Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 14 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

1 Ақылсыз адамдар «Құдай жоқ!» деп ойлайды, Әбден бұзылған олар жексұрындық жасайды, Әрі ешқайсысы да жақсылық жасамайды.

2 Жаратқан Ие көктен көз салады адамзатқа: «Ақылды біреу бар ма бет бұратын Құдайға?» Деп байқайды Ол.

3 Жоқ, бәрі тайып кетті теріс жолға, Әбден бұзылды бірігіп барлығы да. Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да.

4 Сұмдық жасайтындар ақылға келмес пе екен? Халқымды олар нан жегендей жалмап кеткен, Жаратқанға сиыну ойларына еш түспеген.

5 Ал оларды қорқыныш құрсаулайтын болады, Өйткені Құдай әділ ұрпаққа жар болады.

6 «Әй, зұлымдар, күлесіңдер жарлының ниетіне, Бірақ қолдап-қорғайды оны Жаратқан Ие!»

7 Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге! Жаратқан өз халқын тұтқыннан азат еткенде, Жақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады, Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады!