Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 1 Тарау

жылдам өту:

1 Мынадай адам шынымен бақытты: Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды, Күнәкарлар жолымен де жүрмейді, Мазақтаушылармен бірге отырмайды.

2 Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады, Күні-түні сол туралы ойланады.

3 Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды: Сол мерзімінде жемісін береді, Жапырақтары кеуіп те сембейді, Не істесе де, ол табысқа жетеді.

4 Ал құдайсыздарда солай болмайды, Олар жел ұшырған қабыққа ұқсайды,

5 Құдай сотында ақтала алмайды, Әділдер қауымында орны болмайды. 6 Әділдің қамын Жаратқан ойлайды, Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.