(Дәуіттің жыры.)
1 Уа, Жаратқан Ием, дұғама құлақ салшы, Сенімдісің Сен, өтінішімді тыңдашы, Әділдігіңе сай маған жауап қатшы.
2 Тергеп соттай көрме мені, қызметшіңмін, Мінсіз жан болмайды алдыңда Сенің.
3 Дұшпаным өкшелеп қуғындайды, Жерге жығып жанымды таптайды, Мені көрде жатқан сүйектей етті, Түнекте тұруға мәжбүрледі.
4 Көңілім жабырқаңқы, рухым түсті, Қорқыныштан менің үрейім ұшты.
5 Ежелгі кереметтеріңнің барлығын Еске алып, ойланып-толғанамын, Қолыңның істерін ақылға саламын,
6 Өзіңе қарай қолдарымды жаямын: Кепкен топырақ жаңбырды тілейді, Жан дүнием де Сені аңсап шөліркейді.
7 Тез құлақ түре гөр, жаным күйреді, Ием, кері бұрмашы менен бетіңді, Әйтпесе боламын көрге түскен секілді.
8 Таң ата маған естіртші мейіріміңді, Өйткені Өзіңе артамын сенімімді, Көрсетші Маған қай жолмен жүретінімді, Себебі Саған бағыштаймын өмірімді.
9 Уа, Жаратқан, жауларымнан құтқара гөр, Сені паналаймын, мені қорғай гөр,
10 Өз еркіңді орындауға үйрете гөр. Өйткені сенім артқан Құдайымсың, Сенің игілікті Киелі Рухың Түзу жолмен мені жетелей көрсін.
11 О, Ием, ұлы атың үшін жанымды сақтай гөр, Әділдігің үшін қиындықтан құтқара гөр,
12 Рақымыңа бола бар жауларымды жоя гөр, Қызметшіңмін, қанаушыларымды құрта гөр.
Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150