаларының ақшаға сенім артқанын қаламайды. Байлардың түйсіксіз ойларына Ол «алаңдамаңдар» деген көптеген шақырулармен жауап береді. «...Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар…» (Лұқа.12:22), «…Сондықтан не ішіп-жейміз деп ойлап уайымға салынбаңдар!…» (Лұқа. 12:29).
Бай диқаншының жолымен жүрмеңдер, ол материалдық игіліктерге бай болды, бірақ рухани талпыныстарға бейшара күйде болды. «Шағын қауым, қорықпа! Көктегі Әкең Патшалықты сендерге тапсыруға ризалық еткен» (Лұқа. 12:32). Бұл Иса бізді «шағын қауым» деп атайтын жалғыз жағдай. Осындай бағушылық қамқорлық, біздің не ішіп-жейміз деген уайымымыздан туындайды.
Бір күні біз Қара тауда тұратын бір малшымен бірге атқа мініп келе жаттық. Жап-жасыл алқапта малшының қойлары жайылып жүрді. Көп кешікпей олардың біреуі бізге кезікті, қой тұзаққа түсіп қалған екен. Қиқы-сиқы ирелең жолда шұңқырға қой аяғы аспаннан келіп, құлап, шыға алмай жатыр екен. Оны көріп, малшы атынан түсіп, маған қарап, сықылықтап күліп:
— Онша ақылды емес жануарлар — деді.
Көмек алған соң, қуанған қой қаша жөнелді.
Біз де сол қой секілді онша ақылды емес жануарлармыз. Дегенмен, бізді қайтадан аяққа тұрғызатын, Бағушымыз бар. Ізгі Бағушы ретінде, Ол бізді ішер ассыз және баспанасыз қалдырмайды.
Жас та болдым, енді міне, қартайдым, Көрмедім әділ жанның бейшара болғанын, Ұрпағының қайыршы боп нан сұрағанын…
Мұндай ескертуді есту сондай қуанышты! Қарызымыздың есебінен үйімізді тартып алғанда, ал зейнетақы қорларынан айырылғанда, бізге Бағушы керек болады. Мәсіх — біздің Бағушымыз болып табылады. Және Ол бізге Патшалықты сендерге тапсыруға ризалық етті — дейді.
Жомарттық Құдайдың жаратылысын сипаттайды. Киелі жазбаның алғашқы беттерінен-ақ Құдай жомарт Жаратушы ретінде бізге ашылады. Ол бәрін ағыл-тегіл молынан жаратты — жұлдыздар, өсімдіктер, құстар, жан-жануарлар. Құдайдың әрбір сыйы көптеп, әрі басқа жаратылыстарымен бірге көрсетілген. Құдай Адам мен Хауа ананы «ағыл-тегіл молшылықта»[38] жаратып, көрсеткен үлгіге сай өмір сүруді өсиет етеді: «…Құдай оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер… » — деді (Жар. 1:28).
Бүкіл әлемді сараң Скрудж емес, Құдай жаратқан.
103 Забур жыры, жомарт жаратылған жаратылыс туралы жырлайды, мұнда көптеген жарылқауларды атап көрсетеді де: аспан мен жер, су көздері мен бұлақтар, өсімдіктер мен ағаштар, құстар, тау ешкісі, шарап, хош иісті зәйтүн майы, нан, адамдар мен арыстандар. Құдай бәрінің қамын ойлайды: «…Міне, тағы ұлан-ғайыр теңіз де бар, Құжынар сансыз үлкен-кіші хайуандар… Өзіңнен күткендері бәрінің де — Сенің тамақ беруің мезгілінде» (Заб. 103:25, 27). Ол бәрінің азықтарын береді. Құдайдың қолы игілікке толы. Ұлы Асырап-Бағушы. Күллі игіліктердің қайнар көзі. Таңғажайып жомарт әрі мүлтіксіз сенімді. Жазбада қайталанатын куәліктер мен нұсқаулардан анық түсінетініміз: Құдай бәрінің Иесі. Ол солардың бәрін бізге үлестіріп, бөліп береді. Өз мал-мүлкіңізге емес, Оған сенім артыңыз!
Осы дүниелік мал-мүлікке бай сенушілерге мынаны ескерт: олар менмен болмасын және сенімдерін өткінші байлыққа емес, Құдайға артсын! Ол адамдар рақатын көрсін деп игіліктердің бәрін сыйлайды. Байлар жақсылық жасай беріп, игі істерге дарқан әрі жомарт болып, басқалармен бөліссін. Осылай олар өздеріне келешек заман үшін игілікті негіз болатын рухани қазына жинап, мәңгілік, шынайы өмірді берік ұстанбақ.
Ал сіз «Осы дүниелік мал-мүлікке бай сенушілердің» қатарынансыз ба? Егер осы кітапты оқу үшін сіздің қаражатыңыз бен біліміңіз жеткілікті болса, онда солардың қатарынансыз. Дүние жүзінің жартысы-дерлік — үш миллиардтан астам адамдар — күніне 2,5 доллардан аз жалақыға күнелтеді[39]. Егер сіздің кірістеріңіз одан жоғары болса, онда сіз әбден қамтамасыз етілген жансыз, және сіздің байлығыңыз екі еселенген қырағылықты талап етеді.
«Қиыншылық тауқыметі кейде адам үшін ауыр, — деп жазады Томас Карлейль, — алайда табысқа қол жеткізуді көтере алатын бір адамға, қиыншылық тауқыметіне төзе алатын жүздеген адам сайып келеді»[40]. Мал-мүліктің молшылығы, бұл мал-мүлік қаншалықты түкке тұрғысыз болмасын, адамға Құдайды көрсетпей, көлеңкесінде қалдыруы мүмкін. Кедей-бейшаралықтан тәкаппарлыққа апаратын алдын ала айтылған жол бар. Кедей бейшара Құдайға сиынып, еңбек етеді — Құдай оның мінәжатына құлақ асып, оны жарылқайды. Қарапайым адам байыған кезде, Құдай туралы ұмытады. Құдайды терең қастерлейтін кедей бейшара тәкаппар байға айналады. Құдай Ошия пайғамбар арқылы айтқанындай болады, «Халық жақсы жайылымға қоныстанғанда қарындары тоқ болды. Қарны тойынған кезде олар асқақтап, Мені естерінен шығарды» (Ош. 13:6). Тәкаппар бай Құдайдың қаһарына ұшырайды. Біз қалайша бұдан аулақ бола аламыз? Табысты болуды асқақтамай, қалай көтере аламыз?
Асқақтамаңыз… Өз байлығыңызға сіздің қандай да қатысыңыз бар деп, бір минут та ойламаңыз. Жазбада бір шындық жайлы анық айтылған. Сіздің акцияларыңыз, алтын сақталған қапшықтарыңыз, зейнетақы қорларыңыз? Олардың барлығы сіздікі емес.
Ұлан-ғайыр аспан, жер және ондағының барлығы да Құдайларың Жаратқан Иенің меншігі…
Уа, Жаратқан Ие, Саған тән — ұлылық, Құдірет, салтанат, жеңіс пен нұрлылық! Меншігің — көк пен жердегілер барлық! Һәм Сенікі, уа, Иеміз, патшалық Әрі баршаға деген басшылық!…
Күміс те менікі, алтын да Менікі, — дейді Әлемнің Иесі.
Исаның астарлы әңгімесіндегі түйсіксіз бай осыны түсінбеді. Ғибадатханада Исамен кездескен, дана әйелмен айырмашылығы, міне, осы. «Ал келген бір бейшара жесір әйел жалпы құны төрт тиындық екі бақырды салды. Сонда Иса шәкірттерін қасына шақырып алып: «Сендерге шындығын айтамын: ақша салғандардың барлығынан да мына бейшара жесір көп салды! Себебі басқалардың бәрі өздерінен артылғанын ғана садақа етсе, бұл әйел өзі бейшара бола тұра, күнелтетін нәрсесінің бәрін аямастан берді», — деді» (Мар. 12:42–44).
Бейшара әйелдің соңғы тиыны қалған еді, бірақ ол сол ақшаға нан сатып алудың орнына, оны Құдайға қайтарып берді. Уолл-стриттың қаражат бойынша кеңесшілері мұндай жомарт қайырымдылықтарды қысқартуға оны көндірген болар еді. Шын мәнінде, қаражат бойынша кеңесшілер жиып-терген мол қорын жайғастыру үшін, астық қамбаларын үлкейтуді жоспарлаған, құрылысшы-диқанды ақыл-парасаттылығы үшін мақтап, ал әлгі бейшара әйелді ысырапшылдығы үшін жазғырып, үкімдеген болар еді. Иса тура сол істе керісінше әрекет етті. Иса үшін қаржы саясатының мұраты — өзінің бүкіл қаржысын Құдайға берген, бейшара әйелдің әрекеті болды.
Құдай бізді әділетсіз байлыққа сенім артпауға шақырады. Немесе, заманауи ағылшын аудармаларының бірінде былай делінген, байлар «асқақ та, менмен болмасын және өткінші, алдамшы, сенімсіз байлыққа сенімдерін артпай, Құдайға сенім артсын» (Тім. 1-хаты 6:17). Ақша — сенімсіз тірек. 1948 және 2001 жылдардың аралығында АҚШ экономикасы оншақты құлдырауды бастан кешірді. Осы экономикалық құлдыраулар орташа есеппен он айға созылды және көптеген миллиардтаған шығындарға[41] әкелді. Әр бес жыл сайын экономика, оған сенім артқандарды тағдыр тәлкегінде қалдырып, жаңа кандидатураларға ауысып кетіп отырды.
Әйелдерімен осылай істеген ер кісі туралы, сіз не айтар едіңіз? Елу жылдың ішінде әр түрлі тоғыз әйеліне опасыздық жасаған, еркекке сіз қандай мінездеме берген болар едіңіз?
Оның оныншы әйелін қандай сөзбен сипаттар едіңіз. Ессіз ақымақ. Өз өмірлерін ақшаға сеніп тапсырғандар, ақылсыз жандар. Олар алдамшы әрі ұдайы өзгеріп отыратын антиутопияның өздерін естерінен адастыруына жол береді. «Сараңдық» және «жұпыны» (скупость и скудость) деген сөздердің бар болғаны, бір әріпте ғана айырмашылығы бар екендігіне, назар аударып па едіңіз?
Боб Рассел неліктен бұл екі сөз үндесіп, ұйқасатынын түсінген. Бұл жайында оның тамаша әңгімесі бар:
Бірде, бірнеше жыл бұрын, біздің отбасымыз «Монополия» ойынын ойнауға жайғасты. Менің жолым болып, сәттілік менің жағымда болды. Бірінші турда мен Иллинойс-авеню мен көлік тұрағын ұтып, екеуін де сатып алдым. Содан кейін мен оларға Индиана-авеню мен жолды қостым. Сол көшеге біреу-міреу адасып барып қалса, мен оның көзін құртар едім. Мен барлық төрт темір жолды сатып алдым. Мен үйлер мен қонақ үйлерді иемдендім. Мен масайрап, паңданып, тоқмейілсіп миығымнан күліп отырдым. Мен бір төбе ақша жинап алдым; ақшаның бір бөлігін бөлек қосалқы үйіндіге жинауыма тура келді. Қалғандардың барлығы өздерінің азғантай долларларын қайта санап отырды, ал мен жүздеген, мыңдаған ақшаға ие болдым!
Ақыры, түнгі сағат бір шамасында, қалғандардың барлығы тақырға отырды да, мен ұттым! Олар мені құттықтап, бірауыз сөз айтпай, орындарынан тұрып, ұйықтауға кетті.
— Ей, тоқтаңдар, — дедім мен. — Ойнаған заттарыңды жинастыру керек қой.
Сонда олар маған былай деп жауап қайырды:
— Бұл сенің жеңісің үшін ынталандырушы сыйлық болсын. Қайырлы түн!
Осылай мен үстел басында жалғыз қалдым. Менің барлық қонақ үйлерімнің, иемденген мал-мүлкім мен бүкіл ақшаларымның, ешбір маңызы жоқ екенін, мен сол кезде түсіндім. Менің оларды қорапқа салып, жинастыруыма тура келді. Қораптың аузын бекітіп, сөреге қойдым. Сөйтіп баспалдақпен жоғарғы қабатқа көтеріліп, өзімнің сұп-суық кереуетіме жаттым. Әйелім маған: «Білесің бе, мен сені мақтан тұтамын. Сен сондай табысты инвесторсың. Біз сені ешқашан жеңе алмаймыз. Сен — нағыз «Монополия» мырзаның өзісің» — деген жоқ. Әйелім тек бетімнен бір сүйді де, теріс қарап жатып алды[42].
Боб бұл қателікті ойында жасағаны, қандай абзал. Ал көптеген басқа жағдайларда шынайы өмірде осындай қателік жасағандардың, жолы болмайтыны, анық.
Уайымдама, біреу байи қалғанда, үйінің салтанаты тым молайғанда, өлгенде ол өзімен еш нәрсе алып кетпейді, салтанаты оған еріп бармайды. Тірі кезде ол бақытты сезінетін, өркендегенде жұрт оны дәріптейтін. Бірақ ол да бабаларына аттанады, өмірдің нұрынан енді ада болады. Байлығына мастанған ақылсыз жан іспетті — кейін өліп құритын хайуан.
Құдай барлығының Иесі және бәрін біздің игілігіміз үшін береді де. Ол — біз үшін, Оның шағын қауымы үшін Ізгі Бағушы. Өз мал-мүлкіңізге емес, Оған сенім артыңыз. Кедейлік қорқынышын молшылық тыныштығына ауыстырыңыз. Азырақ жинап, көбірек бөлісіңіз. Сіздің «жақсылық жасай беріп, игі істерге дарқан әрі жомарт болып, басқалармен бөлісуіңіз» маңызды. Және ең бастысы, келе жатқан қыстың қорқынышы тірі Құдайға деген сенімге орын берсін. Өйткені, бұл бар болғаны, «Монополиядағы» текшелер ғана. Ойын аяқталған соң барлық пішіндер қорапқа қайта салынады.
10 ТАРАУ
ӨЛЕРДЕЙ ҮРЕЙІ ҰШЫП, ҚОРЫҚҚАНДАР
Көңілдерің толқымасын! Құдайға сеніңдер және Маған да сеніңдер! <…> …Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін.
ӨМІРДІҢ СОҢҒЫ СӘТТЕРІНДЕГІ ҚОРҚЫНЫШ
Бір күні түсімде мен бір кісіні кездестірдім, ол мыж-мыж қалпақ пен шибарқыт пенжәк киіп алған екен. Ол Индиана Джонстың академиялық нұсқасы іспетті көрінді — сыртқы келбеті профессордай, иегі қайсарлы, көзқарасы мейірімді. Ол жерлеу қыдырмасы болатын. Сірә, мен де солардың бірі болғанмын, өйткені түсімде бір жерлеу қызметі екіншісімен ауысып отырды — жерлеу залдары, кішкентай қауым, зират. Ол өзінің қалпағын ешқашан шешпейтін. Неге ол қалпақ киіп жүретінін, мен одан сұрамаппын, тек неліктен ол үнемі жерлеу рәсімінде жүретінін білгім келді.
— Мен адамдарды олардың мәңгілік үйіне әкету үшін келемін.
Егер мен ояу болғанымда, оның мұндай мәлімдемесі, мені дереу ФБР-ге телефон шалуыма қозғау салып, арнайы адамдар тобы келіп, сол кісінің байланыстарын тексерген болар еді. Алайда бұл түс болатын, ал түс көргенде әр түрлі қызық уақиғалар бола береді емес пе, сондықтан мен әрі қарай қазбаламадым. Мен не оның тізіміндегі тапсырыс берушілерінің шығу тегі туралы, не оларды тасымалдау әдістері туралы сұраған жоқпын. Жерлеу рәсімінде ши барқыт пенжәк пен мыж-мыж қалпақ киген адамды көрген, оғаш екен деген ой менің басыма да келмеді. Бірақ қызу өмір жүріп жатқан көшеде онымен кездескенім, мені қатты таңғалдырды.
Сабантой немесе Төртінші шілде мерекесіндегі салтанатты шеруді көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Көшеде адамдар лық толы.
— Бұл жерде сізді көремін деп күтпеп едім, — дедім мен оған. Ол жауап бермеді.
Мен жақын жерде достарымның бірі тұрғанын көрдім. Жақсы кісі, кексе тартқан жесір, денсаулығы нашарлау болатын. Ши барқыт пенжәк пен мыжылған қалпақ киген періште бұл жерде неге жүргенін, мен кенеттен түсіне қойдым.
— Сіз менің досымды әкету үшін келдіңіз бе?
— Жоқ.
Сонан соң менің түсімде, тек түсте болатын жағдай орын алды. Мен және менің танысымнан басқаның бәрі, лезде ғайып болды. Қи-шу болған жаяужол елсіз көшеге айналды, тыныш болғаны соншалықты, мен оның келесі сөздерін естімеуім мүмкін емес еді:
— Макс, мен сені әкету үшін келдім.
Қызық, мен қарсыласқан жоқпын, наразылық та білдірмедім, қашуға тырыспадым да. Дегенмен, мен өзімнің өтінішімді айттым. Ол өтінішімді орындауға келіскенде, көше кенеттен адамдарға толып кетті, мен бірінен кейін бірімен қоштасып, көше бойлап жүре бастадым. Мен періште туралы, оның қалпағы және қайда аттанғалы тұрғаным жайлы ешкімге тіс жармадым. Олар біз ертең қайтадан көрісеміз деп ойлады.
Алайда мен шындықты білетінмін, сондықтан дүние де кенеттен шынайы бола түсті. Өмірдің нысанасы жинақталмағандай, ал күйге келтірген соң көрініс айқындала түсті. Қателіктер мен реніштер ұмытылды. Бірінші орынға сүйiспеншілік шықты. Мен ең қатал сыншымның қолын қыстым. Кедей бейшараға әмиянымды сыйладым. Тым құрғақ әрі өте ашушаң адамдармен құшақтастым. Ал жақындарыма, әйеліме және балаларыма, менімен бірге сиынуға ұсыныс жасадым. Мұндай қарапайым мінәжат менде ешқашан болған емес-ті. Сенімімде берік тұру. Мәсіхке сенім арту.
Сол кезде түсім аяқталып, мен ұйқымнан ояндым. Бір сағаттың ішінде сол түсте есімде қалғанның бәрін жазып шықтым. Осы түс ұзақ жылдар бойына менің көкейімде қалып қойды. Мен сүйікті әнімді қайталағандай немесе сүйікті свитерімді қайта кигендей, сол түске қайта орала берем. Басқа түстермен тура осындай жағдай болады деп айта алмаймын. Алайда сол түс терең ұмтылыспен жаңғырықты қарсы алуымен ерекшеленеді — мүмкін, бұл сізге түсінікті болар — өз өлімін қорқынышсыз қарсы алуымен ерекшеленеді. Қорқынышсыз және күрессіз… өлім құшу, егер күлімсіреп қарсы алсаң, тіпті жақсы болар еді.
Мүмкін емес? Әлдекім солай ойлайды да.
Аристотель, бәрінен көбірек өлімнен қорыққан жөн, өйткені «ол бәрінің біткенін көрсетеді» деген[43]. Жан Поль Сартр, «өлім — өмірді бүкіл мән-мағынасынан айырады»[44] деген болатын. Ең әйгілі американдық агностиктердің бірі болған, Роберт Грин Ингерсол[45], өзінің ағасының жерлеу рәсімінде жұбататын бірауыз сөз айта алмаған. Ол былай деген: «Өмір — екі мәңгіліктің суық әрі тақыр тау төбелерінің арасындағы тар аңғар. Олардың орасан үлкен тастарының ар жағында не бар екенін көруге деген талпыныстарымыз пайдасыз»[46]. Француз пәлсапасы Франсуа Рабленің түңілуінен де дәл сондай антарктикалық суықтың лебі сезіледі. Оның соңғы сөздері мынадай сөздер болды: «Мен орасан зор «Бәлкімге» кетіп бара жатырмын»[47]. Шекспир Гамлеттің сөздерімен өлім туралы ең ауыр екпінмен айтады:
Қандай қайғылы, ауыр сөздер! Өлім — «бәрінің ақыры», «тақыр таудың төбесі» және «орасан зор «Бәлкім» елі», олай болса, кім қорқынышсыз өле алады екен? Дегенмен, пәлсапашылар бір ақиқатты жіберіп алған болса ше? Айталық, өлім — олар ойлағандай емес, барлығынан ерекшеленетін болса ше, — қарғыс емес, керісінше, басқа өмірге өту, қашуға тура келетін, қайғы емес, қайта сол жаққа қарай бұрылуға тұрарлық мекен болса ше. Егер зират — адам денесін жайпағыштар мекені емес, керісінше Ол бір күні: «…Уа, жер астында жатқан бәрің де, өлімнен оянып, шаттана әндетіңдер! … Жер өлгендерді шығарып, бұ дүниеге қайтармақ» деп жар салатын, адамдар Жанын Сақтаушының мекені болса ше? (Иш. 26:19).
Мәсіхтің уәдесі мынадай: «— Көңілдерің толқымасын! Құдайға сеніңдер және Маған да сеніңдер! Көктегі Әкемнің үйінде тұратын орын көп. Егер солай болмаса, Мен сендерге айтқан болар едім ғой. Енді сол жерден сендер үшін орын дайындауға бара жатырмын. Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін» (Жох. 14:1–3).
Бүгінгі күнде Мәсіхтің бұл сөздері біз үшін жұбаныш сияқты естілсе, бірінші жүзжылдықта өмір сүрген Оның тыңдаушылары үшін олар төңкеріс іспетті көрінетін. Ол ешкімнің қолынан келмеген, ешкім ойламаған, тіпті көз алдына елестетіп көре алмаған, ерлікті жасауға уәде берді. Ол өлімнен қайта тіріліп, Өз ізбасарларын қабірден шығарып алады.
Дәстүрлі иудаизмде қайта тірілу жөнінде келіспеушіліктер бар болатын. «Себебі саддукейлер ешқандай қайта тірілу де, періштелер де, рухтар да жоқ десе, парызшылдар бұлардың бәрін мойындайды» (Елш.іст. 23:8). Саддукейлер үшін өлім — тамұққа, тозаққа апаратын қайтымсыз апат жолы болды. Ешқандай құтқарылу жоқ. Ешбір үмітсіз қадам. Ешбір кешірім, кеңшілік, жазадан босату не сот белгілеген жазаны жеңілдету жоқ. «Тірілер өлерін біледі ғой, ал өлгендер ештеңе білмейді екен…» (Уағ. 9:5).
Парызшылдар қайта тірілуге сенді, бірақ бұл қайта тірілу тәндік тірілу емес, рухани мағынада болды. «Аңыздарда жаңа өмір үшін пайғамбарлардың тәндік қайта тірілуі туралы идеялар болмаған. Ыбырайым, Ысқақ пен Жақып яһудилердің алдында беделі қаншалықты жоғары болғанымен, олар өлімнен тіріледі деп, ешкім ойлаған жоқ»[49]. Көне грек пәлсапасында бейнелер басқаша, бірақ бұлар да үмітсіздікке апарады.
Көне грек картасында өлім елі, қайықшы Харонмен бірге Стикс өзені болатын. Харон өлгендердің жандарын өзен арқылы өткізіп, тәнсіз рухтардың, көлеңкелер мен аруақтардың қараңғы еліне апаратын.
Сахналық көрініс осындай болатын, сол тұста Иса пайда болды. Дегенмен, сол күмәннің былқылдаған, ми батпағына келіп, Ол мықты көпірді салды. Ол жәй әншейін өлімнен кейінгі өмірді ғана емес, сонымен бірге ең жақсы өмірді уәде етті.
«Көктегі Әкемнің үйінде тұратын орын көп… Енді сол жерден сендер үшін орын дайындауға бара жатырмын». Ең дұрысы, біз, Батыстың адамдары, бұл сөздерден некеге тұру салтанатын сезінбейміз, бірақ той көйлегі үшін кепілпұл беруіңізге болады, Исаның тыңдаушылары, шүбәсіз, бұны байқады. Күйеу жігіттің қалыңдыққа берген уәдесі тура осындай болатын. Екі жақтан да ата-аналардың рұқсатын алып, күйеу жігіт әкесінің үйіне қайта оралып, өзінің қалыңдығы үшін үй салатын. Ол «орын дайындауға» тиіс болатын.
Біз үшін де тура солай істеуге уәде беріп, Иса жерлеу рәсімін, үйлену тойы іспетті, үміт көзіне айналдырады. Оның көз алдында зират басындағы жерлеу рәсімі, қауымдағы неке қию рәсімі секілді, жүректі толқытатын, әсерлі уақиға болуға тиіс.
Үйлену тойына жанталасып дайындалған сәтте, қазір біздің отбасымызда бұл ой жаңғырықтың көрінісі болады. «Біздің үйде» деген сөзді мен жалпы түрде қолданып тұрмын. Бұл Деналин және біздің қызымыз Дженна үйлену тойына дайындық жасап жатыр. Мен тек күлімсіреп, басымды изеп, чекке қол қоямын. Біздің үйіміз той көйлегі, той торты, тойға келетін қонақтар мен той банкеттері жайлы әңгімелерден гуілдеп жарылуға шақ тұр. Той күні белгіленген, қауым таңдалған, бәрі де жүректері қатты қобалжып жүр. Үйлену тойы — бұл қуаныштың нышаны!
Жерлеу рәсімі секілді, дейді Иса. Бұл екеуі де — бізде жаңа ат пен жаңа үйде болатын, тіршілік етудің жаңа дәуіріне өтуді көрсететін, торсықтар. Күйеу жігіт қалыңдығын қолымен көтеріп келе жатыр. Иса — біздің Күйеу Жігітіміз. «Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін». Ол бізді мехраптың алдында қарсы алады. Біздің жер бетіндегі ең соңғы көретін жарығымыз, Оның жақындағанының алғашқы нұрына айналады.
Алайда Ол Өзінің уәдесін орындайды деген нық сенім бізде қайдан болуы мүмкін? Оның сөздері тек поэтикалық бейне немесе бос нанымнан әлдеқайда жоғары екеніне, бізде қандай кепілдіктер бар? Яһудеяның алыс түкпірінен шыққан ағаш Ұстасының қолына шын жүректен сенім артуға біздің батылымыз жете ме? Бұның жауабы Иерусалимдегі қабірде жатыр. Егер Исаның қабірі бос болса, онда Оның уәделері бекер емес. Осы ойдың бәрін елші Пауыл бірауыз сөзбен қорытындылағанын қарайық: «…Барлығы өз кезегімен: алғашқысы ретінде Мәсіх тірілді. Ал кейін, Ол қайтып келгенде, Оның қарамағындағы адамдар да тіріледі» (Қор. 1-хат 15:23).
О дүниелік өмірдің қараңғы көлеңкесі туралы көне грек пәлсапасының болжамдарымен тәрбиеленген, Қорынттағы мәсіхшілерге Пауыл осы сөзді айтты. Өлген дене тіріле алмады — олардың денесі де, Мәсіхтің денесі де тірілмейді — деп, әлдекім оларды сендірген. Мұндай ой елші үшін адам төзгісіздей қиын болды. «Ал енді, бауырластар, мен сендерге уағыздаған Ізгі хабарды тағы да естеріңе салғым келеді…» (Қор.1-хат 15:1). Пауыл заңгер іспетті өзінің қорытынды пікірін үзілді-кесілді шығарып, деректерді қарастырады: «Мәсіх қабірге қойылып, үшінші күні қайта тірілді. Ол Кефаға (яғни Петірге), содан кейін он екі елшінің бәріне көрінді. Мұнан соң Оны бес жүзден аса бауырластарымыз да бір мезгілде өз көздерімен көрді. …Содан кейін Мәсіх Жақыпқа, сондай-ақ барлық елшілеріне көрінді. Бәрінен кейін, дер кезінде жаңа өмірге дайын болмаған мен де Мәсіхті өз көзіммен көрдім…» (Қор.1-хат 15:3–8).
Келіңіздер, олай болса, куәгерлерді шақырайық, деп ұсыныс жасайды ол. Оларды бірінен кейін бірін шақырайық. Қайта тірілген Мәсіхті көрген әркім, бұл жайында айтып берсін. Бір ішер асыңызды өзіңізбен бірге алып, жуырдағы барлық істеріңізді күнтізбеден сызып тастаңыз, өйткені жоғарыда айтылған өз көздерімен Исаны көрген, бес жүз адамды тыңдау күтіп тұр. Пауылдың ойын түсініп тұрсыз ба? Егер бір кісі, Мәсіхті айқыш ағашқа шегеленген соң көрдім десе, бұл есепке алынбайды. Егер он екі куәгер куәлік етсе, бұны жаппай көздеріне елестеген деп есептеуге болады. Алайда елу адам? Жүз адам? Үш жүз адам ше? Жүздеген адамдар бір адам туралы айтқанда, сенімсіздік сенімге ауысады.
Пауыл азғана адамдардың емес, көптеген жүздеген көзімен көрген адамдардың бар екендігі туралы білді. Петір. Жақып. Жохан. Бес жүз Исаның шәкірттері. Олардың бәрі Исаны көрген. Олар Исаны тәндік денеде көрді.
Олар шынымен Оны өз көздерімен көрді. Сол жерде елес немесе қандай да бір өтірік болған жоқ. Құлпытастағы жазудан мынадай сөздерді жиі кездестіруге болады: «Ол менің жүрегімде мәңгі өмір сүретін болады». Исаның ізбасарлары мүлде бұл сөзді меңзеген жоқ. Олар Исаны «тәндік денеде» көрді. Шәкірттеріне көрінгенде, Ол оларға: «…Бұл — Менің Өзім…» — деді (Лұқа. 24:39).
Еммаусқа бет алған шәкірттері Оның денесінен әдеттегіден тыс ерекше ешнәрсе көрген жоқ. Оның аяқтары жерге тиіп тұрды. Ол қолдарымен нанды алып, оларға үзіп берді. Олардың «көздері ашылғанға» дейін, олар тіпті Иса — олардың өздері сияқты, жолаушы деп ойлады (Лұқа. 24:31). Мәриям Исаны бақта көріп, Оны «Мырза» деп атады (Жох. 20:15). Көлдің жағалауында Исаның отқа балықты қақтап отырғанын, шәкірттері көрді.
Қайта тірілген Мәсіх тәндік денеде тәндік іс-әрекеттерді жасады. Ол шәкірттерінің алдында тұрған аруақ емес екенін түсіндірді. «…Қол-аяғыма қараңдар: бұл — Менің Өзім. Маған қол тигізіп денемнің шынайы екеніне көз жеткізіңдер! Елестің еті мен сүйегі болмайды ғой», — деді де, оларға Өзінің қол-аяғын көрсетті» (Лұқа. 24:39).
Иса шын мәнінде тәндік қайта тірілуді бастан кешірді. Олай болса, Иса қайта тірілген болса, онда біз де қайта тірілеміз! «Барлығы өз кезегімен: алғашқысы ретінде Мәсіх тірілді. Ал кейін, Ол қайтып келгенде, Оның қарамағындағы адамдар да тіріледі».
Аристотель адасушылыққа берілді. Өлімнен қорқудың керегі жоқ. Сартр да қателесті. Өмірдің соңғы сәті — ең сұмдық сәт емес. Көне грек жолбасшысының пікірі де нақты емес болып шықты. Харон естен шығару, ұмыту еліне бізді әкетпейді. Арада бірнеше ғасырлар өткен соң Исаны өз көздерімен көрген куәгерлер бізге өз куәліктерін қалдырды: өлім құшу — қауіпсіз.
Тура солай біз де сеніммен көз жұмайық. Қайта тірілу біздің жүрегіміздің түкпіріне ұялап, жақындап қалған өлімге біздің қалай қарайтынымызды белгілесін. «…Әрі өмір бойы өлімнен қорқып, шайтанның құлы болып жүрген адамдар» азаттыққа шықсын (Евр. 2:15).
Осы соңғы саяхат үшін Иса бізге батылдық береді. Құдай Чарлз Линдбергке сондай батылдықты берді, ол Атлантика арқылы жерге қонбай, жалғыз өзі ұшып өткен дүние жүзіндегі ең алғашқы ұшқыш. Линдберг қатерлі ісікпен ауырып қалғанын білгенде, Гавай аралындағы үйінде өзінің соңғы күндерін өткізу үшін әйелі екеуі сол жаққа аттанды. О дүниеге аттанардың алдында ол, соңғы рәсімдерін жасау үшін діни қызметкерді шақырып, оның зиратының басында қандай мінәжатты айту керектігін өзі жазып қалдырды.
Чарлз А. Линдбергтің денесін біз оның жаны жай табатын жерге тапсырамыз; алайда өлім — тіршіліктің жаңа беталысы екенін біліп, Исаның айқыш ағашта: «Әке! Рухымды Сенің қолыңа тапсырамын»[50] деп айтқанын, есімізде сақтап, оның рухын біз құдыретті Құдайға тапсырамыз.
«Өлім — тіршіліктің жаңа беталысы». Одан қорқудың немесе теріс қараудың қажеті жоқ. Мәсіхтің арқасында біз өлімнің көзіне тура қарай аламыз.
Мен өлімге тура қарадым. Жүрекке жасалған басқа хирургиялық оталардың ішінде маған жасалған ота онша қатерлі болған жоқ. Алайда саған артығырақ дұға ету үшін, ашық жүрекке жасалған төрт сағатты талап ететін, кез келген медициналық процедура әбден жеткілікті. Сондықтан менің отамның алдында мен, Деналин және бірнеше достарымыз бірге сиындық. Кливленд клиникасының (Огайо штаты) қасындағы қонақ үйге тоқтадық. Біз Құдайдан дәрігерлерге батасын беруін және күтуші әйелдерге бас-көз болуын сұрадық. Сонан соң біраз әңгімелесіп, барлығы маған сәттілік тілеп, қоштасты. Мен ертерек ұйықтап, тынығып алуым керек еді. Бірақ ұйқым келмеді, мен тағы да дұға еткім келді… енді жалғыз өзім сиындым.
Мен лифтпен вестибюльге түстім, тыныш бұрышты тауып алып, ойлана бастадым. «Егер отада қателік жіберіп алса, не болмақ? Егер бұл жер бетіндегі менің соңғы түнім болса ше?
Мен татуласуға тиіс біреу-міреу қалып кеткен жоқ па? Өз айыбымды жуу үшін, мен ешкімге телефон шалуым керек емес пе?» Мен мұндай адамды есіме түсіре алмадым (ал егер сіз мен сізге телефон шалу керек деп санайтын болсаңыз, мені кешіріңіз; бәлкім, біз сөйлесіп алуымыз керек шығар).
Содан кейін мен әйелім мен қыздарыма хат жаздым, әрбір хатты: «Егер сен осы хатты оқып отырған болсаң, демек, ота сәтсіз өткені» деген сөздермен бастадым.
Сосын менде Құдаймен ең шынайы әрі ашық әңгіме болды. Біз менің өмірімнің алғашқы елу жылы туралы ойланып, талдауды бастадық. Егер мен бұл туралы егжей-тегжейлі жазатын болсам, ол сізді шаршатар еді, бірақ менің және Құдайдың бұл естеліктер біраз көңілімізді көтерді. Құдайдың шексіз рақымы үшін, шүбәсіз, Ол періштелері арқылы маған жіберген, әйелім үшін алғыс айттым. Оның менің өмірімдегі баталарының бәрін атап шықсам, таңға созылар еді, бірақ бұл соған жақын қалған еді. Сондықтан мен өзімді тоқтатып, былай деп сиындым: «Мен жақсы қолдамын, Ием. Дәрігерлер отаға дайындалып жатыр, қызметкерлердің бәрі тәжірибелі. Алайда тіпті бар ынтасымен тырысқанның өзінде де, әр түрлі жағдайлар болуы мүмкін ғой. Мүмкін, бұл осы өмірдегі менің соңғы түнім шығар, бірақ менің Саған айтарым — мейлі солай болсын, менде бәрі жақсы».
Осылай сиындым да, ұйықтадым. Мен нәрестедей ұйықтадым. Мыжылған қалпақ киген періште мені әкетуге келмепті. Отадан кейін маған күш-қуатым қайтып келді, міне, мен — әрқашанғыдай жігерлі, қайратты, компьютердің клавиатурасының клавиштерін сергек, ширақ тарсылдатып отырмын. Дегенмен, бір нәрсе өзгерді. Өлімді батылдықпен қарсы алу туралы не айтасыз?
Мен өлімді батыл қарсы аламын деп ойлаймын.
Сіз де солай қарсы аласыз деген үміттемін.
11 ТАРАУ
КОФЕИНМЕН ӨМІР
Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар.
БОЛАШАҚ ҮШІН ҚОРҚЫНЫШ
Әттеген-ай, егер бір шыныаяқ кофеге тапсырыс бергендей, біз өз өмірімізге тапсырыс бере алсақ қой! Өз болашағыңызға керекті заттарды таңдап, араластыру, сізге ұнамас па еді?
— Өте ыстық таңғажайып оқиғалардың үлкен тостағанын әзірлеңіз, қауіп-қатерлер азырақ болсын, ал мықты денсаулық — екі мөлшерлеме болсын.
— Кофеинсіз өмір және табыстылықтың бір тамшысы ұзақ өмір сүру үшін жеткілікті болады.
Зияттылық көбірек болсын, ал ауру-сырқаудың керегі жоқ.
— Өтініш, маған десертке шоколадпен мокко және үш қасық бетімен кеткен жүгенсіздік беріңізші. Өш алу, төлеу, жазаның бір граммы да болмауын, қадағалаңыз.
— Маған орасан үлкен эспрессоны тезірек әкеліп беріңізші, оған сүйіспеншіліктің көп-көп қаймағын және — дәмдірек болу үшін — Кариб аралындағы зейнеткерлікті қосыңыз.
О, мені сондай кофеханаға апарыңызшы! Қап, әттеген-ай, мұндай кофехана мүлде жоқ. Шындықтың мәні мынада, өмір жиі бізге сұйық асты әкеледі, бұл сорпа біз сұраған тағамдарға мүлде ұқсамайды да. Буфетші жоғары жақтан сіздің атыңызды атап шақырып, сіз сұрамаған күтпеген есеңгіреулер кружкасын ұсынып тұрғандай, сезім болған кездер сізде болды ма?
— Джо Джонс, мерзімінен бұрын зейнетке шығыңыз. Абайлаңыз, бұл тұста ерлі-зайыптылардың мәселелері мен бағаның қарқынды өсуінің шумағы болуы керек.
— Мэри Адамс, балаларыңыздың университетте оқуы жөнінде тапсырыс берген едіңіз. Оқу әлі дайын болған жоқ, ал балаларды алып кетуіңізге болады. Жүкті болуыңызбен құттықтаймыз!
— Сюзи, сіздің қызыңыздың бітіру кешінен жарты жыл бұрын шетелдік филиалға ауыстырылуы күйіп кетті. Бұған жан тыныштығының бір тамшысын қосайын ба?
Өмір — күтпеген жағдайлар кофеиніне толы. Анықтық кіргізу. Шұғыл өзгерістер. Өзгерістер.
Әлеуметтік саты бойынша төмендейсің, қымбат пәтерден көшесің, жастарға орын бересің, содан кейін қайтадан өрмелеп шығасың. Әткеншектегі сияқты. Бір өзгерістер қалаулы, ал екіншілерін — қаламаймыз. Ал саған дүниеде бәрі тұрақтанған сияқты болып көрінген, сирек болатын кезеңдерде, қырағылық танытып, сақ бол. Бір 77-жасар қария ақсақал жақында менің танысыма былай депті:
— Мен жақсы өмір сүрдім. Қазір мен ризамын және болашаққа сеніммен қараймын.
Арада бір-екі апта өткен соң олардың өлкелерінде дүлей құйын болып, оның ұлының, келінінің, немересі мен келінінің анасының өмірін алып кетті. Не боларын ешқашан білмейміз, солай емес пе? Біздің қорқыныштарымыздың тізімінде болашақтың алдындағы қорқыныш елеулі орын алады. Біз кофеинсіз өмірге тапсырыс беруіміз мүмкін, бірақ біз оны алмаймыз. Ондай өмірді Исаның шәкірттері де алған жоқ.
«…Мен кетемін…» (Жох. 14:28).
Исаның бұл сөздерін шәкірттері естігенде, олардың таңғалған кейіптерін көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Құтқарылу мерекесінің қарсаңында, бейсенбі күні кешке, «жоғарғы қабатта орналасқан, еденіне төсеніштер төселген кең қонақ бөлмеде» отырғанда, Иса шәкірттеріне осы сөздерді айтты. Әр түрлі уақиғаларға толы болған аптаның соңында, Мәсіх пен Оның достары жайбарақат кешкі асты ішіп болды. Болашаққа сеніммен қарау үшін таңдаулы штабтың барлық себептері болды — Иса орасан зор қарқынмен дауыс жинай бастады. Жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қысқа үш жылдың ішінде Исаны халық қолдарында көтеріп жүруді бастаған еді… Ол қарапайым адамдар үшін үміттің бейнесі болды.
Шәкірттері көптен күткен патшалықтың орнауы туралы ойлады, Исаның болашақтағы министрлер кабинетіндегі өз портфельдеріне қол жеткізу үшін, олар кез келген жауларына көктен от түсіруге дайын болды. Олар Исраилге оның бұрынғы атақ-даңқының қайтып келуін алдын ала болжады. Бұдан былай римдік басқыншылар да, ешқандай жат жерлік езгі де болмайды. Бұл азаттыққа бастайтын қадам, оны Иса басқарады.
Ал енді не болмақ? Иса: «Мен кетемін» дейді. Олар бұл сөздердің мағынасын түсіне алмай, аң-таң болды. Иса: «Қайда бара жатқанымды да, сонда апаратын жолды да білесіңдер» дегенде, Тома аңқау баладай: «Ием, қайда бара жатқаныңызды білмейміз. Онда біз жолды қалай білеміз?» — деп сұрады (Жох. 14:4–5).
Иса шәкірттеріне түбегейлі өзгерістер тостағанын ұсынды, ал олар оны қайтаруға тырысты. Біз де тура солай істемес пе едік? Бірақ бұл кімнің қолынан келер дейсің? Өмірде кім күтпеген жағдайлармен кездеспей өтті дейсің? Егер өзгерістерді қаламайтын болсаңыз, газды су автоматына барыңыз — тек сол жерде ғана оларды кездестірмейсің. Сүлейменнің қандай қорытындыға келгені, есіңізде ме?
Мен бұл аяттардан адамның өміріндегі жиырма сегіз түрлі өзгерістерді санап шықтым. Дүниеге келу, өлім, қайғы, қуаныш, сүйіспеншілік, жек көру, қосылу және ажырау. Құдай ғарышты басқарғандай, адам өмірін басқарады: тиісті уақытта. Жер бетіндегі жыл мезгілдері жайында әңгіме болғанда, біз Құдайдың басқару қағидаларын түсінеміз. Демалу үшін табиғатқа қыс керек, ояну үшін көктем керек. Көктемде ағаштар бүршік жара бастағанын көргенде, біз жерастылық бомбадан паналайтын орындарға жасырынбаймыз. Қоңыр күзде жапырақтардың қурап, жерге түсуі — бұл ӘШҚҚ (Әуе шабуылына қарсы қорғаныш) дабылдарын қосу үшін себеп болып табылмайды. Біздің өміріміздегі кенеттен болған өзгерістермен салыстырғанда — жыл мезгілдерінің ауысуы бізді алаңдатпайды. Мұндай өзгерістерге орай бізде туындайтын дүрбелең үрейге қарап, Айоваға алғашқы ядролық қару құлады деп ойлауға болады.
— Шамаң келгенше, қашып құтыл! Ертең алгебра бойынша бақылау жұмысы!
— Директорлар Кеңесі жаңа ғана бізге жаңа бастықты тағайындады. Бәрің де паналайтын жерге жасырыныңдар!
— Әйелдер мен балаларды автобусқа отырғызып, солтүстікке аттаныңыз. Біздің әмбебап дүкеніміз жөндеу жұмыстарын жүргізу себебімен жабылды!
Өзгерістер біздің өмірімізді дүр сілкіндіреді, сонда Құдай бізге орнықтылықты қайтаратын біреуді жібереді. Өлімінің алдында Иса Өзінің шәкірттеріне мынадай уәде берді:
«Ал Әкем Менің атымнан Қамқоршыларың — Киелі Рухты жібереді. Ол Менің сендерге айтқан сөздерімнің бәрін естеріңе салып, рухани өмірлеріңе қажеттінің бәрін үйретеді. Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар» (Жох. 14:26–27).
Мектептегі жұмысынан кетіп бара жатқан мұғалима, шәкірттеріне өзінің орнына қалатын мұғалімді таныстырғанындай, Иса да бізге Киелі Рухты таныстырады. Бұл ұсыныстар қаншалықты естіледі десеңші! Иса Киелі Рух Оның орнын басатынын айтып отыр. Ол Исаның атынан келеді және тура сондай билік пен құдыретке ие болады. Бұдан сәл бұрын сол кеште Иса былай деген болатын: «Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын Қамқоршыны жіберуін өтінемін…» (Жох. 14:16).
«Басқа Қамқоршы». Бұл екі сөз де бізге онша түсінікті емес. Исаның заманындағы грек тілінде, шамамен «басқа» деп аударылатын, екі түрлі сөз болған. Біреуі өте тар мағынаға ие болды «өзге, мүлде ұқсамайтын»; ал екіншісі — «тағы да бір тура сондай, екінші адам» дегенді білдіреді. Иса Әкем «басқа Қамқоршыны» жібереді деп уәде бергенде, Ол екінші сөзді қолданады, яғни өзге емес «тағы да бір Қамқоршыны», тура сондай Қамқоршыны береді.
Бұл маңызды айырмашылық. Айталық, сіз автобуста кетіп бара жатқанда, кітап оқисыз. Әлдекім сіздің қасыңызға отырып алып, кенеттен, ол соншама қызығушылықпен қандай кітап оқып отырсыз деп қызығушылығын білдіреді. Сіз оған былай деп жауап бересіз:
— Бұл кітапты Макс Лукадо жазған. Оқығыңыз келсе — алыңыз. Менде үйде тағы біреуі бар. «Тағы біреуі бар» дегенде, сіз — «тағы да басқа кітап бар» екендігін айтып отырсыз ба? Айталық, ас әзірлеу туралы кітап, детектив немесе Құдай сақтасын, әйелдер романы ма? Әрине, жоқ! Сіздің нәзік талғамыңызбен, әлбетте, сіз бейтаныс қызға ілтипатпен сыйлаған, тура сондай кітап туралы айтып отырсыз, солай емес пе?! Егер де сіз онымен грек тілінде сөйлескен болсаңыз, Исаның осы уәдесі туралы Жохан әңгімесінде жазылған — «alios» сөзін, яғни «тура біріншісіндей, тағы біреу» деген сөзді қолданған болар едіңіз.
Ал Біріншісі Кім болды? Иса. Осылайша, Иса шәкірттерін мынаған сендіреді: «Мен кетемін. Ал сендер үшін жаңа кезең, жаңа парақтың беті ашылатын уақыт келе жатыр. Көп нәрселер өзгереді, бірақ бір нәрсе бұрынғысынша қала береді — Мен сендердің қастарыңда боламын. Менің Өзім сендермен бірге болғанымдай — тура сондай екінші Қамқоршы сендермен бірге болады».
«Қамқоршы» деп аударылған сөз, «Дос», «Көмекші», «Қорғаушы», «Қорған» және т.с.с. деп те аударылады. Бұлардың бәрі — екі түбірден құралған, грек сөзі «parakletos» тамаша мағынасын жеткізуге талпыну. «para» түбірі «қасында (бірге)» деген мағынаны білдіреді («параллель», «парадокс» және т.с.с. есімізге түсірейік). «kletos» түбірі «шақырылған», «тағайындалған», «бекітілген» және т.с.с. мағынаны білдіреді. Киелі Рух сізбен бірге қасыңызда болу үшін шақырылған. Ол Исаның сіздің қасыңызда болуын — Оның ізбасарларының қасында және олардың жүректерінде болуын білдіреді.
Исаның шәкірттеріне осындай қолдаудың қаншалықты қажет болғанын, сіз сезінесіз бе? Бұл бейсенбі күнгі кеш, айқыш ағашқа шегелену қарсаңындағы кеш. Жұма күні таңертең шәкірттері Исаны тастап қашып кетеді. Таңғы ас уақытында олар алыс түкпірлер мен өте тар шатқалдарға тығылып, жасырынып алады. Сағат тоғызда рим әскерлері Исаны айқыш ағашқа шегелейді. Бір тәуліктен аз уақыт қалды, ертең, Иса өліп, қабірге қойылады. Шәкірттері үшін бүкіл дүниенің астаң-кестеңі шықты. Мәсіх мына шындыққа олардың көзін жеткізгісі келді: Исаның қастарында екенін және Оның көмегін сезінбей, олар ешқашан болашаққа сенімділікпен қарай алмайды.
Сізге де солай. Сіздің Жолаушыңыз қасыңызда бірге келе жатыр. Сіздің өз Пат Макгратыңыз бар. Пат — бұл велосипед жаттығулары бойынша менің жолдасым. Бірнеше жыл бұрын мен көңіл көтеру және тәндік жаттығулар үшін велоспортпен шұғылдануды ұйғардым. Мен басыма дулыға, қолғап пен жарысқа арналған велосипед сатып алдым. Педаль үзеңгісіне табанымды бекітіп, мен жүріп кеттім — сөйтіп алғашқы төбеге көтерілген кезде-ақ өлейін деп, әрең аман қалдым. Артық салмақты қарт кісілер үшін әрбір төбешік — Эверест іспетті болды. Қысқасын айтқанда, құламалы еңіс төбелер мені әбден шаршатты, ер-тоқымымнан ұшырып түсірді — велосипедті рулінен сүйреп, үйге қайттым.
Пат менің жаңа әуестігім жайында естіп қойды да, бірге велосипед тебуге ұсыныс жасады. Ол үшін тыныс алудан гөрі, велосипед тебу әлдеқайда маңыздырақ. Шынында да, ол үшін велосипед тебу және тыныс алу — бірдей болды. Оның жауапты жұмысы және бес баласы болмағанда, «Тур-де-Франс» веложарысында тағы да бір американдықтың даңқы шыққан болар еді. Оның аяқтары поршень сияқты, ал жүрегі — дизель моторы іспетті жұмыс істейді. Мен құламалы төбелерге көтерілу және қарсы соққан желдің қиын екендігін оған айтып, жылап алдым, ал ол маған: «Менің доңғалағыма отырып алсаң болады» деп ұсыныс жасады. «Доңғалаққа отыру» — буксирде отырғанмен бірдей. Біз Пат екеумізге қарсы жел соққанда, мен дереу оның арт жағына барынша жақын отырып аламын.
Менің алдыңғы доңғалағымды оның артқы доңғалағынан бір футтай ара қашықтық бөліп тұрады. Ол қарсымыздан соққан желді қақ жарып өтіп, арт жағында кеңістікті қалдырып, менің қозғалысымды жеңілдетеді. Ал бізге құламалы төбе кездескенде ше? Бұны мойындауға аздап ұялып тұрмын, бірақ Пат алақанымен мені бел тұсымнан итеріп жүруге үйреніп қалды.
Ал сізге осындай дос керек емес пе? Мұндай Дос сізде бар ғой! Егер сіз Мәсіхке сенім артсаңыз, Ол сізге Киелі Рухын береді, ал Ол сіздің жан дүниеңізде өмір сүріп, сізді жетелейтін болады. Иса бізге қандай да бір рухты бере салмайды, қайта Өзінің Рухын — Параклетті береді. Иса Өзінің шәкірттері үшін істеген істердің бәрін, Оның Рухы сіз үшін істейді. Иса сол кезде қалай үйретсе, Киелі Рух та қазір сізді солай үйретуде. Иса сауықтырды, Киелі Рух та сауықтырады. Иса жұбатты, Киелі Рух та жұбатады. Мәсіх сіздің өміріңізге қандай да бір өзгерістерді жібергенде, Ол сол өзгерістермен бірге Өзінің Жұбатушысын да жібереді.
Бір ана кішкентай ұлы Тиммиге қалай қараса, Құдай да сізге дәл солай қарайды. Оның бірінші сыныпқа баратын ұлы мектепке жалғыз барғаны, әлгі анаға мүлде ұнамайтын. Алайда бала өзін тым ересекпін деп санайтын, сондықтан анасының қолынан жетектеп мектеп баруына рұқсат бермейтін.
— Дұрысын айтқанда, — деп мәлімдеді Тимми, — мен досыммен бірге мектепке барамын.
Анасы өзін байсалды ұстауға тырысып, әр күні таңертең ұлына жиырма екінші Забур жырын оқып беретін: «…Жақсылық пен мейірімділік, үлесім болады өмірлік…»
Бірде анасының басына тамаша ой келді. Ол көрші әйелге таңертең Тиммидің ізінен жүріп, мектеп бағытында серуендеп, ол байқап қалмауы үшін, оны алыстан бақылап жүруін өтінді. Көрші әйел қуана келісті. Ол онсыз да әр күні таңертең өзінің үш жасар қызын серуендеуге шығаратын.
Бірнеше күн өткен соң, кішкентай қызын қолынан жетектеп алған көрші әйелді, Тиммидің досы байқап қалды, содан:
— Мектепке дейін әрқашан біздің соңымыздан күнде ілесіп жүретін, әйелдің кім екенін, сен білмейсің бе? — деп сұрайды Тиммиден.
— Әрине, білемін — деді Тимми. — Бұл Жақсылық — пен Мейірімділік отбасы ғой.
— Кім-кім?
— Анам жиырма екінші Забур жырынан олар туралы күнде таңертең маған оқып береді — «Жақсылық пен Мейірімділік өмірімнің соңына дейін, мені сүйемелдеп жүреді». Оларға жәй үйрену керек.
Сізге де үйренген жөн. Сіз жалғыз жүруіңізге тура келетін, жолды Құдай сізге ешқашан нұсқамайды. Сіз өзгерістер табалдырығында тұрсыз ба? Өміріңіздің жаңа парағын ашу күтіп тұр ма? Ағаш бұталарында нені көруге болады — жаңа жыл мезгілі жақындап қалды ма? Көк бізге анық белгілерді береді: барлық нәрсе өзгермелі, ауысып отырады, бірақ Құдай әрқашан сіздің қасыңызда болады. Сіз өз жолыңызда Киелі Рухтың жетелеуімен кетіп бара жатырсыз, Ол «Менің сендерге айтқан сөздерімнің бәрін естеріңе салып, рухани өмірлеріңе керектің бәрін үйретеді» (Жох. 14:26).
Сондықтан өмір жолыңызда не кездеспесін, бәрін де жылы шыраймен қарсы алыңыз.
Оны қабылдаңыз. Құшақ жайып қарсы алыңыз. Оған қарсыласпаңыз. Өзгерістер — бұл тек біздің өміріміздің сөзсіз болуы тиіс құрамдас бөлігі ғана емес, бұл Құдайдың біз үшін әрекет ететін сөзсіз болуы тиіс бөлігі болып табылады. Бүкіл дүниені өзгертуге біз Оның құралы болуымыз үшін, Ол біздің мәртебемізді өзгертіп отырады. Міне, Гедеон — диқаншы болатын, Құдаймен кездескеннен кейін — қолбасшыға айналды. Мәриям — ауылдың қарапайым қызы, Құдайдың анасы болды. Пауыл — жергілікті тақуа ұстаз болды, кейін бүкіл дүние жүзі үшін Құдай Сөзін уағыздаушыға айналды. Барлық ағалары жек көрген кішкентай бала, Жүсіпті, Құдай Мысырдың әміршісі етті. Ал мал бағушы Дәуітті — Исраилдің патшасы етті.
Петір Ғалилея теңізінде балық ауламақшы болды. Құдай оны алғашқы қауымның басшысы болуға шақырды. Құдай көп нәрсені өзгертеді.
Алайда бәрібір, — әлдекім — ал Құдай біздің өмірімізде жол беретін, қайғылы өзгерістерде не істеу керек? — деп сұрауы мүмкін ғой. Кейбір жағдайларда мүлдем мағынасын көрмейсің. Өмірлік өрнекте мүгедек-баланың туылуына немесе апатты цунамиге қандай орын беру керек? Немесе компания жаппай жұмыстан босатып, әкесі жұмыссыз қалса… мұндай уақиғалардың да өз мақсаты болғаны ма?
Иә, бар, егер оларға мәңгілік тұрғысынан қарайтын болсақ. Осы өмірде мағынасыз болып көрінген нәрселер, келешекте мәңгілікте терең мағынаға ие болуы мүмкін. Менде дәлел бар — ананың құрсағындағы сіздің өміріңізді алайық.
Сол мезет сіздің онша жақсы есіңізде қалмағанын, мен түсінемін, сондықтан сол кезде не болғанын, менің сізге айтып беруіме рұқсат етіңіз. Ананың әр күні сізді құрсағында көтеріп жүруі, сізді жердегі өмірге дайындады. Сіздің сүйектеріңіз қатайып, көздеріңіз қалыптасты, өсіп келе жатқан денеге қоректік заттар кіндік арқылы келіп тұрды… не үшін? Сіз құрсақта қалуыңыз үшін бе? Мүлде олай емес! Құрсақтағы өмір сізді жердегі өмірге дайындады, туылғаннан кейін өз бетінше өмір сүруге бейімдеді.
Сіздің қалыптасуыңыздың кейбір ерекшеліктері ешқандай мағынаға ие болмады. Мысалы, сіздің мұрныңыз болды, бірақ сіз тыныс алған жоқсыз. Көзіңізді сіз тіпті ашқан да жоқсыз, өйткені құрсақта, қараңғы жерде, сіз ешнәрсені көре алмас едіңіз. Сіздің тіліңіз, тырнақтарыңыз, басыңыздағы шаштарыңыз, ананың құрсағында болған кезде, сізге мүлдем қажет емес еді. Алайда енді осылардың барлығы сізде бар болғанына, қуанышты емессіз бе?
Ана құрсаындағы ұрық үшін — танау пайдасыз болғанындай, осы өмірдегі кейбір беттер және бүкіл тараулар, біз үшін де пайдасыз сияқты көрінеді. Азаптар. Жалғыздық. Ауру-сырқау. Нәсілдік зұлмат. Азаптау. Муссондар (мезгілдік желдер). Егер осы дүние тек о дүниелік бақыт үшін жаратылған деп ойлайтын болсақ, мұндай кемшіліктер қайғылы нәтижеге әкелер еді. Алайда егер жер ана құрсағына ұқсас болса ше? Осы сынақтар қаншалықты қатал болмасын, олар бізді болашақ өмірге дайындап, сол үшін қажеттінің бәрін беруге септігін тигізе алмай ма? Пауылдың жазғанындай, «Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді!» (Қор. 2-хат 4:17).
Мәңгілік ұлылық. Өтініш, маған үлкен тостағанға салып беріңізші. «Құдайдың қасындағы шексіз қуаныштың үлкен мөлшерлік үлесін беріңізші. Көбірек кереметтер, ал жан азабының керегі жоқ». Жақын келіп, тапсырыс беріңіз. Буфетші өз орнында. Сіз түсінген болсаңыз, бұл сіздің келесі тостағаныңыз болуы мүмкін.
12 ТАРАУ
КҮМƏН КӨЛЕҢКЕСІ
Бірақ Иеміз: «Неліктен абыржып тұрсыңдар? Көңілдеріңде неге сондай ой туады?
ҚҰДАЙ ЖОҚ ДЕГЕН ҚОРҚЫНЫШ
Вуди Аллен түнімен ұйықтай алмайды. Ол — тынымсыз жан. Жетпіс жастағы кинорежиссерді қорқыныш сергек болып, ұйықтамауға мәжбүр етеді. Оның ұялшақ мәнеріне, жұмсақ күлімсірегеніне қарап, тіпті мұндай деп ойламайсың да. Ол сондай бір мінсіз, жарқын жүзді, жылы шырайлы, сыпайы ағайға ұқсайды. Оның бойындағы жалғыз нәрсе — бұл оның тікірейген шаштары ғана. Осындай сырт келбетінің астында, оның жан дүниесінде, оны қорқыныштың анакондасы жанын жегідей жейді.
Өмірдің мағынасыздығы оның жанын жейді. Әйгілі атеист, Аллен өмірге «абыр-сабыр мағынасыздық» деп қарайды. Құдай жоқ, мақсат та жоқ, өлімнен кейін өмір де жоқ, олай болса, оған дейін де өмір жоқ. «Өлімнен өмірді артық деп санау үшін, мен шын мәнінде сенімді әрі дәлелді себепті таба алмаймын, — деп мойындайды Аллен, — менің қатты қорқатынымды қоспағанда… Барлық пойыздар бір желімен жүреді. Олардың барлығы қоқысқа тасталады».
Сондықтан ол көңілін басқа жаққа аудару үшін, өз фильмдерін түсіреді. Ондаған жылдар бойына ол жылына бір фильмнен тоқтаусыз шығарып жатады. «Мен бір нәрсеге көңіл бөлуім керек, сондықтан мен толық суретке қарамаймын»[51].
Вуди Алленнің қорқыныштары ақылға сыймайтын жұмбақ сияқты болып көрінетін, әлдекім бар деп ойлаймын. Құдай жаратқан ұлы әлемде Құдайдың бар екендігіне және Оның ізгілігіне ешқашан шүбәланбайтын адам болуға тиіс. Алайда бұл кітапты сондай адам жазып отырған жоқ.
Менің Вуди Аллендікіне ұқсас қорқыныштарым, басқа күні емес, жексенбі күні таңертең қалқып шығуды ұнатады. Менің отбасым орындарынан қозғалмай жатып, күннің алғашқы сәулесі қылаң бермей тұрып, таңғы газеттердің бумасы кіре беріске тасталмай тұрып, әлдеқайда ертерек ұйқымнан оянамын. Бүкіл дүние ұйықтап жатса да, мен ұйықтамаймын. Әр жексенбі — менің өмірімдегі маңызды күн, жаңа сенім мен үмітке ие болу үшін, өз уақыттарының жарты сағатын бөліп, қауымға келген кісілердің алдына шығамын.
Әдетте, менің күш-қуатым әбден жетеді. Алайда әрқашан солай бола бермейді (сізді бұл хабар алаңдатпай ма?). Кейде уағыздаудың алдындағы таңертеңгі қараңғылық сағаттарында, мен неге сенемін деген сандырақ ой, мені қайран қалдырады. Әсіресе, бір Құтқарылу мерекесі менің есімде. Шырақтың жарығымен мен уағыздың мәтінін қарап отырғанда, қайта тірілу туралы хабар маған Ізгі хабардың шындығы емес, қайта аңыз, тоғышарлық қауесет іспетті көрінді. Қабір басындағы таста отырған періштелер; кебін не керек, не керек емес; өлікті қорқытқан, әскерлер; өлген, содан кейін қайта тіріліп, жер бетінде жүрген Иса. Сол сәтте мен «Таңғажайып елдегі Алиса» мен жеті ергежейлі ертегісіндегі түйсіксіз Шляпник келесі беттен шығып қала ма деп, күтуге шақ қалдым. Бәрібір деректер тым созылып кеткен, сізге солай көрінбей ме?
Маған кейде солай көрінеді. Сондай сәттерде мен Вуди Алленнің — Құдай жоқ деген қорқынышын онымен бірге бөлісемін. «Не үшін?» деген сұраққа жауап жоқ деген қорқыныш. Мақсатсыз және мағынасыз өмірдің алдындағы қорқыныш. Бізде қазір жақсы болса, мүмкіндігімізге қарай жақсы, ал басқа бір нәрсеге сенетін кез келген басқа адам, Мұзды мұхиттың оңтүстік жағалауында «күнге күюге» аттанып кетті деген қорқыныш.
Бір жерде тұманда жоғалып кететін, қорқынышты, үнсіз, жан дүниеңді мұздатып жіберетін, аңғардағы жалғыздық көлеңкесі.
Күмән көлеңкесінің аңғарында.
Бәлкім, оның бұлыңғыр көріністері сізге таныс болар?
Ондағы…
• Киелі кітаптық әңгімелер Эзоптың мысалдарына ұқсас;
• мінәжаттар селқос жаңғырық болып қайта оралады;
• барлық адамгершілік-өнегелік шектеулер жіңішке сызықтармен жүргізілген;
• сенушілер алма-кезек біресе аяушылық, біресе көреалмаушылықты туғызады — біреу өзін-өзі алдап жүргені анық, бірақ олардың қайсысы?
Қалай болмасын, біз осы аңғарға кіреміз. Қандай да бір сәтте біздің бәрімізге одан көшудің жоспары керек болады. Өз жоспарымды ұсынуға маған рұқсат етіңіз. Лұқа жазған Ізгі хабардың соңғы беттерінде айтылған, сенім негіздерінің арқасында, бұл күмәндар жексенбі күнгі таңғы сағаттарда тез арада жойылады. Тарихшыға айналған, дәрігер, соңғы тарауын бір сұраққа жауап ретінде арнаған: біз Оған күмәнданған кезде, Мәсіх бізге не деп жауап береді?
Лұқа бізді тура сол Иерусалимдегі «жоғарғы қабатта орналасқан, еденіне төсеніштер төселген кең қонақ бөлмеге» жетелеп апарады. Бұл жұма күнгі айқышқа шегеленуден кейінгі жексенбі күнгі таңертеңгі уақыт. Исаның шәкірттері бірге жиналды, бірақ дүниені өзгерту үшін емес-ті, қайта одан жасырынып отырған еді. Бұл жерге Ізгі хабарды уағыздаушылар емес, керісінше үрейі ұшқан қояндар жиналған еді. Құрбан болған Ағаш Ұстасының денесімен бірге, олар өздерінің бүкіл үміттерін жерлеген еді. Балапандарды басып шығаратын күрік тауықтан зор батылдықты, ал медузадан — зор табандылықты табуға болады. Қорқынышсыз сенім? Бұл жерде ол жоқ. Бұл еркектердің сақалды жүздерінен табандылықтың ұшқынын, титтей де ержүректікті іздеу — бос сандырақ.
Ал әйелдердің жадыраған жүздеріне қарасаңыз болғаны, сіздің жүрегіңіз де тура солардыкіндей қуаныштан жарылардай дүрсілдеп қоя береді. Лұқаның әңгімесінде әйелдер Исаның тірілгені туралы жариялап, өздерімен бірге сол кең қонақ бөлмеге таңның шапағын әкелді.
Қабірден қайтып келгенде олар бұл оқиғаны Оның он бір елшісі мен барлық басқа шәкірттеріне түгелдей хабарлады. Мұны елшілерге айтқан — мағдалалық Мәриям, Жоханна, Жақыптың шешесі Мәриям және олармен бірге болған басқа әйелдер еді. Бірақ елшілер бос сөз деп, олардың айтқандарына сенген жоқ.
Исаға кейде-кейде күмәнданатындар, бұларды ескерту ретінде есіңізде сақтаңыз, сонымен бірге батылдық танытыңыз. Исаның тұрақты ізбасарларында да өз күмәндары болған. Алайда Мәсіх шешілмейтін мәселелермен оларды жалғыздықта тастап кеткен жоқ. Ол қабірдегі өлген адам болмай шықты. Еммаус деп аталатын ауылға кетіп бара жатқан, екі шәкіртін көріп…
Исаның Өзі жақындап келіп, екеуіне қосылды. Бірақ олар Оны тани алмады. — Сендер не туралы әңгімелесіп (қайғыланып) келе жатырсыңдар? — деп сұрады Ол. Олар тұнжырап тұрып қалды?»
Бұл іс үшін періштелер оларға жақындап келмес еді, ешқандай елшілер жеткілікті болмас еді, бұл істі көктің бүкіл әскерлері орындай алмас еді. Исаның Өзі оларға көмектесуге асықты.
Ол шәкірттерінің сенімдерін қалай нығайтты? Оның қолында мыңдаған және бір ғана құрал болды. Жұма күнгі айқыш ағашта шегелену жер сілкінісі және күн тұтылуымен есте қалды. Матай жазған Ізгі хабарда былай делінген: «қабір үңгірлері ашылды. Марқұм болған көптеген әділдердің сүйектері қайта тіріліп, қабірлерінен шықты. Олар кейінірек, Иса қайта тірілген соң, қасиетті қалаға барып, көптеген адамдарға көрінді» (Мат. 27:52–53). Еммаусқа кетіп бара жатқан, екі шәкіртімен сөйлесу үшін, Иса солардың біреуін шақырса болар еді. Немесе бос қабірге саяхатқа соңғыларын жіберуіне болар еді. Мұндай жағдайларда Ол тастар мен інжірді сөйлетіп — джига биін билеуге мәжбүр ете алатын еді. Алайда Мәсіх бұлардың ешбіреуін істеген жоқ. Ал Ол не істеді? Иса «оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді» (Лұқа. 24:27).
Иә-иә, сіз не ойлар едіңіз? Мәсіх жексенбілік мектепте Киелі кітапты зерттеу бойынша сабақ өткізіп жатыр. Ол Еммаусқа бара жатқан екі шәкіртіне Көне Өсиет бойынша, Мұсаның кітабынан (Жаратылыстың басталуы — Заңды қайталау) Ишая, Амос және басқа да пайғамбарлардың жазбаларына кіріспе курсын өткізді. Еммаусқа кетіп бара жатқан жолды Ол Киелі кітаптық жолға айналдырды, Ол қалай… Қызыл теңіз ортасынан қақ бөлініп, құрғақ жермен халықтың өткені? Иерихонның қорғаны қалай құлағаны? Дәуіттің босаңсығаны? …жайында тоқталып өтті. Киелі жазбада Өзі туралы айтылған шындықтарға, Ұстаз ерекше көңіл бөлді. Киелі кітаптық тұлғаларды, сіз көз алдыңызға елестетіп көргеннен де көбірек мінез ерекшеліктері, Исаның бойынан көрініп тұр. Нұх секілді, Иса адамзатты апаттан құтқарады; Ыбырайым сияқты, жаңа халықтың атасы; Ысқақ секілді, Өзінің Әкесі құрбандық үстеліне қойды; Жүсіп секілді, күміс теңгеге опасыздықпен сатылды; Мұса секілді, құлдарды азаттыққа шақырды; Ешуа Нұнұлы секілді, уәделі жерге Нұсқаушы.
Иса «оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді». Мәсіх Көне Өсиеттік жазбаларды қалай келтіргенін, көз алдыңызға елестете аласыз ба? Ол Иш. 53 былай айтқан болар: «Алайда Мен сендердің күнәларың үшін түйреліп, сендердің әділетсіз істерің үшін құртылдым. Менің тартқан жазам сендерге амандық пен тыныштық әкелді. Менің жараларымның арқасында сендер (рухани дерттеріңнен) сауықтыңдар» (Иш. 53:5)? Немесе Иш. 28 былай айтқан болар: «Міне, Мен аса құнды «Тасты» таңдап алдым, Оны Сиондағы үйімнің бұрышының Іргетасы ретінде орнатып қоямын…» (Иш. 28:16)? Осы сөзді оқығанда, Иса шәкірттеріне көзін қысып тоқталған болар: «Ишая айтқан сол тас — Менмін»? Иса осылай айтты ма, жоқ па, біз білмейміз. Тек Оның бұл сөздерін шәкірттерінің қалай қабылдағанын ғана білеміз: «…Олар біріне-бірі: «Ол жолшыбай бірге келе жатып, бізге Киелі жазбалардың мәнін ашып бергенде, жүректеріміз жалындап кеткен жоқ па еді?» — десті…» (Лұқа. 24:32).
Сол уақытта Иса мен шәкірттері тастақ төбелерден өтіп, солтүстік-батыстағы хош иісті зәйтүн және жемісті ағаштар гүлдеп өсіп тұрған жап-жасыл алқаппен жүріп келе жатқан болатын. Қызықты сұхбаттасып келе жатқан, осы уақытта Исаның қаны төгіліп, азап шеккен Иерусалим ұмыт болып, артта қалған еді. Жеті шақырымдық сейіл шәкірттері үшін жеңіл-желпі таңғы жүгірістей көрінді. Уақыт зымырап өтіп жатты, өйткені шәкірттері Оны көбірек тыңдағысы келді «Олар бара жатқан ауылға жақындағанда, Иса тоқтамай жүре беретін сыңай танытты. Бірақ екі шәкірт:— Бізбен бірге бола көріңіз! Күн кеш болды, көп ұзамай қараңғы түседі, — деп қадала өтінді. Сонда Ол үйге кіріп, екеуімен бірге қалды. Дастарқан басына бірге жайғасқан соң Иеміз Иса қолына нанды алып, шүкірлік етіп, үзіп берді. Сонда екі шәкірттің көздері ашылып, Оны таныды. Бірақ Ол кенеттен көздеріне көрінбей қалды» (Лұқа 24:28–31).
Иса оларға тәлім беріп болған соң қолына нанды алып, шүкірлік етіп, үзіп берді, ал содан кейін шілдедегі таңертеңгі тұман іспетті із-түссіз ғайып болды. Шәкірттері де сол жерде қалып қойған жоқ. Олар үзілген нанды сол жерде қалдырып, күл болған үміттеріне қайтадан жармасып, сол сәтте-ақ орындарынан тұрып, Иерусалимге қайтып, сол жерде жиналған елшілерге көргендерін жеткізуге асықты.
Екі шәкірт асығыс-үсігіс өздері куә болған жаңалықтарымен бөлісіп жатқанда, кенеттен Исаның Өзі жиналғандардың орталарына келіп, олардың сөзін бөліп жіберді.
Екі шәкірт осыны айтып тұрғанда, Мәсіх Исаның Өзі жиналғандардың орталарына келіп, тұра қалды да, оларға: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» — деп батасын берді. Шәкірттері қатты абыржып қорқып, елес көріп тұрмыз деп ойлады. Бірақ Иеміз: «Неліктен абыржып тұрсыңдар? Көңілдеріңде неге сондай ой туады?»
(Асығысып, атүсті оқып, бұл үзіндіде атап көрсетілген, қорқыныш пен күмәннің арасындағы байланысты жіберіп алмаңыз. Шәкірттері өздерінің сұрақтарына жауап ала алмай қиналып, қорқып отырды. Бізді не нәрсе алаңдатса да, Мәсіхті сол нәрсе көбірек алаңдататыны, мүлде таңғаларлық жәйт емес.)
Қол-аяғыма қараңдар: бұл — Менің Өзім. Маған қол тигізіп денемнің шынайы екеніне көз жеткізіңдер! Елестің еті мен сүйегі болмайды ғой», — деді де, оларға Өзінің қол-аяғын көрсетті. Шәкірттері қуаныштан әлі де сенбей таңырқап тұрғанда, Мәсіх: «Жейтін бір нәрселерің бар ма?» — деп сұрады. Олар қуырылған балықтан бір үзіп берді. Иса оны алып, көздерінше жеді. Содан кейін Мәсіх Иса: «Сендермен бірге жүрген кезімде өздеріңе айтқан сөздерім мынау болатын: Мұсаның Таурат кітабында, Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда Мен туралы жазылғандардың бәрі орындалуға тиіс, — деп, Киелі жазбаларды түсінуге олардың саналарын оятты.
Шәкірттері не Ием деп мойындап, Оның аяғына жығылуды, не елес деп Одан қашуын білмей, қатты абыржып, қорықты. Бұл болған жәйттің барлығы шындық болу үшін, тым жақсы деп ұйғарып, әлдекім аруақтар туралы қауесет таратты. Иса бұл жайлы естіп, қатты ренжуі мүмкін еді. Өйткені оларды құтқару үшін, Ол тамұққа түсіп шықты емес пе, ал олар Иса мен Каспердің арасындағы айырмашылықты көрмей тұр ғой? Күмәншілдірге әрқашан төзімділікпен қарайтын Иса оларға бір қолын, сонан соң екінші қолын созды. Маған қол тигізіп денемнің шынайы екеніне көз жеткізіңдер деді. Шәкірттері әлі де сенбей таңырқап тұрғанда, Иса олардан жейтін азық сұрап, қуырылған балықты жеп болды да, сол күнгі екінші Киелі кітаптық семинарын бастап жіберді. «…Сендермен бірге жүрген кезімде өздеріңе айтқан сөздерім мынау болатын: Мұсаның Таурат кітабында, Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда Мен туралы жазылғандардың бәрі орындалуға тиіс, — деп, Киелі жазбаларды түсінуге олардың саналарын оятты» (Лұқа. 24:44–45).
Біз қандай да бір көзқарасты анықтағандаймыз, сізге солай көрінбей ме?
• Иса Еммаусқа жол жүріп бара жатқан екі шәкіртін көреді, олар қазір ғана ең жақсы достарын жерлеп келе жатқандай еді. Мәсіх олардың арқасынан қуып жетті ме, әлде көктен түсті ме, бұл жағын біз білмейміз. Иса Едем бағы мен Жаратылыстың басталуы кітабынан әңгіме қозғайды. Әрі қарай, сіз білесіз, олар дастарқан басында тамақ жеп, сұхбаттасты, олардың жүректері қуанышқа толып, көздері ашылды.
• Иса Иерусалимдегі қонақ бөлмедегі қорқақ арыстандарға қонаққа келеді. Байқаған болсаңыз, шәкірттеріне келгенде, Ол көктен ұшып түскен, супермен іспетті келмейді. Бетпе-бет кездесіп, жәй Оның жараларына қол тигізіп көрулеріне рұқсат етеді. Ас дайын тұр, Киелі кітап зерттелуде, шәкірттері батылдыққа ие болды, ал біз өзіміз үшін аса маңызды іс жүзіндегі екі жауапты табамыз: Мәсіх күмәндарымызды сейілтуге бізді қалай үйретеді? Оның жауабы қандай? Оның жауабы — Менің денеме қол тигізіп, Менің қандай жағдайды бастан кешіргенім жайлы ойланыңдар.
Егер білсеңіз, біз әлі де солай істей аламыз. Біз бұрынғысынша Мәсіхтің Денесіне қол тигізе алуға қабілеттіміз. Біз бұрынғысынша Оның жараларына және денесіне қол тигізіп көргіміз келеді.
Алайда Қауыммен тығыз қарым-қатынаста болған кезде, біз дәл солай істейміз. Бұл Мәсіхтің Қауымы — «Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады» (Еф. 1:23).
Күмән бізді адамдардан оқшауланып өмір сүруге, жасырынуға мәжбүр етеді. Алайда үңгірде жауап жоқ. Адамдармен бірлікте болғанда, Мәсіх бізге батылдық береді, ал біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста болған кезде, Ол күмәндарымызды сейілтеді. Ол бүкіл білімді бір адамға бермейді, қайта мозаиканың бөліктері іспетті, көптеген бауырластарының арасында сол білімді үлестіріп береді. Сіз өз түсінігіңізді менікімен біріктіргенде, біз өзімізге ашылған шындықтармен бөлісеміз… Біз бірге жиналғанда, араласып, күнәларымызды мойындап, дұға етеміз — Мәсіх бізге сөйлейді.
Шәкірттерінің үлгісі біз үшін тағлым аларлық сабақ болады. Олар бәрі бірге болды. Тіпті үміттері үзілсе де, олар бірге сұхбаттасты. Олар «осы оқиғалар туралы әңгімелесті. Олар өзара сөйлесіп, пікір алысып бара жатты…» (Лұқа. 24:14). Бұл Қауымның бейнесі емес пе — ортақ сұхбат, пікір алмасу, мүмкіндіктерді талқылау, рухты жігерлендіру емес пе? Олар осылай өзара сөйлесіп келе жатқанда, олардың араларында Иса пайда болды, Ол «екі-үш адам Менің атымнан жиналса, Мен де сол жерде араларында боламын» (Мат. 18:20) деген уәдесін іс жүзінде дәлелдеп, оларға тәлім берді.
Олармен әңгімелесіп, Иса Өзі туралы шәкірттеріне айтып берді. Күмәнданғандар үшін Құдайдың сауықтыруын Оның Сөзінен табуға болады. «Сонымен, сенім хабарды естуден келеді, ал естудің өзі Мәсіхтің сөзін жариялаудан болады» (Рим. 10:17). Сондықтан Құдай Сөзіне құлақ асыңыздар.
Джек қалай Құдайдың Сөзіне құлақ асты.
Біз осы тарауды бір атеист туралы әңгімеден бастаған болатынбыз. Енді осы тарауды басқа бір кісінің уақиғасымен аяқтауға болмас па екен? Джек жас кезінде басынан өткен бір шытырман оқиғамен салыстырып, өз өмірінің бірінші жартысын баяндап берген болатын. Ол «жұртты дүрліктірген, аты шулы, шарбақтар мен мұнаралардың сүмбісін» көруге жол ашылады деп үміттеніп, Оксфордтағы университет қалашығына оқуға келді. Ол жаяу жүре берді, жүре берді, бірақ алдында ешқандай унверситеттің сәулетті ғимаратын көрмеді. Тек арт жаққа бұрылып қарағанда, ол сол уақытта мақсаттан алшақтағанын түсінді, өйткені ол дұрыс емес бағытты таңдаған еді. Арада отыз жыл өткен соң ол былай деп жазды: «Сол болмашы уақиға менің бүкіл өмірімнің аллегориясы болатынын, мен сол сәтте білмеген едім».
Джек қайсар атеист болды, ол Құдай жоқ деген нанымды берік ұстанды — өйткені біз адамның өмірі деп атайтын, бақытсыздықтың артында ешқандай Құдай тұрмайды ғой. Ол өзінің көзқарасын Лукрецийдің екіауыз сөзімен білдірді:
Құдайға теріс қарап, Джек акедемиялық салаларға басты назар аударды. Ол қандай саламен шұғылданбасын, әрбір салада едәуір табысқа қол жеткізді. Көп кешікпей оксфордтың профессурасы оны қабылдады, сөйтіп ол сол жерде сабақ беріп, өз еңбектерін жаза бастады. Алайда оның жанын жегідей жеген күмәндарын енді жасыру қиын болды. Өзінің жан дүниесіндегі күйін ол, «жүрексіз қорқыныш», «жан азабы» және «үмітсіздік» сияқты сөздермен сипаттады. Ол ашулы, күйреуік, түңілген, торыққан көзқараста болды, қарама-қайшылықтардың иірімімен әуестенді. «Мен Құдай жоқ деп санадым. Құдайдың жоқ болғаны, мені қатты ашуландырды». Вуди Алленнің адамның өмірін бағалаған көзқарасымен Джек келіскен болар еді: барлық пойыздар бір бағытта… қоқысқа қарай жүреді. Егер оның өміріндегі екі жағдай болмағанда,… Джек, бәлкім, бүкіл өмірі бойына түнек жолымен жүріп өткен болар еді.
Оның жақын бірнеше достары, олар да Оксфорд профессорлары болған, өздерінің материалистік көзқарастарынан бас тартып, Құдайды іздеушілердің қатарына қосылып, Исаның ізбасарлары болды. Әуелі Джек достарының Құдайға деген сенімін бос сандырақ деп санады, бұл сенім оның жүрегін де жаулап алады деп қорықпады. Сонан соң ол — Джон Рональд Толкиен және Хьюго Дайсон секілді құрметті ғалымдармен, өзге де әріптестерімен танысты, Джек оларды жоғары бағалайтын. Олардың екеуі де нағыз мәсіхшілер болатын, бір таңғаларлығы, олар Джек ешқашан істемеген іспен шұғылдануына, Киелі кітапты оқуға түрткі салды. Осылай Джек Киелі кітапты оқуды бастады.
Жаңа Өсиетте оны бір басты тұлға — Иса Мәсіх қайран қалдырды. Джек Исаны яһуди пәлсапашысы, әдептіліктің ұлы ұстазы деп санайтын. Киелі кітапты оқыған сайын Исаның уағыздарының арқасында — Ол Өзін Құдай деп атап, адамдардың күнәларын кешіру билігінен — Джектің жан дүниесіндегі келіпеушіліктері барған сайын тереңдей түсті. Джек не Иса өзін-өзі алдап жүр, не адамдарды алдап жүр, не шын мәнінде Өзін Кім деп жариялаған болса — Құдайдың Ұлы, шынымен Соның Өзі деген қорытындыға келді.
1931 жылы 19 қыркүйекте кешкісін Джек және оның әріптестері, Толкиен және Дайсон, университет қалашығының маңындағы ағаштардың арасында ұзақ сейіл құрды — сол жер Еммаусқа баратын жол болып шықты. Сейіл барысында олар Мәсіхтің уағыздарын және өмірдің мағынасын талқылады. Олар қас қарайғанға дейін әңгімелесті. «Джек», ол К. С. Льюис, сол кезде күзгі жапырақтарды жұлған, желдің лебін — кенеттен көтерілген жел, бәлкім, Киелі Рухтың оның бойына қонуының белгісі болған шығар деп, кейінірек есіне алады. Сол күнгі кештен кейін, көп кешікпей, «Джек» К. Льюис мәсіхші болды. «Шын мәнінде шынайы өмір деген не, өмірді білмей тұрып, оны жоғалтып алу мүмкін» екендігін, ол түсіне бастады. Бұл ойлар оның дүниеге деген бүкіл көзқарасын өзгертті, соның нәтижесінде — оның миллиондаған оқырмандарының көзқарасын өзгертуге себепші болды[52].
Бұл ақылды, дарынды, нағыз атеист, К. С. Льюистың Мәсіхтің соңынан еруіне түрткі болды ма? Бәрі де өте қарапайым. Ол Мәсіхтің Денесіне жанасты, яғни Оның ізбасарларына қосылды және өз ізденістерінің барысында — Киелі жазбаны зерттеді.
Бәрі осылай оп-оңай болуы мүмкін бе? Киелі жазба мен бауырластармен қарым-қатынастың арқасында күмән мен сенімнің арасындағы терең тұңғиықты еңсеру мүмкін бе? Өзіңіз тексеріп көріңіз. Келесі жолы күмән көлеңкесін түсіргенде, Мұсаның ертедегі әңгімелеріне, Дәуіттің мінәжаттарына, Ізгі хабардағы куәліктерге, Пауылдың хаттарына терең бойлаңыз. Басқа да Құдайды іздеушілермен қарым-қатынас жасап, күн сайын олармен бірге Еммаусқа қарай бет алыңыз. Ал егер жол бойында сізге дана ілімді меңгерген, қайырымды бейтаныс кісі кезіксе… Оның сізбен бірге қалып, кешкі асты бірге ішуге көндіруге тырысыңыз.
13 ТАРАУ
ЕГЕР СҰМДЫҚ ЖƏЙТТЕР ОРЫН АЛСА, НЕ БОЛМАҚ?
Сендер жақын маңдағы шайқастар мен алысырақтағы соғыс жаңалықтары туралы еститін боласыңдар. Сонда абайлаңдар, зәрелерің ұшпасын…
ОРАСАН ЗОР АПАТ БОЛАДЫ ДЕГЕН ҚОРҚЫНЫШ
Мен фармацевтердің алдын ала сақтандыруларынсыз-ақ өмір сүре аламын деп айтқан болар едім. Олардың не үшін қажет екендігін, мен онсыз да білемін. Дәрі-дәрмектерді өндірушілер болуы мүмкін кез келген келеңсіз жағдайлар мен дәрі-дәрмектің жанама әсері жайлы бізге ескертуге міндетті, сондықтан егер дәрі-дәрмекті қабылдаған соң, үш қолды жасыл адамдарға айналып қалсақ, онда шеккен залалдың орнын толтыруын талап етіп, олармен соттаса алмаймыз. Мен бұны түсінемін. Бәрібір, жарнама қаһарманының бақыттан бал-бұл жанған бет-жүзімен кадртан тыс диктордың сал аурумен науқастанып қалу қауіпі жайында ескертуінің үйлесімділігінде бір гәп бар, бұл бәрін бүлдіреді.
Оның салдары туралы ақпарат беру тәжірибесі босану палаталарына жетпейді деп үміттенеміз. Бірақ бұл хабар оларға да жетуі мүмкін ғой. Өйткені дүниеге келетін нәрестелер, не нәрсенің күтіп тұрғанын білуге толық құқылы емес пе?! Босану алдындағы ескерту акушерлікте үйреншікті рәсім болуы әбден мүмкін. Осы көріністі көз алдыңызға елестетіп көре аласыз ба? Заңгер қызметкер босанатын әйелдің кереуетінің қасында тұр делік. Толғақтың ара-арасында әйел Ламаз әдісі бойынша тыныс алады, біресе жиі-жиі, біресе «ит секілді» терең емес дем шығаруда. Заңгер майда әріптермен жазылған құжатты оның құрсағына қарап тұрып, оқи бастады:
Құрсақтан кейінгі дүниеге келуіңізбен сізді құттықтаймыз. Алайда, назарға алыңыз, адамның өмірі ұдайы болып тұратын құбылыстармен сипатталады, бұлар көп жағдайда өлімге әкеледі. Кейбір тұтынушылар өлімге әкелетін вирустар, химиялық заттар және қанішер лаңкестермен болатын келеңсіз жәйттер жайлы мәлімдеген болатын. Дүниеге келу сондай-ақ сізді цунами, мас ұшқыштар, сергек мотоциклшілер, аштық, радиоактивті ылғал немесе менструалды кезең секілді апаттардың құртушы ықпалына ұшыратуы мүмкін. Өмірдің ұнамсыз жанама әсерлерінің қатарына компьютерлік вирустар, жүрек аурулары және бітіруші сыныптағы емтихандар жатады. Зұлым езуші жендеттермен бір ғаламшарда өмір сүре алмайтындар немесе авиакомпаниялар борт азығы деп атайтын түтінді жұта алмайтындар, адам өміріне қатысты кеңестерді ұсына алмайды.
Өмір — қауіпті нәрсе. Қаһарлы шынайы өмірдің көлеңкесінде біз әрең сүйретіліп, аянышты халде күн көреміз. Адамзатты жоюдың әр алуан әдістері, сірә, тек сол жайлы жатса-тұрса армандайтын, адамдардың билігінде қалғанға ұқсайды. Ғарыштық зымыран-ядролық соғыс жайындағы әңгімелер бір кішкентай баланы былай деп сұрауға мәжбүр еткен: «Апатайым, өтінемін, біздің мүлде аспан жоқ жерде өмір сүруімізге болмай ма?»[53] Егер Жердегі жылдық орташа температура тағы да бір-екі градусқа өсетін болса… егер аса құпия мәліметтер зұлымдардың қолына түссе… егер қандай да есуас ақымақтықпен қызыл түймені басса… Сөйтіп ең сұмдық жағдай орын алса, не болмақ?
Мәсіх осындай жағдайлардың міндетті түрде болатынын айтады. Ол рухани құлдилау, экологиялық апаттар, бүкіл дүние жүзіндегі сенушілердің қудалануы жайлы алдын ала айтып кеткен. Бірақ бәрібір осындай жағдайларға қарамастан, болашаққа батылдықпен қарауды бізден талап етеді.
…Сақ болыңдар, ешкім сендерді алдап, теріс жолға түсірмесін! Себебі көп адамдар Менің атымды жамылып келіп: «Құтқарушы Мәсіх Менмін!» деп, көпшілікті алдап азғыратын болады. Сендер жақын маңдағы шайқастар мен алысырақтағы соғыс жаңалықтары туралы еститін боласыңдар. Сонда абайлаңдар, зәрелерің ұшпасын. Олар болуға тиісті, бірақ заманның ақыры әлі де бұл емес. Себебі ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанып, түрлі жерлерде ашаршылық (пен індеттер) және жер сілкіністері болады. Бұлардың бәрі тек жаңа дәуір туар алдындағы «толғақтың» бастапқы азабы іспетті ғана.
Сол кезде жұрт сендерді азаптап, өлтіру үшін ұстап береді. Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық ұлттар сендерді жек көретін болады. Сонда көбі сенімдерінен танып, өзара опасыздық жасап, бір-бірін жек көреді. Талай жалған пайғамбарлар халық алдына шығып, көптеген адамдарды алдап, азғыратын болады. Әділетсіздік тым көбейіп кеткендіктен көпшіліктің сүйіспеншілігі суып кетеді. Ал ақырына дейін табандылық танытқан әркім құтқарылады. Құдай Патшалығы туралы осы Ізгі хабар күллі әлемге уағыздалмақ. Осылай ол барлық халықтарға мәлім болады. Содан кейін бұл заманның ақыры келеді.
Бәрі жақсы болуы үшін, алдымен барлығы жаман, өте жаман болады. Ал жағдай нашарлаған кезде «Сонда абайлаңдар, зәрелерің ұшпасын!» (Мат. 24:6). Бұл аяттағы «зәрелерің ұшпасын» деген сөз, бір өте айқын мәнерлі сөз ретінде аударылған, бұл сөзді Иса басқа ешбір жағдайда қолданбаған. Бұл сөз «ыңырсып, ыңқылдау», «еңіреп жылау» деген мағынаны білдіреді. Иса шәкірттеріне былай деп тұрғандай: «Ең сұмдық жағдайлар басталғанда, байбалам салмаңыздар».
Иерусалимдегі ғибадатхананың сыртқы көрінісі шәкірттерінің жүректерін толқытты. Орасан үлкен қашалған тастардан қаланған, — олардың бірқатарының ұзындығы жиырма төрт футтай-дерлік болды — ғибадатхананың сәулетті ғимараттары оларды таңдандырды — теңіз толқындарын еске түсіретін, түрлі-түсті мәрмәр тастардың өңделуі, оларды таңғалдырды. Бұлардың бәрі Исаға сондай әсер қалдырған жоқ. «Бірақ Иса оларға:— Мынаның бәрін көріп тұрсыңдар ғой? Сендерге шындығын айтамын: бұлардың қаланған бірде-бір тасы қалмай барлығының да күл-талқаны шығатын болады! — деп жауап қайтарды» (Мат. 24:2).
Әлдекім келіп, Ақ үйдің, Букингем сарайының немесе Луврдың күл-талқаны шығады деп пайғамбарлық сөз айтқанын, көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сіз бұл істің егжей-тегжейін білгіңіз келмей ме? Ал Исаның шәкірттері бұл жайында білгісі келді: «…бірнеше шәкірті оңашада қасына келіп: — Бізге айтыңызшы, бұл қашан болады? Сіздің қайта келуіңіз бен ақырзаманның жақындап қалғанын қандай белгі білдірмек? — деп сұрады?» (Мат. 24:3).
Дәуіттің қаласын және орталықтағы ғибадатхананы алақандағыдай көруге болатын, Зәйтүн тауында отырып, Иса «Белдіктеріңізді байлап, ең бастысы — дүрбелеңге салынып, байбалам салмаңыз, өмір — сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті болуы мүмкін» деген мәнерде ескерту жасайды.
Иса тәлім беруден бастайды: «…Сақ болыңдар, ешкім сендерді алдап, теріс жолға түсірмесін! Себебі көп адамдар Менің атымды жамылып келіп: «Құтқарушы Мәсіх Менмін!» деп, көпшілікті алдап азғыратын болады» (Мат. 24:4–5). Екі рет қайталап айтылған, «көп адамдар» деген сөзге назар аударыңыз. Алданып қалғандар да көп, алдамшылар да көп. Қауым — бұл Құдайдың қызметшісінің атын жамылған, өзімшіл адамдардың бетін ашу үшін Петри[54] тостағаны. Олар ерекше мәртебеден, жоғары руханилықтан үміттеніп, бәрін «Менің атымнан» істейтін болады. Олар «Құдай маған айтты», «мен Құдаймен сөйлестім», «Құдай мені жетелейді» деген сөздерді өз уағыздарында кербездене қолданып, құпия ілімді білетінімен мақтанады. Олар өздерін ішкі ортаға жіберілген, дөрекілеу ережелерге бағынбайтын, гуру ретінде ұстайды, бұл қарапайым қазалы адамдардың ақыл-парасатынан олардың даналығы әлдеқайда жоғары екенін меңзейді.
Әлдекім тіпті Мәсіх болудан дәмеленіп: «…Мен Мәсіхпін…» — дейді (Мат. 24:5). Олардың арасында — Хосе Луис де Хесус Миранда бар. Ол Иса туралы жәй айтып, Оған мінәжат етіп қана қоймайды. Ол өзін Мәсіхтің денесімен қайта туылғанмын деп жариялайды. Назареттік Исадан айрмашылығы, бұл Пуэрто-Рикодан шыққан Хесус, күнә мүлдем жоқ және оның ізбасарлары ешқандай жаман нәрсені істей алмайды деп үйретеді. Отыздан астам елдерде мыңдаған жақтаушылары оның «ұйықтатын дәрі-дәрмегін»[55] қабылдауда.
Сізді адастыруына жол бермеңіз, деп ескертеді Иса. Көрікті келбетімен, шешен майда тілімен және тиімді ойын-сауықпен сізді азғыруына жол бермеңіз. Кейінірек сол уағызында Иса былай дейді: «…Себебі жалған «мәсіхтер» мен «пайғамбарлар» шығатын болады. Олар, мүмкін болса, Құдайдың таңдап алған адамдарын да алдап, теріс жолға адастыру үшін ғаламат кереметтер мен ғажаптарды көрсететін болады» (Мат. 24:24).
Қалың тобыр халық және кереметтер. Орасан зор жұртқа танымалдық, жүректе әсер қалдыратын көз байлаушы сиқырлар. Көптеген жақтаушылар. Құдыретін паш ету. Осындай жәйттерді көргенде, абай болыңдар! Даңқын шығарып, жар салу екіжүзділік жалған жасандылықтың жоқ екендігіне кепілдік бермейді. Танымалдық пен көз байлаушы сиқырдың қармағына ілініп қалмаңыз. Шайтан екеуін де қармаққа шаншылған жем іспетті, оңай олжа етуге қабілетті.
«Исаның Құдай жіберген Мәсіх екендігін мойындамайтын әркім — өтірікші. Көктегі Әкені және Оның рухани Ұлын мойындамайтындар — Мәсіхке қарсы шығушылар. Кім Ұлды мойындамаса, оның Әкеге қатысы жоқ…» (Жох.1-хаты 2:22–23) деген үзіндінің көмегімен барлық уағыздар мен уағыздаушыларды тексеріңіз. Жалған пайғамбарлар әрқашан Мәсіхтің рөлін төмендетіп, адамның рөлін жоғарылатады. Сенім жолын мұқият тексеріңіз. Бір сұраққа басты назар аударыңыз — бұл уағыздаушы өз тыңдаушыларын Исаға бағыттай ма? Егер жауап сенімді болса, Құдайға алғыс айтып, ол үшін сиыныңыз. Егер теріс жауап болса, мүмкіндік бар кезде, ол жерден қашып құтылыңыз.
Жалған ілімдермен қатар біз апаттардың болуын күтуге тиіспіз. «Сендер жақын маңдағы шайқастар мен алысырақтағы соғыс жаңалықтары туралы еститін боласыңдар. Сонда абайлаңдар, зәрелерің ұшпасын. Олар болуға тиісті, бірақ заманның ақыры әлі де бұл емес. Себебі ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанып, түрлі жерлерде ашаршылық пен індеттер және жер сілкіністер болады. Бұлардың бәрі тек жаңа дәуір туар алдындағы «толғақтың» бастапқы азабы іспетті ғана» (Мат. 24:6–8).
Табиғат жүкті әйел іспетті, босанар алдындағы соңғы толғақ азабын бастан кешіруде. Канзаста қаланың ішін қиратқан дүлей құйын, немесе Пакистан аудандарын ойран еткен жер сілкінісі, бұл ауа-райы өзгерістеріне немесе бұрынғы тектоникалық аймақтардың ауысуына қарағанда әлдеқайда алапат апаттар. Әлем босанар алдындағы «толғақтың» бастапқы азабын бастан кешіруде. Басты азаптар әлі алда күтуде.
Келіспеушіліктер, «жақын маңдағы шайқастар мен алысырақтағы соғыс жаңалықтары туралы» тура осылай айтуға болады. Бір халық екінші бір халыққа қарсы шығады. Ірі мемлекеттің бірі екінші мемлекетке қарсы аттанады. Шекараларда әрқашан құлып керек болады. Әскери тілшілер жұмыссыз қалмайды. Көктен алыс, осы жер бетінде Жердің тұрғындары ешқашан тыныштық көрмейтін болады.
Мәсіхшілер бәрінен көбірек азап шегетін болады. «Сол кезде жұрт сендерді азаптап, өлтіру үшін ұстап береді. Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық ұлттар сендерді жек көретін болады. Сонда көбі сенімдерінен танып, өзара опасыздық жасап, бір-бірін жек көреді. Талай жалған пайғамбарлар халық алдына шығып, көптеген адамдарды алдап, азғыратын болады. Әділетсіздік тым көбейіп кеткендіктен көпшіліктің сүйіспеншілігі суып кетеді…» (Мат. 24:9–12).
Өлімі осы пайғамбарлық сөздердің орындалуы болған, адамдар жұмақтан орын алған. Петір. Пауыл. Степан. Жақып. Антиохиялық Игнатий. Поликарп. Азап шегуші Иустин. Ориген. Мәсіхтің осы ізбасарларын осы дүние жек көрді.
Жек көрушілік бұрынғысынша өршуде. «Азап шеккендердің дауысы» — діни бостандықты қолдаушы, мәсіхшілік ұйым — бұдан алдыңғы жүзжылдықтардың бәрін қосқанда, соңғы жүзжылдықта өз сенімі үшін әлдеқайда көбірек Мәсіхтің ізбасарларының өлтірілгені жөнінде мәліметтерді келтіреді. Пауылдың, Жақып пен Петірдің аттарына Эфиопиялық Цехай Толесса, континенталды Қытайдан Key Йонхай, Ираннан[56] Мехди Дибадж сияқты аттар қосылды. Дүние жүзілік Ізгі хабар тарату қозғалысы жылына орташа есепен 165000 адамдардың азап шегетінін мәлімдейді, өткен ғасырлардағыға қарағанда, төрт есе көп екен[57].
Өзінің діни бостандығын мақтаныш тұтатын Америка, мәсіхшілерге өшіге түсуде. Профессорлар Киелі кітапқа сенетін студенттерді жұрттың алдында келемеждеп күлкі етеді. Теледидарлық ток-шоу жүргізушілері сенушілерге күйе жағуда. Біз қудалаулар күшейеді деп күтеміз. Осындай жәйттер орын алғанда, тиянақсыз нанымдар құриды. «…көпшіліктің сүйіспеншілігі суып кетеді…» (Мат. 24:12). Рухани «билетсіз адамдар» кемеден секіреді. Екіжүзділер мейірімсіз, тасжүрекке айналады. Ынталы қауымға келушілердің орасан көпшілігі ынталы жалған сенушілерге айналады. Олар тек сенімдерінен бас тартып қоймай, — сонымен бірге сенушілердің өмірін улайды.
Осы қудалаулар бізге де келе ме? Біздің бірқатарымызға келіп жетті. Көпшілігімізге әлі де келіп жетеді. Егер біз сеніміміз үшін түрмеге тасталсақ, сеніміміз үшін қудалануға ұшырайтын болсақ, Мәсіхтің ілімін еске түсіруге сізге және маған Құдай көмектессін: «Сонда абайлаңдар, зәрелерің ұшпасын…» (Мат. 24:6).
Жалған ілімдер, апаттар мен сенімнен таюдың кесірінен Киелі Рухтың өміріңізге қатысуын жоғалтып алмаңыз. Азғырылуға берілмеңіз әрі жеңілмеңіз, өйткені көп кешікпей сіз салтанатты ұлылықтың куәсі боласыз. «…Ал ақырына дейін табандылық танытқан әркім құтқарылады. Құдай Патшалығы туралы осы Ізгі хабар күллі әлемге уағыздалмақ. Осылай ол барлық халықтарға мәлім болады. Содан кейін бұл заманның ақыры келеді» (Мат. 24:13–14).
Иса Өз ізбасараларын көреген батылдықпен қамтамасыз етті. Барлық апаттарды атап шығып, Ол «заманның ақыры келеді» деп шәкірттеріне көрсетті. Соңғы жеңіске деген сенім соңына дейін төзімділік танытуға батылдықты туғызады. Жазушы Джим Коллинз өзінің «Даңққа лайықтылар» кітабында осы шындықты ашып көрсетеді. Коллинз вьетнам соғысы кезінде сегіз жыл тұтқында болған, адмирал Джеймс Стокдейлдің уақиғасын әңгімелейді.
Коллинз Стокдейлден еркіндікке шыққаннан кейін, лагерьден қалай аман-есен шыққаны жайында сұрағанда, ол былай деп жауап берді:
— Бәрі жақсы аяқталады деген сенімімді мен ешқашан жоғалтқан жоқпын. Мен сол лагерьден аман-есен шығатыныма бірде-бір рет күмәнданған жоқпын, сондай-ақ мен осы күресті өз өмірімнің шешуші уақиғасына айналдырып, өмірдегі ештеңемен ауыстырмайтын, жеңіске жететініме титтейдей де күмәнім болмады.
Сонан соң Коллинз былай деп сұрады:
— Ал кім сынаққа төзе алмайды?
Адмирал Стокдейл былай жауап берді:
— О, бұл өте қарапайым. Оптимисттер… олар: «Милад мейрамында біз бұл жерде болмаймыз» деп айтты. Милад мейрамы келді-кетті. Содан кейін олар: «Құтқарылу мерекесінде біз бұл жерде болмаймыз» деді. Құтқарылу мерекесі де келді-кетті. Ал сосын Сабантой мейрамы, содан кейін — тағы да Милад мейрамы келді. Осылайша олар түңіліп, үміттері үзілді, тірі қалмады[58].
Нағыз ерлік екі шындықты қамтиды — қазіргі қиындықтар және болашақтағы салтанат. Иә, өмір кейде жиіркенішті болады. Алайда әрқашан солай бола бермейді. Менің достарымның бірі, «соңында бәрі жақсы болады. Егер әлі барлығы жақсы болмаса, демек, бұл әлі соңы емес» деп айтуды ұнататын.
Гедеонның әскері іспетті, қауым қатаң іріктеу арқылы өтсе де, Құдайдың жерін табиғат апаттары мен алапаттар жойып жатса да, апатты қанды жойқын болса да, жаратылыстың өзі арктикалық сұмдық жағдайға еріксіз жылжып бара жатса да, дүрбелеңге салынбаңыз. «Шыдамды бол Жаратқанның алдында, Шешімін күт сабырмен, еш асықпа! Арам жоспарын іске асырған жанға, Табысқа жеткен зұлымға ашуланба!» (Заб. 36:7).
Поллианнаның оптимизмінен аулақ болыңыз[59]. Адамның тұрмыс-тіршілігінің қатыгездігін әсерілеп көрсеткеннен, біз түк те таппаймыз. Біздің дүниеміз уланған. Алайда Балапан мультфильміндегі Цыпаның: «Аспан жерге түсуде! Аспан жерге түсуде!» деген байбаламын қайталаудың қажеті жоқ. Поллианна мен Балапан Цыпаның арасында, көзді жұмып қарайтын оптимизм мен өрескел байбаламның арасында, ұстамды, парасатты, сенімін сақтап қалған Мәсіхтің ізбасары тұр. Көзі ашық, бірақ қорқынышсыз, үрейсіз. Қорқытқандардан үрейленбейтін. Көшедегі ең байсалды жігіт — сол көшеде бұзақылар жоқ болғандықтан емес, қайта оның үлкен Ағасы болғандықтан. Ертедегі Құдай халқына осындай алаңсыздық таныс болды: «Мен қорықпаймын, әскер қоршап алса да, Үмітім үзілмес, ол маған лап қойса да» (Заб. 26:3).
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде қала қирап, күл-талқаны шыққанда, Варшаваның орталығындағы бас көшеде тек бір құрылыстың сүлдесі қалды. «Бұл Британдық және шетелдік Киелі кітаптық қоғамның Польшадағы бөлімшесінің жартылай қираған ғимараты еді, оның аман қалған жалғыз ішкі қабырғасында жазылған сөзді көшеден анық көруге болатын… “Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды”»[60]. Бұл мәсіхшілік үміттің бейнесі. Осы дүниенің күл-талқаны шықса да, Мәсіхтің істеген істері қала береді.
«Сонда абайлаңдар, зәрелерің ұшпасын…» (Мат. 24:6).
«Сонда абайлаңдар,…» Бастықтар мен мұғалімдердің нұсқаулары жиі осы сөздерден басталады.
«Абайлаңыз, маған есеп-қисапты дайындауды ұмытпаңыз». Немесе: «Шығарманы ертең тапсыру керек. Ұмытып кетпеңдер!». Мұндай сөздер көбірек назар аударуға, соңғы нәтижеге басты көңіл бөлуге, мақсатқа бағытталуға шақырады. Мәсіх бізді де соған шақырмай ма? Біз өмір сүріп жатқан қауіп-қатерге толы уақытта, Фаберже жұмыртқасы іспетті морт сынғыш, жер шарында, қаражат дағдарысы басталды және лаңкестер белін буып дайын тұр, қорқыныш пен азаптардан жасырынуға бізде барлық себептер баршылық.
Алайда Мәсіх бізге былай дейді:
«Сонда абайлаңдар, зәрелерің ұшпасын…»
«Парасаттылықты сақтап, дүрбелеңге салынбаңдар…»
«Сабыр сақтап, байбалам салуға тырыспаңдар…»[61]
«Өлімге дейін Маған адал бол, сонда саған «мәңгілік өмір тәжін» сыйлаймын» (Аян. 2:10).
Сіздің нанымдарыңыздың тірегі соққылар мен қысымға төтеп бере алатынына, көз жеткізіңіз.
«Титаникті» жасап шығарушылар осының қамын ойлағаны жөн болар еді. Салтанатты лайнер суға батып кетті, өйткені мердігерлер бекітетін арзан шегені артық көріп, талап етілген істерді дұрыстап санамаған. Бекіткіш шегелер кеменің сүйеніш тұлғасымен кеменің қаптауышының болат қабатын бекітеді. Сапалы өзектердің жетіспеушілігімен кездеседі де, кеме құрылысшылары стандартты емес, шегесін суырып алып тасталған головканы алып істейді, ал кеме айсбергпен (мұзтау) соқтығысқанда, асбұршақтай шашылып қалды[62].
Сіздің сенім кемеңіздің бекіткіш шегелері қаншалықты берік? Күнделікті Киелі кітап оқу, Құдайға табыну жиналысы, Құдаймен қарым-қатынас арқылы сеніміңізді нығайтыңыз. «Батылдық — бұл сиынып үлгірген қорқыныш»[63].
Есіңізде сақтаңыз: «…Бұлардың бәрі тек жаңа дәуір босанар алдындағы «толғақтың» бастапқы азабы іспетті ғана»[64] (Мат. 24:8), ал босанар алдындағы толғақта бәрі біз ойлағандай жаман емес қой (маған айтуға оңай ғой). Толғақ босанудың басталғанын хабар береді. Акушерлер босанатын әйелді ана болатын уақыт жетті деп сендіреді: «Біраз уақыт қатты ауырады, содан кейін бәрі жақсы болады». Иса бізді де тура солай сендіреді. Дүние жүзінде болып жатқан апаттар, соғыстар біздің босану күнтізбегіміздегі босанатын күнінің жақындап қалғанын көрсетеді. Босанатын уақыт жақындап қалды, ауыртпалықтан құтылуға бар болғаны бірнеше қадам қалды, азғантай уақыттан кейін мәңгілік сағаты тықылдайды, сөйтіп бүкіл жаратылыстың заманның ақыры болады. Жаңа әлем келе жатыр!
«…Осылардың бәрі болуға тиісті…» (Мат. 24:6). Бұл «болуға тиіс» деген қуанышты сөз, осы болып жатқан жәйттердің бәрі, тіпті ең сұмдық жағдайдың өзі де Құдайдың жоспарына бағынады. Барлық апаттар, сынақтар мен азғырылулардың Оның жоспарында өз орны бар. «Біздің үрейленбеуіміздің себебі, соғыстар біздің зәремізді ұшырмайды. Қайта керісінше. Мұның себебі, бүкіл аласапыран бейберекеттікте Құдайдың жоспары билік етеді»[65].
Күллі уақиғалар, орасан зор және болмашы оқиғаларды да Құдай белгілеген, олардың барлығы Оның ізгі еркін орындау үшін қызмет етеді. Бүкіл әлем бақылауынан тысқары сияқты көрінгенде, бұл мүлде олай емес. Бәрін қанішер маньяктар басқарып отырған сияқты көрінгенде, бұл олай емес. Экологиялық апаттар дүние жүзілік жаңалықтарда бірінші орынға шыққанда, өз жүрегіңізде олардың бірінші орынға шығуына жол бермеңіз.
Питер Вирт өзінің жерлік әкесіне сенім артқанындай, біз де Көктегі Әкемізге сенім артайық.
Питер, университет студенті, жасы жиырма бірге толғанда оң иығында қатты ауырсынуды сезіне бастады. Ол әкесіне телефон шалып, кеңес сұрады. Студенттердің көпшілігі тура осылай істеген болар еді: кеңесу үшін үйлеріне телефон шалған болар еді. Алайда мұндай жағдайда студенттердің азғантай бөлігінде ғана ең жақсы кеңесші табылуы екіталай. Майкл, Питердің әкесі, — дүние жүзіне танымал ортопед, ол иық-бел бойынша мамандандырылған маман болатын. Дәрігер Виртқа Питердің телефон шалуы — бұл Билл Гейтстің қызының компьютер жөнінде бірдеңені сұрау үшін, өз әкесіне телефон шалғанымен бірдей.
Әуелі Майкл Питердің ауырсынуын шектен тыс тәндік жүктемеден болуы мүмкін деп түсіндірді. Алайда иығы семіп қалып, инемен шаншығандай ауыра бастағанда, дәрігер Вирттің жүрегінде «терең күре тамырлардың тромбофлебиті» деп аталатын өте сирек кездесетін ауру ма деген, күмәні ұлғая бастады. Ұлының иығында қанның ұйып қалуы пайда болды, ол жүрекке жақын орналасқан әрі аса қауіпті. Майклға бұл дерт тек таныс болып қана қойған жоқ — дәрігер сол дертті емдеу әдістері туралы мақаланың бірлескен туындыгері болды. Ол Питерге ауруханаға барып, міндетті түрде ультрадыбыстық диагностика жасатуға ұсыныс жасады.
Көзімен көрмей, алыстан қойылған, диагноз тура сондай болып шықты. Питерді дереу ауруханаға жатқызды, ұйыған қан тарады, сөйтіп оның ұлының жер бетіндегі өмірі жалғасты.
Осындай әкенің болғаны керемет емес пе?
Бізде де осындай Әке бар. Ол бүкіл адамзатқа диагноз қойған және оны қалай емдеуге болатыны жайында кітап жазды. Біз Оған сенім артуымызға болады. «Соңында бәрі де жақсы болады. Егер бәрі жақсы болмаса, демек, бұл әлі соңы емес».
14 ТАРАУ
БІР АҚЫЛҒА ҚОНЫМДЫ ҚОРҚЫНЫШ
Мұны естіген шәкірттер қатты үрейленіп, етпеттерінен жерге құлай кетті. Бірақ Иса қастарына келіп, қолын тигізіп: «Тұрыңдар, қорықпаңдар», — деп көңілдерін орнықтырды.
ҚҰДАЙ МЕНІҢ ҚОРАБЫМА СЫЙМАЙДЫ ДЕГЕН ҚОРҚЫНЫШ
Қонақ үйдің тіркеу бағанында кезекте тұрған әйел қолында менің кітабымды ұстап тұр екен. Ұйқысыздықпен күресу үшін бұл кітапты оқуды оған дәрігер кеңес берді дегенді, абайсызда естіп қаламын ба деп, мен әлгі әйелдің қасына барып, танысуға батылым жетпеді. Бірақ бәрібір тәуекелге бел будым. Әйел бұл кітап өзіне шынымен ұнайтынын айтты. Алайда маған мұқият қарап, неге екені белгісіз, ол мен өзім айтқандай сол кітаптың туындыгері емес-ау деп ойлады. Кітаптың мұқабасын бүктеп, ол менің суретіме қарады да, сосын маған қарап:
— Сіз Макс Лукадо емессіз, — деді.
— Мен соның өзімін. Бұл сурет көп жылдар бұрын түсірілген, сол кезден бері мен біршама өзгергенмін, — дедім.
Ол күлімсіреген де жоқ, қайтадан менің суретіме қарады да:
— Жоқ. Макс Лукадоның мұрты бар, бетінде әжімдері жоқ, шаштары қалың, — деп батыл мәлімдеді.
— Бұрын Макс сондай болған, — деп түсіндірдім мен.
Алайда әлгі әйел айтқанынан қайтпай, тұрып алды:
— Ол қазір де сондай.
Мен қалтама қолымды салып, жүргізуші куәлігімді көрсетпек болдым да, бірақ әйелді өзінің жаңылыс пікірімен қалдыруды жөн көрдім. Өйткені егер ол Макс Лукадоны отыз жасар ер жігіт ретінде көргісі келсе, онымен тартысып, нем бар?
Екінші жағынан, мен оның күні бұрын кесіп-пішілген ойын, теріс түсінігін түсіндім. Бәрін сөреге реттеп қойғанда, сол күйінде қалдырған оңайырақ. Ол менің бейнемді ойында жасап алған. Мені анықтаған. Жіктеген. Бесте сегіз фотосуреттің жиегіне мені сыйыстырып салған. Қораптағы Макс міне, осындай.
Қораптар біздің өмірімізге таңғаларлық реттілікті әкеледі. Солардың арқасында жармалар төгіліп-шашылмайды, карточкаларды шаң басып жатпайды. Заттарды жинастырғанда, қораптардың қызметі мінсіз. Алайда адамдарды түсінуде, олар біздің үмітімізді ақтамайды.
Ал Мәсіхті жақыннан танып білуге талпынғанда, күллі қораптар жарамсыз болып қалады.
Бірақ білесіз бе, Палестинадағы Оның замандастары, солай істеуге тырысты. Оларда әр алуан қораптардың толық жиынтығы болды. Алайда сол қораптардың біреуіне де Ол сыймады. Олар Оны бүлікші деп санады — бірақ Ол салықты төледі. Оны ауылдағы ағаш ұстасы деп білді — бірақ Ол аса білімді ерлерді тығырыққа тіреді. Кереметтерді көру үшін Оның алдына келді, алайда Ол сахналық көрініс қоюдан бас тартты. Ол қарапайым анықтамаларға берілмеді. Ол яһуди бола тұра, басқа ұлттықтарды Өзіне тартты. Мәжілісханаларда екіжүзділікпен мінәжат еткендерді әшкерелеген Ұстаз. Жалаң аяқ жарлылар мен жезөкшелерді білетін, Киелі. Патриархалдық ерлер шовинизм билеген қоғамда Ол әйелдерді кемсіткен жоқ. Римге қарсы ортада өмір сүрсе де, Ол Римді әшкерелеген жоқ. Ол патша секілді сөйлеп, бірақ кезбе кісідей өмір сүрді. Адамдар Оған анықтама табуға тырысты. Бірақ таба алмады.
Ал біз әлі де тырысудамыз.
Бразилияда такси жүргізуші болып жұмыс істейтін, менің бір танысымның аспаптық тақтасында Исаның бейнесі жапсырылған болатын. Көлікті тұраққа қою үшін орын тапқысы келгенде немесе бағдаршамның жасыл түсі тезірек жанғанын қалағанда, ол пластмассадан жасалған Исаның бейнесін сипалап, «Иса көмектесе гөрші» деп айтатын.
Кабелді телеканалды жүргізетін, уағыздаушы кешкі уақытта, мені және мен сияқты түн жарымына дейін теледидар көретіндерді, табысты болу үшін бар болғаны бір мінәжат қалды деп сендіреді. Тек қайырымды Иемізден «Иса бір доллар берші» деп сұрасаң болғаны.
Менің өзім бірде Мәсіхті доктриналық қағидалардың уысына сыйғызбақ болдым. Ол менде бар барлық керекті заттардың рецепті болды. Оларды тиісті мөлшерде араластыр — сонда үй жағдайында көмектесетін Иса дайын болады. Саясаткерлер үй жағдайында көмектесетін Исаны сөреден алып, қораптан шығарып, Ол «жасылдар», консерваторлар үшін дауыс берген болар еді деп мәлімдейді; қаршығаларды, кептерлерді, ақиық, суқарақұсты қамқорлау… Сайлау барысында саясиландырылған Иса әрқашан олардың қолының астынан табылады.
Қораптағы құдайлар. Сіз сол құдайларды адамдардың қолында қысып ұстап тұрғанын көресіз, өйткені олар сипалап көретін, мойынсұнғыш және алдын ала болжап білуге болатын құдайларды ұнатады. Біздің естен танардай өміріміз үшін айдағанға жүретін, қолға үйретілген құдайлар керек, солай емес пе? Аласапыран дүниеде біз ас үйімізде тұратын — күшік немесе мысық сияқты, жайлы — құдайдың болғанын қалаймыз. Біз шақырсақ болғаны, ол жүгіріп келеді. Оның құлағының артын қасығанда, ол бырылдай бастайды.
Петір, Жақып пен Жохан да осыны қалаған болса керек. Иса салып қойған қораптан құтылуды тағы қалай түсіндірсе болар екен?
Иса осыдан алты күннен кейін тек Петірді және Жақып пен оның інісі Жоханды ғана ертіп алып, бір биік таудың басына шықты. Сонда Оның сыртқы түрі үш елшісінің көз алдарында өзгеріске түсті: бет-әлпеті күндей жарқырап, киімдері нұрланып аппақ сәуле шашты. Кенеттен ежелде өмір сүрген Мұса пайғамбар мен Ілияс пайғамбар пайда болып, Исамен сөйлесті. Сол кезде Петір Исаға: «Мырза, бұл жерде болғанымыз қандай жақсы! Біреуін Сізге, біреуін Мұсаға, біреуін Ілиясқа арнап үш күрке құрайын», — деп тіл қатты. Ол әлі де сөйлеп тұрған кезде-ақ кенеттен бір нұрлы бұлт оларға көлеңкесін түсіріп, бұлт ішінен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған ризамын. Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты. Мұны естіген шәкірттер қатты үрейленіп, етпеттерінен жерге құлай кетті. Бірақ Иса қастарына келіп, қолын тигізіп: «Тұрыңдар, қорықпаңдар», — деп көңілдерін орнықтырды. Олар бастарын көтеріп, көздерін ашқанда жалғыз Исадан басқа ешкімді көрмеді.
Жазбадағы жоғары нүктелердің жер бетіндегі жоғары нүктелермен қандай да бір байланысы бар. Ыбырайым Мориа тауында Ысқақты құрбандыққа әкелді. Мұса Синай тауында тікенді бұтаның ортасынан жалындап жанған отты көрді. Құдай Ілиясқа Хориб тауында көрінді. Мәсіх Маңдайтөбеде адамзаттың құнын төлеп, құтқарып алды. Ермон тауында Иса Өз патшалығының салтанатымен шәкірттеріне көрінді. Ешкім нақты білмейді, бірақ тарихшылардың көпшілігі ол тауды Ермон тауына ұқсатады, оның биіктігі де 2814 метр. Ермон тауы Исраилдың солтүстік бөлігінде орналасқан, жүздеген километр ара қашықтықта жатқан, Өлі теңізден көрініп тұрады. Бұл орасан үлкен қар шыңы Исаның Петір, Жақып және Жоханмен бірге оңаша қалып, мінәжат ету үшін мінсіз орын болды. Шулаған қалың тобыр халықтан және ерегеспе айтыс-тартыстардан аулақта, Иса үш ең жақын достарымен еш кедергісіз қарым-қатынас жасай алатын еді. Таудың төбесінен Ғалилея теңізінің көкпеңбек айдыны мен жүзім өсіп тұрған алқаптар көрініп тұрады. Осы жерде сиынуға болады.
…Иса Петір, Жохан және Жақыпты ертіп алып, сиынып мінажат ету үшін бір таудың басына шықты.
Мәсіхке күш-қуат керек болды. Оның айқышқа шегеленетін уақытына бар болғаны бірнеше ай қалған еді. Алда Исаны әскерлердің қатыгездігі мен қара халықтың қаһары күтіп тұрды. Сол азаптарға төзу үшін, қайсар табандылық қажет болды, сондықтан Иса сол күшті қайдан алатынын, Өз ізбасарларының көзімен көргенін қалады.
Халықты нанмен, балықпен тамақтандырған, Ғалилея өлкелік екпінмен сөйлейтін, кішіпейіл ағаш ұстасы, сиынып тұрған кезде қандай да бір сәтте шәкірттерінің көз алдында Оның бет-әлпеті өзгеріске түсіп, киімдері аппақ болып найзағайдың отындай жалтырап кетті. Мәсіхтің «сыртқы түрі үш елшісінің көз алдарында өзгеріске түсті: бет-әлпеті күндей жарқырап, киімдері нұрланып аппақ сәуле шашты» (Мат. 17:2).
Ол күндей жарқырап, сәуле шашып тұрды. Тап-таза. Көзді шағылыстыратын нұр. Таңырқарлық ғажап. Оның бет-әлпеті мен үстіндегі киімдері нұрланып аппақ сәуле шашып тұрды. Нұрлы Иса. Оның бет-әлпетіне қарау — Альфа Центавра жұлдыз жүйесіне жақындаумен бірдей болды. Марқа бізге «Оның киімдері жарқырап, жер бетіндегі бірде-бір шебер ағарта алмайтындай аппақ болып кетті» дейді (Мар. 9:3).
Оның киімдері химиялық ағартқыштармен ағартылған жоқ. Бұл Құдайдың салтанаты болды. Жазбада Құдай жиі нұрмен салыстырылады, ал нұр — киелілікпен теңдестіріледі. «…Құдай — Нұр, Оның ішінде ешқандай түнек жоқ» (Жох. 1-хаты. 1:5). Құдай «ешкім жақындай алмайтын нұрда тұрады» (Тім. 1-хаты 6:16). Нұрлы салтанатымен көрінген Мәсіх, осылайша, пәк таза Мәсіх болып табылады.
Бұл шынайы Иса, Өзінің аппақ киімімен Бетлехемнен айқыш ағашқа дейін жүріп өтті. Ол «әлсіз ғалилеялық емес, керісінше, ең жоғары қаһарлы Құдайдың бейнесі, Оны ешкім де бағындыра алмайды»[66].
…қасиетті де кінәратсыз, кіршіксіз таза Ол, күнәкарлардан аластатылған,…
Ақауы жоқ гауһартас, ешбір дақсыз раушан гүлі, қоршаған ортамен үйлесетін әуен, мүлтіксіз ұйқасатын өлеңдер.
Осындай салтанатты ұлылықта Петір, Жақып пен Жохан — бүркіттің қанатының көлеңкесіндегі маса іспетті. «Аң-таң болған қайықтағылар өзара: «Тіпті жел мен көл де бағынатын Бұл кім Өзі?» — десті» (Мат. 8:27 қар.). Заңның Кепілгері және пайғамбарлардың ұстазы Оның дауысына құлақ сала ма?
Сол сәтте Петір бар күшімен жөтеліп алды. Тауда жалындаған от, көмейіне бірдеңе тұрып қалғандай болды.
…Сол кезде Петір Исаға: «Мырза, бұл жерде болғанымыз қандай жақсы! Біреуін Сізге, біреуін Мұсаға, біреуін Ілиясқа арнап үш күрке құрайын», — деп тіл қатты.
Бұл сөздер біз үшін ешбір қиянатсыз секілді көрінеді, ал әлдекімге — тіпті жаман идея емес сияқты көрінуі мүмкін. Біз уақиғаларды естеліктермен, мемориалдық тақтайшалармен және ескерткіштермен мәңгі есте сақтауды ұнатамыз. Петір мұндай ерекше жағдайда арнайы сәулет жобасы керек деп санап, құрылыс бойынша комитетті басқаруға кірісті. Расында да, жақсы ой, солай емес пе?
Алайда Құдайдың көзқарасының тұрғысынан емес. Үш күрке немесе киелі шатыр құру жайындағы Петірдің ұсынысының негізсіз әрі орынсыз болғаны соншалықты, тіпті Құдай оның сөзін бөліп жіберді.
Ол әлі де сөйлеп тұрған кезде-ақ кенеттен бір нұрлы бұлт оларға көлеңкесін түсіріп, бұлт ішінен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған ризамын. Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты.
«Сүйікті» деген сөз бұл жерде «теңдесі жоқ», «жалғыз» деген мағынаны білдіреді. Мәсіхке тең келетін ешкім жоқ. Оған ешкім тең келмейді. Не Мұса. Не Ілияс. Не Петір. Буддамен, Мұхамедпен бірге Заратустра да Оған тең келмейді. Жерде де, көкте де — Оған ешкім тең келмес. Әкесі айтқандай, Иса, жәй «Ұл» немесе тіпті «Ұлдарының ең жақсысы» да емес. Ол — «Сүйікті» Ұл.
Петір бұл сөзді түсінген жоқ. Ол Мәсіхке «Ұлы тарихи тұлға» деген белгіні тағып құрметті қорапқа салып қойды. Ол Исаға, Мұсаға, сонымен бірге Ілиясқа бірдей құрметті бермекші болды. Құдайға бұл мүлде керек емес еді. Мәсіхке ешкім тең келмес. Тек бір ғана күркені салу керек, өйткені сол тауда болғандардың арасында тек Жалғыз Иса ғана құрметке лайық.
Петір, Жақып пен Жохан сол сәтте сөйлеген жоқ. Енді ешқандай құрылыс жобалары да болмады. Киелі шатыр, райхан гүлі мен мемориалдық кешендер туралы әңгіме тоқтады. Бұл Мариан ойпатының түбіне түскен, сүңгуір қайық қызметкерлері, Айға барып қайтқан, астронавтар. Шәкірттері, бірде-бір адам көрмеген ғажайыпты көрді — Мәсіхті ғарыштық салтанатты ұлылығында көрді. Мұндай сәттерде сөздер күшсіз. Олардың бет-жүзінен қан тамшылады. Түрлері боп-боз болды. Тізелері дірілдеп, жүректері аузына тығылып, дүрсілдеп қоя берді. «Мұны естіген шәкірттер қатты үрейленіп, етпеттерінен жерге құлай кетті» (Мат. 17:6).
Таудағы нұрлы салтанат тау қорқынышын туғызды. Ақылға қонымды, киелі қорқыныш. Петір, Жақып пен Жохан жанын нығайтатын үрейлі қорқынышты, жалғыз Құдайдың алдындағы сауықтырушы қастерлі қорқынышты сезінді. Олар қара барқыттың үстіндегі гауһартастардай, аспанда жұлдыздарды тізбектеп орналастырған, отты күймемен пайғамбарларды тірідей көкке көтеріп алып кеткен, ал перғауынды Қызыл теңізге батырған, Құдай Иені көрді.
Бұл сезім олардың жүректерін терең тіліп өткендей болды: Құдай бір мезгілде осы жерде және барлық жерде бола алады. Нұр шашқан Ғалилеялықтың бір келбеті олардың өркөкіректігі мен маңыздылығын аяққа таптап, тиісті түрде Оған табынуға мәжбүр етті. Олар етпеттерінен түсіп, жерге құлай кетті. «Мұны естіген шәкірттер қатты үрейленіп, етпеттерінен жерге құлай кетті» (Мат. 17:6).
Құдайды терең қастерлейтін қорқыныш міне, осындай. Біздің қорқыныштарымыздың көбісі зарарлы. Олар біздің ұйқымызды ұрлайды, жан тыныштығынан айырады. Алайда бұл — басқа қорқыныш. «Киелі кітаптық тұрғыдан, Құдайдың алдындағы қорқынышта ешбір невроздық нәрсе жоқ. Невроздық күйде қорқыныш немесе қорқуға тиісті нәрселерден қорқу болмас еді. Сондықтан біз қорықпауға тиіс нәрселерден, қорқуды тоқтатуымыз үшін, Құдай бізге Өзін ашады. Құдай бізге толықтай ашылғанда және біз Оны толық түсініп жеткенде, біз қорқынышымыздың түрін өзгерткенін сезінеміз… «Құдайдың алдындағы қорқыныш» — бұл біз Құдай емеспіз — деген ақиқатты ақылға қонымды мойындау» болып табылады.[67]
Сіз осындай қорқынышты қашан сезінген едіңіз? Мәсіхпен жаңадан кездескенде ме, сүрініп-жығылғанда ма, әлде тынысыңыз тарылғанда ма? Сіз Оның ұлылығының салтанатты нұрын сезініп, қорыққаннан тіліңіз байланып, қалшиып тұрып қалдыңыз ба? Егер бұлардың барлығы әлдеқайда бұрынырақ болса, сіздің қорқыныштарыңыз осымен түсіндіріледі.
Мәсіх ұлы болғанда, сіздің қорқыныштарыңыз түкке тұрғысыз болып қалады.
Исаны терең қастерлеу өскен сайын, біздің өміріміздегі қорқыныштардың барлығы да жиырылып қалады. Ұлы Құдай орасан зор батылдықты туғызады. Жаратқан Ие туралы жұпыны пікірлер бізге батылдық әкелмейді. Әлсіз, кішкентай, бықсыған оттай лаулап жанбайтын Иса, қатерлі ісікке, опасыздыққа, құқықтарды бұзуға, биржалық дағдарыстарға және орасан апаттарға қарсы тұратын билікке ие емес. Шағын, ықшамды, алып жүруге ыңғайлы, қалтаға салып жүретін Иса, сөмкеге салып жүруге немесе сөреге қоюға өте қолайлы болуы мүмкін, бірақ ол сіздің қорқыныштарыңызға қарсы ешнәрсе істей алмайды.
Сірә, сол үшін де Иса шәкірттерін тауға Өзімен бірге ертіп барған болса керек. Оны шәкірттері қандай қорапқа салып қойғанын, Иса көрді. Ол шәкірттерін қандай болашақ күтіп тұрғанын көрді: Петірдің Одан бас тартуы, Иерусалимдегі және Римдегі түрмелер, Қауымның мұқтаждығы, Нерон билік еткен кездегі қудалаулар. Қалтадағы Құдай — нағыз Құдай емес. Міне, сондықтан да Иса шәкірттерінің қате пікірлерінің қорабын күл қылды.
Сіздің де қорабыңызды күл қылсын.
Бізге Мәсіхті нұрлы салтанатымен білудің қажеті жоқ па? Киелі жалын есетін Иемізді? Барлық тарихи тұлғаларды Өзіне билікпен шақыратын Иемізді? Ең жоғары тақта отырған, бүкіл әлемде жалғыз шынайы тәж — Құдайдың Сүйікті рухани Ұлы тәжін киген — Иемізді? Олар көкке көтерілу үшін, салтанатты ұлылығын көрсеткен тауға шығуға достарын шақырған Иемізді?
Сіз де Онымен бірге сол таудың басына шығыңыз. Жалғыз, жоғары мәртебелі Жаратқан Ие, Киелі Құдайға ұзақ әрі терең оймен қараңыз. Сонда Мәсіхтің Өзінің алдындағы қорқыныштан басқа, сіздің қорқыныштарыңыздың бәрі, шілдедегі асфальт жолдағы мұз іспетті еріп кетеді. Сонда сіз Дәуітпен келісесіз: «Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да, Кімнен мен қорқамын солай болғанда? Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да, Кімнен үрейленемін солай болғанда?» (Заб. 26:1).
«Каспиан Ханзада» кітабында Люси көп жылдан кейін алғашқы рет Аслан атты арыстанды қайтадан көреді. Олар соңғы рет кездескеннен бері ол қатты өзгеріп кеткен-ді. Оның алып денесі Люсиді таңғалдырады, Люси оған бұл жайында айтады.
— Аслан, — дейді Люси, — сен өсіп кетіпсің.
— Балақай, сен өзің өскенсің, сондықтан саған солай көрінген ғой, — деп жауап қатты ол.
— Ал сен ше?
— Мен қандай болсам, сол күйімдемін. Бірақ сен жыл сайын өсетін боласың, сондықтан мен саған үлкейген сияқты болып көрінетін боламын[68].
Мәсіхпен де тура сондай жағдай. Біз неғұрлым Мәсіхпен тығыз байланыста болсақ, Ол соғұрлым біздің бойымыздан көбірек көрінетін болады. Ол өзгермейді, қайта біз өзгереміз; біз Оны жақсырақ көре бастаймыз. Біз бұрын-соңды білмеген, Оның өлшемдерін, салаларын, қасиеттерін, Оның тазалығының, құдыретінің және бірегейлігінің өскелең әрі таңғаларлық куәліктерін көретін боламыз. Біз қораптар мен Мәсіхтің ескі бейнелерін, керексіз ескі-құсқы қоқыс іспетті лақтырып тастаймыз. Біз саяси есектер мен пілдерге Оны отырғызбайтын боламыз. Тәкаппар сенімділік кішіпейіл қызығушылықпен орын ауыстырады. Исаны доктринамен анықтау, өзіміздің Ол туралы пікірлерімізге Исаны сыйғызуға тырысуға бола ма?
Мүлде болмайды. Мәсіхті өз қорабымызға сыйғызғаннан гөрі, біз Кариб теңізін торлы дорбамен сарқып аламыз.
Соңында елшілер секілді біз де етпетімізден құлап, Оған табынатын боламыз. Сонда ағаш Ұстасы қолын лаулаған оттың арасынан бізге созып, қолын тигізіп: «Тұрыңдар, қорықпаңдар», — деп көңілімізді орнықтырады (Мат. 17:7).
Менде мынадай болжам бар. Петір, Жақып пен Жохан таудан күнге күйіп, күлімсіреп, ширақ адымдап, алға нық сеніммен қарап, сәл дөкірлеу көзқараспен түсті. Мұндай Мәсіхпен олар кімнен қорқады дейсің?
Міне, тағы да бір болжамым. Сол тауда әлі де от лаулап жанып тұр, оның қасында келіп-кетушілер үшін орын бар.
ЭПИЛОГ
УИЛЬЯМНЫҢ ЖЫРЫ
1943 жылдың 3 қыркүйегінде кешкі сағат сегізден он жеті минут өткенде Лондонда ӘШҚҚ дабыл қақты. Жаяу жүргіншілер аспанға қарап, жаяужолдар мен саяжолдарда қалшиып, тұрған орындарында қалды. Көліктер шиқылдап тежегішін басып, тоқтауда. Бірден тоқтап қалған автобустардағы жолаушылар бірінің үстіне бірі құлап жатты. Алысырақта зенит зеңбірегі оттары естілді. Жақын маңда артиллеристер жарық беретін ракеталарды ұшырды. Көшелерде ыңырсыған, зар еңіреген дауыстар шықты. Бірқатар адамдар жерге етпетінен жатып алды. Басқалары беттерін қолымен жауып, айқайлады:
— Бомба тастауды бастады! Бомба тастауды бастады!
Барлығы жау ұшақтарын тасадан сығалап қарауда. Ешкім ешнәрсе көрмесе де, жапа-тармағай дүрбелең тоқтаған жоқ.
Тұрғындар «Бетнал Грин» метро бекетіне қарай жүгіріп, сол жерден бес жүздей адамға пана тапты. Соңғы он минутта оларға бір жарым мың адам қосылуға ниеттенді.
Жүгірген қара құрым халық кіре берістегі баспалдақтың алдында соқтығысқанда, қоқыс үйіндісі басталды. Төмен қарай бұдырланған он тоғыз баспалдақтың бірінде қолында нәрестесі бар әйел сүрініп қалды. Топырлаған адамдардың өтуіне әйелдің денесі кедергі жасап, жолды жауып қалды, ал оның үстіне ондаған басқа адамдар домино іспетті құлап түсті. Санаулы секундтарда жүздеген адамдар кір киімдер үйіндісі іспетті, тырбаңдаған, байғұстардың үйіндісіне айналды. Сол жерге жүгіріп келген адамдар, оларды әдейі ішке (әйтсе де төменде орын жететін) жібермей жатыр деп ұйғарды, содан іс насырға шауды. Олар жан-жақтан қыса бастады. Аласапыран бейберекеттік он бес минутқа созылды. Адам денелерінің үйіндісін түннің жарымына дейін ажыратты. Нәтижесінде қаза тапқандардың саны — ер кісілер, әйелдер, балалар 173 адам болды.
Лондонға бірде-бір бомба лақтырылмаған болып шықты.
Бұл адамдар бомбадан қаза тапқан жоқ. Оларды қорқыныш өлтірді[69].
Қорқыныш оңай дүрбелеңге салынып, байбалам салатын қалың тобырды ұнатады. Оның үлесақысы — мағынасыз байбалам, азап беретін алаңдау, ұйқысыз түндер. Соңғы уақытта қорқыныш жақсы егін өнімін жинауда.
Ұйықтар алдында сізге мынадай сұрақ. «Сізге қауіп-қатер төніп тұр» деген кезектегі ескертуді естуге сіз қаншалықты дайынсыз? Сіз пәлеге тап болдыңыз деген дабылға? Газеттің беттерін парақтап шығу сізге жеткілікті ме? Радионы қосу? Компьютер арқылы Ғаламторға кіру? Егер бұқаралық ақпарат құралдарына сенетін болсақ, қазір дүниедегі өмір сондай қорқынышты.
Бұл мақсатқа бағытталған кампанияның нәтижесі деген біздің күмәніміз бар. Қорқыныш жақсы сатылады. Қорқыныш теледидар көрермендерін креслоға жапсырып, шектен тыс көп табыс әкелетін, сатушы сөресіндегі журналдарды жайпап жоқ қылуға мәжбүр етеді. Жаңалықтар бағдарламасы: «Әрі қарай: рульде отырған жүргізушілер үшін жағымсыз жаңалықтар»; «Неліктен шоколад сіздің зияттық коэффициентіңізді төмендетеді?»; «Қауіп-қатерден аулақ болу үшін не істеу керек?»; «Қандай су ішіп жүргенімізді, біз білеміз бе?» деген сияқты алаңдататын сөздермен біздің назарымызды қайрауға үйретті.
Фрэнк Фуреди британ газеттерінде «қауіпті» деген сөздің қолдану жиілігін санап шығып, бұқаралық ақпарат құралдарында қорқыныш өнеркәсібінің өсуін құжат бойынша дәлелдеді. 1994 жылы бұл сөз 2037 рет кездеседі. Келесі жылы бұл сан екі есе көбейді. 1996 жылы бұл сан тағы да елу пайызға өсті. 2000 жылы жыл бойына «қауіпті» деген сөз газеттерде он сегіз мыңнан астам рет басылып шығарылды[70]. Егер шын айтсам, алты жылдың ішінде қауіп-қатер тоғыз есе өсіп кеткен бе? Бізді жеркенішті жаңалықтармен бастырмалатып тастайды. Жаһандық жылылық, астероидпен соқтығысу, өкпенің ауытқуы, геноцид, соғыстар, жер сілкіністері, цунами, СПИД… Бұлардың бәрі тоқтай ма екен? Нашар жаңалықтар өз алым-салықтарын жинайды. Бұрын-соңды болған кез келген мәдениетке қарағанда, қазіргі мәдениетке жоғары алаңдау тән. Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан бері, алғашқы рет ата-аналар, олар өздері өмір сүрген заманға қарағанда, келесі ұрпақтар одан да нашар өмір сүретін болады деп есептейді[71].
Өмір сүру ұзақтығы екі есе көбейгенмен, медициналық зерттеулер бұрын-соңды болып көрмеген биіктікке көтерілгенімен, көшелерде бубон оба дерті құтырып, зәрін шашып тұр деп ойлауға болады. Журналист Боб Гарфилд ең беделді басылымдардағы денсаулық тақырыбына хабарламаларды бақылап, өзгедей медициналық мәселелерден басқа мәселелерді анықтаған:
• 59 миллион американдықтарда жүрек ауруы бар;
• 53 миллион американдықтар бас сақинасынан азап шегеді;
• 25 миллион американдықтар остеопорозбен ауырады;
• 16 миллион американдықтар семіздіктен арыла алмайды;
• 3 миллион адамда — қатерлі ісік;
• 2 миллион адамда бас ми қызметінің бұзылуы бар.
Егер барлық мәліметтерді жинақтайтын болсақ, онда 543 миллион американдықтар өздерін белгілі бір салмақты дерттің құрбаны деп есептейді, — бұл сан естен тандырады, өйткені біздің елімізде бар болғаны 266 миллион адам бар. Гарфилд атап көрсеткеніндей, «не біздің қоғамымыз тарихи тұйыққа тірілген, не біздің кейбіріміз әзіл-қалжыңы жоқ екіжақты немесе жаудың пайдасы үшін әрекет етуде»[72].
Бұл дүрбелеңге салатын жұқпалы үрей. Бұл үрей бізді билемесін. Тыныштық сақтап қалатындардың арасында болайық. Қауіп-қатерді мойындап, бірақ басымызды жоғалтып алмайық. Біз барлық уақытта бір нәрсеге тәуекелге бел байлайтынымызды есте сақтайық, бірақ қорқынышқа берілмейік. Алаңдаудың улы сасық иісімен басқалар тыныстасын, бірақ біз емес. Басқа дауыс — Құдайдың дауысын еститіндердің қатарына қосылайық. Үмітсіздік зары, бәлеге ұшырағандардың ыңырсуы жетер. Уолл-стриттің қаһарлы көріпкелдері мен газеттегі қорқыныштарды сатушыларға қашанға дейін құлақ асуға болады, жетер?
Біз құлағымызды түріп, бар назарымызды басқа жаққа — көкке бұрайық. Жаратушымызға бет бұрайық, сонда азырақ қорқатын боламыз.
Батылдық дүрбелеңге салынбайды, байбалам салмайды, ол сиынады. Батылдық жылап-сықтамайды, ол үміт артады. Батылдық үміті үзіліп, торықпайды, ол тыңдайды. Бүкіл Жазба бойына: «Қорықпаңдар!» деп бізді шақыратын, Құдайдың дауысына құлақ салады. Ол Мәсіхтің дауысын естиді, аурухана дәліздерінде, зират басында, соғыс майданында бізді жұбататын, Мәсіхтің дауысын естиді:
…Жігерлен, балам, сенің күнәларың кешірілді!
…Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын!
Сендер жақын маңдағы шайқастар мен алысырақтағы соғыс жаңалықтары туралы еститін боласыңдар. Сонда абайлаңдар, зәрелерің ұшпасын…
Көңілдерің толқымасын! Құдайға сеніңдер және Маған да сеніңдер!…
Сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар.
Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!
Біз Уильям Фарисстің таңғаларлық мысалынан үлгі аламыз, ол жеті жасар бала кезінде туған үйінің өрттің жалынынан жанып күл болғанын көрді. Ол — Батыс Африкадағы «Пайонир Байбл транслейторс»[73] Киелі кітап аудармашыларының бірінің ұлы болды, Уильям динозаврлар мен басқа жануарларға қатты қызығатын қабілетті бала еді. Оның отбасы сабанмен жабылған, жұқа қаңылтыр шатырлы үйде тұратын. Бірде олардың лашығының шатырына жел оттың ұшқынын ұшырып әкелді де, содан от шығып кетті. Фаристер отбасы өз үйлерін құтқарып қалуға тырысты, бірақ күннің сәулесінен құрғап кеуіп кеткен жерде олардың үйді аман сақтап қалуларына мүмкіндіктері болмады. Қолдарынан ештеңе келмеген, олар үйлерінің бықсыған күлге айналғанына қарап тұрды, сол кезде Уильямның анасы, ұлының сиынып жатқанын естиді. Анасы ұлының мінәжаты — бұл Забур жырына ұқсайтынын түсінді, ал арада бірнеше күн өткен соң ұлының сиынып отырғанын тағы да естіп қалған ана, дереу оның сөздерін жазып алды.
Лаулаған оттың жалынының арасынан кішкентай бала Құдайдың бейнесін көре білді. Уильям Құдайға үміт артты, сондықтан қорықпады. Ал бұл біздің қолымыздан келмей ме? Шынымен солай, Уильям. Шынымен солай болсын.
ТЕРЕҢ ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
«Ержүректер» кітабын тереңірек зерттеуге арналған аталған нұсқаулық топтық дәрістерде де, жеке түрде де, осы кітаптағы ойлар мен идеяларды жақсырақ түсінуді қалайтын, барлық оқырмандар үшін қолданылуы мүмкін. Әрбір дәріс үш бөлімнен тұрады:
• қорқынышты зерттеу: сіз тарауда талқыланған негізгі пікірлерге қайта оралып, таңдап алынған дәйектемелермен болжалды, сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз;
• қорқыныштың бет пердесін ашу: Киелі кітаптағы сәйкес үзінділерді зерттеп, сіз бұл жайында Құдай не айтқанын таразыға салып, ойланасыз;
• қорқынышпен күрес: аталған тараудан алған, сабақтарды іс жүзінде қолдану жөнінде сізге бір-екі ұсыныс берілетін болады.
1 Тарау
Біз неліктен қорқамыз?
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Сіз қандай болмасын қауіптенулерден өз өміріңізді толық азат болды деп көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Ал егер қорқыныш емес, керісінше сенім сізге қауіп төндіретін жәйттердің бәріне орай бірінші әрекет болса, не болар еді? Егер де сіз жүрегіңіздің үстіне қорқыныштан магнит іліп қойып, қауіптенулердің, сенімсіздік пен күмәндардың бәрін инедей қалдырмай тартып ала алатын болсаңыз, не қалар еді? Қателіктерден, шеттетілу мен бақытсыздықтан арылған, бар болғаны бір күнді көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Сіз қорқынышсыз өмірді көз алдыңызға елестетіп көре аласыз ба?»
А. Қойылған сұраққа жауап беруге тырысып көріңіз. Егер де сіздің жүрегіңізден барлық қорқыныштар қуып шығарылса, бүгін сіздің өміріңіз қалай өзгерген болар еді?
Б. Сіз не нәрсеге көбірек бейімсіз: қателік жасау қорқынышына, шеттетілу немесе бақытсыздық қорқынышына ма? Бұл сіз жайлы не айтуы мүмкін?
2) «…Мәсіхпен бірге қайыққа міну, Онымен бірге малмандай су болуды білдіреді. Шәкірттері теңіз буырқанып, дауыл — сұрапыл болады деп күтті ме?!».
А. Неліктен Мәсіхпен бірге қайыққа отыру, Онымен бірге су болуды білдіреді? Неге бұл аспан ашық, ал қайықта жүзу — жайбарақат болады дегенді білдірмейді?
Б. Неге соншама көп сенушілер теңіз алай-дүлей буырқанып, ал жел — сұрапыл болады деп күтпейді? Мұндай бұлыңғыр жауын-шашынды ауа-райын бастан кешіргенде, олар жиі қандай күйде болады? Сіз оларға не кеңес берер едіңіз?
3) «Қорқыныш Құдайдың ізгі екендігіне біздің сенімділігімізді құртады. Көкте сүйіспеншілік тірі ме деп, біз өзімізге сұрақ қоямыз».
А. Қорқыныш Құдайдың ізгі екендігіне біздің сенімділігімізді қалайша құртады? Бұл сіздің өміріңізде қалай болды?
Б. Көкте сүйіспеншілік тірі ме деген сұрақты, сіз соңғы рет қашан өзіңізге қойып едіңіз? Бұл қандай жағдайда болғанын, баяндап беріңіз.
4) «Қорқақ, жасқаншақ, сескенгіш, жалтақ адам сүйе алмайды, өйткені сүйіспеншілік — бұл тәуекел. Парасатты адамдар жарлыларға қайыр-садақа бере алмайды. Өйткені қайыр-садақа — жүз есе молынан қайтады деген кепілдікке ие емес. Қорқатындар асқақ армандай алмайды. Егер олардың армандары көкте сөніп, жерге түссе, не болмақ? Қорғалғандыққа табыну жан дүниеміздің ұлылығының маңызын жояды».
А. Неліктен қорқыныш біздің сүю қабілетімізді төмендетеді? Неге қорқыныш жомарт болуға бізге кедергі жасайды? Неге қорқыныш біздің армандарымызды басып, тұншықтырып тастайды?
Б. Сіз қорғалғандыққа табынатыныңызды, жете түсінген кездеріңіз болды ма? Егер жауабыңыз «иә» болса, онда бұған сізді не итермеледі? Қалайша қорқыныш жан дүниенің ұлылығының маңызын жояды? Қалайша қорқыныш сіздің бір маңызды істі істеуге деген талпынысыңызды тежейді?
5) «Ол кез келген басқа тәлімге қарағанда жиі айтылғаны, тура сондай болды: Қорықпаңдар!».
А. Неліктен Иса кез келген басқа өсиеттен жиі осы тәлімді берді? Адамның болмысы жайында бұл бізге нені айтады?
Б. Сіз қалай қорқуды тоқтата аласыз? Қорқыныш сезімінен бізді не арылтады?
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Мат. 8:23–27 оқып шығыңыз.
А. Мат. 8:26 Иса қорқыныш пен сенімнің арасындағы қандай байланысты анықтады?
Б. Келесі айтылған пікірді түсіндіріп беріңіз: «Иса сізбен бірге қайықта болғанда, мейлі Ол сергек болсын, мейлі Ол қатты ұйықтап жатсын, сізге қорқудың қажеті жоқ».
2) Жох. 16:33 оқып шығыңыз.
А. Осы дүниедегі біздің өмірімізге қатысты Иса бұл үзіндіде қандай уәде береді?
Б. Иса Өз ізбасарларына не ұсынады? Бұл ұсыныс неге негізделген?
3) Тім. 2-хат 1:7 оқып шығыңыз.
А. Құдай Өз балаларына қандай рухты берді? Біздің қорқыныштарымыздың көбісінің пайда болуына қатысты не айтылған?
Б. Құдай Өз балаларына қандай рухты берді? Бізді қорқыныш жеңіп бара жатқанда, біз үшін бұл нені білдіруге тиіс?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
1) Соңғы аптадағы өз қорқыныштарыңызды саралаңыз. Олар неден туындады? Сіз олармен не істедіңіз? Оларға қарсы тұру үшін, сіз Құдайдан қандай көмек сұрадыңыз? Сіз бұдан қандай да бір заңдылықты көре аласыз ба, егер сіздің жауабыңыз «иә» болса, онда қандай заңдылық?
2) Өзіңіз таңдаған, аударманың нұсқасында Тім. 2-хаты 1:7 бүкіл апта бойына ойланып-толғаныңыз. Бұл аятты барынша жиі ойша қайталаңыз.
2 Тарау
Ағашаяқ ауылының тұрғындары
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Біз қандай да бір маңыздылыққа иеміз бе? Біз жоқ нәрседен қорқамыз. Біз түкке тұрғысыз бейшара күй кешіп, танымал бола алмай, қуыс кеуде, мүсәпір болып, осы дүниеден өтіп кетеміз деп қорқамыз. Көпшіліктің арасында әйгілі болмай, жоғалып кетеміз деп қорқамыз. Елеусіз қалудан қорқамыз».
А. Құдай үшін ешбір маңызсыз болудан, сіздің қорыққан кездеріңіз болды ма? Түсіндіріп беріңіз.
Б. Өзіңіздің түкке тұрғысызбын деген ойыңызбен, сіз қалай күресіз?
2) «Қандай да бір әйгілі адамға жармасып алсаң, өзің де атақты болып шыға келесің, солай емес пе?»
А. Қандай да бір атақты тұлғамен, қандай да бір әйгілі тұлғамен жеке таныстығыңызды еске салып, қалың жұрттан өзін бөлектеуге азғырылу бәрінен күштірек болғанда?
Б. Атақты тұлғаға сілтеменің есебінен өзін бөлектеуге талпыну, неліктен ең болмағанда біраз да болса, қанағат әкелмейді?
3) «Олар кітапты оқығанда [саңырау балаларға арналған қытайдағы балалар үйіндегі балалар] кенеттен олардың әрқайсысы ерекше бағалы екені ашылады, өйткені оларды Жаратушы сүйіспеншілікпен жаратқан… олардың бәрі бір кісідей жылай бастайды — олармен бірге мұғалімдер де көздеріне жас алды! Бұл адам айтқысыз жәйт!»
А. Сіз сүюші Жаратушы Ие жаратқан деген ой сізге қалай әсер етеді? Сіз ерекше бағалы екеніңізді сезінесіз бе? Түсіндіріп беріңіз.
Б. Жазбада сіз Құдайдың бейнесіне ұқсас етіп жаратылғансыз деп жазылған. Сіз үшін бұл нені білдіреді? Егер де сіз Құдайдың бейнесіне ұқсас етіп жаратылмаған болсаңыз, сіз өзіңізді басқаша ұстар ма едіңіз? Түсіндіріп беріңіз.
4) «Сіз — түкке тұрғысызбын, нөлмін деген қорқыныш, қандай да бір бағдарламаға, қағидаға айналып, сіздің бүкіл өміріңізді быт-шытын шығаруы (құртуы) мүмкін. «Сіз — таяқсыз нөлсіз деген қорқыныш».
А. Сіз — түкке тұрғысызбын, нөлмін деп есептеуге азғыру, сізде бәрінен күштірек болғанда? Мұндай сезім сізде соңғы рет қашан болғанын баяндап беріңіз.
Б. Сіз — түкке тұрғысызбын, нөлмін деген қорқыныш, қандай да бір бағдарламаға, қағидаға айналуы мүмкін? Неге ол сіздің өміріңізді құртуы мүмкін? Осыған байланысты сіз не істей аласыз?
5) «Өйткені сен көктегі жұлдыздардан да жоғарысың, сен Мен үшін бағалысың, сондықтан Маған сенім артып, жер бетінде аяғыңды нық басып жүр».
А. Сізді Құдай соншалықты жоғары бағалайтынына, сіз сенесіз бе? Түсіндіріп беріңіз.
Б. Бұл жерде «жер бетінде аяғыңды нық басып жүр» деген сөз нені білдіреді? Өз өміріңізде бұны сіз қалай істеген болар едіңіз?
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Лұқа. 12:4–7 оқып шығыңыз.
A. Біз кімнен қорықпауға тиіспіз? Неге?
Б. Біз кімнен қорықпауға тиіспіз? Неге? Бұл қандай қорқыныш?
B. Иса қорқынышқа берілмеудің қандай себебін айтады?
2) Заб. 138:14–18,23–24 оқып шығыңыз.
А. Сіз туралы Құдайдың қандай ойлары болуы мүмкін? Құдайдың сіз жайлы ойлары қаншама көп?
Б. Заб. 138:23–24 өз өтінішін білдіру үшін, Заб. 138:14–18 айтылған сөздер жыршыға қалайша нық сенімділік береді?
3) Еф. 2:10 оқып шығыңыз.
А. Құдай бізді неге жаратты? Неліктен бұл бізге нық сенімділік беруге тиіс?
Б. Бізге қатысты Құдайдың жоспарын түсіну үшін күшіміз жететініне, біз неге нық сенімді бола аламыз?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
1) Мәсіхтің айқыш ағашы жайлы ойланыңыз. Құдайдың бізге деген сүйіспеншілігінің күші туралы айқыш ағаш не дейді?
2) Егер де Құдай адамдардың қамын ойламаса, жер бетіндегі өмір қандай болатынын, көз алдыңызға елестетуге тырысып көріңіз. Сіздің пікіріңізше, не өзгерер еді?
3 Тарау
Құдай менен шаршады
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Жіберіп алған қателіктер туралы естеліктер баяу күңгірттене бастайды. Олар жалғызілікті қорқынышты — біз адамдардың көңілін қалдырамыз, тобымызды ұятқа қалдырамыз, олардың үмітін ақтай алмаймыз деген қорқынышты туғызады. Қажет болған кезде, біз өз міндетімізді атқара алмай қаламыз, біздің көзіміздің қилылығы мен қолымыздың қисықтығының кесірінен басқалар азап шегеді деген қорқыныш».
А. «Құртып алған бағдарламалар» туралы қандай естеліктер, бәрінен көбірек сіздің ізіңізге түсіп, қалмай жүр?
Б. Мұндай ойлар жаныңызды жегідей жегенде, сіз әдетте не істейсіз? Солар туралы қайта-қайта ойлай бересіз бе? Өзіңізді ушықтырасыз ба? Сиынасыз ба? Оларды басыңыздан шығарып тастауға тырысасыз ба?
2) «Батылдық күнә мәселесін шешуден басталуы мүмкін бе?»
А. Неліктен біздің күнәміз Құдайдың көңілін қалдырады?
Б. Неліктен батылдық күнә мәселесін шешуден басталады? Батылдықтың болмауы көбінесе неден туындайды?
3) «Адам ата мен Хауа ана, зәрелері ұшқан адамдардай әрекет етті. Олар қашып құтылмақ болды».
А. Сіз Құдайдың көңілін қалдырғанда, қорқыныш билегенде, сіз қалай қашып құтыласыз»?
Б. Сізді қорқыныш азаптағанда, қашып құтылудан гөрі, сіз үшін не жақсырақ? Неге?
4) «Құдай біздің қателіктеріміздің есебін жүргізбейді. Оның сүйіспеншілігі біздің қорқынышымызды қуып шығады, өйткені Ол біздің күнәмізді қуып шығарады!»
А. Неліктен Құдай біздің қателіктеріміздің есебін жүргізбейді? Құдайдың көңілін қалдырамын ба деген қорқынышымызды жеңуге, бұл бізге қалай көмектеседі?
Б. Сіз Құдайдың шексіз сүйіспеншілігін сезінгенде, сіздің қорқыныштарыңызбен не болмақ? Құдай сізді тастап кеткендей сезінген кезде, сіздің қорқыныштарыңызбен не болмақ?
5) «Құдайдың айрықша рақымының лебінен басқа, ешбір нәрсе біздің жүрегімізде батылдықты туғыза алмайды. Мейірімділікті түсінбеу сияқты, басқа ешбір нәрсе де жүректе қорқынышты оята алмайды».
А. Құдайдың рақымы туралы ешқашан естімеген адамға, сіз бұл туралы не айтқан болар едіңіз?
Сіздің жеке өміріңіздегі Құдайдың рақымының қандай үлгісін, сіз келтірген болар едіңіз?
Б. Құдай Өз мейірімділігін қалай көрсетеді? Осы сәтте сіздің жеке басыңызға Құдайдың мейірімділігі не нәрседе бәрінен көбірек қажет?
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Қол. 1:13–14 оқып шығыңыз.
А. Мәсіхке сенушілер неден арылған немесе құтқарылған?
Б. Сенушілер қалайша құн төлеп, құтқарылып алынды? Бұл құн төлеу нені білдіреді?
2) Жох. 3:16–18,36 оқып шығыңыз.
А. Осы дүниеге Құдай Өз Ұлын не үшін жіберді? Оның Ұлының келуі нені мақсат етпеді?
Б. Оның Ұлына сенушілерге, қандай шындық қатысты? Оның Ұлына сенбейтіндерге, қандай шындық қатысты?
3) Жох. 6:37–40 оқып шығыңыз.
А. Иса не үшін көктен жерге келді? Оның мақсаты қандай?
Б. Оның Ұлына сенушілер үшін Құдайдың еркі қандай?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
1) Құдайдың көңілін қалдырған, адамдар жайлы Киелі кітаптық әңгімелерді зерттеңіз, — Петір жайлы (Мар. 14:27–31; Жох. 21:15–19), Дәуіт туралы (Пат. 2-жазба. 11), самариялық әйел туралы (Жох. 4:1–42). Сіз Құдайдың көңілін қалдырған кезде, олардың уақиғалары сіздің жүрегіңізге қалайша үміт отын ұялатады?
2) Мәсіхтің адал әрі ынталы ізбасары болған адамды тауып, Құдайдың көңілін қалдыру сезімімен, ол қалай күресіп жүргенін, одан сұраңыз.
4 Тарау
Әрмен кет, уайым
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Невроз мырзаның жауаптарына қарағанда, сұрақтары көбірек, оларды орындауға деген күш-қуатынынан гөрі, ауыр міндеттері көбірек, және ол жиі — бәріне қолымды бір-ақ сілтесем бе екен деп ойлайды?»
А. Неліктен алаңдау жауаптарға қарағанда, сұрақтарды көбірек туғызады? Әдетте, бұл қандай сұрақтар болады?
Б. Неліктен алаңдау жиі күш салу пайдасыз деген ойларға әкеледі? Қашан соңғы рет алаңдау бәріне қолыңызды бір-ақ сілтеуге түрткі салды? Әрі қарай не болды?
2) «Сізге қажет нәрселердің барлығы бола ма деп, уайымдамаңыз. Біздің жолымызда жетіспеушілік пен сақтаулы қорларымыз таусылуы қауіпті кедергі болады. Уақыттың жетіспеушілігі, сәттілік, жолы болу, даналық пен білімнің жеткіліксіздігі. Бізде барлығы таусылғандай болады, сондықтан біз алаңдай бастаймыз. Алайда абыржу, алаңдау ешнәрсеге көмектеспейді».
А. Сізге нақты не жетіспейді, не үшін сіз соншама алаңдаулысыз?
Б. Неліктен алаңдаулар жетіспейтін нәрселердің орнын толтыруға көмектеспейді? Егер алаңдау тез арада көмектеспейтін болса, онда біз несіне абыржып, алаңдаймыз?
3) «Әбден заңды уайым, маскүнемнің өмірі секілді, үмітсіз әрі қорқынышқа толы өмірге айналды. Мен шектен шыққан невроз жағдайына қадам бастым. Бұдан басқа ештеңені жоспарламай, ешнәрсеге дайындалмай, «Сорлы басым-ай, сорлы басым-ай» деп, мен қайғымен бауырлас болдым».
А. Невроздың күйін сіз қалай сипаттаған болар едіңіз? Ол алаңдаудан несімен ерекшеленеді?
Неврозға сіз қаншалықты бейімсіз? Неврозға сізді бәрінен қаттырақ не итермелейді?
Б. «Сорлы басым-ай, сорлы басым-ай» деген қайғымен бауырлас болмаудан, сіз қалай аулақ бола аласыз?
4) «Иса өз міндеттерімізді орындау жөніндегі біздің ақылға қонымды уайымдарымызды айыптап отырған жоқ, керісінше, біздің өмірімізде Құдайдың қатысуын елемейтін, ақыл-ой күйін айтып тұр».
А. Өз міндеттеріңізді орындау жөніндегі ақылға қонымды уайымдар мен алаңдаудың арасындағы шекараны (сызықты) сіз қай жерден сызып қойған болар едіңіз?
Б. Құдайдың біздің өмірімізге қатысуын елемейтін, сол тұрақты ақыл-ой күйі пайда болғанын, сіз қалай анықтай аласыз?
5) «Шәкірттерінің қасында олардың мәселесінің шешімі тұрды… бірақ олар Одан сұраған жоқ. Олар жетіге дейін санады да, үмітсіздікке салынды».
А. Сіздің пікіріңізше, неліктен шәкірттері бірден Исадан сұрамады?
Б. Сіздің пікіріңізше, біз жетіспеушілікпен кездескенде, неліктен біз бірден Исадан сұрамаймыз?
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Мат. 6:25–34 оқып шығыңыз.
А. Иса бұл үзіндіде алаңдамаудың қандай себебін айтады?
Б. Бізге жетіспейтін нәрсе туралы алаңдаудың орнына, біз не істеуіміз керек? Бұны қалай іс жүзінде іске асыруға болады?
2) Жох. 6:1–13 оқып шығыңыз.
А. Шәкірттері қандай жетіспеушілікпен кездесті? Мұндай жағдайда олар өздерін қалай ұстады?
Шәкірттерінің рухани білімін кеңейту үшін, Иса оны қалай қолданды?
Б. Жох. 6:6 аяты аталған мәтінді сіздің түсінуіңізге қалай ықпал етеді? Сіз душар болған, бір нәрсе жетіспеген жағдайларда, бұл аят сізге не айтуы мүмкін?
3) Жох. 15:7 оқып шығыңыз.
A. Исамен тығыз байланыста тұру — бұл нені білдіреді?
Б. Исаның сөздері сізбен бірге болса, деген нені білдіреді?
B. Оның өсиеттерін орындайтындарға, Иса бұл аятта қандай уәде береді? Осы уәдені сіздің түсінуіңізге бұл мәнмәтін қалай ықпал етеді?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
Егер сіз бір нәрсе жетіспейді деген қорқынышыңыздан арылып, оның орнына терең жан тыныштығын сезінуді қалайтын болсаңыз, онда бір аптадай мынадай жаттығуды орындаңыз:
1) мазасыздықты тоқтату (Заб. 36:7 қар.);
2) дұға ету (Пет. 1-хаты 5:7 қар.);
3) іс-әрекетке кірісіп, өз алаңдауларыңыздың алдын алыңыз (Мат. 25:14–28 қар.);
4) сізді алаңдататын нәрселердің бәрінің тізімін жасаңыз (Лұқа. 10:41 қар.);
5) тақырыптарға талдау жасаңыз (Мат. 6:25–27 қар.);
6) қазір өмір сүру (Мат. 6:34; Евр. 4:16 қар.);
7) артық керексіз уайымдардан арылу (Сал.1-хаты 5:24 қар.);
8) Құдай бар, Ол жеткілікті екендігін есте сақтау (Мат. 6:28–33 қар.).
5 Тарау
Менің балама қауіп-қатер төніп тұр
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Ата-аналық міндеттеріміздің автопойызы бізге қорқынышқа толы болып келеді. Біз баламызды жеткізе алмаймыз, оған керектінің бәрін бере алмаймыз деп қорқамыз. Бізде жеткілікті ақша бола ма? Оның сұрақтарына жауап бере аламыз ба? Жаялыққа ақша жете ме? Комодтың жәшігінде орын бар ма? …Ата-аналарын түнгі ұйқысынан айыру үшін, осылардың бәрі жеткілікті».
А. Егер сіздің балаларыңыз бар болса, оларға қатысты сіздің қандай міндеттеріңіз, сізді бәрінен көбірек алаңдатады?
Б. Балаларыңызға қатысты, өз қорқыныштарыңызбен сіз қалай күресесіз?
2) «Иса ата-аналық жүректің жан ауруына жаны ашиды (қайғысына ортақтасады)».
А. Балалары бар ата-аналармен Иса әңгімелескен қандай үзінділерді сіз есіңізге түсіре аласыз ба? Ол балаларға қалай қарады? Сізге және балаларыңызға Оның жүректегі сезімдері жайында бұл не айтады?
Б. Қандай ата-аналық мәселелерде қазіргі сәтте сізге Исаның көмегі бәрінен көбірек қажет болып тұр?
3) «Өз балаларын ұдайы Құдайға қайтарып отыратын, ата-аналар дана».
А. Өз балаларын Құдайға қайтарып отыру — бұл нені білдіреді? Сіз солай істейсіз бе? Түсіндіріп беріңіз.
Б. Неліктен балаларды ұдайы Құдайға қайтарып отыру керек? Қандай жағдайларда балаларыңызды Құдайға қайтармауға деген азғырылу пайда болады?
4) «Мінәжат — ата-ананың қорқынышын суыту үшін құйылатын ыдыс».
А. Ата-аналық қорқыныш дұғаның арқасында қалайша «суытылады»?
Б. Балалар үшін мінәжаттағы өз ынтаңызды сіз қалай сипаттаған болар едіңіз?
5) «Бір жағынан қорқыныш туғызуда. Ал екінші жағынан үміт сендіруде. Қайғы, сосын сенім. Жайыр екі дауысты естиді және қайсысын құлақ салып, тыңдау керектігін, таңдауға тиіс.
Біз бәрімізде де осындай күйде емеспіз бе?»
А. Бір-біріне қарама-қайшы екі дауысты естіген, балаларыңызбен болған жағдайды баяндап беріңіз.
Б. Сіздің қорқыныштарыңызды ушықтыратын басқа дауыстарды емес, керісінше Исаның дауысын ұдайы естуге сіз қалай үйрене аласыз?
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Лұқа. 8:40–56 оқып шығыңыз.
А. Қандай кедергілердің кесіренен Жайырға Исаның көмегін қабылдау қиын болды?
Б. Күйінген өтінішке жауап алудың кешеуілдеуі міндетті түрде мінәжатқа жауап беруден бас тартуды білдірмейтінін, бұл уақиға қалайша көрсетеді?
2) Рим. 8:31–32 оқып шығыңыз.
А. Егер Құдай — сіздің жағыңызда екенін білетін болсаңыз, барлығы қалайша өзгерер еді?
Б. Құдай бізге барлық қажеттіні беруге дайын екендігін, елші Пауыл немен дәлелдейді?
3) Жар. 22:1–18; Евр. 11:19 оқып шығыңыз.
А. Ыбырайым үшін Құдайдың осы сынағы жайында сіз не ойлайсыз? Балаларыңызға қатысты Құдай сізді қалайша сынайды?
Б. Осы қиын сынаққа жеңіспен төзуге Ыбырайымға қандай сенімі көмектесті (Евр. 11:19 қар.)? Ал Құдайдың уәделеріне деген сонша сенім сізде бар ма? Түсіндіріп беріңіз.
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
1) Жазбадан төменде келтірілген, ең кем дегенде екі аятты таңдап алып, оларды жаттап алыңыз да, бір ай бойына оларды күн сайын іштей қайталаңыз. Балаларыңыз үшін қорқынышыңызға бұл қалай ықпал ететініне, назар аударыңыз. Мәтіндер мынадай: Заң.қайт. 4:40; 5:29; 30:19; Заб. 36:25; Нақыл. 20:7; Елш.іст. 2:38–39.
6 Тарау
Мен суға батып барамын
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Алайда сол сұрапыл дауылда Ол Өз істерінің ең жақсысын жасайды, өйткені дауыл көтерілгенде, біз Оны анық көретін боламыз».
А. Сіз өміріңізде қандай дауылдарды бастан кешірдіңіз?
Б. Сол дауылдың арасында сіз Исаны қалай көргеніңізді әңгімелеп беріңіз.
2) Егер Иса слюда (минерал) іспетті теп-тегіс, тынық судың бетімен жүріп келгенде, Петір бірінші болып қол шапалақтап қошемет көрсеткен болар еді, бірақ ол қайықтан шығатынына, менің күмәнім бар. Дауылдар бізді бұрын-соңды жасамаған іс-әрекеттерге итермелейді».
А. Сіз қалай ойлайсыз, судың беті слюда (минерал) іспетті теп-тегіс, тынық болғанда, Петір қайықтан шығар ма еді? Түсіндіріп беріңіз.
Б. Өмірлік дауылдар сізді бұрын-соңды жасамаған іс-әрекеттерге итермеледі?
3) «Өмір бізге сыйға тартқан, есімізді шығарып, таңғалдыратын қиындықтар туралы біз ұмытпауға тиіспіз. Құдайдың істерінен көз алмай, біз оларды теңдестіруіміз керек… Исадан көз жазып қалмау үшін, қолыңыздан келгеннің бәрін істеңіз».
А. Қазіргі уақытта сіз қандай қиындықтарды еңсерудесіз?
Б. Соңғы жылдағы сіздің өміріңіздегі Құдайдың істерін баяндап беріңіз.
В. Исадан көз жазып қалмау үшін, сізге не істеу керек?
4) «Өз қорқыныштарыңды тамақтандыратын болсаң, сенің сенімің аштан өледі. Өз сеніміңді тамақтандыратын болсаң, сенің қорқыныштарың өлетін болады».
A. Сіз өз қорқыныштарыңызға азық беру, бұл қалай болады?
Б. Өз сеніміңізді тамақтандырып жүрсіз бе? Мұндай жағдайда не болады?
B. Өз сеніміңізге азық беруге сізге не кедергі жасайды?
5) «Иса әлдеқашан сіздің дауылыңызды тоқтатқан болар еді. Бірақ Ол бұлай істеген жоқ. Мүмкін, Ол сіздің де сол сабақты алғаныңызды қалайтын шығар? Осы сабақ шамамен келесідей пікірге сая ма: «біз дауылды тоқтатуға билігіміз жоқ, бірақ өз қорқыныштарымызға емес»?»
А. Сіздің Мәсіхпен қарым-қатынасыңызды өмірлік дауылдар қалайша тереңдетеді?
Б. Бұл дауылдардың мақсаты қандай?
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Мат. 14:22–33 оқып шығыңыз.
А. Қорқыныштың белгілі бір түрі осы мәтінде неше рет атап көрсетілген?
Б. Осы қорқыныштарға қатысты Иса не істеді?
2) Мат. 28:18–20 оқып шығыңыз.
А. Мат. 28:18 Өзінің билігін Иса қалай сипаттайды? Біздің қорқыныштарымызбен күресуде бұл бізге қалай көмектесе алады?
Б. Мат. 28:20 Иса қандай уәде береді? Біздің қорқыныштарымызбен күресуде бұл бізге қалай көмектесе алады?
3) Рим. 8:35–39 оқып шығыңыз.
А. Біздің қорқыныштарымызбен күресуде Мәсіхтің сүйіспеншілігінің қандай көрінісі бізге көмектесуі керек?
Б. Тіпті орасан қиыншылықтармен кездескенде де, «осының бәрінде» біз қалайша ұлы жеңіске жете аламыз?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
Осы апта бойына қорқынышыпен күресу үшін сізді қаруландыратын, бір іс-әрекетті таңдап алыңыз:
— Жазбадағы аяттарды жаттап алу;
— ұлы кіслердің өмірбаянын оқу;
— адал мәсіхшілердің куәліктері туралы ойлану;
— саналы түрде Мәсіхке үміт арту.
7 Тарау
Менің шкафымда — айдаһарлар
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Сіз бәрінен көбірек неден қорқасыз? Айталық, жұрттың алдында масқара болудан немесе жұмыссыз қалудан, жәй биіктіктен немесе қараңғыдан? Ешқашан жақсы күйеу таппаймын немесе ешқашан сауықпаймын? Сізді алдап, тастап кетеді, ұмытып кетеді?»
А. Осы сұрақтарға жауап беріңіз.
Б. Осы қорқынышқа орай тәндік және сезімдік әрекеттеріңізді суреттеп беріңіз.
2) «Қаншама адамдар осылай әуіттің шетінде бүкіл өмірін өткізуде десеңші! Сақтықтың дауысына құлақ асып. Сенім сөздеріне немқұрайлы қарап. Суға бір рет те секіре алмай… Жамандық болады деп қорқып, олар өмірдегі ең жақсы игіліктерге ешқашан ие бола алмай, өмірі өтеді».
A. Өміріңіздің қандай саласында сіз «әуіттің шетінде тұрасыз»? Неліктен?
Б. Қорқыныштың кесірінен сіз өміріңізде қандай жақсы нәрсені уысыңыздан жіберіп алдыңыз?
B. Сіз «суға секіруді» қалайтын, өз өміріңіздің бір саласын атаңыз.
3) «Құдай күнәға деген Өзінің қаһары толы тостаған Ұлына төгетін болады. Сондықтан Исаның жаны түршігіп, қатты қорықты. Жаны қатты қинала бастады. Оның осы қорқынышты қалай жеңгені, бізге өз қорқыныштарымызды қалай жеңу керектігін көрсетеді. Ол мінәжат етті».
А. Неге Құдай күнәні соншама жек көреді? Неліктен Құдай күнәға деген Өзінің қаһары толы тостағанын Ұлына төкті? Иса «сол күнәні» қалай Өз мойнына алды?
Б. Қорқынышты қандай мінәжат бәрінен жақсы жеңеді? Иса мұндай мінәжаттың қандай үлігісін берді?
4) Ең жаман жәйтті болжаудың керегі не? «Құдайға сенуші, біз бен сізде орасан зор артықшылық бар. Соңында бәрі де біздің игілігіміз үшін болатынын, біз білеміз».
А. Сіз өміріңізде «ең сұмдық жағдайдың» қандай түрімен кездесіп үлгірдіңіз? Барлығы немен бітті? Құдайдың әрекетін сіз неде көрдіңіз?
Б. Соңында бәрі біздің игілігіміз үшін болатынын, Исаның ізбасарлары қайдан біледі? Бұны білу қазір және осында бізге қалай көмектеседі?
5) «Киелі кітап үйрететін шындықтарға сенуге, біздің батылымыз жете ме? Ешбір бақытсыздық соңында оңалмайтындай қиын болмайтынына?»
А. Ешбір бақытсыздық соңында оңалмайтындай қиын болмайтынына, Киелі кітаптағы қандай үзінділер бізді бәрінен көбірек сендіреді? Жазбадан бірнеше осындай үзінділерді көрсетіңіз.
Б. Сіздің мінез-құлқыңыз сеніміңізге сай ма? Түсіндіріп беріңіз.
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Мар. 14:32–42 оқып шығыңыз.
А. Мәсіхті «ең сұмдық» қандай жәйт күтіп тұрған еді? Не үшін Ол сонша жаны түршігіп қатты қинала бастады?
Б. Осыған байланысты Ол не істеді?
2) Евр. 5:5–9 оқып шығыңыз.
А. Исаның жер бетіндегі өмірі Евр. 5:7 қалай суреттелген?
Б. Неліктен тіпті Иса да мойынсұнуға үйренуге тиіс болды (Евр. 5:8 қар.)? Өз қорқыныштарымызбен күресуде осы аяттан нені іс жүзінде қолдана аламыз?
3) Тім. 2-хаты 4:14–18 оқып шығыңыз.
А. Пауыл үшін қандай келеңсіз жағдайлар нағыз жамандық болды? Осы жағдайларға байланысты ол өзін қалай ұстады?
Б. Пауылдың басына түскен қайғыларына Құдай қалай көмектесті? Біздің қиындықтарымызға осылардың қайсысын қолданған жөн?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
1) Бұл жағымсыз болса да, шымылдықты жұлып алып тастап, қорқыныштарымыздың бірінен кейін бірінің бетін ашыңыз. Күндіз жарық кезде сіз оларды қарастыратын болсаңыз, не болады?
2) Сіз дені сау мәсіхшілік қауыммен мықты байланыстасыз ба, оның өміріне қатысасыз ба, жоқ па, соны өте салмақты бағалаңыз. «Дені сау мәсіхшілік қауым — біздің қорқыныштарымыз өлетін орын екендігін жете түсініңіз. Киелі жазбаның, Забур жырлары мен көз жасымыздың көмегімен, біз оларды ту сыртынан түйреп өтеміз. Тәубе етудің күн сәулесіндей нұрында біз оларды ерітіп жібереміз. Қорқыныштарымызға қарамастан, бар назарымызды Оған аударып, Құдайға табынудың сарқырамасында біз оларды жоямыз».
8 Тарау
Осы қатыгез (мейірімсіз) ғаламшар-ай
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Құдайға үміт артқанына қарамастан, жақсы адамдар бәрібір зорлық-зомбылықтан құтқарылған жоқ».
А. Осы дүниеде сіз зорлық-зомбылықтың қандай түрін бастан кешірдіңіз?
Б. Сіз қалай ойлайсыз, неліктен жақсы адамдар бәрібір зорлық-зомбылықтан құтқарылмайды?
2) «Өзінің Сөзімен әлемді ұстап тұрған, Иса, жындарды қуу үшін бұдан артық нәрсені керек етпейді де».
А. Құдай Өзінің Сөзімен әлемді ұстап тұрғанын білу, неліктен біз үшін маңызды?
Б. Олардың зұлым істеріне қатыспай, Құдай қалай жын-перілерді басқарады?
3) «Полицейлер қауіпсіздік шараларын күшейткенде емес, рухани толысып жетілгенде, батылдық пайда болады».
А. Біздің рухани толысып, жетілуіміз қалайша бізде батылдықты туғызады?
Б. Сіз қалай ойлайсыз, сізде батылдық жеткілікті ме? Сіздің рухани жетілгендігіңіз жөнінде бұл не айтуы мүмкін?
4) «Шайтан Оның қасынан білдірмей өтіп кетіп, сіздің қасыңызға келе алмайды да».
А. Шайтан Оның қасынан білдірмей өтіп кетіп, сіздің қасыңызға келе алмайды деген шындық, сізге жұбаныш бере ме? Түсіндріп беріңіз.
Б. Сіздің ойыңызша, неліктен Құдай кейде сіздің қасыңызға келуге рұқсат етеді? Оның мақсаты қандай?
5) «Көктің ең жақсысы, бұл тамұқтағы ең сұмдық нәрсені алып, Құдай үмітке айналдырады».
А. «Көктің ең жақсысы» және «тамұқтағы ең сұмдық нәрсені» суреттеп беріңіз. Неліктен көктің ең жақсысы сөзсіз жеңіп шығады?
Б. Көктің ең жақсысы, тамұқтағы ең сұмдық нәрсені алып, қалайша үмітке айналдырады? Осы үміт сізге қалай ықпал етеді? Түсіндіріп беріңіз.
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Жар. 50:15–21 оқып шығыңыз.
А. Жүсіптің ағалары оған қандай зұлымдық жасады (Жар. 37:11–28 қар.)?
Б. Осы зұлымдық жайында Жүсіптің өзі не дейді (Жар. 50:20 қар.)? Ол өз ағаларының қауіптенуін қалай тоқтатуға тырысты? Бұл үзіндіде біз үшін қандай сабақ бар?
2) Дан. 3:1–29 оқып шығыңыз.
А. Шадырақ, Мисақ пен Әбдінегоның басына зорлық қауіпі не үшін төнді?
Б. Дан. 3:17–18 аят бойынша, олар қандай ұстанымды ұстанды? Олармен не болды?
Нәтижесінде Набуходоносор өзін қалай ұстады?
3) Евр. 11:35–40 оқып шығыңыз.
А. Осы мәтін бойынша, сенімді жақтаушылары қандай зорлық-зомбылыққа ұшырады?
Б. Осы азаптардың барлығынан оларды қандай уәде алып шықты? Тура сол уәде біз бен сізді қалай жетелеуге тиіс?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
Иса қатыгез адамдардың қолынан айтып жеткісіздей азап шекті. Евр. 12:2–3 жаттап алыңыз. Иса қалай айқыш ағаштағы өлімге дейін шыдады? Сенім жолында еңсеңіз түсіп, әлсіреп қалмау үшін, Оның істеген ұлы істері жайлы ойлану үшін қосымша уақыт табыңыз.
9 Тарау
Ойыншық ақшалар
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Оның қателігі, ол бәрін өзі үшін жоспарлағанында емес, қайта оның жоспарында Құдайға орын болмағанында болып тұр. Иса сол кісінің байлығын бетіне басып отырған жоқ, керісінше, оның асқақ менмендігін, менсінбегендігін, сондай-ақ оның жоспарларын емес, сол жоспарларында Құдайдың болмағандығын бетіне басып, ұялтады».
А. Сіздің қаражат жоспарларыңызда Құдайға қандай орын берілген?
Б. Құдайдан және Оның көзқарасынан бөлектенген жеке жоспарлармен не болмақ?
2) «Жазбада қайталанатын куәліктер мен нұсқаулардан анық түсінікті: Құдай бәрінің Иесі. Ол солардың бәрін бізге үлестіріп, бөліп береді. Өз мал-мүлкіңіз бен ақшаңызға емес, Оған сенім артыңыз!»
А. Құдай бәрін басқаратынын, есте сақтау неліктен маңызды? Біз бұл шындықты ұмытқан кезде, не болады?
Б. Құдайдан гөрі, ақшаға көбірек сенім арта бастағаныңызды, сіз қашан және қалай анықтай аласыз? Бұл жердегі басты белгілер қандай?
3) «Мал-мүліктің молшылығы, бұл мал-мүлік қаншалықты түкке тұрғысыз болмасын, адамға Құдайды көрсетпей, көлеңкесінде қалдыруы мүмкін. Кедей-бейшаралықтан тәкаппарлыққа апаратын алдын ала айтылған жол бар».
A. Неліктен мал-мүліктің молшылығы адамға Құдайды көрсетпей, көлеңкесінде қалдыруы мүмкін?
Б. Неліктен байлық жиі тәкаппарлыққа әкеледі?
B. Кедей-бейшара да байлыққа табынуы мүмкін бе? Түсіндіріп беріңіз.
4) «Өз өмірлерін ақшаға сеніп тапсырғандар, ақылсыз жандар. Олар өздерін алдамшы әрі ұдайы өзгеріп отыратын антиутопияның өздерін естерінен адастыруына жол береді».
А. Қалайша біз өз өмірімізді ақшаға сеніп тапсырамыз. Ақшақұмарлық қалайша адамдарды есінен адастырады?
Б. Неліктен ақшақұмарлық әрқашан бізді антиутопияға әкеледі?
5) «…Және ең бастысы, келе жатқан қыстың қорқынышы тірі Құдайға деген сенімге орын берсін. Өйткені, бұл бар болғаны, «Монополиядағы» текшелер ғана. Ойын аяқталған соң барлық пішіндер қорапқа қайта салынады».
А. «Қыстың жақындап қалғанынан» сіз қаншалықты қатты қорқасыз? Бұл қорқынышты сіз қалай тоқтата аласыз?
Б. Егер шын ақшада сіз тек «Монополия» текшелерін көретін болсаңыз, бұл сізге көмектесе ме? Неліктен «иә» немесе «жоқ»?
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Лұқа. 12:16–21 оқып шығыңыз.
А. Неліктен бұл астарлы әңгімеде Құдай бай кісіні түйсіксіз деп атайды?
Б. Құдаймен бірге баю — бұл нені білдіреді? Сізде осындай байлық бар ма? Түсіндіріп беріңіз.
2) Тім. 1-хаты 6:6–10,17–19 оқып шығыңыз.
A. Тім. 1-хаты 6:6–8 қандай қанағат ету туралы айтылған? Мұндай қанағатқа қалай келуге болады?
Б. Неліктен Пауыл баюға ұмытлғандарды жазғырады? Ақшақұмарлықта тұрған қандай жамандық бар?
B. Тім. 1-хаты 6:17–19 байларға Пауыл қандай тәлім береді? Ол қандай уәделер туралы айтып тұр?
3) Нақ. 23:4–5 оқып шығыңыз.
А. Сенушілер өздерінде байлыққа деген қандай көзқарасты қалыптастыруға тиіс?
Б. Неліктен сенушілер баюды аңсамағаны жөн?
4) Мар. 12:41–44 оқып шығыңыз.
А. Иса құдайы сыйлықтарға арналған сандықтардың қарсы бетіне отырып, жұрттың оған қалай ақша салғанын бақылағаны, неге маңызды? Біз үшін бұл нені меңзейді?
Б. Неліктен мақтау үшін Иса бейшара жесірді таңдады? Бұл үзіндіде біз үшін қандай сабақ бар?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
1) Өз қаражат жағдайыңызға қарамастан, — қолыңызда барыңыздан артық — Мәсіхке қызмет ететін, жеке адамға немесе топқа осы аптада жомарт қайырымдылық жасаңыз. Сізге және сіздің жақындарыңызға берген сый-тартуларыңыз қалай ықпал еткенін, күнделікке жазыңыз.
2) Құдай сізге берген ақшаны қалай бәрінен жақсы қолдануды бағалау үшін, қаражат кеңесшісімен кездесу туралы келісіп алыңыз.
10 Тарау
Өлердей үрейі ұшып, қорыққандар
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Егер зират — адам денесін жайпағыштар мекені емес, керісінше Ол бір күні: «…Уа, жер астында жатқан бәрің де, өлімнен оянып, шаттана әндетіңдер! …Жер өлгендерді шығарып, бұ дүниеге қайтармақ» деп жар салатын, адамдар Жанын Сақтаушының мекені болса ше? (Иш. 26:19).
А. Сіз бұл сұраққа қалай жауап берген болар едіңіз?
Б. Сіз өлімге қалай қарайсыз, баяндап беріңіз.
2) «Ол [Иса] тек өлімнен кейінгі өмірді ғана, сондай-ақ ең жақсы өмірді уәде етті».
А. Иса Өзінің ізбасарларына уәде еткен, сол ең жақсы өмірді сіз қандай өмір деп ойлайсыз?
Б. Сол ең жақсы өмір сізге қаншалықты таныс?
3) «Біз үшін де тура солай істеуге уәде беріп, Иса жерлеу рәсімін, үйлену тойы іспетті, үміт көзіне айналдырады. Оның көз алдында зират басындағы жерлеу рәсімі, қауымдағы неке қию рәсімі секілді, жүректі толқытатын, әсерлі уақиға болуға тиіс».
А. Неліктен жерлеу рәсімі, үйлену тойы іспетті, мәсіхшілердің жүрегінде үміт отын ұялатуы мүмкін?
Б. Сіз өз өліміңізді салтанатты уақиға іспетті күтемін деп айта аласыз ба? Түсіндіріп беріңіз.
4) «Қайта тірілу біздің жүрегіміздің түкпіріне ұялап, жақындап қалған өлімге біздің қалай қарайтынымызды белгілесін».
А. Адамның өлімге деген көзқарасы, оның қайта тірілуге деген сенімін қалайша ашып көрсетеді?
Б. Осы сенімді іс жүзінде сіз қалайша жүрегіңізге ұялата аласыз?
5) «“Өлім — тіршіліктің жаңа беталысы”. Одан қорқудың немесе теріс қараудың қажеті жоқ. Мәсіхтің арқасында біз өлімнің көзіне тура қарай аламыз».
A. Сізге таныс өлімнен қорқатын, адам жайлы әңгімелеп беріңіз.
Б. Өлім жайлы ойламауға тырысатын, сізге таныс адам туралы әңгімелеп беріңіз.
B. Мәсіхке деген сеніміңіздің арқасында сіз өлімді күтіп ала аласыз?
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ ЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Жох. 14:1–3 оқып шығыңыз.
А. Жох. 14:1 Иса бізге қандай өсиет береді?
Б. Жох. 14:2–3 Ол бізге қандай уәделер береді? Неліктен бұл уәделер біздің қорқыныштарымызды азайтуы керек?
2) Қор. 1-хаты 15:20–27 оқып шығыңыз.
А. Бұл мәтінде өлімге деген қандай көзқарас көрсетілген?
Б. Бұл мәтін қалайша біздің қорқыныштарымызды азайтуы мүмкін?
3) Евр. 2:14–15 оқып шығыңыз.
А. Өлімнің үстінен билік кімнің қолында болды? Мәсіх қалайша оны, және оның билігін жойды?
Б. Өлім қорқынышынан біз қалайша азат бола аламыз? Бұл қорқыныш қандай мағынада құлдықтың түрі болып табылады?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
Питер Крифт, «Сүйіспеншілік өлімнен күшті» және/немесе: Герберт Локиер, «Әділ жандар мен күнәкарлардың соңғы сөздері» атты кітаптарды сатып алуға кеңес береміз. Өлім аузындағы Мәсіхке деген тірі сенім неге қабілетті?
11 Тарау
Кофеинмен өмір
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Әттеген-ай, егер бір шыныаяқ кофеге тапсырыс бергендей, біз өз өмірімізге тапсырыс бере алсақ қой! Өз болашағыңызға керекті заттарды таңдап, араластыру, сізге ұнамас па еді?!»
А. Жоғарыда қойылған сұраққа жауап беріңіз.
Б. Егер де сіз өз болашағыңызға керекті нәрселерді таңдап, араластыратын болсаңыз, ол қандай болмақ?
2) «Егер сіз Мәсіхке сенім артсаңыз, Ол сізге Киелі Рухын береді, ал Ол сіздің жан дүниеңізде өмір сүріп, сізді жетелейтін болады. Иса бізге қандай да бір рухты бере салмайды, қайта Өзінің Рухын береді… Иса Өзінің шәкірттері үшін істеген істердің бәрін, Оның Рухы сіз үшін істейді».
А. Сенім жолында Мәсіхтің Рухына сіз күн сайын қалай сенім артатыныңызды айтып беріңіз?
Б. Мәсіх шәкірттері үшін істеген істердің бәрін, Оның Рухы сіз үшін істейтінін білу неліктен маңызды?
3) «Өзгерістер — бұл тек біздің өміріміздің сөзсіз болуы тиіс құрамдас бөлігі ғана емес, бұл Құдайдың біз үшін әрекет ететін сөзсіз болуы тиіс бөлігі болып табылады. Бүкіл дүниені өзгертуге біз Оның құралы болуымыз үшін, Ол біздің мәртебемізді өзгертіп отырады».
А. Неліктен өзгерістер — бұл Құдайдың біз үшін әрекет ететін сөзсіз болуы тиіс бөлігі болып табылады?
Б. Құдай сіздің мәртебеңізді қалай өзгертті? Ол қалайша, қазір сіздің мәртебеңізді өзгертуде?
4) «Осы өмірде мағынасыз болып көрінген нәрселер, келешекте мәңгілікте терең мағынаға ие болуы мүмкін».
А. Осы өмірде мағынасыз болып көрінген нәрселер, келешекте мәңгілікте терең мағынаға ие болатынын, жете түсіну сізге пайдалы ма? Түсіндіріп беріңіз.
Б. Сіздің өміріңізде қазір не нәрсе мағынасыз көрінеді? Өміріңізде болып жатқан жағдайлардың мағынасын әлі түсінбесеңіз де, сіз алға қарай жылжи аласыз ба?
5) «Егер осы дүние тек о дүниелік бақыт үшін жаратылған деп ойлайтын болсақ, мұндай кемшіліктер ол үшін тағдырға мойынсұну болар еді. Алайда егер жер ана құрсағына ұқсас болса ше? Осы сынақтар қаншалықты қатал болмасын, олар бізді болашақ өмірге дайындап, сол үшін қажеттінің бәрін беру үшін септігін тигізе алмай ма?»
А. Құрсақтағы өмірді қандай мағынада жер бетіндегі өмірмен салыстыруға болады? Осы салыстырумен сіз келісесіз бе? Түсіндіріп беріңіз.
Б. Сіздің маңдайыңызға жазылған сынақтардың кейбіреуі қалайша сізді болашақ өмірге дайындауы мүмкін?
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Жох. 14:16–18,26–27 оқып шығыңыз.
А. Жох. 14:16–18 Иса бізге қандай уәде береді? Болашақ алдындағы қорқынышпен күресуде бұл уәде бізге қалай көмектеседі?
Б. Жох. 14:26 және Жох. 14:27 аяттарының арасындағы маңызды байланыс неде? Исаның тыныштығы мен Киелі Рухтың жұмысының арасында қандай байланыс бар? Киелі Рух сіздің өміріңізде қалай әрекет етеді?
2) Уағ. 3:1–8 оқып шығыңыз.
А. Осы мәтін бойынша, әркім бастан кешіруге тиіс, мезгілдерді атап шығыңыз.
Б. Қалайша біз, бастан кешіретін мезгілдерді алдын ала біле отырып, ертеңгі күн үшін азырақ қорқуға тиіспіз?
3) Қор.2-хат 5:17 оқып шығыңыз.
А. «Мәсіхпен тығыз байланыстағы» адамды Пауыл қалай сипаттайды?
Б. «Мәсіхпен тығыз байланыста» болу неге әкеледі? Қорқынышпен күресуде бұл бізге қалай көмектеседі?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
1) Соңғы бес жылдың ішінде сізді азаптаған, басты қорқыныштарды атап шығыңыз. Олардың көбісі іс жүзінде орындалды ма? Бостан-босқа алаңдап, сіз нені жоғалттыңыз?
2) Осы дүниедегі қиыншылықтар мен сынақтар қалайша сізді болашақ өмірге дайындайтыны жайлы бір-екі парақ бетіне өз ойыңызды жазыңыз.
12 Тарау
Күмән көлеңкесі
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Шырақтың жарығымен мен уағыздың мәтінін қарап отырғанда, қайта тірілу туралы хабар маған Ізгі хабардың шындығы емес, қайта аңыз, тоғышарлық қауесет іспетті көрінді… Сол сәтте мен «Таңғажайып елдегі Алиса» мен жеті ергежейлі ертегісіндегі түйсіксіз Шляпник келесі беттен шығып қала ма деп, күтуге шақ қалдым».
А. Мәсіхтің қайта тірілуі туралы хабар шындық екеніне, сіз күмән келтірген, бір жағдайды баяндап беріңіз.
Б. Осы хабардағы не нәрсе сізге таңғаларлық жәйт секілді көрінеді?
2) «Исаға кейде-кейде күмәнданатындар, бұларды ескерту ретінде есіңізде сақтаңыз, сонымен бірге батылдық танытыңыз. Исаның тұрақты ізбасарларында да өз күмәндары болған. Алайда Мәсіх шешілмейтін мәселелермен оларды жалғыздықта тастап кеткен жоқ».
А. Мәсіхке қатысты сіздің әдеттегі күмәндарыңыздың пайда болу ықтималы қандай жағдайларда ең көбірек?
Б. Сіздің күмәндарыңызды жеңуге Мәсіх қалай көмектеседі?
3) «…Мәсіх күмәндарымызды сейілтуге бізді қалай үйретеді? Оның жауабы қандай? Оның жауабы — Менің денеме қол тигізіп, Менің қандай жағдайды бастан кешіргенім жайлы ойланыңдар».
А. Сізді күмәндар жеңгенде, сіз әдетте не істейсіз?
Б. Сіз Исаның денесіне қол тиігізіп, Оның бастан кешіргендері жайлы ойлана аласыз ба? Сіздің күмәндардан арылуыңызға бұл қалай көмектеседі?
4) «Адамдармен бірлікте болғанда, Мәсіх бізге батылдық береді, ал біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста болған кезде, Ол күмәндарымызды сейілтеді. Ол бүкіл білімді бір адамға бермейді, қайта мозаиканың бөліктері іспетті, көптеген бауырластарының арасында сол білімді үлестіріп береді».
А. Адамдармен бірлікте болғанда, Мәсіх бізге қалайша батылдық береді, ал біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста болған кезде, Ол күмәндарымызды қалай сейілтеді?
Б. Өз қауымыңызда сіз қаншалықты белсендісіз? Сіз қауымда қалай қызмет істейсіз және көмек аласыз?
5) «Бұл ақылды, дарынды, нағыз атеист, К. С. Льюистың Мәсіхтің соңынан еруіне түрткі болды ма? Бәрі де өте қарапайым. Ол Мәсіхтің Денесіне жанасты, яғни Оның ізбасарларына қосылды және өз ізденістерінің барысында — Киелі жазбаны зерттеді».
А. Мәсіхтің ізбасарларымен тұрақты қарым-қатынас, сіздің Оның соңынан еруіңізге қалай көмектеседі?
Б. Киелі кітапты тұрақты оқып-үйрену сенімде өсуге сізге қалай көмектеседі? Сіздің қорқыныштарыңызбен күресуде бұл сізге қалай көмектеседі?
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Лұқа. 24:13–35 оқып шығыңыз.
А. Сіздің ойыңызша, неліктен Иса екі шәкіртінің не жайлы әңгімелесіп келе жатқанын білметіндей сыңай танытты?
Б. Сол екі шәкірт Исаға қайта сенім артуға ең сенімді себеп не болады деп есептеді (Лұқа. 24:32)? Күмәндарға қарамастан, Исаға сенім артуға сізге не көмектеседі?
2) Жох. 20:24–29 оқып шығыңыз.
A. Қайта тірілген Исаны көрдік деген екі шәкіртке Тома неге сенбеді?
Б. Қалай Тома Исаға қайтадан сенді?
B. Неге Иса «көрмесе де сенетіндер бақытты» деп айтты?
3) Рим. 10:17 оқып шығыңыз.
А. Осы мәтін бойынша, қалайша сенім келеді?
Б. Киелі кітапты тұрақты оқып, зерттеу сенім әкеле ме?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
Макс Лукадо жазғандай, «Келесі жолы күмән көлеңкесін түсіргенде, Мұсаның ертедегі әңгімелеріне, Дәуіттің мінәжаттарына, Ізгі хабардағы куәліктерге, Пауылдың хаттарына терең бойлаңыз.
Басқа да Құдайды іздеушілермен қарым-қатынас жасап, күн сайын олармен бірге Еммаусқа қарай бет алыңыз». Осы аптада:
1) Құдайдың құдыреті мен Оның сүйіспеншілігін ашып көрсететін, Киелі кітаптағы ұлы әңгімелерге терең бойлаңыз.
2) Құдайды мадақтауға ұмтылатын басқа сенушілермен қарым-қатынасты тереңдете түсіңіз.
13 Тарау
Егер сұмдық жәйттер орын алса, не болмақ?
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Өмір — қауіпті нәрсе. Қаһарлы шынайы өмірдің көлеңкесінде біз әрең сүйретіліп, аянышты халде қалып, өлмешінің күнін көреміз. Адамзатты жоюдың әр алуан әдістері, сірә, тек сол жайлы жатса-тұрса армандайтын, адамдардың билігінде қалғанға ұқсайды».
А. Шын мәнінде сіз не нәрсе қатерлі сияқты көрінеді?
Б. Егер атом бомбасы жарылса, сіз қандай сезімдерді бастан кешірген болар едіңіз?
2) «Иса шәкірттеріне былай деп тұрғандай: «Ең сұмдық жағдайлар басталғанда, истерикаға түспеңдер»».
А. Ең сұмдық жағдай орын алғанда, сол жағдайға әрекет ету үшін өз жоспарыңыз бар ма? Түсіндіріп беріңіз.
Б. Басқа адамдар қиыншылықтарын жеңіп жатқанын көріп, сіз нені үйрендіңіз?
3) «Жалған пайғамбарлар әрқашан Мәсіхтің рөлін төмендетіп, адамның рөлін жоғарылатады… Бір сұраққа басты назар аударыңыз — бұл уағыздаушы өз тыңдаушыларын Исаға бағыттай ма? Егер жауап сенімді болса, Құдайға алғыс айтып, ол үшін сиыныңыз. Егер теріс жауап болса, мүмкіндік бар кезде, ол жерден қашып құтылыңыз».
А. Неліктен жалған ұстаздар адамдарды Исадан сөзсіз алып кетеді? Тыңдаушылардың назарын олар әдетте неге бағыттайды?
Б. Сіз Исаны қаншалықты жақсы білесіз? Әлдекім Исаның жалған бейнесін ұсынғанын, сіз анықтай ажырата аласыз ба? Түсіндіріп беріңіз.
4) «Күллі уақиғалар, орасан зор және болмашы оқиғаларды да Құдай белгілеген, олардың барлығы Оның ізгі еркін орындау үшін қызмет етеді. Бүкіл әлем Құдайдың бақылауынан тысқары сияқты көрінгенде, бұл мүлде олай емес».
А. Қалайша жамандық Құдайдың ізгі еркін орындау үшін қызмет етуі мүмкін? Жамандық Құдайдың ізгі еркін орындау үшін қызмет еткен, өз өміріңіздегі бір жағдай туралы әңгімелеп беріңіз.
Б. Сіздің әлеміңіз Құдайдың бақылауынан тысқары сияқты көрінгенде, сіз әдетте өзіңізді қалай ұстайсыз? Осындай жағдайларда сіз өзіңізді бақылауды қалай сақтайсыз?
5) «Соңында бәрі жақсы болады. Егер әлі барлығы жақсы болмаса, демек, бұл әлі ақыры емес».
А. Осындай пікірмен сіз келісесіз бе? Неге «иә» немесе неге «жоқ»?
Б. Бұл пікір қалайша жұбаныш болуы немесе қорқынышты әлсіретуі мүмкін?
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Мат. 24:4–14 оқып шығыңыз.
А. Осы мәтінде жалғанның белгілі бір түрлері неше рет атап көрсетілген?
Б. Бұл дұрыс іліммен танысу сізді қорқыныштан қорғауы мүмкін екендігі туралы айта ма?
2) Заб. 45:2–12 оқып шығыңыз.
А. Заб. 45:3–4 және Заб. 45:7 жырларында қорқыныштың қандай түрлері туралы айтылған? Жыршы осы қорқыныштарға қалай қарсы тұрады?
Б. Заб. 45:9–12 аяттары орасан зор апат туралы біздің қорқынышымызды қалай азайтады?
3) Заб. 26:1–10 оқып шығыңыз.
А. Заб. 26:1–3 жырында адамдар көрсеткен қандай бақытсыздықтар туралы айтылады? Жыршы сол бақытсыздықтарға қалай қарайды?
Б. Заб. 26:5–10 жыршы қандай сенім туралы айтады? Ол бұл сенімділікке қалай ие болды? Біз жыршыдан нені үйрене аламыз?
4) Аян. 2:10 оқып шығыңыз.
A. Кейбір сенушілерге қандай азаптар туралы алдын ала айтылған?
Б. Сондай азаптардың алдындағы өз қорқыныштарын сол сенушілер қалайша жеңе алады?
B. Өз қорқыныштарын жеңіп, Мәсіхке адал қалған сенушілерге Құдай нені уәде етеді?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
Келесі сөздерді жазып, оны көзге көрінетін жерге іліп қойыңыз (тоңазытқышқа, көлікке, жазу үстеліне және т.с.с.): «Соңында бәрі жақсы болады. Егер әлі барлығы жақсы болмаса, демек, бұл әлі ақыры емес».
14 Тарау
Бір ақылға қонымды қорқыныш
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Мәсіхті жақыннан танып білуге талпынғанда, күллі қораптар жарамсыз болып қалады».
А. Сіз Мәсіхті қандай қорапқа салуға тырысудасыз?
Б. Неге Мәсіхті қорапқа сыйғызу мүмкін емес?
2) «Нұрлы салтанатымен көрінген Мәсіх, осылайша, пәк таза Мәсіх болып табылады. Бұл шынайы Иса, Өзінің аппақ киімімен Бетлехемнен айқыш ағашқа дейін жүріп өтті».
А. Неліктен Нұрлы салтанатымен көрінген Мәсіх, осылайша, пәк таза Мәсіх болып табылады?
Б. Нұрлы салтанатымен көрінген Мәсіхтің сіздің ойыңыздағы бейнесі, тағдыр тауқыметіне сіздің көзқарасыңызды өзгерте ала ма?
3) «Мәсіхке ешкім тең келмес. Тек бір ғана күркені салу керек, өйткені сол тауда болғандардың арасында тек Жалғыз Иса ғана құрметке лайық».
А. Иса Мәсіхке тең келетін ешкім екенінен, сіз сенесіз бе? Түсіндіріп беріңіз.
Б. Мәсіхті бәрінен көбірек құрметтеген жөн екендігін Құдай сізге түсіндірген басқа жағдайды атап айтыңызшы.
4) «Таудағы нұрлы салтанат көктегі қорқынышты туғызды. Ақылға қонымды, киелі қорқыныш. Петір, Жақып пен Жохан жанын нығайтатын үрейлі қорқынышты, жалғыз Құдайдың алдындағы сауықтырушы қастерлі қорқынышты сезінді».
А. Сеніміңізде сізді қандай қорқыныш нығайтқан болар еді? Құдайдың алдындағы қандай шынайы қастерлі қорқыныш, орнықсыз әрі зұлымдыққа толы дүниеде сізге табандылық берген болар еді?
Б. Көне Өсиеттегі кейіпкерлердің қайсыбіреуі таудағы қорқынышты бастан кешірді? Оның Құдай туралы пікіріне бұл қалай ықпал етті? Бұл оның өмірін қалай өзгертті?
5) «Сіз мұндай қорқынышты қашан сезініп едіңіз? Сіз осындай қорқынышты қашан сезінген едіңіз? Мәсіхпен жаңадан кездескенде ме, сүрініп-жығылғанда ма, әлде тынысыңыз тарылғанда ма? Сіз Оның ұлылығының салтанатты нұрын сезініп, қорыққаннан тіліңіз байланып, қалшиып тұрып қалдыңыз ба? Егер бұлардың барлығы әлдеқайда бұрынырақ болса, сіздің қорқыныштарыңыз осымен түсіндіріледі. Мәсіх ұлы болғанда, сіздің қорқыныштарыңыз түкке тұрғысыз болып қалады».
А. Осы сұрақтарға жауап беріңіз.
Б. Мәсіхтің ұлы бейнесі неліктен біздің қорқыныштарымызды әлсіретеді?
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Мат. 17:1–8 оқып шығыңыз.
А. Неліктен Иса өлімінің алдындағы Оның салтанатты ұлылығын, Өзінің жақын үш шәкіртінің көргенін қалады деп ойлайсыз?
Б. Қалайша қорқыныш бір мезгілде ақылға қонымды әрі киелі болуы мүмкін? Мұндай қорқыныш қайдан келеді? Иса шәкірттеріне қорықпаңдар деп айтқанда, Ол нені меңзеді?
2) Тім. 1-хаты 6:13–16 оқып шығыңыз.
А. Құдай ешкім жақындай алмайтын нұрда тұрады деген сөз, сіз үшін нені білдіреді?
Б. Сіздің ойыңызша, Тім.1-хаты 6:15–16 аяттар біздің ақыл-ойымызға қалай ықпал етеді? Құдайдың бұл бейнесі бізде қандай қорқынышты туғызады және қандай себеппен?
3) Пет. 2-хаты 1:16–19 оқып шығыңыз.
А. Исаның нұрлы салтанаты Петірдің жүрегінде қандай әсер қалдырды?
Б. Пет.2-хаты 1:19 аятта бізге қандай іс жүзіндегі тәлімдерді береді? Оның тәлімдері киелі, парасатты, пайдалы қорқынышқа бізді қалай жетелейді?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
Киелі кітаптағы: Мат. 17:1–8; Мар. 9:2–8; Лұқа. 9:28–36; Пет.2-хаты 1:16–18 Исаның нұрлы салтанаты жайлы төрт басты әңгімені мұқият оқып шығып, салыстырыңыз. Осы мәтіндерден сіз тапқан, әңгіменің құрамдас бөліктерінің тізімін құрыңыз. Тек Исаның нұрлы салтанаты жайлы ғана емес, сондай-ақ сол уақиғаның Петірге, Жақыпқа және Жоханға қалай ықпал еткені жайлы ойлануға уақыт табыңыз. Макс Лукадоның кітабындағы келесі сөзді әрқашан есіңізге алып жүріңіз: «Жалғыз, жоғары мәртебелі Жаратқан Ие, Киелі Құдайға ұзақ әрі терең оймен қараңыз. Сонда Мәсіхтің Өзінің алдындағы қорқыныштан басқа, сіздің қорқыныштарыңыздың бәрі, шілдедегі асфальт жолдағы мұз іспетті еріп кетеді».
Эпилог
Уильямның жыры
ҚОРҚЫНЫШТЫ ЗЕРТТЕУ
1) «Қорқыныш оңай дүрбелеңге салынып, байбалам салатын қалың тобырды ұнатады».
А. Неге қорқыныш жұқпалы?
Б. Қалың тобыр халықпен бірге дүрбелеңге салынбау үшін, сіз қалай өзіңізді тоқтата аласыз?
2) «Бұрын-соңды болған кез келген мәдениетке қарағанда, қазіргі мәдениетте жоғары алаңдау тән. Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан бері, алғашқы рет ата-аналар, олар өздері өмір сүрген заманға қарағанда, келесі ұрпақтар одан да нашар өмір сүретін болады деп есептейді».
А. Қалай ойлайсыз, неліктен біздің мәдениетімізге жоғары алаңдау тән?
Б. Ата-аналарымыз өмір сүрген заманға қарағанда, сіз келесі ұрпақтар одан да нашар өмір сүретін болады деп есептейсіз бе? Түсіндіріп беріңіз.
3) «Тыныштық сақтап қалатындардың арасында болайық. Қауіп-қатерді мойындап, бірақ басымызды жоғалтып алмайық. Біз барлық уақытта бір нәрсеге тәуекелге бел байлайтынымызды есте сақтайық, бірақ қорқынышқа берілмейік».
А. Сіз қалай қорқынышты мойындап, бірақ басыңызды жоғалтпау керектігін баяндап беріңіз.
Б. Қауіп-қатерлер сіздің мінез-құлқыңызға қалай ықпал етпеуіне, сіз қалай қол жеткізген болар едіңіз?
4) «Үмітсіздік зары, бәлеге ұшырағандардың ыңырсуы жетер. Уолл-стриттің қаһарлы көріпкелдері мен газеттегі қорқыныштарды сатушыларға қашанға дейін құлақ асуға болады, жетер? Біз құлағымызды түріп, бар назарымызды басқа жаққа — көкке бұрайық. Жаратушымызға бет бұрайық, сонда азырақ қорқатын боламыз».
А. Сіздің жүрегіңізге қайсысы көбірек үміт ұялатады: «Уоллстрит джорнэл» оқу ма, әлде Киелі кітапты оқу ма? Неге?
Б. Неліктен Жаратушымызға бет бұрғанда, біз азырақ қорқатын боламыз?
5) «Жаратқан Ие сені ешқашан ұмытпайды. Киелі кітап — Оның Сөзі. Ол — ізгі Бағушы. Ол сені сүйеді, Және Ол Өз халқын тастамайды да».
А. Жаратқан Ие сізді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды», деген шындықтың сіз үшін нені білдіреді?
Б. Жаратқан Ие — ізгі Бағушы екендігіне, сіз қалай көз жеткізе аласыз?
ҚОРҚЫНЫШТЫҢ БЕТ ПЕРДЕСІН АШУ
1) Нақыл. 29:25 оқып шығыңыз.
А. Қорқақтарды не күтеді?
Б. Өз қорқыныштарына қарамастан, Құдайға үміт артатындарды не күтіп тұр?
2) Иш. 8:12–14 оқып шығыңыз.
A. Иса Өзінің отандастарын қандай қорқыныштан сақтандырады?
Б. Олар қандай қорқынышты сезінуі тиіс?
B. «Осы жерде және қазір» тіршілік еткенде сол әділ қорқыныш оларға қалай көмектеседі?
3) Евр. 13:5–6 оқып шығыңыз.
A. Еврейлерге арналған хаттың туындыгері, қолымыздағы барға қанағат етудің қандай себебін айтады?
Б. Еврейлерге арналған хаттың туындыгері бізге қандай уәдені жеткізеді?
B. Осы уәдеге хаттың туындыгері бізден қандай жауапты күтеді?
ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС
Құдайдың аузынан шыққан, Жазбадағы келесі аят туралы апта бойына ойланыңыз: «…Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын» (Евр. 13:5). Өз уәделеріне Оның адал болғаны үшін Құдайды мадақтап, алғыс айту үшін, әр күннің соңында он минуттай уақыт бөліңіз.
ЕСКЕРТПЕЛЕР
1
The Report Newsmagazine, January 22, 2001, Candis McLean. http://www.findarticles.com/plarticles/m-hb3543/is-2001/01/ai-n8359052?tag=content; coll
2
Синодалдық аудармада: «үрейлері ұшып». —
3
Shelley Wachsmann, The Sea of Galilee Boat: An Extraordinary
4
Walter Brueggemann, «The Liturgy of Abundance, the Myth of Scarcity»,
5
Дин Мартин — американдық әнші әрі актер. —
6
Rabbi Shmuley Boteach,
7
John Bentley, туындыгерге электрондық пошта арқылы жолданған хат. Рұқсатпен босатылады.
8
«Women of Faith» үшін электрондық пошта арқылы жолданған хат, September 6, 2008. Рұқсатпен босатылады.
9
Калифорния штаты, Пасадена қ. студеннтік футболдың екі ең жақсы тобының жыл сайынғы жарысы, 1902 ж. бастап өткізіледі, ал 1932 ж.бастап — «Қызғылт тостаған» стадионында өткізіледі. —
10
«Ұзын аяқтылар» — техастықтардың лақап аты. —
11
Ken Rodriguez, «History Keeps Digging Its Horns into Texas Receiver»,
12
Епископ Кассианның (Безобразов) редакциясының басшылығымен жазылған грек тіліндегі аудармасындағы Жаңа Өсиетте былай делінген: «…біз — өзіміздің шынайы жолда екендігімізді біліп, Құдай алдында жүрегіміз орнығады, Себебі егер жүрегіміз бізді айыптаса да, Құдай жүрегімізден жоғары ғой, Ол бәрін де біледі» (Жох. 1-хаты. 3:19, 20). —
13
Букер Талиафер (Тальяферро) Вашингтон (1856–1915) — американдық қара нәсілділердің білім алуы үшін күрескен қайраткер, оратор, саясаткер, жазушы. —
14
15
Туындыгер қолданатын аудармада былай жазылған: «…олардың орташа сегіз айлық жалақысы». —
16
Bradford Torrey,
17
Туындыгер келтірген, заманауи ағылшын тіліндегі аудармалардың бірінде былай делінген: «қандай да бір мағынада, ол ұлын өлімнен тірілтіп алды». —
18
Shelley Wachsmann, The Sea of Galilee Boat: An Extraordinary
19
Льюис К. С.
20
Joshua Previn and David Borgenicht,
21
22
Pierre Benoit,
23
24
The Message аудармасында. —
25
Yann Martel,
26
Ibid.
27
28
Пегги Нельсонмен сұхбаттан үзінді. Рұқсат етілген.
29
Александр Солженицынның «Архипелаг ГУЛАГ» кітабынан, бүкіл әлем дәрігер Борис Корнфельдтың өмір сүргені жайлы білді, бірақ бұл кітапта да туындыгер оның өлімі жайлы егжей-тегжейлі мәліметтер жазбаған. Павел Стефановскийдің өмірбаяндық повесінде басқа мәліметтерді табуға болады:
«Батыстық украиндықтардың өздерінің барлауы және қарсы барлау қызметі ұйымдастырылған болатын, бұлар лагерде Кеңес Одағындағы бұрынғы ірі қызметкерлермен және жасырын хабар беруші сатқындармен күресті жалғастырған, осындайларды анықтап, оларды аяусыз өлтіретін. Мұндай лаңкестік әрекеттер әдетте таңертең, ұйқыдан тұра салысымен-ақ жүзеге асырылатын. Өлімге кесілген қылмыскер, әлі ұйқысынан оянып үлгірмеген кезде, іске асырылатын, алғашқы секундта ол өзінің өмірінің қайғылы аяқталып жатқанын, түсіне алмайтын. Есірткі егіп алған, екі жап-жас орындаушы-жігіттер, әлі ешкім ұйқысынан тұрмаған кезде, санаулы секундтар ішінде жай түскендей қас қағым сәтте дәрменсіз жатқан байғұсқа 10–12 рет пышақты сұғып, тура сондай жылдамдықпен шұғыл барактан шығып кететін. Кейде қарапайым сылақ аспаптары немесе қолдан жасалған балға қару-жарақ ретінде қолданылатын, олармен одан да тезірек, 1–2 секундтың ішінде, бас сүйегін шауып тастайтын. Дәрігер Борис Корнфельд айыпсыз болса да осылай өлім құшқан, бұл жөнінде Александр Солженицын «Восхождение» кітабының бірінші тарауында, «Архипелаг ГУЛАГ» кітабының төртінші бөлімінде толығырақ жазған. Дәрігер Борис Корнфельд жақсы дәрігер, өте мейірімді әрі ақкөңіл адам болған. Өзінің ақкөңілдігі мен тұтқындардың өтінішінен бас тарта алмағандықтан, ол қаза тапты. Соғыс майданында алған жарақаттан кейін, бас ауырып қиналғанын айтып, батыстық украиндықтардың басшысы, бірде одан аздап есірткі беруін сұрайды. Борис, есірткінің шын мәнінде қандай мақсатпен қолданылып жатқанынан ешбір хабарсыз болатын, ол дәрігерден «науқасқа» көмектескені жөнінде тіс жармауын өтініп, оған шошқаның майын беріп, ризашылығын білдіреді. Бір аптадан соң өтініш қайталанады, бұл қаншалықты қауіпті, тіпті қылмыс болғанына қарамастан, «науқас» тағы да көмек алады да, қайтадан шошқаның майын беріп, дәрігерге ризашылығын білдіреді. Сонан соң ешбір майсыз-ақ, опасыздық әрекеттер мен қоқан-лоқы көрсету басталды, Борис сол топты есірткімен жабдықтаудан бас тартқанда, «науқастарды» сатып қоймасын деп, оны өлтіріп тастады (Стефановский П. П. Тағдыр тәлкегі. М.: РУДН баспасы, 2002–2003. 2-кітап: КГБ — ГУЛАГ. С. 116).
Сонымен бірге, Семен Бадаштың «Солженицынге ашық хаты» бойынша (http://www.vestnik.com/issues/2003/0723/koi/badash.htm), ГУЛАГ-тағы астыртын құпия әрекет батыс украиналық емес, интернационалдық болып шықты. Оған украиндықтар да, еврейлер де, орыстар да, кавказдықтар да кірген… «Өлім жазасын» орындаушылар шын мәнінде жиі бандеровтіктер болған. —
30
Charles C'olson,
31
Martin Luther, «А Mighty Fortress», Hymnsite.com, http://www.hymnsite.com/lyrics/umh110.sht.
32
33
34
Peter Lewis, The Glory of Christ (London: Hodder and Stoughton, 1992), 235.
35
Aleksandr I. Solzhenitsyn, The Gulag Archipelago, 1918–1956:
36
Әйгілі жүзуші, олимпиядалық чемпион. —
37
Michael P. Mayko, «Stamford Man Faces Federal Charges in Bomb Threat»,
38
Walter Brueggemann, «The Liturgy of Abundance, the Myth of Scarcity»,
39
Anup Shah, «Poverty Facts and Stats», «World Bank Development Indicators 2008» алынған дәйексөздер, http://www.globalissues.org/article/26/poverty-facts-and-stats.
40
Thomas Carlyle, QuoteWorld.org, http://www.quoteworld.org/quotes/2411.
41
42
Bob Russell, «Favorites of Bob Russell», CD (Louisville, KY: Southeast Christian Church, 2005).
43
44
Ibid.
45
Роберт Грин Ингерсолл (1833–1899) — американдық заңгер әрі публицист (көркемсөзші). —
46
John Blanchard, Whatever Happened to Hell? (
47
48
Шекспир У.
49
50
Benjamin P. Browne,
51
Jennie Yabroff, «Take the Bananas and Run»,
52
53
Joanna Bourke,
54
Петри тостағаны — аласа цилиндр пішінді зертханалық ыдыс. Микроағзалардың отарының дақылдарын өсіру және егу үшін микробиологияда кеңінен қолданылады. Осы мақсат үшін Петри тостағаны қоректік ортамен толтырылады, оған микрағзалардың дақылдарын егу жүргізіледі —
55
John Zarrella and Patrick Oppmann, «Pastor with 666 Tattoo Claims to Be Divine», CNN.com, February 19, 2007, http://www.cnn.com/2007/US/02/16/miami.preacher.
56
dc Talk and the Voice of the Martyrs,
57
Global Evangelization Movement, «Status of Global Mission, 2001, in Context of 20th and 21st Centuries», Worldwide Persian Outreach, http://www.farsinet.com/pwo/world-mission.html.
58
59
Американдық жазушы Элеанор Портердің балаларға арналған кітабындағы кейіпкерлер (1868–1920). М. Флокердің «Тәтті өмір» кітабында (СПб.: Редфиш. ТИД Амфора, 2005. С. 76) оған мынадай сипаттама беріледі: «Адам мінез-құлқының орасан зор көрмесіндегі ең жеркенішті кейіпкерлердің бірі — ашық-жарқын ақымақ қыз Поллианна. Көңілді, өткір, өжет, алғыр, ешбір себепсіз күлімсіреп жүретін, тілалғыш, момын қыз. Алайда бұл өмірде өзін ұстаудың ең жақсы әдістері емес-ті…» —
60
Frederick Dale Bruner,
61
Әр түрлі ағылшын тіліндегі аудармалар Мат. 24:6. —
62
William J. Broad, «Scientists’ New Findings Link Titanic’s Fast Sinking to Rivets»,
63
Dorothy Bernard, The Quotations Page, http://www.quotationspage.com/quote/29699.html.
64
Туындыгер Киел кітаптың 1978 ж. ағылшын тіліндегі аудармасын қолданады (МУ). Орыс тіліндегі Синодалдық аудармада: «…бұлардың барлығы — босанар алдындағы «толғақтың» бастапқы азабы іспетті ғана». —
65
66
Thomas Howard,
67
Ellen F. Davis,
68
69
Joanna Bourke,
70
71
Ibid., 68
72
73
«Пайонир Байбл транслейторс» (Pioneer Bible translators) — Киелі кітапты дүние жүзіндегі барлық тілдерге аударуды өзіне мақсат етіп қойған, ұйым. —
74
Greg Pruett, «President’s Blog», Pioneer Bible Translators, February 27, 2008, http://www.pioneerbible.org/cms/tiki-view-blog-post.php?blogld=2&postld=9.