Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 15 Тарау

жылдам өту:

(Дәуіттің жыры.)

1 Уа, Жаратқан, Сенің тұрағыңда кім тұра алады, Киелі тауыңда кімнің тұруына болады?

2 Сондай адам мінсіз жүріп әділдік істейді, Шын жүректен ақиқатты ғана сөйлейді,

3 Ешкімді уытты тілмен өсектемейді, Жолдасына ешбір зұлымдық істемейді, Жақынының арына дақ түсірмейді.

4 Арамза адамдарды ол еш жақтырмайды, Ал Иемізді қастерлейтінді ардақтайды, Өзіне қиын болса да, сөзін орындайды,

5 Мұқтажға қарыз бергенде өсімін алмайды, Пара алып жазықсыз жанды қараламайды. Мұны істеуші нық тұрып мәңгі шайқалмайды.