Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 52 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің насихат жыры. Ол едомдық Доиқтың Саулға барып, Дәуіттің Ахимәліктің үйіне кіріп-шыққаны жайлы хабар жеткізген кезіне арналған.)

1 Ей, мықты жан, қылмысыңа неге мақтанасың, Әйтсе де Құдай маған төгеді рақымын. Ұзақты күн сен құрту жайлы ойланасың.

2 Өткір ұстарадай тіледі сенің тілің, Өтірікті айтуға шеберсің өзің,

3 Зұлымдықты артық көресің жақсылықтан, Алдауды да ақиқатты айтудан.

4 Ей, алдамшы тіл, сен өзгенің жанын Жаралайтын сөзді айтуды ұнатасың!

5 Содан да Құдай сені мәңгі құртады, Үйіңнен күшпен қуып шығарады, Тірілер арасынан аластатады.

6 Әділдер мұны көріп қайран қалады, Былай деп келекелейді сол арамды:

7 «Міне, Құдайды паналамаған жан, Қайта, мол байлығын арқа тұтқан, Зұлымдықпен одан бетер нығайған».

8 Ал мен Құдайдың киелі үйінің Ішінде жасыл зәйтүндей өсіп-өнемін, Құдайдың рақымына мәңгі сенемін.

9 Уа, Ием, Сені игі істерің үшін Халқыңның алдында дәріптеймін, Ізгі мейіріміңе сүйенемін.