Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 93 Тарау

жылдам өту:

1 Жаратқан Ие — Патша, Ол билік жүргізуде, Ұлылыққа бөленіп, кенелген құдіретке. Орнынан қозғалмастай берік орнатылған әлем,

2 Сенің құрметті «тағың» ежелден бекітілген, Уа, Ием, мәңгі бақи бар болып келесің Сен.

3 О, Жаратқан Ие, өзендер тасып күркірейді, Теңіз де толқындарын тұрғызып дүркірейді,

4 Бірақ мол сулардың қатты шуылынан гөрі, Теңіз жағасына соққан толқындардан гөрі Көктегі Жаратқан Иенің құдіреті күшті!

5 Уа, Ием, ережелерің шынымен сенімді, Сенің үйің мәңгілік киелі де қасиетті.