Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 113 Тарау

жылдам өту:

1 Жаратқан Иені мадақтаңдар! Иеміздің қызметшілері, мақтау айтыңдар, Жаратқанның есімін мадақтаңдар!

2 Қазіргі кезден мәңгілікке дейін Жаратқанның есімі дәріптеле берсін!

3 Күннің шығысынан батысына дейін Жаратқанның есімі қастерлене берсін!

4 Жаратқан бар ұлттардан да жоғары, Оның салтанаты аспаннан да жоғары.

5 Кім Құдайымызға тең бола алады? Жаратқан Ие зәулім тағында отырады,

6 Ол төмен қарап аспан мен жерге көз салады.

7 Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар, Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар.

8 Оларды әміршілермен бірге отырғызар, Халқының көсемдерімен жайғастырар.

9 Бедеу әйелді отбасымен жарылқар, Перзент сыйлап, шат-шадыман қылар. Жаратқан Иені мадақтаңдар!