Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 108 Тарау

жылдам өту:

(Дәуіттің әні әрі жыры.)

1 Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді, Өзіңе арнаймын мен ән-күйімді. Жан дүнием, ояншы, сергек болайын,

2 Жетіген мен домбыра, болыңдар дайын! Атар таңды әніммен оятайын.

3 Уа, Жаратқан, жұрт алдында Сені даңқтаймын, Ұлттардың арасында мадақтап жырлаймын.

4 Себебі берік рақымың заңғар аспандай, Әрі сенімділігің асқар бұлттардай.

5 Уа, Құдай, көктен жоғары атың шықсын, Күллі әлемде Сенің даңқың артсын!

6 Сүйіктілерің лайым аман сақталсын Деп ден қойып, құдіретіңмен құтқарғын.

7 Құдай былай деді киелі мекенінен: «Мен шаттанып Сихемнің жерін бөлшектеймін, Соқот аңғарын да халқыма үлестіремін.

8 Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім, Ефрем руы болады басты қорғаным, Яһуда руынан шығады патшаларым.

9 Моаб Маған шылапшындай пайдалы болады, Едом жері де меншігіме айналады, Філістір елі де бойсұнып Мені қуантады».

10 Кім мені қамалды қалаға кіргізеді? Кім Едом елінің ішіне енгізеді?

11 Сол Сен емес пе, Құдай, бізден бас тартқан, Әскерімізбен бірге шайқасқа шықпаған?

12 Жаулардың қыспағына қарсы қолдашы, Еш жарамсыз — пенделердің қолдағаны,

13 Зор істер істейміз Құдай жар болғанда, Жауларымызды таптайды Ол аяғына.

Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150