Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 82 Тарау

жылдам өту:

(Асафтың жыры.)

1 Құдай үлкен мәжілісін басқарады, Сонда Ол билерге үкім шығарады:

2 «Қашанғы әділетсіз үкім айтпақсыңдар, Зұлымдарға оң қабақ танытпақсыңдар?

3 Жарлы мен жетімнің мүддесін қорғаңдар, Бейшара кедейге әділдік жасаңдар!

4 Шарасыз бен мұқтажды құтқарыңдар, Зұлымның шеңгелінен оны босатыңдар!»

5 Ештеңе ұқпастан, ештеңе білместен, Қанаушылары түнекте жүріп келген, Содан елдің бар негізі дірілдеген!

6 Былай деген едім: «Сендер құдайсыңдар, Бәрің Хақ Тағаланың рухани ұлысыңдар,

7 Дегенмен жай пендедей құрисыңдар, Әрі әміршідей қаза табасыңдар». 8 Уа, Құдай, көтеріліп, жерді сотташы, Сен иемденесің ғой бар халықтарды!