Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 27 Тарау

жылдам өту:

(Дәуіттің жыры.)

1 Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да, Кімнен мен қорқамын солай болғанда? Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да, Кімнен үрейленемін солай болғанда?

2 Мені жалмауға зұлымдар таяп қалса, Қарсылас, жауларым маған бас салса, Өздері-ақ сүрініп, жығылады да.

3 Мен қорықпаймын, әскер қоршап алса да, Үмітім үзілмес, ол маған лап қойса да.

4 Иемнен бір-ақ нәрсені сұрадым, Тек мынау ғана менің аңсағаным: Өмір бойы Оның үйінде болсам, Жаратқан Иенің көркіне қарасам, Ғибадатханасында ойланып-толғансам.

5 Өйткені менің басыма күн туғанда Ол тасалайды мені тұрағында, Жасырады өз құпия орнында, Аман сақтайды биік тау құзында.

6 Сонда қоршаған жауымнан биік тұрамын, Иемнің киелі үйінде шаттанамын, Қуана Оған сый-тартулар бағыштаймын, Ән-жырымды Жаратқан Иеге арнаймын.

7 Өзіңе сиынған даусыма құлақ түрші, Уа, Ием, рақыммен жауап бере көрші.

8 Сен «Алдыма келіп, сиыныңдар» дедің, Саған шын жүректен жауап беремін: «Уа, Ием, сиынып алдыңа келемін».

9 Бет-жүзіңді жасыра көрме менен, Ашумен бас тартпа мендей пендеңнен. Қорғап-қолдаушым болып келесің Сен, Жалғыз қалдырып безіп кетпе менен, Уа, Құдайым, Құтқарушымсың Сен.

10 Бас тартса менен тіпті әке-шешем, Қабылдайды мені Жаратқан Ием.

11 Уа, Ием, жолдарыңды маған нұсқай гөр, Жауларыма бола ақ жолыңмен бастай гөр,

12 Жаудың еркіне қалдыра көрме мені, Жалған куәлар өзіме қарсы көтеріледі, Ашумен маған қоқан-лоқы көрсетеді.

13 Алайда мен мынаған нық сенемін: Әлі де бұ дүниеде тірі жүремін, Жаратқан Иенің мейірімін көремін.

14 Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді, Батыл болып, нығайта түс жүрегіңді! Әрқашан Жаратқанға арт сеніміңді!

Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150