Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 48 Тарау

жылдам өту:

(Қорах ұрпақтарының әні әрі жыры.)

1 Құдайдың таңдап алған қаласында, Оның қасиетті Сион тауында Жаратқан Иеміз теңдессіз ұлы, Ол мадақталуға әбден лайықты!

2 Әсем де биік Сион тауы — Күллі әлемнің қуанышы, Таудың солтүстік жағындағы Ұлы Патшаның астанасы.

3 Бекіністі сарайларында Құдай Белгілі қорғаушы, баспанадай.

4 Патшалар күштерін жинаған еді, Шайқасқа бірігіп аттанған еді.

5 Олар қаланы көріп, аң-таң болды, Үрейленіп, түгел қаша жөнелді,

6 Бойларын қорқыныш кернеді, Толғатқан әйелдей қиналды.

7 Теңіз кемелерін шығыстың дауылы Қиратқандай, құрттың Сен оларды.

8 Құлағымызбен мынаны естіген едік, Әлем Иесінің қаласынан соны көрдік, Иә, Құдайымыздың осы шаһарынан: Өз қаласын нығайтады Ол әрқашан.

9 Уа, Құдай, ғибадатханаңда Ойландық мейірімің жайында,

10 Уа, Құдайым, Сенің атың да, Саған арналған мадақтау да Жердің төрт бұрышына жайылады, Құдіретті қолың әділдік орнатады.

11 Сенің әділ билігіңе бола Шаттанады Сион тауы да, Қуанады Яһуда қалалары да.

12 Сионға жақындап барыңдар, Шаһарды айналып шығыңдар, Барлық мұнараларын санаңдар,

13 Қамалдарына назар аударыңдар, Сарайларын да қарап шығыңдар. Келер ұрпаққа мынаны айтыңдар:

14 «Бұл Құдай — мәңгілік Құдайымыз, Деміміз біткенше Ол — жетекшіміз!»

Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150