Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 50 Тарау

жылдам өту:

(Асафтың жыры.)

1 Құдіреті шексіз Құдай — Жаратқан Үн қатып, батысқа дейін күншығыстан Әлемдегі адамзатты шақырған.

2 Мүлтіксіз көрікті Сион тауынан Құдайдың салтанаты көрініс тапқан.

3 Құдайымыз келеді, Ол үнсіз қалмайды, Оның алдынан от жалындап жалмайды, Алапат дауыл айналасында соғады.

4 Құдай көк пен жерді куәлікке шақырады, Өзі таңдаған халқын соттауға барады:

5 «Қасыма жинаңдар Менің сенімді халқымды, Құрбандық шалып Өзіммен Келісім жасағандарды!»

6 Көк сонда Оның әділдігін паш етеді, Себебі соттайтын — Құдайдың Өзі.

7 «Тыңда Мені, Исраил халқым, былай деймін: Саған қарсы куәлік келтіремін, Мен Құдаймын, иә, сенің Құдайыңмын!

8 Шалған малдарың үшін шағым айтпаймын, Өртеп ұсынған құрбандықтарыңа қараймын.

9 Ал қаламаймын бұқаларды қораларыңнан Яки текелерді шарбақтарыңнан,

10 Өйткені орманның әр аңы Менікі, Әрі малдар да мыңдаған төбедегі,

11 Барлық құсты білемін таулардағы, Хайуандар да Менікі даладағы.

12 «Ашықсам» Мен саған айтпас та едім, Бар әлем мен ондағылар — өз меншігім.

13 Шалынған бұқаның етін жеймін бе, Не текелердің қанын ішемін бе?

14 Жоқ, тарту қылып мақтау ұсын Құдайға, Берген сертіңді орында Алла Тағалаға.

15 Қиындық көргеніңде шақыр Мені, Сонда құтқарып аламын сені, Ал өзің мадақтайтын боласың Мені».

16 Бірақ Құдай былай дейді арамзаға: «Қандай қақың бар жарлықтарымды айтуға Және Келісімімді аузыңа алуға?

17 Алайда сен ескертуімді жек көресің, Айтқан сөздерімді менсінбей жүресің.

18 Ұрыны көрсең оған қосыласың, Нәпсіқұмарлармен де араласасың.

19 Сенің аузыңнан жамандық шығады, Тілің өтірікті торлап тұрады.

20 Отырып алып бауырыңды ғайбаттайсың, Өз анаңның ұлын нақақ жамандайсың.

21 Сен солай істегенде Мен үндемедім, Сонда Мені өзіңдей есептедің. Ал қазір Мен сені сақтандырамын, Күнәларыңды көз алдыңа қоямын».

22 «Құдайын ұмытқандар, ұғыңдар бұл жайды: Жазалап, паршаласам, ешкім құтқармайды.

23 Мені мақтайтын жан құрмет көрсетеді Маған, Сақтанып жүргенге құтқаруымды ашам».

Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150