Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 122 Тарау

жылдам өту:

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)

1 «Барайық киелі үйіне Жаратқанның!» Дегенді естіп қатты қуандым. Уа, Иерусалим, аяғымыз біздің Қақпаларыңның алдында тұр сенің.

2 Қабырғалары кірігіп бір тұтасқан Қала болып Иерусалим салынған.

3 Осында өрлеп келіп тұрады Жаратқанға сиынатын рулары, Исраилге Ол мынаны заң етіп тапсырды: Жаратқан Иенің есімін мұнда даңқтауды.

4 Қалада тұр билердің орындықтары, Дәуіттің әулетінің патшалық тақтары.

5 Амандық тілеңдер Иерусалим үшін: «Қаланы сүйетіндер өркендесін,

6 Қамалыңның ішінде амандық болсын, Сарайларыңда тыныштық орнасын!»

7 Тума-туыс, дос-жарандарым үшін Қалаға аман-есендік тілеймін.

8 Құдай Иеміздің киелі үйі үшін Иерусалимге зор игілік тілеймін.