(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, Жаратқан Иенің қызметшісі Дәуіттің жыры.)
1 Зұлымның заңсыздығы жайлы жүрегімнің Түкпірінен шыққан ойды былай деймін: Оның ниеті жоқ Құдайды қастерлейтін.
2 Күнәсін ұғып, жек көргеннен гөрі Жағымпазданады ол өзіне-өзі.
3 Зұлымдық пен өтірік — айтқан сөздері, Жақсылық жасауды ойлағысы келмейді,
4 Төсекте жатып та сұмдық жоспарлайды, Теріс жолмен жүріп, күнәдан бас тартпайды.
5 Ал, Ием, көктей шексіз Сенің рақымың, Бұлттардай заңғар Сенің адалдығың!
6 Таулардай айбынды Сенің әділдігің, Тұңғиықтай терең Сенің шешімдерің. Сен адам мен хайуанның екеуін де Қамқорлап келесің, я, Жаратқан Ие.
7 Уа, Құдай, Сенің рақымың қандай қымбат, Қанатыңның астын паналайды адамзат,
8 Әлеміңнің игілігіне тойдырасың, Өзеніңнің рақатына қандырасың.
9 Өйткені өмірдің қайнары Өзіңсің, Жарықты көреміз нұрыңда Өзіңнің.
10 Сені білетіндерге рақымыңды төкші, Адал жандарға шындығыңды көрсетші.
11 Менмендерге мені таптата көрмеші, Зұлымдарға да қудалата көрмеші.
12 Әне, қылмыскерлер орындарынан құлады, Қайтып тұрмастай төменге лақтырылды!
Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150