Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 133 Тарау

жылдам өту:

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)

1 Бауырлардың ынтымақта тұрғандары Қандай тамаша да жарасымды!

2 (Һарон Құдайдың қызметіне арналғанда) Басына құйылған жұпар май іспетті, Ынтымақтастық та аса ізгілікті! Сол иісмай Һаронның басынан сақалына, Киімінің етегіне дейін аққан еді.

3 Сондай-ақ, ынтымақ арамыздағы — Хермон тауына түсетін шық тәрізді. Бұл шық Сион тауына да түседі, Жердің бәрін құнартып, көгертеді. Сонда Иеміз өз жарылқауы — шын өмірді Мәңгі бақи сыйлауға ұйғарған еді.