Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 11 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

1 Ұдайы паналаймын Жаратқан Иені, Қалайша қорқытпақсыңдар былай деп мені: «Кәне, кетші ұшып тауыңа құс секілді!»

2 Сол зұлымдар садақ иіп, жебе тартуда, Тасадан дайын тұр адалдарды атуға.

3 Әділ жан не істейді, заңды негіз қираса?

4 Ал Жаратқан отырады көктегі тағында, Өзінің киелі ғибадатханасында, Иеміз бақылайды барлығын да, Сын көзбен қарайды адам баласына.

5 Жаратқан Ие әділдерді тексереді, Зұлым да зорлықшыл жандарды Ол жек көреді,

6 Залымдарға жаудырады жанған көмірді Әрі жазалау үшін лаулаған күкіртті, Қоса жібереді күйдіріп өртейтін желді.

7 Иеміз әділ, Ол әділдікті сүйеді, Шыншыл жандар Оның бет-жүзін көреді.