Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 128 Тарау

жылдам өту:

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

1 Жаратқан Иені қастерлейтін, Оның жолдарымен жүретін Әрбір адам қандай бақытты!

2 Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің, Құдай сені жарылқап, өркендейсің.

3 Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі Жемісті жүзім бұтасы секілді, Ал ұл балаларың дастарқан басындағы Зәйтүн ағашының өркендері сияқты.

4 Жаратқан Ие осылай жарылқайды Өзін терең қастерлеген жандарды.

5 Сион тауындағы киелі үйінен Жаратқан Ие сені жарылқай берсін. Өмір бойы Иерусалимнің амандығын

6 Көресің һәм немерелеріңнің қызығын. Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!