## Дауылға қарсы тұру #### Оқу құралы ### Кіріспе #### Дауылға қарсы тұру *Құйын өтіп кетсе арамза ғайып болар, ал әдлдің негізі мәңгі берік болар.* Нақ. сөздер 10:25 Мәсіхшілер жеңіл, бейғам өмірге жалған үмітпен өмір сүрумен өздерін алдаудың қажеті жоқ екендігін барған сайын көбірек түсіне бастады. Исаның Өзі осы туралы айтқан болатын. Бүгінгі таңда дүние жүзінің көптеген елдеріндегі Исаның соңынан ерушілер Оның сөздерінің шынайылығын өздерінің басынан өткізіп жатыр. **Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар; Мен осы дүниені жеңіп шықтым. \(Жох. 16:33\)** Сондықтан да, сынақтарға орай дұрыс әрекет ету, бұл қудалау мен азаптардан аулақ болуға тырысу емес, осы сынақтарға қарсы тұрып, сенімді сақтап қалу тілегі болып табылады. Әрине, біз өміріміздегі төгіліп жатқан көз жасымызды мойындауымыз керек, бірақ бір күні Құдай көз жасымызды сүртетін күн туады. Біз ойын алаңына емес, соғыс алаңына ұсқайтын әлемде өмір сүреміз. Сондықтан да, бізге Ефестіктерге арналған хаттың 6-тарауындағы Құдайдың рухани қару-жарағымен жабдықталу туралы сөздерге байыптылықпен ден қойып, ойлану қажет. «Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін, күресіп жеңіп шыға аласыңдар» \(Еф. 6:13\). Сонымен қатар біз Исаның да сөздерін есімізден шығармаймыз: «Осы айтқандарымды тыңдап, оларды орындаған әркім үйін берік тастың үстіне қалап салған көреген адамға ұқсас болады. Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол құламайды. Себебі оның іргетасы берік тасқа қаланған» \(Мат. 7:24–25\). Иса дауыл бетімізге соқпайды деп уәде берген жоқ, алайда Ол берік негізге салынған үй кез-келген дауылда құламайтынына көзімізді жеткізді. Берік негіз дегенде біздің Исаның сөзін тыңдап қана қоймай, сонымен қатар Оған мойынсұнатынымыз тұспалданады. Құдай Сөзіне осылайша мойынсұну біз тіпті ең қатал қудалау кезінде сенімімізден таймайтынымыздың кепілі бола алады. Курсымыздың мақсаты — бізге кез-келген жағдайда сенімімізден таймауға көмектесетін өмірлік маңызы бар Киелі кітаптық ақиқаттарды табу. Әлемнің кейбір өңірлерінде сенушілердің қудаланғанына қарамастан рухани ояныш болады. Құдай Өзінің соңынан ерушілердің сенімін азаптар отымен тазартады. Қауымдардың құрылымы өзгереді және адамдар өздерінің құндылықтарын ой елегінен қайта өткізе бастайды. Қауымның өзі өзінің негізгі құндылықтарына қайта оралады. Мәсіхке сенетін адамның жаңа тұлғасы қалыптасады. Тұлғаның шынайы өзгеруінің мағынасын Пауылдың сөздерінен табуға болады: «Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз» \(Рим. 8:37\). Сонымен бірге қиындықтарға төзіп, жеңіп шығатындар туралы Жоханның Аян кітабында да айтылған. Бұдан әрі айтатын болсақ, қудалауға ұшыраған мәсіхшілерге елу жылдан астам қызмет еткен уақыттың ішінде \(біз оларға Киелі кітаптар жіберіп отырдық және оларды жігерлендірдік\), біздің миссиямыздың қызметкерлері қудаланғандардың тәжірибесі, біздің әрқайсымызды Киелі кітаптық шындықтарды күнделікті өмірімізде қолдануға үйрете алатынына көздерін жеткізді. Бұл туралы Қорынттықтарға арналған екінші хатта елші Пауыл да айтады \(1:3–4\). **Құдай — қайырымды Әкеміз, жұбаныш пен жігер атаулының бастауы. Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз.** Нұсқаулығымыздағы әр сабақ қудаланған деп аталатын Қауымның мәсіхшілерінің тірі куәлігін көрсетеді. Олар біздің көзқарасымыз бойынша еркіндігі азайып келе жатқан, еркін әлемде өмір сүріп жатқан бауырластарымен өз тәжірибесімен бөліседі. Олардың куәліктерінде барлық мәсіхшілер үшін рухани жаңарудың тұқымдары жасырылған деп есептейміз. Сонымен қатар біз «соңғы уақытта» өмір сүріп жатқанымызға кәміл сенеміз \(Мат. 24 мен Мар. 13 қараңыз\). Осы «соңғы күндері» мәсіхшілерге сенімдерін сақтап қалу қиынырақ болады, сондықтан да, бізге Мәсіхтегі өмірімізге және Оның өлімнен қайта тірілген өмірінің құдіретіне жаңа көзқараспен қарап шығу қажет. Киелі Жазба Құдай жалғыз бір мақсатты ғана көздейтінін үйретеді: Ол бізді Өзінің рухани Ұлының бйнесіне ұқсатып, өзгертуге ұмтылады. Ал Оның Ұлының бейнесіне ұқсау деген нені білдіреді? Бұл сұраққа жауапты Исаның сөздерінен табуға болады. «Себебі Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра, Өзіме қызмет еткізу үшін емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеп жанымды қию үшін осы дүниеге келдім» \(Мар. 10:45\). Сонымен, Құдай біздің де өмірімізде осылай әрекет еткенімізді қалайды деп сенімділікпен айтуға болады — ізгі ниетпен және кішіпейілдікпен басқа адамдарға көмектесу үшін жанымызды құрбан ету. Құдай бізді Өзінің отбасына Ұлына деген сенім арқылы алып келеді, содан кейін Мәсіхті бірегей тұлға еткен қасиеттерді біздің бойымызда да тәрбиелейді. Біздің бойымызда Оның қызмет етуге дайын жүрегі мен Оның құрбан етуге дайын рухы болуы тиіс. Мәсіхшілер өте жиі өздерінің негізгі шақыруын ұмытып кетеді. Мәсіхшіліктің ең танымал белгілері — айқыш ағаш, балық және Киелі Рухты бейнелейтін кептер болып табылады. Бәлкім, Исаның кішіпейілділікпен қызмет етіп, Өзінің шәкірттерінің аяқтарын жуып, сүрткен сүлгісі ең аз танымал, ең қолайсыз белгі болып көрінетін шығар, алайда бұл кішіпейілдіктің тиісті белгісi болып табылады. Мәсіхшінің тағы бір мықты бейнесі — күресіп жатқан жауынгер. Тарихта мәсіхшілер басқа халықтарға қарсы қолына қару алып шыққан кездер және тіпті мәсіхшілерге қарсы шыққан жан түршігерлік тарихи оқиғалар да бар, сондықтан осы белгіні қолданған кезде бізге абай болу керек, әйтпесе кейбір адамдар мұны тәндік күш көрсету қауіпі бар деп дұрыс түсінбей қалуы мүмкін, ал бұл мүлде Киелікітаптық тәлімге қарама-қайшы келеді. Алайда біз Жаңа Келісімдегі рухани соғыста белсенді күресіп жүрген, Мәсіхтің жауынгер бейнесінен бас тарта алмаймыз, сондықтан да осы нұсқаулықта біз жауынгер-қызметшінің бейнесін қолданатын боламыз. Амбонда \(Индонезия\) 1999 жылдың басында «Мәсіхтің жауынгерлері» атты жастардың мәсіхшілер лагері ұйымдастырылды. Осы лагерге ашуланған мұсылман экстремистер шабуыл жасады, олар Рой Ронтон есімді он бес жасар баланы ұстап алып, оны тергей бастады. «Сен кімсің?» — деген сұраққа, ол: «Иса Мәсіхтің жауынгерімін», — деп жауап берді. Ашуланған экстремистер оның сол қолын шауып тастады. Тергеу әрі қарай жалғасты: «Сен кімсін?». Рой тағы да: «Иса Мәсіхтің жауынгерімін», — деген жауап қатты. Сол кезде оның оң қолын шауып тастады. Оны «Аллах акбар» деген сөздерді айтуға мәжбүрлеген кезде, ол: «Менің білуімше, тек Иса ғана жалғыз Тәңір», — деп жауап берді. Осыдан кейін ашуланған баскесерлер оның ішін жарып тастап, тағы да «Сен кімсің?» деген сұраққа жауап талап етті. Рой соңғы күшін жинап: «Мен — Иса Мәсіхтің жауынгерімін», — деп жауап берді. Оның басын шауып, ал денесін арыққа лақтырып жіберді. Егер сіздер осы қайғылы оқиғадан бұрын онымен сөйлескен болсаңыз, оның бойынан осындай батылдық пен Исаға деген адалдықты байқамас та едіңіз. Алайда Рой абыроймен осы сынақтан өтті. Ол Тәңір Иесінің жанына жеңіпмаз ретінде барды. Біздің материалымызды сенім адамдары оқиды деп ойлаймыз, өйткені барлық қиындықтарды жеңіп мәсіхшілік өмір сүру қиын, бұлай өмір сүру сенімсіз тіпті мүмкін емес те. Жиі біз Құдайға сену біздің парызымыз немесе біздің Құдайға қайтып беруге міндетті нәрсе сияқты сезінеміз. Шын мәнінде біз тіпті өздігімізден Құдайға сенім де арта алмаймыз және Құдайға еш нәрсе бере де алмаймыз. Біз Оған толық сенім артуымыз қажет, тіпті сенім артуымызда да. Біз сенімді Оның берген қымбат сыйы ретінде қабылдаған кезде, біз күнәні жеңіп, барлық сынақтардан абыроймен өтетін боламыз. Егер біз тек өзіміздің әлсіз сенімімізге сенім артсақ, әліміз келмейтін еді. Сенім азаптардан азат етпейді, алайда ол бізге азаптарды жеңуге әрдайым күш береді. Мәсіхшілерді қудалайтын елдің бір қауым қызметшісі мына әңгімені айтып берді: «Біздің өмірімізді буда тамақ пісіретін ыдысқа ұқсатуға болады, тірі қалу үшін, біз жоғары қысымның астындағы будан сынақтан өткен сенімге ие болуымыз қажет. Біздің жастарымыз Мәсіх оларға жақсырақ өмірді уәде еткендіктен және «Оған деген сенім сәнді болғандықтан» қабылдамайды, олар Ол үшін өмірлерін қиюға тұрарлық нәрсе екенін түсінеді. Олардың Исаның шәкірттері болуының ақыры дәл осындай болатыны әбден ықтимал». Осы нұсқаулықта біз қудалалау мен қудалаудың нәтижесі — азаптар мен қайғының деректерін зерттейміз. Осы қудалаулар мен қайғы арқылы шайтан біздің жүрегімізде үмітсіздік сезімін тудырып, қорқытып, ақыр соңында сенімімізден тайдырғысы келеді. Біз шайтанның өтірігін ашып, Құдайға деген сенімді қалай сақтау керектігін көрсетеміз — бұл адамның рухы үшін өзгеше оттегі іспетті. 1980 жылдары «Ашық есік» миссиясының қызметкері Вьетнамдағы бір бағушыға барды, ол бағушы тез өсіп келе жатқан бір қауымның жетекшісі екен. Ол билік иелерінің оны түрмеге жабамыз деп қорқытып жүргені туралы біледі. Бағушы біздің әріптесімізге былай депті: «Бұл ерте ме, кеш пе болатынын білемін. Олар мені түрмеге отырғызған жағдайда, мен өз адамдарымды дайындап қойдым. Мен бұған дайынмын». Бағушының осы жауабында үш саланы көруге болады: • Интеллектуалды \(зиятты\): «Мен мұның болатынын білемін». • Іс жүзінде: «Мені түрмеге отырғызған жағдайда, мен өз адамдарымды дайындап қойдым». • Рухани: «Мен бұған дайынмын». Біздің нұсқаулығымызда діни қудалаулар жағдайындағы мәсіхшілердің өмірінің барлық үш саласын да зерттеуге тырысамыз. Осылайша, интеллектуалды \(зиятты\), іс жүзіндегі және рухани жағынан — кітаптың негізгі түсініктеріне талдау жасалады, атап айтқанда — айқыш ағаш, қауым, келіспеушілік, жеңіп шығудың мүмкіндіктері мен қорлары, рухани жеңіске дайындық, жеңіс. Қосымшада семинарларды өткізуге арналған ұсыныстар, әділ соғыс пен темір перде қираған соң бұрынғы социалистік елдеріндегі сенушілердің өмірлерінен алған сабақтар бар. Нұсқаулыққа үйренушілерге арналған жұмыс дәптері қоса беріледі. Ең соңғы ұсыныс: бірінші тарауды оқып-зерттеместен бұрын Ишая пайғамбардың кітабының 52, 53-тарауларын оқып шығыңыз. # І БӨЛІМ ## Айқыш ағаш ### Бірінші тарау #### Біздің бірегей Құтқарушымыз *Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді.* Евр. 13:8 Назареттік Исаның үш сипаттамасы, Оның тұлғасының бірегейлігін растайды: **1. Иса Мәсіх — тарихтың, Киелі кітаптың және Қауымның басты тұлғасы.** Осы қасиеттерімен Ол — жер бетінде өмір сүрген адамдардың ішінде ең бірегей тұлға екенін білдіреді, Оның есімі барлық есімдерден жоғары. Құдай бола тұра, Ол адам кейпіне еніп, біздің арамызда өмір сүрді. Ол толығымен Адам және толығымен Құдай болды\! \(Філ. 2:6–11 қараңыз\). **2. Иса Мәсіх — бүкіл өркениеттің ортасы.** Ол — айналасында бүкіл құдайтануымыз айналып тұрған өзек. Ол — мәңгіліктің уақытпен қиылысатын нүктесі. Ол әлем жаратылмастан бұрын бүкіл жаратылысты Өзіне жақын тартқан Құтқарушы \(Қол. 1:15–17 қараңыз\). **3. Иса Мәсіх — Құдайдың толық аяны.** Ол мінсіз Сөз бен Адам кейіпіне енген Құдай. Ол құдіретті Құдай Ұлы және адамзатты сүйетін Құтақарушы \(Жоқ. 1:1–18\). Ол — қайталанбас Үлгі мен бастаушы Ұстаз, мейірімді Билеуші және Дана Тәлімгер, жанашыр Жұбатушы және құдіретті Шипагер, сенімді Құтқарушы мен толық құқыққа ие Құн төлеуші, жақын әрі адал Дос, біздің киелі әрі рақымды Тәңіріміз. Ол Көне келісімдегі үш қызметтің атқарушысы, атап айтқанда Пайғамбардың, Діни Қызметкердің және Патшаның қызметін атқарушы \(Евр. 10:19–23, Аян 7:14 қараңыз\). Бір белгісіз туындыгер Исаның өмірінің мәні туралы әңгімесінің соңында былай деген екен: «Жер бетінде сап түзеген бүкіл әскерлер, мұхит кеңістігімен жүріп өткен бүкіл флот, осы жер бетінде билік еткен барлық патшалар және жер бетінде болған барлық үкімет иелері — осылардың барлығы қосылып, адамның өміріне осы бір адамның өмірі әсер еткендей әсер ете алған жоқ\!» Сонымен, Иса — Патшалардың Патшасы мен Тәңірлердің Тәңірі\! Иса — шынайы патша болғанмен, Ол осы жер бетіне Өзінің лауазымының ұлылығынан ләззат алу үшін келген жоқ, қайта адамдарға қызмет ету үшін келді. Ол кедейлердің отбасында өмірге келіп, қарып-қасірлер мен шеттетілген адамдарға бүкіл өмірін арнады. Ол — Патша, бірақ адамдардың қолынан азап шегіп, айқыштағы масқаралық өлімді бастан кешіру үшін келді және Құдайды мадақтап, шайтанды жеңу үшін келді. Иса туылмастан 600 жыл бұрын пайғамбар бірегей Нәрестенің дүниеге келуін алдын ала айтты, Ол Пәк қыздан туылып, Еммануил деген есімге ие болады, бұның мағынасы: «Құдай бізбен бірге» дегенді білдіреді \(Ишая 7:14 қараңыз\). Пайғамбар Өзінің пайғамбарлық сөзін толығымен бірегей атақтармен толықтырды: «Керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын әмірші» \(Ишая 9:6 қараңыз\). Бұдан да толығырақ пайғамбар азап шегіп жатқан Исаның бейнесін суреттеді. ##### АЗАП ШЕГУШІ ҚЫЗМЕТШІ Иса патшалық еткен жоқ, қайта қызмет етті және Киелі кітап азап шегуші қызметші — Исаның нақты бейнесін береді. Оның бұл қызметші дәрежесі Ишая пайғамбар арқылы алдын-ала айтылған болатын. Қызметінде азап шегу қызметінің шарықтау шыңы — Ғолғотадағы айқыш ағаштағы азапты қабылдауы. Азап шегуші қызметшінің киелікітаптық тақырыбын рет-ретімен қарастырып шығайық. **1. Иса бізге қызмет етудің үлгісін көрсетті** Ол Патша болғандықтан Оған қызмет етуді қабылдауға толығымен билік пен құқыққа ие болғанына қарамастан, осы әлемге Оған адамдар қызмет етуі үшін емес, қайта Өзі адамдарға қызмет етуі үшін келгенін Өзі айтты \(Філ. 2:7\). Өз тәлімінде Ол әдеттен тыс пікірлерді айтты: «Өлудің мағынасы — өмір сүруді, жоғалту — ие болуды, қызметші ретінде қызмет ету — билік етуді білдіреді» — деді. **2. Киелі кітаптың туындыгерінің сомдаған Исаның ең шынайы әрі нақты бейнесі — бұл азап шегуші қызметшінің бейнесі болып табылады.** Бұл айқыш ағашқа шегеленген Иса. Ишая Иса дүниеге келместен 600 жыл бұрын, Оның айқыш ағашқа шегеленуін алдын-ала айтқан болатын. **3. Ишая Исаға азап шегуші қызметшінің рөлін алдын-ала болжап айтты** Ишаяның пайғамбарлық сөздерінде біз «қызметшінің 4 өлеңін» таба аламыз. Олардың ішіндегі ең танымалы — шарықтау шегі, төртіншісі, бұл өлеңдегі әрбір сөйлем, әрбір сөз ерекше назарды талап етеді. Басқа да барлық өлеңдердегі сияқты бұл өлеңде де поэтикалық параллелизм әдісі қолданылған, оны оқыған сайын біз көбірек аяндар аламыз. Өлеңді әрқайсысында үш аяттан, бес үзіндіге бөлуге болады: ***\(Тәңір Ие былай дейді:\) «Біліп қойыңдар, Менің Қызметшім ақыл-парасатпен әрекет жасайды. Ол беделі артып, дәрежесі жоғары көтеріліп, ұлан-ғайыр дәріптелетін болады. Оған қарап көпшілік аң-таң болды. Себебі Қызметшімнің ұсқынының бұзылғаны сонша, тіпті адам сияқты көрінбеді. Оның түр-тұрпаты адам баласына ұқсамай қалды. Қызметшім көптеген халықтарды қайран қалдырады. Оның алдында патшалар да ауыздарын жабатын болады. Себебі олар өздеріне еш хабарланбағандарды енді көреді, әрі еш естімегендерді енді түсінеді».*** ***Біздің хабарымызға азғана кісілер сенді\! Жаратқан Иенің құдіретті күші кімге ашық көрсетілді? Қызметшісі Құдай алдында жас көшеттей, құрғақ жерден шыққан жас өркендей өсіп шықты. Оның біз таңырқап қарайтындай ажары мен келбеті немесе бізге ұнайтындай ұсқыны жоқ еді. Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де бағалаған жоқпыз.*** ***Шынында Құдайдың Қызметшісі біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді. Оның ұрылып, азап шегуін Құдай бұйырған жаза деп ойладық\! Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз \(рухани дертімізден\) сауықтық. Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты.*** ***Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады. Оны жәбірлеп, әділетсіз соттап, өлтіруге алып кетті. Оның замандастарынан кім мынаны ойлады: Ол халқымның күнәларына бола азапталып, бұ дүниеден аластатылды. Оның моласы қылмыскерлер қорымында белгіленгенмен, мәйіті бай адамның қабіріне қойылды. Өйткені Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес.*** ***Алайда Жаратқан Иенің Қызметшісі Оның еркімен азап шегіп құртылды. Ол өз жанын айыпты өтейтін құрбандық еткен соң, өз үрім-бұтағын көріп, ғұмыры ұзақ болады. Қызметшісінің арқасында Жаратқан Иенің еркі жүзеге асады.*** ***Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап қанағаттанатын болады. Оны көп адамдар танып мойындап, ақталады. Ол солардың күнәларын өз мойнына алады. Оған сол себептен көптеген адамдарды табыс етемін. Ол билік иелерін де олжалайды. Себебі Қызметшім жанын өлімге қиып, қылмыскерлердің қатарында саналды. Ол бірақ көптеген адамдардың күнәларын өз мойнына алып, қылмыскерлердің кешірілуі үшін ара түсті».*** ***Ишая 52:13 — 53:12*** Осы өлеңдегі бірегей қызметшінің ерекшелігі азап шегуде орындалған, Оның құн төлеуші тапсырмасы аталған. Өлеңнің негізгі ойларына назар аударыңыз: • Өлең қызметшіні мадақтаумен басталады және аяқталады \(бірінші және бесінші үзінділер\); • Баяндаманың ортасында — қызметшіден бас тарту туралы оқиға \(екінші және төртінші үзінділер\); • Ортаңғы \(үшінші үзіндіде\) азаптардың құн төлеу мәні түсіндіріледі: «...Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз \(рухани дертімізден\) сауықтық». Жаңа Келісімнің туындыгерлері Исаны және Оның айқыш ағаштағы құн төлеуші құрбандығын сипаттаған кезде, тікелей не жанама түрде қайта-қайта осы өлеңге жүгінеді. Елші Пауыл Иса Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды, өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды. Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді, Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті, Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді. Енді Исаның Атағын естігенде Көктегі, жердегі, жер астындағылардың бәрі де Оның алдында тізе бүкпек және Иса Мәсіхті тіл атаулының барлығы да, Жаратқан Ие деп ашық мойындайтын болады деп айтады. \(Філ. 2:6–11\)\! Біз Құтқарушымыздың жасағанының құпия құдіретін тек үстіртін түрде ғана сезіне аламыз. Ол біздің күнәларымыздың құнын толық өтегені үшін қуанып, Оған сенім артамыз. Исаның сөзбен жеткізе алмайтын азаптары бізге шексіз қуанышқа жол ашты. **4. Осылайша, біз жеңістің құпиясы әрдайым айқыш ағашта жасырынып жатады деген қорытындыға келе аламыз** Құдайдың жолы осындай: Елші Жоханның Аян кітабында жазылғанынан көргеніміздей таққа отырғызылған, құрбандыққа шалынған Тоқты \(Аян 5;6; 17:14; 19:7–10\). Ишаяның пайғамбарлық сөзінен алынған өлең азап шегуші қызметші — Иса туралы айтып тұрғанмен, дәл осындай Құдайдың еркіне мойынсұну қағидалары — қандай құн төлеуге тура келетініне қарамастан айқыш ағашты қабылдау — Исаның шәкіреттеріне де қолдануға тұрарлық екені үзіндіден көрініп тұр. Елші Пауыл жиі айқыш ағаш туралы айтады, әсіресе, Ғалаттықтарға арналған хатта. Ең алдымен Ол ақылға сыймайтын мәлімдеме жасайды: «Адам өлгенде заңға бағынудан босайтыны сияқты, мен де Таурат заңы бойынша өлімге кесіліп, сол заңды орындаудан босатылдым. Ондағы мақсат — менің Құдай үшін өмір сүруім. Мен рухани жағынан Мәсіхпен бірге айқышқа шегеленіп өлдім, сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті\!» \(Ғал. 2:19–20\). Содан кейін хаттың соңында былай деп қорытынды жасайды «Мен болсам, Иеміз Иса Мәсіхтің айқыштағы өлімінен басқа еш нәрсеге де мақтанбай-ақ қояйын. Себебі Оның айқыштағы құрбандығының салдарынан осы күнәкар дүние мен үшін, ал мен ол үшін жоқпын» \(Ғал. 6:14\). Мұнда айқыш ағашқа шегеленудің үш түрі туралы айтылып тұр. Ең алдымен Исаның айқышқа шегеленуі, бұл біздің құтқарылуымыздың — негізі. Дәл осы Исаның айқыш ағаштағы өлімі біздің күнәміздің құнының өтелуін қамтамасыз етті. Содан кейін әлемнің айқышқа шегеленуі. Біз әлемнің ләззаттарынан, құрметі мен байлығынан, сонымен қатар жарылқаудың толық алуға кедергі болатын қалған нәрсенің барлығынан бас тартуымыз қажет. Содан кейін біз құтқарылған сенушілер ретінде азғындыққа жетелейтін осы әлемдегі еліктіретін нәрселер, бізді баурап әкетіп қалмауы үшін, күнделікті өзімізді айқыш ағашқа шегелеп отыруымыз қажет. Қорынттықтарға арналған екінші хатта \(1:9\) Пауыл өлімді жеңетін тәсіл ретінде өлім жазасы туралы айтады. Осы өлім жазасы арқылы ол өлімді жеңеді. Біз Құдайға қолымыздағы барлық нәрсені — өзіміздің болашағымызды, өзіміз сүйетін адамдарды және тіпті өз өмірімізді берген кезде ғана рухани еркіндікке ие боламыз. Лұқа жазған Ізгі хабарда \(9:23–25\) басты назарды құрбандыққа емес, қайта ақиқатқа аудару керектігі туралы оқимыз. Тек мәсіхшілер ғана осы өсиетті орындай алады. Неліктен? Өйткені айқыш ағашқа шегелену арқылы Құдай бізді өлімнен қайта тірілуге шақырады. ##### ӨЛІМНЕН ҚАЙТА ТІРІЛГЕН ТӘҢІР Ізгі хабар таратудың бастапқы мақсаты — сенушілердің санасына Исаның өмірін құрбан етіп, Өз балаларына қызмет етуін, айқыш ағашта шеккен азабын және өлімнен қайта тірілуін \(құтқаруын\) жеткізу. **1. Ізгі хабардың орталық тақырыбы — Исаның азап шегуі. Айқыш ағашқа шегеленусіз өлімнен қайта тірілу де болмас еді** Ізгі хабардың идеясы Иса Мәсіх алғашқы болып, шынайы қызмет ету мен азап шегудің мысалын көрсетіп қана қойған жоқ — Ол өлімнен қайта тірілу арқылы мәңгі өмірге бірінші болып жол салды. Иса Мәсіхтің өлімнен қайта тірілуі, азап шегуші қызметшінің бейнесінің бүкіл мағынасын түсінуге көмектеседі. «...Ол мұнда жоқ, Өзі алдын-ала айтқандай қайта тіріліп кетті\! Бері келіп, Иенің жатқан орнын қараңдар\!» \(Мат. 28:6\). Иса Өзінің азап шегуін қалай алдын-ала болжап айтқан болса, дәл сол сияқты Ол Өзінің өлімнен қайта тірілуі мен шайтанның үстінен, күнәнің қарғысынан және тіпті өлімнің үстінен жеңісін алдын-ала болжап айтты. **2. Тәңір Ие өлімнен қайта тірілуді біз үшін де қол жетерлік етті. Алайда өлімнен қайта тірілу тек айқыш ағаштан кейін ғана орын алады** Айқыш ағашқа шегеленген және өлімнен қайта тіріліген Иса Мәсіх, Өз айқыш ағашын арқалады, ал біздің айқыш ағашымыздың барлығы Оның айқыш ағашынан басталады. Қорынттықтарға арналған бірінші хатта \(15:19\) елші Пауыл біздің өміріміз туралы өлімнен қайта тірілу мәтінінде айтады. Ол егер өлімнен қайта тірілу ешқашан болмаған болса, онда біз жер бетінде ең бақытсыз адамбыз деп айтады. Неліктен? Өйткені біз өзіміз өлімнен қайта тірілген Тәңірге сену арқылы өзімізді қиын жағдайға душар етеміз. Тек біз ғана осы күнәлі дүние ұсынған азғырулардан Мәсіх үшін бас тарта аламыз. Біздің көпшілігіміз Пауылмен келіспеуіміз мүмкін, өйткені біздің өмір сүру салтымыз әрдайым Мәсіхтің өлімнен қайта тірілу идеясымен анықталмайды. Тіпті егер Иса өлімнен қайта тірілмеген болса да, біз бәрібір жақсы өмір сүруіміз әбден мүмкін. Біз Мәсіх үшін өзімізді қиын жағдайларға душар еткізбес едік. Бірақ дәл осы нәрседе біздің ақтық, соңғы еркіндігіміз: біз оған өзімізден бас тартып, айқыш ағашты арқалап, Исаның соңынан ерген кезде ие болдық. Иса Өзінің өлімнен қайта тірілу құдіретін бізге беруін, Оның соңынан ерушілерге Алғашқы өнім мейрамында Киелі Рухын жіберген кезде аяқтады \(Елш. 2:1–41 қараңыз\). Бұрын қорқақтықтарымен белгілі болған Оның шәкірттері енді Киелі Рухқа кенеліп, рухани күш пен билікке ие болған мықты адамдарға айналды. Оның өлімі мен өлімнен қайта тірілуітуралы ойланып, біз Исаның денесіндегі «жасушаларға» айналамыз \(Еф. 1:22–23\). Иса біздің бойымызда Өзінің Киелі Рухымен жарқырайды. Мартин Лютер былай деген екен: «Мен Иса Мәсіх пен өзім жайлы біртұтас тұлға ретінде ойлаған кезде, жеңіске жететін мәсіхші болып қала беремін...» ##### ЖУЫРДА КЕЛЕТІН ПАТША Ишая пайғамбардың 54-тарауы, тікелей 53 тараудағы қызметшінің төртінші өлеңінен кейін орналасқан. Оның мазмұны Құтқарушының азаптарын сипаттауымен ғажап қарама-қайшылықты көрсетеді. **1. Ишая пайғамбардың кітабының 54-тарауындағы өлімнен қайта тірілу туралы пайғамбарлық сөз** **Қуан, уа, құрсақ көтермейтін, бала сүймеген әйел, шаттана ән шырқа\! Иә, толғатып көрмеген сен, масаттанып дауыста\! Өйткені күйеуі бардан гөрі жалғыз басты әйелдің балалары енді көбірек болады\! \(Ишая 54:1\)** Елші Пауыл Жаңа Өсиеттік Қауым туралы айқан кезде, осы аятты Ғалаттықтарға арналған хатта келтіреді \(Ғал:25–27\). Бұл аят айқыш ағаш пен өлімнен қайта тірілген соң орын алатын, әлемдегі Ізгі хабардың салтанатты жеңісінің қуанышты көрінісін бейнелеп көрсетеді. «Ишая пайғамбардың кітабының 53-тарауындағы азап шегуші қызметшінің бейнесінің толық мағынасын, Исаның айқыш ағашқа шегеленуін жете түсінген соң ғана ұғынуға болады, дәл сол сияқты 54-тараудағы қуанышты егінжайды да, Алғашқы өнім мейрамы қауымның пайда болуын жете түсінген соң ғана ұғынуға болады. Рухани егінжай қуаныш сезіміне ұқсас — бұл Ізгі хабардың беретін уәдесі, соған сәйкес Ізгі хабарды уағыздаудың арқасында Мәсіхтің дүниежүзілік қауымы жиналады» \(Патрик Джонстон \(Patrick Johnstone\)\). **2. Көкке көтерілместен бұрын Өзінің соңғы өсиетінде Иса шәкірттеріне бүкіл әлемге Ізгі хабарды таратуды өсиет етті** Осы тапсырма туралы төрт классикалық құжатта айтылған, алайда жиі осыған байланысты Матай жазған Ізгі хабардан сілтеме келтіріледі \(Мат. 28:18–20\). Тәңір Ие осы дүниеге барып, Ізгі хабар таратуға бұйрық береді және керемет мынадай мәлімдемемен Өзінің бұйрығының алдын алады: «Маған көк пен жердің бүкіл билігi берілген». Әркім Исаның көкте бүкіл билікке ие екенін түсінеді, енді Ол жердің шетіне дейін жіберіп отырған шәкірттерінің шағын тобына жерде де билігі бар екенін айтып отыр. Оның тәлімінің негізінің мәнісі дәл осында — Оның Әкесінен алған билікте. Голландық теолог Абрахам Кайпер \(Abraham Kuyper\) бұл жайлы былай дейді: «Бүкіл жаратылыста Иса Мәсіх: «Бұл Менікі», — деп айтпайтын, бірде-бір шаршы метр жоқ». Андрей бауырымыз былай дейді: «Өзінің бүкіл билікке ие болғаны туралы айтуы арқылы Иса біз үшін майдан алаңын анықтап, рухани соғыстағы мақсаттарды белгіледі. Ол Өз шәкірттерін күнәнің көмегімен, мәденит, тілге байланысты және тіпті мелмекеттік сияқты әр түрлі кедергілерді қолданып, шайтан тұтқында ұстап тұрған адамдарды талап ету үшін жаудың аймағына жіберді». Өз шәкірттеріне әлемнің әр түрлі халықтарына барып, оларды Құдайға бет бұруға шақыруын бұйырып, Иса оларға да — бізге де — жұбаныш болу үшін мынадай сөздерді айтты: «Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын\!» \(Мат. 28:20\). Жоғарыда аталғанның барлығын ескере отыра, біз елші Пауылдың ең ынталы ұмтылысын көрсететін шынайы сөздеріне бұдан былай таңқалмаймыз: «Сөйтіп, Мәсіхтің Өзін де, Оны қайта тірілткен құдіретті де жақыннан танып білуге құштармын. Мәсіхтің азаптарына ортақтасып, Оның өз жанын Мен үшін өлімге қиғанындай, мен де Ол үшін өмірімді қиғым келеді. Осылайша, қайтсе де, өлімнен қайта тірілуге қол жеткіземін» \(Філ. 3:10–11\). ##### БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ АЙҚЫШ АҒАШ АРҚАЛАҒАН ЖОЛ Бүкіл әлемдегі қудаланған қауымның мүшелері Исаның айқыш ағашының шынайы мағынасын әлдеқашан түсініп жетті. Қытайлық бағушы Аллен Юань \(Allen Yuan\) cенімі үшін жиырма екі жыл түрмеде отырып шыққан адам, ол өзінің азаптары туралы жиі әңгімелейді. Алайда ол әңгімесін әрдайым мына сөздермен аяқтайды: «Бірақ бұл айқыш ағашпен салыстырғанда түк те емес\!» Уочман Ни \(Watchman Nee\) деген ең танымал, көптеген адамдар жақсы көретін қытайлық бағушы 1970 жылдардың басында азапталып өлтірілді. Оның қызметкерлерінің бірі жақында былай деді: «Біз өзімізді мәсіхшіміз — Мәсіхтің ізбасарлары деп атаймыз, сондықтан біз қай жолмен келе жатқанымызды білуіміз қажет». Мәсіх айқыш ағаш жолымен жүріп өтті. Біз де осы жолмен жүруге дайын болуымыз керек. Қайырымдылық миссиясының бір қызметшісі Оңтүстік Судандағы сенушілердің орасан үлкен мұқтаждықта өмір сүріп жатқанын көріп қатты таңқалды. Ол кейбір ауылдың балаларында үстінде киімі болмағанмен, мойындарында сүйектен кесілген айқыш ағаштар ілініп тұрғанын есіне алады. Ол қатты жүдеген бір баланы ымдап шақырып алып, мойнындағы айқышты көрсетті. Қыз жымиып күліп, айқыш ағашын шешіп, қызметшіге берді. Осы жағдайды талдап, қызметші былай деді: «Бұл қыздың іс-әрекеті Судандағы азап шегіп жүрген қауымның жағдайын бейнелеп көрсетеді». Мүлдем ешқандай мүлкі болмаса да, судандықтарда Иса Мәсіхтің айқыш ағашы бар. Олар Оның соңынан еруге дайын, тіпті Ол жүретін жол өлімге апаратын болса да». Үнді елші Садху Сундар Сингх \(Sadhu Sundar Singh\) өзінің күнделігінде былай деп жазған екен: «Мәсіх үшін өлу оңай, алайда Ол үшін өмір сүру қиын. Өлім азаптары бір, екі сағатқа созылуы мүкін, ал Мәсіх үшін өмір сүру — күн сайын әрбір күні өлуді білдіреді» Бір отыз екі жастағы бағушы Жоғарғы Мысырда жұмыс істейді. Осы өңірде мәсіхшілер қатаң қудалауға ұшырайды. Бағушы көмек көрсету орталығын басқарады, медициналық клиниканы, сауатсыздықпен күресу бағдраламасын басқарады, сонымен қатар сотталған адамдардың отбасыларына қолдау көрсетеді. Мұсылман экстремистері оны екі рет ұрып, күнделікті оны өлтірміз деп қорқытады. Олар оны өлтіргісі келетінін ол біледі, алайда ол айқыш ағашын арқалуын жалғастыра береді. Мысырдағы тағы бір бағушы оған көз жасын төгіп келіп, кеңес сұраған қауымға келуші бір әйелдің әңгімесін баяндап берді. Жұмысында ол жас мамандарды дайындаумен айналысатын, оларды кейін басқаратын лауазымдарға көтерді. Тек жалғыз оның ғана қызметтегі лауазымын жоғарылатқан жоқ, өйткені ол мәсіхші болатын. Бағушы «Осында, Мысырда біз осы айқыш ағашты арқалауға мәжбүрміз», — деп жауап берді. Осы мысалдардың мағынасы — біз өзіміздің мақсаттарымызды көздемей және өз еркімізді орындауға тырыспай, қайта өз өмірімізді Құдайдың ой-ниетіне үйлестіруді үйреніп, тек Құдайдың еркіне мойынсұнумызға әкеледі. Біздің курьерлер Ганьчжоудағы \(Қытай\) Ламба \(Lamb\) есімді бағушының үй қауымына барды, сол жерде олар оның жырма төрт жасар көмекшісімен танысты \(мәліметтер бойынша Қытайдағы жетекшілердің жетпіс пайызы әйелдер\). Көп ұзамай, олар онда ресми жұмыс орны жоқ екенін білді. Қытайдың барлық тұрғындары ресми түрде жұмыс орындарында тіркелуі тиіс. Осындай тіркеу көрсетілген құжатты тіпті кейбір дүкендерде талап етеді екен. Одан ресми түрде жұмысы болмай, өзінің бүкіл уақытын қауымда өткізу қауіпті емес пе деп сұраған кезде, ол жай ғана: «Айқыш ағаштың жолы осындай», — деп жауап берді. Кубада біздің миссиядан испан тіліндегі Киелі кітаптың көптеген данасын алатын бір бағушыдан былай деп сұрадық: «Сіз бізбен бірге жұмыс істеу арқылы өміріңізге қауіп төндіріп жүрсіз ғой?» Ол қолын жүрегіне қойып: «Қауіп төндерімін бе? Қандай қауіп? Мен Иса Мәсіхті Құтқарушы деп мойындап, қауымда қызмет етуге бел буған кезімде өміріме қауіп төндірдім. Ал егер олар мені атып тастағысы келсе, онда тіпті жақсы. Тезірек Құдайдың салтанатына қол жеткіземін» — дедi. Кубадағы әкесі бес жыл бойы саяси қызметі үшін түрмеде отырып шыққан, тағы бір методистік бағушы, әкесі отбасын Майамиге \(АҚШ\) жіберуге қалай армандағанын айтып берді. Алайда бағушы оның Кубадағы өмірі — оның арқалауға тиісті айқыш ағашы деп ұйғарды. Әкесі оның шешімі оған тым қымбат түсетінін алдын-ала ескертті. Шынымен де, келешек бағушының семинариядағы оқуы күтпеген жерден тоқтатылып, ол нағыз қылмыскерлердің арасына еңбек лагеріне мерзімін өтеу үшін жіберiлді. Ол және тағы жеті сенуші бірге қант құрағы өсетін егістікке түнде жасырын барып, Киелі кітап оқып, мінажат етті және бір-біріне қолдау көрсетті. «Мен семинарияда емес, сол лагерде бағушы болдым», — деп есіне алады осы кісі. Танымал теолог доктор Томас Оден \(Thomas Oden\) 1994 жылдың басында Кубаға барды. Ол былай деп әңгімелейді: «Елдегі жағдай жақсарғанына қарамастан, Кубада мәсіхші болу бұрынғыдай әлі де қауіпті болды. Онда өміріне қауіп төндірместен, Иса туралы куәлік айту мүмкін емес. Сондықтан да, кубалықтардың көпшілік бөлігі тікелей мағынада азап шегуге дайын. Әрбір шомылдыру рәсімінен өту және тіпті әрбір Құдайға арналған қызмет өткізудің өзі ең қайғылы оқиғаларға дайын болуды талап етеді. Мұндай жағдай қауымға өзінің басты тапсырмаларын жете түсінуге көмектеседі, ал кубалық сенушілер ең алдымен тек өлімнен қайта тірілген Тәңір Иелерінің алдында ғана жауапты екенін түсінеді». ###### Топтағы сабақтар **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Азап шегуші қызметшінің өлеңінен Исаның өлімі мен өлімнен қайта тірілуін қалай түсіндіріп бере аласыз? 2. Қандай сөздер арқылы азап шегуші қызметшінің өлеңі, сізге Құдайдың кешірімі мен сүйіспеншілігінде сенімділік береді? 3. Сіз үшін мына сөздер нені білдіреді: а\) өзінен бас тарту, б\) күн сайын айқыш ағашты арқалап жүру, в\) Исаның соңынан еру \(Лұқа 9:23 қараңыз\). 4. Киелі Рухтың құдіретіне қалайша үздіксіз кенеле аламыз? 5. Мәсіхтің билігі мен Оның бізбен бірге боламын деген уәдесі біздің мойынсұнуымыз бен Оның берген соңғы тапсырмасын орындауға қалай әсер етеді? **Оқып шығып, есіңізге сақтап алыңыз:** Иса Мәсіх — осы жер бетінде болған тұлғалардың ішіндегi ең ұлы тұлға. Ол — Құдай Ұлы. Ол — күнәкарлардың Құтқарушысы. Оның жаны ашиды және Ол құтқарады. Ол қорғайды және Ол жетелейді. Ол сыналғандар мен азғырылғандарға көмек береді. Ол әлсіздерге күш береді. Ол науқастарды сауықтырады. Ол езілгендерді қорғайды. Ол жастарды жарылқайды. Ол қарттардың қамын ойлайды. Ол ынталы адамдарға сыйлық береді. Ол кішіпейілдерді жігерлендіреді. Ол — даналықтың қазынасы. Ол — құтқаратын жол. Ол — әділдік пен қасиетті өмірдің жолы. **Ұсыныс:** Келесі екі тарауды оқымастан бұрын, Петiрдің бірінші хатына жүгініңіз. ### Екінші тарау #### Біздің бірегей шақырылуымыз *Ол сендерді сол үшін де шақырды. Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек.* 1 Пет. 2:21 Ленинградтағы бұрынғы дін мен атеизм мұражайында суық соғыс кезінде келушілер бірден әлемнің эволюциялық дамуының куәліктер көрмесіне түсетін. Содан кейін дінге арналған секциялары жалғасатын, онда мәсіхшіліктің тарихы тек жаман жағынан ғана көрсетілетін, мәселен, инквизиция мен айқыш ағаш жорықтары туралы айтылатын. Көрменің ортасында айқышқа шегеленуді бейнелейтін үлкен сурет тұратын. Мұражайдың экскурсия жетекшісі бұл «көрме қойылымын» былай деп түсіндіретін: «Мәсіхшілерге азап шегу ұнайды. Олардың басы Иса Мәсіх айқыш ағашта құрбан болғаннан бері оларда қудалануға деген әуестік дамыды\!» Біз қудалану дағдысын дамытуға тырыспаймыз, алайда Киелі Кітап бізге, мәсіхшілерге үнемі Тәңіріміз бен Ұстазымыздың ізімен жүруіміз керектігін үнемі есімізге салып отырады. Исаның шәкірттерімен болған соңғы әңгімесінде олардың уағызына орай осы күнәлі дүние қалай әрекет ететінін алдын-ала ескертті. Ол Өзінің жақын шәкірттеріне жүзім бұтасындағы бұтақтар қалай байланыста болса, сол сияқты олар да Онымен бірге тығыз байланыста болу керектігін түсіндірді. \(Жох. 15:5\). Содан кейін Иса шәкірттері Ол оларды қалай сүйіп, олар үшін жанын қиюға дайын болса, дәл сол сияқты олар да бір-бірін сүю керектігін есіне салды. Сол сәтте олар Оның сөздерінің мағынасын түсінген жоқ, бірақ Оның айтқаны келесі күні орындалды. Содан кейін ол мәсіхшілердің бауырластық сүйіспеншілігін, осы күнәкар дүниенің өшпендiлігімен салыстырды. **Күнәкар дүние сендерді жек көрсе, оның сендерден бұрын Мені жек көргенін біліңдер... Себебі олар Мені Жібергенді танымайды. \(Жох. 15:18–21\)** Біраз уақыттан соң осы әңгімелесу кезінде Иса «сендерді өлтірген әркім Құдайға қызмет етіп жүрмін деп ойлайтын кез келеді», — деді \(Жох. 16:2\). Иса осылай айтуы арқылы, Оның шәкірттері де Өзі сияқты азап шегетінін білдірді. Әркімнің өмірінде тым болмаса бір рет болса да, азаптардан өтетін кез болады. Бәлкім, бұл аурудан тәндік азаптар, немесе жақын адамдарын жоғалтудан қайғы азабы, немесе достардың сатқындығы немесе жалғыздық болатын шығар. Бұл қандай жағдай болса да, біз қайткенде де азаптардан аулақ болуға тырысамыз. Бәлкім, дәл осы себептен мәсіхшілер осы тақырыпты қозғамауға тырысатын болар, дегенмен Киелі кітап өмірінде азаптардың сөзсіз болатыны туралы кесімді ескертеді. Кейбір мәсіхшілер егер біз Мәсіхпен өмір сүрсек, Ол бізді азаптар мен зұлымдықтан құтқарып, қорғайды деп ойлауы ықтимал. Шын мәнінде, Киелі кітапта барлық адамдардың маңдайына жазылған азаптардан мәсіхшілер сақтандырылмаған деп айтылған, бұған қосымша олар Мәсіхке деген сенімдері үшін қудалауды басынан өткізулеріне тура келеді. Осыған қатысты Петірдің бірінші хаты аса құнды. Осы сабақта біз Жазбаның басқа үзінділеріне де, осы хатқа да жиі жүгінетін боламыз. Келіңіздер, мәсіхшілердің осы күнәкар дүниеде қандай орында екені туралы ойланайық. Шайтан осы күнәкар дүниенің патшасы. Біз негізі берік қаланған мәңгілік Отанға қол жеткізуге тырысып жүрген жат жұрттық келімсек және жолаушылармыз. \(Евр. 11:8–16\). Біз өзімізді жер бетінде «жат жұрттық келімсек» деп санауымыз қажет \(1 Пет. 2:11\). Бүгінгі таңда осы күнәкар дүниеде көптеген саяси қашқындар бар. Көптеген елдерде олар үшін лагерлер ашып қойған. Қашқындар бұрынғы тұрғылықты мекен-жайына қайтып бара алмайды және әлі тұрғылықты тұрамын деп үміттенген мекенге қол жеткізген жоқ. Олардың жағдайы жалпыға бірдей үлгі бойынша бейшара ахуалда сияқты болып көрінеді, алайда олардың өзі жақсырақ өмірді іздеуді ұйғарды. Олар жарқын болашаққа деген үмітпен өмір сүреді. Мәсіхшілердің жағдайы қашқындардың жағдайына көп жағынан ұқсайды. Адам күнәкар дүниені тастап,бұрынғы өмірінен бас тартып, аспан Патшалығын іздеп сапарға шығады. Сондықтан да, өткен өмірінде қалдырып кеткен адамдар да одан бас тартатынына еш таңғалудың қажеті жоқ. Ал ол болса, Иса Мәсіхтің салтанатты келуін күтіп, жарылқауға толы үмітпен өмір сүретін болады. Егер мәсіхші Исаның оның жаңа жағдайын осы күнәкар дүние жек көретіні туралы ескертуіне құлақ салмаса, азаптар мен қиындықтар келген кезде ол сенімінен тайып, әзәзіл шайтан оның соңғы күшін алып қоюы мүмкін. Тімотеге арналған хатта осы туралы айтылған. **Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады. \(1 Тім. 3:12\)** Қудалаулардың бірнеше түрі бар. Жиі қудалаулар \(балағаттау, қысым, кемсітушілік\) әдетте псхологиялық сипатта болады. Алайда олар жиі қорқыту, материалдық мұқтаждық пен тіпті кейде байыпты тәндік зорлық-зомбылық түрінде көрінеді. Лұқа жазған Ізгі хабарда \(6:22\) Иса қудалау деген түсінікке өшпенділік, жеккөрушілік, жәбірлеу, қорлау, қабыл алмау кіретіні туралы айтады. Біз ұрып-соғылып, түрмеге жабылған және жазалаутәртібін орнатқан елдердегі қайтыс болған мәсіхшілер туралы ұмытпауымыз керек, сондықтан да, кітабымызда қудалаудың осы екі түрін қарастыратын боламыз. ##### АЗАП ШЕГУДІ ҚАТЕ ТҮСІНУ Қудалау мен оған байланысты азап шегу тақырыбына өтпестен бұрын, осы мәселені түсінуде мәсіхшілердің жіберетін кеңінен тараған кейбір қателігін түсініп алуға тура келеді. **1. Азап шегу міндетті түрде күнә үшін жаза емес** Көптеген адамдар азап шегу әрқашан қандай да бір күнәнің нәтижесі болып табылады деп ойлайды. Осылайша, олар азап шегу — күнәкар адам болсын, қасиетті өмір сүретін адам болсын, әрбір адамның өмірінің ажырамас бөлігі деген шындықты толығымен мойындамайды. Алайда нені ексең, соны орасын деген әділетті төлем туралы Киелі кітаптық тәлім ақиқат болып табылады \(Ғал. 6:7–8\) және бақытсыз жағдай шынында да күнәнің табиғи салдарынан келуі мүмкін. Бұған қоса, сенімінен ауытқып кеткен баласын қайтадан Өзіне жақын тарту үшін, Құдай қиындықтарға жол беруі мүмкін \(Евр. 12:3–12\). Егер де сенуші адам өзімен-өзі шынайы болса, оның көріп жүрген азабы күнәнің салдары ма, әлде «Иса Мәсіхтегі шынайы өмірдің» нәтижесі ме, әлде осы осы күнәкар дүниеде өмір сүретін адамның жағдайы болып табыла ма, соны біледі. Ал сенушінің өзі азаптарының себебін өзі білетін болса, басқа ешкім де оны айыптай алмайды. Әйүптың кітабында өзінің әділдігіне қарамастан азап шеккен адамның мысалы келтірілген, оның достары болса, осы жағдайды мүлде дұрыс емес бағалады. Өмірімізге әр түрлі бақытсыздықтар келген кезде, бұл Құдайдың жасаған істеріміз үшін жазасы емес екендігін білген кезде, бізге осы қиындықтарды жеңу әлдеқайда оңай болады. Жохан жазған бірінші хатта \(3:18–21\) былай делінген: «Балаларым менің, сөз жүзінде емес, іс жүзінде шынайы сүйіспеншілік білдірейік\! Сөйтіп өзіміздің шынайы жолда екендігімізді біліп, Құдай алдында жүрегіміз орнығады. Себебі егер жүрегіміз бізді айыптаса да, Құдай жүрегімізден жоғары ғой, Ол бәрін де біледі. Сүйікті бауырларым, жүрегіміз бізді айыптамағанда Құдай алдында нық сеніміміз болады». Сонымен бірге Петір де, сенушілер ретінде біз лайықсыз азаптарды бастан кешіруге шақырылғанымыз туралы айтады. \(1 Пет. 2:19; 3:19\). **2. Азап шегушілерге қайғыруға болады** Сенушілерге азап пен қиындықтар туындаған кезде қайғырмау керек деген ойдан бізге бас тарту керек. Сенуші әрдайым қуанышты болуы керек деген ой — Киелі кітапқа негізделмеген. Досы Елазар қайтыс болған кезде, Иса жылады, Ол Мәриям мен Мартаның қайғысына ортақтасып қайғырды \(Жох. 11:33–35\). Пауыл бізге жылағандармен жылаңдар деп үйретеді \(Рим. 12:15\). Петір сынақтар азаптарды алып келетінін мойындайды \(1 Пет. 1:6\), бірақ артынша басына түскен азаптарға қарамастан, сенушілерді қуануға шақырады, өйткені Иса үшін азап шегу — баталы артықшылық \(1 Пет. 3:12–19\). Осындай жан дүниеміздегі қуаныш біздің жанымызға батқан ауруымызды әрдайым азайтады деп ойлаудың қажеті жоқ. **3. Қасиетті адамдардың өмірі ғана емес, қарапайым мәсіхшілердің өмірі де азаптарға толы** Тағы бір қате пікір: азаптар тек «қасиетті» адамдардың өмірінде ғана болады деп ойлау. Бұл ой Мәсіх үшін азап шегіп жүрген мәсіхшілерді мақтан тұтқызып, ал азап көрмей жүргендерінде рухани жеңіліс сезімін тудыруы мүмкін. Назар аударыңыз, Ирод патша Жақыпты да, Петірді де тұтқындады. Алайда Жақыптың басын шауып өлтірді, ал Петір тірі қалды. Бірақ Жақып рухани мықтырақ болды деп айтуға бола ма? Жохан өзінің ажалымен өлген жалғыз шәкірт болды. Бұл оның рухани әлсіз болғанын білдірмейді ғой. Әрбір сенушіге қатысты Құдайдың еркі мен Құдайдың ой-ниеті бар, оны өзінің мүлдем ерекше жолымен жетелейді. Біз Құдаймен өмір сүріп, Киелі Рухтың жетегінде болған кезде, бауырластарымыздың арасында әр түрлі тағдырларды көреміз. Біздің әрқайсымызға көңіл бөлгені үшін, Құдайға алғыс айтайық. **4. Азап шегуде еш қызықтыратын нәрсе жоқ** Жоғарыда айтылған қате түсінікке ұқсас қателік, адамдар азаптарды жоғарылатуда көрінеді. Осындай дұрыс емес көзқарастың нәтижесінде азап шеккен сенушіге ерекше қарап, жоғарылатып, қасиетті адам деп санайды. Алайда біз бәріміз Құдаймен бірге еңбектенушіміз. Біздің әрқайсымызға Құдайдың еркін орындап, бірге қуанып, «батырларға табынудан» аулақ болу қажет \(2 Қосымшаны қараңыз\). Біз қайғыны жоғарылатудан аулақ болуымыз қажет, сонымен бірге дәл осылай бізге азаптарды іздеудің де қажеті жоқ. Қандай жағдай болса да, бізге азап шегуді іздеудің қажеті жоқ, алайда азап шегудің уақыты келген болса, одан қашудың да қажеті жоқ. **5. Қудалаудан қорқудың қажеті жоқ** Кейбір мәсіхшілер жан дүниесіне шайтанның қорқыныш сезімін ұялатуына жол беріп, қателік жасайды. Бұл қудалау мәселесіне жеңілтектікпен қарау керек дегенді білдірмейді, бірақ Құдай бізге Оның еркімен басымызға түскен азапқа төзуге жеткілікті дәрежеде күш береді деп сенуіміз қажет. Өте жиі мәсіхшілер қудалаудың өзінен емес, қудалаудан қорыққанынан азап шегеді. Шайтан бізді өткен өмірімізге өкіндіріп, келешегімізді уайымдауға мәжбүр еткісі келеді, бірақ Мәсіх бізге әрдайым рақымын бірден береді. Вьетнамдағы бір бағушы елшілермен бірге өте тығыз қызмет етеді. Коммунистер билік басына келген кезде, ол елден кетеді деген шешім қабылданады. Кететін күн келген кезде, ол: «Мен кете алмаймын, өйткені мен өз халқыма керекпін» — дейді. Бірнеше күн өткен соң оны отбасымен бірге кететін басқа адамдардың тізіміне қосып қояды, бірақ ол тағы да: «Ана адамдарды алып кете беріңіздер, олар біз әйеліміз екеумізге қарағанда көбірек қорқады» — дейді. Келесі күн ол сол елден кететін соңғы күн болатын. Бірақ ол: «Біз кете алмаймыз. Құдайдың еркі орындалсын», — деді. Оның азап шегуіне тура келді, бірақ ол Тәңір Иесіне адал болып қалды. Қауымның ертедегі әкелерінің бірі, Тертуллиан былай деген екен: «Азаптардан қорыққан адам, біз үшін азап шеккен Иемізге тиесілі бола алмайды». **6. Азап шегу рухани жеңілістің белгісі болып табылмайды** Көптеген мәсіхшілер азаптарды жағымсыз құбылыс ретінде қарастырады. Олар шәкірт болудың құнынан гөрі, жарылқау мен өркендеу туралы көбірек айтады. Олар мәсіхшілікке қызмет етуден гөрі, одан қандай «пайда» көруге болатынына көбірек назар аударады. Бір жалған тәлім, егер сіздің сеніміңіз жеткілікті дәрежеде болса, онда сіз қудалау мен азаптардан аулақ бола аласыз деп үйретеді. Еврейлерге арналған хаттың 11-тарауының соңғы бөлігіне тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, ол осы аңызды жоққа шығарады. Киелі кітапта Мәсіх үшін азаптарды рухани жеңілістің белгісі ретінде қарастыруға болмайды деп айтылған. Керісінше, олар — жеңістің белгісі. Лұқа жазған Ізгі хабарды оқып шығыңыз \(Лұқа 6:22–23\). Біз жарылқауларға ие болу үшін азаптарды іздемейміз, алайда қудалауға ұшыраған кезде, олармен бірге ілесіп жүретін жарылқауларды күтуімізге болады. ##### КИЕЛІ КІТАП АЗАП ШЕГУ ТУРАЛЫ НЕ ДЕЙДІ Біз мәсіхшілердің арасында кеңінен тараған азап шегу туралы жалған ойларды зерттеп болған соң, енді азап шегуге Киелі кітаптық көзқарасты қарастыруымызға болады. **1. Мәсіхшілер азап шегеді** Киелі кітап мәсіхшілер үшін қудалаулар мен азаптардың міндетті түрде болатыны туралы алдын-ала ескертеді. Кейбір уағыздаушылар осы тақырыпқа арналған уағыздар, сенушілерді кері итеруі мүмкін деп есептейді. Кіші Азияға елшілік сапарлары кезінде Пауылдың жаңадан тәубе еткендерге айтқан сөздеріне назар аударыңыздар: «Болашақтағы Құдай Патшалығының заманына жеткенше біз әлі де талай азап шегуге тиіспіз», — деп ескертті» \(Елш. 14:22\). Азаптардың міндетті түрде болуын түсіндірген кезде, ол оларды шынайы болашаққа дайындады, біз де соған дайын болуымыз қажет. **2. Құдай азаптарға жол береді** Бізге мәсіхшілер азап шегеді деп айтылғандықтан, біз қайғыны Құдайдың еркі ретінде қабылдауға дайын болуымыз қажет. Осы жайлы Петір өзінің бірінші хатында ашық айтады: «Кейбіреулерің әділетсіз қиналғанда, Құдайдың еркінің солай екенін білгендіктен азапқа төзе берсеңдер, Ол соған риза» \(1 Пет. 2:19\) Сонымен бірге Петірдің бірінші хатында: «Егер де жақсылық жасай тұра, азап шегулерің Құдайдың еркі болса, бұл жамандық жасап, азап шеккеннен әлдеқайда жақсы» — деген сөздерді оқимыз \(1 Пет. 3:17\). Дәл осы хатта ол осы тақырыпты келесі түрде қорытындылайды: «Сонымен, Құдайдың еркі бойынша азап шегіп жүрген сендер, жандарыңды әрдайым уәдесін орындайтын Жаратушыға сеніп тапсырыңдар, әрі игі істер жасай беріңдер\!» \(1 Пет. 4:19\) Пауыл бізге осындай қарым-қатынастың үлгісін, тәніндегі шаншылып түйрелу азабын өзінен аластатуын өтініп, үш рет Иемізге сиынғаны арқылы көрсетеді. Бірақ содан кейін ол Құдайдың еркі осылай болғанын түсініп, осы сынақты болу керек шарасыздық ретінде қабылдады \(2 Қор. 12:7–10\). Көптеген мәсіхшілер қайғыны жеңіліс ретінде қабылдайды, өйткені олар Құдайдың еркіне сай өмір сүріп жатқандарына сенімді емес, сондықтан Құдайдың еркі бойынша азап шегіп жатыр ма, жоқ па, соны нақты білмейді. Егер біз Киелі кітапты Құдайдың еркін түсіну үшін оқып зерттейтін болсақ, онда біз осы мәселеде қателесуіміз мүмкін. Біздің ұлы Құдайымыздың еркіне сай «барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді, себебі Ол бізді өз мақсатына сай таңдап алғанын» есімізден шығармауымыз керек \(Рим. 8:28\). Егер біз Құдайдың еркіне саналы түрде мойынсұнсақ, Құдай бізді Өзінің жетелуімен қамтамасыз етеді. Біз өз еркіміздің қарапайым әрекеті арқылы, қайғы мен азабымызды Оның қолына тапсырма аламыз. Сенушілерге күмәнданып, азап шегудің қажеті жоқ. Барлық істерімізді Иемізге тапсыруымыз қажет \(Нақ. 16:3\).   **3. Құдайдың еркімен азап шегудің нақты мақсат пен мағынаға ие болуы** Біз Құдайдың еркімен азап шеккен кезде, біздің шеккен азабымыздың нақты мақсаты мен мағынасы бар. Жиі азап шегіп жүргендер мұны түсіне алмайды, сол кезде оларға Құдайдың осыған орай мақсаты бар екендігін сеніммен қабылдау қажет. Киелі кітапта Құдай халқына азаптар мен қудалауды басынан өткізуге жол беретін бірнеше себептер аталған: • Сенімді сынап, тазалау үшін \(1 Пет. 1:6–7; 5:10; Рим. 5:3–4; Жақ. 1:2–4\); • Пауылдың жағдайындағы сияқты, өркөкіректіктеніп кетуден сақтау үшін \(2 Қор. 12:7–10\); • Өмірімізді қасиеттірек ету үшін \(Евр. 12:3–10\); • Бауырластардын рухани күште нығаюы үшін \(Філ. 1:14\); • Бізге қазрігі сәтте белгісіз мақсаттарды орындау үшін \(1 Қор. 3:12\); • Біздің бірлікке алып келу үшін \(Жох. 17:23\). Мұндай бірлік бізге үлкен рухани күш береді \(Елш. 2:42–47\). • Кейбір елдерде мысалы, Иранда қудалаулар басталмастан бұрын қауым ішінде жікке бөліну байқалды. Қудалау кезінде мәсіхшілер бірігуге мәжбүр болды, осының нәтижесінде олардың сенімі нығайып, сенушілердің саны өсті; • Адамдардың көбірек құтқарылуы үшін \(Елш. 8:1–4\). • Көптеген елдерде мәсіхшілер қудаланған соң қауымның өсуі байқалады. Біреу былай депті: «Егер біз Құдайдың Елш. 1:8 берілген бұйрықты орындамайтын болсақ, онда Құдай Елш. 8:1 жазылған жағдайдың біздің өмірімізде болуына жол береді\!» **4. «Еріксіз зұлымдық» үшін бізге азап шегуге тура келмейді** «Еріксіз зұлымдық» үшін бізге азап шегуге тура келмейтіні туралы, Петір өзінің хатының біз жоғарыда келтіріп кеткен көптеген үзінділерінде айтады. Иса егер біз әділ өмір сүргеніміз үшін және Оның есімі үшін азап шегетін болсақ, жарылқанамыз дегенді ерекше атап көрсетті \(Мат. 5:10–11\). Кейде біз билік иелерінің рухани өмірімізді бақылауға қарсы тұрып, біз қолданыстағы заңдарды бұзамыз. Осы кездерде әрине, біз жауапкершілікті өз мойнымызға алуға мәжбүр боламыз, өйткені «билік иесі семсерін беліне бекер байлап жүрген жоқ» \(Рим. 13:4\). Бұған қоса, біз өзімізге өзіміз азаптар тілеп алатын кездер болады. Айналамыздағы өмір сүріп жатқан адамдарға қатысты безбүйректік, қаталдық және әдепсіздік танытуға болмайды. Басқа діндер туралы әдепсіз сөздер айтып құрметсіздік танытуға болмайды, немесе көшеге Құдайға табыну іс-шараларын тарататын дауыс зорайтқыш құрылғыларды орнатуға, немесе қауымнан тыс адамдардың назарын аудару үшін айқай-сүренді Құдайға табыну іс-шараларын өткізуге, немесе әдепсіз үндеулерді қолдануға болмайды. Мұның барлығы да қауым мен сенушілерге өштестік сезімін тудыруы мүмкін. **5. Шындық үшін азап шегу шын мәнінде жарылқау болып табылады** Бұл жарылқау ішкі жан-дүниеніңізге тыныштық пен қуаныш беруі мүмкін. «Шынайы бақыт өсиеттері» деп аталатын, Исаның тәліміндегі «жарылқанған» және «бақытты» деген сөздердің мағынасы дәл осыда \(Мат. 5:1–12 қараңыз\). Біз Петір осы жайлы айтқан үзінділерді келтіріп кеттік \(1 Пет. 2:19–20; 3:14;4:14\). Жаңа келісімнің тағы да бір туындыгері, елші Жақып қысым көру немесе қудалау, шын мәнінде жарылқаудың жасырын түрі, сондықтан оған қуанышпен жауап беру қажет деп айтады \(Жақ. 1:2–3\). Осы аяттардың заманауи астарлап айтылуы келесі түрде айтылады: «Достар, біздің басымызға жан-жақтан сынақтар мен азғырулар төнген кезде, мұны таза сый ретінде құрметпен қабылдаңдар. Қысым астында сіздің сенім өміріңіз өзінің шынайы бет-пердесін ашып көрсететінін және өзінің шынайы мағынасын айқын көрсететінін біліңіздер». **6. Азап шегу біздің көктегі бақытқа назар аударуымызға көмектеседі** Азап шегу мен қудалау біздің жүрегіміз бен ақыл-ойымызды, көкте біз үшін ашылатын бақытқа аударады. Иса азап шеккендерге көкте ұлы сый күтіп тұр деп уәде етті \(Мат. 5:12\). Пауыл болашақта біз үшін анық көрінетін салтанатты ұлылықпен салыстырғанда, қазіргі заманның азаптарының түк емес екендігі туралы айтты \(Рим. 8:17–18\) және Петір де онымен келісті \(1 Пет. 1:6–7; 4:13; 5:1–10\). Бүгінгі таңда сенушілер рухани «қашқындардың» жағдайында өмір сүріп, үмітпен көктегі мәңгі үйді күтіп жүр. **7. Қудаланғандар Исаның азаптарына ортақтасады** Азап шеккен кезде сенушілер Исаның ізімен жүреді \(1 Пет. 2:21–25\). Біз сонымен бірге Оның азаптарына нақты қатысамыз \(Рим. 8:17; Філ. 3:10; 1 Пет. 4:13\). Осы күнәкар дүние Одан қалай бас тартса, бізден де бас тартты. Оны қорлап жәбірледі, ол тәндік ауру мен тәндік өлімді басынан өткізді. Біз, Оның соңынан ерушілер осы азғын дүние бізге жақсы қарым-қатынаста болады деп үміттене аламыз ба? Қытайдан қашқан бір бағушы тілмашқа Қызыл Әскер оған «ойдағыдай қарым-қатынаста» болғанын айтты. Оның бүкіл бет-жүзінде тыртықтар болды. Тілмаш бағушыға нақты сұрақтар қоя бастаған кезде, ол былай деп жауап берді: «Олар маған өзім күткенімдей көзқарас танытты, ақыр соңында олар Тәңірімді өлтірді емес пе\!» **8. Азап шегуде жеңіске жетуге болады** Бізге өте маңызды бір шындықты нақты біліп алу қажет. Бақыттың кілті — сенім болып табылады. Әйүптың жағдайын есіңізге түсіріңізші. Ол әділетсіз азап шегіп жатырмын деп ойлады. Оның достарымен айтыс-тартысының ешқандай нәтижесі болған жоқ. Ақыр соңында ол Құдайға сенім артты \(Әйүп 19:23–27\). Содан кейін ол осы күнәкар дүниедегі азаптардың мәні туралы ойлана бастады. Әйуп өзінің сұрақтарына жауап таба алмады, сондықтан оның барлығын білетін Құдіретті Құдайға мойынсұнуына тура келді \(Әйүп 42:1–6\). Петір азап шеккен сенушілерге «жандарын әрдайым уәдесін орындайтын Жаратушыға сеніп тапсыруына» кеңес берді \(1 Пет. 4:19\). Біз Құдайға сенеміз, өйткені Ол біздің бір сәттік еркелігімізге емес, Өз еркіне сәйкес Өзінің құдіретін бағыттайды. Біз үшін мәңгілік игіліктерді дайындап қойған және барлық жағдайларда Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етуді уәде еткен, бізді сүйетін Құдайға сенім артамыз \(Рим. 8:28\). Құдайда біздің құтқарылуымыздың жоспары бар, біздің Оның тәліміне мойынсұнуымыз арқылы, Ол біздің өмірімізде Өзінің атын мадақтау үшін әрекет етеді. Осындай сеніммен біз өмірдегі барлық қиындықтарды жеңе аламыз. Иса бізге азап шегуге тура келетінін алдын-ала ескертті, бірақ сонымен қатар Ол бізге шынайы бақытты да уәде етті \(Жох. 16:33\). Сонымен бірге Ол бізге Қамқоршы, Киелі Рухты да уәде етті. Қатаң қудалауды басынан өткізген сенушілердің куәліктері, Исаның неліктен Киелі Рухты Қамқоршы деп атағанын көрсетеді. Сенім Құдай Сөзінде негізделетінін есте сақтаңыз. Егер біз азап шеккен кезде Құдайдың уәделерін есте сақтағымыз келсе, бізге Құдайдың Сөзіндегі Оның уәделерін білу қажет. Егер біздің сеніміміз мықты болса, біз абыроймен азаптарды жеңетін боламыз. Біздің қудалауға төзімділігіміздің құпиясы, қиындықтардың болмауында емес немесе табысты өркендеуде емес, қайта қудалауды даналықпен қабылдаудан тұрады. Қорынттықтарға арналған бірінші және екінші хатта Пауыл өзінің Мәсіхтегі өмірі туралы айтады. Ол тыныштық пен үйлесімділік, ыңғайлы және ел мойындаған әйгілі өмір туралы айтпайды. Қайта керісінше, ол қиындықтар мен қабыл алмаушылықты басынан өткізеді және тіпті үмітсіздікті сезінеді. Бірақ ол барлық сынақтардан лайықты түрде өтеді, өйткені біз өзіміздің бойымызда, яғни қарапайым қыш құмырада, көктегі рухани қазынаны — Иса Мәсіх пен Оның Ізгі хабарын сақтаймыз \(2 Қор. 4:7\). Дәл осы метафоралық қыш құмыралар бізге Құдайдың жеңісін қамтамасыз етеді. Біз осыны неғұрлым тезірек мойындасақ, соғұрлым осы білімді іс жүзінде қолдана аламыз. Біз өз бейнемізді Оның мақсатына сәйкес ұқсата түссек, соғұрлым біз «жеңімпаз» бола аламыз. Дәл осылай біз бір-бірімізге тәндік көзқараста емес, Мәсіхтегі жаңа жаратылыс ретінде, көктегі рухани қазынаны — Исаны сақтауға шақырылған қарапайым әлсіз қыш құмыралар ретінде қарым-қатынас жасай бастаған кезде, рухта сенімді жеңіске жеткенімізді білеміз. Азап шегу туралы Киелі кітаптық шындықта мәсіхшілер түсінуі қажет, екі жорамал бар. Біріншіден, азап шегу Құдайдың еркімен болатынына сенімді болу қажет. Сонда біздің өмірімізде қандай жағдай болса да, соның бәрін қабылдай алатын боламыз \(Рим. 8:12–25\). Екіншіден, тіпті біз сияқты әлсіз жаратылыстар, қиын жағдайларды абыроймен жеңіп шыға алады. Осыған жүректерінді сендіріңдер, сол кезде сенімдерің берік болады\! Иса Өзінің халқының арасында өмір сүретінін әрдайым есте сақтаңыз\! ##### БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ АЗАП ШЕГУ МЕН ҚУДАЛАУЛАР Қазіргі заманда мәсіхшілер әр түрлі деңгейдегі қатаң азаптар мен қудалауға ұшырайды. Соғыстың кесірінен бөлініп кеткен Суданда сенушілер тәндік зорлық-зомбылықтан және жасанды аштықтан азап шегеді. Көптеген адамдар тікелей мағынада құлдықта өмір сүреді. Иран, Оңтүстік Судан мен Солтүстік Ирак сияқты елдерде мәсіхші жетекшілерді өлтіру әрекеті орын алады, ал Саудалық Арабияда мәсіхшілерді түрмеге отырғызады, азаптайды және көпшіліктің алдында өлім жазасына кеседі. Чьяпте \(Оңтүстік Мексика\) отыз мыңнан астам мәсіхшілер інжілдік сенімді мойындағаны үшін, өз үйлерінен заңсыз түрде қуылды. Олардың мыңдағаны қатаң зорлық-зомбылыққа ұшырады немесе өлтірілді. Олардың көпшілігінің үйлері тып-типыл етіп өртелді. Перу, Қытай, Судан, Куба, Вьетнам мен Лаоста және әлемнің көптеген басқа қалаларында, мәсіхшілерді діни қызметі үшін түрмеге отырғызады. Діни қызметке, атап айтқанда, заңмен тыйым салынған Құдайға арналған қызметтерді жасырын өткізу жатады. Индонезияда жүздеген қауымдар өртеліп, тек Амбон аралының өзінде мұсылман экстремистердің қолынан көптеген сенушілер азаптап өлтірілді. Непалдағы мәсіхшілер жауынгер үндістердің осы елдің үкімет органдарына жазбаша берілген ұжымдық өтініші туралы уайымдауда, онда мәсіхшілік қауымдардың тез арада өсіп жатқанына қарсы батыл шаралар қолдануын өтінген. Непалдың ұлттық мәсіхшілік бірлестігінің президенті бүкіл әлемдегі сенушілерді осы өтініш үкімет тарапынан қолдау таппасын деп мінажат етуге шақырады. Непалдың шығыс бөлігінде жергілікті үндістер мен буддистер, жергілікті халық мәсіхшілік сенімді қабылдай бастаған кезде, бес қауымның көзін құртты. 1950 жылдары елде мүлдем мәсіхшілер болған жоқ, енді «Киелі Рухтың тәуелсіз әрекетінің арқасында» қауымдардың қатарында төрт жүз мыңнан астам адам бар. 1991 жылы Непалдың билік иелері негізінен, мәсіхшілікті қабылдауға тыйым салатын заңды елемейді, алайда осы жағымды оқиғалар кез келген уақытта тоқтатылуы мүмкін. Өте жиі мәсіхшілерді Иса Мәсіх туралы куәліктері үшін тұтқындап, түрмеге отырғызады, сонымен қатар әлеуметтік және экономикалық шектеулердің басқа да түрлерін қолданады, мысалы, оларға жұмыс табу қиынға соғады. Қудалаудың азаптап қинаудан басқа, ең азапты шарасы ата-анасын балаларынан күштеп айыру құқығы болып табылады. Мұндай деректер Филлипиннің оңтүстік аудандарында, Пакистан пен Перуда тіркелген. Екінші жағынан, жиі мәсіхшілер өзінің отбасы мүшелері мен қоғам тарапынан нашар қарым-қатынасты сезінеді, бұл тәубе еткендерге үлкен психологиялық қысым жасауы мүмкін. Мұндай жағдайларда мәсіхші өзінің көршілері мен бұрынғы достарының тарапынан орынсыз шабуылға ұшырауы мүмкін. Мәсіхшінің отбасы мүшелері оған қарсы куәлік ететін жағдайлар да болуы мүмкін. Мұндай шабуылдарға тек өзін толығымен Тәңір Иеге арнаған адамдар ғана қарсы тұра алады. Естеріңізде ме, Әйүптің кітабында оның әйелі оған «Құдайды балағаттап, \(азабыңнан құтылып\) өле қал» кеңес берді. Осындай жағдайлардың біреуі де Құдайды дегбірінен адастыра алмайды. Еврейлерге арналған хаттың 11 тарауын тағы да бір рет оқып шығыңыз, сөйтіп өткен заманда сенушілердің қандай қиындықтарға ұшырағанын зерттеңіз. 33 аяттан 38 аятқа дейінгі үзіндіге ерекше көңіл бөліңіз, бұл үзіндіде біреулерінің құтқарылуға ие болғаны туралы, ал басқаларының сатқындықпен бостандық алудан бас тартып, өздерінің әлдеқайда жақсы өмірге қайта тірілулерін көздегені туралы айтылған. Бүгінгі таңда мәсіхшілер басынан өткізіп жүрген азап шегудің барлық түрлерін толығымен атап шығу мүмкін емес, алайда қауым тарихының бүкіл ғасырлар бойы құрбан болған мәсіхшілермен салыстырғанда, ХХ ғасырда құрбан болған мәсіхшілердің саны әлдеқайда көбірек екені анық белгілі. Мәсіхшілерге Киелі кітапта берілген жалпы нұсқаулардан басқа, қудалаудың әрбір жағдайында қалай әрекет етудің нақты үлгісін ұсыну мүлдем мүмкін емес. Тіпті егер де біз осындай үлгілерді ұсына алсақ та, олар пайдасыз болар еді, өйткені егер тек біздің әлсіз күшімізді ғана есепке алатын болсақ, мықты жау үшін біз лайықты қарсылас бола алмаймыз. Біздің дайындығымыз Құдайдың Сөзін зерттеуге, сенімде Құдаймен тығыз байланыста болуға мен күнделікті Киелі Рухқа мойынсұнуға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар біз үшін басқа сенушілердің сиынып жатқанына сенеміз. Бұрынырақ біз айтып кеткен, Еврейлерге арналған хаттағы қудалану туралы аяттардың «сенім туралы танымал тарауда» болғаны да кездейсоқ емес. Осы хаттың 11 тарауында «сенім» сөзі жиырма төрт рет кездеседі. Пауыл елші айтқандай, дәл осы сенім біздің жүрегімізге сенімділік ұялатады. **Маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын \(Філ. 4:13\).** ###### Топтағы сабақтар **Рөлдік жаттығулар:** Сіз өзіңізді жек көретін ортада өмір сүріп жатқан, сенуші адамсыз. Айналаңыздағы адамдарға сүйіспеншілік танытқаныңызға қарамастан, сіздің сеніміңіз олардың нанымдарынан өзгеше болғандықтан, сізді сеніміңізге бола жек көретін адамдар бар. Бұған қоса, сіздің үйіңізде мәсіхтік қарым-қатынас үшін сенушілер жасырын жиналады. Бір күні таңертең үйіңізге көршілер баса-көктеп кіріп келеді. Содан кейін полиция келіп, екі жақтың айтқандарын да тыңдайды. Полиция қызметкерлері сізге полиция учаскесіне баруды \(онда сізді ұрып тастайды\) немесе көршілеріңіздің үстінен сотқа шағым жазуды ұсынады. Сіз нені таңдайсыз? Неліктен? **Жеке тапсырмалар:** 1. Жатқа есіңізге түскен қудалау мен азаптар туралы аяттарды оқып шығыңыз. 2. Киелі кітаптағы сенім батырлары туралы және олардың қудалауға орай әрекеті туралы айтып беріңіз. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Сенбеуші адамдарға қарағанда мәсіхшілерге азаптарды өмірінде көбірек күту керек пе? 2. Азап шегу туралы қате ой-пікірде болып па едіңіз? Ол нақты қандай ой-пікір еді? 3. Азап шегу туралы Киелі кітаптық тәлімнің қандай көзқарастары туралы сіз бұрын ешқашан ойланбадыңыз? 4. Азап шегу туралы Киелі кітаптық тәлім, қалайша Құдай бізді сүйіп, өмірімізде тек біздің игілігіміз үшін болатын жағдайларға жол береді деген шындықпен сәйкес келеді? 5. Дүние жүзіндегі қиындық болып жатқан аймақтарында мәсіхшілер қатаң азаптарды басынан өткізіп жатқан кезде, оларға қалайша қолдау көрсете аламыз? Біз олардан нені үйрене аламыз? ### Үшінші тарау #### Қудалауға орай әрекет ету *Жамандыққа жамандықпен, қорлыққа қорлықпен емес, ақ батамен жауап беріңдер. Себебі Құдай сендерді шақырғанда Өзінің ақ батасына ие болсын деп мақсат еткен еді.* 1 Пет. 3:9 Абдул орта тапқа жататын, суниттік мұсылмандар отбасында дүниеге келді. Он жасында ол мұсылмандық сенімді ұстана бастады, жиырма үш жасына дейін ол өте діни адам болып қала берді. Жасөспірім кезінде ол әрбір жас адам үшін табиғи сұрақтарды қоя бастады: «Мен кіммін? Мен не үшін дүниеге келдім? Мені кім жаратты? Неліктен мен мұсылманмын?» Бір сұрақ оны басқалардан гөрі көбірек уайымдатты: «Мен қайтыс болғаннан кейін, Құдаймен бірге боламын ба?» Абдулланы мәсіхшілер үш құдайға сенеді, ал Киелі кітап шындықты бұрмалайды деп үйреткен. Бір елші одан Киелі кітаптағы мәліметтердің бұрмаланғанын дәлелдеуін өтінді. Тоғыз айдың ішінде ол дәлелдерді табуға тырысты, бірақ таба алмады. Тоғыз ай бойы Құдай онымен сөйлесті. Абдул Оған толығымен мойынсұнып, Иса Мәсіхті Тәңір Иесі, әрі Құтқарушысы ретінде мойындады. Үш жыл бойы ол өзінің сенімін жасырып, өзінің жаңа нанымдары туралы ешкімге тіс жармады — отбасына да, достарына да айтпады. Оның шешімі ислам дініне қарсы екенін білді және егер де ол әкесінің сеніміне қайтып келмесе, оны өлтіретінін де білді. Сенімінде өскен соң Абдулды Экспо 92 бағдарламаның шеңберіндегі уәде беру көрме қойылымына жетекші ретінде шақырды. Ол мұны жұмыс ретінде қабылдамайтын. Бұл Құдайға қызмет етуге деген мүмкіндік еді. Жас жігіт үшін мол жарылқаулар уақыты келді. Абдул Отанына қайтып оралған кезде әуежайда мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен қиындықтар туындады. Оның төлқұжатын тартып алды. Оның тәубеге келгені туралы сұрастырып, екі инспектор тергеді. Әуежайдан бірден оны қауіпсіздік комитетіне қолына кісен салып алып кетті. Онда оның көзін байлап, сегізінші қабатқа апарып тастады, онда тағы да жауап алды. Оның қолынан да, аяғынан да сабады, бетінен ұрып, балағаттап, өмір бойы түрмеге жабамыз деп қорқытты. Оның бүкіл денесі соққыдан сыздап ауырды. Оған тіпті бір тамшы су да берген жоқ. Алайда барлық жәбірлеу мен азаптаудан соң, оны кейінірек қайтып келемін деп міндеттеме алып, босатып жіберді. Содан кейін егер ол сенімінен тайып кеткеніне тәубе етпесе, оның сол үшін үлкен құн төлеуге тура келетінін және ең алдымен оның сатқындығы туралы отбасына айтып беретіндерін айтты. Кейінгі қайғылы және азапты айлар бойы Абдул мүлде қауымға барған жоқ. Бәрінен көбірек ол өзінің отбасының оның Мәсіхті қабылдағанын білгенін қаламады, өйткені бұл жағдайда не күтіп тұрғанын ол жақсы білді. Бұған қоса, ол осы іске мәсіхші достарын қатыстырғысы келген жоқ. Ақыр соңында ол барлығын өзінің әпкесіне айтып берді, өйткені ол онымен жақсы қарым-қатынаста болатын. Ол тым болмағанда оны тыңдайтынын білді. Ол жылап-сықтап оның әңгімесін тыңдады, оның жүрегінде отбасына қауіп төндірмеу үшін оған елден қашуға кеңес беру тілегі болды. Абдулдың үйінде тыңдайтын құрылғылар орнатылды, телефон да тыңдалды, поштасын ашып көретін, банк шотын да бақылап отырды, оның ізіне түсіп торуылдады. Сегіз ай уайым, ізіне түсіп торуылдап жүру мен үйіндегі заңсыз тінтуден кейін, Абдул елден кетуді ұйғарды. Ол белгісіздіктің алдындағы қысым мен қорқынышқа шыдай алмады, мемлекеттік қауіпсіздік өкілдері оны торылуылдауын қоятынына көзі жетпеді. Бүгінгі таңда Абдул мен оның әйелі еркін елде өмір сүреді. ##### АЗАП ШЕГУГЕ ОРАЙ КИЕЛІ КІТАПТЫҚ ӘРЕКЕТ Бір дана пәлсапашы өмір жиырма пайыз әрекеттен және сексен пайыз соған орай әрекет етуден тұрады деп айтқан екен. Киелі кітап бізге, мәсіхші шынайы қудалаулар мен азаптарға орай қалай әрекет ету керектігі туралы үйретеді: Мынау осы тәлімнің кейбір нақты көзқарастары: **1. Таңғалмаңыздар\!** Киелі жазбада өмірімізде болып жатқан жағдайларға қатысты көзқарасымыз туралы көп айтылады. Петір біз сынақтармен, азаптармен және қудалаумен кездескен кезде таңғалудың қажеті жоқ деп үйретеді. **Қымбатты бауырластарым, өздеріңнің «от кешіп» ауыр азап шегіп, сыналғандарыңды оғаш нәрсе деп ойламаңдар. Қайта, неғұрлым көбірек Мәсіх секілді азап шексеңдер, соғұрлым көбірек қуаныңдар. Сонда Мәсіх салтанатты ұлылықпен қайта оралып, ашық көрінген кезде де шаттанып қуанатын боласыңдар \(1 Пет. 4:12–13\).** Мұнда Петір Киелі кітапта бірнеше рет қайталанатын қудалау мен азаптар туралы нұсқауды қайталап отыр. \(Жох. 15–16; 2 Тім. 3:12; 1 Жох. 3:13\). Азаптар бізді таңқалдырмауы тиіс. Олар Құдайдың ниеттерінің орындалуына кедергі болмайтынын түсініп, күтуіміз қажет. **2. Қуанындар\!** Петірдің бірінші хатындағы қуану туралы нұсқау \(4:13\) Киелі кітаптағы ең қиын үзінді болып саналады. Бірақ бұл ой «шынайы бақыт өсиеттеріндегі» Исаның тәліміне толығымен сәйкес келеді \(Мат. 5:11–12\). Дәл сол сияқты Жақыптың 1 тарауының 2-аятынан 4-аятына дейін үзіндіге сәйкес келеді. Түпнұсқадағы етістіктің түрі үдерістегі іс-әрекетті білдіреді: қуанындар\! Бұл бұйрықты оны сүйемелдейтін Құдайдың уәделеріне назар аударса, түсіну оңайырақ болады. Римдіктерге арналған хатта біз Иеміздің тамаша уәделерінің бірін табамыз. Киелі кітаптың ағылшын аудармасының бір нұсқасының ескерутінде, нақтырақ аудармада бұл аят былайша талқыланады: «Құдай Өзін сүйетіндермен әрдайым бірге болып, бәрін олардың игілігі үшін жасайтынын білеміз». Бұл қандай тамаша\! Біз өзін-өзі азаптайтын адамдар емеспіз, біз жанымыз ауырған кезде, одан рақаттанбаймыз. Бірақ біз Иемізбен Оның азаптарын бөлісе алатынымызға және Ол қайтып келген кезде, Онымен мәңгі бірге болатынымызға қуанамыз. Петір азаптарда болатын қуаныштың тағы бір себебі туралы айтады, бұл Киелі Рух біздің бойымызда өмір сүріп, бізді жан азабы мен қорқыныштан арылтады. Дәл осы Киелі Рух кез келген қудалауда болатын азаптың күшін жақыннан танып білуге мүмкіндік береді. Дәл осы Рух сенушіге ерекше рақым сыйлайды. Сондықтан қуаныңдар\! **3. Шүкіршілікпен сиыныңдар\!** Філіпіліктерге арналған хатта \(4:6\) Пауыл бізді «еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштерімізді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіруге» шақырады. Мұқтаждық болған кезде біздің Құдайға көмек беруін өтініп жалбарынатынымыз айдан-анық, бірақ Пауыл күмәндар, айыптаудың, Құдайға қатысты түсінбеген сұрақтардың жол бергісіз екені туралы айтады. Қайта біз барлығын шүкірлікпен қабылдауымыз керек, өйткені осыған Құдайдың жоспары бар, сол үшін Ол бізді Өзінің өлімнен қайта тірілу құдіретімен қамтамасыз етеді. Елші Пауылдың осы хатындағы келесі аят шүкіршілік ететін жүректе рақым болатыны туралы айтады. Сонымен қатар Киелі Жазба азап шегіп жатқан адамдар үшін де \(Елш. 12:5; Евр. 13:3; Қол. 4:18\) және оларды қудалағандар үшін де \(Мат. 5:44; Рим. 12:14\) мінажат етуді үйретеді. Бізге Тәңір Ие қудалауға орай дұрыс әрекет етуге даналық беруін өтініп сиынуымыз қажет. **4. Азап шегудің қайнар көзін анықтап алыңыз** Петірдің бірінші хатында \(4:15–19\) біз қудалау мен азаптарға дұрыс әрекет етуге қажет екі нәрсені көреміз. Осы нәрселердің біреуі — азаптарды бағалау. Петір азаптар барлық уақытта Құдайдың еркі бойынша бола бермейді деп айтады. Ол нәтижесінде өзіміз азап шекпеуіміз үшін, біздің қандай жағдай болса да жасамауымыз қажет, қылмыстың төрт түрін атап көрсетеді: бұл кісі өлтіру, ұрлық, зұлымдық пен біреудің затына қол сұғу. Азап шеккен кезде Құдайдың еркін орындап жатқанымызға сенімді болу үшін, бізге азаптардың себебі мен мақсатын дұрыс бағалау қажет. Дәл осы хаттың 17-аятында Петір бізді азаптарға дайын болуға шақырып, жігерлендіреді, өйткені Өзінің келетінің алдында Құдай бізді Өзінің қауым мүшелері ретінде жазалап, сынап, тазалайды. Бұл тұжырым да бізге өміріміздегі болып жатқан жағдайларды түсінуге көмектеседі. Біздің Исаның келуіне дайындығымыз қудалау мен азаптарды әлсіз етеді. Петір сонымен бірге бізге: «Сонымен, Мәсіхтің Өзі тәнімен азап шеккендіктен, сендер де жақсылық үшін азап шегуге дайын болыңдар\! Осындай ой-ниет өздеріңді қорғайтын қалқан іспетті...» — деп айтады \(1 Пет. 4:1\). Киелі кітаптың қытайша аудармасында осы аят бұдан да күштірек естіледі: «Азап шегуге дайындықты өздеріңнің қаруларың етіп алыңдар». Осындай аяттан кейін көптеген қытайлық мәсіхшілер жаудың қолынан қаруды алып, Құдайдың жеңісі үшін қолданғаны таңғалдырмайды.   **5. Азаптардан ұялмаңыздар\!** Сенушілер өзінің азап шегіп жатқаны үшін, шайтанға ұят сезімінің жүрегіне ұялатуына мүмкіндік бермеуі керек. Басқа сенушілерден оқшаулану азап шегудің бір түріне айналған кезде, шайтан рухты сындырып, сенушілердің жүрегінде күмән себуге тырысады. Егер сенушілер Иса үшін азап шегу табиғи нәрсе екенін және бүкіл дүние жүзіндегі мәсіхшілер ұқсас жағдайларға душар болатынын түсінсе, олар мықты қолдауға ие болады. Петір былай дейді: «Ал мәсіхші болғандарыңа бола жәбірленсеңдер, одан ұялмаңдар, керісінше, Мәсіхтің атымен аталғандарың үшін Құдайды мадақтаңдар» \(1 Пет. 4:16\). **6. Азап шегуге орай Мәсіх қалай әрекет етсе, сіз де солай әрекет етіңіз** Егер біз Мәсіх азап шеккендей, азап шексек, біз азаптарға Мәсіх әрекет еткендей әрекет етуіміз керек. Егер біз тәндік көзқараспен қудалауға орай әрекет ететін болсақ, біздің азаптарымыз осы күнәкар дүние үшін куәлік ретінде мағынасын жоғалтуы мүмкін. Мәсіх зұлымдыққа зұлымдықпен жауап бермеді. Ол тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады. Ол азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Оған зұлымдық жасағандардан кек алған жоқ. Ол өзін балағаттағандарды сүйіп, Оны жек көргендер үшін мінажат етті. Бізге өзімізді қарғағандар үшін бата сұрау, жек көргендерді сүю, ал қудалағандар үшін мінажат ету бұйырылды \(Мат. 5:38–48\). Нақты оқиғалар бар екенін ұмытпаңыздар: мәсіхшілерді қуғындаған адамдар олар қудалауды қалай қабылдағандарын көріп, кейін өздері мәсіхшілерге айналған нақты оқиғалар бар \(1 Пет. 3:14–18\). **7. Құдайға сенім артыңыздар\!** Петір өзінің бірінші хатында \(4:19\) шәкірттер «жандарын әрдайым уәдесін орындайтын Жаратушыға сеніп тапсыру керектігі» туралы айтады. Осы сөздермен ол біздің адал Жаратушымыз толығымен сенімді және Оған сенім артуға болады, өйткені тек Ол ғана біздің барлық мұқтаждықтарымызды қанағаттандыруға қабілетті. Егер біз жүрегімізде барлығын Тәңір Иеге тапсыруға шешім қабылдасақ, азаптардан өту әлдеқайда оңай болады. Егер біз Оған мойынсұнып, құрбандықпен қызмет етсек, онда бізге өмірімізде Ол жол берген сынақтар мен азаптар туралы уайымдаудың қажеті жоқ. **8. Табанды тұрып, бірлікте болыңдар** Бір отбасының мүшелері ретінде, біз азап шегіп жүрген мүшесіне көмекке келуіміз керек. Мәсіхтің денесі оның барлық бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты болған кезде мықты болады. Бір бөлігі азап шеккен кезде, қалған барлық бөлігі де азап шегеді \(1 Қор. 12:20–27\). Пакистандық жас Саламат Мазих \(Salamat Masih\) Пакистандық қауымның қудаланып жүрген мүшелерінің, Мәсіхтің денесінің басқа мүшелерінен алатын көмегі туралы куәлік етеді. Оны, сауатсыз адамды Мұхаммед пайғамбарды жазбаша түрде балағаттауда айыптады. Осының салдарынан оны өлім жазасына кесті, бірақ кейін ақтап алды. Осы уақыт бойына ол жердің барлық шетінен ол үшін мінажат етіп жатқаны туралы хаттар алып отырды. Саламат былай дейді: «Бұрын ешқашан бүкіл дүние жүзінде менің сонша бауырластарым бар екенін білмедім\!» Бір индонезиялық бағушыға шабуыл жасап, байыпты тәндік зақым келтірді, сондай-ақ оны қызметінен бас тартып, отбасымен елден кетуге мәжбүр етті. Оны батылсыздықта айыптаудан бұрын, осы бағушы қауым тарапынан қандай-да бір қолдау немесе көмек алды ма, жоқ па, соны біліп алу қажет. Бәлкім, ол өзін жалғыз сезінген шығар, өйткені оған сүйіспеншілік пен жанашырлық танытатын адамдар табылмаған болар. ##### БОЛУЫ МҮМКІН ҚУДАЛАУҒА ДАЙЫН ЕМЕС МӘСІХШІЛЕРДІҢ ЖАУАП БЕРУ ТҮРЛЕРІ Сенушілер қудалауға ұшырамайтын елдерде, олар қудалау тақырыбына айтарлықтай немқұрайлы қарайды. Мынау қудалау туралы еске салған кезде, сенушілердің берген кейбір жауаптары: **1. «Бізде мұндай болуы мүмкін емес»** Осындай жауапты психологтар географиялық оқшаулауға негізделген әрекет деп атаған болар еді. Көптеген адамдар кең ауқымдағы қудалау шын мәнінде мүмкін емес, өйткені «Конституция діни еркіндікті кепілдік етеді» немесе «елімізде қауым тым көп» деп есептейді. Осындай сенушілер елдерінде білімді шенеуніктерге сенім артады және мәсіхшілік қауым олардың елінде басты орында тұрғанына сүйенеді. Угандадағы мәсіхішілік қауым сан жағынан басым болды, оның жақтаушылары бүкіл халықтың жетпіс пайызын құрайтын. Бірақ Иди Амин билікке ие болған соң, елде мәсіхшілерге адам айтқысыз қудалаулар басталды. Қауымда көп адам болғандығы оның қауіпсіздігіне кепілдік бермейді және болуы мүмкін қудалаудан оның мүшелерін қорғамайды. **2. «Біздің заманымызда қудалаудың болуы мүмкін емес»** Мұндай жауапты өздерін біздің дәуіріміздің либералды гуманизмінің арқасында қудалаудан босатылғамыз деп санайтын адамдар береді. Алайда қудалаулар келген кезде, тарих олардың өмірінде де өзінің ізін қалдырады. **3. «Құдай бұған жол бермейді»** Қудалаудың теологиялық негізін түсінбегендіктен, сенушілер мінажат етіп, Құдайдан олардың тіпті болу ықтималдығын жоюын өтініп сұрайды. Қудалаулар келген кезде соған орай дұрыс әрекет етуге немесе Құдай Сөзін уағыздауға батылдық сұрап сиынудың орнына, \(Елш. 4:29\) мұндай шабуылдар тек шайтаннан келеді деп санап, олар қудалауға жол бермеуі туралы мінажат етеді. **4. «Бізде бұл туралы ойлауға уақыт жоқ»** Америка Құрама Штаттары сияқты елдерде өмір сүретін және қудалаудың не екенін мүлдем ұмытып кеткен адамдар жиі осылайша жауап береді. Қудалаулар туралы тіпті ойлағысы келмеген жерлерде олар әсіресе, қатаң болатыны қызық. ##### ҚУДАЛАУҒА ДАЙЫН ЕМЕС ** **МӘСІХІШЛЕРДІҢ ЖАУАП БЕРУ ТҮРЛЕРІ Біздің қудаулау тегеуріндегі лайықты мінез-құлқымыз толығымен Мәсіхтің құдіретіне байланысты болады. Табандылық танытуымыз тек Соның арқасында. Дайын емес мәсіхшілер қудалауға тап болған кезде, олар келесі қателердің біреуін жасауға бейім болады. **1. Сенімінен бас тартып, жаудың жағына өту** Сенімнен бас тартуға жол беруге болмайтыны айдан анық, бірақ дайын емес мәсіхшілер дәл осылай әрекет етеді. Мәсіхті тұтқындаған кезде, Петір қорыққаннан Одан бас тартты. Яһуда Мәсіхтен жасырын бас тартып, Оны жаудың қолына тапсырды. Біз бәріміз де, өміріміздің әр түрлі сәттерінде әр түрлі деңгейде осы күнәні жасадық. Бірақ Құдай тіпті осы күнәні де кешіре алатынын есте сақтаңыз. **2. Өз сенімін жасырып, қоғамнан оқшаулануға тырысу** Осындай әрекеттің қателігі көзге аса түспейді. Сенуші сенімінен бас тартпағаны арқылы өзін ақтап, іштей өзін мақтан тұтуы мүмкін. Бірақ егер ол қорқыныштан басқа сенушілерден аулақ болуға тырысса, шайтан осы оқшаулануды аяқтайды, сөйтіп сенушінің рухани өмірі біртіндеп өшіп қалады. Зынданда отырған кезде, тіпті Жақия Шомылдырушы Исаға күмәндана бастады \(Лұқ. 7:18–23\). Көптеген мәсіхшілер қудалауға тап болған кезде, осындай тәсілді таңдаған, бірақ кейін қате жасағандарын мойындаған. Олар оқшауланудан шығып, басқа мәсіхшілермен қарым-қатынас қайта қалпына келтіріп, мәсіхшілердің бауырластығына енген. **3. Үмітсіздік ашық күнәға итереді** Жауаптың бұл түрінің ең созылмалы салдары болуы мүмкін. Сенімімізді мақтан тұтуымызбен ынталандырылған ашық қарсы шығу бір қарағанда батыл іс-әрекет сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ мұндай іс-әрекеттер міндетті түрде билік иелері тарапынан қатал қудалауларға алып келеді, қарсы шыққан адам не өлтіріледі, не тұтқынға алынады. Бірақ бұл нәтиже қудалауға деген Киелі кітаптық көзқарасқа қарама-қайшы емес. Киелі кітап мәсіхтік қоғамдастықты қорғау үшін қаруды қолдануға шақырады. Алайда қарумен қарсы тұру тақырыбының өзі мәсіхшілерді алаңдатады. Мұндай әрекеттің Киелі кітаптық тұрғыдан зерттеу, біз сенушінің азаматтық парызы мен оның қарулы болу не болмауының жеке жауапкершілігін айыруымыз керектігін түсінуімізге әкеліп соғады. Исаның өмірбаяны, куәліктері мен тәлімінен қарулы болуды, мәселені шешудің лайықты тәсілі деп санауға болмайды, дегенмен, көптеген бағушылар мен қауым мүшелері осыны әбден қолайлы деп санайтынын біз мойындаймыз. Тәңір Ие шынымен біреулерді билік иелеріне қарсы алып келуі мүмкін \(мысалы, Жақия Шомылдырушы сияқты\) сондықтан да, қалған сенушілерге қандай жағдай болса да, билік иелерінің каһарын туғызған адамдарды айыптауға болмайды. Мүмкін, шайтан басқа сенушілерге көмек бере алатын адамды алып тастау үшін сылтау іздеген болар? **4. Қашу \(егер бұл жалғыз ғана мүмкіндік болса\)** Сенушілердің қудалауға орай әдеттегі әрекеті — мүмкін болған жерде Құдайға арналған қызметті өткізу және Ізгі хабар тарату үшін жайлы болатын, қауіпсіз жерге көшу. Осындай әдісті қолдану қауымның қалыпты жұмыс істеуі үшін жалғыз түрі болып табылады. Мәсіхті айқышқа шегелеген кезде Оның барлық шәкірттері қорқып, қашып кетті, бірақ кейін «Құдай еркіне» сенім артқан кезде ғана, нағыз «қауіпсіздікке» ие болуға болатынын түсінді. Жаудың ортасында қауым жұмыс істеп қана қоймайды, сонымен бірге өсіп-өркендеуі мүмкін. Жоғарыда айтылған қудалауға жауап берудің барлық түрлері қудалауға рухани жағынан дайын емес адамдардың арасында кеңінен тараған. Бұл қиын жағдайға рухани жауап емес, қайта тәндік жауап болып табылады. Тәңір Иеге сенім артпаған кезде, кез келген нәрсе болуы мүмкін. ##### ҚУДАЛАУҒА ДАЙЫН МӘСІХШІЛЕРДІҢ ** **ЖАУАП БЕРУ ТҮРЛЕРІ Сонымен қатар қудалауға дайын мәсіхшілердің жауаптарының да түрлері бар, бұлар сенушілердің шынайы өмірінде орын алған. Мұндай адамдар сенімдерінде берік тұрып, дағдарыстар кезінде өсуге дайын. Сенушілердің қарсы тұруының келесі үш тәсілі Киелі кітаптық, әрі тарихи болып табылады. Олардың басым көпшілігі Құдайдың жетелеуімен болған. **1. Құдайдың еркі солай екенін білген кезде, олар қашқан** Жаңа Келісімде Жүсіп пен Мәриям нәресте Мәсіхпен бірге, өлімнен құтылу үшін Мысырға қашты. Қудалау басталған кезде, Иса шәкірттеріне бір қаладан басқа қалаларға кашуды бұйырды. Оның Өзі де бірнеше рет парызшылдардан қашты. Иерусалимдегі ертедегі мәсіхшілер Исаның бұйрығын орындамады және жердің шетіне дейін Ізгі хабарды таратуға барған жоқ, бұл жайлы біз Елш.кітабынан \(1:8\) оқимыз. Сондықтан да, Құдай Елшілер кітабында сипатталған қудалауларға жол берді \(1:8\), осылайша оларды жер шетіне дейін Ізгі хабар таратуы үшін шашыратып жіберді. Жазбаның мәтініне сәйкес қудалаулар Құдайдың еркін орындауды көздеді, өйткені олар жер бетіне тараған кезде, Құдайдың Сөзін уағыздады \(Елш. 8:4\). Ертедегі мәсіхшілер әр түрлі елдерге шашырап жүріп, жолындағы кездескен әрбір адамға Ізгі хабар айтты. Көптеген қудалауларды басынан өткізген елші Пауылға елшілік өмірінде бірнеше рет қашуына тура келді \(Елш. 9:25; 30; 17:10\). Осындай жағдайларда оған достары мен соңынан ерушілер көмектескен. Адамдар оның өмірін және қызметін сақтап қалу үшін қолдарынан келгеннің бәрін істеді, бірақ ол әрдайым қашуға тырысқан жоқ. Бүгінгі таңда көптеген адамдар қудаланған мәсіхшілер үйлерінен кеткені дұрыс-бұрыстығын талқылып, сөз таластырады. Осылай істеуді ұйғарған адамдар, шын мәнінде Құдайдың еркінде сенімді болуы керек. Екінші жағынан, егер барлық мәсіхшілер қашатын болса, адамдарға Мәсіх туралы кім куәлік айтады? Тәңіріміз айналамыздағы адамдарға «тұз және нұр» болуымыз керектігін туралы айтқаны есіңізде болсын \(он жетінші тарауды қараңыз\). **2. Олар қалып, батылдықпен жеңіп шықты** Осы нұсқаулықтың мақсаты — сенушілерді қудалауларды лайықты түрде басынан өткізуге және одан жеңімпаз ретінде шығуға үйрету.Сондықтан да, мәсіхшілер жасырын сенетін, не жасырын қауым ұйымдастыратын, өмірлік маңызы бар түріне тоқталайық. Көптеген мәсіхшілердің қудалауларға орай әрекеті үш маңызды Киелі кітаптық шындыққа негізделеді: • Тек Құдай ғана Соттаушы және Тәуелсіз Тәңір Ие. Тек Ол ғана адамдардың жүрегін біледі, тек Ол ғана олардың жолдарын бағыттайды. Осылайша, егер біз өз күшімізге сүйеніп, кек ала бастасақ, біз Құдайдың атқаратын қызметін орындауды өз мойнымызға жүктейміз. **Жазалау — Менің ісім, тиісті жазаларын тартқызамын Өзім\!Кезі келгенде аяқтары таяды, күйрейтін күндері жақындап қалды, тағдыры зырғытып қуады оларды \(Заңды қайталау 32:35\).** • Құдай қысым көргендердің мінәжатын естиді. **Уа, Құдай, үкім шығарып мені ақташы, Бұл мейірімсіз халықтан мені қорғашы. Әділетсіз өтірікшілерден құтқаршы\! \(Забур 42:1\).** • Кек алу Құдайдың ісі болғандықтан, бізге кек алудың қажеті жоқ. **Жауың сенің аш болса тамақтандыр, Егер ол шөлдесе шөлін қандыр\! Сен осылай етіп басына оның қызып тұрған шоқ жиғандай боласың, Һәм Жаратқан қайтарар саған қарымтасын. \(Нақыл сөздер 25:21–22\).** Көне еврей тілінде «жазасын береді» деген сөз «аяқтайды» деген мағынаны да білдіреді. Өзінің жауына жанашырлық танытқан адамның өмірінде басталған үдерісті Құдай аяқтайды. Жиі қудалаулар кезінде сенушілердің өлімімен аяқталады. Бізде үш Жаңа Келісімнен алынған мысал бар — Жақия Шомылдырушы, Степан және Жақып \(Евр. 11:36–37\). Осы жағдайдардың барлығында олар азапталып өлтірілуді қудалаудың заңды салдары ретінде қабылдады. Қазіргі күнде мұны түсіну оңай емес, біздің мәдениетімізде адамның құқығын қорғау және кез келген азаптардан аулақ болуға тырысу тән. **3. Олар өздерінің заңды құқықтарын қолданды** Қудалауларға жауап берудің бірінші мен үшінші түрлерінің арасында тағы бір ортаңғы түрі бар. Бұл жеңуге көмектесетін кез келген амалға сүйену. Пауыл мұнда да бізге үлгі көрсетті. Елшілердің істері кітабының 22-таруында ол өзіне төніп тұрған жазаның орынсыз екенін көріп, өзін қорғау үшін римдік азаматтығын қолданады. Елшілердің істері кітабының 25-тарауында ол өзін қорғау үшін қайтадан римдік азаматтығын қолданып, кесарді сотқа шақыруының арқасында, яһудилердің қолынан өлімнен құтылады. Қудалауларға жауаптардың осы үш түрінде әділдікке қол жеткізуге тырысу аса нәзік сәт болып табылады, әсіресе, басқа адамдарға қатысты. Мәсіхшілер үшін әділдікті қорғау олардың шақырылуына жатады. Әділетсіздікке қарсы шығатын мәсіхшілер өздерін қудалаулар мен қиындықтарға душар етіп, майданның алдынғы қатарында жүреді. Абдиас Тавилла бауырлас \(Abdias Tovilla\) Чьяптегі \(Оңтүстік Мексика\) өзінің отандастарына көмектесу үшін заңды оқыды. Чьяпаның тұрғындарын інжілдік мәсіхші болғандары үшін үйлерінен қуды. Перуде әділетсіз түрде үкіметке қарсы қызметте айыпталған, түрмеге отырғызылған мәсіхшілердің құқығын заңды түрде қорғауды жүзеге асыратын Мәсіхшілік Кеңес ұйымдастырылды. Басқыншылық көрген халықтың аздаған тобынан тұратын Шри Ланкадағы қауым, қудалауға ұшыраған қауымға мәсіхшілердің қалай көмекке келетінінің жарқын мысалы. Шри Ланканың інжілдік одақтастығы Дүниежүзілік Інжілдік одақтастықтың діни бостандықтар жөніндегі Комиссиясымен бірге қауым немесе сенуші шабуылдар пен қудалауға ұшыраған кезде мына нұсқаулықтарды орындауды қабылдады: • Басқа қауымдардың басшыларының азап шеккен қауымға барып, қауым бағушысын және мүшелерін жігерлендіру • Заңсыз іс-әрекет туралы акті жасап, әлемдік қоғамдастыққа осы туралы жариялау. Әдетте бұл Ғаламтор арқылы жасалынады. Осының нәтижесінде Мәсіхтің азап шеккен денесінің бөлігі үшін басқа сенушілер табандылықпен мінажат ете бастайды. • Азап шеккендерге материалдық көмек көрсету. Қудалау құрбандарына көмек ретінде қаржы жинау үшін қауым ат салысады. • Қудалаулардың нақты оқиғалары туралы мәселені үкімет деңгейіне шығару. Заң тәртібі мен қоғамдық ой-пікірді келешекте осындай оқиғаларды болдырмау үшін қолдану. • Заңды құқықтар туралы ақпаратты бағушылар мен қауым мүшелеріне беру. Бұл қудалаулар кезінде қолдану үшін беріледі. • Діни еркіндіктер шеңберіндегі нені істеуге болатыны мен болмайтыны туралы ақпаратты беру. Мұнда қауымға қайғылы жағдайға тап болмау үшін өзін қалай ұстау керектігі туралы практикалық кеңестерді атап көрсету қажет: • Шулы Құдайға арналған қызметтерді өткізбеуге тырысу; • Өзін айналадағы ортадан оқшауламау, сонымен бірге өзін қауымнан алыстатпау; • Өзінің мінез-құлқында айналасындағы адамдардың мәдени заңдылықтарын ескеру; • Діни мерекелер кезінде баршаның назарын аударудан аулақ болу; • Ізгі хабарды уағыздаған кезде дамдарды жақын тарту үшін, қайырымдылық немесе әлеуметтік көмекке сүйенбеу; • Айналасындағы адамдарға азғырылу әкелмей, қарапайым өмір сүру; • Қудалау болған жағдайда шағын топпен жиналу; • Қауымға шетелдіктерді шақырмауға тырысу; • Басқа діндерге қатысты әдепсіз сөйлеуден аулақ болу. Келесі көреген ескертуді конфессияаралық сұхбатқа қатысқан қауым басшысы айтты. Оның көз алдында болған дау-жанжалдан кейін, осындай жағдайда қауымды жетелеу қиын екенін түсінді. Тиімді сұхбат үшін дау-жанжалдарды тоқтатпай, алдын алу керек деп айтады. Жергілікті қауым мен әр сенуші азаптардың міндетті түрде болуы мен жауап берудің түрлерін түсінген кезде, олардың жеңісі мүмкін ғана емес, сонымен бірге қамтамасыз етілген. ##### ҚОРЫТЫНДЫ Біздің басымыздан өтетін қудалаулар не біздің жанымызды жаралайды, не рухани өсуге көмектеседі — бұл оларға орай қалай әрекет ететінімізге байланысты. Өкінішке орай, адамдардың көпшілік бөлігі Құдай қалайша қудалауды олардың игілігі үшін қолданғысы келетінін көрмейді. Олар қудаулаулардан қандай артықшылық көруге болатынына ойланудың орнына, қудалаудан бас тартып, оларға орай дұрыс әрекет етпейді. Құдай біздің өмірімізде қудалауларға не үшін жол беретініне жауаптың бес түрі. **1. Құдай қудалауларды бізге бағыт беру үшін қолданады** Кейде Құдай біз қозғалсын деп, аяғымыздың астындағы жерді жағады. Сырттан келген қиындықтар мен қысым жиі бізге жаңа бағыт беріп, біздің алға қарай белсенді түрде жылжуымызға түрткі болады. Бәлкім, Құдай біздің назарымызды Өзіне бұрғысы келетін шығар? «Соққының ізі адамды зұлымдықтан арылтар...» \(Нақ. сөз. 20:30\). Сонымен, кейде адамға өзінің бағытын өзгерту үшін жан ауруын сезінуге тура келеді. **2. Құдай қудалауларды бізді сынау үшін қолданады** Құдай сізді қиын таңдаудың алдына қойып, сізді сынаған кезі болды ма? Осы екі мүмкіндіктің бірін таңдау қажеттігі сіздің бойыңызда нені көрсетті? «Бауырластарым менің, сендер алуан түрлі қиын сынақтарға ұшырағанда, бұл жайтты зор қуанышпен қабылдаңдар. Себебі сенімдеріңнің сыналып, берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер» \(Жақ. 1:2–3\). **3. Құдай қудалауларды бізді түзету үшін қолданады** Кейбір сабақтарды біз тек жанымыз ауырған және жеңілістерге ұшыраған кезде ғана ала аламыз. Біз кішкентай болған кезде, ата-анамыз бізге ыстық пешке қол тигізбеңдер деп ескертетін. Алайда біз бұл ескертудің мағынасын іс-жүзінде, яғни күйіп қалған кезде ғана түсіндік. Кейде біз бір нәрсені жоғалтқан кезде ғана бағалай бастаймыз, мысалы, денсаулықты, ақшаны, жақсы қарым-қатынасты. «Үйренуім үшін жарлықтарыңды, азап шеккенім маған жақсы болды» \(Забур 118:71\). **4. Құдай қудалауларды бізді қорғау үшін қолданады** Өмірлік қиыншылықтар егер бізді байыпты қауіптен қорғаса, онда ол Құдайдың бізге берген жарылқауы болуы мүмкін. Өткен жылы менің досымды оның этикалық ұстанымдарына сәйкес келмейтін нәрсені жасамағаны үшін, бастығы жұмыстан шығарып жіберді. Жұмыстың болмауы ол үшін өте қиын болды, бірақ фирманың жасырын істері билік иелеріне белгілі болғасын, бұл жағдай оны айып тағу мен түрмеге жабылудан құтқарды «Сендер маған жамандық ойладыңдар, бірақ Құдай мұның бәрін жақсылыққа соқсын деп, осы арқылы көп адамдарды аштан өлуден аман сақтап қалуға ниет етті. Ол солай болды да» \(Жар. 50:20\). **5. Құдай қудалауларды бізді жетілдіру үшін қолданады** Егер қиыншылықтарға орай дұрыс әрекет етсек, олар жеке тұлғаның қалыптасуына көмектеседі. Құдайға біздің ыңғайлы жағдайымызға қарағанда, біздің тұлғамыздың қалыптасуы көбірек маңызды. Құдаймен өзара қарым-қатынас пен біздің тұлғамыз — біздің мәңгі өмірге өзімізбен бірге алып кететін жалғыз нәрсе. «Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз. Шыдамдылықтан сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді. Бұл үміт алдамшы қиял емес, өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті» \(Рим. 5:3–5\). Бұның мағынасы мынада: Біз жете түсінбеген кезде де, Құдай біздің өмірімізде әрекет етеді. Бірақ біз Онымен бірге әрекет етіп, Оған көмектесетін болсақ, мұның нәтижесі мол болады. Бұл жеңіске деген жол\! ###### Топтағы сабақтар **Рөлдік жаттығулар:** Сіз Абдул сияқты еркіндігі шектелген елде өмір сүріп жатырсыз. Еліңізде мәсіхшілерді жеккөреді, олардың саны да аз. Билік басына Мәсіхке қарсы экстремистер келіп, қауымдастығыңыздың көзін құртқысы келеді. Олар жергілікті экстремистерді бірте-бірте арандата бастайды, сөйтіп оларды қауымды жағуға азғырады. Сонымен бірге мәсіхшілерге жұмыста да қысым көрсетіп, тіпті жұмыстан шығара бастайды. Сіз осыған орай қалай әрекет етесіз? Сізде іс-әрекеттердің қандай түрлері бар? Осы іс-әрекеттердің әрқайсысын жүзеге асыру үшін не қажет? Абдулда қандай таңдау болды және ол дұрыс шешім қабылдады ма, сол туралы ойланыңыз? **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Осы сабақта келтірілген айғақтар сізді үмітсіз жағдайға душар етуі мүмкін. Алайда мәсіхші ретінде біз қандай сезімде болуымыз керек? 2. Мәсіхтің үлгісіне сай, басыңызға түскен қатты қысымға орай қалай әрекет етесіз? 3. Біздің азаптарымыз қалайша Мәсіхке деген адалдығымызды нығайта алады және Оның біз үшін жанын қиғанын түсінуімізге көмектесе алады? 4. Мәсіхшілер жұмысын жоғалтпау үшін, өзін және отбасын қорғау үшін сенімін жасыра ала ма? 5. Кейбір мәсіхшілер қалайша қудалауларды арандата алады? Осыған байланысты өзіңіздің мысалдарыңыз бар ма? 6. Мәсіхші өзін және отбасын қорғау үшін қаруды қолдану құқыққа сәйкес келе ме? Осы туралы Киелі кітап не дейді? Осы жағдайды топпен бірге талқылаңыз. 7. Киелі кітап қаруды ұстау не бас тартудағы сенушінің азаматтық парызы мен жеке жауапкершілігінің арасында айырмашылықты көре ме? Осы сұрақты Жазбаның нақты жерлеріне сілтеме жасап талқылаңыз. # ІІ БӨЛІМ ## Қауым ### Төртінші тарау #### Қауым дегеніміз не? *Мәсіх — сенушілер қауымының, яғни Өзінің рухани денесінің, Басы әрі оның өмірінің Бастауы. Ол — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы да. Сондықтан барлық жағынан да Оның жолы үлкен...* Қол. 1:18 Үндістанның солтүстік шығысында бір тайпаның кедей мәсіхшілері өмрлеріне қауіп төндіріп, басшысын, оның әйелі мен он жасар қызын өлтірген соң, басқа тайпаның жаңадан тәубе еткендерін қолдап, көмек көрсетті. Судандық түрмеде бір бағушы бірге жұмыс істегенін қолданып, мұсылмадандардан шыққан бір сенушіні төзімділікпен тәрбиеледі. Түрмеден босатылған соң жас мәсіхші Мәсіхтің мықты куәгеріне айналды. Қытайда мәдени революция кезінде сенушілердің шағын тобы апта сайын кішкентай дүкеннің артқы бөлмесінде жиналатын. Дүкенге кірген әрбір адам оларды оңай еститін болғандықтан, олар әнұрандарды сөзсіз және әуенсіз айтатын. Бір адам әнұранның атын сыбырлап айтатын, ал басқалары еріндерін жыбырлатып, іштей дыбыстарын шығармай ән айтатын. Кеңес Одағы заманындағы Ресейде сенушілердің біреуінің кішкентай қызының жерлеу рәсімін жұрт алдында Мәсіх туралы куәлік айту үшін пайдаланды. Зиратқа бара жатқан жолда олар жүз метр сайын тоқтап, мадақтау әнұрандарын айтты. Қайтыс болған қыздың әкесі де, Мәсіхтегі құтқарылу туралы анық куәлік берді. Көптеген өтіп бара жатқан адамдарға естігендері қатты әсер етті. Вьетнамда Хо Хье Ха \(Ho Hiue Ha\) есімді бағушы, тез арада өсіп келе жатқан қауымда қызмет еткені үшін алты жыл түрмеде отырып шықты. Ол өзінің түрмеде болған уақытын бос уақыт өткізу деп санаған жоқ, өйткені ол осы уақытты өзімен бірге темір тордың артында отырғандарға қызмет ету үшін қолдана білді. Еркіндікке шыққанша ол Мәсіхке тоқсан алты адам әкеліп, сенімдерінде өсірді. Киелі кітапта қауым «Құдай егіні, Құдайдың құрылысы», «Мәсіхтің денесі» және «Оның үйі» деп аталған \(1 Қор. 3:9; 12:13, 27; Евр. 3:6\). Сонымен қатар ол Оның қалындығы мен әйелі деп аталған \(Аян 19:7–9; 21:2, 9; Еф. 5:22–33\). Барлық осы қарапайым бейнелер қауым ғимарат емес, адамның құрылысы емес, рухани бірлік екенін түсіну үшін берілген. Қауымды осылай дұрыс емес қабылдау, сенушілердің арасында кеңінен тараған қате болып табылады. Иса Мәсіхтің қауымы негізінен, ең алдымен — рухани түсінік екенін түсіну өте маңызды. Петір Иса — Құтқарушы, тірі Құдайдың Ұлы деп уағыздаған кезде, өз қауымын осы ұлы шындықтың «ірге тасына» салынады және тозақ оны жеңе алмайды деп айтты \(Мат. 16:13–18\). Жаңа Келісімге сәйкес, Петір сияқты Исаны Құтқарушы деп мойындаған және Оған Құтқарушы мен Тәңір Ие деп сенім артқан адам, «көктен туылады» \(Жох. 3:1–7\). Бұл жаңа туылу — адамның жүрегін Құдайдың Рухы үшін ашатын, рухани тәжірибе. Құдай ашық жүрекке еніп, онда мекендейді. Осылайша адам «діни қызметкерге» айналады және Құдайдың алдына тікелей бара алады \(1 Пет. 2:5,9; Евр. 4:16\). Мәсіхпен осындай жеке қарым-қатынас рухани жағынан терең, ал Иса Өзіне сенім артқан адамдарды рухани денеге — Өз қауымына біріктіреді. ##### ҚАУЫМҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР Киелі кітап қауымға үш негізгі талапты қояды. **1. Мәсіхке деген сенім** Біз Иса Мәсіхке көктен туылу беретін, Тәңір Ие мен Құтқарушы ретінде сенуіміз қажет \(Жох. 3:1–17; 2 Қор. 5:17\). **2. Мәсіхтің атынан сенетін екі немесе үш адам** Бір сенуші қауым бола алмайды, өйткені қауым «тірі тастардан» тұрады және көптеген «мүшелері» бар дене болып табылады \(1 Пет. 2:5; 1 Қор. 12:12; Мат. 18:20\). **3. Исаға және бір-біріне адалдық** Мәсіх Қауымның Басы және Оған мойынсұнбай ешқандай қауым болуы мүмкін емес. Тәңір Ие сенушілерді Киелі кітапта негіз салу деп аталатын ерекше өзара қарым-қатынас негізінде бірігуге шақырады \(Еф. 2:22\). Мәсіхтің Өзі осы өзара қарым-қатынаста мәсіхшілерді біріктіріп, оларды бір-біріне қамқорлық жасау үшін бағыттайды \(1 Қор. 12:25–26\). Осындай қауым жай ғана адамның ұйымын емес, Құдайдың ісін білдіреді. Осы тәлімді зерттеген сайын, біз қауымға қатысты көптеген қате көзқарастар бар екенін көреміз. Қауым –адам ұйымы немесе ғимарат емес екенін естен шығармауымыз керек, оның басы адам болмауы тиіс және қауым қол қойып қызметке тағайындалған адамдарға немесе қызметшілерге мұқтаж емес. Бұл айтылғанның барлығы қауым өз қызметшілерін қызметке қол қойып тағайындаудан бас тартуды немесе қауымды басқаруға Құдай берген қабілеті бар адамдардан бас тартуды білдірмейді. Бұл сонымен қатар дайындықсыз және тәжірибесіз адамдар қауымға қызмет ету ісінде мойнына жауапкершілік ала алады дегенді білдірмейді. Қызметке қол қойып тағайындау рухани сыйдың және Құдай Сөзін ден қойып зерттеудің куәлігі болған кезде, онда ол қауым үшін бағалы болуы мүмкін. Алайда ол артықшылықтың белгісіне немесе діни таптарға бөлінудің белгісіне айналған кезде, онда ол Мәсіхтің денесі үшін маңызды кедергі болады. Қалай болған күнде де, қызметке қол қойып тағайындалғандар да, ресми түрде мойындалған адамдар да, қауымда «қызметші» болуы тиіс. Олардың болуы пайдалы болуы мүмкін, алайда қудалау кезінде қауымның "өміршеңдігінде" аса маңызды емес. Үкіметпен мойындалған осындай адамдар әдеттегі неке қию немесе жерлеу рәсімдері сияқты рәсімдерді орындау үшін қажет болуы мүмкін. Алайда Киелі кітапта осы қызмет оның атқаратын негізгі қызметі деп танылған ба? Ең алдымен, Жазбаның біздің өміріміз туралы айтатыны, біздің сенімдегі өмірімізге қатысты. Көктен туылу кереметі мен Киелі Рухтың жүрегімізде мекендеуі күнделікті өмірімізде көрінуі қажет. Мәсіхке мойынсұну мен басқа сенушілердің амандығына адал болу сияқты қағидалар, тек қағида күйінде қалып қоймай, мәсіхшілердің өміріне ықпал етуі тиіс. ##### ҚАУЫМНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ Иса Мәсіх Өз қауымын бес негізгі қызметті орындауға міндетті етті. Біз Ізгі хабар таратуымыз қажет \(Мат. 28:19\), шәкірт тәрбиелеу \(Мат. 28:20\), Құдайдың сүйіспеншілігін көрсетіп, адамдарға қызмет етуіміз \(Мат. 22:39; Еф. 4:12\), бір-бірімізбен қарым-қатынас жасауымыз \(Еф. 2:19; Ғал. 6:10\) және Құдайға бірге сиынуымыз керек \(Мат. 4:10; Жох. 4:23\). Осы атқаратын қызметтердің біреуі де, артық болып саналмайды, олардың әрқайсысы бірдей маңызды. **1. Ізгі хабар тарату** Егер біз шынымен Мәсіхті Тәңір Ие әрі Құтқарушы ретінде жете түсінген болсақ, басымыздан өткен осы ғажайып сенім жолы туралы біз міндетті түрде өзіміз сүйетін адамдармен бөліскіміз келетін болады. Достарымызға не туыстарымызға Ізгі хабар туралы айту қиын және ыңғайсыз болып көрінуі мүмкін. Алайда егер біз айналамыздағы адамдарды шынымен сүйсек және Мәсіхсіз олар мәңгі азап шегетініне сенсек, мәдени не саяси жағдайға қарамастан, міндетті түрде Құдай туралы айта бастаймыз. Батыл адамдар сүйіспеншілік пен құрметпен Ізгі хабар туралы достарымен және туыстарымен бөлісуге әрдайым мүмкіндік табады. Құдайдың күнәміздің құнын төлеуінің жоспары туралы айтуға тырысу, Құдаймен өзара қарым-қатынасымыздың ең маңызды дәлелдерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге, бұл қауымның басты атқаратын қызмттерінің бірі. **2. Шәкірттерді тәрбиелеу** Біздің туысқандарымыздың бірі Мәсіхке келген кезде, біз Оған Тәңір Иеде өсуге көмек беруіміз керек. Батыс елдерінің мемлекеттік қауымдарында адам қауымға үнемі келіп, уағыздар тыңдау арқылы өзі рухани өседі деп саналады \(1 Тім. 2:2\). Мұндай көзқарасты байыпты қателік бар. Кейбір мәдени дәстүрлерге сәйкес, бір адамның өмірн сақтап қалған адам, сол адам үшін жауапкершілікті өз мойнына алады — бұл дәстүр мәсіхшілер үшін ізгі үлгі болып табылады. Егер біз адамды Мәсіхтегі жаңа өмірге әкелетін болсақ, оның Киелі кітап неге үйрететінін білуіне, біз жауаптымыз. Киелі кітап рухани өсу үшін өте маңызды, сондықтан мәсіхшілер өздері Мәсіхке әкелгісі келген адамдарға бірден Киелі кітапта ұсынуға тырысады. Кейбір елдерде, Ресей мен Қытай сияқты елдерде, мәсіхшілер көптеген жылдар бойына Киелі кітапсыз өмір сүрді және бұл өте қиын болды. Олар Киелі кітаптық аяттарды бұрын оларды жаттап алған сенушілерден естіп, есте сақтап қалуға тырысатын, мысалы, мәсіхтік радио бағдарламалардан еститін. Киелі кітаптың ұзақ уақыт болмауы, мәсіхшілердің арасында рухани аштықтың және оның мәсіхшілік өмір үшін маңызды екенінің анық көрінісі болып табылады. Сенушілер үшін қолайсыз жағдайлар бар елдерде мәсіхшілер Киелі кітаптың даналарын сақтап қалу үшін және оны оқып-үйрену үшін ерекше шебер болады. Кейбір жағдайларда олар Киелі кітаптың әрбір кітабы бөлек-бөлек кітапшалар болу үшін, оны бірнеше бөліктерге бөледі. Кіиелі кітаптың көзін құртқысы келген адамдардың көпшілігі, оны мұндай күйінде тануға қабілетті емес. Бұған қоса, мұндай жағдайда Киелі кітаптың бір данасын бір мезгілде көптеген адамдар қолдана алады. Қандай жағдай болса да, жаңадан тәубе еткен адамның міндетті түрде Киелі кітапты үнемі оқып үйренгені өте маңызды. Киелі Рух сенушілердің тобын жинаса және қауым ұйымдастырса, олардың қауымдасқанының дәлелі — бес қызметті орындау болып табылады: Ізгі хабарды уағыздау, Киелі кітапты оқып-үйрену, қарым-қатынас, қызмет және табыну. Құрылымына қарай кішкентай қауымдар, бірге қарым-қатынас жасап, табынатындарына жиі қуанады, бірақ Киелі кітапты оқып-үйрену мен айналасындағы адамдарға уағыздау қиын. Бәрібір қандай жағдай болғанда да, бұл қызметтерге немқұрайлы қарауға болмайды. Егер елде Киелі кітаптық білім беру орталықтары жабылып қалса, онда жергілікті қауым міндетті түрде сенушілерге Құдайдың Сөзін үйретуді өз мойнына алу қажет. \(1 Тім. 2:2 қараңыз\). Осындай сабақтарды жеке өткізуге болады, сонда кемелді мәсіхші мен жас сенуші осы мақсат үшін кездесе алады. Киелі кітапта жас қауымдардың басшылары дайындықты дәл осылай өткізген көптеген мысалдар бар. Мәсіх шәкірттеріне тәлім берген кездерді санамағанда, Барнаба Маркті үйретті \(Елш. 12:25; 15:39\), Прискилла мен Акила Апполосқа көмек берген \(Елш. 18:24–26\), ал Пауыл Тімотені қызметке дайындады \(Елш. 16:1–3\). Пауыл «жас сенушілерді» тәрбиелеудің барлық әдістерін сипаттайды. Біріншіден, ол өзінің үлгісі арқылы үйретті \(Елш. 1Қор. 4:16\). Бұған қоса, ол өзін шәкірттеріне толығымен арнады, олармен бірге өмір сүріп, қолындағы бармен бөліскен \(Елш. 20:34\). Оның шәкірттерімен өзара қарым-қатынастары «ұстаз/шәкірт» қағидасы бойынша өткізілген емес, бұл қарым-қатынастар әлдеқайда тығыз әрі жақын болды \(1 Тім. 1:1–2\). Ол оларға үйретіп жүрген кездің өзінде де, белгілі бір жауапкершілікті жүктеді және олар тіпті бағушы болып кеткен соң да, олармен қарым-қатынасын үзбеді \(1 және 2 Тім. және Тит\). **3. Адамдарға қызмет ету** Біз мәсіхшілер ретінде басқа адамдардың рухани мұқтаждықтарын түсінуіміз керек және мүмкіндігінше, сенушілерге де, айналамыздағы адамдарға да көмек беруге дайын болуымыз қажет. Жиі қолдау сөзі мен жігерлендіру немесе болмашы игі іс, бауырласымыздың жаудың іс-әрекетіне қарсы тұра алатынында қозғаушы күш болуы мүмкін. Қызмет ету мұқтаждықтарын қамтамасыз ету арқылы немесе Исаның атымен жараларын емдеу арқылы басқа адамдарға Құдайдың сүйіспеншілігін көрсету дегенді білдіреді. Біз Құдайдың сүйіспеншілігімен басқа бір адам үшін бір нәрсе істеуге тырысқан сайын оларға қызмет етеміз. Қауым сенушілерді қызмет етуге дайындауы қажет. \(Еф. 4:12\). **4. Бір-бірімізбен қарым-қатынас жасау** Біз мәсіхшілер ретінде Мәсіхке сенуге ғана емес, сонымен бірге Оған толығымен тиесілі болуға шақырылғанбыз. Бұның мағынасы біз өзімізбен-өзіміз болып, басқа сенушілерден бөлек өмір сүре алмаймыз дегенді білдіреді. Біз Оның Денесінің — Құдайдың отбасының шынайы мүшелері болуға шақырылғанбыз. Осылайша, мәсіхшілер үшін уақытты бірге өткізу, рухани өмірдің тәжірибемен бөлісу және бір-бірін қолдау аса маңызды. Шайтан осындай қарым-қатынасқа кедергі жасау үшін кез келген мүмкіндікті қолданады. Ол сенушілерге бір-бірін нығайту керек екенін біледі, сондықтан ол сенушілердің арасындағы айырмашылыққа назар аудартып немесе кез келген жағдайларды қолданып, олардың қарым-қатынастарына кедергі жасауға тырысады \(Евр. 10:24–25\). Мәсіхшілерді қолдау үшін Тәңір Ие ресми емес, кездейсоқ кездесулерді қолдана алады, әсіресе, ресми Құдайға арналған қызметке тыйым салынған кезде. Әрине, үлкен жиналыстар пайдалы, бірақ жанұялық топта және жеке кездесуде байыпты көмек алатыны белгілі, өйткені мұнда нақты мұқтаждықтарды талқылауға болады. **5. Бірге табыну** Барлық шынайы сенушілер Құдайға табыну міндеті мен құқығын мойындайды. Бұл түсінік Киелі Рух жүрегімізге енген кезде басталады, Киелі Рух онда өмір бойы бізбен бірге болу үшін мекендейді. Әрбір сенуші мүмкіндігі бар кезде, басқа сенушілермен жалпы жиналыста да, жеке өзі де Құдайға табынуы тиіс. Біз Тәңір Иеге Оның — Құдай болғаны үшін, бізге жаратылыста жасағаны үшін, күнәміздің құнын төлегені үшін және біздің әрқайсысымыз үшін тікелей істеп жатқан істері үшін табына аламыз. Киелі кітапта сенушілер Құдайға табыну керектігі және Оған не үшін табыну керектігі түсіндіріледі. Қауымда басқа діндерде қолданылатын табыну түрлеріне орын жоқ екені айдан-анық \(бейнелерге, өзін айыптауға, адамды, жануарларды құрбандыққа беруге және басқа да осыған ұсқас рәсімдерге\). Қауымдағы Құдайға табыну Оны мадақтауға басты назар аударуы тиіс. Бұл өміріміздеге жағдайларға байланысты емес, біздің еркіміздің іс-әрекеті. Басқаша сөзбен айтқанда, біз жағымсыз жағдайлардың қыспағында болсақ та, Құдайға табынуымыз қажет. Бұл Оның еркіне мойынсұну және Оған ұнамды болуға тырысудың әрекеті \(Заб. 66:4, Евр. 13:15; Иш. 12:4\). Табыну адамның Құдайға деген көзқарасын білдіреді және сырттай мінажат, тізе бүгу, ән айтуда көрінетінін, есте сақтау қажет. Әуен сенушілердің шынайы табынуында өте маңызды рөл атқарады. Сенушілер табынудың көмегімен өздерінің Құдайға деген құрметін көрсетеді, бұл олардың мәдениетін, дәстүрлерін көрсетуі тиіс, егер бұлар Киелі кітаптық нұсқауларға қарама-қайшы болмаса. ##### ЕРТЕДЕГІ ҚАУЫМНЫҢ ҮЛГІСІ Қудалаулар кезінде ертедегі қауым әрдайым бес негізгі қызметті атқарды. Қудалауларға қарамастан ол осы тапсырманы қалай жүзеге асырғанын көрелік. Қауым басталған кезде билік иелері баршаға ортақ жиналыстарға рұсқат беретін еді. Петір Елулік күні мыңдаған адамдарға уағыз айтты \(Елш. 2:1–41\) және ғибадатханада сал адамды сауықтырған соң да уағыздады. \(Елш. 3:1–26\). Кейінірек сенушілерге Иса туралы айтуға тыйым салынды. Олар бағынудан бас тартқан кезде, қудалаулар басталды. \(Елш. 4:1-31\). Құдайға арналған қызметтер жеке үйлерде өтетін болды \(Елш. 5:42\), ал көптеген сенушілер Иерусалимнен қашып кетті. Жер бетіне тараған кезде олар Ізгі хабарды таратты. \(Елш. 8:4\). Бұл жерде елшілер туралы емес, қарапайым сенушілер туралы айтып жатырмыз \(Елш. 8:1\). Жер бетіне тараған кезде сенушілер елшілерге айналып, қауымның көмегiнсіз басқа адамдарға бетпе-бет кездесіп, Ізгі хабар таратты. Осылайша қудалалаулар қауымды жойған жоқ, қайта оның нығаюы мен мүшелері санының көбеюіне жол берді. Осыдан кейін Петірге Корнилмен, Корнилдің үйіне жиналған достарымен, туысқандарымен сөйлесуге тапсырма берілді \(Елш. 10\). Сол кезде Пауыл тәубе етіп, өзінің қызметін бастап, басқа ұлт өкілдеріне қызмет Ізгі хабар айтып жүрді. Бастапқыда ол ғибадатханаларда уағыз айтты, содан соң оның сөзін қабылдамаған кезде, адамдар оны тыңдауға дайын жерлерде Құдай Сөзін уағыздады. Қорынтта ол мысалы, жеке үйді қолданды \(Елш. 18:1–7\). Ефесте ол өзін тыңдайтын адамдарды жинап, үйретті \(Елш. 19:1–10\), ал Філіппіде өзен жағасында үйретті \(Елш. 16:12–13\). Ертедегі мәсіхшілер Исаның құтқаратын құдіреті туралы мүмкін болған жердің бәрінде, әрдайым куәлік етті. Жазбаның саны аз болғанына қарамастан ертедегі қауым тәлімін Құдай Сөзіне негіздеді, жатқа жаттап алған аяттарды келтіру арқылы болса керек. Қудалаулар болатын елдердегі мәсіхшілер осыны үлгі етуі керек. Әрбір мәсіхші мүмкіндік туған кезде тек Құдай Сөзіне сүйеніп, Киелі Рухтың құдіретіне сеніп, аяттарды келтіруі тиіс. Ізгі хабар таратумен қатар ертедегі қауым жаңада тәубе еткендерді тәрбиелеп отырған. Ғибадатханаларда оларды қабылдамағандықтан, олар үйлерде жиналған болар, біз мұны нақты білмейміз. Елшілер істері кітабы Мәсіх туралы Ізгі хабардан соң, сенушілер шәкірттерді тәрбиелеуді жүзеге асыруға тырысқан. Осы мақсатта Иерусалим қауымы Барнабаны Антақияға жіберді \(Елш. 11:25–26\). Пауыл әлдеқашан сәттілікпен уағыз айтқан қалаларға жаңадан тәубе еткендерді нығайтып, қолдау үшін қайта оралатын \(Елш. 14:21–23\), содан кейін Иерусалимге барар жолда осы қалаларға қайта тоқтап өтетін \(Елш. 20:6–8\). Хаттарға деген түсіндірмелерден Жохан мен Жақып та, шәкірттерді рухани өсіру мен тәрбиелеумен айналысқаны анық. Көбіне осындай оқыту сенуші үшін ең бағалы уақыт. Жаудың ортасында жасайтын істердің маңыздысы осы. Осындай үйретуді әр уақытта әр түрлі жерлерде жасауға болатыны анық. Сабақтардың ұзақтығы да әр түрлі болуы мүмкін, егер біз осындай еркіндіктің болмауы топтағы сабақ үшін қиындық туғызады. Шәкірттерді дайындау уақыты мен орны маңызды емес. Топ кішкентай ма, әлде онда тіпті бір-ақ шәкірт бар ма маңызды емес. Оқыту Құдай Сөзіне негізделіп, Мәсіхтегі бауырластарымызды нығайтып, мәсіхтік қарым-қатынас жасау үшін қызмет етсе болғаны. Ертедегі қауымдағы қарым-қатынасты Ізгі хабар тарату мен оқытуға қарағанда анықтау күрделі, өйткені адамдар бір-біріне өте жақын болған. Ресми қауымдар күнделікті қарым-қатынас жасауды кестеге енгізуі мүмкін, бірақ бұл қарым-қатынас шынайы болатыны-болмайтыны сенушілердің өздеріне байланысты. Ертедегі қауымда қарым-қатынас жасау, бірге ас ішіп, нан үзу рәсімін өткізумен тығыз байланысты болды \(Елш. 42,46\). Қорынт қауымының тәжірибесінен біз бір пайдалы сабақ ала аламыз. Иерусалимдегі қуанышты жиналысқа қарағанда қарама-қайшы болды. Қорынттықтар бөлінушілік болғандықтан, олардың арасында қарым-қатынас мүлдем болған жоқ. Нан үзу рәсімін өткізген кезде, қарым-қатынастың орнына олар сөз таластыратын \(1 Қор. 1:17–30\). Егер Иерусалим қауымы мәселелерін сүйіспеншілікпен шешсе, қорынттықтар бауырластарын басқа ұлт өкілердерінің алдына сотқа апаратын \(1 Қор. 6:1–8\). Оларға Иерусалимдегі мұқтаж бауырластарына қаражат жинау қиын болды \(2 Қор. 8:6; 10–11; 9–15\). Бұл таңқалатын жағдай емес, өйткені олардың өзінің арасында қарым-қатынас пен жанашырлық болмаса, онда олар басқаларға қалай көмек бере алады \(1 Жох. 4:20\). Пауылдың Қорынттағы қауымға арналған хаттары осы ескі мәселені шешуге бағытталған. Жаңа Келісім уақытының сенушілерінің қарым-қатынасы ашық рухта, сүйіспеншілікте, бір-біріне қамқорлық көрсетуде өтті. Олардың өзара қарым-қатынастары белгілі бір бағдарламалар шеңберіндегі жиналыстар, ұйымдар, қызметке байланысты болған жоқ. Олар бір-біріне көмек беріп, мінажат етті. Рим өкіметі жасаған кедергілерге қарамастан мұндай қарым-қатынас жалғасты. Үкіметтің қауымға қарсылығы неғұрылым қатал болған сайын, Мәсіхтің Денесі үшін шынайы қарым-қатынас соғұрылым аса маңызды болды. Киелі кітап мәсіхшілерді бір-біріне көрсеткен сүйіспеншілікке қарап, танитыны туралы айтады \(Жох. 13:35\). Бір-біріне деген сүйіспеншілік сенімнің өте күшті сыртқы көрінісі болуы мүмкін. Бір дастарқаннан тамақ ішкен кезде жағдайлары жақсы сенушілер, ағыл-тегіл мол дастарқан жайып, сенім жолындағы басқа бауырластарына қызмет ете алатын. Мұндай қарым-қатынас сүйіспеншілік пен қамқорлықтан тұратын шынайы қарым-қатынастың куәлігін көрсетеді \(Елш. 2:41–42; 44–47; 4:34–35\). Иерусалим қауымында кейбір жесір әйелдер азықты үлестірген кезде оларды елемегендеріне шағымданғанда, осы қызмет ету түріне күмән келтірілді \(Елш. 6:1–4\). Бірақ осы мәселе қызметтерін ынтамен орындауға кіріскен қызметшілерді тағайындаған кезде тез арада шешілді. Осы қауымда мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетілгенін көреміз. Ол айналасындағы адамдарға да қызмет еткен болса керек, өйткені Жазбада «Бүкіл халық оларды ұнатты...» — деп жазылған \(Елш. 2:47\). Басқа қалалардағы қауымдар Иерусалимдегі қауымға көмек жіберді. Бұл дерек бір-бірін көрмеген әр түрлі қауымдағы адамдардың, бір-бірімен тығыз қарым-қатынас болуының дәлелі болып табылады. Елші Жохан осындай өзара қарым-қатынас пен сүйіспеншілік, Ізгі хабар таратып жүрген қызметшілерге көрсетілетін көмек қалыптасатын негіз деп жазған. Осы үлгіге қазіргі заманғы мәсіхшілер де ереді, олар елшілерге көмек береді, Киелі кітаптарды шетелге жіберді. Ондық беру немесе Мәсіхтің Денесімен өз кірісінен бөлісу, қауымның барлық мүшелерінің мұқтаждықтарын қамтамасыз етуде көмек береді \(Елш. 4:34–35; Леу. 27:30–32; Евр. 7:4–5\). Ақыр соңында Құдайдың салтанаты, киелілігі мен істегені мойындалатын табыну. Табыну осыны танудың көрінісі. Жаңа Келісім туындыгерлері барлық адамдар табына алады деп санаған сияқты. Олар бізге мәсіхшілер қалай табынғанының бірнеше мысалын ғана берді. Тәңір кешіне қатысу табынудың ең жоғары көрінуі болған сияқты. Олар мінажат ету арқылы Исаны және Оның айқыштағы өлімін еске алды. Иерусалим қауымы бірге Тәңір кешін өткізуге тым үлкен болды, сондықтан да сенушілер үйлерінде табынды \(Елш. 2:41–47\). Алайда Троададағы сенушілер нан үзу рәсімі үшін аптаның бірінші күні жиналды \(Елш. 20:6–9\). Қорынттағы қауым өзінің үлкендігіне қарамастан, Тәңір кешіне қатысу үшін жиналған. Олар мұны тым көп істегені соншалықты, Пауыл 1 Қорынттықтарға арналған хатта түсініктемелер беруді сұрайды \(1 Қор. 11:17–30\). Жазбада табынудың басқа да жағдайлары келтірілген, мысалы, Петірдің мінажаты \(Елш. 4:23–28\) Пауыл мен Силаның түрмеде болуы \(Елш. 16:23–25\). Ертедегі қауымда Мұса мен Дәуіттің табынуы сияқты жиі әрі аяқ асты болды деп болжауға болады. Ол Құдайды қастерлеу мадақтау мен Ізгі хабар таратуды көрсетті. Табынудың орны, уақыты мен түрі маңызды болған жоқ. Ертедегі қауымдағы табыну, айналасындағы болып жатқан жағдайларға мүлдем көңіл аудармастан, Тәңір Иеде қуанған жүректі көрсетті. Осындай табынуды тоқтату мүмкін емес еді. Жаудың ортасында мәсіхшілер тобы да ғимаратқа, белгілі бір уақытқа және белгілі бір жасалған бағдарламаларға тәуелді болмай, осылай қарапайым түрде табына алады. ##### ҚАУЫМ ҚЫЗМЕТІ Қауым алдына қойылған мақсаттарға байланысты Иса сақтауды өсиет еткен, Тәңір кеші мен Шомылдыру рәсімі туралы атап кету қажет \(Лұқ. 22:19; Мат. 28:19\). Бұл табынудың өте маңызды салалары, Мәсіхке мойынсұнып өмір сүретін қауым өмірінің негізгі салалары және бұларды мүмкіндік бар кезде, әрдайым сақтау қажет. Осы екі рәсім қауымның барлық атқаратын бес қызметін көрсететінін атап өту қажет. Олар басқа адамдарға біздің Мәсіхтегі орнымыз туралы куәлік етеді \(Ізгі хабар тарату\). Олар басқа адамдарға осы орынның негізін түсінуге көмек береді \(шәкірт ету\). Олар мәсіхішілерді олардың куәлігінде және Құдайдың сүйіспеншілігін бірге басынан өткізуде біріктіреді \(қарым-қатынас\). Сонымен бірге олар біздің назарымызды Мәсіхке аударады \(табыну\). Осы екі рәсімдердің негізінде біз Мәсіхтің сүйіспеншілігін көрсетіп, жаңа өмірде қызмет етуге шақырумен рухани өсеміз. Осы екі рәсімдерді қоспағанда, Киелі кітапта қауымның бес атқаратын қызметінің жүзеге асыру мүмкін болатын тәсілдері туралы өте аз айтылған. Әлемнің жас қауымдарының қызметінде негізінен, батыс қауымдарында қабылданған тәсілдер қайталанады. Бұл тәсілдер біз Жаңа Өсиетте оқыған Мәсіхтегі қарапайымдылықты көрсетпейді. Үлкен ғимараттарды қолдану, күрделі ішкі қауым ұйымдары, көп мақсатты бағдарламалар, мектептерді, ауруханаларды, балалар үйлерін қаржыландыратын орасан үлкен бюджет, тек қауым ұйымдары ешнәрсеге мұқтаж емес, экономикасы мықты елдерде ғана мүмкін. Көптеген елдерде Тәңір Ие осындай қызметті жарылқады, бірақ мұндай белсенділік қауымның болуы үшін шешуші қозғаушы күш болып табылмайды. Кейбір елдерде ол билік иелерімен тыйым салынған, ал кейбір жерлерде экономикалық жағдайға байланысты мүмкін емес. Соған қарамастан қауым осындай жерлерде де өсіп-өркендей алады, өйткені ол сыртқы жағдайларға тәуелді емес. Мәсіхшілер осыны түсінбеген кезде олардың өмірінде өте байыпты мәселелер пайда болады. Бірнеше жыл бұрын Вьетнамдағы кейбір қауымның басшылары қауым қызметі үшін, осындай қаржылық мүмкіндіктердің болмауы, олардың елінде мәсіхшілер санының баяу өсуіне себепкер болды деп шешті. Бір күні коммунистер билікке келмей тұрып, мен мынадай әңгімені естідім: — Елдеріңізде коммунистер бар ма? — деп қауымға келген бір адам сұрады. — Иә, әрине, — деп жауап берді, бағушы. — Коммунистердің саны өсіп, олардың әсері де өсіп келе жатыр ма? — деген сұрақ жалғасты. — Бағушы біраз үндемей тұрған соң: — Иә, олардың саны тез арада өсіп келеді, — деп жауап берді. — Олардың басшылығы дайындықтан өтетін мектептер мен жиналыстарды көрсете аласыз ба? — деп сұрады қауымға келуші. — Әрине, жоқ, егер бұл билік иелері мұны білсе, оларды тұтқындайды. — Бұл ғимараттары не мүліктері болмағанына қарамастан, өсіп келе жатқан жасырын ұйым деп айтқыңыз келе ме, — деп сөзін жалғастырды келуші. — Солай десе де болады, — деп жауап берді бағушы. — Олардың өсуі мен әсері ғимараттың болуына байланысты емес болса, олардың санының ақшасыз және ғимаратсыз өсіп жатқан болса, онда неліктен мәсіхшілер қауымы осының барлығына мұқтаж деп ойлайсыз? Егер Құдай сіздің өміріңізде қиын жағдайлардың болуына жол берсе, оларды Оның даңқы үшін пайдаланыңыз. Егер олай болмаса, Жаңа Келісім қауымында ешнәрсе болмаса да, ол бүкіл әлемді өзгерте алғанын есіңізден шығармаңыз. Ертедегі қауым қауымның атқаратын қызметін, оның қызметінің әдістерімен шатастырған жоқ. Әйтпесе, ол яһудилік иудаизм қыспағында болар еді, яғни оны заңға адалдық өлтіретін еді. Ертедегі қауымдар ғимараттар салумен өздеріне қиындық туғызбаған және ғимараттың болмауынан азап шегіп, қиналған жоқ.. Сенушілер рұқсат етілген кезде, қоғамдық орындарда кездесетін, ал жиналуға тыйым салынған кезде, олар үйлерде жиналатын. Елші Пауыл ғибадатханалар ашық болған кезде сол жерде үйретті, ал оны сол жерден қуып жіберген кезде, ол өз шәкірт етуін үйлерде жалғастырды. Кейде ол шәкірттермен өзен жағасында немесе базар алаңында кездесетін. Сол кезде сенушілерді табыну орнына шақыратын жарнамалық стендтер болған жоқ, алайда олар бірге қарым-қатынас жасау үшін басқа сенушілерді тауып алатын. Осы қарапайым құрылымның маңыздылығы Елшілер істері кітабында сипатталған \(Елш. 13:1–4\). Антақидағы қауым Құдаймен қарым-қатынаста ешбір ұйымдастырылған қарым-қатынасты мойындамады. Киелі Рух Пауыл мен Барнабаны елшілер ретінде бөлек шығарған кезде, қауымға тағы біреуден олардың тапсырмасын орындауға рұқсатын сұрау қажет болған жоқ. Олардың қызметін ешбір күрделі бағдарламалар мен жобалар қиындатқан жоқ. Бағушылар олар үшін жәй мінажат етіп, оларды Ізгі хабарды таратуға жіберді. Сол кездері қауымда елшілік кеңестер болған жоқ, бірақ есесіне елшілік қызмет белсенді болды. Ірі қаржылық көздер болған жоқ, бірақ елшілердің мұқтаждықтарын жергілікті қауым өтейтін. Семинариялар мен Киелі кітаптық мектептер болған жоқ, шындық жәй әншейін Мәсіхтің тәлімін қабылдайтын адал адамдарға айтылатын, ал олар өз кезегінде, басқа адамдарды үйрететін \(2 Тім. 2:2\). Мұнымен мен қауым қаншалықты кішкентай болмасын, елшілерді таңдаудағы қауым басшылығының құндылығын төмендеткім келіп отырған жоқ. Құдай қауымды біздің рухани қорғанысымыз үшін орнатты. Кез келген жергілікті қауым Ізгі хабар тарату, шәкірттерді дайындау, қызмет ету мен табыну бойынша өзінің қызметін атқара алатынын түсіну өте маңызды. Бұның мағынасы Құдай жинаған кез келген топ жағымсыз жағдайларда да өмір сүре алады. Бірақ түрлері мен тәсілдерді, қауымның атқаратын қызметімен шатастырған кезде, онда бұлар оның белсенді өмір сүруі үшін кедергі болуы мүмкін. Қазіргі уақыттағы жер бетіндегі батыс қауымының қызметіне тән түрлер мен тәсілдерге тыйым салынды. Кейбіреулер осының нәтижесінде қауым өмір сүре алмайды деп ойлайды. Бірақ бұл олай емес\! Рим империясы тұсынан бері көптеген басшылар қауым өмірінің түрлері мен тәсілдерін жойып отырған, бірақ Мәсіхтің қауымының өзін ешкім жоя алмады. Егер сіз рухани қауымның Киелі кітаптық тұжырымдамасына адалдықты сақтап қалсаңыз және оның қызметін атқара алсаңыз, онда сіз және сіздің бауырластарыңыз кез келген қиындықтарды жеңетін қауым бола аласыздар. ##### ЖЕҢІМПАЗ ҚАУЫМ Осы нұсқаулықты дайындаған кезде Азиядағы қауым жетекшілері, маған мына он тармақты ұсынды, олардың ойынша, бұлар жеңімпаз қауымның сипаттамасын білдіреді: **1. Қауым күнделікті Киелі Рухтың құдіретін танып біледі** Оның мүшелері Құдайдың жолдарымен жүреді, Онымен қарым-қатынаста болады және өмірлерінде Киелі Рухтың жемістерін көрсетеді. **2. Қауым Иса Мәсіхпен қарым-қатынаста өмір сүреді** Сенушілердің бір-бірімен қарым-қатынасы ғана маңызды емес, сонымен қатар Мәсіхтегі бауырластарға адал болуы да маңызды. **3. Қауым Киелі кітапты біледі және оны қолдана алады.** Киелі кітапты білу сенушілерге жалған тәлімдерге қарсы тұруға көмектеседі. **4. Қауым Ізгі хабарға таратуға ден қойып қарайды** Сенушілер Ізгі хабарды таратудың мақсатын біледі. Олар Иса Мәсіхтен басқа құтқарылу жолы жоқ екеніне нық сенімді. **5. Қауым қоғамның мұқтаждықтарына қызмет ету ісіне сенімді** Қауым басқа адамдарға көмектесудегі міндеттер мен мүмкіндіктерді білуі керек және адамгершілікке қайшы ортаға қарсы тұруы тиіс.   **6. Қауым бақылау мен билік етуден тәуелсіз әрі еркін болуы тиіс** **7. Қауым өзіне қарсы күштердің мықты әрі әлсіз жақтарын біледі** **8. Тіпті қудалаулар кезінде куәлік ететін қауым батыл қауым** **9. Қарапайым сенушілер мен басшылық қауымда қызметті бөліседі** **10. Мінажат етуші қауым\!** ###### Топтағы сабақтар **Рөлдік жаттығулар:** Ресми түрде мойындалған қауымға қарсы күштердің қысым көрсетуінің көп мысалдары бар. Мына жағдайларды қарастырып, сіз осы жағдайларда қалай әрекет етер ететініңізді шешіңіз. Қалай ойлайсыз, кішкентай және билік иелерімен мойындалған қауым осындай мәселелерді жақсырақ шешер ме еді? • Оңтүстік Вьетнамды коммунистер жаулап алғаннан кейін екі ай өткен соң, бір мәсіхші досына былай деп жазыпты: «Біздің қызметтерімізде жаңа адамдар пайда болды, олар бізді жаңа нәрселерді талқылауға ниеттендіреді. Шын мәнінде, біз табынғаннан гөрі, саяси жиналыстардағы сияқты талқылайды екенбіз. Әдетте, бізге жаңа адамдар келген кезде қауымдастығымыздың өміріне бөтен адамдардың енуіне тап боламыз». Осы қауымның адамдарының орнында қалай әрекет етер едіңіз? • Қытайда үкімет бастапқыда қауымға жалпы жұрт алдында Құдайға арналған қызмет өткізуге рұқсат берді, бірақ кейін олардан қауым ғимараттарын тартып ала бастады. Оларды ауруханалар, емханалар, балалар үйлері мен мектептер үшін қолдана бастады. Осы мекемелерде жұмыс істейтін мәсіхшілер, осыған орай қалай әрекет етуі тиіс деп ойлайсыз? • Кубада Фидель Кастроның үкіметі бірнеше қауымдарға әрекет етуге рұқсат берді, бірақ олардағы сенушілер саны мінажат ету залдарына сыятыннан көп болды. Мәсіхшілерге адам сыятындай үлкенірек ғимараттар салуға тыйым салған және қауымнан тыс жиналыстарды өткізу, сонымен бірге үйлерінде жиналуға рұқсат етілмейтін. Тіпті кейбір сенушілер қызмет аяқталғанша аяқтарынан тік тұруға дайын болғанмен, орын болмағандықтан, олардың көпшілігі ғимараттың ішіне кіре алмайтын, сөйтіп үйіне қайтуға мәжбүр болатын. Осындай жағдайда не істеу керек? • Кейбір мұсылман елдерінде мәсіхші эмигранттарға жәй төзімділік танытып жүр, бірақ жергілікті сенушілер өз сенімдері жайлы ашық айта алмайды. «Жасырын сенушілер» шынайы мәсіхші деп атала ала ма? Олар қауымға тән қызметтерді атқара ала ма? Оларға кіммен және қалай табыну керектігін қалай шешу керек? • Мәсіхшілікке қарсы үкімет сенушілердің әсерін азайту үшін, оларды таратып жіберуге тырысады. Кампучия сияқты елдерде бүкіл халық мәжбүри түрде жаңа жерлерге көшірілді. Вьетнамда басқа тәсіл қолданды — нақты отбасы қаржылық қысымға төзе алғанға дейін салықтар көбейтіле беретін, сонан соң оларды үкімет басқа жерге көшіретін. Бұрынғы Кеңес Одағының Сібіріне мәсіхшілердің көп жіберілгені соншалықты, енді бұл Ізгі хабар белсенді таратылатын өңірлердің бірі. Егер сізді отбасыңызбен экономикаға байланысты, сіз бірде-бір сенушіні білмейтін басқа бір жерге көшіріп жіберсе, сіз не істер едіңіз? **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Мәсіхшілердің бір-біріне қатысты қандай міндеттері болуы керек? 2. Бір қауым басшысы Ізгі хабар таратуды былай деп түсіндірді: «Бұл тыңдаушы оңай Исаны не қабылдайтын, не бас тартатын, Ізгі хабарды анық уағыздау болуы керек». Сіз осындай анықтамамен келісіз бе? Сіздің отбасыңыз Ізгі хабарды естіді ме? 3. Мәсіхші бауырластарды айналадағы әлемге жақсырақ куәлік етуге ынталандыруға болады? 4. Ізгі хабар тарату тыйым салынған қоғамда қалай уағыздау керек? Егер сізде рухани әдебиет болмаса, мұны қалай істеуге болады? 5. Басқа мәсіхшілерден қаржылық көмек алудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылаңыз. 6. Тобыңызға қандай басшылық құрылым керек және басқару қызметін атқару үшін адамның бойында қандай қасиет болу керек? 7. Мәсіхшілер душар болатын жоғарыдағы келтірілген жағдайларды рөл бойынша ойнап беріңіз. 8. Азиядағы қауым басшылары ұсынған жеңімпаз қауымның он қасиетін талқылаңыз. Сіз олармен келісесіз бе? Осы тізімге бір нәрсе қосқыңыз келе ме? ### Бесінші тарау #### Құдай адамның Оны елемей, өз бетімен жүруіне жол бермейді *Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті. Ал қауым — Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады.* Еф. 1:22–23 Бұрышқа бұрылмастан бұрын Рене жан-жағына мұқият қарап алды. Ол ешқандай аңдуды байқамады. Жас жігіт маңдайындағы терді сүртіп, сағатқа қарады. Белгіленген уақытқа бес-ақ минут қалған еді. Ол үлкен қақпаға жақын келу 7:14 үшін, махалланың айналасын тағы да бір рет баяу айналып шықты. Ол есіктің қонырауын үш рет басты: қысқа... ұзақ... қысқа қоңырау... Бұл сенімдегі бауырлас қоңырау шалып жатқанын білдіретін жаңа ғана өзгертілген код болатын. Қақпа ашылып, Рене ішке кірген кезде, тез арада жабылып қалды. Екі сағаттан соң үйдің астындағы жер төледе бірнеше жүздеген сенушілер жиналды. Рене қалғандарын күтіп, тыныш отырды. Ол Қытайдағы кішкентай дүкеннің артындағы бөлмеде Құдайға бірге табыну үшін жиналатын топты есіне алды. Бұл мәдени сәтсіз революция кезі болатын. Сенушілерді дүкенге келетін адамдар естуі мүмкін болғандықтан, олар әнұрандарды «үнсіз» айтатын. Бір адам әнұранның атын сыбырлап айтатын, ал қалғандары үнсіз еріндерін жыбырлатып, ойша әннің сөзі мен әуенін айтатын. Ол Валли бағушы «бамбук перденің артындағы сенушілердің қауымы сияқты біздің қауым жасырын, бірақ біз толық дауыспен Құдайды мадақтай аламыз, өйткені бізді ешкім естімейді, тіпті жақын тұратын көршілер де естімейді», деп айтқанын есіне алып, қатты күліп жіберді. Бұл ресми мәсіхші қауым төрт жүз жыл астам уақыт болмаған, Сауд Арабиясындағы қауым тобы туралы әңгіме. Қалай болған күнде де көптеген сенушілер өмірлеріне үлкен қауіп төніп тұрса да, жасырын кездесетін. Батыста қауым ресми түрде мойындалған, сондықтан да адамдар өз сенімдерін осындай қауымдарға көрсетуге үйренген. Алайда өктемшіл билік келген кезде мұндай қауымға ең бірінші болып шабуыл жасалынады. Мұндай қауымға жаудың ортасында өмір сүру қиын. Мәсіхшілер ретінде бізге қысым көрсететін үкіметтің билігінде болатын болсақ, қандай жағдайда болатынымызды қарастырайық. ##### ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМ МЕН БИЛІК ИЕЛЕРІНІҢ ** **ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ ТҮРЛЕРІ Билік иелерінің қысымына мойынсұнып, қауымнің өмір сүруін тоқтатып, өз сеніміміздің өшуіне мүмкіндік беруге болады. Әрине, бірде-бір шынайы мәсіхші мұндай жолды таңдығысы келмейді. Алайда дағдарысты жағдай келген кезде, оған дайын болмаған көптеген сенушілер, жағдайға мойынсұнып, дәл осындай жолмен кетті. Егер біз Мәсіхтегі жағдайымызды есепке алмай, алдын-ала Оның жетелеуіне толығымен бағынуға шешім қабылдамасақ, біздің ең ізгі ой-ниетімізге қарамастан, біздің ақырымыз да осындай қайғылы болады. **1. Тәртіппен қатар өмір сүретін қауым** Қауымымызбен бірге билік иелеріне мойынсұнып, әдеттегідей өмір сүре аламыз. Алдыңғы сабақта қауымға қарсы үкімет қауымдастықтарға қатысты шектеулерді үнемі қатал ете түсетіні туралы айттық. Әдетте, әлсіз қауымдарға қызметін жалғастыруына мүмкіндік береді. Тәртіппен өмір сүру саясатын жүргізетін қауымдар саяси үгіттің қаруына айналуы мүмкін, бірақ ресми қауым басшыларында жиі басқа таңдау болмайды. Оларға түрмеге түспеу үшін, билік иелерімен қызметтес болуына тура келеді. Мемлекеттік биліктің өзі қауымның болуы мен болмауын шешеді. Егер қандай да бір қауымға төзімділік танытылса, онда ол жазалайтын үкіметтің белгілі бір мақсаттарын орындап жүргеніне сенімді болыңыз. Билік иелері өз агенттерін осындай қауымдардың барлық деңгейлеріне жіберіп, олардың қызметін өз пайдасы үшін қолданады. Қауым Киелі кітаптық тәлімге адал болып, үкіметке жағу керек жағдайға тап болады. Әдетте, бірге өмір сүру саясатын таңдаған қауымдар, үкімет тарапынан да, басқа қауымдар тарапынан да күдікті болып саналады. Бұл шынайы мәсіхшілер үшін өте қиын жағдай, бірақ қауым осылайша ашық Құдайға табыну жиналыстарын өткізу мен куәлік етуді жалғастыруға мүмкіндік алады. Ал бізге осындай қауымдарды мінажаттарымыз арқылы қолдап, басқа мәсіхшілер үшін оның куәлігін таза сақтап, кедергі тас болуына жол бермеу үшін сиынуымыз қажет. **2. Қарсы тұратын қауым** Жаулардың ортасындағы жағдайда қауымның таңдай алатын амалы, саясатқа қарсы тұруға келіп тіреледі. Мұндай қауым билік иелерінің орнатқан тәртібіне ашық түрде қарсы тұруға тырысады. Егер үкімет қауымдағы әрбір жиналысты өткізу үшін алдын ала рұсқат алуды талап етсе, мәсіхшілер осы тыйым салуды бұзып, «заңсыз» жиналыстар өткізеді. Егер үкімет қауым ғимаратын алып алса, онла сенушілер жиналыстарын ашық ауда өткізеді. ХХ ғасырдың көптеген азап шегушілері осындай топтардан шықты. Олар үкіметке қарсы шығуға шешім қабылдады және осы үшін толығымен төлеуге дайын. Біз жағымсыз жағдайда қарсы тұра алған мәсіхшілерді мақтан тұта аламыз, алайда мұндай қарсы тұруға белгілі бір жағдайлар болған кезде бару керек. •Егер үкіметтің шектеулері ұнамсыз болса және билік иелерінің жоспарларымен байланысты емес болса, онда мұндай қарсы тұру қауымның жағдайын жақсы жаққа қарай өзгертуі мүмкін. Алайда коммунистік елдерде мұндай саясат туралы сөздің болуы мүмкін емес. Қарсы тұру билік иелеріне әсер етуі мүмкін, алайда жазалаушы үкімет мәсіхшілерге ұзақ уақыт бойы төзе алмайды \(мысалы, Эфиопияда болған жағдай сияқты\). • Егер халықтың басым көпшілігі мәсіхтік сенімді ұстанса, қауымның қарсы тұруын халық қолдап, үкімет келісуге мәжбүр болады \(Польшадағы жағдайды мысал ретінде келтіруге болады\). • Егер мәсіхтік сенім елде ондаған және жүздеген жылдар бойы болса және оның қағидаларын сенушілер жақсы білсе, мұндай жағдайда қарапайым сенушілер қауым басшыларының орнына тұрып, қарсы тұру ұзақ уақытқа созылуы мүмкін \(мәселен, бұрынғы Кеңес Одағында сияқты\). Көптеген азиаттық және таяу шығыс елдерінде қауымға қарсы тұрудың осы түрін қолдануға мүмкіндік беретін, біздің жаңа ғана келтіріген үш жағдай жоқ. Кейбір елдерде қарсы тұрған қауым Мәсіхке қарсы күштер билікке келген соң, біраз уақытқа ғана шыдады, алайда осы жағдайда да ол әлемге тамаша куәлікті ұсына алды. Мьянмде \(бұрын Бирма ретінде таныс\) мәсіхтік қозғалыс аз болса да, мықты, олар бүгінгі таңға дейін қызметтерін жалғастыруда. Үкімет өз мемлекетін социалистік деп атайды. Мьянмде мәсіхшілерге қатты қысым көрсетеді, мәсіхшілер үкіметке қарсы күштермен бірге болды деп жариялап, кейбір қауым басшыларын тұтқындады. 1990 жылдардың соңында Колумбиядағы інжілдік сенушілер отыз үш бағушының өлтірілуін және күрес аса қатал болған өңірлерде үш жүзден астам қауымдардың мәжбүри түрде жабылғаны туралы білді. Тағы елу бес бағушы қауымдары мен үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Мыңдаған мәсіхшілер баспанасыз қалды. **3. Жасырын қауым** Кейде мәсіхшілер сенімдерін дәстүрлі және ресми түрде мойындалған қауымда білдіру мүмкін емес екендігін түсінеді, сол кезде олар жасырын әрекет етуді ұйғарады. Бұл романтикаға аз ұқсайтын шешім болып көрінуі мүмкін, алайда мұндай қауымдар қатаң қудалаулар жағдайында көптеген жылдар бойы әрекет етеді. Билік иелері шағын топтағы адамдардың жиналысына сирек назар аударады. Жиі үй қауымдары, жанұялық топтар не отбасылық қауымдар ұзақ уақыт бойы жасырын қала алады, тіпті оларды тауып алған күнде қайта топтарға бөліне алады. Осы шағын топтар қауым қызметтерін орындау үшін қысқа уақытқа жинала алады. Қытай мәсіхшілері осындай мәсіхтік өмір туралы көптеген тамаша мысалдар туралы айтып бере алады. Қиын жылдары олар бірге әнұрандар айту үшін кездескен кезде бір-біріне басын изеп қолдаған. Кейде олар бір-бірінің сенуші екендерін басқа адамдарға көрсеткен сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан танып білетін болған. Олар өмірлерінен тыныштық көрініп тұрсын деп мінажат етеді, сонда олар басқалармен Мәсіх туралы хабармен бөлісу мүмкіндігіне ие болады. Жасырын мәсіхшілер оларды тауып алған жағдайда, қудалауларға дайын болуы керектігі анық. Олардың сенімдегі толыққанды өмірі осындай дайындықты қамтамасыз етеді. Егер жасырын қауым ресми қауымдарда қабылданған, жиналыстарды өткізудің тәсілдерінен бас тартса, билік иелері мұндай қауымды жоя алмайды. Мәселен, Шанхайда үй қауымдарының қозғалысы жиырма мың топқа дейін өсті. Топтар шағын болуы тиіс, Киелі Рух сенушілерді қауымға қосқан сайын, топтар екіге бөлінуі тиіс. Топтар жақын жердегі аумақтардың тұрғындарынан тұрғаны жақсырақ болады. Егер мұндай топты тауып алса, оның заңсыз жиналыстарына тыйым салынады, ал сенушілер болса, тарап кетіп, басқа жерде жинала бастайды. Жасырын қауымның қызметі үшін маңызды шектеу, тек аздаған адамдар ғана одан Мәсіх туралы хабарды ести алатыны болып табылады. Жасырын қауым тек жартылай ғана Мәсіх туралы куәлік ете алады, ал еркін әлемде мәсіхшілер Ізгі хабар тарату үшін мүмкін болатын барлық құралдарды қолданады, мысалы, жазалаушы тәртіптері бар елдердегі адамдарға Ізгі хабарды жеткізетін, Халықаралық мәсіхтік радио. Жасырын қауым Киелі кітаптық қағидаларға сәйкес қызмет етуін тоқтатпайды, бірақ мұны ол жасырын істейді. Осындай үлгіні таңдаған қауымды қорқақ деп атауға бола ма? Мүмкін мәсіхшілерге сенімдерінде нық тұрып, барлық қудалауларға төзуге дайын болуы керек шығар? Мүмкін. Алайда біз Киелі Рух тіпті бір елдің өзінде адамдарды әр түрлі жолдармен жетелейтінін түсінуіміз қажет. **4. Қауымның жалған еркіндігі мен оны қорқыту** Белгілі бір қауым салыстырмалы түрде еркіндікте деп айталық, алайда оны қорқытады. Осы жағдайда біз жоғарыда айтып өткен, үш жағдайдың үйлесуін көреміз. Бірге өмір сүру шегіну немесе ымыраға келуді білдірмейтін кездер болады. Басқа жағдайларда қауым билік иелері көрсететін қысымға қарсы тұруы мүмкін. Қауым міндетті түрде болатын салдарға дайын болу және қудалауларды туғызатын қызметтерді орындау үшін жасырынып қалуға мәжбүр болатын жағдайлар болады. Кейбір мұсылман елдерінде мәсіхтік қауымдармен жағдай осындай, ол жерде сенушілерге сенім еркіндігі ресми түрде беріледі, алайда іс жүзінде қауымға жан-жақтан қысым көрсетіледі. Қауым оған қарсы енгізілген шектеулерге ашық қарсы тұруы мүмкін. Сонымен бірге қауымның жасырын қызметін тыныш дайындыққа негіздеп, оған мұсылмандар айналасынан қауіп төндірместен, жаңа шәкірттерді тәрбиелеуге болады. Непалдағы жағдай мүлде басқа. Бұл елде мемлекеттік дін индуизм болып саналады. Мәсіхтік сенім теория жүзінде рұқсат етілген, алайда сенушілерге үндістерді мәсіхтік сенімге әкелуге тыйым салынған. Өткенде билік иелері сенімге келгенін дәлелдеп берген жағдайда, жаңадан тәубе еткен мәсіхшілер және олардың ұстаздары түрмеде алты жылдан отырып шығатын. Непалдың мәсіхшілері көптеген жылдар бойы осындай шараларға қарсы тұрды және осы заңдарды айналып өтуге тырысты. Алайда 1990-жылдары мәсіхтік қауым жетпіс мыңнан төрт жүз мың адамға дейін өсті. Осы тамаша өсу Непалдағы бір бағушының ой-пікірі бойынша қудалаулардың жаңа толқынын туғызуы керек еді. Ол былай деген екен: «Енді қудалаулар үш жақтан келе жатыр — үндіс фундементалистері тарапынан, маоистік революционерлер тарапынан және бюрократтар тарапынан». Осындай қауым өмір сүру жағдайларының ұқсастығына байланысты «балкандық типті» не «колумбиялық» деп аталатын қауымдар санатына жатады. Балкандағы және Колумбиядағы қауым жетекшілері мен мүшелері үкімет әскері, көтеріліске шыққан, босату әскері мен нашақорлықпен айналысатын іскерлердің арасындағы соғыстың отының астында болады. Осы соғыста әр тарап дін жағынан бақылауды жүргізгісі келеді. Егер қауым тек бір-ақ Құдайға деген сенімділікті сақтап, бір тарапқа қосылудан бас тартса, ол барлығының жауына айналады. Шешенстанға 1999 жылы ресей федералды әскеріне аяқ басардан алдын, ол анархиялық мемлекетке айналып келе жатыр еді. Екі тараптың да, басты коммерциялық ісі құн төлеуді талап етіп, адамдарды ұрлау болды. Мәсіхшілер қауымның «терең қалталарының» арқасында стратегиялық нысанаға айналды. Ұрлықшылар Грозный қаласында екі бағушынының басын кесіп алды, бәлкім, бұл бағушылар бандиттерге Батыстан келетін қайырымдылық көмек беруден бас тартқан шығар. Қауым «балкандық» не «колумбиялық» бейімділіктер өркендеген жерде азап шегеді, бұл жерде бәсекелес топтар қауым үстінен бақылау жүргізуге таласуда және мұнда үкіметтің осы зорлық-зомбылықты тоқтатуға күші де, билігі де жоқ. ##### ҚАУЫМНЫҢ ИКЕМДІ САЯСАТЫ Лұқа жазған Ізгі хабардың 9-тарауында шәкірттер Исаның атымен қызмет етіп жүрген, бірақ олардың тобына жатпайтын адамдармен кездесіп жүргендері туралы айтып Исаға шағымданады. Шәкірттері мұндай адамдарға тыйым салды, алайда Иса оларға: «Оған тыйым салмаңдар\! Сендерге қарсы болмағанның сендерге жақтас болғаны» — деп жауап берді \(Лұқа 9:50\). Петірге осы сабақты түсіну қиын болды. Тәңір Иеге Құдайдың адамның бет-жүзіне қарамайтынын, бірақ Оны терең қастерлейтін адамдар Оған ұнайтынын түсінуі үшін, оған нақты аян беруге тура келді. Мұны түсінген кезде ол: «...Құдайдың адамның бет-жүзіне қарамайтынын енді шынымен біліп алдым. Ол әр ұлттың Өзін қастерлеп, әділдікке сай әрекет ететіндерін қабылдайды» — деді \(Елш. 10:34–35\). Елші Пауыл Римдіктерге арналған хатта осы ойды дамытты. Ол «Басқа Біреудің қызметшісін айыптауға қандай қақың бар?\!», «бауырласыңды айыптауға қандай қақың бар?», «Бәріміз де Құдайдың қиямет сотының алдында тұрып, әшкереленетін боламыз» осы тақырыпқа деген тәліміне қорытынды жасады \(Рим. 14:4, 10\). Пауыл тіпті дұрыс емес ниеті бар адамдардың Ізгі хабарды уағыздауын мақұлдады \(Філ. 1:12–18\)\! Жазба Мәсіхтің Денесінде әр түрлі идеологияларға байланысты жікке бөліну болмау керектігін анық үйретеді \(1 Қор. 1:11–17\). Бізге басқа сенушілер Тәңір Иеге біз сияқты қызмет етпегені үшін олардан бас тартпауымыз керек және абай болуымыз керек. Егер біз Тәңір Ие бізге сеніп тапсырған жұмысты тыныштықпен орындайтын болсақ, басқа сенушілер Құдайға қызмет етулерінде Құдайдың жетегін қалай сезінетініне алаңдаудың қажеті болмайды. Енді Жазбада ұсынылған адамдардың қудалауларға орай әр түрлі әрекеттерін қарастырайық. • Самуил. Тәңір Ие Оған келешек патшаны майлауды бұйырған кезде, Самуил қорқып кетті. Сонда Тәңір Ие оған мұны жасырын түрде және сонымен бірге өтірік айтып күнә жасамай, қалай жасау керектігін көрсетті \(1 Пат. 16:1–5\). • Ілияс. Бір күні ол патшаға батылдықпен қарсы тұрды \(3 Пат. 17:1\). Ал басқа бір жағдайда Тәңір Ие оны жауларынан жасырып, қашырып жіберді \(3 Пат. 17:3\). • Естер. Ол патшадан яһуди екенін жасырып, патшайым болды. Керек кезде ол өміріне қауіп төндіріп, өз халқына өте маңызды қызмет көрсетті \(Ест. 7:1–4\). • Даниил. Үш досымен бірге ол өлімнен қорықпай, батылдықпен патшаға қарсы шықты, бірақ Құдай оны қорғап қалды \(Дан. 3 пен 6\). • Иса. Ол яһудилік билік иелерінен аулақ болды, тіпті бір күні олардан жасырынды \(Жох. 8:59; 11:54\). • Петір мен Жохан. Билік иелерінің өкілдері оларға Ізгі хабарды таратуға тыйым салды, бірақ олар бағынудан бас тартты \(Елш. 4:18–20\). • Пауыл. Ол қауіптің алдында әсіресе икемді әдісті таңдады. Кейде ол өзін қудалаушылардан қашты \(Елш. 9:23–30\), ал кейде түрмеге жабылды \(Елш. 16:22–24\), кейде Құдайдан керемет жасауын сұрады \(Елш. 13:10–11\). Бірақ қандай жағдай болмасын, ол Киелі Рухқа не істеу керектігін үйретуге мүмкіндік беріп отырды. Өз іс-әрекеттерінде ол мына қағидаларды ұстанды: «Сенімі әлсіздерді әкелу үшін соларға ұқсап өмір сүремін. Әр түрлі адамдар арасында оларға бейімделудемін. Осылай мен ең болмағанда бірсыпырасын құтқаруға ұмтылам» \(1 Қор. 9:22\). Елшілердің істері кітабында біз сенімін әр түрлі тәсілдермен көрсететін қауымдарды көреміз. Алайда қауым немесе жеке сенушілер Тәңір Иенің жетегінде болған кезде, олардың мойынсұнуы қудалаулардан құтылуға кепілдік бермейтінін түсіну маңызды. Еврейлерге арналған хаттың 11 тарауында кейбір сенушілер қудалаулардан құтқарылғанын, ал кейбіреулеріне Құдай азап шегуге жол бергенін көреміз. Құдайдың таңдауын түсінудің кілті — Киелі Рухтың жетегіндегі мойынсұну мен икемділік болады. Осы Киелі кітаптық мысалдар жаудың құрған жағдайына орай, қауымның және жеке сенушілердің икемділігін көрсетеді. Мысалы, Иерусалимдегі қауым мен Антақидағы қауымды салыстырыңыз. Иерусалимдегі қауым негізінен, жаңадан тәубе еткен яһудилерден тұратын. Олар сенімдерін Киелі кітапқа қарсы болмайтын иудаизмге тән дәстүрлі тәсілдер арқылы жалғастырды. Ал Антақидағы қауым жаңадан тәубе еткен басқа ұлт өкілдерінен тұратын, бұлар яһудилердің дәстүрлерін білмейтін. Олардың қарым-қатынас жасау тәсілдерінде рәсімдік сәттер азырақ болатын. Осыған байланысты Иерусалимде қауымдастықтардың басшылары антақилық сенушілерден яһудилік дәстүрлерді сақтауын талап етуді талқылау үшін жиналды. Ұзақ уақыт бойы талқылаған соң, басқа ұлт өкіледерінен шыққан сенушілер яһудилердің діни сезімдерін балағаттайтын кейбір нәрселерді есепке ала отырып қана, өз сенімдерін еркін білдіреді алады деп шешілді. Алайда Иерусалим қауымы өз сенімін білдіруді яһудилік дәстүрлерді сақтаумен жалғастыра алды \(Елш. 15:1–35; 21:17–26\). Жаңа Келісім тұсындағы қауым әрдайым жаудың ортасындағы қауым болғанын есіңізден шығармаңыз. Рим империясы бүкіл батыс елінде мәсіхшілерді қудалады, бірақ мәсіхтік сенім қудалаушыларын салтанатпен жеңіп шықты\! ##### МӘСІХТІҢ ДЕНЕСІНІҢ ІШІНДЕГІ БІРЛІК Егер қауымға қарсы үкіметпен қатар өмір сүретін қауым сенушілері мен қарсы тұратын қауым мүшелеріне үнемі бақылау жүргізілсе, онда жасырын қауымның сенушілерінде айналасындағы адамдарға Ізгі хабар таратуға көбірек еркіндікке ие болады. Осындай абай куәліктердің арқасында жиі жаңа жанұялық топтар пайда болады. Алайда қауымның жауабының барлық үш түрі де, мәсіхтік сенімнің шынайы көрінуі болуы мүмкін. Бір топ басқа топтан ол өз сенімін басқаша білдіретін болғасын, теріс қарауға болмайды. Кейде Құдай сенушілерді мінез-құлықты өзгертуге жетелейді.Үкіметке қарсы тұратын қауымға жай қарапайым мүшелері жасырын сенушілерге айналатындай қатты қудалаулар болуы мүмкін. Ал жасырын қауым билік иелеріне ашылып, қарсы тұратын қауымға айналуы мүмкін. Үкіметпен келісіп өмір сүруді шешкен кейбір қауымдар өз мүшелерінен топтар мен үй қауымдарын құрады. Билік иелері мәсіхшілерге жау көзімен қарайтын елдерде бізге бейтаныс сенімді білдіру түрлері болуы мүмкін. Киелі Рухтың іс-әрекетін шектеу мүмкін емес. Ол бізді және біздің тобымызды елдің билік иелерімен өзара әрекет етудің белгілі бір түріне алып келуі мүмкін. Егер біз Киелі Рух бір сенушілерді жазалаушы тәртіппен қатар өмір сүруге, ал басқаларын қарсы тұруға, үшіншілерін жасырын топтарға айналуға жетелейтінін түсінсек, барлық мәсіхшілерді сүйіп, құрметтеу оңай болады. Өкінішке орай, бір мәсіхтік топтың басқа топқа шабуыл жасаулары жазалаушы тәртіп мәсіхтік сенімге қарсы қоладанатын, үгіттеу құралына айналады. Бізге әрдайым Исаның шын жүректен еткен мінажатын есімізден шығармау керек \(Жох. 17:20–21\): **Мен бұлар үшін ғана емес, олардың айтқандары арқылы Маған сенетін барлық адамдар үшін де өтініп тұрмын. Әке, Мені Өзіңнің жібергендігіңе адамзаттың сенуі үшін, Сенің Менімен, Менің де Сенімен тығыз байланыста тұрғанымыздай, сенушілер де Екеуімізбен тығыз байланыста тұрып, бәрі біртұтас болсын деп өтінемін. ** Мәсіхтен бас тартатын немесе Ізгі хабарды бұрмалайтын адамдармен мүлде қарым-қатынас болмау керек екені анық. Бірақ егер сенімдегі мәсіхші сенімінен тайып кетсе, басқа сенушілер оны қолдауға тырысуы керек. Оны жұрт алдында масқаралауға немесе оған ашулануға болмайды. Егер барлық мәсіхшілер бір-бірінің арасында өзара сүйіспеншілік пен құрметті сақтай алса, онда бір-біріне көмектесу мүмкіндігі арта түседі. Біздің сенушілер жиналысымыз жалғыз еместігін түсіну үлкен қолдау болмақ. Жазалаушы үкімет бір мәсіхтік топты басқасына айдақтауға тырысатын қулыққа жиі жүгінеді, осылайша олардың бір-бірімен бауырлас ретінде қарым-қатынас жасауын бұзады. Қытайда мәдени революцияға дейін біраз уақыт бұрын, билік иелері екі мәсіхшіге бірге жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін. Вьетнамда қызметі заңды болған қауымдар бір-бірінен соншалықты алыс болды, бірге жиналу қиынға соқты. Қауым ішінде конференциялар мен семинарлар өткізуге тыйым салынды. Коммунистер мәсіхшілердің неғұрылым аз санына бір-бірімен қарым-қатынас жасауға рұсқат берілсе, соғұрылым олар Тәңір Иеге сенімділіктеріне күмәнданады, демек олардың өз сенімдері әлсірейді. Исаның тәліміне сәйкес мәсіхшілерді бір-біріне деген сүйіспеншілігінен білуге болады \(Жох. 13:35\). Егер біз осы қағидаға сенсек, ешкім бір мәсіхшіні екіншісіне қарай теріс қарата алмайды да, қауымымыз өмір сүріп нығаяды. ##### ҚОРЫТЫНДЫ Еркіндігі шектелген елдерде қауымдарды ресми дәрежеден айыру және мұның болмауы оларды босатудың факторына айналады. Қытайда, Вьетнамда, Кубада үй қауымдарының басшылары олардың топтарын қудалау тарихтары Елшілер істері кітабының қосымша тарауларына айналатын еді деп айтады. Кейбір сенушілер ертедегі қауым түріне ұқсайтын, ерекше коммуналарға жиналады. Алыс Шығыстағы Чугуевкадағы мәсіхтік қауымдастық марксистердің кез келген игі ниеті \(мысалы, коммуналарды құру\) тек шынайы мәсіхтік нан үзу рәсімінде ғана көріне алатынының дәлеліне айналды. Осы қауымдастықтың адамдары өз өмір сүру салтын ешқашан да насихаттамаған. Олар ертедегі қауым мәсіхішлері сияқты коммунада өмір сүру ойын жариялаған емес. Қызығушылық танытқандарды коммунада тұрып көруге қуанышпен шақыратын. Кейбіреулері келісіп, қауымдастықта қалатын, ал басқалары өз өмірін осылайша күрт өзгертуге дайын болмады. Алайда сенушілер міндетті түрде осы қауымдастықта тұруын ешкім талап еткен жоқ. Коммуна мүшелері жиі былай дейтін: «біздің өмір сүру салтымыз, мәсіхшінің жалғыз өмір сүру салты емес. Мәсіхтегі көрсете алатын өмірімізден Құдай әлдеқайда маңыздырақ». Қауымдастықтың басшысы былай деді: «Егер сіз Ізгі хабарды таратып, сенушілерді жинасаңыз, сіз былай деп айта алуыңыз керек: «Келіп, біз, мәсіхшілер қалай өмір сүретінімізді көріңдер». Бұл ең шынайы ұсыныс. Біз өзіміздің алдымызға мақсат ретінде жалғыз мәсіхшілерді нығайтып, айналымызда жақсы үлгі болуды қоямыз. Ең алдымен өздерің Иса сияқты болыңдар, содан кейін басқаларға Ол сияқты болуға көмектесіңіз, сол кезде көптеген адамдар Мәсіхке келгісі келеді». ###### Топтағы сабақтар **Рөлдік жаттығулар:** Сіз ауылдық жердегі шағын жиналыстың бағушысысыз. Бір күні сізге жергілiкті үкіметке қарсы шыққан отрядтың командирі келіп, сізді қорқытады. Ол сізден қауым қызметін тоқтатуды талап етеді, әйтпесе отбасыңыз тұратын \(сенушілер жиналатын\) үйді жағып жібермек. Сіз не істейсіз? Қауым мүшелері не істейді? **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Жергілікті қауымның ұсынылған төрт әдісінен танымал мәсіхтік жетекшілер тек үшеуін ғана таңдай алады. Неліктен? 2. Киелі кітаптық мысалдарда сенушілердің мінез-құлқының әдісін таңдаудағы шектеулер қандай? \(Елш. 15:29\) Сенушілердің өздеріне-өзі қандай шектеулерді салады? Сіз қайсысының куәгері болдыңыз? 3. Неліктен басқа сенушілер бізге қарағанда өзгеше болуы мүмкін екенін білу маңызды және екі жақтың әрекеті де дұрыс болуы мүмкін? 4. Қытайдағы бір мәсіхтік топ қабылдаған мына ережені талқылаңыз: «Мәсіхтегі барлық бауырластарды сүйіндер, тек сынақтан өткендерге ғана сеніңіздер». 5. Егер біз айналамыздағы адамдар алдында сенімді сынауға төзе алмасақ, өзімізді қалай ұстауымыз керек? Петір Исадан бас тартқаннан кейін не істеді \(Мат. 26:69–75\)? Ол Одан бас тартқаннан кейін де шынайы мәсіхші болып қала берді ме? **Жеке тапсырмалар** Қауым тобының әр мүшесінен тобын сипаттайтын схеманы толтыруды сұраңыз. Әр топтың әлсіз және мықты жақтарын салыстырыңыз, топтағы мүмкіндіктер мен қорқытуларға олар қалай қарайды? МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ ҚОЛДАРЫНДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕР ҚОРҚЫТУЛАР ### Алтыншы тарау #### Тірі қауым *Мәсіх Исаға арнаған қызметім үшін түрмеде отырған Пауылдан және бауырласымыз Тімотеден сүйікті қызметтесіміз Філимонға, сондай-ақ бауырласымыз Әпияға, бізбен бірге Ізгі хабар үшін жан сала қызмет етіп жүрген Арқыпқа және Філимонның үйінде жиналатын қауымға дұғай сәлем.* Філ. 1:1–2 Бір танымал канадалық бағушы аштықтан азап шеккен, марксистік Эфиопияда жергілікті қауым басшысымен таңғы ас ішіп отырған кезде, дауыстап: — Сіздерге және қауымдарыңызға коммунистер тәртібі тұсында өмір сүру қандай қиын\! Халықаралық Інжілдік Одақтан Рег Реймер \(Reg Reimer\) Эфиопияда қонақта жатқан топтың басшысы болды. Осы сөздерді естіген жергілікті бағушы жан-жағына қарап, жай дауыспен еліндегі маңызды қиындықтар туралы және мәсіхшілерді заңсыз тұтқындау туралы айта бастады. — Осы қиындықтар халқымыздың сенімін нығайтты. Қиын-қыстау кезінде бұрынғы тыныш уақытқа қарағанда сенімге әлдеқайда көбірек адамдар келеді, — деді ол. Мен де, сіздердің елдеріңізде болдым және онда да көптеген қиындықтар мен азғырулар бар екенін білемін. Көптеген мәсіхшілер алумен тым әуестеніп, кедей адамдардың мұқтаждықтарына аз қамқорлық көрсетеді. Көптеген мәсіхтік отбасылар бұзылып жатыр. Кейбір қауымдар адамдарды ойын-сауық бағдарламалар арқылы қызықтыруға тырысады, өйткені бұл бағдарламаларда Исаның тәлімі жеңіл түрлері беріледі. Мен көрген және естіген нәрселерді ойлап, көңілім түсіп кетті. Эфиопиялық қауым жетекшісі өз сөзін былай деп аяқтады: — Шын мәнінде, қайсысымыздың қауымымыз жақсырақ жағдайда екенін білмеймін. ##### ҚАУЫМДА СЕНІМДІ БІЛДІРУ Еркін әлемде көптеген қауымдар ресми түрде мойындалған болып табылады. Осы қауымдар Исаға деген сенімдерін ғимараттар салу, әр түрлі мәсіхтік ұйымдар мен бағдарламаларды құру, қайырымдылық қызмет және т.б. арқылы білдіреді, ал олардың әрі қарай өмір сүруі жақсы жағдайдың болуына байланысты. Еркін қоғамда сенімнің осындай сыртқы көрінуі мүмкін әрі пайдалы — ол қауымды тұрақтылықпен қамтамасыз етеді. Алайда мәсіхшілерге жау көзбен қарайтын үкіметі бар елдерді сенімнің осындай көрінуіне жол берілмейді. «Құдайдың контрабандисті» Андрей бауырласымыз қауым басшыларының екі түрін ғана кездестіргенін айтады. «Мұнда осындай болуы мүмкін емес, — деп айтатындар» және «Мұндай бұл жерде болуы мүмкін емес деп бұрын ойлағанбыз». Басқаша сөзбен айтатын болсақ, еркін әлемде өмір сүретін біздің ешқайсысымыз, қауым сенімді білдірудің сыртқы сипаттарына байланысты бола алады деп ойлай алмайды. Сенімді білдірудің осындай түрінен бас тарту немесе егер Иса Мәсіхті жұрт алдында мойындау тым қиынға соғатын жағдайда, сенушілер қауымы өз тіршілігін қалай жалғастырмақ? Қауым сенушілердің шынайы жиналысы болып табыла ма немесе жай ғана белгілі бір қызмет түрі ме? Біз өткен ғасырда мәсіхтік сенімге жау көзбен қарайтын тәртібі бар елдердегі бауырластарымыздың тәжірибесінен көп нәрсені үйрене аламыз. Қытайда, мәселен, 1949 жылы коммунистер билік басына келген кезде, өздерін Інжілдік сенуші деп санайтын бір миллион адам ғана болды. Одан бері қандай оқиғалар орын алғанына қараңызшы, мәсіхтік басшыларды қудалап, түрмеге отырғызған, көптеген мәсіхшілерді өлтірді; билік иелері ресми қауымды отыз жыл бойы мойындамаған, үй қауымдары қудалаулардан елу жылдан астам азап шекті. Өмірдің қиындықтарына қарамастан мәсіхтік куәлік елде әлі де тірі әрі әрекет етуде\! Қауым көп есе өсіп, енді онда жетпіс бес миллион адамнан астам адамы бар. Қытайдағы қауым 1960 және 1970 жылдары сенімін ашық білдіре алмады. Құдайдың жолымен жүруін жалғастыру үшін оған жаңа тәсілдерді іздеуге тура келді. Оларға абай болып, табынудың қауіпсіз түрлерін қолдануға тура келді, ал бұл тәсілдер өте тиімді болды. Алайда ол бұған қалайша қол жеткізді? Әрине, Қытайда 50-жылдардың басында мәсіхшілер толығымен сенімнің ескі, жалпыға бірдей түрлерінен бас тартып, басқаша әрекет ете бастады. Оларға абай болып, табынудың қауіпсіз түрлеріне жүгінулеріне тура келді және осы әдістер өте тиімді болып шықты. Сенушілердің басқа тобы да болды, олар табынып жүрген тәсілдерін сақтауға тырысты, бұдан олар қатты азап шекті. Көбі түрмеге түсті, басқалары өлтірілді. Құдай олардың батылдығы мен табандылығын жоғары бағалайды, Пауыл айтқандай, олардың ісі Құдайдың хабарының тарауына қатты ықпал еткеніне сенімді бола алады \(Філ. 1:12\). Алайда елдің билік иелері ақырындап табынудың ашық түрлерін құртып отырды. Көптеген мәсіхшілер осындай өзгерістерден шошып, не істерін білмеді. Олар Құдай Қытайда жалғыз қалдырып кетті ме және ондағы қауым өліп қала ма екен деген сұрақтарды қойып, болып жатқан жағдайдың мәнісін түсінбей, аң-таң болды. Алайда уақыт өте келе қауымға адал сенушілер табынудың басқа түрлерін тауып, жеке жерлерде өз сенімдерін білдірді\! Екінші жағынан, Сауд Арабиясында мыңдаған төрт жүз жыл бойы ресми түрде мойындалған қауым болмады. Осы елдің Мәсіхке сенім артқан кез келген азаматы өлім жазасына кесілді. Бұған қарамастан, жүздеген осы елде тұратын сенушілер сенімдерінен таймады, ал қашып кеткендері қауіп төнгеніне қарамастан бір-бірімен жасырын кездесулерін жалғастырды. Қауымға адал адамдардың қолданған әр алуан тәсілдердің шеберлігіне таңқаласын. Қауіпіздік мақсатында осы тәсілдер туралы айтыла бермейді, алайда сенушілер Құдайға табынуларын жалғастырып, сан жағынан да, рухани жағынан да өсіп келеді. Оларға Киелі Рухтың жетегінде келетін шығармашылық ойлар көмектеседі. Бауырластар сенушілермен қарым-қатынас жасаудың әр түрлі тәсілдерін қолданады, кейбір кездері оларға топтың өмір сүруі үшін жиналыс орындарын үнемі өзгертуге тура келеді. Құдай осы бауырластардың Тәңір Иедегі батылдығын құрметтейді, соның нәтижесінде Құдай Патшалығына сенушілердің жаңа қатары қосылуда. Бір мәсіхші оның қауымдастығының демалыс уақыты қарым-қатынас пен куәлік айтуға арналады деп айтты, ал бұл өздеріне назар аудартпау үшін өте абай жасалынады. Үш не төрт адамнан тұратын топтар куәлікпен бөлісу, Құдайға табыну және бір-бірін қолдау үшін тіпті қоғамдық жерлерде кездеседі. Осының бәрі исламның бесігі Сауд Арабиясының ортасында болып жатыр. ##### СЕНІМДІ БІЛДІРУДІҢ СЫРТҚЫ ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ Мәсіхке деген сенімді білдірудің сыртқы көріністеріне неке қиюды, жерлеу рәсімі мен шомылдыру рәсімін жатқызуға болады. Мәсіхтік сенімге жау көзбен қарайтын жеке бір үкіметтер сенімді білдірудің қалған барлық әдістерге тыйым салынған соң, неке қию мен жерлеу рәсімін қауымда өткізуге рұсқат береді. Осылайша, бұрынғы Кеңес Одағындағы кейбір мәсіхшілер ашық Ізгі хабар таратуға тыйым салынған соң, осындай рәсімдерді жұрт алдында Мәсіх туралы куәлік ету үшін қолданды. Әсіресе, билік иелеріне жоқтау мен жерлеу рәсіміне бақылау жасау аса қиынға түседі. Мәсіхке қатты қарсы деген қоғамдарда мәсіхшілердің жақын адамға қайғыруы кейін Мәсіхке келетін адамдарға қатты әсер етеді. Шомылдыру рәсімі қауымның рәсімі болып табылады, бұл қауым өмірі үшін аса маңызды. Ол жаңадан тәубе еткен адамның Исаның өліміне, жерленуіне және өлімнен қайта тірілуіне қатысуын белгілейді. Көптеген елдерде осы рәсім адам мәсіхшіге айналғанының мойындалған куәлігі болып табылады. Шомылдыру рәсімі арқылы сенуші бұрынғы өмірі үшін өзінің өлгенін және жаңа өмірге тірілгенін растайды. Қауымның бүкіл тарихы бойы шомылдыру рәсімі, шомылдыру рәсімінен өтетіндер үшін де, оған қатысушылар үшін табыну түрі болды. Ертедегі мәсіхшілер жаңадан тәубе еткендерді, мүмкін болған барлық жерлерде және әрдайым шомылдыру рәсімінен өткізіп отырған. Жиі бұл Исаның Иорданнан өткені сияқты жұрт алдында өтті, алайда бұл екі-ақ адамның алдында шөл далада өтуі де мүмкін еді \(Елш. 8:36–39\). Ерекше кездерде шомылдыру рәсімін қауым басшылары ғана емес, қауымның қарапайым мүшелері де өткізгеніне назар аударыңыз \(1 Жох. 4:1–2; Елш. 8:36–39; 1 Қор. 1:1–17\). Еркін қоғамда шомылдыру рәсімі нақты бір тәсілмен және өкілеттілігі бар нақты бір адаммен орындалуына негіз жеткілікті. Алайда қудаланған Жаңа Келісім тұсындағы қауымда жағдай мүлде өзгеше болды, ал қудаланған қауымда барлық белгіленген ережелерді сақтау мүмкін емес. Жиі шомылдыру рәсімін аса құпиялық жағдайында жоспарлап, жүзеге асыруға тура келеді. Жасырын шомылдыру рәсіміне қатысқан мәсіхшілердің куәліктері осы жағдайлардың үлкен рухани рақымы туралы айтады. Непалда оннан астам жаңадан тәубе еткен адамдар шомылдыру рәсімінен өткен кезде, бір мемлекеттік адам қатысыпты. Ол топ шомылайын деп жатыр екен деп, ешкімге назар аудармастан, дайындалған дастарханнан рақаттанып ауыз тиіп отырды. Жаңадан тәубе еткен үндістерді шомылдыру рәсімінен өткізгені үшін жеті жыл түрмеде отыру қауіпі төніп тұрды. Билік иелерінің қысымына қарамастан, шомылдыру рәсімінен осындай батылдықпен өткен кез келген сенуші Мәсіхке бағынған куәгер болады деп айтуға болады. Дәл осы Непалда мысалы, тоқсаныншы жылдары қауымдардың аса тез өсуі байқалды. ##### ҮЙДЕГІ ҚАУЫМДАР Біз сіздермен бірге Жаңа Келісім тұсында болған қауымның бес атқаратын қызметін зерттедік \(Ізгі хабар тарату, шәкір ету, қызмет ету, қарым-қатынас жасау және табыну\). Осы қызметтердің барлығы үйдегі қауымдарда да жүзеге асырылатына назар аударған боларсыз. Алайда ертедегі қауым тек үйдегі қауымдармен шектелген жоқ. Сенушілер ғибадатханаларды, жиналыстар өтетін залдарды, ашық форумдарды, өзен жағасында, кемелерде және басқа жерлерде кездесетін. Қауымның барлық бес қызметін шағын үйдегі қауымда да орындауға болатынын жігерлендіреді. Ал кейбір жазалаушы тәртіптері бар елдерде жеке үйлерде де осы қызметтерді жүзеге асыру мүмкін. Жаңа Келісім біздің назарымызды «бес үйдегі қауымға» аударады, дегенмен, олар бұдан әлдеқайда көбірек болғаны айдан-анық \(Рим. 16:3–5; 23; 1 Қор. 16:19; Қол. 4:15; Філ. 1:2\). Үй қауымының көптеген артықшылықтары бар. Қауымға арналған ғимаратты салу үшін қосымша қаражаттың қажеті жоқ. Үйдегі қарым-қатынаста қуаныш пен достық қарым-қатынасты қолдау оңайырақ. Үйдегі кездесулер билік иелері тұрғысынан назар аудартпайды, ал сенушілер қауымы бір үйден екінші үйге оп-оңай көшіп өте алады. Әрине, орынның аз болуы қиындықтар туғызуы мүмкін, бірақ бұл сенушілерді шағын топтарға бөлініп жиналуына түрткі болады. Бұл одан да жақын қарым-қатынасқа, ашық болуға, есеп беруге және бір-біріне тиімді қызмет етуге алып келеді. Егер топ үйде жиналу үшін, тым үлкейіп кетсе, ол екіге бөлінеді, осылайша қауымның көбеюі жалғасады. Үйдегі қауымның анық кемшілігі — әр түрлі топтағы сенушілердің арасында қарым-қатынастың болмауы болып табылады. Қатаң тәртібі бар елдерде осы кемшілік артықшылыққа айналады. Себебі бір топ табылған кезде, оның мүшелері басқа топтың мүшелері туралы айтып бере алмайды. Тәртібі аса қатаң емес елдерде үйдегі қауымдар кейде әр түрлі топтарды жиналып, бірге табыну өткізуіне себепші бола алады, осылайша олар бұдан да ауқымды қарым-қатынаста болып бірге қуана алады, мысалы, мерекелік күндері. Қытайда бірнеше үйдегі қауым жалпы ұлттық мейрам кезінде қала саябағында сейіл ұйымдастыруға келісті. Ешкім жұрт алдында Құдайға табынуға тырысқан жоқ, алайда сенушілер бір-бірлерін көріп, қатты жігерленді. Ертедегі қауымның тәжірибесіне тағы бір рет жүгіне отырып, ол бірнеше күн бойы жұрт алдында ашық Құдайға табынған соң, қауымда қудалаулар басталғанын көреміз. Петір мен Жоханға уағыз айтуға билік иелерімен тыйым салынған кезде, олар шәкірттеріне қайтып келді. Сол кезде Иерусалим қауымы бір жерде жиналу үшін тым үлкен болды, алайда Петір мен Жоханның топтарындағы сенушілер билік иелері тарапынан қоқан-лоқы тоқтатылуы үшін бірге сиыну үшін кездесті \(Елш. 4:23\). Сол кезде бағушылар барлығына танымал болды және олар барлық адамдар үшін ашық болды. Степан қайтыс болған соң, қауым одан да абай бола бастады. Барнаба Пауыл үшін өтініш жасамағанша, ол Иерусалимдегі бағушылармен бірден кездесе алмағанынан көрінеді \(Елш. 9:26–28\). Алайда барлық абай болушылыққа қарамастан, Жақыпты тұтқындап өлтірді, содан кейін Петірді де тұтқындады, сөйтіп оны да өлім жазасына кесті. Сол кезде сенушілер әр түрлі топтарға бөлініп, бірге жиналмайтын, алайда қауым Петірдің босатылуы туралы үздіксіз мінажат етті. Періште елшіні керемет арқылы босатқан кезде, ол Марқа деп аталып кеткен, Жоханның үйіне келді, ол жерде мінажат жиналысы өтетінін ол білетін. Топтың есігін жауып отырғанына назар аударыңыз, өйткені Петір келген кезде есікті қағуға мәжбүр болды. Сенушілер өте абай болды және олар бірден есікті аша салған жоқ. Петір де өте абай болды, керемет арқылы босатылып шыққаны туралы әңгімесін айтып берген соң бірден кетіп қалды \(Елш. 12\). Абай болу қорқақтық немесе әлсіз сенім туралы куәлік етпейтіні айдан-анық. Кейін Пауыл мен Барнаба Иерусалим қауымында кездескен кезде, қауым ақсақалдары да, елшілер де болды \(Елш. 15:4, 22; 21:17–19\). Бәлкім, бұл бүкіл Иерусалим бойы тарап кеткен көптеген үйдегі қауымдардың басшылары болған болар. Осы қағиданы жаудың ортасындағы қауым немесе үкімет тарапынан қысым көріп жатқан қауым өзіне ала алады. Қауым билік иелеріне әлдеқашан белгілі жетекшілердің қатысуымен ашық куәлік айтуын жалғастыра алады, ал сенушілер болса шағын жанұялық топтарда жинала алады. Мұндай топтарда қауымның барлық бес қызметін тиімді түрде жүзеге асыруға болады. Осылайша, жұрт алдында куәлік айту, бейнелеп айтқанда, тек айсбергтің шыңы ғана бола алады. ##### ШАҒЫН ТОПТАР \(ЖАНҰЯЛАР\) 1982 жылы Эфиопияда коммунистер билікке келіп, қауымға қудалауларлар басталды. Үкімет менониттердің ғимараттары мен мүліктерін тартып алды. Көптеген мәсіхтік басшылар түрмеге отырғызылды, ал қауым мүшелеріне жиналыстарда кездесуге тыйым салынды. Қауым басшыларсыз, ғимаратсыз және ашық түрде кездесуге мүмкіндіксіз жасырынып қалды. Осындай жағдайда сенушілер біреу билік иелеріне айтып қояды деп қорқып, дауыстап ән сала алмады. Он жылдан соң елдегі коммунистік билікті тақтан түсіріп тастады, қауым жасырын жиналғанын тоқтатты. Көптеген адамдар он жыл ішінде ол елу адамнан елу мың адамға дейін өскеніне таңғалды. Қытайда да шағын топтардың эфиопиялық үлгісі өзінің тиімділігі мен күшін дәлелдеді. Бұл үлгі қудалаулар жағдайында ғана жақсы емес. Бұл қазіргі сәтте сегіз мың бес жүз адамнан тұратын, әлемдегі ең үлкен қауым — бұл Дэвид Ионги Чо бағушының қауымы. Ол Оңтүстік Кореяның астанасы — Сеулде орналасқан. Бұл жанұялық қауым қауымның барлық бес қызметін орындауға үлкен назарын аударады, әсіресе Ізгі хабар таратуға. Доктор Чо шағын топ Исамен танысуға ең жақсы жағдай туғызады деп санайды. «Мәсіхтегі нәрестелер» жарты жылда «рухани әке» болу керек деп саналады. Шағын топтарда осындай жетекшілерді дайындауға жағымды жағдай туғызады. Жанұялық қауым жаңа мүшелердің қосылуы арқылы Мәсіхтің қауымын өсіріп қана қоймайды, сонымен қатар жаңа жергілікті қауымдардың өсуіне мүмкіндік береді. Қауым қиын-қыстау кезінде де, жақсы жағдайда да салауатты болуы тиіс. Қауым Жаңа Келісім тұсындағы қауым сияқты өзінің қызметтерін орындаған кезде ғана салауатты бола алады \(Елш. 2:42–47\). Алайда егер қауым мүшелері тек жексенбілік Құдайға арналған қызметтерге ғана келсе, бұлай болмайды, сондықтан да шағын топтар қызметтердің тепе-тендігін сақтау үшін қажет немесе бір туындыгер айтқандай, қауымда «екі қанат» болуы үшін. Осы астарлы сөз тіркесі нені білдіретіні түсінікті. Дәстүрлі немесе ресми қабылданған қауым — бұл жаман деп айтқымыз келмейді. Алайда шағын топтарсыз қауым толық емес, тепе-теңдікте емес, әлсіз болуы әбден мүмкін. Мұндай қауым шынайы қарым-қатынаста болыңдар деген Киелі ктіаптық тапсырманы орындай алмайды. Сенушілер қарым-қатынаста алатын нұсқаулардың шамамен құрылған тізімі төмендегідей: • Бір-біріңе қызмет етіңдер \(Ғал. 5:13\); • Бір-біріңді қабылдаңдар \(Рим. 15:7\); • Бір-біріңді кешіріңдер \(Қол. 3:13\); • Бір-біріңе сәлем беріңдер \(Рим. 16:16\); • Бір-біріңнің ауыр жүктеріңді көтерісіңдер \(Ғал. 6:2\); • Бір-біріңе бауырмал болыңдар \(Рим. 12:10\); • Бір-біріңді сыйлаңдар \(Рим. 12:10\); • Бір-біріңе тәлім беріңдер \(Рим. 15:14\); • Бір-біріңе бағыныңдар \(Еф. 5:21\); • Бір-біріңді жігерлендіріңдер \(1 Сал. 5:11\) Жанұя — кез келген жаратылыстың жасушасы, құрылыс кірпіші сияқты. Осылайша, егер бір-бірімен қарым-қатынаста тұрған көптеген бірліктен тұрмасақауым қауым емес. Бұл біртұтас дене болу үшін бір-бірімен бірігеді. Жаңа Келісім қауымы дәл осындай үлгі бойынша құрылған болатын. Жанұялар он адамнан тұратын жиналыстар үшін өте қолайлы. Топ он екі адамнан асқан кезде бөлінуі тиіс. Сол кезде ол қайта өседі. Жаңадан тәубе ететін адамды белгілеп көрсететін бір бос орындықтың болғаны абзал. Бұл орындық үнемі Ізгі хабар таратып топқа адам қосу туралы еске салып отырады және сиынған кезде осы тақырыпқа басты назар аударуға көмектеседі. Алайда шағын топтың әр жиналысы қауымның қалған төрт қызметін де орындау керектігін ұмытпау керек. Кез келген жергілікті қауым ондағы жауапкершілік әр адамға жүктелген кезде ғана сәттілікпен қызмет етеді. Ал бағушыға жалғыз бір жетекшіге сияқты қарамаған кезде ғана жақсы қызмет етеді. Егер қауым өскісі келсе, қарапайым мүшелерінде жетекшілік қасиеттерді тәрбиелеу міндетті түрдегі талап болып табылады. Біздің Тәңір Иеміз қауым бір кейіпкері бар көрініске ұқсайды деп ойламаған. Сәттілікпен Ізгі хабар тарату бүкіл қауым мүшелерін қатыстырусыз мүмкін емес. Бағушылар қарапайым мүшелерді дайындауға уақыт бөлуі керек, сонымен қатар олар өз өкілеттіліктерін басқа мүшелерге тапсыруы тиіс. Қиын-қыстау уақытына жақсы дайындық — Құдай Патшалығында әр сенуші белгілі бір бірегей рөл атқаруы керектігін түсінуі. Вьетнамдағы бір бағушы өзінің міндетті түрде тұтқындалуын білген кезде, қауымның барлық отыз мүшесін жетекшілік міндеттерді орындау үшін мұқият дайындаған. Сол күн туған кезде, бағушыны алыс лагерге жіберді. Оның қауымы үш жүз адамға дейін өскенін білген кезде, ол үлкен жұбаныш алды. Әдеттегі қалыптасқан ойлау салтын жеңіп, Киелі Рухтың жетегінде икемді болуды үйренсек, Мәсіх туралы хабарды ешқашан қабылдамаған қоғамдағы біздің өміріміз де, жемісті болады. Бұрын орнатылған дәстүрлер мен дағдылардың тұтқынында болуға жол бермеңіз. Біздің Құдайымыз барлық мұқтаждықтарымызды қамтамасыз етіп, бізді әр түрлі жолмен жарылқай алады. Бүгінгі таңда сеніміңізді білдірудің жаңа, әрі қарапайым әдістерін іздеуді бастаңыз. Бұл мәселеде Киелі Рухтың жетелеуіне сенім артыңыз. ###### Топтағы сабақтар **Рөлдік жаттығулар:** Қытайдағы үйдегі қауымдардың үлгісіне еріңіз: **1. Әндерді ақырын айтыңыз** Қытайдағы көптеген мәсіхшілер жасырын кездеседі, олар көршілері осы кездесулер туралы білгенін қаламайды. Олар әнұрандарды айтқанды жақсы көреді, сондықтан да бір-біріне жақын отырып, оларды сыбырлап айтады. **2. Киелі кітаптан үзінділерді көшіріп алыңыз** Олар мұны Киелі кітаптың саны аз болғандықтан емес, жүректерінің түбіне жазып қоюлары үшін жасайды. Топтың әрбір мүшесі Киелі кітаптан бес немесе он аятты қайта-қайта қолымен жазады, сосын оларды жаттап алады. Содан соң барлық қағаздарды бірге желімдеп, бір сенушіге береді. **3. Азап шегу мен қиындықтардың тәжірибесімен бөлісу** Топтың әрбір мүшесі ол Мәсіх үшін қалай азап шеккені туралы бөлісуі керек. Қытайдағы үй қауымында: «Мен де бәрі жақсы», — деп айтсаңыз, онда барлығы сіздің рухани өміріңізде бір нәрсе жетіспейді деп ойлайды. Егер сіз Мәсіх үшін маңызды болсаңыз, өміріңізден айтып беретін бір нәрсе міндетті түрде табылады. Әйтпесе, мәсіхші екеніңізді қайдан білуге болады? Осы сәт адамға айналасындағы әлемнің көз алдында қалайша өзгеше көрінуге батылдық беретіні туралы ойланыңыз. **4. Әр жаңа апта сайын, жаңа Киелі кітаптық аятпен өмір сүріңіз** Үйдегі қауымдардағы мәсіхшілер Құдайдан Жазбадан аят беруді сұрайды, содан кейін бүкіл жеті күн бойы өмірлерінің оқиғаларын осы аятпен салыстырады. Келесі аптада олар өмір мектебінде аят тұрғысында үйренгендерін айтып береді. **5. Сіз түрмеде отырғандай мінажат етіңіз** Түрмедегі жағдай өте қатал және әдеттегідей камералар тар. Вэньчжоудағы кейбір үйдегі қауымдарда сенушілер өздерін түрмедегі бауырластарына ұқсатып, жиырма фут кеңістікті бөліп, соның ішіне қатар-қатар еденге жатады. Олар жатып, түрмедегі адамдар үшін мінажат етеді және осылайша, бауырластарының жағдайларын естеріне алады. **6. Ізгі хабардың уағыздалуына мұқтаж еліңіздің өңірлері үшін мінажат етіңіз** Қытайдың үйдегі қауымдары Ізгі хабарды естуге мұқтаж елдерінің өңірлері үшін мінажат етуге көп уақыт бөледі. Ханьян мен Таулы Тибеттегі Далай-ламаның ізбасарлары. Сіз де мінажатыңызды Ізгі хабарға мұқтаж өңірлер үшін жасаңыз. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Қытайдағы, Эфиопиядағы қауымды коммунизм жоя алды ма, әлде өзгерте алды ма? Жауабыңызды негіздеп, нақты жауап беріңіз. 2. Сіз осы тарауды көрсетілген мәсіхтік қарым-қатынас туралы ойландыңыз ба? Сіз өзіңіз осындай қарым-қатынасқа қатысып көрдіңіз бе? 3. Қауым тобы өсіп үйде кездесуі үшін тым үлкен болса, ол не істеу керек? 4. Шайтан мәсіхшілерді алыс өңірлерге жіберу арқылы не істегісі келеді? Мұндай әдіс оған қарсы болуы мүмкін бе? Қалайша? 5. Ресми түрде қабылданған қауымның тәжірибесін жергілікті жағдайға бейімделу үшін «түзетуге» тырысқан жоқсыз ба? Осы тақырыпты талқылаңыз \(Назар аударыңыз: көптеген жағдайларда біздің сабақтарымызды қолдану «түзетудің» амалының бірі болмақ\). ### Жетінші тарау #### Мәсіхтік отбасы *Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек.* Ишая 54:13 Дене бітімі нәзік қарт адам келіні мен ұлы және немересінің үйіне көшіп келді. Қарттың қолы дірілдеп, көз жанары әлсіреп, аяқтарын баса алмайтын. Үстел басына барлық отбасы жиналатын. Қартқа алдындағы асты көрмей тамақ жеу қиын болды. Тамақ қасықтан үстелге түсетін, ал пиаланы алған кезде сүт дастарқанға төгіліп қалатын. Ұлы мен келінін мұндай жағдай ашуландыра бастады. «Қартпен бір нәрсе жасау керек болды?» — деді ұлы. «Мені төгілген сүт, тамақты шайнауының естілуі, еденге төгілген тамақ жалықтырды» — деп оны қоштады келін. Жастар қартқа арнап бұрышқа кішкентай үстел қойды. Басқалар сөйлесіп, тамақ жеп қарым-қатынас жасап рақаттанып отырған кезде, ол жерде қарт жалғыз өзі тамақ ішіп отырды. Қарт бірнеше ыдысты сындырған соң, оған тамақты ағаш ыдысқа құйып беретін. Кейде отбасы мүшелері қарттың көзінен мөлдіреген жас көретін. Ол шаңышқыны жерге түсірген кезде немесе тамағын төккен кезде оған ұрысатын сөз табатын. Төрт жасар бала үнсіз болып жатқанды бақылап жүрді. Бір күні әкесі ұлының ағаш ыдыстармен жерде ойнап отырғанын көреді. Ол ұлынан: «Ұлым, сен істеп жатырсың?», — деп сұрады. «Мен өскен кезде анам екеуің үшін тамақ жейтін ағаш ыдыстар жасап жатырмын», — деп жауап берді. Балақай күлді де, жұмысына қайтадан кірісті. Бұл сөздер ата-анасы үшін төбеден жай түскендей болды. Олар жылап жіберді. Олар бір сөз айтқан жоқ, бірақ не істеу керектігін білді. Дәл сол күні кешке жас жігіт әкесін қолынан алып, ортақ үстел басына алып келді. Қалған өмірін қарт олармен бірге бір дастарқанда тамақ ішіп өткізді, бірақ бұдан былай тамақ төгілсе де, ыдыс сынса да, баласы да, келіні де ашуланбайтын болды. Балалар өте сезімтал болады. Олардың көзі бәрін көріп, құлағы бәрін естиді, сыртқы әлемнен алатын барлық ақпаратқа ақыл-саналары ойланады. Егер олар біз бақытты, Құдайға ұнамды жағдайды қалай құратынымызды көрсе, олар отбасына осындай көзқарасты өмір бойы танытады. Дана ата-аналар баласының өмір негізіне келешегін қалыптастырып, шағын кірпіштерді салатынын түсінеді. ##### ОТБАСЫНА ДЕГЕН КИЕЛІ КІТАПТЫҚ НАЗАР Әуел баста отбасы Құдайдың жаратылысының негізгі бірлігі болды. Құдай әлемді және ондағы барлық нәрсені жаратқан соң, Ол жарату үдерісін Өзіне ұқсайтын адамды жаратумен аяқтады. Ер адамның қабырғасынан Ол әйел адамды жаратты. Құдай көптеген жануарлар мен өсімдіктерді жаратқан сияқты, көптеген ер адамдар мен әйелдерді жаратып, содан кейін адамның билігін өмірдің негізгі ретінде орнатуына болар еді. Алайда Ол мұны істеген жоқ. Ол отбасының негізін салды және сол арқылы Өзінің адамзатпен өзара қарым-қатынасын нығайтты. Бұл әсіресе яһудилік отбасының үлгісінде анық көрінеді. Құдай Көне Келісімде Исраил ұлдарын қалған әлемнен бөлінуге шақырмастан бұрын, Ол Адамға Адам отбасы арқылы сөзін арнады, содан кейін кейінгі ұрпаққа отбасының басы арқылы сөзін арнап отырды. Құдай Нұхпен қалай сөйлесіп, бүкіл оның отбасын құтқарғанын көреміз, Құдай Ыбарайыммен келісім жасасты, Ыбырайым арқылы осы келісім оның бүкіл отбасы мен ұрпақтары үшін орындалды. Құдай тіпті Өзін Ыбырайым, Ысқақ мен Жақыптың Құдайы деп атаған. Өзін осы өсіп келе жатқан отбасына ұқсатты. Құдай Жақыпты он екі ұлмен жарылқаған соң, Жақып деген атын Исраилге өзгерткен соң, Құдай халқы «Исраил ұлдары» ретінде белгілі болды. Төрт жүз жыл өткен соң, Мұса дүниеге келетін кезде, яһудилік отбасының бірлігі өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан, ата-анасы жалғыз баласының өмірін қалай сақтап қалғысы келгенінде көрінді. Мұса халқын Мысырдан алып шығуға Құдайдың шақыруына жауап берген кезде, оның бауыры Һарон, қарындасы Мәриям, тіпті қайын атасы Етор Құдай арқылы оған көмек беру үшін жіберілді. Шөл далада Құдай Мұсаға Заң берді, оның бір тармағын яһудилер «шма» деп атайтын \(Заң. 6:3–9; 11:18–21\). Осы тармақта отбасы мен оның міндеттері туралы айтылған. Онда Құдайдың кім екенін туралы білім, Тәңір Иені бүкіл жүрегімен сүю керектігі туралы өсиет берілген, осы өсиеттерді балаларына үйретіп, осы тәлімді үнемі еске салу арқылы нығайту. Құдай Сөзі адаммен үнемі бірге болуы тиіс. Яһудилердің мейрамдары да, отбасын нығайтып, оның мүшелерін Құдайға жақындатуы тиіс еді. Құтқару мейрамы кезінде отбасының әкесі рухани отбасының басы ретінде әсіресе анық көрінеді. Әр әкеге осы өсиеттерді үлкен ұлына беру қатаң тапсырылған. Исраилдің ұзақ тарихы бойы Киелі Шатырда Киелі Үйден бастап, ғибидатханаға дейін, Құдайға табыну мен адалдық тек отбасында сақталып келген. Яһудилердің саны аз болған немесе антисемитизм қатты дамыған әлемнің көптеген елдерінде яһудилер өз бетімен өмір сүріп, иудаизмді сақтаған. Отбасы туралы Жаңа Келісімнің тәлімі, Көне Келісімнің тәлімінен жаңа нәрселермен толықтырылған. Күйеуі мен әйелі біртұтас болады, бірақ Мәсіх қауым басы болған сияқты, күйеуі отбасының рухани басы болады \(Еф. 5:21–23\) және екеуі де бір-біріне бағынуы тиіс. Балаларды Тәңір Иенің тәлімі мен нұсқауымен тәрбиелеу қажет \(Еф. 6:1–4; Қол. 3:20–21\). ##### ҚҰДАЙДЫҢ ОТБАСЫН ҚОРҒАУЫ Құдай отбасы институтын ғана орнатып қойған жоқ, сонымен қатар Ол оны қорғайтын заңдарды да берді. Он өсиеттен алтауы жеке адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасқа қатысты. Олардың үшеуі отбасын қорғауға арналған: • Ата-анаңды сыйла; • неке адалдығын бұзба; • біреудің әйелін заңсыз ие болуға сұқтанба \(Мыс. 20:7–17\). Ең алдымен Құдай отбасын ұйымдастыру ниетін іске асырды, сосын ол оны ішінен бұзылудан қорғады, содан кейін оны сырттан келетін шабуылдардан қорғауды қамтамасыз етті. Иса осы қорғанысты неке адалдығын бұзу туралы түсінігін кеңейту арқылы күшейтті \(Мат. 5:27–28\) және неке адалдығын бұзу жағдайынан басқа жағдайларда ажырасуға тыйым салумен оны нығайтты \(Мат. 5:32\). Иса мықты отбасы одақтастығы Құдайдың ең жақсы ой-ниеті деп үйретті. Міне, неліктен Пауыл өз хаттарында неке мен отбасы туралы үлкен тәлімді ұсынады. Тімотеге арналған хатта ол туысқандарының, әсіресе үй ішінің, қамын ойламайтын адам сенімінен бас тартқан, ол тіпті Құдайға сенбейтіннен де жаман, — деп айтады \(1 Тім. 5:8\). ##### МӘСІХТІК ОТБАСЫ ДУШАР БОЛАТЫН ҚИЫНДЫҚТАР Басқарудың мәсіхтік емес саяси қағидалары бар көптеген елдердегі Тәңір Иеге арналудың жоғары дәстүрлері, мәсіхтік отбасыларды қиын жағдайда душар еткізеді. Осындай саяси жүйелер отбасы негіздерін бұзады, өйткені олар үшін ата-ананың мүддесінен мемлекеттік мүдделер жоғары. Олар ата-аналарды балаларына қамқорлық көрсету құқықтарын бермей, өздерінің үстемдік билігін жүргізіп, ешқандай бір негізсіз ата-аналардың өз балаларына өздерінің қалауынша қамқорлық көрсету құқығынан айырады және мемлекеттік балабақшалар арқылы балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге деген ата-ананың билігін азайтуға тырысады. Олар ата-ананың тәрбиесін балалардың жаны мен ой-саналарына әсер етулерімен ауыстыруға тырысады, осылайша баланың көз алдында отбасы мен ата-ананың үйінің маңыздылығын төмендетуге тырысады. **1. Уақыт** Билік етудің тоталитарлық тәртібі бар кейбір елдерде отбасына деген шабуылдар өте қатал. Осы елдердегі билік құрылымдары отбасы бірге бола алатын уақытты неғұрылым азайта түседі. Ата-ананың екеуі де, үйден тысқары, жұмыста болуы тиіс, ал мемлекет болса, осы уақытта балаларына «қамқорлық» көрсетуді жүзеге асырады. Бірақ тіпті ата-анасы балаларына жұмсай алатын бос уақыттың өзі де, партиялық жиналыстарға қатысуға немесе азық-түлік сатып алу үшін ұзақ кезектерде тұруға жұмсалады. **2. Оқыту** Балалар мемлекет қамқорлығында болған уақытта олардың ой-санасы үдемелі өнделуде болады. Олар негізінен, мәсіхшілікке қарсы және бірте-бірте отбасылық құндылықтарды бұзатын тәрбиені алады. Жиі балаларды ата-анасын андуға мәжбүрлейді. Бұл орынсыз дөрекі айтылған сөз, өйткені бұл балалардың ата-анасына нақты зиян келтіретінін жете түсінуін тұспалдайды. Мұны әдетте, жасырын түрде жасайды, бір қарағанда байқалмайды. Балаларды «бақылауға» үйретеді, егер олар ата-анасының мінез-құлқында бір қызық нәрсені байқаса, тәрбиешісіне айтып беруді үйретеді, сол кезде оларға сыйлық беріледі. Көптеген балалар үшін бұл жай ғана ойын, бірақ көптеген елдерде билік иелері үшін балалар ақпараттың маңызды көзіне айналады. Мәселен, Вьетнам құлаған соң, елден қашуға тырысқан көптеген адамдар он екі жастан кіші балалардың айтып беруімен өлтірілді немесе тұтқынға алынды\! Вьетнамдағы мәсіхшілер отбасында балаға Мәсіх туралы айтып беру, үлкен мәселелердің бірі деп айтады. Егер бұл туралы ерте айтып берсе, бала мағлұматты басқаларға айтып береді, сөйтіп отбасы отбасы азап шегеді. Қытайда баланы тәрбиелеуге құқықтан айыру әдеттегі іс болып табылады. Егер билік иелері ата-анасы балаға Мәсіх туралы айтқанын білсе, олар оны жетімдер үйіне апарып тастауы мүмкін. Ал егер ата-анасы Мәсіх туралы куәлік айтып беруді кейінге қалдыра беретін болса, олар Мәсіхке қарсы идеологияның ықпалына ұшырауы мүмкін\! **3. Көз тартып, қызықтыратын нәрсе** Мәсіхшілер аңқаулықпен балалар қолданыстағы тәртіптің тұзағына түспейді деп ойлайды. Бұл байыпты қателік. Жазалаушы үкімет иелері орындай алмайтын уәделерді беріп, оларды орындамайды, алайда сонымен қатар олар өздері орындай алатын негізделген уәде береді және оларды орындайды да. Мінсіздікке бағытталған жастарды жиі әлеуметтік әділдікке қол жеткізуге бағытталған бағдарламалар қызықтырады. Көптеген мәсіхшілер экономиканың төмен деңгейі бар елдерде тұрады. Онда аса бай және әрең-әрең өмір сүріп жатқан кедей-жарлылардың арасында үлкен тұңғиық бар екені айдан-анық. Үкімет Қытайда сияқты өз ойларын жүзеге асыра бастаған кезде, жастарды билік иелерімен бірге жұмыс істеуге тарта бастайды. Жастарға табиғи түрде әсер ететін тағы бір фактор отан сүйгіштік болып табылады. Жазалаушы үкімет жеңген кезде, оған қолдау жасамаған адамдарды «халық жауы» деп атайды. Жастардың осындай психикаға жасалған қысымға төзуі қиын. Жастар елдің басқа тұрғындарына қарағанда, әділетсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сезімтал болуы тиіс. Үкімет әлеуметтік тепе-теңдік пен әділдік туралы уәде берген кезде, бұл өте тартымды сияқты болып көрінеді. Жазалаушы тәртіптің саясатын жақсы білетін адамдар, олардың уәделерінде тұра алмайтынын және танымал ұрандарды қару арқылы жүзеге асыратынын біледі. Алайда жастар бұл қауіпті жете түсіне алмайды. Коммунистер өз мақсаттарына жету үшін жастарды қолданып, қауымды жаман жағынан көрсету үшін қолдарынан келгенінің барлығын жасайтын. Олар тіпті Жазбаның билігінен және Мәсіхтің Құдайлық болмысынан бас тартатын, либералды қауым басшыларын айтқан сөздерін келтіретін. Тек Құдай Сөзіне мықты ұстанған мәсіхтік отбасы ғана, балалар мен жастарды шынайы жолдан алып кетуге деген билік иелерінің талпынысына қарсы тұра алады. **4. Келешек: білім мен жұмыс** Егер жастар өз сенімін сәттілікпен сақтаса, ол үшін жанын қиюға дайын болуы тиіс. Жастарды сенімдері үшін жоғарғы оқу орындарына қабылдамауы мүмкін. Жұмыста оларды қызметтік сатымен жоғарлатпайды. Бүкіл отбасы сенімі үшін қудалаудан азап шегетін болады, оның ішінде тәндік зорлық-зомбылық көрсету де кездеседі. Бірақ егер мәсіхтік отбасылар өздерінің қауымды құтқарудағы маңызды рөлін түсінетін болса, олар сенімдерінде табанды болып, жеңіп шығу үшін, қолдан келгеннің бәрін істеп бағады. Мәсіхші болу саяси мәселелер мен әлеуметтік әділдікке суық болу дегенді білдірмейді. Алайда елдегі бүкіл өзгерістер отбасы негіздерін бұзу мен қауымнан бас тартудың арқасында емес, Киелі кітаптық қағидаларға негізделуі тиіс. ##### ҚАУЫМ ҮЛГІСІ БОЙЫНША ҚҰРЫЛҒАН ОТБАСЫ Отбасылар мәсіхтік отбасына қарсы ашқан соғыстағы жеңісті қамтамасыз ету үшін көп нәрсені жасай алады. Мәсіхтік отбасы қауымның негізі болып табылады. **1. Киелі кітапты бірге оқып-зерттеңіз** Отбасы мүшелері бас қосып Киелі кітапты бірге оқып-зерттеулері және отбасы туралы Киелі кітаптық тәлімді білулері тиіс. Киелі кітаптық қарым-қатынасты көрсететін қарым-қатынасты орнатуға ден қойып қарау керек. Бұл Киелі кітаптық стандарттарды мінез-құлық ережелері ретінде қабылдаудағы алғашқы әрі маңызды қадам. Мықты мәсіхтік отбасы тек білімге ғана негізделіп құрылмайды. Іс жүзінде Киелі кітаптық қағидаларға адалдық таныту міндетті түрде болуы тиіс нәрсе. **2. Балаларды Құдайға арнаңыз** Ата-аналар әрбір баласын саналы түрде Құдайға арнауы тиіс. Мұны қауымда арнау рәсімі арқылы жасауға немесе жай ғана үйде Құдайға арнауға болады. Тәңір Ие мұндай арнауды ұнатады. Егер біз балалық шағында Құдайға арналап, енді Құдайға қызмет етіп жүрген адамдардың пайыздық ара қатынасын білсек, біз таңқалар едік. Тіпті мәсіхші жетекшілердің тағдырымен үстіртін танысу осы қағиданы растайды. Әрине, мұндай арнау ата-анасы ықпал етуі тиіс рухани әсердің басы ғана. **3. Қауымның бүкіл бес қызметін атқарыңыз** Мәсіхтік отбасы қауымның бүкіл бес атқаруы қажет. Әр түрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін бірге Құдайға табынудан басталуы мүмкін: бірге Жазбаны оқып, мінажат етуге болады, жігер беретін мәсіхтік әуенді тыңдауға болады, содан кейін Тәңір Иені мадақтап, ертедегі қауымдағы сияқты Тәңір кешін өткізуге болады. Табыну яһудилердің Құтқарылу мейрамына ұқсауы мүмкін, әсіресе, егер табыну барысында Тәңір кешін енгізсе. Мұндай табыну бүкіл отбасына рухани әсер етіп, оны біріктіреді. Отбасы шеңберінде Киелі кітапты және Киелі кітаптық тәлімдерді оқып-зерттеуді өткізу керек. Кейде үйде Киелі кітаптық тәлімді талқылау қауымдағы уағызға қарағанда балаларға қатты әсер етуі мүмкін. Мәсіхтік білім беру үйден басталуы керектігін ұмытпаңыз, алайда анда-санда отбасымен бірге мінажат ету жеткіліксіз. Отбасы күнделікті бірге мінажат етуге тырысуы керек. Сонымен қатар Киелі кітапты үнемі оқып-зерттеуді жоспарлау керек. Осының көмегімен әкесінің отбасының рухани басы ретінде өзінің орнын нығайтудың ең жақсы тәсілі болып табылады. Бүгінгі таңда мәсіхтік отбасы қарым-қатынас пен қызмет етуге әсіресе мұқтаж. Оның мүшелері бір-бірімен қарым-қатынас жасау мен қамқорлық көрсетуге қуануы тиіс. Отбасының басқа мүшелерінің мұқтаждықтарын сезетін сенушілер барлық істерінде сүйіспеншілік танытулары тиіс. Отбасы мүшелері бір-бірінің ауыр жүгін көтеруді үйренген кезде, олар айналасындағы адамдарға Ізгі хабар айтуға ұмтылатын болады. Ең алдымен бұл туысқандар, сосын көршілер мен достар болмақ. Олардың көбі Мәсіх туралы еш нәрсе білмеуі мүмкін. Сүйспеншілік танытып, көмектесуге дайын отбасы Мәсіх туралы тірі куәлік болмақ, мұндай куәліктен бас тарту мүмкін емес. Тәжірибесі бар мәсіхшілер достары мен туысқандарын Мәсіхке әкелу өте қиын, алайда отбасындағы өмірі сүйіспеншіліктегі өмірден тұратын тірі куәлік болса, Ізгі хабар тірі және әсер ететіні туралы айтады. Мұндай отбасының өзі айналасындағы адамдарға куәлік бола алады. Бирал әпке мұсылман болған, ол араб тілінде мінажат ете алады. Осының арқасында ол Оңтүстік Филиппиндағы кішкентай аралда көршілерінің құрметіне ие болды. Енді Бирал әпке мәсіхші. Қудалауларға қарамастан ол Тәңір Ие үшін қызмет етуін тоқтатқан жоқ. Күйеуімен бірге ол негізінен бұрын мұсылман болған адамдардан тұратын қауымға қамқорлық жасауда. Олардың үйі сүйіспеншілікке толы, сондықтан да көрші балаларға оның балаларымен бірге ойнау ұнайды. Онда оларға зор сүйіспеншілік танытады. Үйінде үнемі бөтен балалардың болуы Бирал әпкеге Мәсіх сүйіспеншілігі туралы айтуға мүмкіндік береді. Мұндай отбасы Мәсіхке адамдарды тартады. Отбасылар Мәсіхтің құтқаратын құдіретін сезген сайын, олар қауым ретінде қызмет етуді үйренулері керек. **4. Мінажат етуде үлгі болыңдар** Ата-аналар балаларына жігер беретін мінажатқа сенімнің үлгісін көрсетулері тиіс. Бұл олардың мінажаттық өміріне, сонымен бірге отбасына шағын мінажат ету жиналысы сияқты басшылық етуге қатысты. Мінажат ету өмірі дамуы үшін Құдайдың мінажаттарға жауабын танып білу маңызды. Балалар үмітін үзіп, сенімдерінде әлсіремеуі үшін ата-аналар балаларына осы мәселеде көмектесе алады. Кейде балалар Құдай олардың сұраған нәрсесінің бәрін береді деп қате ойлайды. Кейбір қауымға қарсы адамдар балалардың мінажатқа сенімін өлтіру үшін, Құдайдан кәмпит беруді сұрап мінажат етуді үйреткен. Балалар мінажат етеді, алайда кәмпит алмайды. Ал мінажат етуші отбасыларында өскен балалар мұндай алдауларға көнбейді. Осы төрт талапты орындайтын мәсіхтік отбасы сенімінде мықты болады және Тәңір Иеге ашық түрде қызмет етуіне мүмкіндік берген күнге дейін қудаланған қауымына көмегін беретін болады. Бірақ егер билік иелері қауымның қызмет етуіне рұқсат бермесе немесе тыйым салса, мұндай отбасы Тәңір Иеде бұрынғыдай мықты тұрады. ##### ҚАУЫМНЫҢ ОТБАСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУІ Қауым мықты мәсіхтік отбасылар құру үшін не істей алады? Қауым осы бағыттағы қадамдарды бүгінгі таңда жасау керек сияқты. Әлемнің әр түрлі елдеріндегі сенушілер бізбен бөліскен кейбір кеңестер төменде берілген. Сіз бұл кеңестерді қауымыңыздың басқа сенушілермен бөлісе аласыз. **1. Әр сенушіге отбасы туралы Киелі кітаптық тәлімді жеткізіңіз** Отбасылық негіздерін бұзатын қазіргі заманғы өмір сүру салтының салаларынан бас тарту керек. Шайтан Мәсіхке қарсы үкіметі бар елдерде қолданатын тәсілдерге еркін қоғамда да қолданады. Мәсіхшілер мен отбасылар некелерді нығайту арқылы ажырасулардың алдын алулары тиіс. Барлық әлем елдерінде ажырасулардың санының өсуі байқалады, алайда мәсіхшілердің арасындағы ажырасулардың санының өсуі бізді алаңдатады. Жергілікті қауымдар мәсіхшілерге жыныстық қатынастардан бастап, қаржылық саласымен аяқтап, отбасының Киелі кітаптық барлық саласын түсінуге көмек берулері керек және жастардың ой-санасында осы стандарттарды нығайтып, оларды некеге дайындау қажет. Сол кезде көптеген отбасылар құтқарылып, Құдаймен өмір сүруде нығаятын болады. **2. Жаңадан тәубе еткен жастарды отбасыларын тастап кетпеуге үйретіңдер** Жаңадан тәубе еткен жастарды отбасыларын тастамай, ата-анасын тәубеге алып келуге тырысып, Құдайдың алдында ұнамды өмір сүруді үйретіңдер. Өкінішке орай, жастардың ата-анасы мәсіхші болмағандықтан, оларды жиі отбасынан мүлдем бас тартуға үйретеді. Бұл маңызды қате. Тәубе еткен жастар мүмкін болса, отбасында қала берулері керек. Олар мұсылман немесе атеистік ортада өскен болса, олар отбасында қалулары тиіс, бұл өте дұрыс болады. Кейде бұл тіпті мүмкін емес, бірақ жас мәсіхшілерді отбасында қалуға үйрету керек. Киелі кітапта сенуші адам сенбеуші адаммен некелеспеу керек деп анық айтылған. Сонымен қатар егер ерлі-зайыптының біреуі сенуші екіншісі сенбеуші болса, онда сенушісі некені сақтап, зайыбын Мәсіхке алып келуге тырысуы керек деп те айтылған \(1 Қор. 7:10–17\). **3. Қауымыңызда отбасы жоқ сенушілер үшін отбасылық ортаны құруға көмектесіңіз** Мұны егер белгілі бір мәсіхтік отбасы осындай сенушіні «асырап алса» жүзеге асыруға болады. Әр сенуші өзін отбасының мүшесі ретінде сезіне алуы үшін қауым мұндай қарым-қатынасты қолдауы тиіс. Егер қауым кішкентай болса, ол ішінде отбасылық қарым-қатынасты құра алады. Кейбір қауымдар олардың ішінде осындай қарым-қатынас бар деп ойлайды, шын мәнінде олай емес. Мұны тексеру оңай. Қауымыңыздың ішінде соңғы жексенбіде уақытын жалғыз өткізген адам бар-жоқтығын анықтаңыз. Отбасы мүшелеріңіздің біреуін отбасы мейрамына шақырмай қоя аласыз ба? Пауыл сенушілерге отбасы мүшелеріне сияқты қарау керек деп Тімотеге жазған кезде дәл осы туралы айтты \(1 Тім. 5:1–2; Рим. 16:1; 13; Тит 1:4; 1 Тім. 1:2\). **4. Мәсіхтің оқыту бағдарламасын отбасына бағыттаңыз** Мәселен, жексенбілік мектепте отбасы мүшелерін оқытқан кезде, оларды жасына қарай бөлмеуге тырысыңыз, қайта қауымдағы басшылардың көмегімен бірге оқытуға ынталандырыңыз. Барлық мүшелер бір тақырыпты оқығаны маңызды емес, әр түрлі тақырыптарды оқытып, әр түрлі материалдарды қолдануға болады. Әдетте жексенбілік мектепте қолданылатын тәсілден осындай ерекше тәсіл отбасына қалай нығайта алатынын байқамау мүмкін емес. Ол бүкіл қауымның өміріне жаңа толқынды қоса алады\! **5. Отбасына өмірінде қауымның барлық бес атқаратын қызметін жүзеге асыруына көмектесіңіз** Кейбір ресми қабылданған қауымдар өз беделі мен билігіне қауіп ретінде қарастырып, оны қолдамауы мүмкін. Олар қол қойып қызметке тағайындалған қауым қызметкерлері емес, өздері баланы шомылдыру рәсімінен өткізе алатынын айтып, қарсы шығуы мүмкін. Олар үйінде Тәңір кешін өткізуге тырысқан отбасына күлетін болады. Олар әкенің ұстаз бен Жазбаны талқылаушы ретіндегі біліктілігіне күмән келтіре бастайды. Белсенді мәсіхтік отбасының өміріне қатысты осындай жағымсыз әрекет, отбасы мен қауымның өзін әлсіретеді. ###### Топтағы сабақтар **Рөлдік жаттығулар:** • Тобыңызда бір отбасында қиындықтар бар екенін білесіз. Осы отбасында әкесі рухани жетекшінің рөлін атқармай, осылай-ша балалары мен әйеліне қиындық туғызады. Олардың өзара қарым-қатынастары қиын. Егер жағдай өзгермесе, отбасы бұзылады. Сіз және тобыңыз осы отбасы үшін не істей аласыздар? Топтағы қарым-қатынас жағдайды қалай өзгерте алады? • Көптеген Мәсіхке қарсы күштер бүгінгі таңда балаларын өз жағына тартып алу арқылы, мәсіхтік отбасына шабуыл жасауға тырысады. Жау біз әсіресе, сенімдерінде әлсіз болатын балаларымызға аз уақыт бөлетінімізді біледі. Коммунистер үнемі ата-анасының не істеп жатқаны туралы айтып беретін балаларды қолдайтын. Бұл өте ауыр сұрақ, өйткені әсіресе, кішкентай балалар не істеп жүргендерін білмейді. Көптеген қытайлық отбасыларында ата-аналар өз нанымдарын балаларынан жасыратын, өйткені олар билік иелеріне айтып береді деп қорқатын\! Сіздің балаларыңыздың сенімі қаншалықты мықты? •Егер жастар мемлекеттік саясатқа ынта білдірмесе, мемлекет оларға әрі қарай білім алуға рұсқат бермейді. Үстемшіл қоғамдардағы осындай тәсіл, кейбір жастарды ата-анасының нанымдарынан бас тартуға мәжбүр етті. Бір африкандық мемлекетте билік құрылымдары өз саяси тұғырнамасын нығайту үшін басқа ұлт өкілдерінің дәстүрлерін қалпына келтіруге тырысады және жастарды зұлым рухтарға табынатын рәсімдерге қатысуға мәжбүр етеді. Егер олар бас тартса, оларды қатаң қудалай бастады. Егер олар билік иелеріне бағынса, өз мәсіхтік сенімдерін жоғалтудан қорқады. Балаларыңыз осындай сынақтарға төзе ала ма? Ал сіз ше? • Кейбір елдерде отбасы басшылары қалған отбасы мүшелеріне діни нанымдарды таңдауға мәжбүрлейді. Әйелі мен балалары күйеуінің нанымына қарамастан, мәсіхші болса, не істеу керек? Олар қалайша отбасы басшына құрметпен қарап, өз сенімдеріне адал болып қала алады? **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Әнұрандардың бір туындыгері былай деген екен: «Бұл әлем Құдайға дос емес». Айналаңыздағы әлем сізге және отбасыңызға, Құдаймен өмір сүруіңізге қандай қысым жасап жатыр? 2. Жалған тәлімдерге үйрететін мәсіхтік емес мектептердегі жағдайда балаларын қорғап, оларға сенімдерінде мықты болып қала беруге көмектесетін тәсілдерді талқылаңыз. 3. Тобыңызда жас мүшелер кеткен жағдайлар болды ма? Оларды шынайы жолдан не алып кетті? 4. Қалай ойлайсыз, мүшелерінің қарым-қатынасын нығайту үшін тобыңыз не істей алады? # ІІІ БӨЛІМ # Дау-жанжал ### Сегізінші тарау #### Жауды білу *Ал кім күнә жасай берсе, сол — шайтанның баласы, себебі шайтан әлем жаратылғаннан бері күнә жасап келеді. Бірақ Құдайдың рухани Ұлы шайтанның ісін жою үшін бұ дүниеге келді.* 1 Жох. 3:8 1998 жылдың жазында Қытайдың орталық бөлігінде конференцияға үй қауымның басшылары жұмыс мәселелерін талқылау үшін жиналды. Олар шағын діни топтардың он мыңнан астам мүшелерінің өкілдері болды. Олар үш маңызды мәселені айрықша атап, оларды шешудің стратегиясын жасап шығарды. Бірінші орында жала жабу тұрды. Жетекшілер бірінен кейін бірі қызметтері осы бір қарағанда байқалмайтын күнә арқылы бұзылғаны туралы айтты. Хенаннан келген үйдегі қауымның басшысы мына әңгімені айтып берді: «Мен бір ауданға Киелі кітапты оқып-зерттеу курсын өткізу үшін келдім, келген кезде мені семинар өтетін үйге жібермегеніне қатты таңғалдым. Жабық есіктен, не болды деп сұрағанымда, олар менімен сөйлеспеді де. Маған бұл жерден көзіңді жоғалт деп ақыл берді. Қыстың кезі еді, мен қаланың сыртына шығып, от жағып, шамалы жылынып алайын дедім. Мен осы бауырластардың маған түсіндірместен, қуып жіберуге не мәжбүр еткенін түсінбедім. Бірақ бір бауырлас маған жаны ашып, мені жасырын өзінің үйіне алып келді. Біртіндеп мен одан бар шындықты біліп алдым. Осы ауданның қауымдары қолы қойылмаған хат алыпты, онда мені «әйелдерге құмарлықта» айыптапты. Мен қанша тырыссам да, оларды сендіре алмадым, не хатты көрсеткізе алмадым. Кейінірек, басқа ауданда мен осы хатты көргенсіздік қылығы үшін тәртіптік жаза салған, бір бауырым жазғанын білдім, ол осылайша менен кегін алғысы келген екен. Мен оған бардым. Ол күнәсін мойындады. Ол тағы бір хат жазды, бірақ біріншісіне қол қойылмағандықтан оған ешкім сенбеді. Біз сол ауданға бірге баруды ұйғардық, бірақ бізді ешкім тыңдамай қойды. Әрдайым бізге бір жерге баруға тура келген кезде, мен осы жағдайды есіме аламын, ал шайтан болса, жеңісті тойлайды. Бір күні мен күнәсін мойындаған әлгі бауырласты қаланың сыртына алып шығып, балапанның жүнін жұлуды бұйырдым. Ол жұлған кезде, жел жұлынған жүнді егістікке шашты. Ақыр соңында ол былай деп сұрады: «Енді не?» Мен оған былай деп жауап бердім: «Барлық жүнді жинап, орнына қой, балапан қайтадан жүнді болсын» Ол маған: «Бұл мүмкін емес» деді. Мен оған: «Сенікі дұрыс. Бұл сенің сөздерің маған келтірілген зиянның қалай орнын толтыруы мүмкін емес болса, дәл сол сияқты мүмкін емес». Қауым басшылары жала жабу күнәсін азайту үшін, көбірек сүйіспеншілік танытып, бір-бірімен жиі кездесуге келісті. Мәсіхшілер ең алдымен екі соғысып жатқан патшалықтың, Нұр патшалығы мен түнек патшалығының қатты соғылуынан азап шегеді. Әр соғыста жау бар, ал жеңіс болса, жауыңызды, оның әдісін қаншалықты жақсы білетіңізге және онымен күрескен кезде қаншалықты сәтті стратегияны таңдайтыныңызға байланысты. Киелі кітап келіспеушілік үшін мәсіхшілік өмірде төрт көз бар деп айтады: адамның тәні немесе адамның күнәкар болмысы \(Мар. 7:20–23\), өмір жағдайлары \(Жох. 16:33\), осы күнәһар дүниенің тәртібі \(Жақ. 4:4; 1 Жох. 2:15–17\) және шайтан \(Еф. 6:10–12; 1 Пет. 5:8\). Қиындықтар келген кезде келіспеушілік көзін анықтау оңай емес. Жаудың рухани шабуылдарының салдарынан қандай келелі мәселелер пайда болатынын анықтау үшін бізге рухтарды ажырату дарыны қажет, өйткені біз жаудың ой-ниетін білеміз \(2 Қор. 2:11\). Біз қашан шайқасу керек, ал қашан сенiммізді мықтап ұстануымыз керектігін білуіміз керек\! ##### БІЗДІҢ ЖАУЫМЫЗ КІМ? Шайтан немесе әзәзіл, Құдайдың және Оның қауымының жауы. «Шайтан» сөзі грек және яһуди тілдерінде «қас жау», яғни бізге және Құдайға қарсы шығатын жау дегенді білдіреді. Ол Құдайға ұқсас болғысы келіп, билікті жаулап алуға тырысты. Ал билік тек шынайы Құдайға ғана тән. Шайтанның бір амалы өзінің болмысын көмескілендіріп көрсетуге тырысу. К.С. Льюис «Баламут хаттары» шығармасында осы туралы анық айтады. Егер біз шайтанды адам табиғатына тән жаман әсер деп санасақ немесе осы әлемде зұлымдықтың бар екенін түсіндіргісі келген, ертедегі адамдардың ойдан шығарып алған нәрсесі деп ойласақ, ол қуанар еді. Екінші жағынан, кейбіреулерді шайтан алдай алды, олар оның Құдаймен бірдей екеніне сенді. Бірақ ол Құдаймен бәсекелесе алмайды, өйткені оның өзі Құдайдың жаратылысы. Шайтанды құлаған періште ретінде басты періште Михаилге антипод ретінде түсінген жөн. Ол бір мезгілде барлық жерде бола алмайды және оның билігі мен күші шектелген. Дәл сол мезгілде біз мемлекетті немесе қандай-да бір билік иесін «жауымыз» деп санамауымыз керек. Біз сенімі жоқ, зұлым адамдардан қорғаныс жайлы мінажат етуіміз керек \(2 Сал. 3:2\) және әрдайым осы зұлым және әділетсіз адамдар біздің жауымыз емес екендігін есімізден шығармауымыз керек. Бұл табиғаттан тыс жау — шайтанның тұтқындары екенін есімізден шығармауымыз керек. Біз қауым арқылы жүзеге асыратын, Құдайдың жоспарымен күресетін жоғарыда күштер бар екенін түсінуіміз керек \(Еф. 6:12\). Киелі кітап біздің жауымыз шайтан туралы көп айтады. Көне Келісімнің жеті кітабы және жаңа Келісімнің кітаптары ол туралы айтады немесе тым болмағанда атын айтады. Жаңа Келісімдегі жиырма тоғыз сілтемеде, Иса ол жайлы жиырма бес рет айтады. Бізге Киелі кітап жауымыз туралы не айтатынын нақты білуіміз керек, Жазбада «ең алдымен шайтан күнә жасады» деп айтылған \(2 Қор. 2:11\). Шайтанның аттарының тізімі оның қасиеттерін анықтауға көмектеседі. **1. Бүлік шығаратын билеуші** • Ауада билік ететін зұлым күштердің әміршісі \(Еф. 2:2\); • Осы әлемнің патшасы \(Жох. 14:30\); • Осы күнәкар дүниенің тәңірі \(2 Қор. 4:4\); • Жындардың патшасы \(Мат. 12:24\). **2. Өтірікші** • Жала жабушы \(Аян 12:9–11\); • Өтіріктің атасы \(Жох. 8:44\); • Нұрлы періште \(ал оның қызметшілері әділдік қызметшілері\) \(2 Қор. 11;14–15\); • Азғырушы \(1 Сал. 3:5\). **3. Кісі өлтіруші** • Ақырған арыстан \(1 Пет. 5:8–9\); • Кісі өлтіруші \(Жох. 8:44\). ##### ЖАУЫМЫЗДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ Кейде мәсіхшілер шайтан қайдан шықты, Құдай оны не үшін жаратты? — деп сұрайды. Киелі кітапта Жаратылыстың 1 тарауындағы оқиғалардан бұрын болған оқиғалар сипатталмаған. Алайда біз осы кезең туралы бөлек-бөлек мағлұматтарды қолдана аламыз. Шайтан жоғары тәртіптің бір періштесі ретінде жаратылған сияқты. Періштелердің бір бөлігі тәкаппарлық танытып, Құдайға мойынсұнбады. Шайтан одан сайын тәкаппарланып, өзін Құдайдан жоғары еткісі келді \(1 Тім. 3:6; 2 Пет. 2:4; Яһуда 1:6\). Осының нәтижесінде, ол өзінің артықшылығы бар жағдайынан айырылды да, көктен жерге қуылды, Құдайға қарсы шыққан кейбір періштелер де сотталды. Олардың мәңгіліктегі тағдыры әлдеқашан белгіленіп қойған. Бірақ қазірше, олар Құдайдың үкімін күтіп отыр, олар Құдайдың қауымын бұзуға тырысады. Құдай бұған Оның қауымы мықтырақ болуы үшін жол береді, өйткені күрестің арқасында ғана күштірек боласың. Бүгінгі таңда осы күнәкар дүние шайтанның билігінде. Ол «ауада билік ететін зұлым күштердің әміршісі» \(Еф. 2:2\), «осы әлемнің патшасы» \(Жох. 14:30\) және тіпті «осы ғасырдың құдайы» \(2 Қор. 4:4\) деп те аталады. Ол Мәсіхке бүкіл патшалықтар соның билігінде екенін айтып мақтанды, ал Мәсіх оның айтқанына қарсылық білдірген жоқ \(Лұқа 4:6\). Құдай әлемді жаратып, оны адамзатқа берді \(Жар. 1:3–30\), бірақ адам өзі билігін шайтанға беріп қойды да, \(Жар. 3:1–6\) сөйтіп оған өзі де бағынды. Адамдар әлі күнге дейін Рим. 6:16 жазылған: «Сендер білесіңдер ғой: егер біреуге бағынып, оның еркін орындасаңдар, онда сол қожайындарыңның құлы боласыңдар. Сол сияқты, сендер не мәңгілік өлімге апаратын күнәға құл боласыңдар, не Құдайға мойынсұнып, әділдікке қызмет етесіңдер» — деген қағиданың мағынасын түсінбейтін сияқты. Әрине, шайтан әуел баста істегендей, адамдарды үнемі алдау үшін, өзінің билігін қолданады. Және адамдар бұрынғыдай шайтанға қызмет ету оларға дені сау, қуанышты және бақытты өмір береді деп ойлайды. Шайтан Құдайға тек еліктей алады, бірақ өзі еш нәрсені жарата алмайды, жасай алмайды. Құдай «ағыл-тегіл мол өмірді» ұсынады \(Жох. 10:10\). Шайтан болса, «уақытша күнәкар ләззатты» ғана ұсына алады \(Евр. 11:25\). Құдай бізді сүйіп, жанын біз үшін қиды \(Рим. 5:8\), ал шайтан болса, тек зұлымдық сеуіп, бұзуға қабілетті. Ол әлі де Құдайдың күнәсінің құны төленген, Құдайды өз еркімен сүйетін халқы тұратын, жаңа жер мен жаңа аспанды жарату туралы жоспарына кедергі жасағысы келеді. Біз осы әлемде қайғы-қасіретті көрген кезімізде, осы әлем шайтандікі екенін есімізден шағырмауымыз керек, ал ол өзі қалағандай билік етуде \(Аян 17:17\). Бірақ біздің Құдайымыз бұрынғыдай балаларын қорғау үшін араша түсіп, оқиғаларға араласуда. Біз Оның билік етун сұрап сиына аламыз, сол кезде шайтанның қашып кетуіне тура келеді \(Жақ. 4:7\). ##### ЖАУЫМЫЗДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ Шайтан, Құдайдың жауы бола тұра өзінің зұлым қызметін қалай іске асырады? **1. Бүлік шығаратын билеуші ретінде** Біріншіден, шайтан Құдайға қарсы шығады. Ол ауада билік ететін зұлым күштердің әміршісі, осы әлемнің патшасы, жындардың патшасы, осы ғасырдың құдайы деп аталған. Шайтанның қалай әрекет ететінінің анық мысалы, Исаны күнә жасауға мәжбүр етуге тырысуы \(Лұқа 4:1–13\). Ол әрдайым әлсіздік болатын сәтті күтеді. Осындай әлсіз сәттер қудалаулар болуы мүмкін. Сол кезде ол күнәкар қалаулардың бірден орындалуын уәде етеді. Басында шайтан Исаға адамдық мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін, Өз құдайлық құдіретін қолдануды ұсынды. Содан кейін Исаның халықтың көсемі ретінде қабылдану туралы қалауын орындағысы келді. Ақыр соңында ол Исаға бәрібір де Онікі болатын бүкіл әлемді ұсынды. Бірақ Ол оны Құдайдың еркін орындау арқылы жеңіп алу керек еді. Шайтан Исаның бойынан әлсіз жерлерді тапқысы келді және Исаны шатастыру үшін тіпті Жазбадан сілтемелер келтірді. Иса Құдай Сөзін шеберлікпен қолданып, шайтанға қарсы тұрғанын атап өту қажет. **2. Шайтан өтірікші ретінде** Киелі кітап шайтанды басқаша анықтамасы үшін dіabolоs деген сөзді қолданады, бұл сөздің мағынасы «жала жабушы» деген мағынаны білдіреді. Иса шайтанның өтірікші және өтіріктің атасы екенін жақсы білетін \(Жох. 8:44\). Бұл сипаттама бірнеше нұсқада көрінеді. ***Ол Құдайдың сөздерін бұрмалайды*** Шайтанның Құдайға қарсы шығуының бір тәсілі — Құдайдың сөздерін бұрмалау. Мысалы, Құдай Адам ата мен Хауа ананы жаратқан кезде, Ол «Саған бақтағы күллі ағаштардың жемістерін жеуге болады. Бірақ жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жемейсің\! Себебі одан жесең, сол күні өлесің», — деді» \(Жар. 2:16–17\). Ал шайтан Хауа Анамен сөйлескен кезде: «Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма?», — деп ол мүлдем ашық түрде Құдайдың сөзін бұрмалады. Осылайша біз Құдайдың сөзімен ойнап, тұзаққа оңай түсіп қалуымыз мүмкін. Киелі кітапта шайтан нұрлы періштенің, ал оның қызметшілері әділдік қызметшілерінің бейнесін қабылдауы мүмкін деп айтылған \(2 Қор. 11:14–15\). ***Ол сенушілерге жала жабады*** Әйүп кітабында шайтан Құдайдың алдына келген кезде, ол Құдайдың қызметшісін айыптай бастады. Елші Жоханның Аян кітабында да шайтан туралы жала жабушы \(12:10\) ретінде айтылған: «...Құдай алдында күні-түні бауырластарымызға жала жауып келген шайтан көктен лақтырылып тасталды». Сондықтан да, шайтанның қудалаулар уақытында қауымға өте жиі жалған айыптар тағу арқылы шабуыл жасайтынына таңғалудың қажеті жоқ. Шындықты тыңдаудың орнына, сенушілер бір-бірі үшін жалған куәлiк бере бастайды. Осының нәтижесінде сенушілер арасындағы сүйіспеншілік пен сенім ғайып болады, ал қауымда жікке бөліну басталады, сөйтіп Дененің бірлігі бұзылады. Өмірдің осы саласында ең қайғылы оқиғалар орын алып жатады. Сенушілер шайтанның арам ойларын ажырата білуі тиіс, ал олардың қарым-қатынастары кез-келген шабуылдар мен қысым қорқынышты болмайтындай етіп құрылуы тиіс. Біз бір Қытайдағы үйдегі қауымның мүшелерінен олардың топтарына мықты болып, қудалауларға төтеп беруге не көмектесті деп сұраған кезімізде, олар бір-бірімізге деген мықты сезімдеріміз деп жауап берді. Олар шынында да, өздерін бір Дененің мүшесі ретінде сезінді. Сондықтан да, жалған айыптарға қарамастан олар мықты болып қала берді. **3. Шайтан кісі өлтіруші ретінде** Киелі кітапта шайтан кісі өлтіруші деп айтылған \(Жох. 8:44\). Ол — Құдайға қарама-қайшы, өйткені адамды әрдайым құртуға тырысады. Оның Адам ата мен Хауа ананы азғырудағы сәттілігі оларды өлімге алып келді. Қазір де ол сол кездегідей, ешкімнің Иса Мәсіхті Жаратқан Ие ретінде жақыннан танып білуіне жол бермеуге тырысады және сол арқылы өлімге жетелеуге деген қалаумен өмір сүреді. Иса әр түрлі топыраққа түскен дәндер туралы астарлы әңгімені айтып берген кезде, Ол жол бойына түскен дәндер туралы айтты. Бұл дәнді құстар шоқып, жеп қойды. Тәңір Ие Құдай Патшалығы туралы хабарды қабылдап, бірақ оны түсінбейтін адамдар туралы айтқысы келді. Лезде әзәзіл шайтан келіп, сол адамның жүрегіне себілген бұл сөздерді ұрлап алып кетеді \(Мат. 13:19\). Шайтан «ақырған арыстан» сияқты қауымға ашық түрде шабуыл жасауы мүмкін немесе өзінің әділетсіз барлаушылары арқылы оны алдауға тырысуы мүмкін. Жаңа Келісім тұсында ол сенушілерге қарсы қорқытуды, түрмеге жабуды, соғуды, халық тарапынан басқыншылықты және тіпті кісі өлтіруді қолданды. Ол сонымен қатар Исаның соңынан ерген сияқты болып көрініп, ал шын мәнінде Ізгі хабарды бұрмалауды қалаған, Яһуда мен яһудилік заңшылдар сияқты ішінен де, әрекет етуге тырысты. Киелі кітап бізді шайтан қауымға шабуыл жасайтын барлық амалдар туралы ескертеді. Біз осындай жағдайларда не істеу керектігімізді білуіміз қажет. Шайтан кісі өлтіруші ретінде сенушілерге Ізгі хабар таратуға және Мәсіхтің шәкірттері ретінде сенімде өсуге кедергі жасау үшін әр мүмкіндікті қолдануы мүмкін. Бақытымызға орай, қудаланған қауым туралы әңгімелерден қудалаулар сенушілерге Мәсіх туралы куәлік етуге кедергі болмайтынын білеміз. Қайта керісінше, Құдай Өзінің Патшалығына көбірек құтқарылған адамдарды кіргізу үшін қудалауларды қолдана алады. Адамдар сенушілердің қудалауларды қалай қарсы алатынын көрген кезде, олар Мәсіхке ден қойып қарай бастайды. Осылайша, сенушілер қудалаулар кезінде ең тиімді болатын, Ізгі хабар тарату түрлері туралы ойлануы керек. Екі көшенің қиылысында тұрып уағыз айтудың қажеті жоқ, өйткені Ізгі хабар тарату әдістері мен амалдары жеткілікті, тек олар туралы ойлану қажет. Темір тордың ар жағына түсетін мәсіхшілер ең жемісті сенушілер болатын сияқты, олар онда ондаған адамдарды Мәсіхке алып келеді. ##### ҚОРЫТЫНДЫ Жауды білу маңызды, бірақ оның күші мен билігі жайлы тым көп ойланудың қажеті жоқ. Біз Иса Мәсіхке үнемі көз алмай қарауымыз керек, өйткені Онымен бірге бізге лайық өмір қамтамасыз етілген. Иса шайтанның найзағай сияқты аспаннан түскенін көрді, сол кезде шәкірттері адамдарға қызмет етіп жатты \(Лұқа10:17–20\). Иса елші Пауыл ие болған жеңісті бізге де уәде етті \(Жох. 16:33\). Ол осы жеңіс туралы Римдегі қауымға жазды \(Рим. 8:28\). Елші Жохан шайтанның соңғы жеңілісі туралы айтқан \(1 Жох. 3:8\). Жоханның заманында қауымдар жау қолынан азап шеккенмен және қауымдағы адамдардың жол беруімен Құдайға ұнамсыз өмір сүретіндермен ұсынылған жалған тәлімдер ішінен бөлінгенмен, шайтан Құдайдың адамдарын жеңе алмады \(Аян 3:8–10; 12:10–11; 20:10\). Жау қатал әрі қу. Біз осы шындықты мойындауымыз керек. Бірақ біз жеңімпаз өмір сүре аламыз, өйткен Киелі кітап бізге: «Құдайға шүкірлік етейік\! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды\!», — деп айтады \(1 Қор. 15:57\). Жохан жазған Ізгі хабардың \(1:4–5\) үзіндісін басқаша айтқан кезде, Юджин Петерсон былай деді: «Адамдардың өмірі болып табылатын Нұр жарқырайды, Оны түнек сөндіре алмайды». ###### Топтағы сабақтар **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Кейде адамдар шайтан — жай ғана зұлым күш сияқты әрекет етеді деп ойлайды. Ол шынайы тұлға екеніне қалай сенімді болуға болады? Неге бұл дерек маңызды? 2. «Құдай бар ма, неліктен Ол жер сілкіністері, топан су, басқа да апаттар кезінде кінәратсыз адамдардың өліміне жол береді?» деген сұраққа қалай жауап беруге болады? 3. Зұлымдық игілікке қалай жасырынып, бізді ақыр соңында құрту үшін шатастырады? 4. Бір адам былай депті: «Шайтан сенушіге зиян келтіре алмайды». Сіз осымен келісесіз бе? Осы туралы Еврейлерге арналған хатта \(11:32–39\) не айтылған? 5. Осы тарауда айтылған шайтанның әрбір әдісін талқылаңыз. Оның іс-әрекеттерін айналаңыздан көруге бола ма? ### Тоғызыншы тарау #### Жаудың стратегиясы *Салауатты да сергек болыңдар\! Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр. Сенімдеріңе берік болып, оған төтеп беріңдер\! Дүниенің төрт бұрышындағы құрбы қауымдастарыңның да дәл сондай азаптарды шегуге мәжбүр екенін білесіңдер ғой.* 1 Пет. 5:8–9 Вань Минь-дао деген қытай бағушысына тұтқындалған соң қатты қысым көрсете бастады. Егер ол билік иелерімен бірге жұмыс істейтін болса, оны түрмеден босатуды және тіпті уағыз айтуға рұқсат беруді уәде етті. Оның ойынша, оны өтірік айтуға мәжбүрледі, ал ол болса екі жүзді адамдай өмір сүре алмайтын еді. Вань бағушы осы ұсыныстан бас тартты, сосын өзі қатты сүйетін, әйелі Дебораны тұтқындағынын және оның өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы естіді. Бағушы ол нашар тамақтанған соң, оның денсаулығы нашарлап кеткенін және оның қатты науқастанып қалғаны туралы білді. Ол өлетін халге жетті. Бұл жаңалық оның жанын күйзелтті, сөйтіп бағушы «өтірікті» уағыздау шартымен келісті, сөйтіп үкімет бақылайтын қауымда қызмет етті. Ол әйелі мен анасын қауіпсіз жерге жіберуді жоспарлады, содан кейін өзін өлтірмекші болды. Адамдар ол көшелермен жүріп, жүрегі ауырып қалғанша: «Мен Петірмін, Мен Петірмін», — деп айтып жүрді. Билік иелері оның ымыраға келмейтінін түсінген кезде, Вань мен оның әйелі қайтадан түрмеге жапты. Әйелін — он бес жылға соттады, ал оған — өмірлік тұтқындықты берді. Екінші мерзімнің ең басында Құдай бағушыға Миха кітабынан аяттар жіберді \(7:7–9\), ол бұларды тағы жиырма бір жылға есіне сақтады: **Ал мен Жаратқан Иеге үмітпен қараймын. Өзімді құтқаратын Құдайдың көмек көрсетуін күтемін. Айтқан дұғаларым Құдайымның құлағына жетеді». Мені табалама, дұшпаным\! Құласам да, қайта тұрамын\! Қазір түнекте отырсам да, Жаратқан Ие жарық нұрым болады\! — дейді Иерусалим. — Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасағандықтан Оның қаһарына ұшыраймын. Бірақ кейін Ол мүддемді қорғап, мені ақтайды. Сонда Ол мені нұрға алып шығады, Оның әділ істерін көремін\!** Бұдан былай Минь-дао өзі үшін де, әйелі үшін де қорыққан жоқ. 1980 жылы оны сексен жасында әлсіз, көзі әрең көретін және құлағы түк естімейтін болған кезде босатып жіберді. Түрмеде ол жиырма үш жыл бойына қызмет етті. Оның әйелі Дебораны денсаулығына байланысты үш жыл бұрын босатып жіберді. Қалған он бір жыл ішінде ол қытай қауымы үшін де, үйлерінде қабылдаған, шетелдік қонақтар үшін де, үлкен жігерлендіру болды. ##### ШАЙТАННЫҢ ӘДІСТЕРІ Әдеттегі соғыста дарынды сарбаздар жеңілісті жеңіске айналдырып, соғысты жеңіспен аяқтайды. Бұл тақырып Жазбада жиі қайталанады және ол жайлы Ізгі хабардың басты тақырыбы ретінде айтылады — өмір өлімді жеңеді \(1 Қор. 15:54–56; Евр. 12:14–15\). Қудаланған қауымның мәсіхшілерін Құдаймен бірге өмір сүруінде ешқашан шайқалмайтын каһармандар ретінде қарастырмау қажет. Жазба адамның табиғатын шынайы көрсетеді. Соғыстың тыртықтарын жалған жолмен дағдыландыру мүмкін емес. Біз өзіміздің адам ретінде шектелгендігімізді және біз үшін төленген ұлы құнды есімізден шығармау үшін, тіпті көкте де Исада Өзінің азаптарының іздері болады. Біз адамның шектелгендігі мен күнәмыздың қымбат құнын есімізден шағырмау үшін тыртықтар қалып отырады. Біз күнә жасап, қателесуіміз мүмкін, бірақ біздің қателеріміз өзімізді айыптауға алып келмеуі тиіс, қайта күнәмізді мойындап, Құдайдан одан да көбірек тәуелді болып, жаңаруымызға алып келуі тиіс. Алдыңғы тарауларда біз шайтанның кереметтер мен белгілер жасауға күші бар екендігі туралы айттық \(2 Сал. 2:9\), бірақ оның бүкіл күші Құдайға және Оның қауымына қарсы бағытталған. Міне, осы себептен Киелі Кітап біздің шайқасымыз жердегі билеушілерге емес деп айтады, әйтсе де шайтан кейде оларды қауымға қарсы қолдануы мүмкін — біз рухани күштерге қарсы шайқасамыз \(Еф. 6:11–12\). Шайттаның бізді күнә жасауға мәжбүрлеуі, біздің өз іс-әрекеттерімізге жауапкершілігімізді жоққа шығармайды. Біз күнә жасауға деген бейімділігіміз үшін Құдайдың алдында жауаптымыз, бірақ сонымен қатар біз жаудың күнәға итермелеуге қолданатын әдісін ажырата білуіміз керек. Күнәдан келген зиян тек күнә жасаған адамға ғана әсер етуі мүмкін, бірақ кейде бір адамның жасаған күнәсінің көп бөлігі, басқа адамдарға да айтарлықтай зиян келтіріледі. Мысалы, шайтан бір нәсілдік топтың басқа топқа өшпенділігін туғызады және кейбір мәсіхшілер де осы сұмдық күнәға қатысты болып шығады. Шайтан бір мәсіхшілерді басқа бір мәсіхшілерге тікелей зорлық-зомбылық әрекет пен басқыншылық жасауына түрткі болады. Ол тіпті мәсіхшілерді ықпал ете алмайтын адамдардан ажыратып тастауға тырсады және дәл солай оларды сенімде нығайтатын адамдардан ажыратып тастауға тырысады. Екінші жағынан, ол бұрын қарым-қатынас жасап жүрген сенушілердің арасында келіспеушілік пен алшақтықты арандатады. Төменде шайтан біздің заманымызда, біздің жағдайымызда қолданатын кейбір әдістер атап көрсетілген. ##### ЖАУДЫҢ СЫРТҚЫ ӘДІСІ Бір басқару жүйесі екіншісіне қарағанда көбірек «шайтаннан» деп ойлаудың қажеті жоқ. Әрбір тоталитарлық тәртіп мәсіхшілерге бақылау қағидасы негізінде билік жүргізеді. Осылайша паранойяны кез келген тоталитарлық тәртіптің ерекше белгісі деп атауға болады. **1. Оқшаулану және дау-жанжалдар** Жаудың мәсіхшілік куәлікті тоқтатуға тырысатын сүйікті әдісі — адал және Мәсіх үшін жанып тұрған ынталы мәсіхшілерді қоғамнан оқшауландыру. Шайтан сенушіге ықпал ете алатын және оны сенімінде нығайта алатын адамдармен қарым-қатынас жасауына кедергі жасауға тырысады. Көптеген сенушілерге осы қауіпті әдіске қарсы күресу қиынға соғады. Кейде шайтан үкіметті алдымен сенушілердің қауымына, содан кейін қауым басшыларына қысым көрсетуге қозғау салады, оларды не өлтіреді, не алыс жаққа көшіріп жібереді. Осы уақытта үгіттеу машинасы жұмыс істеп бастайды. Әлсіз сенушілер барлық елшілердің неге кенеттен кетіп қалғанын немесе достары қайда жоғалып кеткенін түсіне алмайды. Елшілерге бірден кетіп қалуы мен сенушілердің шашырап жүруі үкіметтің қысым көрсетуінің арқасында болғанын, оларға ешкім түсіндірмейді. Егер сенушілер қорыққандықтан басқа сенушілермен қарым-қатынасын тоқтатса, онда шайтан жеңді деп санауға болады. Мәсіхшілер қарым-қатынас мен шәкірт етуде алшақтап, ұзақ уақыттық күресте жеңіске жете алмайды. Егер сенушілерді бөлектеп тастаса, оларға Құдаймен одан да терең өзара қарым-қатынаста болу қажет. Бұл басқа мәсіхшілерді табуға деген талпыныспен үйлесуі қажет. Жиі бір қарапайым сөз, ақырын айтылған әннің бір шумағы немесе кездейсоқ көріп қалған бір мәсіхшілік белгі, басқа «жасырын» мәсіхшілермен байланысты жолға қоюға көмек береді. Кейбір жағдайларда сенушілер ең болмағанда, өз отбасымен қарым-қатынаста бола алады. Бұл жалғыз қолдау болуы мүмкін, алайда оларға үнемі басқа байланыстарды іздеу қажет болады. Мынадай жағдай болуы да мүмкін, оқшаулану тоқтау үшін бәлкім, Мәсіхке құтқарылу үшін тағы бір адамды алып келу керек болатын шығар. Сенушілер Құдаймен өзара қарым-қатынасын сақтап қалуға нақты шешім қабылдаған кезде, осындай жағдайлардың болғанын талай рет көрдік. Жаудың тағы бір сүйікті әдісі қарым-қатынас жасап жүрген сенушілердің арасында дау-жанжал туғызып, оларды жікке бөлу. Мұндай келіспеушілік табыну түрлерімен келіспеу, қауымдағы сенушілерге басшылық жүргізуге таласу, жеке келіспеушіліктер себебінен туындауы мүмкін. Қауым мүшелері бірліктерін өзара байланыстырған татулық арқылы сақтауға ұмтылып өмір сүру үшін мұқият бақылап отыруы қажет \(Еф. 4:3\). Бұл үшін басқа адамдардың мүдделерін өзінің мүддесінен жоғары қою керек \(Мар. 9:35\). Шайтанмен күрескендегі біздің күшіміз міне, осыда. Басқа діни топтармен тікелей және басқыншылық келіспеушіліктер біздің заманымызда өте кең тараған құбылыс болып келеді. Индонезияда мұсылман экстремистерімен айдақталған ызаланған адамдар тобыры, мәсіхшілерге жиі шаубыл жасайды. Үндістанда адамдар жиі зорлық-зомбылық жасап, тіпті кісі өлтіруге дейін барады. Шри Ланкада буддистердің арасында қауымды бұзатын экстремистер бар. Сенушілерге тікелей және қатал зорлық-зомбылық іс-әрекеттері бағытталған кезде, сенушілер толығымен Киелі Рухпен өзара қарым-қатынасына тәуелді болады. Киелі Рухтың көмегімен керемет жолмен құтқарылған кездер де бар, сондай-ақ сенушілердің зорлық-зомбылықтың нәтижесінде азапталып өлген жағдайлары белгілі. Алайда бұл жағдайлардың нақты қағидасы жоқ, қалай болған жағдайда да Мәсіх мадақталды, Құдай Патшалығына қарай қозғалыс тоқтатылмайды. **2. Ұлтшылдық** Шайтан билік иелеріне мәсіхшілерді бұрынғы ұлттық діннің түрлеріне, яғни өзі ата-бабаларының басқа ұлт құдайларына — отансүйгіш немесе «дұрыс түсінілген» ұлтшылдыққа қайта оралуға мәжбүрлеуге қозғау салады. Индуизм немесе синтоизм сияқты ұлттық діндерді ұстанушылар, дін белгілі бір өңірге немесе халыққа тіркелеуі керек дейді. Кейбер үндістандықтар және непалдықтар олардың отаны Үндістан, яғни Инд өзенінің аңғары деп санайды, сондықтан да, индуизмнен басқа діндер олар үшін бөтен және империалистік сипатта деп есептейді. Мемлекеттік емес дінді ұстанушыларға, мемлекеттік көмек берілмейді. Монғолдардың мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бір кездері мәсіхшілік сенімді «шетелдік» дін деп санаған, ал қазіргі заманғы монғол заңдары олар «монғол дәстүрлеріне» қарсы деп айтады. Мексикада Чьяпа штатындағы қалалардың бірінің мэрі, өзінің інжілдік мәсіхшілерді қудалау әрекетін, олардың сенімі біздің «мәдениетіміз бен дәстүрімізге қарсы» деп ақтауға тырысты. Он мыңдаған мәсіхшілер басқа ұлт өкілдерінің қауымдастығының рухани қызметіне қатысудан бас тартқандары үшін үйлерінен қуылды. Свазилендтің өңірлерінің бірінің көсемі танымал жыл сайынғы рәсімге қатысудан бас тартқаны үшін, мәсіхшілерге бір сиыр көлемінде айып-пұл төлеуге бұйрық берді. Ол желтоқсан айында атап өтілетін алғашқы жеміс мейрамында билеуден бас тартқан өзінің қарамағындағы адамдардың тізімін жасағаны туралы мәлімдеді. Айып-пұл салынғандардың ішінде уағызында свазилердің мәдениетіне қарсы шықты деп айыптаған бағушы да болды. Мәсіхші ата-аналар қыздарын осы дәстүрлі биді билеуге рұқсат етпегенінің себебі, олар үстіне қысқа юбка кию керек еді, ал кеуделері мүлде жалаңаш болуы керек еді деп мәлімдеді. Мәсіхшілік қауымдастықтың жас жігіттері де осы рәсімге қатыспауды ұйғарды, өйткені дәстүрді олар қолымен қара бұқаны өлтірумен аяқтауы керек еді. Қауым жетекшілері осындай іс-әрекеттер адамгершілік қасиеттерге қарсы деп санайды. Бағушылар көсемнің салған айып-пұлына сотқа арыз беретінін айтты. Дінді халықпен біріктіру, ал халықты дінмен біріктіру — шайтанның сүйікті тәсілі. Мәсіхшілерге осы тұзақтан аулақ болуға тырысу керек, әйтпесе олар «яһуди немесе басқа ұлт өкілінің арасында айырмашылық жоқ» Мәсіхтің Денесінің өсу қағидасын бұзатын болады. \(Ғал. 3:28\). **3. Зиялы қауымның имандылығы \(ізгілігі\)** Шайтан адамның даналығы Құдайдың аянынан жоғары деп саналатын, зиялы қауымның имандылығының өсуі мен дамуын басқарды. Саясат, білім мен халықаралық бизнес саласындағы көптеген дүние жүзілік жетекшілер осы өтірікті қабылдады, сол себепті олар мәсіхшілерді мысқылдап келемеждейді. Батыс әлемінде шайтан әсіресе, академиялық ортада және бұқаралық ақпарат құралдарында Киелі кітап пен мәсіхшілік сенімді сенімсіздендіру үшін, қолындағы барлық құралдарды қолдануды жалғастырады. Зиялы қауымның имандылығының күштері мәсіхшілік сенімнің мағынасын төмендетуге бел байлаған және олар президентке деген кандидат болған адамға жұрт алдында өз сенімін мойындауына мүмкіндік бергеннен гөрі, өтірік айтқызуына жол береді. Жау ескертеді: өзіңнің сенімің туралы айту өзің үшін үлкен қауіп төндіреді. Мәсіхшілік сенімді жоюға тырысатын қара күштер, Мәсіхтің сүйіспенішілігі өзінің атын атауға батылдығы жетпегенін ғана қалайды. Бүгінгі таңдағы біздің қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары қауымның адамгершілік негіздері мықты болғаны үшін оған шабуыл жасауда. Құдай әлемнен бөлектенгенінде айыпталып, оның полиция қызметкері деп аталады, қоғам Құдайға мүлдем назар аудармауға тырысады. Джон Александр осы әлемнің қысымы туралы кітабында қауымнан бөліну, адамдарға әлемнің бостығы мен өмірдің мағынасыздығы туралы қорқынышты ой береді деп жазады. Біреу айтпақшы: «Егер жан қиюға лайық нәрсе болмаса, онда не үшін өмір сүру қажет?» Бір жерде жарты жолда біз батыл іс-әрекеттерді жасауды ыңғайлылыққа ұмтылумен ауыстырдық. Кондиционері бар адамдар іріп-шірудің иісінен және өлімнің серігінен ауаны тазалай алатындай. Құдай — әділ және әділетті. Тәңір Иені терең қастерлеу — даналықтың бастауы. Барлығын білетін, құдіретті және бір мезгілде барлық жерде бола алатын Құдай — жарылқау. Құдай жарылқау, өйткені Ол біздің өмірімізге еніп, бізге өзімізді құрту беталысымыздан азат болу қабілетін беру үшін жеткілікті дәрежеде құдіретті күшке ие. **4. Діни төзбеушілік** Шайтан Иса Мәсіхтің қауымына қарсы күресте қорқынышты бір құралды — бір-бірімен тіл табыса алмайтын діни топтарды қолданады. Елшілер істері кітабында біз ең алдымен, Ізгі хабар таратуда ертедегі қауымға қарсылық білдірген діни топтар екенін көреміз. Бірақ осы топтарға біз жау ретінде қарамауымыз қажет. Біздің нағыз жауымыз кім екенін біз білеміз. Әлемнің кейбір бөліктерінде үндістер, буддистер мен мұсылмандар арасындағы экстремистердің шағын пайызы, адам тобырын зорлық-зомбылық пен мәсіхшілерді қудалауға азғырады. Біздің оларға деген көзқарасымыз өзгермеуі тиіс: біз барлық адамдарды шынайы сүйіспеншілікпен сүйеміз. Шайтан өзінің ақиқаттың тамшылары бар сүйікті әдісін, барлық дүние жүзілік діндерде қолданады. Осы әдіс өтірік пен алдауға бейімділікке негізделген. ***Тәубе етуге тыйым салу*** Мәсіхтік емес діндер өзінің жақтаушыларына мәсіхтік сенімді қабылдауға тыйым салады. Непалда мәсіхтік сенімді қабылдағаны үшін және Ізгі хабар таратқаны үшін, адамдарды түрмеге отырғызады. Исламда «осы сенімінен бас тартқаны» үшін өлім жазасына кесіледі. Осылайша, Исаның соңынан еруді шешкен мұсылмандар, егер олардың Мәсіхті қабылдағаны белгілі болса, өмірлеріне қауіп төндіреді. ***Ресми түрде белгіленген жерлерде табыну*** Қатал саяси тәртібі бар елдерде, мысалы, Сауд Арабиясында кез келген табыну түрі, тек ресми түрде белгіленген жерде ғана рұсқат етіледі. Сондықтан да, үйлерінде табынатын адамдар қудаланып, жазаланады. ***Қорқыту*** Иран сияқты елдерде, Құдайға арналған қызметтер ана тілінде өтуі тиіс. Бағушылар мен қауым ақсақалдары мен жетекшілерін тергеп отырады. Бізге Тегерандағы бір қауымда адамдарды тергеуге күнде шақыратыны туралы айтты. ***Экономикалық қысым*** Мәсіхшілерге жау көзбен қарайтын жерлерде, кейде сенушілерге лайықты жұмысты табу қиынға соғады. Егер олар жақсы жұмыста істеп жүріп, олардың сенімі туралы белгілі болса, оларды лауазымында төмендетеді немесе жұмыстан босатады. Кейбір елдерде мәсіхшілер егер өз сенімдерін жасыратын болса ғана, өздеріне деген жақсы қарым-қатынас пен жақсы жұмысты сақтап қала алады. ***Азап шегу*** Сенімді бақылаудың әр түрлі тәсілдері тиімсіз болатын жағдайлар болады, сол кезде мәсіхші жетекшінің сәттілігіне ашуланған экстремистер оны өлтіруді шешеді. Осындай жағдайда мәсіхші азап шегушіге айналып, уақытынан бұрын көкке барады, ал оның жесір қалған әйелі мен балалары жер бетінде қайғырып қалады. ***Прозелитизм \(өз сеніміне қайтару\)*** Мәсіхші емес елшілер әдетте сөз жүзінде ғана сенуші болып жүрген, мәсіхшілерді өз сеніміне қайтару үшін әрбір мүмкіндікті қолданады. Өкінішке орай, бұндай жағдайлар жиі орын алады, мысалы, Мысырда. Қызықтыратын нәрсе — неке, ақша, жұмыс, қоғамдағы орын болуы мүмкін. Хардини адал мұсылман отбасында Индонезияда дүниеге келді. Отбасында күнделікті мешітке барып, дұға ету қабылданған еді. Әкесі отбасында қатал ережелер орнатқан болатын және барлығы соны орындау керек еді. Осындай ережеге мәсіхшілермен сөйлесуге тыйым салу жататын. Хардини өзінің исламға адалдығына қарамастан, жүрегінде ауыртпалықты сезінетін. Ол ішкі жан-дүниесінде тыныштыққа ие болғысы келді. Бір күні қыз мәсіхшімен танысып, достасып қалады. Бұл сенушінің жүрегі үлкен қуаныш пен тыныштыққа толы болды. Хардини батылдығын жинап, досымен рухани шөліркеуі туралы бөлісті. Досы оған Исаның атымен мінажат етуді ұсынды. Сол сәттен бастап оның бүкіл өмірі күрт өзгерді. Оның жүрегіне тыныштық орнады. Отбасы Хардини мәсіхші болғанын білген кезде, оны ұзақ уақыт бойы жаңа сенімінен бас тартуға көндіруге тырысты. Қыз айтқанынан қайтпай тұрып алды. Ақыр соңында, ата-анасы ауыр шешім қабылдап, оны үйінен қуып жіберді. Олар одан бас тартты. **5. Идеология \(коммунизм\)** Билік басында әлі күнге дейін Коммунистик үкімет отырған елдерде мәсіхшілерге қалай қарайтынын талдау қызық. ХХ ғасыр бойы коммунистердің ілімдерін көпшілік жұрт шынайы деп қабылдағандықтан, олардың билік етуі мүмкін болды. Коммунистер төрт әдістің түрін қолданады: ***Бейтараптандыру*** Ленин мәсіхшілермен соғысайын деген жоқ. Ол мәсіхтік сенім коммунистік қоғамда өзінен-өзі өліп қалады деп сенді. Бірақ бұлай болмаған соң, ол оны құртуға тырысты. Кейбір мәсіхшілер осы тәртіпке қарсы шықты, соның салдарынан түрмеге түсті немесе өлтірілді. Басқалары Мәсіхтен бас тартып, билік иелеріне бағынды. Үшіншілер, елден қашып кетуге тырысып, жолда өліп қалды. Бірақ көптеген сенушілер осы жаудың ортасында өмір сүруді үйренді. Коммунистердің тәсілдерімен таныс мәсіхшілер өмір сүруге дайын болды. Әдетте, мәсіхшілерді коммунистермен бірге өмір сүре алады деп алдап, кейін қауымды мектептерінен, ауруханаларынан, жетімдер үйінен және әлеуметтік бағдарламалардан айыратын. Шетелмен барлық байланыстар, оның ішінде кез-келген көмек алу қатал шектелген еді. Шетелдік көмекке тәуелді діни мекемелер жабылуға мәжбүр болды. Тек Мәсіхтің Денесі ретінде қалай өмір сүруді білген мәсіхшілер ғана рухани өркендеп өмір сүруін жалғастырды. Уақыт өтті, қудалаулар ашық әрі қатал бола берді. Жеке мәсіхшілерге экономикалық қысымның қатал тәсілдері қолданылған. Оларды жұмыстан шығарып, лауазымдарында төмендеткен. Сенушілер арасындағы қарым-қатынасқа тыйым салынды. Елге танымал уағыздаушылардың келуіне де тыйым салынды. Әсіресе, қауым басшыларына қатты қысым көрсетілді, ал әлсіз сенушілер қолдаусыз қалды. Қудалаулар мәсіхшілер үшін әдеттегі іс болып қалды. Киелі кітап сирек кездесетін кітапқа айналды. Барлық баспаханалар үкіметтің қатал бақылауында болды, ал Киелі кітапты немесе мәсіхтік әдебиетті басып шығару мүмкін емес болды. Содан кейін билік иелері өздеріне жағымсыз әдебиетті тәркілеумен айналыса бастады. Шабуылдың басты мақсаты — Киелі кітап болды. Жақында, Киелі Жазбаның данасы мүлде азайды, содан кейін қауымға қатты соққы жасалынды. Осы уақытта қауым ғимараттарының көпшілігі өзінің мақсаты бойынша қолданылған жоқ, мемлекет оларды «халық билігіне» берді. Кейбір елдерде біраз қауымды ғана үгіттеу мақсатында қолдану үшін қалдырды. Лаоста, мысалы, билік адамдары «реакционерлерді» анықтау үшін қауымға баратын адамдардың тізімін алып алды. Жеке сенушілерді қатал қудалаулар күшейе түсті. Балаларға Мәсіхке қарсы ілімдер үйретілді. Мәсіхшілерге ең қарапайым жұмыстар берілетін. Карточка бойынша берілетін азық-түлік мөлшері, оларға қысқартылып берілетін. Осындай жағдайда сіз мәсіхші болып қала алатын ба едіңіз? Миллиондаған мәсіхшілер қудалауларға қарамастан, Ресейде, Румынияда, Венгрияда, Вьетнамда, Эфиопияда Құдайға адал болып қала берді. ***Қорқытулар*** Тоталитарлық тәртіп кез келген адамды жазалау және қатал зорлық-зомбылық әрекеттермен қорқытуға болады деген сенімге негізделеді. Диктаторлар құдіретті күш Құдай Өз балаларын қорғай алатыны туралы ойлаған да жоқ. Көне Келісімде біз билігі мықты ассириялық патша туралы оқимыз, Ол Құдай халқына сенетін Құдай оны алдамауы туралы айтады: «...Өзің үміт артқан Құдайыңның сені «Иерусалим Ассур патшасының қолына берілмейтін болады» деп алдауына жол берме\! Ассур патшаларының барлық елдерге не істегендерін естідің: оларды толығымен жойылуға бағыштады ғой\! Ендеше сен аман қалар ма екенсің? Әлде мына халықтардың тәңірлері: Ғозанның, Харанның, Ресефтің әрі Тел-Ассардағы Еденнің тәңірлері сол елдерді құтқарып қалды ма? Оларды менің аталарым құртқан жоқ па?\!» Бірақ яһудилер Құдайға сиынған кезде, Ол олардың құдіретті әскерін талқандады \(Иш. 37:10–12\). Әрине, Құдай кейде әділетсіз адамдардың өз адамдарына зұлымдық жасауына жол береді. Патша өз алтын бейнесіне табынуды талап етіп, кім мойынсұнбаса өлім құшады деп ескерткенде, Даниил мен оның үш досы осы жағдайда дұрыс істеді. Олар: «Егер лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсақ та, ғибадат етіп жүрген Құдайымыздың бізді құтқаруға құдіреті жетеді. Ол бізді сіздің қолыңыздан құтқаратын болады да\! Тіпті солай болмаса да, мынаны біліп қойыңыз, уа тақсыр: сіздің тәңірлеріңізге ғибадат етпейміз де, орнатқан алтын мүсініңіз алдында иіліп тағзым етпейміз де\!» — деп айтты \(Дан. 3:17–18\). Дәл осындай көзқарасты біз Жоханның Аян кітабынан да табамыз \(12:11\), мұнда өмірін өлімге баруға дейін сүймеген сенушілер ғана зұлымдықты жеңе алады делінген. Қытайда Чен деген әйелдің ұлы, жасөспірім Петірді қызыл әскердің солдаттары ұрып өлтірген, өйткені ол өзі мойындаған Исадан бас тартқан жоқ. Жиі билік иелері әлемдік қоғамдастықтың шағымын тудырмау үшін жасырын қорқытады. Мысалы, Киелі кітапты тыйым салынған кітап деп жарияламайды, жай ғана оны «реакциялық» деп атайды. ***Қайта оқыту*** Қайта оқыту Қытайда, Вьетнамда, Лаоста, Сотүстік Кореяда кеңінен тараған және бұл «дұрыс емес ойлайтын» адамдардың ой-санасын өзгертуге бағытталған. Әдетте, осындай қайта оқыту өзін-өзі бағалау мен сынаудан басталады. Танымал мәсіхтік жетекшілер үдемелі оқыту курсы бар лагерлерге жіберіледі. Көптеген адамдар жергілікті «өзін-өзі сынау топтарына» баруы керек, сол жерде олар сағаттар бойы өздері туралы және өздерінің іс-әрекеттері туралы жағымсыз ойларға уақытын арнайды. Әскери психологтар рухани нанымдары мықты адам, осындай сабақтарға қарсы иммунитетке ие болады дейді. Қытайда мұндай қайта оқыту ешқандай нәтиже берген жоқ. Ақыр соңында билік иелері осы іске қолын бір-ақ сілтеді\! Лаоста коммунистер билігі орнаған кезде аса құрметті Сали атты бағушыны «қайта оқыту» үшін түзету лагеріне жібереді. Бостандыққа шыққан кезде, ол мұны тәжірибе мен іс жүзіндегі университет деп атады. Лагерде болған үш жыл ішінде ол Мәсіхке бес адам алып келді. Оның Киелі кітабы болған жоқ, сондықтан да ол жаңадан тәубе еткендерді өзінің жаттап алған аяттарын қолданып тәрбиеледі. Кейінірек осы адамдар қауым жетекшілеріне айналды. ***Жалған айыптар*** Бұрынғы Кеңес Одағында коммунистер бағушы Георгий Винсті салық төлеуден қашты деп айыптады. Билік иелері осындай айлаларды жиі қолданады, өйткені халық басшылар өздеріне тапсырылған ақшаны дұрыс қолданбайды дегенге оңай сенеді. Сондай-ақ билік иелері бағушыларды «паразиттер» деп те атайды, өйктені олар еш нәрсе өндірмейді. Олар рухани үлес туралы айтпайды, бұл мәсіхшілерге шабуыл жасаудың тағы бір оңай жолы. Вьетнамдағы рухани семинарияның студенттері үкіметтің өндіріс еңбегіне қатысуға шақырған талаптарына жауап беруге тырысып, жұмыстан бос уақытта сабақ оқуға келіскен кезде, үкімет олардың жұмысының мөлшерін көбейтіп жіберді, сондықтан олардың оқуға уақыты мүлдем қалмады. Мәсіхші жаудың шабуылына қарсы тұруы үшін жоғары деңгейде белсенді және адал болуы тиіс. **6. Қысым көрсетудің заманауи тәсілдері** Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойы мәсіхшілер жау тарапынан жаңа, әрі байқалмайтын бақылау тәсілдерін бастарынан өткізіп жүр. Мұндай тәсілдердің бірі — экономикалық қысым. Мысалы, Перу сияқты елде басқа кітаптарға қарағанда, оның ішінде басқа діннің әдебиетіне қарағанда, импорт арқылы келетін, Киелі кітап пен басқа мәсіхтік әдебиетке көбірек салық салынады. Бұл Иса Мәсіхтің қауымына тағы да бір әдістік соққы. Кейбір үкіметтер қауымның басқа елдерден қайырымдылық көмек алуын қиындату үшін қолынан келгеннің бәрін істеп бағуда. Мәселен, Бангладеште, үкіметтік емес органдармен қаржылық көмекті қабылдауға тыйым салынған. Осындай тәсілдер арқылы үкімет мәсіхтік сенімнің елде өсуін тоқтатуға тырысады. Материалдық көмек көрсете алатын, шетелдік елшілерге визаны ұзартуға және жаңартуға жаңа шектеулер енгізілуде. Осы себеппен олардың елге келу саны үздіксіз азайып барады. Индонезияда қолданыстағы заңдарға сәйкес, мәсіхшілерге өз сенімін ұстануға рұсқат берілген, бірақ мәсіхшілерден саны басымырақ мұсылмандарға берілетін артықшылығы көбірек және олар маңызды лауазымдарға ие болғандықтан, мәсіхшіліктің кеңінен таралуын шектеп отырады. Үкімет мәсіхшілердің өмірін қиындататын жаңа заңдар шығаруда. Осылайша, рұқсатсыз қауым ғимараттарын салуға болмайды, ал рұқсатты алу қиын болғандықтан, көптеген ғимараттар рұқсатсыз салынады. Сосын осындай рұқсатсыз салынған ғимараттар, осы өңірде мәсіхшілердің болуы мен ықпалын жоюға бағытталған, экстремистер мен жергілікті билік иелері үшін оңай олжаға айналады. Қытайда әлгі күнге дейін Киелі кітаптың саны аз, мәсіхтік сенімді айыптайтын әдебиетте үкімет көп шығарады, дәл сол мемлекеттік дүкендерде басқа діндер туралы кітаптар үлкен таратылыммен сатылуда. ##### ҚУДАЛАУЛАР ҮДЕРІСІ Доктор Джим Каннингэм мәсіхтік сенімді құртуды мақсат ететін, қудалау үдерісін төрт кезеңге бөлуге болады дейді: Бірінші кезең — сізді рухани мақсат-аян мен үміттен айыру үшін, сізді алдап, қолданады деп ойлаған кездегі қорқынышыңызға жауап. Екінші кезең — куәлік ету мен сенуді тоқтатуға мәжбүр ету мақсатында сізді үндемеуге мәжбүрлеу үшін және үмітсіздікке душар еткізу үшін айтқан сөзіңізге бола қысым көрсету. Үшінші кезең — сізден жанашырлық пен сүйіспеншілікті тартып алу мақсатында сізді үнемі бақылауында ұстап, жеңу үшін жасап жатыр деп айтқанынызға қорытынды жасау. Төртінші кезең — сізді ең алдымен жеке тұлға ретінде құрту үшін жауап ретінде өлтіру. Адамдар барлық кезеңдерде қудалауларға душар болады, алайда жаудың ақырғы мақсаты — өлтіру болып қала береді. Халықаралық Інжілдік Одақтастықтың діни еркіндік жөніндегі коммиссияның басы Йохан Канделин мәсіхшілерге қудалаулар қалай жасалынатынын түсіндіріп, үш деңгейлі үдеріс туралы айтады. 1. Бірінші кезең таңдалған топ \(мәсіхшілер немесе басқа кез келген топ\) туралы жалған ақпаратты қамтиды \(әуелі пәрменсіз, кейін пәрменді\), осының нәтижесінде ол 2. Кемсітушілікке алып келеді \(әуелі пәрменсіз, содан кейін пәрменді\). 3. Үшінші кезең, қудалаулар \(әуелі селқос, содан кейін белсенді\) алдынғы дайындық үдерісінің іс жүзіндегі нәтижесі болып табылады. Егер белгілі бір топ туралы, оның ішінде мәсіхшілер туралы жалған ақпарат ұзақ уақытқа созылатын болса, онда осы топтың кемсітушілігі басталғанда, ешкім қудаланғандарды қолдамайды, өйткені елдің халқы идеологиялық өндеуден өтеді. Егер кемсітушілік үдерісін тоқтатпаса, онда әдетте, қудалаулар басталған кезде, оларға ешкім араласа алмайды. Іс қудалауларға жеткен кезде, қудаланғандарды ешкім жақтамайды, өйткені адамдар өзінің пәрменсіздігін барлық жолдармен ақтай бастайды. Мысалы: «Білесіз бе, олар шынында да нашар адамдар, ақыры осындай болатынын білген едім» — деп ескертеді аса құрметті Канделин. «Бірінші сөздің — жалған ақпараттың келгенін көре салысымен, бізге дереу әрекет етуді бастау қажет. Егер осындай жалған ақпарат кезеңінде, біз бәріміз оған қарсы бірігетін болсақ, онда біз кез-келген елде осы үдерістің тоқтата аламыз, ол сөзсіз оның аяқталуына әкелетін болады». ###### Топтағы сабақтар **Рөлдік жаттығулар:** Үкімет бір жыл ішінде қызмет етуге рұқсаты жоқ қауымдар жабылады деген заңды қабылдау туралы шешім қабылдайды. Бұған қоса, мәсіхшілер залдарды жалға алуға және қоғамдық орындарда кездесу құқығынан айырады. Сіз осындай рұқсаты жоқ қауымның бағушысысыз. Қауымыңыз өмір сүру үшін қандай қадамдар жасайсыз? Рөлдік жаттығулар өткізіңіз, содан кейін шайтанның алты әдісінің әрбіреуін талқылаңыз. Әрбір нақты жағдайда сіз не істер едіңіз? Сіздің жағдайыңызбен қандай ұқсас жағдайлар бар? Рухани қолдауға ие болу үшін сізге не жайлы мінажат ету керек? **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Қалай ойлайсыз, коммунистік елдердегі қауым неліктен мықты болды және көп жағдайда саны жағынан қатты өсті? 2. Ресми қабылданған қауымдарда «инфильтрация» үдерісін немесе бөтен элементтердеің кіруін тоқтату неліктен сондай қиын? Неліктен шынайы қауым қарым-қатынасы осы тапсырманы тиімдірек орындайды? Жау ортасында басқа мәсіхшілерге қалайша сенуге болады және қалайша олардың арасында бірлікті сақтап қалуға болады? 3. Ертедегі қауым қудалаулар мен жікке бөліну мәселелерін қалай шешті? ### Оныншы тарау #### Адам жанын бұзатын шайтанның іс-әрекеттері *Сонымен, Құдайға мойынсұныңдар\! Әзәзіл шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден қашып кетеді.* Жақ. 4:7 Бір белгісіз туындыгер біздің назарымызға мынадай ойдан шығарылған көріністі ұсынды: Шайтан халықаралық конференция жинады. Өзінің түнек періштелеріне арналған сөзінде ол: — Біз адамдарға Киелі кітапты оқып, ақиқатты білуге тыйым сала алмаймыз. Біз оларды тіпті отбасына деген сүйіспеншіліктен бас тартқыза алмаймыз. Бірақ біз басқа бір нәрсе жасай аламыз. Біз олардың Мәсіхпен тығыз әрі үнемі қарым-қатынас жасауына жол бермеуді жүзеге асыра аламыз. Егер адамдар Исамен тығыз қарым-қатынасты орната алса, біздің олардың үстінен билігіміз жойылатын болады. Сондықтан да, олар қауымға бара берсін, бірақ олардың Мәсіхпен тығыз қарым-қатынас жасай алмауы үшін олардың уақытын ұрлаңдар. Міне, осыны мен сендерге жасауды бұйырамын, түнек періштелері. Оларды басқа нәрселермен қызықтырыңдар, сонда олар Құтқарушыларымен қарым-қатынас жасай алмайды және олар күні бойына Онымен өмірлік маңызды байланысты сақтай алмайды. — Мұны қалай істеуге болады? — деп сұрады түнек періштелері. — Маңызды емес істермен олардың уақытын алыңдар, олардың ойларын жаулап алу үшін, көптеген жоспарлар құрып, алдарына мақсаттар қойыңдар, — деді ол. — Оларды ақшаны жұмсауға мәжбүрлеңіз, сол кезде олар қайта-қайта қарыз алады. Әйелдері жұмысқа барсын, күйеулері аптасына алты не жеті күн тоғыз-он екі сағат бойы жұмыс істесін, сол кезде олар қалағанын сатып алады. Оларға уақытын балалармен өткізуге мүмкіндік бермеңдер. Отбасы біртұтас болуды тоқтатқан кезде, ол ата-анасының жұмысына тәуелді болып шыға келеді. Олар Оның ақырын даусын ести алмау үшін, олардың санасын жаулап алыңдар. Оларды радио, теледидар, плейерлер қосуға мәжбүр етіңдер, олар үнемі бір нәрсе тыңдап жүрсін. Әр дүкенде, кафеде, мейрамханада музыка ойнап тұратындай жағдай жасаңдар, бұл олардың санасын шатастырып, Мәсіхпен бірлігін бұзатын болады. Олардың үстелдерін журналдар мен газеттермен толтырыңдар, сол кезде олар тәулік бойы жаңалықтар туралы ойлайтын болады. Көлікпен жүрген кезде олардың санасы жол шетіндегі жарнамалық стендтермен толсын. Олардың пошта жәшіктерін жарнамалық өніммен, үйге жеткізу қызметі бар тауарлар каталогтарымен және жарнамасы бар басқа корреспонденциямен, тегін қосымшалармен, лотереялармен, ұтыстармен және жалған үміттермен толтырыңдар. Тіпті демалыс кезінде де, оларды бір минутқа қалдырмаңыз. Демалыс күндерінен кейін, олар шаршап-шалдықсын, жұмыс аптасына дайын болмасын. Оларға табиғат аясында демалуға мүмкіндік бермеңдер. Оларды ойын-сауық саябақтарына, спорт сайыстарына, концерттер мен кинотеатрларға жіберіңдер. Олар рухани қарым-қатынасқа жиналған кезде, оларға өсек айтуға ой тастаңыз, олар бос сөзбен айналыссын, сөйтіп жиналыстан ұялған ар-ұждан мен сезімдерге толы болып қайтсын. Олар адамдардың жанын құтқарумен айналыссын. Бірақ олардың өмірін игі ниеттермен толтырыңыз, сол кезде оларда Мәсіхтің құдіретін іздейтін уақыт болмайды. Сол кезде олар өз күштерімен қызмет ете бастайды, денсаулықтарын және отбасының бірлігін құрбан ете бастайды. Конфренция аяқталды. Түнек күштері ынтамен тапсырманы орындауға ұмтылды. Олар мәсіхшілерді барлық жерде қолдарын тигізбей, асықтырып, ақшаны жұмсатқызды\! Жаудың сыртқы әдісін байқау оңай, ал шайтанның ішкі әдісі байқалмайды, бірақ жиі бұл оның мақсатына жетуде әлдеқайда тиімді. ##### ЖАУДЫҢ ІШКІ ӘДІСІ Кейбір тәлімгерлер жаудың ішкі әдісі туралы айтқан кезде, ол «аяқ киімін тесілгенше киеді» дейді. Ол бізге күні-түні жала жабады. Ол бізді Мәсіхтің Денесіндегі қарым-қатынастан және қолдаудан оқшаулауға қол жеткізген кезде, ол бізді өз ережесі бойынша ойнауға мәжбүр ете алады. Ол бұған бізді әр жасаған күнәміз бен әлсіздігімізді бетімізге салу арқылы қол жеткізеді. **1. Айып сезімі** Шайтан біздің бойымызда айып сезімін тудыру үшін және өмірімізде жеңілісті сезінуіміз үшін бізді үнемі айыптайды. Алайда шынайы айып сезімі тек Құдайға бағынбаудың нәтижесі ғана болуы мүмкін. Киелі кітап тұрғысынан айып сезімін жан-жақты қарастырайық. ***Тиімді қару*** Біздің айып сезіміміз ішінара ақталған. Біздің барлығымыз Құдайдың алдында айыптымыз. Ешқайсысымыз болуы мүмкін немесе болуы керек сияқты барлық жағдайлардың үстінен деген жеңіспен мақтана алмайды. Сондықтан да, шайтан бізді айыптаған кезде оның айыптарында ақиқат бар екенін жүрегімізде білеміз. Бірақ Құдай бізге кез келген күнәдан және онымен қатар жүретін айып сезімінен тазаруға мүмкіндік берді. Біз Тәңір Иені ренжіткенімізді сезген кезде, Оның алдына келіп, күнәмізді мойындаймыз, ал Ол болса, әрдайым бізді кешіріп, күнәмізден тазартады \(1 Жох. 1:9\). Күнәмізді мойындаған кезде, Ол бізді кешіреді, сол кезде айып сезімі де кетуі тиіс. Дәуітпен болған оқиға Құдай күнәні жоятын тәсілдерді көрсетеді: әшкерелеу, мойындау, кешірімге ие болуға тырысу, кешірімге ие болу, мадақ пен қуанышты қызмет \(Заб. 31:3–4; 2 Пат. 12:1–13\). Көне Өсиеттегі осы аяттарды талдау айып сезімінен босауға жол көрсетеді. ***Мойындалмаған айып сезімі*** Пауыл Тімотеге өзін сенуші деп атаған көптеген адамдар Құдайға ұнамсыз өмір сүреді деп ескертеді. Адамдар жасаған күнәларының айып сезімін көтере алмай, сенімдерінде мықты бола алмай, шынайы жолдан кетіп қалады деп айтады \(2 Тім. 3:1–7\). Мойындалмаған айып сезімі өте байыпты мәселе болып табылады. Егер мәсіхші шатасып, Құдайдың алдында ұнамды өмір сүре алмай жүргенін және күші жоқ екенін сезсе, онда оған жүрегін тексеріп, Құдайдың алдында мойындалмаған айыбы жоқ екеніне көзін жеткізуі керек. Егер сенуші жүрегінің дұрыс екеніне көзі жетсе, онда оның жүрегіндегі айып сезімі жалған әрі шайтаннан келгенін білуі қажет. Елші Жоханның Аян кітабына сәйкес \(12:11\) сенушілер шайтанның айыптарына үш жолмен қарсы шыға алады: «Бауырластарымыз «Тоқтының» өз жанын құрбан етіп Қанын төгуінің арқасында және өздерінің Ізгі хабарды қабылдап, ашық мойындауларымен жеңіске қол жеткізді. Олар өз жандарын тым қатты сүймей өлімге қиды». ***Тоқтының қаны*** Біз Мәсіхтің қанына деген сенім арқылы тазардық. Оның құтқарушы рақымы бізді күнәһарлар ретінде қабылдайды, бұл кешірімге деген кілт, сондықтан да, біз өзімізді Оның сүйіспеншілігіне лайықсыз деп сезінбеуіміз керек. ***Куәлік сөзі*** Сенушілер өзі, шайтан және бүкіл әлем естуі үшін күнәларының кешірімі мен Мәсіхтің сүйіспеншілігі туралы дауыстап жариялайды. \(Рим. 8:31–33\). ***Жанын қиюға дайын сүйіспеншілік*** Сүйіспеншілік пен құрбандықта өз беделі, қауіпсіздігі, жан тыныштығы мен еркіндігі туралы кез-келген алаңдауды жеңудің құпиясы жатыр. Сенушілер Мәсіхтің үлгісіне еріп, жандарын құрбан етуге дайын. Чадтағы ревилоциялық әскердің сарбаздары жас мәсіхшіге анимистикалық тайпалық рәсімге қатысуды бұйырды. Олар елдеріндегі мәсіхтік сенімді құртуға тырысқан еді, отансүйгіштікті қолдап, ертедегі Чад дәстүрлерін қалпына келтіргісі келді. Жергілікті қауымдардың басшылары мәсіхшілерге анимистикалық тайпалық рәсімдерге қатысудан бас тарту керек деп өзара келіскен еді. Жас жігіт қатысудан бас тартқан кезде, оны ұрып-соғып тастады, бірақ ол айтқанынан қайтпады. Сарбаздар оны жалаңаштап шешіндіріп, анасы, екі қыз бен әпке-қарындастарының көз алдында ұрып тастады. Оның батылдығы бітті, іштей ол берілді. Содан кейін ол өзін жаман сезінді, ол өзінің Құдайға опасыздық істегенін түсінді. Оның айып сезімі орасан үлкен болды. Шайтан оны Құдай енді ешқашан қабылдамайды деп сендіргісі келді. Бірақ жас жігіт Құдайдың Киелі кітаптағы уәделерін білетін, сондықтан ол өзінің күнәсін мойындады. Құдай оны кешірді, ол қайтадан жан тыныштығының қуанышына ие болды. Ол көршілерінің алдында сенімін мойындай бастады, сөйтіп тұтқындалды. Билік иелері одан Мәсіхке деген сенімнен бас тартуды талап етті, егер бағынбаса, оны тірідей көмеміз деп қорқытты. Осы кезде оның сенімі табанды болып, ол Құдайдан бас тартқан жоқ. Оны ұрып-соғып, түрмеге тастады, онда ол өлім жазасын күтті. Оның сенімі одан сайын өсті, Тәңір Ие оны құтқарды. Жазалаушы үкімет билік басынан кетті, сөйтіп жас мәсіхшіні босатып жіберді. **2. Жалған айып сезімі** Егер шынайы айып сезімі Құдайға бағынбау себебінен туындаса, жалған айып сезімі адамдардың күтулеріне сәйкес келмеудің негізінде туындайды. Әдетте, ол біз Жазбаның үйреткеніне емес, адамдардың ой-пікіріне қатты тәуелді болған кезде туындайды. Сенушілер Киелі Рухтың жетелеуімен Құдайдың Сөзін үнемі оқып-зерттеуі қажет, сол кезде олар шынайы айып сезімін ажырата алатын болады. Шайтан бізді әлдеқашан кешіріліп қойған, күнәлардың айып сезімінің ауыр жүгімен басып тастауға тырысады. Осылайша ол біздің рухымызды түсіргісі келеді. Біз шынында бір кездері күнә жасадық, бірақ айып сезімі — жалған\! Шайтан Жазбадағы шындықты жаны сүймейді, сондықтан да біз оны жариялаған кезде, ол қашып кетеді. Әрине, ол көп ұзамай қайтып келеді, бірақ біз қайта-қайта жеңіске жетіп отыра аламыз. ***«Неге бұлай болады?» деген сұраққа қалай жауап береміз?*** Сенушілерге қудалаулар келген, қауымдар жабылып, олардың белсенді қызметі тоқтаған кезде және жетекшілер шабуылдарға ұшыраған кезде адамдар «Неге бұлай болады?» деген сұрақты қоя бастайды. Шайтан өзінің жауабын дайындап тұрады. Ол сенушілер өздерін айыпты сезінгенін қалайды. Ол олар жеткілікті мінажат еткен жоқ, сенімдері әлсіз болды және олардың күнәлары Құдайдың қаһарын тудырды деп айтады. Сол кезде жалған айып сезімі ауыр жүк ретінде сенушінің мойнына түседі, оны рухани күш-қуаттан айырып, ешқандай нәтижеге алып келмейді. Шайтан үнемі біздің назарымызды өткен өмірге немесе келешекке аударғысы келеді. Ал Құдай біздің осы шаққа назар аударып, күнәларымыздың кешірімін жариялап, келешегімізді Оның қолына тапсырып, Ол үшін осы шақта өмір сүргенімізді қалайды. Сенуші ретінде біз өзімізге қою керек басты сұрақ: «Маған не істеуді бұйырасын, Тәңір Ие?» ***Табынудың сыртқы түрлері*** Қудалаулар қатая түскен кезде мәсіхшілерге жұрт алдында ашық табыну қиынға түсе бастайды, шайтан оларды батыл іс-әрекетте немесе қорқақтықта айыптайды. Егер ол жексенбі күні қауымға бара алмай қалса, ол оларды сенімнен таюда айыптайтын болады. Жексенбілік табынуға келген, екі немесе үш адамнан тұратын жиналыс шынайы Құдайға табыну болып санала ала ма? Бір адам Киелі кітаптан бір аят келтірсе, қалғандары оны талқыласа, бірақ қолдарында Киелі кітап болмаса, бұны Киелі кітапты оқып-зерттеу деп атауға бола ма? Екі немесе үш адам қараңғыда іштей мінажат етсе, мұны мінажат ету жиналысы деп атауға бола ма? Жұмыс орныңыздағы табанды еңбегіңізді және қудалаулар кезінде тыныштық сақтауды Мәсіх туралы куәлік деп атауға бола ма? Шайтан сенушілердің өзіне осындай сұрақтарды қоюға мәжбүрлеуге тырысады және дәл сол сәтте пессимистік жауаптарды ұсынады. Сол кезде айып сезімінің жүгі одан сайын арта түседі. ***Билік иелеріне қатысты көзқарас*** Сенушілер жазалаушы тәртіп жағдайында Киелі кітаптық өсиеттерге мойынсұнуға және бір мезгілде заңға бағынып өмір сүруге тырысқан кезде, шайтан оларды мәсіхтік куәліктерінде ымыраға келіп жүр деп айыптайды. Егер сенушілер билік иелерінің көрсеткен қысымына қарсы тұрса, шайтан оларды билік иелеріне мойынсұнбай, Жазбаға мойынсұнудан бас тартты деп айыптайды. Егер мәсіхшілер Мәсіхке қарсы билік жағдайында елін сүйсе, шайтан осындай бауырластарға Мәсіхтің ісіне опасыздық жасады деп айып тағады. Иса «патшаға тиістісін патшаға, ал Құдайға тиістісін Құдайға беріңдер\!» деп үйреткен \(Мат. 22:21\). Пауыл Римдіктерге арналған хатта \(13:1–7\) «Себебі мемлекеттік биліктің бәрі негізінде Құдайдан; қазіргі билікті де Құдай орнатқан» деп үйреткен, алайда жер бетіндегі билік иелері толық билікке ие емес \(1 Пет. 2:13–17; 1 Тім. 2:1–4; Тит 3:1–2\). Киелі кітаптық тәлімге сәйкес біздің жер бетіндегі билік иелерінің алдындағы жауапкершілігіміз мынадай: • мойынсұну; • заңға бағыну; • игі іс жасау; • билікті құрметтеу; • кішіпейіл және достық қарым-қатынаста болу; • салықтар төлеу; • билік иелерін жамандамау. Біз Исаның тәлімінен биліктің кейбір салалары тек Құдайға ғана тән екенін білеміз. Егер жердегі билік иелері тек Құдай ғана билік ететін жерге араласып, осы салаларды өзіне бағындырғысы келсе, сенуші адамға емес, тек Құдайға ғана бағынуы тиіс \(Елш. 4:19; 5:19\). Киелі кітапта бұл тұжырым көп рет расталады: • Садырақ, Мисақ пен Әбдінего патшаның бұйрығына бағынудан бас тартып, алтын мүсінге табынбады; • Даниил мінажат етуге тыйым салған патшаға бағынудан бас тартты; • Петір мен Жохан билік иелерінің уағыз айтуға тыйым салуына бағынудан бас тартты; • Пауыл қаланың билік иелерінің жарғысын елемей, қудалаушылардан құтылу үшін, Дамаскіде қаланың қабырғасынан себетке салынып түсіріліп, қашып кетеді. • Пауыл мәсіхтік сенім заң бойынша тыйым салынған дін болғанмен, Римдегі өзіне қарауыл болған адамдарға Мәсіх туралы куәлік етті. Осындай бағынбаушылық патшалар билік ету саласынан Құдайға табыну саласына өткен кезде ғана болуы мүмкін. Бізге Петірдің мәсіхтік еркіндікті зұлымдықты ақтау үшін қолданбау туралы ескертуін есімізден шығармау керек \(1 Пет. 2:15–16\). ***Мойынсұну мен бағыну*** Егер мәсіхші елі саяси күштердің бақылауына түскендіктен, өз еліне қарсы әрекет етуге мәжбүр болса, шайтан сенушіні рухани өмірді жоя алатын айып сезімімен басуға тырысады. Мәсіхші еңбекқорлығы мен жұмысының сапасымен еліне адалдық көрсетуі мүмкін. Адалдықты басқа мұқтаж адамға көмек көрсету арқылы немесе бір адаммен тамағын бөлісуге дайын екені арқылы жылы көзбен қарайтынын көрсетуі мүмкін. Басқа мәсіхшілер жазалаушы тәртіп билік ететін елден қашу мүмкіндігін қолдана алады. Осындай жағдайларда шайтан олардың жүрегіне айып сезімін ұялатып, зұлым шабуыл жасауын күте алады. Киелі Рухтың жетегінде өмір сүретін кез-келген мәсіхшінің төлейтін құны осындай. Бірақ біз енді Құдайға мойынсұнбаған кезде пайда болатын шынайы айып сезімін, адамдардың ойынан құрылатын жалған айып сезімінен қалай ажырату керектігін білеміз.   **3. Қорқыныш** Шайтан қорқынышты біздің адамдық табиғатымыздың негізгі түйсігі ретінде қолданады. Ажалды адам үшін әсіресе, белгісіздіктен қорқу табиғи нәрсе. Адамның жан азабы мен өлімнен қорқатыны түсінікті. Шайтан үнемі осы сезіммен ойнайды. Оған бәрінен көбірек Саул філістірлердің алдында қорыққаны сияқты, біздің қорқыныштан дірілдегенімізді көру ұнайды. ***Біздің қорқыныштарымыз*** Неліктен біз қорқыныштың бізді басқаруына жол береміз? Бір жақтан біз өткендегі басымыздан өткенді есімізде сақтаймыз және олардың қайталануынан аулақ болғымыз келеді, екінші жағынан, бізді келешекте не нәрсе күтіп тұрғанын мүлдем білмейміз. Бірақ жиі адамдардың қорқыныштары мен абыржулары негізсіз. Бүкіл қорқыныш болжамдарға негізделген. Шын мәнінде қорқыныш — шынайы болып көрінетін, жалған күтулер. Егер біз мұны есімізде сақтасақ, көптеген қорқыныштарды сәттілікпен жеңе аламыз. Расында, кейде осы жалған күтулер шынында да шектен тыс сенімді болып көрінеді\! Алайда, біз қорқыныш сезімдері жаудың басқа әдістері сияқты өтірікке негізделгенін есімізден шығармауымыз керек. Міне, сондықтан да, бүкіл Киелі кітап бойына көп рет: «Қорықпа» деген бұйрық жазылған \(Ишая 41:10\). ***Қорқынышты қалай жеңу керек*** Қорқынышты жеңу үшін мәсіхшілер төрт Киелі кітаптық негізді нақты білулері керек: • Құдай барлығын Өзінің бақылауында ұстап тұр. Ол біз үшін игілікті болатын нәрсені ғана басымыздан өткізуге мүмкіндік береді, өйткені тек Ол ғана бізге не нәрсе пайдалы екенін біледі. Біз Оған сенім артуымыз қажет \(Філ. 4:6–7; Елш. 27:23–25\). • Біз жер бетінде жат жерлікпіз. Біздің нағыз үйіміз көкте. Біздің кейбіреуімізге көктегі үйге біз ойлағаннан да ертерек баруға тура келеді. Біз осыған дайын болуымыз керек \(Евр. 10:32–39\). • Құдай әрдайым зұлымдықты игілікке аударады \(Рим. 8:28\). Жүсіп өз бауырларына адам зұлымдықты ойлайды, бірақ Құдай оны игілікке айналдырады деді\! • Жау мәңгіліктегі жағдайымызға емес, біздің денемізге ғана зиян келтіре алады \(Лұқа 12:4–5\). Иса сенушілерге басты нәрселерге дұрыс қарауға кеңес берді: «Тәнді өлтірсе де, жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар\! Одан гөрі жанды да, тәнді де тозақта құрта алатын Құдайдан қорқып, Оны терең қастерлеңдер\!» \(Мат. 10:28\). ***Дағдарыс жағдайындағы қорқыныш*** Шайтан бізді дағдарыс жағдайында қорқыныш сезінуге мәжбүр етсе, қатты қуанады. Қытайлықтарда «дағдарыс» сөзінің мағынасына орай, екі кейіпкері бар қызық сабақ бар. Бірінші кейіпкер — қауіп, екіншісі — мүмкіндік. Бұның мағынасы мынада: әрбір дағдарыс жағдайында осы екеуі де болады, олай болса, дағдарыс адамға белгілі бір мүмкіндіктер беретін, қауіпті жағдай болып табылады. Егер сіз бүкіл назарыңызды қауіпке аударатын болсаңыз, қорқынышқа жеңілесіз. Ал егер сіз мүмкіндіктерге назар аударсаңыз, онда сенім қанатында қауіптен алысқа ұшып кете аласыз. Тек біз өзіміз ға- на осы екі элменттің қайсысына назар аударатынымызды таңдай аламыз. ***Әділетсіздік пен күнәға қарсы шығудан қорқу*** Жеке қорқынышқа негізделген дәл сол себептер бізге Құдайдың қауымын қорғап, Құдайдың даусы болуымызға кедергі болады. Мәсіхшілерге өз қоғамы мен мәдениетінің күнәкарлығы мен әділетсіздігіне ашық түрде қарсы шығуды үйрену керек. Бұл біз азап шегудегі бауырластарымызға көмек бере алатын жағдайларда әсіресе дұрыс болып табылады. Алайда қорқыныш тілімізді байлап тастауы мүмкін. Қауым ретінде біз ашық сөйлеуге үйреніп, қорқыныш сезіміне берілмеуіміз тиіс. Біз қорыққан кезде, Жазбадан уәдені жариялауымыз керек: «...Өйткені Құдай бізге қорқыныш емес, күш, сүйіспеншілік және ұстамдылықты дарытатын Киелі Рухын сыйлады» \(2 Тім. 1:7\). Бізге үнемі әлдеқашан толық жеңіске жеткен Иеміз туралы және шайтанның ақыры қандай болатыны туралы есте сақтау қажет \(Аян 20:10\). Қорқыныштың екінші жағы Тәңір Иені терең қастерлеу екенін де есімізден шығармаған жөн. Құдайды терең қастерлеу, қалған басқа қорқыныштарды сейілтеді. **4. Әр түрлі діндердің элементтерінің араласуы \(синкретизм\)** Шайтан діни тәлімдерді араластырып, жалған діни топтарды біріктірді, содан кейін шынайы мәсіхшілерді «фанаттар» деп жала жапты, өйткені біз Мәсіхтің іліміне адал болып қала береміз. Қазіргі заманғы адамдар толық ақиқатқа сенімсіздік танытуымен сипатталады. Толық ақиқаттың болмауының нәтижесі, барлық діндерде игі бір нәрсенің болуы мен барлық діни жолдар көкке апарады деген кең тараған көзқарас болып табылады. Осы жағдайда адамдар кез келген діндердің кез-келген элементтерін таңдай алады және оларды бір-бірімен араластыра алады. Осы синкретизм деп аталады. Мысалы, «Жаңа дәуір» қозғалысы синкретизмнің түрі болып табылады. Синкретизмдегі негізгі сөздер «төзімділік» және «сұхбат» болып табылады. Олар өзінше жаман емес, бірақ сенушілерді ымырыға келуге мәжбүр ететін мағынада қолданылады. Киелі кітаптық кейіпкер — Лот синкретизмнің өміріне байқамай енуіне жол берген адам. Жаратылыс кітабының 13 тарауында ол әділетсіз қала — Содомға жақын жердегі аңғарға қоныстанғанын көреміз. 14 тарауда ол қалаға көшіп алады, ал 19 тарауда қаланың дарбазасының алдында оның ақсақалдарының бірі ретінде отырады. Оның нағашы ағасы Ыбырайымның Лот жайлы мінажатының арқасында, Лут Содом мен Ғомора қираған кезде тірі қалады. Шайтан адамдар құтқарылудың жалған жолдарына сенген кезде қуанып шаттанады. Ол адамдар шындықты біліп, шындық, өмір және жол болып табылатын — Иса Мәсіхті жақыннан танып білгенін қаламайды. \(Жох. 14:6\). Бір адам бүкіл адамдарды біріктіріп, Құдайды толық сипаттайтын бір сөзді іздеп, бүкіл әлемді шарлапты. Кенеттен оның санасына «сүйіспеншілік» деген сөз сап ете түседі. Кейінірек ол былай деп жазады: «Құдайға әмбебап — Сүйіспеншілік деген есімді беріңдер, сонда біз бүкіл дүние жүзіндегі діндерді біріктіре алатын алтын жіпті құра аламыз». Бірақ сүйіспеншілік Құдайдың аты емес. Ол Оның табиғаты. Нақтырақ айтатын болсақ, Ол осы табиғатын Ұлын біздің күнәміз үшін құрбан болуға жіберген кезде көрсетті \(Жох. 3:16\). Біз Құдайдың біз үшін жасаған құрбандығын толық қабылдаған кезде, барлық адамдарды Өзінде біріктіре алатын, Құдайдың шынайы сүйіспеншілігін жақыннан танып біле аламыз. 1999 жылдың қазан айында Ватиканда әр түрлі діндердің өкілдері жиналды. Осы топта Рим папасы және имам У.Д. Мұхаммед да болды. Куәгерлер бір үнді әйелінің айтқан сөзін келтіреді: «Басынан бастап, барлық делегаттар барлық діндерде ақиқат бар екендігін және бір мақсатқа жетудің әр түрлі жолын мойындағынын атап көрсету жанға жағымды екен». Делегаттар бір ауыздан «агрессивтік» прозелитизмді айыптады. Мұндай ой бүгінгі таңдағы әлемде басым. Шайтан осы ой мен мінез-құлық біздің қауымымыз бен жеке сенушілерге де тән болуы үшін, қолынан келгеннің барлығын істеп бағуда. Еркін қоғамдағы синкретизмнің соңғы нәтижесі — мәсіхтік Ізгі хабар тарату мен басқа дін жақтаушыларын мәсіхтік сенімге әкелуге тыйым салатын заңдардың шығарылуы болмақ. ##### МЕРКАНТИЛИЗМ Шайтан адамдарды ақша, мүлік, тәндік ыңғайлылық, сондай-ақ әлемде танымал болу, құрмет өмірде ең басты нәрсеге айналатын нүктеге абайлап алып келе жатыр. Құдай барлығын жаратты және бүкіл игіліктің қайнар көзі болып табылады. Ол құқығы бойынша Онікі болатын бірінші орынға, біздің ақша мен заттарды қойғанымызға төзе алмайды. Ол бізге бергісі келетін өркендеу, Құдайдың орнын алмаса ғана шынайы жарылқау болып табылады. Меркантилизм — ақшаны, мүлікті, тәндік ыңғайлылықты, сондай-ақ әлемде танымал болуды мен құрметті, өмірде бәрінен жоғары қоятын көзқарас. «Құдай жоқ\!» деп айтпай-ақ, «Құдайдың бізге қажеті жоқ» деп айтып қоюдың өзі жеткілікті. Меркантилизм мәсіхшілер үшін байқамай түсетін тұзақ, өйткені біз сырт көзбен қарағанда мәсіхші сияқты болып көрінуіміз мүмкін, бірақ жүрегімізде материалист болуымыз мүмкін. Мұндай жағдайды баяу жылытылатын құмырадағы суы бар құрбақамен салыстыруға болады. Су баяу жылытылған соң, құрбақа оған үйреніп, қауіпті сезінбейді, тіпті судан секіріп шығуды ойламай, ақырындап өліп бара жатқанын да білмей қалады. Енді еркін елге айналған, коммунистік Румыниядағы бір қауым жетекшісі былай деген екен: «Өз жеке тәжірибемнен білемін, мәсіхшілердің тоқсан тоғыз пайызы қудалауларға душар болған кезде, осы сынаққа төзеді, сенім байлықпен сыналған кезде, осы тоқсан бес пайызы шыдай алмай, сенімінен таяды». Шайтан бізді тұзаққа алдап түсірген кезде қуанады. Мәсіхшілер ақша мен мал-мүліктің қараңғы жақтарын көрмейді немесе оларды мойындағысы келмейді. Осының салдарынан рухани күштері азайып, қауым да рухани жағынан әлсірейді. Ақша қызмет еткен кезде от сияқты игілік алып келеді, ал адамды билеген кезде құртатын болады. Егер қауым осы азғыруды жеңгісі келсе, оған олардың шынайы табиғатын түсінуі керек. Исаның заманында ертеңгі күнге жейтін тамағы жеткілікті болған және ауыстыратын киімі болған адамды бай деп санаған. Осы өлшем бойынша бүгінгі таңдағы көптеген өзін кедей санап жүргендер бай болып саналады. Байлықтың өзі жаман емес. Қауіп меркантилизмде, оның сипаттамасы төменде берілген. ***Материалдық нәрсе өте тартымды болады*** Өзінің азғырушы күшіне бола байлық қауіпті, ол адамды жиі Иса Мәсіхтен бас тартуға мәжбүрлейді. Бір күні Исаға бір бай жас жігіт келді, Иса оған бүкіл мал-мүлкін кедей-жарлыларға үлестіріп берген соң қайтып кел деген кезде, ол мұңайып Оның қасынан кетіп қалады. Иса бұл жағдайды былай деп түсіндіреді: «Бай адамдардың Құдай Патшалығына кіру қандай қиын\!» \(Лұқа 18:24; Мар. 10:23; Мат. 19:23\). ***Материалдық нәрселерді ұнату адамды жаман іс-әрекеттерге азғыруы мүмкін*** Адамның байлыққа тырысуы, тіпті жанын шайтанға сатуға дайын болуға дейін алып баруы мүмкін. Осының салдарынан, адамдар азғырылуға түсіп, қарғысқа кейін түседі деп ескертеді Жазба \(1 Тім. 6:9–10\). Материалдық заттардың мол болуы, Құдай барлық нәрсенің қайнар көзі екенін ұмытуға мәжбүр етуі мүмкін. Исраилдіктерге уәделі жерге кірместен бұрын осы қауіп туралы ескертілген болатын \(Заң. 8:11–17\). Байлыққа ұмтылу жиі дау-жанжалға алып келеді. Бұл жайлы Жақыптың хатында анық жазылған \(4:1–2\) және тарихтағы көптеген мысалдармен расталған. Байлық адамдардың жүрегін кедейлердің мұқтаждықтарына сезімтал етпейді, қайта қатайтады. Байлар жиі есіктерінің алдына келіп тұрған кедейлерге немқұрайлылық танытады \(Лұқа 16:19–31; Ишая 5:8–10; Ам. 6:4–7; Жақ. 5:1–5\). ***Баюдың сараңдығын қанағаттандыру мүмкін емес*** Ақша белгілі бір күшке ие, ол өз өмірімен өмір сүреді. Өзінің сипаты бойынша олардың — әзәзілдік күші бар. Иса байлық туралы айтқан кезде арамеялық термин «маммонаны» қолданған кезде, Ол өзімен бәсекелес болған құдайдың тәндік және моральдік бейнесі туралы меңзеді. Маммона — біздің үстімізден үстемдік жасауға ұмтылатын күш. Осылайша, ақша — белсенді күш, өзіне қатысты адалдықты сендіруге күші бар, өзіндік заң. Адамдар ақшаның соңына түсіп, әбігершілікке салынғанын сыртынан бақылау сабақ алатындай болар еді. Бұл әбігершілік кедей адамдардың арасында ғана арасында патшалық етіп тұрған жоқ. Сонымен бірге дүние жүзіндегі ең бай адамдар да одан сайын баюға ұмтылады. Орта таптың өкілдері үйлерді, көлікті, киімді жеткілікті болса да, сатып алуын жалғастырады. Егер ақша жай ғана тауарды сатып алуға арналған құрал ғана болса, адамдар ақшаның соңынан түспес еді. Біз адамдарды тұрмысына қарай бағалаймыз, адамдарға ақшасының қарай кұрмет көрсетеміз. ***Материалдық нәрсеге тәуелді болуды қалай жеңуге болады*** Маммона құдайын қалай жеңуге болады? Ең бастысы — Киелі Рух бізбен бірге, ал Иса — біздің Ұстазымыз. Киелі кітап барлық экономикалық шешімдерді қабылдаудың мен уәделерді бағалаудың әдістерін бізге ұсынады. Төменде осы жайлы кейбір ұсыныстар берілген: • Ақша сіздің бойынызда тудыратын сезімдерді ажыратып алыңыз — қорқыныш, қорғансыз болу, айып сезімі, тәкаппарлық немесе қызғаныш. Біз ақша жеткіліксіз болады деп қорқамыз немесе мүлдем ақшасыз қалудан қорқамыз. Біздің қорқынышымыздың негізі жоқ және бұл ақиқаттан алыс. Бізге Құдайдың уәделерге жүгінуден бұрын ең алдымен, осы сезімдерді ажыратып алуымыз қажет. • Өзіңіздің материалдық жағдайыңыздан бас тартуды тоқтатыңыз. Ақшаңыздың аздығын айтып, шағына берудің орнына, өзіңізге бүкіл адамзат тұрғысынан қарап, осы дүниенің азаматы болыңыз. • Күнәніңізды мойындау мүмкін болатын ортаны құрыңыз. Өте жиі біз уағыздарымызда күнәні мойындауды не мақтаймыз, не айыптаймыз, бірақ адамдарды бір-бірінің алдында күнәсін мойындауға көмектеспейміз. Біздің көпшілігіміз өзімізді жалғыз, әрі ешкімге керек емеспіз деп сезінеміз. Егер біз өзіміздің қорқыныштарымыз бен азғыруларымызды мойындап, бір-бірімізге: «Мені кешір, ақша мені жаулап алды\!» деп айта алсақ, қандай жақсы болар еді. • Сізге осы шытырманнан шығуға көмектесетін басқа бір адамды табыңыз. Сіздер бір-біріңізбен келісім жасасып, ақша жүрегіңізді жаулай бастаған кезде, бір-біріңізге көмектесуге уәде беріп, келісім жасаңыз. Мұны мейірімділікпен және сүйіспеншілікпен жасау керек. Бізге өзімізге көмектесіп, қолдау көрсететін адамдар қажет. • Кедей адамдармен байланыс жасауға мүмкіндік табыңыз. Ақшаның жеткілікті дәрежеде мол болуы бізді бұзуы мүмкін, бұл кедейлерден алыстап, олардың жан азабы мен азаптарын көрмеуге әкелуі мүмкін. Бізге кедейлердің арасында болып, оларға уағыз айтпай, қайта керісінше, олардан үйренуіміз қажет. • Берген кезде қуанышты және жомарт жүрекпен беріңіз. Берудің біртіндеп сараңдықты біздің жүрегімізден түбірімен алып тастауға күші бар. Тіпті кедейлер де, беру қажет екенін білуі қажет. Ақшамен не басқа қазынамен қоштасу біздің жан-дүниемізде бір нәрсе жасайды. Ол біздің жан-дүниеміздегі сараңдықты жояды. Біздің Маммонамен күресімізде Құдайға бізге көмектескісі келетін, дос ретінде қарайық. Ол бізді айыптайтын жау емес. Қарапайым өмір сүру салтына ұмтылу, Тәңір Иеге ақыр соңына дейін артыннан ереміз деп айтып, мінажат етуден басталады. Енді бізге тек Оған мойынсұну ғана қалды, сонда Ол Өзі бізге бағыт береді және жігерлендіреді. Жақында, қытай жетекшілері қызметтеріндегі өзекті мәселелерді талқылау үшін жиналды. Нөмірі бірінші мәселе — ақша мен материалдық азғырулар деп атап көрсетілді. Осы қауіптің екі қайнар көзі бар. Біріншісі — Қытайдың өзен жағасындағы өмір деңгейінің өсуі, ол қауымды өзіне қажет бағушылардан құр алақан етіп, қауым жетекшілерінің коммерция жасауына түрткі болды. Екінші проблема — батыс қауымдары қытайдың үй қауымдарына құрбандық беретінінде. Неміс қауымдарының тобы қытайдағы үй қауымының танымал жетекшісіне он мың американдық доллар көлемінде ақшаны құрбандық ретінде, жасырын семинария ашуы үшін берді. Ол осы мақсатқа берілген ақшаның үштен бір бөлігін ғана қолданды, ал қалған ақшаны алып, елден кетіп қалды. Оның ұстазы былай деді: «Біздің өте аз бөлігіміз ғана осындай азғыруларды жеңе алады, әсіресе, егер өмір бойы кедейлікте сүрген болсақ. Адамды осындай жағдайға қоймау керек еді, өйткені ақшаны оған есеп талап етпей, жай ғана бере салған». Қауым басшылары бағушылар арасында есептілікті қатайту үшін белгілі бір стратегияны әзірледі. Олар сонымен қатар батыс мәсіхшілеріне мынадай өтініш жіберді: «Өтініш, ақшаны беруден бұрын, мінажат етіңдер және оларды үй қауымдары қозғалысымен тәжірибесі бар миссиялар арқылы беруге тырысыңдар. Сенушілердің жеке мұқтаждықтарына азғантай мөлшерде ғана ақша беріңдер». ##### ҚОРЫТЫНДЫ Шайтанның шабуылдары өтірік пен қорқытуға негізделетініне назар аударыңыз. Жау сенушілер туралы өтірік мәліметтер беріп, шатастырып, мүмкін болған барлық жерлерде алдауға тырысады. Сонымен қатар ол біздің қорқынышқа тәуелді болуымызды да қолданғысы келеді. Бірақ егер Киелі Рухтың жетегінде болсақ, Ол, шындық Рухы шайтанның кез келген өтірігін ажыратып, бізге қажет батылдықты бере алады. Бізге нақты шешім қабылдап, өмірімізден шайтанға орын бермеу керек \(Еф. 4:27\). Біз оған қарсы қарулануымыз керек \(Еф. 6:10–18\) және Құдайдың берген күшінің көмегімен оған қарсы тұруымыз керек \(Жақ. 4:7\). Біз Мәсіхтің төгілген қаны арқылы күнәмыздың кұны өтелгеніне толық сеніп \(Аян 12:10–11\), Құдай шайтанға тыйым салсын деп Одан сұрай аламыз \(Яһуда 9\). ###### Топтағы сабақтар **Рөлдік жаттығулар:** Сіз жазалаушы тәртібі бар елде өмір сүресіз, ал ақшаңыз сізде өте аз. Еліңізде Киелі кітап пен рухани әдебиеттің жетіспеушілігі сезіледі. Бір күні сіздің тобыңызды сізге адал әрі дос болып көрінген бір шетелдік пайда болады. Ол сізге батыстағы қауымның қарамағындағы қауым боласыз деген талаппен сізге қомақты сомадағы ақшаны ұсынады. Егер сіз жаңа қауымдар ашуға көмектессеңіз, ол көп құрбандықтарды уәде етеді. Жергілікті қауымның басшыларына қаржыны пайдалануда қатаң есептілік орнату үшін алатындарға да, беретіндерге де, қатысты қатал талаптарды дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін қалай әрекет ету керек? Ақшаны кімге беру керек? Жеке адамға ма, әлде комитетке ме? Есептіліктің қандай ережелерін орнату керек? «Материалдық нәрселерге тәуелді болуды қалай жеңуге болады?» бөлігіндегі атап көрсетілген ұсыныстарды рөлдік жаттығуларға қосыңыз. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Шынайы айып сезімін жалған айып сезімінен қалай ажыратуға болады? 2. Егер сіз күнәңізді мойындасаңыз, шынайы айып сезімімен не болады? 3. Азаматтық үкіметтің билігінің ар жағында қандай ақиқат жатыр? 4. Сіздің діни тобыңызда сенушілерде барлығы ортақ болған, ертедегі қауым үлгісімен қарым-қатынас жасау мүмкін бе? Осы қауымдастық өмір оның қандай түрлерін қабылдай алады? ### Он бірінші тарау #### Рухани соғыс *Қолданып жүрген қаруларымыз осы дүниелік емес, оларда Құдайдың құдіреті бар. Солармен жау бекіністерін талқандаймыз; оның дәлелдемелерінің қате екенін әшкерелейміз...* 2 Қор. 10:4 Бұрын мұсылман болған, бір филиппиндік бағушы, Филиппинаның оңтүстік жағындағы арал Минданаода тұрады. Бір кездері ол қарақшылар тобының басы болып, түрмеде тонаушылық пен кісі өлтіргені үшін түрмеде бірнеше жыл отырып шыққан. Сол жерде түрмеде ол Иса Мәсіхке сенім артты. Бостандыққа шыққан соң, ол Мәсіхке мұсылмандарды сәтті алып келгені соншалықты мұсылман экстремистері оның он төрт жасар қызын ұрлап кетеді. Олар оны Ізгі хабар таратуын тоқтатып, Исламға қайтатын болса, қызын қайтарып береміз деп шарт қояды. Әйелімен бірге осы бағушы табандылықпен Құдайдан қорғаныс сұрап мінажат етеді, көп кешікпей ол осы бопсалауға орын бермеу керектігін түсінеді. Үш жыл бойы ол табандылықпен жоғалып кеткен қызы туралы мінажат етті. Ол: «Олар менің қызыммен жасай алатын бүкіл сұмдық істерге қарамастан, мен тек Құдайдан басқа ешкімнен қорықпадым. Мен барлық адамдардан қызым үшін мінажат етуін және Құдай маған әрі қарай уағыз айтуымды жалғастырсын деп сиынуларын өтіндім» — деді. 1995 жылдың басында ол ақыр соңында қызынан хат алады. Оны көрші Шығыс Малайзияға жезөкше ретінде сатып жібергенін жазыпты. Бірақ Құдай оған иелерінен қашып кетуге көмек беріпті. Малайлық қызға жан ашыған бір отбасы қызды үйіне жасырып қойыпты. Онда ол бір жас жігітке ғашық болып, олар үйленіпті. Қызы ата-анасымен бір сенімді жерде жасырын кездесуге келіседі \(Еф. 6:12\). **Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз \(Еф. 6:12\).** Алдынғы беттерде біз жауымыздың сипаттамасын зерттедік, енді бізге оған қарсы жүргізетін шайқастың сипатын зерттеу керек. Әдеттегі соғыста соғысып жатқан жақтарды, олардың әр түрлі формасына қарап, оңай ажыратуға болады. Қаруды ажырату оңай, ал майдан сызығы екі жақтың орнын көрсетеді. Алайда партизан соғысының жағдайында барлығы әлдеқайда қиынырақ болуы мүмкін. Жаудың қай жерде екенін айту қиын. Ол барлық жерде болуы мүмкін немесе еш жерде болмауы мүмкін. Жауда біз оны танитындай айрықша белгілер жоқ. Жаудың қаруы оның үйінде, көлігінде, тіпті денесінде жасырылуы мүмкін. Әскери әрекеттер ұзаққа созылып, көп адамның өмірін алып кетуі мүмкін. Мұндай соғыс үмітсіздікке алып келуі және батыл жеңісті көп жағынан мүмкін емес етуі мүмкін. Рухани соғыс көбірек дәл партизан соғысын еске салады. Осының салдарынан рухани күрестерді жүргізу өте қиын. Көптеген мәсіхшілер рухани соғыста екенін білмейді де немесе теория жүзінде ғана біледі, бірақ оған мән бермейді. Егер біз шынайы көзге көрінетін әлемдегі көзге көрінбейтін рухани күштерді мойындамасақ, тиісті түрде қару-жарақпен түгел жабдықталмасақ, шайқастарды жүргізуге мүлдем дайын болмаймыз. Жауды тану өте қиын, оның стратегиясын көпшілігі білмейді, сондықтан да көптеген мәсіхшілер тіпті мұны түсінбей жеңіліске ұшырайды. Бірақ біз осы шайқас үшін туылдық. Біз көктен туылған кезде, біз бірден әділдіктің киімін киіп, көктің әскерінің Көсемінің жетелеуімен соғысқа шығу үшін қару-жарақпен түгел жабдықталдық \(Заб. 22:5\)\! Шынайы соғысқа қатысушы сенушілер ретінде біз осы соғыстың қара күштеріне емес, Тірі Құдайға бар назарымызды аударуымыз қажет. Біз жау жолымызда орнатып қойған назарымызды басқа жаққа аударатын нәрселерге, мазалайтын масаға қараған сияқты қарауымыз керек. Әйтпесе, шайтан және оның жындары біздің назарымызды өзімізге және өзі басқаратын көзге көрінетін әлемге аударатын болады. Ал біздің назарымыз көзге көрінбейтін әлемдегі Құдайға аударылуы тиіс \(Еф. 2:6; 2 Қор. 4:18\). ##### РУХАНИ СОҒЫСТЫҢ АНЫҚТАМАСЫ Рухани соғыс Құдай патшалығы мен шайтанның патшалығы арасындағы ғарыштық келіспеушілігі. Біз жеңіске таласып жатқан құқығы бірдей екі патшалық туралы айтып жатқан жоқпыз, соны есіңізден шығармаңыз. Шайтан бар болғаны жаратылған тіршілік иесі. Мәсіх толық құдірет пен билікке ие. Шайтанның билігі айқыш ағашта күл-талқан болды. Бұл жайлы елші Пауыл Қол. 2:15 келесі сөздерді жазған: «Осылайша Құдай рухани билеушілер мен әміршілердің күш-қуатын талқандап, оларды бүкіл әлем алдында әшкерелеп, Мәсіхтің істегендері арқылы жеңіп шықты». Сондықтан да, шайтанның бүгінгі таңдағы жалғыз бір билігі адамдарды алдау, олардың ой-саналарын соқыр қылып, олар Мәсіхтің салтанатты ұлылығы туралы Ізгі хабардың нұрын көре алмайтындай ету \(2 Қор. 4:3–4\). Шайтанның негізгі стратегиясы бөлу мен билік етуге ұмтылудан көрінеді. Оның негізгі әдісі бізді алдап, айыптап, Көктегі Әкемізден және бір-бірімізден ажыратудан тұрады. Ол Құдайға тиесілі бізді қоршаған ортаны арамдап, адамзатты түнекте қалдыру ісінде адамдарды белсенді басқарады. Міне, сондықтан да Ұлы тапсырманы орындау үшін Мәсіхтің денесінде бірліктің болуы маңызды. Осы әлемнің ретсіздігінде адасып жүрген сенбеуші адамдар, өзін-өзі құртуға дейін баратын жинақы емес адамдармен қарым-қатынас жасағысы келмейді. Иса Мәсіхтің қауымы сүйіспеншілікті нұсқау етіп алуы керек. Өліп бара жатқан әлем үшін біз пана, қауіпсіз орын болуымыз қажет\! Енді рухани соғысты жүргізудің барлық деңгейлерін қарастырайық. ##### ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТҮНЕК КҮШТЕРІНЕ ТӘУЕЛДІ БОЛУЫ АРҚЫЛЫ РУХАНИ СОҒЫСТЫ ЖҮРГІЗУІ Адамның жағдайы төмендегідей анықталған кезде түнек күштері адамға заңды түрде ықпал ете алады: • Өз еркімен күнә жасау \(Рим. 3:9–12\); • Түнек күштерін шақыру \(Елш. 19:18–19\); • Жындардың әсерінде болу \(Мар. 9:17–27\); • Ата-анадан немесе ата-бабадан келе жатқан күнә \(Ру сан. 14:18\) Марқа жазған Ізгі хабарда \(1:21–28\) Иса бізге өзін азаптаушы жындардан азат болған, адам туралы айтады: «Иса шәкірттерімен бірге Қапарнаум қаласына барды. Келесі демалыс күні Иса мәжілісханаға барып, жұртқа тәлім бере бастады. Олар Оның тәліміне таңданып, қатты қайран қалды. Себебі Иса оларға дін мұғалімдері сияқты емес, Құдайдан келген ерекше билікпен тағылым берді. Сол кезде мәжілісханада жын соққан бір кісі де болды. Ол қатты дауыстап: — Назареттік Иса, бізде нең бар? Бізді құртуға келдің ғой\! Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің\! — деп айқайлады. Бірақ Иса жынға: — Үніңді өшір, шық одан\! — деп қатаң бұйырды. Сонда жын сол адамды қалшылдатып, қатты дауыспен айқай салып, денесінен шығып кетті. Барлық жұрт үрейлері ұшып: «Бұл немене? Не қылған жаңа ілім? Ол тіпті жындарға билікпен бұйрық беріп, олар Оған бағынады ғой\!» — деп өзара сұрасып, таңғалысты. Тез арада Иса туралы хабар сол төңіректегі Ғалилея аймағының барлық жеріне жайылды». Осы үзіндіні оқыған кезде мына нәрсеге назар аударыңыз: • Жын соққан адам басқа сенушілермен бірге ғибадатханада болды. Ол Құдайды іздеген адамдарға жатады деп ойлаймыз. Ғибадатханаға келгенге дейін ол өзін жақсы сезінген болар. • Құдайдың жарығы пайда болған кезде, түнек жоғала бастады. Адам қатты айқайлап жіберді, өйткені жаман рух сот уақыты келгенін түсінді. • Иса рухқа үндемей, адамның бойынан шығып кетуді бұйырды\! Біз осындай бақытсыз адамдарға есі дұрыс емес адамдарға қараған сияқты қарамауымыз керек. Өйткені біздің көршілеріміз, қауым мүшелеріміз, достарымыз немесе тіпті отбасы мүшелеріміздің бірі дәл осындай жағдайда шығар. Иса оны төмендетпей, ұялтпай адамды оны азаптаған рухтан босатқысы келді және Ол дәл солай істеді де. • Иса жағдайды елемей қойған жоқ, қайта Ол оны тез арада шешті. Ол адамға жаны ашып, оның азат болғанын көргісі келді. • Иса ғибадатханаға барып жүрген адамның неліктен жын соққан адам болғанын түсіндірген жоқ. Зұлым рухтардың мінезі ашулы болады. Иса жынға үндемеуді бұйырса да, ол айқайлап, адамнан шығып кетті. Кореялық бағушы, аса құрметті Дэвид Йонги Чо, ең үлкен қауымның жетекшісі, танымал дәрігердің әйелі болған әдемі әрі білімді әйел туралы әңгімелейді. Ол он жыл бойы сал болып жатты, күйеуі оның сауығуы үшін ем табуға тырысады. Ақыр соңында әлгі әйел бағушы Чоның қауымына келуді бастайды. Бір күні ерте таңертең өтіп жатқан мінажат ету жиналысында, ол кенеттен орнынан тұрып, қорқынышты қызық дыбыстар шығара бастайды, содан кейін шайтанның күлкісі естіледі. Мәсіхшілер қорқып, бөлмеден қашып шығады. Бағушы Чо оған осындай мінез-құлық танытуға тыйым салған кезде, дауыс: «Бүгін біз сені өлтіреміз», — деді. Бағушы Чо: «Сендер кімсіңдер?», — деп сұрады. «Біз — түнек күштеріміз» деп жауап берді дауыс. Осы сәтте әйел бағушыны басынан соғып, жерге құлатты. Бағушы Құдайға жалына бастады: «Тәңір Ием мені Өзіннің қанынмен жушы\!» Содан кейін әйелге қарап: «Исаның атымен шайтан шығып кет\!», деп бұйырды. Дауыс: «Біз көппіз, біз шықпаймыз. Бүгін сен жеңілдің», — деп жауап берді. Бағушы Чо төрт сағат бойы мінажат етті, содан кейін шаршап отырып қалды. Содан кейін ол түнек күштеріне шығып кетуді бұйырып, тағы төрт сағат бойы мінажат етті. Көшеде түн батты, сегіз сағат мінажаттан кейін бағушы үмітсіздік сезінді. Ол Исаға жалына бастады, сол кезде бойында Киелі Рухтың сөйлегенін сезді. Бағушы тағы да, бұйырды,бірақ осы сәтте дауыстап, батыл дауыспен: «Исаның атымен шығып кетіңдер, деп бұйырамын\!» Әйел айқайлап жіберді, ол құсты. Басында ол еденмен домалады, содан кейін тынышталып, өліп қалған адам сияқты жатып қалды. Содан кейін ол көзін ашып: «Бағушы мені кешіріңіз, менiң қолымнан еш нәрсе келмеді. Түнек күштері сіздің тәжірибеңіздің аздығы туралы айтты және егер олар табандылық танытса, өздерінің сәттілікке жететіні туралы айтты. Біреу мені ұрып-соғып тастағандай, менің бүкіл денем ауырып тұр. Бірақ енді мен азатпын\!», — деді. Әйел қайта айқайлай бастады, бірақ бұл жолы қуанғанынан айқайлады, өйткені ол ауруынан сауықты. Осы кереметтен кейін, оның күйеуі өзін Құдайға арнады. ##### \* \* \* Қара күштер деңгейіндегі рухани соғыс жын-перілерге қарсы тұрумен сипатталады. Әдетте, рухани соғыстың бұл деңгейі, қалғандарына қарағанда әлдеқайда қаталырақ, әйтсе де біреулер осы күштердің әсеріне алдаудың салдарынан түсті, ал басқалар шайтаннан ашық күш сұрады. Елшілер істері кітабында \(16:6–23\) біз Пауыл мен бақсы рухы кіріп алған, жас әйел туралы оқимыз: «Бір жолы біз мінажат етуге бара жатқанда, сәуегейлік жасайтын жыны бар бір малай қыз бізге кез болды. Сол қыз өзінің арам көріпкелдігімен қожайындарына көп кіріс түсіреді екен. Қыз Пауыл мен бізден қалмай: «Мына кісілер — Құдай Тағаланың құлдары, олар сендерге құтқарылу жолын уағыздайды\!» — деп айқайлап жүрді. Ол бірнеше күн осылай етті. Ақырында Пауыл ашуланып, артына бұрылып, жынға: «Иса Мәсіхтің атынан саған бұйырамын: шық оның бойынан\!» — деді. Сол сәтте-ақ жын қыздан шығып кетті. Ал қыздың қожайындары өздерінің пайда көзінен айырылғанын көргенде, Пауыл мен Сыйласты ұстап алып, базар алаңындағы қала әкімшілігіне сүйреп апарды. Екеуін римдік басшыларға алып келіп: «Мыналар — яһудилер, қалаға іріткі салып жүр\! Олар уағыздап жүрген дәстүрлерді бізге, Рим азаматтарына, қабылдап, орындауға болмайды», — деді. Жиналған топ та екі елшіге қарсы шықты. Римдік басшылар олардың киімдерін үстерінен жұлып алғызып, таяқпен дүре соғуға бұйырды. Оларды қатты сабап болған соң, түрмеге тастап, бастығына: «Бұларды жақсылап күзет\!» — деп әмір етті». Осы үзіндіні оқыған кезде мынаған назар аударыңыз: • Пауыл мен Силас жас әйелге кездескен кезде мінажат ететін жерге бара жатты. Ол өзінің аяндарын айқайлап айта бастады. Киелі кітапта ол осылай көп күндер бойы жасады деп айтылған. Жау бізді мінажаттан басқа жаққа бұруды жақсы көреді. • Пауыл осы әйелдің бойында сәуегейлік жасайтын жыны бар екенін білді. Әйел ол жайлы айтқан кезде шындықты айтты, бірақ біз оның бойында сөйлеп тұрған шайтанның мақсаты неде екенін түсіну үшін, көзге көрінетін белгілердің ар жағындағы нәрселерді көруіміз керек. Ол Пауыл мен Силаның айтып жүргенін жоққа шығарғысы келді, олардың да, әйелдің де, күшінің көзі бір екеніне сендіргісі келді. Осылайша, ол Ізгі хабарды да, елшілерді де жалған етіп көрсетуге қол жеткізуі мүмкін еді. • Пауыл әйелдің бойында зұлым рух бар екенін білді, ол Құдай оған жанын ашып, рухани билікті қолдандырмағанға дейін, ол оны тоқтатуға тырысқан жоқ. Біз нақты бір мәселе бойынша аянға ие болғанмен, бұл іс-әрекет жасауға құқық бермейді. Диагноз қою іс-әрекет ету бұйрығы берілгенін білдірмейді\! \(Лұқа 10:19\) Тағы да екі әңгімені қарастырайық, бұл жолы бүгінгі күнде болған оқиғаларды қарастырайық. Канадада бір шағын қалада шайтанның қауымы бар. Бір күні өңірлік жиналыста шайтан қауымының жетістіктері ерекше атап көрсетілді. Сол жылы олар алдын-ала құрылған тізім бойынша інжілдік жетекшілердің жойылуы туралы мінажат еткен. Олар жетекшілер адамгершіліктен жат мінез-құлық танытып, отбасылары бұзылсын деп мінажат етті. Бір жылдың ішінде ең жасқы бағушылар арасынан бес бағушы қызметін тастап кетуге мәжбүр болды. Шамамен дәл осы уақытта, бір жеке кәсіпкер ұшақта ұшып келе жатып, көршісінің тамақ алмағанын байқайды да: «Бәрі дұрыс па?», — деп сұрайды. Адам ораза тұтып жатқаны туралы айтады. — «Демек, сіз де мәсіхші екенсіз ғой?» — деп қызығушылық танытады жеке кәсіпкер. — «Жоқ, мен шайтанның шәкіртімін. Біз бес жүз мәсіхтік отбасын бұзу үшін ораза тұтып, мінажат етудеміз\!» — деп жауап береді ол. Индонезияның алыс ауылдарында жұмыс істейтін азиаттық елшілер Исаның атымен мінажат етіп, науқас әйелді сауықтырған соң, түнек күштерімен кездесуіне тура келді. Жергілікті бақсы істің осылай өзгеруіне алаңдады. Елшілер осы ауылға қайта келген кезде, ол оларды күштерін сынап көруге шақырды. Ол өзінің ойынша, табиғаттан тыс күштің көзі болып табылатын жүзігін шешіп, оны ескі ағаш үстелдің үстіне қойды. Содан кейін ол былай деді: «Әркім Өз Құдайдына сиынсын, осы жүзік үстел үстімен шеңбермен жылжытуға шамасы жетсе, сол ең құдіретті болып шығады, ал жеңілген құдайдың ізбасарлары осы ауылдан кетіп, мұнда ешқашан қайтып оралмасын. Мен бірінші болып бастаймын», — дейді. Бас балгер келемеждеп күліп, отырған жерінде рәсімін бастады. Жарысты бақылап тұрған, мәсіхтік елшілер қатты таңғалды, өйткені жүзік қозғала бастады. Содан кейін олардың кезегі келді. Шағын топ ән салған кезде, елшілердің басшысы қатты дауыспен Тәңір Иеден құдіретін көрсетуін сұрап сиынды. Жиналған адамдардың барлығы қатты таңғалды, бақсы да, жүзік те айнала бастады. Айналым қатая түсті, бақсы шыдай алмай Құдіретті күштен тоқтатуын сұрап жалынды. Жеңілген бақсы ауылдан біржолата кетті, дәл сол кеште рухани шайқастан кейін, ауылдың көптеген тұрғындары Мәсіхке бет бұрды. ##### \* \* \* Мәсіхтік қоғамдастықта «аймақтық рухтар» туралы тәлімге, яғни белгілі бір географиялық ауданда рухани соғыс саласында рухани билік иелері мен басшыларына қарсы жүргізілетін соғысқа үлкен қызығушылық бар. Осы зұлым рухатарды бізге жақсы біліп, оларды атымен ажырату керек. Пайғамбар Даниилдің кітабынан \(10:12–14\) нақты зұлым рухтар белгілі бір аймақтарда болатыны анық. Бірақ Киелі кітапта осы зұлым рухтармен қарым-қатынас жасау мысалдары мен олармен қарым-қатынасқа түсуге бұйрықтар жоқ. Даниил мысалы, белгілі бір халықпен байланысты рухани басшылардың өлімі үшін сиынған жоқ, — ол Құдай Өзінің ерікті билігі арқылы, билік иелеріне қарсы өзінің періштелерін зұлым күштермен шайқасуға бағыттауын сұрап Құдайға мінажат етті. Киелі кітаптық тәлімгер Клинтон Арнольд елші Пауылдың өзі түнек күштерін ешқашан нақты бір елмен немесе аймақпен байланыстырмағанын атап көрсетеді. Мысалы, ол Римнің немесе Қорынттың үстінен қарап тұрған зұлым күштерге Құдайдың соғысқа шығуын сұраған емес. Расында, Пауыл қауымға шабуыл жасап белгілі бір тапсырмаларды орындауға кедергі болатын, түнек күштерінің шабармандары бар екенін мойындаған. Ол оларды тек Құдайдың құдіретіне сену арқылы ғана жеңуге болатыны туралы атап көрсетті. Көне Мысырдағы Луксор қаласы, Фива деген атпен де танымал болған. Ол Қайырдан сегіз жүз шақырым оңтүстікте Нилдің жағасында, Патшалар даласында орналасқан. Онда Тут перғауынның және басқа да жоғары лауазымдағы көне мысырлықтардың қабірлері орналасқан. Фива Еремия пайғамбардың кітабында айтылған, ал олардың құдайы Аммон \(Ер. 46:25\) өңірлік рухани билеушінің барлық сипаттамаларына ие. Осы қалалардың төрт мың бес жүз жыл тарих бойына, Тәңір Иеге сенетін бір қауымдастықтың түнек күштеріне қарсы мінажат еткені туралы жазу жоқ. 2000 жылдың соңында елдің оңтүстік аудандарынан шамамен жетпіс мысырлық қамқоршы Мысыр үшін \(қауым сол кезде әлсіреп кеткен еді\) ораза тұтып, мінажат ету үшін жиналды. Олар сонымен қатар Аммон құдайының үстінен жеңуді сұрап мінажат етті. Қамқоршылар жергілікті киелі жерге бірнеше рет барды. Әр күні кешкі уақытта жергілікті қауымда мінажат ету жиналыстары өткізілді. Екінші түні Киелі Рух адамдардың жүрегінде жұмыс істеп, ондаған сенушілер алға шығып, бақсылық жасағандары туралы мойындады. Қызмет түнгі бір жарымға дейін созылды, ал қамқоршылар үздіксіз күнәні мойындату мінажатымен мінажат етіп тұрды. Қамқоршылар сол түні Аммон құдайының күші жойылды деп сенеді. Исаның адымдары аймақтар рухтарымен күресу тәсілі болып табылады. Бір сарапшы былай деген екен: «Құдайға көшелерде табыну Оның әлемінде билік ету құқығын орнатады және Оның билік ету аймағын кеңейтеді». Кали қаласы \(Колумбия\) рухани соғысты зерттеуде тағы бір таңғалдыратын мысал болуы мүмкін. Бұл қала өлімнің, нашақорлықтың және зорлық-зомбылықтың жоғары деңгейімен танымал болған қала. 1998 жылы Колумбияда зорлық өлімімен отыз бес мың адам қайтыс болды, ал 1999 жылы олардың саны қырық мыңға дейін өсті. Әрбір үшінші адам партизан соғысында қайтыс болды, ал қалған екіден үш бөлігі — басқа себептермен өлді. Өлім-жітім әсіресе, жастардың арасында жоғары болды. Колумбиядағы көтеріліске шыққандар шамамен үш мың адамды кепілгер тұтқын ретінде ұстап отырды. Қылмыс қызметінен түсетін бүкіл кірісін олар отыз бес жылдық соғысқа құюда. Осыған қарамастан, Мәсіхтің қауымы осы зорлық-зомбылықтың арасында өсіп, нығайып келеді. 1962 жылы доктор Билли Грэм Калиде Құдайға арналған қызмет өткізді. Мәсіхшілер қырық жыл бұрын стадионда Калида ол пайғамбарлық сөз айтты деп сенеді. Ол: «Бүгін таңертен оянғанымда бір төбешікте үш айқыш көрдім, ал екінші төбешікте Иса Патша тұрды. Калида үлкен ояныш болатынына сенемін» — деді. Біріккен мінажат Калидағы қауым жетекшілерінің мақсатына әрі ауыр жүгіне айналды. Калидағы бірінші деноминацияаралық түнгі мінәжат 1995 жылы ұйымдастырылды. Дәл сол түні қала мэры, мәсіхші, Иса Мәсіхті Калидің Тәңір Иесі деп жариялады. Калидағы қауымның өсуі таңғалдырады: 1980 жылы қалада отыз қауым болды, ал 1990 жылы — екі жүз елу, ал 1999 жылы — алты жүз қауым болды. 1999 жылдың тамыз айының соңында Калидің төрт жүз бағушысы мінажат ету үшін қайта жиналды, олар осы кезде Құдайдан және бір-бірінен кешірім мен татуласуды іздеді. Доктор Луис Буш осы қалада болған өзгерістер туралы былай дейді: «Бір жағынан қорқынышты кісі ұрлау туралы жаңалықтарды, ал екінші жағынан Исаны Тәңір Иесі мен Құтқарушысы ретінде қабылдап жатқан адамдардың санының өсіп келе жатқанын естиміз». Бір жағынан, адамгершілік қасиеттерге жат мінез-құлықтың көрінуінің өсіп келе жатқанын, ал екінші жағынан, адамның өмірін толығымен өзгертетін, Ізгі хабардың құдіретімен көптеген кездесулерді бақылауға болады. Бір жағынан, Кали есірткі сатудың басты орталығы, әсіресе, есірткі бизнесінің барондары жергілікті көтеріліске шығатындардың жетекшілерімен мәмілелер жасаудың басты орталығы, ал екінші жағынан — қала бағушыларының арасында бірге қызмет ету одақтасы бар орталық болып табылады. Бір жағынан, зорлық-зомбылықты сезінесің, ал екінші жағынан, көптеген колумбилықтар Исаны Құтқарушы деп қабылдаған кезде Құдай тыныштығын сезінесің. Доктор Буш былай деп қосады: «Мен жаңа ғана Калиден келдім, маған Латын Америкасында Құдай Сөзін уағыздаудың мәдениетаралық аянының тууын көру қуанышты хабар. Жұма күнгі түн ерекше жарылқау болды, сол түнде стадионда Құдайға қала мен ел туралы мінажат еткен, шамамен қырық мың сенуші жиналған кезде, ерекше Ізгі хабар тарату уақыты болды. Орын жетпегендіктен сыртта қалған көптеген сенушілер де болды. Түнгі мінәжат кезінде көпшілігі кетіп қалды, бірақ олардың орнына басқалары келіп отырды». ##### РУХАНИ СОҒЫСТЫ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗУ КЕРЕК Осы тақырыпты оқып-зерттеген кезде рухани соғыстың деңгейлерін асырып бағалауға деген азғыру туу мүмкін. Бұл тәлім белгілі бір деңгейде келіспеушілік тудыруы мүмкін. Бірақ сонымен қатар адамдарды зұлым күштердің құрбандары ретінде санап, адамның күнәкарлығын ақтаудың қажеті жоқ, өйткені оларды Құдайдың алдындағы жауапкершіліктен ешкім айырған жоқ. Біз өз тапсырмамызды осыдан көрмейміз. Сонымен қатар біз рухани басшылыққа қарсы шайқасқа шақырмаймыз. Алайда бізге рухани соғыстың барлық жақтарын, сондай-ақ батылдықпен мінәжат етудің артықшылығы мен рухани тәуелділіктен азат болуды түсіну қажет. Келесі тарауларда қолымыздағы рухани қару-жарақты және оларды пайдалану тәсілдерін зерттейміз. Сонымен қатар бізге түнек күштерімен байланыс жасаған, Мәсіхке келген адамдармен не істеу керектігін білу қажет. Осындай адамдар міндетті түрде тазартылуға мұқтаж. Біз билік етіп жүрген түнек күштерін ажырату мен жеңу туралы Құдайға мінажат еткен кезде, өңірлер мен қалалар үшін батыл мінажат қажет. Сол кезде балаларға да, ересектерге де, Ізгі хабарды естіртпейтін жабық сана ашылады. Мұның барлығы бізге Ізгі хабарды тиімді уағыздау үшін қажет. Қазіргі сәтте рухани соғыс шайтанның және оның жындарының қамалына шабуылды білдіреді деген пікір бар. Шын мәнінде, рухани соғыс осымен ғана шектелмейді. Ол Құдай патшалығының мақсаттары мен жоспарларына сәйкес келетін кез келген іс-әрекетті қамтиды. Шайтанға қарсы қолданатын тиімді қарудың түрлері: • Қамқорлық мінажаты \(Ишая 62:6–7\); • Мадақ мен табыну \(2 Шеж. 20:21–22; Заб. 67:1–36\); • Өмірге қарағанда Құдайға деген сүйіспеншілік \(Аян 12:11\); • Ораза \(Ишая 58:6\); • Тәңір Иеге жақын болу \(Заб. 83:1–4\); • Қарсы тұру \(Жақ. 4:7\); • Кереметтер мен белгілермен сүйемелденген жеке Ізгі хабар тарату \(Елш. 16:16–40\). Біздің соғысымыз рухани болғандықтан, осы соғыста қолданатын қару да рухани болуы тиіс. ###### Топтағы сабақтар **Рөлдік жаттығулар:** Сіз қарым-қатынас жасау тобында мінажат етіп жатырсыз. Кенеттен бір қатысушысынын жын соққандығы туралы белгілі болады. Сіз не істейсіз? Қаншалықты ұзақ осы рухты қуа аласыз? Егер осы мәселені өзіңіз шеше алмасаңыз, кімді көмекке шақырасыз? Құрбанның зұлым рухтан толық азат болуы үшін күресу керек деп ойлайсыз ба? **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Рухани соғыстың маңыздылығын толығымен түсінесіз бе? Осы мәселені түсінудің деңгейін арттыру үшін сіз және тобыңыз не істей алады? 2. Өңіріңізде шайтанға табынушылар бар екенін білесіз бе? Тобыңыздың басқа мүшелері біле ме? Осы ақпарат бірге мінажат етуіңізді қалай өзгерте алады? 3. Мәсіхшіде шайтанның күштерінен қорқуға негіз бар ма? **Ұсыныс:** Келесі бөлімге өтпестен бұрын, Ефестіктерге арналған хаттың 6-тарауын оқып шығыңыз. # ІV БӨЛІМ ## Мүмкіндіктер мен қорлар ### Он екінші тарау #### Құдайдың қару-жарағы *Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар\!* Еф. 6:11 Шайқас майданында алып кісі тұрды. Оның бойы он фут болды. Ол Құдай халқын қорқытып, айқайлап тұрды. Ол Құдайды келемеждеп, күліп тұрды. — Біреу шығып, менімен күрессін. Егер мен жеңсем, сендер бізге қызмет ететін боласыңдар. Егер ол жеңсе, біз сендердің құлдарың боламыз, — деді ол. Ғолиаттың өзі де, күші де қорқынышты емес еді, бірақ Исраил жеңілсе, оны күтіп тұрған тағдыр қорқынышты болды. Бұл соғыс не бүкіл Исраилдің толық жеңісімен немесе толық жеңілісімен аяқталуы керек еді. Бұған қоса, жау Құдайға күлді. Бұл Құдай мен басқа ұлт өкілінің құдайының арасында шайқас болу керек еді. Батыл Дәуіт осы алыпқа қарсы шықты. Сауыл патша Дәуіттің кішкентай екенін көріп, өзінің соғысқа киетін киімін берді. Бірақ Дәуіт оны күтіп тұрған шайқас тәндік емес, рухани шайқас екенін білді. Оның құтқарылуы мықты қару емес, тек Құдайға деген сенім бола алды. Дәуіт Құдайдың атымен қарсы шықты, алып құлады. Біздің көпшілігіміз тәндік жағдайларға назар аударғанымыз соншалықты, байыпты рухани қиындықтар мен мәселелерді көрмейміз. Біз жетпеген нәрсені жеткізу үшін көбірек күш салуға тырысамыз. Біз ұшы-қиыры жоқ бітпейтін жұмыс пен қызметтен шаршаймыз. Көзге көрініп тұрған дүние бізге қысым көрсетіп, бізді шошытады, осылайша біз алып-жауды көзімізден таса етіп аламыз. Осының салдарынан ол алқымымыздан алып, біздің қозғалуға мұршамызды келтірмей тастайды. Құдай Өзінің әскери-қызметшілері ретінде біздің жауды жеңе алуымыз үшін және Оның Патшалығы үшін ұлы жеңіске жетуіміз үшін, бізді рухани қару-жарақпен және барлық қажет қорлармен жабдықтады \(Еф. 6:13\). **Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар\! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар \(Еф. 6:13, мен астын сызып қойдым. — П.Э.\).** Пауыл жаңадан тәубе еткен сенушілерді біздің жолымызда кездесетін, кез-келген жағдайларда табанды болу үшін Құдайдың қамтамасыз еткен, жаудың жебелерін өткізбейтін қару-жарағымен жабдықталуға жігерлендіреді. Құдай Өз қару-жарағын дене жарақатымыз ащы түбірге айналып, жанымызды құртпау үшін ой-санамыз бен жанымызды қорғау үшін тағайындады. Ефестіктерге арналған хатта \(6:10–18\) Пауыл рухани соғысты жүргізу үшін қолымызда бар қорлар туралы тәлімді қалдырды. 14 аятта Пауыл римдік сарбаздың киімін салыстыру үшін қолданып, рухани қарудың құрамдас бөліктері туралы толық айтады \(Еф. 6:14–18\). **Сонымен, шындықпен «белді бекем буып», әділдікті «сауыт қылып киіп», табанды тұрыңдар\! «Аяқкиімдеріңді де киіп», татуласу туралы Ізгі хабарды таратуға дайын болыңдар\! Бұларға қоса сенімдеріңді «қалқан қылыңдар», онымен шайтанның барлық «отты жебелерін» өшіріп тастай аласыңдар; құтқарылғандықтарыңды «дулыға етіп киіп» қорғаныңдар; Құдай сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар»\! Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінажат ете беріңдер\!... \(Еф. 6:14–18\) ** ##### ҚОРҒАНАТЫН РУХАНИ ҚАРУ Осы үзіндіден Құдайдың қару-жарағының кейбір бөліктері шабуыл жасау үшін \(мысалы, аяқ киім мен семсер сияқты\) қолданатын болғанымен, олар қорғаныс үшін қолданылатынын білеміз. Кейінірек осы екі шабуыл жасау қару-жарақ түрлерін толығырақ қарастыратын боламыз. **1. Шындық белбеуі** Сарбаздың қалың белбеуінде оның қаруы бекітіліп тұратын. Жақсы бекітіліп тұрған белбеу киімнің ыңғайлы әрі сенімді элементі болып табылатын. Белбеуде семсер мен пышаққа арналған орын да болды. Белбеу қаруды белгілі бір, қол жетпейтін жерде сақтауға көмек беретін. Шындық біздің рухани өмірімізде барлығын анықтайды. Шындықты білмей, ненің шындық, ненің өтірік екенін білу мүмкін емес. Рухани соғыста біз өзімізге шындық болып табылатын, Мәсіхтің Өзін «киеміз» \(Жох. 14:6\). Белбеудің қолданылуы осындай. Біз шындық болып табылатын Мәсіхті киген кезде, біз Мәсіхті жариялап, жүріп, сөйлеп «шайқаса аламыз», яғни шындықты жариялай аламыз. Екінші қолданбалы деңгейде белбеу шындықты іздеудегі деректерді табудан жоғары нәрсе болып табылады. Үстіне Құдайдың қару-жарағын асынған, Мәсіхтің сарбаз-қызметшісі шындықты табу үшін, өзінің жалған нанымдарын жеңуге дайын болуы тиіс. Ол өзін алдандыратын ойлармен әуестенуге жол бермей, ақиқатты мойындауға кедергі болатын, тәкаппарлығымен күресуі тиіс және қажет болған жағдайда өзінің көзқарасын өзгертуге дайын болуы керек. Шындық белбеуін кию адамның бүкіл табиғатының біртұтастыққа бірігуін білдіреді. Шындық белбеуі өз әлсіздігі мен күнәға бейімділікті жете түсінуін меңзейді \(Мат. 7:4; 15:19\). Патша Дәуіт: «Сен жүректе шындықтың болуын қалайсың, жан дүниеме даналық та құясың» деген \(Заб. 50:8\). Сондықтан да, сарбаз-қызметші Құдайға сиынған кезде кішіпейіл болып, әділдікті аңсауы қажет. Шындық өтіріктің әкесі, шайтанның өзіне қарсы тұрады. Ол Хауа Анаға тіл қатқан кезде Құдайдың шынайылығына күмән тудырды. Біз Құдайдың шындығын біліп, оған сәйкес әрекет еткен кезде, ол бізді азат етеді \(Жох. 8:32\). Міне, осы себептен Мәсіх Өзінің таудағы уағызын Сөзін тыңдап қана қоймай, оны орындауға шақырумен аяқтады. Біз шындықты естіп, ол бойынша өмір сүретін болсақ, сенімімізді мықты негізге саламыз. Иса — шындық. Біздің жағымыздағы шындық. Шындық жаудың өтірігін жеңеді. Жүрегіңізді шындықпен толтырып, онымен өмір сүріңіз. **2. Әділдік сауыты** Рим империясының сарбазының сауыты оның өмірлік маңызы бар органдары мен денесінің мүшелерін қорғауы тиіс еді. Әдетте, сауыт өнделген былғарының қатты тілімдерінен, ұнтақталған қоладан немесе осының екеуінің қосындысынан жасалынатын. Сауытта сарбаздың дәрежесі мен елдің елтаңбасы ойылып жасалған. Ол сарбаздың кеудесі мен ішін жабатын, ал оның арқасы ашық қалатын. Осылайша сарбаз жаудан қашпай, оған бетімен қарау керектігі білдірілетін. Біз көзге көрінбейтін жаумен күрескендіктен, әрдайым барлық қару-жарақты асынып, дайын болуымыз керек. Біздің сауытымыз темірден жасалмаған, Тірі Құдайдың Рухынан жасалған және ол біздің ішкі «меніміз» үшін өте қолайлы болып табылады. Біздің әділдігіміз темірмен жабылмаған, оны әркім күнделікті өмірде көре алу үшін оны бізге Мәсіх береді. Жау біздің қателігіміз бен кемістігімізге нұсқайтын болады. Ол бізді Құдайдың балалары болуға лайық емес екенімізге сендіргісі келеді. Оныкі дұрыс. Алайда біздің Құдаймен өзара қарым-қатынасымыз өзіміздің әділдігімізге емес, Исаның Құдайдың алдында толығымен әділ болуына негізделген. Біздің күнәміздің құны өтелді. Ол бізге қарағанда, Исаны көреді. **3. Тыныштық кебісі** Тыныштыққа ұмтылу осы дүние сияқты ескі әрі таңертенгі шық сияқты балғын. Иса осы дүниеге келместен бірнеше жүз жылдық бұрын, Ишая пайғамбар: «Татулық туралы ізгі хабарды жеткізушінің таудан асып келгені қандай тамаша\! Ол тыныштықты жариялап, бақыттың жақсы хабарын алып келіп, құтқарылуды паш етеді. Сионға: «Құдайың патшалық құрып жатыр\!» — деп мәлімдейді» \(Ишая 52:7\). Яһудилік пайғамбарлар құдайлық болмысы бар құтқарушының келуін алдын ала болжаған кезде, оны басқа аттармен қатар, Әлем Патшасы деп те атаған. Құтқарушы дүниеге келген кезде, періштелер хоры бақташыларға: «Заңғар көкте Құдай мадақталсын\! Жер жүзінде Өзі риза болған, адамдарға тыныштық болсын\!» — деп жариялады \(Лұқа 2:14\). Сондықтан да, Пауыл Құдайдың қару-жарақ тізіміне Ізгі хабар таратуға дайын болуды қосатыны таңғалдыратын жағдай емес. Құдайдың тыныштығын сыйлаушылар ретінде біз әлемге құрту емес, тыныштық алып келу үшін аяғымызға кебіс киіп, Ізгі хабар таратуға ұмтыламыз. Мәсіх Құдаймен татуласқан адамдарды бір-бірімен өштестікте болмай, қарым-қатынаста болуға ұмтылуға шақырады \(Евр. 12:2\). Сондықтан да, біз тыныштық, кешірім мен үміт туралы хабармен осы күнәкар дүниеге баруға дайын болуымыз керек. Мүмкін, бізді тура өлімге жіберетін шығар, бірақ өлім күштері де бізді жеңе алмайды деп айтылған \(Мат. 16:18\). Дәл осы мағынада біз тыныштық үшін күресуіміз керек. Осылайша, біздің өміріміз Ізгі хабарға бағытталатын болады. Ізгі хабар таратуды үйреніңіздер\! Ізгі хабар өмірімізде жасағанды түсініп алыңыз. Ол басқа адамдарға көмектесе алатыны жайлы ойланыңыз. Құдайдан сізге Ізгі хабар таратуға мүмкіндік беруді сұраңыз. Осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Оны қолдануға дайын болыңыз. **4. Сенім қалқаны** Рим сарбазының қалқаны қорғанысқа арналған еді және ол үнемі семсермен бірге қолданылған. Ол жаудың соққысына төтеп беру үшін қажет болды, ал сол кезде сарбаз семсермен шабуыл жасаған. Біздің сеніміміз рим сарбазының қалқаны іспетті, бұл адамның ой-анасы мен денесі үшін өте мықты болып табылатын, жаудың шабуылына қарсы тұруға мүмкіндік беретін рухани қару. Сенім қалқаны үш қызметті атқарады: • Құтқаратын сенім — Құдайдағы іштей сенімділік; • Бізге қызмет етіп, бізді қызметке жігерлендіретін сенім; • Күнделікті өмірімізде Құдайдың құдіретіне ие, тазартатын сенім. Біз жаудың қаруының отына түскен кезде, біз Құдайдан сенім арқылы қорғаныс іздейміз. Жағдайларға өзіңізді алдауға жол бермеңіз. Көзіңізбен көрген нәрсемен емес, сеніммен өмір сүріңіз. Құдай әлдеқашан жеңісті қамтамасыз етіп қойды деген сенімділікпен өмір сүріңіз. Өміріңізді Оның адалдығына сеніп тапсырыңыз. Оған сенім артыңыз, сонда Ол сізді құтқарады. **5. Құтқарылу дулығасы** Мәсіхтік құтқарылу дулығасы туралы айтқан кезде, Салоникалықтарға арналған хатта Пауыл \(5:8\) былай деп жазған: «Ал біз күндікі болғандықтан салауатты жүрейік, сеніміміз бен сүйіспеншілігімізді «сауыт қылып», мәңгілік құтқарылуға деген үмітімізді «дулыға етіп киейік\!». Сарбаз армандай алатын қарудың ең жақсы түрі — көзге көрінбейтін қару. Пауыл Құдайдың құтқарылуының мәңгі табиғатын біле тұра, қызметші-сарбаздарды мәңгі өмірдің үмітін беретін құтқарылу бас киімін киюге шақырады. Өлімнен қорықпайтын сарбаздар\! Бұл қандай құдыретті күш екенін елестетіп көріңізші\! Құдай құтқарылу бас киімін ой-санамызды қорғау үшін де тағайындап қойған. Жау бізді құтқарылуымыз жайлы күмәндармен шабуыл жасаған кезде, осы бас киім біздің сенімді қорғанысымыз болады. Сіз — Құдайдың сүйікті баласысыз. Ол бізді күнәнің құлдығынан құнымызды төлеп босатып алды. Ол жаудың бізді жеңуіне жол бермейді. Құдаймен өзара қарым-қатынаста болғанда, сіз толық қауіпсіздікте боласыз. Біздің ішкі жан-дүниеміздегі күш жаудың күшіне қарағанда әлдеқайда құдіретті. Ешқандай күмәнға жол бермеңіз. Тәңір Иемен сенімділікпен бірге өмір сүріңіз. ##### ШАБУЫЛ ЖАСАЙТЫН РУХАНИ ҚАРУ Ефестіктерге арналған хаттың 6 тарауындағы Құдайдың қару-жарағының барлық түрлерінің ішінен екеуі шабуыл жасайтын қарудың маңызды түрлері болып табылады. Оларды егжей-тегжейлі қарастырайық. **1. Рухани семсер** Жазба Құдайдың бізге арнаған Сөзі. Оны жақсырақ білуге тырысыңыз. Ол шындық, сенімділік пен жұбаныштың қайнар көзі. Осы Құдайдың Сөзінен сабақ алыңыз. Құдай Жазба арқылы сіздің жүрегіңізге сөйлесін. Оның Сөзі сізге өзіңіз үшін шындықты ашуға, жаудың өтірігін ажыратуға, рухани алдауға қарсы тұруға және айыптарды алып тастауға көмек берсін. Басқа адамдарды Құдайдың сүйіспеншілігі мен кешіріміне сендіру үшін осы Сөзді қолданыңыз. Рухани семсер жаумен күресу үшін бізге ашық Рухпен жігерлендірілген аяттар немесе шындық сөздерін сипаттап көрсетеді. Шайтан Исаны Киелі Рухтың Сөзін қолданып, сынауға тырысқан кезде, Иса осы Сөзді үш рет қолданды. **2. Мінәжат** Дәуіттің Ғолиатпен шайқасы сақпанмен тас атқан кезде жеңіске жеткен жоқ. Дәуіт тірі Құдаймен өзара тығыз қарым-қатынас жасау арқылы жеңіске жетті. Шайқастағы жеңіс немесе жеңіліс біздің Құдаймен өзара қарым-қатынасмызға байланысты болады. Мінәжат — Құдаймен сөйлесу, сіз Оған сөйлейсіз, ал Ол сізге сөйлейді. Мінәжат қара түнектің күштеріне қарсы тұру, мінәжат осы дүниедегі оқиғалар мен жағдайларды өзгертеді. Мінәжат біз шайқаспастан бұрын Құдайдың жеңісінің расталуы. Мінәжат — қарым-қатынас, сондай-ақ іс-әрекет. Мінәжат Құдайдың алдында үздіксіз және тұрақты өмір сүру. Мінәжат Оның жетелеуі үшін ашық жүрек. Мінәжат Құдаймен үнемі қарым-қатынас жасау, өйткені Исаның тапсырмасын аяқтау үшін мінәжат қажет. ##### ҚҰДАЙДЫҢ ҚАРУ-ЖАРАҒЫ Киелі кітап бізге Құдайдың қару-жарағын қолдануды, яғни толығымен қолдануды анық бұйырады. Әдетте, біз негізгі қару-жарақты алу әбден жеткілікті деп санаймыз. Алайда егер бізде бір қару-жарақ болмай қалса, онда біздің әлсіз жеріміз пайда болады, сөйтіп шайтанның зиян келтіруіне орын табылады, осының нәтижесінде біздің сеніміміз шайқалып, біз табанды бола алмай қаламыз \(1 Пет. 5:8–9\). Киелі кітаптың ағылшын тіліндегі жаңа аудармасында бұл туралы былай делінген: «Шайтанның барлық өтіріктеріне қарсы тұра алу үшін, Құдайдың қару-жарағымен толық жабдықталыңдар». Әрі қарай: «Қиын жағдайда жауға қарсы тұру үшін және шайқастан кейін де, табанды тұруды жалғастыру үшін бүкіл қару-жарақты қолданыңыз». \(Еф. 6:11–13, мен өзім астын сызып қойдым П.Э.\) Олай болса, Құдайдың қару-жарағы деген ұғым нені білдіреді? Жаңа ағылшын аудармасы былай деп түсіндіреді: «Өз ұстанымызда табанды тұрыңыз, өзіңізге шындықтың белбеуі мен Құдайдың әділдігінің сауытын киіп алыңыз, аяғыңызға тыныштық аяқ киімін киіңіз, дайындығыңыз толық болуы үшін, әр шайқаста сізге бағытталған шайтанның жебелерін тоқтату үшін, қалқанның рөлін атқаратын сенім керек болады. Құтқарылуды дулыға ретінде киіп, Құдай Сөзі болып табылатын, рухани семсерді алыңыз, барлық уақытта, барлық нәрсе үшін Киелі Рухтың құдіретімен мінәжат етіңіз. Бүкіл әлемдегі барлық мәсіхшілер үшін сергек болып, мінәжат етуде табаңды болыңыздар» \(Еф. 6:14–8 мен астын сызып қойдым, П. Э.\) Бізге осы сөздер туралы ойланып-толғану керек. Біз ниетіміз бен істерімізде үнемі шындықта өмір сүреміз бе, әлде өзімізді де, басқаларды да осыған қатысты алдап жүрміз бе? Құдайдың әділдігін жамылып, өз ережелерімізбен өмір сүріп жүрміз бе? Құтқарылуымызда сенімділікпен өмір сүреміз бе? Белсенді татуластырушы болуға дайынбыз ба? Біз сеніммен әрекет етеміз бе, әлде қорқынышпен әрекет етеміз бе? Біз Құдай Сөзін қолданамыз ба, әлде өз сөздерімізді қолданамыз ба? Киелі Рухтың құдіретімен мінәжат етеміз бе, әлде біздің мінәжаттарымыз үстіртін және өзімшіл ме? Айналамыздағы майданда болып жатқан шайқасқа сезімталмыз ба, әлде басқа бір нәрсеге назар аударымыз ба? Басқа мәсіхшілер үшін мінәжат еткен кезде табандымыз ба және олар өздерінің жалғыз емес екендігін біліп, шайқаста бірге соғыса алулары үшін оларды қолдап, Киелі Рухтың құдіретінде нығайтамыз ба? Егер өміріміздегi осы салалардың ең болмағанда біреуі әлсіз болса, онда бізге осы әлсіз буынды нығайту қажет. Құдайдың өсиеттеріне мойынсұнып, зұлым күштерді жеңу үшін осы салалар сенімді болуы үшін, қолымыздан келгеннің бәрін істеуіміз қажет. ###### Топтағы сабақтар **Рөлдік жаттығулар:** Өз тобыңызда Рим сарбазының қару-жарақты кию үдерісін және оны қалай қолданатынын көрініс ретінде көрсетіңіз. Осы қару-жарақтың біреуі болмаған кездегі әлсіздікті ойнап көрсетіңіз. Бәріңіз бірге рухани қару-жарақтың әр түрін қолдану саласын кеңейтуге тырысыңыз. Тобыңыздың және қауымыңыздың рухани мұқтаждықтарына мінәжат етуге уақыт бөліңіз. Бүкіл әлемдегі қудаланған сенушілерді де есіңізге алыңыз. **Жеке тапсырмалар:** 1. Патшалықтардың 1 кітабының 17 тарауын оқып шығыңыз, рухани соғысты жүргізудің қағидаларын атап шығыңыз. 2. Дәуіт Ефестіктерге арналған хатта сипатталған, Құдайдың қару-жарағын қалай қолданғанын талқылаңыз. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Құдайдың қару-жарағының әрбір элементінің іс-жүзінде қолдануын талқылаңыз. 2. Шынайы өмірде Құдайдың қару-жарағын қолданып жатқанымызға қалай сенімді бола аламыз? 3. Рухани соғыста қорғаныс пен күшті қолдану қағидаларын түсіндіру үшін, рим сарбазынан басқа замануи қандай бейнені қолдануға болады? Үндістанда мысалы, мәсіхшілер қатты соққы беруге дайын тұрған, крикетир бейнесін қолданады. Канадада қатты жылдамдықпен өзіне қарай ұшып келе жатқан дойбыны қағып алуға дайын тұрған, хоккей тобының қақпақшасының бейнесін қолданады. Жапонияда осы бейне ойын кезінде оны қорғайтын, костюм киген, бейсболист арқылы көрсетілген. 4. Осы тараудың соңында берілген сұрақтарға жауап беріңіздер. ### Он үшінші тарау #### Құдайдың қолдауы: Киелі рух *Cонымен, өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білсеңдер, көктегі Әкенің Өзінен сұрағандарға Киелі Рухын сыйлайтыны ешбір шүбәсіз\!* Лұқа 11:13 Егер мәсіхшілер Құдай алдын-ала өмірлеріндегі барлық сынақтарды ойластырып қойғанына сенбесе, олардың өштестік жағдайға қарамастан, Мәсіхте толық өмір сүруге деген ұмтылыстары қайғылы аяқталуы мүмкін. Тіпті, әлем жаратылмастан бұрын, мәңгілік Құдай, жаудың бізге қарсы жоспарлаған барлық шабуылдары туралы білді және Өзінің көрегендігімен бізге жеңісті қамтамасыз етіп қойды. Алдыңғы тарауларда Құдай біздің кез-келген жағдайда табанды тұруымыз үшін қамтамасыз еткен, қорғаныс қару-жарақтары туралы қарастырдық. Келесі үшінші тарауда біз Құдайдың Өзінің қауымына шайтанды жеңу үшін ұсынған қару-жарақтың үш түрін қарастырамыз: Киелі Рух, Киелі кітап пен мінәжат. ##### КИЕЛІ РУХ Қауымның бүкіл тарихы бойына оның басты тұжырымдамаларының бірі Үшбірлік туралы ілім болды. Киелі кітаптағы тірі Құдай ол жалғыз Құдай, бірақ Ол бізге Өзін үш болмыс арқылы немесе тұлға арқылы ашып көрсетті: Құдай Әкенің, біз Иса Мәсіх деп атайтын, Құдай Ұлының және Құдай Киелі Рухтың тұлғалары. Бұл аса маңызды құпияны санамен түсіну мүмкін емес, бірақ сеніммен қабылдауға болады. Бүкіл әлемдегі көптеген сенушілер Үшбірліктегі Құдай туралы осы ілімді түсінбей және ол туралы тіпті білмей, Оның өздеріне деген әсерін сезінгені және Оны жақыннан танып білгені таңқаларлық нәрсе. Сенушілердің көпшілік бөлігі Құдай Әкені Әлемнің билеушісі және көктегі мәңгілік құдайлық құдірет иесі ретінде мойындайды. Мәсіхшілер арасында жалпыға ортақ шындық — бүкіл әлемнің Құдайы өзін Сөзі \(Киелі кітап\) арқылы ашты. Содан кейін Ұлы, Иса Мәсіх арқылы жер бетіне адам кейпінде келу арқылы ашты, содан кейін терең жүрек түкпірінде жеке қарым-қатынас деңгейінде Киелі Рух арқылы ашты. Сенушілер Үшбірліктің үшінші тұлғасын бәрінен азырақ түсінетін сияқты. Бірақ Киелі кітапқа сай Киелі Рух біздің Мәсіхпен өмір сүруімізге бәрінен көбірек көмек береді. Біз Иса Мәсіхті жүрегімізге Құтқарушы ретінде шақырған кезде, Киелі Рух біздің жүрегімізден орын алып, біздің Құдайға ұнамды өмір сүруімізге мүмкіндік беріп, біздің бойымызда өмір сүре бастайды. Киелі Рухтың тұлғасы мен әрекеті туралы түсініктің болмауын және дұрыс емес тәлімді, екі негізгі қате арқылы түсіндіруге болатын шығар. Біріншіден, Киелі Рух «оны мадақтайды» деген сөзді кейбір адамдар Рухпен жігерлендірілген ілімнің басты тақырыбы Исаның Өзі болады деп сенеді \(Жох. 16:14\). Сондықтан да, мұндай адамдар Киелі Рухты жете түсінбейді. Осыда олардың Жазбаға шындығымен өмір сүруге деген игі тілегі көрінеді, алайда осы арқылы олар Жаңа Өсиеттегі Киелі Рухтың тұлғасы мен жоспарларына деген көптеген сілтемені жіберіп алады. Жаңа Келісімнің туындыгерлері осы үзінділерді жазған кезде Киелі Рухтың жетегінде болды ма? Әрине, болды. Былай деп қорытынды жасауға болады: Киелі Рух Мәсіхті мадақтайтын қауымдағы Оның қызметін түсінгенімізді қалайды. Бұған қоса, мәсіхшілер Киелі Рух олар үшін не істей алатынын түсінген кезде, оларға Мәсіхті мадақтайтын өмірмен өмір сүру оңай болады. Мәсіхтік тәлімде Киелі Рух тұлғасы мен әрекетіне лайықты орын берілмейтіндігінің екінші себебі — Киелі Рухтың қызметі тым серпінді және болжап болмайтындай болып көрінуі мүмкін. Елшілер істері кітабындағы әңгімелерден Киелі Рух бір рет орнатылған үлгі бойынша әрекет етпейді деп қорытынды жасауға болады. Ол бізге бірдей болып көрінетін жағдайларға әр кезде, әр түрлі жолдармен жауап береді. Осындай ретсіз жағдайда Киелі Рухтың әрекетін алдын-ала болжап айту мүмкін емес, сондықтан да, дәстүрлі қауымдарда оларды есепке алмайды. Иса бізді жалғыз қалдырмайтыны, қайта бізге Қамқоршы жіберетіні туралы айтты. Ол бізбен бірге мәңгі болады \(Жох. 14:16–18\). Ол сонымен қатар Киелі Рухтың бізді үйрететіні жайлы айтты \(Жох. 14:26\). Иса оны шындық Рухы деп атады \(Жох. 14:17\). Киелі Рух сенушінің өмірінде шынайы болғаны соншалықты, оның қасиеттері мен атқаратын қызметтерін атап өткен пайдалы болар еді: • Ол біздің болашақта алатын игіліктеріміздің бастапқы бөлігі әрі кепілі \(Еф. 1:14\); • Ол бізді жұбатады \(Жох. 14:16\); • Ол осы дүниені әшкерелейді \(Жох. 16:8\); • Ол үйретеді \(Жох. 14:26\); • Ол еске салады \(Жох. 14:26\); • Ол Мәсіх туралы куәлік етеді \(Жох. 15:26\); • Ол кез келген шындыққа үйретеді \(Жох. 16:13; Рим. 8:14\); • Ол Исадан алып, бізге жариялайды \(Жох. 16:14; Лұқа 2:26\); • Ол Мәсіхті мадақтайды \(Жох. 16:14\); • Ол бізге күш береді \(Елш. 1:8\); • Ол біз арқылы сөйлейді \(Елш. 4:31\); • Ол бізге сөйлейді \(Жох. 16:3\); • Ол біздің бойымызда куәлік етеді \(Рим. 8:16\); • Ол бізді нығайтады \(Рим. 8:26\); • Ол біз үшін қамқорлық жасайды \(Рим. 8:26\); • Ол рухани сыйлар береді \(1Қор. 12:4–11\); • Ол жаңартады \(Тит 3:5\); • Ол уәденің мөрін қояды \(біздің Құдайдың меншігі екендігіміздің белгісі\) \(Еф. 1:13\); • Ол біздің бойымызда Өз жемісін береді \(Ғал. 5:22\) Келтірілген тізімнен бізге бір жағынан, Киелі Рухты мойындамау туралы кеңінен тараған қателерден және Киелі Рухты елемеуден аулақ болу керек екеніміз көрініп тұр, екінші жағынан, Оған сезімнің қайнар көзі ретінде ұмтылмау. Мәсіхші өштестік жағдайда бола ма, жоқ па, маңызды емес, ол өзінің өміріндегі Киелі Рухтың атқаратын қызметтерінің жүзеге асырылуын көруі қажет. Жоғарыда аталған Киелі Рухтың атқаратын қызметтері мен қасиеттерін есепке алмастан, біздің осы күнәкар дүниеге ұсынатын нәрсеміз жоқ және біздің оған тіпті бір нәрсе ұсынуға күшіміз де жоқ. Біздің өмірімізге қарап адамдар Киелі Рухтың жетегінде өмір сүреді деп айтатындай болуы үшін, әрбір мәсіхші Киелі Рухтың жетелеуімен өмір сүруі қажет. \(Ғал. 5:25\). Пауыл сенуші ғалаттықтарға олардың өмірі Құдайдың кереметінен басталғанын есіне салады, яғни көктен туылудан және олар осындай өмірдің жалғасын тек Құдайдың күшімен ғана болатынын күте алады. Бұл мұқтаждық қудалаулар жағдайында аса қажет. Қиын кезде Одан не күту керек екенін білу үшін, Киелі Рухтың осы атқаратын қызметтерінің тізімін еске сақтау қажет шығар. Бір күні біздің Қытайдағы миссиямыздың бір курьері тәуекелге бел буатын жағдайға тап болды, шекарада оған әдейі сұрақтар қоя бастаған кезде, ол не айтарын білмеді. Сол кезде ол қажет жағдайда Киелі Рух оған керекті сөздерді береді деген Киелі кітаптық уәдені есіне алды, бір секундтан соң бір қытайлық әңгімені айтып беріп, әңгімені басқа жаққа бұрып жібереді. Кейінірек ол Қытай тарихынан осы әңгімені есіне сақтағаны есінде жоқ екенін айтты. Киелі Рух оның аузына оны құтқаратын сөздерді дер кезінде берді. «Өмірлеріңде игі ісін бастаған Құдайдың оны жалғастыра беріп, Мәсіх қайта оралар күнге дейін толықтай аяқтайтынына кәміл сенемін» деген Киелі кітап сөздерін есіңізден шығармаңыз \(Філ. 1:6\). Егер біз сенуші болсақ, демек бұл Киелі Рух біздің бойымызда белсенді әрекет етеді дегенді білдіреді. ##### КИЕЛІ РУХТЫҢ ҚҰДІРЕТІ Қауым басшылары үшін Киелі Рухтың барлық атқаратын қызметтері қаншалықты маңызды екеніне назар аударыңыз. Қауым қиын жағдайға тап болған кезде Киелі Рухтың басқаруы, әсіресе, маңызды. Батыста қабылданған бір адамның қолындағы қауым басшылығы жазалаушы тәртіп жағдайында қолайсыз. Біріншіден, қауымды осылай басқару Киелі кітаптық қағидаларға негізделмеген, екіншіден, билік иелеріне негізгі адамды алып тастап, қауымның белсенді өміріне кедергі жасау оңай болады. Бағушымен немесе ұстазбен басқарылатын қауымның стилі, қауым биліктегі тәртіппен қатар өмір сүруді немесе оған қарсы тұруды шеше ме немесе жасырын бола ма бұған тәуелсіз өзгеруі тиіс. Осы тәртіппен қатар өмір сүретін немесе қарсы тұратын қауым бағушылардың қызметі үнемі бақыланып отырады. Бағушылар билік иелерінің назарында қалуы мүмкін, ал жай қарапайым мүшелері науқастарға барып, жастар мен жаңадан тәубе еткен мәсіхшілерді үйрете алады. Бағушы қауым мүшлерін қолдап, жігерлендіру үшін олармен кездесе алмайды, ал осындай жағдайда қауымның қалған мүшелері өздерінің бауырластарының осы мұқтаждықтарын қанағаттандыра ала ма? Егер Киелі Рух Құдайға өздерін арнаған адамдарды табатын болса, Ол олардың жүрегін Өзімен толтырып, бұрын ешқашан олар орындауға тырыспаған, басшының міндеттерін орындау үшін бағыттайды. Бір елде үстемдік орнатылған кезде үкімет басындағы шенеуніктердің қолында әлдеқашан мәсіхтік жетекшілердің тізімі болды. Қауымда толық жұмыс күні жұмыс істейтін әр қауым қызметшісі «белгіленген» болып саналатын. Въетнамда қауымда толық жұмыс күнінде қызмет етпейтін, қарапайым қатардағы мүшелердің қатарында тұрған жетекшілер де «белгіленген» болып шықты. Бұл адамдардың жасырын қызмет етуге мүмкіндігі болмады. Олардың Тәңір Иеге деген сенімдерін ашық мойындап, оның салдарын қабылдауына немесе рухани жеңілісті мойындауына тура келді. Осындай қайғылы жағдайға түскен сенушілер үшін бүкіл жамағат болып мінәжат ету керек. Еліңіздегі мәсіхтік әлем жетекшілерінен қол үзді делік. Шатасу немесе дүрбелең кезінде кейбір мәсіхшілер басқа жерлерге барып, жасырынып, сол жерде қызметін жалғастыра алады, бірақ оларға жұмыстарын тастауына тура келеді. Осындай топтарға кім жетекші бола алады? Үйдегі және отбасылық қауымдарға кім жетекшілік ете алады? Осындай жағдайларда Құдай бұрынғы заманда жасағанындай, Киелі Рухтың көмегімен Өз жетекшілерін көтеріп, қауымдарды олармен жабдықтайды. Қарым-қатынас жасау топтарының мүшелері Киелі Рухтың жетегін және Киелі Рух тағайындайтын жетекшілерді қабылдауға дайын болуы тиіс. Елшілер істері кітабындағы елші Пауылмен ұсынылған Жаңа Келісім тұсындағы қауым үлгісіне тағы бір рет қараңызшы. Шағын қауым жиналысындағы басшылық Киелі Рухтың жетегімен бірнеше адамның тыныштықта бірге жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады, олар қалған сенушілерді жұбатып, қолдап, жігерлендіретін болады. Қарым-қатынас тобындағы сенушілер Құдайдың алдында діни қызметкер екенін және оларды үнемі Киелі Рух басқарытынын түсінген кезде, оларға Құдаймен қарым-қатынас жасау үшін Исадан басқа, дәнекердің қажеті жоқ \(1 Пет. 2:5; 1 Тім. 2:5\) әрі олар дұрыс әрекет ететін болады. Киелі кітап Мәсіх қауым басы, ал біз барлығымыз Оның денесінің мүшесіміз дейді \(Еф. 1:22–23\). Миыңыздың айтқанын орындайтын қолыңызға қосымша басшы керек пе? Қарапайым сенушілер Тәңір Иеге тікелей мінәжат ете алатынын, Киелі Рухтың жетегімен Жазба үзіндісін түсінген кезде, олар кез келген жағдайда және кез келген ортада сыналған және адал жолға тұрады. Осылайша бір қобылжытатын аяннан екіншісіне сапар басталады. Мұндай мәсіхшілер басқа адамдарға қызмет етулері үшін Киелі Рухтың жұмысына жол береді. Жер бетіндегі ешқандай билік мұндай рухани қауымды құрта алмайды\! Қытайда бір мәсіхші әйел шахтада қауісіздік қызметін басқарды. Бір күні ол кенеттен Киелі Рух оны қауіп дабылын соғуды шақырып жатқанын сезеді, бірақ алаңдау үшін ешқандай себеп болған жоқ, бәрі тыныш болған сияқты болып көрінді, ол ішкі дауысқа бағынып, дабылды басты. Барлық шахташыларды шахтадан шығарды. Олар шахтаға кіреберісте жиналған кезде, әйел қателік жасадым ба деп ойлады. Бірақ бір минуттан соң жер сілкінісі басталып, шахта құлап қалды. Осы әйелдің сезімталдығы мен Киелі Рухқа бағынуға деген дайындығының арқасында осы адамдардың өмірлері құтқарылды. Бұған қоса, төрт жүз шахтер Мәсіх оларды қалай құтқарғанын білген соң, Мәсіхке сенім артты. ##### БАРЛЫҒЫНЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ** **ЖЕКЕ РУХАНИ дарындар Киелі Рухтың арқасында қолайлы болған осындай рухани күшті қолданар алдында, бізге әр сенушінің өміріндегі Киелі Рухтың іс-әрекетін түсініп алу керек. Онымен байланысты негізгі түсініктерді есімізге алайық: • Ол — Құдай \(Жар. 1:2\) • Ол — мәңгі \(Евр. 9:14\); • Ол сенушінің жан-дүниесінде мекендейді \(1 Қор. 3:16; Рим. 8:9\); • Ол сенушіні ешқашан жалғыз қалдырмайды \(Жох. 14:16\); • Оның болуы рухани жемістерден көрінеді \(Ғал. 5:22–23\); • Ол жауға қарсы тұруға күш береді \(Жақ. 4:7; Лұқа 9:1–2\) Осы деректерді нақты түсініп алып, сенушілер кез келген жағдайда жеңіске жете алады. Әрбір сенуші Петірдің мына үзінділерде нені меңзеп тұрғанын \(1 Пет. 2:5\) «Сендер де рухани үйге \(яғни қауымға\) қаланған тірі тастар сияқтысыңдар. Сендер Иса Мәсіхке бола Құдайға ұнамды рухани сый-тартулар ұсынып, Оған бағышталған қасиетті қызмет атқарудасыңдар» және «Ал сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Құдайдың қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар\!» \(1 Пет. 2:9\) — жақсылап түсініп алуы қажет. Осы тәлімнің мағынасы жағымсыз жағдайға тап болған мәсіхшілер үшін орасан зор. Қауымның әдеттегі қызмет түрлерінен ажыраса да, олар үйлерінде, отбасында қауымның барлық бес қызметін орындай алады. Бұған куәлік айту, Мәсіхтегі құтқарылуға ие болу үшін сенбеушілерге арналған уағыз, жаңадан тәубе еткендерді шомылдыру рәсімінен өткізу және Тәңір кешіне қатысу жатады. Алайда Киелі Рух рухани жетекші болуға құқығында сенімді емес сенушілерді қолдана алмайды. Сондықтан да, біз Киелі кітаптық тәлімде нақты тұруымыз керек, бұл тәлім бойынша Иса Мәсіх — қауымның Басы. Ол осы орынды ұйымдарға да, жеке адамдарға да тапсырған жоқ, сондықтан да, Ол Құдай мен адамдар арасындағы жалғыз бір дәнекер болып табылады. Осы мәселені көтермеудің негізінде әр түрлі мәселелер пайда болуы мүмкін, Қытайдағы біздің өкілімізге он жыл бойы Құдайға табына алмағанын айтқан бір қытайлықтың айтқаны жақсы мысал. Біздің таңғалған қызметші не нәрсе кедергі болғанын сұраған кезде, ол оның діни қызметкерінің тұтқындалғаны туралы айтты. Осы адам Иса Мәсіхке сенуші адам тікелей келе алатынын білмегені қандай өкі- нішті. Қауымның Басы ретінде Иса Мәсіх Киелі Рухтың құдіретіне бөлеуді жалғастырады \(Елш. 2:33\). Киелі Рух сенушілердің әр тобының мұқтаждықтарын қамтамасыз ете алатынында сенуге болады. Ол оның мүшелеріне топты нығайту үшін рухани дарындарды береді \(Рим. 12:3–8\). Бір адамның Мәсіхтің денесі қарым-қатынас жасау үшін барлық рухани дарындарға ие болуы мүмкін емес. Әдетте, әр сенуші бір рухани дарынға ие, ол басқалардың игілігі үшін оны қолдана алады. Сенушілер тобында қолдануға дайын болулары үшін Киелі Рухтың рухани дарындары туралы үзінділерді жақсы білу керек. Пауыл Ефестегі қауымға келесі сөздерді айтты: «Ал әрқайсымызға Мәсіхтің рақым етіп үлестіріп берген ерекше рухани дарындарымыз бар ... Ол рухани дарындар сыйлап, сенушілердің біреулерін елші, біреулерін пайғамбар, тағы басқаларын Ізгі хабарды таратушы, енді біреулерін қауымның рухани бағушысы немесе тәлімгері етіп тағайындады. Олар Құдайдың халқын өз қызметтерін атқаруға дайындауға тиіс. Соның нәтижесінде Мәсіхтің рухани денесі өсіп, күшейе бермек» \(Еф. 4:7; 11–12\). Қорынттықтарға да ол былай деп түсіндіреді: «Енді рухани дарындарға тоқталайын, қымбатты бауырластар, сендердің бұларды дұрыс түсінбегендеріңді қаламаймын... Ол өз Рухының өмірлеріңде бар екенін әрқайсыңа бәрінің игілігі үшін көрсетеді. Кейбіреуге Киелі Рухтан даналық сөз, ал басқасына дәл сол Рухтан білімге толы сөз беріледі. Киелі Рух кейбіреуге ерекше сенім дарытса, сол Рух тағы біреуге сауықтыру дарынын береді. Ол біреуге кереметтер жасауды, өзгесіне Құдайдың хабарын жеткізуді, ал басқа біреуіне рухтардың түрлерін ажырата білуді, келесіге түрлі бөтен тілдерде сөйлеуді, ал тағы біреуге соларды түсіндіруді сыйлайды. Бұлардың бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің қалауынша әркімге жекелеп үлестіріп береді» \(1 Қор. 12:1; 7–11\). Егер біз Киелі Рухтың арамызда еркін іс-әрекет етуін қаласақ, Ол біз мұқтаж болған жетекшілерді бізге бере алады. Петір біздің әрқайсымызды бір-бірімізге қызмет етуге шақырады: «Тәңір Ие рақым етіп сыйлаған алуан түрлі рухани дарындарыңды жақсылап қолданыңдар. Әрқайсыларың қабылдаған дарындарыңмен бір-біріңе адал қызмет етіңдер» \(1 Пет. 4:10\). ##### КИЕЛІ РУХТЫҢ ЖЕМІСТЕРІ Рухтың жетегіндегі сөз бен іспен үйрену арқылы Киелі Рухтың жемістерінің көрінуі аса маңызды. Ғалаттықтарға арналған хатта \(5:22–23\) Киелі Рухтың жемістері қандай болатынын оқимыз: «Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық». Киелі Рухтың жемістерінің тізімі адамның мінез-құлқына тікелей қатысты. Бұл жемістер Киелі Рухтың рақымында көрінеді және Оның дарындарынан ерекшеленеді. Адамның ерекше дарыны көрінбестен бұрын, оның мінез-құлқы қалыптасуы қажет. Пауыл өз тізімін сүйіспеншіліктен бастайды, өйткені қалған жемістер сүйіспеншіліктен туындайды. Жемістердің бірінші тобы — сүйіспеншілік, қуаныш пен тыныштық — бұлар мәсіхшінің Құдайға ұмтылуын көрсетеді. Екінші топ — төзімділік, рақым мен жанашырлық — сенушінің басқа адамдарға деген көзқарасын білдіреді. Үшінші топ — сенім, кішіпейілділік және ұстамдылық — мәсіхшінің өзіне қоятын талабын сипаттайды. Адамды тәрбиелеу үшін оның бойында Киелі Рухтың жемістері көрінгені аса маңызды. Рух сенушінің бойында Өз жемістерін өсірген кезде, Құдай мадақталады. Рухтың жемістері Рух пен Сөз мол ортада өседі. «Рухтың жетегін- де өмір сүру» дегеніміз Онымен қолтықтасып бірге жүру дегенді білдіреді. Оның алдына түсіп жүгірмеу немесе артта қалып қоймау, Онымен бірге адымдап жүру. Құдайдың алдында ұнамды өмір сүрудің мағынасы — Киелі Рухпен өзара тірі қарым-қатынас жасауда болып табылады. Рухтың рухани дарындарының қорытынды тізімін Ефестіктерге арналған хаттың 5:9 аятынан табамыз. Егер осы жерде жазылған жемістер өмірімізде болса және біз Киелі Рухқа рухани сыйларды қолданып, өзімізді нығайтуға мүмкіндік берсек, мәсіхтік куәлігіміз бізге жеңімпаз болуға қол ұшын береді. ###### Топтағы сабақтар **Рөлдік жаттығулар:** Сіз тобыңызбен Киелі Рухтың атқаратын қызметтерін қайталап, осы қызметтерді күнделікті өмірде жүзеге асырумен бөлісіп жатырсыз. Бірінші осы қызметтерді атап шығудан бастаңыз. Содан кейін қатысушылардың қайсысы соңғы бірнеше күннің ішінде Киелі Рух белгілі бір жағдайларда оларды жұбатқанын сезгенін сұраңыз. Сенушілерден осы туралы айтып беруді сұраңыз. Неліктен олар Киелі Рухтың барлық қызметтерінің жүзеге асырылуын көрмей жүргенін талқылаңыз. Киелі Рух сіздің өміріңіздің әрбір саласын бақылауы туралы мінәжат етіңіз. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Шайтан біздің Өзін үш тұлғада ашып көрсеткен, Құдайды жеке тұлға ретінде қабылдауымызға қолынан келгенше қарсы шығады. Осы тәлімге қарсы шығудың нақты мысалдары туралы айтып беріңіз. Сенушілерге осы тәлімді қалай түсінуге болады? 2. Киелі Рухтың қандай қызметтері сізге әсіресе маңызды болып көрінеді? 3. Өміріңіздің қандай салаларында Киелі Рухтың іс-әрекетін байқағаныңыз туралы айтып беріңіз. 4. Киелі Рухтың рухани дарындарын тағы бір рет атап шығыңыз. Тобыңыздың мүшелері қандай рухани дарындарға ие деп ойлайсыз? Сіз өзіңіз қандай рухани дарынға иесіз? 5. Киелі Рухтың қызметінің жемістерін атап шығыңыз. Өміріңізде Киелі Рухтың жемістері көрінетінін қалай анықтауға болады? Сіздің бойыңыздан олар көріне ме? Тобыңызда ше? ### Он төртінші тарау #### Құдайдың қолдауы: Киелі Кітап *Осындайлар Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхті танып білгендері арқылы осы дүниелік арамдықтардан арылып, құтылған болатын. Алайда кейін қайтадан олардың шырмауына түсіп, жеңіледі. Сонда олардың соңғы жағдайы бұрынғысынан да мүшкіл болмақ. Олар үшін әділет жолын танып біліп, Мәсіхтің тапсырған қасиетті өсиеттерін қабылдап, кейін кері бұрылғаннан гөрі, сол жолды мүлдем білмегендері жақсы болар еді.* 2 Пет. 1:20–21 Даниэль креслода басын шайқап отырды. Ол жаңа ғана өзінің ұзақ Қытай Халық Респбуликасынан сапарынан қайтып келді енді өзінің Сингапурдағы ыңғайлы еркін үйінде өз әсерлері мен алынған ақпаратты қорытындылауға тырысты. — Даниэль өзіңнің сапарынан нені білдің? — одан сұрады. Даниэль басын шайқап, жымиып отыра берді. Ақыр соңында ол сөйлейді: — Қорытынды деп бір үйдегі қауымға баруды атауға болатын шығар, — ойланып отырып айтты ол. — Оның бірнеше жүз мүшесі бар, соңғы жылдары олар қатал қудалауларды басынан өткізген екен. Мен олардан осындай жағдайда қалайша жеңімпаз мәсіхші болып қала бере алатындарын және тіпті сан жағынан өсетіндері туралы сұрадым. Олар тез арада жауап берді. Біріншіден, Құдай Сөзіне мойынсұну. Екіншіден, Құдаймен қарым-қатынас жасау, яғни мінәжат ету. Үшіншіден, бауырластарға деген сүйіспеншілік. Бұл топ апта сайын Киелі кітаптан бір тарауды жаттап алады екен. Бұны олар Киелі кітап жетіспеушіліктен бастаған екен, содан кейін мұның қандай жарылқау екендігін түсініп, жалғастырды. ##### ЖІГЕРЛЕНДІРУДІҢ БАСТЫ КӨЗІ Киелі кітап — Құдайдың Өзі және Өзінің адамдармен қарым-қатынас жасауға деген қалауы жайлы жазылған аяны. Бұл Құдайдың тұлғасы жайлы аян ғана емес, сонымен қатар Оның әлемді құтқару туралы күрделі жоспары туралы аян. Егер Құдай Өзін ашып көрсетпесе, адамдар біздің күрделі Құдайды ешқашан түсінбес еді. Әрине, Құдайдың ұлы аяны — Оның Ұлы Иса Мәсіх болды. Ол біздің арамызда өмір сүруге келді. Тіпті біздің осы аянды түсінуіміз де Киелі кітапта жазылған Құдайдың Сөзіне байланысты. Шайтан соңғы дәуірде Киелі кітапты дұрыс емес кітап ретінде көрсету мақсатында нағыз үгіттеу жұмысын жүргізді. Ол мәсіхшілердің Киелі кітапқа деген сенімін жоғалтқанын қалайды. Бірақ бұған қарамастан осы кітаптың дұрыс еместігін дәлелдеу үшін, оның қолынан ешнәрсе келмейді. Ол адамзатқа белгілі жалғыз толық ақиқат болып қала береді. Киелі кітап — Құдайдың бізге берген сенімінің негізі. Көптеген мәсіхшілер оның тәлімінен ауытқыды, соның салдарынан олар азап шекті. Бірақ әдетте, мәсіхшілер одан мәсіхтік тәлімді білмеген кезде немесе түсінбеген кезде ауытқиды. Қауым Құдай Сөзі не нәрсеге үйретінін білген кезде ғана, оған адал бола алады. Құдай Сөзін оқып-зерттеу мәсіхтік сенімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Мәсіхшілер Құдай Сөзіне күмәнданған кезде, оны қабылдамай, ауытқыған кезде олар рухани әлсіз болады. Киелі кітап қағидаларының негізінде салынған көптеген сенушілердің ұйымдары дәл осы себеппен рухани әсерін жоғалтты. Тек Құдай Сөзінің беделіне қайтып оралу ғана және оның тәлімінің қағидаларына адал болу ғана рухани өмірді қалпына келтіре алады. Киелі кітап Құдай Сөзі деп айтылуға деген құқығын анық айтады: «Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді. Осылай Құдайдың адамы барша игі іске дайындалып, толықтай даяр болмақ» \(2 Тім. 3:16–17; 2 Пет. 1:21\). Иса Жазбаны оқып-зерттеуді бізге өсиет еткен: «Сендер Киелі жазбаларды зерттеңдер, ...Ал олар Мен туралы куәлік етеді ғой\!» \(Жох. 5:39\). Біз қауымда үйренетін барлық нәрсе Киелі кітапқа негізделуі тиіс. Сіз біздің әр қағидамызды Киелі кітаптан алынған сілтемемен растап отырғанымызды байқаған шығарсыз. Келтірілген үзінділерді тағы бір қарап шығып, бұл сабақтар сізді тек Киелі кітаптық тәлімде ғана жігерлендіретініне көзіңізді жеткізіңіз. Киелі кітаптың не нәрсені үйрететінін түсінбестен, қауым шындықтағы өмірге үміт арта алмайды. ##### ЖАЗБАНЫҢ БЕДЕЛІ Еркін әлемдегі мәсіхшілер Киелі кітаптың маңыздылығын мойындайды, бірақ оған деген қолдары еркін жетіп тұрғандықтан, оны кейде бағаламайды. Егер ол қол жетерлік болуын тоқтатса ше? «Жүрегіңізде Құдайдың сөздерін сақтадыңыз ба?» \(Заб. 118:11\). Тәңір Иеге адал болып қалу үшін, қолыңызда Киелі кітап болмаса да, Киелі кітаптық тәлімнің негіздері туралы анық түсінікке иесіз бе? Иса бізге Құдай Сөзіне толық тәуелді болудың ең жақсы үлгісін көрсетті. Ол Жазбадан үнемі үзінділер келтіріп отырды. Мысалы, шайтан Оны шөл далада сынаған кезде, Ол әрдайым Жазбадан сілтеме келтіріп, оған қарсы тұрды \(Мат. 4:1–11\). Иса Өз тәлімін Көне келісімдік Жазбаларға негізделген және оларды тарихи мысалдар ретінде қолданып, оларға жиі жүгінген. Иса Өз құдайлық беделімен Көне Келісімнің түп-нұсқалығын растады, ол әр кітаптан сілтемелерді тым болмаса бір рет қолданды\! Иса Жазбаны Өзінің өлімі мен өлімнен қайта тірілгенінен кейін қалай қолданғаны қызық. Өзінің екі шәкіртімен Эммаусқа бара жатқан кезде «Ол оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді» \(Лұқа 24:27\). Елшілер істері кітабынан ертедегі қауымның өмірінде Жазба орталық орынға ие екені анық. Елшілер оны Исаның Құтқарушы ретіндегі дәрежесін \(2:25–28\) растап, Елулік мейрамындағы оқиғаларды түсіндіру үшін қолданды, Мәсіхтің уағызын \(8:29–35\), қудалауларға қалай жауап беру керектігін \(4:23–26\), қауымның қудалаулар кезеңіндегі жағдайын анықтау \(7:1–53\) және басқа ұлт адамдарынан шыққан сенушілерге өз көзқарасын түсіндіру үшін қолданды \(15:13–21\). Жаңа Келісім мәсіхшілері және хаттардың туындыгерлері өз пікірлерін дәлелдеп, Көне келісім жазбаларын қолданғанының жүздеген мысалдары бар. Бұл Киелі кітаптық тәлім үшін маңызды және қазіргі заманғы сенушілер арасында да бұл рас екендігі қуанышты. Киелі кітап шынында Құдай беретін білімнің қайнар көзі болып табылады. Көне Келісім кітаптары яһуди халқымен мыңдаған кезең ішінде құрылды және Мәсіх осы Жазбалардың түп-нұсқалығын растады. Ертедегі қауым оған Жаңа Келісім кітаптарын қосты және Киелі Рух олардың беделін растады. І және ІІ ғасырларда Мәсіх келген соң ертедегі қауымның жетекшілері Киелі кітаптық ғұламалар және Исаның Өзі беделді Көне келісімдік жазбаларға сілтеме жасағандай, Киелі кітаптық тәлімдерді растау үшін Ізгі хабардан, Пауылдың, Жоханның, Петірдің хаттарынан алынған сілтемелерді қолдана бастады. Жаңа Келісімнің барлық кітаптары біртіндеп беделге ие болды, ал біздің дәуіріміздің жүздеген рухани кітаптары беделді ретінде қабылданбады. ІІІ ғасырға таяу қауымның рухани жетекшілері бүгінгі таңда Жаңа Келісім деп аталатын кітаптарды мойындап, қабылдады. Қауымдардың халықаралық құрылтайы осы кітаптар «канон» болуы керектігін немесе Жаңа Келісімнің ресми қабылданған мазмұны болуы керектігін де растады. Алайда біздің барлығымыз шын мәнінде, осы таңдау Киелі Рухпен жасалғанын түсінеміз, ал адамдар болса, мұны тек растады. Шайтан Киелі кітаптың маңыздылығына күмәнданбайды. Тарихтың барлық ғасырларында ол оны ғана құртуға тырысты. Ол оны Жаңа Келісім тұсында римдіктердің, Қараңғылық ғасырларында варварлардың, Орта ғасырда конкистадорлардың, ХVІІІ ғасырда француз радикалдардың, өткен ғасырда Екінші әлем соғысы кезінде нацистердің, Кеңес одағы коммунистердің және қытай революционердердің қолымен құртуға тырысты. Тарихтың әр түрлі кезеңдерінде Киелі кітап жанған үлкен өрттер туралы естуге болатын. Алайда ол барлық уақытта және барлық халықтарда әлі де ең көп оқылатын кітап болып табылады. Шайтан Киелі кітапты тек тәндік жағынан құртқысы келген жоқ, сондай-ақ ол оған деген адамдардың сенімін де құртқысы келді. Бір ұрпақтан кейін екіншісі осы кітапқа қарсы бағытталған жалған ғылыми дәлелдерді ойдан шығарып отырды. Алайда Киелі кітапқа қарсы шайтанның тиімді қаруы үстіртін қарау болып табылады. Шайтанға Киелі кітап, кітап сөрелерінде шаңданып тұрғанын, сондай-ақ экстеримистердің өрттерінде жанғанын да көру ұнайды. Егер Киелі кітапты жақсы әрі тамаша кітап деп санаса шайтанға ұнайды. Шайтан үшін ең қорқыныштысы, адамдарға Киелі кітапты осы күнәкар дүние үшін Құдай Сөзі деп мойындағаны болып табылады. ##### ЖАЗБАНЫҢ БИЛІГІ Киелі кітаптың пайдасына мықты дәлелдердің бірі варварлар, фашистер мен коммунистер сияқты әр түрлі тұлғалардың оны жек көруі болып табылады. Олардың барлығы неліктен Киелі кітаптан қорқады? Неліктен сонша үстемдік тәртіптер осы кітаптың кеңінен тарауын тоқтатқысы келді? Бір күні Кеңес Одағында адамдарға Киелі кітапты үлестіріп жүрген скандинавиялық әйелдерді ұстап алды. Милицияда олардың мүліктерін, бұған қоса, көліктерін тартып алды, әйелдердің өздерін елден шығарып жіберді. Басқа жағдайда бір ағылшынды дәл осы «қылмыс үшін» түрмеге отырғызды. Неліктен жазалаушы үкіметтер Киелі кітаптың құдыретінен қорқады? Себебі жазалаушы үкімет Киелі кітаптың құдіретінен қорқады, өйткені оған ұқсас кітап жоқ. Бұрын біз жазалаушы үкімет мәсіхтік сенімді құрту үшін қолданатын тәсілдерді талқыладық. Қудалаулардың басында олар әдетте, Исаның тәлімі олардың ілімдеріне толығымен сәйкес келетінін айтады, осының негізінде мәсіхші бола тұра, олардың идеологиясын да ұстануға болады деп айтады. Сонымен қатар олар халықты Киелі кітапта көптеген қарама-қайшылықтар бар екененін және оны шындық жазылған кітап деп санауға болмайтынына сендіруге тырысады. Олар жиі Киелі кітап «әжелердің ертегілеріне» толы деп күледі және тек сенімге ғана негізделетін әр түрлі тәлімдердің түсіндірілуін талап етеді. Азғана мәсіхшілер ғана осындай шабуылдарға дайын. Қытайдағы мәсіхші студенттер тобы бір күні мәсіхтің сенімге қарсы университет мұғалімдерін тығырыққа тақады, бірақ кейін үкімет олардың «үгіттеуіне» тыйым салып, осылайша өз талаптарына бағындырды. Мәсіхшілер осындай жағдайға тап болған кезде, оларға Киелі кітапты ден қойып оқуды бастау керек. Жазбаны еркін оқып-зерттеу қысқа болатынына сенімді болуға болады. Жақында Киелі кітап дүкендерде және қауым сөрелерінде болмайды. Жазалаушы тәртібі бар елдерде Киелі кітап жиі дүкенге қойылады, бірақ оны сатып алу үшін үкіметтің рұқсаты керек болады. Бұның мағынасы, егер бір адам оны сатып алуға рұқсат сұраса, үкімет оны күдікті адамдардың тізіміне жазады. Әрине, мемлекетпен бақыланатын баспаханалар Киелі кітапты басып шығармайды. Қытайда Amity Press Bible атты баспаханада Киелі кітапты басып шығару ережеден тыс жағдай болды. Бұл баспахана Киелі кітаптың жиырма бес мың данасын басып шығарды. Олардың көбі ресми қабылданған қауымдардың мүшелеріне ғана сатылады. Ал Киелі кітапқа деген үйдегі қауымдардың мұқтаждығы қырық миллион дананы құрады. Кейбір елдерде әлгі күнге дейін Киелі кітапқа деген мұқтаждық бар, ал бағушылар болса, оларды қауым мүшелерінің арасында қалай үлестіру керектігін білмейді. Вьетнамдағы бір қауым Киелі жазбаның аяттарын жаттайтын сенушілерге беруді шешті. Сондықтан да, Киелi кітапты 118-забур жырын қатесіз айтып бергендерге үлестіріп берді. Бұл жырда жүз жетпіс алты аят бар. Біз «Ашық есік» миссиясында Киелі кітапты жетіспеушілігі аса зор елдерге беруге тырысамыз, өйткені тек Киелі кітапта қана Құдайдың құтқару құдыреті бар. ##### ШЕКАРАСЫ ЖОҚ КИЕЛІ КІТАП Қытайлық бағушы Вань Минь-дао түрмеден босатылған кезде, ол былай деді: «Жиырма жыл бойы түрмеде отырған кезде, менде Киелі кітап болған жоқ. Бақытыма орай, жиырма бір жасымнан жиырма төрт жасыма дейін, мен үйде Киелі кітапты оқып-зерттеген едім. Мен көп үзіндіні есіме сақтап қалған едім. Түрмеде отырған кезімде олар бірінен кейін бірі есіме келіп, мені қолдап отырды. Егер мен Киелі кітапты білмесем, мен ғана емес, сондай-ақ қасымдағы көп адам да толық жеңіліске ұшырар еді». Оңтүстік Қытайдан Лам бағушы дәл сол кезде ұзақ тұтқында болды. «Сол кезде мен Киелі кітап мектебінде неліктен біз сонша аят жаттағанымызды түсіндім, — деді ол. — Мен Киелі кітап аяттарын үнемі қайталау арқылы ақылымнан адасқан жоқпын». **1. Киелі кітапты оқу, оқып-зерттеу және ол туралы ойлану** Қауым қиын жағдайларға Киелі кітапты оқып-зерттеу арқылы ғана жақсы дайындалады. Мәсіхшілер Құдай Сөзін толық білулері тиіс. Оның мазмұны Киелі кітапта көрсетілген Құдайдың жоспарын түсінуде көмек береді. Киелі кітапты оқып-зерттеуге қандай көзқарас болу керек? Біріншіден, Киелі кітапты оқып-зерттеуге бұл ол туралы айтып берейін деп жүрген адамға ғана емес, ең алдымен сізге керектігін түсініп, оқып-зерттеуді бастаңыз. Екіншіден, Киелі кітапты оқуды кішіпейіл рухпен бастаңыз. Киелі кітапқа өзіңіз естігіңіз келетін нәрсені айтқызуға тырыспаңыз, қайта Құдайдың сізге айтқанын есту үшін, оны оқып-зерттеңіз. Киелі кітапты оқып-зерттеу адамның білім алуы үшін емес, оның түбегейлі өзгеруі үшін қажет. Жазба бізге қайта-қайта Құдай Сөзі туралы ойлануды бұйырады. Бұл үшін уақыт пен тәртіп керек, сол кезде біз рухани жарылқау мен жүлдеге ие боламыз. Ойлану дегеніміз Киелі кітап аяттарын күнделікті өмірімізде қалай қолдана алатынымызды түсіну үшін, олар туралы мақсатпен толғану. Жазбаны қолдану үшін біз өзімізге үш негізгі сұрақты қоюымыз қажет: • Осы аяттар Киелі кітапты алғаш рет тыңдаған адамдар үшін нені білдірді? • Мұнда уақытқа бағынбайтын қандай қағида жасырынған? • Осы қағиданы мен қай жерде және қалай іс жүзінде қолдана аламын? Киелі кітаптың аяты немесе үзіндісіне ойланудың алты нақты жолы мынау: • Оны елестетіңіз\! Онда сипатталған көріністі көз алдыңызға елестетіңіз. • Оны айтып шығыңыз. Айтқан сайын әр түрлі сөздерді айрықша атап оны толығымен айтып шығыңыз. • Оны баяндап беріңіз. Баяндамаңызды жазып қойыңыз. • Оны рөлде ойнап көріңіз. Сол жердегі кейіпкердің атының орнына өзіңіздің атыңызды қойыңыз. • Ол жайлы мінажат етіңіз. Аятты мінәжатқа айналдырып, ол туралы Құдайға айтыңыз. • Оны зерттеңіз. Оған мына сұрақтарды қойыңыз: • Осы аят мені мойындау керек күнәларда әшкерелей ме екен? • Бұл аят маған мінәжат ету керек уәделерді көрсетіп тұрған жоқ па екен? • Бұл аят мен өзгертуім тиіс көзқарасты көрсетіп тұрған жоқ па екен? • Мұнда мен орындауым керек бір бұйрық жоқ па екен? • Бұл аятта мен еруім керек үлгі жоқ па екен? • Бұл аятта мінажат етуіме көмек беретін мінәжат жоқ па екен? • Бұл аятта мен аулақ бола алатын қателерге нұсқау жоқ па екен? • Бұл аятта мен сенуім керек ақиқаттар жоқ па екен? • Бұл аятта мен Құдайға алғыс айтатын бір нәрсе бар ма? **2. Киелі кітапты есте сақтау** Аяттарды жаттау өте маңызды. Әрбір мәсіхші негізгі аяттарды жатқа білуі керек, мысалы, Жохан жазған Ізгі хабар \(3:16; 5:24\), Ефестіктерге арналған хат \(2:8–9\). Аптасына тым болмаса бір аятты жаттау жақсы болар еді. Мысалы, тобыңызда Киелі кітаптың бір тарауын түгелдей жаттап алудың жоспарын әзерлей аласыз. Бір тарауды екі немесе үш адам арасында бөлуге болады. Содан кейін топ мүшелері кездесіп осы тарауды жаза алады. Дағдыға ие болып және осы үдерісті үнемі бақылай отырып, тіпті шағын топта Жоханның бірінші хаты немесе Філіпіліктерге арналған хат сияқты осы үзінділерді жаттап алуға болады. Жаттауды дәл қазір бастаған маңызды. Сіз Жазбаның пайдалы болуында ешқашан күмәнданбасаңыз да, жаттауға ат салысу керек. Бүгіннен бастаңыз\! Бір жас мәсіхші билікті коммунистер жаулап алған, Вьетнамның солтүстік жағында өмір сүрді. Егер ол қайтадан еркін қоғамда өмір сүретін болса, Киелі кітапты мұқият оқып-зерттейтіні туралы ант берді. Кейінірек ол тұрған аудан оңтүстік вьетнамдық әскерімен босатылды, ол өз антын орындай бастады. Ол Киелі кітаптың ілімдерін түсінуге тырысып, Киелі кітап аяттарын жаттай бастады. Бірнеше жылдан кейін елдің сол ауданы тағы да коммунистердің басқыншылығында болды, осы кезде жас жігіт қиындықтарға дайын болды. Ол Батысқа қашып кеткен соң, жаттап алынған аяттары ол үшін қандай қолдау болғаны туралы айтты. Осы аяттардың көмегімен ол және бірнеше сенушілер кездесіп, Құдайға табынып, бір-бірін қолдай алды. Киелі кітап аяттары музыкамен жақсы жатталады. Адам жадысы музыкамен жатталған аяттарды көбірек сақтай алады. Бұған қоса, Киелі Рух музыкаға салынған Киелі кітаптық аяттарды қиын кезде рухымызды жағу үшін қолдана алады. Әрине, жай ғана жаттау — тек бастамасы ғана. Сенушілер жаттап алғаннан кейін жазылған аяттар, жоғары деңгейде олардың мағынасын түсінуге көмек беретінін байқады. Егер сіз жаттап алуға тырысып олар туралы көп ойлансаңыз, олардың мағынасы ашыла түседі. Жаттау бағдарламасында маңызды қатысушылар — балалар болуы керек. Жиі балалар ересектерге қарағанда жақсырақ жаттап алады және кейін оларды келесі ұрпаққа бере алады. Жаттап алынған аяттарды кемінде айына бір рет қайталап тұру керек. Қауым үлкен үзінділерді жаттап алған соң, әрқайсысы өз үзіндісін жазуы тиіс, сөйтіп олар біртұтас үзіндіні құрады. Осылайша, егер үзіндіні толық етіп құру керек болса, олар оны құрастыра алады. Шын мәнінде, әр түрлі қолмен жазылған үзінділер еш күдік тудырмайды. Басылған мәтіннің кемшілігі тінтіген кезде назар аудартатынында болып табылады. Гонконгтан Қытайға жиі келетін бір қарт әйел, үйінде жаттап алған аяттарды бос уақытында жазып отырды. Оның Қытайдағы достары сол қағаздарды жинап, оларды қазына ретінде сақтаған. Әлемнің кейбір жерлерінде оқи алмайтын, жаза алмайтын адамдар бар. Алайда олар Киелі кітапты жаттауда үлкен рөл атқаруы мүмкін. Сауатсыз адамдарға бір үзіндіні бірнеше рет оқыса, олар оны жаттап алады. Көптеген мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған сияқты, олар оны өзі сияқты сауатсыздарға беріп отырды. Осы мағынада аудиотаспалар Жазбаны қолдану мен сақтаудың маңызды түріне айналды. Забур жыршысының кеңесіне еріп, Құдай Сөзін жүрегімізге сақтағанда, біз кейінгі рухани шайқастар үшін бай күш көзіне ие боламыз. Қудаланған қауымның мәсіхшілері осы қағиданы жақсырақ түсінетін сияқты. Көп жыл бойы түрмеде отыруға мәжбүр болған сенушілер Киелі кітапты жаттап алудың артықшылығы туралы айтады. Бұрынғы Кеңес Одағында бағушы Иван Антонов Ізгі хабарды уағыздағаны үшін, жиырма төрт жыл бойы түрмеде отырды. 1988 жылы ол босатылды. Артына қарап, ол: «Ең бастысы, Құдай Сөзін оқып-зерттеу керек. Мен түрмеде, лагерлерде болған кезімде менің қолымда Киелі кітап болған жоқ, бірақ мен есіме сақтап қалған аяттар туралы ойландым. Күн сайын мен Көне Келісімнен екі тарауды, Жаңа Келісімнен екі тарауды қайталадым» — деді. Осыған байланысты мен Мысырдағы Жүсіпті есіме алдым. Молшылық кезінде ол бидайды қоймаға жинап қоятын. Ал аштық келген кезде, ол сол астықты адамдарға үлестірді, сөйтіп оларды өлімнен құтқарды. Осы Жазбалар мен үшін рухани тағам болды. Құдай мені таңертенгісін ерте оятатын, мен тыныштықта Құдай Сөзін оқып, мінәжат етіп, ол туралы ойланатынмын». Тағы бір орыс бауырымыз, Вениманин Маркевич лагерден босаған соң былай деп есіне алады: «Түрмеде мен Киелі кітаптың жаттап алған тарауларынан жұбаныш алатынмын. Бұл аяттар менің жаным үшін рухани тағам болып, түнек күштерімен күресуге көмек берді... Бұл күндер барлығын жеңіп, қарсы тұруға тура келген зұлым күндер болды». ##### КИЕЛІ КІТАПТЫҢ САҚТАЛУЫ Жаттау бағдарламасына қосымша тобыңыз Киелі кітаптың баспаханалық даналарын сақтау үшін бір нәрсе жасай алады. Киелі кітап әрдайым барлығы үшін қол жетерлік кітап болады деп ойламаңыз. Әр сенушіде күнделікті оқитын тым болмағанда Киелі кітаптың бір данасы болуы тиіс. Егер сіз еркін қоғамда өмір сүрсеңіз, онда оны Мәсіх туралы куәлік ретінде өзіңізбен бірге ашық түрде алып жүре аласыз. Ал егер қудалаулар басталса, Киелі кітабыңызды алып қоюы мүмкін. Оны қалай сақтап, билік иелерінің қолына түсуіне қалай жол бермеу керектігін білесіз бе? Кейбір сенушілер оны жай ғана қоңыр қағазбен орап қою керектігін байқады. Басқалар болса, оны бірнеше кітапқа бөледі. Сенбеуші адамдар бөлінген кішкентай кітапшалардан Киелі кітапты танымауы мүмкін. Әр мәсіхші отбасы тым болмағанда бір Киелі кітапты сақтап қалудың қамын жеу керек. Көп кітапты тауып құртуы мүмкін, бірақ тіпті бір-ақ кітап бір топ сенушілерге інжілдік тәлімнің тазалығын сақтап қалуға көмектесе алады. Мәсіхшілер жау ортасында Киелі кітап аяттарын жатқа біліп, Киелі кітаптың баспаханалық даналарын сақтап қалу маңызды екенін есіңізден шығармаңыз. Егер сіз тобыңызда қазірден бастап, осы екі бағдарлама бойынша жұмысты бастасаңыз, олар тобыңыздың мүшелерін біріктіретінін көретін боласыз, жиналысты маңызды етіп, Құдай Сөзіне арналуды терең сезіндіреді. Егер қандай да бір жағдайлармен, Киелі кітап даналары шектелген болса, сақтап қалған Киелі кітап даналарын кеңінен таратуға жауапкершілікті мойныңызға алуға тура келеді. Киелі кітабы жоқ басқа мәсіхшілер туралы білген кезде, сіз олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ете аласыз. Өте ауыр жағдайда қудаланған мәсіхшінің кітапты таратқан тәжірибесі мынау: • Киелі кітапты тұтас кітап ретінде емес, бөлінген түрінде тарату оңайырақ. • Киелі кітап даналарын оны көшіріп, басқа адамдарға үлестіретін адамдарға беріңіз. • Жазалаушы тәртібі бар елдердің барлық үкіметі бүкіл пошта корреспонденциясын бақылай алады. Жазбаның бірақ данасын пошта арқылы жіберуге болады. Бұл даналар қолымен әдетте қағазға көшірілуі тиіс. • Киелі кітаптық аудиотаспаларды қолдану аз күдік тудыруы мүмкін, әсіресе, музыкаға салынған мәтіндер. • Компьютерді қолданатындар Киелі кітапты дискілерге сақтай алады. Үстемдік тәртібі бар елдерде Киелі кітапты тарату қауіпті болуы мүмкін. Бірақ аяттарды жаттап алу сияқты осы қызметті атқарған адамды үлкен жүлде күтіп тұр. Тәңір Ие Оның Сөзін таратудағы сіздің адалдығыңызды бағалайды. Тіпті бүгінгі таңда да еркін қоғамда тұрып, сіз жазалаушы тәртібі бар елдерде өмір сүріп жатқан мәсіхшілерге Киелі кітапты жеткізе аласыз. Олардың Киелі кітапты оқып, оқып-зерттеуге деген құрметтері қандай зор екеніне көзіңізді жеткізесіз. 1980 жылы Қытайдың оңтүстік жағындағы қытай мәсіхішлері «Ашық есік» миссиясынан Киелі кітаптың бір миллион данасын жіберуді сұрады \(бұл іс-шара «Маржантас жобасы» деп аталды\). Сенушілер Құдай Сөзін қатты алғысы келгені соншалықты, тіпті осы тақырыпқа өлең жазып, оны күнделікті айтып жүрді. Тәңір Ие Өз Сөзінді жібер, Өзіңнің асыл жарығыңды, Онда сүйіспеншілік пен шындық мекендейді Тәлім мен өмір наны, Менің Құдайым мені алға жүргізетінін білемін Жолымды жарқыратып, аспандағы үйіме жеткізетінін білемін. ###### Топтағы сабақтар **Рөлдік жаттығулар:** Тобыңыз сіз Киелі кітапты кіргізуге рұқсат бермейтін бөлмеге жиналып алды. Қатысушылардың әрқайсысы есіндегі аяттарды қағазға жазсын, содан кейін оларды Киелі кітаптық түпнұсқасымен салыстырыңыз. Ақыр соңында Киелі кітаптың қаншалықты үлкен үзіндісін алдыңыз? Өткізілген сынақтың нәтижелерін талқылаңыз. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Сіз Киелі кітапқа деген сынды естіп пе едіңіз? Мәсіхші оған қалай жауап беруі тиіс? 2. Иса Мәсіх Көне Келісім жазбаларын маңызды деп санағынында қалай сенімді болуға болады? 3. Киелі кітаптық аяттарды не үшін жаттау керек? 4. Киелі кітапты жаттау бойынша аяттар көбіне негізгі аяттарды жаттауды көздейді. Бірақ неліктен тұтас тарауларды жаттау да маңызды? 5. Билік иелері Жазбаға тыйым салған елде болып қалсаңыз, Киелі кітапты қалай сақтайсыз? ### Он бесінші тарау #### Құдайдың қолдауы: Мінәжат *Әрдайым Құдайға сиынып, рухани сергек те шыдамды болып, шүкірлік ете беріңдер\!* Қол. 4:2 Вьетнамдағы Ха бағушының қауымы коммунистік тәртіп кезінде 1970 жылдардың аяғында бірнеше жылдың ішінде жиырма тоғыз адамнан елу адамға дейін өсті. Бағушыдан осының құпиясын сұраған кезде, ол: «Менің беретін тәлімім қарапайым. Қиыншылықтар басталған кезде, мінәжат етіңіз\! Егер қиыншылықтар одан сайын көбейсе, одан да көбірек мінәжат етіңіз». Осы қауым күнделікті таңертеңгі сағат алтыда мінәжат жиналысына жиналатын. Сондықтан да, ол өсуін тоқтатпады. Сенушілер үнемі қысым астында өмір сүргендеріне қарамастан, қауымның қабырғасында бір аят ілініп тұрды: «Барлығы үшін алғыс айтыңдар\!» Бірнеше жыл түрмеде отырған соң, бағушы Ха: «Мен түрмеден босап жұмыс істеген кезімде үнемі іштей мінәжат еттім. Түрмеде мен мінәжаттың маңызы зор екенін түсіндім. Мінәжаттың маңыздылығы ұшақтың ұшар алдында панелін тексерумен бірдей. Егер ұшқыш ұшақтың құрылғыларын тексермесе, көптеген адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Біздің өміріміздегі басты құрал — мінәжат. Егер біз оны жіберіп алсақ, істеріміздің барлығы ретсіз болады». Вьетнам бағушысы Куонг түрмеде алты жарым жыл отырды. Ол мінәжат туралы былай дейді: «Бұрын менің қолым жұмыстан босамайтын, мінәжат етуге уақытым болған жоқ. Бірақ Құдайға түрмеде отырған кезде менде мінәжат ету үшін көп уақыттың пайда болғанына алғыс айтамын. Менде қауымымның әр мүшесі туралы есіме алып, мінәжат етуге уақытым болды. Бұған дейін мен қауымда қызмет еттім, бірақ қауым мүшелері үшін мінәжат етуге уақытым болмады. Бірақ түрмеде мінәжат еткен кезде, мен Құдайдың шынымен менің қасымда болғанын сездім. Сіз тізерлеп, Тәңір Иеге шын жүректен мінәжат еткен кезде, Одан бірден жауап аласыз». ##### КҮШ МІНӘЖАТТА Барлық әлемдің діндері мінәжаттың аса маңызды екендігін айрықша атап көрсетеді. Буддистер біреу оларды естиді деп ойламаса да, мінәжаттарын табандылықпен қайталауда. Индустар көп құдайлардың біреуі еститінене үміттеніп, үнемі мінәжат етеді. Мұсылмандар күніне бес рет мінәжат етеді. Олар Алла оларды естиді деп сенеді, бірақ Ол өз жоспарларын өзгертпейді деп ойлайды. Сенімдеріне адал буддистер, мұсылмандар мен үндістер, мәсіхтік сенімді мінәжатты талап етпейтін дін деп санайды, өйткені олар мәсіхшілердің мінәжат еткенін сирек көреді. Бірақ мәсіхшілер олардың Құдайы оларды естіп, мінәжаттарына жауап береді деп сенеді. Көне келісімдегі мәсіхтік сенім ұғымының тамырлары терең. Дәуіт қауымға Забур жырлары түрінде үлкен мұра қалдырды, көптеген қазіргі заманғы мәсіхшілер осы мұраны оқып-зерттеп, мінәжатқа жаңа мағына береді. Бірақ ең ұлы сабақты мәсіхшілер Иса Мәсіхтің тәжірибесінен алады. Ұрпақтан ұрпаққа мәсіхшілер Исаға келіп: «Бізді мінәжат етуге үйретіңізші\!», — дейді \(Лұқа 11:1\). Иса сөз бен іспен үйретті. Оның өмірі мінәжатқа толы болды, Киелі кітап Оның мінәжат ету үшін ерте тұратыны туралы айтады \(Мар. 1:35\). Жазбада барлық жерде Ол өмірінің маңызды оқиғасынан кейін немесе оқиғасына дейін мінәжат еткенін көреміз \(Лұқа 6:6–13; 9:28–29; Мат. 14:19; 15:36, Жох. 17\). Мінәжат оның өмірінің маңызды бөлігі болғаны анық. Гетсимания бағындағы мінәжатынан бастап, айқыштағы соңғы мінәжатіне дейін, Оның өмірі мінәжатқа толы болды. Оның мінәжат ету өмірі шәкірттеріне қатты әсер етті. Иса оларға да мінәжат етуді өсиет етті \(Жох. 16:24\) және оларға мінәжатқа қатысты көп нәрсе үйретті \(Мат. 6 және 7\). Иса тіпті шәкірттеріне мінәжат үлгісін берді \(Мат. 6:9–13\). Осы үлгіге сәйкес біз күнделікті Құдайдың бет-жүзін іздеп, Оның еркіне мойынсұнып, мадақтап, мұқтаждықтарымызды қамтамасыз ететіне сеніп, Одан кешірім сұрап, басқаларды кешіріп, сынақтар кезінде Одан қорғаныс пен көмек сұрап, Оны мадақтауымыз қажет. Иса мінәжат етудің түрінен гөрі адамның ниеті маңызды деп айтқан. Сендер алмайсыңдар, өйткені өз ниеттеріңді қанағаттандыру үшін сұрайсыңдар \(Жақ. 4:3\). Мінажат еткен кезде жұрт көрсін деп мінәжат етпеңдер, қайта көзден таса жерге барып, мінәжат етіңдер, сонда Көктегі Әкеміз естіп, жауап береді \(Мат. 6:5–6\). Иса Мәсіх бізге Оның атымен мінәжат етуге деген артықшылықты да берген. Бұл жақсы нәтижелерге кепіл беретін «сиқыр формула» емес. Бұл Құдайдың алдына келуге Иса сияқты қабылдануға деген артықшылық. Оның атымен мінәжат ету, біздің еркіміз бен мақсатымыз Оның еркі мен мақсатына сай дегенді білдіреді. Дәл осы мағынада Иса: «Менің еркіме мойынсұнып бір нәрсе сұрасаңдар, Мен соны орындаймын», — деді \(Жох. 14:14\). Иса Елазарды өлімнен тірілтті. Ол бізге мұны бір нәрсені көрсету үшін істеді. Жохан Оның Елазарды тірілтіп болған соң, көкке қарап: «Әке, тілегімді қабыл алғаның үшін Саған ризамын\! Тілегімді әрқашан қабыл алатыныңды білемін. Алайда айналамда тұрған жұрт Мені Өзіңнің жібергеніңе сенсін деп мұны айтып тұрмын, — деп мінажат еткені туралы айтады» \(Жох. 11:41–42\). Құдай Исаның мінәжаттарын әрдайым еститіне назар аударыңыз. Дәл сол сияқты Ол Исаның атымен жасалынған әрбір мінәжатты да естиді. Мұсылмандардың сенушілердің мінәжатына жауап ретінде, жоспарларын өзгертпейтін Алла соншалықты ұлы деген ойлары басында қатты әсер етеді. Бірақ Исаның тәлімі одан да құдіретті. Құдайымыз мінәжатты Өз күшін көрсету және бізбен қарым-қатынас жасауға деген қалауын көрсету үшін қолданады. Балалары Одан өтінген кезде, Ол Өзінің жоспарына қарсы жағдайларды өзгертетін болады. Мұны Ол мәңгілікте де өсиет етті. Қытай мәсіхшілерінде бір жақсы ұран бар: «Көп мінәжат — көп күш, аз мінәжат — аз күш\!». ##### ҚАШАН МІНӘЖАТ ЕТУ КЕРЕК Жаңа Келісімнің қарапайым ақиқаты мінәжатқа деген көзқарасында көрінеді. Ол уәде етілген Киелі Рухты күтіп, мінәжат етті \(Елш. 1:14\). Яһуда Исқариотты ауыстыру қажет болған кезде, жүз жиырма сенуші бірге бас қосып мінәжат етті. Киелі Рух олардың бойына енген кезде де, олар қайтадан мәніжат етуге жиналды \(Елш. 2\). Осы ұлы оқиғадан кейін де олар қайтадан мінажәтқа қайтып келді \(Елш. 2:42\). Билік иелері оларды қорқыта бастаған кезде, олар қайта мінәжат етті \(Елш. 4:31\). Ертедегі қауымның мінәжатқа тәуелді болғанын, бүкіл Елшілер істері кітабы бойына көруге болады. Сол заманның сенушілері не нәрсеге тап болса да, қудалаулар \(7:59–60\) немесе қауым ішіндегі келіспеушіліктер \(6:1–4\) немесе жаңадан тәубе еткендер үшін Киелі Рухтың құдіретіне мұқтаждық па \(8:14–17\), олар әрдайым мінәжатқа жүгініп отырды. Тәңір Ие қауымның қызметінде бір нәрсені өзгерткісі келген кезде, мұны мінәжат арқылы жасайтын. Петірдің мінәжаты кезінде басқа ұлт адамдарына оны жібергісі келгенін білдірді \(Елш. 10:9\). Ол қауымның алғашқы елшілері ретінде Пауыл мен Барнабаны бөлек шығарды, сол кезде Антақидағы қауым мінәжат етті \(Елш. 13:2–3\). Елші Пауыл бізге қызметінің басынан аяғына дейін үнемі мінәжат етудің үлгісін көрсетті. Ол мінәжатты сенушінің өмірінің маңызды бөлігі деп санағаны соншалықты, ол өзінің әрбір хатында бұл туралы еске салып отырды. Әсіресе, елшінің хаттарындағы мына жолдар маңызды: • Әрдайым Құдайға сиынып, рухани сергек те шыдамды болып, шүкірлік ете беріңдер\! \(Қол. 4:2\) • Құдайға үздіксіз сиыныңдар. \(1 Сал. 5:17\) • Ал енді, ең алдымен мынаны ескертемін: барлық адамдар үшін Құдайға сиынып, өтініштерің мен алғыстарыңды білдіріңдер. Патшалар мен басқа да барлық әкімшілік иелері үшін де мінажат ету керек; соның нәтижесінде біз барлық жағдайда Құдайға ұнамды да адал болып, тыныш та бейбіт өмір сүрмекпіз. \(1 Тім. 2:1–2\) Пауылда қудалаулар жағдайында қызмет етудің үлкен тәжирибесі болды, осыған байланысты ол үздіксіз мінәжат етуге кеңес берді \(Елш. 16:25\). Ол Құдайдың оны керемет арқылы құтқарғанын көрді, бұл оның мінәжатына жауап болды \(2 Қор. 1:9–11\). Жақып та мінәжаттың іс жүзіндегi мағынасы туралы айтады. Ол мінәжатқа жауап ретінде Құдай бізге қажет даналықты беретінін үйретеді \(Жақ. 1:5\). Ол сонымен қатар сауығу үшін мінәжат етуді анық үйретеді \(Жақ. 5:13–16\). ##### НЕ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ МІНӘЖАТ ЕТУ КЕРЕК Мінәжат туралы Киелі кітаптық тәлімді зерттеген сайын, біз оның Құдаймен қарым-қатынас жасау екенін көреміз. Иса шәкірттеріне берген мінажат үлгісіне \(Мат. 6:9–13\) негізделіп, оны алты бөлікке бөлуге болады: **1. Мадақ** «Көктегі Әкеміз\! Сенің киелі есімің қастерлене берсін...» Біз Құдайды мінәжатымызда мадақтаймыз және Оған рақымы, жанашырлығы мен жарылқаулары үшін алғыс айтамыз. Мадақ пен алғыс — біздің Құдайға сиынуымыздағы өте маңызды салалар. Құдай мадақталуға лайықты, сондықтан Жазба бізді Оны үнемі мадақтауға шақырады \(Заб. 104:1–2; Мыс. 15:11\). Құдай біздің Оны мадақтауымызға мұқтаж емес, бірақ біз өзіміз Оны мадақтауымыз керек. Біздің мадақ — жағдайымыз мүшкіл болса да, Оның құдіретті күшіне сенудің куәлігі болып табылады. Қудалаулар жағдайында өмір сүріп жатқан рухани жетілген мәсіхшілер біздің жиі бірге Құдайды мадақтап, Оған алғыс айтуға шақырады, өйткені дәл осылай біз Оның құдіретін мойындап, Оның салтанатын паш етіп, өзімізді нығайтамыз. Біз басымызға қиын жағдай түскен кезде де, Оны мадақтасақ, бұл Құдай біздің сенімімізді құрметтейтіні туралы куәлік етеді. Құдай мадақтау мінәжатына керемет жолмен жауап бергенінің көптеген мысалдарын келтіруге болады. Есте сақтаңыз, Құдай сіздің жағдайыңызды өзгертсін не өзгертпесін, Ол — Құдай және Ол мадақ пен алғысқа лайықты. **2. Мақсат** «Патшалығың осында орнасын\! Сенің еркің көкте орындалғандай, жер бетінде де орындала берсін\!...» Мінәжатта сіз Құдайдың еркіне өміріңізді, отбасыңызды, жұмысыңызды, келешегіңізді, қалаңызды, халқыңызды және бүкіл әлемді тапсырасыз. **3. Қамтамасыз ету** «Күнделікті нанымызды бүгін де бере гөр...» Мінәжатта біз Құдайдан күнделікті мұқтаждықтарымызды қамтамасыз етуді сұраймыз. Жазба ең алдымен, еш нәрсені уайымдамай, барлық мұқтаждықтарымызды Құдайға тапсыру туралы айтылатын үзінділер көп. **4. Кешірім** «Сен де күнәларымызды кешіре гөр...» Мінәжаттың тағы бір маңызды саласы күнәларды мойындау болып табылады. Біздің барлығымыз күнә жасап, Оны ренжітеміз, Оның алдында күнәмізді мойындасақ, бізді тазартатыны туралы Оның уәдесі бізді қатты қуантады \(1 Жох. 1:9\). Біз мінәжат еткен кезде киелі Құдайдың алдына келіп, Киелі Рухқа Құдайдың алдында істеп қойған ұнамсыз іс-әрекетімізді әшкерелеуге мүмкіндік береміз. Сол кезде біз Құдай бізді кешіреді деген сенімге ие болып, күнәмізді бірден мойындаймыз. Біздің мойындауымыз нақты болуы тиіс, бұған қоса Құдай бізге көрсеткен күнәні түзетуге дайын болуымыз керек. **5. Адамдар** «Бізге күнә жасағандарды кешіргеніміздей...» Басқа адамдарды кешіру — мінәжаттың өте маңызды бөлігі, өйткені бұл, бәлкім, бізден кешірім сұрамаған және кешірім сұрамайтын адамдарды да кешіру әрекеті \(Мат. 5:44\).   **6. Қорғаныс** «Азғырылуымызға жол бермей, бізді жамандықтан сақтай гөр...» Бізге күнделікті рухани шайқастарды қатысуға тура келеді. Шайтан бізді азғырулар мен қорқыныштар арқылы жеңгісі келеді. Қорғаныс сұрап мінәжат еткен кезде, күні бойы кездесетін қиындықтарды жеңу үшін қажет сенімділікке ие боласыз \(1 Жох. 4:4\). ##### МІНАЖАТТЫҢ БАСҚА КӨРСЕТКІШТЕРІ **1. Уәделерді еске алып, мінәжат етіңіз** Киелі кітапта мінәжатқа қатысты көптеген уәделер бар. Егер Құдай Сөзі мінәжаттарға кейде ғана жауап беруді уәде етсе, біз бір үлкен ұтысқа үміт артқан ойыншыларға ұқсас болар едік. Бірақ Киелі кітап мынадай үлкен уәделер туралы айтады: • Менің атымнан Әкемнен не сұрасаңдар да, орындаймын, сонда Әкенің ұлылығы Өзінің рухани Ұлы арқылы көрінеді. \(Жох. 14:13\) • Құдайдан сұраңдар, сонда ол сендерге \(мұқтаждарыңды\) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады \(Мат. 7:7\) • Маған сиынып мінажат ет, жауап беремін, сен білмейтін ұлы да құпия жайттарды білдіремін\! \(Ерем. 33:3\) Бұл уәделер барлық мұқтаждықтарымызды Құдайға тапсырып, мінажатымыздың дұрыс болуына қалау беруі тиіс \(Жақ. 4:3\). **2. Рухтың дауысын естуге тырысып, мінажат етіңіз** Мінәжат кезінде Киелі Рухтың жетегіне ашық болу маңызды. Рух Құдайды мадақтауы мүмкін. Ол бізге қажет мұқтаждықтарымызды есімізге салуы мүмкін. Кейде ол тіпті біздің қиындықтарымызға байланысты жасауға тиіс іс-әрекеттерді көрсете алады \(Жох. 16:13–14\). Жиі Ол бізді Киелі кітаптың нақты аяттарына жетелейді, оларда біздің мұқтаждықтарымызға жауап болады. Бұл туралы әсіресе, анық Жақыптың хатының 1 тарауының 5 аятында айтылған: «Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады». **3. Нақты өтініштердің орындалуын күтіп мінәжат етіңіз** Мінәжат-өтініш нақты әрі оның орындалуын күтумен болуы тиіс. Тек нақты мұқтаждықтар ғана мұқтаждықтарымыз отбасымызда, достарымыздың өмірінде, қауымда орындалған кезде бізге шынайы қуаныш алып келеді. Кейін жауаптар үшін Құдайға алғыс айту үшін мінәжат мұқтаждықтарын жазып отыру маңызды. Әрине, біз үнемі мінәжат етуіміз қажет. Кейбір мәсіхшілер Құдайдан нақты мұқтаждықтар үшін сұрап, мінәжат етуден қорқады, өйткені олар шын мәнінде Ол жауап беретінін күтпейді. Олардың сенімі әлсіз, сондықтан да мінәжаттарымыз тиімсіз деп ойлайды. Жазбаны оқысақ, Құдай бізге орындалуын күтіп мінәжат етуді бұйырады: «Құдайға сиынып \(Оның еркіне сай\) не сұрасаңдар да, соны қабылдадық деп сеніңдер\! Сонда ол орындалмақ» \(Мар. 11:24\). Жеңімпаз мәсіхшінің жалғыз бір сипаттамасы Оның Құдаймен шынайы қарым-қатынаста болуы. Дәл осыны жау ортасында жеңіп жүрген мәсіхшілер тобы туралы да айтуға болады. Топ Құдаймен тиімді қарым-қатынасты қалай дамыта алады? Біріншіден, мінәжат туралы Киелі кітаптың не айтатынын оқып-зерттеу керек. Мінәжат арқылы Құдайдың құдіретіне ие болған Жазбадағы адамдардың үлгілерін зерттеңіз. Киелі кітаптық тәлім өміріңізге әсер етуі үшін сіз оны танып білуіңіз керек. Мінәжат туралы Киелі кітаптық салауатты тәлім тобыңызда іс-жүзінде талқылануы тиіс. Көне және Жаңа келісімдерде сенушінің өмірінде мінәжаттың іс-жүзінде қолдануын көрсететін құнды үзінділер бар. Әр сенушіге мүмкін болса, рухани жетілген мәсіхшіні мінәжат етуші серік ретінде беріп қою жақсы болар еді. Олар үнемі кездесіп, әр түрлі мінәжат түрлеріне теорияда да, іс-жүзінде де үйренулері тиіс. Жас сенуші піскен мінәжат етуші серік болған кезде, ол басқа сенушіге мінәжат етуші серік бола алады. ##### МІНӘЖАТТЫҢ ЕРЕКШЕ СИПАТТАМАСЫ Сенушілер мінәжат етуде мықты болулары үшін қауым мінәжат ететін мұқтаждықтарды көре білуі керек. Киелі кітапта дағдарыс кезіндегі өтініштер бар, бізді олардың көмегімен мінәжат етуге шақырады. Алайда жиі дағдарыстар өте пәрменсіз мінәжат етудің нәтижесі болуы мүмкін. Егер біз Тәңір Иеге кішкентай мұқтаждықтарымызды алып келуді үйренсек, онда олар үлкейіп кетпейді де, дағдарысқа алып келмейді. Құдайымыз өміріміздегі кішкентай мәселелерге қызығушылық танытпайтындай уақыт таппайды емес. Жазбада ол тіпті басымыздағы шашымыздың санын біледі деп айтылған. Кейде жас сенушілер тек «маңызды» нәрселер туралы мінәжат етуге болады деп дұрыс емес ойлайды. Құдайымыз балаларының өмірінде болып жатқан майда-шүйде нәрсеге дейін қызығушылық танытатынын оларға көрсету керек. Құдайдың берген уәделерін үнемі қайталау аса маңызды. Құдай біздің мінәжатымызға жауап беретініне сенеміз, өйткені Ол Өзі мұны уәде етті. Күту адамды қобалжытуы мүмкін. **1. Нақты мұқтаждықтар** Егер біз Киелі кітаптық уәделерге негізделіп, нақты мұқтаждықтар туралы мінәжат етсек, осы мінәжаттарға алынған жауаптар сенімімізді нығайтады. Міне, осы себептен нақты мінәжат етіп, мінәжаттарды жазып отыру маңызды. Жас сенушілер Құдай нақты мұқтаждықтарға жауап берген кезде әрдайым қатты таңқалады. Мұндай куәліктер оларға үмітпен мінәжат етуді үйретеді. Мұқтаждықтар мен қалаулар арасындағы айырмашылықты түсіну маңызды. Көптеген әлсіз мәсіхшілер осы айырмашылықты түсінбейді. Олар Құдайдан қалауларын орындауды талап етеді, бірақ Құдай оларға керекті нәрсені біледі, сондықтан да бермейді. Осының салдарынан олар жеңіліс сезініп, жаудың қолына түседі. Вьетнамдағы соғыста зымыранмен шабуыл жасаған кезде Тәңір Ие сенушілердің ешқайсысы өлмейтіні туралы сенімділік берді, алайда біраз уақыттан кейін сиынып жатқандардың біреуі қатты жараланды. Бірақ аяғындағы ауыр жараға қарамастан, ол Құдайға ешкімнің өлмегені үшін алғысын білдірді. Әрине, ол осы жарақаттан азап шекпегіні дұрыс болар еді, бірақ Құдай осы жағдайды басқа жас сенушілердің сенімін нығайту үшін қолданды. **2. Мінәжат күйі** Мінәжат еткен кезде біз қандай күйде етуіміз керек? Киелі кітапта мінәжат етуде бастарын иген \(Жар. 24:26\), тізе бүккен \(3Пат. 8:54\), Құдай алдында жерге бетімен жатқан \(Мат. 26:39\) адамдардың мысалдары келтірілген. Адамның мінәжат еткендегі күйі маңызды емес екендігі анық. Нехемия кітабында \(2:4–5\) патша сұрақ сұраған адам жауап берместен бұрын мінәжат еткенін көреміз. Ол арнайы күйге түскен жоқ, жай ғана қысқаша мінәжат етті, бірақ Тәңір Ие оны естіп жауап берді. Көптеген мәсіхшілер қудалаулар жағдайында осындай мінәжаттар тиімді екенін байқады. Біз қиын жағдайға тап болған кезде жүрегімізде мінәжат етсек, Тәңір Ие бізді естиді. Жиі басқалар да мінәжат етуі үшін дауыстап мінәжат ету жақсы, бірақ іштей мінәжат ету де маңызды. Нехемияның қысқа мінәжаты іштей мінәжат етудің үлгісі. Қауым кейде ынтамен бірақ іштей мінәжат ету маңыздырақ екенін түсінуі тиіс. Билік иелері ашық мінәжатты естіп қойып, тиісті шаралар қолдануы мүмкін. Жүрек түкпірінен шыққан мінәжат Тәңір Иеге міндетті түрде жетеді. Егістікте жұмыс істеп жүріп, көлікте тіпті үгіттеу жиналысы жүріп жатқан кезде де, мінәжат етуге болады. **3. Шыдамдылық пен табандылық** Қауым шыдамды мінәжаттан тұратын тағы бір сабақты үйренуі тиіс. Құдай біздің мұқтаждықтарымызды уақыты келген кезде қамтамасыз етеді \(Ғал. 6:9\). Мәсіхшілер жиі сұраудан жалығып беріле салады. Мұндай берілуді сенушілер Құдай мінәжатымызға жауап бермесе, яғни ол Оның еркіне сай емес болғаны деп ақтайды. Құдай біздің мінәжаттарымызды жауап ретінде мыналарды істей алатынын есіңізден шығармаңыз: • Біз Оның атынан сұрағанымыздың барлығы бере алады; • Өтінішімізді уақыты келген кезде орындау үшін, оның орындалуын кейінге қалдыру; • Біз керек емес нәрсені сұрап тұрғандықтан, бізге «жоқ» деп жауап беру; • Басқа жақсырақ жауап беру. Иса бізді мінәжат етуде табанды болуға шақырды \(Лұқа 11:5–8\). Бұл Құдай біздің мұқтаждықтарымызды қамтамасыз еткісі келмейді, ал біз болсақ, оны жауап беруге көндіруге тырысамыз дегенді білдірмейді. Керісінше, тек Құдайға ғана бүкіл жағдайды біледі және мінәжатымызға қалай және қашан жауап беруді Өзі біледі дегенді білдіреді. Жүрегімізде сенімділік болған кезде ғана біз мінәжат етуді тоқтата аламыз. Самуилмен бірге: «Мен де сендер үшін Жаратқан Иеге жалынып сиынуды қойып, Оған қарсы күнә жасаудан аулақ болайын\! Қайта, сендерге ізгі де әділ жолды көрсете бермекпін» — деп айтайық \(1 Пат. 12:23\). Мәсіхшілердің еңсесі жиі түседі, өйткені Құдай мінәжаттарына әлдеқашан жауап бергенін түсінбейді. Бұл кейде мінәжаттары нақты емес болғандықтан, кейде олар Құдай мұқтаждықтарына қалай жауап беру керектігін алдын-ала шешіп қойғандықтан болады. Мүмкін, олар жағдайын тек анық керемет қана шеше алады деп ойлайтын шығар. Бірақ Тәңір Ие мұқтаждық өзімен өзі кетіп қалатындай жағдайларды өзгерте алады. Рухани жетілген сенушілер күнделікті өмірдегі барлық оқиғалар мен жағдайлар Құдайдың еркімен болып жатқанын түсінулері керек. Осы қауіпті өмірде күнделікті нанымыз бен қауіпсіздігіміздің өзі Құдайдың кереметі. Мұқтаждықтарымызға қалай жауап беруді Құдайға бұйырмайық. Қайта, Оның күнделікті қамымызды жегені үшін алғыс айтайық. Ертеде айтылған мына сөзге құлақ асыңыз: «Құдай Оның таңдауына сенетіндерге ең жақсысын береді». **4. Мақсатқа бағытталған мінәжат пен қарым-қатынас жасау мінәжаты** Әлемдегі ең үлкен жанұялық қауымның бағушысы доктор Чо мінәжаттың маңыздылығы жайлы айтады. Кореядағы өсіп келе жатқан қауымның бағушысы ретінде ол күніне бес сағаттан кем мінәжат етпеуім керекпін деп санайды. Ол мінәжатты екіге бөледі: нақты мақсаты бар мінәжат және қарым-қатынас жасау мінәжаты. Екі түрі де маңызды, бірақ мақсатқа бағытталған мінәжат ауыр еңбек және көп қуатты талап етеді. Бұл табанды мінәжат қамқорлық мінәжатқа жақын және шұғыл мұқтаждықтарды айрықша атайды \(Жақ. 5:16\). Нақты мақсаты бар мінәжаттың реті мынау: • Нақты мақсат қойыңыз және оған бүкіл назарыңызды аударыңыз; • Қарапайым сөздерді қолданыңыз; • Жүрегіңіздегі барлық сезімдер мен қуатты жұмсаңыз; • Табанды болыңыз \(Лұқа 18:1–8\). Қытайдағы сенушілер мінәжат еткен кезде осындай мінәжаттың түрін қолданады. Төменде тереңдігі жиырма бес фут жер астына жиналып сенушілердің Құдайға арналған қызметті өткізуі сипатталған. Үш сағаттық уағыздан кейін олар мінәжат етті, мінәжат еткен кезде көздерінен жас қатты ақты, олар оған мән бермеді. Олардың жүректері толығымен Мәсіхке бағытталғандығы соншалықты, олардың естерінде мінәжат еткен күйлері жоқ. Бір қарындас қырық бес минут аяғынан тік тұрып, үйленейін деп жүрген жігітін түрмеден босатуды сұрады. Жиналысқа дейін ол ұзақ уақыт бойы ораза тұтты, билік иелеріне Ізгі хабар тарату қызметі туралы ақпаратты беруден бас тартты. **5. Жаудың ортасында** Қарсы тұру жағдайындағы қауым көп уақытын мінәжатқа бөлуі тиіс. Сенушілер мінәжат ету өтініштері туралы айтуға, мінәжаттарға алынған жауаптарға қуануға және бірге мінәжат етуде бірігуге болатын, мінәжат үшін аптасына бір-ақ рет уақыт бөлген кезде қателеседі. Егер сенушілер әр жиналыста мәсіхшінің өмірінің осы маңызды саласына уақыт бөлсе жақсырақ болар еді. Тіпті ресми түрдегі емес мәсіхшілердің кездесулерін бірге мінәжат ету мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады. Егер қауым әр сенушіні күнделікті мінәжат етуге шақырып, жоспарына апта сайын мінәжат етуді қосса, дана шешім қабылдайды. Кейбір еркін қоғамдағы қауымдар сенушілерді бір жалпы мінәжат ету жиналысына жинамайды, шағын топтармен бірнеше үйлерге жиналады. Осының нәтижесінде қауымның қарапайым мүшелері жетекшілердің рөлін атқара бастайды, сенушілердің қатысу деңгейі өседі, ал жас сенушілер Құдай ресми емес, сенушілер ортасында да бола алатынына көзін жеткізеді. Жеографиялық аудандарға бағытталған мінәжат ету жиналыстарына қосымша қауым осы топтардың ішіндегі жиналыстарды ұйымдастыра алады, мысалы, үйде отырған әйелдерге, фермерлерге, студенттерге, жұмысшыларға арналған жиналыстар. Егер қауым қудалаулар кезінде соққының астында болса, үйреніп қалған сенушілер мінәжат ету жиналыстарға жиналуын тоқтатпайды. Тіпті мәсіхшілер тарап кетсе де, олар бір-бірімен мінәжат өтініштерімен пошта арқылы бөлісе алады. Осы тақырыпқа хат жазу оңай, олар билік иелерінің назарын аудартпайды. Алайда мәсіхтік отбасының негізгі рухани күші мінәжат ету өмірі болып қала береді. Егер шайтан Құдайдың рухани денесін таратып жіберіп, уақытша жеңіске жетсе, отбасылар үйде мінәжат ету өмірін жалғастыра алады. Түрмеге отырған немесе жер аударылған жеке мәсіхшілер өз тәжірибесінде мінәжат олардың басты күші екеніне көз жеткізді. Осындай азап шеккен сенушілердің тәжірибесі туралы көптеген кітаптар жазылған. Мінәжат — кез келген мәсіхшінің басты рухани тәжірибесі, оның жоғары рухани тәжірибесі. Тиімді мінәжат кез келген мәсіхші үйрене алатын ұлы сабақ екені шүбәсіз. **6. Қудалаушыларыңыз үшін мінәжат ету** Қудаланған қауымға үйренуге тура келетін ұлы сабақтардың бірі қудалаушылары үшін мінәжат ету. Бұл қағида жауларымызды сүю қағидасына ұқсас. Құдай осындай мінәжаттарды қалай құрметтегенінің көптеген мысалдарын келтіруге болады. Носки бұрын Филиппинаның оңтүстік жағында имам болды. Ол адал мұсылман болып, шағын бір қауымдастықта құрметке ие еді. Бір күні балық ұстап қайтып келген соң, ол өзінің екі қызы мәсіхтік сенімді қабылдағанын білген кезде қатты шошыды. Ол қыздары қауымдастықтары алдында қандай ұятқа қалдырғанын жақсы түсінді. Ол қатты ашуланып, олар сенімдерінен бас тартады деп, оларды ұрып-соғып тастады. Алайда қыздары нанымдарына адал болып қалды. Олар Құдайдың құдіретіне сеніп, әкесінің тәубе етуі үшін мінәжат етті. Біраз уақыт өткен соң, балық аулайтын кемеде Носки асқазанының ауырғанын сезінді. Ол қатты ауырып, іші шар сияқты үрленді. Ол мінәжат етті, бірақ еш нәрсе көмектеспеді, Носки үмітін үзді, кейін қыздарын Иса Мәсіхке мінәжат еткізіп сауықты. Осы оқиғадан кейін Носки жаңа адамға айналды. Ол жүрегін Иса Мәсіхке берді және Оның билігін мойындады. Бүгінгі таңда ол Тәңір Иеге жетекші ретінде қызмет етіп жүр, ал қыздары болса, оған қызметінде көмек беруде. ##### ОРАЗА Ораза — табанды мінәжатқа жанама рухани сала. Осы тақырыпты жиі қоятын сұрақтарға берілетін жауаптар арқылы зерттейік. **1. Ораза тұтып, мінәжат ету дегеніміз не?** Ораза тұту — Құдайды бірінші орынға қою дегенді білдіреді. Ораза — өмірдің қалыптасқан салтын тоқтатып, нақты жағдай немесе мәселе туралы мінәжат ететін уақыт. Ол тамақ ішуден, кейде судан да бас тартуды білдіреді, мұны біз Құдайға басты назар аудару үшін және рухани мәселелерге көбірек назар аудару үшін жасаймыз. Ораза — сонымен қатар «жоқ» немесе «күте тұр» деген жауап болсын, табанды жауап алғанға дейін мінәжат ету. **2. «Ораза» Киелі кітаптық ұғым ба?** Келесі сәттер туралы ойланайық: • Мұса қырық күн бойы екі рет ораза тұтты \(Мыс. 34:28\); • Даниил жиырма бір күн бойы ораза тұтты \(Дан. 10:3\); • Жоел сенушілердің ораза тұту уақытын белгілеуге шақырды \(Жоел 1:14; 2:12\); • Езра ораза мен жоқтау уақытында жеке жерге барды \(Езр. 10:6\); • Ілияс қырық күн бойы ораза тұтты \(3 Пат. 19:8\); • Антақидағы қауым жетекшілері ораза тұтты \(Елш. 13:2–3\); • Иса қырық күн бойы ораза тұтты \(Лұқа. 4:2\); • Пауыл мен Барнаба ораза тұтты \(Елш. 14:23; 27:33\). Өз мәнінде ораза — жүрегімізді Құдайға беріп, күнәларымызды мойындап, Тәңір Иеге қайтадан бет бұруды білдіреді \(Жоел 2:12–13\). Матай жазған Ізгі хабарда \(6:16–18\) Иса шәкірттерін ораза кезінде не істеу керектігіне үйретеді. Ол оларды ораза тұтуға шақырған емес, өйткені ораза тұту сенушінің міндеті деп санаған. **3. Оразаның әр түрлі түрлері бар ма?** Біріншіден, қарапайым ораза бар, бұл кезде тамақтан бас тартып, су ғана ішесіз мысалы, қырық күн бойы. Екіншіден, толық ораза бар, белігілі бір уақыттың ішінде су да, тамақ та ішпейтін ораза болады \(үш күннен артық емес\). Оразаның үшінші түрі — ішінара ораза, белгілі бір уақытқа кейбір тамақ түрінен бас тартасыз, мысалы тәтті жеуден не азырақ тамақ жеп, су ішесіз. Жартылай ораза кезінде мысалы, бір адам тек нан ғана жеп, су ішуді шеше алады. **4. Ораза кезеңіне арналған кеңестер** Ораза тұтар алдында дәрігерден кеңес алыңыз. Жүрегі ауру не диабетиктерге ораза тұтпаған жөн. Ағзаңыз шлактарды уақытылы және жеткілікті көлемде шығаратынына назар аударыңыз. Әдеттегі ораза кезінде адамдар әр түрлі сұйықтықтар ішеді. Нені ішу дұрыс болатынын, жүрегіңіз білсін \(ораза кезінде фтор, хлор сияқты қоспалары бар суды ішпеуге, қайта жай су ішуге тырысыңыз\). Оразаның алғашқы үш күні әдетте қиын. Егер сусыз ораза болса, үш күннен артық ораза тұтпаңыз. Сізбен бірге басқа сенушілер ораза тұтса, жеңілірек болады, әсіресе, егер оразаңыз ұзаққа созылса. Әдеттегі сабақтар не жұмыс кезінде ораза тұтсаңыз, түскі ас уақытын мінәжат ету үшін қолдаңыз. Көбірек мінәжат етуге тырысыңыз. ##### ОРАЗА МЕН МІНӘЖАТ КҮНІ Төменде ораза мен мінәжат күнін қалай жоспарлау керектігі туралы ұсыныстар берілген. Өзіңізді және топ мүшелерін қолдау үшін осы ұсыныст-арды пайдаланыңыз. 1. Бір тамақ ішу уақытын жіберуден бастай аласыз, мысалы, тәңертенгі асты не түскі асты, не кешкі асты жіберіп алуға болады. Егер тамақсыз жарты күн шыдасаңыз, онда келесіде осы кезеңді ұлғайтуға болады. 2. Киелі кітапты, дәптерді, қаламды, қаласаңыз жақсы рухани кітапты алыңыз. Телефоны жоқ тыныш жерді табыңыз. Алдын ала мінәжат ету уақытына қанша уақыт бөлгіңіз келетінін шешіңіз, сол уәдеңізде берік болуға тырысыңыз. 3. Тәңір Иеге табыну мен мадақтаудан бастаңыз, содан кейін Оның алдында тыныштықта отырыңыз. 4. Егер ой-санаңыз әр түрлі істер туралы әлі де ойлануда болса, сол істерді дәптерге жазып қойыңыз. Бұл сізге істерді ойламай, рухани тапсырмаларға назар аударуға көмек береді. 5. Киелі кітаптың бір кітабын таңдап, оны басынан аяғына дейін оқып шығыңыз. Асықпаңыз. Бір аяттан кейін екіншісін оқыңыз. Тәңір Иеден осы нақты аят арқылы, Ол нені үйреткісі келгенін сұраңыз. Содан кейін келесі аятқа көшіңіз. Дәптеріңізге Тәңір Иенің айтқанының барлығын жазып қойыңыз. 6. Киелі кітаппен бір сағат сабақ өткізген соң, мінәжатқа тікелей өте аласыз. Күнәңізді мойындаудан бастаңыз. Нақты отбасылық, жеке не қызметке қатысты мұқтаждықтар туралы айтыңыз. Содан кейін басқа адамдар үшін қамқорлық мінәжатымен мінәжат етуді бастаңыз. Ең бастысы — Тәңір Иемен қарым-қатынас жасау. 7. Әсіресе маңызды әрі шұғыл істер үшін мінәжат етуге уақыт бөліп, Тәңір Иенің жетегінде болыңыз. 8. Киелі кітапты оқып, содан кейін мінәжат етіңіз, кезекпен, сонда жалықпайсыз. Сонымен қатар рухани кітаптан бірнеше тарау оқуға болады. 9. Егер шаршағандық сезінсесіңіз, біраз ұйықтап алуға болады. Күннің аяғында сіз өзіңізді демалған болып сезініп, жұмысқа кірісе аласыз. 10. Егер мүмкін болса, кейде мәсіхтік музыка тыңдауға болады. Бір күндік оразалардан басқа кейбір мәсіхшілер үш күндік, жеті күндік және қырық күндік оразаларды тұтады. Қорытынды ретінде: Ол істерді жүзеге асыру үшін күш сұрады, Бірақ шыдамдылық үшін әлсіздік алды. Ол ұлы істер үшін денсаулық сұрады, Бірақ ұлы істер үшін әлсіздік алды. Адамдарды таңқалдыру үшін билік сұрады, Бірақ Құдайдың бет-жүзін іздеу үшін әлсіздік алды. Ол байлық сұрады, Бірақ даналыққа ие болу үшін кедейлікке ие болды. Ол өмірге қуану үшін барлығын сұрады, Бірақ барлығына қуану үшін өмір алды. Ол сұрағынан еш нәрсе алмады. Бірақ үміттенгенінен көбірек алды. Ол мінәжатына жауап алды\! Жарылқанған адам\! ###### Топтағы сабақтар **Рөлдік жаттығулар:** Сіз — қарым-қатынас жасау тобының жетекшісісіз және ораза мен мінәжат күнін жоспарлап отырсыз. Сізге және тобыңызға ең жақсы жағынан қолайлы болатын, әр түрлі нұсқауларды талқылап, жоспарлаңыз. Жоғарыда аталған барлық ұсыныстарды жүзеге асыруға болатын мінәжат ету кездесуін жоспарлаңыз. Нақты мұқтаждықтар үшін мінәжат кезінде Киелі Рухтың рухани дарындары көрінсін. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Мінәжаттарымыз неліктен тиімді емес болуы мүмкін? 2. Пауыл бізге «үздіксіз мінажат ету» туралы айтқан кезде нені меңзеді? \(1 Сал. 5:17\)? Бұл мүмкін бе? 3. Мінәжат мұқтаждықтарын жазу қалайша сенімімізді нығайта алады? Мінәжат мұқтаждықтарыңызды жазуға дайынсыз ба? 4. Құдай мінәжаттарыңызға жауап берген кездер болды ма? 5. Мінәжаттар мен күткеніңізге сай келмейтін жауаптарға қалай жауап беру керек? # V БӨЛІМ ## Дайындық ### Он алтыншы тарау #### Әділдікте өсу *Әрбір жарыскер барлық жағынан қатаң ұстамдылық танытады. Оның алғысы келетіні — кейінірек солып қалатын гүлдестесі ғана, ал біздің алатынымыз — мәңгі солмайтын «жеңіс тәжі»\!* 1 Қор. 9:25 Жас румындық сенуші полицияның құпиялы бөліміне сұрақ сұрау үшін шақырылды. Ол осы сәттен қатты қорықты. Ол сенімдегі бауырластары туралы айтып беруге деген ұсыныстан бірден бас тарта алмады, сонымен қатар осы ұсынысқа келіскен де жоқ, бірақ оның осылай күмәнданғаны оны қатты қинады. Сол түні қорқыныш мен айып сезімінен ұйықтай алмады. Келесі күні Киелі Рухтың жетегімен оның отбасына рухани жетілген бір мәсіхші келді. Мәсіхтегі үлкен ағасы сол таңдау туралы білген жоқ. Бұрын ол түрмеде отырғандықтан, Киелі жазбадан тиісті аяттарды таба алды. Ол оны қарым-қатынас жасауда қолдап, оны сенімінің сыналуына үшін дайындады. Жас жігітті қайта сұраққа шақыртқан кезде, бұл сынақ келесі күні келді. Алайда барлығы қайталанды және жас жігіт қайтадан өзінің енсесінің түсіп кеткенін сезді. Қайтадан аға сенуші оны қолдау үшін келді. Тағы да үш күн бойы келді және жас жігітті де сұраққа күнде шақырып отырды. Ақыр соңында ол полиция қызметкерінің ұсынысынан бас тартты. Полицияның оған деген шағымдары болмағандықтан, оны босатып жіберді. Дана кеңестер мен шыдамдылықпен қамқорлық көрсету, оған азғыруды жеңіп, әділдікте өсуге көмектесті. ##### КІРІСПЕ «Дайындау» деген етістікпен білдірілетін түсінікті бірнеше тәсілмен түсіндіруге болады: • Жаттықтыру, практикалық курс өткізу; • Белгілі бір іс немесе мақсат үшін қолайлы ету; • Баланы өсіру және тәрбиелеу; • Басқа адамдарға мойынсұнуға үйрету. Батыс елдерінде дайындық белгілі бір ақпаратты немесе білімді алуды білдіреді. «Дайындық» ұғымы шеңберінде тәрбилеу мәселесі жоқтың қасы. Жазбада бұл ұғым білімді беруді ғана емес, «үйрету» сияқты тәрбиелеудің жанама үдерісін білдіреді. Бұл ой Нақыл сөздерде мына үзінділерде расталады: 2 Тім. 3:16, Тит 2:11–12, Евр. 12:6. • «әділдікке тәрбиелеу үшін» 2 Тім.3:16, • «...Құдайдың бүкіл адамзатқа құтқарылуды ұсынатын рақымы анық білінді. Ол бізді ...бағыттайды» Тит 2:11–12, • «Иеміз Өзі сүйетін әркімді ...жазалайды қажет болғанда» Евр.12:6. Римдіктерге арналған хатта елші Пауыл қудалаулар адамды дайындауда маңызды құрамдас бөлік болып табылатыны туралы айтады: **Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз. Шыдамдылықтан сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді. Бұл үміт алдамшы қиял емес, өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті. Рим. 5:3–5** Киелі кітаптық біртұтастықты сақтау үшін дайындық ұғымын біз үшін дайындалған әділдік курсы ретінде қарастырайық, бұл курста әр сенуші Құдайдың бағытына мойынсұну үшін және жаудың алдауларына қарсы тұру үшін тәрбиелеу курсынан өтеді. Әскерге шақырылған немесе әскери қызметке түскен немесе бір іске өздерін өз еркімен арнаған адамдар, оларды таңдалған жұмысқа дайындайды деп күтеді. Кейбір мамандықтарда мұндай дайындық «шәкірт ету» деп аталады. Медицинада бұл — интернатура, әскери істе — жалпы дайындық деп аталады. Жазбада да біз шәкірт ету туралы оқимыз. Алайда сенушіні дайындау кезеңі біздің уақытымызда еленбейді, өйткені уақыт жетпейді немесе тапсырманың маңыздылығын олар түсінбейді. Мұндай көзқарас Исаның шәкірттерді дайындауына қарама-қайшы. Иса Өз шәкірттерін Өзімен бірге болуға шақырған соң, Ол оларды «адамдарды аулаушы болу үшін» соңынан еруге шақырды. Содан кейін Иса оларды осы қызметке дайындай бастады. ##### «БОЛУ» «АЙНАЛУ» ТІЛЕГІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ КЕЛЕДІ Құдай Патшалығында сарбаз-қызметші болу үшін, адам сарбаз-қызметшіге айналуы керек. Сарбаз-қызметшінің қалыптасуы оның дайындығының мақсаты. Бұл дайындықта адамның Исаның сарбазы болуға деген өз қалауы маңызды. Дайындықсыз арнау не үмітсіздікке, не қанағаттанбау сезіміне алып келеді. Қалай қызметші болып, Құдай Патшалығының сарбазы ретінде өзімізді қалай ұстау керектігін білу үшін, бізге Матай жазған Ізгі хабардың шынайы бақыт өсиеттері мен Таудағы уағызға жүгіну керек \(5:3–12\). Бұл өсиеттер мұсылман елдеріндегі мәсіхшілер үшін ерекше маңызды. Олар қатты шектеулер жағдайында тұрады, оларға екінші сұрып адамдары сияқты қарайды, олардың үстінен күліп, жек көреді, олар жиі қорқынышта болады және оларды қудалайды. Олар үшін осы өсиеттерде қолдау мен үміт сөздері бар. Малайзия мен Индозения сияқты елдерде еркіндік көбірек және өмір соншалықты күрделі емес, бірақ бұл жерлерде де қудалаулар бар. Пакистан сияқты басқа елдерде мәсіхшілер адам құқығынан айырылған. Сауд Арабиясында, Мысырда, Иранда, Суданда, Нигерияда мен Мароккодағы жағдай ұқсас, бірақ мәсіхшілердің азабының деңгейі әр түрлі. Олардың барлығы үшін Иса Өз хабарын ұсынады. Барлық сегіз өсиеттің де екі табиғаты бар екенін естен шығармау керек, олар «білімді» және осы «білімнің» нәтижесі «іс-әрекетті» білдіреді. Исаның өсиеттерін еске сақтап, кейін оларды талқылап, олар жайлы ойлану керек. ##### ҚЫЗМЕТШІНІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ Өсиеттің алғашқы төртеуі Тәңір Иеге қызмет етуге дайын, сенушінің жүрегінің дамуына басты назар аударады. Оларды Тәңір Ие Иса Мәсіхке мойынсұнатын қызметшінің қалыптасуына алып келетін төрт ретті қадам ретінде қарастыруға болады.             Әділдікті аңсап зарыққандар       Кішіпейілдер Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты Құдай алдында құр алақан тұрғандар **1. Құдай алдында құр алақан тұрғандар** **Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты: Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған\! Мат. 5:3** Құдай алдында құр алақан тұрғандар жеке басының рухани жарлылығын мойындайды. Бұл адам өз өміріне билік жүргізетін күшінің болмауын толығымен мойындаған кезде болады. Мұндай адам күшті Құдайдан алады. Осындай көзқарас оған осы әлемнің материалдық заттарына қызығудан аулақ болып, тек Құдай мен көкке сенуге көмектеседі. «Жарлы» деген сөз адамды төмендететін, толық кедейлікті білдіреді. Осындай кедейлік әлсіреп, тізесіне құлайды. Осыған байланысты осы өсиетті былай деп қайта айтуға болады: «Өзінің толық әлсіздігін мойындап, толығымен Құдайға сенім артқан адам бақытты. Мұндай адам кішіпейілдікпен Құдайдың еркін қабылдап, Оның Патшалығының азаматына айналады». Әсіресе, Пакистан сияқты елдерде мәсіхшілер осы өсиетті ұлы жұбаныш деп санайды, олардың көпшілігі — басқалар жасаудан бас тартатын жұмысты орындайтын, көше сыпырушы мен жұмысшылар. Олар жақсырақ жұмыс таба алмайды. Олардың балалары жоғары білім ала алмайды, сөйтіп өздері сияқты тағдырға бойсұнады, олар толық кедейлікте өмір сүреді. Осы хабар ең алдымен соларға арналған. Олар Құдайға толығымен сенім артқан кезде, көктегі азаматтығына толық сенімділікте болады. Азияда бір мәсіхші әйелді тұтқындап, түрмеге отырғызды. Тәңір Иенің жетегімен ол ауыр жұмысты жасауға келісіп, түрменің сасық лас дәретханаларын жуа бастады. Бірақ осы жұмыс оған ән айтып, әр түрлі камераларда отырған тұтқындарға Иса туралы айтуға мүмкіндік берді. Оның іс-әрекеттері мен сөздерінің арқасында көптеген тұтқындардың Тәңір Иені танып білуіне алып келді. **2. Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты** **Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты: Құдай оларды жұбататын болады\! Мат. 5:4 ** Біз өзімізді лайықсыз сезініп, Құдайдың алдына баруға, құдіретіне мен жетегіне ұмтылып, Тәңір Иеге барлық игіліктердің көзі ретінде қарай бастаған кезде, жылау біздің жағдайымыз туралы қайғыны білдіреді. Мұндай жылауды, мұндай қайғыны жасыру мүмкін емес. Олар осы әлемде пайда болатын азаптар мен қайғының салдарынан пайда болады. Басқа адамдардың азаптары мен мұқтаждықтарын азайтуға тырысқан адам да бақытты. Бұл өсиетті де біз былай деп қайта айта аламыз: «Әлемнің азаптарын және өзінің күнәкар, лайықсыз жағдайын көрген адам бақытты, өйткені ол Құдайда қуаныш пен жұбанышқа ие болады». Осы тақырыпқа ойланып, біз қауымның және барлық мәсіхшілердің қайғылы жағдайын түсіне бастаймыз. Көптеген елдерде қауымдар әлсіз, олардың кейбіреулерін сөз жүзіндегі сенушілер деп атауға болады, оларды қарама-қайшылықтар мен жікке бөлінулер жан-жаққа бытыратады. Мұндай қауымдар туралы жылау керек. Күресті тоқтатып, жаудың жағына өткен сенушілерге жылау керек. Уағыздардың нашарлығы, мінәжаттар мен рухани күштің жетіспеушілігіне жылаңдар. Қауымға келіп, жабық жүректер мен есіктерді көргендер үшін жылаңдар. Айналасындағы әлемге Исаның жарығын көрсете алмаған мәсіхшілер туралы жылаңдар. Нұрдың жарқырауынан қорыққан қауым туралы жылаңдар. Бізге уәдеміз бар болғандықтан, бізге жылауға сылтау бар, онда біз жұбанышқа ие боламыз. **3. Кішіпейілділер** **Кішіпейіл жандар бақытты:олар жерді иемденетін болады\! Мат. 5:5** Кішіпейілдікті әлсіздікпен шатастырмау керек, кішіпейілдік дегеніміз «бақыланатын күш». Осы мәнмәтінде күнәсін мойындап, мінәжат етуші адам оның бойындағы Киелі Рухтың жетегінен және сенушіге тіпті жағымсыз келіспеушілікке толы жағдайда жарылқанған. Тарих осы ақиқатты түсініп, Киелі Рухтың жетегіне өзінің сезімдерін, түйсіктерін мен күшін бағындырған адамдар ұлы болғанын көрсетті \(Ру сан. 12:3\). Нақыл сөздерде \(16:32\) «Қуатты жасақшыдан сабырлы жан артық,  қаланы басып алғаннан ұстамды жан артық» — деп айтылған. Сонымен, «Құдай Рухына әрбір сезімін, күшін, түйсігін бағындырған адам бақытты. Мұндай адам Құдайдың алдында да, басқа адамдардың алдында да, өзінің алдында да дұрыс адам болады және Құдай ғана беретін өмірге кіре алады». Қарама-қайшы пікірге ие адамдармен сөйлескен кезде, осындай кішіпейілдік туралы мінәжат етіңіз. Сіздің шыдамдылығыңыз бен өзіңізді бақылауыңыз сыналатын кез келеді. Сұхбатта Киелі Рух бағыттың өзгеруін немесе стартегиялық шегінуді ұсынатын да кез келеді. Бұл бір қарағанда жеңіліс болып көрінуі мүмкін. Кішіпейіл болу дегеніміз кейін толық жеңіске жету үшін уақытша шегінумен келісу дегенді білдіреді. **4. Әділдікті аңсап зарыққандар** **Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты: олар қанағат табатын болады\! Мат. 5:6** Бұл қасиет қызметшінің қызметке дайын екенін көрсетеді. Шәкірт ету аяқталғанда немесе дайындық толық болған кезде, сарбаз-қызметші қанағаттану сезінеді, өйткені Құдай оны шақырған, дайындаған және жабдықтаған қызметі үшін қолданады. Ерте заманда адамдардың кірістері кішкентай болған, сондықтан да, олар тек отбасын асырау үшін ғана жұмыс істеген. Су да қымбат болды. Адалдық пен әділдікке қатты ұмтылу өмір мен өлім сұрағы екені өсиетте айрықша аталады. Ең үлкен қалауы басқа адамдар мен Құдайға деген сүйіспеншілікке бағытталған кезде бақытты. Осылайша: «Толық әділдікке ұмтылған адам бақытты, өйткені аш адам тамаққа қалай ұмтылатын болса немесе шөлдеген адам суды қалай аңсаса, дәл сол сияқты мұндай адам шынайы қанағат алатын болады». Басқа дінді ұстанушылар мәсіхшілердің сеніміне ден қойып қарайтыны үлкен әсер етеді. Олар діні сырт жүзінде ғана сенетін, жексенбі сайын ғана қауымға баратын сенушілерді құрметтемейді. Батыс мәсіхтік сенімнен көретін көп нәрсе одан бас тартуға мәжбүр етеді. Адамгершілік тазалыққа осы сыйламайтын көзқарас, гедонизм, көзқарастардың анық еместігі сенім үшін азап шеккісі, бір нәрсе үшін күрескісі және бір нәрсені құрбан еткісі келмеу. Андрей есімді бауырлас былай дейді: «Мұсылман адам адамдардан жасырынатын қауымды қалай сыйлай алады?» Мәсіхшілер өзінің туын жоғары көтеріп, сенімдері мен нанымдары үшін азап шегуге дайын болуы тиіс. Мінсіз әділдік адамдарға үлкен әсер етеді, сол кезде біздің Ізгі хабарды уағыздауымыз, олардың жүрегінде шынайы құрметті туғызады. ##### ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЖҮРIС-ТҰРЫСЫ Шынайы бақыт өсиеттерінің соңғы төртеуі сарбаз-қызметшінің сыртқы мінез-құлқына назар аударады. Сарбаз-қызметші болу — мынаны білдіреді:             Әділдік үшін қудаланғандар       Татуластырушылар Жүректері пәк тазалар Мейірімділер   **1. Мейірімділер** **Мейірімділер бақытты: Құдайдың мейірімі соларға түседі\! \(Мат. 5:7\)** Біз рухымыздың жарлылығын мойындаған кезде, Құдай мейірім- ді болғандықтан, бізді кешіріп, барлық кереметімен жабдықтайды. Құдайдың рақымына ие болып, біз оны басқа адамдарға көрсетуіміз керек. Бұл Киелі кітаптық қағида өзімізді басқа адамның жүрегіммен сезіп, оның көзіммен көру үшін орнына қоюға деген қабілетті білді- реді. Дәл осы нәрсені Өзінің адам кейпінде жер бетіне келуі арқылы жасады. Сонымен, «өзін басқа адамның жүрегімен сезіп, оның көзімен көру үшін орнына қоятын адам бақытты. Сол кезде басқа адамдар оған дәл сондай көзақарас танытып, Құдай мұны Иса Мәсіхте олар үшін жасағанын білетін болады». Біз өзіміздің сенбеуші достарымызға қалай қараймыз? Біз мұсылмандарға қараңғыда сипап, бағыт беріп жүрген адамдарға қараған сияқты қарай аламыз ба? Біз оларды осындай күйде көрген кезде, біздің оларға қарым-қатынасымызды сипаттайтын ең қолайлы сөз бұл «мейірімділік» сөзі болады. Біз оларға қатысты мейірімділікпен әрекет етуіміз керек. Біз дұрыс емес бағытта кетіп бара жатқан соқыр адамға жол көрсеткеніміз сияқты, шынайы жарыққа жол тапқысы келгендерге көмектесуіміз керек. Егер біз Мәсіхтің әділдік күні екенінде сенімді болсақ, онда бізге еш нәрсені дәлелдеудің қажеті жоқ, қайта мұқтаж адамдарға шынайы жолға жұмсақтықпен нұсқауымыз керек. **2. Жүректері пәк тазалар** **Жүректері пәк тазалар бақытты: олар Құдайды көретін болады\! Мат. 5:8** Біздің Құдайға жылап жалбарынуымыз Мәсіхтегі жаңа өмірге бізді өзгерту үдерісін бастайды. Осы әлемнің ластығының арасындағы таза өмір татуласу үдерісінің бастамасына айналуы мүмкін сияқты. Бұл шынайы бақыт өсиеті өзімізге сын көзбен қарауды талап етеді. Біз барлығын таза ниетпен жасауымыз керек. Мұндай көзқарас өзіміз үшін өлімді талап етеді және жүрегіміздің ішінде Мәсіхтің өмірінің көздерін ашады. Сонымен, «ниеті таза адам бақытты, таза өмір сүрген ол Құдайдың Өзін көретін болады». Біз жүрегіміз таза болып, Оған жақындаған кезде, біз Оны анық көріп, Одан көбірек сүйіспеншілік сезініп соңынан ереміз. «Сондықтан да, ниеті таза, таза өмір сүруші адам бақытты, өйткені ол Құдайды көреді». Мұсылмандар тазалықтағы өмірге үлкен мағына береді. Олар киімнің қарапайымдығы мен екі жыныс арасындағы тазалықты айрықша атайды. Мәсіхшілер осы жағынан салақ көрінеді. Бізді тазалық мәселелері алаңдатпай ма? Жоқ, бұл олай емес. Айырмашылық біз неден бастайтынымызда? Біреулер адамның сыртынан ішіне қарай көрінеді деп санайды. Ал сарбаз-қызметші үшін барлығы керісінше болуы тиіс, оның тазалығы ішінен сыртына қарай көрінуі тиіс. Осылайша, мұсылмандар өздерін таза сақтауға тырысады, олар тазалыққа мұқтаж екенін түсінеді. Ал біз мәсіхшілер, салақтық танытып, бізге лас нәрсе жабысуы мүмкін екенін ұмытып қаламыз. Осындай көзқарас адамдарды дұрыс емес қорытындылар жасауға алып келіп, сүрінудің себебі болуы мүмкін екенін түсіну маңызды. Біз тазамыз деп айту жеткіліксіз. Адамдар біздің тазалығымызды көрулері тиіс. **3. Татуластырушылар** **Татуластырушылар бақытты: олар Құдайдың рухани балалары деп аталмақ\! Мат. 5:9** Кішіпейіл рухта болып, біз адам ақылынан асқан татуластырудың елшісі болып, келіспеушілікпен күресе аламыз. «Татулық» деген сөздің бай түрлері барлық адамдарға рақымды көзқарасты білдіреді. Бұл сөз сонымен қатар дұрыс қарым-қатынасты да білдіреді — бұл бір-бірімізге деген игі әрі жақын көзқарас. Татулық біз мәселелерден қашып кетпеуге тырысқан кезде келеді, бірақ тыныштықпен беттеріне қарап, тіпті тыныштық жағдайын алып келеміз. Осылайша, «бір-біріне өмірдің барлық салаларында дұрыс көзқарас танытатын тыныштық сыйлаушылар бақытты, өйткені олар Құдайдың жоспарын орындауда». Мұндай іс-әрекеттер Иса сияқты адамдардың арасындағы кедергілерді құрту үшін өмірімізді қиюға алып келуі мүмкін. \(Ғал. 3:26–29\). Басқалар Құдаймен татуласу үшін осы құнды төлеуге дайынсыз ба? Барлық адамдар Ізгі хабарды естіп, сенімге келуге құқығы бар деп айтып тұрып алуға дайынсыз ба? Әлемнің кейбір келіспеушілікке толы өңірлерінде мәсіхшілер мұны тыныштық сыйлаушылардың жұмысы деп атайды. Исраилдегі әрдайым татулыққа ұмтылған бауырластар Исаның ең жоғары адамгершілік тәлімі «зұлымдыққа зұлымдықпен жауап бермеу» \(1 Пет. 3:9; Рим. 12:17; 1 Сал. 5:15\) немесе «зұлымдыққа қарсы шықпау» \(Мат. 5:39\) деп байқайды. Иса шәкірттерін өздеріне деген нашар көзқарас танытқандарға керісінше жауап беруге шақырады. Иса «кегінді алып, қаш» деп адамдардың айтатынына мүлде бірегей жауапты ұсынады. Иса «екінші жағынды бер» деп үйреткен кезде, Ол тыныштық сыйлаудың қорғаныс емес, шабуыл жасау іс-әрекеті туралы айтты және осыған ол сол заманның мәдениетіндегі мысалдарды қолданған. Жақтан ұрған адам жоғарыда тұрған адамның төменде тұрғанның үстінен үстемдігін көрсетіп, алақанының артқы жағымен ұратын, сондықтан да екінші жағын берген адам бастаманы қолына алып, өзінің адамзатқа тән екендігін растайды. Екінші жағын берген адам өзін төмен жағдайда деп санамайтынын көрсетеді. Бұл адам өзін ренжіткен адаммен құқығы бірдей деп санайды. Ол қарым-қатынас сипатын өзгертіп, ренжіткен адамды адамгершілік таңдауын жасаудың алдына қояды: зорлық-зомбылық көрсетуді жалғастыру немесе күнәсін мойындап татуласу. Киелі кітаптағы тағы бір үлгі: Біреу сенімен соттасып, көйлегіңді тартып алғысы келсе, оның шапаныңды да алуына қарсы болма\! \(Мат. 5:40\), Немесе біреу сені бір шақырым жерге еріп \(жүгін көтеріп\) жүруге мәжбүр етсе, онымен екі шақырым жүр \(Мат. 5:41\). Татулық мынаны білдіреді: • Жек көру емес, сүйіспеншілікті көрсету; • Бауырластар арасында бірліктің болуын қолдау; • Мәңгі Патшалықтың куәлігін ұсыну; • Исаның үлгісіне еру. **4. Әділдік үшін қудаланғандар** **Әділдік үшін қудаланғандар бақытты: Құдай Патшалығы сондайларға арналған\! Мат. 5:10** Әділдікті аңсағандар үшін қудалаулар туралы уәде де келіп жетеді, бұған Құдайға деген сенімінде нық тұрғандар тап болады. Біз ыңғайлы, қауіпсіз өмірге шақырылған жоқпыз, қудалаулар мен азаптар арасында қызмет етуге шақырылғанбыз. Қудалаулардан қашудың қажеті жоқ, өйткені олар әділ өмірдің нәтижесі. Олардан аулақ болу үшін, әділ өмір сүруді тоқтату керек. Матай жазған Ізгі хабардың үзіндісінде былай деп айтылған: «Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап, әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар\!Қуана шаттаныңдар, себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр\! Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған» \(Мат. 5:11–12\). Қудалауларды туғызатын көптеген басқа жағдайларды атап шығуға болады. Бірақ осы кітаптың алдынғы тарауларындағы сияқты мәсіхшілерді қудалаудың себебі, Матай жазған Ізгі хабардың 5 тарауында және Жохан жазған Ізгі хабарда \(15:20\) Иса арқылы білдірілген: **«Мына айтқан сөзім естеріңде болсын: «қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес». Күнәкарлар Мені қудаласа, сендерді де қудалайды...** Құлы қожайының тағдырын қайталайды. Шәкірт Ұстазының жолымен жүреді, сондықтан да мәсіхшілер үшін қудалаулар міндетті түрде болатын жағдай. Бұл игілікті тағдыр. Қатты үш жылжымайтын күшпен соғылған сияқты, Иса бүкіл әлемді аяғынан басына тұрғызып, дұрыс тәртіпті орнатты. Осының барысында Ол әлемнің құрамын «ішінен» сілкіндірді. Ертедегі қауым Мәсіхке сенім артқандары үшін көптеген қудалауларды басынан өткізді. Осы қудалаулар оның сенушілерінің өмір сүру салтына үлкен әсер етті. Мәсіхші мүсінші, өзінің айналасындағы барлық адамдар сияқты басқа ұлт өкілдерінің ғибадатханалары үшін мүсіндерді жасай алмады. Ал тігінші басқа ұлт абыздары үшін киім тіге алмады. Олар қоғамдық өмірге ықпал етті. Мейрамдардың көбі әр түрлі құдайларға салынған ғибадатханаларда өткізілді. Әдетте, жиналған адамдарды осы құдайларға арналған құрбандықтар ұсынылған ортақ үстелге отырғызатын. Тіпті әдеттегі тамақ ішу үйлерде бір бокал шарапты сол құдайларға алғыс айтып көтеруден басталатын. Ал мәсіхші осындай тамақ ішуге қатыса ала ма? Қудалаулар отбасы шеңберінде болды, отбасы мүшесінің біреуі Исаға сенім артқан кезде, ал басқалары оған жау көзбен қарай бастады. Осының нәтижесінде отбасылар бұзылатын. Мәсіхтік сенім жиі ауырсыну мен ішкі күреске алып келетін, отбасын бөлетін семсерге айналатын. Бұдан да қатал қудадаулар кезінде көптеген мәсіхшілерді арыстандар тұрған торларға тастайтын немесе өртке жағып жіберетін. Кейбіреулеріне май жағып, Неронның сарайларына жарық түсіру үшін жағып жіберетін, ал басқаларын тірідей аңдардың терілеріне тігіп, иттерге жеуге беретін \(Евр. 11:37\). Мәсіхшілерге балқытылған қорғасын құятын, қатты қыздырылған темірді денесінің ең нәзік жерлеріне қоятын, көздерін жұлып алатын, аяқ-қолдарын кесіп тастайтын, қолы мен аяқтарын жағып, ал, азаптары одан бетер жалғассын деп, денесіне мұздай су құятын. Біздің көпшілігіміз өмір бойы Иса Мәсіхке ешқандай шынайы құрбандық алып келген жоқпыз. Қудалауларға тап болу дегеніміз пайғамбарлар, киелі адамдар, азап шегушілер жүрген жолмен жүру дегенді білдіреді. Қудалаулардан азап шегу — артымыздан еріп келе жатқандардың өмірін жеңілдету. Қудалаулардан азап шегу — Седрақ, Мисақ пен Әбдінаго жанып тұрған пеште жану арқылы Иса Мәсіхке жақындау \(Дан. 3:19–25\). Жақындау мұндай қайғылы да болмауы мүмкін, бірақ ол шынайы сезіледі. Біздің көпшілігіміз бүгінгі таңда еркіндікпен жарылқанып рақаттанып өмір сүріп жатырмыз, өйткені өткен заманда өмір сүрген сенушілер оны біз үшін қандары, терлері мен көз жастарын төгіп жүріп, алып берді. ###### Топтағы сабақтар 1. Шағын топтарға бөлініп, осы тарауда ұсынылған сабақтарды талқылаңыз. Шынайы бақыт өсиетінің қайсысы іс-жүзінде қолдану үшін күрделі болып көрінеді? 2. Солтүстік Кореядағы сенушілер жасырын жиналыстарында Тәңір Иенің мінәжатын қоспағанда мына бес қағиданы айтады: • Біз қудалаулар мен сынақтарды абыроймен және қуанышпен басымыздан өткіземіз. • Біз балағаттау мен қиындықтарды Исаның атымен қуанышпен қабылдағымыз келеді. • Біз басқалардың көз жасын сүртіп, азап шеккендерді жұбатқымыз келеді. • Біз адамдар мәсіхші болуы үшін оларға деген сүйіспеншіліктің арқасында өмірімізге қауіп төндіруге дайынбыз. • Біз өмірімізді Құдай Сөзінде берілген үлгілерге сай сүргіміз келеді. Осы сенушілер әділ өмірге қалай дайындалғанын талқылаңыз. 3. Киелі Франциск жазған деп саналатын әлем туралы мына мінәжаттың элементтерін талқылаңыз: ##### ӘЛЕМ ТУРАЛЫ МІНӘЖАТ Тәңір Ие, менен тыныштық сыйлайтын қару жасашы; Жек көрушілік бар жерде сүйіспеншілік себейін, Жан азабы бар жерге, кешірім әкелейін, Қателер бар жерге ақиқатты алып келейін, Күмәндар бар жерге сенімді себейін, Үмітсіздік бар жерге, үміт себейін, Қараңғылық бар жерге, жарық, Ал қайғы бар жерге, қуаныш алып келейін. Уа, құдіретті Құдайым, Мен жұбаныш іздемей, басқаны жұбатайын; Түсінуді іздемей, басқаларды түсінейін; Сүйіспеншілік іздемей, өзім сүйіспеншілік берейін; Өйткені берген кезде біз ие боламыз, Ал кешіргенде кешірім табамыз. Өзіміз үшін өлген кезде, мәңгі өмірге туыламыз. Аумин. 4. Қасиетті өмір сүруді қалайтын адамды қандай қиындықтар күтіп тұр? Қазіргі заманғы өмірде орындау үшін қандай киелілік салалары қиын? 5. Еліңіздегі және мәсіхшілер қудалаулардан азапталатын өзіңізге белгілі өңірлердегі әр түрлі халықтар мен діни топтар арасындағы татулық пен үйлесімділік үшін мінәжат етіңіз. ### Он жетінші тарау #### Қарым-қатынаста көрінетін сүйіспеншілік *Балаларым менің, сөз жүзінде емес, іс жүзінде шынайы сүйіспеншілік білдірейік\!* 1 Жох. 3:18 «Қымбатты Рут, сенбі күні күндіз Мен сенің ауданыңда боламын және сені көру үшін үйіңе барамын. Әрдайым сүйіспеншілікпен, Иса.» Үстелдің үстіне хатты қойған кезде, оның қолы дірілдіп тұрды. «Құдай неге маған келгісі келеді. Менің ешқандай ерекшілігім жоқ. Менің Оған ұсынатын ешнәрсем де жоқ». Осы туралы ойлап, Рут бос шкафты қарап: «Менің шынымен де, Қонаққа берер ешнәрсем жоқ. Дүкенге барып, түскі асқа бірдеңе алу керек». Ол әмиянын алып, ішіндегісін санады: бар-жоғы бес жарым доллар. «Жарайды, тым болмаса нан мен бір тілім суық ет ала аламын ғой». Ол пальтосын киіп, дүкенге қарай жүгірді. Француз бөлкесі, күркетауық, бір қорап сүт... осыны сатып алған соң, келесі дүйсенбіге дейін Рутта барлығы он екі цент қалды. Бірақ осыған қарамастан ол риза болып, үйіне асыға қайтты. — Ей, қарындас, сіз бізге көмек бере алмайсыз ба? Рут түскі ас туралы ойланып келе жатқаны соншылықты, тіпті алдынан шыққан жыртық-жыртық киім киген ер кісі мен әйелді байқамай қалды. — Білесіз бе, мен жұмысымды жоғалтып алдым, әйеліміз екеуміз осы уақытта көшеде тұрамыз, бірақ күн суып кетті, қарнымыз ашып кетті, сіз бізге көмек берсеңіз алғыс айтар едік. Рут оларға қарады, олар лас киім киінген, жаман иіс үстілерінен мүңкіп тұрды, тіпті олар қаласа да, жұмыс таппас еді. — Мен сізге көмектесуге дайын едім, бірақ менің маңызды Қонағым бар бүгін, мына нан мен құс етін Соған дайындап қойдым. — Жақсы онда, қарындас. Мен сізді түсінемін. Сізді бізді кешіріңіз. Ер адам әйелді құшақтап алды, олар саяқ жол жаққа қарай кетті. Рут олардың соңынан қарады, оның жүрегі қатты ауырып кетті. — Ей, тоқтай тұрыңдар. Жұп тоқтап, қыздың өздеріне қарай жүгіріп келе жатқанына қарап тұрды. — Мынаны алыңыздар. Мен Қонағыма басқа бір нәрсе берермін, — деп, пакетті олардың қолына ұстатты. — Рахмет, қарындас. Үлкен рахмет. — Үлкен рахмет, — деді әйел. Сол кезде қыз әйелдің қолы дірілдіп тұрғанын көрді. — Рахмет, сізге, — деп еркектің артынан әйел қайталады. Сол кезде Рут әйелдің суықтан дірілдеп тұрғанын көрді. — Менің пальтомды алыңыз, үйімде тағы біреу бар. Мынаны алыңыз. — Рут үстіндегі жемпірін де шешіп беріп, әйелдің иығына жапты. Содан кейін ол жымиып күліп, палтосыз және Қонағына тамақсыз үйіне кетті. — Рахмет, сізге қарындас. Үлкен рахмет. Үйіне жетем дегенше Рут мұздап қалды. Ол алаңдай бастады. Оған Тәңір Ие келу керек еді, ал оның тіпті Оған беретін тамағы да жоқ. Есіктің алдында ол кілтті іздей бастады. Сол кезде жазуды көреді. «Қандай қызық. Әдетте пошташы хатты күніне екі рет алып келмейді», — деп ойлады Рут. «Қымбатты Рут, тамаша тамақ үшін рахмет. Жылы пальтоға да, рахмет. Әрдайым сүйіспеншілікпен, Иса». Ауа әлі де суық еді, бірақ тіпті пальтосыз да Рут суықты сезінген жоқ. ##### КІРІСПЕ Бүкіл әлемді өзгерткен, қауым туралы өз кітабында бағушы Грег Лори былай деп жазған: «Алғашқы мәсіхшілер басқа ұлт өкілдерін жеңген жоқ, олар олардан көбірек өмір сүрді. Мәсіхтік сенім басқа ұлт өкілдерін немесе иудаизмді соққыға соққымен жауап беріп, жеңуге тырысқан жоқ. Керісінше, І ғасырдың мәсіхшілері сенбеушілерді ой-санамен, мінәжаттарымен және өмір сүру салтымен жеңді. Олардың қаруы жоққа шығару емес, наным болды. Оларға қарсы шыққан жоқ. Олар императорды тағынан түсіруді ұйымдастырғысы келді. Оның орнына олар мінәжат етіп, уағыз айтып, айқышқа шегеленген, өлімнен қайта тірілген және адамдардың өмірін өзгертуге дайын, Мәсіхтің хабарын жариялады. Олар сөздерін іспен растаған: берген және сүйген». Біз тез арада өзгеріп келе жатқан әлемде өмір сүреміз. Ғылым мен технологияда үнемі маңызды әрі үлкен ашылулар болуда. Саясат пен экономикада мемлекеттердің өзара әрекетін және өндірістік кәсіпорындардың билікті нығайту үшін мен бірге өмір сүру мақсатында бірігуін көреміз. Сонымен қатар біз үлкен ақ дақтарды көреміз, бұл өзгерістердің бәрі оларға қатысты емес. Онда аштық пен кедейліктің ғасыр бойы созылып келе жатқан мәселелері бар, соғыс болуда, қылмыс өсіп, аурулар шегінуге тырыспайды. Біз мәсіхшілер ретінде бұған не дей аламыз? ##### ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУДА ТҰЗ МЕН НҰР БОЛУ Біз алдыңғы тарауда айтып өткен шынайы бақыт туралы өсиетінде Иса келесі сөздерді айтты: **Сендер жер бетінде тұз сияқтысыңдар. Ал егер тұз өз күшінен айырылған болса, онысын қалай қалпына келтіруге болады? Еш нәрсеге жарамсыз болып шыққандықтан, оны лақтырып тастап, аяқ асты ету ғана қалады. Сендер дүниеге \(Құдай жолын көрсететін\) «нұрсыңдар». Төбе басына салынған қала жасырынып қала алмайды. Ешкім шам жағып, оны ыдыспен бүркеп қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа қояды, сонда оның жарығы үйдегілердің бәріне түседі. \(Мат. 5:13–16\)** Осы үзіндіде Иса мықты салыстыруларды немесе екі бейнені қолданып отыр. Оның алғашқы тыңдаушылары тұз бен нұрдың бейнелерін жақсы түсінетін. Тәңір Ие өзінің қауымын негіздеген жерде, ол өзінің осы екі қызметін жүзеге асыруы тиіс. Бұл үшін батылдық, адамгершілік қасиеттер, рухани күш, сүйіспеншілік мен жанашырлық қажет. Осындай әсер мәсіхшілердің өзінің қатысуымен зұлымдықтың тарауына жол бермеген кезде орын алады. Әділетсіздік, зорлық-зомбылық, қаталдық, немқұрайлылық, сыбайлас жемқорлық пен адамгершілік қасиеттерден жұрдай болу мәселелерін жеке адамның немесе комитеттерде жұмыс істеп жүріп, жұрт алдында өз ойын білдіретін партия мен баспасөз басшылары, телефон соғулар мен хаттар арқылы топтың көзқарасы тұрғысынан қарастыруға болады. Кейде бұл үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Басқа уақытта түрмеге отыру немесе тіпті өлімге төзуге дайындықты білдіру қажет болады. Қажет жағдайда біз осыған бара аламыз ба? **1. Жер бетіндегі тұз** Иса дерек туралы былай дейді: «Сендер — жер бетіндегі тұзсыңдар». Бұл бұйрық немесе қалауды білдіру емес. Бұл қазіргі уақыттың шындығы. Бұл сөздермен Иса Құдай оларды кім еткен болса, біз сол болуымыз керек дегісі келеді. Сілтеме келтірілген Матай жазған Ізгі хабардың үзінді мәнмәтінінде қудалаулар күтіп тұрған мәсіхшілер туралы айтылып тұр. Тұз көп мөлшерде қажет, бірақ оның өзі ешқандай ерекше мағынаға ие емес. Бір жерде бұл арзан өнім, ал екінші жерде ол қымбатырақ. Біздің бір мақал адамның құндылығы тұздың салмағына тең оның «салмағымен» өлшенеді, дейді\! Тұздың құны өзгеруі мүмкін, бірақ тұздың өзі құнынан артық өте ерекше қасиеттермен өлшенеді. Дәл осы нәрсе мәсіхшілер сенімде тұрған кезде орын алады. Мәсіхшілердің осы пікірі зұлымдықтың өсуі мен әділетсіз әсерді мүмкін емес етеді. XVIII ғасырда Джон Уэсли мен Джордж Уайтфилдтің қызметі тұсында Англияда ояныш болды, ол дәл сол жылы Францияда болған қанды революцияны болдырмады. Мәсіхшілердің осындай жағымды әсері әдетте жеке деңгейде байқалады. Адамдар тәубе етеді, адамдар елдің ар-ұжданының әшкерелеуін сезінеді және олардың басқа адамдарға құрметі өседі. Мәсіхтің шәкірттері сенімдері туралы үндемей тұра алмайды. Олар тығылмауы тиіс, ашық өмір сүріп, әсерлері әсіресе қатты сезілетін жерлерде жұмыс істеулері тиіс. Олардың бойында жарқырап тұрған жарық басқа адамдарға әсер етеді, олар өздерінің шынайы мәсіхтік рақымының жарығын көретін болады. Бұл жарық осы күнәкар әлемнен емес, ол Құдайдан келеді және осының нәтижесінде Өзіне берушіге мадақ пен даңқ алып келе алады. Тұз өзінің төрт қасиетіне бола, ерте заманда жоғары бағаланатын. ***Тұз — таза өнім*** Аппақ, күн мен теңізден жаралған ол құдайларға берілетін құрбандықтардың арасында ең қарапайымы болды. Егер мәсіхші тұз болғысы келсе, ол тазалықтың үлгісі болуы тиіс. Әлемде адалдықтың стандарттарын, жұмыстағы ынтаны, игі ар-ұжданды және адамгершілік қасиеттерін төмендетуге деген ұмтылыстар әр уақытта жасалынған. Мәсіхшінің сөзі, мінез-құлқы мен ойлары таза болуы тиіс. Егер сөздер таза өмірмен расталмаса, олар тиімді болмайды. ***Тұз — арзан өнім*** Мәсіхшілер қоғам үшін аз әрі пайдасыз болып көрінеді. Қорынттықтарға арналған бірінші хатта \(1:26–31\) Пауыл ертедегі мәсіхшілерге былай деп айтады: **Бауырластар, Құдай сендерді шақырғанда өздеріңнің кім болғандарыңа назар аударыңдаршы: табиғи тұрғыдан қарағанда араларыңда даналар, билік иелері, асыл туғандар көп емес еді. Бірақ осы дүние кімдерді «ақымақ» деп санаса, Құдай «данышпан-ақылгөй» делінгендерді ұялту үшін соларды таңдап алды. Және осы дүние «күшсіз» деп тапқандарды Құдай «күштілерді» ұялту үшін Өзіне таңдады. Осы дүние маңызды деп есептейтіндерді жою үшін Құдай осы дүниенің менсінбей, қорлап, түкке тұрғысыз деп санағандарын таңдап алды. Осылайша Құдайдың алдында ешкімнің де мақтануына болмайды. Тәңір Иенің істегені арқылы сендер Иса Мәсіхпен тығыз байланысқа келдіңдер. Құдай Мәсіхті даналығымыздың бастауы етіп, бізді Ол арқылы ақтап, Өзінің қасиетті халқы қылып, күнәнің құлдығынан құтқарды. Сондықтан: «Кім мақтанғысы келсе, тек Жаратқан Иемен мақтансын\!» — деп \(Пайғамбарлар жазбаларында\) жазылғандай істеңдер.** Мәсіхшілер көп болмаса да, олар қоғамда Құдайға ұнамды әсер етуі тиіс. ***Тұз консервант ретінде қолданылады*** Тұзды етке салса, оның бұзылуын ақырындатады. Өмірлері «жарылқанған» екендiгін дәлелдейтін мәсіхшілер шіріп, бұзылуға бейім қоғамды құртылуынан ұстап тұрады. Билер кітабында \(9:45\) Әбумәлік Сихем қаласын жаулап алған соң, оны бұзып, оның аймағына тұз жағады. Рухани мағынада мәсіхші Құдайға сенімінде табанды болған кезінде, дәл осылай әрекет етеді. Ол осы аймақты зұлымдықтың және әр түрлі зұлым әсердің таралуына қолайсыз етеді, бұл мектеп немесе достар болсын, колледждегі курстастар немесе жұмыстағы әріптестер немесе спорт бойынша серіктестер болсын. Егер біз жоғары құнды төлеуге дайын болсақ, әлемді бұзылудан сақтау үшін куәлікке айнала аламыз. ***Тұз тамаққа дәм кіргізу үшін қолданылады*** Тұз тамаққа арнайым дәм береді. Құдай халқының өсуі әр түрлі адамдардың өмірге деген дәмін өсіруі тиіс. Иса Өзінің болуымен-ақ адамдардың рухын көтерген. Оның өмірінде қарапайым сөзбен түсіндіруге болмайтын бір нәрсе болды. Біздің сөзіміз тұзбен дәмделенуі тиіс: «Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер» \(Қол. 4:6\); «Ауыздарыңнан жаман сөз емес, жақсы сөз ғана шығып, тыңдап тұрғандардың сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін» Еф. 4:29\). Осы мәнмәтінде Пауыл Киелі Рухты ренжітуге болмайтыны туралы да айтады. Адамның сөзі оның рухани жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан және негіздеу немесе бұзудың үлкен күшіне ие болғандықтан \(Жақ. 3:3–12\), бізге сергек болып, аузымыздан шыққан сөзді бақылау керек. Біз сенбеушілермен қарым-қатынас жасау, қоғамның өміріне қатысуымыз арқылы Мәсіхтің хош иісін сенбеушілер әлеміне алып келуіміз керек. **2. Әлемге жарық** **Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді мадақтап дәріптесін. \(Мат. 5:16\)** Иса осы дүниеге ұлы Нұр \(Жох. 8:12\). Оған сенген әркім Оның Өзінің халқы иемденетін нұрлы Патшалығынан үлес алуға шақырылды \(Қол. 1:12–13\) және олар да өз кезегінде нұрға айналады. Шын мәнінде, олар шынайы бақыт өсиеттерімен өмір сүреді. ***Жарық ластықты көрсетеді*** Егер мәсіхшілер киелі әрі әділ өмір сүрсе, ол басқа адамдардың әділетсіз істерін әшкерелейді \(Еф. 5:8–14\). Мысалы, пара алатын адамдар мұны істемейтіндерге сезімтал болады. Үкіметтің мекемелерінде жұмыс істейтін мәсіхшілер өзінің адалдығы мен әділдігімен ғана сыбайлас жемқорлықты азайта алады. ***Жарық бізді сүріндірмей, жолға жарық түсіреді*** **Сенің сөздерің қадамдарымды жарқыратады, өмір жолыма шам-шырақтай нұрын шашады. \(Заб. 118:105\)** Егер мәсіхшілер Құдай Сөзінің қағидаларына сай өмір сүрсе, өмірлері өздері үшін өмір сүрумен салыстыруға болмайтын, жоғары мағына мен бақытқа ие болады. Бұл оларды бақылап отырған осы дүниенің назарын міндетті түрде өзіне аударады. Сол кезде осы дүние алдында таңдау тұрады — осы үлгіні қабылдау немесе бас тарту. Біздің үлгімізден бас тартатындар үшін, нұр түнекке айналады. Алайда осы нұрды қабылдағандар үшін, Ол өмірлеріне жарық түсіреді, сөйтіп олар бұдан былай дұрыс емес шешім қабылдамайтын болады. ***Нұр түнекті қуып шығады*** Күндізге қарағанда, түнде көбірек қылмыс жасалады. **Оған сенушілер қияметте сотталмайды. Ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған. Соттың мәні мынадай: «Құдайдың Нұры» жерге келді, бірақ адамдар Одан гөрі түнекті жақсы көрді, себебі олардың істері жаман еді. Жамандық істеген әркім Нұрды жек көреді және жасаған істері әшкереленбес үшін Нұрға жоламайды. Ал шындыққа сай өмір сүретін әркім өз істерінің Құдайдың көмегімен жасалғандығы көрініп тұрсын деп Нұрға шығады. \(Жох. 3:18–21\)** ***Нұр қорқынышты сейілтеді*** Жарық жанған кезде, түннің көлеңкелері ғайып болады. Қараңғылықтан қорқатын адамдар жарықпен ұйықтауды ұнатады. ***Жарықтың басқа функциялары*** Жарық бізге досты жаудан, өтірікті шындықтан ажыратуға көмектеседі. Ол бізге жұмысты орындауға мүмкіндік береді. **Жарық барда, Мені Жібергеннің тапсырған игі істерін істеуіміз керек. Қараңғы түскен соң, ешкім еш нәрсе істей алмайды. \(Жох. 9:4\)** Жарық өсімдіктерге өсуге мүмкіндік береді. Ол заманауи технологияларда байланыс саласында да қолданылады \(тінді оптика\), науқастарды емдеуде көмек береді \(лазердің көмегімен\), кітаптарды басқанда да қолданылады. Ізгі хабардың жарығы көбінесе жарылқау. Нұрда өмір сүріп жатқан мәсіхшілер өмір, өлім мен құтқарылу, Құдай, шайтан, аспан мен тозақ туралы біліммен бөлісіп, өз кезегінде, басқаларға көмектесе алады. Дәл осы сұрақтар адамды үнемі қызықтыратын және осыларға адамзат дұрыс жауап табуға тырысатын. Жарық әрдайым көрініп тұрады және тек сөз жүзінде ғана емес, «игі істер» жүзінде де, бұлар адамдарға Әкемізді мадақтауға мүмкіндік береді. Кумазида \(Гуана\) бір африкандық компания қаланы тазалайтын бригадалар ұйымдастырды. Ізгі хабар тарату шарасының алдында мәсіхшілер жиі қаланы тазартуды ұйымдастыруды қала билігінен сұрайды. Олар қаланы тәртіпке келтіру үшін шелек, сыпырғыш пен сабынды сулары бар бригадаларды жібереді. Маңызды Ізгі хабар тарату іс-шараларының алдында мәсіхшілер қала саябақтарында, ауруханалар мен мемлекет мекемелерінде тазалықты орнатады. Кейбір мәсіхшілер Амстердамда гомосексуалистердің халықаралық кездесуі кезінде дәл осындай әдісті қолданды. Олар өз сенімімен гомосексуалистердің көптеген топтарымен бөліскісі келді. Осы кездесуге шамамен жүз мың қатысушы, көрермен мен саяхатшылар жиналды. Мәсіхшілер қарсы шығу акцияларын ұйымдастырған жоқ, қайта Құдайдың сүйіспеншілігін жариялайтын жазулары бар сары раушан гүлдерді таратты. Фестивальдің кейбір қонақтары бұл раушан гүлдерді қабылдаудан бас тартқанмен, олардың көбі қабылдап, гомосексуалистер Құдайдың тамаша сүйіспеншілігі туралы естугіне мүмкіндік ие болды. Осы үш апталық іс-шараға сегіз елден келген шамамен жүз мәсіхші қатысты. Гүлдерді үлестіруді қоспағанда олар музыкалық аспаптарда ойнап, адам көп көшелерде билеп, қара кофені үлестіруді ұйымдастырып, Амстердамда тегін аяқ киімді жарқыратанын құралды ұсынды. **3. Ескерту** Иса Мәсіхтің қауымы әлемді қайта құруға шақыруға жауап бере ала ма? Әлемге әсер етуге деген біздің қабілетіміз, біздің оған ұқсамауымызға байланысты. Өзгеше болып көрінудің немесе осы деректі елге көрсетудің қажеті жоқ. Біз әлдеқашан өзгешеміз. Бізге керегі бір-ақ нәрсе — осы ерекшеліктен ұялмау қажет. Егер бізде өмір сүру салтын айналамыздағы адамдардан ерекше ететін адамгершілік сезім болмаса, онда біз осы дүние үшін тұз бола алмаймыз. Егер өміріміз Мәсіхтің салтанат нұрымен жарқырамаса, біз Оған адамдарды жетелей алмаймыз. Дәл осы нәрсе туралы Иса Жохан жазған Ізгі хабардағы Өзінің мінәжатында айтады \(17:15–19\). Қауым адамдарды құтқару үшін Мәсіхке алып келу мақсатында әлемге жанашарлығы мен өзгеше өмір сүрту салтымен әсер етуге шақырылған. Индонезиядағы экстремистер тобыры қауымдар мен мәсіхшілердің дүкендерін тонап, қиратқан. Мұндай топтардың бірі қауым ғимаратын жаққысы келді. Алайда экстремистер ғимаратты жақпауды өтініп, көрші тұрған мұсылмандардың оны қоршап алғанына қатты таңқалды. Таңқалған экстремистер тұрғындардан сұрады: «Неге сендер бұлай істедіңдер? Олар мәсіхшілердің қауымы ғой, оларға біздің қоғамымызда орын жоқ». Бірақ көршілер былай деп жауап берді: «Бұл, мәсіхші қауым, бірақ бұл мәсіхшілер ерекше адамдар. Олар жақсы. Олар бізді сыйлайды және біздің қоғамдастығымыз үшін көп игілік жасауда. Біз сендерге оларды ренжітіп, ғимаратты жағуға жол бермейміз». Бандиттер ғайып болды. Айналаңыздағы қоғамға сүйіспеншілігіңіз, жанашырлығыңыз бен әділ өмір сүру салтымен ықпал еткен кезде, сіз айналаңыздағы адамдардың және билік иелерінің құрметіне ие боласыз. Мұндай куәлік Мәсіхке адамдарды тартады. ##### ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК Жақыптың хатында: «Құдай Әкеміздің алдындағы таза да мінсіз діншілдік мынау: мұқтаждық көрген жетім-жесірлердің қамын ойлау...» — деп айтылған \(1:27\) Құдайдың сүйіспеншілігі бізді аш адамға тамақ беруге, кедейді киіндіріп, әлсізді қорғауға және топан су, жер сілкінісі, індеттер мен соғыстарда адамдарға көмек беруге шақырады. Дәл осы жерге Мәсіхке деген сенімдері үшін азап шегуге көмек пен қолдау кіреді. Қауым үшінші деңгейлі елдердегі білім беру мен медициналық бағдарламалардың басында үнемі болды. Біз осы бастаманы осындай қызметке әлі де, мұқтаж өңірлерде жалғастыруымыз керек. Жұбанышқа мұқтаждарды іздеп бізге көп жүрудің қажеті жоқ. Әр қалада қайырымдылық көмекке мұқтаж, кедей адамдар тұратын аудандар бар. Біз осындай адамдар туралы қаншалықты жиі ойлаймыз және оларға көмек беруге қаншалықты дайынбыз? Біз олар үшін не істей аламыз? Біз әлемнің мұқтаждықтарына қараған кезде, сасып қаламыз; ғаламшарымыздың халқы жылына тоқсан миллион адам болып өседі. Азық-түлікті өндіру өсіп келе жатқан халықтың қажеттіліктерін әрең-әрең қанағаттандырады. Бір жерде апат болса, азық-түлік жетіспей, аштық болады. Кейде бай мемлекеттер кедей халықтардың экономикасын дамытудан бас тартып, өз экономикасын қауіпсіздендіруге тырысады. Осы елдерде артық азық-түлік түріндегі қайырымдылық көмекті жеткізу, ақыр соңында ауыл шаруашылығын бұзады. ЖҚТБ, туберкулез сияқты аурулар және т.б. қоршаған ортаны ластаумен қатар, адамдардың денсаулығына зиян келтіреді, әсіресе, кедей елдерде. Мәсіхшілер не істей алады? Мәсіхтік қайырымдылық қоғамдар өз қаржылық қорларын даналықпен жұмсасын деп және Тәңір Ие демеушілерге ақшаны қалай және кімге беруді көрсетсін деп сиыныңдар. Барлық уақытта ақша мен азық-түлік қажет бола бермейді. Кейде рухани жетекшілерді дайындау мен оларды Құдай Сөзімен жабдықтау өзекті мәселе болады. Андрей бауырласымыз мұқтаждық пен қиындық елші Жоханның Аян кітабынан Исаның бейнесін көрсететінін айтады. Қауымдағы көптеген адамдардың жүректері жанашырлық істері үшін жабық, сондықтан да, Иса кіруге рұқсат сұрап, есік қағып тұр. Оның болуы белсенді сүйіспеншілік үшін жүректерді ашады. «Ашық есік» миссиясы 1998 және 1999 жылдары қайырымдылық көмек шеңберінде азық-түліктің бірнеше тоннасын Судандағы мәсіхшілерге жеткізді. Бұл осы елдегі сенушілердің тәндік азыққа мұқтаж болғаны соншалықты, олар тіпті оқу бағдарламаларына назар аудара алмады, ал сол өңірде оларға ешкім көмек бермеді. Бұл жоба «Сүйіспеншіліктегі рақым» деп аталатын. ##### БАСҚА АДАМДАРҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК Рухтың жемістері тізімінде сүйіспеншілік бірінші орында тұр. Біреу: «Мәсіхтік өмір сүру салтының бір-ақ асыра жұмсауы сүйіспеншіліктің молдығында көрінеді». Қорынттықтарға арналған бірінші хаттың 13 тарауында сүйіспеншілік ұғымы және мәсіхшінің өміріндегі сүйіспеншіліктің көрінуі егжей-тегжейлі қарастырылады. • Agape \(сүйіспеншілік\) — әр адамға және тіпті оған лайық емес, басқаларға игі емес көзқарасты танытатын адамдарға қатысты біздің өмір сүруіміздің қағидасы. • Agape \(сүйіспеншілік\) — бұл шартсыз сүйіспеншілік, ол еш нәрсе сұрамайды және оның іс-әрекетіне орай жауап беруіне тәуелді болмайды. **1. Құдайға деген сүйіспеншілік** Ең алдымен біз Құдайға, содан кейін басқаларға деген сүйіспеншілік көрсетуіміз керек. Біз Киелі кітаптық сүйіспеншілік туралы тәлімді зерттеген сайын, атап айтқанда, Жаңа Келісімде, біз осы сүйіспеншіліктің ағыл-тегіл екенін көрінуін көреміз: • Құдайға деген сүйіспеншілік барлығының орталығында; • Ерлі-зайыптылардың бір-біріне, балаларына мен отбасына деген сүйіспеншілік; • Мәсіхтегі бауырластарға деген сүйіспеншілік; • Адамдарға деген сүйіспеншілік; • Жауларға деген сүйіспеншілік. **2. Отбасына деген сүйіспеншілік** Әйелін \(күйеуін\) және балаларын сүюге Киелі кітаптық бұйрықты түсіну қиын емес. Әйелді сүю Мәсіх қауымды сүйіп, Өз өмірін қиған сүйіспеншілікпен сүю \(Еф. 5:25–29\)\! Мәсіхтік сүйіспеншілік үйден басталады. Дәл осы жерде сүйіспеншілік сыналады, өйткені отбасында біз кім екенімізді анық көрсетеміз. Отбасындағы сүйіспеншілікті жалған көрсету мүмкін емес. **3. Құдайдың үлкен отбасына деген сүйіспеншілік** Жохан жазған Ізгі хабарда \(13:35\) Иса шәкірт болудың шынайы куәлігі басқаларға деген сүйіспеншіліктің көрінуі болады деп айтады. Дәл осы сүйіспеншілік Исаның соңынан еретіндерді ерекше ететін әлем үшін белгіге айналуы тиіс. **4. Басқа адамдарға деген сүйіспеншілік** Ұлы тапсырманың екінші бөлігінде \(Лұқа 10:27\): «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй\!» деген өсиет жазылған. Осы үзіндіде Иса мейірімді самариялық туралы әңгімені айтып берді, ал осы әңгімеде көмекке мұқтаж адам жақын адам деп айтылған. Осындай сүйіспеншілік біздің өмірімізде де көрінуі тиіс. Қыс ортасына таяу түрмеде отырған бір қарт мәсіхшінің құлағы ауырады. Ол мұздаған суықтан сақтап қалған бас киімі үшін Құдайға алғыс айтты. Және онда тым болмағанда түнде ұйықтайтын жастық болды. Бір күні камерада бірге отырған бір досы одан жылы бас киімін сұрады. Мәсіхші басқа тұтқындармен бөлісуге дайын болды, бірақ бас киімін бергісі келген жоқ. Оның өз құлағы қабынып тұр, бас киім оның өзіне керек болды. Түні бойы ол өз ар-ұжданымен күресті. Жадысына мынадай аяттар келді: «Сұрағанға мұқтажын бер, қарыз алғысы келгеннен де теріс айналма» \(Мат. 5:42\). Түнгі мінәжаттан кейін, ол Құдайдан кешірім сұрап, бас киімін бергісі келді. Таңертенгісін түнде күзетші сол тұтқынды суығырақ басқа камераға ауыстырғанын білді. Дәл осы күні күзетші камераны тінтіп, оның бас киімін алып қойды. Ол қолындағы барын сақтағысы келді, ал Құдай болса, оның басқа адамға қызмет еткенін қалады. Көптеген жылдар бойы осы мәсіхші Киелі Рухтың оған берген сабағын есінен шығармады. **5. Жауларға деген сүйіспеншілік** Исаның жауларды жақсы көру туралы бұйрығын орындау бәрінен де қиын шығар \(Мат. 5:44\). Шынайы мәсіхші басқа адам үшін жоғары игілікке ұмтылады, тіпті оған біреу жаман көзқарас танытса да. Біреу: «Мәсіхшінің жауын жоюдың жалғыз тәсілі жауын ол досқа айналғанға дейін сүю болып табылады». Румыниялық бағушы, доктор Пол Негруг ескі досының қарапайым үйіне барды. Досының аты Триан Дорс еді. Пол оның бөлмесіне кірген кезде, досы қансырап жатқанын көрді. Ол одан не болғанын сұрады. Триан былай деп жауап берді: — Жаңа ғана мұнда құпиялы полиция болды. Олар менің қолжазбаларымды тартып алып, мені ұрып кетті. Пол құпиялы полицияның жұмыс істеуінің қатал әдістеріне шағымданды. Бірақ Триан оны тоқтатып: — Пол, бауырым, Мәсіх үшін азап шегу қандай керемет. Құдай бүгін кешкісін полицияға шағымдану үшін емес, Оны мадақтау үшін кездестірді. Тіземізді бүгіп, Оған мінәжат етейік. — Ол тізесіне тұрып, құпиялы полиция үшін мінәжат ете бастады. Ол Құдайдан оны жарылқап, құтқаруын сұрады. Ол Құдайға оны қаншалықты қатты сүйетіні туралы айтты. — Тәңір Ие, олар тағы да келсе, мен оларға қызмет ете алайын деп сұрады. Содан кейін Пол былай деді: «Сол сәтте мен ұялдым. Өзім Румынияда Мәсіх үшін қиналған өмір сүріп жүрмін деп ойлағам. Ойларыма қатты ашуландым». Содан кейін Триан Дорс Полға құпиялы полиция оның үйіне үнемі бірнеше жыл бойы келіп жүргені туралы айтты. Оны аптасына екі рет ұрып-соғады екен. Полиция қызметкерлері оның барлық жұмыстарын тартып алды. Әдетте, олар оны ұрып болған соң, Триан полиция офицерімен сөйлеседі. Триан оның көзіне қарап, былай дейді екен: — Мырза, мен сізді сүйемін. Келесіде біз Құдайдың алдында кездескен кезде сіз тозаққа, ал мен жұмаққа баратынымызды білгеніңізді қалаймын. Бұл сіз мені ұрғандықтан емес, Құдайдың сүйіспеншілігінен бас тартқаныңыз үшін орын алмақ. Триан осы сөздерді ұрған сайын қайталайтын. Бірнеше жыл өткен соң бір түні әлгі офицер Трианның үйіне келеді. Триан кезекті сабауға дайындалды. Бірақ офицер онымен жаймен сөйлесе бастады да, былай деді: — Мырза Дорс, біздің келесі кездесуіміз Құдайдың алдында болады. Бүгін мен сізге жасаған жамандығым үшін, сізден кешірім сұрау үшін келдім. Сіздің маған деген сүйіспеншілігіңіз менің жүрегіме әсер етіп, мен Мәсіхтен өзімді құтқаруын сұрадым. Бірақ екі күн бұрын дәрігер менде асқынып кеткен қатерлі ісік бар екенін айтты, маған екі-ақ апта өмірің қалды деді. Бүгін мен сізге сол жерде біз бір жақта болатынымызды хабарлау үшін келдім. Мәсіхшілер басқа адамдарға жарықты да, тұзды да және сүйіспеншілікті әрбір адамға көрсеткен кезде, жеңіс қамтамасыз етіледі. ###### Топтағы сабақтар 1. Осы тараудан алған жақсы сабақтарды талқылаңыз. Сізде жеке тұлға және/не жергілікті қауым ретінде осы сабақтағы әр салаға қатысты бар кемшіліктер мен жетістіктерді атап шығыңыз. Мүмкіндік туған кезде не нәрсеге жұмыс істеуге тырысасыз? 2. Сабақта әлсіз жақтарыңызды мойындап, Құдайды өзіңіз және/не жергілікті қауымға жасағаны үшін алғыс айтып мінәжатпен аяқтаңыз. Сонымен қатар келешекте істейтін істеріңіз туралы мінәжат етіңіз. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Сіздің мәсіхтік қауымыңыз өңіріңізге қалайша тұз бен нұрға айнала алады? 2. Құдайдың сүйіспеншілігінің көрінуінің қандай саласы сіздің ойыңызша қиын? 3. Жауларды сүю мүмкін емес. Мәсіхшіде осы сүйіпеншілікті көрсету үшін қандай күш бар? Жауларды сүйіп, бір мезгілде оларға қарсы күресу мүмкін бе? ### Он сегізінші тарау #### Шыдамдылық пен жігерлендіру *Кейбіреулер сенушілердің жиналыстарына бармай қалуды дағдыға айналдырып алған сияқты. Ал біздер солай істемей, бір-бірімізді одан бетер жігерлендірейік. Иеміздің қайтып келетін күнінің таяп қалғанын білесіңдер ғой.* Евр. 10:25 Қытайда Мәсіхтегі бір әпкеміз діни нанымдары үшін жиырма екі жылға тұтқындалған күйеуі сотталған соң, алты баласы мен енесімен қалады. Ол өзі жайлы мынаны әңгімелеп берді: «1958 жылдың сәуір айында күйеуімді түрмеге отырғызған кезде, маған енді оны ешқашан көрмейтінім туралы айтты. Маған өте ауыр болды. Қолымда алты бала мен енем қалды. Үмітсіздік жүрегімді жаулап алды. Мен Құдайға шағымдана бастадым. Мен үшін келешегім қайғылы болып көрінді\! Бір күні түнде Құдай маған сөйлеп: — Бұның барлығы Менен\! Мен жауап бердім: — Егер мұның барлығы Сенен болса, отбасымды және мені қорғашы. Маған атыңа кір келтірмеуге көмек берші. Мен соңыннан еріп, Сені мадақтағым келеді\! Сол кезде жүрегімде тыныштық орнады. Адамдар мені жиі сатып кетіп отырды, ал Құдай әрдайым менің қамымды ойлады. Ол мені сынады да, ең бірінші сынақ отбасын қаржымен қамтамасыз етумен байланысты болды. Мен күніне жетпіс цент қана таптым. Бұл ақшаға үлкен отбасын тамақтандыру мүмкін емес болды. Бірақ Құдай мені Ілиясты тамақтандырған сияқты тамақтандырып отырды. Ол маған Бағушы мен қамтамасыз етудің Көзі болуға уәде берді. Бір күні кешкісін менің енем ертеңге азық қалмағанын айтты. Ол таңертең қызына барып, бізге көмек беруін сұрауды шешті. Сол түні мен Құдайдан бізге неліктен келесі күнге тамақ бермегенін сұрадым. Мінәжаттан соң, Ол: «Егер мен құстардың қамын ойласам, сенің де қамынды ойлаймын, деп жауап берді». Мен тынышталып, ұйықтап қалдым. Келесі күні таңғы сағат алтыда біреу есікті қақты. Мен есікті аштым, алдымда алпыс жасар бір әйел тұрды. Мен ол әйелді танымаймын. Ол: — Сіз Элиссіз бе? Мен сізді әрең таптым. Рух мені сізге келіп, мынаны беруге шақырды. Ол үстел үстіне пакетті қойып, есікке қарай ұмтылды. Мен одан атын сұрадым, ол былай деді: — Менің атым жоқ. Жай ғана Тәңір Иеге алғыс айтыңыз. Ол кетіп қалды да, ғайып болды. Мен пакетті аштым, азық-түліктердің арасынан мен 50 доллар тауып алдым. Құдай ешқашан кеш қалмайды. Біз ешқашан да аш қалған емеспіз. Менің енем: — Демек, маған бүгін қызыма барудың қажеті жоқ — деді. Осындай оқиғалар ұзақ жылдар бойы көп болды. Адамдар маған кері мекен-жайын жазбай, поштамен сан рет ақша жіберді. Екінші сынақ, партиялық органдар тарапынан психологиялық қысым болды. Күйеуімді коммунистік партияның дінге қарсы саясатына мойынсұнудан бас тартқаны үшін түрмеге отырғызғандықтан, мені де революцияға қарсы деп санаған. Маған күйеуімді ешқашан көрмейтінім туралы тағы да айтты. Күн сайын билік иелері мені діни нанымдарымнан бас тартып, күйеуіммен ажырасуға мәжбүрледі. Күн сайын мені алты сағаттан сұрақ сұрап, азаптады. Егер мен Тәңір Иені білмесем, өзімді өлтіріп тастар едім. Мен танитын тағы екі әйел естерінен адасып, өздерін өлтіріп тастады. Мен толығымен Құдайдың көмегіне сендім. Сұрақ сұраған кезде, мен көзімді жауып, үндемей, іштей мінәжат еттім. Үшінші сынақ ауыр жұмыста болды. Маған қарсы қойылған айыптардың салдарынан маған кеңседе немесе фабрикада жұмыс істеуге рұқсат бермейтін. Алты сағат сұрақ сұраудан кейін маған сегіз сағат бойы жұмыс істеуге тура келді. Мен кірпіш, бетон плиталары мен цемент салынған арбаларды итердім, бұған маған күніне сексен цент төлейтін. Жүк өте ауыр болды. Мен жұмысымда қатты шаршайтынмын. Жұмыс ауысымы басталмастан бұрын мен шаршап тұратынмын. Мен ағыл-тегіл терлейтінмін. Қыста арбаларды итеру тіпті қиын болды, өйткені аяз бен қатып қалған батпақ болды. Кейде маған цементті күрекпен екінші қабатқа лақтыру керек болды. Мен үнемі мінәжат етудің арқасында ғана өмір сүрдім, бұл мінәжаттарда мен Одан көмек сұрадым. Ол рақымын төгіп, маған күш берді. Төртінші сынақ тәнімнің қалауында болды. Күйеуімді алып кеткен кезде, жасым отыз тоғызда болды. Үкімет адамдары мені басқа адамға күйеуге шығуға мәжбүрледі. Егер мен билік иелеріне көнсем, басқа жаңа ауданға көшер едім. Менің жеке ісімді қайта жазар еді, сөйтіп мен ауыр жұмыс істемес едім. Маған сыйлықтары, киімдері мен ақшалары бар ер адамдар келді, біреуі тіпті ажырасу туралы өтінішті дайындап қойыпты. Олар тіпті түнде есігімді қағып тұратын. Мен оларға: «Мен мәсіхшімін. Мен ажыраса алмаймын. Қайта күйеуге шыға алмаймын». Құдай мені сүйгені соншлықты, Ол маған осы сынақтарға да қарсы тұруға көмектесті. Ол маған керектің барлығын, тіпті одан да көбірек берді. Жиырма бір жыл сегіз айдан кейін күйеуімді босатты. Шамамен жиырма екі жыл — көп уақыт бірге болмадық. Бірақ Құдай бізді осы сынақтан өткізді. ##### ШЫДАМДЫЛЫҚ Егер рухани соғыста шабуыл құралдары Киелі кітап пен мінәжат болса, олар адалдық пен мойынсұнумен нығаюы тиіс. Құдайдың алдында үнемі қасиетті өмір сүріп, Рухтың жемістерін беру үшін, біз шыдамдылық деп аталатын қасиетке ие болуымыз керек. Римдіктерге арналған хатта \(5:3\) Пауыл шыдамдылық қайғыдан туады, ол өз кезегінде адамның мінез-құлқын қалыптастырытыны туралы айтады. Бұдан әрі Римдіктерге арналған хатта Пауыл шыдамдылығымыздың арқасында Жазбада біз жұбаныш пен үмітке ие боламыз дейді \(Рим. 5:4\). Жақып шыдамдылық рухани жетілгендік пен мінсіздікке алып келетінін қосады \(Жақ. 1:4\). Елші Жоханның Аян кітабында \(3:10\) Иса Филадельфиядағы қауым Оның адалдығын шыдамдылықта сақтау туралы бұйрығын орындағаны үшін мақтады. Бұл жай ғана «күтіп отыруға» деген шақыру емес, Тәңір Ие жеңілісті ұнатпайтынын нақты біліп, «еңбек ету». Жеңімпаз — ешқашан берілмейтін адам. Жау үнемі шыдамдылыққа қарсы тұруға тырысады және рухани соғыстан кейін қатты шаршау сезімін тудырады, содан кейін рухани әлсіздік не «шегіну» деп аталатын жанның жағдайы пайда болады. Көптеген мәсіхшілер жеңіске бір минут қалған кезде жеңіле салады. Джон Беньян «Пилигримнің сапары» туындысында осы туралы айтады. Ол сапар аяғында шаршаған жолаушы Сиқырлы елдің аймағына келіп, ешқашан оянбау үшін ұйықтап қалады. Оған дұрыс жолмен жүріп келе жатқанына көзін жекізу керек. Осындай сынақсыз Тәңір Иеге қалай қызмет ететінімізді білмейміз. Қытайда қатты қуғындалған бір бауырымыз мынадай сөздерді айтады: «Кеме теңізде алай-дүлей дауыл тұрып жатқандықтан, қозғалысын тоқтауы мүмкін. Ол өзінің дұрыс бағытта кетіп бара жатқанына көз жеткізуі қажет. Мұндай сынақтарсыз біз Құдайға қалай қызмет ету керектігін білмейтін боламыз». Өмір осындай кемеге ұқсайды. Қатты дауыл кезінде қудаланған қауым мүшелері өздерін кеме штурвалына мықтап байлап, Құдайдың адалдығы мен Оның Иса Мәсіхтегі сүйіспеншілігіне сене алады деп куәлік етеді. Еврейлерге арналған хатта \(10:19–39\) осы тақырыпты суреттейді. 36 аят — осы үзіндідегі негізгі аят: «Құдайдың еркін орындап, Оның уәде еткенін иемдену үшін төзімді болуларың қажет...» Бұл аят — азаптар, балағаттаулар, қудалаулар, түрмеге тұтқындау мен мүлікті тартып алу туралы талқылаулардың бөлігі. Бірақ қатты қудалауларға және сынақтарға ұшыраған Кубадағы бағушыдан былай деп сұрайды: «Қатты қиын кезде, барлығын тастап, беріле салғыңыз келмей ме?» Бағушы жымиып күліп, былай деп жауап береді: «Шайқас болмаса, жеңіс те болмас еді\!» Бір күні бір адам: мені өлтірмейтін нәрсенің барлығы мені нығайтады — деген екен». Өткен ғасырларда Қытайға келген алғашқы сенушілер болмаса, қытайлықтарда осы күнге дейін қытай тілінде Киелі кітап болмас еді. Роберт Моррисон кішкентай шотландық қаланың кедей ауданында дүниеге келді. Жексенбілік мектептің ұстазы баланың Иса үшін жүрегін жаулап алуға деген ұмтылыстарын тастаған жоқ, осы ұстаздың шыдамдылығының арқасында әлгі бала Иса Мәсіхтегі сенімге келеді. Ол Қытайда протестанттық алғашқы елші болды және 1800 жылдардың басында Киелі кітапты қытай тіліне аударды. Алайда бұл іс көптеген уайым мен қобалжуларға толы болды. Он алты жыл бойына Моррисон нашар жағдайда тұрды. Оның қытайлық көмекшісі Ако ұстап алынса, азап шекпей, уланып өлу үшін өзімен бірге у алып жүретін. Кейінірек Моррисонның еңбегі ақталды, Ако алғашқы тәубе еткендердің бірі болды. Роберт Моррисон басында ұлынан, сосын, әйелінен айырылды. Бірақ ол бүған да төзді. Бүгінгі таңда Макаодағы бейіттер арасынан жақындарының жанындағы оның да бейітін көруге болады. Бүгінгі таңда оның Құдайға ұнамды шыдамдылығы, Қытайдағы көптеген бауырластардың өмірінде жемістер беруде. Дороти Ай Чин қазіргі уақытта Солтүстік Америкамен сапар шегіп, қызметінде жиырма жыл еңбек лагерлерінде болғандығының арқасында өскенін айтып жүр, онда ол күрекпен тезек тиеген. Дороти өзінің ауыр өмірінен алған алғашқы сабағы, Тәңір Ие шыдамдылықты құрметтейтіні туралы қорытындыға келді. Басқа бір қытайлық мәсіхші Гонконгтағы мәсіхтік радиобағдарламасының жүргізушісіне, жасөспірім баласы тап болған қудалаулар туралы жазып жіберді. Бұл сенуші ұлына былай деді: «Мәсіхтің жолы ауыр, бірақ осы мәңгілікке деген жолда біз шыдамдылық танытуымыз керек». Дж. Дж. Эндрюс — қарт лютеран бағушысы және бұрын Бирма деп аталған біздің Мьянмдағы досымыз, қызметке ынтамен қарайтын. Бірнеше жыл бұрын вирусты гепатиттен оны қызы қайтыс болды. Екі айдан кейін жүрегі жарылып, әйелі қайтыс болды. Жарты жылдан кейін, кенеттен оның ұлдарының біреуі қайтыс болып кетті. Эндрюс басылып қалғандай сезінді. Өмірінің сол кезеңін еске алып, ол былай деді: «мен өзімді Әйүп сияқты сезінудемін, бірақ мені жұбатып ешкім келмейді». Осы жағдай туралы көрші Бангкоктан \(Тайланд\) жас філліпілік Вер Эндрикес естіді. Ол Эндрюс бауырына әдейілеп қолдау көрсету үшін келді. Эндрюс: «Ол мен үшін ауыр кезде қолдау көрсетуге келгені үшін рахмет, оған». Бірнеше айдан кейін Эндрюс бауырдың үйінің жанында немерелерінің күлкісі естіліп тұрды.Эндрюс былай деді: «Құдай шыдамдылығым үшін маған сыйлық берді. Ол менің жаралы жүрегімді емдеді». Бір күні бір қауымның қабырғасында біз мынадай мәсіхтік ұранды көрдік: Кейде Құдай дауылды тыныштандырады, Бірақ кейде Ол дауылға соғуға жол береді... Ал балаларын тыныштандырады. ##### ЖІГЕРЛЕНДІРУ Шыдамдылық — дауыл мен қатты жел кезінде қарсы тұруға көмектесетін Құдайдың беретін рақымы. Басқаларды қысым мен қиындықтарға төзуге көмектесуді, тағы бір Құдайдың сыйы жігерлендіру деп атауға болады. Бір қысқа астарлы әңгіменің мағынасы туралы ойланайық. Бір күні орман арқылы бірнеше бақа келе жатты. Кенеттен екі бақа терең шұңқырға түсіп кетеді. Қалғаны шұңқырдың жанында тұрып қалады. Олардың достары қандай тереңдікке құлағынан көрген олар, сорлылардың біткен жері осы деді. Алайда бақаның екеуі де, олардың сөздеріне назар аудармай, барлық күштерін салып, шұңқырдан секіріп шығуға тырысты. Қалағандары болса, бұл мүмкін емес, деп айтуын тоқтатпады. Ақыр соңында бір бақа жатып, өліп қалды. Ал екіншісі, қолынан келгенше секіре берді. Ал қалған бағалар тағы да, одан да тыныш жатып өліп қалған дұрыс деп кеңес беруін жалғастырды. Бірақ әлгі бақа оларды тыңдамастан, секіруін жалғастырды да, сөйтіп ақырында шығып кетті. Ол шыққан кезде, басқа бақалар: «Айтқандарымызды естіген жоқсын ба?», — деп сұрады. Сонда ол шамалы естімейтінін және олар оны қолдап жатыр екен деп ойлағаны туралы айтты. Жігерлендіру сөздері қиын кезде шынымен адамды қолдап, оған көмек бере алады. Екінші жағынан, құртатын сөздер айтылса, олар адамды өлтіре алады. Адамдарға айтқан сөздеріңізде абай болыңыздар. Өмір жолында кездесетін адамдарға өмір беретін сөздер айтыңыз. Кейде жігерлендіру, жұбаныш сөздері адамды қолдайтынына сену қиын. Кез келген адам қиындықпен күресіп жүрген адамның соңғы күшін тартып алатын сөздер айта алады. Мұндай адамға жігерлендіру сөздерін тауып айтатын адам жарылқанған. Бірнеше жыл бұрын американдық әскери тұтқындарға жаудың қандай тәсілдері олардың рухын тиімді түсіргені туралы сұрады. Зерттеулер әскери тұтқындар тәндік сынақтардан құламайтынын көрсетті, бірақ жеке камераға қамап, достарынан айыру оларды тез құлдыратып жібереді екен. Бұдан әрі солдаттар бір-бірімен шағын топтағы қарым-қатыныстан күш алатыны белгілі болды. Бұл бақылаудар сенушілер неліктен Тәңір Иеге адал болып қала беруге көмектесетін, бір-бірімен қарым-қатынасқа мұқтаж екенін түсінуге көмектеседі. Біздің тіпті аса тығыз Құдаймен қарым-қатынасымыз рухани жетіліп, шыдамдылыққа үйрену үшін жеткіліксіз. Ішінде біртұтас рухани дененің арасындағы қарым-қатынас Құтқарушыға адал болып қалуды сақтауымыз үшін толығымен қажет \(Евр. 10:23–25\). Бүкіл Киелі кітап бойы Құдай отбасында басқа сенушілерді қолдауға деген шақыру қайталанады. Римдіктерге арналған хаттың 12 тарауында Киелі Рухтың дарындарының арасында жігерлендіру дарыны туралы да айтылған. Кейінірек Пауыл Салоникалықтарға арналған бірінші хатта \(5:11\) «Бір-бірінді жігерлендіріңдер...», — деп жазған. Жігерлендіру — қолдау көрсету VI БӨЛІМ. ЖЕҢІСс-әрекеті, ол басқаларды жігерлендіріп, енселерін көтеруге көмек берген кезде орын алады. Біздің әрқайсымыз біз үшін осындай жұбаныш маңызды екенін түсінуіміз керек. Үміт — адамзат рухы үшін оттегі. Чук Суиндолл, Еврейлерге арналған хатта \(10:25\) қолданылған «жігерлендіру» сөзінің түбірі Жохан жазған Ізгі хабардың 14 мен 16 тарауларындағы Киелі Рухтың іс-әрекетін сипаттайтын сөзбен бірдей екендігін айтады. Туындыгер: «Біз басқаларды жігерлендірген кезде, Киелі Рухтың Құдай отбасында жасайтын іс-әрекетіне ұқсас жұмысты жасаймыз». Басқа Киелі кітаптың тәлімгері осы ойды растайды: «Жігерлендіру мен жұбату — адамның ұлы парызы... Ынталы адамға суық су құйып жіберіп, оның рухын түсіру оңай. Әлем басқа адамдардың енсесін түсіруге дайын адамдарға толы. Алайда біздің мәсіхтік парызымыз бір-бірімізді жігерлендіру. Жиі адамды мақтап, алғыс айту зұлымдықпен күресте жеңуге көмектеседі». Андрей бауырымыз, қызметінің ең басында Шығыс Еуропаның елдеріндегі сенімдегі бауырластармен қарым-қатынас жасаған кезде, жігерлендіру сөзінің маңыздылығын түсінді. Олар оған былай деді: «Андрей, сенің осында келгенінің өзі, сенің ең жақсы он уағызыңнан да жақсы». Бүгінгі таңда ол мұсылмандары көп елдерде жүрген кезде, ол дәл осы сөздерді естуде. Ол «Ашық есік» миссиясының мағынасын жиі жігерлендіру қызметі деп анықтап, әрі қарай қарым-қатынас жасау үшін әр түрлі елдерге қайта-қайта барып, қажет материалмен және қызметшілерді дайындауда көмек береді. Біздің курьерлер Вьетнамның оңтүстік жағындағы бір бағушыға барды. Олар вьетнамша сөйлеген жоқ, сондықтан да, ол оларға күдікпен қарады. Онда олар Киелі Рухтың жетегінде мынаны жасады. Қауымда олар тізелерін бүгіп, ағылшын тілінде мінәжат ете бастады. Көп ұзамай вьетнам бағушысы оларға қосылды. Оның бетінен көз жасы ағып жатты. Кейінірек осы бағушы олардың келулерінің маңыздылығы жайлы хат жазды. Міне, оның хатының аудармасы: «Біз сізбен бірге мінәжат етіп, Тәңір Иені мадақтай алатынымыз маған қатты әсер етті. Біз әр түрлі тілдерде сөйлесек те, біз бір-бірімізді Тәңір Иенің сүйіспеншілігінде және Киелі Рухтың көмегімен түсіне аламыз. Біз сіздер қауымымызға Киелі кітап бергіңіз келетінін білеміз. Біз Тәңір Иеге біздің мұқтаждығымыз туралы сіздерге айтқанына алғыс айтамыз. Біз Оған осы мұқтаждық туралы айтқанбыз, енді Оның жауабын күтіп отырмыз». Түрмедегі мәсіхшілер туралы әңгімелерде жігерлендіру туралы айтылады. Түрмеде немесе лагерлерде мәсіхшілер сенімдегі бауырластарын кездестіретіні қандай қуанышты. Құдайдың балаларының екеуі немесе үшеуі қарым-қатынаста уақыт өткізе алатынын білу қандай қуанышты. Валентина Савельева Кеңес Одағы лагерлерінде мәсіхтік әдебиетті елге кіргізгені үшін бес жыл өткізді. Лагерде жағдай өте ауыр болды, ол Құдай оның мінәжаттарына қалай жауап бергені туралы әңгімелейді: «Тәңір Ие менің мұқтаждығымды көріп, рақымын төгіп, мәсіхші сіңлім Наташаны жіберді... Тәңір Ие ең қиын кезде маған көмек беру үшін оны жіберді. Біз бірге ұзақ уақыт мінәжат етіп, бір-бірімізді қолдайтынбыз. Есімде, біз лагердің сыртында түнде кездесіп, мінәжат ететінбіз. Біз онда ұзақ уақыт бойы қала алмадық, өйткені температура қырық градустан төмен түсіп кететін, ал біздің жұмыс етігіміз бізді жылыта алмады. Біз бірнеше минут ән салып, мінәжат етіп, кейін жылыну үшін баракка қайтатынбыз, сосын қайтадан далаға шығатынбыз. Кейде біз үндемей тұрып, аспанға қарайтынбыз... Кейде мен бір-ақ нәрсені қалайтынмын: Тәңір Ие тезірек мені Өзінің жанына алып кетсе екен дейтінмін. Бірақ Наташа мені жаңа күшпен толтыратын. Ол өміріме мықты әрі жақсы әсер етті. Жиі мен Тәңір Ие оны лагерге маған бола жіберді деп ойлаймын». Ричард Уормбранд бухаресттік түрмеде болған он сегіз қарт адам туралы әңгімені айтып берді. Бұл «терезесі жоқ, үйдің асты болды, мұнда төбеден су ағып тұрды. Мұздап өліп қалмау үшін әркім қасындағы адамға қысылып жататын. Егер бір адам есін жоғалтса, басқалар оны судан көтеріп алып, тұруға мәжбүрлеген. Жылуды, қолдауды және өмірді — біз бір-бірімізден алатынбыз». ###### Топтағы сабақтар **Сенімді мойындау ретінде дауыстап оқып шығыңыз:** Мен бұдан былай ешқашан қорқынышты сезбеймін, «өйткені Құдай маған қорқыныш рухын емес, қайта күш пен сүйіспеншілік Рухын берді» \(2 Тім. 1:7\). Ешқашан өмірімде шайтанның үстемдігін сезбейтін боламын. «Өйткені біз Құдайданбыз, жалған пайғамбарларды жеңіп шықтық, біздегі Киелі Рух күнәкар дүниені билеп тұрған шайтаннан құдіретті» \(1 Жох. 4:4\). Ешқашан бұдан былай мен даналықтың жоқтығын сезбейтін боламын, өйткені мен енді «Біз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстамыз, ол біз үшін Құдайдан келген даналығымыздың бастауы...» \(1 Қор. 1:30\). Ешқашан бұдан былай еш нәрсе жасай алмайтындай сезінбеймін, өйткені «маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын» \(Філ. 4:13\). Мен бұдан былай ешқашан жеңілмеймін, өйткені «Құдай Мәсіхпен тығыз байланыстағы бізді әрдайым жеңістің шеруімен жетелейді...» \(2 Қор. 2:14\). Мен ешқашан бұдан былай өзімді лайықсыз сезінбеймін, өйткені «Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық» \(2 Қор. 5:21\). Мен ешқашан бұдан былай өзімді сәтсіздікке ұшыраған адамдай сезінбеймін, өйткені «Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз» \(Рим. 8:37\). Мен ешқашан бұдан былай үмітсіздікті сезінбейтін боламын, өйткені «рухы берікті Сен мінсіз тыныштықта сақтайсың, өйткені ол Саған сенім артады» \(Иш. 26:3\). Мен ешқашан бұдан былай алаңдауды сезінбеймін, өйткені Иса былай деді: «Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым\!» \(Жох. 16:33\). Мен ешқашан бұдан былай дүрбелеңге түспеймін, өйткені «Құдай тәртіпсіздікті емес, тыныштық пен татулықтың Құдайы» \(1 Қор. 14:33\) және «...біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз...» \(1 Қор. 2:12\). Мен ешқашан бұдан былай өзімнің сенімсіз жағдайыма қайғырмаймын, өйткені «Төсекте жатқанда ешқандай қамықпассың, қауіпті уайымдамай, жайлы ұйықтарсың... өйткені Жаратқан Ие сүйенішің болар, жүрген өмір жолыңда сені тордан сақтар» \(Нақ. 3:24–26\). Мен ешқашан бұдан былай наразылықты сезінбейтін боламын, өйткені «Мен қандай жағдай болмасын, қолдағы барды қанағат етуді үйрендім» \(Філ. 4:11\). Мен ешқашан бұдан былай өзімді жалғыз сезінбеймін, өйткені Иса былай деді: «Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын\!» \(Мат. 28:20\), «...Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын...» \(Евр. 13:5\). Мен ешқашан бұдан былай өзімді бір нәрсеге тәуелді болып сезінбеймін, өйткені «Иеміз — Рух, Иеміздің Рухы бар жерде азаттық бар» \(2 Қор. 3:17\). Мен ешқашан бұдан былай үмітсіздік пен уайымды сезінбейтін боламын, өйткені «барлық мұқтаждықтарымды Оған сеніп тапсырамын, Ол менің қамымды ойлайды» \(1 Пет. 5:7\). Мен өмірімде ешқашан қарғысты сезінбейтін боламын, өйткені «Алайда айқыш ағашқа шегеленіп ілінген кезде Мәсіх бізге тиісті қарғысты Өз мойнына алып, бізді Таурат заңы мәлімдеген қарғыстан құтқарды\!.. Осылайша Құдай Ыбырайымға уәде еткен ақ батаны Иса Мәсіх арқылы басқа ұлттарға да берді. Енді Мәсіхке сенген бәріміз уәделенген Киелі Рухты сенім арқылы қабылдаймыз» \(Ғал. 3:13–14\). Мен ешқашан бұдан былай өзімді әлсіз сезінбеймін, өйткені «Тәңір Ие — өмірімнің қамалы» \(Заб. 26:1\). Мен ешқашан бұдан былай өзімді кінәлі сезінбеймін, өйткені «Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді» \(Рим. 8:1\). Мен Мәсіхпен бірге өмір сүремін, сондықтан да мен кез келген айыптан азатпын». Мен ешқашан бұдан былай мұқтаждық сезінбеймін, өйткені «Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады» \(Філ. 4:19\). Мен ешқашан бұдан былай келешек алдында қорқыныш сезбеймін, өйткені былай деп жазылған: «көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған». Ал бізге Құдай мұны Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді \(1 Қор. 2:9–10\). **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Сіздің мінез-құлқыңыздың қандай қасиеттері сенімде шыдамдылықты көрсетуге көмек береді? 2. Римдіктерге арналған хатты оқып шығыңыз \(15:4\) және онда айтылғанды Іс-жүзінде қалай көрсетуге болатынын талқылаңыз. 3. Сіз басқаларға қалай көмек беріп, жігерлендіресіз? 4. Қазіргі сәтте сіздің жігерлендіруіңізге мұқтаж достарыңыз бар ма? 5. Неліктен жігерлендіру мәсіхтік өмірде соншалықты маңызды? 6. Сізде шегінуге немесе берілуге азғыру болып па еді? 7. Өміріңіздің қиын кезінде қабылдаған жұбаныш туралы бөлісіңіз. ### Он тоғызыншы тарау #### Кешірім мен рақым *Егер өздеріңе күнә жасағандарды кешірсеңдер, онда көктегі Әкелерің сендерді де кешіреді. Ал егер басқалардың күнәларын кешірмесеңдер, онда көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешірмейді.* Мат. 6:14–15 1999 жылдың 23 қаңтарында 58 жастағы Австралиядан келген, елші Грэм Стейнс және оның екі ұлы көліктің ішінде тірідей жанып кетті, бұл көлікке Орисса үнді штатындағы фундаменталистердің үндістер тобының мүшелері алдын-ала жанармай төгіп, жағып жіберді. Грэфм Стейнс отыз төрт жыл ішінде алапес ауруымен ауыратын адамдармен жұмыс істеді. Үндістанда жүздеген миллион адам Грэм Стейнстің жесір әйелі Глэдис Стейнс теледидарда сөйлеген кезде отбасын өлтіргендерді Ізгі хабарға бола кешіргенінің куәгері болды. Бұл көрініс көп адамға көздеріне жас аққанша әсер етті, бір сенушінің куәлігі бойынша «көп жыл бойы жасалынған елшілік жұмыс жасағанға қарағанда, Үндістандағы Ізгі хабар үшін көбірек жасады». Кісі өлтірушілерді кешіру туралы өз қалауы туралы айтқан кезде, Глэдис Стейнс кешірмеген жағдайда жүрегінде қалып қалатын ыза туралы айтты. Осы қайғылы оқиғадан кейін, оның үйіне үнемі адам келіп, қалай мәсіхші болуға болады деп сұрайтын. ***\* \* \**** Мексикалық қала Квидад Хуаресті бұқаралық ақпарат құралдарында «көз жасы қаласы» және «өлім патшалығы» деп аталған. Бірақ 1999 жылдың мамыр айында «Өмір-99» бірегей фестивалінан кейін, ол «тыныштық пен үміт қаласына» айналды. Фестиваль өткізген кезде, Мәсіх туралы куәлік еткен топтардың бірі, бір кішкентай жағдайға түсіп қалды. Осы топта Самюэл атты жас мексикандық аудармашы ретінде жұмыс істеді. Топ мүшелері кездейсоқ Самюэльдің анасы мен әпкесін өлтіріп кеткенін, ал Самюэль оларды көргенін білді. Ол қайғылы жағдайды тоқтатқысы келді, бірақ оның қолынан келмеді, ол оларды өлтірген кісілерді көрді. Самюэл кісі өлтірушіні білетінін айтты. Ол кісі өлтірушіден кек алғысы келді, бірақ кейін ол мәсіхші болды да, оның өмірге деген көзқарасы өзгерді. Ол Киелі кітапты оқитын топты басқарды, онда жиырма адамға сабақ өтті. «Өмір-99» атты фестивальдің соңғы түні оның анасы мен әпкесін өлтірген кісі алға шығып, Иса Мәсіхті Құтқарушысы ретінде мойындады. Самюэль адамдар арасынан өтіп кетіп, оның қолын алып, Құдай Патшалығына кіргені үшін құттықтады. Самюэль осы адамды кешіре алды. ***\* \* \**** Корри тен Бом Равенсбрюктің қорқыныштарын жиі есіне алып, бұрынғы нацистерге мәсіхтік көзқарасты таныту қиын екенін түсінетін. Лагерде есеп бойынша тоқсан бес мың әйел өлтірілді, онда не сүйіспеншілік, не кешірім болған емес. Ол күзетшілердің қатты қаталдығын және үнемі жұмыс істеп тұрған крематорийден шығып тұрған түтінді ұмыта алмады. Содан кейін 1947 жылы Корри Мюнхендегі қауымда сөз сөйледі, жиналыс аяқталған кезде, ол күзетшілердің арасындағы ең қатал күзетшіні көрді, ол онымен сөйлесу үшін алға шықты. Ол оған қолын созды. «Мен мәсіхші болдым», — деп түсіндірді ол. — Мен Құдайдың мені жасаған қаталдықтарым үшін кешіргенін білемін. Бірақ сіздің ауызыңыздан кешіргеніңізді естігім келеді, мені кешіріңізші, — деді. Корридің жүрегінде қарама-қайшы сезімдер күресті. Құдайдың рақымды Рухы оны кешіруге шақырды. Бірақ ашу мен қатайып кеткен жүректің рухы осы адамнан бет бұруға итерді. «Иса, маған көмек берші. Мен оған қолымды бере аламын. Мен мұны істей аламын». Олардың қолдары кездескен кезде, екеуі де жылу мен сауығу көз жастары арқылы келгенін сезді. «Мен кешірдім сізді, бауырым, бүкіл жүрегіммен», — деді Корри. Кейінірек, ол бұл Рухтың күші болғандығы туралы куәлік айтты. Сол күні оның жүрегіне Құдай сүйіспеншілігін төкті. Рақымды Рух тағы да жеңді. ##### КЕШІРІМНІҢ АНЫҚТАМАСЫ Кешірім — мәсіхшінің қаруының арасындағы ең мықты құрал. Осы күнәкар дүние қалай кешіруге болатынын және не үшін кешіру керектігін түсінбейді. Кешірім — осы әлемге тән нәрсе емес, мұнда адам адамға қасқыр. Бұған қоса, кешірген кезде жан азабын сезінуге тура келеді, өйткені осы өз еркімен істеген іс-әрекеттің артында жара немесе сатқындық тұрады. Бірақ кешірмеуге деген қалау одан бетер жан азабын тудырады және адамдарға эмоционалдық, әлеуметтік және тәндік зиян келтіреді. Бір азиаттық мәсіхші қорғаушы былай дейді: «Менен мәсіхтік сенімнің басқа діндерге қарағанда айырмашылығы қандай немесе мәсіхшілердің басқа дінді ұстанушылардан айырмашылығы қандай олардың барлығының уағыздайтыны бір ғой, деген кезде, біздің айырмашылығымыз кешіре білуімізде екендігін түсіндім». Бізден кешірім сұрамаған кезде де, кешіру керек. Иса айқышта тұрған кезде, Оның шамамен алғашқы сөздері: «Әке, оларды кешір. Олар не істеп жатқандарын білмейді» деген сөздер болды \(Лұқа 23:34\). Исаны айқышқа шегелеген сарбаздар Одан кешірім сұраған жоқ, бірақ Ол олардың кешірімге мұқтаж екенін түсінді. Кешірім Киелі Рухтың күшімен ғана мүмкін. Кешірімде Құдайдың сүйіспеншілігі анық көрінеді. Ал біз болсақ Құдайға ұқсауға шақырылғанбыз. Бізге кешірім деген не екендігін түсіну үшін, кешірім нені білдірмейтінін біліп алу керек: • Кешіру мүлде ұмытуды білдірмейді. Терең жаралар әрдайым адамның жүрегінен өшіріле бермейді. • Кешіру татуласу дегенді білдірмейді. Татуласу үшін екі адамның келісімі керек, бірақ азап шеккен адам ренжіткен адамды онымен татуласпастан кешіре алады. • Кешіру немқұрайлық көрсетуді білдірмейді. Кешірім міндетті түрде жаман не жауапкершілігі жоқ жүріс-тұрысты ақтамайды. • Кешіру ренжу жайлы ойларды қуу дегенді білдірмейді. Керісінше, кешіретін адам ренішке ден қойып қарайды және мұны маңызды емес, кішкентай нәрсе деп санамайды. • Кешірім белгісіз ұғым «төзімділікпен» бірдей емес. Әйтпесе, біз жалған кешірімге ие боламыз не маңызды өмірлік мәселелерді көзден таса қыламыз. • Кешірім айыпты адамның айыбын алып тастауды, оны ақтауды білдірмейді. Адамды айыпты емес деп жариялау — соттаушының айрықша құзыреті және тек соттаушы ғана айыпты адамды оның әрекеттерінің салдарынан босата алады, мысалы, жазалау түрінде. Кешірім — жеке бастама, ол азап шеккен адамды реніш сезімінен азат етеді. Жазба жартылай не алшақтаудан тұратын кешірімді талап етпейді, кешірім ренжіткен адамға жаман сезімдер болмайтын, толық әрі ақырғы шешім, сондай-ақ онымен қарым-қатынасты қалпына келтіру мен дамытуымен қатар жүруі тиіс. ##### КЕШІРІМ СИПАТТАМАСЫ Міне, Киелі кітаптық тәлімге сәйкес кешірім сипаттамасы: **1. Құдай сендерді кешіргендіктен, кешіріңдер** Көне Келісімде күнәлардың кешірілуі үшін қажет басшылық нұсқаулар көп. Дәуіттің қуаныштан айқалайғанын естиміз: «Ол біздің барлық күнәларымызды кешіреді...» \(Заб. 102:3\). Сонымен қатар біз адамдар тарапынан кешірім үлгілерін көреміз — тіпті адам реніштердің салдарынан қатты зардап шексе де, мысалы бауырларын оның құлдыққа сатып жібергені үшін кешірген, Жүсіптің жағдайы сияқты. Осы іс-әрекеті арқылы Жүсіп шынайы азаттыққа ие болды. Ол өзінің бір ұлын Манассия деп атады, мағынасы: «маған ұмытуға көмектескен». Жаңа Келісімде Иса, Құдай Тоқтысы, адамдар әлеміне біздің күнәларымыз үшін құрбан болуға келді. Оның төгілген қанының арқасында біз мәңгілікке күнәларымыздың барлығы үшін кешірімге ие боламыз. Бұл «рақым Ізгі хабары». Кешірім — бұл сый. Біз оған лайық емеспіз, бірақ Құдай Өз рақымымен күнәкар әлемге Өзі кешірім сыйлайды. Кешіруді шешкен адамға кешірімнің әсері туралы оқимыз. Осының нәтижесінде олар өздеріне арналған шақыруды орындай алады: «жауларды сүю» және «қудалағандар үшін мінәжат ету» **Өзара төзімді болыңдар. Егер біреуге реніш сақтап, тағатын кінәларың болса, кешірімді болыңдар: сендерді Иеміз Мәсіх қалай кешірсе, сендер де солай істеңдер\! \(Қол. 3:13\)** Ақыр соңында, кешірім — сенім іс-әрекеті. Басқа адамды кешірген кезде, мен Құдай әділдікті маған қарағанда жақсырақ орнататына сенемін дегенді білдіреді. Кешірген кезде мен осы мәселені шешу мен барлық мәселелерді Құдайға тапсыру құқығымды іске асырамын. Осы жайлы Филип Янси What’s Amazing About god’s Grace? деген Құдайдың рақымы туралы тамаша кітабында айтады. **2. Кешіріңдер, өйткені оған келешектегі кешіріміңіз байланысты** Бізге басқаларды ғана кешіру өсиет етілген жоқ, Исаның тәлімінен келешектегі кешірім реніштерге деген көзқарасыңызға байланысты екенін білеміз. Тәңір Иенің мінәжаты деп аталатын, шәкірттердің мінәжатында Иса көктегі Әкеден басқа адамдарды кешірген сияқты кешірім сұрау туралы үйретті. Мінәжаттан кейін Исаның тәлімінің жалғасы сияқты бір қызық ескерту бар. **Егер өздеріңе күнә жасағандарды кешірсеңдер, онда көктегі Әкелерің сендерді де кешіреді. Ал егер басқалардың күнәларын кешірмесеңдер, онда көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешірмейді. \(Мат. 6:14–16\)** Бұл қатаң әрі екі мағыналы емес тұжырым, оны басқаша талқылауға болмайды. Біздің келешек кешіріміміз кешіруге деген дайындығымызға және басқа адамдарды кешірген кездерге байланысты. Петір Исадан күнә жасаған адамды неше рет кешіру керектігі туралы сұрады. Өзін кеңпейілді етіп көрсету үшін Петір жеті ретке дейін кешіруге дайын екендігін көрсетіп тұрған шығар. Сол кезде Иса бәріне танымал әрі таңқалдыратын жауап береді: «Саған айтамын: жеті емес, жеті қайтара жетпіс ретке дейін...» \(Мат. 18:22\). Бұдан әрі Иса өзіне рақымды сұрап алған адам туралы астарлы әңгімені айтып береді, соның нәтижесінде оған көп нәрсе кешірілді. Бірақ сол адам өзіне шамалы ғана қарыз адамды кешіргісі келген жоқ. Астарлы әңгімеде патша осы адамды зындаға тастап, қарызын толығымен өтегенге дейін сол жерде ұстауды бұйырады. Бұдан әрі қорытынды: «Міне, егер сендер бауырластарыңның күнәларын шын жүректен кешірмесеңдер, көктегі Әкем әрқайсыларыңа да солай істемек\!» \(Мат. 18:35\). **3. Кешіріңдер, өйткені кешірім сауығу мен рухани жаңаруды әкеледі** Исаның тәліміне сәйкес біз мәсіхшілерде өзімізге жамандық жаса\_ғандарды кешіруіміз керектігінде күмән болмау керек. Сол кезде біздің адами шектелген санамыз шағымдана бастайды: «Неге?» «Оның істегені дұрыс емес қой». Филип Янси не үшін кешіру керек деген сұраққа үш маңызды жауапты ұсынады: Тек кешірім ғана айыптаулардың, кек алуға және жауап ретінде ренжітуге деген қалаудың жабық шеңберін бұза алады. «Кешіру» деген Жаңа Келісімде қолданылған сөздің мағынасы «кетіп қалу, босатылу» дегенді білдіреді. Жан азабының үздіксіз айналуын бұзудың жалғыз бір тәсілі тоқтап, кешіруден тұрады. Тек сол кезде ғана тыныштық пен түсінуге бағытталған, жаңа қарым-қатынасты құруға болады. Орыс жазушысы Солженицын біз осы жануарлар әлемінен осы қабілетімізбен, яғни кешіре білуімізбен ерекшеленеміз. Тек адамдар ғана осы «табиғаттан тыс» іс-әрекетті жасай алады, табиғат заңының үстінен үстем бола алады деп есептейді. Кешірімнің өзінен тек күмәндар ғана қиын болуы мүмкін. Бір күні тәлімгер студенттеріне бос полиэтиленді пакеттер және картобы бар бір пакет алып келуді сұрады. Кейбір студенттердің пакеттері ауыр болды. Содан кейін оларға осы картобы бар пакеттерді өзімен бірге алып жүру бұйырылды, түнге төсектің, сапарда да орындықтың, ал жұмыста жұмыс үстелінің жанына қойып қою айтылды. Бір-ақ аптаның ішінде студенттер кешірілмеген реніштердің рухани жүгін арқалау қалай қиын екендігін және осы реніштерге олар қанша көп назар аударатынын түсінді. Шынайы өмірде картоп шіріп, саси бастайды. Мұнда анық метафора көрініп тұр. Бұл біздің жан азабы мен жаман ойлар үшін төлейтін құнымыз. Жиі біз кешірмеушілікті бізді ренжіткен адамға берген лайықсыз сый деп санаймыз, ал шын мәнінде бұл біз үшін де, сый\! Кешірім, кінәлі адам бізден оны сұрамаса да, одан айып сезімін алып тастайды. Өлімнен қайта тірілген Иса Петірді кешірімнің үш кезеңінен өткізді, бұл оған қалған өмірін Құдай Ұлын сатқаны үшін өзін кінәлі сезінбей өмір сүруге мүмкіндік берді. Кешірім арқылы кешіруші кінәлі адаммен бір деңгейде тұрады. Кешірім барысында бізге қарсы күнә жасаған адамнан айырмашылығымыз жоқ екендігін түсінеміз. Біз кінәлі адаммен бір тақтаға тұрамыз. Шын мәнінде, Құдай адам кейпінде жер бетіне келуі арқылы бізбен бір деңгейге тұрды. Құдайға Өзі қатты сүйетін жаратылысы үшін бір нәрсе істеу қажет болды. Осы жерде біздің арамызда өмір сүру Ол арқылы Өзі кінәратсыз болғанмен, адам болып өмір сүрудің не екенін түсінді. Бірақ Ол бізбен бір қатарға тұрды, кінәсі жоқ Исаны Құдай біздің күнәміз үшін жауапты етті... Кешірім жеңімпаз сарбаз-қызметшінің өмірінің негізгі құрамдас бөлігі. Бізді «жеңімпаздан гөрі жоғары» болуға жетелейтін, айқыштың жолы осындай. Камбоджидан жас мәсіхші Ченнің көз алдында мектеп тұсынан білетін қызыл кхемерлердің бір солдаты, оның анасын таяқпен өлгенше ұрды. Көп ай бойы Чен осы қайғылы оқиғаны есіне алып қатты қайғырды. Бірақ біртіндеп, Тәңір Ие оған өзін жеңуге көмектесті. Он жылдан соң, Чен Пном-Пеняның басты көшесімен келе жатып, анасын өлтірген сол адамды көрді. Әлгі адам кек алады деп қатты қорқып кетті. Чен көзіне жас алып, былай деді: «Исаның атымен сені кешіремін\!» Осыны істеу арқылы ол Исада шынайы азаттыққа ие болды. ##### МЕЙІРІМ МЕН РАҚЫМ Сарбаз-қызметшінің дайындық деңгейінің ең басты сипаттамасын біз кейінге қалдырдық. Ол рақым мен мейірім көрсетіп, мәсіхтік өмір сүру қабілетімен сипатталады. Рақымдылық таныту — лайықсыз адамға кеңпейілділік таныту. Құдайдың рақымы еңбектеніп, бір істердің арқасында алуға қарама-қайшы. Әрдайым рақым туралы айтқан кезде, бұл сый еңбексіз алынғанын есімізге аламыз. Қабылдаушы еңбектенген нәрсесін алмайды. Рақым тек берушінің жанашырлығына ғана байланысты болады. Бұған қоса, рақым ешнәрсені талап етпейді. Ешкім сізден рақым үшін құн төлеуді сұрамайды. Тіпті қаласаңыз да, мұны істей алмайтын едіңіз. Рақым бізге еш талапсыз, тегін келеді. Бұл еңбек етпей ие болған кеңпейілділіктің іс-әрекеті — жиі төмендетілген әрі бас тартқандар адамдарға қатысты. Мәсіх бізге Оның патшалығында қызмет ететін адам ұлы болатынын есімізге салу үшін көктен түсті. Билік сатысы жоғарыға көтеріледі, ал рақым сатысы төменге қарай түседі. Доктор Дональд Барнхаус осы жайлы жақсы айтты: «жоғарыға бағытталған сүйіспеншілік табыну деп аталады; сыртқа бағытталған сүйіспеншілік махаббат деп аталады; төменге бағытталған сүйіспеншілік рақым деп аталады». Иса рақымды көзқарасты үйретіп, рақымды көрсетіп, өмір сүрді. Елші Жохан Исаның сөздері «рақым мен шындыққа толы» деп айтты \(Жох. 1:14\). Иса екі жүзді діни көсемдердің тарапынан қойылатын талаптары, ережелері, қаулылары мен үміттері көп әлемде әдеттен тыс әдіспен қызмет етті. Жанашырлық пен рақымды талқылаған кезде Жохан: «Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз» дейді \(Жох. 1:16\). Жохан мен Исаның басқа шәкірттері маңызды адам болды. Олар Оған ұқсас болды. Бұл адамдар өмірлерін өзгерткен, оның шыдамдылығына, барлығын қабылдауына, сүйіспеншілігіне, жылулығы мен жанашарлығына тәнті болды. Осылайша, рақым әлемнің мәсіхшісіне ең жақсы сый. Бұл күш кекке, нәсілшілдікке немесе жек көруге қарағанда күшті. Бірақ, өкінішке орай, рақымға аса мұқтаж әлем үшін қауым кейде Филип Янси «рақымға қарсы» деп аталатын көзқарасты танытады. Чальз Суиндолл осы рақым жауларын атап көрсетеді: • Сырттан келетін: заңдылық, адамның өзіне сенуі, дәстүрлер, қулық жасау, келеңсіздік, бақылау, бәсекелік, сын, адамның өзін аяуы, сараңдық пен басқалардың есебінен өмір сүру. • Іштен шығатын: өркөкіректік, қызғаныш, бас тарту, ашу, кешірмеу рухы, қорғаныштың жоқтығын, кінәны, ұятты сезіну, екі жүзділік және көптеген басқа нәрселер. **1. Құдайдың рақымының іс-жүзіндегі істері** Бізді рақымнан туатын еркіндіктен басқа, еш нәрсе іштен өзгерте алмайды. Өміріміздегі Құдайдың рақымы нақты нәтижелерге ие. Құдай ұсынатын еркіндікке ие адамдар, Құдайдың жанашырлығының арқасында алатын сыйларға алғыс айтады, бұл кешірім, өмір, қуаныш, музыка, әдемілік мен достық сыйлары. Басқа адамдар қалай тұрып жатқанын сынап, уайымдауға аз уақыт кетеді. Құдайдың рақымы мен еркіндігінде өмір сүре бастаған кезіңізде, сіз майда-шүйдеге аз назар аударатын боласыз. Сіз басқаларға өздері қалай дұрыс деп санаса, солай өмір сүруге мүмкіндік бересіз, тіпті олардың таңдауын мақұлдамасаңыз да. Рақымға толы мәсіхші әлем мен басқа адамдарға жанашарлық қасиеті арқылы қарайды. Рақымды адамның төзімді болып, басқа адамдарды айыптамауға қалауы болады. Сіз өміріңізге рақымға ие болуға тырысқан кезде, келіспеген басқа адамдарды бұдан былай айыптамайсыз. Құдайдың рақымы рухани жетілгендікке үлкен қадам жасауға мүмкіндік береді. Рақымды түсінуіңіздің арқасында әлеміңіз өскен сайын, рухани жетіле түсесіз. Сіз бұдан былай бұрынғы адам болмайсыз\! **2. Құдайдың рақымын қабылдағысы келмейтін қоғамдағы рақым** Құдайдан бас тартатын қоғамда мәсіхші рақымды қалай тарата алады? Алдыңғы тарауларда айтып кеткеніміздей, Ілияс үңгірлерге жасырынған. Басқа жағынан оның замандасы, Абди Ахабтың сарайына қызмет еткендердің арасында жұмыс істеді және Құдайға ұнамсыз өмір сүрген патша құртқан пайғамбарлардың өмірін сақтай алды. Естер мен Даниялға басқа ұлт адамдарына қызмет етуге тура келді. Иса Рим патшасының сотына бағынды. Пауыл оның ісін кесарға беруді сұрады. Қауым әлем үшін өте маңызды істі орындау керек — Құдайдың рақымын көрсетуі керек. Иса ешкімге адамдарды сүюге кедергі жасауға жол бермеген. Дәл осы салада Киелі Рухтың жемістері маңызды. Иса біз қарым-қатынас саясатында дұрыс емес көзқараста және басқа адамдардың үстінен адамгершілік үстемдікте болмауы керек, бірақ оларға сүйіспеншілік таныту керек. VI БӨЛІМ. ЖЕҢІС Қорынттықтарға арналған хаттың 13 тарауында Пауыл сүйіспеншіліксіз ешнәрсе болмайтыны туралы айтады. Рақым мен адамдарға жанашыр көзқарасқа адал болу мәсіхшілер толығымен жердегі өкіметпен келісімде болатынын білдірмейді. Замбияның бұрынғы президенті, Кеннет Каунда, былай деп жазған екен: «Халыққа сарайдағы мәсіхші басшы емес, халық тыңдайтын мәсіхші пайғамбар керек». Иса әлем Оны қалай жек көрсе, сол сияқты бізді де, жек көретінін ескертті. Рим империясында ертедегі қауым өскен сайын, «Иса — Тәңір» деген ұран римдік билік иелері үшін үндеу болды. Келіспеушілік туған кезде рухани жетілген мәсіхшілер жоғары билікке жалынып, мемлекетке қарсы шықты. Ғасырлар бойы бір оқиға қайталанып отырды. Мәсіхтік сенім құлдықтың соңын алып келді. Адамның және азаматтық құқықтар үшін жұмысшылар қозғалысы мен әйелдердің дауысы қозғалысына түрткі болған дәл сол қуат. Осы нәрселердің бәрінде бізге жылан сияқты көреген, кептер сияқты қарапайым болу керек. Біздің барлық іс-әрекетіміз және тіпті қарсы шығуымыз да, рақымға толы болуы тиіс. Біздің бойымызда рақымға қарсы қасиеттер көрінген кезде, біз ойлануымыз керек. Мемлекет пен қауым арасындағы жылы қарым-қатынас мемлекет үшін жақсы, ал қауым үшін зиян. Дәл осы жерде Құдайдың рақымы үшін басты қауіп жасырынып жатыр. Рақымсыз заңдармен басқарылатын мемлекет бүкіл әлемдегі сияқты қауымның әлем үшін дайындап қойған, Құдайдың рақымының құдіретті хабарын біртіндеп жоғалтып отырады. Қауым қарсы күш ретінде мемлекеттік тұтынушылық билігіне қарсы тұратын құрал сияқты жақсы жұмыс істейді. Қауым мемлекет үшін неғұрлым «ыңғайлы» болса, соғұрлым оның әлемге деген хабарының мазмұны аз болады. Белгілі бір мемлекет Исаның Таудағы уағызына негізделіп, заңдар жинағын қабылдағанын елестете аласыз ба \(Мат. 5–7\)? Үкімет дүкендер мен театрлардың жексенбі күні жұмыс істеуіне тыйым салуы мүмкін, бірақ адамдардың табынуына тыйым сала алмайды. Ол кісі өлтірушілерді ұстап, жазалай алады, бірақ жек көруден сауықтырып, сүйіспеншілік сезіндіре алмайды. Ол ажырасу үдерісін қиындататын заңдарды қабылдай алады, бірақ күйеулерін әйелдерін сүюге, ал әйелдерін күйеулерін құрметтеуге мәжбүрлей алмайды. Ол кедейлерге ақшалай көмек бере алады, бірақ байларды кедейлерге жанашыр, әділ болғыза алмайды. Ол неке адалдығын бұзуға тыйым салуы мүмкін, бірақ құмарлыққа, ұрлыққа, алдауға немесе өркөкіректікке тыйым сала алмайды. Ол адамдарды жақсы қасиеттер танытуға мүжбүрлей алады, бірақ одан олар киелі болмайды. Сонымен, қауым, қауым болып қалсын, бірақ ол қауым сияқты сүйіспеншілікпен, шындықта, бірлікте және бәрінен де бұрын рақыммен әрекет етсін. Бұл әр сенуші үшін нұсқау болуы тиіс. **3. Құдайдың рақымымен адамдарды қалай оятуға болады?** Қалай біз Құдайдың рақымына толып, оның беретін еркіндігімен басқа адамдарды оята аламыз? Осы үшін ең алдымен, адам өзінің әлсіздігін мойындауы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, тек қана былай деу керек: «Мен жай ғана адаммын. Саған әсер етуге тырыспауым керек». Құдайдың рақымы адамдардың бойында дәл осылай көрінеді. Бұл үшін кішіпейіл қарым-қатынас қажет. Құдайдың рақымы кішіпейілдікті қуанышпен қабылдайды. Кішіпейілдік бізге қиын жолдармен ешкім тәнінің қалауымен әрекет ете алмайтынын және ешкім өз күшіммен игі істерді жасай алмайтынын мойындауға мүмкіндік береді. Тек ұлы Құдайдың рақымымен ғана біз Құдайдың тамаша рақымын көрсете аламыз. ###### Топтағы сабақтар **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Неліктен кешіру сондай қиын? 2. Кешірімнің шынайы жарылқауы неде? 3. Неліктен мәсіхшінің өмірінде Құдайдың рақымы маңызды? 4. Қауымдастығымызда «рақымның жауларының» қайсысын байқай аламыз? 5. Келешекте сіз рақымды қалай көрсетуді ұйғардыңыз? # VІ БӨЛІМ ## Жеңіс ### Жиырмасыншы тарау #### Салтанатты жеңімпаздар *Құдайға шүкірлік етейік\! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.* 1 Қор. 15:57 Белгілі микробиолог Луи Пастердің әріптесі Парижда тұрған Феликс Ру деген дәрігер болды. Дәрігердің немересі қара дифтериядан қайтыс болды да, доктор Ру аурудың себебін табуға ант берді. Ол әріптесі Луи Пастермен бірге вирусты жай ғана теория емес екендігін дәлелдеу үшін ұзақ жылға зертхананы жауып алды. Дәрiгерлер ассоцияциясы Пастердің еңбектерін мақұлдамағандықтан, ол қалада кетуге мәжбүр болды. Пастер Париждың төңірегіне орналасып, сол жерден зертхана ашты, онда ол тыйым салынған зерттеулерін жалғастырды. Бір күні осы зертханаға жиырма тамаша жылқы алып келді. Жарияланған эксериментке ғалымдар, дәрігерлер мен мейірбикелер келді. Ру қара жәшікті ашып, қара дифтерияның бациллаларына толы үлкен ыдысты алып шықты, оларды ол ұзақ уақыт бойы өсірген еді. Ыдыста бүкіл Францияның көзін құрту үшін микробтардың саны жеткілікті болды. Ғалым әрбір жылқыға жақындап, оның мұрнына, тіліне, көздеріне мен тамағына микробтарды жақты. Барлық жылқылар біреуінен басқа бәрі осы аурумен ауырып өліп қалды. Экспериментті бақылаған адамдардың көбі соңғы жылқының өлуін күтпей кетіп қалды. Тағы бірнеше күн жылқы шөпте жатып, созылмалы аурумен күресті. Пастер, Ру және бірнеше көмекші жылқылардың жанында қорада ұйықтады, температурасы өзгерсе, кезекшісі ояту керек еді. Түнгі сағат екіде жылқының дене қызуы түсті де, кезекші Руды оятты. Таңға жақын температура тағы екі градусқа түсті. Келесі түні температура мүлдем түсті, жылқы тамақ жеп, су іше бастады. Содан кейін доктор Ру үлкен балғаны алып, жылқының көз арасынан ұрады. Ғалым ауруды жеңген жылқының тамырынан қан алды. Содан кейін ғалымдар Парижге муниципалды ауруханаға кетті. Шағымдар мен қарсылықтарға қарамастан, олар науқас тағы 300 бала жатқан палатаға кіріп барады. Олар әр науқас балаға әлгі өліп қалған жылқының қанын салды. Үшеуінен басқа, барлығы сауығып кетті. Бұл балалардың вируспен ауруын жеңген қан құтқарды. Біздің жеңімпазымыздың қаны да көптеген адамдарға рухани құтқарылу алып келді. Құтқарушыға басқаларға өмір беру үшін өлуге тура келді. ##### ҚҰДАЙҒА АДАЛ БОЛУ Біздің барлығымыз қатысатын рухани соғыста әлсіз, еңсемізді түсіріп, іс-әрекет ету мүмкін емес. Қазіргі заманғы қауымда сенушілер жалқаулықпен жүреді, бірақ барлық Құдайдың жарылқауларына ие болғысы келеді, ал қудалаулар мен рухани шайқастар туралы тіпті естігісі келмейді. Дауылдарда қарсы тұру үшін сенушілерге кішіпейіл және жомарт болу керек. Сенушілер сонымен қатар, Құдайдың еркін орындаған кезде, мықты, батыл, табанды болуға да шақырылған. Біздің әлемімізде барлығы коммунистердің, революционерлердің және мұсылмандардың өз нанымдарына адалдығы туралы жақсы біледі. Біз олардың жаңа билік орнатуға келгенде қаншалықты ден қойып қарайтыны туралы көптеген мысалдар білеміз. Біз, өзімізді Мәсіхтің соңынан ерушілер деп атайтындар, сүйіспеншілік революциясының бөлігіміз, бұл революция күнәкар адамзатты Құдай Патшалығына шақыруда. Бізге басқа сенімді немесе иедологияны үгіттеп жүргендерге қарағанда адал болмау мүмкін емес. Киелі кітап Иса Мәсіхтің соңынан ерушілерді сарбаздармен салыстырады: «Иса Мәсіхтің «адал сарбазы» ретінде азаптарды бірге көр\! Есіңде болсын: ешбір сарбаз тұрмыстық істермен шырмалмайды, қайта, қолбасшысының көңілінен шығуға ұмтылады» \(2 Тім. 2:3–4\); «Бауырластарым, мен бұл мақсатқа жеттім деп санамаймын. Істеп жүргенім бір-ақ нәрсе: өткен нәрселерді ескермей, алдымдағы бәйгеге қарай жан сала жүгіріп келемін. Құдайдың сыйына — Оның Мәсіх Иса арқылы шақырған көктегі өміріне ие болу үшін көздеген мақсатты қуып жүрмін» \(Філ. 3:13–14\). Ізгі хабар Құдай жарылқауларына шақырумен қатар, Құдай еркіне адал болу мен сенімділікке де шақыруды білдіреді. Лұқа жазған Ізгі хабарда \(9:23\) Иса шәкірттеріне тіл қатқан кезде, арналудың үш элементін айрықша атады: **Бұдан кейін Иса халықтың бәріне арнап мынаны айтты: Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге күн сайын дайын болып Менің жолыммен жүрсін\!** **1. Адалдық екі жақты болуы тиіс** Құдайға бағышталған адамдардың Құдаймен өзара қарым-қатынасын «Менің соңымнан ергісі келген» деген сөйлемнен көруге болады. Бізде Исаға келіп, Оның соңынан еруші болуға деген қалау бар. Бізде Онымен шынайы қарым-қатынас орнатуға деген қалау бар. Бұл қарым-қатынастың тамыры неде? Бізде Құдайға ұсына алатын шынайы бір игі нәрсе жоқ. Құдайдың Өзі Өзін бізге арнады. Ол бастаманы қолына алып, бізге Оған өзімізді арнаумен жауап беруге мүмкіндік берді. Біз Құдайдың сенімділігін Оның жаратылыстарынан көреміз. Ол адамды Өзіне ұқсас етіп жаратты. Біз Оның адалдығы мен сенімділігін адам күнә жасағаннан кейін, араласқанында көреміз. Құдайдың құтқару туралы жоспары, адамзаттың күнәсінің құнын төлеу туралы әңгіме Иса Мәсіхтің келуінде шарықтау шыңына жетті. Бізге деген Құдайдың адалдығын екі сөзбен айтуға болады — мінсіз сүйіспеншілік. Құдайдың сүйісеншілігі оның жалғыз Ұлын аяған жоқ және бізді құтқару үшін Оның өмірін айқыштағы өлімге қиды. Бұған қоса, Иса жер бетінде болған кезде, Ол бастаманы қолына алды. Исаға қызмет етуді қалаған, бірақ шын мәнінде осы туралы ешнәрсе білмейтін адамдар, Оған келген кезде, Иса оларды әр түрлі жауаптарымен ойландыратын. **Иса айналасына халықтың көптеп жиналғанын көріп, шәкірттеріне: «Көлдің арғы бетіне өтейік», — деді.Бір дін мұғалімі қасына келіп:— Ұстаз, қайда барсаңыз да, мен Сізге еремін, — деді. Иса оған:  — Түлкінің іні бар, құстың ұясы бар, ал көктен келген Билеушінің бас тірейтін тұрағы да жоқ, — деп жауап берді.Шәкірттерінің өзге біреуі: — Мырза, алдымен үйге барып, әкем қайтыс болғанша қасында болып, сүйегін жерлеп келейін. Рұқсат етіңізші, — деп сұрады. Иса оған: — Маған шәкірт болып ер\! Өлгендерін жерлеуді \(рухани\) өлілерге қалдыр\! — деп тапсырды. \(Мат. 8:18–22\)** Біздің Құдаймен өзара қарым-қатынасымыздың барлық жақтары осыда. Осы қарым-қатынас шеңберінде біз Исаның соңынан ергіміз келеді, өйткені Құдай Өзін бізге бірінші болып арнады да, бізді Өзінің артынан еруге шақырды. Біз Оның сүйіспеншілігі мен адалдығын сезінгендіктен, Оған адалдықпен жауап бергіміз келеді. **2. Адалдық өзара сенім артуды білдіреді** Белгілі бір деректердің негізінде екі жақ арасында қарым-қатынастар орнатылды. Адамдар өздерін қабылданған келісімдермен байлағанының нақты дәлелдері болуы қажет. Осы жағдайда сенім саласы басталады, ол бір жақтың екіншісіне сенім артатынында көрінеді. Жоғарыдағы Лұқа жазған Ізгі хабардың үзіндісінен біз осы саланы көрсететін, екі сөйлемді көреміз: «өзіңнен бас тарт» және «айқышынды ал». ***«Өзіннен бас тарт»*** Біздің сенімділігіміздің құны бар. «Өзіңнен бас тарт» сөзі «өзіңе жоқ» деп айт дегенді білдіреді. Киелі кітаптың бас тарту ұғымы сарбазға «өзін ұмытуға» емес, «өзінен бас тартуға» шақырады. Бұл жерде сыртқы нәрселерден бас тарту емес, қайта өз «менін» қанағаттандырудан толық бас тарту туралы айтылып тұр. Осы жерде адам өзі үшін өмір сүретін, әдеттегі жағдайға қарама-қайшылықты көруге болады. Адамның күнәкар табиғаты барлық жерде бірдей және ол қандай қоғамда — коммунистік пе, әлде капиталистік қоғамда өмір сүріп жатыр ма маңызды емес. Адам тіпті басқалардың есебінен өз қалауларын қанағаттандырғысы келеді. Иса Оның соңынан ерушілерді өздерінен бас тарту қабілетінен танитын болатынын айтады. «Айқышынды ал» Исаның хабарының екінші бөлігі бізге одан да көбірек талап қояды. Исаға өзімізді арнаған кезде, біз жанымызды қиюға дайын болуға дейін, өзімізден бас тартуымыз керек. Біз жанымызды өміріміз бәрібір де өліммен аяқталатынын және бізге кешірім мен мәңгі өмір уәде еткен Құдай құтқара алатынын білген кезде ғана қия аламыз. Исаға сенуші шынайы өмірге ие болды. Сондықтан да, өзінен бас тарту мен айқыш жолы ол үшін жалғыз бір қолайлы жол. Мәсіхті қабылдаған бір жас жігіт мәсіхтік сенімге келу үшін өліммен жазалайтын үйіне қайтып келе жатты. Одан: «Үйіне қайтуға қорқасың ба?», — деп сұрады. Ол: «Мен Мәсіхте әлдеқашан өліп қалғанмын», — деп жауап берді. Эквадорда азап шегіп өлген, Джим Элиот елші былай деген екен: «Жоғалтуға болмайтын нәрсеге ие болу үшін, сақтауға болмайтын нәрсені беретін адамды ақымақ деп айтуға болмайды». **Сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті\! \(Ғал. 2:20\)** **3. Сенімділік Ұлы Тапсырманы орындауды жоспарлайды** Құдай мен сенушінің арасындағы сенімді қарым-қатынастар сенушінің міндеттерін орындауға әкеледі. «Соңымнан ер» тапсырмасы шынайы Құдайдың соңынан ерушілерге тән. Бұл жерде сенуші алдына қойған тапсырмаға емес, Тұлғаға сенімділік танытады. Исаның соңынан еру деген Оның шәкірті болу. Шәкірт — Ұстазының тәліміне, Оның үлгісіне еретін адам. Бірақ біздің Ұстазымыз қандай тапсырманы орындауға шақырды? Бұл тапсырманы біз Ұлы Тапсырма деп атаймыз. **Иса қастарына таяу келіп, былай деді: «Маған көк пен жердің бүкіл билігі берілген\! Сондықтан барлық халықтарға барыңдар\! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер, әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер\! Естеріңде болсын: Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын\!» \(Мат. 28:18–20\)** Мәсіхшінің тапсырмасы сарбаз-қызметші болудан, Мәсіхтің тәлімін жариялаудан және басқаларға Исаның соңынан еруші болуда көмек беруден тұрады. Біз жау идеологиялар мен үкіметті құртуға емес, Исаның шәкірттерін жасауға шақырылғанбыз. Құдайдың билігіне мойынсұнудың барысында біз үкіметпен келіспеуіміз мүмкін. Біз еліміздің жақсы азаматы болуға шақырылдық, тарихте мәсіхшілер заңға бағынып, еңбеккор болатын. Бірақ келіспеушілік туған кезде, мәсіхші Мәсіхті бірінші орынға қояды \(Елш. 4:19–20\). ##### ЖЕҢІСТІҢ ҚҰПИЯЛАРЫ Жаудың ортасы мен қудалаулар жағдайындағы Мәсіхтегі лайықты өмірдің төрт құпиясы бар. **1. Бірінші құпия — әрдайым айқыш** Бұл Құдай жолы. Елші Жоханның Аян кітабында көргеніміздей, Тоқты тақта отыр \(5:6; 17:14; 19:4–10\). Дәл сол сияқты өміріміздегі айқыш белгісі де, бізге жеңіс алып келеді. Қорынттықтарға арналған екінші хатта \(1:9\) Пауыл өлімді жеңудің құралы ретінде өзіне жарияланған өлім жазасы туралы айтады. Біз Құдайға өз мүлкімізді, жақындарымызды және тіпті өз өмірімізді бере алған кезде ғана, біз еркіндікке жетіп, шынайы жеңімпаз боламыз. **2. Екінші құпия — өлімнен қайта тірілу мәнмәтініндегі өмір** Қорынттықтарға арналған бірінші хатта \(15:19\) Пауыл егер өлімнен қайта тірілу болмаса, мәсіхшілер жер бетінде адамдар арасында ең бейшара халық болатыны туралы жазады. Неге? Өйткені біз тек өлімнен қайта тірілген Тәңірге сенім арту арқылы ғана ақталамыз. Біз осы жердің болашағынан Мәсіхке бола бас тартып, азғыруларға қарсы тұрамыз. Еркіндігіміздің толықтығы өзімізден бас тартып, айқышымызды арқалап, Мәсіхтің соңынан еруден тұрады. Сондықтан да, өмірімізді айқыш бейнесімен бірге сүруіміз керек. Жазалаушы тәртібі бар елдерде билік иелері сенушілерді қорқытып, оларға кейін қатты соққы беру үшін әлсіз жерлерін тауып алғысы келеді. Сенушінің жүрегінде Мәсіхпен бірге айқышқа керілмеген нәрсе, мәсіхшінің әлсіз жеріне айналады. **3. Үшінші құпия — қудалауларды қабылдау мен оларға орай дұрыс әрекет ету** **Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге, жаңа күш-қуатты иемденеді де, қырандай қанаттарын жайып кеңістікке, самғай жөнеледі, алайда талмайды, жүре береді, бірақ еш болдырмайды. \(Иш. 40:31\)** Бүркіт дауыл басталмастан бұрын көп уақыт бұрын оның жақындағанын біледі. Ол жоғарыға самғап, желдің басталуын күтеді. Дауыл басталған кезде ол жел оны өзімен бірге алып кететін биіктікті таңдайды. Астында дауыл шулап жатқан кезде, ол оның үстінде қалқып ұшып жүреді. Ол желді жоғарырық көтерілу үшін қолданады. Бүркіт дауыл тудырған желдің күшімен жоғарыға көтеріледі. Біз де дауыл соққан кезде, Құдайға санамыз бен сенімімізді Құдайды тыңдауға бағыттап, олардың үстінен көтеріле аламыз. Бізге Құдайдың күшіне бізді ұстап алып, жоғарыға көтеруге жол беру керек. Құдай өмірімізге аурулар, қайғылы оқиғалар, жеңілістер мен күдер үзулер алып келетін дауыл желдің үстінен қалқуға мүмкіндік береді. Біз дауылдың үстінен қалқып ұшып жүре аламыз. Бізге уайым мен қиындықтың, жүктің ауырлығы емес, сол қиындықтар, уайымдар мен жүкке деген көзқарасымыз басатынын есіңізден шығармаңыз. Біздің табандылығымыздың құпиясы, қиыншылықтардың болмауында емес және өркендеуде емес, қудалауларды даналықпен қабылдауда. «Мәсіхтің атына бола қорлық көрсеңдер, бақыттысыңдар, себебі ұлылыққа бөлейтін Құдайдың Рухы сендерге орнығады» \(1 Пет. 4:14\). Қорынттықтарға арналған бірінші және екінші хаттарында Пауыл өзінің Мәсіхтегі өмірі туралы баяндайды. Бұл тыныштық мен үйлесімділік, ыңғайлылық пен атақты болу туралы әңгіме емес, қайта қиындықтар, бас тарту мен тіпті үмітсіздік туралы әңгіме. Бірақ осыған қарамастан, Пауыл қыш құмыра болып, Мәсіх туралы хабарды адамдарға жеткізіп, шайқастардан жеңіспен шығады. Біз осы жағдайларға тиісті мінез-құлықты неғұрлым тезірек қалыптастырсақ, соғұрлым біз жеңімпаз боламыз. Дәл сол сияқты біз бір-бірімізге де тәннің қалауы бойынша емес, Мәсіхтегі жаңа жаратылыстар сияқты көзқарастар танытып, Мәсіхтің салтанатын көрсету үшін арналған қыш құмыралар сияқты әрекет ететін боламыз. Сондықтан да, біз өркендеу Ізгі хабарын уағыздамаймыз. Біз айқышта жеңген шынайы Құдайды және Оның Ұлын уағыздаймыз: «...қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес». Күнәкарлар Мені қудаласа, сендерді де қудалайды ...Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым\!» \(Жох. 15:20; 16:33\). **4. Төртінші құпия — сарбаз-қызметшінің дәрежесі** Айқыш Матай жазған Ізгі хабардағы \(5–7\) Таудағы уағызда айтылғандай, сенушінің мінез-құлқын көрсетеді. Мәсіхшінің барлық мінез-құлық қасиеттері осы әлемнің ғибраты мен әдеттегі жүріс-тұрысына қарама-қайшы, әсіресе, шайқаста. Жанашырлыққа, тыныштық сыйлауға және кешірімге, қарапайым әскердің жүрегінде орын жоқ, бірақ сарбаз-мәсіхшінің дәл осы қасиеттеріне рухани соғыста оның ерекше мүмкіндігі бар. Біз сарбаз-қызметшілер ретінде жеңіске жетеміз дәл осы себептен, біз рухани қару сүйіспеншілікке, қуанышқа, тыныштыққа және өзімізді құрбан етуге барамыз. Нұсқаулығымыздың ең басында ол бүкіл әлемдегі мәсіхшілер көбірек жау көзқарасының көрінуімен кездесетіні туралы нанымға сәйкес жазылғанын айттық. Біз осы жайлы Матай жазған Ізгі хабардың 24 тарауында және Марқа жазған Ізгі хабардың 13 тарауында айтылған деп санаймыз. Осы сынақтарға, зияттық, рухани және іс жүзінде дайын болу керектігіміз туралы да айттық. Бізге зияттық дайындық қажет, өйткені қауым Киелі кітап не нәрсеге үйретінін түсінуі тиіс, әсіресе қудалаулар мәселесіне қатысты. Біз рухани жағынан дайын болуымыз қажет, өйткені қауым мінәжат етіп, ораза тұтып, рухани саладағы шайқастардың маңыздылығын айрықша атайтын, басқа да қызметтерге қатысуы тиіс. Іс жүзіндегі дайындық бізге керектігінің себебі, қауым сенушілердің шағын топтары кездесіп тұруы үшін жағдайды жасау үшін қажет, олар сенім мәселелерінде ымыраға келетіндерін сезінбеу үшін қажет. Сенушінің үйін мәсіхтік жұмыстың, куәліктің және табынудың орталығы ретінде қарастыру керек. Бізге жау көзқарасының көрінуіне қалай жауап беру керектігін білу керек. Біз Мәсіхтің жолымен жүріп келе жатырмыз. **...Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды,Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды. Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді, Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті, Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді: Енді естігенде Исаның Атағын Көктегі, жердегі, жер астындағылардың бәрі де тізе бүкпек Оның алдында және Иса Мәсіхті тіл атаулы барлығы да, Жаратқан Ие деп ашық мойындауғатиіс һәм Құдай Әкенің даңқын арттыруға. \(Філ. 2:8–11\)** Иса Мәсіх адамдарға ғана қызмет етуде, сондай-ақ мәңгі өмірге өлімнен қайта тірілудің де, бірінші үлгісін көрсеткенін біліп осы жолмен жүруге шақырылдық. Бізден басқа ешбір халық, осындай өмір сүре алмайды. Қауымның қудаланған мүшелері осындай өмір сүру салтын қабылдауды үйренді. Олар оларды қуып жетіп, бірге жүруді және бізді сүйгеннің көмегімен барлық жерде жеңіп, жеңімпаздан да артық болуға шақырылған. Мыңдаған мәсіхшілер Тәңір Иенің алдында қудалауларға қарамастан, табанды тұрды, тағы мыңы сенімдері үшін қарсы тұра алмады. Тіпті римдік ұлы қудалалаулар күндері Мәсіхке сенген біраз адам ғана Тәңір Иеге ақыр соңына дейін сенімді болып қалды. XX ғасырдағы қауым тарихының өткен ғасырларға қарағанда көп мәсіхші азап шекті. Неліктен кейбір мәсіхшілер қарсы тұра алады? Өйткені олар сарбаз-қызметші болуды үйреніп, дауылдар кезінде қарсы тұра алды. Сарбаз-қызметшілер шегелер іспетті. Сіз оларды неғұрлым қатты ұрсаңыз, соғұрлым олар сенімдерінде нығая түседі. Сарбаз-қызметшілер резіңке доптар сияқты. Сіз оларды неғұрлым жерге қатты ұрсаңыз, соғұрлым олар жоғары ұшады. Сарбаз-қызметшілер гүлдер іспетті. Сіз оларға неғұрлым қатты бассаңыз, соғұрлым олардың иісі аңқиды. Сарбаз-қызметшілер витражды әйнек іспетті. Олардың шынайы әдемілігі жарықта анық көрінеді. Сарбаз-қызметшілер шай пакеттері сияқты. Шайдың шығымын оны ыстық суға салған кезде білуге болады. Сіз сарбаз-қызметші бола аласыз, сонда кез келген дауылдарға қарсы тұра аласыз. Кішкентай жастағы балалар американдық футбол ойнап жүрді. Балалардың жасы бес, алтыда болды, бірақ олар кәдімгі футболды ойнады. Олар екі топқа бөлінді, олардың әрқайсысында жаттықтырушы, киімдері мен қолдаушылары болды. Бірінші топтың күші бойынша екінші топқа тең болды. Бірінші ойын кезінде ешкім гол соқпады. Балалар қуанды. Олар ойнай алмады. Құлап, сүрініп, доптан тыс теуіп ойнаса да, оларды бұл қызықтырған жоқ. Олар ойынның өзінен үлкен рақат алды. Екінші ойында бірінші топтың жаттықтырушысы шамамен бүкіл құрамды ауыстырып, ең мықты ойыншыларды шығарды. Енді ойын қызық болды. Екінші топ бірінші топтың қақпасын қорғаған, кішкентай ұл баланың жанына топталып алды. Ол жақсы спортшы болды, бірақ оған екі немесе үш балаларды айналып өту қиын болды. Екінші топ голдарды соға бастады. Жалғыз қақпашы қолынан келгенін жасады. Ол доптарды қақпаға түсірмеу үшін қақпаға ұшқан доптардың соңынан ұшты. Екінші топ екі допты қақпаға кіргізді. Басында бала ашуланды. Ол айқайлап, жүгіріп, доптың соңынан ұша берді. Шешуші сәтте ол бүкіл күшін жинап, бір баланы тоқтатпақшы болды, бірақ кешігіп қалды да, доп қақпаға түсті. Қақпашысының ата-анасы жақсы адамдар болды. Әкесі костюм киіп жүрді, мойнында галстук болды, кеңсесінен футболға келген болса керек. Ата-анасы баласын қолдап, айқайлап отырды. Үшінші голдан кейін бала өзгерді. Ол қарсылықтың пайдасыз екенін көрді де, беріліп, үмітсіз болды. Бейнесінен әлсіздік көрініп тұрды. Әкесі де өзгерді. Алдында ол ұлын қолдап, кеңес беріп отырды. Ал енді уайымдаған болып көрінді. Ол ұлына барлығы дұрыс, жұмысынды әрі қарай атқара бер деп айтқысы келді, ол баласын аяп кетті. Төртінші голдан кейін балаға көмек қажет болды, көмек келмеді. Ол қақпаның торынан допты суырып алып, арбитрге беріп, жылап қалды. Ол жай ғана қақпаның аузында тұрды, көзінен жас ағып жатты. Кейін ол тізесіне құлап, көзін уқалай бастады. Ол әлсіз жаралы жүректің көз жасымен жылады. Бала тізесіне құлаған кезде, әкесі орнынан тұра салып, балаға жүгіргісі келді. Әйелі қолынан ұстап: «Джим, керек емес», — деді. Бірақ ол қолын жұлып алып, баласына жүгіріп барды. Ойын жалғасып жатты, ол қақпаға қарай жүгірді. Ол жүгіріп келіп, баласын құшақтап алып, онымен бірге жылады. Сосын әкесі баласын футбол алаңынан алып шығып, шетіне алып келіп: — Балам, сен сондай жақсы ойнадың. Мен барлығының сен менің балам екенін көргенін қалаймын. — Әке, мен ешнәрс жасай алмадым. Қанша тырыссам да, олар гол кіргізе берді. — Скотти, олар қанша гол кіргізгені маңызды емес. Сен менің ұлымсың, мен сені мақтан тұтамын. Ал енді мен сенің қайта алаңға қайтып, ойынды аяқтағанынды қалаймын. Олар тағы қанша гол соқса да, бұл маңызды емес. Бара ғой, балам. Енді бәрі басқаша болды. Сен жалғыз болған кезде, голдар қақпаға кіріп жатқанда, осы голдар сені сүйетіндер үшін маңызды емес екендігін білу аса маңызды. Бала қайта қақпаға жүгіріп барды. Оған тағы екі гол соқты. Бірақ осы кезде бәрі дұрыс болды. Маған күнде гол соғады. Мен тырысамын. Бір бұрыштан екіншісіне жүгіремін. Мен ашуланамын. Азғыру мен күнәлармен күнде күресемін, шайтан маған күледі. Ол гол соққан кезде, мен өзімді күнәкар, кінәлі әрі әлсіз сезініп, жылаймын. Бірақ мен жалғыз емеспін. Бүкіл алаңды кесіп, әкем жүгіріп келеді. Мені көтеріп алып, құшақтап, былай дейді: — Ұлым, мен сені мақтан тұтамын. Сен жақсы ойнадың. Мен барлығының сен менің ұлым екендігін білгенін қалаймын. Осы ойын қалай аяқталатынын мен алдын ала жоспарлап қойған соң, мен — жеңесін деп айта аламын\! *Әңгіменің туындыгері белгісіз* ##### МЕН МӘСІХТЕ КІММІН **Мен қабылдандым...** Мен — Құдайдың баласымын \(Жох. 1:12\); Мен — Исаның досымын \(Жох. 15:15\); Мен ақталдым \(Рим. 5:1\); Мен Тәңір Иемен біріктім, біздің рухымыз бір \(1 Қор. 6:17\); Менің күнәларымның құны қымбат бағамен төленді және мен Құдайдікімін \(1 Қор. 6;19–20\); Мен — Мәсіхтің Денесінің мүшесімін \(1 Қор. 12:27\); Мені Құдай таңдап алды және Өзінің баласы ретінде Ол мені асырап алды \(Еф. 1:3–8\); Мен құтқарылдым, менің барлық күнәларым кешірілді \(Қол. 1:13–14\); Мен Мәсіхте толық өмірге иемін \(Қол 2:9–10\); Менің рақым тағына Иса Мәсіх арқылы тікелей рұқсатым бар \(Евр. 4:14–16\). **Мен қорғанғанмын...** Мен кез келген айыптаудан азатпын \(Рим. 8:1–2\); Құдай мен үшін барлығын игілікке аударатынына сенімдімін \(Рим. 8:28\); Мен маған қарсы қойылатын кез келген айыптан азатпын, мені Құдай сүйіспеншілігінен ешкім айыра алмайды \(Рим. 8:31–39\); Құдай мені нығайтып, майлап, Киелі Рухпен таңбалады \(2 Қор. 1:21–22\); Мен Құдайда Мәсіхте жасырынмын \(Қол. 3:1–4\); Құдай менің бойымда бастаған игілікті ісін аяқтайтынына сенімдімін \(Філ. 1:6\); Менің Отаным — көкте \(Філ. 3:20\); Құдай маған қорқыныш рухын емес, күш, сүйіспеншілік рухын берді \(1 Тім. 1:7\); Мен Құдайдан туылдым, ал шайтан маған тиісе алмайды \(1 Жох. 5:18\) **Мен құндымын...** Мен — Иса Мәсіхтің шынайы жүзім бұтасының бұтағымын \(Жох. 15:5\); Мен таңдалып, жеміс беруге шақырылғанмын \(Жох. 15:16\); Мен — Құдайдың Киелі үйімін \(1 Қор. 3:16\); Мен адамдарды Құдаймен татуластыру қызметіне иемін \(2 Қор. 5:17–21\); Мен Иса Мәсіхпен бірге көкке отырғызылдым \(Еф. 2:6\); Мен — Оның жаратылысымын \(Еф. 2:10\); Мен Оған еркін әрі сенімділікпен жақындай аламын \(Еф. 3:12\); Мен күш-қуат беретін Иса Мәсіхте бәріне төзе аламын \(Філ. 4:13\). «Мәсіхтегі азаттық» миссиясының материалдары бойынша   # VII БӨЛІМ ## Қосымшалар ### 1 Қосымша #### «Дауылға қарсы тұру» оқулығы ** **бойынша бір-төрт күндік семинарды өткізу жөніндегі ұсыныстар Осы оқулықтың материалдары төрт күн ішінде семинарлар өткізу үшін арналған \(жиырма рет-ретімен өткізілетін сабақ\). Семинарлар қысқа уақытта өткізілетін болса, мына жоспарды қолдануға болады: ***Бір күндік семинарлар*** Кіріспе 1–4, 20 тараулар ***Екі күндік семинарлар:*** Кіріспе 1–4, 8, 13–15, 17, 20 тараулар ***Үш күндік семинарлар:*** Кіріспе 1–4, 8–17, 20 тараулар ***Төрт күндік семинарлар:*** Кіріспе 1–20 тараулар Ескертпе: Бүкіл материалды қысқаша үш күндік семинарда баяндап беруге болады. ### 2 Қосымша #### «Құдай мен оның азап ** **шеккен қауымы» уағызы *Бұл уағыз Қытайдағы үйдегі қауымның бір бағушысымен дайындалды. Онда олар қауым жетекшілері Құдай халқы Оның еркіне сәйкес душар болатын қудалауларда тек азаптарды ғана көрмеу керектігін ескертеді. Құдай шынымен де қудалауларға жол береді, бірақ оларды Өз халқының игілігі үшін қолданады. * Қытайда халықаралық қоғамдастыққа беретін ақпаратқа қарамастан, әлгі күнге дейін мәсіхшілерге қудалаулар жалғасуда. Сондықтан да, бүгін Естер заманында сенушілер душар болған қудалаулардан алатын кейбір сабақтарға назарларыңды аударғым келеді. Естер б.з.б. 483 жылдан бастап, Парсы елінің патшайымы болды. Ол өте сұлу әйел болды, бірақ оның тек асырып алған әкесі ғана білген бір құпиясы болды. Естер өзінің ұлтын жасырды, ол яһудилік еді. Қудалаулар уақыты келді. Естер кітабынан \(3:8\) біз парсы патшасының кеңесшісі өз билеушесіне: «Сіздің патшалығыңыздың күллі аймақтарындағы өзге халықтардың арасына шашырап кеткен, бірақ солармен араласпайтын бір ұлт бар. Бұл ұлттың әдет-ғұрыптары барлық басқалардікінен өзгеше. Олар патшаның заңдарын да орындамайды\! Оларды осылай қалдыра беру патша ағзамның мүддесіне қарсы» — деп айтқанын білеміз. Патша кеңесшімен келісіп, барлық яһудилерді құртуды бұйырады. Яһудилер, оның ішінде Естер де үмітсіз жағдайда болды. Олар осындай жағдайға қалай тап болды, одан қалай шықты, осы туралы әңгіме азап шегетін қауымды есімізге салады. Қудалаулар қайдан келеді? Олардың қайнар көзі қандай? Естер кітабы әдетте осы сұрақтарға жауап береді. Қудалаулар — біздің қудалаушыларымыздың өркөкірегінің нәтижесі. Патшаның кеңесшісі Аман осындай қудалаулардың бастаушысы болды. Мардохей атты бір яһудилік оған табынудан бас тартқаны оны ренжітті. Мардохей неліктен оны сыйламағанын біз білмейміз, бірақ Аман қатты ашуланды. Бұл жеке іс болғанмен, ол яһудилер патшаның заңдарын тыңдамады деп, оларды тамырымен құрту жоспарын ойластырды. Аман бәрін жақсылап ойластырды. Ол яһудилер бізден ерекше деді, бұл рас, ал біздің арамызда мейірімді азаматтар жоқ дегені өтірік. Бірақ патша болса, өзінен басқа біреуге адал болған адамдарға күдікпен қарайтын. Қытайда да, дәл осы орын алуда. Біздің үкіметіміз бізді қудалайтын себебі, біздің қалған халықтан өзгеше болуымызда. Біз адал сенушіміз, біз тек мемлекетке ғана адал емеспіз. Бұл айналамыздағы адамдардың көз алдында күдікті етеді. Ресейде қауым қорқынышты қудалауларды басынан өткізгенін оқыдым, өйткені Ленин бауырымызды патша билігі атып тастады. Ал Ленинді ағасының өлім жазасына кесілуін діни қызметкер жарылқағаны қатты ашуландырды, сондықтан да ол қауымнан кегін алды. Біз әлемдік коммунизмді негіздеушілердің құрбандарының рөлін әлі де атқарудамыз. Егер мәсіхшілер өркендесе, яғни оларда бір нәрсе дұрыс емес дегенді білдіреді. Коммунистер адамдардың дінге деген мұқтаждығы өзімен өзі құруы үшін жер бетінде жұмақты орнатқысы келді. Шынымен де, аспан туралы армандаудың қажеті қанша, егер жұмақ жер бетінде орнаса. Бірақ коммунистердің ешқайсысы жұмақты жер бетінде орната алмады, сондықтан да, олар бізді аспан патшалығын сезінетіндерді жек көреді. Бұл өркөкіректік. Адамдардың азабының көзі әрдайым өркөкіректікте. Қудалаулар мәселесін қалай шешуге болады? Қудалаулар кезінде қалай аман қалуға болады? Қауым әкелерінің бірі осы сұраққа былай деп жауап берді: «Мінәжат етіңдер, өйткені барлығы Құдайдың қолында. Құдай сендердің қадамдарынды бағыттағандай әрекет етіңдер». Сонымен, біз қудалауларды жұмсарту немесе азайту үшін оларға қарсы тұрамыз. Сондай-ақ Құдай азаптарды тоқтатуы үшін Оны іздейміз. Осының арқасында құтқарыламыз. Естер туралы әңгімеден осыған ұқсас оқиғаларды көруге болады. Естер патшаның алдына оның рұқсатсыз келуі арқылы батылдық танытты. Ол былай деді: «Егер өлуге тиіс болсам, өлейін». Қандай батыл әйел\! Ол жоспар ойластырып, Аманды тұзаққа түсірді. Ол той ұйымдастырып, жиналғандарға құпиясын айтып берді де, Аман оны өлтіргісі келеді деп оған айып тақты. Оның жоспары іске аспай қалуы мүмкін бе еді? Кім біледі\! Мүмкін, солай да, шығар, Аман патшаның танымал кеңесшісі болды. Оны сарайда сыйлады. Естер патшайым болды, бірақ осы кітапта анық айтылғандай патшайымдарды ауыстыру оңай болған. Естердің жоспарының іске асуы Құдайдың еркінде болды. Енді осы әңгімеге басқа жағынан қарайық. Біз Құдайдан ісімізге араласуын сұрап, мінәжат етеміз. Жағдайымызда бізге байланысты емес көп нәрсе болады. Жоспарымыз, ойлап тапқанымыз ешқашан да жеткілікті болмайды. Бізге Құдайдың көмегі керек. Сондықтан да, яһудилерде жылау мен мойындау уақыты болады \(Естер 4:1–3\), содан кейін Құдай олардың тағдырына таңғажайып жолмен араласты. Бір қарт бағушы былай деген екен: «Менің бақытты кездейсоқтарым мінәжат етпеген кезімде тоқтайтынын» байқадым. Естер туралы әңгіменің бақытты соңында да кездейсоқтықтар көп. Мысалы, Аман Мардохей өледі деп ойлаған сәтте, патша оны жоғарылатады. Бірақ әр кейіпкер әңгіменің соңына өзі барады. Мысалы, патшаны алайық. Аман жоспарын жүзеге асырам деген түні патшадан ұйқы қашты. Ол өз жазуларын оқи бастайды да, Мардохейдің оған жасаған жақсылығы туралы оқиды. Патша Мардохейді алғыстауды шешеді, дәл сол күні таңертен Аман келеді. Дәл осы сәтте ол Мардохейді өлтіруді сұрайын деген еді. Патша Аманның Естерден жанашырлық сұрап, жалынып жатқанын көріп, Аман оны азғырғысы келіп жатыр деп дұрыс емес түсініп, Аманды өлтіргісі келді. Осы кездейсоқтықтардың барлығы — Құдайдың ісі. Бұл Құдайдың Естерге берген көмегі. Сонымен, яһудилерді құрту жоспары іске аспады. Мен сіздерге бізде, Қытайда былай деп айтатынын айтуым керек: «Қудалаулар Құдайдың қауымды өсіру үшін жібертін сынақтары, біз оларға қарсы шықпай, қабылдауымыз керек». Бұл жалған тәлім, өйткені осылай айту арқылы біз Құдайды айыптаймыз. Құдай зұлымдықтың көзі бола алмайды. Құдай зұлымдықты қолдана алады, бірақ оның көзі бола алмайды. Кейбір тәлімгерлер қауымды қудаламаса, ол өспейді деп санайды, бірақ бұл дұрыс емес. Лұқа Елш. 9:31 кітабында былай деп әңгімелейді: «Осылай сенушілер қауымы бүкіл Яһудея, Ғалилея және Самария аймақтарында тыныш күндерді басынан кешті. Олар рухани күшейіп, Иемізді терең қастерлеп, Киелі Рухтың қолдауымен көбейіп жатты». Бірақ бұл үзіндіде қудалаулар туралы мүлде айтылған емес, бірақ қауым өсіп, көбейді. Мен Естер кітабы сегізінші тараумен аяқталғанын қалаймын, бірақ ол әрі қарай жалғасады. Кітап яһудилер барлық жерде кек алумен аяқталады. Олар жалпы террор үшін еркіндікке ұқсас бір нәрсені жариялады. Оларға бір күн ішінде өздеріне қысым көрсеткен адамдарды заңсыз өлтіруге рұқсат берді. Сол күні мыңдаған адам өлген шығар. Яһудилер қатал әділдікті орнатты, бірақ әділдік не істей алады? Ол туысқандарда жек көрушілікті тудырады, ал олар кек алуға үйретеді, осылайша, қан төгудің жабық шеңберін жалғастырады. Мен осы тарихи оқиғаларды заманауи азап шегетін қауымға тән етер едім. Қудалаулар жағдайында үмітсіздік сезімі тууы мүмкін, бұл үмітсіздік егер сергектікті жоғалтса, жүректің қатаюына алып келуі мүмкін. Бір күні Қытайда бір үкіметте жұмыс істейтін адаммен сөйлескенім есімде, ол былай деді: «Мәсіхшілермен жұмыс істеу оңай, өйткені сіздер мәсіхшілер бір-біріңізді таспен ұрасыздар». Мен ұялдым, өйткені бір қауым жетекшісін үйдегі қауым жетекшілері билік иелерінен де қатал қудалады. Бұл өкінішті. Біз осы күнәмізді мойындауымыз керек. Қудалаулар біздің бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді және шындыққа адалдығымызды бұзуы мүмкін. Неліктен Естер кітабын Киелі кітапқа орналастырған? Өйткені ол Құдайдың Өз халқына қалай көмектескенін баяндайды. Егер патша жарлығы орындалса, Құдайдың еркі орындалмас еді. Бірақ Құдай осы қайғылы оқиғаның орындалуына жол бермеді, Ол яһудилерге қол ұшын берді. Құдай яһуди халқының тағдырына араласқаны бізді де, яһуди халқын қатты нығайтқан болар. Құдай адамдарды құтқарып, Өз еркін орындау үшін араласады. Құдай біздің Оны және Оның сүйіспеншілігімізді танып білгенімізді қалайды. Сонымен, қудалаулар құдіретті Құдай Өз халқын құтқарып, Өз еркін орындағанын көрген кезде, біздің сенімімізді нығайта алады. Соңында сізге өзім жайлы әңгімені айтып беруге рұқсат етіңіздер. Мен Құдай үшін пайдасызбын деп санаған адамның бірінші тәубе еткен адамы болдым. Біз бірге түрмеде отырдық. Менің тәлімгерім түрмеде мәсіхшіге айналып, Ізгі хабар таратушы болғысы келді. Біз екеуміз де бұзып, ұрлық жасағынымыз үшін тұтқындалдық, біз бір камерада отырдық. Ол бір күні кездейсоқ мәсіхшілер тобы мен бірге бір камераға түскенін айтты. Олар түнде бірге әнұрандар айтып, бірге Құдайды мадақтайтын. Олар жұмсақ деп ойлап, ол олардан тамағы бар сәлем-сауқаттарды ұрлайтын. Ол камерада қожайын кім екенін көрсету үшін оларды тіпті ұратын. Бұл тамаша болды. Алғаш рет он бес жылдың ішінде ол өзін мықты сезінді, бірақ ол оларды ұрып, тамағын тартып алған кезде де, олардың үстінен билігі жоқ екенін түсінді. Олар одан қорықпайтын. Бір күні ол ашуланып, бір мәсіхшіні өлтіріп тастау үшін пышақты жұлып алды. Бірақ кенеттен бір күш оны тоқтатты, ол сол адамға пышақты сұға ала алмады. Алғашқы рет ол өзінен мықты бір күшпен кездесті. Ол Мәсіхке сенді, түрме билігі оны басқа камераға отырғызу керек екенін түсінді. Оны жалғыз камераға отырғызып қойды. Ол өліп бара жатқанын сезді. Ол Құдаймен сөйлесіп: «Уа, Құдайым маған өлер алдында тағы бір адамға куәлік етуге мүмкіндік берші» деп сұрады. Түрме адамға толы болғандықтан, мені соның қасына отырғызды. Ол мені өзіне қолын бұлғап шақырды, мен оның халі нашар екенін бірден түсіндім. Сол түні ол маған Иса туралы, оның мені сүйетіні туралы және менің құтқарылғанымды қалайтынын айтып берді. Тәңертен тұрған кезімде көршім қатып қалыпты. Оның есі ауысқан шығар деп ойладым. Дәл сол күні мені қатал тәртіпті лагерге ауыстыратыны жайлы айтты. Алайда мені лагерге алып баратын жүк тасушы көлік бір аптаға кешігіп келгендіктен, мен мәсіхшілерге толы басқа камераға түстім. Олар маған Ізгі хабар таратушымның әңгімесін айтып берді, олар өлер алдында ол маған куәлік еткенін естіп қатты қуанды. Лагерге кетер алдында мен жүрегімді Мәсіхке арнадым. Сенім өліп бара жатқан адамның өмірін сақтады, өйткені ол Мәсіх туралы айтқысы келді. Ол мәсіхшілерге тұтқын кезінде қуаныш сыйлайтын. Мен алдымдағы сегіз жыл бойы істейтін ауыр жұмыс туралы ойлаған кезімде маған үміт берді. Егер Мәсіх болмаса, мен баяғыда өліп қалар едім. Енді мен азаптардың күшінің тірі куәлігі ретінде сіздердің алдыңызда тұрмын. Біз сеніміміздің арқасында емес, Құдай бізді азаптардан құтқарғанын көріп, күштірек боламыз. Бізге мықтырақ болу керек, әйтпесе, біз өліп қаламыз. ### 3 Қосымша #### Стив Хаас. Қудалауларға душар болған қауымға бүгінгі таңда Иса не дейтін еді? Қудаланған, азап шеккен, түрмеге жабылған қауымның періштесіне. Бұл сенің шыдамдылығың мен табандылығынды біліп, қайғыларыңды түсініп, өзінің асыл қанын төгуге дейін адалдық көрсеткеннің сөзі. Сен қалған халқыңнан бөлініп қалдым, жағдайымды ешкім түсінбейді дейсің. Мен саған келген қиындықтарды, Лаоста, Индонезияда, Иранда мен Қытайда саған келген шабуылдарды көрдім. Сенің Ирандағы, Үндістандағы мен Шешенстандағы бағушыларыңды өлтіргенін көрдім. Суданға тасталған бомбалар мен халқын құлдыққа қалай алып кетіп бара жатқанын көріп тұрмын. Мен көзіңнен аққан әрбір жасты санап, сенің әрбір арманыңды және сенің айтқан әр мінәжатыңды жазып қойдым. Мен барлық азаптарыңда сенімен біргемін. Мен сені жалғыз қалдырған жоқпын. Азаптарды көрмеген, менің балаларымның көбі, Мен үшін сенің құрбандықтарыңнан күш алып жүрген шығар. Мен бауыластарыма азаптарымды ашып, мыңдаған қауымдарды сен үшін мінәжат етуге және қызмет етуге шақырдым. Сен қорқатынынды айтасын. Қолында барыңды мойында. Мен саған жаңа өмір, зор қуаныш пен сенімен мәңгі болатын Рухты бердім. Сенің өзгертетін сенімің шынайы Жолды, Шындықты және Өмірді іздейтіндерді тартады. Сен үміт жоғалтатынынды айтасын. Бірақ осы нәтижелер соңғы сөз емес, Мен — құдіретті әрі әділ Құдаймын. Мен Өзім белгілеген уақытта барлығының кегін қайтарамын. Осы қиындықтардың барлығы сені жеңіп аламыз дегенмен, Мен саған тыныштыққа толы мәңгі жерді дайындап қойдым. Онда шынайы еркіндік бар, оған сен Мені Тәңір Ие деп мойындап, Маған қызмет еткен кезде ие боласың. Мен осы заманның ақыр соңына дейін сенімен біргемін. Сырттан келген адамдардан сақ бол, олар қауым тәлімгері бет-пердесінің артында жасырынып тұр, бірақ олар өз тұрмысын Маған мойынсұнудан жоғары қояды. Көптеген адамдар сенушілерге тек денсаулық пен өркендеу ғана қажеттілігін жариялап, рухани ұстаздар іспетті жүреді. Оларды тыңдама, бұл жалған тәлім, ол сені Сараңдық, Уайым деп аталатын, әбігер қожайынның тұтқынына айналдырады. Азаптарынның арасында Мен ғана сенің шынайы тыныштығың мен құтқарылуың екенімді дәлелдеймін. Сенімде рухани жетілмей жанында болатын адамдардан сақ бол, Менің Сөзіме қарама-қайшы жалған пікірді ұстанатындардан абай бол, олар шынайы құтқарылу мәнмәтінінен жұлып алынған шындықтардың бір бөлігін ғана айтады. Олардың байқалмайтын жалған тәлімі сау бидайдың арасындағы бидайықтар сияқты, олардың тәлімі мәңгілікке Менен басқа жолмен жетуге болатынына сендіріп алып кетеді. Менің Сөзімді танып білуге тырысып, сүйіспеншілікке негізделген, өсиеттерімді орындауда нығаюға тырыс. Кедейлік жағдайындағы сенің ойлап табуыңа, азаптар кезінде өзінді дұрыс ұстауыңа, азаптар кезінде қуанышты шыдамдылығыңа қуанамын. Дәл осы қасиеттер — барлық жер бетіндегі патшалықтардан үстем, Менің күшімнің шынайы куәлігі, кез келген адамзаттың күшін жеңе алатын сенімділік көзі осы қасиеттерде жасырылған. Адал болып қала бер, Мен сені жоғарылатамын. Шыдамды әрі ұстамды бол, Мен көп кідірмей, ісімді аяқтаймын. «Қудаланған қауым үшін мінәжат» миссиясының президенті, Стив Хаас, Инглвуд, Колорадо, АҚШ. *«Бүгінгі таңдағы мәсіхтік сенім», қазан, 1999 жыл. * ### 4 Қосымша #### Түбегейлі мәсіхтік сенім «орынды айтылған сөздер туралы» боб муэрхедтің кітабынан үзінді Түбегейлі мәсіхтік сенім — ой-сананың қалыптасуы емес, өмір сүру салты. Ол жасырынуға емес, жеңуге тырысады, құрбан ететін өмір сүреді, ол көп сөз арқылы әсер етуге тырыспай, жеңімпаздың шеруімен жүріп келеді. Бұл көзге көрсетіп, белсенділік танытып, ақталмай, нақты істерді есепке алатын мәсіхтік сенім. Ол қиыншылықтарға терең енеді де, ымыраға келмейді. Түбегейлі мәсіхтік сенім толық қарқында жүріп келе жатады. Ол әрдайым батылдықпен әрекет етеді де, жасырынбайды. Ол тауларды жылжытып, теңіздерді кесіп өтеді, қабырғаларды бұзады — судың бетімен жүреді, теңізді тыныштандырады, өлгендерді тірілтеді, бес мың адамды тамақтандырады және жабық есіктен өтеді. Түбегейлі мәсіхтік сенім жиі азап шегеді, жиі жоғарыда самғайды, күн сайын терін төгіп, еңбек етеді. Ол күнәні қара деп атайды, тозқты жанып тұрған өзен, екі жүзділікті зұлымдық, шайтанды өтірікші, сотты міндетті түрде болатын деп айтады. Түбегейлі мәсіхтік сенім оппозициямен ымыраға келмейді, қатты қысымның астында сыңбайды, уақыттан бозармайды, түрмеде өлмейді, ылғалдықта шірімейді. Ол шегінбейді, бас тартпайды, ойын өзгертпейді, қайтып келмейді және өзгермейді. Түбегейлі мәсіхтік сенім әрдайым Мәсіхті жоғары тұтады, кедергілерді бұзады, кез келген кедергілерден өтеді, сенімсіздікті жеңіп, шектен шыққан арсыздықты жоққа шығарады. Ол сыншылдықты жеңеді, жеңілісті жеңіп, скептицизмді бұзады. Түбегейлі мәсіхтік сенім жомарттықпен береді, үздіксіз мінәжат етеді, тынбай еңбек етеді, сүйіспеншілікпен уағыз айтады, ұзақ шыдайды және үмітпен сенеді\! Жұрт алдында өтірік істемейді, өз жағдайын төмендетпейді, өз қағидаларын бір нәрсеге бейімдемейді. Ол қоршаған ортаның жағдайын бақылайтын, термостат сияқты қызмет етеді. Бірақ ол қоршаған ортаның жағдайын көрсететін, термометр емес. Ол ешқашан баршаға ортақ, сәнді, ыңғайлы, танымал болмайды, уақытпен қатар жүрмейді. Оның шынайы жақтаушылары аз, оның пәлсапасы танымал емес, бірақ жүлдесі зор. Оның шәкірттері осы әлемде жүлдеге ие болмайды, бірақ Құдай міндетті түрде былай дейді: «Жарайсың, жақсы әрі адал қызметшім\!» *Боб Муэрхед. Орынды айтылған сөздер туралы.* ### 5 Қосымша #### Иохан Компаньеннің «жаңа мыңжылдықтың қарсаңында» баяндамасының үзіндісі Діни еркіндіктің деңгейінің төмендеуіне әсер ететін жаман тұжырымдар жалғасатын, ал мәсіхшілердің қудалануы белгілі бір деңгейде сенушілерге жаңа азаптар алып келетін сияқты. Осы жаңа мыңжылдықтың мәселелері жеткілікті мөлшерде күрделі, оларды шешу де оңай емес. Шын мәнінде, адамдардың тағдыры мен жанына қатысты. ##### ҚАУЫМҒА ТАСТАЛҒАН ҮНДЕУ Кейінгі жиырма жыл ішіндегі діни еркіндікке қатысты мәселелер келіспеушілігі бар жағдайлардың бес түрімен сипатталатын болады. Осы сынақтардан қауым нығайған болып шығуы тиіс. **1. Идеология саласындағы шайқас** Бұл шайқас қауым қудаланған елдерде болады, алайда тыныш елдерде де, бұл шайқас жүргізіледі екен. Қазіргі сәтте әлемдік қоғамдастық Батыс діни еркіндік саласына араласып, сын айтып, есепті талап етуіне қарсы шығуда. Бұл Хандингдонның қағидасында әсіресе анық көрінеді. 1996 жылы Сэмюэл Хантингдон өркениеттердің кездесуі мен әлем тәртібінің өзгеруі туралы кітап шығарды. Бұл кітапта ол әлемді алты мәдениетке бөледі: батыс, синайлық, жапондық, үндіс, исламдық және православиелік. Ол әлемге деген қауіп осы өзара келіспеушіліктегі мәдениеттердің шекарасынан туады дейді. Осы арқылы оның туындыгері оның ойы діни еркіндігі үшін өлім алып келетінін, әр мәдениеттегі ішкі мәселелер басқа мәдениеттерге мүлде қатысты емес екендігін айтқысы келеді. Осылайша, егер Пакистан мәсіхшілеріне геноцид жасағысы келсе, Батыс араласпауы тиіс. Әр мәдениет өз қағидалары мен өмір сүру логикасы бар бөлек арал болуы тиіс. Соңғы он жылдың ішінде азаматтық құқықтар үшін ұйымдардың саны өсті. Мысалы, «Халықаралық амнистия» және «Адамның құқығын бақылаушылар». Олардың қызметі адамның құқығы бүкіл жер бетінде бірдей деген қағидаға негізделеді. Мұндай көзқарастың маңызды жауы — постмодернизм. Ол әр мәдениетке өз стандарттары тән деп айтады. Постмодернизм батыс университтетерінде әлдеқашан жеңіске жетті. Іс-жүзінде батыс үкіметінің әлемнің басқа өңірлерінің мәселелеріне араласқысы келмейтінін көруге болады. Тибеттегі адамдардың құқығының бұзылуына қарсы шыққанмен, Батыс шын мәнінде олардың діни құқықтарын қорғау мақсатында ешнәрсе жасап жатқан жоқ. Күшті іскерлік адамдар сенушілердің істеріне араласуға деген кез келген талпыныстарды тоқтатып отыр. Осы келіспеушілікті кім жеңеді? Тәуелсіз мемлекеттердегі діни еркіндіктің деңгейін анықтауға және жүргізген саясатына есеп беруге кім құқылы? Осы соғыстағы жеңіліс Інжілдік қауымдар мен миссиялардың танымал болмауының күшеюіне алып келеді, өйткені олар тек інжілдік саясатты жүзеге асырып, постмодернизмнің көп пікірін ұстанбайды. Жақында үндіс радикалдары мінәжат ету күнтізбегінде рухани қараңғылықтағы сексен миллион үндіс үшін мінәжат етуге шақырған АҚШ сенушілеріне сын көзбен қарады. үндістер былай дейді: «Біздің мәдениетіміз сіздікімен бірдей». Алайда інжілдік сенім мәсіхшілері бұлай ойламайды. Кейбір мәдениеттер шынымен рухани қараңғылықта, ал егер біз сөйлеу құқығын жоғалтсақ, жеке еркіндігімізді жоғалтып, қудаланған қауым мүшелерінің діни еркіндігі үшін күресе алмаймыз. Мұның барлығы тіптен жаман емес шығар, өйткені қудалаулар қауымның рухани жетілуіне алып келетін. Бірақ осы жағдайда біз адам құқығы үшін күресетін батыс елдерінің үкіметінің құқық қорғаушылары тұлғасындағы одақтастарымызды жоғалтамыз, ал олар болса, өте құнды одақтастар. Бірақ бізге соғысты қалай жүргізу керек? Оған жоғары лауазымда отырған зиялылар ғана қатыспайды, өйткені әркім діни мәселелер ол үшін маңызды екенін айтуға құқылы. Көптеген мәсіхшілер Киелі кітаптық ақиқаттарды жариялаған кезде, осы соғысқа қатысады. Мысалы, Англияның Кентербериялық архиепископы гомосексуалистердің діни қызметкер болып қызмет етуге құқығы жоқ екенін айтты. Оны төзімділік танытпауда айыптады, өйткені оның Киелі кітаптық ақиқаттарды айтуы кейбір адамдардың құқығына залал келтірді. Біз де, бір нәрсені ұстануға бізге жол бермейтін төзімділікті де мойындауға келіспейміз. Лешек Колаковски жазған сияқты: «Төзімділік бізге қатысты танытылған кезде, ол немқұрайлылық сияқты көрінеді. Мысалы, бізден өз пікірімізді айтудан бас тартуды сұрайды». Бұл діни төзімділікті түсінудің күрт қарама-қайшылығы бұған сәйкес мемлекет үстем дінге сендіру үшін күшті қолдана алмайды. Бұл шайқас Батыста жеңіске жетті, бірақ бүгінгі таңда әлемнің көптеген жерлерінде әлгі күнге дейін болуда, әсіресе, мұсылман елдерінде. Алайда егер діни істерге араласпайтын мемлекет барлығын плюралистік дінге сендіргісі келсе, жеңіс өз мағынасын жоғалтады. «АҚШ-та тұратын барлық буддистерді мәсіхші болдыра алмайсыздар» деп айту бір жөн, ал «Мәсіхші буддистке уағыз айтпауы тиіс, ол оның нанымдарын сыйлап, дініне төзімді болуы тиіс, өйткені барлық жолдар Құдайға алып барады», — деп айту бір басқа. Немқұрайлылық туралы айтқан кезде, Колаковски дәл осыны айтқысы келді. Немқұрайлылық адамды мәсіхші екеніне немесе буддист екеніне немқұрайлы етеді. Бірақ осы жағдайда, мәсіхші «шабуыл жасау» құқығын қорғайтын болады. Дінді таңдау — талғам ісі емес, бұл өлім немесе өмір мәселесі. Сондықтан да, келесі жиырма жылда келіспеушілік күшейе түседі. Мәсіхшілер қудалаулар бар елдерде діни еркіндікке күресте жеңіске жеңіп отыратыны, ал батыс елдерінде оны жоғалтаныны қызық. **2. Жаппай байланыстар саласындағы шайқас** Өмірімізді қатты өзгертіп жатқан байланыстар саласында да шайқас болмақ. Ақпараттық ғасырдың парадоксы ақпараттың қолайлы, ал адамдар азырақ ақпараттандырылған болып келе жатқанында. Қудаланған қауым үшін қауіп көптеген адамдар оған көмектескісі келеді, бірақ білімі аз болған соң оған зиян келтіреді немесе өз пайдасы үшін қолдана бастайды. Осы жағдайдағы шайқастың мақсаты қудаланған қауымды пайдаланбау, қайта оның мүддесін қорғау. Әлем қудаланған қауымның деректерін куәлік етуі тиіс. Қудалаулар келесі жиырма жылдың ішінде әр түрлі әдіспен жасалынуы мүмкін: 1. Қудаланған қауым өзі жайлы әр түрлі аңыздар таратып, адамдар оған сенбейтін болады. Қудаланған қауымдар өз қудалауларын Киелі кітаптық тұрғысынан дұрыс емес түсіндіруі мүмкін. Қудаланған қауым тарататын жалған ой-пікірлер мынау: • Қудалаулар Құдайдан. Қудалау болмаса, бұл — зұлымдық. Қудалаулар Құдайдан емес, шайтаннан сияқты. Мұндай адамдар Құдайдың жоспарын барлығын игілікке айналдыруға деген қабілетімен шатастырады. • «Қауым қудалаулар жағдайында жақсырақ өседі». Қауым шынымен қудалаулар жағдайында жақсы өседі, бірақ Лұқа тыныштық жағдайында ол одан да жақсы өсетінін айтады \(Елш. 9:31\). • «Қудалауларға қарсылық білдірудің қажеті жоқ, оларға қуану керек». Иса бізге қудалаулардан қашуға ақыл береді \(Мат. 10:23\), ал Пауыл тыныштық болу үшін еңбек етуді бұйырады. • «Сенімде өсу үшін қудалаулардан өту керек». Қытайдағы үйдегі қауымдардың басшылары қудалаулар — сенушілердің өсуінің бір әдісі емес, жалғыз әдісі деп айтады. 2. Ғаламтор ғасырында жаңалықтар тез тарайды, сондықтан да қудаланған қауымдар туралы көп дұрыс емес ақпарат болады. 3. Қауымның қудалануы туралы хабарламалар да көбейіп келеді. Қазіргі уақытта идеология дәуірі аяқталады деп айту қиын. Мысалы, Қытайда Мао Цзэдуннің тұсында барлық мәсіхшілер бірдей азап шекті. Бірақ қазір осы елде ресми қабылданған қауым еркіндікті қолданатын аудандар бар, ал басқа аудандарда осы қауымдар бақылануда және сыбайлас жемқорлығы көп, мәсіхшілерді үйдегі қауымға кетуге мәжбүрлейді. Еркіндік деңгейінің айырмашылығы оның дәрежесінде, ол неге байланысты екенін анықтау қиын. Бірақ туралы осы ақпаратқ ойлануға уақыты жоқ, адамдарға осы оғаштықты қалай жеткізуге болады? Қудалаулар неғұрлым маңызды болған сайын, құдалаулар соғұрлым қатал бола түседі. 4. Қоғамдастық пен сенушілер қауымның қудалаушыларға деген көзқарасын дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Миссиялар сенушілерді қудалайтындармен бетпе-бет сөйлесуге тура келеді \(мысалы, Қытайда бұл жоғары лауазымдағы мемлекеттік немесе мұсылмандық жетекшілермен сұхбат\). Жай қарапайым сенушілер оларды сатып кетті деп шешуі мүмкін. 5. Азайып бара жатқан демеушілер тарапынан көмек алуда бәсекелестік өседі, ал қудаланған қауым аймағындағы миссиялар саны өседі. Миссияларда қаржылық жағдайы қиындаған сайын бір-бірінен пайда көруге деген азғыру өсе түседі. 6. Қудаланған қауымды түсінуді және қорғауды да үйрену керек. Соңғы он жылдың ішінде қудаланған қауым саяси қайраткерлердің күн тәртібінде өзекті тақырыпқа айналды, әсіресе, АҚШ-та. Бұл жақсы себепкер шарт бірақ құқықты қорғаушылардың келіспеушілігінде қудаланған қауымды мықты дәлел ретінде қолдануы мүмкін. Мысалы, кейбір миссиялар Қытайдағы қудаланған қауымның қиын жағдайын Клинтонның әкімшілігіне қысым көрсету үшін қолданды. Кейбір құқық қорғаушылар қудаланған қауымның өзіне шынайы көмек көрсетуден гөрі, өз қызметі саласында саяси мақсаттарға қол жеткізуге көбірек қызығады. Басқалар заңның қауымға көмек көрсетудегі рөлі асыра бағаланады. Келешекте барша байланыс саласы одан сайын нашарлай түседі. Теледидар мен киностудияларға рұқсаты бар адамдар «бәсекеге мықтырақ» хабар арқылы жолдарындағы бәсекелестерін алып тастай алатын болады. **3. Рухани саладағы шайқас** Қудаланған қауым сенушілерінің де болған тәжірибесімен еркін әлемдегі қауымдарды байыту үшін рухани күреске кірісу керек. Қудаланған сенушілердің өмірі шәкірттерді дайындауда көмектеседі. Соңғы отыз жылдың ішінде маңызды қозғалыс орын алды: батыс қауымы қудаланған қауымға көмектесе бастады, ал қудаланған қауым батыс қауымымен Құдайдың құдіреті туралы жігерлендіретін куәліктермен бөлісе бастады. Бұл ақпаратпен алмасу рухани салаға да таралады, яғни қудаланған қауыммен жасалынған жаңару өмірлерінде қолдана алулары үшін, кілт болуы мүмкін. Бұл бүкіл әлемдегі қауымдарға бірлікте болып, Батыс қауымын рухани аянға ояту үшін мықты күш салу керек, бұл күшке қудаланған қауым ие, Батыстағы сенушілеріне осы жаңа түсінік Құдаймен бірге мықты болуына көмек береді. Мысалы, азап шегуші қауымның бір артықшылығы — әлемге «апокалиптик» көзқараспен қарауында. «Ашық есік» миссиясының бір қызметкері 1999 жылы қытайлық пен американдық бағушылардың әңгімесінің куәгері болып қалыпты: Американдық бағушы \(АБ\): Киелі кітаптың қай кітабы сіз үшін ең маңызды? Қытайлық бағушы \(ҚБ\): Елші Жоханның аян кітабы шығар, өйткені... АБ: сіздің азаптарыңыз тезірек заманның ақырын болуын қалайтындықтан және сіз Мәсіхтің жеңісімен бұл қалай болатынының аянымен нығаясыз. ҚБ: Бұл да, бар, бірақ біз Аян кітабына заманның ақыры жайлы аян ретінде ғана қарамаймыз, біз оны әлемнің қазіргі жағдайын сипаттайды деп қараймыз. АБ: Шынымен де, біз соңғы күндері өмір сүріп жатырмыз. ҚБ: Жоқ, мен біз әрдайым соңғы күндері өмір сүретініміз туралы айтқым келген еді. Аян кітабы Мәсіхтің айқышта өлген сәтінен бастап, Америкада да, Қытайда да, біздің әлеміміздің жағдайын сипаттайды. АБ: Мен сізді түсінбеймін, Аян кітабы заманның ақыры туралы айтады. ҚБ: Ал мен сізге ол біздің қазіргі жағдайымызды сипаттайды деймін. Біздің Қытайдағы азаптарымыз бізге осыны түсінуге көмектесті. Сіздердің өмір сүру деңгейіңіз жоғары болғандықтан сіздер, американдықтар үшін бұл ашылмаған болар. Бізде, Қытайда өзіміздің патшамыз бар, оның есімі Мао ол ертедегі қауымның патшасы сияқты, ол бізден патшаға тиісітісін патшаға беруді ғана емес, сонымен қатар Құдайға тиістісін де беруді талап етеді. Ол аянды бізге қысым көрсету үшін, ал жалған пайғамбарды бізді азғыру үшін қолданады. Біз жалған тәңірлерге табынуға қарсы шыға бастаған кезде, олар бізді түрмеге отырғызып, өлтіре бастайды. Осылайша, Аян кітабы — кез келген қоғамда болатын рухани соғысты сипаттайды. АБ: Бірақ бүгінгі таңда Америкада бұл жоқ. Бұл бізге ашылмаған дейсіз. Бұнымен не айтқыңыз келеді? ҚБ: Бұл келіспеушілік біздер қытайлықтар үшін ашық. Сіздер Мао өзін біз үшін жалған тәңір етіп, өзіне табынуды талап ететінін көре алмайсыздар. Осылайша, сіздер үшін перде жоқ, ал біз әлемді қандай болса, сол күйінде көрдік, мұнда жалған тәңірлер табынуды талап етеді. Бұл сіздерде Америкада да бар, бірақ жасырын көзге көрінбейді. АБ: Мүмкін, олар мүлдем жоқ шығар. Біз мәсіхтік елде тұрамыз, кем дегенде тұрдық. ҚБ: Сізге айтып тұрмын ғой, сіздердің қоғамыңызда да өз патшаларыңыз немесе жалған тәңірлеріңіз бар, тіпті қауымыңызда да бар. Жалған пайғамбарлар да, олар жалған тәңірлерге табыну Киелі кітаппен мақұлданады деп айтады және айуандар да бар, олар сіздерге жалған пайғамбарға қарай итереді. Мысалы, сіздің патшаларыңыз міндетті түрде адам емес, ол ой да болуы мүмкін. Бізде оқу кезінде бір жыл американдық отбасында өмір сүрген жас жігіт бар. Отбасында барлығы мейірімді әрі жомарт, бірақ үнемі шаршаған болды. Ата-анасының екеуі де, көп ақша тапса да, көп жұмыс істейтін. Оларда үш көлік, екі жекежай, олар қымбат қаланың сыртындағы клубтың мүшелері болды, бірақ оның ойынша, қауымға аз уақыт арнайтын. Олар студенттен бірді-бір рет қытайлардың қауымы туралы сұрақ қойған жоқ, кетер алдында жиырма доллары бар конверт берді. Ол маған былай деді: «Мен оларды аядым. Олар өздерін еркін адамбыз деп санады. Бірақ шын мәнінде олар құл. Олар «американдық арман» деп аталатынға қол жеткізу үшін еңбек етіп, шаршап құлайды». Шайтан бар болғанға дейін бізді Құдайға табынудан айыратын жалған тәңірлер де болады. Бір жалған тәңірлер анық, қудалаулар арқылы жау бізді көзге көрініп тұрған нәрсеге табындыруға тырысады. Бірақ егер сіз қудалауларды астында болсаңыз, сіз жалған құдайларға табына тұра, соны білмеуіңіз де мүмкін. Аян кітабында көрсетілген келіспеушілік әрдайым әрі барлық жерде орын алады. Қудалаулар бізді осыны түсінуге, ал өркендеу көзімізді жұмуға итерді. АБ: Мммм... Егер сіздің айтқаныңыз рас болса, онда тұтыну қоғамы — сенімді өлтіруші коммунизмнен де қорқынышты. ҚБ: Мұнда, Қытайда біз өзіміздің «апокалиптік» көзімізді жоғалтып аламыз деп және уақыт өте келе коммунизм кезінде анық көрінетін тұтынуға деген талпынысты пұтқа айналдырып аламыз деп қатты қорқамыз. Осы американдық бағушы қудаланған қауымның тәжірибесі арқылы шындықты көрді және барлық батыс мәсіхшілері көздерінен пердені алып тастауға жол берулері тиіс. Қудаланған қауымға сізге қызмет етуге мүмкіндік беріңіз. Жаңа еркіндіктер Қытай мен Кореяда болғандай, інжілдік сенушілердің және олардың тәлімгерлерінің жаңа толқынын көтереді. Қауым жаңа қызметшілерді қабылдауы тиіс. **4. Саясат саласындағы шайқас** 1979 жылы болған Иран революциясының тұсынан саяси элита қудалауларды саяси күш ретінде қолдануға болатынын түсінді. Діни соғысты бастап, билікке ие болуға болады. Орнаған реттсіздік жағдайды саяси мақсаттарда басқаруға болады. Иранда осылай болды, билікке ие болғысы келген саяси қайраткерлер ислам эстремистерінде «әділ» діни ашуды туғызды. Бұл тәсіл Джанат Бхаратияның үндіс эстремистік партиясының саяси көзқарасында көрінді. Индонезияда бұл тәсіл Амбон аралында агрессия ұсталып тұрамаса, көп қайғылы оқиғаны тудырар еді. Сондықтан да мәсіхшілер соғыс линиясында, ал келесі жиырма жыл ішінде жағдай одан да нашарлай түседі. Мәсіхшілерді жек көретін болады, олар туралы өтірік айтып, жалаларды қатал қудалаулар үшін қолдану мақсатында жала жабады. Сондықтан да кез келген өтірікті ашу керек. Солженицын айтпақшы: «Шындықтың бір сөзі бүкіл әлемнің дәлелдерінен ауыр болуы тиіс». Соғыстар діни болады, ал біз әлемде тыныштық орнатуда өз рөлімізді атқаруымыз керек деп айтсақ, артық болмайды. Қудалауларды ұрық күйінде тоқтататындар, президенттер немесе дипломаттардың тыныштық орнатуға қосатын үлесінен гөрі зор үлес қосады. **5. Қауым саласындағы шайқас** Соңғы бес жылдың ішінде протестант қауымдары қудаланған қауымға қолдау көрсете бастады. Қудаланған қауымдар үшін халықаралық мінажат ету күні осыған тікелей байланысты. Бұрын протестант қауымдары жасырын қауымдарды қудалауға аңқаулықпен қарайтын, сондықтан да, қоғамдық қолдауды комформистік емес, тәуелсіз қауымдар жүзеге асыратын. Бірақ енді жағдай өзгерді. Вашингтон округындағы ең танымал пресветириандық қауым 1998 жылы Андрей бауырласымызды Халықаралық мінәжат ету күніне шақырғаны \(он жыл бұрын бұл мүмкін емес еді\) жаңа жігер беретін мүмкіндіктердің алды болды. Егер дәстүрлі қауымдар інжілдік қауымдарды естігісі келсе, онда олар қудалаулар туралы білімін бөлісе алады. Інжілдік қауымдар өз алдына дәстүрлі қауымдардан дипломатиялық әдістерді үйрене алады. Осылайша, егер осы мәселеге абайлап жақындайтын болсақ, онда батыс протестантизмнің ішінде қауымдардың экуменикалық ұштасуы орын алуы мүмкін. Егер экуменизм \(барлық мәсіхшілік қауымдардың бірігуі\) бірге жүзеге асыру арқылы көп нәрсеге қол жеткізілсе, онда экуменизм келешегі бар жоба болмақ. Бұл ұзақ уақытқа арналған күдіктерді жеңуге бағытталған жоба. Діни топтар арасында кедергі болған тәлімдік айырмашылықтарды ұмытуға болады. Қудаланған қауымға көрсетілетін ортақ қолдау дүниежүзілік қауымды біріктіру үшін маңызды бастама болмақ, бұл қауым жалғыз бір дауысқа қайта айналмақ. Ал біз көп дауысымыз арқылы бір-бірімізді құртқан сайын, Тәңіріміз Иса Мәсіхтің тәлімі арқылы айналамыздағы әлемге ықпал ете алмаймыз. ##### ҚАУЫМ ЖАУАБЫ Қауым келесі жиырма жыл ішінде бес негізгі шайқасқа қатысып, кейбір маңызды сәттерді есінен шығармауы қажет. Сенімнің мықты негізін ұстансақ, тиімді күресе аламыз. **1. Еркін қауым үшін ояныш** Ұлы Тапсырманы орындауда дағдарыс басталды. Мұның мәнісі, қауым осы бұйрыққа бағынбайтынында емес. Жиі адамдар сенуші болып, басқа адамдармен сенімімен бөліскен кезде азаптар келеді. Сондықтан да, біздің шақыруымыз қарапайым: қауымның өміріндегі азапты Киелі кітап тұрғысынан түсінуге оралуымыз керек. Бұл, біздің көптеген адамдар үшін Исаға сенім артқаны туралы бәріне естіртіп айту кемсітушіліктен бастап, өлімге дейін келісу екенін мойындау. Бүгінгі таңда осы айтылып жатқан шындықтар миллиондаған мәсіхшілер үшін рас. Бүгінгі таңда өмір сүріп жатқан мәсіхшілерді азаптардың шынайы болуы туралы ақпараттандыруға деген әрбір талпынысын айрықша атау маңызды. Бүгінгі күнде ертедегі қауымда болған қудалаулар болып жатыр, біз бұған таңқалмауымыз керек, өйткені Киелі кітаптық қағида анық. Пауыл Тімотеге айтқандай: «...Иемізді ашық мойындаудан ешқашан тартынба\!.. Қайта, Құдай беретін рухани күш-қуатқа сүйеніп, Ізгі хабар үшін азаптарды бірге көр...» \(2 Тім. 1:8\). Әдетте, сенімдері үшін ұялмай куәлік айтатын мәсіхшілер қудалауларға тап болады. Жазалаушы тәртібі бар елдерде уағыздаушыларға түрмеге отыру қауіпі төнеді, інжілдік сенушілер полициямен жүздесуден аулақ болуға мәжбүр, ал жаңадан тәубе еткендерді «қыл-мыскерлер» деп атайды. Біз қудаланған бауырластарымызға көмектесу арқылы Ұлы Тапсырманың ісін қорғап, алға жылжытамыз. **2. Мінәжат — маңызды шеңбер** Қудаланған мәсіхшіден қалай көмек беру туралы сұрасаңыз, міндетті түрде: «біз үшін дұға етіңіз» деген жауап аласыз. Қудаланған қауымның сенушілері мінәжаттың күшін жақсы біледі. Бір мәсіхші бауырлас әділетсіз түрмеге отырғызылды, жалғыз адамдық камерада Перуда ол былай деп куәлік етті: «Мен сендердің мінәжаттарыңмен өмір сүріп жатырмын». Басқа біреуі оның сөзін растайды: «Біздің ісімізді жалғастыруымыздың себебі, сендер бізді мінәжат арқылы қолдауларын». Біз қудаланған қауымды қолдап, сенушілермен жасайтын мінәжат арқылы қарым-қатынаста жаңа таңқалдыратын қырларын табамыз. Еркін қауым қайтадан мәсіхшілер мінәжаттарға жауап беретін, Құдайға табынатыны туралы шындықты біледі. Біз батыста, сенім үшін азап шеккендерге мінәжат еткен кезде жауап алған сайын, жігер аламыз. «Ашық есік» миссиясының мінәжат ету еңбегіне қосылған голландық дәрігер курьер досына дәрі беруге Құдай шақырған кездегі қауыншын елестетіңізші. Бұл курьер Киелі кітапты Шығыс Еуропасына жеткізетін. Ол бір елге келген кезде Киелі кітапты қабылдаған адамның қызы өліп бара жатты, бірақ курьер сол қызға қажет сирек кездесетін дәріні алып келгеніне таңғалды. Қудаланған қауымның өмірінің шынайылығын мәсіхшілер мойындауда, бұның дәлелі жыл сайынғы қудаланған қауым үшін Халықаралық мінәжат күні. Бұл тамаша бастама мінәжат етушілердің шағын тобынан басталды, енді жүз отыз елдегі үш жүз мың қауымды қамтиды. Қудаланған қауым — мінәжат етуші қауым. Қытайда «бірінші мінәжат үшін» таңғы үште тұрып мінәжат етеді. Иә, сіздер мінәжаттарыңызда нақты адамдар үшін сұраған кезде бұл маңызды нәрсе. Олар да, сіз үшін өз алдына мінәжат етуде екенін біліңіз. **3. Жеке қатысу арқылы қызмет ету** Мәсіхшілер мінәжатта біріккен кезде, Тәңір Ие көптеген адамдарды өздері мінәжат еткен сенушілерге барып, олармен кездесуге шақырады. Сенушілер олар жайлы ұмытпағанын білсе, кез келеген шаубылдар мен қудалауларға шыдайды. Бақытымызға орай, қудаланған қауым мүшелерімен байланыс орнатуға көмектесетін, халықаралық кеңес беру орталықтары мен ұйымдар бар. Мұндай ұйымдар көбеюі тиіс. Ақпаратпен алмасу саласында жаңа технологиялардың дамуын есепке ала отырып, ақпаратпен алмасуды көбейтіп, ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге болады. Жаудың негізгі стратегиясы — сенушілерді бөлектеп, оларға қысым көрсету. Біздің қудаланған қауыммен байланысымыз осы жоспарды іске асыруына жол бермейді және сенушілерге Ізгі хабарды әлемнің барлық өңірлеріне жеткізуге мүмкіндік береді. **4. Киелі кітапты жеткізу** Мәсіхшілер Тәңір Иенің «Оның қойларын бағу» бұйрығын орындап жүрген кезде, олар тағы да Киелі кітаптың мәсіхтік өмірдегі орталық рөлін растайды. Қытайда, Африкада және бүкіл әлемде де, Киелі кітап жетіспейді, ал сенушілер Құдай Сөзіне мұқтаж. Еркін әлемдегі қауымдарға жаңа әрі табанды үндеу тасталды: Киелі кітап көмегімен қудаланған қауымның сенушілерінің келешегін қорғау үшін осы мұқтаждықты көру және оған жауап беру. Бұл Киелі кітаптық қағидаларға негізделген көмек еркін қауым өз еркіндігін түрмеде отырғандар үшін қолданбаса, оны бұрыс қолданады дегенді білдіреді. Бізге өзіміз үшін көне келісімдік әділдік туралы ойларды ашып, көне пайғамбарлардың әшкерелеуі мемлекет пен сыбайлас жемқорлыққа берілген билік Құдай халқына деген көзқарасын ашу үшін қолайлы екендігін мойындау керекпіз. Құдай халқы да осы күнәны мойындауға тасталған үндеуге жауап беруі тиіс. Бүкіл әлем миллиондаған мәсіхшілердің азаптарын азайтуға тырысқан кезде, кеңес одағы тәртібі тұсындағы үндемеу күнәсі мойындалды. «Ымыраны» не «саяси түзу болуды» білдеретін, бірлік тұжырымдамасы жай ғана сөз емес, бүкіл әлемдегі сенушілермен шынайы ынтымақтастықта болуды білдіреді. **5. Жаңадан тәубе еткендерге қамқорлық** Біз Ізгі хабар қатты қарсылыққа душар болған кезде, жаңадан тәубе еткендерге қамқорлық көрсетудің қажеттілігін айрықша атаймыз. Сонымен бірге шынайы рухани өсуде мен Мәсіхтің Денесіндегі шәкірт ету мұқтаждығы еркін әлемде де, еркіндігі жоқ әлемде де сезіледі. Жаңадан тәубе еткендер білім мен тәртіптің жетіспеулігіне бола, жоғары қауіп төніп тұрған топқа кіреді. Олар Інжілдің жаулары тарапынан сүйікті нысана болады. Жаңадан тәубе еткендердің санын тіркеу жеткіліксіз. Олардың оянуынан туатын қуаныш жеткіліксіз, оларды қамқорлыққа алу керек, әйтпесе, көптеген жаңадан тәубе еткендердің өмірлерінің санында көрінетін құнды төлеу қажет болады. Кейбір мұсылман елдерінде мәсіхтік сенімді қабылдау өміріне қауіпті кепілдік ету дегенді білдіреді. Осы елдерде Ізгі хабар ең қатты қарсылыққа тап болады. Егер біз шынымен де, «барлық халықтарды үйрету» туралы уайымдасақ және қауым салауатты әрі мықты болуына ат салыссақ, жаңадан тәубе еткендерге қамқорлық көрсетуді бірінші орынға қою керек. *«Ашық есік» миссиясының президенті * *Иохан Компаьеннің баяндамасы Дүниежүзілік Інжілдік Кеңестің Кеңестік кеңесінде 2000 жылы ұсынылған.*   ### 6 Қосымша #### Әділ соғыс теориясы *Джон Реймонд пен Рейли Финлейсонның материалдары бойынша* ##### КІРІСПЕ Көптеген адамдар үшін мәсіхшілердің соғысқа деген көзқарасы дау туғызатын мәселені екендігі шүбәсіз. Осы мәселені еске алған кезде, мәсіхшілердің кейбір қарсы пікір білдірушілері әділ соғыс теориясына сілтеме жасайды. Бұл не теория, ол қайдан шықты? Ол қазіргі заманғы соғыстарға қолайлы ма? Әділ соғыс теориясына қандай дәлелдерді келтіруге болады? ##### СОҒЫСТЫҢ АНЫҚТАМАСЫ Әділ соғыс теориясы туралы әңгімені бастамастан бұрын, біздің соғыс деп нені айтатынымызды анықтап алуымыз керек. Соғыс деп біз екі не одан да көп тәуелсіз мемлекеттер арасындағы әскери күштері қатысатын қарсылықты айтамыз. Осы анықтаманы мұқият оқып, соғыс келіспеушілік жағдайлардан өзгеше екенін түсінеміз, мәселен, шекаралық келіспеушіліктер. Соғысқа өзара күресіп жатқан тәуелсіз елдер қатысады, бұл азаматтық кездесулер не ішкі ретсіздіктер емес. Мемлекет ішіндегі бір жеке адам басқасымен не адамдар тобымен күреспейді, бір мемлекет екінші мемлекетпен шайқасады. Қаруды қолдану саудаға тыйым салуды не шектеуді жоққа шығармайды. Бұл соғыстың негізгі сипаттамасы. ##### ӘДІЛ СОҒЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ Қауым тарихшылардың көбі әділ соғыс теориясының туындыгері киелі Августин екенімен келіседі. Бұның мәнісі, бір адамның өзін қорғауға қатысты болған кезде, Августиннің ойы бойынша адамның құтқарылуы не мүлкін қорғауы басқа адамды өлтірудің ақтауы болмайды. Бұл айтылған сөз мәсіхтік жанашырлық туралы ойға негізделеді. Бірақ біз мемлекет басшылары туралы айтқан кезде, олар тыныштықты сақтауға міндетті. Бұл міндет оларға соғыс ашуға құқық береді. Августиннің тұжырымы әділ соғыс теориясы шеңберінде үш басты қағидаға негізделген: • Әділ себеп; • Соғыстың басталуы үшін заңды негіз; • Игі ниет. Әділ соғыстың осы үш қағидасы jus ad bellum қалыптасады, өйткені олар соғыста ақталған көзқарасты белгілейді. Киелі Августиннің пәлсапалық ойының негізгі көздері екі әсерлі заңды жинағынан басталады — Киелі кітап пен римдік құқықтың жағдайы. Киелі кітаптан Августин Иса семсерді жауды өлтіру үшін қалай қолданғанын білді. Августин Иса қаруды әділ мақсатқа жету үшін қолданғандықтан, әділ соғысты жүргізу мүмкін деп шешті. Римдік құқық Августинге римдік қоғамда заңды билік мәселелерін шешу үшін жағдай туғызды, Бұл көздер Августиннің Римді тонау туралы жеке куәлігі сияқты jus ad bellum үшін әділ талаптарды іздетті. Августиннің ойы бойынша әділ себеп бізге өлімге алып баратын күшті қолдану, бізге рұқсат етілген әділ соғыс болатын жағдайларға назар аудартуы керек. Ол соғыс сыртқы қауіптен қорғаныс ретінде ақталады деген қорытындыға келді: кінәсіз өмірге, келешек қауымдастық не адамның негізгі құқықтарын бұзу үшін қауіп төнген кезде ақталады. Жағдайларына сәйкес соғыс әділдік қорғалған кезде, мысалы, әділ кек алу жүзеге асқан кезде, соғыс ақталған болып саналады. Алайда Августин соғыс биліктің үстемдігін орнату үшін не кек алу үшін ашылған кезде соғысты ақтауға болмайды деп санаған. Августиннің ойына сәйкес әділ соғыс тәуелсіз елдің ақылды саясатының соңғы құралы болып, тек тыныштыққа жету үшін ғана жүргізілуі тиіс. Ол кісі өлтіру моральдік көзқарас тұрғысынан зұлымдық, соғысты ашу туралы шешімді тек әрі қарай адамдар өлмеу үшін ғана қабылдау керек. Бұған қоса, Августин әділ соғыс әділдіктің идеалдарын бұзған, әділетті соғыс басқыншыны жазалауды талап етеді деп санаған. Он өсиетке сүйеніп, атап айтқанда, басқа адамды сүю талабына сәйкес, Августин тәуелсіз елдердің азаматтарын қорғау мен басқыншыларды жазалаумен байланысты адамгершілік парызы бар деп санаған. Сонымен қатар Августиннің қағидаларында маңызды орынды әділ себеп тыныштық пен тәртіпті орнату туралы талқылау алады. Августиннің ойындағы үшінші негізгі тармақ — мемлекетте соғыс ашуға заңды әрі білікті саяси құқығы болған кезде соғыс мүмкін. Августиннің өлшемдеріне сәйкес, jus ad bellum шеңберінде жеке адамдардың тарапынан соғысты жариялауға рұқсат жоқ, тек қоғамдық тәртіп үшін жауап беретіндер тарапынан ғана мүмкін болады. Августин саяси билікті Құдай береді, ол адамзаттың күнәсінің салдарынан пайда болды деп санаған. Заңды саяси биліктің атқаратын рөлі осы жағдайда адамдардың өмірін сақтау үшін соғыс ашуда. Ақыр соңында, Августин өз туындыларында ізгі ниет мәселесін толық ашып көрсетеді. Дұрыс ниет өлімге алып баратын күшті қолданудағы заңды мақсаттарға байланысты. Августиннің сөзі бойынша, біз игілікке не соғыс арқылы зұлымдыққа қарсы тұруға жетуге тырысуымыз керек. Ол былай деген: «Шынайы Құдайдың соңынан ерушілер үшін тіпті соғыстың өзі тыныштыққа толы, өйткені соғыстар пайда не қаталдық үшін емес, қайта тыныштықты сақтауға, зұлымдыққа қарсы тұрып, игілікке көмектесу деген қалаудан туады». Бұл заңды мақсаттар әдетте, адамдардың өздерін-өзі қорғау не кінәсіз өмірлерді қорғауға алып келеді. Августин үшін осы белгілер соғысты жүргізудің қатал амалдарын қолдануға тыйым салады және жаудың үстінен бақылау жүргізу үшін күшті қолдануды айыптайды. Әділ соғыс соғысқа дейін болған тыныштыққа қарағанда, тыныштықтың мықтырақ жағдайын орнатуға тырысады. Августин тыныштыққа зиян келтірмейтін жағдайда және жаңа соғыстың ашылмауын болдырмайтын жағдайда іздеу керектігін айтқан. Ол б.з.б. 410 жылы Римді тоңаудың куәгері болды, осының нәтижесінде ол зорлық-зомбылық пен қан төгуге өте сезімтал болды. Алайда адамның зұлым, билікті қалайтын және күнәкар жағдайы туралы айтқан кезде Августин мынаны байқады: «Дана адамдар әділ соғыс жүргізеді дейді. Адам өзінің адам екенін ұмытпаса, әділ соғыстың қажеттілігін жоқтамайды. Олар әділ болмаса, ол оларды жүргізбейді. Өйткені қарсылас тарапынан адамды әділ соғыс жүргізуге итеру жаман. Бұл жаман іс, тіпті соғысқа алып келмесе, адамдарда қайғы тудырады, өйткені бұл адамның зұлымдығының көрінуі. Осы зұлым іс, қаталдықтар туралы ойлаған әркім бұның бақытсыздық екенін мойындайды. Ал егер осы жайлы жүрегі ауырмай ойласа, бұл одан бетер бақытсыздық, өйткені бұл адам адамға тән сезімдерді жоғалтты». Осы үзіндіде Августин соғыс ешқашан адамның ой-санасынан кетпейтіні және Құдай барлығын алдын ала жоспарлайтыны туралы айтылыммен қатар, өзінің үш қағидасының байланысын көрсетіп отыр. ##### ӘДІЛ СОҒЫСТЫ ҚОРҒАЙТЫН ДӘЛЕЛДЕР Көріп тұрғанымыздай, Августин табиғи тәртіпке сүйеніп, билеушілердің тыныштықты сақтау мақсатындағы соғысты жариялауға құқығы туралы айтады. Киелі Аквиналық Тома табиғи тәртіпте соғысты ақтауды көреді, бірақ ол халықтың тұрмысын жақсартуға деген ұмтылысты айрықша атайды. Әділ соғыс теориясын ақтау үшін сонымен бірге Жазбаны да қолданады. Тома жүзбасы туралы бір түсініктемеден сілтеме келтіреді, онда былай деп айтылған: «Егер де, мәсіхтік сенім соғысқа қатысуға мүлде тыйым салса, онда Ізгі хабардан кеңес іздеген адам қаруды тастап, әскерде қызмет етуден бас тартуы керек. Алайда Жақия Шомылдырушы жалақыларына риза болуды, бірақ қызметін тастамауды бұйырды ғой». Тома Пауыл қоғамда ішкі тәртіпті бұзушыларды семсермен жазалау құқығын билеушілерге берді. Сондықтан да, олар да сыртқы жауларға қарсы қаруды қолдану құқығы бар. Тома соғысқа қарсы кейбір дәлелдерді де келтіреді. Бірінші дәлел, Құдай тек күнәкарларды ғана жазалайды. Сондықтан да, егер Тәңіріміздің семсерді алғаны, өзі содан өледі деп айтқан сөзін негіз ретінде алатын болсақ, онда барлық соғыстар заңсыз болады. Тома Августиннің сөздерін сілтеме ретінде келтіріп, семсерді алу деп бұл жерде билік иелерінің рұқсатынсыз қаруды алу деп түсіндіреді. Соғыста семсер билік иелерінің рұқсаты бойынша алынады. Екінші дәлел Құдайдың зұлымдыққа қарсы шықпау нұсқауына қатысты. Осыған байланысты Августиннің осындай нұсқауды жүректе сақтап, іс-жүзінде орындау керектігі туралы сөздеріне сілтеме жасалынады. Екінші жағынан, Тома кейде баршаның не соғысып жатқан жақтың игілігі үшін өзгеше әрекет етуі керек. Августиннің сөзіне сілтеме жасап, Тома адамдарды тіпті олардың еркіне қарсы күнәсынан азат болуы үшін кейде игі қаталдықпен жазалау керектігін байқайды. Ақыр соңында күнә жақсы қасиеттерге қарсы қойылатыны туралы дәлел келтіріледі. Тыныштық — жақсы қасиет, ал соғыс оған қарама-қайшы түсінік болғандықтан, соғыс күнә болуы тиіс. Осыған жауап ретінде Тома Августиннің соғыс тыныштық алып келуі тиіс екендігі туралы ойын келтіреді. Сондықтан да, соғыс — зұлымдық та емес, күнә да емес. Қазіргі заманғы туындыгер Ыбырайым төрт патшамен соғысқан кезде жеңіспен қайтып келген кезде, Мәліксадық Ыбырайымды қалай жарылқағаны туралы үзіндіні келтіреді. Соғыс табиғи заңдарға сәйкес жүргізілетінін айтып, ол оны үлгі ретінде қояды \(Жар. 14:19–20\). Көне Келісімді Құдай Мысырдан көшіп шығу немесе одан кейінгі кітаптардан көрінген сияқты көп рет соғысты мақұлдады. Жаңа Келісімде Тәңір Ие жүзбасын мақтады \(Мат. 8:10\). Тәңір Иенің Өзі тәндік күшті зұлым істерді жасайтындарға қарсы қолданды \(Жох. 2:15\). Жүзбасы Корнилді Құдайға адал деп атайды \(Елш. 10:2\). Пауыл Гедеон, Барақ пен Самсон сияқты сарбаздарды мақтады \(Евр. 11:32–34\). Осы үзінділерді Құдай соғысқа төзімділікпен қарайтынын көрсету үшін келтірдік. Табиғи заңдар туралы айтқан кезде Тома жеке адамның да, бөлек мемлекеттің де құқықтарын талқылайды. Адам өзін әділетсіз басқыншылықтан қорғауға және келтірілген зиянды өтеуге талап етуге құқылы болғандықтан, мемлекеттің де осындай құқығы бар. Адам әділдіктің орнатылуын іздеп, келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы болғандықтан, мемлекет те, басқа халықты күшті қолданып, келтірген зиянды өтете алады. Әділ соғыс пайдасын қорғайтын дәлелдер осы. ##### ӘДІЛ СОҒЫСҚА ҚАРСЫ ДӘЛЕЛДЕР Әділ соғысқа қарсы негізгі қарсылықтар үш тармақта келтіріледі. **Біріншіден, осы теория не Киелі кітаптық тұрғысынан, не тәлімдік тұрғыдан негізгі мәсіхтік қағидаларға сәйкес келмейді. ** **Екіншіден, осы теория соғыстың нақты сипаттамасын да, қазіргі заманғы соғыстың жалпы сипатын да есепке алмайды, ал бұларға соғыстың адамгершілік жағы туралы талқылауға жету үшін міндетті түрде назар аудару керек. ** **Үшіншіден, осы теорияда белгісіз әрі қарама-қайшы сәттер тым көп, сондықтан да, оның іс-жүзінде қолдануы қалаған нәтижелерге жеткізе алмайды. ** Соғысқа қарсы шығатындар, өз дәлелдерін негізінен, Киелі Кітаптық тәлімге қалыптастырады, әсіресе, Жаңа Келісімге сүйенеді. Олардың басты дәлелі Иса зұлымдыққа қарсы шықпау қағидаларына сәйкес өмір сүргеніне және осы қағидаларға үйреткеніне сүйенеді. Пауыл мен ертедегі қауым осы дәстүрді жалғастырды. Константин тұсында мәсіхтік ой-пікірлер қауымның мемлекетке ұқсауы арқылы дұрыс емес болып кетті. Алайда, қауымның кейінгі тарихында пацифистердің \(соғысқа қарсы қозғалыс\) белсенділігінің мысалдарын көруге болады. Томас Мор өзгеше ой-пікірді айтты, әділ соғыс теориясында мүмкін, ал шынайы өмірде мүмкін емес деді. Көптеген адамдар әділ соғыс теориясын қазіргі заман жағдайында қолайлы емес деп санайды. ##### ҚОРЫТЫНДЫ Біз әділ соғыс теориясына жалпы шолу жасауға тырыстық. Августин осы теорияның негіздеушісі екенін көрдік. Аквиндік Тома мен басқалар да, соғысты ақтауға қатысты. Осы кезеңде, билікті дұрыс қолдану, соғыстың әділ себептері мен соғысты жариялауға шынайы ниеттің түсінігі де дамыды. Франциско Суарес пен Виктория XVI мен XVII ғасырларда толық деңгейде әділ соғыс теориясын әзірледі. Олар басқыншылық мен қорғаныс соғыстардың арасындағы айырмашылықты анықтады. Олар осы теорияға тағы екі жағдайды қосты: соғыс соңғы амал болуы және соғыста оны жүргізудің дұрыс әдістерін қолдануы тиіс. Дәл сол кезде толығымен құрту қорқынышпен соғыстардың заманауи дәуіріне өту басталды. Азаматтық халыққа тиіспеу қағидасы қазіргі заман жағдайында өте маңызды үлес болып табылады. Осы күнге дейін осы теорияның осы заманның жағдайына қолайлығы туралы сөз таластырылуда. Соғысты ақтау мәсәлесі бойынша әр түрлі пікірлер айтылады. Соғыстар Құдай еркіне қарсы емес екенін растау үшін Көне Келісімнен де, Жаңа Келісімнен де, сілтемелер келтіріледі. Осы мәселеде маңызды дәлел халқының тұрмысы мен тәбиғи тәртіпті қорғауга шақырылған, мемлекеттің ерекше билігі болып табылады. Осы қағидалардың пайдасы үшін тағы бір дәлел, жеке адам мен бөлек мемлекет тұрғысынан талқылауға мүмкіндік береді. Ақыр соңында, осы көзқарастардың жақтаушылары қауымның тарихы, тәлімі мен тәжрибесіне көз жүгіртеді. Бірақ осының барлығында Исаның жауларды сүюге шақыруын ұмытпау керек. Сіз жауларыңызды сүйіп, сонымен қатар оларға қарсы соғыс жүргізе аласыз ба?\* \* Пацифистер осы сұраққа «жоқ» деп жауап береді, ал әділ соғысты жақтаушылар «иә» деп жауап береді. — Ескертпе — түпнұсқа ред. ### 7 Қосымша #### Майкл Бурдо. Кеңес одағы дәуірінің сабақтары Мәсіхтік сенім азап шегуден туылды. Мәсіх айқышта өлді, ал оның өлімі сенім белгісіне айналды. Бұны римдік билік иелері жақсы білді, олар мәсіхтік сенімнің алғашқы үш ғасыры бойына мәсіхтік сенімдегі адамдарды үнемі қудалады \(Константин тәубе еткен соң, империя мәсіхтік сенімді ресми дін деп қабылдағанға дейін\). Кеңес Одағы кезіндегі қудалаулар римдік билік тұсындағынан біраз өзгеше болды. ***Олар жүйелі болды*** Кремльдің қожайындары Кеңес Одағында мәсіхтік сенімді түп-тамырымен жұлып тастауды шешті. Бір жылдары \(1930 жылдары\) елдегі қауымдар жабылды, қауым ғимараттары не бұзылды, не тиісті емес мақсаттарға қолдану үшін берілді — ауыл шаруашылық қоймаларға, клубтарға, кинотеатрларға берілді. Ақыр соңында қауымдарға ғимараттарын қайтарған кезде, ғимараттар қатты ескіргенi соншалықты, оларды тіпті қалпына келтіру де мүмкін емес еді. ***Олар үлкенірек аймақты қамтыды*** Кеңес Одағы аймағы Рим империясының аймағынан да үлкен болды. Екінші дүниежілік соғыстың соңына таяу Кеңес Одағы әскері Шығыс және Орталық Еуропада коммунистік тәртіпті орнатқан кезде, ең алдымен онда қауымдарға шабуыл жасалынды. ***Қудалауларды пәлсапалық жолмен ақтау үзілді-кесілді болды*** Адамзат тарихында бұрын-соңды ешқашан қоғамдағы дінді түп-тамырын құртып, орталығы тағдырын өзі шешетін адам болатын жүйені құруға талпыну болған емес. Егер Нерон тұсындағы қудалаушылар өз іс-әрекеттерін пәлсапалық жолмен ақтауға тырысса, олар мәсіхтік сенім императордың бәсекелесі және империя азаматтарын көне құдайларға сенуден алыстатады деп түсіндірер еді. ***Қудалаулар кезінде қолданылатын құралдар әр түрлі болды*** Көне әлемдегі қудалаулар ретсіз болды, ал Кеңес Одағы билігінің тұсында жақсы ойластырылған әрі жақсы жолға қойылған еді. Мысалы, күдікті адамдарға тыңдайтын құралдар қойылатын, телефондары да тыңдалып отырылатын. Тыйым салынған материалдарды, оның ішінде діни мазмұнды материалдарды басуда кінәлі адамдарды табу үшін жазатын машиналар тіркелетін. ***Үгіттеу машинасы халықтан қудалаулардың шынайлығын жасыратын*** Кейде қудалаулар тиімді жолмен жасырылатын. Қудаланған қауымның жетекшілерін сенімнен тайғанында айыптайтын. «Олар Кеңес Одағы билігіне қарсы элементтер... Олар азап шегушілер емес, қылмыскерлер, өйткені саналы түрде заңды бұзады» — осындай айыптар экуменистерге тағылатын және Кеңес Одағына шетелден келетін, қауым делегацияларының мүшелеріне жеткізілетін. Жиі осы айыптар қайта-қайта қайталанатын, онда бір шындық бар сияқты. ***Қудалаулар жүйесінің негізі — атеизм*** Батыстағы мәсіхшілер әдетте келешекті мінсіз етіп көрсететін, коммунизм атеизмнен азат болып, осылайша әділ қоғам құра алады деп үміт артқан. Олар Ленин саясатының орталығына атеизмді қойып қана қоймай, сонымен бірге басынан бастап мәсіхшілерді қудалағанына назар аудармаған. Жоғарыда айтылған пікірлерден таңқалдыратын қорытынды жасауға болады. Кеңес Одағы тұсындағы мәсіхшілерді қудалау Рим империясы дәуіріндегі қудалаулардан мүлде өзгеше болды. Олар жүйелі түрде, әр түрлі болды және үлкен аймаққа таралды. Бірақ мәсіхтік сенімді құртуға деген талпыныстар Рим империясы тұсындағылар сияқты ешқандай нәтижеге алып келген жоқ. Егер ақын римдіктердің жеңілісін сипаттап былай деп жазса; «Сен, бозарған ғалелеялық жеңдің», онда Кеңес Одағы атеизмнің құлдырауын сипаттау үшін тіпті мықты сөздер керек болар еді. Бұл XX ғасырдың мәсіхтік сенімін байыта алатын таусылмас тақырып. Адамзат тарихынан қандай сабақтар алуға болатыны анық деп ойлаймын. Біз қоғамды қалай құруға болмайтындығының үлгісін алдық, бұл Кеңес Одағы тұсындағы құлдырап бара жатқан адам түріндегі үлгі — Homo Sovieticus. Осы тіршілік иесінің өз тағдырын бақылауға деген тырысуы — апатқа деген ең қысқа жол, оның салдары он жылдар мүмкін тіпті жүз жылдар бойы әлі көрінетін болады. Ресейдегі діни өмір қандай кемшілігі көп болмасын, орнын ауыстыратын дін таппады. Осының нәтижесінде, білім мен мәдениеттегі вакуумды еш нәрсемен толтыра алмайсың, адамдар тамырсыз ғана емес, сондай-ақ жүрексіз дамыды. Осы типті адамды құру бойынша Кеңес Одағы тұсындағы эксперимент жеңіліске ұшырады. Осы жеңілістен бағалы сабақ алуға болады. Адамзат Құдайсыз өмір сүре алмайды. Тырысудың бағасы көп адамның өмірін бұзды, бірақ бұл барлық уақыт үшін сабақ болды: Құдайды адамдардың барлық ісінің ортасына қойыңыз. *Майкл Бурдо Кестон Колледжінің ғылыми қызметкері Ұлы Британия* ### 8 Қосымша #### «Ашық есік» миссиясымен коммунизмнің құлдырауынан алған сабақтары Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңес Одағында коммунизм құлдыраған сәттен бастап, «Ашық есік» миссиясының қызметкерлері осы елдердің тарихынан қауыммен байланысты қандай сабақтар алуға болады деген сұрақты өздеріне қоюда. Қытай, Вьетнам мен Кубаның қауым жетекшілері де, осы сұраққа жауапты іздеуде, олар еркіндік орнаған кезде қауыммен не болатынын білгісі келеді. **1 сабақ. Елдің бүкіл аймағында еркіндік бірден орнамайды** Коммунизмнің құлауы мен шекаралардың ашылуы бұрынғы шектеулер мен қудалаулар бірден тоқтайды дегенді білдірмейді. Коммунистік тәртіп өзінің көзін мүлде құрту үшін көп ай тіпті жыл қажет. Астанадағы үкімет жаңа саясатқа курсты алуы мүмкін, бірақ ауылдардағы билік иелері біраз уақыт әлі де ескі саясатты ұстанатын болады. **2 сабақ. Еркіндік жиі адамгершілік өнегенің дағдарысына алып келеді** Мемлекеттік шекаралар ашылған кезде кім болса сол келуі мүмкін, оның ішінде порнографиялық әдебиетті шығарушылар мен сатушылар, есірткі сатушылар, мафиозиялық элементтер, сектанттар. Шығыс Еуропаның дүкендерінде мәсіхтік кітаптар әлі пайда болмай тұрып, «Плэйбой» журналы және басқа да порнографиялық басылымдар толып кетті. Жезөкшелік ашық түрде жасалынды. 1993 жылдың басында Санкт-Петербургте \(бұрынғы Ленинградта\) өткізілген зерттеулер орта және үлкен жастағы оқушылар жезөкшелік Ресейде мамандық ретінде екінші орында деп санайды екен. Кенеттен еркіндікке ие болған мәсіхшілер өздерін азғыруға душар ететін, жаңа ұғымдар мен заттармен кездеседі. Батыс меркантелизмді олардың көбін азғыра алады. Бұрын қудаланған қауымның басшылары Батыспен тікелей байланысқа түседі, олар үшін елдерінде үлкен материалдық құндылықты білдіретін нәрселерге қол жеткізудің арналары ашылады. Киелі кітап мен мәсіхтік әдебиет қана емес, сондай-ақ компьютерлер мен көліктер үлкен сұранысқа ие. Осының нәтижесінде көптеген қауым басшылары баюға деген азғыруға қарсы тұра алмады. **3 сабақ. Жалған тәлімдер адамдардың ой-саналарын жаулап алады** Толық діни еркіндік те адамдардың ой-санасын шатастырып, алаңдатады. Бұл шайтанға адамдарды Мәсіхтен алыстатуға жол береді. Харе Кришна, Яхуе куәгерлері және басқа жалған тәлімдерді жіберушілер темір перде құлаған соң, Шығыс Еуропаның елдерін қарқынмен толтырды. Берлин қабырғасы құлаған соң, жетпіс екі сағаттан соң сіздер Шығыс Берлиннің тұрғындарына өз сенімдеріне сендіру үшін алғашқы шабуылды жасады. Дәл сол кезде Шығыс Еуропаның елдеріндегі дәстүрлі діндерді ұстанушылары өзінің жоғалтқан әсерін қалпына келтіре бастады. Ташкентке Тираннан мұсылман хабаршылары келді және мұнай долларларына мешіттер ашылып, имамдар дайындалып, Мұхаммед — пайғамбар деп жариялана бастады. Сауд Арабиясы, Иран мен Түркия, Шығыс Еуропа елдеріне исламды кіргізушілердің арасында бастысы болды. Сауд Арабия Кеңес Одағы Орта Азияға Кұранның миллион данасын сыйлады. Әлемнің осы бөлігінде апта сайын жаңа мешіт ашылып тұрады. **4 сабақ. Батыс елшілер арасындағы ынтымақтастықтың болмауы қауымдардың жікке бөлінуіне алып келеді** Кенеттен Ресейге батыс елшілерінің әрқайсысы барғысы келді, «өйткені Тәңір Ие бізді шақырды» деп айтады. Әрине, жаңа елшілік алаң көп адамды қызықтырады және енді бұрын Ізгі хабарды естімеген адамдарға қызмет етуге деген мүмкіндік пайда болды. Бірақ сонда да кейбір елшілердің ниеті туралы ойланасың. Бұрынғы Кеңес Одағындағы қауымдардың қиын жағдайы көптеген батыс қауымдары үшін ірі қаржылық алымдарды жинауға сылтау болды. Кейде Шығыс Еуропа елдеріндегі мәсіхшілер осы елдің бауырластарымен ақылдаспай, Батыстағы тиісті емес адамдармен байланыс жасайтын. Жан-жаққа тараған протестанттық және әсіресе, протестанттық емес қауымдар арасында батыс әлемінде жиі Ізгі хабарды тарату ісінде бірге еңбек етуге қалау болмайды. Өкінішке орай, кейбір інжілдік топтар әсіресе, батыс елуліктері еркіндік алған елдерге қолдау мен салауатты тәлімді алып барудың орнына онда шатасу мен жікке бөлінуді орнатты. 1990 жылдың соңында Румынияда Батыстан келген үш жүзден астам әр түрлі топтар әрекет етті. Олардың көбі осы елде жұмыс істеудің ешқандай тәжірибесіне ие болған жоқ және тіпті Румынияда бұрыннан жұмыс істеп жүрген миссияларға ақыл алу үшін жүгінген жоқ. Румынияның кейбір бағушылары қауымдарындағы сегіз жексенбілік күннің жетеуін батыс елшілері «тартып алды» деп айтады. Олар қауым мінбесінен уағыз айтқысы келеді және рұқсатты талап етеді. Болгарияда әлдеқашан жікке бөлінген протестанттық қозғалыстағы қауымдар арасында әрі қарай құлдырау орын алды. Өркендеу туралы тәлім сенушілер мен қауымға кері әсер етті. Эстонияда да дәл солай болды. Әр түрлі мәсіхтік сенім тәлімдері туралы ешнәрсе білмей, батыс неопротестанттар православиелік қауымдарды елемей, оларға күлетін. Осының нәтижесінде жергілікті протестанттық қауымдар осындай ойланбастан көрсетілген көзқарастан зардап шегеді. Мұндай жағдай Сібірде мен Болгарияда қалыптасты. Кейбір \(көп болмаса\) батыс миссиялар ақшаны, сапар шегуге және білім алуға мүмкіндікті Шығыстағы қауымдарда нығаю үшін қолданады. Ал қаржысы сапар шегуге, жақсы білім алуға деген мүмкіндіктері жоқ, еуропалық мәсіхшілер енді әлемді көру, тіпті кейде қандай білім ұсынылғанына ойланбастан, батыс колледжінде оқу үшін кез келген мүмкіндікті қолданады. Румыниядағы кейбір бағушылар өз еліне қарағанда АҚШ-та көп уақыт өткізеді. Батыс мәсіхшілерге бірден уағыз айтуға құқық беруге болмайды. Алдымен бағушының өзі немесе мәсіхшілер тобы қонақпен танысуы керек. Қауымға жергілікті мәсіхшілер білмейтін қонақтар келген кезде Киелі Рухтың жетегін іздеу керек. Көптеген елдерде құрылған ақпаратпен алмасу мен батыс елшілер арасында ынтымақтастықты кеңейту бойынша Кеңес беру қызметі пайдалы болды. Бұл Албания, Румыния мен Болгарияға қатысты жөн, осы кеңестердің жұмысының сәтсіз болуының себебі, кейбір елдерге шақырылмаған және ынтымақтастықта болудан бас тартылған ұйымдардың өкілдері келуін жалғастыруда. **5 сабақ. Қауым басшылығының дағдарысы орын алады** Көптеген деноминацияларда қауым басшылығының маңызды дағдарысы орын алды. Жиі арнайы қызметпен тағайындалып, бақыланатын қауымның бұрынғы жетекшілері жаңа ұрпақты сенушілерінің арасынан шыққан жетекшілермен ауыстырылмайтын. Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде православиелік және баптист қауымдарындағы басшы лауазымдарды ҰҚК тағайындаған ескі басшылар алуда. Румыния мен Болгарияда да дәл осылай. Осы елдердің көбінде рухани ояныш жоқ, бұрынғы басшылық ауыстырылмағанға дейін ол болмайтын да шығар. **6 сабақ. Мәсіхшілердің саяси әсері жоқ** Бұрынғы саяси күштермен жұмыс істеуде сәтсіз тәжірибеге ие болғандықтан, өздерін жаман жақтан көрсеткен мәсіхші жетекшілердің және қауымды мемлекеттен бөлудің салдарынан мәсіхшілер өз елдерінің саясатына әсер ете алатын, мәсіхтік демократиялық партиялар құрмаған шығар. Бұл мүмкіндік Шығыс Еуропаның және бұрынғы Кеңес Одағының барлық елдерінде жіберіліп алды. Көптеген мемлекеттерде еркіндікке ие болған уақытта жаңа конституциялар қабылданды. Мәсіхшілер осы оқиғада жасырынып тұрған үлкен мүмкіндіктерді жіберіп алды. Православие осында үлкен рөл атқарған болар. Сенушілер бар билікті қабылдауға үйренгендіктен, осының нәтижесінде бастаманың болмауы мен қауым іс-әрекеттерінің демократиялық қағидаларға сай болмауын байқауға болады. Ресейде православие діни қызметкер және бұрынғы тұтқын Глеб Якунин Парламент мүшесі болды. Румынияда баптистік бағушы Петр Дугулеску да осындай лауазымға ие. Мұсылмандар саясатқа оңай араласатын сияқты. Бұрынғы Кеңес Одағының кейбір Орта Азиялық мемлекеттерінде олар алғашқы болып, ислам саяси партияларын ұйымдастырды. **7 сабақ. Коммунизмнің құлауы діни еркіндіктің орнатылуына кепілдік бермейді** Үкімет құрамындағы өзгерістер тұрақтылыққа алып келмейді. Олар діни еркіндікке кепілдік бермейді. Біз жұмыс істейтін елдерде екі жақтан төніп тұрған қауіпті байқауға болады: бұл ислам фундаментализмі мен дәстүрлі қауымдар тарапынан өркөкіректік, мысалы православиелік қауым тарапынан қауіп. Исламның Өзбекстандағы әсері балалар арасында Ізгі хабар тарату қызметі мен мәсіхтік жұмысты жүргізуге тыйым салатын заңдардың шығуына алып келді. Протестанттық пен католик қауымдары Ресейдегі, Украинадағы, Румыниядағы мен Болгариядағы православиелік билік иелерінің күшімін әлдеқашан кездесті. **8 сабақ. Жергілікті миссиялар мен Ізгі хабарды тарату үшін кең мүмкіндіктердің пайда болуы** Көптеген бұрын жабық болған діни еркіндігі шектелген, елдер мен мемлекеттердегі жергілікті миссиялар соңғы жылдар ішінде ең жақсы құбылыстардың бірі болып табылады. Енді, мемлекет қауым жұмысына ешқандай кедергі жасамаған кезде, сенушілер күнәкар әлемге уағыз айту мүмкіндігін қолданды. Тәуелсіз Мемлекеттер Одағындағы діни еркіндіктер саласындағы сарапшы, Анита Дайнеке осы уақыт ішінде мыңнан астам жергілікті миссиялар ашылды дейді. «Ашық есік» миссиясы олардың кейбіреулері ешқашан Ізгі хабарды естімеген халық топтарымен жұмыс істемейтіні туралы ақпаратты алды. «Ашық есік» миссиясы шеңберінде бұрынғы Кеңес Одағы елдеріне балаларға арналған Киелі кітаптың миллион данасын жеткізген, «Самуил» жобасы Ресейде, Сібірде мен Украинада жергілікті миссиялармен ынтықмақтастықта жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда бізге белорустар, орыстар мен украиндіктер, Батыстан келетін қонақтарға қарағанда өз елдеріне Ізгі хабарды тиімді уағыздайтын сияқты болып көрінеді. Бұған қоса, оларда тіл жағынан кедергі жоқ, қаржылық үлес те аз талап етіледі. Қауымдарды өздерінің елшілік жұмысын бастауға шақыруға болады. Біз жергілікті миссиялармен ынтымақтастық қарым-қатынасты орнатуымыз керек және оларға әдебиетпен, басылым жабдығымен және басқа материалдармен көмек беруіміз керек. ***\* \* \**** Ұзақ уақыт бойы армандаған еркіндік қауымдағы мәсіхшілердің барлық мәселелерін бірден шешпейді. Бірден шешуді талап ететін жаңа мәселелер пайда болады. Жалпы, мықты, салауатты, өсіп келе жатқан қауым үшін қауым еркіндігі басты мәселе емес. Бұл батыс қауымдары душар болған жағдайдан анық болды. Көптеген батыс елдеріндегі қауымдардағы мәсіхшілер саны азайып барады, ал жазалаушы тәртібі бар елдерде сенушілердің ауыр жағдайы жиі қауымның өсуіне алып келеді. Қытай осыған жақсы мысал болады. Албаниядан басқа барлық шығыс еуропалық елдерде он жылдық ішінде мықты інжілдік қауым әрекет етті, біз «Ашық есік» миссиясы осы бұрын жабық болған елдерге өз тәлімімізді алып бару қажет емес деп санаймыз. Осы өңірде қауым жетекшілердің жаңа ұрпағына мұқтаж. Осы жетекшілерді өз елдерінде өсіру абзал. Батыстан Шығыс Еуропаға іске деген дұрыс көзқараспен келгені өте маңызды. Бізге қалай өмір сүріп, жұмыс істеу үшін үйрету мақсатында келудің қажеті жоқ, бірақ қолданыстағы қауымдарға қызмет етуге дайын болу үшін келуі керек. Мүмкін болған жерде, жергілікті қауымдармен бірге жұмыс істеп, оларға уағыздауда көмек беру керек. Иса — біздің негізіміз, қауым құрылған, «Жартасымыз». Біздің рухани байлығымыз еркін бе, әлде жабық па, қандай елде өмір сүріп жатқанымызға байланысты емес. Айналамыздағы жағдайларға назар аудармай, «сенім басшысы мен негіздеушісі» болып табылатын, Оған бар назарымызды аударайық. ##### Пол Эстебрукс мен Джим Каннингэм ## Дауылға қарсы тұру #### Жұмыс дәптері ### Кіріспе *Құйын өтіп кетсе арамза ғайып болар, ал әділдің негізі мәңгі берік болар.* Нақ. 10:25 1. Нақ. 10:25 өз сөзіңізбен айтып беріңіз және өз нұсқаңызды жазыңыз.     2. Неліктен кейбір мәсіхшілер алаңсыз өмір сүруіміз қажет дегенге сенеді?     3. Жохан жазған Ізгі хабар 16:33 оқып шығыңыз: «Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым\!». Сіз бұл аятты қалай түсінесіз?       Ефестіктерге арналған хат 6:13 оқып шығыңыз: «Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар\! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар» \(біз астын сызып қойдық. — Дж. К., П. Э.\). Исаның айтқан тағы да мынадай сөзі біздің есімізде: «Осы айтқандарымды тыңдап, оларды орындаған әркім үйін берік тастың үстіне қалап салған көреген адамға ұқсас болады. Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол құламайды. Себебі оның іргетасы берік тасқа қаланған» \(Мат. 7:24-25\). 4. Мәсіхшілердің кез-келген жағдайларда сенімінде тұрақты болуының сыры неде?       5. Өзіңіздің жеке өміріңізде басыңыздан өткізген «дауылдар» туралы айтып беріңіз.     **Иса бізге дауылды желдер біздің өмірімізде болмайды деп айтқан жоқ, қайта Ол іргетасы берік тасқа қаланған үй, кез-келген дауылда құламайды деп сендірді. Іргетасы берік тасқа қаланған үй дегенде, біз Исаның сөзін тек естіп қана қоймаймыз, сонымен бірге оған мойынсұнатынымыз туралы айтылады. Құдайдың Сөзіне осылай мойынсұну, біздің ең қатал қудалануларда да сенімімізді сақтап қалатынымызға кепіл болады. Біздің курсымыздың мақсаты – кез-келген жағдайларда сенімімізді сақтап қалуға Киелі кітаптық өмірлік маңызды негіздерді табу болып табылады. ** 6. Қудалану сынақтарында ең жақсы меңгерілетін бес сабақты сипаттап беріңіз. 1\) 2\) 3\) 4\) 5\) **Құдай — қайырымды Әкеміз, жұбаныш пен жігер атаулының бастауы. Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз. Өмірімізде Мәсіхтің жолындағы азаптарымыздың молая түскеніндей, Ол арқылы көретін жұбанышымыз да ағыл-тегіл мол болады» \(2 Кор. 1:3-5\).** 7. «Өмірімізде Мәсіхтің жолындағы азаптарымыз қалай молая түсетінін» түсіндіріңіз.       **Біздің нұсқаулығымыздағы әрбір сабақ біз қудаланған қауымдар деп атайтын мәсіхшілер үшін тірі куәлік болады. Олар біздің көзқарасымыз бойынша барған сайын біртіндеп еркіндігі азайып бара жатқан, еркін өмірдегі бауырларымен өздерінің тәжірибесімен бөліседі. Біз олардың куәліктерінде барлық мәсіхшілер үшін рухани жаңарудың дәні жатыр деп есептейміз.** Киелі жазба Құдайдың жалғыз бір мақсатты көздейтінін айтады: Ол біздерді Өзінің рухани Ұлының бейнесіне ұқсатуға ұмтылады. 8. «Оның рухани Ұлының бейнесі» деген нені білдіреді \(Мар. 10:45 қараңыз\)? Мәсіхшіліктің ең танымал белгісі айқыш ағаш, балық және Киелі Рухты бейнелейтін кептер болып табылады. Ең аз танымал және ең ыңғайсыз белгі біз үшін сүлгі болса керек – бұл сүлгіні Иса Өзінің шәкірттеріне кішіпейілдікпен қызмет етіп, аяғын жуып, сүрткен кезде қолданды. 9. Сіз сарбаз-қызметшінің қандай жағымды қаисеттерін атап шыға аласыз?       **Сенім азаптардан азат етпейді, бірақ ол әрқашан азап шегіп жүрген кезімізде сол азаптарды жеңіп шығуға күш береді.** 10. Жаңадан тәубе еткен сенушіге сенім деген не екенін қалай түсіндіресіз?       1980-жылдары «Ашық есіктер» миссиясының қызметкері Вьетнамдағы бір бағушымен — ең тез өсіп келе жатқан үй қауымдарының жетекшісімен кездесті. Ол өзіне билік иелерінің түрмеге жабамыз деп қорқытып жатқаны туралы білді. Бағушы біздің әріптесімізге былай деді: «Мен ерте ме, кеш пе, осылай болатынын білемін. Егер мені түрмеге отырғызған жағдайда, мен өз адамдарымды дайындап қойдым. Мен бұған дайынмын». 11. Вьетнамдық бағушының жауабы қалайша оның дайындығының үш саласын көрсетеді: • зиятты   • іс жүзінде   • рухани # I БӨЛІМ ## Айқыш ағаш ### Бірінші тарау #### Біздің бірегей Құтқарушымыз *Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді* Евр. 13:8 Назареттік Исаны кемелді бірегей тұлға етіп көрсететін үш сипаттамасын атап шығыңыз: 1\) 2\) 3\) ##### Азап шегуші Қызметші Оның Өзі осы дүниеге Өзіне қызмет еткізу үшін келген жоқпын деп айтты, дегенмен Ол Патша ретінде бұған толық билігі және құқығы бар еді. Бірақ керісінше, Ол қызмет ету үшін келді. Ишайя пайғамбардың кітабынан 52:13–53:12 Назареттік Исаның қызметші ретіндегі мәртебесін растайтын бес сипаттамасын атап шығыңыз. 1\) 2\) 3\) 4\) 5\) Ишаяның пайғамбарлық жыры азап шегуші қызметші туралы тікелей айтып тұрса да, үзіндіден Құдайдың еркіне мойынсұну қағидаларын – өзіңнің айқышыңды қандай құн төлеу қажет болса да, оны қабылдау керектігін – Исаның шәкірттеріне де қолдануға болатыны анық көрініп тұр. Мәтінде айқыш ағашқа шегеленіп өлудің үш түрі туралы айтылады. Әрбіреуін түсіндіріңіз: 1. Аян 17:14; 19:7-10; 5:6. 2. Ғалаттықтар 2:19-20. 3. Ғалаттықтар 6:14. ##### Өлімнен қайта тірілген Тәңір 1. Қағида: Азап шегу — Ізгі хабардың басты тақырыбы. Айқыш ағаштағы өлімсіз өлімнен қайта тірілу болмайды. 2. Қағида: Иеміз біздер үшін де өлімнен қайта тірілуді қол жетерлік етті. Бірақ қайта тірілу тек айқыш ағаштан кейін болады. Філіпіліктерге арналған хатта 3:10-11 былай деп айтылған: «Сөйтіп, Мәсіхтің Өзін де, Оны қайта тірілткен құдіретті де жақыннан танып білуге құштармын. Мәсіхтің азаптарына ортақтасып, Оның өз жанын Мен үшін өлімге қиғанындай, мен де Ол үшін өмірімді қиғым келеді. Осылайша, қайтсе де, өлімнен қайта тірілуге қол жеткіземін». Осы аятты жаңадан тәубе еткен сенушіге түсіндіріңіз.       **«Ал егер Мәсіх тірілмеген болса, сенімдеріңнен еш пайда болмай, күнәларың әлі де мойындарыңда қала берер еді» \(1 Қор. 15:17\).** Неліктен егер Мәсіх тірілмеген болса, сенімімізден еш пайда болмайды? #####   #####   ##### Жуырда келетін патша **«Ишая пайғамбардың кітабындағы 53 тараудағы азап шегуші қызметшінің бейнесінің толық мағынасын, тек Исаның айқыш ағашта шегеленуін жете түсінгеннен кейін ғана түсіну мүмкін, дәл сол сияқты 54-тараудағы қуаныш өнімін Алғашқы өнім мейрамында Қауымның пайда болуын жете түсінген кезде ғана түсіну мүмкін болады. Рухани егіндік өнімі қуаныш сезіміне тумалас – бұл ізгі хабардың уәдесі, осы Ізгі хабардың нәтижесінде Мәсіхтің Бүкіләлемдік Қауымы жиналады» \(Патрик Джонстон\).** «Маған көк пен жердің бүкіл билігі берілген\!» \(Мат. 28:18-20\). Сіз үшін бұл сөздер қандай мағынаға ие?       **Бауырымыз Андрей былай дейді: «Иса Өзінің барлық билікке ие екені айтуы арқылы біз үшін рухани күрестегі шайқас майданы мен мақсаттарды белгілеп берді. Ол күнәнің көмегімен, ең әралуан шекараларды – мәдени, тілдік, тіпті мемлекеттік кедергілерді пайдаланып, шайтан өзінің тұтқынында ұстап тұрған адамдарды іздеп алып келуі үшін, Өзінің шәкірттерін жаудың аймағына жіберді».** ##### Бүгінгі таңдағы айқыш ағаш арқалаған жол **Үндістандық елші Садху Сундар Сингх өзінің күнделігіне былай деп жазды: «Мәсіх үшін өлу оңай. Бірақ Ол үшін өмір сүру қиын. Өлім алдындағы азаптар бір сағат немесе екі сағатқа созылуы мүмкін, ал Мәсіх үшін өмір сүру – әр күні өлуді білдіреді».** Солтүстік Америкадағы сенушілер Римдіктерге арналған хаттағы 8:28 аятты келтіргенді ұнатады: «Тағы да мынаны білеміз: барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді, себебі Ол бізді өз мақсатына сай таңдап алды». Қытайлық сенушілер басқа бір аятты келтіргенді ұнатады: «Сен үшін олар бізді күнде жоюда, сойылатын қой деп бізге қарауда» \(Рим. 8:36\). Осы аяттарды қудалаулар мен азаптарға қатысты қолданатын болсақ, олардың арасындағы маңызды айырмашылық қандай болады?       **Талқылау үшін сұрақтар:** 1. Азап шегуші қызметшінің жырын негізге алып, Исаның өлімі мен қайта тірілуін қалай түсіндіре аласыз? 2. Азап шегуші қызметшінің жырындағы қандай сөздер сізге Құдайдың кешірімі мен сүйіспеншілігіне нық сенімділік береді? 3. Сіз үшін \(а\) өз еркі бойынша өмір сүруін қою, \(б\) айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге күн сайын дайын болу \(в\) Исаның соңынан еру деген сөздер нені білдіреді? \(Лұқа. 9:23 қараңыз.\) 4. Біз қалайша үздіксіз Киелі Рухтың күшіне кенеле аламыз? 5. Мәсіхтің билігі мен Оның бізбен бірге әр күні бірге боламын деген уәдесі, біздің мойынсұнуымыз бен Оның соңғы тапсырмасын орындауымызға қалайша ықпал ете алады? **Оқып шығып, есіңізде сақтаңыз:** #####   ##### Менің патшам Иса Мәсіх— дүние жүзінде өмір сүрген адамдардың ішіндегі ең ұлы Тұлға. Ол — Құдайдың Ұлы. Ол — күнәкарлардың Құтқарушысы. Ол жаны ашиды және Ол құтқарады. Ол қорғайды және Ол жетелейді. Ол азғырылғандар мен сыналғандарға көмектеседі. Ол әлсіздерге күш береді. Ол ауруларды сауықтырады. Ол қысым көргендерді қорғайды. Ол жастарға батасын береді. Ол жолы болмайтындарға қызмет етеді. Ол қарттардың қамын ойлайды. Ол ынталыларды марапаттайды. Ол кішіпейілділер үшін әшекей. Ол — даналықтың қазынасы. Ол — құтқарылу есігі. Ол әділдік пен киеліліктің жолы болып табылады. ### Екінші тарау #### Біздің бірегей шақырылуымыз *Ол сендерді сол үшін де шақырды. Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек.* 1 Пет. 2:21 Киелі кітапта барлық адамдардың басына түсетін азаптардан мәсіхшілер сақталмағандығы туралы кесімді анық айтылған, бұған қоса оларға Мәсіхке деген сеніміне бола қудаланулармен кездесуіне тура келеді. • «Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады» \(2 Тім. 3:12\). • «Ол сендерді сол үшін де шақырды. Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек» \(1 Пет. 2:21\). • «Күнәкар дүние сендерді жек көрсе, оның сендерден бұрын Мені жек көргенін біліңдер …Себебі олар Мені Жібергенді танымайды» \(Жох. 15:18-21\). • «Тіпті көздеріңді құртқан әркім Құдайға қызмет көрсетіп жатырмын деп ойлайтын күн де туады» \(Жох. 16:2б\). ##### Азап шегуді қате түсіну Азаптар туралы кең тараған алты қате пікірлерді атап шығыңыз. 1\) 2\) 3\) 4\) 5\) 6\) Сіздің көзқарасыңыз бойынша осы қате пікірлердің қайсысы ең кең тараған? Неліктен бұлай ойлайтыныңызды түсіндіріңіз.     Киелі кітапта Құдай Өзінің халқының өмірінде неліктен азаптарға жол беретіні туралы ең кем дегенде жеті себеп атап көрсетілген. Төмменде ұсынылған әрбір үзіндіні оқып шығыңыз, сөйтіп осы аяттардың мағынасы мен маңызын түсіндіріңіз: • 1 Петір 1:6-7; 5:10; • 2 Қорынттықтар 12:7-10; • Еврейлерге 12:3-10; • Філіпіліктер 1:14; • 1 Қорынттықтар 3:12; • Жохан 17:23 және Елш.іст.2:42-47; • Елш.іст. 8:1-4. «Біздің сенімімізді сақтап қалудың құпиясы қиыншылықтардың болмауы мен табысты болуда емес, қайта керісінше, қудалауларды даналықпен қабылдауда». Біз Киелі кітаптан тапқан азаптар туралы жеті жағдайды қайтадан оқып шығыңыз және жоғарыда келтірілген шындықпен неліктен келісетініңізді немесе неліктен келіспейтініңізді түсіндіріп беріңіз.     Сенушілер айналасындағы адамдардың мәдени салт-дәстүрлеріне қатысты әдепсіздік танытып, өздерін-өздері қудалануға душар еткізгені туралы өз жеке өміріңізден мысал келтіріңіз. Егер сіз осындай адамдарға үш кеңес беретін болсаңыз, сіз не айтар едіңіз? 1\) 2\) 3\) Төменде келтірілген үзінділерден сіз үшін «қысым көрсету» немесе «қудалану» деген мағынаны білдіретін сөздердің астын сызып қойыңыз \(немесе қарындашпен қоршап қойыңыз\). Пауыл қудалануға душар болған жағдайда қалай әрекет етті? **«Олар Мәсіхтің қызметшілері ме? Ақымақ кісідей сөйлеп тұрмын: мен Мәсіхке солардан бетер қызмет етудемін. Оларға қарағанда әлдеқайда көбірек еңбектеніп, түрмеге қамалып, аяусыз соғылдым, талай рет өліммен бетпе-бет келдім. Яһудилер мені бес рет отыз тоғыздан қамшымен соқты. Мені үш рет таяқпен дүре соқты, бір рет өлтірмек болып таспен атқылады. Үш рет кеме апатына ұшырадым, бір тәулік бойы ашық теңізде қалқып жүріп, әрең аман қалдым. Көп рет саяхатқа шығып, тасыған өзендерден, қарақшылардан, өз ұлттастарым мен басқа ұлттық адамдар тарапынан сансыз қауіп-қатерге ұшырап келемін. Қала мен иен далада, теңізде және жалған бауырластар арасында қатерге тап болдым. Ешқандай аянбастан еңбектеніп келемін, ұйықтамаған түндерімнің есебі жоқ. Аштықтың, шөлдің не екенін білемін, киімге мұқтаж болып талай рет тоңдым. Басқа жайттар туралы айтпағанның өзінде күн сайын барлық қауымдардың қамдары еңсемді басып, толғандырады. Біреу әлсіз болса, мен де өзімді әлсіз сезінбеймін бе? Біреу күнәға азғырылса, сол үшін күйіп-жанбаймын ба? Егер де мақтануға тиіс болсам, өзімнің күшсіз екенімді көрсететін жайттармен мақтанайын. Иеміз Исаның Әкесі, мәңгілік мадаққа лайық Құдай, мына айтатындарымның нағыз шындық екенін біледі: Дамаскіде болған кезімде Аретас патшаның аймақ әміршісі қала қақпаларын күзеттіріп, мені тұтқындауға бұйырды. Бірақ мен қаланы қоршаған қамалдағы терезеден үлкен себетпен төмен түсіріліп, оның қолынан сытылып кеттім. Түбі пайдалы болмаса да, мақтануым қажет; енді Иеміздің маған көрсеткен аяндары мен ашқан құпияларына тоқталайын. Мәсіхпен тығыз байланыстағы біреуді танимын; оны он төрт жыл бұрын кенет «көктің ең биігіне» көтеріп әкетті. Оның рухы көкке апарылды, ал тәнінде ме, әлде тәнсіз бе, о жағы маған емес, Құдайға ғана аян. Сол кісінің жұмаққа апарылғанын дәл білемін; тек оның тәнсіз, не тәнінде барғаны маған емес, жалғыз Құдайға ғана анық. Сонда ол адам тілімен айтуға келмейтін, әрі басқаларға әңгімелеуге тыйым салынған сөздерді естіді. Сол ғажап оқиғаны мақтан ете аламын. Ал жеке басым туралы жалғыз күшсіздігімнен өзге ештеңемен мақтанбаймын. Дегенмен мақтанғым келген күнде де ақымақ болмас едім, өйткені нағыз шындықты айтамын. Алайда мен туралы аса жоғары пікірде болмауларың үшін содан бас тарттым. Одан да өзімнен көріп-естігендеріңе сай ғана мені бағалаңдар\! Өзіме ашылған құпиялардың төтенше ұлылығына байланысты кеуде көтермеуім үшін, тәніме «шаншылып түйрелу азабы» бұйырылды: шайтанның хабаршысы мені соғып қинайды. Бұл мені өркөкіректеніп кетуден сақтамақ. Мен бұл азапты өзімнен аластатуын өтініп, үш рет Иемізге сиындым. Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын. Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін» \(2 Қор. 11:13—12:10\).** **Рөлдік жаттығулар:** Сіз — өштестік жағдайда өмір сүріп жатқан сенушісіз. Сіздің айналаңыздағы адамдарға сүйіспеншілік көрсеткеніңізге қарамастан, олардың нанымдарынан өзгеше сеніміңізге бола сізді жек көретін көптеген адамдар бар. Бұған қоса, сіздің үйіңізде жасырын түрде мәсіхшілер қарым-қатынас жасау үшін жиналады. Бір күні таңертең ерте көршілеріңіз сіздің үйіңізге баса-көктеп кіріп келеді. Сонан соң полиция келіп, екі жақты да тыңдайды. Полицейлер сізге олардың полиция учаскесіне баруды \(ол жерде, өзіңіз білесіз, сізді ұрып-соғады\) немесе өзіңіздің көршілеріңіздің үстінен шағым жазып сотқа тапсыруды ұсынады. Сіз нені таңдар едіңіз? Неліктен? **Жеке тапсырмалар:** 1. Есіңізге түскен қудалану мен азаптар туралы аяттарды жатқа айтып беріңіз. 2. Қысым көрген және қудаланған киелікітаптық кейіпкерлер туралы және олардың осыған орай әрекеттері туралы айтып беріңіз. **Талқылау үшін сұрақтар:** 1. Мәсіхшілерге өздерінің сенбеуші жақындарына қарағанда өз өмірлерінде көбірек азаптар күтуі тиіс пе? 2. Сіз қудалаулар туралы қате пікірді ұстанған ба едіңіз? Нақты қандай пікірді ұстанған едіңіз? 3. Киелікітаптық тәлімдердің азаптар туралы қандай саласы жайында сіз бұрын ешқашан ойланбаған едіңіз? 4. Азаптар туралы киелікітаптық тәлімді, Құдай бізді сүйеді, сондықтан біздің өмірімізде біздің игілігіміз үшін әрекет етеді деген шындықпен қалайша үйлеседі? 5. Дүние жүзіндегі қиыншылықтары бар өңірлердегі мәсіхшілер қатал азаптарға ұшыраған кезде, біз оларға қалайша қолдау көрсете аламыз. Біз олардан не үйрене аламыз? ### Үшінші тарау #### Қудалауға орай әрекет ету *Жамандыққа жамандықпен, қорлыққа қорлықпен емес, ақ батамен жауап беріңдер. Себебі Құдай сендерді шақырғанда Өзінің ақ батасына ие болсын деп мақсат еткен еді.* 1 Пет. 3:9 ##### Азап шегуге орай Киелі кітаптық әрекет Біз бәрін шүкіршілікпен қабылдауымыз керек, өйткені бізге қатысты мақсаты бар, соған қол жеткізу үшін Ол бізді Өзінің қайта тірілу құдыретімен қамтамасыз етеді.   Бір дана пәлсапашы өмір жиырма пайыз әрекеттен және сексен пайыз оған орай әрекет етуден тұрады деп айтқан екен. Киелі кітап бізді шынайы қудалану мен азаптарға орай қалай әрекет етуіміз қажет екенін үйретеді. Төменде осы тәлімнің кейбір нақты көзқарастары: 1. Оғаш нәрсе деп ойламаңдар\! \(1 Пет. 4:12-13\). 2. Қуаныңдар\! \(Мат. 5:11-12\). 3. Шүкіршілікпен сиыныңдар \(Флп. 4:6\). Сонымен бірге өздеріңді қудалағандар үшін Жаратқан Иеге мінәжат етіңдер\! \(Мат. 5:44\). 4. Азаптардың қайнар көзін анықтап алыңыз \(1 Пет. 4:15-19\). 5. Азап шегіп жатқаныңыздан ұялмаңыз \(1 Пет. 4:16\). 6. Қудалануға орай Мәсіх әрекет еткендей, әрекет етіңіз \(Мат. 5:38-48\). 7. Құдайға сенім артыңыз\! \(1 Пет. 4:19\). **Егер сенушілер Иса үшін азап шегу қалыпты жағдай екенін түсінетін болса және бүкіл дүние жүзінде мәсіхшілер осындай жағдайларды басынан өткізетіні туралы білсе, олар күшті қолдау алады.** 8. Сеніміңізде нық тұрыңыз және бірлікті сақтап қалыңыз \(1 Қор. 12:20-27\). ##### Болуы мүмкін қудалауға дайын емес мәсіхшілердің жауап беру түрлері Қудалануға ұшырамаған сенушілер тұратын елдерде, әдетте, олар қудалану тақырыбына айтарлықтай немқұрайлы қарайды. Сіздің пікіріңізше неліктен сенушілер қудалану туралы айтылғанда келесі сөздерді айтады: 1. «Бізде мұндайдың болуы мүмкін емес\!» 2. «Біздің заманымызда қудаланудың болуы мүмкін емес». 3. «Құдай мұндайға жол бермейді». 4. «Біздің бұл туралы ойлауға уақытымыз жоқ». **Көптеген адамдар шын мәнінде кең көлемдегі қудаланудың болуы мүмкін емес деп есептейді, өйткені «Ата Заң дін еркіндігімен қамтамасыз етеді» немесе «біздің елімізде қауымдар тым көп».** ##### Қудалауға дайын емес мәсіхшілердің жауап беру түрлері Қудалануға дайын емес сенушілердің әрекеттерінің төрт түрін атап шығыңыз. Осы әрекеттердің әрқайсысына киелікітаптық жауап қандай болады? 1\) 2\) 3\) 4\) **Қудалану тегеурініндегі біздің лайықты әрекет етуіміз толығымен Мәсіхтің құдыретіне тәуелді болады. Сенімімізді сақтап қалғанымыз үшін біз тек Оған ғана міндеттіміз.** ##### Қудалауға дайын мәсіхшілердің ** **жауап беру түрлері Қудалануға қатысты әрекеттердің келесі үш түрі неліктен киелікітаптық және тарихи болып табылатынын түсіндіріңіз. 1. Олар қашты \(Құдайдың еркі осылай екенін білгенде\) \(Елш.іст. 8:1-4\).   2. Олар орнында қалып, шыдады \(Заң.қайт. 32:35; Заб. 42:1\).   3. Олар өздерінің заңды құқықтарын жүзеге асырды \(Елш.іст. 22\).   **Барлық үш жағдайдағы шектен тыс нәзік сәт әділдікке ұмтылу болып табылады, әсіресе басқа адамдар үшін. Мәсіхшілер үшін әділдікті қорғау олардың шақырылу саласына жатады. Әділетсіздікке қарсы тұратын сенушілер, өздерін қудалану мен қысым көрсетуге душар етіп, майданның алдыңғы қатарында тұрады.** Дүниежүзілік Інжілдік Одақтың діни еркіндік бойынша Комиссиясы дайындаған қудалануға жауап беретін ұсыныстарын қайталап шығыңыз: 1. Азаптарды басынан өткізіп жатқан қауымдарды басқа қауымның жетекшілері барып, олардың бағушысы мен қауымның қатардағы мүшелерін жігерлендіруі. 2. Заңсыздық орны туралы акт жасау және ол туралы дүниежүзілік қоғамдастыққа хабарлау. 3. Азап шеккендерге материалдық көмек көрсету. 4. Мәсіхші жетекшілердің қудалану туралы нақты жағдайларды үкімет деңгейіне шығаруы. Болашақта осыған ұқсас жағдайлардың алдын алу үшін құқықтық жүйе мен қоғамдық пікірді қолдану. 5. Қудаланудың барлық жағдайлары бойынша бағушылар мен қауымның қатардағы мүшелерінің заңды құқықтары туралы кеңестерді ұсыну. 6. Қолданыстағы діни еркіндіктер ауқымында нені істеуге болатыны және нені істеуге болмайтыны туралы мәліметтермен қамтамасыз ету. Сіз осы ұсыныстармен келісесіз бе, әлде келіспейсіз бе? Неліктен? ##### Қорытынды Құдай біздің өз өмірімізде қудалауды қалай қолдануымызды қалайтынының бес түрі мыналар: 1. Құдай қудалануды бізді бағыттау үшін қолданады \(Нақ. 20:30\). 2. Құдай қудалануды бізді сынау үшін қолданады \(Жақ. 1:2-3\). 3. Құдай қудалануды бізді түзету үшін қолданады \(Заб. 118:71-72\). 4. Құдай қудалануды бізді қорғау үшін қолданады \(Жар.баст. 50:20\). 5. Құдай қудалануды бізді жетілдіру үшін қолданады \(Рим. 5:3-4\). **Мұның мәнісі мынада: Құдай біздің өмірімізде біз тіпті оны жете түсінбеген кезде де әрекет етеді. Бірақ біз Оған көмектесе бастаған кезде, Оның әрекеті әлдеқайда тиімдірек бола бастайды. Бұл жеңіске апаратын жол\!** **Рөлдік жаттығулар:** Сіз салыстырмалы дәрежеде еркіндігі бар елде өмір сүресіз, бірақ сіздің еліңізде мәсіхшілерді жек көреді. Билік басына мәсіхшілерге қарсы экстремистер келеді, сөйтіп олар сіздердің мәсіхшілік қауымдастығыңызды құртамыз деп сес көрсетеді. Олар бірте-бірте жергілікті экстремистерді арандатып, оларды сіздің қауымыңыздың ғимаратын жағып жіберуге түрткі бола бастайды. Бұған қоса, мәсіхшілерде жұмыста қысым көрсетіп, тіпті жұмыстан босата бастайды. Сіз осыған орай қалай әрекет етесіз? Сізде қандай әрекеттердің түрлері бар? Осы әрекеттердің әрбіреуін жүзеге асыру үшін не қажет? **Талқылау үшін сұрақтар:** 1. Осы сабақта келтірілген деректер сізді үмітсіздікке душар етуі мүмкін. Бірақ мәсіхші ретінде сіз қандай сезімді сезінуіңіз керек? 2. Сіз Мәсіхтің үлгісіне сай қатты қысым көрсетуге орай қалай әрекет етесіз? 3. Біздің азаптарымыз қалайша біздің Мәсіхке адалдығымызды нығайта алады және Оның біз үшін азап шеккенін түсінуімізге көмектесе алады? 4. Мәсіхшілер жұмысын сақтап қалу үшін, өзін және өзінің отбасын қорғау үшін, өзінің сенімін жасыра ала ма? 5. Кейбір мәсіхшілер қалайша өздеріне қудалауды арандатуы мүмкін? Осы туралы сіздің өзіңіздің мысалдарыңыз бар ма? 6. Мәсіхшінің өзін және өзінің отбасын қорғау үшін қару-жарақты қолдануы заңды ма? Осы мәселе туралы Киелі кітап не айтады? Осы мәселені топ болып талқылаңыздар. 7. Киелі кітап сенушінің азаматтық борышы мен оның қару-жарақты алып жүруі немесе бас тартуы туралы жеке басының жауапкершілігі арасындағы айырмашылықты енгізе ме? Бұл мәселені Киелі жазбадағы нақты үзінділерге сілтемелер арқылы талқылаңыздар. # II БӨЛІМ ## Қауым ### Төртінші тарау #### Қауым дегенміз не *Мәсіх — сенушілер қауымының, яғни Өзінің рухани денесінің, Басы әрі оның өмірінің Бастауы. Ол — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы да. Сондықтан барлық жағынан да Оның жолы үлкен.* Қол. 1:8 Қорынттықтарға арналған бірінші хатқа сәйкес қауым деген не 3:9; 12:13, 27; Еврейлерге арналған хатқа сәйкес 3:6; елші Жоханның Аян кітабына сәйкес 19:7-9; 21:2, 9; Ефестіктерге арналған хатқа сәйкес 5:22-33; Матай жазған Ізгі хабарға сәйкес 16:13-18 қауым деген не?     **Қауым ғимарат емес және адамдық ұйым емес, ол рухани бірлік болып табылады.** Қауымға кім тиесілі бола алады? \(1 Пет. 2:5, 9; Евр. 4:16 қараңыз\) #####   #####   ##### Қауымға қойылатын негізгі талаптар Қауымға қойылатын Киелі кітап ұсынатын қандай үш негізгі талаптарды сіз білесіз? 1. Жох.3:1-17 және 2 Қорынттықтар 5:17.   2. 1 Петір 2:5; 1 Қорынттықтар 12:12 және Матай 18:20.   3. Ефестіктер 2:22 және 1 Қорынттықтар 12:25-26. #####   ##### Қауымның қызметтері **Иса Мәсіх Өзінің Қауымының бес негізгі қызметті орындауға міндеттеді. Біз Ізгі хабар таратуымыз керек \(Мат. 28:19 қараңыз\), шәкірттерді тәрбиелеуіміз қажет \(Мат. 28:20 қараңыз\), Құдайдың сүйіспеншілігін көрсету арқылы адамдарға қызмет етуіміз қажет \(Мат. 22:39; Еф. 4:12 қараңыз\), бір-бірімізбен қарым-қатынас жасауымыз \(Еф. 2:19; Ғал. 6:10 қараңыз\) және бірге Құдайға табынуымыз керек \(Мат. 4:10; Жох. 4:23 қараңыз\). Осы қызметтердің ешқайсысы да артық емес, олардың бәрі бірдей.** Сіз Қауымның бес қызметі туралы білгеннен кейін, Киелі Рух сіздің мына салалардың әрқайсысы бойынша әрекет еткеніңізді немесе өзгерткеніңізді өтінеді: **1. Ізгі хабар тарату.** Егер біз Мәсіхтің Иеміз және Құтқарушымыз екенін шын мәнінде жақыннан таныған болсақ, біз міндетті түрде осы керемет басымыздан өткізген жағдайымыз туралы өзіміз сүйетін адамдармен бөлісуді қалаймыз. Осы бағыттағы нақты қадамдар:     Өзіңіз белсенді түрде Мәсіх туралы куәлік еткіңіз келетін адамды \(адамдарды\) атаңыз. **2. Шәкірттерді тәрбиелеу.** Біздің жақындарымыздың біреуі Мәсіхке келе салысымен-ақ, біз Оның Иемізбен тығыз байланыста өсуіне көмектесуіміз қажет. Осы бағыттағы нақты қадамдар:     Қазіргі уақытта сіздің шәкіртіңіз бар ма? **3. Адамдарға қызмет ету.** Сіздің Мәсіхтегі бауырыңыздың жаудың шабуылына қарсы тұра алуы үшін, қолдау көрсету немесе жігерлендіру сөзі немесе кішкентай игі іс шешуші қозғаушы күш болуы мүмкін. Осы бағыттағы нақты қадамдар:     **4. Бір-бірімен қарым-қатынас жасау.** Мәсіхшілер үшін бірге уақыт өткізіп, өздерінің рухани өміріндегі тәжірибесімен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетіп, өзара бір-бірімен қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағыттағы нақты қадамдар:     **5. Бірге табыну.** Киелі кітапта сенушілердің Құдайға табынуы туралы анық айтылған және олар не үшін мұны істеу керектігі түсіндірілген. Бірақ онда қалай істеу керектігі туралы ешнәрсе айтылмаған. Осы бағыттағы нақты қадамдар:     ##### Ертедегі қауымның үлгiсi Қауымның қызметін шектеу онда табыну мен Ізгі хабар таратудың жаңа әдістерінің пайда болуына әкелуі қажет. Киелі жазбада немесе сіздің нақты жағдайыңызда табуға болатын табынудың жаңа әдістерін атап шығыңыз. 1 Қорынттықтар 6:1-8; 2 Қорынттықтар 8:6; 10-11; 9:15 бойынша Иерусалимдегі және Қорынттағы қауымдардың ерекше белгілерін атап шығыңыз. Иерусалимдегі қауым                   Қорынттағы қауым         **Жаңа өсиеттік сенушілердің қарым-қатынасы ашықтық, сүйіспеншілік және бір-біріне қамқорлық көрсету рухында өтті. Олардың өзара қарым-қатынасы жиналыстарға, ұйымдарға, белгілі бір бағдарламалар төңірегіндегі қызметтерге тәуелді болған жоқ. Олар бір-бірінің ауыр жүгін көтерісіп, бір-бірі үшін мінәжат етіп, бір-біріне көмектесті. Осындай өзара қарым-қатынастар рим үкіметі көрсеткен бүкіл кедергілерге қарамастан дамуын жалғастыра берді.** ##### Қауымның қызметі Қауымның мәнін, қызметін және формасын түсіну үшін, балық аулау үдерісі туралы ойланып көрелік. • Балық аулаудың мәні балық аулау үшін қажетті ең аз деңгейдегі шарттарды қамтамасыз етуден тұрады. Ол үшін екі талаптың қанағаттандырылуы қажет: балықты аулайтын балықшы мен балық қажет. Балықсыз тек табиғаттың жалғыз өзі қалады және балықсыз балық аулау да болмайды, тек балықшы мен су болады\! • Балық аулаудың қызметі оның мақсатынан тұрады: балықты аулау. • Балық аулаудың формасы әр түрлі болуы мүмкін, тек олардың бәрі өзінің негізгі мақсаты мен қызметін орындаса болғаны. Бұл қармақпен аулау, багормен аулау, аумен аулау, динамитпен аулау жән т.б. болуы мүмкін. Қазір біз балық аулаудың заңды әдістері туралы айтып отырмыз, бірақ оның тек түбегейлі мүмкіндіктері, форма қызметті орындай ма және оның мәнін жүзеге асыра ма? Жағдайды талдаудың осы қағидаларын Қауымның мәні, қызметіне және жұмыс істеу формасына қатысты қолдануға болады. • Қауымның мәні оның тіршілік етуі үшін қажетті ең аз шарттардан тұрады: Иса Мәсіхтің атымен жиналатын сенушілер қажет. • Қауымның қызметі бес жақты сипатты алып жүреді: бұл ізгі хабар \(Мат. 28:19\), шәкірттерді тәрбиелеу \(Мат. 28:20\), Құдайдың сүйіспеншілігін көрсету арқылы адамдарға қызмет ету \(Мат. 22:39; Еф. 4:12\), бір-бірімен қарым-қатынаста болу \(Еф. 2:19; Ғал. 6:10\) және бірлескен табыну \(Мат. 4:10; Жох. 4:23\). • Қауымның формалары әр түрлі болуы мүмкін — жиналыстар ғимаратта, далада немесе үйде өтуі мүмкін; жексенбі күні, сенбі күні немесе дүйсенбі күні кешке қарай болуы мүмкін. Қазір біз дәстүрлер туралы айтып жатқан жоқпыз, тек қағидалар туралы айтып отырмыз, осы формалар Қауымның негізгі қызметтерін орындай ма және оның мәнін жүзеге асыра ма? Өзіңіздің қауымыңыздың жұмысының мәнін, қызметін және формасын сипаттап беріңіз. Мәні   Қызметі   Формасы ##### Жеңімпаз Қауым Азиядағы қауым жетекшілері ұсынған, жеңімпаз қауымның сипаттамасын естеріңізге түсіріңіз. Осы сипаттамалардың әрқайсысын, осы қасиеттер сіздің қауымыңызда қалай көрінетінін 1 ден 10 ға дейінгі сандармен № 1 — қауымның ең күшті қасиеті, № 10 — әрі қарай дамытуға мұқтаж қасиеттер деген тәртіппен белгілеп шығыңыз. Қауым күнделікті Киелі Рухтың күшін жақыннан танып білуде. Қауым Мәсіхтің денесімен қарым-қатынаста өмір сүреді. Қауым Киелі кітапты біледі және оны қолдана алады. Қауым Ізгі хабарға байыпты қарайды. Қауым қоғамның мұқтаждықтарына қызмет ету ісіне адал. Қауым сыртқы бақылаудан және оған билік етуден азат және тәуелсіз болуы қажет \(қауымға қатысты\). Қауым өзіне қатысты оппозициялық күштердің әлсіз және күшті жақтарын біледі. Тіпті қудалану жағдайында да куәлік ететін батыл қауым. Қатардағы қауым мүшелері мен діни қызметкерлер қызметтің ауыртпалығын өзара теңдей бөлісетін қауым. Мінәжат ететін қауым\! **Рөлдік жаттығулар:** Сіз қалай ойлайсыз, кішкентай және билік иелері мойындамаған қауым келесі мәселелерді жеңіп шыға алар ма еді? • Оңтүстік Вьетнамды коммунистер жаулап алғаннан кейін екі ай өткен соң, бір мәсіхші досына былай деп жазыпты: «Біздің қызметтерімізде жаңа адамдар пайда болды, олар бізді жаңа нәрселерді талқылауға ниеттендіреді. Шын мәнінде, біз табынғаннан гөрі, саяси жиналыстардағы сияқты талқылайды екенбіз. Әдетте, бізге жаңа адамдар келген кезде қауымдастығымыздың өміріне бөтен адамдардың енуіне тап боламыз». Осы қауымның адамдарының орнында қалай әрекет етер едіңіз? • Қытайда үкімет бастапқыда қауымға жалпы жұрт алдында Құдайға арналған қызмет өткізуге рұқсат берді, бірақ кейін олардан қауым ғимараттарын тартып ала бастады. Оларды ауруханалар, емханалар, балалар үйлері мен мектептер үшін қолдана бастады. Осы мекемелерде жұмыс істейтін мәсіхшілер, осыған орай қалай әрекет етуі тиіс деп ойлайсыз? • Кубада Фидель Кастроның үкіметі бірнеше қауымдарға әрекет етуге рұқсат берді, бірақ олардағы сенушілер саны мінажат ету залдарына сыятыннан көп болды. Мәсіхшілерге адам сыятындай үлкенірек ғимараттар салуға тыйым салған және қауымнан тыс жиналыстарды өткізу, сонымен бірге үйлерінде жиналуға рұқсат етілмейтін. Тіпті кейбір сенушілер қызмет аяқталғанша аяқтарынан тік тұруға дайын болғанмен, орын болмағандықтан, олардың көпшілігі ғимараттың ішіне кіре алмайтын, сөйтіп үйіне қайтуға мәжбүр болатын. Осындай жағдайда не істеу керек? • Mұсылман елдерінде мәсіхші эмигранттарға жәй төзімділік танытып жүр, бірақ жергілікті сенушілер өз сенімдері жайлы ашық айта алмайды. «Жасырын сенушілер» шынайы мәсіхші деп атала ала ма? Олар қауымға тән қызметтерді атқара ала ма? Оларға кіммен және қалай табыну керектігін қалай шешу керек? • Мәсіхшілікке қарсы үкімет сенушілердің әсерін азайту үшін, оларды таратып жіберуге тырысады. Кампучия сияқты елдерде бүкіл халық мәжбүри түрде жаңа жерлерге көшірілді. Вьетнамда басқа тәсіл қолданды – нақты отбасы қаржылық қысымға төзе алғанға дейін салықтар көбейтіле беретін, сонан соң оларды үкімет басқа жерге көшіретін. Бұрынғы Кеңес Одағының Сібіріне мәсіхшілердің көп жіберілгені соншалықты, енді бұл Ізгі хабар белсенді таратылатын өңірлердің бірі. Егер сізді отбасыңызбен экономикаға байланысты, сіз бірде-бір сенушіні білмейтін басқа бір жерге көшіріп жіберсе, сіз не істер едіңіз? **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Мәсіхшілердің бір-біріне қатысты қандай міндеттері болуы керек? 2. Бір қауым басшысы Ізгі хабар таратуды былай деп түсіндірді: «Бұл тыңдаушы оңай Исаны не қабылдайтын, не бас тартатын, Ізгі хабарды анық уағыздау болуы керек». Сіз осындай анықтамамен келісіз бе? Сіздің отбасыңыз Ізгі хабарды естіді ме? 3. Мәсіхші бауырластарды айналадағы әлемге жақсырақ куәлік етуге ынталандыруға болады? 4. Ізгі хабар тарату тыйым салынған қоғамда қалай уағыздау керек? Егер сізде рухани әдебиет болмаса, мұны қалай істеуге болады? 5. Басқа мәсіхшілерден қаржылық көмек алудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылаңыз. 6. Тобыңызға қандай басшылық құрылым керек және басқару қызметін атқару үшін адамның бойында қандай қасиет болу керек? 7. Мәсіхшілер душар болатын жоғарыдағы келтірілген жағдайларды рөл бойынша ойнап беріңіз. 8. Азиядағы қауым басшылары ұсынған жеңімпаз қауымның он қасиетін талқылаңыз. Сіз олармен келісесіз бе? Осы тізімге бір нәрсе қосқыңыз келе ме? ### Бесінші тарау #### Құдай адамның Оны елемей, өз бетімен жүруіне жол бермейді *Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті. Ал қауым — Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады.* Еф. 1:22-23 ##### Билік иелері мен жергілікті қауым арасындағы өзара қарым-қатынастардың формасы Билік иелері мен жергілікті қауым арасындағы өзара қарым-қатынастардың келесі формаларының күшті \(\+\) және әлсіз \(–\) жақтарын атап шығыңыз: 1. Тәртіппен қатар өмір сүретін қауым \(мысалы, Қытайдағы қауымдар\). \(\+\)                         \(–\) 2. Наразылық білдіруші қауым \(мысалы, Эфиопиядағы, Польшадағы, бұрынғы Кеңес Одағындағы, Мьянмедегі \(бұрынғы Бирмадағы\) және Колумбиядағы қауымдар\). \(\+\)                         \(–\) 3. Астыртын қауымдар \(мысалы, Қытайдағы үй, шағын топтар және жанұялық қауымдар\). \(\+\)                         \(–\) 4. Жалған еркіндік және қауымның атына қоқан-лоқы көрсету \(мысалы, да Непал\). \(\+\)                         \(–\) ##### Қауымның икемді саясаты Бізге басқа сенушілер Тәңір Иеге біз сияқты қызмет етпегені үшін олардан бас тартпауымыз және абай болуымыз керек. Мына адамдар қысым көрсету мен қудалануға орай қалай әрекет етті? • Самуил \(1 Пат. 16:1-5 қараңыз\). • Ілияс \(3 Пат. 17:1, 3 қараңыз\). • Естер \(Ест. 7:1-4 қараңыз\). • Даниял \(Дан. 3 және 6 қараңыз\). • Иса \(Жох. 8:59; 11:54 қараңыз\). • Петір мен Жохан \(Елш.іст. 4:18-20 қараңыз\). • Пауыл \(Елш.іст. 9:23-30; 16:22-24; 13:10-11; 1 Қор. 9:22 қараңыз\). Алғашқы қауым қудалану мен қысым көрсетуге орай қалай әрекет етті? \(Евр. 11 қараңыз.\) **Өштескен жағдайға орай әрекет етудің осы киелікітаптық үлгілері қауымның және жеке сенушілердің ерекше икемділігін көрсетеді.** ##### Қорытынды Шектеулі еркіндігі бар елдердегі немесе еркіндігі жоқ елдердегі қауымдардың ресми мәртебесінен айыру қалайша олардың азат болуының қозғаушы күшіне айналады?         **Рөлдік жаттығулар:** Сіз ауылдық жердегі шағын жиналыстың бағушысысыз. Бір күні сізге жергілiкті үкіметке қарсы шыққан отрядтың командирі келіп, сізді қорқытады. Ол сізден қауым қызметін тоқтатуды талап етеді, әйтпесе отбасыңыз тұратын \(сенушілер жиналатын\) үйді жағып жібермек. Сіз не істейсіз? Қауым мүшелері не істейді? **Талқылау үшін сұрақтар:** 1. Жергілікті қауымның ұсынылған төрт әдісінен танымал мәсіхтік жетекшілер тек үшеуін ғана таңдай алады. Неліктен? 2. Киелікітаптық мысалдарда сенушілердің мінез-құлқының әдісін таңдаудағы шектеулер қандай? \(Елш.15:29\) Сенушілердің өздеріне-өзі қандай шектеулерді салады? Сіз қайсысының куәгері болдыңыз? 3. Неліктен басқа сенушілер бізге қарағанда өзгеше болуы мүмкін екенін білу маңызды және екі жақтың әрекеті де дұрыс болуы мүмкін? 4. Қытайдағы бір мәсіхтік топ қабылдаған мына ережені талқылаңыз: «Мәсіхтегі барлық бауырластарды сүйіндер, тек сынақтан өткендерге ғана сеніңіздер». 5. Егер біз айналамыздағы адамдар алдында сенімді сынауға төзе алмасақ, өзімізді қалай ұстауымыз керек? Петір Исадан бас тартқаннан кейін не істеді \(Мат.26:69-75\)? Ол Одан бас тартқаннан кейін де шынайы мәсіхші болып қала берді ме? **Жеке тапсырма:** Қауым тобының әр мүшесінен тобын сипаттайтын схеманы толтыруды сұраңыз. Әр топтың әлсіз және мықты жақтарын салыстырыңыз, топтағы мүмкіндіктер мен қорқытуларға олар қалай қарайды? МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ ҚОЛДАРЫНДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕР ҚОРҚЫТУЛАР ### Алтыншы тарау #### Тірі қауым *Мәсіх Исаға арнаған қызметім үшін түрмеде отырған Пауылдан және бауырласымыз Тімотеден сүйікті қызметтесіміз Філимонға, сондай-ақ бауырласымыз Әпияға, бізбен бірге Ізгі хабар үшін жан сала қызмет етіп жүрген Арқыпқа және Філимонның үйінде жиналатын қауымға дұғай сәлем.* Флм. 1:1-2 ##### Қауымда сенімді білдіру **«Құдайдың контрабандисті» Андрей бауырласымыз қауым басшыларының екі түрін ғана кездестіргенін айтады. «Мұнда осындай болуы мүмкін емес, — деп айтатындар» және «Мұндай бұл жерде болуы мүмкін емес деп бұрын ойлағанбыз».** Еркін қоғамда ресми түрде танылған қауымның рөлі мен жауапкершілігі қандай? #####   #####   ##### Сенімді білдірудің сыртқы ерекше белгілері Еркін қоғамда және мәсіхшілер үшін шектеулі мүмкіндіктері бар қоғамда неке қию, жерлеу рәсімі мен шомылдыру рәсімі ізгі хабар тарату ісінде қалай қолданылуы мүмкін? Неке қию   Жерлеу рәсімі   Шомылдыру рәсімі #####   ##### Үй қауымдар Ертедегі қауым тек үйдегі қауымдармен шектелген жоқ. Сенушілер ғибадатханаларды, жиналыстар өтетін залдарды, ашық форумдарды, өзен жағасында, кемелерде және басқа жерлерде кездесетін. Қауымның барлық бес қызметін шағын үйдегі қауымда да орындауға болатынын жігерлендіреді. Ал кейбір жазалаушы тәртіптері бар елдерде жеке үйлерде де осы қызметтерді жүзеге асыру мүмкін. Жаңа Келісім біздің назарымызды «бес үйдегі қауымға» аударады, дегенмен, олар бұдан әлдеқайда көбірек болғаны айдан-анық \(Рим.16:3-5; 23; 1Қор.16:19; Қол.4:15; Філ.1:2\). Үй қауымдарының артықшылықтары мен кемшіліктерін атап шығыңыз. Артықшылықтары:   Кемшіліктері:   ##### Шағын топтар \(жанұялар\) **Қауым қиын-қыстау кезінде де, жақсы жағдайда да салауатты болуы тиіс. Қауым Жаңа Келісім тұсындағы қауым сияқты өзінің қызметтерін орындаған кезде ғана салауатты бола алады \(Елш.іст.2:42-47\)** Шағын топтар сенушілермен қарым-қатынаста келесі мақсаттарға қалайша қол жеткізе алады: • Бір-біріңе қызмет етіңдер \(Ғал.5:13\) • Бір-біріңді қабылдаңдар \(Рим.15:7\) • Бір-біріңді кешіріңдер \(Қол.3:13\) • Бір-біріңе сәлем беріңдер \(Рим.16:16\) • Бір-біріңнің ауыр жүктеріңді көтерісіңдер \(Ғал.6:2\) • Бір-біріңе бауырмал болыңдар \(Рим.12:10\) • Бір-біріңді сыйлаңдар \(Рим.12:10\) • Бір-біріңе тәлім беріңдер \(Рим.15:14\) • Бір-біріңе бағыныңдар \(Еф.5:21\) • Бір-біріңді жігерлендіріңдер \(1 Сал.5:11\) Жанұялық топтар жүйесі тек қауымның қиын-қыстау уақытта тірі қалу үшін ғана қолайлы болып қоймайды, сонымен бірге Қауымның өсуі үшін де жақсы. Осы дүниелік адамдардың ішінен жетекшілерді дайындау – қиын уақытта да, тыныштық уақытта да өсуді қалайтын қауым үшін міндетті шарт болып табылады. Шағын қауымдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атап шығыңыз: Артықшылықтары:   Кемшіліктері:   **Рөлдік жаттығулар:** Қытайдағы үй қауымдарының үлгісіне еріңіз: 1. Әндерді ақырын айтыңыз 2. Киелі кітаптан үзінділерді көшіріп алыңыз. 3. Азап шегу мен қиындықтар туралы өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз. 4. Әр жаңа апта сайын, жаңа Киелі кітаптық аятпен өмір сүріңіз 5. Өзіңіз түрмеде отырғандай мінәжат етіңіз 6.Ізгі хабардың уағыздалуына мұқтаж еліңіздің өңірлері үшін мінәжат етіңіз Еркіндігі бар елдердегі мәсіхшілер қудаланып жатқан Қауымның азаптарын жүрегіне жақын қабылдауы үшін, не істеу керек? **Талқылау үшін сұрақтар:** 1. Қытайдағы, Эфиопиядағы қауымды коммунизм жоя алды ма, әлде өзгерте алды ма? Жауабыңызды негіздеп, нақты жауап беріңіз. 2. Сіз осы тарауда көрсетілген мәсіхтік қарым-қатынас туралы ойландыңыз ба? Сіз өзіңіз осындай қарым-қатынасқа қатысып көрдіңіз бе? 3. Қауым тобы өсіп үйде кездесуі үшін тым үлкен болса, ол не істеу керек? 4. Шайтан мәсіхшілерді алыс өңірлерге жіберу арқылы не істегісі келеді? Мұндай әдіс оған қарсы болуы мүмкін бе? Қалайша? 5. Ресми түрде қабылданған қауымның тәжірибесін жергілікті жағдайға бейімделу үшін «түзетуге» тырысқан жоқсыз ба? Осы тақырыпты талқылаңыз \(Назар аударыңыз: көптеген жағдайларда біздің сабақтарымызды қолдану «түзетудің» амалының бірі болмақ\). ### Жетінші тарау #### Мәсіхтік отбасы *Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек.* Иш. 54:13 ##### Отбасына деген Киелікітаптық назар Әуел баста отбасы Құдайдың жаратылысының негізгі бірлігі болды және отбасының арқасында Құдай адамзатпен өзінің өзара қарым-қатынасын нығайтты. Неліктен Құдай үшін отбасы соншалықты маңызды?     ##### Құдайдың отбасын қорғауы Он өсиеттен алтауы жеке адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасқа қатысты. Олардың үшеуі отбасын қорғауға арналған: • Ата-анаңды сыйла; • Неке адалдығын бұзба; • Басқаның әйеліне ие болуға сұқтанба \(Мыс. 20:7-17\). Отбасындағы өзара қарым-қатынастардың нығаюы үшін адамдар не істей алады?     ##### Мәсіхтік отбасы душар болатын қиындықтар Еркін қоғамда және тоталитарлық тәртіппен басқарылатын елдерде келесі салалар сенушілерге қалай ықпал ететінін түсіндіріңіз? 1. Уақыт 2. Оқыту 3. Көз тартып, қызықтыратын олжа 4. Келешек: білім алу мен жұмыс ##### Қауым үлгісі бойынша құрылған отбасы Егер мәсіхтік отбасы өзінің іргетасы ретінде Қауымның негізін көрсететін болса, онда ол қалайша Қауымның өзінің кішігірім бөлігі екенін көрсете алады? 1. Киелі кітапты бірге оқып-зерттеңіз. 2. Балаларды Құдайға арнаңыз. 3. Қауымның бүкіл бес қызметін атқарыңыз. 4. Мінәжат етуде үлгі болыңыз. ##### Қауымның отбасына қолдау көрсетуі Мәсіхшілік отбасын нығайту үшін келесі кеңестерді қалайша сіздің қауымыңызда жүзеге асыруға болады? 1. Әрбір сенушіге отбасы туралы киелікітаптық тәлімді жеткізіңіз. 2. Жаңадан сенімге келген жастарды өз отбасын тастап кетпеуге үйретіңіз. 3. Өзіңіздің қауымдастығыңызда отбасы жоқ сенушілер үшін отбасылық ортаны құруғакөмектесіңіз. 4. Мәсіхтің оқытудың бағдарламасын отбасына бағыттаңыз. 5. Отбасының өмірінде Қауымның барлық бес қызметін жүзеге асыруына көмектесіңіз. **Рөлдік жаттығулар:** • Тобыңызда бір отбасында қиындықтар бар екенін білесіз. Осы отбасында әкесі рухани жетекшінің рөлін атқармай, осылайша балалары мен әйеліне қиындық туғызады. Олардың өзара қарым-қатынастары қиын. Егер жағдай өзгермесе, отбасы бұзылады. Сіз және тобыңыз осы отбасы үшін не істей аласыздар? Топтағы қарым-қатынас жағдайды қалай өзгерте алады? • Көптеген Мәсіхке қарсы күштер бүгінгі таңда балаларын өз жағына тартып алу арқылы, мәсіхтік отбасына шабуыл жасауға тырысады. Жау біз әсіресе, сенімдерінде әлсіз болатын балаларымызға аз уақыт бөлетінімізді біледі. Коммунистер үнемі ата-анасының не істеп жатқаны туралы айтып беретін балаларды қолдайтын. Бұл өте ауыр сұрақ, өйткені әсіресе, кішкентай балалар не істеп жүргендерін білмейді. Көптеген қытайлық отбасыларында ата-аналар өз нанымдарын балаларынан жасыратын, өйткені олар билік иелеріне айтып береді деп қорқатын\! Сіздің балаларыңыздың сенімі қаншалықты мықты? • Егер жастар мемлекеттік саясатқа ынта білдірмесе, мемлекет оларға әрі қарай білім алуға рұсқат бермейді. Үстемшіл қоғамдардағы осындай тәсіл, кейбір жастарды ата-анасының нанымдарынан бас тартуға мәжбүр етті. Бір африкандық мемлекетте билік құрылымдары өз саяси тұғырнамасын нығайту үшін басқа ұлт өкілдерінің дәстүрлерін қалпына келтіруге тырысады және жастарды зұлым рухтарға табынатын рәсімдерге қатысуға мәжбүр етеді. Егер олар бас тартса, оларды қатаң қудалай бастады. Егер олар билік иелеріне бағынса, өз мәсіхтік сенімдерін жоғалтудан қорқады. Балаларыңыз осындай сынақтарға төзе ала ма? Ал сіз ше? • Кейбір елдерде отбасы басшылары қалған отбасы мүшелерін діни нанымдарды таңдауға мәжбүрлейді. Әйелі мен балалары күйеуінің нанымына қарамастан, мәсіхші болса, не істеу керек? Олар қалайша отбасы басшына құрметпен қарап, өз сенімдеріне адал болып қала алады? **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Әнұрандардың бір туындыгері былай деген екен: «Бұл әлем Құдайға дос емес». Айналаңыздағы әлем сізге және отбасыңызға, Құдаймен өмір сүруіңізге қандай қысым жасап жатыр? 2. Жалған тәлімдерге үйрететін мәсіхтік емес мектептердегі жағдайда балаларын қорғап, оларға сенімдерінде мықты болып қала беруге көмектесетін тәсілдерді талқылаңыз. 3. Тобыңызда жас мүшелер кеткен жағдайлар болды ма? Оларды шынайы жолдан не алып кетті? 4. Қалай ойлайсыз, мүшелерінің қарым-қатынасын нығайту үшін тобыңыз не істей алады? # III БӨЛІМ ## Дау-жанжал ### Сегізінші тарау #### Жауды білу *Ал кім күнә жасай берсе, сол — шайтанның баласы, себебі шайтан әлем жаратылғаннан бері күнә жасап келеді. Бірақ Құдайдың рухани Ұлы шайтанның ісін жою үшін бұ дүниеге келді.* 1 Жох. 3:8 1998 жылдың жазында Қытайдың орталық бөлігінде конференцияға үй қауымның басшылары жұмыс мәселелерін талқылау үшін жиналды. Олар шағын діни топтардың он мыңнан астам мүшелерінің өкілдері болды. Олар үш маңызды мәселені айрықша атап, оларды шешудің стратегиясын жасап шығарды. Қауымның басты мәселелері ретінде алғашқы үш орынға сіз нені қояр едіңіз? 1. 2. 3. Киелі кітап мәсіхшілік өмірдегі дау-жанжал төрт көзден шығады деп үйретеді. Бұл қандай көздер? 1. Марқа 7:20-23; 2. Жохан 16:33; 3. Жақып 4:4; 1 Жохан 2:15-17; 4. Ефес. 6:10-12; 1 Пет. 5:8.     ##### Біздің жауымыз кім? Шайтанның тиімді амалдарының бірі өзінің шынайы болмысын көмескілендіріп көрсетуге тырысу болып табылады. Киелі кітап біздің жауымыз шайтан туралы көп айтады. Көне Келісімнің жеті кітабы және жаңа Келісімнің кітаптары ол туралы айтады немесе тым болмағанда атын айтады. Жаңа Келісімдегі жиырма тоғыз сілтемеде, Иса ол жайлы жиырма бес рет айтады. Бізге Киелі кітап жауымыз туралы не айтатынын нақты білуіміз керек, Жазбада «ең алдымен шайтан күнә жасады» деп айтылған \(1 Жох. 3:8\). Пауыл біз әзәзіл шайтан бізден амалын асыратын жағдайларға жол бермеуіміз керек, өйткені оның зымиян ниетін жақсы білеміз деп жазды \(2 Қор. 2:11 қараңыз\). Шайтанның аттарының тізімі оның кейбір негізгі қасиеттері мен сипаттамасын анықтауға көмектеседі: **1. Бүлік шығаратын билеуші** • ауада билік ететін зұлым күштердің әміршісі \(Еф.2:2\); • осы әлемнің патшасы \(Жох.14:30\); • осы күнәкар дүниенің тәңірі \(2 Қор.4:4\); • жындардың патшасы \(Мат.12:24\). **2. Өтірікші** • жала жабушы \(Аян 12:9-11\); • өтіріктің атасы \(Жох.8:44\); • нұрлы періште \(ал оның қызметшілері әділдік қызметшілері\) \(2 Қор.11;14-15\); • азғырушы \(1 Сал.3:5\). **3. Кісі өлтіруші** • ақырған арыстан \(1 Пет.5:8-9\); • кісі өлтіруші \(Жох.8:44\). Әзәзіл шайтан мәсіхшілердің өміріне қатысты өзінің басты рөлін қалай орындайтынын түсіндіріңіз?     ##### Жауымыздың шығу тегі Әзәзіл шайтанның кім екенін түсінуге келесі анықтамалардың қайсысы көмектесетінін түсіндіріңіз. • бізді ауа іспетті қоршап тұрған зұлым күштердің әміршісі \(Еф. 2:2\); • осы күнәкар дүниенің әміршісі \(Жох. 14:30\); • осы күнәкар дүниенің «тәңірі» \(2 Қор. 4:4\). Егер шайтан Құдайға ұқсауға тырысатын болса, бірақ өзі ешнәрсені жарата алмайтын және жасай алмайтын болса, онда оның басты мақсаты неде? ##### Жауыздың атқаратын қызметі Шайтан, Құдайдың жауы бола тұра, мәсіхтік қауым мен мәсіхтік отбасының ішінде өзінің зұлым қызметін қалай іске асырады? 1. Шайтан Бүлік шығаратын билеуші ретінде 2. Шайтан өтірікші ретінде а. Ол Құдайдың сөзін бұрмалайды б. Ол сенушілер туралы өтірік айтады 3. Шайтан кісі өлтіруші ретінде ##### Қорытынды Жау қатал әрі қу. Біз осы шындықты мойындауымыз керек. Бірақ біз жеңімпаз өмір сүре аламыз, өйткен Киелі кітап бізге: «Құдайға шүкірлік етейік\! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды\!», — деп айтады \(1 Қор.15:57\). Жохан жазған Ізгі хабардың \(1:4-5\) үзіндісін басқаша айтқан кезде, Юджин Петерсон былай деді: «Адамдардың өмірі болып табылатын Нұр жарқырайды, Оны түнек сөндіре алмайды». **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Кейде адамдар шайтан – жай ғана зұлым күш сияқты әрекет етеді. Ол шынайы тұлға екеніне қалай сенімді бола аламыз? Неге бұл дерек маңызды? 2. «Құдай бар ма, неліктен Ол жер сілкіністері, топан су, басқа да апаттар кезінде кінәратсыз адамдардың өліміне жол береді?» деген сұраққа қалай жауап беруге болады? 3. Зұлымдық игілікке қалай жасырынып, бізді ақыр соңында құрту үшін шатастырады? 4. Бір адам былай депті: «Шайтан сенушіге зиян келтіре алмайды». Сіз осымен келісесіз бе? Осы туралы Еврейлерге арналған хатта \(11:32-39\) не айтылған? 5. Осы тарауда айтылған шайтанның әрбір әдісін талқылаңыз. Оның іс-әрекеттерін айналаңыздан көруге бола ма? ### Тоғызыншы тарау #### Жаудың стратегиясы *Салауатты да сергек болыңдар\! Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр.Сенімдеріңе берік болып, оған төтеп беріңдер\! Дүниенің төрт бұрышындағы құрбы қауымдастарыңның да дәл сондай азаптарды шегуге мәжбүр екенін білесіңдер ғой.* 1 Пет. 5:8 ##### Шайтанның әдістері Келесі мысалдар қалайша шайтанның әрекет ететін әдістерінің сипаттамасы бола алады? • Шайтан бір нәсілдік топтың басқа топқа өшпенділігін тудырады; • Шайтан бір мәсіхшілерді басқа бір мәсіхшілерге тікелей зорлық-зомбылық әрекет пен басқыншылық жасауына түрткі болады; • Ол тіпті мәсіхшілерді ықпал ете алмайтын адамдардан ажыратып тастауға тырысады және дәл солай оларды сенімде нығайтатын адамдардан ажыратып тастауға тырысады; • Ол бұрын қарым-қатынас жасап жүрген сенушілердің арасында келіспеушілік пен алшақтықты ушықтырады.     ##### Жаудың сыртқы әдісі **Бір басқару жүйесі екіншісіне қарағанда көбірек «шайтаннан» деп ойлаудың қажеті жоқ. Әрбір тоталитарлық тәртіп мәсіхшілерге бақылау қағидасы негізінде билік жүргізеді. Осылайша паранойяны кез келген тоталитарлық тәртіптің ерекше белгісі деп атауға болады.** **Мәсіхшілер айқын агрессивті қарсылық жағдайында толығымен өздерінің Киелі Рухпен өзара қарым-қатынасына тәуелді болады.** Төменде келтірілген шайтанның сыртқы әдістерінің элементттері қалайша мәсіхшілерге олардың қызметінде кедергі бола алады? 1. Оқшаулану мен дау-жанжалдар 2. Ұлтшылдық 3. Зиялы қауымның имандылығы 4. Діни төзбеушілік • Тәубе етуге тыйым салу • Ресми түрде белгіленген жерлерде табыну • Қорқыту • Экономикалық қысым • Азап шегу • Прозелитизм \(өзінің сеніміне қайтару\) 5. Идеология \(коммунизм\) Коммунистер мәсіхшілерге қарсы келесі төрт әдісті қалай қолданды? • Бейтараптандыру • Қорқытулар • Қайта оқыту • Жалған айыптау 6. Қысым көрсетудің заманауи тәсілдері Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойы мәсіхшілер жау тарапынан жаңа, әрі байқалмайтын бақылау тәсілдерін бастарынан өткізіп жүр. Мәсіхшілерге қалайша экономикалық қысым көрсетуге болатынын түсіндіріңіз \(мысалы, Перу сияқты елдерде басқа кітаптарға қарағанда, оның ішінде басқа діннің әдебиетіне қарағанда, импорт арқылы келетін, Киелі кітап пен басқа мәсіхтік әдебиетке көбірек салық салынады; Бангладеште, басқа елдерден қайырымдылық көмекті қабылдауға тыйым салынған; Индонезияда елшілер үшін виза құжаттарын алуда және ұзартуда қиындықтар бар\).       ##### Қудалану үдерісі Доктор Джим Каннингэм мәсіхтік сенімді құртуды мақсат ететін, қудалау үдерісін төрт кезеңге бөлуге болады дейді. Төменде келтірілген жағдайлар сіздің қызметіңізге қалай ықпал ететінін түсіндіріңіз: Бірінші кезең – сізді рухани мақсат-аян мен үміттен айыру үшін, сізді алдап, қолданады деп ойлаған кездегі қорқынышыңызға жауап. Екінші кезең – куәлік ету мен сенуді тоқтатуға мәжбүр ету мақсатында сізді үндемеуге мәжбүрлеу үшін және сізді үмітсіздікке душар еткізу үшін айтқан сөзіңізге бола қысым көрсету. Үшінші кезең – сіздің іспен көрсетіп жатқан жанашырлық пен сүйіспеншілікті тартып алу мақсатында сізді үнемі бақылауында ұстап, жеңу үшін жасап жатыр деп айтқанынызға қорытынды жасау. Төртінші кезең – сізді ең алдымен жеке тұлға ретінде құрту үшін жауап ретінде өлтіру. Адамдар барлық кезеңдерде қудалауларға душар болады, алайда жаудың ақырғы мақсаты – өлтіру болып қала береді. Елде қалайша біртіндеп үш кезеңде мәсіхшілерге қудалану басталуы мүмкін екенін түсіндіріп беріңіз: • Жалған ақпарат   • Кемсітушілік;   • Қудаланулар \(әуелі селқос, сонан соң белсенді\).   **Рөлдік жаттығулар:** Үкімет бір жыл ішінде қызмет етуге рұқсаты жоқ қауымдар жабылады деген заңды қабылдау туралы шешім қабылдайды. Бұған қоса, мәсіхшілер залдарды жалға алуға және қоғамдық орындарда кездесу құқығынан айырады. Сіз осындай рұқсаты жоқ қауымның бағушысысыз. Қауымыңыз өмір сүру үшін қандай қадамдар жасайсыз? Рөлдік жаттығулар өткізіңіз, содан кейін шайтанның алты әдісінің әрбіреуін талқылаңыз. Әрбір нақты жағдайда сіз не істер едіңіз? Сіздің жағдайыңызбен қандай ұқсас жағдайлар бар? Рухани қолдауға ие болу үшін сізге не жайлы мінәжат ету керек? **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Қалай ойлайсыз, коммунистік елдердегі қауым неліктен мықты болды және көп жағдайда саны жағынан қатты өсті? 2. Ресми қабылданған қауымдарда «инфильтрация» үдерісін немесе бөтен элементтердің кіруін тоқтату неліктен сондай қиын? Неліктен шынайы қауым қарым-қатынасы осы тапсырманы тиімдірек орындайды? Жау ортасында басқа мәсіхшілерге қалайша сенуге болады және қалайша олардың арасында бірлікті сақтап қалуға болады? 3. Ертедегі қауым қудалаулар мен жікке бөліну мәселелерін қалай шешті? ### Оныншы тарау #### Адам жанын бұзатын шайтанның іс-әрекеттері *Сонымен, Құдайға мойынсұныңдар\! Әзәзіл шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден қашып кетеді.* Жақ. 4:7 ##### Жаудың ішкі әдісі Жаудың сыртқы әдісін байқау айтарлықтай оңай, бірақ біздің жауымыз, шайтанның қолданатын ішкі әдістері байқалмайды және олар оның мақсатына жету үшін әлдеқайда тиімдірек. Төменде атап көрсетілген жағдайлардың әрқайсысында сіз қалайша шайтанға қарсы тұратыныңызды айтып беріңіз:     1. Айып сезімі Неліктен айып сезімі адамға қарсы тиімді қару болуы мүмкін?       Сіз мойындалмаған айып сезімімен қалай жеңесіз?     Елші Жоханның Аян кітабына сәйкес \(12:11\) сенушілер шайтанның айыптарына үш жолмен қарсы шыға алады: «Бауырластарымыз «Тоқтының» өз жанын құрбан етіп Қанын төгуінің арқасында және өздерінің Ізгі хабарды қабылдап, ашық мойындауларымен жеңіске қол жеткізді. Олар өз жандарын тым қатты сүймей өлімге қиды». Төмендегі келтірілген сәттерді шайтанның айыптауына қарсы қалай қолдануға болатынын түсіндіріп беріңіз: • Тоқтының Қаны • Куәлік сөзі • Жанын қиюға дайын сүйіспеншілік 2. Жалған айып сезімі «Сіз неліктен билік иелеріне мойынсұнбайсыз?» - деген сұраққа сіз қалай жауап бересіз?   Егер кенеттен сіздің жүрегіңізде күмән пайда болып: «Жұмыс күні талдың астында екі немесе үш адам жиналса, бұл табыну бола ма?» —деген сұрақ пайда болған жағдайда, сіз осы сұраққа не деп жауап берер едіңіз?   Киелікітаптық тәлімге сәйкес біздің жер бетіндегі билік иелерінің алдындағы жауапкершілігіміз келесі тәртіптерден тұрады: • мойынсұну; • заңға мойынсұну; • игі істер жасау; • билік иелерін құрметтеу; • кішіпейіл және достық қарым-қатынаста болу; • салық төлеу; • билік иелерін жамандамау. Келесі киелікітаптық кейіпкерлер қалайша «адамдарды емес, Құдайды көбірек тыңдады» \(Елш.іст. 4:19; 5:29\)? • Садырақ, Мисақ және Әбдінего; • Даниял; • Петір мен Жохан; • Пауыл.     3. Қорқыныш Қорқыныш барлық уақытта біздің түйсігіміздегі тұспалға құрылған. Шын мәнінде қорқыныш – бұл шынымен орындалатын сияқты, жалған күтулер. Біздің жүрегіміздегі түңілу сезімін күшейту үшін, шайтан қорқыныш сезімін қалай қолданады?     Егер төрт киелі кітаптық негізде берік тұрса, қорқынышты қалай жеңіп шығуға болатынын көрсетіңіз: • Філіпіліктер 4:6-7 мен Елш.іст. 27:23-25; • Еврейлерге 10:32-39; • Римдіктерге 8:28; • Матай 10:28. Келесі жағымсыз сезімдерді қалай жеңіп шығуға болады: • Дағдарыс жағдайындағы қорқыныш • Әділетсіздік пен күнәға қарсы шығуға қорқу     4. Әр түрлі діндердің элементтерінің араласуы «Еркін қоғамдағы синкретизмнің соңғы нәтижесі – мәсіхтік Ізгі хабар тарату мен басқа дін жақтаушыларын мәсіхтік сенімге әкелуге тыйым салатын заңдардың шығарылуы болмақ». Осындай пікірмен келісесіз бе? Неліктен?       **1999 жылдың қазан айында Ватиканда әр түрлі діндердің өкілдері жиналды. Осы топта Рим папасы және имам У.Д. Мұхаммед те болды. Куәгерлер бір үнді әйелінің айтқан сөзін келтіреді: «Басынан бастап, барлық делегаттар барлық діндерде ақиқат бар екендігін және бір мақсатқа жетудің әр түрлі жолын мойындағанын атап көрсету жанға жағымды екен».** ##### Меркантилизм Меркантилизм мәсіхшілер үшін байқамай түсетін тұзақ, өйткені біз сырт көзбен қарағанда мәсіхші сияқты болып көрінуіміз мүмкін, бірақ жүрегімізде материалист болуымыз мүмкін. Енді еркін елге айналған, коммунистік Румыниядағы бір қауым жетекшісі былай деген екен: «Өз жеке тәжірибемнен білемін, мәсіхшілердің тоқсан тоғыз пайызы қудалауларға душар болған кезде, осы сынаққа төзеді, сенім байлықпен сыналған кезде, осы тоқсан бес пайызы шыдай алмай, сенімінен таяды». Неліктен? «Осы дүниелік заттарға» құштарлықты қалайша жеңіп шығуға болады? Қытайлық жетекшілер батыс мәсіхшілеріне мынадай өтініш жіберді: «Өтініш, ақшаны беруден бұрын, мінәжат етіңдер және оларды үй қауымдары қозғалысымен тәжірибесі бар миссиялар арқылы беруге тырысыңдар. Сенушілердің жеке мұқтаждықтарына азғантай мөлшерде ғана ақша беріңдер». Сіз осындай өтінішпен келісесіз бе? Неліктен?     ##### Қорытынды Назар аударыңыздар: шайтанның орынсыз шабуылы өтірік пен қорқытуға негізделеді. **Рөлдік жаттығулар:** Сіз жазалаушы тәртібі бар елде өмір сүресіз, ал ақшаңыз сізде өте аз. Еліңізде Киелі кітап пен рухани әдебиеттің жетіспеушілігі сезіледі. Бір күні сіздің тобыңызды сізге адал әрі дос болып көрінген бір шетелдік пайда болады. Ол сізге батыстағы қауымның қарамағындағы қауым боласыз деген талаппен сізге қомақты сомадағы ақшаны ұсынады. Егер сіз жаңа қауымдар ашуға көмектессеңіз, ол көп құрбандықтарды уәде етеді. Жергілікті қауымның басшыларына қаржыны пайдалануда қатаң есептілік орнату үшін алатындарға да, беретіндерге де, қатысты қатал талаптарды дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін қалай әрекет ету керек? Ақшаны кімге беру керек? Жеке адамға ма, әлде комитетке ме? Есептіліктің қандай ережелерін орнату керек? «Материалдық нәрселерге тәуелді болуды қалай жеңуге болады?» бөлігіндегі атап көрсетілген ұсыныстарды рөлдік жаттығуларға қосыңыз. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Шынайы айып сезімін жалған айып сезімінен қалай ажыратуға болады? 2. Егер сіз күнәңізді мойындасаңыз, шынайы айып сезімімен не болады? 3. Азаматтық үкіметтің билігінің ар жағында қандай ақиқат жатыр? 4. Сіздің діни тобыңызда сенушілерде барлығы ортақ болған, ертедегі қауым үлгісімен қарым-қатынас жасау мүмкін бе? Осы қауымдастық өмір оның қандай түрлерін қабылдай алады? ### Он бірінші тарау #### Рухани соғыс *Колданып жүрген қаруларымыз осы дүниелік емес, оларда Құдайдың құдіреті бар. Солармен жау бекіністерін талқандаймыз.* 2 Қор. 10:4 «Шынайы соғысқа қатысушы сенушілер ретінде біз осы соғыстың қара күштеріне емес, Тірі Құдайға бар назарымызды аударуымыз қажет». Неліктен бұл бүгінгі күннің шындығында маңызды?     «Рухани соғыс көбірек… партизандық соғысты көбірек еске түсіреді». Осы пікірге дәлел келтіріңіз. \(Еф. 2:6; 2 Қор. 4:18.\)     ##### Рухани соғыстың анықтамасы Егер шайтанның негізгі стратегиясы бөлу мен билік етуге ұмтылудан тұратын болса, онда ол бұған қалай қол жеткізеді?     ##### Жеке тұлғаның түнек күштеріне тәуелді болумен рухани соғыс Әзәзіл адамға қалайша заңды түрде әсер ете алады? • Римдіктерге 3:9-12; • Елш.іст. 19:18-19; • Марқа 9:17-27; • Руларды санау 14:18.   Елшілердің істері кітабында 16:16-23 айтылған оқиғадан рухани соғыстағы өзіміздің рөліміз туралы біз не біле аламыз? Матай жазған Ізгі хабар 12:29 оқып шығыңыз. Иса егер алдымен «күштіні» байлап тастамаса, адамды құтқаруға тырысу пайдасыз деп айтқанда, нені меңзеді?     ##### Рухани соғысты қалай жүргізу керек Киелі жазбадағы келесі аяттарды шайтанға қарсы қалай қолданатыныңызды \(немесе қолдана аласыз\) түсіндіріп беріңіз: • Ишаия 62:6-7; • 2 Шежіре 20:21-22; Забур 67:1-36; • Аян 12:11; • Ишая 58:6; • Забур 83:1-4; • Жақып 4:7; • Елш.іст. 16:16-40. **Рөлдік жаттығулар:** Сіз қарым-қатынас жасау тобында мінәжат етіп жатырсыз. Кенеттен бір қатысушысының жын соққандығы туралы белгілі болады. Сіз не істейсіз? Қаншалықты ұзақ осы рухты қуа аласыз? Егер осы мәселені өзіңіз шеше алмасаңыз, кімді көмекке шақырасыз? Құрбанның зұлым рухтан толық азат болуы үшін күресу керек деп ойлайсыз ба? **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Рухани соғыстың маңыздылығын толығымен түсінесіз бе? Осы мәселені түсінудің деңгейін арттыру үшін сіз және тобыңыз не істей алады? 2. Өңіріңізде шайтанға табынушылар бар екенін білесіз бе? Тобыңыздың басқа мүшелері біле ме? Осы ақпарат бірге мінажат етуіңізді қалай өзгерте алады? 3. Мәсіхшіде шайтанның күштерінен қорқуға негіз бар ма? # IV БӨЛІМ ## Мүмкіндіктер мен қорлар ### Он екінші тарау #### Құдайдың қару-жарағы *Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар\!* Еф. 6:11 **Құдай Өзінің әскери-қызметшілері ретінде біздің жауды жеңе алуымыз үшін және Оның Патшалығы үшін ұлы жеңіске жетуіміз үшін, бізді рухани қару-жарақпен және барлық қажет қорлармен жабдықтады.** ##### Қорғанатын рухани қару Өзіңіздің рухани қару-жарағыңыздың әрбір құрамдас бөлігін қарап шығып, бүгінгі күнде оларды қолдану үшін әрбір құрамдас бөлікті «өзіңізге қалай киетініңізді» айтып беріңіз. • Шындық белбеуі • Әділдік сауыты • Тыныштық кебісі • Сенім қалқаны • Құтқарылу дулығасы   ##### Шабуыл жасайтын рухани қару Ефестіктерге арналған хаттың 6 тарауында келтірілген шабуыл жасайтын маңызды Құдайдың қару-жарағының екі түрін жан-жақты қарастырып шығыңыз. • Рухани семсер; • Мінәжат. **Рөлдік жаттығулар:** Өз тобыңызда Рим сарбазының қару-жарақты кию үдерісін және оны қалай қолданатынын көрініс ретінде көрсетіңіз. Осы қару-жарақтың біреуі болмаған кездегі әлсіздікті ойнап көрсетіңіз. Бәріңіз бірге рухани қару-жарақтың әр түрін қолдану саласын кеңейтуге тырысыңыз. Тобыңыздың және қауымыңыздың рухани мұқтаждықтарына мінәжат етуге уақыт бөліңіз. Бүкіл әлемдегі қудаланған сенушілерді де есіңізге алыңыз. **Жеке тапсырмалар:** Патшалықтардың 1 кітабының 17 тарауын оқып шығып, рухани соғысты жүргізудің қағидаларын атап шығыңыз. Дәуіт Ефестіктерге арналған хатта сипатталған, Құдайдың қару-жарағын қалай қолданғанын талқылаңыз. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Құдайдың қару-жарағының әрбір элементінің іс-жүзінде қолдануын талқылаңыз. 2. Шынайы өмірде Құдайдың қару-жарағын қолданып жатқанымызға қалай сенімді бола аламыз? 3. Рухани соғыста қорғаныс пен күшті қолдану қағидаларын түсіндіру үшін, рим сарбазынан басқа замануи қандай бейнені қолдануға болады? Үндістанда мысалы, мәсіхшілер қатты соққы беруге дайын тұрған, крикетир бейнесін қолданады. Канадада қатты жылдамдықпен өзіне қарай ұшып келе жатқан дойбыны қағып алуға дайын тұрған, хоккей тобының қақпақшасының бейнесін қолданады. Жапонияда осы бейне ойын кезінде оны қорғайтын, костюм киген, бейсболист арқылы көрсетілген. 4. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз: • Біз барлық уақытта ойымызбен де, сөзімізбен де Шындықпен өмір сүреміз бе, әлде өзімізді де, басқа адамдарды алдауға мүмкіндік береміз бе? • Біз Құдайдың әділдігін жамылып аламыз ба, әлде өзіміздің ережелеріміз бен үлгілерімізге сай өмір сүреміз бе? • Біз Құдайдың тыныштығында және өзіміздің құтқарылғанымызға сенімділікпен өмір сүреміз бе? • Біз белсенді татуластырушылар болуға дайынбыз ба? • Біз сеніммен еңбек етеміз бе, әлде қорқынышпен бе? • Біз Құдайдың сөзін қолданамыз ба, әлде өз сөзімізді ме? • Біз Киелі Рухтың күшімен мінәжат етеміз бе, әлде біздің мінәжаттарымыз үстіртін, өзімшіл және мағынасыз ба? • Біз айналамыздағы рухани әлемде шайқас алаңында болып жатқан нәрселерді түсінеміз бе, әлде бізді басқа бір нәрсе өзіне қызықтырып тарта ма? • Біз басқа сенушілердің Киелі Рухтың жаңарған күшімен тұруына көмектесіп және біз бұдан былай жалғыз шайқаспауымыз үшін, олардың да бізге рухани шайқаста қосылуы үшін тұрақтылықпен мінәжат етеміз бе? ### Он үшінші тарау #### Құдайдың қолдауы: Киелі Рух *Сонымен, өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білсеңдер, көктегі Әкенің Өзінен сұрағандарға Киелі Рухын сыйлайтыны ешбір шүбәсіз.* Лұқа. 11:13 Құдайдың Өзінің қауымына шайтанды жеңуі үшін қару-жарақтың үш түрін ұсынады: бұл Киелі Рух, Киелі кітап пен мінәжат. ##### Киелі Рух Иса бізді жалғыз қалдырмайтыны, қайта бізге Қамқоршы жіберетіні туралы айтты. Ол бізбен бірге мәңгі болады \(Жох.14:16-18\). Ол сонымен қатар Киелі Рухтың бізді үйрететіні жайлы айтты \(Жох.14:26\). Иса оны шындық Рухы деп атады \(Жох.14:17\). Киелі Рух сенушінің өмірінде шынайы болғаны соншалықты, оның қасиеттері мен атқаратын қызметтерін атап өткен пайдалы болар еді. Бос орындарға Киелі Рухтың қасиеттері мен атқаратын қызметтерін толтырыңыз:   • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ біздің игіліктеріміздің \(Еф. 1:14\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ бізді \(Жох. 14:16\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ осы дүниені \(Жох. 16:8\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \(Жох. 14:26\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \(Жох. 14:26\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ Мәсіх туралы \(Жох. 15:26\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ кез-келген шындыққа \(Жох. 16:13; Рим. 8:14\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ Исадан\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ бізге \(Жох. 16:14; Лұқа. 2:26\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ Мәсіхті \(Жох. 16:14\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ күш \(Елш.іст. 1:8\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ біз арқылы \(Елш.іст. 4:31\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ бізге \(Жох. 16:13\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ біздің бойымызда \(Рим. 8:16\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ бізді \(Рим. 8:26\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ біз үшін \(Рим. 8:26\) • Ол береді\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \(1 Қор. 12:4-11\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \(Тит. 3:5\) • Ол қояды \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ уәде \(Еф. 1:13\) • Ол біздің бойымызда \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \(Ғал. 5:22\) **Біздің өміріміз Құдайдың кереметінен басталды, Мәсіхте көктен қайта туылдық және біз осындай өмірдің жалғасуын тек Құдайдың күшінің көмегінен ғана күте аламыз.** ##### Киелі Рухтың құдіреті Жоғарыда келтірілген Киелі Рухтың қызметтері мен ерекше белгілерінің ішінен, Киелі Рух дін еркіндігі шектелген елдердегі қауым ғимараты жоқ немесе ресми түрде мойындалған қауым жетекшісі жоқ сенушілер үшін жүзеге асыратындарының астын сызып шығыңыз. ##### Барлығының игілігі үшін жеке сыйлар Киелі Рух туралы сіз Киелі жазбадан не білесіз? • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_ \(Жар.баст. 1:2\) • Ол \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \(Евр. 9:14\) • Ол мекендейді \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \(1 Қор. 3:16; Рим. 8:9\) • Ол ешқашан тастамайды \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \(Жох. 14:16\) • Оның біздің бойымызда өмір сүріп жатқаны \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \(Ғал. 5:22-23\) • Ол күш береді \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \(Жақ. 4:7; Лұқа. 9:1-2\) Келесі киелікітаптық үзінділер бізді не нәрсеге үйрете алады? • Ефестіктер 4:7, 11-12; • 1 Қорынттықтар 12:1, 7-11; • 1 Петір 4:10. **Рөлдік жаттығулар:** Сіз тобыңызбен Киелі Рухтың атқаратын қызметтерін қайталап, осы қызметтерді күнделікті өмірде жүзеге асырумен бөлісіп жатырсыз. Бірінші осы қызметтерді атап шығудан бастаңыз. Содан кейін қатысушылардың қайсысы соңғы бірнеше күннің ішінде Киелі Рух белгілі бір жағдайларда оларды жұбатқанын сезгенін сұраңыз. Сенушілерден осы туралы айтып беруді сұраңыз. Неліктен олар Киелі Рухтың барлық қызметтерінің жүзеге асырылуын көрмей жүргенін талқылаңыз. Киелі Рух сіздің өміріңіздің әрбір саласын бақылауы туралы мінәжат етіңіз. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Шайтан біздің Өзін үш тұлғада ашып көрсеткен, Құдайды жеке тұлға ретінде қабылдауымызға қолынан келгенше қарсы шығады. Осы тәлімге қарсы шығудың нақты мысалдары туралы айтып беріңіз. Сенушілерге осы тәлімді қалай түсінуге болады? 2. Киелі Рухтың қандай қызметтері сізге әсіресе маңызды болып көрінеді? 3. Өміріңіздің қандай салаларында Киелі Рухтың іс-әрекетін байқағаныңыз туралы айтып беріңіз. 4. Киелі Рухтың рухани дарындарын тағы бір рет атап шығыңыз. Тобыңыздың мүшелері қандай рухани дарындарға ие деп ойлайсыз? Сіз өзіңіз қандай рухани дарынға иесіз? 5. Киелі Рухтың қызметінің жемістерін атап шығыңыз. Өміріңізде Киелі Рухтың жемістері көрінетінін қалай анықтауға болады? Сіздің бойыңыздан олар көріне ме? Сіздің тобыңызда ше? ### Он төртінші тарау #### Құдайдың қолдауы: Киелі кітап *Ең бастысы, Киелі жазбалардағы пайғамбарлар сөздерінің ешқайсысы да пайғамбардың жеке түсінігі бойынша туындамағанын біліңдер. Себебі бұл пайғамбарлық сөздер ешқашан адам баласының қалауымен пайда болған емес. Қайта, Киелі Рух Құдайға бағышталған адамдарға Оның хабарларын айтуға қозғау салып отырды.* 2 Пет. 1:20-21 ##### Жігерлендірудің басты көзі Неліктен мәсіхшілер өзінің рухани қару-жарағының бір бөлігі ретінде Киелі кітапқа мұқтаж болады?       Бос орындарды сәйкес келетін сөздермен толтырыңыз: Киелі кітап — бұл Құдайдың Өзі және Өзінің адамдармен қарым-қатынас жасауға деген қалауы жайлы \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_. Бұл тек Құдайдың тұлғасы туралы аян ғана емес сонымен бірге Оның әлемді \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ аяны. Егер Ол Өзін \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ көрсеткісі келмесе, адамдар біздің Ұлы Құдайды ешқашан түсінбес еді. Неліктен шайтан Киелі кітапқа қатысты ашулы өшпенділікті сезінеді?       ##### Жазбаның беделі Неліктен жазалаушы үкімет Киелі кітапты жек көреді?       ##### Шекарасы жоқ Киелі кітап 1. Киелі кітапты оқып-зерттеу және ол туралы ойлану Киелі жазбаны өзіміздің өмірімізде қолдану үшін біз өзімізге үш негізгі сұрақты қоюымыз керек: • Осы аяттар Киелі кітапты алғаш рет тыңдаған адамдар үшін нені білдірді? • Мұнда уақытқа бағынбайтын қандай қағида жасырынған? • Осы қағиданы мен қай жерде және қалай іс жүзінде қолдана аламын? Киелі кітаптың аяты немесе үзіндісіне ойланудың алты нақты жолы мынау: • Оны елестетіңіз\! Онда сипатталған көріністі көз алдыңызға елестетіңіз. • Оны айтып шығыңыз\! Айтқан сайын әр түрлі сөздерді айрықша атап оны толығымен айтып шығыңыз. • Оны баяндап беріңіз\! Баяндамаңызды жазып қойыңыз. • Оны рөлде ойнап көріңіз\! Сол жердегі кейіпкердің атының орнына өзіңіздің атыңызды қойыңыз. • Ол жайлы мінәжат етіңіз\! Аятты мінәжатқа айналдырып, ол туралы Құдайға айтыңыз. • Оны зерттеңіз\! Оған мына сұрақтарды қойыңыз: • Осы аят мені мойындау керек күнәларда әшкерелей ме екен? • Бұл аят маған мінәжат ету керек уәделерді көрсетіп тұрған жоқ па екен? • Бұл аят мен өзгертуім тиіс көзқарасты көрсетіп тұрған жоқ па екен? • Мұнда мен орындауым керек бір бұйрық жоқ па екен? • Бұл аятта мен еруім керек үлгі жоқ па екен? • Бұл аятта мінәжат етуіме көмек беретін мінәжат жоқ па екен? • Бұл аятта мен аулақ бола алатын қателерге нұсқау жоқ па екен? • Бұл аятта мен сенуім керек ақиқаттар жоқ па екен? • Бұл аятта мен Құдайға алғыс айтатын бір нәрсе бар ма? 2. Киелі кітапты есте сақтау Бір парақ қағазға өзіңіз есте сақтағыңыз келетін барлық аяттарды жазып шығыңыз. Есте сақтау үшін жазып алған осы аяттардың санын бір долларға көбейтіңіз. Осылайша сіз өзіңіздің киелікітаптық қазынаңыздың «құнын» есептеп шыға аласыз. Өзіңіздің есебіңізді Киелі кітаптағы барлық аяттардың «құнымен» салыстырыңыз: 31 102 000 доллар болады. ##### Киелі кітапты сақтау Өте ауыр жағдайда қудаланған мәсіхшілердің Киелі кітапты таратқан тәжірибесі мынадай: • Киелі кітапты тұтас кітап ретінде емес, бөлінген түрінде тарату оңайырақ. • Киелі кітап даналарын оны көшіріп, басқа адамдарға үлестіретін адамдарға беріңіз. • Жазалаушы тәртібі бар елдердің барлық үкіметі бүкіл пошта корреспонденциясын бақылай алады. Жазбаның бірақ данасын пошта арқылы жіберуге болады. Бұл даналар қолымен әдетте қағазға көшірілуі тиіс. • Киелікітаптық аудиотаспаларды қолдану аз күдік тудыруы мүмкін, әсіресе, музыкаға салынған мәтіндер. • Компьютерді қолданатындар Киелі кітапты дискілерге сақтай алады. **Рөлдік жаттығулар:** Тобыңыз сіз Киелі кітапты кіргізуге рұқсат бермейтін бөлмеге жиналып алды. Қатысушылардың әрқайсысы есіндегі аяттарды қағазға жазсын, содан кейін оларды Киелі кітаптық түпнұсқасымен салыстырыңыз. Ақыр соңында Киелі кітаптың қаншалықты үлкен үзіндісін алдыңыз? Өткізілген сынақтың нәтижелерін талқылаңыз. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Сіз Киелі кітапқа деген сынды естіп пе едіңіз? Мәсіхші оған қалай жауап беруі тиіс? 2. Иса Мәсіх Көне Келісім жазбаларын маңызды деп санағынында қалай сенімді болуға болады? 3. Киелі кітаптық аяттарды не үшін жаттау керек? 4. Киелі кітапты жаттау бойынша аяттар көбіне негізгі аяттарды жаттауды көздейді. Бірақ неліктен тұтас тарауларды жаттау да маңызды? 5. Билік иелері Жазбаға тыйым салған елде болып қалсаңыз, Киелі кітапты қалай сақтайсыз? ### Он бесінші тарау #### Құдайдың қолдауы: Мінәжат *Әрдайым Құдайға сиынып, рухани сергек те шыдамды болып, шүкірлік ете беріңдер\!* Кол. 4:2 ##### Күш мінәжатта Жаңадан тәубе еткен сенушіге мінәжат не екенін қалай түсіндірер едіңіз?       ##### Қашан мінәжат ету керек Қашан және қалай мінәжат ету керектігі туралы Киелі жазбадағы үзінділер бізге не айтады? • Мақтау айтып, мадақтаңдар \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ сиыныңдар \(1 Шеж. 29:10-13\); • Күнәні мойындап, тәубе етіңдер \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_сиыныңдар \(2 Шеж. 7:14\); • Адал ниетпен \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ сиыныңдар \(Заб. 65:18-20\); • Сиыныңдар \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \(Мат. 6:6\); • \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ бізді үйреткендей сиыныңдар \(Мат. 6:9\); • Құдайдың \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ сай сиыныңдар \(Жох. 15:7\); • \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ сиыныңдар \(Рим. 12:12\); • \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ сиыныңдар \(Флп. 4:6\); • Рухани сергек \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ сиыныңдар \(Кол. 4:2\); • \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ сиыныңдар \(1 Сал. 5:17\); • Адал қолдарыңды жайып \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ сиыныңдар \(1 Тім. 2:8\); • Азап шеккенде \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ сиыныңдар \(Жақ. 5:13-16\); • \_\_\_\_\_\_нәзік жанын түсіне отырып, сиыныңдар \(1 Пет. 3:7\); • Сиынып, дұға ету алу үшін \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \(1 Пет. 4:7\); • Құдайдың \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ сиыныңдар \(Жох. 5:14-15\); • \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ сиыныңдар \(Яһ. 1:20\). ##### Не туралы және қалай мінәжат ету керек? Иса Өзінің шәкірттеріне үйреткен мінәжат үлгісінің алты бөлігі қандай? Әрбір бөлігін сіз жаңадан сенімге келген адамға түсіндіргендей, түсіндіріп беріңіз. 1. Мадақ «Көктегі Әкеміз\! Сенің киелі есімің қастерлене берсін…»   2. Мақсат «Патшалығың осында орнасын\! Сенің еркің көкте орындалғандай, жер бетінде де орындала берсін\!..»   3. Қамтамасыз ету «Күнделікті нанымызды бүгін де бере гөр…»   4. Кешірім «Бізге күнә жасағандарды кешіргеніміздей…»   5. Адамдар «Сен де күнәларымызды кешіре гөр…»   6. Қорғаныс «Азғырылуымызға жол бермей, бізді жамандықтан сақтай гөр…»   ##### Мінәжаттың басқа көрсеткіштері 1. Уәделерді еске алып, мінәжат етіңіз. Келесі уәделерді мінәжатқа қатысты түсіндіріңіз: • Менің атымнан Әкемнен не сұрасаңдар да, орындаймын, сонда Әкенің ұлылығы Өзінің рухани Ұлы арқылы көрінеді \(Жох. 14:13\). • Құдайдан сұраңдар, сонда ол сендерге \(мұқтаждарыңды\) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады \(Мат. 7:7\). • Маған сиынып мінәжат ет, жауап беремін, сен білмейтін ұлы да құпия жайттарды білдіремін\! \(Ер. 33:3\). 2. Рухтың даусын естуге тырысып, мінәжат етіңіз. Неліктен Құдайды есту мінәжат етудің өте маңызды бөлігі болып табылады?     3. Нақты өтініштердің орындалуын күтіп, мінәжат етіңіз. Неліктен мінәжат еткен кезде нақтылық маңызды?     Нақты мінәжат етуге бұйрық берілген келесі үзінділерге назар аударыңыз: • \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ тыныштық туралы мінәжат етіңіз \(Заб. 121:6\); • Сізді \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ мінәжат етіңіз \(Мат. 5:44\); • Жамандықтан \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ мінәжат етіңіз \(Мат. 6:13\); • Дүние жүзіндегі \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \_\_\_\_\_\_\_\_\_ мәсіхшілер үшін мінәжат етіңіз \(Мат. 9:37-38\); • \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ жеңу үшін мінәжат етіңіз \(Мат. 26:41\); • \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ қорғауы, киеліленуі және бірлігі үшін мінәжат етіңіз \(Жох. 17\); • Барлық \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ мінәжат етіңіз \(Еф. 6:18\); • Дүние жүзіне \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ мінәжат етіңіз \(2 Сал. 3:1\); • Мәсіхші жетекшілерді \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ мінәжат етіңіз \(2 Сал. 3:2\); • Барлық \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ мінәжат етіңіз \(1 Тім. 2:1-7\); • Рухани \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ мінәжат етіңіз \(Жақ. 1:5\); • Өзінің өмірінде \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ бауырыңыз үшін мінәжат етіңіз \(1 Жох. 5:16\). ##### Мінәжаттың ерекше сипаттамасы Құдай біздің мінәжатымызға жауап бере алатын, келесі төрт әдіске назар аударыңыз: • Оның атынан не сұрасақ та, береді; • Өзінің уақыты келгенде жауап беру үшін, өтініштің орындалуын кейінге қалдыру \(тек Ол ғана бәрін басынан аяғына дейін көре алады\); • Мінәжатты қабылдамайды және «жоқ» деп жауап береді, өйткені біз өзімізге қажет емес нәрсені сұраймыз; • басқа, жақсы жауап береді. Киелі кітап келесі үзінділерде мінәжат үшін қандай кедергілерді атап көрсетеді: • Арам құмарлықтарыңды \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ сұрайсыңдар \(Жақ. 4:3\); • Күнәсіне өкінбей \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \(Жох. 9:31\); • Құдайдың \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ емес мінәжат \(Ер. 14:10-13\); • Құдайдың \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ жауап бермейтін мінәжат \(Нақ. 1:24-33\); • \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ орай әрекет етпейтін мінәжат \(Нақ. 21:13\); • Қолы \_\_\_\_\_\_\_\_\_ толы мінәжат \(кісі өлтірумен бірдей\) \(Иш. 1-15\); • Бір мезгілде басқа \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_қызмет ететін мінәжат \(Ер. 11:11-14\); • \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ мінәжат \(Жақ. 1:6-7\); • Арсыз немесе \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ мінәжат \(Әйүп. 27:8\); • \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ адамдар мінәжат \(Әйүп. 35:12\); • \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ адамдар мінәжат \(Лұқа. 18:9-14\); • Құдай халқы \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ мінәжат \(Заб. 17:41-42\). Аса мәртебелі доктор Чо, дүние жүзіндегі ең үлкен жанұялық қауымның бағушысы, ол мінәжаттың үлкен маңызы бар екені туралы айтады. Кореядағы өсуші қауымның бағушысы бола тұра, ол өзі үшін күніне міндетті түрде мінәжат ету бес сағаттан кем болмау керек деп есептейді. Ол мінәжатты екі түрге бөледі — нақты мақсатқа бағытталған мінәжат және қарым-қатынас мінәжаты. Мінәжаттың екі түрі де маңызды, бірақ мақсатқа бағытталған мінәжат ауыр еңбек пен үлкен күш-қуат жұмсауды талап етеді. Нақты мақсатқа бағытталған мінәжаттың сипаттамасы мынадай: • анық мақсат қойып, бар күшіңізді соған жұмылдырыңыз; • қарапайым сөздерді қолданыңыз; • өзіңіздің жүрегіңіздің күші мен бүкіл сезімдеріңізді жұмылдырыңыз; • табанды болыңыз \( Лұқа. 18:1-8 қараңыз\). Нақты мақсатқа бағытталған мінәжат және қарым-қатынас мінәжатының арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Қудаланған қауымның меңгеруге тура келетін ең үлкен сабақтарының бірі, өзінің қудалаушылары үшін мінәжат ету болып табылады. Өзіңіздің ең басты «қудалаушыңызды» анықтап алыңыз. Сол адам туралы мінәжат үлгісін жазыңыз: ##### Ораза Келесі киелікітаптық деректерге назар аударыңыз: • Мұса екі рет қырық күннен ораза ұстады \(Мыс. 34:28 қараңыз\); • Даниял жиырма бір күн бойына ораза ұстады \(ішінара ораза\) \(Дан. 10:3 қараңыз\); • Жоел сенушілерді ораза күнін белгілеуге шақырды \(Жоел. 1:14; 2:12 қараңыз\); • Езра уақытша ораза ұстау үшін оңаша қалды \(Ез. 10:6 қараңыз\); • Ілияс қырық күн бойына ораза ұстады \(3 Пат. 19:8 қараңыз\); • Антақиядағы қауым жетекшілері ораза ұстады \(Елш.іст. 13:2-3 қараңыз\); • Иса қырық күн бойына ораза ұстады \(Лұқа. 4:2 қараңыз\); • Пауыл мен Барнаба ораза ұстады \(Елш.іст. 14:23; 27:33 қараңыз\). Оразаның әр түрлі түрлері бар ма? Оразалардың арасында айырмашылық бар ма: • қарапайым; • толық; • ішінара. Ораза кезінде кеңестерді еске алыңыз. **Билл Брайттың Американың болашақта ояныш болуы үшін ораза ұстауға, мінәжат етуге және Құдайды іздеуге шақыруы туралы кітабында \(Bill Bright, The Coming Revival — America’s Call to Fast, Pray and Seek God’s Face\) әр жексенбі күні қауымға барып жүрген жүз миллион американдықтардың 50%, өздерінің құтқарылуына сенімсіз екені… 95% Киелі Рухтың тұлғасымен және қызметімен таныс емес екені… Америкада тек 25% сенушілер өздерінің Мәсіхке деген сенімімен басқа адамдармен үнемі бөлісетіндігі туралы айтылады \(р. 65\).** Бұл шынында солай ма? Біз сырт көзге мәсіхші болып көрінеміз де, ал өзіміз осы дүниелік ережелер мен қағидаларымен толық келісіп, үш жіптен өрнектелген – екіжүзді, екіленген және тура жолдан тайған адам сияқты өмір сүреміз бе, сонда? Бізге не істеу керек?     «Доктор Билли Грэм өзінің зерттеулеріне сәйкес Америкадағы барлық сенушілердің ең кем дегенде 90% жеңілген өмірмен өмір сүреді деп айтты…» \(The Coming Revival, p. 192\) Қытайдағы қауымдағы адамдардың саны шапшаң қарқынмен жүз миллион адамға жақындап келе жатыр, бұл Америка Құрама Штаттарының тұрғындарының шамамен жартысын құрайды. Бұл Құдайға шынайы адал сенушілер тәуекелге бел байлауға дайын – мансабын, экономикалық жағдайын, денсаулығын, отбасын – шын мәнінде біз Батыста қатты бағалайтын жағдайдың бәрін тәуекелге қоюға дайын. Қытайдағы сенушілердің өмірінде бірінші орында мінәжат, Құдайдың Сөзі, куәлік және Киелі Рухқа кенелу тұрады. Неліктен деп ойлайсыз?       Ишая пайғамбардың кітабының 53-тарауында Құдайға ұнайтын шынайы ораза туралы айтылады. Мұндай оразада жанашырлық пен мойынсұну, тамақ ішуден бас тартумен қатар, әділетсіздікке қарсы бағытталады. Оразаның тәндік артықшылықтары \(бос орындарды толтырыңыз\): • Ағзаны \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_тазартуды қамтамасыз етеді; • Физиологиялық \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ ас қорыту, безді және тыныс алу жүйелер үшін, сонымен бірге қанмен қамтамасыз ету жүйесі үшін\) мүмкіндік береді; • Ағзаны зиян \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_арылтады; • \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ төмендетеді және қан жүретін жолдар мен лимфа жүйесін тазартады • Бүкіл ағзаның \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ әкеледі. *Бос орындарға жазылатын сөздер:* демалыс, салмақ, қалдықтар, улы заттар, \(токсиндер\), жаңарту. Оразаның рухани артықшылықтары \(бос орындарды толтырыңыз\): • Құдаймен бірге Оның қатысуында \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ болатын уақыт; • Өзіңді Құдайдың алдында мінәжат етіп \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_; • рухани сезімталдық, \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ сергектік деңгейін жоғарылату; • өзіңнің ниеттеріңді, мақсаттарыңды және \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ тексеретін уақыт. *Бос орындарға жазылатын сөздер:* құндылықтар, кішіпейілділік, оңаша, ажырату. **Рөлдік жаттығулар:** Сіз – қарым-қатынас жасау тобының жетекшісісіз және ораза мен мінәжат күнін жоспарлап отырсыз. Сізге және тобыңызға ең жақсы жағынан қолайлы болатын, әр түрлі нұсқауларды талқылап, жоспарлаңыз. Жоғарыда аталған барлық ұсыныстарды жүзеге асыруға болатын мінәжат ету кездесуін жоспарлаңыз. Нақты мұқтаждықтар үшін мінәжат кезінде Киелі Рухтың рухани дарындары көрінсін. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Мінәжаттарымыз неліктен тиімді емес болуы мүмкін? 2. Пауыл бізге «үздіксіз мінажат ету» туралы айтқан кезде нені меңзеді? \(1 Сал.5:17\)? Бұл мүмкін бе? 3. Мінәжат мұқтаждықтарын жазу қалайша сенімімізді нығайта алады? Мінәжат мұқтаждықтарыңызды жазуға дайынсыз ба? 4. Құдай мінәжаттарыңызға жауап берген кездер болды ма? 5. Мінәжаттар мен күткеніңізге сай келмейтін жауаптарға қалай жауап беру керек? ##### Және қорытынды ретінде: Ол істерді жүзеге асыру үшін күш сұрады, Бірақ шыдамдылық үшін әлсіздік алды. Ол ұлы істер үшін денсаулық сұрады, Бірақ ұлы істер үшін әлсіздік алды. Адамдарды таңқалдыру үшін билік сұрады, Бірақ Құдайдың бет-жүзін іздеу үшін әлсіздік алды. Ол байлық сұрады, Бірақ даналыққа ие болу үшін кедейлікке ие болды. Ол өмірге қуану үшін барлығын сұрады, Бірақ барлығына қуану үшін өмір алды. Ол сұрағынан ешнәрсе алмады. Бірақ үміттенгенінен көбірек алды. Ол мінәжатына жауап алды\! Жарылқанған адам\! # V БӨЛІМ ## Дайындық ### Он алтыншы тарау #### Әділдікте өсу *Әрбір жарыскер барлық жағынан қатаң ұстамдылық танытады. Оның алғысы келетіні — кейінірек солып қалатын гүлдестесі ғана, ал біздің алатынымыз — мәңгі солмайтын «жеңіс тәжі»\!* 1 Қор. 9:25 **Киелікітаптық біртұтастықты сақтау үшін дайындық ұғымын біз үшін дайындалған әділдік курсы ретінде қарастырайық, бұл курста әр сенуші Құдайдың бағытына мойынсұну үшін және жаудың қастық іс-әрекетіне қарсы тұру үшін тәрбиелеу курсынан өтеді.** Шынайы бақыт өсиеттерінің барлығы да екі жақты табиғатқа ие, олар «білімді» және осы білімге жауап ретінде – «әрекет етуді» көрсетеді. Әрбір өсиеттің қасына сіз Құдайдың еркіне сай, «білуіңіз» және – «әрекет етуіңіз» керек нәрсені белгілеп шығыңыз: «Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты: Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған\!» \(Мат. 5:3\).   «Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты: Құдай оларды жұбататын болады\!» \(Мат. 5:4\).   «Кішіпейіл жандар бақытты:олар жерді иемденетін болады\!» \(Мат. 5:5\).   «Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты: олар қанағат табатын болады\!» \(Мат. 5:6\).   «Мейірімділер бақытты: Құдайдың мейірімі соларға түседі\!» \(Мат. 5:7\).   «Жүректері пәк тазалар бақытты:   олар Құдайды көретін болады\!» \(Мат. 5:8\).   «Татуластырушылар бақытты:   олар Құдайдың рухани балалары деп аталмақ\!» \(Мат. 5:9\). «Әділдік үшін қудаланғандар бақытты: Құдай Патшалығы сондайларға арналған\!» \(Мат. 5:10\).   1. Шағын топтарға бөлініп, осы тарауда ұсынылған сабақтарды талқылаңыз. Шынайы бақыт өсиетінің қайсысы іс-жүзінде қолдану үшін күрделі болып көрінеді? 2. Солтүстік Кореядағы сенушілер жасырын жиналыстарында Тәңір Иенің мінәжатын қоспағанда мына бес қағиданы айтады: • Біз қудалаулар мен сынақтарды абыроймен және қуанышпен басымыздан өткіземіз. • Біз балағаттау мен қиындықтарды Исаның атымен қуанышпен қабылдағымыз келеді. • Біз басқалардың көз жасын сүртіп, азап шеккендерді жұбатқымыз келеді. • Біз адамдар мәсіхші болуы үшін оларға деген сүйіспеншіліктің арқасында өмірімізге қауіп төндіруге дайынбыз. • Біз өмірімізді Құдай Сөзінде берілген үлгілерге сай сүргіміз келеді. Осы сенушілер әділ өмірге қалай дайындалғанын талқылаңыз. 3. Киелі Франциск жазған деп саналатын әлем туралы мына мінәжаттың элементтерін талқылаңыз: ##### Әлем туралы мінәжат Тәңір Ие, менен тыныштық сыйлайтын қару жасашы; Жек көрушілік бар жерде сүйіспеншілік себейін, Жан азабы бар жерге, кешірім әкелейін, Қателер бар жерге ақиқатты алып келейін, Күмәндар бар жерге сенімді себейін, Үмітсіздік бар жерге, үміт себейін, Қараңғылық бар жерге, жарық, Ал қайғы бар жерге, қуаныш алып келейін. Уа, құдіретті Құдайым, Мен жұбаныш іздемей, басқаны жұбатайын; Түсінуді іздемей, басқаларды түсінейін; Сүйіспеншілік іздемей, өзім сүйіспеншілік берейін; Өйткені берген кезде біз ие боламыз, Ал кешіргенде кешірім табамыз. Өзіміз үшін өлген кезде, мәңгі өмірге туыламыз. *Аумин.* 4. Қасиетті өмір сүруді қалайтын адамды қандай қиындықтар күтіп тұр? Қазіргі заманғы өмірде орындау үшін қандай киелілік салалары қиын? 5. Еліңіздегі және мәсіхшілер қудалаулардан азапталатын өзіңізге белгілі өңірлердегі әр түрлі халықтар мен діни топтар арасындағы татулық пен үйлесімділік үшін мінәжат етіңіз. ### Он жетінші тарау #### Қарым-қатынаста көрінетін сүйіспншілік *Балаларым менің, сөз жүзінде емес, іс жүзінде шынайы сүйіспеншілік білдірейік.* 1 Жох. 3:18 Иса былай деді: «Сендер жер бетінде тұз сияқтысыңдар…» Осы салыстырудың күші мен мағынасы неде?       Тұз негізгі төрт қасиетке ие — бұл таза, арзан, консервант ретінде қолдану және тамаққа дәм кіргізетін қасиеті. Мәсіхшілер тұзбен не нәрседе салыстырылуы мүмкін?       Иса сонымен бірге мәсіхшілерді нұрмен салыстырды. Жарық ластықты көрсетеді; жарық бізді сүріндірмей, жолға жарық түсіреді; Нұр түнекті қуып шығады; Нұр қорқынышты сейілтеді және бізге бір-бірімізді, жауымызды, шындықты, жасанды нәрсені ажыратуға көмектеседі; біздің еңбеке етуімізге мүмкіндік береді. Мәсіхшілер қандай мағынада нұрға ұқсауы мүмкін?       ##### Қайырымдылық көмек Жақыптың хатында 1:27 «Құдай Әкеміздің алдындағы таза да мінсіз діншілдік мынау: мұқтаждық көрген жетім-жесірлердің қамын ойлау…». Осы сөздердің мағынасын жаңадан сенімге келген сенушіге түсіндіргендей, түсіндіріп беріңіз.   Петірдің бірінші хатын 2:12 оқып шығыңыз: «Құдайға мойынсұнбайтын халықтар арасында адал өмір сүріңдер\! Олар сендерді жамандық жасаушылар деп айыптайды. Алайда Құдай бізді құтқаруға келген күні олар өз көздерімен көріп жүрген игі істеріңе бола Оны мадақтайтын болады». Осы аятты Ефестіктерге арналған хаттағы 2:10 салыстырыңыз: «Құдай бізді Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болып, игі істер жасау үшін ерекше қылып жаратты. Соларды орындауымыз үшін Құдай бізге алдын ала жағдай туғызды да». «Игі істер» деп нені айтуға болады? \(азық-түлікпен, сумен, киіммен, баспанамен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету?\) Бұл «игі істердің» басқа «игі істерден» қандай айырмашылығы бар \(куәлік пен мінәжат\)?       Біз көкке тек екі нәрсені ғана әкетеміз: өзіміздің мінәжаттарымыз бен өзіміз Мәсіхтегі сенімге әкелгендердің жандарын әкете аламыз. Егер сіз осы шындықтың растығына сенсеңіз, онда мәсіхтік «қайырымдылық көмектің» мағынасы неде? Осы тараудан алған жақсы сабақтарды талқылаңыз. Сізде жеке тұлға және/не жергілікті қауым ретінде осы сабақтағы әр салаға қатысты бар кемшіліктер мен жетістіктерді атап шығыңыз. Мүмкіндік туған кезде не нәрсеге жұмыс істеуге тырысасыз? Сабақта әлсіз жақтарыңызды мойындап, Құдайды өзіңіз және/не жергілікті қауымға жасағаны үшін алғыс айтып мінәжатпен аяқтаңыз. Сонымен қатар келешекте істейтін істеріңіз туралы мінәжат етіңіз. **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Сіздің мәсіхтік қауымыңыз өңіріңізге қалайша тұз бен нұрға айнала алады? 2. Құдайдың сүйіспеншілігінің көрінуінің қандай саласы сіздің ойыңызша қиын? 3. Жауларды сүю мүмкін емес. Мәсіхшіде осы сүйіспеншілікті көрсету үшін қандай күш бар? Жауларды сүйіп, бір мезгілде оларға қарсы күресу мүмкін бе? ### Он сегізінші тарау #### Шыдамдылық пен жігерлендіру *Кейбіреулер сенушілердің жиналыстарына бармай қалуды дағдыға айналдырып алған сияқты. Ал біздер солай істемей, бір-бірімізді одан бетер жігерлендірейік. Иеміздің қайтып келетін күнінің таяп қалғанын білесіңдер ғой.* Евр. 10:25 ##### Шыдамдылық Үнемі Рухқа кенеліп жүру үшін және Рухтың жемістеріне өсіріп шығару үшін, біз шыдамдылық деп аталатын қасиетке ие болуымыз қажет. Сіздерге төменде ұсынылып отырған Роберт Моррисонның өміріндегі оқиғадан оған өзінің бойында шыдамдылықты қалыптастыруға көмектескен себепкер шарттардың астын сызып қойыңыз. Өткен ғасырларда Қытайға келген алғашқы сенушілер болмаса, қытайлықтарда осы күнге дейін қытай тілінде Киелі кітап болмас еді. Роберт Моррисон кішкентай шотландық қаланың кедей ауданында дүниеге келді. Жексенбілік мектептің ұстазы баланың Иса үшін жүрегін жаулап алуға деген ұмтылыстарын тастаған жоқ, осы ұстаздың шыдамдылығының арқасында әлгі бала Иса Мәсіхтегі сенімге келеді. Ол Қытайда протестанттық алғашқы елші болды және 1800 жылдардың басында Киелі кітапты қытай тіліне аударды. Алайда бұл іс көптеген уайым мен қобалжуларға толы болды. Он алты жыл бойына Моррисон нашар жағдайда тұрды. Оның қытайлық көмекшісі Ако ұстап алынса, азап шекпей, уланып өлу үшін өзімен бірге у алып жүретін. Кейінірек Моррисонның еңбегі ақталды, Ако алғашқы тәубе еткендердің бірі болды. Роберт Моррисон басында ұлынан, сосын әйелінен айырылды. Бірақ ол бүған да төзді. Бүгінгі таңда Макаодағы бейіттер арасынан жақындарының жанындағы оның да бейітін көруге болады. Бүгінгі таңда оның Құдайға ұнамды шыдамдылығы, Қытайдағы көптеген бауырластардың өмірінде жемістер беруде.     ##### Жігерлендіру Мәсіхтік өмірде неліктен жігерлендру өте маңызды? Бірінші Салоникалықтарға арналған хатқа 2:6-12 негізделіп, жігерлендірудің мәнін түсіндіріңіз.     Еврейлерге арналған хат 10:25 біздің жігерлендіруді түсінуімізге қосымша ретінде қалайша көмектесе алады?     **Сенімді мойындау ретінде дауыстап оқып шығыңыз:** • Мен бұдан былай ешқашан қорқынышты сезбеймін, «өйткені Құдай маған қорқыныш рухын емес, қайта күш пен сүйіспеншілік берді» \(2 Тім. 1:7\). • Ешқашан өмірімде шайтанның үстемдігін сезбейтін боламын. «Өйткені біз Құдайданбыз, жалған пайғамбарларды жеңіп шықтық, біздегі Киелі Рух күнәкар дүниені билеп тұрған шайтаннан құдіретті» \(1 Жох. 4:4\). • Ешқашан бұдан былай мен даналықтың жоқтығын сезбейтін боламын, өйткені мен енді «Біз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстамыз, ол біз үшін Құдайдан келген даналығымыздың бастауы...» \(1 Қор. 1:30\). • Ешқашан бұдан былай ешнәрсе жасай алмайтындай сезінбеймін, өйткені «маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын» \(Філ. 4:13\). • Мен бұдан былай ешқашан жеңілмеймін, өйткені «Құдай Мәсіхпен тығыз байланыстағы бізді әрдайым жеңістің шеруімен жетелейді...» \(2 Қор. 2:14\). • Мен ешқашан бұдан былай өзімді лайықсыз сезінбеймін, өйткені «Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық» \(2 Қор. 5:21\). • Мен ешқашан бұдан былай өзімді сәтсіздікке ұшыраған адамдай сезінбеймін, өйткені «Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз» \(Рим. 8:37\). • Мен ешқашан бұдан былай үмітсіздікті сезінбейтін боламын, өйткені «рухы берікті Сен мінсіз тыныштықта сақтайсың, өйткені ол Саған сенім артады» \(Иш. 26:3\). • Мен ешқашан бұдан былай алаңдауды сезінбеймін, өйткені Иса былай деді: «Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым\!» \(Жох. 16:33\). • Мен ешқашан бұдан былай дүрбелеңге түспеймін, өйткені «Құдай тәртіпсіздікті емес, тыныштық пен татулықтың Құдайы» \(1 Қор.14:33\) және «...біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз...» \(1 Қор. 2:12\). • Мен ешқашан бұдан былай өзімнің сенімсіз жағдайыма қайғырмаймын, өйткені «Төсекте жатқанда ешқандай қамықпассың, қауіпті уайымдамай, жайлы ұйықтарсың... өйткені Жаратқан Ие сүйенішің болар, жүрген өмір жолыңда сені тордан сақтар» \(Нақ. 3:24-26\). • Мен ешқашан бұдан былай наразылықты сезінбейтін боламын, өйткені «Мен қандай жағдай болмасын, қолдағы барды қанағат етуді үйрендім» \(Філ. 4:11\). • Мен ешқашан бұдан былай өзімді жалғыз сезінбеймін, өйткені Иса былай деді: «Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын\!» \(Мат. 28:20\), «...Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын...» \(Евр. 13:5\). • Мен ешқашан бұдан былай өзімді бір нәрсеге тәуелді болып сезінбеймін, өйткені «Иеміз — Рух, Иеміздің Рухы бар жерде азаттық бар» \(2 Қор. 3:17\). • Мен ешқашан бұдан былай үмітсіздік пен уайымды сезінбейтін боламын, өйткені «барлық мұқтаждықтарымды Оған сеніп тапсырамын, Ол менің қамымды ойлайды» \(1 Пет. 5:7\). • Мен өмірімде ешқашан қарғысты сезінбейтін боламын, өйткені «Алайда айқыш ағашқа шегеленіп ілінген кезде Мәсіх бізге тиісті қарғысты Өз мойнына алып, бізді Таурат заңы мәлімдеген қарғыстан құтқарды\!... Осылайша Құдай Ыбырайымға уәде еткен ақ батаны Иса Мәсіх арқылы басқа ұлттарға да берді. Енді Мәсіхке сенген бәріміз уәделенген Киелі Рухты сенім арқылы қабылдаймыз» \(Ғал. 3:13-14\). • Мен ешқашан бұдан былай өзімді әлсіз сезінбеймін, өйткені «Тәңір Ие – өмірімнің қамалы» \(Заб. 26:1\). • Мен ешқашан бұдан былай өзімді кінәлі сезінбеймін, өйткені «Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді» \(Рим.8:1\). Мен Мәсіхпен бірге өмір сүремін, сондықтан да мен кез келген айыптан азатпын». • Мен ешқашан бұдан былай мұқтаждық сезінбеймін, өйткені «Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады» \(Філ. 4:19\). • Мен ешқашан бұдан былай келешек алдында қорқыныш сезбеймін, өйткені былай деп жазылған: «көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған». Ал бізге Құдай мұны Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді \(1 Қор. 2:9-10\). **Талқылауға арналған сұрақтар:** 1. Сіздің мінез-құлқыңыздың қандай қасиеттері сенімде шыдамдылықты көрсетуге көмек береді? 2. Римдіктерге арналған хатты оқып шығыңыз \(15:4\) және онда айтылғанды iс-жүзінде қалай көрсетуге болатынын талқылаңыз. 3. Сіз басқаларға қалай көмек беріп, жігерлендіресіз? 4. Қазіргі сәтте сіздің жігерлендіруіңізге мұқтаж достарыңыз бар ма? 5. Неліктен жігерлендіру мәсіхтік өмірде соншалықты маңызды? 6. Сізде шегінуге немесе берілуге азғыру болып па еді? 7. Өміріңіздің қиын кезінде қабылдаған жұбаныш туралы бөлісіңіз. ### Он тоғызыншы тарау #### Кешірім мен рақым *Егер өздеріңе күнә жасағандарды кешірсеңдер, онда көктегі Әкелерің сендерді де кешіреді. Ал егер басқалардың күнәларын кешірмесеңдер, онда көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешірмейді.* Мат. 6:14-15 ##### Кешірімнің анықтамасы Мәсіхшіліктің басты сипаттамасы сүйіспеншілік пен кешіре білу болып табылады Ислам: «Исламның жауларын өлтіріңдер» — деп бұйырады, иудаизм: «Көзге көз, тіске тіс…» — жар салады. Иса Мәсіх: «Жауларыңды сүйіңдер… және өздеріңді өкпелеткендер үшін және қудалағандар үшін мінәжат етіңдер» — деп айтады. Не нәрсе кешірім емес екенін анықтаңыз. Бос орындарды келесі сөздермен толтырыңыз: реніш туралы ойды қуу, татуласу, ақтау, ұмыту, шыдау, бетімен жіберу. • Кешіру мүлде \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ білдірмейді. Терең жаралар әрдайым адамның жүрегінен өшіріле бермейді. • Кешіру \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ дегенді білдірмейді. Татуласу үшін екі адамның келісімі керек, бірақ азап шеккен адам ренжіткен адамды онымен татуласпастан кешіре алады. • Кешіру \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ көрсетуді білдірмейді. Кешірім міндетті түрде жаман не жауапкершілігі жоқ жүріс-тұрысты ақтамайды. • Кешіру ренжу жайлы \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ дегенді білдірмейді. Керісінше, кешіретін адам ренішке ден қойып қарайды және мұны маңызды емес, кішкентай нәрсе деп санамайды. • Кешірім белгісіз ұғым \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ бірдей емес. Әйтпесе, біз жалған кешірімге ие боламыз не маңызды өмірлік мәселелерді көзден таса қыламыз. • Кешірім айыпты адамның айыбын алып тастауды немесе \_\_\_\_\_\_\_\_\_ \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_білдірмейді. Адамды айыпты емес деп жариялау – соттаушының айрықша құзыреті және тек соттаушы ғана айыпты адамды оның әрекеттерінің салдарынан босата алады, мысалы, жазалау түрінде. **Кешірім – жеке бастама, ол азап шекен адамды реніш сезімінен азат етеді. Жазба жартылай не алшақтаудан тұратын кешірімді талап етпейді, кешірім ренжіткен адамға жаман сезімдер болмайтын, толық әрі ақырғы шешім, сондай-ақ онымен қарым-қатынасты қалпына келтіру мен дамытуымен қатар жүруі тиіс.** ##### Кешірімнің сипатамасы Кешірім – сенім іс-әрекеті. Басқа адамды кешірген кезде, мен Құдай әділдікті маған қарағанда жақсырақ орнататына сенемін дегенді білдіреді. Біз неліктен кешіруіміз керектігінің екі басты ниетін белгілеп көрсетіңіз: • Забур 102:3; Қолостықтарға арналған хат 3:13.   • Матай жазған Ізгі хабар 6:14-15; 18:22, 35.   Филип Янси неліктен біздің кешіруіміз керек деген сұраққа үш өте маңызды іс жүзінде қолданатын жауапты ұсынады. Егер кешірім дұрыс жасалған болса, неліктен ол сауықтыру мен қайта қалпына келуге мүмкіндік береді?     ##### Мейрiм мен рақым «Мейірім мен рақым мәсіхшіліктің осы дүниеге сыйлайтын ең жақсы сыйы». Неліктен сіз осы пікірмен келісесіз немесе келіспейсіз, соны түсіндіріп беріңіз.     «Мемлекет пен қауым арасындағы достық қарым-қатынас, мемлекет үшін жақсы, бірақ қауым үшін зиян». Бұл пікірдің шынайылығын қалай дәлелдеуге болады?     Мәсіхшілікті дүниедегі басқа діндерден өзгеше етіп көрсететін басты қасиеттерін анықтаңыз.     **Талқылау үшін сұрақтар:** 1. Неліктен кешіру сондай қиын? 2. Кешірімнің шынайы жарылқауы неде? 3. Неліктен мәсіхшінің өмірінде Құдайдың рақымы маңызды? 4. Қауымдастығымызда «рақымның жауларының» қайсысын байқай аламыз? 5. Келешекте сіз рақымды қалай көрсетуді шештіңіз? # VI БӨЛІМ ## Жеңіс ### Жиырмасыншы тарау #### Салтанатты жеңімпаздар *Құдайға шүкірлік етейік\! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлады.* 1 Қор. 15:57 ##### Құдайға адал болу Киелі кітап үнемі Иса Мәсіхтің ізбасарлары мен жауынгердің арасында салыстыруларды келтіреді: 2 Тімоте 2:3-4 және Філіпіліктер 3:13-14. Осы салыстыру сенушілерді қалай шабыттандыра алады? ##### Жеңістің құпиясы Жаудың ортасы мен қудалаулар жағдайындағы Мәсіхтегі лайықты өмір сүрудің төрт құпиясы бар. Бірінші құпия – әрдайым айқыш \(Аян. 17:14; 19:7-10; 5:6\); Екінші құпия – өлімнен қайта тірілу мәнмәтініндегі өмір \(1 Қор. 15:19\); Үшінші құпия – қудалауларды қабылдау мен оларға орай дұрыс әрекет ету \(1 Пет. 4:14\); Төртінші құпия – сарбаз-қызметшінің дәрежесі   XX ғасырдағы қауым тарихының өткен ғасырларға қарағанда көп мәсіхші азап шекті. Көптеген мәсіхшілердің табандылығының құпия сыры неде? Төменде бүкіл дүние жүзіндегі сарбаз-қызметшілер туралы айтылған салыстырулар келтірілген. Сізд осыған ұқсас салыстырулар бар ма? Сарбаз-қызметшілер шегелер іспетті. Сіз оларды неғұрлым қатты ұрсаңыз, соғұрлым олар сенімдерінде нығая түседі. Сарбаз-қызметшілер резіңке доптар сияқты. Сіз оларды неғұрлым жерге қатты ұрсаңыз, соғұрлым олар жоғары ұшады. Сарбаз-қызметшілер гүлдер іспетті. Сіз оларға неғұрлым қатты бассаңыз, соғұрлым олардың иісі аңқиды. Сарбаз-қызметшілер витражды әйнек іспетті. Олардың шынайы әдемілігі жарықта анық көрінеді. Сарбаз-қызметшілер шай пакеттері сияқты. Шайдың шығымын оны ыстық суға салған кезде білуге болады. # VII БӨЛІМ ## Қосымшалар ### 2 Қосымша #### «Құдай және Оның азап шегуші қауымы» уағызы Неліктен қауым жетекшілері қудалауларды Құдай бізге жіберетін азаптар деп атауға болмайды, \(жалпы қабылданған көзқарас\) бірақ Ол шын мәнінде оларды Өзінің халқының игілігі үшін қолданады деген ескертуге құлақ асқысы келмейді?         Қудалаулар қайдан келеді? Олардың қайнар көзі қандай?         Қудалаулар кезінде қалай аман қалуға болады? Қудалаулар кезінде не істеу керек?         Қудалаушылардың кек алуы қандай нәтижеге әкелуі мүмкін? Исраил-палестина келіспеушілігі қалайша кек алуды қаламаудың дәлелі бола алады? ### 5 Қосымша #### Иохан Компаньеннің «Жаңа мыңжылдықтың қарсаңында» баяндамасының үзіндісі Иохан Компаньен, «Ашық есіктер» халықаралық миссиясының президенті Дүниежүзілік інжілдік одақтың кеңес талқысында \(2000\), сөз сөйлегенде, соңғы жиырма жылда Қауымның бес бағытта рухани соғыс жүргізуіне тура келетінін мәлімдеді. Олар мыналар: 1. Идеология саласындағы шайқас Егер дүние алты мәдениетке бөлінген болса: батыс, синайлық, жапондық, үндіс, исламдық және православиетік \(Хантингдонның қағидасына сәйкес\), онда неліктен осы бір-бірімен келіспейтін мәдениеттер арасында аралықтағы орында тұрған мемлекеттерден бүкіл дүние жүзіне қауіп төніп тұр?         Лешек Колаковски жазған сияқты: «Төзімділік бізге қатысты танытылған кезде, ол немқұрайлылық сияқты көрінетінін... атап өту маңызды. Мысалы, бізден өз пікірімізді айтудан бас тартуды сұрайды және тіпті кез келген ақылға қонымды жөн-жосықтан бас тартуды немесе басқа адамдардың пікіріне бойсұнуды талап етеді». Мәсіхшілердің «төзімділік» көрсетуіне байланысты айыптауларға орай қалай әрекет етуге болады?     2. Жалпы ақпарат саласындағы шайқас. Қулалауларға қатысты келесі қате көзқарастарға жауап ретінде не деп айтуға болады? • «Қудалаулар Құдайдан». • «Қауым қудалаулар жағдайында жақсырақ өседі» \(Елш.іст. 9:31\). • «Қудалауларға қарсылық білдірудің қажеті жоқ, оларға қуану керек». • «Сенімде өсу үшін қудалаулардан өту керек». 3. Рухани саладағы шайқас. Қудаланған қауыммен байланыс Құдайға қалай жақындауға болатынын көрсетеді. Қудаланушы қауым біздің байыпты рухани шындықтарды жете түсінуімізге мәжбүр етеді – біздің мәдениетіміздің жағдайында біз елемейтін шындықтар. Бұл бүкіл Батыстағы қауымдардың жаңаруы үшін маңызды негіз болуы мүмкін. Бұл қалай болуы мүмкін?       «Тұтыну қоғамы — бұл коммунизмнен де қауіпті сенімді өлтіруші болып табылады». Сіз осы пікірмен келісесіз бе? Өзіңіздің көзқарасыңызды түсіндіріңіз.       4. Саясат саладағы шайқас. Солженицын: «Шындықтың бір сөзі бүкіл әлемнің дәлелдерінен ауыр болады» — деп айтты. Шындық қалайша жеңіп шығуы мүмкін, егер кейде бізге ол өзінің ұстанымын жоғалтып, жеңіліп қалған сияқты болып көрінсе?         5. Қауым саласындағы шайқас Еркін қоғамдағы дәстүрлі қауымдағы мәсіхшілер қудаланушы қауым үшін тиімді мінәжат етуге, қолдау көрсетуге және көмектесуге бір-бірін қалай үйрете алады? ### 6 Қосымша #### Әділ соғыс теориясы Әділ соғыс теориясы үш негізгі қағиданы растайды: • әділ себеп; • соғыстың басталуы үшін заңды негіз болуы қажет; • игі ниет. Осы теорияға қарсы негізгі қарсылықтар үш негізге құрылған: Біріншіден, осы теория не Киелі кітаптық тұрғысынан, не тәлімдік тұрғыдан негізгі мәсіхтік қағидаларға сәйкес келмейді. Екіншіден, осы теория соғыстың нақты сипаттамасын да, қазіргі заманғы соғыстың жалпы сипатын да есепке алмайды, ал бұларға соғыстың адамгершілік жағы туралы талқылауға жету үшін міндетті түрде назар аудару керек. Үшіншіден, осы теорияда белгісіз әрі қарама-қайшы сәттер тым көп, сондықтан да, оның іс-жүзінде қолдануы қалаған нәтижелерге жеткізе алмайды. **Сіз неліктен әділ соғыс теориясын қолдайсыз немесе оған қарсы шығасыз?** ### 7 Қосымша #### Майкл Бурдо. ** **Кеңес Одағы дәуірінің сабақтары Майкл Бурдо Кеңес Одағы кезеңіндегі мәсіхшілерді қудалау Рим империясы заманындағы қудалаулардан ерекшелендіретін кейбір себепкер шарттарды атап көрсетеді. Кеңес Одағы кезеңіндегі мәсіхшілерді қудалау тарихынан қандай қорытындылар жасауға болады?