(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты. Ол Дәуіттің Саулдан қашып, таудағы үңгірді паналағанына арналған.)
1 Мейірленіп, Құдай, рақым етші маған, Өйткені үмітімді артамын Саған, Пәле-жала өткенше бас сауғалайын, Қанатыңның аясын паналайын.
2 Сиынып тұрамын Алла Тағалаға, Маған игілік жасаушы Құдайға.
3 Ол көктен көмек жолдап аман сақтайды, Мені өкшелеп қудалағанды қорлайды. // Иә, Құдай рақымы мен шындығын сыйлайды.
4 Айналам толы жыртқыш арыстандай, Сол сұмдардың тілдері өткір қылыштай, Тістері де үшкір жебе мен найзадай.
5 Уа, Құдай, көктен жоғары атың шықсын, Күллі әлемде Сенің даңқың артсын!
6 Дұшпандарым маған арнап тор құрды, Сондықтан еңсем түсіп, көңілім қалды. Жолыма олар тұзақ құрып, ор қазды, Алайда сол орға өздері құлады. //
7 Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді, Өзіңе арнаймын мен ән-күйімді.
8 Жан дүнием, ояншы, сергек болайын, Жетіген мен домбыра, болыңдар дайын, Ән-жырыммен атар таңды оятайын.
9 Уа, Ием, жұрт алдында Сені мадақтаймын, Ұлттар арасында мақтап жырлаймын.
10 Себебі берік рақымың заңғар аспандай, Әрі сенімділігің асқар бұлттардай.
11 Уа, Құдай, көктен жоғары атың шықсын, Күллі әлемде Сенің даңқың артсын!
Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150