Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 85 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорахтың ұрпақтарының жыры.)

1 Уа, Ием, Сен еліңе рақымды болдың, Жақыптың ұрпағын тұтқыннан қайтардың.

2 Халқыңның кінәсіне кешірім жасадың, Барлық күнәларын да жауып тастадың.

3 Сонда Сен ашу-ызаңды түгел бастың, Жалындаған қаһарыңнан бас тарттың.

4 Құтқарушымыз Құдай, қалпымызға келтірші, Бізге деген наразылығыңды бәсеңдетші.

5 Әлде мәңгі бізге қаһарлана бермекпісің, Ұрпақтан ұрпаққа ашуыңды төкпекпісің?

6 Өз халқыңның Саған шаттануы үшін Өмірімізді қайтадан жаңартпаймысың?

7 Бізге тұрақты рақымыңды таныта көрші, Уа, Жаратқан, пәледен құтқара көрші.

8 Құлақ түремін Құдай Иенің айтарына, Тыныштықты уәде етеді Ол өз халқына — Таңдап алған өз адал адамдарына, Халық тек қайтпаса ақымақтық жасауына!

9 Сөз жоқ, Өзін қастерлейтін жандарды Құдай жақында құтқаратын болады, Осылайша Оның даңқты ұлылығы Елімізге орнығатын болады.

10 Сонда рақым мен шындық бірге кездеседі, Әділдік пен татулық бір-біріне сәйкес келеді.

11 Адалдық жер бетінен көктеп шығады, Әділдік көктен төмен қарап тұрады.

12 Шынымен Жаратқан Ие игілік сыйламақ, Содан жеріміз бізге өнімін ұсынбақ,

13 Жаратқанның алдынан әділдік жүрмек, Оның жүретін жолдарын дайындап бермек.

Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150