1 Лайым Жаратқан Иені мадақтаңдар! Жаратқан Иені көктен мақтаңдар, Заңғар аспанда Оны даңқтаңдар,
2 Мадақтаңдар Оны, бар періштелер, Мадақтаңдар Оны бәрің, көктегілер, Оған бағышталған нөкерлері, сендер!
3 Мадақтаңдар Иемізді, күн мен ай да, Барлық жарқылдаған жұлдыздар да,
4 Мадақта Оны лайым, аспан заңғар, Мадақтаңдар Оны, бұлттан жоғары сулар!
5 Жаратқанның атын дәріптесін барлығы, Ол бұйрық бергенде әлем жаратылды,
6 Мәңгілікке берік орнатты Ол соларды, Әрдайым сақталады берген жарлықтары.
7 Мадақтаңдар Жаратқанды, жердегілер, Алып балықтар мен түпсіз теңіздер,
8 Найзағай мен бұршақ, қар және тұман, Дауыл да Оның бұйрығына бағынған,
9 Мақтаңдар Оны, бар төбелер мен таулар, Жеміс ағаштары мен күллі самырсындар,
10 Алуан түрлі аңдар және малдар, Құстар әрі бауырымен жорғалаушылар!
11 Әлемнің патшалары мен бүкіл халықтар, Жердегі әміршілер және барлық соттар,
12 Мадақтаңдар Оны, жігіттер мен қыздар, Қарттармен қатар сендер де, балалар!
13 Мадақтасын бәрі де Жаратқанның атын, Тек Ол ғана жоғары барлығынан, Даңқы Оның жер мен аспаннан асқан.
14 Ол Өзінің халқына күш-қуат дарытты, Бар адал жандарға мақтау әнін айтқызды, Исраил ұрпақтарының даңқын асырды, Осы халық Өзімен тығыз байланысты. Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150