Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 61 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)

1 Уа, Құдай, айқайыма құлақ сала гөр, Мінажатыма менің ден қоя гөр.

2 Сары уайымға салынды жан дүнием, Өзіңе сиынамын жердің шетінен, Шыға алмас шыңға мені шығаршы Сен.

3 Себебі бас сауғалар панам болып келесің, Жаудан қорғайтын берік бекінісім Өзіңсің.

4 Уа, Құдай, мекеніңде мәңгі тұрайыншы, «Қанатыңның астынан» тыным табайыншы,

5 Өйткені берген анттарымды Сен естідің, Өзіңді қастерлейтіндермен бірге үлес бердің.

6 Патшаның ғұмыр жасын ұзарта гөр, Ұрпақтан ұрпаққа жалғастыра гөр,

7 Уа, Құдай, алдыңда ол мәңгі билік құрсын, Лайым рақым мен шындығың оны қорғасын.

8 Сенің атыңды әрдайым мадақтаймын, Берген анттарымды күнде орындаймын.