Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 40 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

1 Нық сүйеніп келемін Жаратқан Иеме, Бұрылып, құлақ түрді Ол өтінішіме.

2 Жаратқан Ием қорқынышты шұңқырдан Мені тартып шығарды әрі батпақтан; Дәу тастың үстіне тұрғызды аяғымды, Нық, қауіпсіз қылды қадамдарымды.

3 Ол жаңа ән-жырды маған айтқызды, Мадақтаймын әрдайым Құдайымызды. Мұны көрген көпшілік Жаратқанды Қастерлеп, Оған сенімін артады.

4 Менмендердің қолдауын сұрамайтын, Жалғанға сүйенгендерге бет бұрмайтын, Қайта, тек Жаратқанға сенімін артқан Әркім — өмір бақи қандай бақытты жан!

5 Уа, Құдай Ием, көп керемет жасадың, Біздің игілігімізді Сен ойлап тұрсың. Игі істеріңді айтуға тырыссам, Көптігі сонша, санауға жетпейді сан: Саған тең келе алмас бірде-бір жан!

6 Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың, Бірақ маған Өзіңе құлақ салғыздың. Шалып, өртелетін не күнәнің құнын Өтейтін құрбандықтарды талап қылмадың.

7 Сонда мен былай дедім: «Міне, келе жатырмын, Шиыршық кітапта мен туралы жазылған:

8 Сенің еркіңді орындауға құштармын, Уа, Құдайым, жүрегімде Сенің тағылымың».

9 Үлкен жиында әділдікті уағыздадым, Ием, Сен білесің, мен үнсіз қалмадым,

10 Іште жасырмадым әділ хабарыңды: Сенімділігің мен құтқаруыңды, Рақымың мен ақиқатыңды Өзіңнің Үлкен жиналыста айтпай кетпедім.

11 Мені мейіріміңнен айырмашы, о, Ием, Рақым мен шындығың мені қорғасын лайым.

12 Сансыз пәлелер маған жан-жақтан лап берді, Жасаған күнәларым мені қуып жетті, Соларға бола жолымды көре алмаймын. Басымдағы шашымнан көп саны олардың, Содан үмітім үзіліп, жүрексіз болдым.

13 Уа, Ием, рақым етіп мені құтқара гөр, Маған көмекке тездетіп келе гөр.

14 Жанымды алмақ болған бар жауларым Таңдана абыржып, ұятқа қалсын, Маған пәле тілеген бар дұшпандарым Масқараланып кері қайтарылсын!

15 «Өзіңе де сол керек!» деп табалаған Олар қатты ұялып, таңғалсын соған.

16 Бірақ бет бұрып сиынғандар Саған Өзіңе қуана берсін шат-шадыман, Лайым құтқаруыңды ұнатқан әркім: «Иеміз даңқты!» деп Сені дәріптесін!

17 Ал мен жарлымын, мұқтаждықта жүрмін, Уа, Ием, Сен жағдайымды ойлайсың. Қолдаушым да құтқарушым Өзіңсің, Кешіге көрмеші, о, Құдайым менің.

Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150