Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 81 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық күй аспабының сүйемелдеуімен айтылатын Асафтың жыры.)

1 Күш-қуатымыз — Құдайға шаттана ән салыңдар, Жақып сиынған Құдайға қуана айқайлаңдар,

2 Ән-жырлар айта бастап, даңғыраны соғыңдар, Домбыра, жетігенмен әсем әуен тартыңдар!

3 Жаңа ай туғанда кернейде ойнаңдар, Ай толғанда да тойымызды жариялаңдар.

4 Өйткені бұл — Исраил халқының міндеті, Жақып сиынған Құдайдың берген ережесі.

5 Жаратқан Иеміз Мысырға қарсы шыққанда, Осыны бұйырды Жүсіптің ұрпағына, Біз бөтен тілді естіген уақытта.

6 (Жаратқан былай деп білдірді бұйрығын:) «Иықтарыңнан ауыр жүкті алып тастадым, Қолдарыңды көтерген себеттен босаттым.

7 Қиын кезде айқайлап сиындыңдар Маған, Сонда сендерді азат етіп алдым аман. Күннің күркірінен сендерге құлақ салғам, Меріба сулары маңында сендерді сынағам.

8 Халқым, Мені тыңда, сендерге ескертемін, Игі болар, Исраил, Маған құлақ түргенің!

9 Ешқандай да бөгде тәңірлерің болмасын, Құлшылық етпеңдер жат тәңірлерге ешқашан!

10 Мен Жаратқан Ие — бірден-бір Тәңірлеріңмін, Мысыр елінен алып шыққан Иелеріңмін. Ал енді, ауыздарыңды ашыңдар айқара, Мен оларды толтырамын жақсылыққа.

11 Бірақ таңдаған халқым Мені тыңдамады, Исраилдің ұрпағы Маған бағынбады,

12 Сондықтан Мен қасарысқан жүректеріне Жол бердім өз беттерімен жүрулеріне.

13 Халқым Менің сөзіме құлақ салса екен, Исраилдің ұрпағы жолыммен жүрсе екен!

14 Онда Мен жауларын лезде жуасытар едім, Қинаған дұшпандарына қол жұмсар едім,

15 Өзімді жек көргендер Маған бағынғансыр еді, Ал азапты уақыттары мәңгіге созылар еді.

16 Бірақ сендерді жақсы бидаймен тойдырар едім, Жартастағы балмен рақатқа қандырар едім».

Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150