Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 100 Тарау

жылдам өту:

(Халық Құдайға шүкірлік еткенде айтылатын жыр.)

1 Бар әлем, жырлаңдар Жаратқанды дауыстап,

2 Иемізге қызмет етіңдер шаттанып, Келіңдер алдына қуана әндетіп,

3 Жаратқанды мойындаңдар Құдайымыз деп: Бізді жаратты Ол, меншікті халқымыз, Оның ізгі шопандай бағатын «отарымыз».

4 Құдайдың ғибадатханасына барып, Алғыс жыр айтыңдар қақпасынан өтіп, Иемізді мақтаңдар аулаларына кіріп, Шүкірлік етіңдер есімін дәріптеп!

5 Себебі Жаратқан Ие мейірімді, Ол мәңгілік шапағатын тигізеді. Ұрпақтан ұрпаққа Иеміз бізге Шексіз сенімділігін көрсете береді.