Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 116 Тарау

жылдам өту:

1 Ием, мен Саған сенімімді жүктедім, Содан мынаны айттым: «Қатты қиналып жүрмін!»

2 Үрейім ұшып, тым абыржыған едім, «Күллі жандар өтірікші!» деп түңілдім.

3 Жаратқанның көрсеткен жақсылықтарын Қалай ғана Өзіне қайтара аламын?

4 Мені құтқарғаны үшін шүкірлік тостағанын Көтеріп, паш етемін Иеміздің атын,

5 Жаратқанға берген анттарымның барлығын Бүкіл халқы алдында іске асырамын.

6 Иемізге бағышталған адамдарының Ажалына Жаратқан Ие аударады назарын.

7 Уа, Ием, шынымен Сенің қызметшіңмін, Мен, сондай-ақ, күңіңнің баласымын, Сен Өзің мені бұғаудан босаттың.

8 Шүкірлік құрбандығын ұсынамын Саған, Сенің атыңды паш етемін, уа, Жаратқан.

9 Жаратқанға берген анттарымның барлығын Бүкіл халқы алдында іске асырамын:

10 Иемнің киелі үйінің ауласында, Уа, Иерусалим, сенің қақ ортаңда. Жаратқан Иені мақтаңдар әр уақытта!