Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 13 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

1 Уа, Жаратқан, қашанғы Сен мені ұмытпақсың? Мәңгілік пе бет-жүзіңді менен жасырмағың?

2 Қашанғы көңілім уайымға тола бермек, Жүрегім күн сайын қасіретке кенелмек? Дұшпаным қашанғы маған үстемдік жүргізбек?

3 Уа, Құдай Ием, назар аударып, құлақ сала гөр, Өлмейін, көзімді қайтадан жарқырата гөр.

4 Мен сенімімнен жалтарып, жауым шаттанбасын, Дұшпандарым «Жеңдік!» деп лепіре мақтанбасын.

5 Ал мен берік рақымыңа сенімімді артамын, Сенің құтқаруыңа шын жүректен қуанамын, Игілік жасаған Иеме әнімді айтамын.