Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 92 Тарау

жылдам өту:

(Демалыс күні айтылатын ән әрі жыр.)

1 Қандай ғанибет — Жаратқан Иені мақтау, Уа, Хақ Тағала, есіміңе ән-жыр арнау,

2 Таң ата жариялап рақымыңды, Кешке де Өзіңнің адалдығыңды,

3 Он ішекті аспапта әсем күй тартып, Жетіген және домбырамен қосылып.

4 Уа, Ием, жаратқандарыңа шаттанамын, Ұлы істеріңе қуана ән саламын.

5 О, Ием, қандай керемет Сенің істерің, Түпсіз терең Сенің ой-ниеттерің!

6 Ессіз адам ғана бұларды білмейді, Түйсіксіз жан мынаны түсінбейді:

7 Зұлымдар қазір жерді шөптей қаптайды, Заңсыздық істейтіндер өркендейді, Ал кейін олар мәңгілікке құриды.

8 Бірақ Сен, уа, Ием, мәңгі үстемсің!

9 О, Жаратқан, жауларың Сенің, Иә, бар жауларың да сөзсіз құриды, Сол зұлымдық жасайтындар шашырайды.

10 Маған жабайы бұқадай күш бердің, Басыма май жағып әлдендірдің,

11 Жауларымның күйрегенін өзім көрдім, Маған қарсы бас көтерген зұлымдардың Жеңілісі туралы хабар алдым.

12 Әділ жан құрма ағашындай өркендейді, Ливандық самырсындай өсіп биіктейді,

13 Жаратқанның үйінде ол тамыр жаяды, Құдайымыздың ауласында құлпырады,

14 Жасы ұлғайса да, жемісін береді, Шырынды, ширақ болып қала береді,

15 «Жаратқан мінсіз, Ол — қорғанар жартасым» дейді, Осылай Оның әділдігін паш етеді.

Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150