(Дәуіттің жыры.)
1 Ей, мықтылар, Жаратқанды дәріптеңдер, Иеміздің құдіретін құрметтеңдер,
2 Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер, Қасиетті салтанатпен Оған бас иіңдер!
3 Жаратқанның дауысы сулардың үстінде, Ұлылық Иесі — Құдай күркіреуде, Жаратқан гүрілдейді зор сулардың үстінде.
4 Жаратқанның даусы тым құдіретті, Жаратқанның даусы асқан айбатты.
5 Оның даусы самырсынды сындырады, Ливанның самырсындарын құлатады,
6 Ливанның тауларын бұзаудай секіртеді, Хермон тауын жас бұқадай сілкінтеді.
7 Жаратқанның дауысы от-жалын шашады,
8 Оның дауысы иен даланы шайқалтады, Қадештегі айдаланы да сілкінтеді.
9 Жаратқанның дауысы емендерді сілкілейді, Орман ағаштарының жапырақтарын түсіреді. Киелі үйінде бәрі «Ұлылық!» деп айтады.
10 Жаратқан топан су үстінде тақта отырады, Жаратқан патша болып мәңгі тақта отырады.
11 Жаратқан Ие өз халқына күш дарытады, Тыныштық сыйлап ақ батасын қондырады.
Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150