Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 125 Тарау

жылдам өту:

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

1 Жаратқан Иеге сенім артқандар Сион тауындай шайқалмай мәңгі тұрар.

2 Таулар Иерусалимді жан-жақтан қоршайды, Жаратқан Ие өз халқын солай қоршайды, Қазір де, мәңгі де аман сақтап қорғайды.

3 Әділдер жамандыққа ұмтылмау үшін, Зұлымдардың оларға билігі шектелген.

4 Мейірімділер мен ақпейілділерге Игілік ете гөр, уа, Жаратқан Ие!

5 Ал жүріп жатқандарды теріс жолдармен Иеміз бірге аластатсын заңсыздармен. Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!