Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 75 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме!» әуенімен айтылатын Асафтың әні әрі жыры.)

1 Саған мақтау айтамыз, уа, Құдайым! Сені дәріптейміз, бізге жақынсың, Паш етіледі керемет істерің.

2 Сен былай дедің: «Кезін Мен белгілеймін, Әділетті сотты Өзім жүргіземін.

3 Шайқалады жер күллі тұрғындарымен, Тіреулерін оның берік ұстаймын Мен». //

4 «Бөсуіңді тоқтат!» — дедім мақтаншаққа, «Жұдырығыңды көтерме! — дедім арамзаға, —

5 Көкке қарсы да жұдырығыңды көтерме, Тоңмойын болып паңдана сөйлеме!»

6 Шығыс, батыс не айдаладан келген Ешкім басқаны жоғарылатпас шынымен,

7 Себебі сотты Құдайдың Өзі жүргізеді, Ол біреуді түсіріп, басқаны көтереді.

8 Жаратқанның қолында «қаһарлы тостаған», Іші дәмдеуіштермен араласқан Көпірген «жаңа шарапқа» толған. Оны құйып береді Жаратқан, Бар зұлымдар ішуге тиіс содан, Сарқып ішеді тіпті ашытқысынан.

9 Ал мен Иемнің істерін мәңгі паш етемін, Жақыптың сиынған Құдайын әндетемін,

10 Өйткені Құдай Иеміз былай деген: «Мен зұлымдарды күшінен айырамын, Ал әділдің күш-қуатын молайтамын!»