Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 126 Тарау

жылдам өту:

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

1 Жаратқан Ие тұтқындарды Сионға Қайтарып алып келген уақытында Ұқсадық түс көріп жатқан адамға,

2 Езуіміз жиылмады күлкіден, Аузымыздан үзілмеді шаттық ән. Басқа ұлт адамдары өзара былай десті: «Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!»

3 Жаратқан бізге керемет жасады шынында, Сондықтан да біз кенелдік зор қуанышқа!

4 Шөлдегі кеуіп қалған өзендерді Лезде-ақ суға толтыратының секілді, Уа, Жаратқан Ие, игіліктерімізді Біздерге қайтадан сыйлай гөр енді.

5 Көз жасын төгіп жүріп еккендер егінін Қуана әндетіп жинамақ өнімін:

6 Олар еңіреп жүріп тұқымдарын Сеуіп тастайды егістік жерлеріне, Кейін құшақтап алып астық бауларын Қуана қайтады мекендеріне.