Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 121 Тарау

жылдам өту:

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

1 «Тауға көзді қадаймын Қайдан жәрдем келер деп.

2 Көк пен жерді жаратқан Құдай Ием маған жар».

3 «Тайдырмайды Ол табаныңды, Ұйықтамайды Қорғаушың,

4 Исраилді Қолдап-қорғаушы Қалғымайды да ұйықтамайды.

5 Қорғаушың — Жаратқан Ие, Қасыңда Ол саяң болып жүреді,

6 Күндіз күннің, түнде айдың Тимесін деп сәулелері.

7 Жамандықтың барлығынан Жаратқан Ие сені сақтайды, Жаныңды Ол қорғап-қолдайды.

8 Бүгіннен бастап мәңгі бақи Иеміз қорғайтын болады Барып-келу сапарыңды».