Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 71 Тарау

жылдам өту:

1 Өзіңді паналаймын, уа, Жаратқан, Ұятқа қалдырмашы мені ешқашан.

2 Сен әділсің, мені босата көрші, Құлақ түріп маған, құтқара көрші.

3 Бола гөр лайым бас сауғалар панам, Сөзіңе сай құтқаршы, құздай қорғаным!

4 О, Құдайым, босатшы мені зұлымнан, Күнәкар қанаушының қыспағынан.

5 Жаратушы Тәңір Ием, үмітім Сенсің, Жастайымнан-ақ Өзіңе сеніп келемін,

6 Құрсақтан-ақ Саған сүйеніп келемін, Туғаннан-ақ Сен қамқоршымсың менің. Еш таусылмас Сені мадақтайтын әнім.

7 Көп адамға ғажап белгі іспеттімін, Ал Сен күш-қуатым мен қорғаушымсың.

8 Өзіңді мадақтауды еш тоқтатпаймын, Сенің көркіңді күнде жырлаймын.

9 Қартайғанда маған теріс қарай көрме, Күшім қайтқанда мені тастап кетпе.

10 Жауларым маған қарсы сөз байласуда, Жанымды аңдығандар ақылдасуда:

11 «Жоқ құтқарушысы, Құдай тастап кетті, Қуып жетіп, ұстап алайық!» деседі.

12 Уа, Құдай, менен алыстап кетпеші, Құдайым менің, көмекке тез жетші.

13 Маған мін таққандар ұялып, жоқ болсын, Қастық ойлаған олар ұятқа орансын!

14 Ал мен әрдайым үмітпен күтудемін, Барған сайын молырақ дәріптеймін,

15 Сенің әділдігің және құтқаруың Туралы мен күн ұзаққа айтудамын, Маған көрсетіп келген жақсылықтарың Сансыз, олардың бәрін біле алмаймын.

16 Жаратушы Тәңір Ием, құдіретіңді ойлаймын, Тек Сенің әділдігіңді жұртқа жариялаймын.

17 Уа, Құдай, жастайымнан мені үйретесің, Әлі де ғажаптарыңды паш етемін.

18 Қартайып басымды қырау шалғанда, О, Құдайым, мені жалғыз қалдырма, Қайта, құдіретіңді жаңа ұрпаққа, Керемет істеріңді келер буындарға Жол бере көрші маған уағыздауға.

19 Әділдігің Сенің заңғар аспандай, Ұлы істерді жасап келесің, о, Құдай, Саған тең келер кім бар еді, уа, Құдай?

20 Көп ауыр азаптар жібердің маған, Қалпына келтіресің бірақ қайтадан Жанымды менің, шығарып тұңғиықтан.

21 Құрмет сыйлап жұбата гөр жаңадан.

22 Сонда Сені жетігенмен мадақтаймын, Сен уәдеңе беріксің, уа, Құдайым, Исраил сиынатын Киелі Тәңірім, Саған домбыра тартып әнімді арнаймын,

23 Шаттанып Саған жырымды бағыштаймын, Өйткені Сен мені құтқардың апаттан.

24 Иә, күн сайын әділдігің жайлы айтам: Маған қастық ойлағандар ұятқа батқан!

Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150