Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 54 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің насихат жыры. - Зифтің бірнеше тұрғынының Саулға барып: «Дәуіт біздің жақта тығылып жүрген сияқты!» деп хабар жеткізген кезіне арналған.)

1 Уа, Құдай, ұлы атың үшін құтқара гөр, Зор құдіретіңмен мүддемді қорғай гөр!

2 О, Құдайым, дұғама құлақ сала гөр, Аузымнан шыққан сөздерге көңіл бөле гөр!

3 Бөгде адамдар маған қарсы шықты, Зорлықшыл сұмдар жанымды алмақшы, Олар еш ойламайды Құдай туралы.

4 Алайда Құдай маған жар болады, Жаратқан Ие жан дүниемді нығайтады,

5 Сұмдығының есесін жауыма қайтарады. Ием, адалдығыңа сай оларды талқандашы.

6 Өз еркіммен Саған құрбандық шаламын, Уа, Ием, ізгі атыңа мақтау айтамын.

7 Сен құтқарып алдың мені бар пәледен, Жауларымның жеңілгенін көрдім көзіммен.