Біз аспанда Құдаймен бірге мәңгі өмір сүруіміз үшін Иса біздің орнымызда өлді. «Бірақ біз әлі де күнәкар болған кезде, Мәсіх біз үшін өлді. Осылай Құдай Өзінің бізге деген сүйіспеншілігін дәлелдеді». Біз Мәсіхтің құрбандық өлімі арқылы кешірім алдық. (Библия, Римдіктерге арналған хат 5:8)
Бірақ, Оның өлімі соңы емес! Ол өлімнен қайта тірілген және қазір тірі! «... Киелі Жазба бойынша Мәсіх біздің күнәларымыз үшін өлді. Киелі Жазба бойынша Ол қабірге қойылып, үшінші күні қайта тіріліп,...көрінді». (Библия, Қорынттықтарға арналған 1-ші хат 15:3-5)
Иса – Құдайға апаратын жалғыз жол! «Иса оған былай деді: « Жол, шындық және өмір – Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге келе алмайды». (Библия, Жохан жазған ізгі хабар 14:6)