Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 131 Тарау

жылдам өту:

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)

1 Уа, Жаратқан Ие, өркөкірек емеспін, Паңдана қарамайды көздерім менің, Не тым ұлы істермен шұғылданбаймын, Не шамам келмейтіндермен айналыспаймын,

2 Қайта, ризамын, жан дүнием тыныштықта. Бейқам жүр сәби анасының қасында, Сол нәресте сықылды өз жаным да Тыныш жатыр бейқам болып бойымда.

3 О, Исраил халқы, бұдан былай мәңгіге Шын жүректен сеніңдер Жаратқан Иеге!