Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 20 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

1 Қиын-қыстау кезде Ием саған құлақ салсын, Жақыптың Құдайы бар пәледен сақтасын,

2 Ол киелі үйінен саған көмек жіберсін, Сиондағы тұрағынан нығайта көрсін,

3 Бар сый-тартуларыңды ескере көрсін, Өртелген құрбандығыңа да риза болсын. //

4 Жүрегіңнің қалауын Құдай берсін, Бар ой-ниетіңді орындай көрсін.

5 Сонда жеңісіңе қуана әндетеміз, Құдайымыздың атынан ту көтереміз, Тілектеріңді қабыл алсын Иеміз.

6 Жаратқан Өзі тағайындаған Патшасын Аман сақтайтынын енді білемін, Жауап береді оған киелі көгінен, Құтқарады оны құдіретті қолымен.

7 Кейбір ұлт мақтанады күймелерімен, Басқалар мақтанады тұлпарларымен, Ал біз мақтанамыз Құдай Иемізбен.

8 Сол халықтар құлайды жығылып, Ал біз нық боламыз берік тұрып.

9 Уа, Жаратқан, патшамызға жеңіс сыйлай гөр, Сиынған кезімізде құлақ сала гөр.