Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 60 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Келісім қызғалдағы» әуенімен айтылатын Дәуіттің насихат мінажаты. Ол Дәуіттің Батыс Месопотамияның әрі Собаның арамалықтарымен шайқасып жүрген кезінде Жоғаб қайта оралып, он екі мың едомдықты Тұзды аңғарда күйреткен оқиғаға арналған.)

1 О, Құдай, Сен бізден бас тарттың, Қаһарланып бізді талқандадың, Бізге бұра гөр бетіңді қайтадан.

2 Сен жерді сілкілеп, қиратқан едің, Ол шайқалып тұр, жазшы жарылған жерлерін.

3 Өз халқыңның басына пәле түсірдің, Теңселтетін «шараптан» оған ішкіздің.

4 Сен Өзіңді қастерлейтіндерге ту бердің, Олар соны көтерсін деп шындық үшін.

5 Сүйіктілерің лайым аман сақталсын Деп ден қойып, құдіретіңмен құтқарғын!

6 Құдай былай деді киелі мекенінен: «Мен шаттанып Сихемнің жерін бөліп беремін, Соқот аңғарын да халқыма үлестіремін.

7 Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім, Ефрем руы болады басты қорғаным, Яһуда руынан шығады патшаларым.

8 Моаб Маған шылапшындай пайдалы болады, Едом жері де меншігіме айналады, Філістір елі де бой ұрып Маған қуанады».

9 Кім мені қамалды қалаға кіргізеді? Кім Едом елінің ішіне енгізеді?

10 Сол Сен емес пе, Құдай, бізден бас тартқан, Әскерімізбен бірге шабуылға шықпаған?

11 Жаулардың қыспағына қарсы қолдашы, Еш жарамсыз — пенделердің қолдағаны.

12 Зор істер істейміз Құдай жар болғанда, Жауларымызды таптайды Ол аяғына.

Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150