(Дәуіттің жыры.)
1 Төрелік айтып мені ақташы Өзің, Уа, Жаратқан Ием, адал жүріп келемін, Саған сенім артып еш күдіктенбеймін.
2 Тексер мені, уа, Жаратқан, байқап көр, Жүрегім мен ой-санамды сынап көр.
3 Өйткені көз алдымда мейірімің, Сенің Ақиқат жолыңмен жүріп келемін,
4 Өтірікшілермен бірге отырмаймын, Зымияндармен де бірге жүрмеймін.
5 Арамзалар жиынын еш жаратпаймын, Зұлымдармен ешқашан отырмаймын.
6 Қол жуып адалдығымды білдіремін, Құрбандық үстеліңді айналып жүремін,
7 Уа, Ием, мадақтап Сені әндетемін, Керемет істеріңді паш етемін.
8 Сен тұратын қасиетті үйіңді, Ұлылығың мекендейтін орынды Сондай сүйемін, уа, Жаратқан Ие.
9 Күнәкарлармен бірге жанымды алма, Қанішерлермен бірге өмірімді құртпа.
10 Арам қылықтары қолдарын былғайды, Пара алып, беруден олар бас тартпайды.
11 Бірақ мен кінәратсыз таза жүремін, Құтқаршы мені рақымыңмен Өзіңнің.
12 Тегіс жерде табан басып нық тұрамын, Жиындарда Жаратқанға мақтау айтамын.
Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150