Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 123 Тарау

жылдам өту:

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

1 Назарымды Өзіңе аударамын, Уа, көкті мекендеуші Құдайым!

2 Құлдың көзі қожайынының қолынан, Күңінің көзі ханымының қолынан Таймайтындай, біз де Иеміз Құдайдан Көз алмаймыз рақым көргенше Одан.

3 Рақым ете гөр, уа, Жаратқан Ие, Мейіріміңді түсіре гөр біздерге, Тойындық жұрттың бізді жек көргеніне,

4 Жанымыз тойды менменнің қорлауына, Паңдардың бізді балағаттауына.