(Дәуіттің жыры.)
1 Уа, Ием, Сені шақырамын, асыға гөр, Жалбарынған даусыма құлақ сала гөр,
2 Дұғам алдыңа жетсін жұпар тартудай, Саған қол жайғаным кешкі құрбандықтай.
3 Уа, Жаратқан Ие, тіліме күзет қоя гөр, Аузымның ашылуын бақылай гөр.
4 Жүрегім жамандыққа құмартпасын, Зұлымдардың істеріне қатыспайын, Олардың ләззаттарынан дәм татпайын.
5 Жазаласын мені әділетті жан, Бұл нағыз мейірімділік болмақ маған, Сөгіс берсін маған ізгілікті жан, Бұл иісмайдай болмақ басыма жаққан, Мен еш бас тартпаймын да сол жазадан, Ал сұмдардың ісіне қарсы сиынамын Саған.
6 Құздан төмен лақтырылған соң басшылары, Қалған жұрт сөзімді ұнатып қабыл алады.
7 «Егінші соқа айдап, жер жыртады, Топырақ кесектерін қопарады, Ажал жетіп, солай сүйегіміз шашылады!» (Деп сол зұлымдар уайыммен айтады.)
8 Тек Өзіңе қарай бағытталған көздерім, Жалғыз Өзіңнен ғана көмек күтемін, Уа, менің Жаратушы Тәңір Ием, Өзіңсің паналайтын берік қорғаным, Залымдардың қолында қалмасын жаным.
9 Олардың құрған торынан мені қорғай гөр, Зұлымдардың тұзағынан лайым сақтай гөр,
10 Арсыздар өз торларына өздері түссе екен, Ал мен содан құтылып кетейін аман-есен.
Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150