Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 87 Тарау

жылдам өту:

(Қорахтың ұрпақтарының әні әрі жыры.)

1 Қала іргесін салды Құдай қасиетті тауда, Сионның қақпалары ұнамдырақ Жаратқанға Жақып ұрпағының барлық басқа тұрағынан да.

2 Уа, Құдайдың қаласы, сен жайында Керемет жақсы жайттар айтылуда.

3 Өзімді танып білетіндер арасынан Мысыр мен Бабыл елдерін атаймын, Сондай-ақ філістір, Тир, Құш тұрғындарын: «Бұлар — Сионда туғандар» деп санаймын.

4 Жұрт былай демек Сион қаласы жайында: «Осындай да осындай ер туған мұнда, Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала».

5 Жаратқан Ие тіркегенде халықтарды: «Бұлар — Сионда туғандар» деп жазады.

6 Жұрт былай дер ән айтып, күй ойнаған кезде: «Өмірімнің қайнар көздері бір Өзіңде».