Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 150 Тарау

жылдам өту:

1 Мадақтаңдар Құдайды киелі үйінде, Мадақтаңдар Құдіреттіні көкте де!

2 Мадақтаңдар Оны керемет істері үшін, Мадақтаңдар Оны зор ұлылығымен!

3 Мадақтаңдар Оны үніменен кернейдің, Мадақтаңдар Оны жетігенмен, домбырамен!

4 Мадақтаңдар Оны даңғырамен, билеріңмен, Мадақтаңдар Оны қобызбен, сыбызғымен!

5 Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың сыңғырымен, Мадақтаңдар Оны дауылпаздың даңғырымен!

6 Жаны барлар түгелдей мадақтасын Иемізді! Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!