(Ән-күйдің жетекшісіне арналған ән әрі жыр.)
1 Бар әлем, Құдайға қуана дауыстаңдар,
2 Оның есімін дәріптеп жырлаңдар, Зор ұлылығының даңқын шығарыңдар!
3 Құдай алдында былай деп айтыңдар: «Қандай керемет Сенің іс-әрекетің, Һәм қандай ұлы Сенің құдіретің, Жауларың Сенің алдыңда бойсұнады,
4 Бүкіл жер Саған бас иіп сиынады, Саған арнап мақтау жырларын айтады, Есіміңді мадақтап ән салады».
5 Келіп, Құдайдың істерін көріңдер, Адамдар үшін Ол істейді кереметтер,
6 Құдай теңізді айналдырды құрлыққа, Оның халқы жаяу өтті арғы жаққа.
7 Ол құдіретті күшімен мәңгі билейді, Халықтарды әрдайым бақылайды, Қыңырдың бас көтеруіне жол бермейді.
8 Халықтар, Құдайымызды мақтаңдар, Қатты дауыспен Оны мадақтаңдар!
9 Ол жанымызды аман-есен қорғайды, Аяғымызды сүрінуден сақтайды.
10 Уа, Құдай, Сен сынақтан бізді өткіздің, Күмісті балқытқандай тазарта бердің,
11 Тұзаққа түсіріп бізді құлаттың, Арқамызға құлдықтың жүгін арттың,
12 Адамдарды басымызға шығардың, Оттан да, судан да бізді өткіздің, Ал ақыры молшылыққа жеткіздің.
13 Қасірет кезінде аузымнан шыққан, Қиындыққа тап болғанда тілім айтқан, Саған берген сертімді іске асырамын, Өртелмек құрбандықпен үйіңе барамын.
15 Саған арнап семіз малдарды шаламын, Қошқар майын өртеп, жұпарын шығарамын, Бұқалар мен ешкілерді де ұсынамын.
16 Ей, Құдайымызды қастерлейтіндер, Барлығың келіп, құлақ түріңдер. Оның маған істегенін сендерге айтамын.
17 Мен Құдайға дауыстап сиындым, Аузымменен Оның даңқын шығардым.
18 Жүректе бар күнәмнан бас тартпасам, Дұғама құлақ салмас еді Жаратқан.
19 Расында Құдай құлақ түрді маған, Сиынғанымда даусым жетті Оған.
20 Мінажатымнан менің бас тартпаған, Мейірімін менен алып қоймаған Құдайымыз мадақталсын әрқашан!
Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150