Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 63 Тарау

жылдам өту:

(Дәуіттің жыры. Оның Яһуда еліндегі иен далада жүрген кезі туралы.)

1 Уа, Ием, Сен сиынатын Құдайымсың, Таң сәріден мен Саған бет бұрамын, Сусыз жердемін кеуіп, құлазыған, Жан-тәніммен Сені аңсап сағынам.

2 Киелі тұрағыңда аяныңды көрдім, Құдірет пен ұлылығыңды байқадым.

3 Өмірден де артық берік — мейірімің, Ауызым Өзіңді мадақтай берсін,

4 Өмір бойы бір Сені мадақтаймын, Атыңды атап қолымды жаямын.

5 Өйткені жіліктің майлы басынан Гөрі Өзіңнен мол ләззат табамын, Шаттық үнмен Саған мақтау айтамын.

6 Төсекке жатып Сені еске аламын, Түні бойы Сен жайлы ойланамын.

7 Өйткені Өзің менің қолдаушымсың, «Қанатыңның аясында» шаттанамын.

8 Жаным тығыз байланыста Сенімен, Мені демейсің құдіретті қолыңмен.

9 Ал көзімді құртпақшы арамзалар Тозақтың түбіне түсетін болар,

10 Семсердің күшімен олар қырылар, Өліктері шибөріге жем болар.

11 Уа, Құдай, патша Өзіңе шаттанады, Саған бағышталғандар мақтау айтады, Ал өтірікші ауыздар жабылады.