(Дәуіттің мадақтау жыры.)
1 Уа, Құдайым, Патшасың, даңқыңды асырамын, Атыңды мәңгілік жоғарылатамын.
2 Күн сайын Сені дәріптейтін боламын, Атыңды мәңгілік құрмет тұтамын.
3 Жаратқан Ие ұлы, мадаққа лайықты, Ұлылығын ешкім жете ұғынбайды.
4 Ұрпақтан ұрпаққа жұрт істеріңді мақтайды, Құдіретті әрекеттеріңді жариялайды,
5 Сенің керемет ұлы салтанатың Әрі ғажап істерің жайлы толғанамын.
6 Жұрт айтады айбарлы құдіретіңді, Мен де паш етемін ұлылығыңды,
7 Бәрі ескереді зор ізгілігіңді, Ән-жырмен дәріптейді әділдігіңді.
8 Жаратқан мейірбанды да қайырымды, Тез қаһарланбайтын, өте мейірімді!
9 Жаратқан Ие барлығына ізгілікті, Бүкіл жаратылысына кең пейілді.
10 Уа, Ием, бар істерің даңқыңды шығарсын, Адал адамдарың да Сені мадақтасын!
11 Патшалығыңның даңқын олар асырады, Құдіретті істерің туралы айтады,
12 Осылай адамзатқа құдіретіңді ұқтырсын Әрі Патшалығыңның даңқты ұлылығын.
13 Патшалығың Сенің мәңгілік болмақ, Ұрпақтан ұрпаққа билігің ұласпақ. Жаратқан бар сөздерін іске асырады, Оның күллі істері де шапағатты.
14 Сүрініп жатқандарды Жаратқан сүйейді, Еңкейіп жүргендерді көтеріп демейді.
15 Барлығының көздері бір Өзіңде, Тамақтарын бересің мезгілінде,
16 Әр тірі жанға қолыңды ашасың, Мархабатпен барлығын тойындырасың.
17 Жаратқанның бар жолдары әділетті, Иә, Оның күллі істері игілікті:
18 Иеміз Өзіне сиынғандардың жанында, Ол шынайы шақырғандардың қасында,
19 Өзін қастерлейтіннің тілегін орындайды, Жалынышын естіп, оны аман сақтайды.
20 Иеміз Өзін сүйетіндердің бәрін қорғайды, Ал барлық зұлымдарды Ол талқандайды.
21 Аузыммен Жаратқанның даңқын асырамын, Лайым әрбір жан мақтасын киелі атын!
Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150