Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 24 Тарау

жылдам өту:

(Дәуіттің жыры.)

1 Жер жүзі мен ондағының бәрі Жаратқандікі, Бұл дүние мен онда тұрғандар түгел Онікі,

2 Жердің негізін Ол теңіздің түбіне орнатты, Ағындардың үстінен берік етіп нығайтты.

3 Жаратқанның тауына кімнің шығуына болады, Оның киелі орнында кімнің тұруына болады?

4 Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады, Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.

5 Осындай жанды Жаратқан Ие жарылқайды, Құтқарушы Құдай оны рақыммен ақтайды.

6 Уа, Құдай, тек бұлар Сенің алдыңа барады, Жақып сиынған Құдай, олар Саған бет бұрады.

7 Ей, көне қақпалар, айқара ашылыңдар, Ежелгі есіктер, кеңінен ашылыңдар, Кіре алсын даңққа бөленген Патша!

8 Кім екен осы даңққа бөленген Патша? Ол — құдіреті күшті Жаратқан Ие, Шайқаста құдіретті Жаратқан Ие!

9 Ей, көне қақпалар, айқара ашылыңдар, Ежелгі есіктер, кеңінен ашылыңдар!

10 Кім екен осы даңққа бөленген Патша? Әлемнің Иесі, Сол — даңқталған Патша!